Әлем
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Н.А. жұмыс сапары аясында Алтай ауданына барды. 11.12.2025
Сапар барысында ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, жергілікті активпен кездесу өткізді және бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сапар қорытындысы бойынша уәкілетті қызметтерге тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1123763?lang=kk
"KazAID елшілері" жобасына қатысушыларды іріктеуді аяқтап, елшілердің бірінші командасы құрылды 11.12.2025
"KazAID елшілері" жобасына қатысушыларды іріктеуді аяқтап, елшілердің бірінші командасы құрылды.Биыл біз белсенді және талантты жастардан көптеген өтінімдер алдық. Жүздеген үміткерлердің ішінен біз тұрақты даму идеялары мен халықаралық күн тәртібін ұсынуға дайын 19 мықты, креативті және ынталы қатысушыларды таңдадық.Елшілердің арасында шетелде — Ресейде, Түркияда, Италияда, Чехияда, Жапонияда және Венгрияда оқитын Қазақстан студенттері бар екені ерекше қуантады. Жобаның ел ішінде де, одан тыс жерлерде де жас көшбасшыларды біріктіретін осындай үлкен географиялық ауқымы бар екеніне қуаныштымыз.KazAID елшілері жарқын ойлауы, мықты азаматтық ұстанымы, тілдерді білуі және коммуникацияларға заманауи көзқарасы бар азаматтар. Алдағы 6 айда олар KazAID-ті әлеуметтік желілерде таныстырып, дамуға ресми көмек, KazAID жобалары және халықаралық ынтымақтастықтың нақты мысалдары туралы әңгімелейтін болады.Жақында біз сізді әр елшімен, мотивацияларымен және құндылықтарымен таныстыра бастаймыз. Әлемдік аренада Қазақстан жастарының дауысын күшейтуді және орнықты даму идеяларын ілгерілетуді жалғастырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1123779?lang=kk
ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Авторлық құқық және сабақтас құқықтар жөніндегі тұрақты комитетінің (АҚТК) 47-сессиясына қатысты 11.12.2025
Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Вице-министр ДЗМҰ басшылығына жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырып, Қазақстандағы зияткерлік меншік саласында жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдағандары үшін алғысын білдірді.Қазақстан делегациясы сессияға қатысушыларға елде жүргізіліп жатқан ұлттық реформалар жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, құқықтарды ұжымдық басқару жүйесінің ашықтығын, есептілігін және тиімділігін арттыруға арналған Біртұтас цифрлық платформаны (БЦП) іске қосу барысы таныстырылды. Сонымен қатар бұл платформа ұжымдық басқару саласындағы заманауи цифрлық тетіктер мен ашықтықты арттыруға қызығушылық танытқан халықаралық кәсіби ұйымдарға да ұсынылды.ДЗМҰ алаңында Индонезия Сыртқы істер министрінің орынбасарымен, сондай-ақ Бразилия мен Сауд Арабиясының өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті. Тараптар авторлық құқық саласындағы цифрландырудың өзекті бағыттарын, ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін және цифрлық ортада сыйақыны әділ бөлуге қатысты халықаралық тетіктер әзірлеу жөніндегі Индонезия ұсынған бастаманы талқылады.ДЗМҰ басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, ДЗМҰ Бас директорының орынбасары Сильви Форбенмен өткен кездесуде Қазақстанның құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарын цифрландыру бағытындағы тәжірибесі ұсынылды. Форбен ханым елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың өзектілігін атап, жобаның әрі қарай жалғасуына қызығушылық білдірді. Ол бастаманың жаңашылдығын және оның халықаралық кәсіби орта үшін ерекше маңызды екенін баса айтты.Сонымен қатар өтпелі экономикасы бар елдер департаментінің директоры Хабип Асан, Application Incubator директоры Гленн Макстравик және авторлық құқық бойынша аға сарапшы Мишель Алиенмен бірқатар жұмыс кездесулері ұйымдастырылды. Кездесулер барысында ынтымақтастықтың өзекті бағыттары мен ДЗМҰ-ның технологиялық бастамалары, соның ішінде жасанды интеллектті пайдалану және тауар белгілерін сараптаудағы заманауи тәсілдер қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1123737?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. А. Сақтағановтың Алтай ауданының тұрғындарымен кездесуі 11.12.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Н.А. жұмыс сапары аясында Алтай ауданына барды. Сапар барысында ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, жергілікті активпен кездесу өткізді және бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сапар қорытындысы бойынша уәкілетті қызметтерге тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-parygin/press/news/details/1123738?lang=kk
Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата - аналар жұртшылығымен Онлайн-кездесу 11.12.2025
2025 жылғы 10 желтоқсанда Осакаров ауданының білім бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата - аналар жұртшылығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге 25-тен астам ата-ана қатысты. Кездесу барысында бүгінгі күннің өзекті мәселелері, атап айтқанда: «Қосымша білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді іске асыру туралы» мәселелер қаралды. Барлық сұрақтарға толық және ашық жауаптар берілді. Қорытындысында ауданның ата-аналар жұртшылығы берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1123702?lang=kk
2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңашылдықтарды азаматтар мен кәсіпкерлерге түсіндіру 11.12.2025
Көксу ауданы бойынша МКБ-де ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында тұрғындар мен кәсіпкерлерге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, басқарма мамандары 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері туралы жан-жақты түсіндірді.Кездесу барысында қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығына қатысты негізгі өзгерістерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қатысушыларға салықтық әкімшілендіруді жеңілдету шаралары, шағын және орта бизнес субъектілері үшін жаңа мүмкіндіктер, әкімшілік жүктемені азайту және салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру жөнінде ақпарат ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1123703?lang=kk
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Никольск-1» ЖШС-не барды 11.12.2025
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Никольск-1» ЖШС-не барды Алтай ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Никольск-1» ЖШС-нің қызметімен танысты. Жекеменшік ауыл шаруашылығы кәсіпорны 2009 жылдан бері жұмыс істеп, өңірдегі тұрақты аграрлық шаруашылықтардың бірі болып табылады. Кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттары:•егіншілік,•мал шаруашылығы. Шаруашылық өңірді сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп, жергілікті тұрғындар үшін маусымдық жұмыс орындарын ашады.Кәсіпорынның құрылтайшысы Марат Сайлұбаев облыс әкіміне Орел тауының үстінде қысқы туристік инфрақұрылымды дамыту жоспарын таныстырды. Болашақта заманауи қысқы спорт түрлері кешенін салу, арқан жолын қалпына келтіру және марал шаруашылығын ашу қарастырылуда. Бұл жоба ауданның туристік мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа инвестиция тартуға бағытталған.Облыс әкімі мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту Алтай ауданы үшін өсудің негізгі бағыттарының бірі екенін баса айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-polyanskoe/press/news/details/1123656?lang=kk
Алтай ауданында Денсаулық сақтау саласы белсенді дамып келеді. 11.12.2025
Ауданда денсаулық сақтау саласы белсенді дамып келеді. Биыл ауданаралық аурухана аумағында МРТ аппаратын орналастыру үшін ғимарат құрылысы басталды. Тұрғысын ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуда. Жыл соңына дейін медициналық мекемелер 4 бірлік заманауи жабдықты сатып алады. "Бүгінде Алтай Денсаулық сақтау нысандарының жабдықталу деңгейі 83 % құрайды. Ағымдағы жылдың басынан бастап онкологиялық аурулардан болатын өлім — жітім 8,7% — ға, туберкулезден болатын өлім-жітім 66% - ға, туберкулезбен сырқаттанушылық 36,1% - ға төмендеді. Жалпы аудан бойынша 21 дәрігер жетіспейді", - деді облыс әкімі Н.Сақтағанов. Ол денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен Алтай ауданының әкіміне медициналық кадрларды тарта отырып мәселені шешуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-polyanskoe/press/news/details/1123635?lang=kk
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай ауданының тұрғындарымен кездесті. 11.12.2025
Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездескен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.«Алтай ауданының 2029 жылға дейінгі даму жоспары бойынша 21,5 млрд теңге бюджет қаражатын және 121,8 млрд теңге жеке инвестиция тарту жоспарланған. Жеке инвестициялар есебінен өткен жылы Алтай қаласында 600 млн теңгеге демалыс орталығы салынып, Полянское ауылында 1075 басқа арналған сүт-тауарлы ферманың құрылысы аяқталды. Биыл Серебрянск қаласында жылына 400 мың форель шабақтарын өсіретін цех ашылып, Ермаковка ауылында балық шаруашылығын кеңейту жұмыстары және аудан орталығында қысқы спорт түрлеріне арналған кешеннің құрылысы жүргізілуде», — деді аймақ басшысы.Ауданда 12,8 мың бас ірі қара, 12,3 мың бас қой-ешкі 9,4 мың бас жылқы бар. Осы жылдың 10 айында барлық санаттағы шаруашылықтар 2,4 мың тоннадан астам ет өндірді. Ал өндірілген сүт көлемі 13,5 мың тоннаны құрап отыр.Алтайда туристер үшін 115 орын тіркелген. Жыл басынан бергі туристер саны — 17,6 мың адам. Биыл Малеевск ауылындағы Хамир өзенінде демалыс базасының құрылысы аяқталды. Жаңа Бұқтырма кентінде «Мелада» демалыс базасын жаңғырту жұмыстары және Бұқтырма станциясында туристік жол бойындағы «Пристань» кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.«Туризмді дамыту – бұл инфрақұрылым, жол, байланыс, қауіпсіздік, жол бойындағы сервис, тамақтану, қызмет көрсету сапасы. Біз осы мәселелерді шешумен жүйелі түрде айналысып келеміз», — деді Нұрымбет Сақтағанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-polyanskoe/press/news/details/1123627?lang=kk
ШҚО бойынша МКД командасы «Кеден - Masters» – 2025 жылғы ардагерлер арасындағы футзалдан Қазақстан чемпионы 11.12.2025
21 - 23 қараша аралығында Астана қаласында ардагерлер арасындағы футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің түрлі өңірлерінен 10 команда қатысып, турнир жоғары дайындық деңгейімен және командалар арасындағы өте жоғары бәсекелестікпен ерекшеленді.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатарынан құралған «Кеден – Masters» командасы сенімді ойын көрсетіп, топтық кезеңді бірде-бір жеңіліссіз аяқтады.Плей-офф кезеңінде «Кеден – Masters» өз қарсыластарын кезекпен сүріндірді: ширек финалда Ақмола облысының «Атбасар» командасын 7:0 есебімен, жартылай финалда Петропавлдың «СКО» командасын 5:1 есебімен ұтты. Финалдық матчта «Кеден – Masters» еліміздің бес дүркін чемпионы — «Буцефал» командасын 2:0 есебімен жеңіп, 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.Турнир қорытындысы бойынша «Кеден – Masters» ойыншысы Елжан Закарияға «Чемпионаттың үздік қорғаушысы» атағы берілді.2004 жылы құрылған команда Шығыс Қазақстандағы ең тұрақты әрі табысты спорт ұжымдарының бірі болып саналады. Команда еншісінде — облыстық біріншіліктегі 12 чемпиондық аталым, сондай-ақ республикалық деңгейдегі көптеген жетістіктер бар. Олардың қатарында Серғазы Рымбаев атындағы турнирдегі жеңіс және үш мәрте — жазғы «Алакөл» кубогындағы жеңістер бар. Команда капитаны, ШҚО бойынша МКД, Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы Болатбек Жаманбаев команда жеткен табыстардың ұзақ жылдар бойы жүргізілген жоспарлы жұмысы мен команданың жоғары деңгейдегі бірлігінің нәтижесі екенін атап өтті.«Кеден – Masters» құрамында өңірге танымал спортшылар, қазақша күрес, самбо және дзюдoдan халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, сондай-ақ футболдан спорт шеберлері бар.ШҚО бойынша МКД басшылығының және Спорт ардагерлері ұйымының төрағасы Мұхаметолла Агзамовтың қолдауының арқасында «Кеден – Masters» командасы қазақстандық футзалда өз позициясын нығайтып, жас буынға үлгі болуды жалғастыруда.Департамент «Кеден – Masters» командасын жарқын жеңісімен құттықтайды. Сіздердің жетістіктеріңіз — жоғары кәсібиліктің және командалық ауызбіршіліктің нәтижесі. «Кеден – Masters» құрамындағы ШҚО бойынша ДГД қызметкерлері — Болатбек Жаманбаев, Сымбат Кемешев, Қанат Агибаев және Ерболат Асқаров республикалық деңгейде Департаменттің намысын абыроймен қорғап, сенімді әрі әсерлі ойын көрсетті, жоғары спорттық рух пен жеңіске деген жігер танытты.Сіздердің жетістіктеріңіз біз үшін үлкен мақтаныш. Алдағы жарыстарда жаңа табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1123632?lang=kk
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай ауданына жұмыс сапарымен келіп 11.12.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай ауданына жұмыс сапарымен келіп, қаланың инфрақұрылымының, өнеркәсіптік нысандарының, әлеуметтік және спорттық нысандарының жағдайымен танысты. Сапардың негізгі мақсаты жергілікті жердегі өзекті мәселелерді қарастыру және оларды жедел шешудің одан әрі қадамдарын анықтау болды.Күн тәртібіндегі алғашқы аялдама Алтай қаласындағы Лермонтов көшесі, 2 мекенжайындағы көпқабатты үй. Онда әкімге тұрғын үй кешенін абаттандыру және күтіп ұстауға қатысты мәселелер ұсынылды. Облыс әкімі жергілікті мамандармен айналадағы аумақты абаттандыру бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттілігін талқылап, қала инфрақұрылымын дамытуға жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтті.Келесі кезекте Нұрымбет Аманұлы «Никольск-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Ол кәсіпорынның қызметі, өндірістік мүмкіндіктері және даму жоспарларымен танысты. Талқылау барысында шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа технологияларды енгізу және өнім түрлерін кеңейту мәселелері көтерілді.Бағдарлама Алтай қаласының балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне барумен аяқталды. Облыс әкімі балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту әлеуметтік саланың маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту қажеттілігін атап өтті.Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі жергілікті атқарушы органдарға анықталған мәселелерді шешуге және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-chapaev/press/news/details/1123612?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай ауданына жұмыс сапарымен барды 11.12.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай ауданына жұмыс сапарымен келіп, қаланың инфрақұрылымының, өнеркәсіптік нысандарының, әлеуметтік және спорттық нысандарының жағдайымен танысты. Сапардың негізгі мақсаты жергілікті жердегі өзекті мәселелерді қарастыру және оларды жедел шешудің одан әрі қадамдарын анықтау болды.Күн тәртібіндегі алғашқы аялдама Алтай қаласындағы Лермонтов көшесі, 2 мекенжайындағы көпқабатты үй. Онда әкімге тұрғын үй кешенін абаттандыру және күтіп ұстауға қатысты мәселелер ұсынылды. Облыс әкімі жергілікті мамандармен айналадағы аумақты абаттандыру бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттілігін талқылап, қала инфрақұрылымын дамытуға жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтті.Келесі кезекте Нұрымбет Аманұлы «Никольск-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Ол кәсіпорынның қызметі, өндірістік мүмкіндіктері және даму жоспарларымен танысты. Талқылау барысында шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа технологияларды енгізу және өнім түрлерін кеңейту мәселелері көтерілді.Бағдарлама Алтай қаласының балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне барумен аяқталды. Облыс әкімі балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту әлеуметтік саланың маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту қажеттілігін атап өтті.Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі жергілікті атқарушы органдарға анықталған мәселелерді шешуге және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-polyanskoe/press/news/details/1123614?lang=kk
KazAID және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы ынтымақтастық перспективаларын талқылады 11.12.2025
KazAID және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы ынтымақтастық перспективаларын талқылады2025 жылғы 10 желтоқ, Астана қаласы - KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстановтың Қазақстандағы БҰҰ еріктілер бағдарламасының (United Nations Volunteers) елдік үйлестірушісі Никита Шабаевпен кездесуі өтті.Кездесу барысында UNV қызметінің негізгі бағыттары ұсынылды, KazAID пен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған тұрақты даму мақсатында 2026 жыл халықаралық еріктілер жылында бірлескен жобаларды іске асыру жоспарларына ерекше назар аударылды.Кездесу тараптардың волонтерлікті қолдауға және серіктес елдерде қоғамды дамытуға ықпал ететін белсенді өзара іс-қимыл жасауға және бірлескен бастамаларды дамытуға дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1123604?lang=kk
Дохада өтетін І Халықаралық әскери музыка фестивалінде Орталық әскери оркестр өнер көрсетеді 11.12.2025
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі мен Құрмет қарауылы ротасы Катарда өтетін І Халықаралық әскери музыка және марштар фестиваліне қатысады. Бұл мәдени шара елдің Ұлттық күні аясында ұйымдастырылып отыр. Фестиваль репертуары туралы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрінің бастығы подполковник Мақсат Шәкенов айтып берді. – Фестивальде биыл 100 жылдығын атап өткен қазақтың ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің әуендерінен попурри орындаймыз. Сонымен бірге көрермендерді Катардың танымал патриоттық әнімен қуантамыз. Біздің бағдарламамызды фольклорлық-этнографиялық оркестр, би тобы және Құрмет қарауыл ротасының дефилесі толықтырады, – деді ол. Фестивальге Ұлыбритания, Иордания, Ирландия, АҚШ, Оман, Түркия және өзге де елдердің шығармашылық ұжымдары қатысады. Сондай-ақ Катардың элиталық әскери-музыкалық топтары өнер көрсетеді. Қазақстандық әскери қызметшілер ел астанасының түрлі алаңдарында өз шеберлігін паш етіп, Ұлттық күнге арналған парадқа және гала-концертке қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1123588?lang=kk
«Мәдениет – көпұлтты Қазақстанның рухани келбеті» дөңгелек үстелі 11.12.2025
2025 жылдың 10 желтоқсанында музей-қорықта Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктері өкілдерінің, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі оқытушыларының және музей-қорық қызметкерлерінің қатысуымен «Мәдениет – көпұлтты Қазақстанның рухани келбеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел аясында Қазақстанның рухани құндылықтары мен қоғамдық келісімін қалыптастырудағы мәдениеттің, тіл мен дәстүрдің рөлі талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1123573?lang=kk
«СШАЕАҚ-2025» Халықаралық форумы 11.12.2025
🇰🇿🇰🇷Кёнджу қ., 2025 жылғы 9 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы мен Түркістан облысының делегациясы 2025 жылғы 8 - 10 желтоқсан аралығында Кёнджу қаласында (Солтүстік Кёнсан провинциясы, Корея Республикасы) өткен «СШАЕАҚ - 2025» халықаралық форумының жұмысына қатысты.Солтүстік-Шығыс Азия елдерінің аймақтық әкімшіліктері қауымдастығы (СШАЕАҚ) алты елдің 82 әкімшілік бірлігін біріктіретін өңірлік ынтымақтастықтың ең ірі көпжақты алаңы болып табылады. Қазақстанның аталған Қауымдастыққа қатысуы ұлттық және өңірлік мүдделерді ілгерілетуге, атап айтқанда экономикалық байланыстарды нығайтуға (инвестициялар тарту және туризмді дамыту), технологиялық алмасуға, сондай-ақ Республиканың Шығыс Азиядағы геосаяси қатысуын күшейтуге ықпал етеді.2025 жылғы маусымда мүше-корреспондент мәртебесі берілген Түркістан облысы Парламентаралық сессия жұмысына елеулі үлес қосты. 🇰🇿🇰🇷Кёнджу, 9 декабря 2025 года – Генеральное консульство Республики Казахстан в г. Пусан и делегация Туркестанской области приняли участие в работе Международного форума «АРАССВА-2025», проходившего в период с 8 по 10 декабря т.г. в городе Кёнджу (провинция Северная Кёнсан, Республика Корея).Ассоциация региональных администраций стран Северо-Восточной Азии (АРАССВА) представляет собой крупнейшую многостороннюю платформу регионального сотрудничества, объединяющую 82 администрации из шести стран. Участие Казахстана в данной Ассоциации способствует продвижению национальных и региональных интересов, а именно: укреплению экономических связей (привлечение инвестиций и развитие туризма), технологическому обмену и усилению геополитического присутствия Республики в Восточной Азии.Туркестанская область, утверждённая в статусе члена-корреспондента в июне 2025 года, внесла содержательный вклад в работу Межпарламентской сессии.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1123547?lang=kk
«ШҚО суретшілерінің ұжымдық көрмесі. 2025 жылдың қорытындысы» 11.12.2025
ШҚО музей-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында көркемсурет вернисажы өтті, онда 2025 жылдың қорытындысы және Қазақстан Суретшілер одағының Шығыс Қазақстан филиалының мүшелері: Николай Аштеманың, Андрей Коротаевтың, Ирина Журавлеваның және басқа да суретшілердің 30-дан астам кескіндеме және графика туындылары ұсынылған. Авторлардың шығармалары өнер иелерінің өздері жайлы, уақыт және қоршаған орта туралы әсерлерінен сыр шертеді. Көрмеде портреттер мен пейзаждар, натюрморттар, сондай-ақ тұрмыстық және анималистік жанрлар қойылды. Суретшілердің өлкенің табиғатынан, тарихы мен мәдени дәстүрлерінен шабыттанған туындылары заманауи көркемдік стильдер мен бағыттардың панорамасын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1123468?lang=kk
Қытай компаниясы Қазақстанның электр энергетикасын жаңғырту бағдарламасына қатысу мүмкіндігін қарастыруда 11.12.2025
Астана, 2025 жылғы 10 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек «Zhongyoung Power (Yunxi) Group Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Ли Цзяньцзянмен кездесті. Кездесу барысында қытай тарапы Қазақстанның электр энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға инвестор ретінде қатысуға мүдделілік танытты.Қытайлық компания «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасына қатысуға ниет білдірді. Бұл бағдарлама аясында жөндеуді, жаңартуды және қайта құруды қажет ететін нысандардың кең тізімі айқындалған. Ли Цзяньцзян атап өткендей, «Zhongyoung Power» компаниясы мемлекеттік-жекешелік серіктестік (МЖС) және тарифтік модель арқылы инвестицияны қайтару сияқты халықаралық тәжірибеде қолданылатын қаржыландыру тетіктерін қарастыруға дайын. Сонымен қатар ол жобаларды іске асыру кезінде Қазақстанда өндірілген жабдықтар мен трансформаторларды пайдалануға ниетті екенін айтты.Тараптар компанияны қосалқы станцияларды жаңғырту, ескі жабдықтарды ауыстыру, жаңа трансформаторлық қуаттар салу және орта және жоғары кернеулі желілерге заманауи шешімдерді енгізу бағыттарына тарту мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу барысында Ә.Қуантыров Қазақстан үшін энергетика секторын жаңғырту стратегиялық басымдық болып саналатынын атап өтті және бұл үдеріс халықаралық тәжірибесі бар сенімді технологиялық серіктестерді тартуды талап ететінін айтты. Ол қолданыстағы заңнама шеңберінде МЖС және тарифтік тетіктерді қолдану мүмкін екенін атап өтті. Сонымен бірге министрдің орынбасары компанияға жабдықтардың бір бөлігін Қазақстанда өндіруді локализациялау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды және энергетика саласындағы ұзақ мерзімді жобалар кезінде жергілікті кәсіпорындармен кооперацияның әлеуетін атап өтті.Өз кезегінде М.Сұлтанбек мемлекеттік қолдау құралдары және энергия желілерін жаңғыртудың ұлттық және өңірлік бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Ол Қазақстанның электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, энергия тиімділігін жоғарылатуға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін атап өтті.Тараптар өндірісті локализациялау мен жобалардың техникалық параметрлерін бағалауды қоса алғанда, ықтимал ынтымақтастық нысандарын егжей-тегжейлі талқылауды жалғастыруға уағдаласты. Сондай-ақ қытай делегациясы үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен жеке кездесу ұйымдастырылып, онда салалық талаптар, инфрақұрылымдық қажеттіліктер және энергетика секторындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды.«Zhongyoung Power» – Қытайдағы үш ірі электр жабдықтарын өндіруші компанияның бірі, ол қуатты трансформаторлар мен энергия жүйелеріне арналған кешенді шешімдерді әзірлейді. Компания Шығыс Еуропа елдерінде энергетикалық нысандарды жаңарту мен қайта құруда үлкен тәжірибе жинақтаған және қосалқы станцияларды, трансформаторлық қуаттарды және электр тарату жүйелерін жаңғырту жобаларын іске асырады. «Zhongyoung Power» жобаларды жабдық өндіруден бастап EPC-келісімшарттар мен ұзақ мерзімді пайдалануға дейін толық цикл бойынша жүзеге асырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1123474?lang=kk
«Көкшетау-КРО» үздік кеден бекеттерінің қатарында 11.12.2025
Халыққа ыңғайлы кеден әкімшілігін дамыту, бақылаудың тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызмет стандарттарын күшейту мақсатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайын өтетін «Үздік кеден бекеті» акциясының қорытындыларын шығарды. Бекеттердің жұмыс сапасы басты көрсеткіштер бойынша қаралды: кеден бақылау мерзімдерін сақтау, декларацияларды рәсімдеу уақыты, кедендік құн динамикасы және басқа да тиімділік, ашықтық пен нәтижелілікті көрсететін параметрлер. «Үздік мемлекеттік жоба» номинациясы бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Көкшетау-КРО» кеден бекеті жеңімпаз деп танылды.«Жылдың үздік кедендік бекеті» акциясының нәтижелері мемлекеттік кірістер органдарының дамуға, инновацияларды енгізуге және қызмет сапасын арттыруға ұмтылысын көрсетеді – дейді «Көкшетау-КРО» кеден бекетінің басшысы Абай Шәйкенов .Кеден бекетінің қызметкерлерін құттықтай отырып, кәсіби жетістіктер тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1123441?lang=kk
«ЖИ көмегімен кітапханаларды цифрлық трансформациялау» 11.12.2025
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Жасанды интеллект көмегімен кітапханаларды цифрлық трансформациялау» тақырыбында лекция-практикум өтті.Іс-шараның мақсаты қатысушыларды кітапхана саласындағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен таныстырып, кітапханалық процестерді цифрландыруға арналған ЖИ құралдарын қолдану дағдыларын үйрету.Лекцияны Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттілік және технологияларды трансферлеу орталығының жетекшісі Руслан Қайратұлы Четтыкбаев жүргізді. Өз баяндамасында ол кітапхана ісіндегі ЖИ-тің рөлі, оның негізіндегі құралдар мен платформалар жөнінде айтты.Кітапханамыздың жас маманы Адақ Жаңыл шара қатысушыларымен нейрожелілерді кітапханалық жұмыста пайдалану тәжірибесімен бөлісті.Сурет үйірмесі балаларының ертегі кітаптардағы кейіпкерлерді салған суреттері QR-код арқылы жандандырып көрсетіліп, кітап көрмесі қойылды. Сол кітаптарды оқырмандарға ЖИ көмегімен қалай қызықтыруға болатыны айтылып, таныстырылды.Іс-шараның практикалық бөлігі ЖИ көмегімен контент жасау дағдыларын тәжірибеде пысықтауға арналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1123388?lang=kk