Саясат
Асхат Шахаров Ақтөбеде өтіп жатқан Дзюдо чемпионатының ашылуына қатысты 16.11.2024
Ақтөбеде Дзюдодан Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.Оған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Шараға қазақстандық дзюдошы, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов те шақырылған. Іс-шара қонақтары чемпионат қатысушыларын оның ашылуымен құттықтап, жарыстарға сәттілік тіледі.Асхат Шахаров құттықтау сөзіндедзюдодан чемпионаттың дәл Ақтөбеде өтіп жатқанының маңыздылығын атап өтіп, Туризм және спорт министріне көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғысын білдірді.«Мемлекет басшысы Қазақстанда спортты дамытуға көп көңіл бөлуде. Бүкіл ел бойынша жаңа спорт кешендері салынып, жаттығу базалары мен спорт мектептері жаңғыртылып жатыр. Бұл кәсіби спортшыларға халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар спортты жастар мен жалпы халық арасында танымал етуге ықпал етеді.Бұл чемпионат – қазақстандықтардың ерекше назарында. Біздің дзюдошылар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевтың Париж Олимпиадасындағы жарқын жеңістері спортшылардың жаңа буынын жеңістерге жетелейді.Бұл чемпионаттың Саламат Утарбаев, Рустам Ибраев, Гүлнар Көшербаева, Есет Қуанов және басқа да талантты спортшыларды тәрбиелеп отырған, дзюдода бай тарихы бар Ақтөбе жерінде өтіп жатқанықуантады. Дүбірлі дода облыс жастары арасында дзюдоны насихаттауға, спортпен шұғылдануына және чемпиондардың жаңа буынын тәрбиелеуге жол ашатынына, оларға күш-жігер беретініне сенімдімін», - деді Асхат Шахаров чемпионаттың ашылуында.Облыс әкімі шараны ұйымдастыруға үлес қосқандарға алғысын білдіріп, жарысқа қатысушыларға жеңіс, өз командаларына қолдау көрсетуге келген көрермендерге жарқын эмоциялар тіледі.Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жарыс қатысушылардыңтатамиде жарқын жеңістерге жетуіне тілектестігін білдірді.«Мемлекет қолдауының арқасында чемпиондардың жаңа буынын тәрбиелеу үшін барлық жағдай жасалуда, бұл Қазақстанның әлемдік спорттағы позициясын нығайтады. Бүгінде көптеген қазақстандық дзюдошылардың есімдері әлемдік спорт тарихына енді. Олар – төзімділіктің, шеберліктің және табандылықтың үлгісі. Спортшылардың жас буыны өздерінің даңқты дәстүрлерін жалғастырып, әсерлі жаңа жетістіктер көрсететініне сенімдімін. Бұл чемпионат еліміздегі дзюдо спортыныңдамуындағы маңызды кезең болмақ және жаңа жұлдыздардың жануына, жеңістерге жетелеуге серпін береді», - деді Ербол Мырзабосынов.Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев өз кезегінде елімізде спортшыларды даярлау жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына баса назар аударып, турнир әрбір қатысуға жарқын жекпе-жексыйлайтынына және дзюдоны одан әрі дамытуға түрткі болатынына сенім білдірді.Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке жоғары спорттық жетістіктерді айшықтайтын алтын «нашивканы»салтанатты түрде табыстады.Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов екі дүркін әлем чемпионы Әбиба Әбужақынованы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» куәлігімен марапаттады.Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде төрт күн бойы 15-18 қараша аралығында «Қоныс» спорт кешенінде еліміздің түкпір-түкпіріненжиналған дзюдошылар бақ сынайды. Чемпионатқа 17 облыстан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 510 спортшы қатысып жатыр. Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде медаль алу үшін өзара мықтыны анықтайды.Чемпионат жеңімпаздары еліміздің ұлттық құрамасына енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884532
Ақтөбеде қаржыгерлер марапатталды 16.11.2024
Бүгін, 15 қараша - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Атаулы күнге орай, өңірдің қаржыгерлері марапатталды.Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов мереке иелерін құттықтап, қаржы саласында атқарған қызметтері үшін алғыс білдірді.«1993 жылы 15 қарашада егемен еліміздің тәуелсіздігінің айырықша белгісі саналатын ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енгізілді. Ұлттық валюта күнінің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келуі бекер емес. Қаржыгерлер ұлттық валютамызбен тікелей жұмыс істеп, оның айналымын ұдайы қадағалап отырады. Осындай айтулы мереке күні Сіздерге қаржылық тұрақтылық, өсу, кәсіби жетістік тілейміз. Алдағы жұмыстарыңыз еліміздің экономикасын дамыту мен нығайтуға және қаржылық әлеуетін көтеруге бағыттала берсін», - деді облыс әкімінің орынбасары.Абзал Әбдікәрімов бүгінгі мерекеде еңбекте жетістікке жеткен облыстағы банк саласының мамандарына облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884223
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумының ашылуымен құттықтауы 16.11.2024
«Баршаңызды Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумының ашылуымен құттықтаймын! Алқалы жиын Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында өтіп жатыр. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сондай-ақ бұл форум елімізде тың игеру науқаны басталғанына 70 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр. Сол науқанның түрлі салдары болғанын білесіздер. Соған қарамастан ауыл шаруашылығында көптеген оң өзгеріс жасалды. Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдегі ең астықты елдің біріне айналды. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарды, елді мекендер салынды. Мен бүгін алғашқы тыңгерлердің және олардың ізін басқан диқандарымыздың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Жаңа ғана арнайы көрмені араладық. Отандық өнімдеріміздің сапасы жоғары, көбі экспортқа шығарылып жатыр. Бұл – зор жетістік. Қазақстан Егіс алқабы және жайылымдық жер көлемі жағынан әлемде 6-орын алады. Біз бидай экспорттайтын 10 ірі мемлекеттің қатарына кіреміз. Ұн экспорты бойынша көш басындағы елдің біріміз. Биыл түрлі қиындыққа қарамастан, қамбамыз астыққа толды. Күзгі жиын-терінде 26,7 миллион тонна дақыл жиналды. Бұл – соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш. Шын мәнінде диқандарымыз тамаша нәтижеге жетіп отыр. Құттықтаймын және баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін!»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884238
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумындағы сөзінен үзінді 16.11.2024
«Агроөнеркәсіп кешеніне жан-жақты қолдау көрсетілуде. Негізгі мақсатымыз – ауыл шаруашылығының дамуына серпін беру. Бүгінде Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексіндегі еліміздің көрсеткіштері жақсарып келеді. 2022 жылы осы рейтингте 32-ші орынға шықтық. Қазақстан ТМД елдері ішінде көш бастап тұр. Бірақ жайбарақат отыруға болмайды. Ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілетті озық сала болуы керек. Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884276
Алдағы жұмыстың негізгі бағыттары. БІРІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруды жүйелі жүргізу қажет. 16.11.2024
Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру ақсап тұрған саланың бірі еді. Биыл мемлекет бұл мәселені шешіп, бөлінетін қаржы көлемін айтарлықтай арттырды. Біз пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау арқылы несиелеудің күрделі әрі көлеңкелі жүйесінен бас тарттық. Диқандар енді көктемгі егін егу және жиын-терін жұмыстарына 5 пайыз мөлшерлемемен тікелей жеңілдетілген несие алады. Мұндай несиелеу көлемі алғаш рет жарты триллион теңгеден асты (580 миллиард теңге, бұған дейін 180 милллиард теңге болған), алдағы уақытта бұл көрсеткіш бір жарым триллион теңгеге дейін жеткізіледі. Дәнді дақылдар түсімі биыл гектарына 16 центнерді құрады. Бұл көпжылдық орташа көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары. Кейбір алқаптан гектарына 40 центнерден немесе одан да көп өнім жиналды. Бидай сапасы мен балауызының деңгейі (32 пайыз) жоғары. Бұған заманауи агротехнологияларды, жоғары сапалы тұқымды, тыңайтқыш пен пестицидтерді пайдалану, сондай-ақ ауылшаруашылық техникаларын жаңарту арқылы қол жеткіздік. Енді біздің алдымызда жиналған өнімді сақтау және оның бағасын құлдыратуға жол бермеу міндеті тұр. Үкіметке Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астық сатып алуды тапсырамын. Бұл нарықтағы бағаны ұстап тұру үшін керек. Астықты өңірлердегі қоймаларды босату мақсатында Ауыл шаруашылығы және Көлік министрліктері бидайды басқа облыстарға тасымалдауды жедел қамтамасыз етуі қажет. Бұл істе облыс әкімдерінің үйлесімді жұмыс істегені маңызды. Көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін жұмыстарын дер кезінде қаржыландыру – мол астық жинаудың кепілі. Жыл сайын төлемдерді кешіктіру салдарынан шаруалар егін егу барысында көп қиындықты бастан өткереді. Сондықтан менің тапсырмам бойынша көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жеңілдетілген несие биылғы желтоқсан айынан бастап берілетін болады. Соның нәтижесінде диқандар жанар-жағармайды, қосалқы бөлшектерді, басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерді уақытында сатып ала алады. Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда аталған салаға жеке инвестициялар тарту керек екенін айтқан едім. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекет тарапынан субсидиялауды біртіндеп қысқартып, оның орнына банктердің ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие беруін ынталандырған жөн. Отандық қаржы институттары агрокәсіпорындарға ұзақмерзімді әрі қолжетімді қаражат ұсынуға тиіс»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884284
Көкшетауда Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 16.11.2024
Он бесінші қарашада Қазақстанда Ұлттық валюта күні мен қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді.Бүгін Ақмола облысы әкімдігінде Қаржыгер күні мен Ұлттық валюта – теңге күніне арналған салтанатты жиын өтті. Кәсіби мереке құрметіне бірқатар сала өкілі марапаттарға ие болды.«Қаржы жүйесі – экономиканың қан тамыры, ол барлық саланың тіршілігі мен дамуын қамтамасыз етеді. Сіздерге бұл жүйені тұрақтылықта және қауіпсіздікте ұстау, оны заман талабына бейімдеу және өңір мен елдің тұрақты дамуына ықпал ету сияқты маңызды міндет жүктелген. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен біліктіліктеріңіздің арқасында Қазақстанның қаржы саласы заманауи сын-қатерлерге жауап беріп, тұрақтылық пен икемділікті көрсетіп, экономикалық өркендеуге ықпал етуде. Бүгін біз осы маңызды салаға өмірін арнағандардың барлығына ерекше алғысымызды білдіреміз», – деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жарқешов.Қазақстан Республикасының Жоғарғы аудиторлық палатасының «Қаржы сақшысы» медалімен Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы – Бауыржан Қабдыраш марапатталды.«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен жергілікті бюджеттерді орындаудың есеп және есептілік бөлімі басқармасының басшысы Наталья Рыбалко марапатталды.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің алғыс хатымен Көкшетау қаласы экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Құзтаева марапатталды.Оған қоса, Ақмола облысы әкімінің құрмет грамоталарымен қаржы саласының 25 қызметкері марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/884161
Семейде құрылыс жұмысының барысы тексерілді 16.11.2024
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жылумен қамту және білім беру мекемелерінің құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді.Атап айтқанда, «Қарағайлы» шағын ауданындағы блок-модульдік қазандық пен мектеп және Водный ауылындағы мектеп құрылысына тексеру жүргізілді.Барлық мердігерлерге жұмысты уақтылы және сапалы аяқтау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/884180
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолуына дайындық мәселелері бойынша отырыс өтті 16.11.2024
2024 жылғы 15 қарашада Әділет министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп Адам құқықтары жөніндегі Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) шеңберінде Қазақстан Республикасының төртінші кезеңдік Ұлттық баяндамасын қорғауға дайындық бойынша отырыс өткізді. Іс-шара Ұлттық Академиялық кітапханада өтті.Әмбебап кезеңдік шолу – бұл барлық 193 мүше мемлекеттерді қамтитын және мемлекеттерге адам құқықтарын қорғау саласында қабылданған шаралар туралы төрт жылда бір рет есеп беруге мүмкіндік беретін БҰҰ-ның бірегей тетігі. ӘКШ елдерге табысты тәжірибелерімен бөлісуге және жақсарту бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.Отырыста мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы дайындаған Балама баяндамаларды талқылады.Баяндамаларда сөз бостандығы, ақпаратқа қол жеткізу, жиналыс бостандығы, дін, сайлауға қатысу және мемлекетті басқару сияқты негізгі салалардағы ағымдағы жағдайды бағалау және жақсарту бойынша ұсыныстар берілген.Айта кету керек, 2019 жылы өткен ӘКШ қорытындысы бойынша Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше елдерден 245 ұсыныс алды. Оның ішінде 57-сі аталған салада қолдау тапты және табысты іске асырылуда.Отырысқа қатысушылар Баламалы баяндамаларды талқылаудың маңыздылығын атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/884156
Алатау ауданында 2 000 орынды жайлы мектеп салынып жатыр 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Алатау ауданындағы 2 000 орынды жайлы мектептің құрылысымен танысты.Бұл білім мекемесінің құрылысы өткен жылы наурыз айында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Теректі шағын ауданында басталған болатын.Алатау ауданында қазір 31 мемлекеттік мектеп бар, онда 58 мыңнан астам бала оқиды. Халық санының артуы мен белсенді құрылыс жүргізу нәтижесінде осы оқу жылында аудан бойынша мектеп орындарының тапшылығы 5 мың орынға дейін жетті. Қалада «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 36 800 орынды 22 білім ордасының құрылысын салу жоспарланған.Алматы әкімдігі оқушы орындарының тапшылығының деңгейін реттеу мақсатында жаңа мектептер мен қосымша құрылыстарды жергілікті бюджет есебінен салуды жалғастырады. Қаладағы бұрын ашылған білім ұйымдарына байланысты 2025 жылы тағы 16 мектеп бір ауысымдық оқытуға көшеді. Осылайша, келесі оқу жылында 200-ден астам мемлекеттік мектептің 43-і бір ауысымдық жүйеге көшеді (өсім 12,5%-дан 18,4%-ға дейін).Теректі шағын ауданындағы жайлы мектепті көріп шыққан соң Ерболат Досаев оны 2025 жылы қаңтарда, үшінші тоқсанның басына дейін ашуды тапсырды.Айта кетейік, мектеп құрылысымен қатар тротуарлар, жарықтандыру және жол белгілерін орнату жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстар осы айдың соңына дейін аяқталмақ. Сонымен қатар, Алматының қалалық мобилділік басқармасы мектепке апаратын 1,1 км жолды салып бітірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884036
Алматыда Қарасу және Өжет шағын аудандарының тұрғындарына қадамдық қолжетімді жерде заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Қарасу шағын ауданындағы медициналық-санитарлық көмек орталығының (МСАК) жаңа ғимаратына барды.Бұған дейін Қарасу шағын ауданындағы 18 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек 160 шаршы метрлік №21 емхана филиалында көрсетіліп келген. Ал шамамен 24 мың адам тұратын Өжет шағын ауданының тұрғындарына №25 қалалық емхана қызмет көрсетеді. Медициналық мекемелердің жүктемесін азайту және Қарасу мен Өжет тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында қадамдық қолжетімді жерде заманауи дәрігерлік амбулатория салу қажеттілігі туындады.Тұрғындардың өтінішін ескере отырып, әкімнің тапсырмасымен жаңа орталықтың құрылысы 2023 жылдың ақпан айында басталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Биылғы жылдың қараша айының соңына дейін ғимаратты пайдалануға беру және оны қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының балансына өткізу жоспарланған. Тиісті рұқсат құжаттарын, соның ішінде қызмет көрсету лицензиясын алғаннан кейін МСАК орталығы алғашқы пациенттерді қабылдай бастайды. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиеваның айтуынша, орталықты ашу осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.Бес қабатты жаңа медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету орталығы №25 қалалық емхананың филиалы болып табылады және Қарасу мен Өжет шағын аудандарының шамамен 20 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. Жобалық қуаты – бір ауысымда 200 адам қабылдау. Жаңа ғимаратта төрт бөлімше бар: учаскелік қызмет, мамандандырылған медициналық көмек бөлімі, гинекология, клиникалық-диагностикалық бөлімше. Орталық УДЗ, рентген, аудиограмма, спирография, кольпоскопия, ЭКГ сияқты заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.Жаңа медициналық мекеменің ашылуы №25 және №21 емханалардағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, әрі тұрғындар қажетті көмекті заманауи және ыңғайлы медициналық мекемеде жылдам ала алады.2024 жылдың басынан бастап Алматыда үш отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Олар ауысымына 100 адам қабылдайтын Нұршашқан шағын ауданында, бір ауысымда 200 адам қабылдайтын Мамыр шағын ауданында және ауысымына 200 адам қабылдайтын Кемел шағын ауданында орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884042
Алматының Боралдай шағын ауданында алғаш рет су құбыры және кәріз желілері пайда болады 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданына жұмыс сапары Боралдай шағын ауданындағы сумен жабдықтау және кәріз желілері құрылысының барысымен танысты.2014 жылы қалаға қосылған шағын ауданда инженерлік желілер болған жоқ. 2019 жылы тек 8,2 км магистральдық желілер салынды. Осы жылдың қыркүйек айында қала басшысының тапсырмасы бойынша 76,4 км желі, оның ішінде 52,1 км – су құбыры және 24,3 км – кәріз құрылысын көздейтін ауқымды жоба басталды. Осылайша, Алатау ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша Боралдай шағын ауданының 4 мыңнан астам тұрғыны орталық коммуникациялармен қамтылатын болады.Бүгінгі таңда 7 км желі салынды. Нысандардың құрылысын аяқтау және пайдалануға беру 2025 жылдың қазан айына жоспарланып отыр.Ерболат Досаев Алатау ауданының әкіміне жұмыстарды орындау кестесі мен сапасын бақылауда ұстауды тапсырды. Қала басшысы жоба белгіленген мерзімде аяқталып, барлық стандарттарға сай болуы тиіс екенін атап өтті, өйткені сумен жабдықтау және кәріз жүйесі жайлы және қауіпсіз тұрудың негізі болып табылады.Естеріңізге сала кетейік, Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осы жылдың 9 айында 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды, 27,3 км қолданыстағы желілер жаңғыртылды. 2025 жылы тағы 240 км құрылыс және 48 км желіні жаңғырту жоспарланған.Осылайша, 100 мыңға жуық қала тұрғыны үшін қабылданған шаралар кешенінің арқасында инженерлік желілердің жоғары тозуына байланысты сумен жабдықтау мен су бұрудың көпжылдық проблемасы шешілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884048
Алматының Алатау ауданында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданын аралау барысында Зерделі ш/а жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешенін аралады.Денешынықтыру-сауықтыру орталығы балалар мен жастарға арналған түрлі спорт секцияларын ұсынады. Орталықта күн сайын екі ауысымда 196 адам айналыса алады. Онда спорт, бокс және хореографиялық және үстел ойындары залы бар. Нормативтерге сәйкес орталық киім-кешек және душ бөлмелерімен, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген санитарлық тораптармен жабдықталған.Аралау қорытындысы бойынша Ерболат Досаев бірқатар тапсырмалар берді: атап айтқанда, ол салынған денешынықтыру-сауықтыру кешендері отбасылық-бағдарланған болуы тиіс, ол үшін спорт мектептерінің тәрбиеленушілері ғана емес, сондай-ақ жақын маңдағы аудандардың тұрғындары мен ерекше қажеттіліктері бар қала тұрғындарының қолжетімділігі қамтамасыз етілуі үшін кестені оңтайландыру қажет екенін атап өтті. Келушілердің ыңғайлылығы мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін әкім сенбі және жексенбіде ДСК-ін қолжетімді етуге бұйрық берді.«2025 жылы біз денешынықтыру-сауықтыру кешенін толықтыратын, оны жабық үй - жайлармен ғана емес, спортпен айналысуға арналған ашық алаңмен де қамтамасыз ететін заманауи футбол алаңын саламыз», - деді Ерболат Досаев.Жалпы Алматыда төрт ДСК (Ақжар, Шұғыла, Саялы шағын ауданы және «Авиатор» стадионы) және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған спорт орталығын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткішке қолжеткізілді – ден шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысатын халықты қамту 42%-ды (924 мың қала тұрғыны) құрады. Ағымдағы жылдың соңына қарай жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескере отырып, бұл көрсеткішті 46% - ға дейін жеткізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884055
Алматының Жетісу ауданында стихиялық қоқыс үйіндісінің орнына жасыл аймақ салынды 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары және халықпен кездесу барысында Жетісу ауданындағы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылған жасыл аймақты аралап көрді. Бұрын бұл жерде табиғи полигон болған. Бұл нысан қаланың Жетісу ауданындағы Уссурийская көшесінде орналасқан.«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының арқасында біз өз идеяларымызды ұсына алдық. Көше танымастай өзгерді, жайлы және тұруға тартымды болды», - деп атап өтті жергілікті тұрғын.Жоба аясында бір шақырымнан астам тротуар салынды, ауданы 220 ш. м. футбол алаңы жабдықталды, сондай-ақ 750 ш. м. аумағында балалар және спорт алаңдары орнатылды.Жобамен танысқан Ерболат Досаев мегаполис тұрғындары үшін қолайлы қалалық орта құру жұмыстары жалғасатынын атап өтті.Өз кезегінде аудан тұрғындары қала басшысына ересектер мен балалардың демалуына, жайлы серуендеуге қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыстарын білдірді. Олардың өтініштері бойынша биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Крылов, Омаров, Боткин, Бөкейханов, Назарбаев, Райымбек даңғылдарындағы скверлерге ағымдағы жөндеу жүргізілді.«Қалада бос жер учаскелері жоқ, сондықтан келесі жылы біз саябақ немесе сквер қалыптастыру үшін тіпті шағын учаскелерге ағаш отырғызуды бастаймыз. Біз 5 немесе 10 акр жер учаскелерін қолданамыз, оларды абаттандырып, серуендеуге арналған орындарға айналдырамыз. Мұндай бағдарламаны бүкіл қала бойынша жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», - деді Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында.Айта кетейік, мегаполисте «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы жобаға 18,8 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артық. Қала тұрғындары аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және іске асыруға мүмкіндік алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884084
ТЖМ құтқарушылары өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізуде 16.11.2024
Шымкент қаласының әуежайында әуе кемесіндегі өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың тактикалық мақсатына сәйкес «Алматы-Шымкент» бағыты бойынша ұшқан «АН-24» ұшағының апаттық қонуы салдарынан өрт орын алды. Әуе кемесінің бортында 48 жолаушы және 4 экипаж мүшесі болды. Шасси тағанының істен шығуы, қозғалтқыштың және оң жақ жанармай багының бұзылуы салдарынан жанармай төгіліп, өрт шықты. Әуежайдың ұшуларды іздестіру мен апатты-құтқаруды қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері қаланың өрт сөндірушілерімен және құтқарушыларымен бірлесіп әуе кемесіндегі өртті сөндіру, экипаж бен жолаушыларды құтқару жұмыстарын жүргізді.Оқу-жаттығудың мақсаты қызметкерлердің төтенше жағдай кезінде дағдыларын жаттықтыру, сондай-ақ әуежайдың бөлімшелері мен қалалық қызметтерінің өзара бірлесіп қызмет атқару іс-қимылдарын машықтау болды. Оқу-жаттығудың соңында талдау жүргізіліп, қорытынды жасалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/884089
Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды 16.11.2024
Ақтөбеде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Ол 15-18 қараша аралығында «Қоныс» спорт кешенінде өтеді. Жарысқа 17 облыстан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкенттен 500-ге жуық қатысушы келді. Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде медаль үшін бақ сынасады.Чемпионатқа аралас командалық жарыстар да кіреді, олардың жеңімпазы Қазақстан Кубогін иеленеді. Былтыр бұл кубокті Қызылорда облысының командасы жеңіп алды.Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады. Жаңартылған құрамда ел құрамасы желтоқсан айында өтетін Токиодағы Grand Slam сериясының соңғы турнирінде өнер көрсетеді.Айта кетейік, «Қоныс» спорт кешеніне кіру тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/883957
Менталды бұзылуы бар балаларды оңалту ісінде жетісулық орталықтың жұмысы нәтиже беруде 16.11.2024
Талдықорған қаласында аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы бір жарым жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында мұнда 174 бала ем алды. Соның бірқатары қатарға қосылып, мектеп табалдырығын аттап, өз тұрғыластарымен бірге білім ала бастады. Бүгінгі күні мұнда 124 бала оңалтудан өтуде, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Орталық 125 орынға арналған. Мұнда әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, педагогикалық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызмет түрлері ұсынылады. Орталыққа балалар ПМПК жолдамасымен және жеке оңалту жоспарына сәйкес келеді. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым бекітілген кестеге сәйкес балаларға ұзақтығы 4,5 сағат болатын екі ауысымда қызмет етеді. Осы жерден тиісті ем алған балалардың денсаулығы түзеле бастағанына ата-аналары да қуанышты.– Балам Аман Мадияр дүниеге ерекше бала болып келді. Дамуына бастапқыда өзім күш салғаныммен, аутизм орталығы ашылғаннан бері мамандарға жүгінуді жөн санадық. Бұл орталықтың емінің арқасында баламның мінез-құлқы тұрақтанып, өзі қатарлы балалармен араласып, тіл табыса алатын күйге жетті, екі-үш сөздің басын құрап сөйлей бастады. Әр баланың қоғамға қосылуы ата-ана үшін арман десек, сол күнге жетуімізге септігін тигізіп жатқан мұндағы әрбір тәрбиеші, мамандарға аналық алғысымды білдіремін, – дейді 4 баланың анасы Айнұр Кенжебекова.Орталықтағы психолог, логопед, дефектолог кабинеттері, жеке және топтық сабақтарға арналған АВА кабинеттері, музыка, арт-терапия, оқу-әдістемелік бөлмелеріндегі емдік шаралардың арқасында балаларда оң нәтиже байқалады. Медициналық бағытта психиатр, невропатолог, педиатр, галотерапия кабинеті (тұзды шахта), БАК терапия, массаж, емдік дене шынықтыру залы қарастырылған. Оған қоса қыш, тігін, ағаш шеберханалары, робототехника және LEGO кабинеті, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеттері де бар.– Орталық қызметінің мақсаты - аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға қызметтер кешенін ұсыну, сол арқылы олардың өмірінде туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеруге жағдай жасау, қоғам өміріне басқалармен тең қатысуына жол ашу. Бізде оңалтуға лайық қолайлы, мейірімді атмосфера қалыптасқан. Мұнда 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар да қабылданады. Жалпы қазіргі уақытта мұнда 109 қызметкер еңбек етеді, – дейді орталық директорының орынбасары Гүлназ Әуелбекова.Жалпы облыс бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 8 орталық жұмыс істейді. Аталған орталықтарда бүгінде 450 ерекше бала қызмет алуда. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотосуреттер авторы: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/883939
Зейнетақы жүйелерінің халықаралық рейтингісінде Қазақстан белортадан берік орын алды 16.11.2024
Қазақстан басқа елдерден қандай өлшемдер бойынша басым түсті?Mercer институты CFA-мен бірлесіп, жыл сайын өткізетін Mercer CFA Institute Global Pension Index (MCGPI) зейнетақы индексінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі 24-ші орынды иеленді. Зейнетақы жүйелері кешенді түрде зерттелетін 2024 жылғы халықаралық рейтингке әлемнің 48 елі кірді.Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексі аясында жүйелерді 50-ден астам индикаторды қамтитын "Лайықтылық", "Тұрақтылық" және "Тұтастық" үш қосалқы индексі негізінде бағалау жүзеге асырылды. Осы индикаторлар бойынша зейнетақы жүйелеріне толық және объективті бағалау жүргізу үшін ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, Economist Group зерттеу және талдау бөлімшесі сияқты т. б. ұйымдардың деректерін қамтитын ашық халықаралық көздерден алынған мәліметтер пайдаланылды.64,0 балл жинаған Қазақстан АҚШ, Испания, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Сауд Арабиясы және басқа елдерден озып, "С+" бағасын алды.Қорытынды балл үлес салмағы бойынша өлшенген қосалқы индекстік бағалардың нәтижелерін жинақтау жолымен алынды:"Лайықтылық" қосалқы индексі бойынша - 45,8 балл (үлес салмағының 40%: Қазақстан, мысалы Малайзиядан, Оңтүстік Кореядан, Индонезиядан, Оңтүстік Африкадан озып кетті);"Тұрақтылық" қосалқы индексі бойынша - 73,1 балл (үлес салмағының 35%: Қазақстан индексі Швейцария, Чили, Жаңа Зеландия, Финляндия, Канада, Норвегия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ және басқа да көптеген елдердің көрсеткіштерінен асып түседі);"Тұтастық" қосалқы индексі бойынша - 80,4 балл (үлес салмағының 25%: Қазақстанның көрсеткіші Швеция, Дания, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай және басқа елдерге қарағанда жоғары). Жоғарыда келтірілген сандардан көрініп тұрғандай, Қазақстанның тұрақтылық (жалпы рейтингіде 8-орын) және тұтастық (16-орын) қосалқы индекстері өте жоғары бағаланды. Республиканың зейнетақы жүйесіндегі нығайтуды қажет ететін неғұрлым осал орны – лайықтылық қосалқы индексі бойынша (47 орынның 41-сі) сипатталды.Mercer CFA институты қазақстандық зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру және зейнетақымен қамсыздандыру көрсеткішінің лайықтылығын арттыру бойынша мынадай ұсыныстар жасады:ең кедей қарт адамдарды/зейнеткерлерді қолдаудың ең төменгі деңгейін арттыру;үй шаруашылықтарының зейнетақы жинақтарының деңгейін көтеруге ынталандыру:зейнетақы жинақтарына қол жеткізуді шектеу арқылы зейнетке шығар алдындағы кезеңде жинақтардың шығыс ағынын қысқарту;өмір сүру ұзақтығы ұлғайған сайын егде жастағы адамдардың жұмыс күшіне қатысу деңгейін арттыру;зейнетақы жүйесіне қатысушылардың жылдық үзінді көшірмелерінде болжамды зейнетақы төлемдерін көрсету бойынша талаптарды енгізу. Жаһандық зейнетақы индексінде бала туудың төмендеуіне және өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына қатысты жалғасып жатқан үрдістерді ескере отырып, зейнетақы жүйелерін жетілдіру қажеттілігі атап өтіледі. Ол туралы Дүниежүзілік экономикалық форумда да айтылды: "Адамзат тарихында алғаш рет 65 және одан егде адамдар саны 5 және одан кіші жастағы балаларға қарағанда көбірек».Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет жыл сайынғы рейтинг - Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексіне енгізіліп, бірден 64,9 балл жинап, 20-орынға ие болды. 2024 жылғы зерттеулердің қорытындысы бойынша Қазақстан тізімнің тура ортасындағы орынды иеленді. Ал бірінші орынды Нидерландының зейнетақы жүйесі сақтап, 84,8 балл жинады. Атап кетейік, Нидерландыда 2028 жылға қарай барлық зейнетақы жоспарларын жинақтаушы жүйеге (DC) толық көшіру жоспарланып отыр. Индексте бүкіл әлем бойынша зейнетақы жүйелері белгіленген төлемдердің (DB) жоспарларынан едәуір алшақтап, бекітілген жарналардың (DC) жүйелеріне ауысып жатқандығы атап көрсетілген.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/883874
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз жаңа Су кодексінің жобасы туралы 16.11.2024
Жаңа Су кодексі жобасының негізгі мақсаты − экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретін су пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу мен оны қолдау болып табылады.Жаңа Су кодексі климаттың өзгеруіне бейімделуге және суды үнемдеу принциптерін енгізуге баса назар аударады.Құжат су ресурстарын басқарудағы үйлестіруді жақсарту үшін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті уәкілетті органдардың құзыреттерін мұқият реттейді.Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі су объектілерінің жай-күйі туралы деректердің мониторингі мен есепке алынуын қамтамасыз етеді.Су ресурстарын қорғау мен пайдалануды жоспарлаудың жаңа тетіктері әр аймақтың ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.Шағын су объектілерін, сулы-батпақты жерлер мен мұздықтарды қорғауға ерекше назар аударылады.Кодекске «экологиялық ағын» ұғымы енгізіледі, бұл – су объектілерінің экожүйелерін сақтау үшін судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі, сарқылудан және басқа да жағымсыз салдардан қорғайды.Елді мекендердегі сумен жабдықтау, су бұру және гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп үшін суды пайдаланудың қатаң нормаларын белгілейді.Су объектілерін қорғау жөніндегі іс-шараларды едәуір кеңейтеді және суды пайдалануды реттеуді жетілдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/883903
Астана көшелерін қар мен мұздан 2,5 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,3 мың арнайы техника тазартады 16.11.2024
Астана көшелерінің қарын күндізгі ауысымда 1300-ден астам арнайы техника мен 2500-ден астам жол жұмысшы тазартуға кірісті. Жауын-шашынның салдарынан қар күреу жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордадан 15 қарашаға қараған түні 27 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2 136 мың ауыр жүк көлігіне тең.Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 21 мыңнан астам рейспен 267 мың текше метрден астам қар жеткізілді.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883675
Қазақстан COP29 шеңберінде Ақмола облысында алғашқы «жасыл» курорттың құрылғанын жариялады 16.11.2024
Бакуде өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына (COP29) қатысушылардың 29-конференциясы аясында Қазақстан елдегі алғашқы «жасыл» курорттың іске қосылғанын жариялады. Ақмола облысының әсем Ақкөл ауданында орналасқан жоба әлемдік экологиялық стандарттарға сәйкес келетін тұрақты туризм инфрақұрылымын құруға бағытталған.Жобаның алғашқы кезеңдерінің бірі 2023 жылы қонақтарға есігін айқара ашқан Wyndham Residences Aqkol қонақ үйінің іске қосылуы болды. Бұл жай қонақүй емес, экологиялық тұрақтылықтың жоғары стандарттарын ескеретін нысан. Оның құрылысында жасыл дизайн және пассивті құрылыс әдістері, соның ішінде энергияны үнемдейтін технологиялар мен суды сүзу жүйесі пайдаланылды, бұл энергия тұтынуды айтарлықтай азайтады және қоршаған ортаға әсерді барынша азайтады.Сонымен қатар, курорттық аймақ жергілікті фермерлерінен өнімді сатып алу арқылы жергілікті экономиканы белсенді түрде қолдайды, бұл көлік шығындарын азайту арқылы көміртегі шығарындыларын азайтуға көмектеседі. Бұл тәсіл сонымен қатар аудандағы шағын және орта бизнестің өсуін ынталандырып, жергілікті тұрғындарды қосымша табыс пен жұмыс орындарын қамтамасыз етеді.Wyndham Residences Aqkol қонақ үйі қазірдің өзінде БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі жаһандық бастамасына қатысады, бұл жобаның халықаралық аренадағы маңыздылығын көрсетеді. Бірақ бұл тек бастамасы ғана: жобаның келесі кезеңі жаңартылатын энергия көздеріне толығымен көшуді жоспарлап отыр, бұл курортты толығымен экологиялық таза етеді және көміртегі ізін азайтады.Сонымен қатар, жобаның келесі кезеңі ауылда жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті халықты курортты дамыту үдерісіне белсенді түрде тартуға бағытталған. Бұл өңірдегі өмір сүру деңгейін айтарлықтай жақсартып, жыл бойы тұрақты жұмыс үрдісін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде қызмет көрсету сапасының артуына әкеледі.Жобаның маңызды аспектілерінің бірі демалыс орнының әзірлеушісі және инвесторы болып табылатын TӦR`RE компаниясы ұсынған инновациялық инвестициялық модель болып табылады. Дәстүрлі мемлекеттік субсидиялардың орнына жоба үкімет 10 жыл ішінде жобадан түсетін салық түсімдері арқылы қаражатты қайтаруды қамтамасыз ететін модельді қамтиды. Бұл тәсіл бизнестің мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттырып, бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.«Біздің жобаларымыздың маңызды ерекшелігі дәстүрлі көздерді баламалы инфрақұрылыммен алмастыру болып табылады. Біз мемлекеттік қолдау парадигмасын өзгертуді ұсынып отырмыз. Субсидиялаудың орнына қаражаттың қайтарылуына кепілдік беріп қана қоймай, экономикалық өсуді ынталандырып, жаңа жұмыс орындарын ашатын инвестициялық модель бар», - деді TӦR`RE компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ерболат Жақсылықов.Ақкөл өңірінде аталмыш жобалардың енгізілуі Қазақстанның климаттық проблемаларды шешуде әлемдік аренада белсенді ойыншы болуға ұмтылысын көрсетеді. Туризмде экологиялық тұрақты инфрақұрылымды құру инновациялық және экологиялық жауапты тәсілдер тұрақты дамуға қалай әкелетінінің мысалын береді.Өз кезегінде, TӦR`RE компаниясы бұл жоба бізге шалғайдағы туристік нысандардың жыл бойы жұмыс істеуіне көшуге мүмкіндік беріп қана қоймай, білікті мамандарды тұрақты тартудың арқасында қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартатынына сенімді. Бұл өз кезегінде қосымша салық түсімдерін қалыптастырып, еліміздің туризм саласының дамуына маңызды үлес болмақ.Осылайша, Қазақстанда алғашқы "жасыл" курортты іске асыру экологиялық таза туризмді дамытуға және елдің "жасыл" экономикаға көшуіне маңызды қадам болады, бұл туризм сияқты ресурстарды қажет ететін секторда да тұрақты және экологиялық жауапты шешімдер мүмкін екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/883765