Әлем
БҰҰ АТМЭӘК штаб-пәтерінде «Қазақстан» залы ашылды 24.04.2025
Бангкок, 2025 жылғы 21 сәуір – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен жүзеге асқан Технологиялар хабы залының ашылу рәсімі Бангкок қаласында өткен БҰҰ АТМЭӘК Комиссиясының 81-сессиясының басталу аясында өтті.Жұмыс кездесулерін өткізуге арналған жаңа кеңістік заманауи мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған, ал жөндеу жұмыстары дәстүрлі қазақ ою-өрнектері қолданылған ұлттық стильде жүргізілген.Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының БҰҰ АТМЭӘК жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Тұрақты Өкілі Арман Исетов Қазақстанның ұйым жұмысына дәстүрлі түрде белсене қатысып, оның мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосып келе жатқанын атап өтті.Сонымен қатар, Қазақстан цифрлық технологияларға ерекше мән беріп, олардың көмегімен елдердің Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік туып отырғанын жеткізді.Сөз соңында жаңа зал мен оның жабдықтары БҰҰ АТМЭӘК ұжымы мен қонақтары үшін шабыт пен тың идеялардың қайнар көзі болатынына сенім білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/980203?lang=kk
Аудан әкімі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты 24.04.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық маңызы бар «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда жол саласын дамытуда нәтижелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап көрсетті. Оның ішінде аталған жол инфрақұрылымының тұрғындар өміріндегі маңыздылығын айтып, мердігер өкіліне жөндеу жұмыстарының сапасына баса назар аудару керектігін ескертті. Жол жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан асфальт жабындысын төсеу, жол негізін нығайту және жол жиегін тегістеу сынды негізгі жұмыстар атқарылуда. 10,2 шақырым жолды жөндеуге аудандық бюджеттен 571,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстарын «Қызылорда жолдары» ЖШС атқаруда. Аудан басшысы жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше мән беруді, белгіленген мерзімде аяқтауды және құрылыс нормаларына сай орындалуын қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/979843?lang=kk
Кеңес одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды 24.04.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнирдің ашылу рәсімі өтті. Турнирге 10-нан астам мемлекеттен, еліміздің әр өңірінен келген балуандар 10 салмақ дәрежесінде белдеспек.Рәсімге Тәйімбет Көмекбаевтың ұлы, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері, генерал-майор Бағбан Тәйімбетов, ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов, басқа да құрметті қонақтар қатысты.Аймақ басшысы қатысушыларға сәттілік тілеп, өңірдің спорт саласындағы ауқымды жұмыстарға тоқталды.«Алаштың анасы атанған қасиетті Сыр өңіріне қош келдіңіздер!Баршаңызды Кеңес Одағының батыры, даңқты жерлесіміз Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнирдің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда «Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі», – деген болатын.Сыр өңірінде соңғы үш жылда 18 спорт кешені салынып, іске қосылды. Өткен жылы «Самұрық қазына траст» қорымен бірге құны 3 млрд. 400 млн теңге болатын «Үстел теннисі орталығы» салынып, халыққа қызмет етуде. Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сай 11 мың орындық орталық стадион салынуда. «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталды. Келесі жылы ел игілігіне табысталады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен көпсалалы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Жаңа нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Алдағы мамыр айында бірқатар спорттық үйірмені қоса қамтитын «Шығармашылық академиясы» ашылады.Спорт – мемлекетіміздің мерейін үстем ететін, тұрғындарды салауаттылыққа жетелейтін маңызды сала. Бүгінгі халықаралық жарыс өздеріңізге қарап бой түзейтін жастарымызды елжандылыққа тәрбиелеп, спорттағы бәсекелестікті қалыптастыруға, татулықты нығайтуға септігін тигізетін дода болады деп сенеміз. Жарысқа қатысушыларға сәттілік, шын мықтыларға жеңіс тілеймін», – деді Н. Нәлібаев.Салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, батырдың ұрпағы Ардашер Шайымбетов сөз сөйледі.Жарыстың қадірлі қонағы, қырғыздың атақты балуаны, Әлемнің екі дүркін, Азияның үш дүркін чемпионы, Олимпиаданың күміс және қола медальдарының иегері Ақжол Махмудовқа дәстүрге сай иығына шапан жабылды.Айта кетейік, Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевтың есімін ұрпақ жадында қалдыру мақсатында жыл сайын түрлі шаралар өткізіліп келеді. Биылғы еске алу шарасының ерекшелігі – грек-рим күресінен халықаралық турнир тұңғыш рет ұйымдастырылуда. Бұған дейін батыр ұрпақтары үйлестіріп келген турнир биылдан бастап облыс әкімдігінің қолдауымен халықаралық деңгейде өткізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/979844?lang=kk
Аудан әкімі мектептердің жөндеу жұмыстары барысымен танысты 24.04.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев жөндеу жүргізіліп жатқан білім ордаларына арнайы барып, құрылыс барысымен танысты.Ең алдымен, аудан басшысы Ә. Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейдің ағымдағы жөндеу жұмыстарын көрді. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының сыртқы қасбеті жаңартылып, сырлау және әрлеу жұмыстары мен шатырларды, жабындарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектеп аумағындағы спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары да басталды. Мектеп-лицей аумағындағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 43 млн. теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекеме: «Сертификаттау-сынақ орталығы» ЖШС.Аудан әкімі мұндай жұмыстардың білім беру сапасына оң әсер ететінін атап көрсетті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мектептердің деңгейін көтеруге, олардың материалдық-техникалық базасын жақсартып, оқушылар үшін қолайлы жағдай жасауды атап өткен болатын. Осы орайда, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен аудан көлемінде ауқымды жұмыстар қолға алынып, бірқатар мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Сондықтан жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде, сапалы әрі талапқа сай орындалуы тиіс, – деді Берік Әбдіғаппарұлы. Мұнан соң аудан әкімі С.Сейфуллин елді мекеніндегі №137 орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына дайындық жоспарымен танысты. №137 орта мектеп 1974 жылы салынған. Жалпы сыйымдылығы 460 орынға негізделген. Бүгінде мектеп ғимараты жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты биыл мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 309 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланған болатын. Жеңімпаз медігер мекеме – «N Cтрой Сервис» ЖШС. Бүгінгі таңда техникалық қадағалаумен келісім шарт жасалған. Күрделі жөндеу жұмыстарын бастау оқу жылының соңына жоспарлануда.Аудан әкімі құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін айтып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Мектептің жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталуын қатаң ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/979852?lang=kk
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» жас педагогтердің байқауының республикалық кезеңі 24.04.2025
Жас педагогтердің кәсіби өсуін арттыру, шығармашылық және инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында 2026 жылғы 13 – 17 сәуір күндері «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VIІІ Республикалық байқауының республикалық кезеңі Щучинск қаласында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілді.Байқауға еңбек өтілі 0-ден 3 жылға дейінгі жас педагогтер қатысты.Конкурстың нәтижесі бойынша Тохтарова Лаура Сериковна ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 7 орта мектебі» КММ орыс тілі пәні мұғалімі «Үздік қатысушы» номинациясына болды.Жас маманға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен сарқылмас шабыт тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1204250?lang=kk
"Таза Қазақстан" көркейту-көгалдандыру шаралары жалғасуда 24.04.2025
Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданымызда көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.Мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен аудан тұрғындары бірлесе отырып, сенбіліктерге шығып, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалап, ағаштар отырғызды. Бұл игі бастама ауданның көркін ашып қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартуға да үлкен үлес қосуда.Бірлікте атқарылған әрбір іс – болашақ ұрпаққа жарқын өмір сыйлайды.Барша аудан тұрғындарын тазалық сақтауға және туған жерімізді көркейтуге шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/998323?lang=kk
Қазақстандағы демократиялық реформалар Еуропа Кеңесінде жоғары бағаланды 24.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Страсбургте өткен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) көктемгі сессиясы аясында «Демократиялық реформалар – тұрақтылық пен өркендеудің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Шара Қазақстандағы демократиялық реформаларды іске асыруға арналды.Қазақстан делегациясының құрамында Қазақстан Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова, Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина және Алматы облысынан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері болды.Шараға ЕКПА мүшелері, Еуропа Кеңесінің Бағдарламалар департаменті, сондай-ақ Қазақстан толыққанды мүше болып табылатын Еуропа Кеңесінің екі органы – Венеция комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) өкілдері қатысты.Қатысушылар Президент Тоқаевтың Қазақстанның саяси жүйесін жаңғыртуға, адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесінің есептілігін арттыруға бағытталған бастамаларының жүзеге асырылуын, сондай-ақ Қазақстанның қылмыстық және сот істері бойынша ынтымақтастық саласындағы Еуропа Кеңесінің тиісті конвенцияларына қосылуға ұмтылысын талқылады.Өз сөзінде Эльвира Азимова Конституцияның үстемдігін нығайту үдерісін, конституциялық бақылау институтының дамуын және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы сот жүйесінің рөлін атап өтті: «Конституциялық бақылау – заң үстемдігін, тұрақтылық пен мемлекеттік басқару жүйесінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін ажырамас тетік», – деді ол.Еуропа Кеңесі мен ЕКПА өкілдері Қазақстанның Еуропа Кеңесі институттарымен тығыз ынтымақтастығына жоғары баға беріп, елімізді өңірдегі негізгі әріптес ретінде атап өтті.https://www.diplomatic-world-institute.com/en/kazakhstan-roundtable-council-europe-democratic-reforms/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/979872?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг 24.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің дереккөздері – құқықтық статистика мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері, әлеуметтік сұрау жүргізу деректері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздері болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/979874?lang=kk
Қарағандылық оқушылар АҚШ-та робототехника бойынша чемпионатта жүлдеге ие болды 24.04.2025
АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен FIRST Championship 2025 мектеп инженериясы чемпионатында қарағандылық екі команда жоғары нәтиже көрсетті. Қарағандылықтар Core Values Coopertition Winner номинациясында үздік атанды.Үш жас санаты мен түрлі номинациялар бойынша әлемнің 50 елінің 1058 командасының құрамында 110 мың қатысушы бақ сынасты. Жоғары бәсекелестікке қарамастан, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының қарағандылық Jeltoqsun командасы 258 команда арасында роботтар ойыны бойынша топ-20-ға енді. Осы мектептен Rasslexx Core Values Coopertition Winner номинациясында чемпион атанды.Біздің еліміздің намысын Хьюстонда бар-жоғы жеті команда қорғады. Қазақстан құрамасы барлық үш жас санатында рекордтық жетістіктерге жетті. Осындай деңгейдегі нәтижелер – Қазақстан тарихындағы алғашқы жетістік. Құрама барлығы алты марапатқа ие болды. Қарағандылықтардан басқа Астана, Алматы және Павлодардан жинақталған жас инженерлер жеңіске жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/979913?lang=kk
KazAID төрағасының MNU-дағы дәрісі 24.04.2025
KazAID төрағасының MNU-дағы дәрісі2025 жылғы 18 сәуір, Астана қ. - KazAID төрағасы Аркен Арыстанов Maqsut Narikbayev University халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс студенттеріне дәріс оқыды.▪ Негізгі талқылананған тақырыптар: ▪ ️ Неліктен Қазақстанның ДРК-ға қатысуы-стратегиялық қажеттілік ▪️ Дәстүрлі донорлар мен жаңа ойыншылардың - Қытай, Түркия және Қазақстанның тәсілдерін салыстыру ▪️ KazAID халықаралық стандарттар мен өңірлік ерекшеліктерді қалай үйлестіреді.Негізгі ой: ДРК - бұл сыртқы саясат қана емес, сонымен қатар тұрақты, қауіпсіз және гүлденген аймаққа инвестиция.🎁 Сондай-ақ, халықаралық экономика мектебі деканының орынбасары Аязбеков Жантөре университеттің құрметті оқытушысы ретінде Аркен Арыстановқа алғыс хат табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/979919?lang=kk
Округ әкімі А.Б. Кеңесбеков округ халқымен кездесу өткізді 24.04.2025
2025 жылдың 18 сәуір күні Бастаушы ауылдық округі бойынша Бастаушы ауылының клуб үйінде округ әкімі А. Б Кенесбеков ауыл тұрғындарымен жиын өткізді. Жиында мал кезегі, ауылдың тазалығы туралы және тағы басқа мәселелер талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/979928?lang=kk
Қазақстан мен Иранның жоғарғы аудит органдарының делегациялары Душанбеде кездесу өткізді 24.04.2025
Қазақстанның Жоғарғы аудиторлық палатасының мүшесі Тілеген Каскин Иранның Жоғарғы аудит соты төрағасының орынбасары Хассан Замани ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Келіссөздер Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен ШЫҰ елдерінің жоғарғы аудит органдары басшыларының 7-ші кездесу аясында өтті.Тілеген Каскин Қазақстан мен Иран аудиторларын екіжақты негізде де, сондай-ақ АЗОСАИ, ЭКОСАИ және ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар аясында да көпжылдық тығыз байланыс біріктіретінін атап өтті.Тараптар өткен жылдың қыркүйек айында Астанада өткен ЭКОСАИ Кеңесінің 28-ші отырысы мен Оқу комитетінің 23-ші отырысының маңыздылығын атап өтті.Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы аудиторлық палатасы 2027 жылға дейінгі кезеңге АЗОСАИ Басқарма кеңесінің мүшесі болып сайланса, Иранның Жоғарғы аудит соты – АЗОСАИ Аудиторлық комитетінің мүшесі болып сайланғаны айтылды.«Екіжақты ынтымақтастық тұрғысынан біз үшін тиімділік аудиті, қаржылық есептілік аудиті және электрондық аудит салалары ерекше қызығушылық тудырады. Сонымен қатар біз аудит қызметіне ең озық ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын, соның ішінде үлкен деректерді талдауды енгізуге мүдделіміз», — деді ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық басым бағыт бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/979933?lang=kk
Аягөз ауданы Қарағаш ауылында 230 сайлау учаскесінің мүшелерімен семинар өткізілді 24.04.2025
Аягөз ауданы Қарағаш ауылында « Ауылдар,кенттер,ауылдық округтер әкімдерін сайлау және Қазақстан Республикасы депутаттарын сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында 230 сайлау участогінің мүшелерімен семинар өткізіліп, кездесуге аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Семинар барысында Қазақстан Республикасының сайлау Заңдылығын сақтау, сайлаудың әділ ,ашық өтуін басты назарда ұстауын,заңның бұзылу фактілеріне жол бермеу керектігі және қауіпсіздік шараларын сақтауды, сайлау учаскелері сайлаушыларды шақыру парақтарымен 100 пайыз қамтамасыз етуін атап көрсетті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Қ.Абдреев. Сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары А.Атабекова ҚР сайлау туралы Заңына тоқталып ,заңда көрсетілген барлық нұсқаулар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуін және мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедек адамдардың дауыс беруіне жағдай жасалуына баса назар аудару керектігін атап көрсетті. Семинар барысында сайлау участогінің мүшелері өз ойларын айтып, сайлау процесіндегі кездесетін сұрақтарын қойып,тиісті жауаптарын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ayagos/press/news/details/979937?lang=kk
“Авиценна: Денсаулық сақтау” бағдарламасына қатысушыларға арналған мәдени бағдарлама 24.04.2025
“Авиценна: Денсаулық сақтау” бағдарламасына қатысушыларға арналған мәдени бағдарламаKazAID агенттігінің «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасы аясында, Астана медицина университеті мен TIKA ұйымымен серіктестікте жүзеге асырылатын бұл бастама Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген студенттерге тек медицина саласында білім алуға емес, сонымен қатар Қазақстанның мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік берді.Орталық Азия елдерінің медицина студенттері Астананың келесі көрікті жерлерін аралады:-Бәйтерек монументі-Жаңа Астана республикалық мешіті-Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі-ЭКСПО инновациялық кешені-Хан Шатыр сауда-ойын-сауық орталығы«Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасы — бұл тек білім алмасу емес, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайту мүмкіндігі. KazAID қолдауының арқасында студенттер Қазақстан туралы тереңірек біліп, оның аймақтық ынтымақтастыққа қосқан үлесін бағалай алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/979947?lang=kk
«Кітапхана түні - 2025» облыстық іс-шарасына қатысу 24.04.2025
Ұлттық кәтап күні аясында 18 сәуір күні Л.Н. Толстой атындағы ОӘҒК «Кітапхана түні - 2025» іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараға Бейімбет Майлин аудандық кітапхана қызметкерлері қатысып, ауданымыздың өнерлі тұлғасы, Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Айман Астанқызы Зыбалевамен кездесу өткізді. Айман Астанқызы кәсіби жолы, шабыт көздері, шығармашылық жобалары туралы әңгіме қылды. Сондай-ақ, кейіпкеріміз өз туындыларын оқып, әсерлі әндерін орындады. Қатысқан қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыс тілеп, жақсы көңіл-күймен тарасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/979952?lang=kk
АУДАН ӘКІМІ ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСТІ 24.04.2025
Бүгінде ауданымызда ауыл шаруашылығын дамыту бағытында көптеген игі бастамалар қолға алынып жатыр. Әсіресе, суармалы егіншілікпен айналысатын өңір үшін су ресурстарын үнемді пайдалану – күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Сондықтан, егістік жерлерге су үнемдеу технологияларын енгізу – бүгінде өте өзекті.Осы тұрғыда тамшылатып суғару, жаңбырлатып суғару, және ақылды суару жүйелері сияқты заманауи технологияларды қолдану – үлкен мүмкіндік. Оның үстіне мемлекетіміз су үнемдеу технологиясына кеткен шығынның 80 пайызын субсидиялап беруде. Осы мақсатта аудан әкімі Бақыт Асанов қытайлық «Бажоу Синцай Груп» компаниясының басшысы Фун Зумен кездесіп, су үндемдеу технологияларын ендіру жобаларын талқылады.Бүгінде қытайлық компаниямен бірлесіп Еңбекші ауылдық округінде «ЖұлдызКомТорг» ЖШС-не тиесілі 100 гектар жерге мақта дақылын және «Ережепова» шаруа қожалығына тиесілі 34,86 гектар жерге күріш дақылын су үнемдеу технлогиясы арқылы егу қолға алынуда.«Мақтаарал ауданының табиғи жағдайын, экономикалық бағыт-бағдарын ескере отырып, су үнемдеу технологияларын енгізу – уақыт талабы. Суды тиімді пайдалану арқылы біз ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарта аламыз. Су үнемдеу технологиялары тек суды үнемдеп қоймайды, сонымен қатар өнім сапасын арттыруға көмектеседі. Мәселен, тамшылатып суғару арқылы мақта немесе көкөніс дақылдарына қажетті су мен тыңайтқыштар тікелей тамырға беріледі. Бұл өсімдіктің дұрыс өсуіне жағдай жасап, өнім көлемін арттырады. Сонымен қатар, топырақ эрозиясы азайып, арамшөптердің де таралуы тежеледі» - деді, Бақыт Насырханұлы.Айта кетейік, Мақтаарал ауданында қазірдің өзінде 4895 гектар егістік алқапқа иелік ететін 89 шаруа қожалықтың жаңа технологияны пайдалануға ниетті екені анықталды. Оның ішінде 1,3 мың гектары мемлекет тарапынан берілетін субсидия алуға құжаттарын өткізген. Сонымен қатар, жыл басынан бері 2186 гектар бақша және қырыққабат дақылдарына су үнемдеу технологиясы енгізілген болса, бүгінде 129,4 гектар мақта дақылына және 35 гектар күріш дақылына жаңа технологияны енгізу жұмыстары басталды.(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/980046?lang=kk
Қарағанды облысы үш айда 1 трлн теңгенің өнеркәсіптік өнімін өндірді 24.04.2025
Қарағанды облысы экономика дамуының оң динамикасын сақтап отыр. Жыл басынан бері өсім шамамен 13%-ды құрады. Өсім барлық негізгі көрсеткіштер бойынша байқалады: өнеркәсіп және аграрлық өнім өндірісі, инвестициялар, құрылыс, сауда және т. б.Аймақтың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы аппараттық кеңесте баяндалды.– Облыс экономикасының өсу қарқыны 12,9% деңгейінде қалыптасты. Өнеркәсіп өнімдері 1 088,7 млрд теңгеге өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға артық. Өсім машина жасау, қара және түсті металлургия, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, құрылыс индустриясы, химия және жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өндірісінде қамтамасыз етілген. Тау-кен өнеркәсібінде көлем 12,7%-ға өсті, өсім көмір және металл кендерін өндіруде де қамтамасыз етілді, – деп хабарлады экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева.Үш айда 165 млрд теңге инвестиция тартылды. Ауыл шаруашылығындағы, өңдеуші өнеркәсіптегі, құрылыстағы, саудадағы, білім берудегі салымдардың өсуі тіркелді.Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Асқар Ғазалиевтің мәліметінше, жыл қорытындысы бойынша 30-дан астам инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 17-сі өнеркәсіпте, онда 2,7 мың жұмыс орны құрылмақ. Silk Road Electronics зауытында Samsung теледидарлары мен кір жуу машиналары шығарыла бастайды. Осакаров ауданында «Гиперборей» компаниясы қуаты 150 МВт болатын алғашқы жел электр станциясын іске қосады.Кеңесте тұрғын үй құрылысы туралы да баяндалды. Жыл басынан бері 54 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Әлеуметтік осал санаттағы кезекте тұрғандарды қамтамасыз ету үшін бастапқы нарықта пәтерлер сатып алынады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қаражат бөлінді.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жоспарланған көрсеткіштерді қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді. Басты міндеттердің бірі – инвестиция тарту, тұрғындарды жұмыспен қамту. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/980061?lang=kk
Қорғаныс министрлігінде Шекара қызметіне көктемгі шақырудың қорытынды бойынша кеңес өтті 24.04.2025
Қорғаныс ведомствосында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне әскерге шақыру мәселелеріне арналған кеңес өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысты.ҰҚК Шекара қызметіне көктемгі шақыру нәтижелері туралы Бас штабтың ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Нұрмахан Дүйсебаев пен ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары полковник Серік Рахимов баяндады.Кеңесте Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев пен Қостанай облысы әкімдігі жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасының бастығы Диас Қабдышев тыңдалды.– Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері Үкіметтің бақылауында. Сондықтан әскерге шақыру қорытындыларын мұқият талдап, әскерге шақырылған жастармен жұмыс сапасына назар аудару қажет, – деп атап өтті Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант С. Қамалетдинов.Кеңес қорытындысы бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне шақыру пунктерін қажетті мүлікпен, медициналық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді. Кейбір аудандық шақыру пунктері үшін медициналық ақпараттық жүйелерге қосу және медициналық комиссияларды маман дәрігерлермен жасақтау мәселесі өзекті болып қала береді.Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер бастықтарының назары әскери бөлімдер мен мекемелерді жасақтау үшін есепке алу-шақыру жұмыстарын жүргізу және әскерге шақырылушылардың командаларын уақтылы қалыптастыру мәселелерінде заңнаманы қатаң сақтау қажеттігіне аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/980064?lang=kk
Қазақстан мен Әзербайжанның авиация қызметтері шұғыл ұшуларды үйлестіру мәселелерін талқылады 24.04.2025
Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас басқару пунктінің бастығы полковник Сапарғали Төлегенов жетекшілік еткен әскери делегация Бакуде Әзербайжанның қорғаныс ведомствосына барды.Қабылдаушы тараптың Әскери-әуе күштерінің штабында шұғыл ұшуларды орындау кезінде бірлескен іс-әрекетті қамтамасыз ету және үйлестіру мәселелері бойынша келіссөздер өтті.Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты түрлі аспектілерді ескере отырып, іс-шараға Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің, Азаматтық авиация жөніндегі мемлекеттік агенттіктің, Сыртқы барлау қызметінің, «Азераэронавигация» әуе қозғалысын басқару басқармасының және «Әзербайжан әуе жолдары» АҚ өкілдері қатысты.Іс-шара аясында іздестіру-құтқару, апаттық-құтқару жұмыстары және басқа да шараларды орындау кезінде шұғыл ұшуларды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға байланысты бірқатар өзекті мәселелерге қатысты жан-жақты пікір алмасу болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/980072?lang=kk
Жаңартылған жағалаудың ашылуы 24.04.2025
Капшагай су қоймасының жағалауы көп жылдар бойы назардан тыс қалып келген еді. Енді бұл аумақ мүлде жаңа кейіпке енді: балалар және спорт алаңдары, субұрқақтар, суға түсуге арналған ыңғайлы баспалдақтар, орындықтар мен жарықтандыру жүйесімен жабдықталған заманауи қоғамдық кеңістікке айналды. Ауқымды жобаны жүзеге асыруға «КСЖ Freedom Life» АҚ қолдау көрсетті.Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың жазында басталып, толық абаттандырумен сәтті аяқталды. Жаңа брусчатка төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, жарықтандыру жүйесі толық жаңартылды. Жаңа алаңда балалар мен спорттық алаңдар, ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары мен демалыс аймақтары пайда болды. Жағалау енді субұрқақтармен, жағажайға түсуге арналған баспалдақтармен толыққан. 2025 жылғы наурызда соңғы кезең – гүлзарлар отырғызу мен қылқанжапырақты және жапырақты ағаштарды егу жұмыстары да аяқталды.“Бұл тек абаттандыру емес — бұл тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы әрі тартымды қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Қонаев қаласы мен Капшагай жағалауы — су туризмінің ірі орталықтарының бірі. Жаңарған жағалау өңірдің инфрақұрылымын жетілдіріп қана қоймай, оның инвестициялық әлеуетін де арттырады”, — деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Ұзындығы 1 шақырым болатын жағалау бүгінде демалыс, серуендеу, спортпен шұғылдану мен отбасылық уақыт өткізу үшін барлық жағдай жасалған кең әрі заманауи кеңістікке айналды. Жобаның жүзеге асуына «КСЖ Freedom Life» компаниясы 4,53 миллиард теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетті. Бұл — бизнестің мемлекетпен тиімді әріптестігінің жарқын көрінісі.“Бұл кеңістікті шын мәнінде заманауи әрі тартымды ету үшін біз айтарлықтай ресурстар, уақыт пен күш жұмсадық. Бұл — жай ғана инфрақұрылымды жақсарту емес, бұл — Қонаев қаласының болашақ дамуына қосқан нақты үлесіміз. Біз қаланың зор әлеуетіне сенеміз. Мұндай жобалар оның өмір сүруге жайлылығын арттыра түседі”, — деді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.Жағалаудың ресми ашылуынан кейін нысан коммуналдық меншікке берілді. Қонақтар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, отандық өнерпаздар мен би ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.“Біз ірі холдинг ретінде ESG қағидаттарын ұстана отырып, қалалық ортаны жайлы әрі шабыт сыйлайтын етіп қалыптастыруға бағытталған жобаларға басымдық береміз. Freedom Life компаниясы соңғы алты жылдан бері өмірді сақтандыру саласындағы цифрлық қызмет көрсету бойынша көшбасшы болумен қатар, әлеуметтік маңызы бар бастамаларға да ерекше көңіл бөліп келеді. Қонаевтағы жағалауды абаттандыру — бизнестің қалалық инфрақұрылымды дамытуға қосқан маңызды үлесі. Бұл — біздің саналы стратегиямыздың ажырамас бөлігі, халқымыздың жарқын болашағына бағытталған нақты қадам”, — деді КСЖ Freedom Life басқарма төрағасы Азамат Ердесов.Іс-шара барысында Алматы облысының әкімі Капшагай су қоймасының экожүйесін сақтау және Қонаев қаласын өңірдің басты туристік бағыттарының біріне айналдыру жөніндегі жоспарларымен бөлісті:“Алда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Туристерге қолайлы жағдай жасау үшін заманауи инфрақұрылым дамытылады. Сонымен қатар “Ұлы дала жорығы” және өрік фестивалі сияқты ірі іс-шаралар өтеді. Алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі жағажай мен бес жұлдызды екі қонақүйдің құрылысы да қолға алынбақ”, — деді Марат Сұлтанғазиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/979610?lang=kk