Enbekshi QazaQ

Саясат

ТЖД бөлімшелері заманауи техникаға ие болды 10.01.2025
2024 жылы Абай облысы әкімдігінің қолдауының арқасында Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері заманауи техника мен жабдықтар алды.Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жедел-құтқару автомобильдері, жол талғамайтын көліктер, жүзу құралдары, сондай-ақ инженерлік және сүңгуір жабдықтар сатып алынды. Олардың қатарына авариялық-құтқару құралдары, жылу тексеретін құрылғы (тепловизорлар), генераторлар, шынжырлы ара, кескіш және су астында іздеуге арналған жабдықтар кіреді. Техникалар қазірдің өзінде пайдаланылуда. Олар қиын жағдайларда құтқару операцияларын жүргізу үшін қолданылады.Сонымен қатар, құтқарушылар іс-қимылдарды үйлестіруге және төтенше жағдайларда уақытты барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи байланыс құралдары мен техникаға ие болды.Халықты дер кезінде ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Семей қаласында ескерту жүйесін жаңғыртудың алғашқы кезеңінде телерадио хабарларын қабылдауға арналған жаңа қондырғылар орнатылды. Заманауи жүйе кез келген төтенше жағдай туралы ақпаратты тұрғындарға жедел жеткізуге, ықтимал тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/916018
Абай облысы бойынша 2024 жылғы желтоқсандағы тұтыну бағасының индексі 10.01.2025
Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2024 жылғы желтоқсанда өткен айға қатысты алғанда 100,9 % құрады. 2024 жылғы желтоқсанда облыс бойынша тұтыну бағасының индексі пайызбен 2024 жылғыжелтоқсан2024жылғы қаңтар- желтоқсан2023жылдың қаңтар-желтоқсанына2024 жылдыңқарашасына 2023 жылдыңжелтоқсанына Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер100,9109108,7Азық-түлік тауарлары101,1106,5106,3Азық-түлік емес тауарлар100,7108,5106,9Ақылы қызметтер100,9113114,6 Азық-түлік тауарларыныңарасында 2024 жылғы желтоқсанда 2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда жемістер мен көкөністер–4,2% (басты пияз–13,4%, ақ қауанды қырыққабат–1,4%, картоп–1,3%, қызылша–1%, сәбіз–0,6%, алма–0,5%), май және тоң май–1,7% (күнбағыс майы–3,2%, тұздалмаған сары май–1,3%), алкогольдік ішімдіктер–1,4%, сүт өнімдері–1,3% (қатты ірімшік–2,1%, қаймақ–1,4%, пәстерленген сүт–0,9%, айран (майлылығы 2,5%)–0,3%, сүзбе (майлылығы 5-9%)–0,1%), балық және теңіз өнімдері–1,3%, нан өнімдері–1,1% (бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны–4,3%, жоғары сұрыпты бидай ұны–0,4%), темекі өнімдері–0,8%, 1 санаттағы жұмыртқа, кондитерлік өнімдері –0,5%, шай–0,3%, күріш, макарон өнімдері–0,1% қымбаттағаны тіркелді.Қант–1%, жарма–0,1%(қарақұмық жармасы–0,2%, ұнтақ–0,1%) арзандай түсті.Азық-түлік емес тауарлардан сұйытылған газ (баллондағы)–9,3%, киім және аяқ киім–0,9%, үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдары–0,4%, фармацевтикалық өнімдері–0,2%, бензин–0,1% қымбаттады.Жеке пайдалануға арналған тауарлар–0,2% арзандады.Ақылы қызмет бойынша ыстық су тарифтері–13,1%, тұрғын үйді жалға беру–3%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері–2%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі–0,4% өсті.Әдіснамалық түсініктемелерИнфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар–30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы Орындаушы:Ж. И. КорпешоваТел. +7 7222 36-27-25Баға статистикасы бөлім басшысы:Г.Т. ШакшановаТел. +7 7222 36-27-25Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/916154
37%-ға дейін су үнемдеу: Су ресурстары және ирригация министрлігі мажарлық ылғал сақтайтын препаратты сынақтан өткізу нәтижесін жариялады 10.01.2025
Қазақстанда су үнемдеуге мүмкіндік беретін мажарлық препаратты сынақтан өткізудің алғашқы кезені аяқталды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасы бойынша сынаққа 4 ғылыми-зерттеу институты қатысты.Бұл Тараз қаласындағы «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты», Қызылордадағы «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты», «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірбие станциясы» және «Аграрлық инновациялар институты». Сынақ барысында әр түрлі топта және климаттық жағдайда препараттың топырақты ылғалдандыруға әсері, аз мөлшерде суару жағдайында өнімділікті арттыру сынды зерттеу жүргізілді.Ғалымдар препаратты қолдана отырып күріш алаңында 37%-ға дейін су үнемдеуге болатынын мәлімдеді. Себебі, дәстүрлі әдіс бойынша күріш 90 күн бойы суарылады. Ал, ылғал сақтайтын препаратты пайдаланған кезде 51 күн суару жеткілікті. Қант қызылшасы алаңында 23,9%, жүгеріде 28,7%-ға дейін су үнемделген. Бұдан бөлек, сарапшылар өнімділік те артқанын айтады.«Сынақтың алғашқы кезеңі жақсы нәтиже көрсетті. Келесі кезекте үлкен көлемдегі егіс алқаптарында препараттың тиімділігін тексеру керек. Ол үшін шаруалармен кездесіп, сынақ нәтижесін көрсету керек. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Себебі, жыл өткен сайын суармалы суға сұраныс артып келеді және біздің дихандар заманауи су үнемдеу әдістеріне көшуге мүдделі»,- деді министр Нұржан Нұржігітов.Өз кезегінде мажарлық «Soil solution» компаниясының өкілдері шаруалар тарапынан үлкен сұраныс болса Қазақстанда препарат шығаратын зауыт ашуға ниетті екендіктерін мәлімдеді.«Біз бүгінгі таңда Қазақстанда өз өнімімізді шығаратын зауыт ашу мүмкіндігін де қарастырып жатырмыз. Осы арқылы жол шығынын азайтуға болады. Яғни, шаруалар үшін препараттың бағасы бірнеше есе арзандайды. Сондай-ақ, Қазақстанда жасалған өнім ретінде шетелге де экспорттауға болады»,- деді «Soil solution» компаниясының өкілі Даниел Репасси.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/915748
Астанадан бір түнде 3600 астам жүк көлігімен қар шығарылды 10.01.2025
Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Күн сайын қаладан ондаған мың текше метр қар шығарылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.10 қаңтарда күндізгі ауысымда қаланы қардан тазалау жұмыстарына 2600-ден астам жол жұмысшы мен 1700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні қаладан 3600-ден астам ауыр жүк рейсімен 50 мың текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілі басталғалы қаладан 2 740 222 текше метр қар 209 896 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Ең алдымен, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/915847
2024 жылы Астана қаласының соты 4200 астам істі қарады 10.01.2025
Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласы азаматтардың және бизнес өкілдерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ете отырып, айқындылық, кәсібилік принциптері негізінде әкімшілік сот төрелігі жүйесін жетілдіруді жалғастыруда.«2024 жылы Астана қаласының соты 4223 істі қарады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 118 іске көп. Нәтижелерге сүйенсек, 2024 жылы азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтық белсенділігінің артқанын көрсетеді. Шешім шығару арқылы аяқталған істер саны 1437-ге дейін өсті (2%-ға артты). Жүктеменің өсуіне қарамастан, сот өз жұмысының тұрақтылығы мен тиімділігін көрсетті. Істердің көптеп аяқталуы соттың құқықты жоғары қолдану белсенділігін және дауларды жедел шешуге ұмтылысын көрсетеді. Біз әрбір азамат пен кәсіпкердің өз құқықтары мен мүдделерін қолданыстағы заңнама шеңберінде тиімді қорғауына мүмкіндік беруге тырысамыз», – деп атап өтті Дамир Әбдіғалиев.2024 жылы істердің көп бөлігі кеден, салық және мемлекеттік сатып алу салаларындағы дауларға қатысты болды. Негізгі санаттар бойынша талаптардың қанағаттандырылу деңгейі жоғары болып қалды: кедендік даулардың 80,5%-ы, салықтық даулардың 68,6%-ы және мемлекеттік сатып алуларға қатысты даулардың 50,7%-ы қанағаттандырылды. Бұл нәтижелер әкімшілік сот төрелігі жүйесінің азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғаудың сенімді құралына айналғанын көрсетеді.Соттың басты міндеттерінің бірі – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) нормаларын түсіндіру. Сот заманауи коммуникация арналары арқылы құқықтық білімді кең аудиторияға қолжетімді ету үшін белсенді жұмыс жасауда.«2024 жылы Астана қаласының соты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және бизнес, қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырды. Жылдың маңызды оқиғаларының бірі Әкімшілік әділет пікірталас клубының отырыстары, зияткерлік меншік, салық және кеден даулары бойынша дөңгелек үстелдер және «ӘРПК: күрделі мәселелер туралы қарапайым тілмен» брошюрасының екінші бөлімін таныстыру болды»,- деді Дамир Әбдіғалиев. Астана қаласының соты әкімшілік сот төрелігі саласындағы көшбасшылардың бірі болып, мемлекет, азаматтар мен бизнес арасындағы оң тәжірибені қалыптастыруда.«Әкімшілік сот ісінің болашағы айқындылықта, кәсібилікте және қоғаммен тығыз байланыста деп санаймыз. Біздің мақсатымыз – әділ шешімдер мен түсінікті рәсімдер арқылы сот төрелігіне деген сенімді арттыру», – деп атап өтті Дамир Әбдіғалиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/915892
Жұмысшы мамандықтар жылы: елордада қандай іс-шаралар өтеді 10.01.2025
Елордада 2025 жылы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және жастарды қала экономикасының нақты секторына тартуға бағытталған бірқатар маңызды іс-шаралар өтеді. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Басты оқиғалардың бірі «WorldSkills», «JasSkills» және «DeafSkills» форматтарындағы қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты болмақ. Елорданың колледждері мен жоғары оқу орындарында орналасқан 15 алаңда 49 құзырет бойынша 500-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді, әсіресе мектеп оқушылары мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында байқалады. Чемпионат жеңімпаздары осы жылдың күзінде өтетін ұлттық чемпионатқа қатысуға мүмкіндік алады.Сонымен қатар, 2025 жылы колледждер базасында 10-11 сынып оқушыларын оқыту жобасын кеңейту жалғасады. Орта мектеп оқушылары тігінші, наубайшы, аспаз, шаштараз, флорист, жиһаз өндірісінің маманы және электр газды дәнекерлеуші сияқты кәсіптің біреуін таңдап, практикалық дағдылар мен жұмыс біліктілігін ала алады. Курстар аяқталғаннан кейін оқушылар аттестат пен біліктілік туралы куәлік алады.Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде қаланың 100 мектебінде экономиканың түрлі салаларына бағдарланған бейіндік сыныптар ашылатын болады. 40 педагогикалық, 10 медициналық, 10 тігін, 10 сервис және 10 дизайн бойынша сынып құру жоспарлануда. Бұл сыныптар университеттермен және колледждермен бірлесіп, тұрақты кәсіптік бағдар беру іс-шараларын жүргізеді.Маңызды бағыттардың бірі колледждерді интернационалдандыру, шетелдік білім беру мекемелерімен келісімдер жасасу болады. Сингапур, Франция және Түркия колледждерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Осы келісімдер шеңберінде оқытушылар мен студенттер арасында тәжірибе алмасу дамитын болады.Жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледждер базасында жаңа ресурстық орталықтар ашу жоспарлануда. Бұл орталықтар Практикалық оқыту үшін заманауи білім беру бағдарламаларымен және жабдықтармен жабдықталады, сондай-ақ жұмыс біліктілігі бойынша қысқа мерзімді курстар өткізеді. Ол үшін 90-нан астам оқу бағдарламасы әзірленді.Техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын арттыру үшін Астанада жеке инвестициялар мен жергілікті бюджет қаражатын тарта отырып, колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылатын болады. 2025 жылы колледж студенттеріне арналған 1000 орындық жатақхана салу жоспарланған, бұл орын тапшылығын шешуге көмектеседі.Колледждерді халықаралық сертификаттауға ерекше назар аударылатын болады. Қоғамдық тамақтану және сервис колледждері, " ASTANA POLYTECHNIC "және технологиялық колледжі" Richemont " (Швейцария) және City & GUILDS (Ұлыбритания) сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады, бұл олардың түлектерінің әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Жұмысшы кәсіптерін дамытудағы маңызды қадам жұмыс берушілердің кадрлар даярлауға қатысуын кеңейту болады. Кәсіпорындарды оқытушылардың тағылымдамаларына қосу және қаланың 200 жұмыс берушісі қатысатын «Professional Communication»жұмыс берушілер форумын ұйымдастыру Бизнес пен білім беру мекемелері арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға көмектеседі.Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада жұмысшы мамандықтарды ілгерілету бойынша бірқатар халықаралық, республикалық және қалалық іс-шаралар өтеді. Аспаздық, тігін, гастрономия бойынша чемпионаттар, шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстар және «AstauFest-2025» сияқты фестивальдар әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушыларды тартады.Сондай-ақ, коммуналдық қызметкерлер арасында қалалық футбол турнирі, теміржолшылар арасында ұлттық ойындар чемпионаты және спартакиада сияқты мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу жоспарланған. Бұл оқиғалар экономика мен әлеуметтік саланың әртүрлі секторлары арасындағы корпоративтік мәдениет пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/915961
«Таза Қазақстан» акциясы: елордалық еріктілер мұқтаж жандарға қамқорлық пен қолдау көрсетеді 10.01.2025
«Таза Қазақстан» және «Игі істер марафоны» акциялары аясында елордалық еріктілер мұқтаж адамдарға көмектесуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Биыл «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қолдауға мұқтаж азаматтардың аулаларында қар тазалауға көмектесуді жалғастырып жатыр. Жыл сайын осы акциялар аясында еріктілер зейнеткерлердің, мүгедектердің және басқа да мұқтаж адамдардың үйлеріне барып, оларға үй-жайларды тазалауға, аулаларды қардан тазартуға және басқа да тұрмыстық шаруаларды орындауға көмектеседі.Бүгін еріктілер мүмкіндігі шектеулі елорда тұрғынының үйіне барып, ауласында қар тазалау акциясын өткізді.Акцияның басты мақсаты-көмекке мұқтаж жандарды қолдау.«Жыл сайын «Астана жастары» еріктілері ардагерлерге, зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөледі. Жыл басынан бері біз 10 үйде қар тазаладық», - деді «Астана жастары» ЖРО волонтерлік қозғалысын дамыту бөлімінің маманы Дана Тәкенова.Айта кетейік, «Астана жастары» белсенділері қаланы тәулік бойы қардан тазартатын коммуналдық қызметкерлерге де көмектесуде. Еріктілер қала тіршілігі үшін маңызды жұмыс атқарып жатқан жандарға тұрақты негізде ыстық шай мен бауырсақ тарату бойынша акциялар өткізеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916033
Астаналық оқушы халықаралық олимпиададан абсолютті жеңімпаз атанды 10.01.2025
Астана қаласындағы Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Саулебек Алидан халықаралық аренада ғылыми олимпиадаға қатысып, абсолютті жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген дарынды оқушылар қатысқан СОРЕRNICUS олимпиадасы физика, химия, биология, география пәндері бойынша өтті. Елордалық оқушы химия пәні бойынша сайысқа түсті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916043
Есіктер сынған, мүліктер бүлінген: елордада вандализм актілері анықталды 10.01.2025
Елордалық полицейлер вандализм актілерімен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастыруда. Соңғы күндері Астанада бөтеннің мүлкіне зиян келтірудің жаңа жағдайлары тіркелді. Оған кінәлілер тез табылып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтарда таңғы сағат 06:00 шамасында 26 жастағы азамат жеке үйлердің бірінің кіреберіс есігін қасақана зақымдап, 34 900 теңге сомасына материалдық шығын келтірді.Жаңа жыл қарсаңында, яғни 31 желтоқсан сағат 00:45-те 21 жастағы әйел пәтердің кіреберіс есігі мен есік қоңырауына зақым келтіріп, 37 000 теңге шығын келтірді.3 қаңтар күні сағат 23:30 шамасында, 33 жастағы ер адам қоғамдық орындағы лифт есігін тепкілеп, сындырған.ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша барлық құқық бұзушылар табылды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бұл оқиғалар елордадағы вандализмнің жолын кесу жөніндегі кешенді жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Полиция қалада тәртіп пен тазалықты сақтауға, сондай-ақ қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізіп жатыр.Акцияның мақсаты - вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Вандализм үшін 332 азамат жауапқа тартылды, оның ішінде 191 адамға айыппұл салынды, 141 адам әкімшілік қамауға алынды. Оны алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916109
2024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді 10.01.2025
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2024 жылы 642 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 263 мың адам пайдаланды.Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады.Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі арқылы Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/915290
ТЖ министрлігінде үздік аумақтық мемлекеттік өртті бақылау бөлімшесі анықталды 09.01.2025
ТЖ министрлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторлардың кәсіби шеберлігін арттыру және жұмысын ынталандыру мақсатында жыл сайынғы «Үздік мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау басқармасы» республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды. Аумақтық бөлімшелердің жұмысы бақыланатын объектілерді есепке алуды ұйымдастыру, профилактикалық бақылауды орындау, әкімшілік практика көрсеткіштері және инспектор жұмысының басқа да негізгі критерийлері бойынша бағаланды. 2024 жыл қорытындысы бойынша Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы үздік деп танылды. Негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін екінші орынды Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, үшінші орынды Батыс Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы иеленді. Жеңімпаздарға марапаттарды Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев табыстады. «Әрбір инспектордың өрт қауіпсіздігі мәселелеріндегі құзыреттілігі, эрудициясы мен принциптілігі өрттердің санын азайтуға көмектеседі. Жеңімпаздарды құттықтаймын және кәсіби қызметте одан әрі табыс тілеймін», - деп вице-министр атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/914710
Астанада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді 09.01.2025
Астанада 11-12 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/915052
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты 09.01.2025
Жаңа жыл қарсаңында Алматының медициналық жедел жәрдем қызметінің автопаркі JAC Sunray маркалы 48 заманауи автокөлік алды. Оның 12-сі «С» класты және 36-сы «В» класты көлік.Жаңа көліктер реанимациялық құрылғылар, дефибрилляторлар, электрокардиографтар, өкпені жасанды желдету аппараттары және т.б. құралдар сынды әлемдік брендтердің заманауи медициналық жабдықтарымен жабдықталған. Бұл медициналық жедел жәрдемді жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.Автопарк Алматы қаласы әкімдігінің және Қоғамдық денсаулық басқармасының қаржыландыруы арқасында жаңарды. Келесі жылы тағы 50 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарланған.Күн сайын 186 бригада кезекшілік атқарып, 3 мыңнан астам шақыртуға жауап қызмет көрсетеді.2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 990 мыңнан астам шақыру орындалды. Бірінші және үшінші санаттағы шақыруларға жету уақыты орта есеппен 12,6 минут, бұл ұлттық стандарттарға сәйкес келеді. Осы кезеңде 142 сәтті реанимация жасалды.Бүгінде Алматы қаласының жедел жәрдем қызметі қаланың әр ауданында орналасқан 13 қосалқы станциядан тұрады, бұл шақыруларға жылдам жауап беруді қамтамасыз етеді. 2024 жылдың жазында Алтай-1 шағын ауданында жаңа қосалқы станция ашылды, бұл жедел көмек көрсету қызметін одан әрі қолжетімді етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/915163
Астанада алдағы демалыста жаппай жүгіру іс-шарасы өтеді 09.01.2025
Астанада 11 қаңтар күні жаппай жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Өтетін орны – Ботаникалық саябақ. Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 км. Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сол күні күні сағат 08:30-10:00-ге дейін өтеді.Жарыстың басталуы сағат 10:00-де. Финиш сызығында қатысушылардың бәріне естелік медальдар беріледі.Жаппай жүгіруге кез келген адам қатыса алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/914418
Астанада қала көшелерінің қарын күреуге 2600 жол жұмысшы шықты 09.01.2025
Астанада коммуналдық қызметкерлер қар күреу бойынша тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Жол жұмысшылары бір түнде қаладан 34 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 8 қаңтар күні күндізгі ауысымға қала көшелерінің қарын күреуге 2600 жол жұмысшы мен 1694 арнайы техника шықты. Олардың күшімен қаладан 34713 текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 194 723 рейспен 2 533 794 текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/914532
Астанада қыс мезгілінің басынан бері 2,5 млн текше метрден астам қар шығарылды 09.01.2025
Астанада коммуналдық қызметкерлер қар күреу бойынша тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Жол жұмысшылары бір күнде қаладан 50 мың текше метрге жуық қар шығарды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жол жұмысшылардың күшімен қаладан 49726 текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 198 506 рейспен 2 583 547 текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/914895
Астанада қар күреуге 2 600-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды 09.01.2025
Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмысын күшейтілген үздіксіз режимде жалғастыруда. Күн сайын олардың күшімен қаладан ондаған мың текше метр қар шығарылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.9 қаңтарда күндізгі ауысымға қар тазалау жұмысына 2600-ден астам жол жұмысшы мен 1700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.9 қаңтарға қараған түні елордадан қар полигондарына 55 мың текше метрден астам қар 4 068 рейспен шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 2 638 609 текше метр қар 205 297 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/915048
Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу үшін Астанада қандай шаралар қабылданып жатыр 09.01.2025
2025 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Осы мамандықтарды дәріптеу мақсатында елордада Халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша бірқатар іс-шара жоспарлануда. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб айтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және техникалық әрі кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру, қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік идеясын ілгерілету мақсатында 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандвқтары жылы болып жарияланды."Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде іс-шаралар, соның ішінде халықты жұмыспен қамту саласы бойынша іс-шаралар жоспарланған. Жұмыссыз азаматтарды елорданың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша, оның ішінде 8 мыңнан астам адамды қамтитын JOLTAP жобасы бойынша кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, оның 5 мыңнан астамы электр газбен дәнекерлеуші, автомобиль жүргізушісі, ағаш ұстасы және жиһаз өндірісінің шебері, аспаз, шаштараз, тігінші, флорист, сәнгер-конструктор сияқты жұмыс мамандықтары бойынша, аяқ киімді жөндеу және кілттер жасау, корпустық жиһаз жасау негіздері, май мен автошиналарды ауыстыру бойынша АВТО маман және басқалар", - деді Илья Скуб.Сонымен қатар елордада Бос орындар жәрмеңкесі, оның ішінде түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша тұрақты негізде өткізілетін болады.Қаланың 3000-нан астам оқушысын қамти отырып, жұмысшы мамандықтарын таңдау бойынша 9-11 сынып түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу жалғасады.Сондай-ақ елорданың өндірістік және коммерциялық нысандарында "Менің мамандығым" ашық есік күндері және бірқатар іс-шара ұйымдастырылады."Мақсат - жоғары сынып оқушыларына елорданың өндірістік және коммерциялық нысандарында сұранысқа ие жұмыс процестерімен және олардың ерекшеліктерімен танысудың бірегей мүмкіндігін беру. Бұл іс-шаралар жастардың әртүрлі мансап жолдары туралы түсініктерін қалыптастыруға, техникалық және коммерциялық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауда практикалық көмек көрсетуге бағытталған", - деді қалалық басқарма басшысы.Айта кетсек, Қазақстанда қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталы өтетін Еңбек күніне орай Астанада еңбек форумы, еңбек ардагерлері мен өндірістің озаттарын мамандықтар/салалар бойынша танымал ету үшін құрметтеу өткізіледі. Сондай-ақ "Үздік еңбек династиясы", "Өндірістің үздік жас қызметкері" және "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" номинациялары бойынша "Еңбек жолы" конкурсы ұйымдастырылады."Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын", "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын", "Үздік ұжымдық шарт" номинациялары бойынша "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстың қорытындысы шығарылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/915371
Алматы әкімі Ерболат Досаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады 09.01.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылық православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады. Қала басшысы бұл күннің православ христиандары үшін ең маңызды әрі жарқын күндердің бірі екенін атады.«Терең рухани мағынаға толы бұл мереке сүйіспеншілікті, мейірімділікті және игіліктің салтанат құруына деген сенімді білдіреді. Қоғамдағы келісім мен татулықтың маңыздылығын, өзара құрмет пен ынтымақты нығайтуды еске салады», – делінген қала әкімінің құттықтауында.Әкім Қазақстанның Православ шіркеуі конфессияаралық келісімді дамытуға және қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға баға жетпес үлес қосып келе жатқанын жеткізді.«Бұл жарқын Рождество күндері барлық православ христианына шын жүректен шаттық, бейбітшілік және амандық тілеймін», – деді Ерболат Досаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/914856
Алматының коммуналдық қызметі қар жауады деген болжамға байланысты жұмысын күшейтті 09.01.2025
8 қаңтардан бастап қар жауады деген болжамға байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. «Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 8 қаңтар күні түнде және таңертең қалада қардың қалыңдығы 9 мм-ге дейін жетіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -5…-7 °С-қа дейін төмендеп, күндіз -2…0 °С шамасында болады. 7 қаңтар күні 438 арнайы техника мен 968 жұмысшы дайындалды. 2024-2025 жылдары қысқы маусым басталғалы бері 220 мың м³ қар шығарылды. Жолды уақытылы әрі тиімді тазарту үшін Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қала тұрғындарына мынадай ескерту жасайды:•Автокөліктерді, әсіресе түнгі уақытта, жол жиегінде қоймауға.•Жолдар мен автотұрақтар бойына орнатылған ескерту конустарына назар аударуға. Қар шығару жұмыстары таулы және тау бөктеріндегі аудандарда ерекше назарға алынып, қар күреу жұмыстары белсенді жүргізіледі. Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге ұсыныстар:Көктайғаққа байланысты көлік жүргізушілерінен жылдамдық режимі мен көліктер арасындағы қашықтықты сақтау және қар шығару техникасы жұмыс істеп жатқан аумақтарда көлік қоймауға шақырады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткенде, әсіресе көше дұрыс көрінбей қалған кезде және жол тайғақ болған жағдайда, аса сақ болғаны жөн. Алматының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/914857