Саясат
«Бизнестің жол картасы – 2025»: Атырау облысында 1000-ға жуық кәсіпкердің жобасы қолдау тапты 03.12.2024
«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 41,6 млрд. теңге құрайтын 1000-ға жуық шағын және орта бизнес субъекті қолдау тапты. Оның ішінде несие сомасы 31,4 млрд. теңге құрайтын 634 кәсіпкердің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланып, 318 кәсіпкердің жобасы 10,2 млрд. теңгеге кепілдендірілді. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.Бұдан бөлек, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы аймақтағы шағын және орта бизнес иелерінің тың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Биыл оған облыстық бюджеттен 761 миллион теңге бөлініп, 83 жоба іске асып жатыр.- Жобалар ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрғындардың табысын арттыруға және өңір экономикасын нығайтуға айтарлықтай үлес қосуда. Жобалардың 50-і мал шаруашылығын дамытуға, 30-ы шағын және орта бизнесті қолдауға және үшеуі егін шаруашылығын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар биыл жүзеге асырылған 3 ірі инвестициялық жобаның нәтижесінде жаңадан 90 жұмыс орны құрылды,-деді С.Шәпкенов.Келер жылы жалпы құны 26,2 миллиард теңгені құрайтын 4 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның аясында тағы да 187 жұмыс орны құрылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895327
Биыл Атырау облысында 22 мыңғы жуық тұрақты жұмыс орны ашылды 03.12.2024
Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте мәлім етті.Өңірде 49 мыңнан аса азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. 31 374 жұмыс орны ашылды. Оның 22 мыңға жуығы– тұрақты. 1637 азамат «Бастау-бизнес» жобасы аясында оқытылып, 822 отбасы әлеуметтік көмек алды. 291 облыс тұрғынына жалпы сомасы 428,1 млн. теңге қайтарымсыз грант берілді.- Бұл шаралар өңірдегі жұмыссыздық деңгейін азайтуға және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізді. Биыл 18 713 азамат «Болашақ» кеңею жобасынан босатылады деп болжанған еді. 1 қарашадағы жағдай бойынша 11 155 адам жұмысынан босатылды, оның 4104-і (37%) – Атырау облысының тұрғыны. Жобаның аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған атыраулықтардың 90%-ы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды,-деді С.Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895332
«Жайлы мектеп»: Атырау облысында 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр 03.12.2024
Оның алтауы келер жылы, үшеуі 2026 жылға қарай пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.Биыл өңірде 1200 және 300 орындық екі жайлы мектеп ашылды. Жыл аяғына дейін Водников ауылындағы 1200 орындық тағы бір жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Қазір облыста 20 мектеп пен 6 балабақша салынып жатыр.- Атырауда үш ауысымды және апаттық мектептер мәселесі өзекті. Оны шешу жоспарына сәйкес, өңірде биыл 4200 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. Алдағы екі жылда 27 мектептің құрылысын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде өңіріміздегі 9 үш ауысымдық 4 апатты мектептің мәселесі түбегейлі шешіледі.-деді С.Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895341
Атырауда дәрігерлерді қолдауға арналған кешенді іс- шаралардың нәтижесінде 140 маман жұмыс істеуде 03.12.2024
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде облысқа білікті мамандарды шақыру мақсатында бірқатар ынталандыру шарасы жүзеге асып жатқанын атап өтті. Бір реттік үстемақы беру арқылы өңірдегі мемлекеттік медициналық ұйымдарғаа 140 дәрігер тартылды.- Осы жылы өзге өңірден келген және оқуын жаңа аяқтаған жас мамандарға бір реттік берілетін көмектің көлемін шамамен 2 есеге арттырдық. Ауылдық жерге барып жұмыс істеуге келіскен ақхалаттыларға 10 млн, аудан орталығында қызмет етемін дегендерге 8,5 млн теңге төледік. Ал облыс орталығында еңбек етемін дәрігерге 5 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Медицина қызметкерлеріне арналған бірегей тұрғын үй бағдарламасы аясында 42 дәрігер баспаналы болды. Бұл бағдарлама ипотеканы алғашқы жарна салмай-ақ, жылдық мөлшерлемесі 5%-бен, 25 жылға дейін рәсімдеуге мүмкіндік берді.Қосымша 105 қызметтік пәтер сатып алынды. Халықтың денсаулығын жақсартып, сапалы медициналық қызмет көрсету бағытында қолға алынған жұмыстар жалғасады,-деп атап өтті С.Шәпкенов.Биыл денсаулық сақтау саласын дамытуға жергілікті бюджеттен 5,1 миллиард теңге бөлінді. Медициналық ұйымдарға 45 жаңа санитарлық көлік сатып алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895344
Атырау облысында бір жылда спорттық секциямен қамтылған бала саны 75,7%-ға артты 03.12.2024
Аймақта балаларды спортқа баулу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өңірде 17 спорттық секциямен 22 мыңнан астам бала шұғылданады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 75,7%-ға өсті. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.- Дені сау ұрпақ қалыптастыру және балалардың спортта айтарлықтай жетістікке жетуіне жағдай жасау үшін спорттық нысандардың санын арттырып жатырмыз. Жыл басынан бері аймақта 5 спорттық нысан ашылды. Қазіргі уақытта 14 нысанның құрылысы жүруде. Өңірде спортпен шұғылданатын бала саны 20 358-ге жеткен. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын сақтануға тырыс жүргендері қуантады, -деді Серік Шәпкенов.Сонымен қатар Серік Шәпкенов 2025 жылы саланы цифрландыру жұмысы басталатыны туралы айтты. Бұл бөлінген қаражаттың жұмсалуын қадағалауға, кәсіби спортшылар мен спорт саласы қызметкерлерінің деректерін жинауға, спортшыларды іріктеу процесінде ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы жұмыстан бөлек келер жылы 12 мың адамға арналған стадионның және ұлттық спорт кешенінің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Жалпы аталған жобалар спорт саласының дамуына серпін беріп, өңірдегі жас спортшылардың кәсіби шыңдалуына жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895347
Атырау облысында ауыз сумен қамту және су бұру жүйесін жақсарту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр 03.12.2024
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында іске асып жатқан жобалар туралы аймақ басшысы Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтты.Жалпы өңір халқының 99,8%-ы таза ауыз сумен қамтылған. Биыл Қызылқоға ауданының Қоңыраулы, Аққора ауылы мен Махамбет ауданының Бала Ораз елді мекеніне 18,9 шақырым су құбыры жүргізілді. Сонымен қатар Махамбет ауданына қарасты Атамбаев, Көздіқара, Есмахан елді мекендеріне жалпы ұзындығы 61,7 км болатын су құбырын тарту жұмыстары аяқталып келеді. Қос жобаның нәтижесінде 600 адам таза ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ Махамбет, Исатай, Құрманғазы ауданында 16 су тазарту станциясы жаңғыртылып жатыр.- Тасқынның салдарына қарамастан халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытында жұмыстар жүйелі жүруде. Мәселен, қалада тәулігіне 50 мың текше метр су тазалайтын №5 сүзгі станциясын жаңғырту жұмысын жыл соңына дейін аяқтап, іске қосамыз. Сондай-ақ келер жылы тәулігіне 60 мың текше метр су тазалайтын №6 сүзгі станциясының құрылысы басталады. Биыл қала аумағында 60 шақырым су желісінің жаңғырту жұмысын бастадық. Оның 30 шақырым су құбыры темірден пластикке ауыстырылды. Қалған 30 шақырымдағы жұмысты келер жылы аяқтаймыз. Бұған қоса қаладағы 1950 жылдан бері жөндеу көрмеген, ұзындығы 40 км болатын кәріз желісін жаңартып жатырмыз. Бүгінде бұл жұмыстың 17 шақырымында жұмыс аяқталды , - деді С.Шәпкенов.Сондай-ақ Атырауда 1945 жылдан бері жөнделмеген кәріз сорғы станцияларын жаңғырту,күрделі жөндеу жұмысын басталған. 9 кәріз сорғы станциясы жаңғыртылуда. Жыл соңына дейін бесеуіндегі жұмыс аяқталады. Оған қоса 36 станцияны реконструкциялау үшін жобалық сметалық құжат дайындалып жатыр. Ал Құлсары қаласында 14 кәріз сорғы станциясы күрделі жөндеуден өтті. Исатай ауданы Аққыстау ауылында кәріздік тазарту ғимаратының құрылысы жүрде.– Атырау халқын алаңдатқан басты мәселенің бірі – ықшам аудандардағы кәріз жүйесі. Жауын-шашын кезінде тұрғындардан түсетін шағым көбейеді. Жердің тұздылығы тағы бар. Мәселені шешіп, Атырау қаласындағы бірнеше ықшам ауданды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу үшін бүгінде 22 учаскеге жүргізілетін кәріз желісінің жобалық сметалық құжаты жасақталды. 2026 жылдан бастап жүргізілген кәріз желісі қаланың оң жағалауындағы кәріздік-тазарту ғимаратына қосылатын болады. Жалпы бұл жұмыс 5 жылды алатындықтан, кезең-кезеңімен істеледі, - деді өңір басшысы Серік Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895352
Атырау облысында инвестициялық жоба аясында 742 шақырым электр желісі жөнделді 03.12.2024
Өңір басшысы Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде Атырау облысын электр желісімен жабдықтау мәселесіне тоқталды.Аймақ басшысының айтуынша, жыл басынан бері ЭЧ-4 мекемесіне қарасты 160,9 шақырым электр желісі ауыстырылып, нәтижесінде 54 000 адам тұрақты электр энергиясымен қамтылды. «Атырау Жарық» АҚ инвестициялық жобасы аясында 742 шақырым желі жөнделді. Сондай-ақ қалада ықшам аудандардағы жарықтың жиі сөну мәселесі жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен шешілуде.- Жиі көтерілетін өзекті мәселенің бірі «Нұрсая» ықшам ауданындағы электр желісі мен қуатына байланысты. Оған осыдан 16 жыл бұрын жүргізілген электр желісінің жағдайы себеп. Қазір ескі желі заманауи кабельдерге ауыстырылды. Осы жұмыстың арқасында аталған ықшам ауданға қатысты тұрғындардан жарықтың өшуі туралы түсетін шағым саны соңғы 3 айда 4 есеге дейін азайған,-деп атап өтті С.Шәпкенов.Жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын жерасты кабелін ауыстыру жоспарланып отыр. Қазір 20 шақырым жерасты кабелі жаңасына ауыстырылған.Жоба аясында жыл соңына дейін «Жұлдыз», «Жұлдыз-3», «Водников» ықшам ауданы және Берқайыр Аманшин, Бақтыкерей Құлманов көшесі мен Қаныш Сәтпаев даңғылындағы электр желісі ауыстырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895364
Биыл экологиялық талаптарды бұзған мекемелерге барлығы 32 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды 03.12.2024
Биыл облыстық экология департаменті өңірдегі экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау үшін 27 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 149 әкімшілік іс қозғады. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов баспасөз брифингінде мәлім етті. - Ереже бұзған сегіз мекемеге сот шешімімен 12 млрд 193 млн теңге айыппұл салынды. Ал 129 әкімшілік іс бойынша 19 млрд 419 млн теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы шығарылды.Атмосфералық ауаға тарайтын газдардың, басқа да зиянды заттардың мөлшерін азайту мақсатында биыл 419,5 га орман алқабына 965,7 мың көшет отырғызылды. Сондай-ақ қала мен елді мекендер ішіндегі 52,3 га жерге 78,9 мың тал егілді. Сонымен қатар аймақта ауаға шығарылатын эмиссия көлемі де азайып келеді,-деді С.Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895376
В Атырауской области для обслуживания дамб и каналов создано предприятие «Табиғат» 03.12.2024
Предприятие «Табиғат» занимается обслуживанием дамб, возведенных в области, а также каналов и других гидрологических объектов. Об этом рассказал аким Атырауской области Серик Шапкенов на пресс-конференции в Службе центральных коммуникаций при Президенте РК.– До весны мы проверим качество этих дамб и при необходимости дополнительно укрепим их. В целях предупреждения паводков в Жылыойском районе проводится ряд работ. В частности, дноуглубительные работы будут проведены на 95 километрах канала Курсай и реки Жем. На сегодня расчищено и углублено 43 километра. Эта работа будет продолжена, – сказал глава региона Серик Шапкенов.В Жылыойском районе будут построены дамбы для защиты города Кульсары, сел Шокпартогай, Тургызба и Аккиизтогай. Планируется очистить канал Куржем протяженностью 6,6 км, Камысколь и другие озера. Кроме того, будут реконструированы водопропускные сооружения в каналах.В своем выступлении глава региона Серик Шапкенов отметил, что с нового года возобновит свою работу областной оперативный штаб по организации противопаводковых мероприятий.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895382
Заң және тәртіп: Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қалай көмектеседі 03.12.2024
Қазақстанда, соның ішінде елордада да осы күндері «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» Халықаралық акциясы өтіп жатыр. Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер мен балаларға «Үміт» дағдарыс орталығында тұрақты негізде кешенді көмек көрсетіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.Дағдарыс орталығы 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Ол 70 орынға есептелген және әлеуметтік қызмет көрсетудің Мемлекеттік стандарты шеңберінде жұмыс істейді.«Біз тұруға, күніне бес рет тамақтануға жағдай жасап, жалпы жан-жақты қолдау көрсетеміз. Біздің басты міндетіміз – қауіпсіз баспанамен қамтамасыз ету ғана емес, адамдарға өз өмірлерін қалпына келтіруге көмектесу», - деді орталық директоры Ғалихан Куканбеков.Түскен әрбір адам үшін оңалтудың жеке жоспары әзірленеді. Орталықта болу бір айдан алты айға дейін созылады, содан кейін мамандар бір жыл бойы клиенттермен бірге жүруді жалғастырады. Орталық сегіз бағыт бойынша көмек көрсетеді: тұрмыстық, медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, мәдени, еңбек және педагогикалық қызметтер.Биыл 16 адам жұмысқа орналастырылды, 12 бала балабақшаға орналастырылды, ал 13 бала жақын маңдағы мектептерге ауыстырылды. Төрт отбасы жалға берілетін тұрғын үйге субсидия алды, ал екеуі «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша конкурстан өтті.Сонымен қатар орталық медициналық мекемелермен белсенді түрде ынтымақтасады, онда орталықтың қамқоршылары тексеруден өтіп, білікті медициналық көмек ала алады.Орталық толық құпиялылықты қамтамасыз етеді. Өтініштер анонимді болуы мүмкін, деректер шифрланады және ақпаратты ашудан бас тарту құқығы қатаң сақталады. Мұнда арт-терапия, медитация және гештальт терапиясы сияқты әдістерді қолданатын екі психолог жұмыс істейді.«2024 жылы біз 47 әйел мен 106 балаға көмектестік. Біздің мақсатымыз – адамдарға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беру және олар өздерін жалғыз сезінбеуі», - деді директор.18 бен 58 жас аралығындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары орталыққа өз бастамасы бойынша немесе білім, денсаулық сақтау және ішкі істер органдарының жолдамасы бойынша жүгіне алады.Орталыққа +7 7172-49-78-89 нөмірі бойынша хабарласуға болады.25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында елордада тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою және балалардың құқықтарын қолдау мақсатында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» Халықаралық акциясы өтіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895137
Заң және тәртіп: Астана жастары үшін ерекше спорттық турнир ұйымдастырылды 03.12.2024
Jarqyn bolashaq жобасы елордалық жастар арасында лудомания мен алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруда. Жоба аясында қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде (Kopis) бамперболдан матч ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Бампербол – бұл футбол түріндегі көңілді спорттық ойын, онда ойыншылар үлкен үрлемелі шарларды киеді. Шарлар дененің жоғарғы бөлігін жауып, қозғалу үшін аяқтарын бос қалдырады.«Біз бұған дейін пейнтбол және боулинг турнирлерін ұйымдастырдық, жастарға құмар ойындар мен алаяқтыққа әртүрлі пайдалы баламаларды ұсынуға тырыстық. Бампербол – бұл аса танымал болмаса да, қызықты спорт түрі, оған тек фотосуреттің өзінен-ақ назар аударға болады. Мұндай спорттық ойын-сауық командалық рухты нығайтуға және белсенді демалуға өте жақсы ықпал етеді», - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қызметкері Олжас Амангелді.Қызықты спорттық іс-шара Kopis студенттерінің, еріктілер мен қала белсенділерінің назарын аударды. Бампербол турниріне 100-ден астам адам қатысты.Жеңімпаз командалар Алғыс хаттармен марапатталды.Сондай-ақ жоба аясында осы аптада 100 адамның қатысуымен тимбилдинг өткізу жоспарлануда.Jarqyn bolashaq жобасы – жастарға құмар ойындарға пайдалы балама табуға және алаяқтардан қорғануға көмектесетін жоба.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда, соның ішінде елордада да осы күндері 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасатын «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» Халықаралық акциясы өтіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895174
Алматыда тазалық апталығында көшелерден 10 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды 03.12.2024
Алматыда 25-30 қараша аралығында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында күзгі және қысқы маусымның аяқталуына орайластырылған ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілді.Көше-жол желісі, қоғамдық орындар, өзен арналары, көше урналары және арық желісі қамтылды.Тазалық апталығы аясында қалалық коммуналдық қызметтер қаланы суыққа және қарға дайындауды аяқтады. Қысқы кезеңде қалаға қызмет көрсету үшін 841 бірлік техника мен 1 400 жол жұмысшысы тартылатын болады. Жұмыстарды тиімді жүргізу үшін «Алматы тазалық» МКК автопаркі 32 заманауи машинамен толықтырылды. Санитарлық тазалау жалпы ауданы 25,1 млн шаршы метр 2 777 км 2 318 көшені қамтиды.Күн сайын 80 бірлік техника мен 320 жұмысшы арық желісінен шамамен 160 текше метр сметаны, лай мен қоқысты шығарады. Шығарындылар негізінен пластиктен және жапырақтардан тұрады.«Eco Almaty» ЖШС әл-Фараби даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскеде Үлкен Алматы өзендерінің арналарын; әл-Фараби даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі учаскеде Есентай, сондай-ақ Алматы қаласының шегінде ұзындығы 19,2 км Д. Қонаев атындағы ҮАК тазартты.Бұдан басқа, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес әзірленген жаңа ережелер аясында бүгінде 2 мыңға жуық кәсіпкер абаттандыру паспорттарына қол қойды. Бұл шаралар алматылықтар мен қала қонақтары үшін қолайлы, қауіпсіз және экологиялық жағдай жасау стратегиясының бір бөлігі болып табылады.Жалпы, бүгінде 10 493,5 текше метр қоқыс, оның ішінде 4 408 текше метр жапырақтар жиналды.Гүлзарларда, саябақтарда және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп орнату жөніндегі іс-шараларға белгілі мәдениет қайраткерлері, спортшылар, жастар және белсенді қала тұрғындары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/895319
«Сыбаға» фестивалі: Ақтөбеде қолөнер шеберлері мен этнодизайнерлер бас қосты 03.12.2024
Бүгін Ақтөбе облысында алғаш рет ұйымдастырылған «Сыбаға» фестивалі аясында «Дәуір дефилесі» шарасы өткізілуде.Екінші күн заманауи қазақтың ұлттық киімдерін тігіп жүрген этнодизайнерлер мен қолөнер шеберлеріне арналды.Шараның салтанатты ашылуында өңір басшысы Асхат Шахаров сөз сөйлеп, фестивальдің маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде ол Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда айқындап берген еліміздің маңызды идеологиялық тұжырымдары мен негізгі бағыттарын атап өтіп, «Сыбаға» фестивалі ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге айырықша үлес қосады деді.«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұлтымыздың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарды айтты. Оның ішінде тәуелсіздік пен отаншылдықтан бастап, заңды сақтау мен тәртіп те бар. Осы идеялық негіздерді басшылыққа алса, еліміз болжаусыз және қарқынды дамып келе жатқан ХХІ ғасырда әлемде лайықты орнын табатындығына сенімін білдірді.Салт-дәстүр – адамзат үшін ілгерілеудің сарқылмас қайнар көзі. Өңірімізде тұңғыш рет, бір апта көлемінде «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалін өткізіп жатырмыз. Біз жастарға, өскелең ұрпаққа бабалар салған сара жолдан ажырамау үшін дәстүріміз бен салтымызды саралап, озық үлгілерді үздіксіз дәріптеу, дағдыға айналдыруды мақсат еттік. Фестиваль бес күнге созылады. Әр күні ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға арналған арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады. Соңын қайырымдылық акциясымен аяқталауды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Асхат Шахаров.Ұлттық нақышта безендірілген Өнер орталығында ақтөбелік қолөнер және тігін шеберлері, зергерлер қаз-қатар тізіліп, көрме-жәрмеңкеде саудаларын қыздырды. Қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген түрлі әшекей бұйымдар, көрпе-жастықтар, ұлттық киімдер көздің жауын алады. Әр шебердің қолынан авторлық туындылармен облыс әкімі жеке-жеке танысып шықты. Көрме-жәрмеңкеге 50-ге жуық қолөнерші шақырылған.Сондай-ақ, шара аясында ақтөбеліктерге шеберлік сағаттары өткізілді. «Зерлеу және қолданбалы өнер» тақырыбында Айжан Абдубаитова (Алматы қ.), жадағайлар туралы «Маңғыстау мұнарасының» жетекшісі Айжан Сембиғалиева (Ақтау қ.), ұлттық киімдер маңыздылығы жайлы Бұлбұл Кәпқызы дәріс оқыды және зергерлік бұйымдарды жасаудың қыр-сырын ақтөбелік зергер Болат Атыраубаев айтып берді.Фестивальдің екінші бөлігі «Дәуір дефилесі» ұлттық киімдер сән көрсетілімімен жалғасады. Онда Ақтөбемен қатар, Алматы, Ақтау және Шымкент қалаларынан келген 15 отандық дизайнер ұлттық нақыштағы топтамаларын көпке көрсетеді.Айтып өту керек, «Сыбаға» фестивалі Ақтөбе қаласы мен 12 ауданда өткізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/895337
ТЖМ құтқарушылары «Селфи с предками» фильмнің алғашқы көрермендері 03.12.2024
Кеше елордада «Селфи с предками» фильмінің көрсетілімі өтті. Толықметражды көркем фильм мектеп жасындағы балаларға арналған. Фильм ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, тарихтың маңыздылығы және қорқынышты жеңе білу сияқты маңызды тақырыптарды қамтиды. ТЖМ құтқарушылары фильмнің көрсетіліміне отбасыларымен келді, сондай-ақ кинорежиссерлар және актерлер қатысты. «Біз бүгін фильмнің көрсетіліміне келдік. Ұйымдастырушылар бұл жұмыстың эмоционалдық жағына – мамандығы мен жеке өмірі арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, біз тап болатын қиындықтарға назар аударды», - деп Астана қаласының 6- МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұрсұлтан Қайыров өз ойымен бөлісті. Бұл фильмде продюсерлік орталық құтқарушылардың ерлігі мен жанқиярлығын көрсетуге, олардың өміріне қауіп төндіретін қызметтің маңыздылығын атап өтуді жөн көрген. Аталмыш фильм кең прокатқа 5 желтоқсанда шығатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/895330
Бейбіт Исабаев Президенттің атынан жетісулық агроөнеркәсіп кешенінің үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті 03.12.2024
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің үздік ауыл шаруашылығы қызметкерлерін марапаттау рәсімін өткізіп, олардың бірқатарына ел Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табыстады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.\n- Биыл Астанада ел тарихында тұңғыш рет Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің I форумы өтіп, соның аясында Мемлекет басшысы еліміздің әр өңірінен, соның ішінде Жетісу облысынан барған ауыл шаруашылығы саласының өкілдерін марапаттады. Экономиканың өсуі ауыл шаруашылығының дамуына тікелей байланысты. Біздің өңірдің табиғи-климаттық жағдайының қолайлылығы осы маңызды саланың дамуына үлкен ықпал етеді. Бұл ретте біздің өңірде өсірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің шамамен 65%-ы өзімізде өңделеді. Биыл негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алдық. Мәселен, осы жылы облыста алғаш рет 640 мың тонна қант қызылшасын аламыз. Жалпы 510,1 мың гектар егіс алқабынан 2,1 млн.тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады деп күтілуде. Осы жетістіктердің барлығында сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, үлкен үлестеріңіз бар. Біз өз тарапымыздан мемлекеттік қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Мысалы, биыл өңірдің агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бюджеттен 35 млрд. теңге бөлінді, - деп атап өткен облыс әкімі Б. Исабаев өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін шаруашылық өкілдеріне алғысын білдіріп, марапаттау рәсіміне көшті.\n«Парасат» орденімен Талдықорған қаласындағы «Самай» шаруа қожалығының басшысы Еркімбек Слямов марапатталды. Ол өзінің шаруа қожалығының жұмысын 30 жылға жуық уақыт бойы жүргізіп, егіншілікпен, және мал шаруашылығымен қатар айналысып келеді. Қант қызылшасы, жүгері, соя, бидай, арпа, сондай-ақ ірі қара мен жылқы өсіреді. Шаруашылықта 50-ге жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар.\nАл Ақсу ауданынан «Дәулет» шаруа қожалығының басшысы Дәулет Биәділов пен Алакөл ауданынан «Асыл тұяқ» ЖШС құрылтайшысы, бас директоры Думан Нағашбекұлы «Құрмет» орденіне ие болды.\nДәулет Көшербайұлы ауыл шаруашылығы саласында 22 жылдан бері еңбек етіп келеді. Негізгі бағыты – қызылша өсіру. Бүгінгі таңда «Дәулет-Б» шаруа қожалығы - Ақсу қант зауытына қызылша өткізетін аудандағы ірі шаруашылықтың бірі. Сонымен қатар фермер ауданның аз қамтылған және көп балалы отбасыларына тұрақты қолдау көрсетіп, қайырымдылықпен белсенді айналысып келеді.\nСол сияқты «Асыл тұяқ» ЖШС асыл тұқымды ірі қара мен қой өсіріп, малдың жаңа тұқымдарын шығарады. Сөйтіп экспорттық әлеуетін арттырып, етті мал шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосып жүр.\nӨңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі ескеріліп, 2002 жылдан бастап Кербұлақ ауданындағы «Нұрқадам» ШҚ жүргізушісі әрі механизаторы болып жүрген Нұрбол Сайдақұлов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.\nМарапатталғандардың атынан «Самай» ШҚ басшысы Еркімбек Слямов сөйледі.\n- Менің шаруашылығымның жері тасты. Сондықтан жоғары өнімділікке қол жеткізу өте қиын. Бірақ қазіргі заманғы техниканың, агротехнологияларды сақтаудың, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың және шыдамдылықтың арқасында қазір осы учаскелерден 550-600 центнерден қант қызылшасын алып отырмын. Біз табысты дамудың осы қарқынын сақтап қалуға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, - деді ол.\nЕске салсақ, жуырда Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің I форумында Жетісу облысының тағы бір шаруашылығының өкілі, Панфилов ауданында тамшылатып суару технологиясымен жұмыс істейтін «Әйгерім» шаруа қожалығының басшысы Ұлан Сарпеков Президенттің қолынан «Құрмет» орденін алған болатын.\nЖалпы Жетісу облысында 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 362 млрд. теңгеден асты, ал жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 102,5%-ға, яғни 518,2 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.\nЖетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.\nФотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/895197
Жетісу облысында ауылдардың тағы мыңға жуық тұрғыны табиғи газға қол жеткізді 03.12.2024
Жетісу облысындағы Көксу ауданының мыңға жуық халқы бар екі ауылы газға
қол жеткізді. Көптен күткен көгілдір отын Кеңарал және Қазақстанның 10 жылдығы ауылдарына берілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызме
ті.\n- Бүгінгі таңда Жетісу облысында газдандыру деңгейі - 51,6%. 52 елді мекен газдандырылып, 349,7 мың адам газға қол жеткізді. Жы
л соңына дейін тағы 11 елді мекен газға қосылады. Соның нәтижесінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша газдандырылған елді мекендер саны 63-ке жетіп, облыс халқының 56,5
% құрайды, - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Азамат Бейісбаев.\nКөксу ауданы турал
ы айтсақ, бүгінде ауданда газдандыруға жататын 26 елді мекеннің 18-і газға қосылды. Сондай-ақ 7 елді мекенде – Талапты, Қаратал, Ақтекше, Айнабұлақ, Ақшатоған ауылдар
ында, П 4-45 подхозында, Көксу станциясында газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде. Нәдірізбек ауылында құрылыс-монтаждау жұмыстарына келісімшарт жасалды. Осылай
ша 2025 жылдың соңына дейін Көксу ауданы 100% газдандырылады.\n- Бұл – біз көптен күткен сәт, бүгін ауылымызға газ келді. Көгілдір отынның болғаны
әсіресе қыста өте қолайлы. Көмір, отын тасып, от жағудың азабынан құтыламыз, - деді Кеңарал ауылының ақсақалы Орынбасар Жылқыбаев.\nБес жүзден ас
там халқы бар Қазақстанның 10 жылдығы ауылының тұрғындары да бұл игі жаңалыққа қуануда. Ауыл тұрғындарының айтуынша, табиғи газға қол жеткізу ауыл өміріне жайлылық әк
еліп, туған өлкенің дамуына елеулі ықпал етеді.\nАтап өтсек, Кеңарал және Қазақстанның 10 жылдығы ауылдарында газ құбырларын салу жұмыстары өткен
жылдың қараша айында басталған. Газ құбырларының жалпы ұзындығы-17,8 км.\nЖетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.\nФототілшілер: Дмитрий Ерофеев, Жұмабай МұсабековАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/895223
Алматыдағы кітапханаларға көзі нашар көретіндер мен зағип жандарға арналған арнайы жұмыс станциялары орнатылды 03.12.2024
Алматы кітапханаларына Брайль дисплейлері орнатылды, олар мәтінді тактильді форматта көрсетеді, Брайль қарпімен басып шығаратын принтерлер, мәтіндерді үлкейту және олардың контрастын өзгертуге арналған құрылғылар, мәтінді оқып, оны дыбыстық форматта шығаруға және аудиоға айналдыруға мүмкіндік беретін сканерлер, аудиокітаптарды жайлы тыңдау үшін жоғары сапалы дыбыстық құлаққаптар, сондай-ақ бейімделген бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған компьютерлер қолжетімді. Бұл жұмыстар көзі нашар көретін және зағип жандар үшін кітаптар мен басқа да білім беру материалдарына инклюзивті қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.Жобаның артықшылығы, арнайы жұмыс станцияларында көзі нашар көретін азаматтар өздері қызмет етеді. Бұл келушілерге олардың қажеттілігін жақсы түсінетін мамандардан білікті көмек алуға мүмкіндік береді. Мамандар оқырмандарға жабдықты қолдануды үйренуге, қажетті ақпаратты табуға көмектесуге, оқу мен өзін-өзі дамытуға арналған ресурстарды ұсынуға, кеңес беруге және құрылғыларды баптауға қолдау көрсетуге дайын.«Біздің басты мақсатымыз – барлық азаматтың білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету. Біз кітапханаларды әркім оқып, дамуға мүмкіндік алатын инклюзивті кеңістікке айналдыруға тырысамыз. Қала әкімі Алматыны әділетті және әр тұрғынға қамқорлықпен қарайтын үлгі қала ету міндетін қойып отыр. Біз соның ішінде мәдениет саласында, осы мақсатқа қол жеткізетін бастамаларды белсенді түрде енгізіп жатырмыз. Жалпы, әр кітапхана қоғам өмірінің орталығына, даму, шығармашылық және өзара әрекеттесу кеңістігіне айналуда, мұнда оқырмандар ресурсты, қолдауды және шабытты таба алады», – деді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.Арнайы жұмыс станциялары орнатылған кітапханалар: А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана (Гоголь көшесі, 109), №14 көпшілік кітапхана-филиалы (Римский-Корсаков көшесі, 3), №4 көпшілік кітапхана-филиалы (Абай даңғылы, 141), ALATAU CREATIVE HUB (Нұркент шағын ауданы, 5/11), №45 көпшілік кітапхана (Мамыр-7 шағын ауданы, 8 а), Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы (Назарбаев көшесі, 43), Қазақ жазушылары кітапханасы (Алтынсарин көшесі, 37).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/895285
Премьер-министр Ақтөбе облысының тірек ауыл мектептерін дамыту тәжірибесін кеңейтуді тапсырды – 2025 жылдың соңына дейін осындай кемінде 200 ұйымның желісін құруды аяқтау қажет 03.12.2024
Үкімет отырысы барысында білім беру саласында жеке сектордың және қоғамдық қорлардың қатысуымен сәтті іске асырылып жатқан жобаларға ерекше назар аударылды. «Білім-инновация» қоры Алматы облысының 42 ауылдық мектебінде нақты пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру жобасын іске асырды.Ақтөбе облысында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры тірек және шағын комплектілі мектептерді жарақтандыруға 1 млрд 800 млн теңге бөлді. Премьер-министр мұндай шаралар оқушылардың білім сапасын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.«Педагогтердің біліктілігін арттыру және заманауи ресурстармен жарақтандыру есебінен тірек мектептердің тәжірибелі мұғалімдері шағын комплектілі мектептердің оқушыларына сабақ береді. Демек, тірек мектептер шағын мектептердегі білім беру деңгейін көтеруге атсалысуда», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Премьер-министр Оқу-ағарту министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, 2025 жылдың соңына дейін өңір әкімдерімен бірге Ақтөбе облысының тәжірибесі негізінде кемінде 200 тірек мектептер желісін құруды және шағын комплектілі мектептердің әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. https://t.me/KZgovernment Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/895272
«Министрлік су тасқыны салдарын жою бойынша үлкен жұмыс атқарды», - Нидерланды сарапшылары Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысын жоғары бағалады 03.12.2024
Нидерландының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Схермерс Су ресурстары және ирригация министрлігінің су тасқыны салдарын жою іс-шараларына қатысты пікір білдірді. Елші су тасқынын болжау және су тасқынының алдын алу мәселесінде Қазақстан мен Нидерландының ынтымақтастығына жеке тоқталды.«Нидерланд сарапшыларының айтуынша, министрлік биыл үлкен жұмыс атқарды. Көптеген есептеулерді қолмен жасау керек болса да, нәтижелері өте дәл келді. Менің ойымша, біздің елдеріміз бірлесіп шешуі керек басты мәселе - үлкен аумақтарда есептеулер жүргізу. Климаттың өзгеруіне байланысты біз жаңа сын-қатерлерге тап болдық. Осы міндеттерді шешу үшін Нидерланды тарапы министрлікпен бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Су ресурстары және ирригация министрлігі өте үлкен жұмыс істеп жатыр деп санаймын. Қазақстанда көптеген донорлық ұйымдар жұмыс істейді. Сол себепті Үйлестіру кеңесін құру министрліктің халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру мен үйлестіруді байыпты қабылдағанын көрсетеді. Бұл өте маңызды»,– деді Нико Схермерс.Айта кетейік, осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Дельфт су білім беру институты (IHE Delft) арасындағы меморандум аясында нидерландылық сарапшылар Астанада су тасқыны тәуекелдерін басқару бойынша екі мәрте семинар өткізген болатын.Еске салсақ, Қазақстанның су секторын дамыту жөніндегі әріптестердің Үйлестіру кеңесінің құрамына БҰҰ, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері, сондай-ақ шетелдік даму агенттіктерінің, дипломатиялық корпус пен бизнес өкілдері кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/895155
«Есірткіге жол жоқ»: Smart Astana қосымшасының арқасында 197 қауіпті интернет-ресурстар бұғаттауға жіберілді 03.12.2024
Smart Astana қосымшасында «Есірткіге жол жоқ» сервисі жұмыс істейді. Ол арқылы астаналықтардан есірткі граффитиі туралы 200-ден астам өтініш келіп түсті, есірткінің заңсыз айналымына байланысты 197 интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.Жыл басынан бері елордалық полиция департаменті есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 1067 қылмысты тіркеді.Тұрғын үйлердің, ғимараттардың қабырғаларында, құрылыстарда және жерасты өткелдерінде есірткі граффити түріндегі есірткі жарнамасы жеке мәселе болып саналады. Бұған қарсы күрес үшін Астана полиция департаменті тұрақты даму орталығымен бірлесіп, Smart Astana және E-knot қосымшаларында қолжетімді «Есірткіге жол жоқ» ақпараттық сервисін әзірледі.Smart Astana қосымшасындағы «Есірткіге жол жоқ» сервисі тұрғындарға заңсыз жарнамамен және есірткі құралдарының таралуымен белсенді күресуге көмектеседі. Ол есірткі граффитиі мен бетбелгілер сияқты бұзушылықтар туралы хабарлаудың, сондай-ақ ақпаратты құқық қорғау органдарына жедел жеткізудің қарапайым және тиімді әдісін ұсынады. Пайдаланушылар фотосуретті оңай жүктей алады немесе орналасқан жерін көрсете алады, бұл полицияның реакциясын едәуір жылдамдатады. Бұл бастама қауіпсіз қалалық ортаны құруға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар есірткі қылмысына қарсы күрестің маңыздылығы туралы Қоғамдық хабардарлықты арттырады.Қызметті пайдалану және есірткі заттарының жарнамасы мен айналымына қарсы күресте көмектесу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:1. App Store немесе Google Play арқылы Smart Astana қосымшасын орнатыңыз және тіркеуден өтіңіз.2. Қолданбаның басты бетінде «Танымал» бөлімін таңдаңыз.3. «Есірткіге жол жоқ» Хабарлама жіберу» деген бөлімге өтіңіз.4. Телефон нөмірін, аты-жөнін, мекенжайын (көше және үй нөмірі), өтініш мәтінін көрсете отырып, өтініш нысанын толтырыңыз, сондай-ақ бұзушылықты тіркейтін фотосуреттерді немесе бейнематериалдарды тіркеңіз.5. Өтініш жіберу – ақпарат дереу қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін Астана қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасына автоматты түрде жіберіледі. Барлық өтініш жедел өңделеді және әрбір бұзушылық фактісі бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.Қолданбаны iOS және Android құрылғыларында тегін жүктеп алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895131