Enbekshi QazaQ

Саясат

Елдос Сметов елордалық жас дзюдошылармен кездесті 04.12.2024
Олимпиада чемпионы Астанада Kodokan Spirit дзюдо орталығының тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Салтанатты іс-шарада Елдос Сметов Астананың дарынды жас дзюдошыларына спортта сәттілік тілеп, өз қолтаңбасы бар мерейтойлық кимоноларды сыйға тартты.Бүгінгі кездесуде жасөспірімдер Олимпиада чемпионына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.«Олимпиададағы ең қиын белдесуім 2023 жылғы әлем чемпионы Франсиско Гарригосқа қарсы өтті. Жеңіске жету жолымда ол бір ғана мүмкіндік берді. Нәтижесінде өз сәтімді тиімді пайдаланып кеттім. Жалпы қай жерде болмасын, түсінген адам жетістікке тек отбасының қолдауы арқасында жете алады. Ата-ананың дұғасы, разылығы – жеңіске жетудің басты кілті», - деді Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов.Енді ғана осы спортқа ден қойған жас спортшы Елдостан дзюдода өткерген ең қиын сәтін сұрады.«Өзбекстандағы халықаралық жарыста 40 келіде күресуім қажет еді. Бірақ салмағым 44 келіні құрады. 4 келіні тез арада қуған сәтім әлі күнге дейін есімнен кетпейді», - деп жауап берді ол.Айта кетейік, ауданы 1 200 шаршы метрді құрайтын жаңа Kodokan Spirit дзюдо орталығында мыңнан астам бала дзюдомен айналысады. Спорт кешені 180 орындық стендпен, олимпиадалық сападағы жапон татамиімен, заманауи желдеткішпен және жарықтандырумен жабдықталған. Негізгі залдан басқа, спорт кешенінде көп функциялы жаттығу залы, топтық сабақтарға арналған екі шағын зал, ата-аналарға арналған ыңғайлы күту алаңы және асханасы бар.Астана дзюдо федерациясының президенті Ғайса Жұмалиевтің айтуынша, елордада әлемдік аренада ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін көптеген дарынды спортшылар бар. Kodokan Spirit дзюдо орталығында жаттығу жасайтын Астана ересектер құрамасы алғаш рет Қазақстанның 20 өңірінің арасында жалпы командалық есепте үшінші орын алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895724
Экологиядан инклюзияға дейін: Астанада Үздік еріктілер марапатталды 04.12.2024
Халықаралық волонтерлер күні қарсаңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Астанада Volunteer FEST-2024 фестивалі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Экология, медицина, әлеуметтік көмек, инклюзия, қауіпсіздік, жануарларды қорғау және т. б. салаларда жұмыс істейтін еріктілер мен волонтерлік ұйымдары марапаттарға ие болды.Фестивальді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.Фестиваль аясында елорданың дамуына елеулі үлес қосқан 70-тен астам еріктілер ұйымы марапатталды.Марапаттар қызметтің кең спектрін қамтитын сегіз номинация бойынша берілді: табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық волонтерлік; халықтың осал топтарын қолдайтын әлеуметтік волонтерлік; жеделдік пен берілгендік маңызды төтенше жағдайлар кезіндегі волонтерлік; мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесетін инклюзивті волонтерлік; event-іс-шараларды ұйымдастыруды қолдайтын волонтерлік; қоғамдық тәртіптегі волонтерлік, қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету; салауатты қоғамды қолдайтын медицина саласындағы еріктілік; жануарлардың тіршілігін сақтауға бағытталған жануарларды қорғау волонтерлігі.Осы санаттардың әрқайсысы еріктілердің қоғамды дамытудағы және оның өзекті мәселелерін шешудегі маңызды рөлін көрсетеді.«Сіз үлкен өзгерістерге себеп болған кезде, сіздің міндетіңіз өз еліңізді жақсарту және қиын жағдайға тап болғандарға көмектесу екенін түсінесіз. Біздің бір мақсатымыз – мұқтаж жандарға қолдау көрсету және жанашыр азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеу», - деп атап өтті «Мейірімді жандар» еріктілер қозғалысының жетекшісі Динара Ыдырысова.«Мейірімді жандар» қозғалысы бес жылдан астам уақыт бойы көп балалы аналарға, ерекше балалары бар отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесіп келеді. Оның күш-жігері тек көмек берумен шектелмейді, қолдауға ие болғандардың көпшілігі қазір өздері де ерікті.«Волонтерлік - бұл өз ісіне жанқиярлықпен қызмет ету. Біздің еріктілер жоғалған адамдарды іздеуге, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуге, экологиялық жағдайды жақсартуға белсенді қатысады. Бүгінде Астанада 6000-нан астам адамды қамтитын 70-ке жуық ұйым жұмыс істейді. Біз оларды наградалармен ғана емес, бағалы сыйлықтармен, кездесулермен және кері байланыспен де қолдауға тырысамыз», - деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев.Биыл жастар мен күміс еріктілерге-қоғамға көмектесуге белсенді қатысатын егде жастағы адамдарға ерекше назар аударылды.Фестивальге мыңдаған қатысушы жиналды, олардың арасында танымал қоғам қайраткерлері, блогерлер мен эстрада жұлдыздары болды. Қонақтар еріктілердің жұмысымен таныстыратын фотокөрмені тамашалады.Іс-шара мереке ғана емес, еліміздің экологиясын жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасын қолдаудағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895752
Киокушинкай-кан каратэден Азия чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер Астана әуежайынан қарсы алды 04.12.2024
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен киокушинкай-кан каратэден Азия чемпионатында топ жарған қазақстандық спортшыларды Астана халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Чемпионат қорытындысы бойынша ересектер санатындағы Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 10 алтын жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға ие болды. Оның ішінде Астана қаласының спортшылары жалпы 7 алтын, 8 күміс және 7 қола медаль еншілеп, ел абыройын асқақтатты.«Чемпионатқа 15 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Біздің команда бұған дейінгі нәтижелерін жақсартып, командалық есепте көш бастады. Енді 2025 жылы Жапонияда өтетін Әлем чемпионатына дайындықты бастаймыз. Бұл жетістік - қазақстандық спортшылардың таланты мен табандылығының айқын көрінісі. Алдағы уақытта бұдан да жоғары белестерді бағындыратынына сенім мол», – деді киокушинкай-кан каратэден ұлттық құраманың бас бапкері Азамат Такенов.Астана құрамасының нәтижесі:Алтын медаль:* Жамидинова Еркеназ (16-17 жас, -60 кг);* Ай Асия (16-17 жас, -55 кг);* Қойшыбай Мұхаммедәлі (16-17 жас, -55 кг);* Ракишева Ұлжан (18+, -60 кг);* Жанғабылов Рахат (18+, -60 кг);* Карменов Әлішер (18+, -65 кг);* Аманов Айбек (18+, -75 кг).Күміс медаль:* Серік Айдын (18+, 70 кг);* Искаков Мақсат (18+, 75 кг);* Ғалымжанова Гульназ (18+, 55 кг);* Изтанатова Гульназ (18+, +60 кг);* Ахметова Назира (18+, 60 кг);* Менеева Мариям (16-17 жас, -50 кг);* Дулатов Жаныбай (16-17 жас, АБС);* Нұрхайдаров Жаннұр (16-17 жас, -55 кг).Қола медаль:* Сабиханов Нұрали (16-17 жас, -55 кг);* Улжебаев Тайр (16-17 жас, -60 кг);* Асылхан Берек (16-17 жас, -60 кг);* Баткен Бекарыс (16-17 жас, -70 кг);* Сағындық Әділжан (16-17 жас, АБС);* Ержанова Жания (18+, -60 кг);* Абдуқадыр Мұрат (18+, 60 кг).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895765
Түркістан облысында жылына 80 мың тонна мақта талшығын өндіретін зауыт іске қосылды 04.12.2024
Мақта кластерін дамыту аясында Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 2024-2030 жылдар аралығында құны 70 млрд теңге болатын 8 ірі жоба іске асырылады.Қуаты жылына 80 мың тонна мақта талшығы өндірілетін «ZHANASSYL» ЖШС зауыты 3 желтоқсанда пайдалануға берілді.Зауыттың жанында Мақтаарал және Жетісай аудандарында 13 мақта қабылдау пункті жұмыс істейді. Астық жинау науқаны басталғалы бері 41 мың тоннадан астам мақта қабылданды.Зауыт тәулігіне 600 тонна шитті мақта өңдейді және 180 тонна жоғары сапалы мақта талшығын, мақта линтін және басқа да өнімдерді шығарады.Өнім ҚХР, Түркия, Еуропа, Тәжікстан, Иран және Қырғызстанға экспортталатын болады.Бұдан басқа, жоба шеңберінде кәсіпорында тамшылатып суару таспасы мен мақта тұқымын қайта өңдеу өндірістерінің құрылысы жүргізілуде. Жобалардың жалпы құны 3 млрд. теңге. Оларды іске қосу 2025 жылға жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/895723
Қазақстан ТЖМ еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін жақсарту үшін заңға өзгерістер енгізуді ұсынды 04.12.2024
Төтенше жағдайлар министрлігінде ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Отырыс бейнеселекторлық режимде орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің, облыстар, Алматы және Шымкент қалалары әкімдері орынбасарларының, сейсмикалық қауіпті өңірлердегі ТЖД бастықтарының қатысуымен өтті. Қатысушылардың баяндамаларында сейсмикалық қауіпсіздік және сейсмологиялық бақылау желісін жаңғырту мәселелері бойынша жұмыстар қозғалды. Төтенше жағдайлар, цифрлық даму, ғылым және жоғары білім, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту және сейсмологиялық зерттеулер инфрақұрылымын дамыту шараларын ұсынды. ТЖМ ТЖ алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Айбол Ақпаров атап өткендей: «Еліміздің республикалық маңызы бар 2 қаласы мен 13 өңірі сейсмикалық қауіпті. Сейсмикалық қауіпсіздік проблемаларын кешенді шешу үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен сейсмологиялық саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді. Осы жоспар аясында сейсмикалық тәуекелін бағалау және жер сілкіністерінен болатын залалды болжау, мониторинг желісін кеңейту көзделген». Сонымен қатар ТЖМ «Азаматтық қорғау туралы» Заңына өзгерістер енгізу шеңберінде мемлекеттің, кәсіпкерлердің және халықтың осы саладағы өзара қарым - қатынасын реттейтін жеке тарау енгізуді ұсынды. Отырыс қорытындысы бойынша вице-министр Батырбек Әбдішев мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жетекшілік ететін бағыттар бойынша адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін жүргізуді, сейсмикалық құбылыстардың алдын алу және әсерін азайту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды. Отырыс соңында хаттамалық шешім қабылданды. ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/895710
Елордалық гимнасшылар халықаралық турнирде 69 медаль жеңіп алды 04.12.2024
Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің 33 гимнасшысы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен халықаралық турнирде тамаша нәтиже көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жарыста елордалық спортшылар спорттық гимнастика бойынша 17 алтын, 26 күміс және 26 қола медаль жеңіп алып, Қазақстанның абыройын асқақтатты.Бұл турнирге АҚШ, Кувейт, Катар, БАӘ, Ливан, Ресей және Кения елдерінің үздік гимнасшылары қатысып, жоғары деңгейде бәсекелестік танытты. Алайда қазақстандық спортшылар көпсайыс, тіреніп секіру, қоссырық, бөрене, керме және еркін жаттығуларда ерекше шеберлік көрсетіп, лайықты марапаттарға ие болды.Жарыс қорытындысы бойынша елордалық жас гимнасшылар жоғары дайындықтарын дәлелдеп, халықаралық аренада Қазақстанның спорттық гимнастика мектебінің беделін нығайтты.«Бұл жеңіс – еліміздің гимнастика саласындағы маңызды қадамы. Турнирге қатысқан жас дарындар мен тәжірибелі спортшылардың бірігуі, олардың табандылығы мен ынта-жігерінің нәтижесі. Астаналық спортшылар халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің гимнастика мектебінің әлемдік аренадағы орнын тағы бір мәрте дәлелдеді. Елордалық гимнасшылардың осындай ірі жеңісі – Қазақстан спортының дамуындағы жаңа белестердің жарқын көрсеткіші», – деді №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Данияр Тулегенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895712
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Қытайдан келген серіктестермен қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелерін пысықтауда 04.12.2024
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының ҚХР-ға ресми сапары аясында стратегиялық қытайлық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісті.Атап айтқанда, Бейжіңдегі Citic Group мемлекеттік қытай корпорациясының өкілдерімен кездесуде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Рустам Жанатаев Қазақстан аумағында астық пен майлы дақылдарды терең өңдеу зауытын салу мүмкіндіктерін талқылады. Объект пайдалануға берілген жағдайда ұлттық астық операторы өндірісті жүктеу үшін отандық аграрийлердің ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты негізде жеткізуге дайын. Бірінші кезеңде жыл сайынғы жеткізу көлемі 300 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін құрауы мүмкін.Бірлескен жұмысты жалғастыру мақсатында тараптар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен меморандуммен уағдаластықтарды бекітті.Қытайдың ірі агроөнеркәсіптік кәсіпорындарының қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында Рустам Жанатаев әлеуетті инвесторларға Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы форвардтық қаржыландыру бағдарламасына қатысуды ұсынды.«Қазақстандық фермерлерді ұлттық астық операторының кепілдігімен аванстау астық пен майлы дақылдарды белгіленген мерзімде және белгіленген бағамен жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді ол.Осыған ұқсас тәжірибені қазақстандық жасымық импортына мүдделі түрік компаниялары сынап көрді. Сондай-ақ, екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша азық-түлік корпорациясы мен қытайлық Jiangsu SOHO HoldingsGroup 200 мың тоннаға дейінгі көлемде қазақстандық жемдік арпаны жеткізуге келісімшартқа қол қойды.«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ - мемлекеттік астық операторы. Азық-түлік қауіпсіздігін және астықтың ішкі нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық қолдау көрсетеді, сондай-ақ астықты экспортқа жеткізумен айналысады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/895657
ТЖМ көшкін қаупі туралы ескертеді 04.12.2024
Республикамыздың таулы аудандары әртүрлі дәрежеде көшкін қаупін төндіреді. Көбінесе қар көшкіні Іле Алатауы жотасының беткейлерінде (Алматы қаласы) және Алтай (ШҚО) тауларында байқалады. Қыстың басы мен көктемнің басы қар көшкіні белсенді болатын ең қауіпті кезеңдер болып саналады. Биылғы жылы жалпы көлемі шамамен 1,2 млн. м3 213 қар көшкінінің өздігінен түсуі тіркелді. Жалпы, қазіргі уақытта қар биіктігі норма шегінде немесе нормадан асады.«Жыл басынан бері Қазселденқорғау халықтың, автожолдардың және тау шаңғысы базаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 112 қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстарын жүргізді, түсірілген қардың жалпы көлемі - 219 мың м3 құрады. Қауіпті кезеңдерде қар көшкіні қаупі бар аймағына халықтың және автокөліктің жүруін шектеу бойынша блок-бекеттер қойылды. Қауіпті кезең басталғанға дейін жергілікті атқарушы органдарға, қар көшкіні қаупі бар аймақтарда орналасқан тұрғын үй иелеріне және ұйымдардың басшыларына тиісті ұсынымдар берілді», - деп «Қазселденқорғау» ММ басшысы Ерболат Садырбаев атап өтті. Тау шаңғышылары, туристер, альпинистер қар көшкіні қаупіне неғұрлым бейім. Сондықтан қар көшкіні астында қалмау үшін, тауға жиналатын әрбір адам, қар көшкіні кезінде және тауларда өзін ұстаудың негізгі ережелерін үйренуге міндетті. Егер қар көшкіні жүруі мүмкін деген ескерту болған жағдайда, тауға барудан бас тартқан жөн. Егер ескерту болмаса, онда жолға шықпас бұрын метеорологиялық болжамдарды білу, қозғалыс маршруттарын жасау, дайындалмаған учаскелерде жүріп-тұрудан және сырғанаудан қалыс қалу, белгілінген соқпақтармен жүру, сондай-ақ көшкін қаупі бар жерлер туралы мүмкіндігінше көбірек білу, қауіпті беткейлерден барынша аулақ болу қажет (бұл қарапайым мінез-құлық ережесі өмірді сақтап қалуға толық қабілетті). Егер тауға шығар алдында қалың қар жауса, жорықты екі-үш күнге кейінге қалдырған жөн, ал қар көшкіні болмаған жағдайда, ол отырғанша күткен жөн. Сондай-ақ тауға жалғыз немесе бірге бармау өте маңызды: топпен жүру керек. Бұл қар көшкіні кезінде сақтандыруды қамтамасыз етеді, мысалы топқа қатысушылар көшкін лентасымен байланған болса, бұл қар басқан спутникті анықтауға мүмкіндік береді. Тауға шығар алдында өзімен бірге көшкінге түскен адамды іздестіруге мүмкіндік беретін көшкін қабылдағышын алған жөн. Өзімен бірге ұялы телефонды алып кетуді ұмытпау өте маңызды (ол бірнеше адамның өмірін сақтап қалды). Сондай-ақ қар көшкінінде қалған адамға «жүзіп шығуға» мүмкіндік беретін үрлемелі жастықтар жүйесі қарастырылған арнайы қар көшкіні рюкзактарын алу жаман емес. Тауда тек жолдар мен төселген аңғар соқпақтарымен және тау жоталарымен қозғалу керек, бұл ретте тік қар басқан баурайларға шығуға, оларды кесіп өтуге немесе зигзагпен қозғалуға болмайтынын есте сақтау өте маңызды. Егер қар көшкіні жоғары түсіп, амал жасауға уақыт болса, онда саған қар көшкіні келіп тұрған кездегі мінез-құлық ережелерінің бірін еске түсіру өте маңызды: тасқын жолынан қауіпсіз жерге кету керек, төмен емес, көлденеңнен қозғалу керек. Сондай-ақ үңгірдің сыртына жасырынуға, биіктікке, тұрақты тастарға немесе мықты ағашқа шығуға болады. Егер қар көшкінінен құтыла алмаған болса, онда мінез-құлық ережелерінің бірі - жүгіртпелі ағынға созылатын барлық заттардан, яғни рюкзактан, шаңғыдан, таяқтан, мұз жаратын құрылғыдан бірден арылу керек. Ағыстың шетіне қарай тез өтіп, жоғарыда қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек, ал мүмкіндік болса, ағашқа, тастарға, бұталарға ұстанып қалыңыз. ТЖМ таулардың беткейлеріндегі қардың тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкінін болдырмау үшін таулардың қар басқан беткейлеріне шықпауды және тауларға барудан бас тартуды ұсынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/895665
Ақтөбеде ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өтті 03.12.2024
Ақтөбеде «Сыбаға» дәстүрлер фестивалі аясында «Дәуір дефилесі» шарасы ұйымдастырылды. Ұлттық мәдениетті дәріптейтін мәдени шара қала тұрғындары мен қонақтарын қазақтың бай дәстүрімен таныстырып, ұлттық нақыштағы сәннің әсемдігін паш етуге бағытталды.Көрсетілімге Ақтөбемен қатар, Алматы, Ақтау және Шымкент қалаларынан келген отандық дизайнерлер ұлттық нақыштағы топтамаларын көптің назарына ұсынды. Киімдерге қазақ халқының ою-өрнектері, табиғи материалдар және дәстүрлі пішімдер ерекше үйлесіммен қолданылған. Әйелдердің әшекей бұйымдарымен толықтырылған камзолдары, ерлерге арналған шапан мен тымақтар, сондай-ақ заманауи үлгіде бейімделген этностильдегі көйлектер көрермендер ықыласына ие болды. Көрсетілім соңында олар дизайнерлерге алғыстарын білдіріп, ұлттық мәдениеттің осындай жаңа қырынан таныстырылғанына ризашылықтарын жеткізді.Ұлттық құндылықтарды насихаттау, жастардың дәстүрге қызығушылығын арттыру және ұлттық өнерді заманауи трендтермен үйлестіру мақсат еткен шараның соңында облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан «Дәуір дефилесіне» қатысқан барлық этнодизайнерлерге Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хатын табыстады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/895578
Астанадан күндізгі ауысымда 700-ге жуық жүк көлігі қар шығарды 03.12.2024
Елордадан күндізгі ауысымда сегіз мың текше метрден астам қар шығарылды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.3 желтоқсандағы күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер Астанадан сегіз мың текше метрден астам қарды 695 рейспен шығарды.4 желтоқсанға қараған түні қар тазалау жұмысына 230-дан астам жол жұмысшы және 400-ден астам арнайы техника жұмыс істейді.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 65 мыңға жуық рейс арқылы 829 мың текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895563
Аягөз ауданында қар тазалау жұмыстары жүргізілуде 03.12.2024
Аягөз ауданында қар тазалау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Көшелер мен қоғамдық орындарын қардан тазалау мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы техникалар мен жұмысшылар жұмылдырылды.Жалпы аудан аумағында қар тазалау жұмыстарына 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылып, коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге дейін аудан аумағынан 500 тонна қар шығарылды. Жұмыстар ауданның барлық басты көшелерінде, әлеуметтік нысандар маңында және ауылдық округтерде жүргізілуде. Сондай-ақ жолдарды мұздан тазарту мен арнайы қоспалар себу жұмыстары да қолға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/895576
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қытай Халық Республикасы Бас Кеден басқармасымен өзекті мәселелерді шешу үшін жедел топ құрады 03.12.2024
ҚХР-ға жұмыс сапары аясында Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қытайдың Бас кеден басқармасының басшысы Ю Цзяньхуамен кездесті. Кездесуге Қытай тарапынан ҚХР БКБ басшысының орынбасары Ван Лицзюнь, БКБ бірқатар департаменттері мен бөлімшелерінің басшылары қатысты.Тараптар Қазақстан-Қытай тауар айналымын ұлғайту мақсатында өзара іс-қимылды, оның ішінде ҚХР-ға экспортқа арналған жаңа өнімдерді келісуді, қазақстандық кәсіпорындарды ҚХР импорттаушылар тізіліміне енгізуді және басқа да мәселелерді талқылады.«Бүгінгі кездесу-сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам. Біздің бірлескен күш - жігеріміз көшбасшыларымыздың тапсырмаларын орындауға және жаңа нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететініне сенімдімін»,- деп атап өтті министр.Кездесу нәтижелері бойынша тараптар жұмыс тобы шеңберіндегі жедел мәселелерді шешу бойынша ынтымақтастық туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/895575
Астанада соғым FEST өтеді 03.12.2024
Астанада 7-8 желтоқсан күндері Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысатын соғым FEST өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» СОО тұрағында өтеді. Сондай-ақ сауда ойын-сауық орталығында осы күндері елорда тұрғындарының қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Мұнда Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан, яғни Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді және т.б. өнімдерді сатып ала алады.Жәрмеңке әр демалыс күндері таңғы сағат 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.Соғым FEST әр демалыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895499
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Жамбыл және Түркістан облыстарына жұмыс сапары 03.12.2024
Рабочая поездка министра водных ресурсов и ирригации Нуржана Нуржигитова в Жамбылскую и Туркестанскую область Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/895535
Білім беру жобасы Agrisen.kz С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-де іске қосылды 03.12.2024
ҚазАТЗУ, Agrisen.kz қазақстандық Aitas Agro Агрохолдингі және Франция АШМ білім беру жобасын іске асырды.Жобаның негізгі мақсаты - мамандардың білімі мен дағдыларын өзектендіру арқылы ауыл шаруашылығында адами капиталды дамыту.Жобаның тұсаукесеріне Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, Францияның Қазақстандағы Елшісі Сильвен Гийоге, Францияның ТМД елдері бойынша АШМ атташесі Мари-Агнес Амос, Aitas Agro агрохолдингінің вице-президенті Рабиға Тоқсейітова, аграрлық компаниялардың басшылары, фермерлер, білім беру мекемелерінің өкілдері мен сарапшылар қатысты.«Бұл іс-шара Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Ауыл шаруашылығы - экономикамыздың негізгі салаларының бірі. Осы салада білікті және кәсіби мамандарды даярлау - біздің бірінші кезектегі міндетіміз», - деді Ербол Тасжүреков.Францияның Қазақстандағы елшісі Сильвен Гийоге жоба Agrisen.kz азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ғана емес, екі ел арасындағы экономикалық әлеуетті дамытуға да бағытталған.«Біз агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған жаңа жобаларды іске асыруға дайынбыз. ҚазАТЗУ француз серіктестері-agroparistech және agreenium ұйымдарымен көпжылдық ынтымақтастықты мақтан тұтады. Бұл ынтымақтастық біздің студенттерімізбен оқытушыларымызға озық технологияларға, француз ғалымдарының бірегей тәжірибесімен озық тәжірибелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Басқарма төрағасы – ҚазАТЗУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов.Жоба шеңберінде әлемдік сарапшылардың тәжірибесін енгізу, білім беру әдістемелерін жетілдіру және тренингтер өткізу көзделген.Тараптар арасында ҚазАТЗУ, Францияның ауыл шаруашылығы министрлігі және «Aitas Agro» ЖШС ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан мен Францияның аграрлық саладағы бірлескен бастамаларын одан әрі дамыту үшін негіз болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/895515
ТЖМ басшысы азаматтарды жеке қабылдады 03.12.2024
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов азаматтық қорғау органдарының ардагері Мақсат Есполовпен елдегі өрт-құтқару спортын дамыту стратегиясындағы өзгерістерді талқылау үшін кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы оқушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша оқыту бағдарламаларын енгізу болды. Балалардың төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық және дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі талқыланды. Министр Шыңғыс Әрінов өтініштерді тыңдап, көтерілген мәселелердің әрқайсысы бойынша түсініктеме берді. Қабылдауға ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов та қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/895506
Астанада кезекті бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті 03.12.2024
Астанада Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шараға 2 мыңға жуық адам қатысып, 80-нен астам мекеме жұмыс ұсынды. Жәрмеңкені елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» ресурстық орталығы, Еңбек мобильділігі орталығы және аталған жоғары оқу орны бірлесіп ұйымдастырды. Жәрмеңке жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы білім беру ұйымдарының түлектерін, сол сияқты жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталды.«Жәрмеңкеге ұлттық және жекеменшік компаниялар, мемлекеттік ұйымдар секілді бірқатар жұмыс беруші қатысып, жоғары оқу орны түлектеріне, студенттерге және елорда жастарына бос жұмыс орындарын ұсынды. Басқарма тарапынан мұндай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылады. Себебі осындай іс-шаралардың арқасында жастар өздері қалаған мекемелерге жұмысқа орналасып жатады. Яғни жәрмеңкенің тиімділігі – жастар бірқатар компания өкілдерімен бір алаңда тілдесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алады», - деді өз сөзінде қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының оқу орындарымен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерлан Айдар.Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омар жәрмеңкеде жоғары оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар үшін өз мамандығы бойынша «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы да жұмыс табуға болатынын атап өтті.Биыл бас қалада жастарға арналған осындай 6 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, іс-шараға тұрақты түрде қатысатын жұмыс берушілер саны артуда. Білім, сауда, қаржы, құрылыс саласындағы мекемелер жұмыс іздеп жүрген азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түйіндемелерін қабылдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895480
Парахоккей: Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар шеберлік сабақ өтті 03.12.2024
«Тарлан» мұз айдынында тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін парахоккейден шеберлік дәрісі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Балалар арасындағы парахоккей Ресейдің бейімдік хоккей федерациясымен бірігіп дамытылуда.«Қазақстан бойынша парахоккей тек 2022 жылы ғана қолға алынып, әлемдік дивизиондарда өнер көрсеткен едік. 2023 жылы алғаш рет Astana 2023 World Championship B-Pool-ды өткізсек, енді балалар секциясын да қолға алғалы жатырмыз. Салыстырмалы түрде біз бірден ересектер сапынан бастап кетіп едік. Енді 8-16 жас аралығындағы балалар парахоккейдің базасын меңгеріп, техникалық шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алады. Жалпы Қазақстан бойынша парахоккейден мұз айдыны Астана мен Талдықорғанда ғана бар. Уақыт өткен сайын жетіле береміз деген сенімдемін», - деді парахоккейден Қазақстан федерациясының бас хатшысы Қайрат Сабиров.«Спортта жоғары жетістікке жетудің қарапайым өмірде де рөлі өте жоғары. Себебі спорт адам бойындағы ең маңызды қасиеттерінің бірі – ерік-жігерді шыңдайды. Следж-хоккей соңғы жылдары ғана қолға алынғанымен, әлемдік дәрежеде қарқынды түрде дамып жатыр. Бүгін Қазақстан тарапымен біріге отырып, парахоккейді дамытып отырғанымызға қуаныштымыз. Осы орайда өз тарапымыздан 10 шананы сыйға бердік», - деді Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Юрий Мельник.Іс-шара соңында тірек-қимыл аппараты бұзылған 50-ге жуық бала арнайы іріктеуден өтіп, Қазақстан мен Ресей командаларының арасында жолдастық матч ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895483
Алматыда тазалаудың жаңа жүйесі: көпжылдық келісімшарттар, заманауи техника және инновациялар 03.12.2024
Алматы әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көшелер мен аулаларды күтіп ұстау бойынша кешенді тәсіл әзірленіп, қолданылатын алғашқы қала болды.Сонымен, мердігерлік ұйымдармен үш жылдық шарттар жасалады. Енді компаниялар өз бизнесінің ұзақ мерзімді дамуын тыныш жоспарлай алады және мамандандырылған жабдықтар сатып алуға және паркін жаңартуға қаражат сала алады. Бұл ретте, жыл сайын бөлінетін сома үш жылдық келісімшарт аясында индекстеледі. Сонымен қатар, аудан әкімдері тендерге қатысуға ниет білдірушілер болмаған кезде конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде қиналмайды.Сонымен қатар, «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметі оңтайландырылды, оның қызметі магистральдық және қалалық маңызы бар көшелерді тазалауға шоғырланған. 2025 жылы «Алматы Тазалық» күшімен жұмыстарды орындау алаңының көлемі қала көшелерінің 70% - дан 50% - ға дейін төмендейді. Бұл келесі жылдан бастап көбірек компанияларды тартуға мүмкіндік, бұл жеке сектор субъектілерінің дамуына серпін береді және мемлекеттің қатысу үлесін төмендетеді.Тағы бір жаңалық-аулаларды кешенді күтіп ұстау шарттарын жасасу. Бұл жаңалық алғаш рет Алматыда қолданылды, ол үшін әкімдік ҚР Қаржы министрлігінің тиісті бұйрықтарына түзетулер енгізді. Енді мердігерлермен жасалған шартта жұмыстардың барлық кешені бірден келісіледі. Бұл санитарлық тазалау, абаттандыру элементтерін жөндеу және жасыл желектерді күту. Жаңа тәсіл бір ауладағы әртүрлі учаскелерге жауапты мердігерлер арасындағы келіспеушіліктерді жоюға және аумақтың санитарлық жағдайы үшін орындаушылардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді.Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, қаланы санитарлық тазалауды ұйымдастырудың жаңа тәсілдері ауданның барлық аумағында жұмысты тиімді орындауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ұзақ мерзімді негізде жұмыс істеуге мүдделі мердігерлік ұйымдардың жауапкершілігі де артады.«Біздің Жетісу ауданында күздің соңғы аптасында үй маңындағы аумақтарды, скверлерді, арықтар мен көшелерді санитарлық тазарту жұмыстары белсенді жүргізілді. Айтпақшы, олардың аудан аумағында жалпы ұзындығы 290 км болатын 269 адам бар.аудандағы көшелерді, тротуарлар мен арық желілерін сапалы және уақтылы санитарлық күтіп ұстауды 165 жұмысшы мен 156 арнайы техникадан тұратын үш ұйым бақылайды. Олардың ішінде қар тиегіштер, құм таратқыштар, самосвалдар, автогрейдер, щеткалары бар тракторлар және басқалар бар. Әр ұйымда жолдардағы сырғанауды уақтылы жою үшін құм – тұз қоспасын сақтауға арналған жабық базалар бар», - деді аудан әкімі.Тазалау жүйесін жаңғырту Алматының көшелері мен аулаларын таза әрі жайлы етуге мүмкіндік берді. Мұны мегаполистің тұрғындары мен қонақтары атап өтуде.«Жетісу ауданының тұрғыны ретінде мен қаланың өзгеріп жатқанын көремін. Мен экологиялық акцияларға қатысатын «Өрнек» демалыс орталығына барамын-ағаш отырғызып, қоқысты тазалаймын. «Таза Қазақстан» бағдарламасы шынымен де жұмыс істейді және бұл бізді белсенді болуға ынталандырады! Алматы — біздің қаламыз, біз оны таза етеміз!», - деп бөлісті алматылық Камила.Жалпы, Алматыда санитарлық тазарту 24 млн шаршы метр аумақты қамтиды; ұзындығы 2777 км 2318 көше; 1304 км тротуар және 1167 км арық. Сондай-ақ, қаланың сегіз ауданында күн сайын 4020 аула тазаланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/895456
Атырау облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгені құрады 03.12.2024
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті. Өңір басшысының айтуынша, Атырау облысы республика бойынша инвестиция тартудан көш бастап тұр.- Тұтастай алғанда, елімізге тартылған инвестицияның 13%-ы Атырау облысына тиесілі. Ал биыл 6 айда шетелдік тікелей инвестиция 1,1 млрд АҚШ долларын құрады. Баршыңызға белгілі Теңіз кен орнында «Келешек кеңею» жобасы аяқталуда. Осы жоба аясында өңірге биыл 840 млрд. теңге инвестиция құйылды. Дегенмен, аймақта өзге салаларды дамытуға бағытталған инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді,- деді С.Шәпкенов.Жыл басынан бері Атырауда жалпы құны 46,1 миллиардтан асатын 8 инвестициялық жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 24,2 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жоба жұмысын басталады деп күтіліп отыр.Сондай-ақ Мемлекет басшысы еліміздің батысындағы мұнай-газ-химия өнеркәсібі кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жылына 1,25 млн. тонна полиэтилен өндіретін «Силлено» зауыты мен жылына 1 млрд. текше метр газ өндіретін Ескенедегі зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы жылдары бутадиен, синтетикалық каучук шығаратын «Бутадиен» зауытының және газ бөлу кешенінің құрылысы басталады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895324