Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан мен Грекия ынтымақтастықты дамытуға өзара берік бейілділігін растады 25.04.2025
Афина, 2025 жылғы 23 сәуір – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекия Премьер-министрінің Дипломатиялық кеңсесінің директоры Иоаннис-Мильтиадис Николаидиспен Афина қаласында кездесті.Әңгіме барысында 2024 жылғы қарашада Бакуде өткен COP-29 климаттық саммиті аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грек Республикасының Премьер-министрі Кириакос Мицотакис арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған саяси курс шеңберінде бірлескен бастамаларды дәйекті ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді.Тараптар Астана мен Афина арасындағы жоғары деңгейдегі саяси сенімді растады және үкіметаралық, ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейте отырып, екіжақты диалогты жандандыруға өзара мүдделілік білдірді. Сондай-ақ, жаһандық сын-қатерлер контексінде ортақ қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша халықаралық және өңірлік алаңдардағы күш-жігерді үйлестіру әлеуеті жеке атап өтілді.Саяси құрамдас бөлікпен қатар, кездесу барысында сауда-экономикалық және көлік-логистикалық салалардағы бірлескен жобаларды іске асырудың елеулі әлеуеті атап өтілді. Осындай аяда грек бизнесін Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға тарту, Грекияның порттық-теңіз инфрақұрылымын пайдаланып қазақстандық өнімді экспорттау мүмкіндіктері, сондай-ақ іскерлік байланыстарды арттырудың маңызды қадамы ретінде грек компанияларының Қазақстанға бизнес-миссиясын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Тараптар тұрақты диалогты сақтау қажеттілігімен келісті және талқыланған бастамаларды іске асыру Қазақстан мен Грекия арасындағы достық әрі өзара тиімді қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/982470?lang=kk
Челлендж - “Мен донормын! Ал сен ше?” 25.04.2025
   Челлендж - “Мен донормын! Ал сен ше?”   2025 жылдың 22 сәуірінде Әділет департаментінің қызметкерлері маңызды да ізгі іске - қан донорлығы бойынша челленджге қатысты.   Әрбір тамшы қан біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қатысу оңай, ал нәтижесі - баға жетпес!«Ешкім ертең өзіне немесе жақындарына донор қаны қажет болмайтынына кепілдік бере алмайды. Сондықтан барлығымыз донорлық қозғалысты қолдауға күш салуымыз керек», - деп атап өтті біздің донорлар.   Акцияға қатысқан барлық жандарға жанашырлығы мен ізгілігі үшін зор алғыс айтамыз! Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/982495?lang=kk
Ұлттық кітап күні. 25.04.2025
Бастаушы ауылдық кітапханасы бойынша Абай атындағы орта мектебінің кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай ерекше кездесу ауыл ақсақалы, «Өмір өткелдері» және «Ағайынды Габитовтар» атты кітаптың авторы Габитов Шахарбек Гирфановичпен кездесі өтті. Кездесуге 6-7-8 сынып оқушылары қатысып сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Шахарбек ата кітаптарымен оқушыларды таныстырды. Сонынан мектеп директоры Маткаримова Л.Д тілектерін айтты.Оқушылар керемет көтерінкі көңіл күймен тарқасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/983860?lang=kk
Қорғаныс министрлігі мен ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 25.04.2025
Құжатқа Қорғаныс министрі, сондай-ақ спорттық және жауынгерлік самбо федерациясын басқаратын генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен ҰОК президенті Геннадий Головкин қол қойды. Тараптар әскери қызметшілер арасындағы олимпиадалық қозғалысты және CISM спорттық бастамаларын қолдау, спорттық инфрақұрылымды дамыту және армия спортшыларын даярлау тиімділігін арттыру бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты.Қорғаныс министрі бұл тұрғыда Геннадий Головкин сияқты тәжірибесі мол кәсіби спортшыны ҰОК президенті лауазымына тағайындау қазақстандық спорттың, оның ішінде армия спортының дамуына оң әсерін тигізетінін атап өтті. Ол Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті мен ҰОК арасындағы күш-жігерді біріктіру армия спортшыларының шеберлігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.- Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы мен Ұлттық Олимпиада комитеті арасындағы армия спортшыларын қолдау жөніндегі күш-жігерді біріктіру олардың шеберлігін арттыруға ықпал етеді. Өйткені, біздің ортақ мақсатымыз – чемпиондарды тәрбиелеу, әрі Қазақстанды әлемдік аренада таныту, - деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов сондай-ақ, жақын арада Алматыда әскери-спорт колледжі ашылатынын, онда тәрбиеленушілер спорттық, әскери даярлық пен орта-техникалық білім беруді жетілдіретінін айтты. Бұл ауылдық аймақтардағы жастарға жол ашып, спортта үлкен биіктерге жетуге мүмкіндік береді.Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Қорғаныс министрлігінің олимпиадалық спортшыларды даярлауда қолдауын жоғары бағалайтынын атап өтті. - Біздің ынтымақтастығымыз Қазақстанда спортты одан әрі дамытуға және халықаралық аренадағы спортшыларымыздың позициясын нығайтуға ықпал ететін болады. Біздің міндетіміз ортақ. Өзара іс-қимылымыз да жемісті болатынына сенімдімін, - деп қорытындылады Геннадий Головкин.Естеріңізге сала кетейік, Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетінде 12 олимпиадалық спорт түрі бар. Армия орталық спорт клубында онымен 131 спортшы айналысады. Өткен жылы әскери қызметшілер Олимпиада ойындарына 21 лицензия ұтып алды. Бұл ретте төрт армия спортшысы Париж Олимпиадасының жүлдегері атанғанын атап өту керек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/982499?lang=kk
"Жүректен жүрекке"акциясы 25.04.2025
Ауылдық округ әкімі толық емес отбасынан шыққан балаларға естелік сыйлықтар табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-palatcy/press/news/details/982503?lang=kk
Дәріс өткізілді 25.04.2025
   2025 жылдың 21 сәуірінде ұлы қазақ ақыны, философы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Қостанай облысы Әділет департаментінің жетекші маманы К.С. Ермагамбетова КМҚК «Қостанай автомобиль көлігі колледжінде» студенттермен дәріс өткізді. Тақырыпқа сай студенттерге блиц-сұрақтар легі ұсынылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/982506?lang=kk
Конституциялық Сот құқық қорғау органдарына қызметке әкімшілік бұзушылықтар жасаған бұрынғы қызметкерлерді қабылдамау туралы норманы тексереді 25.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Конституциялық Сотта азаматтың өтініші бойынша «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағы 9) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарау жөнінде отырыс өтті. Бұл норма белгілі бір құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарды құқық қорғау органдарына қызметке қабылдамауды көздейді.Өтініш иесінің пікірі:Дауланып отырған нормаға сәйкес қызметке қайта кіргенге дейін үш жыл ішінде жасаған бұзушылықтардың жекелеген түрлері үшін жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, құқық қорғау органдарына қайта оралуы мүмкін басқа адамдарға қатысты құқықтық салдарларға пропорционалды емес.Өтініштің мән-жайы:Өтініш беруші құқық қорғау органының қызметкері бола тұра көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл факт оны теріс себептермен жұмыстан шығаруға және құқық қорғау органдарына қызметке қайта қабылдауды шектеуге әкелді.Отырысқа қатысқандар:Өтініш иесі және оның адвокаты, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, қаржы мониторингі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің, ішкі істер, әділет министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілдері.Баяндамашы-судья: Жақыпбаев Қ.Т.Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/982507?lang=kk
Туризм және саяхат: Қарағанды облысы Алматыдағы KITF халықаралық көрмесіне қатысуда 25.04.2025
Алматыда KITF халықаралық көрмесі өтуде. Экспозиция Орталық Азиядағы туризм бойынша ең ірі кәсіби алаң және еліміздің туристік саласының басты оқиғасы болып табылады. Оған әлемнің 30 елінен мыңнан астам туристік компания қатысады.Қарағанды облысынан кәсіпкерлік басқармасы, Қарқаралы ұлттық паркі, R-TOUR туристік агенттігі, «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешені, «Nomads Club» ЖШС ішкі туризм туристік агенттігі, «Орман» қонақ үйі, Visit Qaraganda туристік ақпараттық орталығы өкілдік етеді.Алаңда Қарағанды өңірінің бай мәдени және табиғи мұрасы таныстырылды. Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтардың демалуы үшін танымал орындар Қарқаралы саябағы мен Балқаш көлінің жағалауы болып табылады.Егер Қарқаралы ұлттық паркі – таулы-орманды оазис және белсенді туризм үшін өте қолайлы болса, онда Қазақстанның үздік 20 туристік орнының қатарына кіретін Балқаш көлі су спортын сүйетіндердің де, тынығып уақыт өткізуді қалайтындардың да көңілінен шығуы мүмкін. Бұл бағыттар үшін инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталары әзірленді.Көрме аясында пленарлық отырыстар, роуд-шоу, семинарлар, тұсаукесерлер және басқа да салалық іс-шаралар өтеді.KITF – бұл меморандумдарға қол қою, елдер арасындағы өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламаларын дамыту үшін тамаша мүмкіндік.Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/982512?lang=kk
Қарағанды облысының тұрғындары «Тарих үні» жалпыреспубликалық флешмобына қосылды 25.04.2025
23 сәуірде Қарағанды облысының тұрғындары Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған «Тарих үні» жалпыреспубликалық флешмобына белсене қатысты.Акция Жеңіс күнін мерекелеуге дайындықтың маңызды бөлігіне айналды және тарихи естелікті сақтауға, ардагерлердің ерлігін құрметтеуге және осы құндылықтарды жаңа ұрпаққа беруге бағытталған.Флешмоб аясында қатысушылар майдангерлердің естеліктерінен, майданнан келген хаттардан және Ұлы Отан соғысы кезіндегі мұрағат құжаттарынан қысқа, бірақ терең үзінділерді таңдады. Бұл мәтіндер дауыстап, жан-тәнімен және мәнерлеп оқылып, аудио мен бейнеге жазылды. Содан кейін қатысушылар #ГолосИстории80 және #ТарихҮні80 хештегімен әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарына жазбаларды жариялады.Қатысушылар арасында мектеп оқушылары мен студенттерден бастап ардагерлер мен қамқор азаматтарға дейін әр түрлі буын өкілдері болғаны өте қуанышты. Осылайша, Қарағанды облысының тұрғындары кезекті рет азаматтық белсенділігі мен тарихты дәріптейтінін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/982513?lang=kk
«Соғыс кезеңінің батырлары туралы» зияткерлік ойыны 25.04.2025
   2025 жылдың 21 сәуірінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай Қостанай облысы Әділет департаментінің жетекші маманы Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында «Соғыс кезеңінің батырлары туралы» зияткерлік ойынын өткізді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/982519?lang=kk
Ұлттық ұланда тактикалық медицина негіздері бойынша оқу-әдістемелік жиын өтті 25.04.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұлан әскерлерін даярлаудың 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес 6654 оқу бригадасында құқықтық тәртіп әскерінің орта медициналық персоналының біліктілігін арттыру бойынша оқу-әдістемелік жиын өтті. Бұған дейін ҚР ІІМ Ұлттық ұланында тактикалық медицина бойынша хаттама әзірлеу және бекіту туралы бастама көтергенін, сондай-ақ телемедицинаны дамытуды ұсынғанын атап өткен жөн. Оқу жиыны аясында эпидемиология, алғашқы медициналық көмек көрсету, медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және тактикалық медицина бойынша практикалық сабақтарға ерекше назар аударылды. Оқытудың бұл бағыты 2025 жылы Ұлттық ұлан жүйесінде тактикалық медицина қызметінің құрылуына тікелей байланысты болды.Бұл қызметтің мақсаты — жеке құрамды жауынгерлік жағдайларда медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-қимылдарға оқыту болып табылады.Тактикалық медицина бойынша сабақтардың тәжірибелік бөлігі 6654 әскери бөлімінің оқу орталығында "Бүркіт"арнайы мақсаттағы бөлімшесі нұсқаушыларының қатысуымен өтті. Шынайы оқиғаларға барынша жақын жағдайларда әскери қызметшілер шұғыл көмек көрсету, гемостатикалық турникеттер салу дағдыларын, жаралыларды тасымалдау және эвакуациялау тәсілдерін пысықтады.- Төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша әдістемелік дайындық жеке құрамда психологиялық тұрақтылықты қалыптастыруға, өзін - өзі ұстай білуге және стресс пен жауынгерлік факторлардың әсерінен тиімді әрекет ете білуге көмектеседі. Сонымен қатар, жауынгерлік шығындарды азайтуға ықпал етеді, - дейді Ұлттық ұлан Әскери-медициналық басқармасының бастығы Талғат Сыдырманов.Тактикалық дайындықтан басқа, жиын шеңберінде объектілердің санитарлық жай-күйін медициналық бақылау, дәрі-дәрмектермен жұмыс істеу тәртібі, жауынгерлік кезекшілік кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру, санитарлық өңдеу, инфекциялар мен тамақтан уланудың алдын алу, сондай-ақ жаралар мен қан кетулер кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша теориялық және практикалық сабақтар өтті.Айта кету керек, мұндай жиындарды өткізу Ұлттық ұлан жеке құрамының медициналық даярлығының жоғары деңгейін ұстап тұруда маңызды рөл атқарады және әскери қызметшілердің денсаулығы мен жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/982525?lang=kk
Қостанайда заңсыз микрокаржылық қызмет пен кірісті жылыстату схемасы әшкереленді 25.04.2025
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз микрокаржылық қызметін атқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргіуде.Күдікті 2020 жылдан бастап тиісті лицензиясыз азаматтарға пайызбен және мүлік кепілдігімен «OLX» пен «Instagram» мобилді қосымшалары арқылы қарыз берген.Келісімшарт жасасу кезінде несиелік мәмілені заңды етіп көрсету үшін ол қарыз сомасын шын мәніндегі сомадан әлдеқайда көп етіп көрсеткен. Себебі бұл сомаға жылдық 100%-ға дейін баратын алдын ала есептелген сыйақылар енгізілген.Осылайша күдікті жалпы көлемі 100 миллион теңгеден астам қаражатты қарызға берген.Айта кету керек, оның заңсыз әрекеттерінің салдарынан қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылған. Олар қарыз алудың тиімсіз, ауыр шарттарының құрбанына айналған.Жедел қаржылық көмек іздеген олар жоғары пайыздық мөлшердер мен мүлкінен айырылу қаупі бар қаржылық тұзаққа түсткен.Заңсыз жолмен алынған табыстың көзін жасыру үшін күдікті таныс бухгалтерді тартқан. Бірігіп, олар ақшаны жылыстатудың схемасын жасап, табысты көлік жөндеу қызметімен айналысатын кәсіпорынның заңды кірісі ретінде көрсеткен.Ол үшін күдікті жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, шын мәнінде жұмыс істемейтін көлік жөндеу станциясының атынан фискалдық чектер шығарып отырған.Нәтижесінде, күдікті заңсыз қызметінен түскен 60,6 миллион теңгеден астам кірісті заңдастырған.Соттың санкциясымен тәркілеу мақсатында оның пәтеріне және банктік шоттарындағы 28 миллион теңге сомасындағы қаражатына тыйым салынды.Тергеу жұмыстары жалғасуда.ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/982538?lang=kk
Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар жұртшылығымен онлайн-кездесу өткізу туралы 25.04.2025
2025 жылғы 21 мамырда Осакаров ауданының білім бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата - аналар жұртшылығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге 18 қатысушы қатысты. Кездесу барысында қатысушылар бүгінгі күннің өзекті мәселесін – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қорытынды аттестаттауды өткізу туралы.Қорытындысында ауданның ата-аналар жұртшылығы берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1002173?lang=kk
«Заманауи коммуникациялар» тақырыбындағы семинар-тренинг 25.04.2025
ҚР Жоғары Сот Кеңесінде Кеңес Төрағасы Д. Малаховтың бастамасымен «Заманауи коммуникациялар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.Іс-шара бекітілген оқыту семинарларының кестесі шеңберінде ұйымдастырылып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігіне айналды. Кеңес қоғаммен тұрақты және сенімді диалог орнатуға ұмтыла отырып, ашықтық пен айқындық қағидаттарын белсенді түрде енгізуде.Семинарды іскерлік және қоғамдық коммуникациялар бойынша шақырылған жаттықтырушы — маман, PR-технолог Ақерке Берлібай өткізді.Іс — шараның негізгі мақсаты- Кеңес мүшелерінің және оның аппаратының қызметкерлерін тиімді, ашық және нәтижелі коммуникация құру дағдыларын дамыту.Тренинг барысында қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен жұмыс істеу дағдыларын пысықтады: сөйлеуді құрылымдауды, тыңдаушылардың назарын аударуды, әңгімелесу динамикасын басқаруды және күрделі сұрақтарға жауап беруді, сондай-ақ презентация форматын әртүрлі мақсатты топтарға бейімдеуді үйренді.Тікелей диалог билік пен қоғам арасындағы кері байланыстың негізгі нысандарының бірі ретінде азаматтарды жеке қабылдауға ерекше назар аударылды.Семинарға Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшелері мен Кеңес аппаратының қызметкерлері қатысты.                                                                   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/982567?lang=kk
Ұлттық кітап күнінде үздік оқырмандар марапатталды 25.04.2025
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай «Үздіктер салтанаты» атты фестиваль өтті.Шараға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және зиялы қауым өкілдері, оқырмандар қатысты.Фестивальде Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, Ұлттық кітап күніне арналған облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының құттықтауын жеткізді.–Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының үшінші Ұлттық құрылтайда қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында берген тапсырмасына сәйкес белгіленді.Бүгінде облыстағы 209 кітапханада 5 миллионға жуық кітап қоры бар. Былтыр облыста жарияланған «Руханият жылы» аясында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тікелей бастамасымен аудандарда салынған «Руханият орталықтарына» аудандық кітапханалар да көшірілді. Осылайша кітапхана ісін дамыту, халықтың оқу белсенділігін арттыру бағытында мәдени жауһарлар, рухани құндылықтар, экспонаттар мен басқа да түрлі жәдігерлер, мәдени мұралар бір жерге шоғырландырылды. Бұрын аудандық кітапханалардың қор бөлімдерінің сыйымдылығы 55 мың кітапқа арналса, жаңа ғимаратта 200 мың кітап сақтауға мүмкіндік бар, – деді облыс әкімінің орынбасары.Айта кетейік, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыстық кітапханаға өзінің жеке кітапханасынан 700-ден астам кітапты сыйға тартты.Іс-шарада тұрақты оқырмандар мен мәдени-көпшілік шараларға белсенді қатысатын азаматтар «Үздік оқырман-2025», «Отбасылық оқудың қуанышы», «Ардагер оқырман», «Ең көп оқитын отбасы», «Ең кішкентай оқырман», «Белсенді оқырман» номинацияларымен марапатталды.Сондай-ақ, кітапхана ғимаратының алаңында «Кітап – жан азығы, өмір қазығы» атты көрме, жас ақындар аллеясы, «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында асфальтқа сурет салу, «Кітапханаға кітап сыйла» акциялары, «Арт-территория» шығармашылық алаңы және түрлі интеллектуалды ойындар мен кітап инсталляциялары көпшілік назарына ұсынылды. Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласты.Айта кетейік, Ұлттық кітап күніне орай барлық аудандағы "Руханият орталықтарында" іс-шаралар ұйымдастырылып, кітап оқудың маңызы насихатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/982572?lang=kk
ОСДШ АЖ-да техникалық жұмыстар 25.04.2025
Құрметті пайдаланушылар!        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 22 сәуір сағат 21:00 бастап 22:00-ға дейін "Орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттар" ақпараттық жүйесінде (ОСДШ АЖ) техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.    Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген кезеңде ОСДШ АЖ ақпараттық жүйесінің сервистері қолжетімсіз болады.Тудырған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/982320?lang=kk
БДҚ АЖ-сінде техникалық жұмыстар 25.04.2025
Құрметті пайдаланушылар!Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті2025 жылғы 23 сәуірде сағат 18:00 бастап 22:00-ге дейін «Бірыңғай деректер қоймасы» ақпараттық жүйесінде (АЖ БДҚ) техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген кезеңде АЖ «БДҚ» ақпараттық жүйесінің сервистері қолжетімсіз болады.Тудырған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/982333?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 22,75 трлн теңгеге жетті 25.04.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 22,75 трлн теңгеге жетті  2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қазақстандықтардың шоттарына түсетін жарналардан және инвестициялық кірістерден жинақталған зейнетақы жинақтарының көлемі  22,75 трлн теңгеге жетті. Бір жылда 3,86 трлн теңгеге немесе 20,5%-ға артты.Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2025 жылдың 1 сәуіріне - 21,76 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,3%.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 653,83 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 9%.Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (39,5%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, 2025 жылдың 1 сәуіріне олардың көлемі 8,19 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 сәуіріне  329,12 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бұл ретте салымшылардың жеке және шартты шоттарына есепті жыл ішінде түскен қаражат мөлшері – 762,22 млрд теңге (өткен жылмен салыстырғандағы өсім 22,2% немесе 138,62 млрд теңге).Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1-сәуіріне 630,91 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 13,3%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 35,31 млрд теңге (өсім - 22,4%), ЕЗЖ - 809 млн теңге (өсім - 14,8%) түсті. 2025 жылдың алғашқы 3 айында ЖМЗЖ есебінен жарналар 95,18 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың 3 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 371,44 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 92,5% немесе 178,47 млрд теңгеге көп.Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 219,10 млрд теңге.  Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 23,10% ұлғайып, 01.04.2025ж. 56,40 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 638 теңге. Жыл басынан бастап 01.04.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша төлемдер – 16,63 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 8,46 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 801,25 млн теңге, жерлеуге төлемдер – 2,63 млрд теңге жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 67,43 млрд теңге сомасы аударылды. ЖЗШ саны2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,44 млн. бірлік (жыл бойғы өсім – 1,66 млн бірлік немесе 10,5%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 сәуіріне 12,54 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,17 млн - МЗЖ бойынша, 729,35 мыңы - МКЗЖ бойынша, 446,65 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  4,91 млн бірлік.  Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/994380?lang=kk
Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында жергілікті қоғамдастықтың мүшелерінің қатысуымен жиналыс өтеді. 25.04.2025
📢ҚЫЗЫЛТӨБЕ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА!🔸Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңының талаптарына сай, ағымдағы жылдың сәуір айының 25 күні сағ 10:00-де Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында жергілікті қоғамдастықтың мүшелерінің қатысуымен жиналыс өтеді. 🔸Жиналыстың күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланатын болады: - Ағымдағы жылы жоспарланған композиция орнатуды шағын саябақ салуға ауыстыру.- Қызылтөбе-2, Қызылтөбе-3 елді мекенінің атауын беру- 2025 жылға арналған жылжымайтын мүлік салығы бойынша аймақтарға бөлу коэффициентін бекіту.- ⁠Ағымдағы жылдың басқа да өзекті мәселелеріАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/982362?lang=kk
Швециядағы Қазақстан Елшісі Олжас Сүлейменовтің футболшы Рамазан Оразовпен кездесуі 25.04.2025
Стокгольм, 2025 жылғы 23 сәуір – Швециядағы (Дания бойынша қоса атқарушы) Қазақстан Республикасының Елшісі Олжас Сүлейменов Данияның «Силькеборг» клубында ойнайтын қазақстандық футболшы Рамазан Оразовпен кездесу өткізді.Кездесу барысында Елші Р.Оразовқа шетелде Қазақстанның спорттық имиджін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, қазақстандық спортшылардың халықаралық лигаларға қатысуы мәдени байланыстарды нығайту және ұлттық спортты насихаттау үшін маңызды екенін атап өтті.Р.Оразов - жартылай қорғаушы, Қазақстанның түрлі клубтарында және ұлттық құрамасында ойнаған тәжірибелі спортшы. Оның кәсіби шеберлігі мен спорттағы жетістіктері Қазақстанның халықаралық аренадағы оң имиджін нығайтуға үлес қосуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/982372?lang=kk