Enbekshi QazaQ

Саясат

Алматыда қалың қар: 1 115 жұмысшы мен 475 техника жұмылдырылды 09.01.2025
Алматыда 8 қаңтар түнгі 12-ден бастап жауған қар сағат 11:00-ге дейін жалғасады.Таңғы 9-дағы мәлімет бойынша қалада 14 см, Каменск үстіртінде – 22 см, Шымбұлақта – 20 см қар жауды. Жауын-шашын мөлшері 9 мм болып, айлық норманың (35 мм) 26%-ын қамтыды.Күндізгі уақытта 475 арнайы техника мен 1 115 жұмысшы жұмылдырылды.Қар жауа бастаған сәттен бастап 194 құмсепкіш техниканың күшімен көктайғаққа қарсы материал себіліп жатыр.Таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша 3 600 тонна материал пайдаланылды. Сағат 4:30-дан бастап жол патрульдік полиция көліктерінің бастап жүруімен қар күрейтін 25 техника колоннасы ұйымдастырылды.Жанармай мен көктайғаққа қарсы материалдармен қамтамасыз етуге байланысты қар жаууы тоқтағаннан кейін сағат 12:00-де қайтадан тазалау жұмыстары жоспарланған.Жол жиектеріндегі қар үйінділерін шығару жұмыстары басталды.Көліктердің тұрақта тұрып қалмас үшін уақытша тұрақ «қалталарын» жартылай жабу тәжірибесі енгізілді, бұл қарды тез әрі сапалы шығаруға мүмкіндік береді.75 шағын техниканың көмегімен тротуарлар, қоғамдық орындар, әлеуметтік маңызды нысандар, тұрақ «қалталары» тазалануда. Қоғамдық көлік аялдамалары мен жаяу жүргіншілер өткелдерін қолмен тазалау жұмыстары да қолға алынған.«Қазгидромет» РМК болжауынша, күндіз ауа температурасы 0…-2 °С, ал 12:00-ден кейін -5…-7 °С-қа дейін төмендейді. Түнде -11…-13 °С болады. 13 қаңтарға дейін жауын-шашын болмайды.Мұз қату қаупіне байланысты жүргізушілерге жылдамдықты асырмауға, көліктер арасындағы қашықтықты сақтауға және қар тазалау жұмыстары жүріп жатқан аумақтарға көлік қоймауға кеңес беріледі.Жаяу жүргіншілерге, әсіресе көру мүмкіндігі шектеулі және тайғақ жолдарда, жолдан өткенде сақ болу қажет.Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/914861
Алматыда қуаттылығы тәулігіне 1200 текше метрге дейінгі алғашқы қар еріту пункті іске қосылды 09.01.2025
Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында қар еріту пункті ашылды, онда Қазақстанда алғаш рет экологиялық таза еріту технологиясы және қарды тиімді кәдеге жарату қолданылды.Жаңа пункт бұрын «Алматы Тазалық» КМК көктайғаққа қарсы реагенттері сақталған базада салынған. Оны құру қажеттілігі қаланың инфрақұрылымына жүктеменің артуымен және соңғы жылдары қардың көп түсуіне байланысты.Қар еріту пунктінің жұмыс процесі қолданыстағы кәріз желісі арқылы келетін ағынды сулардың жылуын пайдалануға негізделген. Қысыммен жылы су сорғы қондырғылары мен құбырлар жүйесінен өтіп, қарды ерітеді. Осыдан кейін пайда болған еріген су сүзгіге түседі, құм мен қоқыстардан тазартылады, содан кейін қалалық кәріз желісіне жіберіледі. Пункттің қуаты - тәулігіне 1200 текше метрге дейін қ арды ерітеді.Қар еріту пунктіне Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандарының аумақтарынан қар жеткізіледі. Бұл аудандарда қар үйіндісі мәселесі өте өткір, ал трафик орталық көшелерден қарды тиімді шығаруға мүмкіндік бермейді.Сонымен қатар, мұндай шешім қарды қаладан тыс жерлерге шығаруға кететін уақыт пен ресурстарды едәуір азайтуға, сондай-ақ экологияға теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді.«Алматы тазалық» МКК директорының орынбасары Ертай Қасенов атап өткендей, қар еріту пунктін енгізу — экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі және мегаполисте өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам.«Соңғы жылдары қыста жауын-шашын күшейе түсті және біз қарды тиімді утилизациялау үшін жаңа шешімдер іздеуге мәжбүрміз. Қар еріту пункті — полигондарға қар шығарылатын дәстүрлі әдіске заманауи балама», - деп толықтырды сөзін Ерсай Қасенов.Айта кетейік, жоба қала көшелерінің қысқы күтімін жақсартуға және қыс мезгілінде Алматы тұрғындары үшін жайлылықты арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/915122
Алматыда жүздеген техника мен 1 800 жұмысшы қаланың көшелері мен аулаларын қардан тазартуда 09.01.2025
Алматыда коммуналдық қызметтердің 1 800-ден астам қызметкері мен жүздеген техника бірлігі 7-8 қаңтар аралығында қаланы қалыңдығы 16 сантиметр қалың қардың салдарымен күресуде. Барлық қызметтер қаланың әдеттегі режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етуде.Қар тазалау жұмыстары қала көшелерінде де, тұрғын аудандарда да тәулік бойы жүргізіледі.«Жол төсемі көктайғаққа қарсы құралдармен өңделді, сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамалары тазартылды. Осыдан кейін біз қарды сыпырамыз және тырмалаймыз. 2 түн ішінде қала бойынша 15 200 текше метрге жуық қар сыртқа шығарылды», - деді «Алматы Тазалық» МКК бас инженері Әсет Төлегенов.Ол тазалау процесі ауа-райының көлік қозғалысына әсерін азайту үшін ұйымдастырылғанын атап өтті.«Біздің бригадалар үйлесімді жұмыс істейді, ал заманауи техника процесті жылдамдатуға және тазалаудың жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті.Медеу ауданының жол жұмысшыларының аға бригадирі Дина Мұнарбаева, осы салада сегіз жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр, қиын жағдайларға қарамастан, оның командасы жедел әрекет етуге ұмтылатынын айтты.«Қала көшелерін қауіпсіз ұстау үшін қарды тез тазалаймыз. Аязға және түнгі ауысымға қарамастан, біздің бригадада жаңа жылдық көңіл-күй бар. Бұл командалық рухты сақтауға және тапсырмаларды тиімді орындауға көмектеседі», - деді ол.Дина Мұнарбаева әріптестері арасында сарқылмас шабыт көзі ретінде танымал. Ол ән айтқанды ұнатады және оның репертуарында қарапайым және сүйікті әндер бар. Оның ән айтуының арқасында жұмыс атмосферасы аязды күндерде де жылы және жағымды болады, ал монотонды жұмыс ұжымды біріктіретін бірлескен іс-әрекетке айналады.«Қар, Аяз – бұл жай ғана табиғат, Ал біздің оптимизміміз кез келген қолайсыз ауа – райынан күшті», - деп әзілдейді Дина Мунарбаева. Ол әрқашан әріптестеріне әзілдер мен жылы сөздермен қолдау көрсетеді, оларға суық ауысымдарды жеңуге көмектеседі. Сонымен қатар, оның ұйымдастырушылық шеберлігі оған ең қиын жағдайлардың шешімдерін тез табуға мүмкіндік береді: жабдықтың бұзылуы, күтпеген қардың түсуі — мұның бәрі ол үшін еңсеруге болатын жаңа міндеттер.«Біз алғыс үшін емес, қала тұрғындары өз өмірлерін өзгеріссіз жалғастыра алатындай етіп жұмыс істеп жатырмыз», - деп қосты ол, оның командасы Алматы көшелерін тазалауды жалғастырып жатқан кезекті әуенді шырқай бастады.Қалалық қызметтер қар тазалау үзіліссіз жалғасады деп сендіреді. Алдағы күндері шағын көшелер мен кварталаралық жолдарды тазалау жоспарлануда. Дина Мунарбаева сияқты мамандардың арқасында,Алматы тіпті ең қатал ауа-райында да таза және қауіпсіз болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/915129
epir 09.01.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/914724
Коянды ауылындағы жаңа жайлы мектеп – өңірдегі ең үлкен білім ордасы 09.01.2025
Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында 2000 орындық жаңа мектеп ашылды. Жаңа білім беру мекемесінің жұмысымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов танысып, оның инфрақұрылымы мен жабдықталуын бағалады. Қазіргі заманғы төрт қабатты ғимаратта 96 оқу кабинеті бар, олар интерактивті тақталармен, мультимедиялық құралдармен және жаратылыстану ғылымдарына арналған зертханалармен жабдықталған. Мектепте төрт спорт залы, акт залы, асхана және оқу залы бар кітапхана қарастырылған. Әр блокта оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделген коворкинг аймақтары, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы орта жасалған.Мектеп аумағында спорт алаңдары, жүгіру жолақтары, футбол алаңы және бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын алаңы салынған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары мен қолжетімділікті бақылау жүйесі орнатылған.Өңір басшысы мұндай білім беру нысандарының құрылысын балалардың білім сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын азайтуға және балалардың білім алуына тең жағдай жасауға бағытталған. Елорданың маңында орналасқан елді мекендерде осындай нысандардың салынуы астанадағы білім беру мекемелерінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді. Білім беру инфрақұрылымын жақсарту – адами капиталды және ел болашағын дамыту жолындағы маңызды қадам», - деп атап өтті М.Ахметжанов.«Ауылымызда жаңа мектеп ашылғанына өте қуаныштымын. Ұлым Райанды осында еш күмәнсіз ауыстырдым. Бұған дейін ол Астанада туыстарымыздың үйінде тұруға мәжбүр еді. Енді отбасымыз барлық мүшелері бірге тұрып жатырмыз, ал ұлым жақсы жағдайларда сапалы білім алуда», – деді Қоянды ауылының тұрғыны Ұлболсын Ибрагимова. Айта кетсек, Ақмола облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жалпы сыйымдылығы 12 200 орын болатын 9 жайлы мектеп салынды. Оның жетеуі Целиноград ауданында, ал екеуі Көкшетау қаласында орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/915343
Су ресурстары және ирригация министрлігі 84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жобаны іске асыруда 09.01.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыс әкімдігімен бірлесіп елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жобаны іске асырып жатыр. Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 580 мың тұрғыны бар 84 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.Жобалар аясында жалпы ұзындығы 310 шақырым бөгет салу қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл жұмыстардың шамамен 40%-ы орындалды.«Осыған дейін министрліктің бассейндік инспекциялары ТЖМ және әкімдіктермен бірлесіп еліміз бойынша 1502 гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Көктемгі су тасқынын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету мақсатында еліміздің солтүстігі, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасуда», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/914126
Бесқарағай аудандық ауруханасына медициналық құрал-жабдықтар алынды 09.01.2025
Бесқарағай аудандық ауруханасына заманауи медициналық құрал-жабдықтар алынды. Жаңа жабдықтар тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге септігін тигізбек.Алынған құрал-жабдықтардың қатарында Versana Premier диагностикалық ультрадыбыстық жүйесі, импедансометрия және аудиологиялық скринингке арналған AudioSmart жүйесі, көз алмасының алдыңғы бөлігін зерттеуге арналған S260S маркалы жарық шамы бар. Флюорографиялық техника да жаңартылды. Цифрлық құрылғының жаңа үлгісі ауруды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе тиімді диагностика мен алдын алу үшін маңызды.Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағдарламасы аясында биыл төрт дәрігерлік амбулатория, алты медициналық пункт пен бір фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталды.Бұл шаралардың барлығы халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/915587
Абай облысында балалардың қысқы демалысы ұйымдастырылды 09.01.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына орай өңір кәсіпкерлерінің қолдауымен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау орталықтарының тәрбиеленушілері үшін қысқы демалыстың қызықты бағдарламасы ұйымдастырылды. Іс-шараға Семей қаласы мен Бородулиха ауданынан 155 бала қатысты.Бағдарлама аясында Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының 60, білім беруді қажет ететін орталықтың 50 және Новая-Шүлбі ауылының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының 45 тәрбиеленушісіне үлкен экранда анимациялық фильм көрсетілімі ұйымдастырылды.Сонымен қатар балалар биологиялық орталықта серуендеді. Жуырда пайдалануға берілген балалар пойызымен «Бейбітшілік»аралына саяхат жасады.Бұдан бөлек балалар арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.Іс-шараның мақсаты - жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қуаныш сыйлай отырып, қысқы демалысты көңілді өткізуге мүмкіндік беру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/914420
Қазақстандағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайтылды 09.01.2025
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері ұлғайды. Қазір ол - 2,5%. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық жұмыс берушілер зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға қатысып, БЖЗҚ-ға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын (ЖМЗЖ) өз қызметкерлерінің пайдасына аудара бастады. Осылайша, Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа құрамдауыш бөлікпен толықтырылды. Әлеуметтік кодекске сәйкес, қызметкерлер өз кірістерінен төлейтін 10% міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) айырмашылығы – ЖМЗЖ-ны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен аударады. Жыл сайын ЖМЗЖ мөлшері кезең-кезеңімен өсіп отырады (2024 жылы 1,5%, 2025 жылы 2,5%, 2026 жылы 3,5%, 2027 жылы 4,5%) және 2028 жылы 5% жетеді. Жұмыс берушінің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылдайтын жұмыскердің табыс сомасы тиісті күнтізбелік жылға белгіленген ең төменгі жалақының (ЕТЖ) кем дегенде біреуін және көп дегенде 50-еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жұмыс берушілер зейнет жасындағы, 1-ші және 2-ші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар, әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған адамдардың пайдасына ЖМЗЖ төлеуден босатылды. Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ-ны уақытылы және толық төлеп отыруын бақылау ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктелген. Қызметкерлердің жеке зейнетақы шоттарына түсетін МЗЖ-дан тағы бір ерекшелігі, ЖМЗЖ шартты зейнетақы шоттарына есептеледі және қызметкерлердің меншігі болып саналмайды. Тиісінше, ЖМЗЖ есебінен қалыптасқан жинақтарды қызметкерлер мұраға қалдыра алмайды. ЖМЗЖ зейнетақыны ортақ (таратушы) қағидаты бойынша төлеуге арналған. Сондықтан, Қазақстан азаматтығынан айырылған немесе қайтыс болған адамдар үшін төленіп келген ЖМЗЖ қалған қатысушылар арасында бөлініп, өмір бойы төленетін болады. ЖМЗЖ енгізу 1975 жылы және одан кейін туған жұмысшылардың ортақ зейнетақы алуға мүмкіндік беретін 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілінің жоқтығын немесе мүлде аз екендігін ескере отырып, осы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға бағытталған. Болашақта олардың жиынтық зейнетақысы үш құрамдауыш көзден, яғни базалық - мемлекеттен, жинақтаушы - БЖЗҚ-ға аударған міндетті зейнетақы жарналары және шартты-жинақтаушы - жұмыс берушілердің жарналары есебінен қалыптасатын болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/915325
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу 09.01.2025
Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтыЖРВИ мен тұмаудың алдын алуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/914440
Ақтөбе облысында жұмысшы мамандықтарын дамыту және насихаттауға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленді 09.01.2025
Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты бірқатар іс-шара кәсіптік білім беру жүйесін нығайтуға және өңір экономикасының түрлі секторлары үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған.Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында облыста кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мәселелері қаралды.«Колледждер өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және басқа да маңызды секторларды дамытуға негіз болатын жұмысшы кадрларды даярлауда шешуші рөл атқарады. Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы біз жұмысшы мамандықтарды дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын жетілдіруге назар аударамыз. Біз еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарына сай келетін мамандарды жоғары сапалы даярлауды қамтамасыз етуіміз керек. Сондай-ақ, түлектеріміз өңір кәсіпорындарында табысты жұмыс істей алуы үшін оқу орындарын жаңғыртуға, заманауи технологиялар мен практикалық дағдыларды енгізуге көңіл бөлу маңызды», - деп атап өтті облыс әкімі.Білім басқармасы басшысының м.а. Нұргүл Бертілеуова атап өткендей, өңірде 94 мамандық және 139 біліктілік бойынша студенттерді оқытатын 40 колледж жұмыс істейді. 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік тапсырыспен 7654 орын бөлінді, оның ішінде техникалық мамандықтарға арналған орындар саны едәуір артқан.Облыс колледждерінің 70%-дан астамын қамтитын дуалды білім беруді енгізуге ерекше назар аударылады. Бұл студенттерге кәсіпорындарда практикалық оқудан өтуге мүмкіндік береді, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Дуалды жүйе бойынша оқитын студенттердің жұмыспен қамту деңгейі 91%. Осы бастама аясында колледждер, кәсіпорындар мен студенттер арасында 948 үшжақты келісімге қол қойылды.Бұдан өзге, мұнай-газ, тау-кен, көлік және логистика, жаңартылатын энергия көздері және су шаруашылығы сияқты бес негізгі сала бойынша Ақтөбе облысында жаңа мамандықтар атласы дайындалды. Сондай-ақ, осы салалардың қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын бейімдеу бойынша іс-шараларды қамтитын колледждерді профильдеудің жол картасы жасалды. Картаны іске асыру аясында колледждердің салалық мамандануын ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты түзетуге қатысты бірқатар іс-шара жүргізілді, бұл өңір экономикасының сұранысқа ие салалары үшін мамандар даярлауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Ресей мен Қытайдың білім беру мекемелерімен халықаралық байланыстар белсенді дамып келеді, бұл студенттер мен оқытушыларға тағылымдамадан өтуге және тәжірибе алмасуға жол ашады.2025 жылы колледждерді одан әрі біріктіру, материалдық-техникалық базаны жаңғырту, сондай-ақ студенттердің біліктілігін және олардың еңбек нарығындағы сұранысын арттыру үшін жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу жоспарлануда.Колледж түлектерін жұмысқа орналастыру туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева айтып берді. Ол аймаққа 7503 маман қажет екеніне назар аударып, оның 4812–і жұмысшы мамандықтары екенін жеткізді. 2025 жылға арналған болжамды сұраныс 2488 бірлікті құраса, оның ішінде 1609 жұмысшыға деген қажеттілік бар.Сұранысқа ие кадрларды даярлау үшін оқу ұзақтығы 6 айға дейінгі әртүрлі мамандықтарды қамтитын қысқа мерзімді кәсіптік даярлау бағдарламалары көзделген. 2024 жылы 860 адам оқытылды, оның 732-сі жұмысқа орналастырылды. «Электрондық еңбек биржасы» порталында кәсіптік оқыту бойынша 603 курс жарияланып, оның ішінде 271 курс тегін оқытылған. 2025 жылға 560 жұмыссыз бен 2220 адамды онлайн курстарда оқыту жоспарлануда.Асхат Шахаров Президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін жоғарылату үшін оқыту, жұмысшылардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ кәсіптік білімді қолжетімді етуді қамтитын кешенді бағдарлама құрылатынын тағы да атап өтті. Жастарға олардың маңыздылығы мен тартымдылығын көрсету үшін жұмысшы кәсіптерін насихаттауға бағытталған конкурстар, іс-шаралар мен көрмелер ұйымдастыру жоспарлануда.«Қоғамда еңбекқор маман идеясын белсенді насихаттау, жұмыс дағдыларын дамыту, түрлі салаларда білікті мамандар даярлау үшін жағдай жасау қажет. Біз білім беру мекемелерімен, кәсіпорындармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жұмысшы мамандықтарына көбірек жастарды тарту және бұл тек беделді ғана емес, сонымен қатар мансаптық өсу тұрғысынан перспективалы екенін көрсету үшін жұмыс істейміз. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен әсер ететініне сенімдімін», - деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/914334
Көктемгі дала жұмыстары: Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржыландыру жұмыстарын жеделдету қажеттігіне назар аударды 09.01.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстары үшін шаруаларға қаржы бөлу мәселесін көтерді. Қаржыландыру өткен жылы басталғаны атап өтілді.Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.«Біз қаржыландыруды өткен жылдың 29 қарашасында бастадық. Аталған жұмысқа жалпы 100 млрд теңге бөлініп, қазірдің өзінде оның 70 млрд теңгесі шаруаларға берілген. Әрі қарай жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыстарда ӘКК әлі қосылмаған, оларды ӘКК арқылы да тарату керек, сонда жұмыс тезірек жүреді. Жалпы қаржы бар», — деді Айдарбек Сапаров.Премьер-министр жұмысты жеделдетуді тапсырды.Айта кету керек, Президент тапсырмасын орындау аясында 2025 жылғы көктемгі егін және күзгі жиын-терім жұмыстарына «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша жалпы 700 млрд теңгеге дейін, оның ішінде 140 млрд теңгесі – бюджет қаражаты, 560 млрд теңгесі – нарық қаражаты жұмсалады. Шаруаларға өтеу мерзімі 2026 жылғы 1 наурызға дейін белгіленген жылдық 5%-бен несие беріледі.Ерте қаржыландыру дихандарға егіс науқанын уақтылы бастау үшін барлық қажетті құрал-жабдықты, соның ішінде тыңайтқыштарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/914691
2024 жылы 10,6 млн тонна астық теміржол көлігімен тасымалданды 09.01.2025
2024 жылы «Қазақстан Темір Жолы»ҰК» АҚ» желісі бойынша астық тасымалдаудың жалпы көлемі 10,6 млн тоннаны құрады.Ішкі тасымалдар 13% артып, 2,5 млн тоннадан асты, ал экспорт 8,1 млн тонна болды.Өткен жылы астық тасымалы Орталық Азия елдеріне: Тәжікстанға — 20%, Қырғызстанға — 92%, Әзірбайжанға 86% өсті. Иранға астық тиеу екі есеге ұлғайды.Ұнтақ өнімдерін тасымалдау да оң динамиканы көрсетті. 2024 жылы тасымалдау көлемі 3,2 млн тоннаны құраса, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2% артық. Ұнтақ өнімдерінің экспорты 3% артып, 2,3 млн тоннаға жетті.Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдеріне ұнтақ өнімдерінің экспорты өсуде, мұнда 4%, 5% және 41% айтарлықтай өсім байқалуда. Қытай қазақстандық ұнтақ өнімдерінің импортын 34% арттырды.Астық және ұнтақ өнімдері сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау ерекше бақылауда. Тасымалдардың үздіксіздігін және уақытылығын бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуде тасымалдауды үйлестіру үшін жедел астық штабы күнделікті жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/915161
Шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есеге артты 09.01.2025
Сонымен қатар жерүсті бүріккіш техникасы мен ҰҰА-ны (дрондар) сатып алу және пайдалану қолжетімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы өндірушілері мен химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді ұсынушыларға сатып алынған техника құнының 25%-ы өтеледі. Бұл үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық субсидиялау ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілді.Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте шегірткеге қарсы күреске дайындық және көктемгі дала жұмыстарына әзірлік барысы туралы мәліметтер талқыланды.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, 2024 жылы химиялық өңдеу үшін 247 бірлік техника пайдаланылған болса, 2025 жылы бұл сан 443-ке дейін ұлғаймақ. Оның ішінде 46 агродрон бар, оларды Ауыл шаруашылығы министрлігі «Фитосанитария» РМК-ның аймақтық бөлімшелеріне сатып алған. Сондай-ақ 7 зерттеу ҰҰА алынған. «Түркістан облысында өткен жылдың көктемінде агродрондар арқылы алқаптарды бүрку және пестицидтерді сатып алу, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қоса қамтитын орталықтандырылған қызметті пилоттық түрде сынақтан өткізу жобасының нәтижелері бойынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі фитосанитариялық шараларды барлық өңірлерде «Бір жеткізуші – барлық жұмыстар» қағидаты бойынша ұйымдастыруды енгізді. Бұл бизнеске аталған қызметтерді сатып алуға қатысуды тартымды етіп, нәтижеге жауапкершілікті арттырады. Бұдан бөлек, біз фермерлер мен химиялық өңдеу қызметтерін жеткізушілерге агродрондар, жерүсті вентиляторлы және штангалы бүріккіштердің құнының 25%-ын өтеу арқылы қолайлы жағдай жасадық», — деді Ермек Кенжеханұлы.Сондай-ақ отырыста аймақтардың көктемгі дала жұмыстарына дайындығы қаралды. 2024 жылғы 29 қарашада басталған ерте қаржыландыру аясында бөлінген 100 млрд теңгенің 70 млрд теңгесі 671 ауыл шаруашылығы өндірушісіне бағытталды. Бұл қаржыны ең белсенді пайдаланғандар – дәнді дақылдар егетін аймақтар: Ақмола (15,4 млрд теңге), Қостанай (14,9 млрд теңге) және Солтүстік Қазақстан облыстары (14,5 млрд теңге). Ал оңтүстік аймақтарда – Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарында, көктемгі егіс жұмыстары ертерек басталатын аймақтарда, өтінімдер сомасы небары 10 млрд теңгені құрайды. Аймақтардың алдын ала мәліметі бойынша, республикада көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы қазіргі таңда шамамен 56%-ды құрайды. 2024 жылғы өнімге арналған тұқымға деген қажеттілік 2,3 млн тонна болса, оның 99%-ы дайындалған.Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин егістік алаңдарының құрылымын қайта қарауды, атап айтқанда, бидай егу алқаптарын қысқартып, майлы дақылдар мен басқа да жоғары тиімділігі бар дақылдарды көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ 2024 жылғы өнімде ең жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық селекцияның элиталық тұқымдарын егу алаңдарын барынша ұлғайту қажеттігін айтты.Келесі сәрсенбіде Серік Жұманғарин көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысымен танысу және экономиканың нақты секторының дамуын талқылау үшін оңтүстік өңірлердің біріне баруды жоспарлап отыр. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылғы 30 желтоқсанда Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Қарағанды облысында болып, ведомствоның жұмысы өңірлердегі жұмыспен кіріктірілетінін мәлімдеген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/915628
АӨК-ке 595 мың жұмысшы маман жұмылдырылды 09.01.2025
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде 1,1 млн адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 300 мыңнан астам өндіруші, оның ішінде жұмысшы мамандарының 595 мыңы немесе 55%-ы жұмыс істейтінін хабарлады.Ол отбасылық коэффициентін ескере отырып, салада жұмыс істейтін әрбір маман орта есеппен үш адамды табыспен қамтамасыз ететініне тоқталды. Осылайша, ауыл шаруашылығы 4 млн адамның қаржылық әл-ауқатына тікелей немесе жанама түрде әсер етеді, бұл оны әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі көздерінің біріне айналдырады.«Халықты жұмысшы мамандықтарына тарту үшін фермерлерге басқа салалармен қатар тұрғын үй құнын, жас мамандардың жалақысын және “ұрпақтар келісімшарты” бойынша субсидиялау сияқты мемлекет жүзеге асыратын ынталандыру шаралары қолжетімді. Министрлік тарапынан Аграрлық несие корпорациясы, ҚазАгроҚаржы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар желісі бойынша түрлі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/914514
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы жаңа жұмыс дағдыларын талап етеді – АШМ 09.01.2025
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы соңғы жылдары жаңғыртылып, неғұрлым технологиялық және өнімділігі жоғары болғанын атап өтті. Ол ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мәртебесі де қатар өсіп келе жатқанын, оны жалақыны көтеру, ауыл тұрғындарының әлеуметтік төлемдеріне ұлғайтылған коэффициентті қолдану есебінен одан әрі көтеру қажеттігіне тоқталды. Бұдан басқа, ауылда тұрғын үй құрылысын субсидиялау нормативін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Ұсынылған шаралар ауыл шаруашылығы жұмысшы мамандарының беделін арттыруға және азаматтардың ауылға тұрақтап қалуына мүмкіндік береді. Заманауи ауыл шаруашылығы негізгі кәсіптік-техникалық білімнің болуымен қатар цифрлық жүйелермен және жоғары технологиялық жабдықтармен, соның ішінде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің жаңа дағдыларын меңгеруді талап етеді.«Кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында 2025 жылы 9 кәсіби стандарт, сондай-ақ даярлаудың аграрлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары әзірленіп, жаңартылатын болады. Бұл мамандарды машинамен сауу, дрондар, астық өңдеу операторлары сияқты заманауи мамандықтарға және жоғары технологияларды қолдануға байланысты басқа да бағыттар бойынша оқытуға мүмкіндік береді», — деп толықтырды Айдарбек Сапаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/914689
Қазақстан мен Тәжікстан ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 09.01.2025
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры Нурмахмад Ахмадзодамен кездесті. Тараптар азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өзара іс-қимыл мен агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Кездесуге сондай-ақ «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашев қатысты.Келіссөздердің басты тақырыбы астық экспорты көлемін арттыру мәселесі болды.Айта кетейік, Тәжікстан қазақстандық астық үшін дәстүрлі өткізу нарығы болып табылады.ҚТЖ мәліметінше, 2024 жылы Қазақстан Тәжікстанға шамамен 1,3 млн тонна астық экспорттаған, оның ішінде жаңа егіннің 633 мың тоннасы бар. Жаңа егіннің экспорт көлемі 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57%-ға өскен.«Біз қарқынды арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуымыз керек. Сондай-ақ, біз ұн жеткізуді жолға қоюды ұсынамыз. Ынтымақтастық үшін барлық жағдайды жасауға дайынбыз», – деп атап өтті Айдарбек Сапаров.Тәжікстандық тарапты қант, өсімдік майы, ет жеткізу көлемін ұлғайту мәселелері қызықтырды.Өз кезегінде министр жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.Кездесу соңында Айдарбек Сапаров айтылған бастамаларды жүзеге асыру сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Орталық Азия өңірінің азық-түлік тұрақтылығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/914713
2 млн га пайдаланылмаған жерді 2025 жылы мемлекеттік меншікке қайтару жоспарлануда 09.01.2025
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті 2025 жылы 2 млн га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайтын болады.Сондай-ақ, басқа да негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жандандырылатын болады.Мемлекет басшысының Бакудегі Климаттық саммитте айтқан бастамаларының жалғасында көміртекті егіншілікті дамыту жөніндегі жол картасы әзірленіп, бекітілетін болады. Бұл климаттың өзгеруімен күресудегі және топырақ құнарлылығын арттырудағы маңызды қадам.«2024-2030 жылдарға арналған топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру жөніндегі жол картасын іске асыру жалғастырылатын болады. Құжат 2024 жылы бекітілді. Ағымдағы жылы жердің тозуына қарсы күреске баса назар аудара отырып, Жол картасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс - қимыл жоспарларын бекітуге ерекше назар аударылатын болады», - деп хабарлады ЖРБК төрағасы Мұрат Теміржанов.Сондай-ақ Комитет заңнамалық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.Атап айтқанда, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Парламентте қаралып жатқан «Топырақты қорғау туралы» заң жобасын одан әрі ілгерілету жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұл топырақты қорғау, олардың сапасы мен құнарлы қабатын сақтау мәселелерін реттеудегі негізгі құжат болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/915485
Қазақстан ТЖМ Ресейдегі ЖКО салдарынан зардап шеккен азаматтарды эвакуациялауды ұйымдастырды 08.01.2025
5 қаңтарға қараған түні Қазақстан ТЖМ Командалық орталығына Ресей ТЖМ-нен "Самара-Большая Черниговка" федералды автожолының 101 км болған жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат түсті. Апат салдарынан Қазақстанның жеті азаматы зардап шекті. Зардап шеккендерді Ресейге тасымалдау үшін Батыс Қазақстан ТЖ департаментінің құтқарушылары мен психологтарын, сондай-ақ жергілікті денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем қызметкерлерін қамтитын жиынтық колонна жіберілді. Оқиға орнына келгеннен кейін зардап шеккендердің Большая Глушица ауылының, Новокуйбышевск және Самара қалаларының медициналық мекемелеріне жатқызылғаны анықталды. Бұл мекемелерде Қазақстан ТЖМ психологтары зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсетті. Қайтар жолда зардап шеккендердің барлығы отандық мамандардың тұрақты бақылауында болды. Бүгін таңертең зардап шеккендермен бірге жиынтық колонна Қазақстанға аман-есен келді, онда пациенттер Орал қаласындағы қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларға тапсырылды. Барлығы жеті науқас, оның ішінде екі бала жеткізілді. Өкінішке қарай, апат салдарынан екі адам қаза тапты, олардың мәйіттері де Қазақстанға жеткізілді. Бұл операцияға Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 23 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Автоколоннаны Орал қаласынан шекара өткеліне дейін және қарсы бағытта алып жүру үшін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, азаматтарға жолда сақтық пен мұқият болу маңыздылығын еске салады. Көлік жүргізу кезінде абай болыңыз, қауіпсіздікті сақтаңыз және қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/914105
Қазақстан мен Өзбекстанның Сырдария өзеніндегі су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөніндегі келіссөздері туралы 07.01.2025
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінің суын есепке алуды автоматтандыру үшін техникалық тапсырма әзірлеу жөнінде келісімге келді.Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінің бассейнінде автоматтандырылған суды есепке алу жүйесі орнатылатын 10 учаскені анықтаған болатын. Олардың 5-і еліміздің аумағында, тағы 5 учаске Өзбекстан аумағында.Бүгінгі таңда тараптар халықаралық қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізуде. Жоба бойынша жалпы техникалық тапсырманы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) әзірлейді.«Бүгінгі таңда автоматтандырылған суды есепке алу жүйесі орнатылатын алғашқы 10 учаске анықталғанын атап өтеміз. Жалпы, біз барлық негізгі су бекеттерін автоматтандыруды және су есебінің толық ашықтығын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұл мәселені біз қырғыз және тәжік әріптестерімізбен де келіссөздер барысында белсенді түрде алға тартудамыз»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/914124