Саясат
Семейде ерекше балаларға арналған жаңа жылдық мереке өтті 27.12.2024
Абай облысында ерекше білім беру қажеттілігі бар 100 балаға арналған жаңа жылдық қойылым өтті. Шырша мерекесіне Абай облысының мектептері мен арнайы интернаттарының оқушылары ата-аналарымен бірге шақырылды. Сонымен қатар спорт пен шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды ерекше балалар да қатысты. Олардың барлығы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметтерін алушылар.Балалар облыстық театр әртістері дайындаған музыкалық, аниматорлардың және облыстық балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен театрландырылған жаңа жылдық қойылымды тамашалады.Шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев балаларды мерекемен құттықтап, сыйлықтар тарту етті .Биыл Абай облысының әкімдігі ұйымдастырған шырша мерекесіне 9-13 жас аралығындағы 450 бала қамтылды.Анықтама: балалардың шырша мерекесіне қатысу процесі қатаң және ашық түрде жүзеге асырылады. Қатысушыларды анықтаумен әр мектепте құрылған қамқоршылар кеңесі айналысады. Қалалық және аудандық білім бөлімдері белгіленген критерийлер негізінде балалардың тізімін әзірлеп, оларды арнайы комиссия бекітеді. Іс-шараға қатысушылардың тізімдері жыл сайын жаңартылып отыратынын атап өту маңызды. Бұл мерекеде өзге де балаларды қамту үшін өткен жылдары қатысқан оқушылар қайта қатыса алмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/909120
ТЖМ-да Ақтау қаласындағы ұшақ апаты бойынша жедел желі телефоны ашылды 27.12.2024
Оқиға туралы өзекті ақпаратты алу үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді: Астана қаласындағы Командалық орталықта: 8-7172-55-96-21, 55-96-83 Маңғыстау облысы ТЖД: 8-7292-31-90-91.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/909143
Ақтау қаласындағы ұшақ апаты: жаңартылған ақпарат (сағат 14.10-дегі жағдай бойынша) 27.12.2024
Бүгін 2024 жылғы 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Баку – Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer 190ar әуе кемесі апатты жағдай жариялап, Ақтау әуежайына қонуға жағдай жасау туралы ақпарат түсті. Қону уақыты шамамен сағат 11:25 деп белгіленді. Алдын ала ақпарат бойынша бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж болған. Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді. Сағат 11: 30-да әуежайдан 3 километр жерде ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы ақпарат түсті. Осыған байланысты жоғары ранг бойынша ТЖД күштері мен құралдары қосымша жіберілді. ТЖМ Командалық орталығының базасында республикалық штаб құрылды, оның құрамына Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Сыртқы істер министрлігінің және басқа да ведомстволардың өкілдері кірді. Жалпы операцияға азаматтық қорғау қызметінің жеке құрамынан 701 адам және 82 бірлік техника жұмылдырылуда. Сағат 11:45-тегі жағдай бойынша өрт оқшауланып, 12:05-те сөндірілді. Сағат 14:10-да 29 адам, оның ішінде 2 бала медициналық мекемелерге жеткізілді. Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Медициналық көмек көрсету үшін Астана қаласынан санитарлық авиация борты Ақтауға жіберілді. Сонымен қатар оқиға орнында үкіметтік комиссияның іс-қимылын үйлестіру үшін ТЖ министр генерал-майор Шыңғыс Әрінов, ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев және ТЖ жою департаментінің бастығы Ақтауға кетті. Оқиға туралы өзекті ақпаратты алу үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді: Астана қаласының командалық орталығында: 8-7172-55-96-21, 55-96-83. Маңғыстау облысы ТЖД: 8-7292-31-90-91. Осы сағатта жедел желі телефондарына 272 қоңырау түсті. Құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу барысы бойынша ақпарат одан әрі жаңартылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/909151
Талдықорған қаласының жолдарына биыл 7,7 млрд. теңге бөлінді 27.12.2024
Биылғы жылы Талдықорған қаласы жолдарының құрылысына, күрделі жөндеуге және күтіп ұстауға 7,7 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысы өз сөзінде жолға қатысты ірі жобаларға тоқталды. Мәселен, солтүстік-батыс тұрғын ауданында, 8, 9 және «Жастар-1» шағын аудандарында 107 көшеге жол салу жоспарланып, өткен жылдары 10 көше жасалса, биыл 30 көшеге жаңадан асфальт төселген, қалған 67 көше 2025 - 2026 жылдары толық аяқталады.- Сондай-ақ «Шығыс», Оңтүстік-Шығыс, «Көктал» шағын аудандары және 3-бөлімше тұрғын аудандарындағы 89 көшеге күрделі жөндеу жүргізілуде, оның 14 көшесі биыл жасалды. Жұмыстар 2026 жылдың соңында толығымен аяқталады. Сонымен қатар биыл Өтенай ауылдық округіндегі 7 көше күрделі жөндеуден өтті. Қаланың өзінде 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы 17,5 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу және 350 люкті көтеру жұмыстары жасалып, қауіпті учаскелерге 3 бағдаршам орнатылды, - деп атап өтті Бейбіт Исабаев.Облыс басшысының айтуынша, келесі жылы «Жастар-2» шағын ауданында жолды күрделі жөндеу жұмыстары басталады, жалпы құны - 3,5 млрд. теңге, оған жергілікті бюджеттен әзірге 500 млн. теңге бөлінді. Сол сияқты Жылу желілерін ауыстырғаннан кейін асфальт жабынын қалпына келтіру маңызды мәселе болып қала береді.Осыған байланысты, қала әкіміне асфальт төсемді қалпына келтіру және люктерді сапалы орнату жұмыстарын ерекше бақылауға алуды тапсырамын.«Жылу желілерін ауыстырғаннан кейін асфальт жабынын қалпына келтіру - маңызды мәселе. Осыған байланысты қала әкіміне асфальт төсемін қалпына келтіру және люктерді сапалы орнату жұмыстарын ерекше бақылауға алуды тапсырамын», - деді облыс басшысы.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотографтар: Жеңіс Ысқабай, Олжас ҚұрмашевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/909068
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды 27.12.2024
Бүгінгі күні Талдықорғанда тұрғын үй кезегінде он бес мыңнан астам адам тұр. Биыл 1283 адам тұрғын үймен қамтылып, кезек 8,3 пайызға қысқарды. Ал 2025 жылы 1448 отбасына тұрғын үй беріледі. Алдағы уақытта 1041 пәтерлі 28 үйдің, 107 коттедждің құрылысы аяқталады, оған қоса халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 300 пәтер сатып алынады. Осылайша, 2023-2025 жылдары5 мыңға жуық кезекте тұрғандар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Талдықорғандағы бірнеше жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған үйлердің қаланың келбетіне нұқсан келтіретінін айтқан облыс басшысы қала әкіміне осы үйлердің құрылысын аяқтау бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.- Өздеріңізге белгілі, Талдықорған қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізілді, онда инженерлік-коммуникациялық желілердің жүктемесін ескере отырып, нүктелік және бей-берекет құрылыс толығымен алынып тасталды. Бас жоспарға сәйкес жаңа шағын аудандарды салу жұмыстары жүргізілуде, Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданының 11, 12, 13 шағын аудандарында және Қаратал өзенінің оң жағалауында көп қабатты 41 тұрғын үйді жобалау жұмыстары жүргізілуде, - дейді Б.Исабаев.Сонымен қатар облыс басшысы қаланың өсуіне орай оны жылумен үздіксіз қамту мәселесінің де өзекті екенін атап өтті. Мысалы, жыл бойы жұмыс істейтін және жүктемесі 90%-ға жеткен «Басқуат» қазандығы қаланың көп бөлігін орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етеді. «Соңғы екі жылда ғана қаланың жаңа шағын аудандарында көп қабатты 51 тұрғын үй, 5 әлеуметтік нысан салынды. 2025 жылы көп қабатты тағы 28 үйдің құрылысы жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде жылу энергиясын тұтынуды едәуір арттыруды қажет етеді. Осыған байланысты «Басқуат» қазандығының жүктемесін төмендету бойынша шаралар қабылдануда», - деп атап өтті облыс басшысы.Осы орайда биыл Дарабоз ана, Абай, Қабанбай батыр, Балпық би, Төлебаев және Алдабергенов көшелерінде 2,9 км жылу желілері қайта жаңартылды, қаланың орталығындағы нысандар мен «Қаратал» шағын ауданы №2 және №3 қазандықтарға қайта қосылып, соның нәтижесінде «Басқуат» қазандығына жүктеме 12% немесе 22 Гкал/сағ төмендеген.Сондай-ақ қуаттылығы сағатына 49 Гкал қазандықтың және «Басқуат» қазандығының базасында газ турбиналық станцияның құрылысы басталды. Осы жобаларды іске асыру «Басқуат» қазандығының жүктемесін тағы 30%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 2025-2026 жылдар аралығында қаланың негізгі магистральдық жылу желілерін кезең-кезеңімен қайта жаңарту жоспарлануда.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттердің авторлары: Жеңіс Ысқабай, Олжас ҚұрмашевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/909075
Биыл Талдықорғанда 69 аула абаттандырылды 27.12.2024
Осы жылы Талдықорғанда көп қабатты 28 үйдің шатырына және көп пәтерлі 10 үйдің қасбетіне жөндеу жүргізілді. Келесі жылы бұл жұмыстар жалғасып, оған 1,4 млрд теңге қарастырылады. Оған қоса биыл қалада 69 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуі кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Бейбіт Исабаев өз сөзінде облыс орталығын дамытудың маңызды бөлігі бірыңғай сәулеттік келбетті қалыптастыру және қаланы абаттандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды.- «Ұлан» шағын ауданындағы аулалардың проблемасы жылдар бойы шешілмей келе жатқан еді. Өткен жылғы кездесуде осы түйткілді мәселе айтылды. Бүгінде шағын аудандағы көп қабатты 25 үйді түгел қамтитын 5 ауланы бірден абаттандыру бойынша кешенді жұмыс атқарылды. Қалған көп қабатты 11 үйдің 4 ауласында абаттандыру жұмыстары келесі жылы жалғасады, - деп атап өтті Б. Исабаев.Сонымен қатар Еркін ауылының 2 ауласына, қала бойынша басқа шағын аудандарда 62 ауланың жөндеуі жүргізілген. 2025 жылы Жетісу және Жұлдыз шағын аудандарында 32 аула алаңдары абаттандырылады.Облыс әкімінің айтуынша, қаланы көгалдандыру мақсатында биыл 10 мың көшет және 11 мың көпжылдық гүлдер отырғызылған. 2025 жылы «Құлагер» шағын ауданында саябақ, «Бірлік» шағын ауданында сквер орналастыру жұмыстары жүргізіледі.Жазғы уақыттарда жасыл кеңістікті, көкөніс бақтарын суару маусымының басталуына байланысты су тапшылығы үлкен проблемалар туындататынын айтқан облыс басшысы осыған байланысты қаланың 10 км арық желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтты.- Келесі мәселе – көше жарығы. Қаладағы 640 көшенің тек 420 немесе 65% ғана жарықтандырылған. Бұл да әкімдік жұмысының кемшілігі, мәселе жүйелі түрде қарастырылмаған. Осыған орай облыстық бюджеттен 2025 жылы қала көшелерін жарықтандыруға 3,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 9 саяжай қоғамына, қаланың «Хутор», «Шығыс», батыс аудандарына және қаланың өзінде көше жарықтары орнатылатын болады, - деді облыс әкімі.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Олжас ҚұрмашевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/909094
Бейбіт Исабаев: Талдықорған тұрғындар үшін жайлы, әрі қолайлы қалаға айналуы керек 27.12.2024
Соңғы екі жылда облыс бюджетінің басым бөлігі аудандардағы ауыл халқының тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталды. Енді алдағы екі жылда облыс орталығын дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Осыған байланысты 2025-2026 жылдарға қала бюджетін орта есеппен 30%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуі кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыс әкімі өз баяндамасында қала басшылығына қысқа мерзімде алдағы екі жылға арналған кешенді даму жоспарын бекітуді тапсырды.- Ең алдымен тұрғын үй құрылысына, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға, соның ішінде жылу, сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау желілеріне және жол құрылысына басты назар аударылуы тиіс. Сондай-ақ, аулаларды абаттандыру, тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жаңарту, көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру қажет. Жалпы Талдықорғанды тұрғындар үшін жайлы, әрі қолайлы қалаға айналдыруымыз керек. Әсіресе қаланың шеткі аймақтарында тұратын азаматтар заманға сай, жайлы тұрмыс жағдайларын сезінуі тиіс, - деді Б. Исабаев. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотограф: Жеңіс Ысқабай Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/909010
Бокстан Ақмола облысының құрамасы Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетті 27.12.2024
2024 жылғы 16-24 желтоқсан аралығында Қарағанды қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ақмола облысының құрамасы 3 алтын және 3 қола медаль жеңіп алып, жақсы нәтиже көрсетті.Ерлер арасында әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов нағыз жеңімпаз атанды, ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сегізінші рет Қазақстанның чемпионы атанып, өзінің мықтылығын тағы да дәлелдеді. 54 келіге дейінгі салмақта Тимур Қабдешов алғаш рет ел чемпионы атанып, алтыннан алқа тағынды. Ересектер чемпионатында алғаш рет қатысқан Шыңғыс Мусинов (60 кг) пен ұлттық деңгейдегі бірінші жетістігіне жеткен Бекзат Мағжан (63,5 кг) команда қоржынына қола жүлделерін салды.Әйелдер арасындағы жарыста Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы атанды. Ұлттық құраманың қоржынына тағы бір медальді қола жүлдегер Валерия Аксенова алып келді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/908852
Жыл қорытындысы: табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу 27.12.2024
Мемлекет басшысының бастамасымен сәуір айында бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына Ақтөбе облысы бойынша 418 643 тұрғын қатысып, 105 845 аула тазартылды. Аумақтарды жинау үшін 6 203 бірлік техника тартылып, ҚТҚ полигондарына 74 270 тонна қалдық шығарылды. Елді мекендер аумағында 356 111 ағаш көшеті және 6 415 бұта отырғызылды.Ағымдағы жылы орман мекемелерінің өртке қарсы материалдық техникалық жағдайын арттыру үшін 474 млн теңге қаржы бөлініп, оған: 4 өрт сөндіру техникалары, 3 шағын патрульдік кешендегі автокөліктер, 3 су сорғы станциясы, 2 мотопомпа сатып алынды.Ақтөбе қаласы мен аудандардың 180 елдімекендерінің 135 дендрологиялық жоспары әзірленген.Облыс бойынша 7 мемлекеттік орман тәлімбағы (215 га) бар. Орман мекемелері тәлімбақтарында 2024 жылы 14 млн. түп екпе материалдар өсірілді. 2025 жылы 15 млн. түп екпе материалдарды өсіріп шығару жоспарлануда.Мемлекеттік экологиялық сараптаманың 167 қорытындысы берілді. Алдағы жобалардың экологиялық аспектілерін талқылау үшін 403 қоғамдық тыңдау өткізілді. Жоспарланған қызмет туралы 410 хабарландыру жарияланды. Шаруашылық субъектілерінен әсер етуге 109 декларация қабылданды.Облыс аумағында жалпы 206 ГТҚ бар, олардың 611,8 млн.м3 су сақтап қалу мүмкіншілігі бар, оның ішінде 10 республикалық, 174 коммуналдық және 22 жеке меншікте.Облыс бойынша 2024-2028 жылдарға арналған су саласын дамытудың Кешенді жоспарының жобасы аясында елді мекендер мен басқа да құрылыстарды су басудан сақтау, ауыл шаруашылығы өндірушілерін сумен қамтамасыз ету үшін 2 су қоймаларының құрылысы басталады. Су қоймалары көлемі 93,8 млн. текше метр артық суды сақтауға мүмкіндік беріп, су тасқыны қаупін азайтады.Көктемгі су тасқыны кезеңінде 15 гидротехникалық құрылыс бұзылды, оның 9-ы қалпына келтірілді, 2 бөгет бойынша кепілдік мерзімі бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде (аяқталу мерзімі 2025 жылғы шілде), қалған 4 құрылысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін қосымша 7 қорғаныс құрылыстары бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталады.Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 2 мамырдағы №120 қаулысымен «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ құрамында құрылған «Ақтөбе облысының гидротехникалық құрылғыларға қызмет көрсету мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/908844
Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Президентінің жаңажылдық шыршасы өтті 27.12.2024
Бүгін Өскеменде «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты президенттік шырша ұйымдастырылды. Жарқын да көңілді шараға облыстың 13 аудан, қалаларынан 250-ден астам бала қатысты.Оларға арнап қызықты сайыстар, интерактивті ойындар және сүйікті ертегі кейіпкерлерімен кездесу өтті. Ертеңгілікте балалар көңілді сайыстарға белсене қатысып, би билеп, ән айтты. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев балақайларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.- Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен ұйымдастырылып отыр. Мұндай жаңажылдық ертеңгіліктер бүгін Қазақстанның барлық қалаларында өтіп жатыр. Бірақ біздегі мереке бәрінен ерекше деуге болады. Ел Президентінің әрқайсыңыз үшін арнайы дайындаған сыйлығы да бүгін табысталады, – деді аймақ басшысы.Балаларға таяуда ғана облыста өткен «Аяз Ата, Ақшақар - 2024» фестивалі туралы айтылды. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 150-ден астам ертегі кейіпкері келген еді. Мереке барысында қатысушылар бір-бірімен танысып, тез тіл табысып кетті. Биыл облыста 9-13 жас аралығындағы 450-ден астам балаға жаңажылдық шырша өткізіліп жатыр. Оның ішінде жетім, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, ерекше білім алуды қажет ететін оқушылар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылық пен қоғамдық өмірде жоғары жетістіктерге жетіп жүрген балалар бар. Бұдан бөлек, президенттік шыршаға қатысушыларға 150 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат, жұмсақ ойыншық пен тәтті сыйлық табысталды.- Мен Черемшанка ауылынан келдім. Бүгінгі мереке үшін көп рахмет! Маған барлығы да ұнады. Президентімізге берілген сыйлықтар үшін алғыс айтамын, - деді Черемшанка мектебінің 6 сынып оқушысы Алена Чернова.Мерекелік бағдарлама екі күнге жоспарланған. Бұған дейін балалар Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрына барып, «Алтын балапан» атты қойылымды тамашалап қайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/908911
Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында «Халық арасында діни экстремизм көріністеріне қарсы тұру бойынша мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің өзара әрекеттесуі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 27.12.2024
Дөңгелек үстелге ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Мекеева Жанат Жұмағазықызы, құқық қорғау органдарының басшылары мен орынбасарлары, ШҚО жергілікті діни бірлестіктерінің жетекшілері, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары қатысты.Дөңгелек үстел барысында ШҚО бас имамы Мұхатай Ермек Қасболатұлының «Қоғамдағы дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттаудағы ҚМДБ-ның рөлі», философия ғылымдарының кандидаты, теология Phd докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің аға оқытушысы, республикалық деңгейдегі теолог Тышхан Кеңшіліктін «Діни фундаменталистік түсініктер діни-саяси экстермизмнің бастауы ретінде», «Родни» Евангелдік христиан баптистерінің шіркеуінің басшысы Вольф Владимир Филипповичтын «Халық арасында радикализмнің алдын алу мен оған қарсы тұрудағы конфессияаралық қатынастардың рөлі», ШҚО әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Туткушев Қуанышбек Токтағұлының «Діни экстремизмнің алдын алу бойынша діни бірлестіктермен бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру шаралары туралы», «Хасеки» жоғары дінтану академиясының түлегі, Казань қаласының Ислам институтінің теология магистрі, республикалық деңгейдегі теолог Қанапиянов Ернұр Болатбекұлының «Деструктивті діни ағымдардың құрбандарын оңалту мәселелерінде жергілікті атқарушы органдар мен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасы және өзара іс-қимылы» атты баяндамалары тындалды.Дөңгелек үстел барысында халық арасында діни экстремизмге қарсы тұруға қатысты маңызды және өзекті мәселелер көтерілді. Талқылауға осы саладағы ынтымақтастықты жақсарту бойынша мәселелер мен бастамалар көтерілді.Шара барысында айтылған барлық ұсыныстар алдағы бірлескен жұмыста ескерілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/908917
Астанада пиротехникалық бұйымдардың сауда орындары бойынша рейдтер басталды 24.12.2024
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Астанада пиротехникалық бұйымдардың сауда орындарын рейдтік тексеру басталды. Рейдтер пиротехниканың заңсыз саудасын болдырмау, елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және белгіленген ережелерді сақтау мақсатында 23 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Азамат Әмен мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.Астана қаласының Полиция және Төтенше жағдайлар департаменттері рейдтер ұйымдастырды. Рейдтер пиротехникалық өнімдер сатылатын базарларды, дүкендерді және сауда павильондарын қамтиды.Жыл басынан бері Астанада барлығы 19 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 13,3 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 11,8 млн теңге өндірілді.«Біз елорда тұрғындарын пиротехниканы пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Бұл жағымсыз жағдайларды болдырмауға және мерекелік көңіл күйді сақтауға көмектеседі», - деді Азамат Әмен.Пиротехниканы пайдалану кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін сарапшылар өнімдерді тек сертификаттары бар мамандандырылған дүкендерден сатып алуды, жарамдылық мерзімін тексеруді, ғимараттар мен ағаштардан кемінде 50 метр қашықтықта отшашуларды іске қосуды, оларды желді ауа райында пайдаланбауды ұсынады. Сарапшылар жаңа жыл қарсаңында пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан зардап шеккендердің саны едәуір артқанын атап өтті. Тек 2023 жылы елордада пиротехникамен байланысты бірнеше ондаған жарақат пен өрт тіркелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/908726
Алматыда биіктігі 6 метрден асатын қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды 24.12.2024
Алматыда көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту бағдарламасы аясында қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды. Сәтбаев көшесінде 22 апатты ағаштың орнына биіктігі 6 метрден асатын 36 тянь-шань шыршасы отырғызылды.Жергілікті питомниктердің көшеттері қаланың климаттық жағдайына сәйкес келеді, төзімділігі жоғары және агрессивті қалалық ортаға тез бейімделе алады.Ескі ағаштарды ауыстыру қажетті шара болды. Еске салсақ, көшпелі кеңес барысында ғылыми қызметкерлердің, сарапшылардың, қоғам қайраткерлерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Сәтбаев көшесіндегі ағаштардың жағдайы бағаланды. Учаскеде ескі шыршалар өседі, олар зерттеу нәтижелері бойынша апатты деп танылып, қала тұрғындары мен қоршаған ортаға қауіпті. Сондықтан жаңаларына ауыстырылды.Биіктігі 4-тен 6 метрге дейінгі ірі көшеттерді пайдалану ағаштардың тіршілігін жақсартуға, жетілген ландшафт жасауға және қала көшелері мен саябақтарының эстетикалық келбетін сақтауға мүмкіндік береді. Ғалымдардың ұсыныстары бойынша қыста қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу жердің жабық кесегімен жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908702
Ертегі кейіпкерлері мен сиқырлы сандық. Алматыда Президенттік шырша қалай өтті 24.12.2024
Алматыда дәстүрлі «Таңғажайып Жаңа Жыл» атты Президенттік жаңа жылдық шырша өтіп, 400 бала қатысты. Олардың қатарында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды балалар да болды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қонақтарды Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев құттықтады. Ертегі кейіпкерлері – Олаф пен жаңа жылдық Бұғы мерекелік атмосфераны орнатты. Олар балалармен бірге қызықты саяхатқа аттанып, квесттерден өтіп, жұмбақтарды шешті. Басты мақсат - құпия сандықтың сиқырлы кілттерін табу еді. Барлық құпияны ашып, сандықты ашқан соң балалар Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры артистерінің орындауындағы «Щелкунчик» ертегілік қойылымына тап болды. Бұл қойылым мерекенің шарықтау шегі еді.«Бүгін біз сиқырлы ғажайыптың бір бөлігіне айналдық, бұл көңіл-күйді аниматорлар мен қызықты тапсырмалар бар байқаулар сыйлады. Әсіресе, маған сиқырлы сандықты ашу үшін кілт іздеген қатты ұнады. Сандықты ашып, оның ішін көру үшін бірігіп, жұмбақтарды тез шешуіміз керек болды. Бұл өте қызықты ойын болды, кей тапсырма қиынға соқты, бірақ біз бәрін бірге шештік. Бұл күн менде ұмытылмас әсер қалдырды», – деді №17 мектеп-интернатының оқушысы Талшын Құдұсова.Мерекелік бағдарлама аясында Аяз Ата мен Ақшақардың дәстүрлі байқаулары өтті. Ал кеш соңында балаларға танымал артист SADRADDIN «Песня» атты жаңа жылдық әнін орындап берді.«Маған ертегі әлеміне енгендей әсер қалдырды, барлық жерде ғажайып атмосфера сезілді! Біз үшін жылдамдықты, тапқырлықты және батылдықты сынайтын қызықты ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Әсіресе, маған ән айтып, сиқырлы кейіпкерді оятып, оны билеуге мәжбүрлейтін раунд ерекше ұнады. Сәл қиындау, бірақ өте қызықты болды. Уақытымды керемет өткіздім, тіпті өзімді ертегі кейіпкеріндей сезіндім», – деді №6 арнайы мектеп-интернатының оқушысы Арай Байбасарова.Мереке қонақтары Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908705
Алматыда қала маңында тағы екі жаңа бағыт іске қосылады 24.12.2024
Алматыда мегаполистің агломерациямен көліктік байланысын арттыру аясында қалалық мобилділік басқармасы 25 желтоқсаннан бастап тағы 2 қала маңындағы қоғамдық көлік бағытын іске қосады.Мәселен, №256 маршрут «Мәдениет және демалыс саябағы – Ақтас кенті» қатынасымен және №249 маршрут «Төлеби/Яссауи» автостанциясы» - Шамалған кенті» қатынасымен «FOTON» маркалы сыйымдылығы жоғары автобустармен қызмет көрсетілетін болады. Тасымалдаушы «ECOBUS SERVICE» ЖШС, жоспарлы шығу-жылжымалы құрамның 7 бірлігі.Жол жүру құны қалалық маршруттардағыдай 120 теңгені құрайды. Барлық автобустар Onay электронды билет жүйесімен жабдықталған.Айта кету керек, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау Ережелеріне сәйкес бұл маршруттар тасымалдаушыларға қызмет көрсету конкурстары өткізілгенге дейін берілген және тестілік режимде жұмыс істейтін болады. Қорытындысы бойынша қозғалыс сызбаларына жолаушылар ағыны мен халықтың қажеттілігін ескере отырып өзгерістер енгізілетін болады.Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы троллейбус паркі 112 троллейбус сатып алу есебінен 100% жаңартылды. Сондай-ақ әкімдік 600 газ автобусы мен 100 электробус сатып алды. Жыл басынан бері ҚМБ 18 қала маңындағы және 3 қалалық маршрут ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908707
Абай облысы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті 24.12.2024
Семейде облыс әкімінің 150 оқушыға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Шараға облысымыздағы мамандандырылған мектеп-интернаттар мен жетім балаларға арналған мекемелерден оқушылар қатысты.Облыс әкімінің шыршасына 9 бен 13 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысты. Сонымен қатар, оқу, спорт, шығармашылықта немесе қоғамдық істе жетістіктерге жеткен дарынды балалар шақырылды.«Жаңа жыл – бұл жаңа арман, жаңа үміт, жаңа бастамалар кезеңі. Жаңа жылды бәріміз қуанышты көңіл-күймен қарсы аламыз. Абай елінің жас өрендері талантты, ақылды, еңбекқор, ел мақтанышына айналар азамат болып өседі деп сенемін. Жаңа жыл қуанышты күндер мен ғажайып сәттерге толы болсын», - деді облыс әкімі.Әр балаға арнайы сыйлық – 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат, сондай-ақ тәттілер мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/908740
Абай облысында үздік энергетиктер марапатталды 24.12.2024
Энергетиктер күніне орай Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев сала қызметкерлерінің кәсіби жетістіктері мен облысты дамытудағы үлестерін атап өтті. Шарада өз еңбектерімен көзге түскен энергетиктер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.«Баршаңызды кәсіби мереке – Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Облыстың өркендеуі мен әлеуметтік тұрақтылығына қажыр-қайратын арнаған сала мамандары қашан да жоғары құрметке ие. Адал еңбектеріңіз бен өңіріміздің болашағын жарқын етуге қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», - деді облыс әкімі.Табысты еңбектері үшін бір топ сала қызметкерлеріне ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медальдары, «Еңбек сіңірген энергетик», «Құрметті энергетик» төс белгілері, сондай-ақ Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы табыс етілді.ІІI дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталғандар:ДЖАНАКАНОВ Куватбек Адасбаевич - «Теплокоммунэнерго» МКК, 1-ЖЭО отын беру цехының бастығы;РАХИМЖАНОВ Ермек Нургалиевич - «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорыны» ШЖҚ МКК, Жылумен жабдықтау учаскесінің №3 қазандығының 3-разрядты машинисі;ХАМЗИН Бейсембай Жумагазыевич - «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорыны» ШЖҚ МКК, Жылумен жабдықтау учаскесінің №3 қазандығының 3-разрядты аға машинисі;«Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:КАТКОВ Владимир Александрович - «Теплокоммунэнерго» МКК, ЖЭО-1 отын берудің аға машинисі;ШАЛЕЕВ Олег Геннадьевич - «Теплокоммунэнерго» МКК, «103 және 103 А» қазандығының бастығы;«Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталғандар:КАКИБАЕВ Жандос Абдрахманович - «Теплокоммунэнерго» МКК, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;ТЕМИРГАЛИН Ерик Бекенович – «Аягөз жылу»МКК, бас инженері;«Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісімен марапатталғандар:ДЕНИСЕНКО Андрей Федорович – «Востокэнерго» ЖШС, Жезкент энергоцехінің ауыз сумен жабдықтау учаскесінің шебері;НУРЛАНОВ Айдын Мукатайович – «Курчатов көп салалы пайдалану кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық техникалық директоры;КУАНДЫКОВ Кенжегазы Калдыбаевич – зейнеткер;АКАНОВ Габдил-Малик Сапарович – «Аканов» жеке кәсіпкер, басшы«Құрметті энергетик» төсбелгісімен марапатталғандар:ПРАЙС Оксана Андреевна – «Теплокоммунэнерго» МКК, канцелярия және кадр қызметі бөлімнің бастығы;ТОЛСТУНОВ Федор Иванович – «Теплокоммунэнерго» МКК, шағын қазандықтар учаскесінің бастығы;МУРАШЕВ Евгений Сергеевич – «Теплокоммунэнерго» МКК, Апаттық-диспетчерлік қызметінің бастығы;ФОМИНЫХ Игорь Геннадьевич – «Абай облысы Бородулиха ауданының коммуналдық шаруашылығы» МКК, жол шебері;ШУЛЬЦ Светлана Анатольевна – «Востокэнерго» ЖШС, Жезкент энергоцехінің техникалық сумен жабдықтау және кәріз учаскесінің сорғы қондырғыларының машинисіБОНДАРЕВА Галина Анатольевна – «Востокэнерго» ЖШС, Жезкент кентінің желілер учаскесінің қосалқы станцияларына және қосалқы станцияларына қызмет көрсету жөніндегі электромонтерБАЙМУРАТОВ Кайрат Бекешевич – «Энерго-Инвест» ЖШС, қосалқы станцияға қызмет көрсету жөніндегі электромонтер;АҚМОЛДИН Мұрат Төлеубайұлы – «Востокэнерго» ЖШС, ЭБЖ және ҚС жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі бастығы;Энергетика Министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды:МӘНЗАЛ Біржан Қайржанұлы – «Риза» КМК директорының міндетін атқарушыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/908741
Президент шыршасы: Атырауда 300 бала шырша тойына қатысты 24.12.2024
Салтанат сарайында ұйымдастырылған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты дәстүрлі шараға қала және аудандардан келген ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, халықаралық және республикалық олимпиадалардың, шығармашылық, спорттық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен жазатайым оқиғаларда ерлік көрсеткен барлығы 300 бала қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы Серік Шәпкенов жаңа жылдық шыршаға арнайы шақыртумен келген балаларға Мемлекет басшысының атынан құттықтау хат, арнайы сертификат пен тәттілер табыс етті.- Айналайын балақай! Сені Жаңа жыл мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Осы жарқын мереке өзіңді шаттыққа бөлесін! Әрдайым жаңашылдыққа, жасампаздыққа ұмтыл! Білімпаз, озат әрі зерек болып, жақындарыңды қуанта бер! Арманың асқақ, қиылың ұшқыр болсын! Саған зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін!-делінген құттықтау хатта.Президент шыршасына қатысқандардың арасында республикалық олимпиаданың жүлдегері №3 Білім-инновация лицейінің 8 сынып оқушысы Гаухар Нұрлан да бар.- Бүгін осындай кең көлемде ұйымдастырылған әдемі кештің арнайы қонағы ретінде қатысып отырмын. Ерекше атмосферада шат-шадыман көңіл-күйде тойлап жатырмыз. Енді халықаралық білім бәйгелерінде Қазақстанымның атын асқақтатып, абыройын оздырып, еліне адал қызмет етер ұланы болғым келеді. Сол мақсатқа жетеріме сенемін,-деді Г.Нұрлан.Кеште балаларға арналған түрлі-түсті шоу-қойылым, мультфильм кейіпкерлері және супер қаһармандардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, концерт қойылды. Бұдан бөлек, Жаңа жыл қарсаңында атыраулық балалар үшін бірқатар шырша тойы өткізіледі.Бұдан бөлек, қала маңындағы және шалғай елді мекендердегі мектептердің директорларына балаларды тасымалдау үшін 21 автобустың кілті табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/908709
Ақмола облысындағы Президенттік шырша: мерекелік іс-шараға 200 бала қатысты 24.12.2024
Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдастырылған Жаңа жылдық іс-шаралар өтті.Көкшетауда облыстың басты шыршасы «Bolashaq sarayi» балалар мен жасөспірімдер сарайында жағылды. Мерекеге облыстың қалалары мен аудандарынан 200-ге жуық бала шақырылды.Алдағы Жаңа жылмен балаларды облыс әкімінің м.а. Елдос Рамазанов құттықтады, ол жас ұрпақты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, балалардың әрқайсысының табысты дамуына үміт білдірді. «Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жас ұрпақ Қазақстанның дамуында шешуші рөл атқарады және прогрестің қозғаушы күшіне айналады. Біз ересектер сіздің мақсаттарыңызға жету үшін барлық жағдай жасаймыз», - деді Елдос Рамазанов.Жақсы ауданы Жаңа Қима ауылынан келген 12 жасар Арқат Шарапов оқу үздігі, көптеген олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы болып табылады. Ол осы деңгейдегі жаңа жылдық іс-шараға алғаш рет қатысты.«Біз уақытты өте қызықты өткіземіз. Облысымыздың түкпір-түкпірінен келген балалармен достасып үлгердім. Батырдың костюмін анам дайындады. Маған өте ұнайды. Мен үшін шырша өте маңызды, менің жадымда мәңгі қалады. Бізге осындай қуаныш сыйлағаныңыз үшін көп рахмет», - деді жас қатысушы.Бағдарлама аясында шыршаны жағу рәсімі, шыршаны айналып билеу және Төстік, Көк бөрі сияқты ертегі кейіпкерлерінің қойылымдары өтті. Балалар костюмдер байқауына қатысып, өлең айтты.Мереке соңында барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жаңа жылдық сыйлықтар, 120 мың теңге сомасына ақшалай сертификаттар және тәтті жиынтықтар алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/908662
Алға ауданының Қарабұлақ және Тоқмансай ауылдарында медициналық пункттер ашылды 24.12.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа нысандар салынды.Қарабұлақ ауылындағы медициналық пункттің заманауи ғимаратында 340 ауыл тұрғынына қызмет көрсетіледі. Мұнда медбике, санитар және күзетші жұмыс істейді. Нысан күніне 25 келушіге арналған. Медициналық мекемеде қабылдау бөлімі, ем қабылдау, егу, сүзгі және терапия бөлмелері ұйымдастырылған.«Мен зейнеткерлікке шыққанға дейін осы ауылда медбике болып жұмыс істедім. Қазір 70 жастамын. Бүгін жаңа медициналық пункттің ашылғанына куә болғаныма өте қуаныштымын. Мен әрқашан жас мамандарға көмектесуге тырысамын. Оларға мұнда пациенттерді қабылдауға ыңғайлы. Біздің Қарабұлақта егде жастағы тұрғындар көп. Олардың денсаулығы жастардың қолында», - деді Дариға Аметова.Ал Тоқмансай ауылында медициналық пункттің құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталды. Бір қабатты ғимаратта 3 қызметкер жұмыс істейді. Медициналық мекемеде күніне 25 келушіге 300 ауыл тұрғынына қызмет көрсетіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/908729