Enbekshi QazaQ

Саясат

Биыл елімізде суару маусымы сәтті өтті 16.11.2024
Биыл елімізде суару маусымы сәтті өтті. Шаруаларға 11,2 млрд текше метрге жуық су берілді. Құрғақшылық туралы түрлі болжамдарға қарамастан, министрлік қажетті іс-шараларды қабылдап, шаруаларды суармалы сумен үздіксіз қамтамасыз етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/883814
Елордада қар тазалауға 1,2 мыңнан астам арнайы техника шығарылды 16.11.2024
Астананың коммуналдық қызметтері қаладағы қар тазалығымен күндіз-түні айналысады. 14 қарашада түнгі ауысымда қар тазалауға 1,2 мыңнан астам арнайы техника мен 300-ден астам жұмысшы шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.14 қараша күні елордадан 29 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2 206 мың ауыр жүкке тең.Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 240 мың текше метрден астам қар жеткізілді.Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттарын, аялдамалар мен тротуарларды да тазалауға аса мән беріледі.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883601
Абай облысы студенттері республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында бақ сынамақ 16.11.2024
Астанада «WorldSkills Kazakhstan - 2024» IX республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Чемпионаттың ашылу рәсімі Экспо көрме залында өтті. Жарысқа 22 жасқа дейінгі 555 студент қатысады.Чемпионаттың мақсаты - жұмысшы кәсібінің беделін арттыру, үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту.Бес күндік сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас мамандар 30 құзыреттілік бойынша өз дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Абай облысынан сегіз колледжден 32 студент пен 30 сарапшы аттанды.Айта кетейік, «WorldSkills Kazakhstan-2023» VIII республикалық чемпионатында Абай облысының командасы командалық есепте 30 құзырет бойынша 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль, 12 медальон жеңіп алып, көш бастаған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/883605
Астанада рұқсатсыз салынған нысан бұзылады 16.11.2024
Елордалық қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы нысанды өз бетінше салуынған нысанның жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Қала прокуратурасының үйлестіруімен елорда аумағында азаматтардың қаражатын тиісті рұқсатсыз заңсыз тарту фактісі анықталды.Құрылыс салушы «INTER Stroy Astana» ЖШС «QURMANGAZY» көпқабатты үй салу үшін үлескерлердің ақшасын қабылдаған.Құрылысқа тапсырыс беруші объектіде жерге тиісті құқық, заңда белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама, техникалық және авторлық қадағалауларды сүйемелдеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама болмаған, осыған қарамастан құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастады, бұл өз кезегінде «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу болып саналады.Осылайша, құрылыс салушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оған жол берілген бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.Берілген нұсқаманы орындау үшін құрылыс салушы ерікті түрде заңсыз объектіні бұзу бойынша іс-шара жүргізеді.Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883581
Астанадағы Еуразиялық құрылтай бойынша әлеуметтік кәсіпкерлерге 1000 ға жуық адам қатысады 16.11.2024
Елордада 14-15 қараша аралығында «Тұрақты болашақ үшін әлеуметтік инновациялар» тақырыбында ауқымды Еуразиялық әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайы өтіп жатыр. Форумның мақсаты – тәжірибе алмасу, стратегиялық серіктестіктер орнату және ESG және әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы табысты кейстерді таныстыру үшін көшбасшылар мен сарапшыларды біріктіру, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Оған 1000-ға жуық адам, оның ішінде бизнес өкілдері, блогерлер және әлеуметтік экономиканы дамытуға мүдделі белсенділер қатысады. Сондай-ақ, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Үндістан және басқа елдерден халықаралық спикерлер қатысады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, құрылтайға қатысу – бұл жаңа білім алу ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жобаларда бірлесіп жұмыс істеу үшін пікірлес адамдарды табу мүмкіндігі.«Біздің басты міндетіміз – қоғамдағы әлеуметтік түйткілді тақырыптардың маңыздылығын көрсету үшін әлеуметтік өзгерістер көшбасшыларын, әлеуметтік жауапты бизнес, үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдар өкілдерін біріктіру. Бірінші кезекте әлеуметтік кәсіпкерлер әлеуметтік бағыттағы өзекті мәселелерді шешуде», - деп бөлісті әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының төрағасы Эмин Аскеров.Іс-шара барысында қатысушыларды әлеуметтік кәсіпкерлер өнімдерінің жәрмеңкесі, «Үздік әлеуметтік кәсіпкер-2024» номинациясы бойынша марапаттау және меморандумдарға қол қою күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883586
Өнерден спортқа дейін: Астанада студенттер фестивалінің жеңімпаздары анықталды 16.11.2024
Елордада JASTAR JALYNY-2024 студенттік шығармашылық-спорттық фестивалінің қорытындысы шығарылды. Халықаралық студенттер күні қарсаңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Фестивальдің мақсаты жастардың шығармашылық әлеуетін ашу және дарынды студенттер мен ұжымдардың дамуына жағдай жасау болды.Іс-шара барысында студенттер спорт пен өнердегі жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, командада жұмыс істеуге, өз ойын білдіруге және көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге үйренді.«Студенттік өмір – бұл мәңгі есте қалатын уақыт, оны ұмыту мүмкін емес. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, одан әрі дамудың негізі және әр елдің болашағы. Бүгінгі таңда елордада қаламыздың дамуына үлес қосып, болашағымызды қамтамасыз ететін 450 мың жас тұрады. Құрметті жастар, Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын! Жарқын естеліктерге толы жастық сіздерге тек жетістіктер мен қуанышты сәтке толы болсын», - деді фестиваль жеңімпаздарын құттықтаған Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.Конкурстық бағдарламаға елорданың 15 ЖОО-ның 100 мыңға жуық студенті қатысты.Фестиваль қатысушыларын кәсіби мәдениет, өнер және спорт қайраткерлері, сондай-ақ белгілі әртістер, хореографтар мен видеографтар бағалады.Студенттер футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі, эстрада, домбыра, ұлттық және заманауи би, театр және мобилография сияқты өнер және спорт түрлері бойынша бақ сынасты.«Жеңіс жақсы дайындық пен өз қабілеттеріне деген сенімділіктің нәтижесі болды. Фестивальде жаңа адамдармен араласу мені шабыттандырды. Студенттердің шахматқа қызығушылық танытып, өздеріне қолдау көрсетіп жатқанын көру қуаныш пен мотивация береді», - деді әлем чемпионы, Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан әйелдер құрамасы құрамасындағы Олимпиаданың күміс жүлдегері, дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті Меруерт Камалиденова.Гран-при барлық номинациялардың қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған Қазақ ұлттық өнер университетіне берілді. Фестивальдің бас жүлдесі 500 000 теңгені құрады. Екінші командалық орынға дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, үшінші орынға С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ие болды.Әр номинацияның жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болды. Бірінші орын үшін 100 000 теңгеден, екінші орынға 70 000 теңгеден, үшінші орынға 50 000 теңгеден табыс етілді.Номинациялар бойынша жеңімпаздар:Шахмат: I орын – дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, II орын – Astana IT University, III орын – Назарбаев Университеті.Ұлттық би: I орын – Қазақ ұлттық хореография академиясы, II орын – Esil University, III орын – Astana International University.Мобилография: I орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, II орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, III орын – Қазақ ұлттық хореография академиясы.Ұлттық аспап (домбыра): I орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, II орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, III орын – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.Эстрада: I орын – «Тұран-Астана» университеті, II орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, III орын – Esil University.Театр: I орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, II орын – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, III орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.Футбол: I орын – дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, II орын – Назарбаев Университеті, III орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.Үстел теннисі: I орын – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, II орын – дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, III орын – Назарбаев Университеті.Волейбол: I орын – дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, II орын – Назарбаев Университеті, III орын – Мақасұт Нәрікбаев университеті.Заманауи би: I орын – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, II орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, III орын – Astana IT University.Фестивальдің соңғы рәсімі нағыз шоуға ұласты. Іс-шарада танымал AYREE және QARAKESEK әртістері өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883589
Әділет министрлігінде құмар ойындарға тәуелділіктен (лудомания) алдын алу шаралары туралы семинар өтті 16.11.2024
2024 жылдың 13 қарашасында Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен министрліктің құрылымдық бөлімшелері, аумақтық әділет департаменттері және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметшілері үшін құмар ойындарға тәуелділіктен (лудомания) алдын алу шаралары туралы семинар өтті.Лудомания – бұл адамның құмар ойындарға патологиялық тәуелділігі, яғни ойынға бақылаусыз әуестік, ол адамның қаржылық жағдайына, психологиялық денсаулығына және әлеуметтік қарым-қатынасына зиян келтіруі мүмкін. Семинарда осы тәуелділіктің зияны, оның алғашқы белгілері мен одан арылу жолдары туралы мәлімет берілді. Клиникалық психолог Жаннат Кенжебайқызы Нуркина тәуелділікті болдырмау бойынша кеңестер ұсынып, қызметкерлерге практикалық ұсыныстар айтты.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» және «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында мемлекеттік қызметшілерге құмар ойын мекемелеріне барудан тартыну және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер белгіленген. Бұл талаптарды сақтау мемлекеттік қызметшілердің абыройын және қоғамдық сенімін қолдауға ықпал етеді.Семинар барысында қызметкерлер психологтан жан-жақты ақпарат пен тиісті кеңестерді алуға мүмкіндік алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/883587
Алматының Жетісу ауданында 2025 жылдың соңына қарай 97 шақырымнан астам жаңа инженерлік желілер салынады 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Жетісу ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілері құрылысының барысымен танысты.Бұрын бұл учаскеде магистральдық желілер болмаған. Кеңес заманында тұрғындар ұжымдық су құбырын тартып, кейін жеке желілерге қосылды. Құбырлардың кіші диаметріне және халық санының өсуіне байланысты қысым және сәйкесінше су тапшылығы болды. Пайдалану кезінде тозған құбыр жүктемелерге төтеп бере алмады, соның салдарынан жиі қысым әріісумен жабдықтауда үзілістер болды.Жетісу ауданында сумен жабдықтаудың және суды бұрудың жаңа желілерін салудың ауқымды құрылысы 2023 жылдың наурыз айында басталды. Жоба бойынша инженерлік желілердің жалпы ұзындығы-97,75 км: 25,7 км су құбыры және 72 км – кәріз желілері. Бүгінгі таңда нысанның дайындығы 30%-ды құрайды. Жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған.Сондай-ақ, жобада жолдың бүкіл ені бойынша 13 көшеде асфальт төсемді қалпына келтіру көзделген, оның 9-ы бойынша жұмыстар аяқталды: Таймыр, Мещерский, Шілдехана, Февральская, Обская, Феоктистов, Леонов, Быковский, Серіков. Боралдай және Октябрьская көшелері бойынша ұзындығы 1,5 км жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осындай жұмыстар Логовая және Ермолова көшелерінде жүргізіледі.Жоба аяқталғаннан кейін 6 мыңға жуық абонент орталық инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.Қала басшысы Жетісу ауданының әкіміне құрылыстың барысы мен сапасын бақылауды және жұмысты мерзімінде аяқтауды тапсырды. Ерболат Досаев бұл жобаны іске асыру қалалық инфрақұрылымды әрі Жеісу ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/883532
Алматыда осы демалыс күндері Жансүгіров – Сейфуллин қиылысындағы тоннельде қозғалыс ашылады 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданын аралау барысында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында жолайырықтың құрылыс қарқынымен танысты. Жобаны жүзеге асыру 2017 жылы басталған болатын, алайда 259 жер телімін сатып алу қажеттілігіне байланысты ұзаққа созылды. Соңғы жер телімі биыл мамыр айында босатылды. Жоба бойынша Сейфуллин даңғылында көліктердің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын екі тоннель салу қарастырылған. Ал Жансүгіров көшесі бойынша көлік қозғалысы жер деңгейінде жүзеге асады. Сонымен қатар, 4 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар және іргелес аумақты көгалдандыру жоспарланған. Қазір барлық бұрылыс жолға асфальтбетон жабыны төселіп, бір жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, сондай-ақ кәріз және байланыс желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сейфуллин даңғылындағы «Батыс» және «Шығыс» тоннельдеріне асфальтбетон жабын төсеу аяқталды. Демалыс күндері осы тоннельдер арқылы қозғалыс ашылып, ауа райы қолайлы болса уақытша жол таңбаларын сызу жоспарланған. Қала әкімі құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, нысанды абаттандырумен бірге келесі жылдың маусым айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. Айта кету керек, жолайырық іске қосылғаннан кейін Жансүгіров көшесінің өткізу қабілеті 15%-ға, Сейфуллин даңғылының өткізу қабілеті 20%-ға артады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/883570
Әйтеке би ауданында 40-қа жуық отбасы желтоқсан айында үйлі болмақ 16.11.2024
Бұл отбасылар тұрғын үй кезегінде бірнеше жылдан бері тұр. Ауданда жалпы саны 316 азамат баспанаға мұқтаж. Олардың арасында көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік осал топтары, мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндап, тұрғын үй саласындағы өзгерістерге тоқталды. Аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылында екі қабатты сегіз пәтерлі жалға берілетін коммуналдық үйлер 2021 жылдан бері салынуда. 2023 жылдың қазан айында ауданға жұмыс сапары барысында өңір басшысы Асхат Шахаров құрылысы ұзаққа созылған нысанды тез арада әрі сапалы түрде халық игілігіне беруді тапсырып, қатаң бақылауына алған еді. Аталған тапсырмаға сәйкес, аудан әкімдігі жобаға қайта өзгеріс енгізді. Биылғы жылы мердігер мекеме «Baspana Build» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауды жоспарлауда. Желтоқсан айында 16 пәтер иесі анықталып, кілттері табысталмақ.«Аталмыш жобаның құны – 298 млн теңгеден асады. Құрылыс-монтаж жұмыстары қазір толығымен аяқталуы жақын. Үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр»,- деді Дәулетияр Тоғызбаев. Аудан әкімінің айтуынша, бұдан бөлек Қарабұтақ ауылында екі пәтерлі 11 үй салынып жатыр. Бұл үйлердің де құрылысы желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Жалпы құны 327 млн теңгені құрайтын жоба аяқталған соң, тағы 22 ауыл тұрғыны баспаналы болмақ. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/883565
Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі кезеңге дайындық тексерілді 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бауыржан Балғабаев өңірдің халқы мен аумағын тасқын судан қорғауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуына баға берді,Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік инспектор төтенше жағдайлар және су ресурстары министрліктерінің өкілдерімен бірлесіп, алдағы су тасқыны кезеңінде өңірдің халқы мен аумағын қорғауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуына бағалау жүргізді.Облыстың Қызылжар, Шал ақын, Тайынша аудандарын және Петропавл қаласының аралау нәтижелері бойынша қазіргі уақытта қорғаныс құрылыстары мен қаптамаларды салу, нығайту бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, сондай-ақ су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша басқа да іс-шаралар толық жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/883551
Астанада есірткі қылмысымен күресу үшін ақпараттық жүйе мен цифрлық карта іске қосылды 16.11.2024
Астанада «ESIRTKISIZ ELORDA — Дені сау ұрпақ» жобасы аясында өткен дөңгелек үстел барысында есірткіге тәуелділіктің алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін цифрлық құралдарды пайдалану мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Дөңгелек үстелді Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен елордалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен «Астана жастары» ЖРО ұйымдастырды.Сонымен, есірткі қылмысының алдын алу тиімділігін арттыру үшін Esbol qory ақпараттық жүйені әзірледі. Қор басшысы және ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі Жандос Ақтаевтың айтуынша, ақпараттық жүйенің көмегімен соңғы 2,5 жылда 4000-нан астам есірткі сатушының әрекеті бұғатталды.«Мысалы, күмәнді жұмыс үшін жалақысы бар жарнамалар. Біздің модераторлар мұндай хабарландыруларды вирустық есірткі контентінің критерийлері бойынша тексереді», - деп түсіндірді Жандос Ақтаев.Сондай-ақ, осы жылдың жазында қор Астана үшін есірткі қылмысының цифрлық картасының пилоттық нұсқасын іске қосты. Айта кетерлігі, ұйым құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейді.«Күдікті әрекеттерге куә болған кез келген адам картадағы орынды жасырын түрде белгілей алады. Бұл қылмысқа қарсы күресте азаматтық белсенділікті арттыруға көмектеседі», - деп түсіндірді қор басшысы.Қазақстанның Азаматтық альянсының директоры Мұрат Омашев өз кезегінде танымал әлеуметтік желілерде есірткі қылмыстарын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ақпаратты жариялаудың маңыздылығын атап өтті.«Адамдар ықтимал салдарларды түсінуі үшін есірткі бизнесіне қатысудың нәтижесін көрсету маңызды», - деді ол.Дөңгелек үстел соңында «Ренессанс» оңалту орталығының бағдарлама жетекшісі Талғат Асылғажин цифрлық құралдарды пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, есірткі, әсіресе синтетикалық препараттар белсенді қолданылатын аудандарды анықтау үшін сарқынды суларды талдаудың маңыздылығын атап өтті.«Синтетика ресми түрде есірткі арасында үшінші орында тұр. Дегенмен, менің ойымша, бұл одан да жиі кездеседі», — деп қосты ол.Іс-шара соңында қатысушылар есірткі қылмысының алдын алуға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға кешенді көзқарас қалыптастыру үшін мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883442
Көкшетауда 500 орындық жаңа заманауи мектептің құрылысы басталды 16.11.2024
Көкшетауда 500 оқушыға арналған заманауи жалпы білім беретін мектептің құрылысы басталды. Жоба бизнестің әлеуметтік әріптестігі аясында «ҚазЦИНК» ЖШС қолдауымен жүзеге асырылуда және облыс орталығы балаларының білім сапасын арттыруға бағытталған.Өңір басшысы өскелең ұрпақты оқыту үшін сапалы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.«Бұл мектептің салынуы – жай ғана жаңа нысан құрылысы емес, балалардың өсуі мен дамуына қажетті қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға жасалған қадам және ұлттық білім беру жүйесіне қосылған маңызды үлес. Бұған дейін «ҚазЦИНК» басшылығымен құрылыстың барлық егжей-тегжейлері талқыланып, бүгін құрылысқа бастау берілді. Құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасын бақылауды жергілікті атқарушы органдар қоғам белсенділері және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырады», - деп атап өтті М.Ахметжанов.Мердігер ұйымның өкілі Талғат Хамитовтың айтуынша, қазіргі уақытта шамамен 50 маман және қажетті құрылыс техникасы жұмылдырылған, дайындық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуда. Жаңа мектеп заманауи стандарттарға сай салынып, оқушы орындарының көбейтілген санына шақталған. Оқу кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, білім беру процесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ғимаратты автономды түрде жылыту үшін блокты-модульді қазандық орнатылады.Жергілікті тұрғындар жаңа білім беру нысанының құрылысын қолдады. Мектептің жанында тұратын Елена Гаврилова өз пікірін білдірді.«Мен және менің балаларым №10 мектептің ескі ғимаратында оқыдық, ал енді оның орнына жаңа, заманауи мектептің салынатынына қуаныштымын. Мұнда біздің балаларымыз бен немерелеріміз білім алатын болады», - деді Е.Гаврилова.Еске сала кетейік, №10 мектепте оқушы орындарының жетіспеушілігіне байланысты оның орнына заманауи оқу орнын салу туралы шешім қабылданған болатын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/883429
Үржар ауданында кезекте тұрғандарға жаңа екі пәтерлі үйдің кілті табысталды 16.11.2024
«Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Үржар ауданында ауқымды тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жаңа екі пәтерлі үйдің кілті Алтыншоқы және Қазымбет ауылдарындағы кезекте тұрғандар мен халықтың әлеуметтік осал санатының өкілдеріне берілді.Жалпы жоба аясында 12 елді мекенде 41 қос пәтерлі тұрғын үй салынуда. Құрылыс сапасына және жұмыстың уақытылы аяқталуына баса назар аударылуда.«Бүгін біз жаңа үйге көшіп келіп жатырмыз. Балаларым жылы, кең үйде өссе, лайықты білім алса деп армандайтынмын. Бұл - біздің отбасымыз үшін ерекше оқиға. Баспана алғандардың барлығын құттықтаймын. Үйімізде әрқашан жақсылық болсын», - деді Алтыншоқы ауылының тұрғыны, көп балалы ана Әйгерім Сағымбаева.Ұлттық жоба халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, болашақ ұрпаққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/883504
Биыл Түркістан облысында 332,5 мың гектар егістік жер сумен толық қамтамасыз етіліп, вегетациялық кезең сәтті аяқталды 16.11.2024
Биыл Түркістан облысында 332,5 мың гектар егістік жер сумен толық қамтамасыз етіліп, вегетациялық кезең сәтті аяқталды. Жалпы өңірде «Қазсушар» РМК-ға қарасты республикалық 18 су қойма, 11 су бөгеті және 104 дана магистралды канал бар.Толығырақ “Қазсушар”Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев “Өңірлік коммуникациялар қызметінің” баспасөз алаңында айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/883522
«Адал ұрпақ»: Астанада ерікті мектеп клубтарының слеті өтті 16.11.2024
Бүгін Астанада «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық слетінің ақтық кезеңі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұзақ мерзімді үш жылдық жобаны жүзеге асырып жатыр. Осымен екінші рет өткізіліп жатқан жоба елордада парасаттылықты ілгерілету, жемқорлықпен күресу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған», - деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы Үкіметтік емес сектормен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Айдана Қамзаева.Іс-шара екі кезеңнен тұрады: іріктеу және ақтық кезеңдер. Іріктеу кезеңдері әр аудан бойынша өткізілді. Оған елордадағы 80 мектептен 300-ге жуық оқушы қатысып, нәтижесінде ақтық кезеңге 10 мектеп жолдама алды. Әр мектеп өз қойылымында «Жемқорлықсыз өмір – адал өмір» тақырыбын айқындап, әділдік пен ар-намыстың маңыздылығын көрсетуі қажет.Слетті Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті, Астана қаласының Білім басқармасы және «Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слетіне біз жыл сайын қатысып тұрамыз. Мұндағы басты мақсат – сыбайлас жемқорлықты бастапқы кезеңде мектеп қабырғасынан үйрету және түсіндіру. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Бұл іс-шараның пайдасы мол. Мәселен, былтыр алғаш рет өткенде слетке көп оқушы қызығушылық танытты. Олар сыбайлас жемқорлық тақырыбында суреттер салды», - деді Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция басқарма басшысының орынбасары Диас Қозыбаев.Ақтық кезеңге жолдама алған мектептер:1. Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясы;2. Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы;3. Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы;4. Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы;5. Шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тани атындағы №85 мектеп-лицейі;6. Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия;7. Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы;8. №15 мектеп-лицей;9. Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейі;10. №97 мектеп-гимназия.«Мұнда үздік қойылымдар марапатталып, жеңімпаздарға ақшалай сыйақы берілді. 3-орынға 30 000 теңгелік, 2-орынға 50 000 теңгелік және 1-орынға 100 000 теңгелік сертификаттар табысталды. Сонымен қатар мектептерге белсенді қатысқаны үшін дипломдар берілді», - деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы Үкіметтік емес сектормен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Айдана Қамзаева.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шара жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, әділдік пен адалдыққа шақыра отырып, еліміздің болашағын жарқын әрі адал етіп қалыптастыруға зор үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883401
Аcтанадағы LRT дeпocының құpылыcы баcталды 16.11.2024
Елордадағы LRT жoбаcының нeгiзгi инфpақұpылымдық ныcаны – дeпoның құpылыcы баcталды. Oл Xалықаpалық әyeжай маңайындағы 16,84 гeктаp аyмақта opналаcпақ. Дeпo LRT жүйeciнe тexникалық қызмeт көpceтy жәнe баcқаpy opталығына айналады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.Жалпы аyданы шамамeн 80 мың шаpшы мeтpдi құpайтын дeпo ғимаpаттаpында жылжымалы құpамға тoлыққанды тexникалық қызмeт көpceтy жәнe жөндey үшiн қажeттi баpлық ныcандаp opналаcтыpылады. Keшeн вагoндаpды жyy ғимаpатынан, қocалқы бөлшeктep мeн жабдықтаp қoймалаpынан, жoлдаpды жөндeyгe аpналған аpнайы тexника, coндай-ақ қызмeткepлepдi oқытy жәнe бiлiктiлiгiн аpттыpyға аpналған әкiмшiлiк ғимаpаттаpдан тұpады.City Transportation Systems мәлiмeтiншe, дeпo аyмағында пилoтcыз пoйыздаpды баcқаpy opталығы да құpылады. Автoматтандыpылған баcқаpy жүйeci қаyiпciздiк пeн тиiмдiлiктi eдәyip аpттыpyға мүмкiндiк бepeдi, coндай-ақ icкe қocy, тeжey жәнe cтанциялаpда тoқтаy cияқты пpoцecтepдi автoматтандыpып, адами фактopдың әcepiн баpынша азайтады.Эcтакада бoйынша нeгiзгi құpылыc жұмыcтаpының аяқталyына байланыcты, қыcқы кeзeңдe құpылыc тexнoлoгияcына cәйкec, LRT жoбаcының жұмыcтаpы дeпo құpылыcына шoғыpланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883388
Ақмолалық студенттер Астанадағы жұмысшы кәсіптерінің Ұлттық чемпионатында өңіріміздің намысын қорғайды 16.11.2024
Үш конкурстық күн ішінде, 14-16 қараша аралығында «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында еліміздің колледж студенттері мәлімделген құзыреттер бойынша өздерінің дағдылары мен қабілеттерін көрсетпек.Болашақ дәнекерлеуші мен аспаздар, токарь мен шаштараздар, слесарь мен дизайнерлер, құрылысшы мен IT-мамандар және басқа да 32 ақмолалық студенттерден құрылған команда барлық 30 құзыреттілік бойынша жарысады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға шақырды. Президенттің Жолдауына сәйкес 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бүгінде облыстың 29 колледжінде жұмысшы біліктілігі бойынша 5,5 мыңнан астам студент оқиды. Орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандарына шамамен 14 мың студент, бірақ олар бойынша да жұмысшы біліктіліктерін игеру көзделген.Колледждердің білім беру бағдарламалары кәсіби стандарттары мен WorldSkills стандарттарына өзектендірілгенін атап өту қажет.Жұмыс берушілер WorldSkills чемпионаттарына тәуелсіз сарапшылар ретінде белсенді қатысып, біліктілік және демонстрациялық емтихандар жөніндегі комиссияларды басқарады.Ынтымақтастықтың барлық осы формалары кәсіпорындарға түлектерді қайта даярлаусыз оқыту кезеңінде де өз кәсіпорындарының талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді.Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдан бастап облыс колледждері студенттер арасында WorldSkills кәсіби шеберлік чемпионаттарына белсенді қатысады. Ақмола командасы осы жылдар ішінде 33 Алтын, 20 күміс, 26 қола медаль, 46 кемелдік медальон жеңіп алды.Республика құрамасындағы Ақмола колледждерінің студенттері халықаралық, Еуропа чемпионаттарында ел намысын қорғайды. Нәтидесінде жалпы командалық есепте 2 медаль, 1 күміс, 5 қола медальды WorldSkills Kazakhstan қоржынына енгізді.Ел ордамыз Астанада «Жұмысшылар олимпиадасы» тоғызыншы рет өткізілуде. Биыл оған еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам студент қатысуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/883371
Алматыда Қарасу көлінің түбінен 53 тонна қоқыс шығарылды 16.11.2024
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданындағы жұмыс сапары барысында Қарасу көлін тазарту жұмыстарының нәтижесімен танысты.Қарасу шағын ауданының тұрғындары көлді тазарту туралы қала әкімінен көмек сұраған болатын. Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен келісілген жоба әзірленді. Су қоймасын механикалық тазалауды мердігер – «TOLAGAI-2050» ЖШС-2023 жылдың наурыз айында бастап, қыркүйекте аяқтауға тиіс еді. Алайда жобаның аяқталу мерзімі биылғы жылдың тамызына ауыстырылды, себебі түбіндегі лайдың қалыңдығы жобалау кезінде болжанғаннан бірнеше есе көп болып шықты (30 см орнына 100-120 см). Сонымен қатар, ауыр техниканың өтуі үшін көлдің түбінен уақытша жол салу қажеттілігі де мерзімге әсер етті. Бастапқыда тазарту жұмыстарын топырақ қатқан қыс мезгілінде жүргізу жоспарланған еді.Көлді тазарту жұмыстары аяқталған соң уақытша жол лаймен бірге шығарылды. Айта кету керек, бұл жұмыс тоған тарихында алғаш рет жүргізілді. Соның нәтижесінде көлдің түбінен 53 тонна қоқыс және 10 мың текше метр лай шөгіндісі шығарылды. Сонымен қатар, су деңгейін реттеу және оның жағаға асып кетуін болдырмау үшін су ағызу құрылыстары салынды.Жоба қалалықтардың шағымданған бірнеше мәселесін шешуге мүмкіндік берді: бірінші кезекте, тазарту арқылы су айдынының экологиялық тепе-теңдігі мен биологиялық алуан түрлілігі қалпына келеді. Көл тұрғындар мен қала қонақтары үшін қайтадан демалуға ыңғайлы орынға айналады.Сапар барысында Қарасу шағын ауданының тұрғындары көлді тазарту жұмыстары үшін алғыс білдіріп, әкімнен су қоймасы маңында жаяу жүргіншілер аймағын салуды өтінді. Бұған жауап берген Алматы әкімі Ерболат Досаев өзінің тапсырмасымен спортпен шұғылдануға арналған серуендеу және белсенді демалыс аймақтарын салуды қамтитын көріктендіру жобасы әзірленетінін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/883394
Алматының Алатау ауданында жаңа жаяу жүргіншілер аймағы салынды 16.11.2024
Алатау ауданын аралау барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев Қарасу шағын ауданындағы Бағаналы Орда көшесіндегі скверді абаттандыру барысымен танысты.Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Шілде айында басталған ұзындығы 800 метр болатын жаңа жаяу жүргіншілер аймағы Мойылды және Қаламбаев көшелерінің аралығында орналасқан. Жоба келесі айда аяқталады деп жоспарлануда. Бұл өткен жылы Шаяхметов пен Мойылды көшелері арасында жөнделген 400 метрлік жолақтың жалғасы болды. Осылайша, ұзындығы 1200 метр болатын біртұтас серуендеу аймағы құрылды.Жобаны жүзеге асыру үшін тікенек пен шөп басқан аумақ тазартылып, тегістеліп, асфальт және тас төселді. Жалпы ауданы 55,4 мың шаршы метрге көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 950 метрлік автосуару жүйесі орнатылды. Тұрғындардың жайлылығы үшін 150 шам, орындықтар және қоқыс жәшіктері қойылды. Жаңартылған аумақтың жалпы ауданы 6,5 гектар.Атқарылған жұмыстармен танысқан соң Алматы әкімі жобаны уақытылы аяқтауды және ірі ағаштар отырғызуды тапсырды. Ол сондай-ақ қоғамдық кеңістікті дамытудағы тұрғындардың үлесін ерекше атады.«Сіздердің белсенді ұстанымдарыңыз аудан мен қала әкімдігіне көріктендіруге және жайлы жасыл аймақтар құруға қаражат бөлуге көмектеседі. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына қатысып, жобаларыңызды ұсынып, сүйікті қаламыздың өркендеуіне үлкен үлес қосып келесіздер», – деп Ерболат Досаев қала тұрғындарын жаңартылған аумақтарда тәртіп сақтауға және балаларда қалалық кеңістікке деген құрмет пен ұқыптылық сезімін тәрбиелеуге шақырды.Тұрғындар өзгерген кеңістік үшін қала әкіміне алғыс білдірді.«Енді біз отбасымызбен осы жерде серуендейміз, достарымызбен кездесіп, уақытымызды тиімді өткіземіз. Жаңа алаңның арқасында жақсы демалыс үшін орын көбейді. Билік тұрғындардың өтінішін естіп, оларды жүзеге асырып жатқанына қуаныштымыз», – деді тұрғындар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/883397