Саясат
Алматы қалай өзгеруде: бірнеше жыл бойы қордаланған су мәселесінен жайлы скверлерге дейін 11.12.2024
Алматының Медеу ауданында биыл тұрғындардың өтінішімен жүзеге асырылған нысандарға арналған баспасөз туры өтті.Тур барысында ең әуелі жаңа сквер көрсетілді, оның аумағы 2,1 гектар. Бұл сквер бұрын қаңырап бос жатқан жердің орнына салынған. Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, бұл аумақ бұрын жеке меншікке тиесілі болған, онда қоршалған, құрылыс қалдықтары толы шұңқыр болатын. Осылайша, бұл жер екі жылдан астам уақыт бойы бос жатты. Жақын маңдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары балалармен серуендейтін демалыс аймағын ұйымдастыруды бірнеше рет сұраған.Меншік иесімен келіссөздер жүргізіліп, жер коммуналдық меншікке берілді. Бүгінде аумақ көріктендіріліп, ол жерде демалуға арналған жайлы сквер пайда болды. Скверде жаңа күркелер, ойын алаңдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері және жарықтандыру тіректері орнатылды. 175 қылқан жапырақты ағаш отырғызылып, 1100 шаршы метр көгал төселді, оған автоматты суару жүйесі ұйымдастырылды.Жергілікті тұрғын Кенжегүл Исламжанова немерелерімен демалуға және көршілерімен кездесу үшін жаңа скверге жиі келеді.«Бұрын бос жатқан жердің орнына осындай жаңа сквердің пайда болғаны керемет! Ең бастысы, ешқайда барудың қажеті жоқ, үйден шықтың, міне, сквер. Біз немерелерімізбен күн сайын осында келеміз. Олар ойнап, жүгіріп мәз болады. Ересектерге арналған демалыс орындары да бар, немерелерді бақылап, өзіміз де жақсы уақыт өткізе аламыз. Кешкісін жарық шамдардың арқасында тіпті әдемі. Біздің ауданымыздың өзгеріп жатқанына өте қуаныштымын!», - деді ол.Келесі нысан – №98 жалпы білім беретін мектеп болды. Оның жобалық сыйымдылығы музыка мектебінің көшуі есебінен 300 орынға ұлғайды. №8 музыка мектеп Алматы әкімдігі сатып алған көрші ғимаратқа көшірілді.Босатылған бөлмеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осы жылдың қыркүйек айынан бастап бастауыш сынып оқушылары оқи бастады. Балалары №98 мектепте оқитын көпбалалы ана Райхан Өскенбаева шешім қабылдауға белсенді қатысқанын айтты.«Біздің мектебіміз өте жақсы, балаларым осында оқығанды ұнатады. Бірақ жылдар өте келе мектеп шамадан тыс жүктеліп, орын жетіспеді. Сондықтан музыка мектебін көшіріп, 500 шаршы метрлік ғимаратты босату дұрыс шешім болды. Енді бастауыш сыныптар үшін жақсы жағдай жасалған. Қызым жаңа, жарық сыныпта оқиды, парталары мен интерактивті тақталары бар. Ол мектепке қуана барады!», - деді ол.Баспасөз турының соңында қатысушылар таза суға арналған жаңа «Балқаш» резервуарына барды. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған бұл ауқымды жоба ауданның жоғарғы бөлігіндегі көпжылдық су мәселесін шешті. Бүгінде Каменск үстірті, Көлсай, Юбилейный және Мұзтау аудандарында тұратын 20 мыңнан астам тұрғын тұрақты сумен қамтылған.«Бұрын біз тау суын пайдаландық немесе су тасушылардан су алатынбыз. Екі жыл бұрын судың қысымы әлсіз болды, өйткені жеке үйлер бақшасын суаратын. 2023 жылы әкімнің халықпен кездесуіне қатысып, мәселені айттым. Ол уәдесін орындады, 2024 жылы біздің көшеге су берілді. Ладушкин көшесінің тұрғындары атынан тұрақты су үшін алғыс білдіреміз!», – деді тұрғын Лаура Құрманғалиева.Алматыда көріктендіру жобалары белсенді түрде қолға алынған. Бұл жұмысқа «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы үлкен үлес қосып отыр. Осы механизмнің арқасында әр тұрғын ауданын дамытуға тікелей әсер ете алады. Бағдарламаның тиімділігін ескере отырып, Алматы әкімі Ерболат Досаев оның қаржыландыруын 18,8 млрд теңгеге дейін ұлғайтты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге көп.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/899309
Алматының Медеу ауданында 38 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды 11.12.2024
Алматыда Құрманғазы көшесінің бойымен Пушкин көшесінен Зенков көшесіне дейін төселген құбыр ауыстырылды. Биыл қайта жөндеуден өткізілген учаскенің ұзындығы 305 метрді құрайды.Ауыстырылған құбыр 1986 жылы пайдалануға берілген еді, ол 5 көппәтерлі тұрғын үй мен 4 басқа да нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр.Жалпы, биыл қалада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ұзындығы 20 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жылытуаралық кезеңде жүргізіледі, биыл олар Алматы қаласының 6 ауданында атқарылды.Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/899397
«Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты Алматы қаласының көрмесін Мажарстанда 12 000-нан астам адам тамашалады 11.12.2024
«Карчаг Кинче» өнер музейінде (Мажарстан) «Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты көрме аяқталды. Экспозицияға қазақ халқының бай тарихи және мәдени мұрасын танытатын 200-ден астам бірегей экспонат қойылды. Көрмеге келушілерге ұрпақтар сабақтастығының символына айналған Абай Құнанбайұлының домбырасы ұсынылды. Жалпы, көрмені 12 мыңнан астам адам тамашалады.«Жоба үлкен қызығушылық тудырды, бұл Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени алмасудың маңыздылығын көрсетеді. Бұған дейін осындай көрмелер Түркия, Оңтүстік Корея, Аустрия, Италия және Чехияда өткен. Енді 12 желтоқсанда Сербияда «Ұлы Даланың мәдени мұрасы» атты көрме ашылады. Жалпы қала әкімі мәдениет саласы өкілдерін дамытуға ықпал ететін тағылымдамаға, білім алуға бағытталған және халықаралық байланысты нығайтуға мүмкіндік жасайтын жобаларға ерекше көңіл бөледі және сала қызметкерлеріне үлкен қолдау көрсетуде. Мәселен, музей қызметкерлері әлемнің үздік мәдени орталықтарында, соның ішінде әйгілі Луврда білім алып қайтты», – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.Айта кетейік, көрмені Алматы қаласының музейлер бірлестігі Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900106
Алматы Condé Nast Traveller журналының назарында 11.12.2024
Танымал итальяндық Condé Nast Traveller журналы Алматы жайлы кең көлемді материал жариялады. Лючия Галлидің мақаласы мен Джакомо Брецельдің фотосуреттері қаланы бай мәдениет, табиғи сұлулық және заманауи динамика үйлескен ерекше саяхат бағыты ретінде таныстырады.Авторлар Алматыны Шығыс пен Батыс тоғысқан, дәстүр мен заманауи трендтер үйлесім тапқан орын ретінде сипаттайды.Мақалада Алматының таңғажайып табиғи көріністері ерекше аталып өткен: Іле Алатауының асқақ таулары, Алтын Емел ұлттық паркінің «ән салатын» құм төбелері, су астындағы орманымен әйгілі Қайыңды көлі, Көлсай көлдері және бірегей Шарын каньоны. Табиғи мұраны Панфилов көшесі, Көк базар және Көк-Төбе секілді қаланың көрікті жерлері толықтырады.Журнал мегаполистің гастрономиялық байлығын да ерекше атап өтеді. Дәстүрлі қазақ тағамдарынан бастап, жергілікті асхананы неономадтық интерпретацияда ұсынатын заманауи мейрамханаларға дейін көрсетілген.Алматы мақалада өз мәдени мұрасымен, сәулетімен және қонақжайлылығымен шабыт іздейтін әрі жаңа бағыт ашуды жан сүйетін туристер үшін тартылыс орталығы ретінде бейнеленген.Айта кетейік, бұған дейін Алматының туристік тартымды бағыт екені жайлы CNN Travel — әлемдегі ең ірі саяхат және туризм туралы ақпарат көздерінің бірі ауқымды мақала жариялаған еді. Бұл туындылар Алматының Орталық Азиядағы ең әлеуетті туристік бағыттардың біріне айналып, табиғи сұлулығы мен мәдени әралуандығымен бүкіл әлемнен саяхатшыларды қызықтырып жатқанын растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900123
Алматыда «Астана» мен «Челси» футбол командалары арасындағы матч күні Орталық стадионға трансферлер ұйымдастырылады 11.12.2024
12 желтоқсан күні сағат 20:30-да Алматы қаласының Орталық стадионында УЕФА Конференция лигасы аясында «Астана» мен «Челси» командаларының футбол матчы өтеді. Билеттер туралы ақпаратБилеттерге сұраныстың жоғары болуына және алаяқтардың жалған билеттер сатуының алдын алу мақсатында Алматының Спорт басқармасы жанкүйерлерге Zakazbiletov.kz сервисі арқылы билеттерді алдын ала сатып алуды ұсынады. Делдалдардың қызметіне жүгінбеуіңізді өтінеміз. Спекуляция мен қайта сатудың алдын алу үшін сатып алынған билеттер жеке аты-жөні көрсетілген түрде рәсімделеді және матч күні электрондық поштаға жіберіледі. Стадион кассаларынан билеттерді сатып алу мүмкіндігі болмайды. Стадионға кіреберісте жанкүйерлерден билет пен билеттегі аты-жөннің сәйкестігі тексеріледі. Бұдан кейін жеке тексеру жүргізіліп, билеттің шынайылығын тексеру үшін штрих-код сканерленеді. Жолдардың жабылуы туралы ақпаратКіру кезінде кептеліс болмас үшін жанкүйерлерге Орталық стадионға ертерек келіп, қоғамдық көліктерді пайдалануға кеңес беріледі.Футбол жанкүйерлеріне стадионның есігі 18:00-де ашылады. Көлік кептелісін болдырмау мақсатында стадионға жақын аумақтарда 12 желтоқсан күні сағат 18:30-дан 00:00-ге дейін Абай даңғылының (Байтұрсынов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін) қозғалысы шектеледі, Сәтбаев көшесі (Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін) толық жабылады. Жақын маңдағы көшелерде патрульдік полиция бекеттері қойылады. Жанкүйерлерге арналған ақпарат12 желтоқсан күні қалада минус температура болады деп күтілуде, сынап бағанасы шамамен -11 градус. Сондықтан жылы әрі ыңғайлы киім кию керек. Қауіпсіздік шараларына байланысты стадион аумағына термос алып кіруге тыйым салынады. Жанкүйерлер үшін стадион ішінде ыстық сусындар мен жеңіл тағамдар сатып алуға болатын сауда нүктелері жұмыс істейді. Стадион айналасында 60 биодәретхана, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретханалар орнатылады. Трансфер туралы ақпаратҚала әкімдігі жанкүйерлердің Орталық стадионға және кері қайтуына қолайлы болу үшін 8 тегін автобус маршрутын ұйымдастырады. Әр маршрутқа 10 автобустан бөлінеді. Жиналу нүктелерін 2GIS сервисі арқылы көруге болады:Қалқаман шағын ауданы (№7 қалалық аурухана аялдамасы) – Орталық стадион.Орбита шағын ауданы (Мұстафин-Торайғыров көшелерінің қиылысы) – Орталық стадион.Айнабұлақ шағын ауданы (Мақатаев-Павлодар көшелерінің қиылысы) – Орталық стадион.«Халық Арена» аялдамасы (солтүстік бағыт) – Орталық стадион.Алматы-1 теміржол вокзалы аялдамасы – Орталық стадион.«Райымбек батыр» метрополитен бекеті – Орталық стадион.Наурызбай ауданының ХҚКО аялдамасы – Орталық стадион.Момышұлы-Мөңке би көшелерінің қиылысы аялдамасы – Орталық стадион. Автобустар сағат 16:00-ден бастап жүре бастайды және толуына қарай жолға шығады.Жеке көлік иелері мен қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900198
Халықаралық Fitch Ratings агенттігі Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын растады 11.12.2024
2024 жылы 6 желтоқсанда Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Алматы қаласының кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжамы «Тұрақты». Бұл ретте, Алматы қаласының тәуелсіз кредиттік рейтингі «BBB+» деңгейінде расталды.Алматы қаласының жоғары тәуелсіз кредиттік рейтингі экономиканың динамикалық дамуы, жергілікті бюджеттің едәуір өсуі және бюджеттің төмен қарыз жүктемесімен негізделген, бұл «AAA» санатына сәйкес келеді.2024 жылдың 10 айында қаланың қысқамерзімді экономикалық көрсеткіші 5,2%-ға дейін жеделдеді. Өсу бизнестің және инвестициялық белсенділіктің артуымен қатар жүрді. Негізгі капиталға салынған инвестиция 8,2%-ға өсіп, 1,3 триллион теңгеге жетті. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің кірісі 21,2%-ға артып, 1 753 миллиард теңге болды.«BBB+» деңгейіндегі тәуелсіз кредиттік рейтинг Алматы қаласының әкімдігіне ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және дамыту үшін жасыл облигациялар шығаруға мүмкіндік береді.Fitch рейтингінің жарияланымын мына сілтеме арқылы оқи аласыз: https://www.fitchratings.com/research/international-public-finance/fitch-affirms-city-of-almaty-at-bbb-outlook-stable-06-12-2024. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900208
Алматыда кезекті заңсыз кафені бұзуға кірісті 11.12.2024
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сот шешімі бойынша заңсыз деп танылған Айнабұлақ -1 6 «Б» ш/а кафені бұзудың басталғаны туралы хабарлады.Кафенің меншік иесі (жеке тұлға) АПЗ, эскиздік жобаны келісу, жобаны сараптау және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаса да құрылысты салған.Бұрын Басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берген болатын.2024 жылғы 7 ақпанда Басқарма Жетісу аудандық сотына объектіні бұзуға талап арыз берді. Сот шешімімен талап-арыздар қанағаттандырылды, қалалық соттың 2024 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалды.Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 53 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «Khan», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900219
Ақтөбеде халықаралық әуежай аумағында арнайы экономикалық аймақ салуды бастады 10.12.2024
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды.Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков Ресейдің Орынбор облысымен және Қазақстанның алты облысымен шектесетін аймақтың географиялық жағынан қолайлы орналасуына тоқталды. Ведомство басшысы атап өткендей, бұл шекаралық сауданы кеңейтуге және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қолайлы жағдай туғызуда.2024 жылдың тоғыз айында Ақтөбе облысын қоса алғанда Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23 пайызға өсіп, 1,2 миллиард долларға жетті. Аймақтың халықаралық сауда мен логистиканың маңызды буынына айналуына ықпал ететін трансшекаралық хабтарды белсенді дамыту жоспарлануда. Ә.Молдағұлова атындағы әуежайда АЭА құру инвесторларға, бизнеске және халықаралық ұйымдарға жаңа мүмкіндіктер беретін осы стратегиядағы маңызды қадам болмақ.«Арнайы экономикалық аймақ құру жобасы облыстың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған және Ақтөбе облысының транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Көлік-логистика саласында тоғыз негізгі саланы және өнеркәсіптегі 29 саланы құру жоспарлануда, бұл өңірдің одан әрі дамуын қамтамасыз етіп, шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді», — деді Досжан Әлібеков.АЭА аумағы — 858 гектар. Түркияның S Sistem Lojistik компаниясы «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, әуежай аумағында логистикалық хабтың құрылысын бастап кетті. Бұл жоба 130 жаңа жұмыс орнын ашып, транзиттік тасымалдауды дамытудағы маңызды қадам болмақ. Әуежай аумағында 10,0 га жер телімі анықталды.Жобаның бірегейлігі жүктерді тасымалдау және әуежай арқылы ұшу көлемінің ұлғаюында, бұл тауарлардың экспорты мен импортын дамытуға жаңа мүмкіндік береді. Логистикалық хаб қызметтерінің негізгі тұтынушылары Ақтөбе облысының сауда-өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердің серіктестері болады.Айта кетерлігі, қазірдің өзінде облыста жеткізу тізбегін тиімді басқаруды және жүктерді тасымалдауды қамтамасыз ететін «Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорны» ЖШС және «Астық Логистикс» ЖШС сияқты негізгі көлік-логистикалық орталықтар жұмыс істейді.Облыс әкімі Асхат Шахаров АЭА құру инвестиция тартуға, тауар айналымын арттыруға және өңірдің логистикалық қолжетімділігін жақсартуға ұйытқы болатынын баса айтты. Жобаны жүзеге асыру Ақтөбе қаласын халықаралық сауда мен транзит үшін стратегиялық маңызды хабқа айналдырып, жаңа деңгейге көтереді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899403
Мемлекет басшысы Хромтаудағы «Болашақ» шахтасының жұмысымен танысты 10.12.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары «Болашақ» шахтасын аралап көруден басталды. Шахтаның қуаттылығы жылына 7,5 миллион тонна хром рудасын өндіруге жетеді.Мемлекет басшысына жаңа нысанда 1800 жұмыс орны құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тартылатын инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады.Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов «Болашақ» шахтасы ERG компаниялар тобының ірі инвестициялық жобаларының бірі саналатынын атап өтті.Кәсіпорын «Миллионное» және «Алмас-Жемчужина» кен орындарын игерумен айналысады. Кен қазу ісіне автоматты режимде бұрғылайтын интеллектуалды бұрғылау қондырғысы, қашықтан жер үстінде басқару жүйесі, сондай-ақ толықтай автоматтандырылған жүк көтеру машиналары секілді озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар қолданылады.Компания басшысының айтуынша, Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасын іске қосу еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі тарихи оқиға болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899705
Қасым-Жомарт Тоқаев Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжіне барды 10.12.2024
Президентке бұл білім ошағы еліміздің батыс өңіріндегі тау-кен саласына мамандар даярлайтын жалғыз кәсіптік оқу орны екені баяндалды.1979 жылы негізі қаланған колледжде 1157 студент кенші, ұңғылаушы, кен байытушы, слесарь, тау-кен электр механигі, электр монтері және басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатыр.Оқу орнының директоры Бағдашжан Молдашева Мемлекет басшысына білім беру үдерісінде қолданылатын озық технологиялар жөнінде мәлімет берді.Атап айтқанда, колледжде теориялық білімді тәжірибемен ұштастыратын дуальды оқыту жүйесі енгізілген. Студенттер колледж аумағындағы оқу-шахта полигонында өндірістік тәжірибеден өтіп, техникамен жұмыс істеудің күрделі әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сондай-ақ жаттықтырушы-симуляторлар арқылы шахтадағы жағдайға барынша ұқсас ортада жұмыс дағдыларын үйренеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899794
Президент №1 Хромтау орта мектебін аралап көрді 10.12.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев мектептің білім беру ісіндегі ерекшеліктерімен және оқушылардың зертханалық жұмыстарымен танысты.Президентке бұл оқу ордасы «Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін цифрлық технологияларды қолдана отырып дамыту» пилоттық жобасына енгізілгені жөнінде ақпарат берілді.Қанатқақты жоба шағын жинақты мектептерде цифрлық технологияларды қолдану арқылы білім берудің сапасы мен оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жоба аясында мұғалімдер қашықтан тәжірибе алмасады.Мемлекет басшысы аталған білім ошағындағы және басқа да ауыл мектептеріндегі оқушылардың ашық сабағына онлайн-режимде қатысты.Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев шалғай елді-мекендерде тұратын балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін мектепке автобус сыйға тартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899976
Президент құбыр зауытын аралап көрді 10.12.2024
Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласындағы болат құбырларын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты.Кәсіпорын жылына 20 мың тонна өнім өндіреді. Құны 3,5 миллиард теңге болатын нысан биыл шілде айында пайдалануға берілген.Зауыт құрылтайшысы Мирғали Бурбаевтың айтуынша, қазір өндіріс орнында құбырларды, металл әзірлемелерін дайындайтын қондырғылар іске қосылған.Президентке зауытты дамытудың ұзақмерзімді жоспары баяндалды. Кәсіпорын алдағы уақытта шығарылатын өнім түрлерін көбейтіп, цехтардың қуаттылығын арттыруды көздеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900175
Абай облысында өңірлік даму бағдарламасын іске қосады 10.12.2024
БҰҰДБ ел Үкіметімен бірлесіп Абай, Ұлытау, Жетісу және Қызылорда облыстарын қамтитын ауқымды өңірлік бағдарламаны іске қосады. Осыған орай Абай облысына жұмыс сапарымен БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) өкілдері келді. Күн тәртібінде Абай облысын дамыту және қолдау жөніндегі өңірлік бағдарламамен жұмысты бастау мәселесі қаралды.«Абай облысында өңірді дамыту бойынша бірқатар жұмыс жүргізілуде. Оңтайлы шешімдерді іздеу үшін әртүрлі алаңдарда мақсаттарды іске асыру мәселелерін талқылауға көп көңіл бөлінеді. Берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, біздің облыстың халықаралық ұйымдармен көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге арналған стратегиялық бағытқа бейілдігін растағым келеді. Жалпы, тараптар арасындағы қарым- қатынастың маңызын түсіне отырып, Абай облысы барлық саладағы диалог үшін ашық және БҰҰДБ облыстық бағдарламасының ұсыныстарын қарауға дайын», - деді кездесуде облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев.2023 жылдың желтоқсан айында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары БҰҰДБ қолдауымен Абай облысында тұрақты даму мақсаттарының индикаторларын (ТДМ) келісу бойынша семинар өткізді. Талқылауға облыстық басқармалар мен ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Іс-шараның қорытындысында өңірлік индикаторлар тізбесі келісіліп, олардың бір бөлігі өңірді дамыту бағдарламасына енгізілетін болады.«БҰҰДБ өңірлерді дамыту үшін жобаларды пысықтауда. Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі - әлеуметтік саланы дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, сондай-ақ айналмалы экономика және мал шаруашылығы саласындағы бастамаларды іске асыру. Үлкен жұмыс атқарылды. Ең маңызды мәселе - стратегиялық жоспарлау. Менің ойымша, біздің жұмысымыз жемісті болады», - деді БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов.2025 жылға арналған жоспарлар өңірдің даму жоспарларын ТДМ-мен үйлестіруді, өңірлік деңгейде орнықты даму мақсаттарын оқшаулауды, әкімдік пен жеке сектор арасында бағдарламаларды бірлесіп қаржыландыру тетіктерін құруды, әлеуметтік нысандар құрылысының іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін тексеру комиссиялары мен мәслихаттарды тартуды қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/900344
Қостанай облысында жылына 10 000 тонна сыр өнімін өндіретін зауыт іске қосылады 10.12.2024
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі Кешенді жоспар аясында нақты шаралар қабылдануда.Мәселен, 2023 жылы өңдеу саласында аймақта жылына 170 мың тонна бұршақ дақылдарының жармасын өндіру жобасы іске асырылды. Бұл жобаға «КАЙДЗЭН» ЖШС 9 млрд теңге инвестиция салды. «S-Agro-Borovskoe» компаниясы 40 тонна құрғақ бие сүтін өндіруді жолға қойды.Ағымдағы жылы «Аруана-2010» ЖШС жылына 90 мың тонна ұн өндіретін жаңа диірмен кешенін іске қосты. Жыл соңына дейін жылына 10 мың тонна сыр өнімін өндіретін зауыт пайдалануға беріледі. Бұл жобаға «МИЛХ» ЖШС 7,2 млрд теңге инвестиция жұмсады.Аймақта бұл бағыттағы жұмысты күшейту жоспарланып отыр: 2026 жылы «AC Agro» ЖШС жылына 100 мың тонна бұршақ дақылдарын қайта өңдейтін зауытты іске қосуды жоспарлауда. Жобаның құны – 24 млрд теңге.Сонымен қатар, «Баян Сұлу» АҚ «Кондитерлік астана» өндірістік кешенін салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 13 мың тоннадан асады.2027 жылға қарай «Qostanai Grain Industry» ЖШС астықты терең өңдеу жобасын іске асырады. Жылына 415 мың тонна астықты қайта өңдеу арқылы глютен, крахмал, амин қышқылдары, биоэтанол және басқа да өнімдер өндіру қолға алынады. Жобаға 70 млрд теңге инвестиция салынады.Жалпы, 2027 жылға дейін Қостанай облысында аграрлық сектордың барлық саласында 96 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Оның ішінде, мал шаруашылығында – 32, өсімдік шаруашылығында – 47, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде – 17 жоба бар. Жалпы инвестиция көлемі 232 млрд теңгені құрайды. 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/899651
Фермерлер тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша 3,8 млрд теңгеге өтінім берді 10.12.2024
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «ҰК» АҚ-на тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша астық жеткізуге ауыл шаруашылығы өндірушілерінен 287 өтінім келіп түсті. Өтінімдердің жалпы көлемі 3,8 млрд теңгеге 57,3 мың тоннаны құрады.Ең үлкен белсенділік астық егетін өңірлердің фермерлері арасында байқалады:Солтүстік Қазақстан облысы-121 өтінім;Қостанай облысы - 99 өтінім;Ақмола облысы - 60 өтінім;Павлодар облысы-7 өтінім.Астықты сатуға 226 ауыл шаруашылығы кәсіпорны өтінім беріп үлгерді. Негізінен фермерлер астық операторына 3-сыныпты бидай жеткізуге дайын. 4-ші, 5-ші дәрежелі бидай мен арпаның көлемі едәуір аз.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 18 қарашада Азық-түлік келісімшарт корпорациясы шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан астықты тікелей сатып алу жөніндегі бағдарламаның басталғанын хабарлады. Қолдаудың басым шаралары шағын және орта фермерлерге өнімнің кепілдендірілген сатылымын қамтамасыз етуге арналған.Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бағдарламасы шеңберінде глютеннің құрамына байланысты 3-сыныпты бидайдың сатып алу құны 75 мыңнан 90 мың теңгеге дейін құрайды. Астық операторы 4 – сыныпты бидайды фермерлерден 55-тен 65 мың теңгеге дейінгі бағамен, арпаны тоннасына 50 мың теңгеден сатып алады.Тікелей сатып алу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бірінші кезеңде арпасы 500 гектардан аспайтын бидай егу алаңы бар фермерлік шаруашылықтардан өтінімдер қабылданады. Екінші кезеңде оларға бидай, арпа егу алаңы 1000 га немесе одан да көп агроөнеркәсіп қосылады. Бұл ретте бір ауыл шаруашылығы кәсіпорнынан сатып алынатын астықтың жиынтық көлемі 300-ден 700 тоннаға дейін құрайды. Мұндай шектеу мүмкіндігінше көп фермерлік шаруашылықтардың мемлекеттік қолдау қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін енгізіледі.Астықты тікелей сатып алуға бастапқыда 10 млрд теңге бағыттау жоспарланған болатын. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бағдарламаны қаржыландыруды өз резервінен 3 млрд теңгеге ұлғайтты. Нәтижесінде бағдарламаның жалпы бюджеті 13 млрд теңгені құрайды, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінен 200 мың тоннадан астам астық сатып алуға мүмкіндік береді.Анықтама үшін байланыс телефондары:Астана қ., Московская к-сі, 29/3, тел. (8-717-2) 59-12-32 (ішкі. 2484; 2025;), 59-12-39 (ішкі. 2375), 59-12-61 (ішкі. 2261), 55-11-60 (ішкі. 2476);Ақмола облысы: Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22;Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-95-67, 56-06-57;Қостанай облысы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20;Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизан көшесі, 160, тел. (8-715-2) 55-11-60, 42-22-66.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/899678
Астық, майлы дақылдар және бұршақ дақылдарын өндірушілерге арналған сауда стратегиясы бойынша ұсыныстар 10.12.2024
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі.Дәнді дақылдарЖелтоқсан айының басында «үштіктің» құны 25 теңгеден 5 теңгеге, дәнмаңызбен 28 теңгеден 1 теңгеге/кг түсіп кетті.Трейдерлердің айтуынша, аграршылар баға белгісінің өсуін күтіп, бидайды жоғары деңгейде ұстауды жалғастыруда.ZM респонденттерінің бағалауы бойынша, астық құны Ресейдегі күздік күздің жағдайына байланысты көктемге қарай өзгереді. Егер олардың жағдайы қанағаттанарлықсыз болса, демек, егін-2025 болжамдары төмендейді, бұл Ресей Федерациясында да, ҚР-да да бағаның көтерілуіне әкеледі. Трейдерлер шатасуда – «ішкі нарықтағы түсінбеушіліктерге байланысты қай бағаға сатып алу керектігін, не сату керектігін білмейміз».элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +105-1САТУ14590жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін66-5САТУ9570жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін63-САТУ8560жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін57-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ8050жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін48-САТУ6535арпа 2 сыныпты50-САТУ6035Дурум (прот 14+)85-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ12070Дурум (прот 15+)102-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ15090қызыл – бір апта ішінде төмендеу, жасыл-жоғарылау Майлы/Бұршақ ДақылдарыМайлы топта зығыр мен мақсары 4 теңгеге қымбаттады, күнбағыс 9 теңге/кг-ға өсті.Трейдерлердің бірінің айтуынша, майлы дақылдар Қытайға барады. Алашанькоу бағасы:* мақсары -л 345/ тонна;* күнбағыс - 500 доллар/ тонна;* зығыр - 500-505 доллар/ тонна.Кейбір трейдерлер майлы май әлі жөнелтілмегенін, келісімшарттар дайындалғанын айтады. Сонымен қатар, Ресейдің еуропалық бөлігінде күнбағыс ұзақ уақыт бойы қымбаттағаннан кейін бағаның өсуін тоқтатты. Сарапшылардың бағалауы бойынша, майлы майдың құны күнбағыс майының экспорттық бағасының төмендеуі және өңдеушілердің сұранысының төмендеуі аясында түсіп кетті.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минЗығыр202+4САТУ200170Рапс209-САТУ250180Күнбағыс174+9ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ190160Мақсары94+4ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ11085Соя193-САТУ285200Қыша қара/ақ215-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ300200Бұршақ (сары)*92-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ17080Жасымық қызыл**182-САТУ220180Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **400-САТУ450350* - сыйақылы сапа кезінде солтүстік өңірлер, * * - ҚҚС-сыз Курсив жаңа өнім бөліп берді Түсіндірме:Ағымдағы баға-келісімшарттар жасалатын элеваторда немесе вагонда Қазақстан ішіндегі ҚҚС-пен орташа өлшенген бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне, жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.Ұсыныстар: стоп-сауданы неғұрлым қолайлы бағаларға дейін тоқтата тұру ұсынылады; қажет болған жағдайда сату (техникалық, қаржылық); сату – тауарды сату ұсынылады, өйткені жақын арада қолайлы перспективалар күтілмейді.Мүмкін макс-бұл нақты брошюраның авторлары ағымдағы сауда маусымында бағаға жетуі мүмкін сияқты көрінетін бағаның жоғарғы шегі. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Мүмкін мин-бұл ағымдағы маусымда Мәдениет қол жеткізе алатын бағаның төменгі шегі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/900032
ТЖМ көшкін қаупі туралы ескертеді 10.12.2024
Алматы қаласының, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аумақтары қар көшкініне неғұрлым бейім. Қар көшкіні адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін (атап айтқанда, альпинистер, тау шаңғысы мен сноубордингті сүйетіндер, фрирайдер) және шаруашылық объектілеріне елеулі залал келтіруі мүмкін. «Қазіргі уақытта Республиканың таулы аудандарындағы қардың биіктігі норманың шегінде немесе одан асады. «Қазгидромет» РМК ауа райы болжамына сәйкес желтоқсан айында таулы аудандарда жауын-шашын нормадан асады деп күтілуде. Қар көшкіні астында қалмау үшін тауға жиналатын әрбір адам тауларда және қар көшкіні кезінде өзін ұстаудың негізгі ережелерін үйренуге міндетті», - ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Ерболат Садырбаев атап өтті. Көшкін қаупі бар кезеңде жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін көшкін қауіпсіздігінің мынадай шараларын сақтау қажет:- тауға шығу кезінде ауа райы болжамын есепке алу және маршруттар картасын жасау;- көшкін қауіпсіздігінің негіздерін білмей топ болып сырғанауға және қауіпті аудандарға шықпауға;- көшкінге түскен адамды іздестіруге мүмкіндік беретін көшкінді қабылдап-таратқышты (биперді) өзімен бірге алған дұрыс;- туристiк топтың құрамында көшкiн қаупi бар баураймен қозғалған кезде әрбiр қатысушы көшкiн таспасын белiне байлауы тиiс. Егер қар көшкіні жоғары түсіп, бірдеңе жасауға уақыт болса, онда саған қар көшкіні келіп тұрған кездегі мінез-құлық ережелерінің бірін еске түсіру өте маңызды: тасқын жолынан қауіпсіз жерге кету керек, төмен емес, көлденеңнен қозғалу керек. Сондай-ақ, үңгірдің сыртына жасырынуға, биіктікке, тұрақты тастарға немесе мықты ағашқа шығуға болады. Егер қар көшкінінен құтыла алмаған болса, онда жүріс-тұрыс қағидаларының бірі – жүгіртпелі ағынға созылатын барлық заттардан, яғни рюкзактан, шаңғыдан, таяқтан, мұз мұздақынан бірден арылу керек. Жоғарыда қалу үшін қолдан келгеннің бәрін (соның ішінде жүзу қимылдарын) жасай отырып, ағашқа, тастарға, бұталарға асылып қалу керек. ТЖМ мамандары тау беткейлерінде қардың тұрақсыз болуына байланысты қар басуды болдырмау үшін таулардың қар басқан беткейлеріне шықпауды ұсынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/899725
Ұлы миссияға арналған заманауи техника 10.12.2024
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен автопарктерді жаңарту, өңірлерді қажетті жабдықтармен және техникамен жарақтандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, бұл барлық деңгейде жеделдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы ТЖД техникалық базасы республикалық бюджет қаражаты есебінен ТЖМ қолдауымен жаңа техникамен және жабдықтармен толықтырылды. Шымкент қаласы ТЖД автопаркі 3 өрт техникасымен толықтырылды. Олардың ішінде өртті сөндіруге, сондай-ақ оқиға орнына жауынгерлік есептоптарды, өрт-техникалық жабдықтар мен өртті сөндіру құралдарын жеткізуге арналған «КАМАЗ» базасындағы АЦ-5-40 екі автоцистернасы және құтқару жұмыстарын жүргізуге, адамдарды 30 метрге дейінгі биіктіктен эвакуациялауға мүмкіндік беретін «КАМАЗ» базасындағы бір АЛ-32 автосатысы мен басқа жұмыс түрлері. Сонымен қатар бір бірлік кинологиялық қызметке арналған техника сатып алынды. Бейнетіркегіштер, ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар), байланыс құралдары, жарықтандыруға арналған жабдықтар және зерттеу жүргізуге арналған құралдар сатып алынды. Қызылорда облысы ТЖД автопаркі 4 өрт техникасымен толықтырылды, бұл төрт бірлік «КАМАЗ» базасындағы АЦ-5-40 автоцистернасы. Бұл өрт техникасы елдің өрт қауіпсіздігін күшейтетіні және төтенше жағдай мен өрттерді уақтылы жоюға ықпал ететіні сөзсіз. Автопаркті жаңарту және заманауи жабдықтармен жарақтандыру табиғи апаттарға, техногендік оқиғаларға және басқа да авариялық жағдайларға неғұрлым жедел ден қоюды қамтамасыз ете отырып, құтқару қызметтерінің жұмысын жақсартады. Бұл шаралар азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ ТЖ қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған. Бұл әртүрлі төтенше жағдайларға дайындықты арттырудың маңызды қадамы және тиімді әрекет етудің жаңа мүмкіндігі. Жалпы ТЖМ 62 бірлік жаңа өрт техникасын сатып алды, ол ел өңірлеріне таратылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/899962
ТЖМ құтқарушылары балаларды қауіпсіздік шараларына үйретеді 10.12.2024
ТЖМ қызметкерлері өскелең ұрпақпен ТЖ кезінде қауіпсіздік шараларын оқыту бойынша жұмыс жүргізуде, бұл төтенше ведомствоның басым міндеттерінің бірі. Осы іс-шара аясында балалар үшін түрлі іс-шаралар өткізіледі, олардың форматы аудиторияның жасына байланысты. Бұл тақырыптық сабақтар, әңгімелер, интерактивті сабақтар, жарыстар және т.б. Балалар уақытша қараусыз қалған жағдайда да, олар қиындық туғызбау үшін өздерін қалай ұстау керектігін білуі маңызды. Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері облыс аумағындағы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып оқушыларына ашық сабақтар ұйымдастыруда. Ашық сабақта бүлдіршіндерге департамент арнайы әзірлеген «Құтқарушы мамандығы» тақырыбында түрлі түсті бояу кітапшасы табысталды. Бұл кітапша құтқарушы мамандығымен танысу, түрлі логикалық ойындар мен арнайы жұмбақтардың шешімін табу арқылы бүлдіршіндер санасына қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Қазіргі таңда бұл кітапшаның 5 мың данасы шығарылып, білім беру ұйымдарына таратылуда. Астана қаласы ТЖД құтқарушылары түзету сыныптарының балаларымен сабақ өткізді. Оқушылар үшін «Брайль» жазуы бар қауіпсіздік жадынамалары әзірленді. Құтқарушылар аталмыш сабақтарды ТЖМ әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес өткізді. Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері білім беру мекемелерімен «Қысқы кезеңде су айдындарындағы (мұздағы) қауіпсіздік», «Су айдындарында зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыптарында интерактивтік онлайн-сабақты өткізді. Іс-шараға 205 мектептен 953 мұғалім, 10147 оқушы қатысты. Осы бағыттағы іс-шаралар жалғасуда және тұрақты негізде өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/900146
Абай облысы бойынша 2024 жылғы қарашадағы тұтыну бағасының индексі 10.12.2024
Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2024 жылғы қарашада өткен айға қатысты алғанда 101,1 % құрады. 2024 жылғы қарашада облыс бойынша тұтыну бағасының индексіпайызбен 2024 жылғы қараша2024 жылғы қаңтар- қараша2023 жылдың қаңтар- қарашасына 2024 жылдың қазанына 2023 жылдың желтоқсанына Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер101,1108108,7Азық-түлік тауарлары100,7105,3106,3Азық-түлік емес тауарлар100,8107,8106,8Ақылы қызметтер101,8112114,7 Азық-түлік тауарларының арасында 2024 жылғы қарашада 2024 жылдың қазанмен салыстырғанда жемістер мен көкөністер 4,7% (басты пияз–6,9%, ақ қауанды қырыққабат–6,4%, картоп–1,2%, алмұрт–0,9%, қызылша, алма–0,1%), 1 санаттағы жұмыртқа–4%, май және тоң май–1,3% (күнбағыс майы–2,1%, тұздалмаған сары май–1,3%), шай–1,2%, сүзбе майлылығы 5-9%–0,7%, алкогольдік ішімдіктер –0,4%, бірінші сұрыпты бидай ұны, сиыр еті, қой еті, ұнтақ жармасы, балық және теңіз өнімдері–0,1% қымбаттағаны тіркелді. Сәбіз–4,3%, қант құмшекер–1,9%, макарон өнімдері–0,7%, сұлы жармасы–0,5%, күріш–0,3% арзандай түсті. Азық-түлік емес тауарлардан дизель отыны–10,6%, сұйытылған газ (баллондағы)–2,4%, қатты отын–1,2%, киім және аяқ киім–0,9%, жуғыш және тазалағыш заттар, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдары–0,4%, фармацевтикалық өнімдері–0,3%, жеке пайдалануға арналған тауарлар–0,2%, бензин–0,1% қымбаттады.Ақылы қызмет бойынша орталық жылыту тарифтері–17,2%, тұрғын үйді жалға беру–4,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі–3,3%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері–1,7%, амбулаториялық қызметтер–0,7%, жолаушылар көлігінің қызметі–0,3% өсті.________________________________________________________________________________________________________________ Әдіснамалық түсініктемелерИнфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар–30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды. www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы Орындаушы:A. E. ЕрнароваТел. +7 7222 36-27-25Баға статистикасы бөлім басшысы:Г.Т. ШакшановаТел. +7 7222 36-27-25Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/900194
