Enbekshi QazaQ

Әлем

Ұлттық қорғаныс университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті 24.04.2025
Астанада әскери білім ордасының басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрам мен магистранттар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жеңістің 80 жылдығына орай 80 түп ағаш көшетін отырғызды.        Университет ұжымына Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері генерал-майорлар Мүслім Дайыров, Бақтияр Сыздықов және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қосылды. Жалпы іс-шараға 300-ден аса адам қатысты.        – Біздің университет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады, – деп атап өтті ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков. – Бүгін университет маңында біз 80 түп қайың мен қарағай көшетін отырғыздық. Бұл сан кездейсоқ емес, осылайша біз Ұлы Отан соғысының батырларына, ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне құрметімізді білдірдік. Айта кету керек, Қарулы күштердің әскери қызметшілері азаматтардың қоршаған ортаны абаттандыруға және экологияны жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау акцияларына үнемі белсенді қатысып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979611?lang=kk
ОҚПУ мен Король Халид университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум 24.04.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 13 сәуір – Сауд Арабиясының астанасында «Адам мүмкіндіктерін дамыту бастамасы» (Human Capability Initiative) форумы аясында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚПУ) мен Король Халид университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан мен Сауд Арабиясы жоғары оқу орындары арасындағы алғашқы келісімдердің бірі болып табылады.​​Меморандумға ОҚПУ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректоры профессор Гүлжан Сүгірбаева мен Король Халид университетінің президенті доктор Фаллех Әл-Сулами қол қойды. ​Салтанатты шараға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков, ОҚПУ проректоры Ержан Керімбеков, сондай-ақ Қазақстанның Корольдіктегі Елшілігінің қызметкерлері​ қатысты.Бұл келісім екі ел арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашады, білім алмасу, бірлескен зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамытуға ықпал етеді. Меморандумға қол қою екіжақты қатынастарды нығайту және жаһандық білім беру стратегиялары аясында адам әлеуетін дамыту бастамасын іске асырудағы маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/979620?lang=kk
Қасиетті алау Қазақстанға жолданды 24.04.2025
Қазақстанның православ шіркеуінің өкілдері Иерусалимдегі Қасиетті алаудың түсуі рәсіміне қатысты.Қазақстанның Израильдегі Елшілігі дәстүрлі түрде киелі отты елімізге жеткізуді ұйымдастыруға қолғабыс көрсетті.Қазақстаннан келген мінәжат етушілерге тұрақты қолдау көрсеткені үшін Елшілік Иерусалим Патриархы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің Ізгі ниет Елшісі Феофил III-ке ерекше алғысын білдіреді.Анықтама: Қасиетті от Пасха қарсаңындағы Ұлы Сенбіде Иерусалимдегі Иса Мәсіхтің храмында түсті. Қасиетті алау - Кувуклияда – Қабір үңгірінің үстіндегі мәрмәрден жасалған кіші шіркеуде, сенім бойынша Иса Мәсіх жерленген орында түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/979639?lang=kk
Астанада «Мемориалдық аймақ» іздеу жасағының 47-ші экспедициясына шығарып салу рәсімі өтті 24.04.2025
Астанада Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Санкт-Петербург маңындағы Синявин биіктіктерінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін іздеумен айналысатын «Мемориалдық аймақ» іздеу жасағын экспедицияға салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.Іс-шараға Мәжіліс депутаты Павел Казанцев, ҰӘПО-ның Алматы филиалы жанындағы Жауынгерлік даңқ мұражайының басшысы Алуа Байқадамова, әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің ардагерлері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова іздеушілердің миссиясының маңыздылығын атап өтіп, «Мемориалдық аймақ» жасағының командирі Майдан Құсайыновқа алғыс хат табыстады.Мәжіліс депутаты Павел Казанцев іздеу жасағының көпжылдық еңбегін тек маңызды ғана емес, шын мәніндегі ерлік деп атады.– Сіздердің осы жұмысты бастағандарыңызға жарты ғасырға жуық уақыт болды. Сіздер жай ғана хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің сүйектерін тауып қана қоймай, батырларды қайта тірілтіп, уақыт пен ұрпақтарды жалғап тұрған киелі іспен айналысып жатырсыздар, – деді депутат.Майдан Көмекұлы бұл жолғы 15 күндік экспедицияға іздеу жасағының сегіз ардагері қатысатынын айтты. Олардың ішіндегі ең жасы – 57 жаста, ал ең үлкені, яғни командирдің жасы – 82-де.– Біз бұл жолы «Ұрысқа тек қарттар ғана барады» деген ұранмен бара жатырмыз. Күніне орта есеппен 30 шақырым жүріп өтеміз – батпақпен. Бірақ мен бұл Синявин батпақтары мен биіктіктерінде «еңбек ету» мүмкіндігін ешбір әлемдегі курортқа айырбастамаймын. Біз қасиетті іспен айналысып жатырмыз – сол жерлерде мәңгі қалғандар үшін аяқталмаған соғысты аяқтап келеміз деген ой мені шабыттандырады, – деді Майдан Құсайынов.Айта кетейік, Ұлы Отан соғысы жылдарында Санкт-Петербург маңындағы Синявин батпақтары мен биіктіктерінде Ақмола және Петропавл қалаларында құрылған қазақстандық 310-шы және 314-ші атқыштар дивизиялары ерлікпен шайқасқан болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979657?lang=kk
Маңғыстау облысында «Айбын» халықаралық жастар жиынына қатысатындар анықталды 24.04.2025
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері бригадасында «Айбын-2025» облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Ауқымды іс-шараны облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік білім беру орталығымен бірге 25744 әскери бөлімінің басшылығы ұйымдастырды.Жарысқа жеті команда құрамында 100-ден аса оқушы қатысты. Ақтау қаласының намысын қорғауға «Жас сарбаз», Жаңаөзеннен – «Қайсар», Маңғыстау ауданынан – «Жас қыран», Мұнайлыдан – «Жас жауынгер», Қарақиядан – «Жігер», Түпқарағаннан – «Сұңқар», Бейнеуден – «Жас арландар» командалары шықты.Жиын бағдарламасына бірқатар әскери-қолданбалы сынақтар: пневматикалық мылтықтан ату, күштік жаттығулар, газтұмылдырықты белгіленген уақытта кию, АК-74 автоматын бөлшектеп-жинау, арқан тартыс, әскерилендірілген эстафета және кросс кірді.Облыстық жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақтау қаласының «Жас сарбаз» командасы, екінші орынды Мұнайлы ауданының «Жас жауынгер» командасы, үшінші орынды Түпқараған ауданының «Сұңқар» командасы еншіледі.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бірінші және екінші орын алған командалар 2025 жылдың маусым айында Ақтөбе облысында өтетін «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына жолдама алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979658?lang=kk
Голан жоталарынан Қазақстанға бітімгерлердің қалған бөлігі оралды 24.04.2025
БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясында алғашқы бітімгерлік контингент құрамында қызмет еткен әскери қызметшілерді астаналық әскери авиация базасында қошеметпен күтіп алды. Бітімгерлерді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев қарсы алды. Қолбасшылық өкілі оларға адал қызметі және бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Дәл осы рейспен елордаға екінші ұлттық контингенттің командалық құрамына лауазым мен істерді беру үшін Фауардың бітімгерлік базасында қалған 38 әскери қызметші келді.Естеріңізге сала кетсек, бір жыл ішінде халықаралық стандарттар мен талаптар бойынша жарақтандырылған дербес қазақстандық бітімгерлік контингент БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес қарсылас тараптар арасында атысты тоқтату режимін қолдаумен айналысқан. Жауапкершілік аймағында жеке құрам 600-ден аса тапсырманы орындады. Қазақстандық бітімгерлердің қызметі БҰҰ миссиясы мен хатшылығы басшылығы тарапынан жоғары бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979669?lang=kk
Ұландықтар Павлодарда өртенген автокөлікті сөндірді 24.04.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде жанып жатқан Volkswagen Golf маркалы автокөлікті байқады.Әскери жасақтың бастығы қатардағы жауынгер Ернұр Аманқұл оқиға туралы дереу әскери жасақтар бойынша кезекшіге хабарлап, 101 шұғыл қызметін шақырды. Ол көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апарып, өрт сөндіргіштің көмегімен өртті жойды. Өрт құтқарушылар келгенге дейін сөндірілді.- Жүргізуші абдырап қалған сияқты. Ол жалынға оранған көліктің алдында не істерін білмей тұрды. Мен өрт сөндіргішті жүк салғыштан шығарып, жалынды тоқтатуды бастадым. Содан кейін мен аккумуляторды шешіп алдым. Біз өтіп бара жатқан адамдардың ешқайсысы зардап шекпеуі үшін өрт аумағын қоршадық, — деді әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Ернұр Аманқұл.Өрт сөндірушілер келгенге дейін ұландықтар жалынмен сәтті күресті. Зардап шеккендер жоқ. Әскери қызметшілердің жедел әрекеттерінің арқасында сын-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік туды.Жүргізуші ұландықтарға жедел көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/979670?lang=kk
Алматыда әскери қызметшілер майдангер байланысшыны ғасырлық мерейтойымен құттықтады 24.04.2025
20 сәуір күні Ұлы Отан соғысының ардагері Любовь Николаевна Горковская 100 жасқа толды.Осы күні оны жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері, Бостандық ауданы әкімдігінің өкілдері және Қарулы күштердің ардагерлері арнайы келіп құттықтады.Алматы қалалық «Қарулы күштердің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің өкілі, отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин оған сыйлықтар табыстап, Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хатын оқып берді. Әскери қызметшілер Любовь Николаевнаның Жеңіске қосқан зор үлесі үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық пен отбасына амандық тіледі.Любовь Николаевна 1925 жылдың 20 сәуірінде Украинаның Луганск облысында дүниеге келген. 1943 жылы ол майданға өз еркімен аттанып, әскери байланысшылар курсын тәмамдағаннан кейін, Бірінші Украина майданының жаяу әскер атқыштар дивизиясы алтыншы полкінің құрамына қосылды.Харьков түбіндегі ұрыстар кезінде оның дивизиясы қоршауға түседі. Алайда 1944 жылдың сәуірінде әскери бөлім жау шеңберінен шығып, кейіннен азат етілген Севастопольге жетеді. Кейін Любовь Горковская Белоруссия мен Балтық елдері үшін болған шайқастарға қатысады, жеңіс туралы хабарды да сол жақта естиді.Соғыста көрсеткен ерліктері үшін Любовь Николаевна I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.Соғыстан кейін ол туған ауылына оралып, халық ағарту бөлімінде жұмыс істеді. 1946 жылы жолдасымен бірге Қазақстанға көшіп келіп, еңбек жолын жалғастырды.Любовь Николаевнаның екі баласы бар. Қазір денсаулығы сыр беріп жүр. Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері ардагерге жиі барып, қолдан келгенше қолдау көрсетіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979673?lang=kk
«Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі» онлайн-көрмесі 24.04.2025
9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осы есте қаларлық күнге орай Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино, фото және дыбыс жазбалары мұрағаты ұсынған фотосуреттерді назарларыңызға ұсынамыз. Бұл материалдар Қазақстанның Жеңіске жетуге қосқан үлесін айқын көрсетеді.Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев атап өткендей: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін ұмытпайды. Қаза тапқан батырлардың есімі халық жадында мәңгі сақталады. Қазақстан армияны қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды. Майданда атылған он оқтың тоғызы Қазақстан жерінде шығарылды. Майданға 1500 вагон киім-кешек пен азық-түлік жібердік. Жеңіске жету жолында біздің қосқан үлесіміз айқын еді».Ұлы Отан соғысы бұрынғы КСРО-ның барлық халықтары үшін ауыр сынақ болды. Қазақстан ауданында әскери қимылдар болған жоқ, бірақ ел халқы соғысқа да, Кеңес Армиясын жауды талқандауға қажетті барлық заттармен қамтамасыз етуге де белсене қатысты. Соғыс жылдарында 1 миллион 200 мың қазақстандық – республика халқының 20 пайызы майданға аттанды.Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 бригада, 50 жеке полк құрылды. Олардың ішінде атақты 316-атқыштар дивизиясы болды, оның бірінші командирі генерал-майор И.В. Панфилов еді, Мәскеуге жақындаған кездегі теңсіз ұрыста жауға қарсы тұрды. Көптеген қазақстандықтар соғыстың қалың ортасында болды: 1941 жылғы қорғаныс шайқастары, Сталинград пен Курск бұлғасы. Жерлестеріміз Еуропаны азат етуге, Берлинді алуға қатысты. Қазақстаннан әрбір екінші жауынгер майданда қаза тапты.Отан қазақстандықтардың әскери ерлігін жоғары бағалады. 528 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағын алса, 110 мыңы «Даңқ» орденімен марапатталды. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды: Сергей Луганский, Талғат Бегельдинов, Леонид Беда, Иван Павлов. Көрме аясында Талғат Бегелдиновтың, сондай-ақ басқа да соғыс Батырлары – Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлының, Хиуаз Доспанованың, Қасым Қайсеновтың фотосуреттерін көруге болады.Жеңіске республиканың тыл еңбеккерлері де өлшеусіз үлес қосты. Қазақстан майданның берік арсеналына айналды. Еліміздің әртүрлі аймақтарында орналасқан 200-ден астам қорғаныс кәсіпорны КСРО-ның еуропалық бөлігінен республикаға көшірілді. Қысқа мерзімде бұл кәсіпорындар жұмысшылардың тәулік бойы адал еңбегінің арқасында өнім шығара бастады. Соғыс жылдарында маңызды жеңіс тұғырына айналған тағы жүздеген кәсіпорындар салынды.Қазақстан әскери өнеркәсіпке қажетті мыс, қорғасын, висмут, молибден, полиметалл өндірісінде жетекші орын алды. Қазақстандағы қорғаныс зауыттары қару-жарақтың, снарядтардың, миналардың және басқа да әскери мақсаттағы бұйымдардың жаңа түрлерін шығаруды игерді. Қазақстанның ауыл шаруашылығы майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз етті.Майданға жұмылдыру бүкіл ересек ер халықты қамтыды. Әр үйден әкелер, күйеулер, ұлдар, ағалар майданға аттанды, сондықтан кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің көпшілігі әйелдер мен балалар болды. Соғыс жылдарының ауыртпалығы олардың иығына түсті, майданды барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету жауапкершілігі де артты.Қазақстан халқы адам сенгісіз ауыртпалықтарды өтей отырып, соғыстың аяқталуын жақындатқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін құрметпен еске алады. Бүкіл елде Ұлы Жеңісті мәңгі есте қалдыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған арнайы іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 2 мыңнан астам іс-шаралар мен акциялар өткізіледі. Олардың шарықтау шегі 7 мамырда Астанада өтетін Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру болмақ. Оған 4,5 мыңға жуық сарбаздар қатысады.42 мың соғыс ардагері мен тыл еңбеккері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық мерекелік медалімен марапатталады. Сонымен қатар, белгіленген қолдау шараларынан бөлек, әрбір ардагерге 5 миллион теңге (шамамен 10 мың доллар) көлемінде бір реттік жәрдемақы беріледі. Осы іс-шаралардың барлығы біздің Қазақстандағы тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға деген ұмтылысымызды көрсетеді. ҚР Швейцария Конфедерациясындағы және Лихтенштейн Князьдігіндегі ЕлшілігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/979681?lang=kk
Қарағанды облысы егіс науқанына дайын 24.04.2025
Қарағанды облысында биыл егіс алқабы 1,2 млн гектарды құрайды. Майлы және жем-шөп дақылдарын егу, картоп пен көкөніс отырғызу ұлғайтылатын болады. Алқаптарға шығатын техника толығымен дайын. Тұқымдар сатып алынған, олардың көпшілігінің өнімділігі жоғары. Аграршылар минералдық тыңайтқыштарды белсенді пайдаланатын болады.Мәселені пысықтау үшін облыста агрокеңес ұйымдастырылды, онда егіс науқанына дайындық пен мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды. Бұқар жырау ауданында өткен кеңеске өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, ғалымдар, қаржы институттарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, тыңайтқыштар мен техниканы жеткізушілер, аграрлық сақтандырушылар қатысты.– Мемлекет басшысы нақты міндеттер қойды: аграрлық ғылымды дамыту, селекцияны жақсарту, заманауи технологияларды енгізу, техника мен қаржыландыруды қолжетімді ету, сондай-ақ экспортты арттыру. Осы бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біз ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға бақылауды күшейтеміз, суармалы жерлерді айналымға қайтарамыз, жаңа нысандар салып, ескілерін жаңғыртамыз. Өнімділіктің өсуіне және дақылдардың алуан түрлілігіне көшуге ерекше назар аударылады, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Айдарбек Сапаров мемлекеттік қолдау шараларына егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, жеңілдікпен қаржыландыруға қолжетімділік 5%-ға кеңейтілді. Көктемгі егіс жұмыстарын несиелеу көлемі рекордтық 700 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингіне биыл 200 млрд теңге бөлінді.– Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласын дамудың жаңа шебіне шығару және 5 жыл ішінде жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөнінде нақты міндеттер қойды. АӨК-тің әрбір бағыты бойынша шараларды көздейтін Жол картасы әзірленді, – деп атап өтті министр.Айдарбек Сапаров өсімдік өсірушілерді мал шаруашылығын дамытуға шақырды. Оның айтуынша, бұл ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтуды, жемге сұранысты және сұранысқа ие өнім өндірісінің өсуін қамтамасыз етеді. Биыл мал шаруашылығы саласына жеңілдікпен несие беру кеңейтіледі.Әріптестеріне «Шахтерское» ЖШС басшысы Георгий Прокоп та үндеу тастады. Ол мемлекеттік қолдау шараларының іс жүзінде қалай әрекет ететінін және алға жылжуға мүмкіндік беретінін айтып берді. Биыл озық кәсіпорын егіс алқабын 7 мың гектарға ұлғайтып, 42 мың гектарға жеткізеді. Алқаптарды әртараптандыру үшін майлы дақылдар: зығыр, мақсары мен рапс егіледі.– Біз ақпан айында 5%-бен несие ала алдық. Тыңайтқыштарды желтоқсан айында сатып алдық. Ал техниканың лизингі кепілсіз жылдық 5% мөлшерлемемен. Бұрын-соңды мұндай болған ба еді?! Жаңарыңыздар, құрметті әріптестер! Біз түрлі қуаттылықтағы 24 трактор алдық. Тыңайтқыштар бойынша да солай: төрт мың тонна сатып алдық, жерді өңдеуге қажетті нәрсенің бәрін сатып алдық. Бұл біздің шаруашылығымыздың тарихында бұрын-соңды болмаған! Егістікті екі рет толық өңдейміз. Бұл біздің егініміздің болашағы, – деп атап өтті Георгий Прокоп.Аграрлық кеңестен кейін Айдарбек Сапаров азаматтарға жеке қабылдау өткізді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері министрге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, ет кластерін құру және т. б. мәселелермен жүгінді.Сондай-ақ, техника көрмесі ұйымдастырылып, онда егіншілерге жаңа өнімдер ұсынылды.Ал ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерінің алуан түрлілігін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/979704?lang=kk
Қарулы күштер Құрлық әскерлері күнін атап өтеді 24.04.2025
Құрлық әскерлері Президент Жарлығымен 1993 жылы бұрынғы Орта Азия әскери округінің 40-шы жалпы әскери армиясы негізінде құрылды.Құрлық әскерлерінің бүгінгі әлеуеті еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету, заңсыз қарулы топтармен күрес, сондай-ақ еліміз ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тапсырмаларды орындауға толық қабілетті.Бүгінде Құрлық әскерлерінің құрамына «Астана», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі кіреді.Құрлық әскерлері қолбасшылығының негізгі күш-жігері тұрақты жауынгерлік дайындықты сақтауға, әскери басқару органдары мен әскерлерді жауынгерлік мақсатқа сәйкес міндеттерді шешуге дайындауға бағытталған.2024 жылы әскерлерді даярлау барысында 40 000-нан астам іс-шаралар жүзеге асырылды. Оның ішінде 2000-нан астам әскери міндеттілер оқытылып, 70-тен астам жұмылдыру оқу-жаттығулары мен жаттығулар өткізілді.Жыл сайын Құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері халықаралық және өңірлік жаттығуларға қатысады. Штабтық, командалық-штабтық оқу-жаттығулар, әскери ойындар, жиындар мен курстық дайындық қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарды талдауды ескере отырып жүргізіледі.Тәжірибе алмасу және әскерлердің екіжақты форматтағы үйлесімділігін арттыру мақсатында Үндістан Қарулы күштері бөлімшелерімен «КазИнд», Қырғыз Республикасымен «Дала сұңқары», Өзбекстан Республикасымен «Хамқорлық» бірлескен оқу-жаттығулары өтті. Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Пәкістан Ислам Республикасында өткен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанып, жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.Құрлық әскерлері әскери техниканың жаңа үлгілерімен, жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен, заманауи байланыс құралдарымен, барлау және автоматтандырылған басқару жүйелерімен қамтылған. Жоғары мобильді, техникалық жабдықталған және жауынгерлік қабілетті Құрлық әскерлері егемендікті, елдің аумақтық тұтастығын және азаматтардың бейбіт өмірін қорғауға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979708?lang=kk
Құрметті Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері, қадірлі ардагерлер және азаматтық персонал! 24.04.2025
Сіздерді Құрлық әскерлерінің құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын.1993 жылғы сәуірде құрылғаннан бастап, Құрлық әскерлері еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып келеді. Мемлекеттің қорғаныс қабілетінің сенімді тірегі мен негізіне айналды. Сіздердің кәсіби борышқа адалдықтарыңыз – елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі.Әскери қызметшілердің жоғары дайындық деңгейі мен үйлесімді қызметінің арқасында Қазақстан армиясы ең күрделі міндеттерді орындауға даяр, әрі мемлекет мүддесін сенімді түрде қорғауда.Жыл сайын біздің әскери қызметшілер «Бірлестік», «Алтын қыран» және «Шексіз бауырластық» сияқты ұлттық және халықаралық оқу-жаттығуларға белсенді қатысып келеді. Бұл іс-шаралар әскерлердің жауынгерлік қабілетін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ете отырып, басқа елдердің әскерлерімен достық пен ынтымақтастықты нығайтады.Құрлық әскерлері бөлімшелерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысуы ерекше мақтаныш. Бұл біздің ата-бабаларымыздың ерлігін және Отан қорғаушылардың тарихи сабақтастығын мойындаудың символына айналды. Біз Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өз өмірін қиған қаһармандардың даңқты жауынгерлік дәстүрлерін жалғастырушыларды әрдайым мақтан тұтамыз.Бүгінде Құрлық әскерлерін техникалық тұрғыда қайта жарақтандыруға ерекше назар аударылуда. Өткен жылы «Арлан» және COBRA II сауытты машиналарын, сондай-ақ SunQar және EVOMax ұшқышсыз авиациялық жүйелерін қоса алғанда, 500-ден астам заманауи техника қызметке кірді. Бұл жаңа қару-жарақ үлгілері әскерлердің жауынгерлік мүмкіндіктерін едәуір арттырып, қазіргі жағдайда елді қорғау міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндік береді.Мен осы әскер түрінің қалыптасуының бастауында тұрған Құрлық әскерлерінің ардагерлеріне шексіз ризашылығымды білдіргім келеді.Сіздердің жанқиярылқ қызметтеріңіз бен адалдықтарыңыз болашақ ұрпаққа үлгі. Әлі де жас жауынгерлерді тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосуды жалғастырып келесіздер.Осы айтулы күні барлық әскери қызметшілерге, ардагерлерге, азаматтық персоналға және олардың отбасыларына зор денсаулық, мол бақыт, амандық және ашық аспан тілеймін! Құрметпен,Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрігенерал-полковник Р. ЖақсылықовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979717?lang=kk
ҚМУ-дағы халықаралық форум әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдарды біріктірді 24.04.2025
Қарағанды медицина университеті Ғылым күніне орайластырылған биомедицина саласындағы «Зерттеулер мен инновациялар» халықаралық форумының алаңына айналды. Ол Франциядан, Қытайдан, Нидерландыдан, сондай-ақ Қазақстанның жетекші университеттерінен ғалымдардың басын біріктірді.– Форум жай ғана конференция емес, жаңа ғылыми байланыстарды қалыптастыруға және бірлескен жобаларды әзірлеуге арналған тұғырнама. Сондай-ақ ғылыми сағаттарды салыстыру және үздік шетелдік тәжірибені қабылдау мүмкіндігі, – деп атап өтті ҚМУ ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Ермек Тұрғынов. – Біз биомедицинаның қаншалықты тез дамып келе жатқанын көріп отырмыз және заманмен қатар жүруге тырысамыз. Мұндай кездесулер – болашақ ұрпақтың денсаулығына инвестиция салу.Қарағанды медициналық университеті бірнеше жылдан бері биомедицина бойынша магистрлер даярлауда. Ермек Тұрғыновтың айтуынша, еліміздегі ұжымдық пайдаланудағы екі зертхананың бірі дәл осы жерде орналасқан. Қазір оны жаңғырту жүріп жатыр – 2026 жылға қарай зертхананы әлемдік деңгейге шығару жоспарланып отыр.– Біз қалыпты және патологиялық процестердің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін ағзаны ішінен щерттейміз. Онсыз тиімді дәрілерді әзірлеу мүмкін емес. Сонымен қатар, басқа елдерде кім және қалай айналысатынын түсіну маңызды. Мұнда тәжірибе алмасу маңызды мәселе, – дейді ҚМУ Өмір туралы ғылымдар институтының директоры Дмитрий Клюев.Форум жас ғалымдар үшін маңызды оқиға болды. Оларға жеке секция арналды. Университеттің кіші ғылыми қызметкері Дмитрий Солянов биомедицинадан үлкен болашақ көреді. Қазір ол хроматография және генді редакциялау саласындағы зерттеулермен, сондай-ақ простата және сүт безі обыры саласындағы әзірлемелермен айналысады.– Биомедицинаның келешегі ең алдымен бүкіл адамзатқа пайда әкелетіндігінде. Тіпті қазіргі уақытта біздің зерттеулеріміз өте қымбат немесе болашаққа тым көп көз салатын болса да, футуризм саласы болып табылады, әрбір зерттеу, жас ғалымның әрбір зерттеуі болашақтың технологиясын қалай да арзандатады. Қазір қол жетпейтін нәрсе бірнеше жылдан кейін мыңдаған адамның өмірін жақсарта алады, – деп есептейді Дмитрий Солянов.Форум спикерлерінің бірі – CIPREVO («Рак және инновация») француз орталығының президенті Грегуар Прево халықаралық ғылыми диалогтың басты мақсаты – созылмалы аурулар мен онкологияларға қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту және озық тәжірибе алмасу деп санайды. Конференцияда ол өкпенің ұсақ жасушалы обыры жасушаларында жүргізілген зерттеу және белгілі бір препараттардың әсерін зерттеу нәтижелерімен бөлісті.– Жақын арада онкологияны жеңе алатын дәрі-дәрмектер жасала ма, жоқ па – бұл күрделі мәселе, – дейді француз биологы. – Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша көптеген ғалымдар обырды емдеумен айналысуда, алайда негізгі мәні дәл осы профилактика. Басты мақсат – аурудың дамуына жол бермеу. Бірінші кезекте салауатты өмір салты туралы сөз қощғауымыз керпа. Мұндай тәсіл онкологиялық аурулардың, оның ішінде сүт безі, простата және тоқ ішек обырының пайда болу қаупін айтарлықтай төмендетуге қабілетті.Конференцияға қатысушылар молекулалық медицинаға қатысты көптеген тақырыптарды қамтыды: геномика мен ДНК редакциясынан бастап цифрлық денсаулық сақтау мен таргеттік терапияға дейін. Сондай-ақ, секциялар жұмысы барысында биомаркерлер, жасанды интеллект, созылмалы аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/979720?lang=kk
Қармақшыда «Аялы әже» аудандық форумы өтті 24.04.2025
Республикалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен еліміздің әр өңірінде қолға алынған «Аялы әже» форумы Қармақшы ауданында жалғасын тапты. Бүгін аудан орталығындағы «Руханият» орталығында өткен тағылымды шара ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі – әжелердің қоғамдағы рөлі мен маңызын кеңінен насихаттауға арналды.Форум жұмысы қазақ халқының көнеден келе жатқан ұмыт қалған салт-дәстүрлерінен қойылымдармен бастау алды. Атап айтқанда, «Арқаластыру», «Танабау тағу», «Босаға майлау» рәсімдері көрініс ретінде сахналанып, көрермендерге терең әсер қалдырды. Сонымен қатар, Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған тарихи-танымдық көрмені тамашалап, аудандық балалар әуез мектебінің оркестрі ұсынған күй-шежірені тыңдады.Форумның салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы қатысып, қатысушыларды аудан әкімінің атынан құттықтап, елдің әлеуметтік-мәдени өміріне белсене араласып жүрген аяулы әжелерге Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, отбасы – рухани байлықтың, ұрпақ сабақтастығының және ұлттық тәрбие бастауының алтын ұясы екенін ерекше атап өтті.Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, әжелер ансамблінің төрайымы Талмаш Жұмабаева, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Мұсахан Басшыбаев ізгі тілектерін білдіріп, әжелер мектебінің ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы ой бөлісті.Форум соңы аудан өнерпаздары мен әжелер ансамблінің өнерімен жалғасып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/979745?lang=kk
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасарының Ауғанстанға сапары туралы 24.04.2025
Қабыл, 2025 жылғы 21 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі С.Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Ауғанстан астанасына келді.Аталған делегация құрамына Қазақстанның бірқатар министрліктері мен ведомстволарының сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы уәкілетті басшылары кіретін делегацияның басты мақсаты екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, тау-кен, инвестициялық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту болып табылады.Қабыл қаласының әуежайында қазақстандық делегацияны Ауғантанның өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Н. Азизи және осы елдің табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ұлттық басқармасының басшысы Н. Тораби қарсы алды.Әуежайда С. Жұманғарин Қазақстан Республикасының Президенті мен халқының атынан ауған халқына жалпы салмағы 3,3 тоннадан асатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардан тұратын гуманитарлық көмектің екінші бөлігін тапсырды. Анықтама: Қазақстанның гуманитарлық көмегінің бірінші бөлігін Ауғанстан халқына беру ағымдағы жылдың 17 сәуірінде өтті, оған бидай ұны, өсімдік майы, күріш жармасы, көрпелер, шатырлар кірді, жалпы көлемі 2,3 тоннадан асады. Ауғанстанның табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ұлттық басқармасының басшысы Н. Араби біздің ел ауғандықтарға қолдау мен тұрақты көмек көрсеткені үшін Қазақстан Президенті мен халқына шын жүректен алғысын білдірді.Қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған, оның ішінде Ауғанстан Премьер-Министрінің міндетін атқарушы М.Х. Ахундпен, Өнеркәсіп және сауда, Қаржы, Сыртқы істер, Қоғамдық жұмыстар, Тау-кен өнеркәсібі және мұнай министрлерінің міндетін атқарушыларымен, Орталық банк, Ауғанстан кеден қызметі басшыларымен және басқалармен жүздесулеп бар.Аталған кездесулерде сауда, экономика, көлік және логистика, телекоммуникация және тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты уағдаластықтарды талқылау және оларға қол жеткізу жолдары жоспарлануда.Делегация құрамында келген қазақстандық бизнес өкілдері отандық экспорттық өнімдер мен қызметтер саласындағы үш күндік көрмесін өткізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kabul/press/news/details/979753?lang=kk
Республикалық танымдық-зерттеушілік «Мен зерттеушімін» байқауы 24.04.2025
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 сәуірінде мектеп жасына дейінгі балалармен «Мен зерттеушімін» республикалық танымдық-зерттеушілік конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес облысымыздың 8 аудан/қалаларынан келіп түскен 16 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:1-орын (ересек топ) – ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК, (мектепалды топ) – ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Мукарама атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ;2-орын (ересек топ) – ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК, (мектепалды топ) – ШҚО ББ «Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Куаныш» балабақшасы» КМҚК, ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сказка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК;3-орын (мектепалды топ) - ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп-кешені» КММ, ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК, ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі «Ақсу орта мектебі» КММ.Аталымдар:«Үздік бірлескен (ата-анамен) жұмыс» - ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сказка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК;«Жас эколог» - ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Бірлік негізгі орта мектебі» КММ;«Тапқыр зерттеушілер» - ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сказка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК;«Жаңалық жаршысы» - ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжайы» КМҚК; «Креативті жұмыс» - ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп-кешені» КММ;«Шығармашыл балалар» - ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК;«Ізденімпаз бала» - ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» КМҚК;«Жас зерттеушілер» - ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Болашақ» балалар бақшасы» КМҚКЖеңімпаздар (ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК, ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Мукарама атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ) жұмыстары байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979767?lang=kk
Қазақстан теннисшілерінің Исламабадтағы J30 халықаралық турниріне қатысуы 24.04.2025
Исламабад, 2025 жылғы 19 сәуір - ү.ж 6-18 сәуір аралығында Исламабад қаласында дәстүрлі түрде Қазақстан спортшылары теннистен J30 халықаралық турнирінде өнер көрсетті.Бұл турнирге әлемнің 14 елінен 60-тан астам спортшы қатысты.Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан теннисшілері жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Королева Алиса жекелей сында 2 орынға ие болды,Қос разрядта Баялина Аружан мен Малышева София 1 орын алды.Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшілігі біздің спортшыларды жоғары нәтижемен құттықтап, Пәкістан теннис федерациясына ұйымдастырушылық пен қонақжайлылықтың жоғары деңгейі үшін алғыс білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/979775?lang=kk
Аудан әкімі Шаған елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарымен танысты 24.04.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары және елді мекенді газдандыру жұмыстары барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс қарқыны мен сапасына баса назар аударды.Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына тоқталды. Дәрігерлік амбулатория жаңарғаннан кейін тұрғындардың денсаулығын жақсартуға тікелей әсер ететінін атап өтті.Медициналық ғимаратты күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 328 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда амбулаторияда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, инженерлік желілерді жаңарту, жылу жүйесін жетілдіру, есік-терезелерді ауыстыру, санитарлық тораптарды жөндеу сынды ауқымды жұмыстар атқарылуда.Мұнан соң Берік Әбдіғаппарұлы Шаған ауылын орамішілік газ тарату желілерін және тартылатын газ құбырын салу жұмыстарымен танысты. Бүгінде ауылішілік газ құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан орталығы мен елді мекен арасындағы жоғары қысымды газ құбырлары жалғануда. Жол қиылыстарындағы газ құбырлары бұрғылау әдісімен тас жолдардың астымен өткізілуде. Бұл жұмыстарды «АЭS and Limited» ЖШС атқаруда.Аудан басшысы мердігер мекеме өкілімен сөйлесіп, елді мекен тұрғындары табиғи газдың игілігін көруді асыға күтуде екенін атап өтті. Сондықтан жұмыстарды уақытылы әрі сапалы аяқтауды қатаң ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/979781?lang=kk
Қорғаныс министрінің орынбасары "Айбын" халықаралық жастар жиынына дайындықты тексерді 24.04.2025
Ақтөбе облысында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев аймақ басшылығымен келіссөздер жүргізіп, әскери нысандарды аралады.Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовпен кездесуде ол "Айбын-2025" XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына дайындықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл және күш-жігерді үйлестіру мәселелерін талқылады.Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған іс-шара Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының базасында өтеді.  Осыған байланысты әскери институттың "Хлебодаровка"  әуеайлағында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев жиынға қатысушылар, ұйымдастырушылар мен қонақтар үшін лагерь салу және оны жабдықтау жоспарымен танысты.Қазіргі уақытта мұнда казарма, асхана және спорт алаңдары салынуда, онда облыстық жарыстардың финалистері мен басқа елдердің командаларының жарыстары өтеді.Ұйымдастыру-техникалық іс-шаралармен танысқан министрдің орынбасары жұмыстарды жүргізу сапасы, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979800?lang=kk
Алматыда 3 қаржылық пирамида жойылды: 3,8 млн USDT мөлшерінде тыйым салынды 24.04.2025
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржылық пирамидаларының қызметін тоқтатты.Қаржылық пирамида ұйымдастырушылары салымшыларды трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда алу деген сылтаумен жобаларға инвестиция салуға көндірген.Жоба 9 деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңгені құрады, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданды.Мысалы, «Warner Bros» жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін «есептелетін» сыйақылар алған.Тергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және транзит жасау үшін қолданылған криптовалюталық әмияндар анықталды.Соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды.Құқықтық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/979801?lang=kk