Enbekshi QazaQ

Әлем

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мамандандырылған білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңестерінің қалыптастырылғанын ХАБАРЛАЙДЫ 23.10.2026
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 44-бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған мектептерінде Қамқоршылық кеңестері құрылды.Қамқоршылық кеңестерінің құрамы: «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ:Нуразханов Иртыш ИбрагимулыКырыкбаев Ерлан ДжомартовичМаутов Дидар МаутұлыШаймарданова Бота МаратхановнаЖурсынова Асель СоветхановнаАмерханова Балауса ОмерлановнаТлебалдинова Айжан СолтангалиевнаТолеухан ЖайнагулКасенова Алма ИсатаевнаЗяшхан МадениОралбекова Інжу Азаматқызы «Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей–интернаты» КММ:Алиппаев Саят ЕлеусизовичТолегенова Бибигуль ТолегеновнаЖармухамбетова Жанылсын СолтанкызыНұратпек Сәбилә НұратпекқызыМағданов Ерлан СерікұлыЛиақын ЛязатИсабекова Алия АнуарбековнаАликаримова Жанель ТлеубекқызыМәдиев Әлішер Мұхитұлы «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ:Светаш Александр АлександровичУразова Наталья ПавловнаКасымов Даурен ЕлеусизулыСайлаубаев Аскар СейлжановичАдилова Дина СейлжановнаТайтолеу Лаура МаратовнаКозлова Надежда ВладимировнаШелкова Анна ВладимировнаАбельдинова Асия КаримовнаМухаметкалиева Жанар ЗаманбековнаАбенова Елена ОлеговнаБайтазанова Айгуль ТокеновнаЛеунова Анна Александровна «Облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейі» КММ:Жаркимбаева Алтынай ТюлеутаевнаИванов Дмитрий ИвановичРоманов Андрей АлексеевичКажыбаева Раушан СоветовнаТөлеуова Мергүл ТөлеуқызыУмарбеков Нурлан КажмуратовичОрысаева Гульмира АлтынбековнаВерзунова Елена КонстантиновнаЧугунков Олег ВасильевичБарамбаев Алихан РустэмовичЕржанова Жанерке Муратовна «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ:Луферова Зарина БахтыбеккызыКуниярова Данара АлмазқызыМартемьянова Мадина СоветкановнаАухатова Альмира АнатольевнаСемёнова Ксения СергеевнаЖайсамбаева Диана СерікқызыТемиржанова Фариза НуроллаевнаДакен АхеркеПанкратова Жанна АлексеевнаКранц Ульяна НиколаевнаСулейменова Адема СериковнаЛитке Наталья ВикторовнаКушнарев Вадим ЮрьевичАйтжанова Адема Дауренкызы «Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ:Шидерина Айжан БайжановнаИргебаев Ернар ТурсынхановичРаймханова Зухра РаймхановнаТокенова Жаннур НурлановнаАхметова Алия ДулатовнаСайлаубаев Бекарыс СаматұлыАсылгазина Алмагүл ТөлеубайқызыДюсюпов Дархан КадырбековичҚаиырқанов Ерлан ҚаиырқанұлыРахметолла Нұрсұлтан РинатұлыОмарбек Ерік Алматұлы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1311161?lang=ru
ҚР ІІМ Ұлттық ұланда жылжымалы асхана пайда болды 23.10.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде IVECO шағын автобусының базасында жылжымалы асхана жабдықталды. Енді автокөлікті стационарлық асхана жоқ далалық және қызметтік жағдайларда әскери қызметшілерді тамақтандыру үшін қолдалануға болады.Мұндай шешімнің қажеттілігі Қазақстанның континенттік климатының ерекшеліктеріне, әсіресе күзгі-қысқы кезеңге байланысты туындады. Жылжымалы асхана қызметтік міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшілер үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.Шағын кеңістік жеке құрамның күнделікті қажеттіліктерін ескере отырып өзгертілді. Мобильді тамақтану орны алты адамға арналған және азық-түлікті сақтауға, дайын тағамдарды жылытуға және тамақтануды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Салонда алынбалы шкаф, микротолқынды пеш, электр шәйнек және үстел бар.Гигиенаны сақтау жағдайлары да ескерілген. Шкафта екі контейнер бар: біреуі қолды жууға қажетті таза су үшін, екіншісі пайдаланылған суды жинауға арналған. Тұрмыстық жабдықтар инвертор арқылы қамтамасыз электрмен етіледі.Мобильді асхананы құру кезінде микроавтобусты мақсатына сай пайдалану мүмкіндігін сақтау маңызды болды. Сондықтан барлық жабдықтар корпусты бұрғыламай және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізбестен штаттық бекітпелерге орнатылды. Бұл артқы есіктерді ашуға және жүк бөлімін пайдалануға кедергі келтірмейді, сондай-ақ азық-түлік пен қажетті керек-жарақтарды еркін жүктеуге және түсіруге мүмкіндік береді.Шешімнің тағы бір ерекшелігі — көлікті бастапқы күйіне тез қайтару мүмкіндігі. Асхананың барлық элементтері алынбалы. Қажет болса, оларды бөлшектеуге және стандартты орындықтарды өндіруші қарастырған бекіту орындарына орнатуға болады.Қазір мамандар жаңа шешімнің практикалығын және қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолдану мүмкіндігін бағалауда. Егер пилоттық жоба өзінің тиімділігін растайтын болса, жылжымалы асханалар құқықтық тәртіп әскерінің басқа да әскери бөлімдерінде пайда болуы мүмкін. Бұл стационарлық инфрақұрылым қолжетімсіз жағдайларда жеке құрамды тамақтандыру мүмкіндіктерін кеңейтпек. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1311163?lang=ru
Аймақ басшысы облыстық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттарымен кездесті 23.10.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев облыстық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттарымен кездесті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары қатысты. Қала және аудан әкімдері, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары онлайн қосылды.Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы саяси реформаларды жариялап, республикалық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды. Құрылтай, Қазақстан Халық Кеңесі жұмысын бастады.Конституциялық жаңғыру аясында жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару жүйесі қатар дамуда. Апта басында Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл – Ұлттық Құрылтайда көтерілген бастамаларды қорытындылайтын маңызды кезең. Күні кеше Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын 29 қарашаға белгіледі.Кездесуде аймақ басшысы депутаттардың өңірді дамытуға қосқан үлесін атап өтті.«2023 жылы мәслихаттың VIII шақырылымының жұмысы басталып, оның құрамына түрлі саяси партиялар өкілдері енді. Бұл жергілікті мәселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.Осы ретте мәслихат депутаттарының өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарғанын ерекше атап өтуіміз қажет. Халық сенім артқан азаматтар мемлекеттік органдармен, сайлаушылармен тығыз байланыс орнатып, Президентіміздің бастамасымен елімізде өткен ірі саяси науқандарға белсенді қатысты. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп, олардың тиімді шешілуіне атсалысты.Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы өңірімізді басқарған кезеңде жергілікті мәслихаттар мен атқарушы органдардың өзара іс-қимылы бюджет, әлеуметтік нысандар және өңірлік даму мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарды», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, «Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен», «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.Ел ағасы Бекмырза Еламанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық мәслихат төрағасы қызметін атқарған Мұрат Тлеумбетов сөз сөйледі.VIII шақырылым депутаттары өңір тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығарып, олардың шешілуіне ықпал етті. Бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізу, мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықтың талап-тілегін орындау бір жүйеге түсті.Депутаттардың бастамасымен Арал және Қазалы аудандарының бірқатар елді мекені табиғи газбен және орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілді. Су ресурстарын тиімді пайдалануға, егін және ауыл шаруашылығындағы түйткілдерді шешуге, құрылыс, жол-көлік және логистика салаларына қолдау көрсетілді.Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту, білім беру, медициналық қызмет сапасын арттыру, мәдениет пен өнерді қолдау, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту және бұқаралық спортты дамыту бағытында да ауқымды жұмыс атқарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1311168?lang=ru
Ақмола облысы мен «Ауыл Телеком» ауылдық интернет-инфраструктураны дамытудағы ынтымақтастық туралы келісті 23.10.2026
2026 жылғы 13 қазанда Көкшетау қаласында Ақмола облысының Цифрландыру және архивтер басқармасы мен «Auyil Telecom» ЖШС арасында ауылдық аумақтарды дамыту және кеңжолақты Интернет желісіне қолжетімділікті кеңейту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Тараптар ауылдық елді мекендердегі байланыс сапасын арттыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және шалғай елді мекен тұрғындарының заманауи цифрлық қызметтерге қолжетімділігін кеңейту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті.«Біз цифрландыру, ең алдымен, адамдар мен әлеуметтік әділеттілік туралы екеніне сенімдіміз. Ауылда үлкен қауымдастық немесе бірнеше ондаған тұрғын тұратыны маңызды емес — біз ешбір елді мекенді назардан тыс қалдырмауымыз керек. Ауылдық жерлердегі сапалы Интернет даму үшін іргелі мүмкіндік береді: балалар заманауи білімге, жастар озық мамандықтарға, ал жергілікті кәсіпкерлер жаңа нарықтарға қол жеткізеді. Әрбір ауылға цифрлық инфрақұрылымды жеткізу арқылы біз өңіріміздің басты байлығы — адам капиталына инвестиция саламыз», — деп атап өтті Мағжан Ержан.Кездесу барысында «Auyil Telecom» ЖШС өкілдері жобаны және оны іске асырудың негізгі бағыттарын таныстырды. Сондай-ақ қатысушылар одан әрі ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде инвестиция тартып, ауылдық жерлерде байланыс желілерін дамыту мүмкіндіктерін талқылады.«Біз ауылдық жерлерге заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге ұмтыламыз. Бізде нақты жоспарлар бар, бірақ оларды іске асыру ел аумағының ауқымдылығын ескергенде, көбіне инфрақұрылымға байланысты: кей жерде мыңдаған отбасы, ал кей жерде он шақты ғана үй тұрады. Осыған байланысты біз жұмыстың негізгі бағыттарын айқындадық, оның біріншісі — FWA технологиясын қолдану арқылы сымсыз Интернетті дамыту», — деді «Auyil Telecom» ЖШС бас директоры Сейілов Әмірәлі Әжібекұлы.Қол қойылған меморандум Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде Интернеттің қолжетімділігін арттыруға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруді көздейді. Байланысты дамыту тұрғындардың мемлекеттік және басқа да цифрлық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамытуға қосымша жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1311100?lang=ru
Рудный қаласында Рухани келісім күніне орай диалог алаңы өтті 23.10.2026
2026 жылғы 14 қазанда Рудный қаласында Рухани келісім күні қарсаңында «Саналуандықтағы бірлік: Қазақстан Республикасы Конституциясы аясындағы конфессияаралық диалог» тақырыбында диалог алаңы өтті.Қазақстанда Рухани келісім күні жыл сайын 18 қазанда атап өтіледі. Оны өткізу дәстүрі 1992 жылы Алматы қаласында өткен Дүниежүзілік рухани келісім конгресінің алғашқы сессиясынан бастау алады. Қатысушылар 18 қазанды Рухани келісім күні – татуласу, өзара түсіністік, мейірімділік және жақынға көмек көрсету күні деп жариялаған манифест қабылдады. Бұл мереке түрлі ұлттардың, мәдениеттер мен діни сенімдердің өкілдері арасындағы бейбітшілікке, өзара құрмет пен келісімге ұмтылысты білдіреді.Диалог алаңына Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қостанай облысы әзербайжандарының «Бірлік» этномәдени бірлестігі» қоғамдық ұйымының төрағасы Р. С. Гаджибалаев және республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қостанай қаласындағы ІІМ академиясының экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі қылмыстық-атқару жүйесі мамандарын даярлау орталығының бастығы, полиция подполковнигі М. С. Туйганов қатысты.Іс-шараға сондай-ақ түрлі діни бірлестіктердің, Ақсақалдар кеңесінің, Аналар кеңесінің, ардагерлер және үкіметтік емес ұйымдардың, спорт қауымдастығының, мемлекеттік мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Кездесу барысында Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі аясында ар-ождан және діни сенім бостандығының конституциялық қағидаттарын іске асыру, Қазақстан Республикасының ішкі саясатының басымдықтары, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту, қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы діни бірлестіктер мен қоғамдық институттардың рөлі, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің және радикалды көріністердің алдын алу мәселелері талқыланды.Қазақстан халқының бірлігін нығайтуда ашық конфессияаралық диалогтың, өзара құрметтің және түрлі қоғамдық топтар өкілдерінің сындарлы өзара іс-қимылының маңызына ерекше назар аударылды.Іс-шараны Рудный қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Инновациялық білім беру» «Интеллектуалдық орталық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1311077?lang=ru
ҚР Сыртқы істер министрі Сингапурдың Құрметті консулын қабылдады 23.10.2026
Астана, 2026 жылғы 13 қазан - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сингапур Республикасының Қазақстандағы Құрметті консулы Талғат Чиникеевті қабылдады.   Кездесу барысында тараптар Құрметті консулдықтың қызметін талқылап, Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша пікір алмасты.  Сингапурлық Changi Airports International компаниясының Қазақстанның әуежай инфрақұрылымын салу және дамыту жобаларына стратегиялық қатысуын қоса алғанда, бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделіліктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1311078?lang=ru
Қазақстан мен Иордания мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 23.10.2026
Амман, 2026 жылғы 13 қазан – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Мәдениет министрі Мұстафа Ар-Рауашдехпен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Иордания арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, екіжақты қарым-қатынастардың дәйекті дамуына ризашылықтарын білдірді.Мәдениет саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, оның ішінде концерттер, көрмелер, фестивальдер және басқа да іс-шаралар өткізуге мәселелеріне ерекше назар аударылды.Министр М.Ар-Рауашдех екі ел өнер қайраткерлерінің қатысуымен мәдени іс-шаралар өткізуге және әдеби алмасуды кеңейтуге, оның ішінде қазақ және араб әдебиеті шығармаларын өзара аудару мен басып шығаруға қызығушылық танытты. Екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, ол 2027 ж. Қазақстанда Иорданияның Мәдени күндерін өткізуге дайындығын жеткізді.Елші Министрге Қазақстанда 2026 ж. жүзеге асырылған ауқымды саяси реформалар туралы ақпарат беріп, олардың саяси жүйені әрі қарай жаңғыртудағы, мемлекеттік басқаруды жетілдірудегі және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейтудегі маңыздылығын атап өтті.Өз кезегінде, Министр Қазақстанда жүргізілудегі өзгерістерге оң баға берді және олардың елдің алдағы уақытта дамуындағы маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Иордания арасындағы достық байланыстарды әрі қарай нығайтуға ықпал ететін мәдени-гуманитарлық бастамаларды қолдауға өзара дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1311082?lang=ru
30 жылдан астам инвестиция: CCI Kazakhstan «Ұзақ мерзімді серіктестік үшін» марапатына ие болды 22.10.2026
Шымкент, 2026 жылғы 22 қазан– Coca-Cola İçecek (CCI) Kazakhstan компаниясы IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026) аясында «Ұзақ мерзімді серіктестік үшін» номинациясы бойынша марапатталды. Марапат компанияның Қазақстандағы 30 жылдан астам уақыт бойы болуын, өндірістік қуаттылықты жүйелі түрде кеңейтуін және ел экономикасының дамуына қосқан үлесін танудың белгісі болды.KGIR 2026 мемлекеттік органдардың, халықаралық компаниялардың, инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдерін біріктірді. Форум «Тұрақтылықтан өсуге: Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі» тақырыбында өтті. Қатысушылар назарының орталығында елдің инвестициялық әлеуеті, капитал тарту және бизнесті дамыту келешегі болды.Anadolu Group түрік холдингінің басты активтерінің бірі болып табылатын CCI Kazakhstan – сусын өндіретін түрік көпұлтты компаниясы, ол Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Инвестиция көлемі 130 миллиард теңгеден асты. Осы уақыт ішінде компания Алматы мен Астанада өндірістік инфрақұрылымды қалыптастырды, Шымкенттегі кәсіпорын қуатын дамытты және елдегі бизнесті дамытуға инвестиция салуды жалғастырды.Маңызды кезеңдердің бірі Шымкенттегі зауыттың өндірістік қуатын үшінші өндірістік желіні іске қосу арқылы кеңейту болды. Компанияның келесі ірі инвестициялық жобасы Ақтөбе қаласында төртінші зауыттың құрылысы болды. Оның іске қосылуы 2027 жылға жоспарланған. Жаңа кәсіпорын CCI Kazakhstan өндірістік инфрақұрылымын кеңейтіп, компанияның ел өңірлеріндегі қатысуын нығайтады.Ақтөбеде зауыт салу, сонымен қатар, жұмыс орындарын ашуға, заманауи технологияларды енгізуге және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға бағытталған.Бұл марапат біз үшін CCI Kazakhstan ұжымының көпжылдық еңбегін және Қазақстанда бизнесті жүйелі түрде дамытуға деген ұмтылысымызды танудың белгісі болды. Біз елді стратегиялық маңызды нарық ретінде қарастырамыз және өндірістік қуаттылыққа инвестиция салуды жалғастырамыз. Шымкенттегі өндірісті кеңейту және Ақтөбеде жаңа зауыт салу біздің ұзақ мерзімді стратегиямыздың маңызды кезеңдеріне айналды. Біз әрі қарай да өңірлерді дамытуға үлес қосуға, жаңа мүмкіндіктер жасауға және Қазақстанмен серіктестікті нығайтуға ниеттіміз», – деп атап өтті CCI Kazakhstan бас директоры Вели ДинчельҮш онжылдықтан астам уақыт бойы CCI Kazakhstanөндіріске, адамдарға және жергілікті қауымдастықтарға инвестиция сала отырып, елді дамыту жолындағы сенімді серіктес болып қала береді. «Ұзақ мерзімді серіктестік»марапаты осы айнымас ұмтылысты көрсетеді әрі компанияның Қазақстан экономикасы мен қоғамы үшін ұзақ мерзімді құндылық құруға деген ниетін растайды.
Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ-тың мерейтойлық даталарына орай «HasSak» ансамблінің концерті өтті 23.10.2026
Вашингтон, 2026 жылғы 13 қазан – Смитсон институтының Азия өнері ұлттық мұражайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына, Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына, сондай-ақ АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай қазақстандық «HasSak» этно-фольклорлық ансамблінің концерті өтті.Іс-шара Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Смитсон институты жанындағы Қазақстанның мәдени мұрасы қоры жобасы аясында ұйымдастырылды.Концертке АҚШ Әкімшілігінің, дипломатиялық корпустың, Вашингтонның сарапшылық және мәдени қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ қазақ диаспорасының мүшелері қатысты. Қазақстандық музыканттардың өнерін америкалық көрермендер жылы қабылдап, ұзақ қошемет көрсетті.Концерт бағдарламасында дәстүрлі қазақ туындылары мен олардың заманауи интерпретациялары ұсынылды. Музыканттар домбыра, жетіген, сыбызғы және қылқобыз сынды ұлттық аспаптардың сан қырлы үнін паш етіп, америкалық аудиторияны Ұлы дала музыкалық дәстүрлерімен таныстырды.«HasSak» ансамблінің өнер көрсетуі Смитсон институтының Ұлттық дәстүр және мәдени мұра орталығы қазақстандық «Music Unbound» коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Heritage in Motion» бағдарламасы аясында өтті. Жоба Қазақстан мен АҚШ-тың мәдениет қайраткерлері мен материалдық емес мәдени мұра өкілдерін біріктіріп, 2027 жылғы «Smithsonian Folklife Festival» қарсаңында Алматы мен Тусонда бірлескен жұмысты көздейді.Аталған іс-шара екі елдің мерейтойлық даталарына орайластырылған, қазақстандық мәдениетті ілгерілетуге және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге бағытталған Қазақстанның АҚШ-тағы мәдени бастамаларының жалғасы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1311061?lang=ru
Братиславада өткен Asian Day фестивалінде Қазақстанның ұлттық мәдениеті тағы бір қырынан танылды 23.10.2026
Братиславаның тарихи орталығында Азия елдерінің мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыруға арналған Asian Day халықаралық мәдени фестивалі өтті. Іс-шараға Қазақстан, Вьетнам, Жапония, Индонезия, Қытай, Палестина және Үндістанның дипломатиялық өкілдіктері қатысты.Фестиваль Азия халықтарының мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға, сондай-ақ Словакия астанасының тұрғындары мен қонақтарын қатысушы елдердің ұлттық дәстүрлері және өнерімен таныстыруға бағытталды.Іс-шара аясында қатысушы мемлекеттердің ұлттық тұрмыс бұйымдары, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, кәдесыйлары мен дәстүрлі тағамдары ұсынылды. Көрме келушілерге әр елдің мәдени ерекшеліктерімен, салт-дәстүрлерімен және ұлттық асханасымен танысуға мүмкіндік берді.Фестиваль бағдарламасында концерттік қойылымдарға да ерекше орын берілді. Қазақстанның мәдени бағдарламасы аясында ұлттық музыкалық мұра мен заманауи өнер үлгілері таныстырылды. Домбырамен орындалған күйлер қазақ халқының дәстүрлі аспаптық музыкасының байлығын паш етсе, қазақ музыкалық шығармаларының заманауи интерпретациялары ұлттық өнердің сабақтастығы мен даму үрдісін көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1311054?lang=ru
Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерінің зияткерлік меншік саласындағы ведомстволары басшыларының екінші отырысы өтті 23.10.2026
ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Абдреева  Бакуде  Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік саласындағы ведомстволары басшыларының екінші отырысына қатысты.Шара барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, жасанды интеллектіні дамытудың өзекті мәселелері және Түркі мемлекеттерінің патенттік ұйымын құру перспективалары талқыланды.Қазақстан тарапы зияткерлік меншік құқығының жаңа Конституцияда бекітілуінің маңыздылығын атап өтіп, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігін растады.Отырыс қорытындысы бойынша Бірлескен декларация қабылданып, ведомстволар басшыларының келесі отырысын Қазақстанда өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1311056?lang=ru
Қандас жастарға арналған үздік жоба байқауы 23.10.2026
 Шетелдегі отандастар арасында «OQ Startup» үздік жобалар шығармашылық байқауыныңЕРЕЖЕСІI.Байқаудың негізгі мақсаты«OQ Startup» үздік жобалар байқауы ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа, волонтерлік және басқа да шығармашылық және әлеуметтік бағыттағы жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге арналған байқау.Негізгі мақсаты шетелдегі отандастар мен этникалық қазақтардың төл жобаларын Қазақстанда таныту, өзара байланыс орнатуына ықпал ету және шығармашылығына қолдау көрсету.II.Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібіБайқауға 15-30 жас аралығындағы шетел азаматы болып табылатын ұлты қазақ отандастар қатыса алады;Байқауға ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа, волонтерлік және басқа да шығармашылық және әлеуметтік бағыттағы жобалар қабылданады;Қатысушы өз жобасын таныстыру үшін төмендегі материалдарды ұсынуы қажет: Жобаның таныстырылымы:ұзақтығы 2 минуттан аспайтын көлденеңінен түсірілген MP3 немесе MOV форматындағы бейнеролик немесе көлемі 10 слайдтан аспайтын PPTX немесе PDF форматындағы презентация.Бейнеролик немесе презентацияда жобаның негізгі мазмұны, өзектілігі, мақсаты, кімдерге бағытталғаны, іске асыру жолдары және күтілетін нәтижелері қысқаша әрі түсінікті түрде көрсетілуі тиіс.Жоба туралы қысқаша анықтама (PDF форматында).Анықтамада міндетті түрде келесі ақпараттар қамтылуы қажет:жобаның атауы;жобаның өзектілігі және шешуге бағытталған мәселесі;жобаның мақсаты;жобаның негізгі міндеттері;мақсатты аудиториясы (жоба кімдерге арналғаны);жобаны іске асыру тетігі және негізгі іс-шаралары;жобаны іске асыру мерзімі;күтілетін нәтижелері;жобаны іске асыру үшін қажетті ресурстар.Егер жобаны іске асыру үшін қаржыландыру қажет болса, қатысушы PDF құжатында сұралатын қаражат көлемін және оның нақты сметасын көрсетуі тиіс. Сметада әрбір шығын бабының атауы, саны, бірлік құны және жалпы құны көрсетілуі қажет.Ұсынылатын бейнеролик немесе презентация жобаны қысқа әрі нақты таныстыруға, ал PDF форматындағы анықтама жобаның мазмұнын толық түсіндіруге мүмкіндік беруі тиіс.Байқауға іске асырылуы басталған, қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан, сондай-ақ іске асырылуы жоспарланған жобалар қатыса алады.Жоба бұрыннан іске асырылып жатқан жағдайда, қатысушы оның қазіргі нәтижелері, қол жеткізген көрсеткіштері және жобаны одан әрі дамыту жоспары туралы ақпарат ұсынуы қажет.Ал іске асырылуы жоспарланған жоба бойынша оның мақсаты, міндеттері, іске асыру кезеңдері, мерзімі және күтілетін нәтижелері нақты көрсетілуі тиіс.Жұмыстар Oqbaiqau@gmail.com эл-поштасында қабылданады;Қатысушы жұмысын өзі туралы ақпаратпен қоса (Толық аты-жөні, азаматтығы, оқитын университеті мен курсы, жасы) 30 қазан 2026 ж. дейін жіберуі керек;Қатысушы жұмысын жібере отырып Отандастар қорының әлеуметтік желілерінде (Facebook, Instagram, Telegram) және ресми сайтында жұмысының жариялануына келісім береді.Байқауға жұмыстар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қабылданады.III. Байқау мерзіміБайқауға шығармашылық жұмыстар 2026 жылғы 30 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін қабылданады. Қазылар алқасы байқау аяқталғаннан кейін 30 күннің ішінде жеңімпаздарды анықтайды. Байқаудың жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттауБайқау қорытындысы бойынша үздіктер төмендегідей марапатталады.1 орын – Ноутбук, диплом2 орын – Планшет, диплом3 орын – Смарт-сағат, дипломЫнталандыру сыйлығы – Үстел ойыны (Бестемше), марапаттау Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1311044?lang=ru
Отырысы 23.10.2026
2026 жылғы 14 қазанда 2027 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссияның отырысы өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1311045?lang=ru
60 ЖЫЛ МЕРЕЙТОЙЫҢЫЗБЕН ! 22.10.2026
💐 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменттің бас маманы Чжао Лариса Тинлаоны 60 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!Лариса Тинлао еңбек жолын 1994 жылы Ленин ауданы бойынша салық инспекциясынан бастап, бүгінгі күнге дейін мемлекеттік кірістер органдарында абыройлы қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде ол мол кәсіби тәжірибе жинақтап, өз ісіне деген жауапкершілігімен, біліктілігімен және қызметіне адалдығымен ерекшеленіп келеді.Сіздің көпжылдық еңбегіңіз, кәсіби шеберлігіңіз бен қызметтік міндеттеріңізге деген жауапкершілігіңіз зор құрметке лайық. Мемлекеттік кірістер органдарының дамуына қосып келе жатқан үлесіңіз үшін Сізге шынайы алғысымызды білдіреміз!🌷 Осы айтулы күні Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, бақ-береке және мол қуаныш тілейміз! Әр күніңіз шаттыққа толы болып, шаңырағыңыздан береке мен бірлік арылмасын. Әрдайым жақындарыңыздың қамқорлығы мен құрметіне бөленіп, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!Құрметпен,Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1310974?lang=ru
70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 22.10.2026
Қарағанды облысы бойынша МКД мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Құлумбаева Әлия Байдаулетқызының 70 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! 💐Әлия Байдаулетқызы өмірінің 20 жылдан астам уақытын мемлекеттік кірістер органдарындағы қызметке арнап, ел игілігі жолында абыройлы еңбек етті. Оның кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі мен адал еңбегі — кейінгі ұрпаққа үлгі, ал мемлекеттік қызметке қосқан үлесі зор құрметке лайық.Осындай айтулы мерейтойда Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, жан тыныштығы мен мол бақыт тілейміз! Әр күніңіз қуанышқа, шаңырағыңыз шаттыққа толып, жақындарыңыздың құрметі мен ықыласына бөлене беріңіз!🌷 Мерейтойыңыз құтты болсын! Сізге әрдайым амандық, бақ-береке және ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз! 💐Құрметпен, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1310962?lang=ru
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Құқықтық көмек керуені» өз жұмысын жалғастыруда! 22.10.2026
Ағымдағы жылдың 14 қазанында акция Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында өтті.Көшпелі кездесу барысында аудан тұрғындары прокуратура және мемлекеттік органдар өкілдерінен құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті түсініктемелерге ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1310965?lang=ru
Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуін шектеу туралы. 22.10.2026
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 87-бабының 1-тармағына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) мүлігін иеленуге шектеу салық органы келесі жағдайларда жүзеге асырылады:1) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің шекті мөлшерінен асатын сомада - салық берешегі сомасы шегінде салық берешегін өтемеуі;2) көлденең мониторингке қатысушыны қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға - салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаларда көрсетілген шағымданатын сома шегінде шағым жасағанда.Билік етуі шектелген мүліктің тізімдемесі салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен жүргізіледі.Егер салық төлеуші (салық агенті) салықтық зерттеп-қарау актісімен расталған тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жерінде болмаса, мүліктің тізімдемесі оның қатысуынсыз жасалады.Салықтық берешектің туындауына жол бермеу және салықтық міндеттемелерді уақтылы орындау мүлікке билік етуді шектеу шараларының қолданылу қаупін азайтады.#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок#законипорядок#заңментәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1310948?lang=ru
Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында"Шамшырақ" ансамблінің концерті өтті 22.10.2026
         Абай облысындағы ҚАЖ жүйесінің әйелдер мекемесінде Семей қаласының қалалық мәдениет үйі жанындағы «Шамшырақ» ансамблінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Шығармашылық кездесу сотталған әйелдерге рухани-адамгершілік қолдау көрсетуге, мәдени құндылықтарды дәріптеуге және жағымды орта қалыптастыруға бағытталған мәдени-тәрбие жұмысы аясында ұйымдастырылды.Семей қаласының қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Шамшырақ» ансамблі жиырма жылдан астам уақыт бойы белсенді шығармашылық қызмет атқарып келеді. 2001 жылы құрылған ұжым көзі көрмейтін және көру қабілеті төмен азаматтарға мәдени-ағартушылық бағытта қызмет көрсетіп, дарынды орындаушылардың басын біріктіріп келеді. Ансамбль өнердің шекарасы жоқ екенін өз шығармашылығы арқылы дәлелдеп отыр.Сотталған әйелдерге арналған концерттік бағдарламаға қазақ композиторларының халық әндері, патриоттық және эстрадалық шығармалары енді. Әртістердің шынайы орындауы, жылы атмосфера мен көрермендермен еркін қарым-қатынасы көпшіліктің көңілінен шықты. Әрбір ән ұзақ қол шапалақтаумен сүйемелденіп, көрермендердің арасында таныс әуендерге қосылып ән айтқандар да болды.— Мұндай концерттер адамға үміт сыйлап, күнделікті уайымнан аз уақыт болса да арылуға көмектеседі. Бүгінгі өнер көрсету бізге ерекше әсер қалдырды. Біз өзімізге деген ықылас пен қолдауды сезіндік. Осындай кездесулер мейірімділік, музыка және адамға деген жанашырлықтың жақсы жаққа өзгеруге шабыт бере алатынын еске салады, — деп бөлісті сотталған әйелдердің бірі.— Біздің ұжым музыка арқылы адамдарға жарық, үміт пен рухани қолдау сыйлау мақсатында құрылған. Өнер адамдарды біріктіріп, шабыттандырып, өмірдегі қиындықтарды еңсеруге көмектесетініне сенімдіміз. Бүгін біз үшін қолдауға және болашаққа деген сенімге мұқтаж жандарға жүрек жылуын сыйлау ерекше маңызды. Егер біздің шығармашылығымыз ең болмағанда бір адамның үмітін оятып, өмірін өзгертуге деген ынтасын арттырса, онда мақсатымызға жеткеніміз, — деп атап өтті «Шамшырақ» клубының негізін қалаушы Марат Әлиасқар.Іс-шара соңында мекеме әкімшілігі шығармашылық ұжымға жоғары орындаушылық шеберлігі, жанашырлығы және мәдени-тәрбие жұмысына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.Осындай мәдени іс-шараларды өткізу сотталғандардың рухани дамуына, ізгілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етіп, олардың қоғамға қайта бейімделу үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1310936?lang=ru
Абай облысы бойынша ҚАЖ әділет майоры әділет Мұсратұлы Рахымжановты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті 22.10.2026
       Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінде ҚАЖ ардагері, әділет майоры Адлет Мұсратұлы Рахимжановтың құрметіне арналған шағын футболдан турнир өтті. Спорттық іс-шара ҚАЖ қызметкерлерін, қызмет ардагерлерін және өмірін заңға адал қызмет етуге арнаған азаматтың туған-туыстарын біріктірді.Адлет Мұсратұлы Рахимжанов ҚАЖ органдарындағы қызметін 2001 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ басқармасының ОВ-156/18 мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің жасақ бастығы лауазымынан бастаған. Мінсіз қызмет еткен жылдары ол түрлі басшылық лауазымдарда еңбек етіп, кәсіби жолдан өтті. Ал 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ОВ-156/16 мекемесінің бастығы болып тағайындалды.2020 жылы Адлет Мұсратұлы еңбек демалысына құрметпен шықты. Өкінішке қарай, 2021 жылы өмірден өтті. Артында принципшіл басшы, дана тәлімгер және жоғары адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленген азамат ретінде жарқын естелік қалдырды.Бүгінде әке жолын оның ұлы Азамат Адлетұлы Мұсратов жалғастырып келеді. Ол әкесі кезінде басшылық еткен сол мекемеде бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы болып қызмет атқарады. Бұл — ұрпақтар сабақтастығы мен таңдаған мамандыққа адалдықтың жарқын үлгісі.Турнирге Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің, пробация қызметінің және №19, №20, №21 мекемелердің атынан бес команда қатысты.Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында Адлет Мұсратұлының анасы, жұбайы Жазира Рахимжанова, әпкесі, басқа да туыстары, ҚАЖ ардагерлері мен мекеме қызметкерлері болды.Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің командасы иеленді. Екінші орынға №20 мекеменің командасы ие болса, үшінші орынды №19 мекеменің командасы қанжығасына байлады.— Отбасымыз үшін Адлет Мұсратұлы туралы естеліктің әріптестері мен достарының жүрегінде сақталғанын көру — үлкен мәртебе. Ол әрдайым өз жұмысына бар күш-жігерін арнап, ұжымның жағдайына шын жүректен алаңдайтын және қызметін өзінің өмірлік жолы деп білетін. Оны еске алып, отбасымызға көңіл бөліп, қолдау көрсетіп отырған ҚАЖ басшылығы мен қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Біз үшін бұл өте қымбат, — деп бөлісті Жазира Рахимжанова.— Адлет Мұсратұлы жоғары кәсібилігімен, әділдігімен және қызметіне шынайы берілгендігімен ерекшеленген басшы болды. Ол көптеген қызметкерлерге тәлімгер болып, ҚАЖ тарихында өзіндік із қалдырды. Осындай турнирлер қызметіне адал еңбек етіп, жүйенің беделін арттыруға үлес қосқан азаматтардың есімін ұмытпай, олардың өнегесін сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жас қызметкерлердің өз мамандығына деген құрметін арттырып, ұрпақтар сабақтастығы мен командалық рухты қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл турнир тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар адалдығы, кәсібилігі мен адамгершілік қасиеттері бүгінгі қызметкерлерге үлгі болып отырған ҚАЖ ардагерлеріне деген құрметтің белгісі болды, — деп атап өтті мекеме бастығының міндетін атқарушы Рүстем Берлібеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1310926?lang=ru
Шетелдегі отандастар арасында өтетін «OQ Startup» үздік жобалар шығармашылық байқауы туралы 22.10.2026
Байқаудың негізгі мақсаты«OQ Startup» үздік жобалар байқауы ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа, волонтерлік және басқа да шығармашылық және әлеуметтік бағыттағы жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге арналған байқау.Негізгі мақсаты шетелдегі отандастар мен этникалық қазақтардың төл жобаларын Қазақстанда таныту, өзара байланыс орнатуына ықпал ету және шығармашылығына қолдау көрсету. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі           Байқауға 15-30 жас аралығындағы шетел азаматы болып табылатын ұлты қазақ отандастар қатыса алады;Байқауға ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа, волонтерлік және басқа да шығармашылық және әлеуметтік бағыттағы жобалар қабылданады;Қатысушы өз жобасын таныстыру үшін төмендегі материалдарды ұсынуы қажет:Жобаның таныстырылымы:ұзақтығы 2 минуттан аспайтын көлденеңінен түсірілген MP3 немесе MOV форматындағы бейнеролик немесе көлемі 10 слайдтан аспайтын PPTX немесе PDF форматындағы презентация.Бейнеролик немесе презентацияда жобаның негізгі мазмұны, өзектілігі, мақсаты, кімдерге бағытталғаны, іске асыру жолдары және күтілетін нәтижелері қысқаша әрі түсінікті түрде көрсетілуі тиіс.Жоба туралы қысқаша анықтама (PDF форматында).Анықтамада міндетті түрде келесі ақпараттар қамтылуы қажет:жобаның атауы;жобаның өзектілігі және шешуге бағытталған мәселесі;жобаның мақсаты;жобаның негізгі міндеттері;мақсатты аудиториясы (жоба кімдерге арналғаны);жобаны іске асыру тетігі және негізгі іс-шаралары;жобаны іске асыру мерзімі;күтілетін нәтижелері;жобаны іске асыру үшін қажетті ресурстар.Егер жобаны іске асыру үшін қаржыландыру қажет болса, қатысушы PDF құжатында сұралатын қаражат көлемін және оның нақты сметасын көрсетуі тиіс. Сметада әрбір шығын бабының атауы, саны, бірлік құны және жалпы құны көрсетілуі қажет.Ұсынылатын бейнеролик немесе презентация жобаны қысқа әрі нақты таныстыруға, ал PDF форматындағы анықтама жобаның мазмұнын толық түсіндіруге мүмкіндік беруі тиіс.Байқауға іске асырылуы басталған, қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан, сондай-ақ іске асырылуы жоспарланған жобалар қатыса алады.Жоба бұрыннан іске асырылып жатқан жағдайда, қатысушы оның қазіргі нәтижелері, қол жеткізген көрсеткіштері және жобаны одан әрі дамыту жоспары туралы ақпарат ұсынуы қажет.Ал іске асырылуы жоспарланған жоба бойынша оның мақсаты, міндеттері, іске асыру кезеңдері, мерзімі және күтілетін нәтижелері нақты көрсетілуі тиіс.Жұмыстар Oqbaiqau@gmail.com эл-поштасында қабылданады;Қатысушы жұмысын өзі туралы ақпаратпен қоса (Толық аты-жөні, азаматтығы, оқитын университеті мен курсы, жасы) 30 қазан 2026 ж. дейін жіберуі керек;Қатысушы жұмысын жібере отырып Отандастар қорының әлеуметтік желілерінде (Facebook, Instagram, Telegram) және ресми сайтында жұмысының жариялануына келісім береді.Байқауға жұмыстар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қабылданады.III. Байқау мерзіміБайқауға шығармашылық жұмыстар 2026 жылғы 30 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін қабылданады. Қазылар алқасы байқау аяқталғаннан кейін 30 күннің ішінде жеңімпаздарды анықтайды. Байқаудың жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттауБайқау қорытындысы бойынша үздіктер төмендегідей марапатталады.1 орын – Ноутбук, диплом2 орын – Планшет, диплом3 орын – Смарт-сағат, дипломЫнталандыру сыйлығы: Үстел ойыны (Бестемше), марапаттау Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1310927?lang=ru