Норвегия Корольдігінде Наурыз мейрамы атап өтілді

Норвегия Корольдігінде Наурыз мейрамы атап өтілді

29.03.2026 08:23:27 225
2026 жылғы 21–22 наурыз аралығында Норвегияның батыс жағалауындағы Ставангер және Берген қалаларында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
 
Іс-шара барысында қонақтарға қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлері, ұлттық тағамдар, соның ішінде «Наурыз көже», сондай-ақ Қазақстан, оның тарихы және Наурыз мейрамының маңызы туралы ақпарат ұсынылды. Мерекеге қазақстандық диаспора өкілдерімен қатар жергілікті тұрғындар да қызығушылық танытты.
 
Мерекелік іс-шаралар жылы әрі достық ортада өтіп, қонақтарды ортақ құндылықтар мен дәстүрлер төңірегінде біріктіріп, қатысушыларға Қазақстан мәдениеті туралы жағымды әсер қалдырды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-oslo/press/news/details/1187132?lang=kk