Саясат
Асық атудан әлем кубогі: астаналық екі спортшы алтын медальға ие болды 16.11.2024
Түркияның астанасы Анкара қаласында өткен асық атудан ересектер арасындағы әлем кубогіне 10 елдің 60-қа жуық спортшысы қатысып, қазақстандық спортшылар топ жарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған алты спортшының бесеуі алтын, біреуі күміс жүлдеге ие болды. Соның ішінде екі астаналық спортшы Аружан Сүйментай (Бірінші сақа) және Балмира Бекбосынова (Екінші сақа) алтыннан алқа тақты.Жалпыкомандалық есепте отандастарымыз бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қырғыз елінің спортшылары теленсе, үздік үштікті түркиялық спортшылар түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/882294
Темір ауданында су тасқынының алдын алу мақсатында бөгеттер салынып жатыр 16.11.2024
Облыс әкімінің тапсырмасымен әкім орынбасары Ғалымжан Елеуов Темір ауданына жұмыс сапарымен барып, су тасқынына қарсы қабылданған шаралармен танысты.Қазіргі уақытта аудан орталығында мердігер компаниялар - «Story Master Elite Group» ЖШС Шұбарқұдық кентінің кіреберісінде және «Stro Proekt» ЖШС «Задепо»аймағын су тасқыны қаупінен қорғау мақсатында бөгеттер салып жатыр.Сонымен қатар, сел және су тасқыны қаупінен қорғауға бағытталған қорғаныс бөгеттері құрылысы Саркөл ауылдық округіне қарасты Шұбарши, Құмсай және Қопа елдімекендерінде де жасалуда.Шұбаршиде бас мердігер - «Story Master Elite Group» ЖШС, Құмсай елдімекенінде - «TAF Company» ЖШС, ал Қопа елдімекені бойынша бас мердігер - «Lider Invest» ЖШС жауапты.Бөгет құрылыстарын қарап шыққан Ғалымжан Елеуов аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандарбек Қойшыбаевқа ауа райын ескере отырып, құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, оның уақытылы аяқталуын бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/882341
Судың «қара нарығымен» күресті күшейту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды 16.11.2024
Судың «қара нарығымен» күресті күшейту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды. Бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 1,5 есе өсіп, жалпы штат саны 242 адамға жетті. Нәтижесінде, әрбір облыс орталығында бассейндік инспекция бөлімі ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/882356
Дарен Танг Қазақстанның Орталық Азиядағы зияткерлік меншік саласындағы көшбасшы ретіндегі рөлін атап өтті 16.11.2024
Үлгілер бойынша заңдар туралы шарт (ҮЗШ) жасасу жөніндегі дипломатиялық конференция аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас директоры Дарен Тангпен кездесті.Кездесуге Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі Мадияр Смадилұлы Менилбеков қатысты.Министр ҮЗШ қорытындысы тарихи оқиға және өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың халықаралық рәсімдерін оңайлату және үйлестіру жолындағы маңызды қадам болып табылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ өткізілетін конференция шеңберінде ҮЗШ қабылдау мәселелерінде Қазақстан Республикасы тарапынан толық қолдау білдірді.Азамат Есқараев Қазақстанның инновациялық әлеуетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ДЗМҰ-ға алғысын білдіріп, зияткерлік меншік саласында құқықтық ақпарат алмасуға бағытталған WIPO Lex жобасына, сондай-ақ 2025 жылға жоспарланған «Шапағат» республикалық өнертабыстар конкурсы және Астана Халықаралық форумы сияқты алдағы іс-шараларға қатысу жөніндегі Қазақстанның жоспарларын белгіледі.Кездесуде Қазақстандағы ДЗМҰ-ның ағымдағы бастамалары, соның ішінде технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының табысты жұмыс істеуі, зияткерлік меншік және бизнес бойынша магистрлік бағдарламаны іске асыру, сондай-ақ әйелдер басқаратын ШОБ үшін зияткерлік меншікті басқару бойынша клиникалар құру және зияткерлік меншікті қорғаудың тұрақты тетігін құру бойынша жобалар талқыланды.Дарен Танг Қазақстанның тәжірибесі Орталық Азиядағы зияткерлік меншікті дамытудың негізгі факторы болып табылатынын атап өтіп, Қазақстанның инновацияларды ілгерілетуде, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауда және озық құқықтық тәжірибелерді енгізуде өзін өңірлік көшбасшы ретінде танытқанын атап өтті.Ол сондай-ақ Қазақстанның халықаралық стандарттарды белсенді енгізу және инновацияларды қолдау үшін инфрақұрылым құру жөніндегі күш-жігері өңір елдері үшін үлгі және зияткерлік меншіктің жаһандық жүйесіне маңызды үлес болып табылатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/882360
2024 жылғы 20 қарашада облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді. 16.11.2024
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары!2024 жылғы 20 қарашада сағат 10-00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді.Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, 18 қарашаға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.Қаралатын мәселелер:1. Шығыс Қазақстан облысының ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Баяндамашылар:Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов, ветеринария басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері Ақпараттар: 1. Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру туралыБаяндамашылар:Ажар Елемесқызы Каджибекова, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері2. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы Баяндамашылар:Серік Жеңісұлы Жеңісов, ішкі саясат басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/882239
Атырауда 280 орындық балабақша ашылды 16.11.2024
Атырау қаласы Бесікті ауылында жаңа балабақша пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникпциялар қызметі.Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов және ауыл тұрғындары қатысты.- Биыл құрылысы басталған 6 нысанның бірі осы балабақша еді. Кішкентайларымызға бар жағдайды жасауға тырыстық. Бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болып,нысан елдің игілігіне қызмет етсін,-деді облыс әкімінің орынбасары Д.Шамұратов.Екі қабатты жаңа ғимаратта асхана, гимнастика және музыка сабағын өткізуге арналған залдар мен жатын бөлмелер бар. Мұндағы ойын және спорт алаңдары жол жүру ережелерін үйретуге арналған алаңқаймен қамтылған. Жаңа нысан толықтай заманауи құралдармен жабдықталған. Тапсырыс беруші - облыстық құрылыс басқармасы. Мердігер мекеме - «ARSM» ЖШС.Қазір балабақшада 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған 4 топ бар. Олардың әрқайсысы 25 орынға есептелген.- Кезекте тұрған тәрбиенушілер саны жылдан жылға көбеюде. Осы орайда жаңадан беріліп жатқан білім беру ұйымдары бұл мәселені кезең кезеңімен шешуге мүмкіндік береді,- деді қалалық білім бөлімінің басшысы А. Дүйсекенова.Жыл соңына дейін 610 орындық 4 мемлекеттік балабақша ашу жоспарланған. Қазір облыста 35 437 баланы қамтитын 337 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/882201
Астанада қар күреуге 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды 16.11.2024
Өткен түнде коммуналдық қызметтер елордадан 28 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген ауысымдық режимде жұмыс істеп жатыр.13 қарашадағы күндізгі ауысымда қала көшелерін қар мен мұздан 2,6 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1,5 мыңға жуық арнайы техника тазартады.12 қарашадан 13-іне қараған түнде Астанадан 28 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 1,9 мыңнан астам ауыр жүк көлемін құрайды.Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 154 мың текше метрден астам қар 12 189 рейспен шығарылды.Ең алдымен, ереже бойынша жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды көшелер тазартылады. Сондай-ақ, орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/882115
Қорғалжын ауданындағы есептік кездесу: инвестиция тарту, өнеркәсіп және туризм 16.11.2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қорғалжын ауданының халқымен кездесу өткізіп, әлеуметтік-экономикалық даму мен Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмалары аясындағы негізгі міндеттер туралы айтты.Аудан астық өндіру, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге маманданған.Ауданның өнеркәсіп секторы бір орта кәсіпорын – «Астана-Агропродукт» ЖШС және 21 шағын кәсіпорынмен ұсынылған. Ірі өндіріс орындары болмағандықтан, ауданның облыстың жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі өте төмен – 0,1%.Өңір басшысы жұмысты ішкі нарыққа бағдарлай отырып қайта қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Сапалы ет өнімдеріне деген сұранысты халық пен қоғамдық тамақтандыру секторы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кәсіпорынмен тығыз байланыста жұмыс істеу, жергілікті атқарушы орган тарапынан көмек пен қолдау көрсету маңызды.Жергілікті билікке азық-түлік өнімдерін, соның ішінде ет, сүт өнімдерін және дайын жартылай фабрикаттарды өндіруді дамыту тапсырылды. «Kazbeef» компаниясының толық өндірістік циклді ұйымдастыру тәжірибесін қолдана отырып ішкі және экспорт нарықтарына табысты өнім шығару маңызды.Әкімдіктің негізгі міндеттерінің бірі – инвестиция тарту. Құрылыс құмының үлкен қорын ескере отырып, ауданға құрылыс материалдарын өндіруді ұйымдастыру қажет.Ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде облыс әкімі егін жинау науқанының нәтижелеріне тоқталды. Биыл Қорғалжын ауданында жалпы астық түсімі 180 мың тоннадан асып, орташа өнімділік 12 ц/га құрады. Мемлекеттік қолдау, агротехнологияларды сақтау және қолайлы ауа райы өнімділікке оң әсер етті. Қазірдің өзінде аграршылар болашақ агромаусымға дайындықты бастап, қаржы институттары алдындағы міндеттемелерін ұмытпауы қажет.Айта кету керек, биыл облыстың АӨК мемлекеттік қолдауы шамамен 140 млрд теңгеден асты, оның ішінде 46,5 млрд теңге – қайтарымсыз субсидиялар. Биыл Қорғалжын ауданының АӨК қолдауға 4,3 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.Аудан аумағында орналасқан Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Аудан әкімдігіне туризм саласына инвестиция тарту мүмкіндіктерін қарастыру, елді мекендерді, соның ішінде аудан орталығын дамыту бойынша бас жоспарларды әзірлеу тапсырылды.Инфрақұрылымды дамыту саласында аудандық маңызы бар «Қорғалжын-Баршын» автожолына орташа жөндеу жұмыстарына қажетті құжаттар әзірленуде. Сапалы ауыз су және электрмен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.Қорғалжын ауданының тұрғындары тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша проблемалық сұрақтар көтерді.Кездесу соңында Марат Ахметжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/882033
Ақмола компаниясы «Адал азамат» сыйлығының иегері атанды 16.11.2024
Астанада мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың және Қазақстанның барлық өңірлерінен келген табысты кәсіпкерлердің негізгі өкілдерін біріктірген «Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес» шағын және орта бизнес форумы аясында Премьер-министр Олжас Бектенов пен «Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы Райымбек Баталовтың қатысуымен «Адал азамат» сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Құрметті марапатқа ие болғандардың қатарында Көкшетау қаласында қауіпсіз қалдықтарды өңдеумен және жоюмен айналысатын Ақмола облысының «ЭКО-DUMP» ЖШС бар.2023 жылы кәсіпорынның басшысы Мариям Әбішева полигонды заңдастыру, рұқсат құжаттарын сәйкестендіру жұмыстарын жүргізді, себебі полигон бірнеше жыл бойы тоқтап тұрды. Полигон аумағындағы өрттерді жоюға шамамен жарты жыл уақыт кетті, өйткені қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемінде тек 24%-ы қайта өңделетін екінші реттік шикізат болып табылады. Қалған бөлігі – биоотын жасап, қоқыстың тұтануына себепші болатын өтпейтін қалдықтар. Полигонда жұмыс тәулік бойы жүргізіледі, күніне шамамен 150 тонна қоқыс әкелінеді. Сонымен қатар, жылдар бойы жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар тұрақты түрде жойылуда. Жалпы алғанда кәсіпорынға шамамен 400 млн теңге инвестиция салынған. Кәсіпорында қоқыс шығару бойынша 70 адам, полигонда 21 адам жұмыс істейді.Бүгінгі таңда бұл кешенді кәсіпорын заңды және жеке тұлғалардан қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау, сұрыптау, сақтау, жинау және тасымалдау, оларды оқшаулау, көму жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл қоршаған ортаның экожүйесіне зиянды әсерді азайту және азаматтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту мақсатында жасалып отыр.Кәсіпорын «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысады.«ЭКО-DUMP» ЖШС Көкшетау қаласының тұрғындарынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаумен айналысады және қалдықтарды бөлек жинауды алғашқылардың бірі болып енгізді. Осы мақсатта кәсіпорынның өз қаражатына 1000 еуроконтейнер сатып алынған. Биылғы жылы кәсіпорын Көкшетау қаласы, Бурабай және Зеренді аудандарында жылына 150 мың тонна қуаты бар 3 қоқыс сұрыптау және қайта өңдеу кешенін салу бойынша бірегей жобаны алғашқы болып қолға алды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласындағы бұл жобада бөлек жинау, 500 торлы контейнер және 10 электр қоқыс тасымалдағыш сатып алу бойынша пилоттық жоба іске асырылады.Жобаның құны – 7,2 млрд теңге. Ол «Жасыл даму» АҚ (70%), «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қаржыландырылуда және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Ақмола облысы әкімдігімен (30%) бірлесіп жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру шамамен 200 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, сондай-ақ қоқысты екінші реттік шикізат ретінде өңдеу үлесін ұлғайтып, бұл облыс бойынша қалдықтарды көму көлемін жалпы көлемнің үштен біріне дейін азайтады.Әлеуметтік жауапты кәсіпорын ретінде «ЭКО-DUMP» ЖШС Красный Яр селолық округіне қарасты Элита ауылының су құбырын тартуға 2 млн теңге бөлді. Тағы 2 млн теңге Красный Яр ауылындағы №1 мектепке жылыжай сатып алуға жұмсалды. Биылғы жылғы су тасқыны салдарын жою кезінде кәсіпорын азық-түлік, жанар-жағармай материалдарын, арнайы техниканы сатып алуға 2 млн теңге және инертті материалдар алуға 1,5 млн теңге көмек көрсетті.«Компания қызметінің жоғары бағалануы – барлық қызметкерлердің ұжымдық еңбегінің нәтижесі. Қалдықтарды басқару саласы экологиялық маңызды салалардың бірі болып табылады. Біздің командамыз үшін осы байқаудағы жеңіс алдағы қызметімізге үлкен ынта сыйлайды», - деп атап өтті Мариям Әбішева.«Ақмолалық компанияның жеңісін заңды деп санаймыз. «ЭКО-DUMP» ЖШС-нің инновациялық жобаны енгізуі өңірде жаңа полигондардың салынуын болдырмауға, қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын рекультивациялауды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл жалпы алғанда қоқысты өңдеуге байланысты экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді», - деді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/882032
Ақтөбелік делегация Алматыдағы өндіріс орындарын аралады 16.11.2024
Сапардың негізгі мақсаты - өндірісті оқшаулау және тәжірибе алмасу. 2024 жылдың 11-12 қарашасында Ақтөбе облысының делегациясы әкім орынбасары А.Әбдікәрімовтің басшылығымен Алматы қаласына барды. Делегация құрамына индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері мен өңірдің кәсіпкерлері енді.Ең алдымен делегация HYUNDAI автомобиль өндіретін зауытында болды, онда Ақтөбе облысында жүк техникасына арналған қондырмалар өндірісін оқшаулау перспективалары талқыланды. Бұл қадам өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға және жетекші өндірушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.Сонымен қатар, делегация «Алматы» индустриялық аймағының басқарушы компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде шағын және орта бизнесті қолдауда шешуші рөл атқаратын шағын өнеркәсіптік саябақтарды құру мен дамытудың оң тәжірибесі ұсынылды. Ақтөбе облысы өңірде өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған ұқсас үлгіні енгізуді жоспарлап отыр.2025 жылы Ақтөбе облысының әкімдігі шағын өнеркәсіптік аймақтарды құруды жоспарлап отыр, бұл өңірдегі бизнесті қолдау және экономикалық өсуді ынталандыру үшін маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/882016
Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда 16.11.2024
Абай облысы әкімдігінде аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен мектептер мен жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Өңірдегі білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті қауіпсіздік құралдарымен жабдықтауға 107 млн теңге бөлінді. Аймақтағы барлық білім ошақтары бейнекамералар мен дабыл тетікшесімен жабдықталған.Облыстық Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің айтуынша, турникет орнату жалғасуда. Мемлекеттік мектептерде 100%, жекеменшік мектептерде – 85,7%, қосымша білім беру ұйымдарында – 22,7%, мемлекеттік колледждерде – 100%, жекеменшік колледждерде – 80%.Сонымен қатар, облыстағы 127 мектепте Starlink спутниктік интернет жүйесі енгізілді. Бұл шалғай елді мекендердегі, соның ішінде Семей қаласы, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха аудандарындағы білім беру мекемелерін тұрақты байланыспен қамтамасыз етеді. Аталған жүйеге тағы 10 мектепті қосуға өтінім берілді.«Sergek VMS» жүйесін пайдалана отырып, Ұлттық бейнебақылау жүйесін енгізу аясында облыстың білім беру ұйымдарын ҚР ІІМ өңірлік жедел орталығына қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар қауіпсіздік деңгейін арттыруға арналған.Білім ошақтарының маңайындағы жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында білім ошақтарының маңындағы жол белгілері, жарықтандыру және бейнебақылау қондырғыларының жағдайы да жиында сөз болды. Өңірдегі 501 білім беру мекемесінің маңындағы инфрақұрылымды ретке келтіруге 127 миллион теңге қажет. Мектеп маңындағы қауіпсіздікті жақсарту үшін қосымша бағдаршамдарды, сондай-ақ «Балалар» және «Жылдамдық шектеуі» деген жазуы бар ақпараттық тақталарды орнату туралы айтылды.Сонымен қатар, екінші және үшінші ауысымдағы оқушыларға ыңғайлы болу үшін Семейде қоғамдық көліктердің кестесін кешкі сағат 21:00-ге дейін, Аягөзде 20:00-ге дейін ұзарту ұсынылды.«Балалардың қауіпсіздігі – бәрінен де маңызды. Сондықтан мектеп маңындағы инфрақұрылымды реттеу жұмыстарын жеделдетіп қолға алу керек. Қажетті қаржыны бөлеміз. Қоғамдық көліктердің кестесін ұзарту мәселесін қарастыру қажет», — деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/882015
Әділет министрі Азамат Есқараев Сауд Арабиясының зияткерлік меншік басқармасының Бас директоры Доктор Абдулазиз бин Мұхаммед Аль-Свайлмен кездесу өткізді 16.11.2024
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында дипломатиялық конференция аясында Әділет министрі Азамат Есқараев Сауд Арабиясының зияткерлік меншік басқармасының (Saudi Authority for Intellectual Property, SAIP) Бас директоры Доктор Абдулазиз бин Мұхаммед Аль-Свайлмен кездесті.Кездесу барысында тараптар зияткерлік меншік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, екі мемлекетте де зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және ілгерілету үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті. Осы салада тәжірибе алмасуға және оқытуға ерекше көңіл бөлінді.Қазақстанның Әділет министрі Сауд Арабиясымен зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайту инновациялар мен креативті индустрияларды дамытуға ықпал ететінін атап өтті.Ол бірлескен бастамалар мен жобалардың кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ зияткерлік құқықтарды құқықтық қорғауды күшейтуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. SAIP Бас директоры өз кезегінде қазақстандық әріптестерімен белсенді өзара іс-қимылға дайын екенін атап өттіОл елдер арасында білім мен үздік тәжірибелермен алмасу зияткерлік меншік саласындағы стандарттар мен рәсімдерді үйлестіру жолындағы маңызды қадам болатынын атап өтті.Бұл кездесу зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін аша отырып, Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтудағы маңызды кезең болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/882014
«Тоқта, вандал»: елордада қоғамдық тәртіпті бұзғандар жазаланды 16.11.2024
Елордада вандализмге қарсы күрес және алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары вандализмнің тағы екі жағдайын анықтап, оларға қатысты тиісті шаралар қабылдады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Мәселен, таңғы сағат 04:00 шамасында 21 жастағы ер адам мас күйінде Д.Қонаев көшесіндегі мекемелердің бірінің терезесін сындырған.Сол сияқты 20 қазан күні 30 жастағы ер адам Абай даңғылында алкоголь бөтелкесін лақтырып, материалдық шығын келтірді.11 қараша күні сағат 19:00 шамасында 42 жастағы ер адам Тұран даңғылындағы бөтен үйдің кіреберіс есігін зақымдады.Үшеуі де бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке (ҚР ӘҚБтК 147-1-бабы) тартылды, онда залал 200 АЕК немесе 690 мың теңге сомасынан аспайды.Жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, қала тұрғындары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы аясында профилактикалық жұмыс жүріп жатыр.Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Жыл басынан бері сот 270-ке жуық адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881867
Астанадан бір күнде 23 мың текше метрге жуық қар шығарылды 16.11.2024
Астанада түнгі ауысымда қар күреу жұмысына 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Түнгі ауысымда қала бойынша қар мен мұзды тазалауға 350 жол жұмысшы мен 1 244 арнайы техника шықты.12 қарашадағы күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер Астанадан 23 мың текше метрге жуық қар шығарды, бұл 1,8 мыңнан астам ауыр жүк көлемін құрайды.Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына барлығы 126 мың текше метрден астам қар 10 062 рейспен шығарылды.Ең алдымен, ереже бойынша жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.Астананың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген ауысым режимінде жұмыс істеп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881975
Балаларды құтқарғаны үшін марапатталды 16.11.2024
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Марат Күлдіков балаларды құтқарғаны үшін алғыс хаттармен салтанатты түрде марапаттады.2024 жылғы 3 қарашада Ақбұлақ өзенінің маңында, Амман көшесі 14 мекенжайы бойынша "Мечта" сауда үйінің жанында соңы қайғылы аяқталы мүмкін болған оқиға орын алды. Жағадан балық аулап отырған 2014 және 2013 жылы туған екі бала абайсызда өзенге құлап кеткен.Арсланбек Магзум (Астана қаласының "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" ЖК филиалының төрағасы) және Роман Стратонов қиын жағдайда абдырап қалмай, қауіп-қатерге қарамастан, балаларды қауіпсіз жерге шығарған. Осыдан кейін жедел медициналық көмек дереу шақырылып, зарап шеккендер кәсіби мамандардың қарауына берілген.«Бұл жағдай қиын сәттердегі іс-әрекеттің үйлесімділігі мен жылдамдығының қаншалықты маңызды екендігінің айқын дәлелі, сонымен қатар кез келген сәтте көмекке келуге дайын адамдардың батылдығы мен адалдығының үлгісі болып отыр»,- ТЖД бастығы атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/881927
Жаңбырдың арты қарға ұласады: коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істейді 16.11.2024
Алматы қаласында 13 қараша түннен бастап 14 қараша таңға дейін жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, ауа температурасы минус 3 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.Жолда кептеліс болу қаупіне байланысты қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды ұсынамыз. Жауын-шашын кезінде көктайғақ болуы мүмкін, сол себепті автокөлік жүргізушілерінен машинасына қысқы шина салып, жылдамдықты асырмауды, арақашықтықты қатаң сақтауды, ал жаяу жүргіншілерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.Көктайғақтың алдын алу мақсатында 160 құмшашқыш техника кезекшілікке дайын болады. 490 арнайы техника және 1,2 мыңға дейін жұмысшы жұмылдырылады. Аудандық әкімдіктерде жұмыс барысын қадағалау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.«Қазгидрометтің» болжауынша, 13 қараша түн ортасынан таңға дейін аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде ауа температурасы +2 градус, күндіз +5…+7 градус шамасында болады. 13 қараша түстен бастап 14 қараша таңға дейін орташа, кейде қатты жауын-шашын, түнде қар жауады деп болжануда. 14 қарашада түнде және күндіз ауа температурасы минус 1-3 градусқа дейін төмендейді.Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/881848
Алматының тау бөктерінде ірі заңсыз нысан сүріліп жатыр 16.11.2024
«Қорғаушы-Защитник» бау-бақша серіктестігінде (уч. 62/4 (98)) салынып жатқан үш қабатты ғимарат рұқсат құжаттарынсыз бой көтерген, деп хабарлады Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы.Жобалық-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз бір учаскеде үш қабатты және бір қабатты күрделі құрылыстар тұрғызылған. Нысан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен жұмыс барысында анықталды.2024 жылдың 19 шілдесінде басқарма жер учаскесінің иесіне (жеке тұлғаға) заңсыз құрылысты бұзып, жер телімін бастапқы қалпына келтіру туралы бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берді.Нұсқама талаптарын орындау мақсатында нысанның иесі ғимаратты өз еркімен бұза бастады.Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 52 заңсыз нысан толық немесе жартылай сүрілді, оның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/881851
Ақтөбе облысында мектеп оқушылары жұмысшы мамандығын қатар оқуда 16.11.2024
2023 жылдан бастап Ақтөбе облысындағы үш колледжде эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілді. Бұл бағдарлама аясында мектептердің 10-11 сынып оқушылары негізгі біліммен қатар, жұмысшы мамандықтарын игеруде. Жаңа оқу жылында бағдарламаға 128 студент қабылданды. Оның ішінде, Ақтөбе автожол колледжіне 58, Сервис колледжіне 40 және Ойыл кәсіптік колледжіне 30 студент оқуға түсті. Бүгінде 199 студент техник-механик, тігінші, ауыл шаруашылығын механикаландыру және аспазшы мамандықтары бойынша білім алып жатыр.Бағдарламаға Ақтөбе қаласындағы №1 және №39 орта мектептері, сондай-ақ Ойыл қазақ орта мектебі қатысуда. Оқушыларға мамандықтарды игеру арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие болу мүмкіндігі берілуде. Бұл бастама өңірдегі кадр тапшылығын азайтуға және жастарды еңбекке баулуға бағытталған.2025 жылдың қаңтарында алғашқы түлектерге дипломдар табысталады. Осылайша, мектеп түлектері еңбек нарығына дайын маман болып шығады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/881840
Хромтауда кәсіпкерлерге қолдау артып келеді 16.11.2024
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов ауданның шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шараларына тоқталды. Спикердің айтуынша, биыл кәсіпкерлерге қолдау көрсету деңгейі бойынша Хромтау алдыңғы қатарларда. Жыл басынан бері кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлтты жоба аясында 118 хромтаулық кәсіпкердің жобасы 5,2 млрд теңгеге қолдау тапты.«Хромтау ауданындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3200-ден асады. Былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім бар. Аудан кәсіпкерлеріне кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында тиісті қолдау көрсетілуде. Одан бөлек тек қана біздің ауданда жүзеге асырылып жатқан «Өркен» бағдарламасы бар. Аталмыш бағдарлама аясында биыл 95 несие игеріліп оған 2 млрд теңге бөлінді» - деді Нұрхан Тілеумұратов.Атап өтейік, Хромтаудағы шағын және орта бизнес жобаларын қолдауға бағытталған «Өркен» бағдарламасы былтырдан бері жүзеге асырылып келеді. Жалпы алғанда бұл бағдарламаға 2 млрд теңге қарастырылған: «Даму» қоры — 1 млрд теңге, ERG — 500 млн теңге және Ақтөбе облысының әкімдігі — 500 млн теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/881863
Астаналық пара каратэшілер әлем чемпионатында үздік атанды 16.11.2024
5-12 қараша аралығында Үндістанның Гоа штатында өткен пара каратэден Әлем чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер мен ата-аналары Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.XXIV Әлем чемпионатында фунакоши каратэге (FSKA) Оңтүстік Африка, Италия, Португалия, Үндістан, Қазақстан, АҚШ, Ресей, Кения, Малайзия елдерінен интеллект, тірек-қимыл аппараты мен көру мүшелері зақымданған спортшылардан құралған 6 командадан барлығы 40 спортшы қатысты. Олардың қатарында Астана қаласының бес спортшысы бар. Олар: Ләззат Жүсіпова, Дидар Мұхамеджанов, Рустам Біләлов, Нұржайна Жаннетова және Рүстем Қожахметов.Байрақты бәсекеде пара каратэнің ката бағдарламасы бойынша өнер көрсеткен елорданың 5 спортшысы жеңіс тұғырынан көрініп, алтыннан алқа тақты. Пара каратэден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мейрамгүл Дукуева Үндістанда өнер көрсеткен шәкірттерімен әрдайым мақтанатынын айтты.«Біз 2019 жылдан бастап пара каратэмен айналысып келеміз, сол кезден бері спортшыларымыз жарыстарда үздік нәтижелер көрсете бастады. Биылғы чемпионатқа қатысқан 40 спортшының барлығы жоғары деңгейде өнер көрсетті, біз спортшыларымызбен мақтанамыз», – деді Мейрамгүл Дукуева.Осылайша, пара каратэ спортшылары осы жылды Үндістанның Гоа штатында өткен Әлем чемпионатында үздік нәтижемен аяқтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881792