Enbekshi QazaQ

Саясат

Ақмола облысында 200-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр 16.11.2024
Ақмола облысы еліміздегі жетекші индустриалды-аграрлық өңірлерінің бірі саналады. Бүгінгі таңда бұл саланың үлесі жалпы аймақтық өнімнің үштен бірін құрайды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өңірдегі өндіріс көлемінде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.Облыстың негізгі салалары-металлургия, машина жасау және тамақ өнеркәсібі. Мысалы, мұнда елдің барлық тракторларының жартысына жуығы және астық жинайтын комбайндардың, мойынтіректер мен кірпіштердің көп бөлігі өндіріледі. Тамақ өнеркәсібінде май, сүт және ұн өндірісі өсті, бұл аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлесі зор екенін көрсетеді.«Ақмола облысы инвесторлар үшін тартымды. Тоғыз айдың ішінде өңірге үлкен көлемде инвестиция тартылды. Бұл қаражат негізгі салаларды – агроөнеркәсіп кешенін, өнеркәсіп пен туризмді қамтитын 198 жобаны іске асыруға жұмсалады. Қазіргі уақытта өңірде 64 жоба аяқталды, оның ішінде Көкшетауда дәнді дақылдарды өңдеуге арналған кешен және Целиноград ауданындағы ірі сүт-тауар фермасының құрылысы бар. Жаңартылатын энергия саласында да перспективалы жобалар жүргізіліп жатыр, соның бірі – Аршалы ауданындағы жел электр станциясы», - деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.Жыл соңына дейін 134 жаңа жобаны аяқтау жоспарланған. Оның ішінде жарма өндіру зауыты, электролиттік марганец өндірісі, металл бұйымдары өндірісін жаңғырту және ауыл шаруашылығы техникасын шығару кәсіпорындарын кеңейту. Мұның бәрі қосымша жұмыс орындарын құруға және өңірдің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Бұдан басқа, Аршалы ауданында «Aqmola» индустриялық аймағының инфрақұрылымын құру тәрізді бәсекеге қабілеттілігі жоғары және экспорттық әлеуеті бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.«Ақмола облысында инвестицияларды тарту үшін «Aqmola Invest» инвестицияларды дамыту орталығы жұмыс істейді, онда инвесторлар «бір терезе» қағидаты бойынша толық сүйемелдеу алады. Жыл басынан бері ғана орталықта Қазақстан мен шетелден, соның ішінде Венгрия, Қытай, Ресей, Иордания және Түркиядан келген 35 компаниямен келіссөздер жүргізілді. Локомотив-құрылыс зауытын, биогаз станцияларын және дрон шығаратын зауытты салу жөніндегі жобаларды қоса алғанда, бірқатар келісімдерге қол қойылды», - деп толықтырды басқарма басшысы.Таяу жылдары Ақмола облысы инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған ірі жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыра береді. Жоспарда-34 жобаны іске қосу, бұл қосымша 3 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/873175
Ақмола облысында шағын және орта бизнес саны артты 16.11.2024
Ақмола облысында бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау және әкімшілік кедергілерді азайту үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында мемлекет шағын және орта бизнеске несие берудің тиімді шарттарын, гранттар мен инфрақұрылымды дамытуды ұсына отырып, көмек көрсетеді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.Жыл басынан бері бірыңғай кешенді бағдарламаның арқасында 644 жоба қолдау тапты, бұл саланың одан әрі дамуына қуатты серпін берді.«Мемлекеттік қолдау облыстағы кәсіпкерліктің дамуына оң әсер етеді. Биылғы жылы шағын және орта кәсіпкерлік саны 0,7% - ға өсіп, 59,1 мыңға жетті. Онда 145 мыңнан астам адам жұмыс істейді және оның санын артып келеді. Шағын және орта бизнес секторы өндірген өнім көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 14% - ға жоғары. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнес үлесі 30,8% - ға дейін өсті, бұл өңірдің экономикасындағы шағын және орта бизнестің маңыздылығын көрсетеді», - деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов.Өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік дамуда. Мәселен, қазірдің өзінде 50 субъект әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізіліп, қосымша жеңілдіктер алды. Мұндай компаниялар үшін салықтық жеңілдіктер, гранттар, серіктес табуға көмек және басқа да қолдау шаралары бар. Мысалы, кәсіпкерлердің бірі 56 млн теңге сомасына субсидиялар мен кепілдіктер алды, ал тағы біреуіне үй-жайды жалға алудың жеңілдікті шарттары берілді.Қиындықтар да болды, оның ішінде осы жылдың көктемінде су тасқыны 28 шағын және орта кәсіпкерліктерге зиян келтірді. Зардап шеккен компанияларға көмектесу үшін арнайы комиссия құрылды, ол жалпы сомасы 127,5 млн теңгеге өтемақы туралы шешім қабылдады. Өтінімдердің көпшілігі мақұлданды және төлемдерді кәсіпкерлер алды.Сонымен қатар, жыл басынан бері аймақта ішкі сауда көлемінің өсуі байқалды. Дегенмен, инфляция деңгейі маңызды мәселе болып қала береді.«Бағаның өсуін тежеу үшін өндірушілермен және дүкендермен мыңнан астам шарттар жасалды, сондай-ақ төмендетілген бағамен тауарлармен 323 жәрмеңке ұйымдастырылды. Бағаны тұрақтандыруға бюджет бөлінді, ал жаңа өніммен өңір қыста және көктемде халықтың жеткізілімінде үзіліс болмауы үшін көкөністердің үлкен көлеміне келісімшарт жасады», - деп түйіндеді басқарма басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/873185
Ақмола облысында кезекті инклюзия кабинеттері ашылды 16.11.2024
«Инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту» 2020-2025 ж. бағдарламасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 23 қазанда Республика күніне орай Астрахан ауданы Жалтыр ауылының №1 және Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектептерінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері ашылды.Аталған іс-шараға Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Ибраев, Астрахан ауданы әкімі аппаратының басшысы Балтабек Алтаев, ата-аналар, мұғалімдер қатысты.Кабинеттер барлық қажетті оқу құралдарымен және жабдықтармен жабдықталған.«Ресурстық кабинет – бұл мектептегі қосымша үй-жай, онда оқушылар негізгі оқу үдерісінен шықпай-ақ өздерінің ерекше жалпы білім беру қажеттіліктеріне сәйкес көмек алады. Оның жұмыс істеуі жеке бағдарламалар негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды бейімдеу, оқыту және бұзушылықтарды түзету үшін арнайы жағдайлар жасауды көздейді. Заманауи және жабдықталған инклюзия кабинеті ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге ықпал ететін болады»,-деп айтты Астрахан ауданы білім бөлімінің басшысы Полина Барахоева.Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста инклюзивті білім беруді қолдаудың 70-тен артық ресурстық кабинеті жұмыс істейді, оларға 1000-нан астам бала барады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/873722
Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынына дайындық аясында гидротехникалық құрылыстарда көп факторлы зерттеу жүргізіп жатыр 16.11.2024
Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл басынан бері 63 гидротехникалық құрылыста көп факторлы зерттеу жүргізді. Нұржан Нұржігітов министрліктің аппарат кеңесінде су тасқынына дайындық жұмыстарын пысықтады.Көп факторлы зерттеу - нысандарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету және апаттардың алдын алу үшін жүргізіледі. Бүгінгі таңда министрлік мамандары «Қазсушар» филиалдары мен жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жою, жөндеу жұмыстарын жүргізу және мемлекет меншігіне қайтару бойынша өз қорытындыларын берді.Ведомство жыл соңына дейін тағы 19 нысанда көп факторды зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Айта кету керек, жаңа Су кодексінің жобасына сәйкес, елімізде гидротехникалық нысандар әр 5 жыл сайын көп факторлы зерттеуден өтуге міндеттеледі.«Министрлік әзірлеген Су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес 2024-2028 жылдар аралығында республика бойынша 557 нысанда көп факторлы зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде, келесі жылы 105 гидротехникалық нысан тексерістен өтеді. Көп факторлы зерттеу қорытындысы бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін нысандарды қалпына келтіру жоспарын қабылдау қажет. Бұл жұмысты бассейндік инспекциялар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе орындауы тиіс»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/868961
Нидерланды сарапшылары су саласындағы тәжірибелерімен бөлісуде 16.11.2024
Нидерланды сарапшылары Астанада су тасқыны қаупін басқару бойынша екінші оқу семинарын өткізіп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты - су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру.Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі табиғи апаттармен, оның ішінде су тасқынымен күресуде мол тәжірибесі бар шетелдік компаниялар және институттармен белсенді әріптестік орнатуда. Министрлік мамыр айында Нидерланд Корольдігінің Делфт қаласында орналасқан IHE Delft су білімі иниститутымен су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі де қарастырылған.«Биыл тамыз айында Нидерландтың «Апаттар каупін азайту қолдау тобының» мамандары Астанада алғашқы семинарларын өткізген болатын. Семинарға Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, География және су қауіпсіздігі институтының және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының 30 маманы қатысты»,- деді ҚР СРИМ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Мүслім Жиенбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/869786
Республика күніне орай су саласының қызметкерлеріне 20 автокөлік табысталды 16.11.2024
Республика күніне орай еліміздегі бассейндік инспекцияларға 20 автокөлік табысталды. Астанада су шаруашылығы саласының мамандарын мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев және Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қатысты.«Құрметті әріптестер, сіздерді шын жүректен Республика күнімен құттықтаймын. Бұл еліміздің тарихи таңдауын айқындаған Егемендік декларациясы қабылданған күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатуға баса мән берілу керектігін жиі айтып келеді. Президент елімізде 2025 жыл - жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Қазақстанда су шаруашылығы саласында он мыңнан астам адам қызмет етеді. Сіздер еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тынымсыз еңбек етесіздер. Әрқайсыңызға зор денсаулық, күш-жігер мен толағай табыс тілеймін!»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Мереке қарсанында су саласының 34 маманы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, 8 адам «Құрмет» орденімен, 2 қызметкер ІІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 13 маман «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, «Су шаруашылығының ардагері», «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгілері мен Су ресурстары және ирригация министрінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты» табысталды.Салтанатты жиында Қазақстандағы сушылар династиясы өкілдері де марапатқа ие болды. Айта кету керек, Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорынында 67 сушылар әулеті жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/871851
Су ресурстары және ирригация министрі қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады! 16.11.2024
Құрметті отандастар!Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын!Бұл еліміздің тарихи таңдауын айқындаған Егемендік декларациясы қабылданған күн. Сондықтан бұл мерекенің біз үшін орны бөлек, маңызы өте жоғары.Қазақстанның басты байлығы - еліміздің азаматтары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатуға баса мән берілу керектігін жиі айтып келеді. Президент елімізде 2025 жыл - жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады.Қазақстанда су шаруашылығы саласында он мыңнан астам адам еңбек етеді. Министрлік құрылған күннен сушылардың мәртебесін арттыру бағытында белсенді жұмыс атқарып жатыр.Жыл басынан «Қазсушар» қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға өсті. Біз келесі жылы да бұл жұмысты жалғастырамыз.Биыл Республика күніне орай су саласының 34 маманы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Еліміздегі бассейндік инспекцияларға 20 автокөлік табысталды.Министрлік алдағы бірнеше жылда су шаруашылығы техникаларының 65-70%-ын жаңартуға ниетті. Мәселен, келесі суару маусымына дейін «Қазсушар» филиалдарын 757 жаңа техника және арнайы жабдықпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Оның ішінде шынжыр табанды техника, эксковаторлар, ауыр жүк көліктері мен тракторлар бар.Бұл үлкен өзгерістердің бастамасы. Себебі, еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандардың еңбегі лайықты түрде бағалануы тиіс.Әрқайсыңызға зор денсаулық, күш-жігер мен толағай табыс тілеймін! Еліміздің егемендігі баянды болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/872059
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз «Құрмет» орденімен марапатталды 16.11.2024
Президенттің Жарлығына сәйкес Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз «Құрмет» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Республика күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов табыс етті.Болат Бекнияз 40 жылға жуық гидрогеология және су шаруашылығы саласында жұмыс істеген.Еңбек жолын 1984 жылы ҚазССР ғылым академиясының Еңбек қызыл Ту ордені Қ.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының инженері болып бастаған.Әр жылдары ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінде, Су ресурстары комитетінде, «Еуразиялық су орталығы» АҚ және Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары және Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясының директоры болды. География ғылымдарының кандидаты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/872060
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтар шолу 16.11.2024
24.10.АСТАНАРеспублика күніне орай еліміздегі бассейндік инспекцияларға 20 автокөлік табысталды. Мереке қарсанында су саласының 34 маманы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Салтанатты жиында Қазақстандағы сушылар династиясы өкілдері де марапатқа ие болды.24.10.АСТАНАСу ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз «Құрмет» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Премьер-министр Олжас Бектенов табыс етті.МАҢЫЗДЫ: Болат Бекнияз 40 жылға жуық гидрогеология және су шаруашылығы саласында жұмыс істеген. Әр жылдары ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінде, Су ресурстары комитетінде, «Еуразиялық су орталығы» АҚ және Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары және Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясының директоры болды.23.10.АСТАНАНидерланды сарапшылары Астанада су тасқыны қаупін басқару бойынша екінші оқу семинарын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты - су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру.МАҢЫЗДЫ: Министрлік мамыр айында Нидерланд Корольдігінің Делфт қаласында орналасқан IHE Delft су білімі иниститутымен су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі де қарастырылған.21.10.ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫҚызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді.МАҢЫЗДЫ: Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі 22 миллиард текше метрге жетті.22.10.АСТАНАСу ресурстары және ирригация министрлігі жыл басынан бері 63 гидротехникалық құрылыста көп факторлы зерттеу жүргізді. Ведомство жыл соңына дейін тағы 19 нысанда тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр.МАҢЫЗДЫ: Көп факторлы зерттеу - нысандарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету және апаттардың алдын алу үшін жүргізіледі. Айта кету керек, жаңа Су кодексінің жобасына сәйкес, елімізде гидротехникалық нысандар әр 5 жыл сайын көп факторлы зерттеуден өтуге міндеттеледі.21.10.ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ«Қазсушар» кәсіпорынының «Қ.Сәтбаев атындағы канал» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында №57 канал астындағы су өткізу құбырларын және №56 канал арнасын тазартты. №55 канал маңындағы тоғандардағы ойпаттарды бітеу және қоршау бөгеттерін нығайту, сондай-ақ №54а каналындағы бөгет жотасында жөндеу жұмыстарын жүргізді.22.10.ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫТүркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Үлкен Келес магистралды каналының оң жақ беткейінде берманы тас аралас топырақтан тазалау жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда 3000 текше метр тас аралас топырақ шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/872061
Қазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді 16.11.2024
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.Атап айтқанда, министрлік Францияның даму агенттігімен (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросымен (BRGM) ынтымақтастық туралы меморандумға және үшжақты келісімге қол қоюға дайындалып жатыр. Ведомство аталған ұйымдармен бірлесіп Іле-Балқаш бассейніне кешенді зерттеу жүргізеді. Сондай-ақ жерасты суларын зерттеу, мониторингі, барлау және игеру бағытында да ынтымақтастық жолға қойылады.Бұдан бөлек, Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық су бюросымен (OiEau) ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруда.Сильван Гиоге өз кезегінде француз компаниялары Қазақстанда су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша жобаларға қатысуға ниетті екендерін айтты. Сондай-ақ, су шығынын анықтайтын және суды басқаруды оңтайландыратын компаниялар да серіктестік орнатуға қызығушылық танытуда.«Меморандум мен келісімге қол қою біздің ынтымақтастығымыз үшін маңызды қадам болмақ. Біз француз әріптестерімізбен ұзақ мерзімді және нәтижелі жұмыс істеуге ниеттіміз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/872062
Республика күніне орай Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті 16.11.2024
Республика күні қарсаңында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қоғамдық кеңесінің офлайн форматтағы алғашқы отырысын өткізді. Оған Парламент депутаттары, министрлік мамандары, сарапшылар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Іс-шара «Су шаруашылығының ардагері» және «Су шаруашылығының үздігі» ведомстволық наградаларын, сондай-ақ Қоғамдық кеңеске мүшелік куәліктерін табыстаудан басталды. Нұржан Нұржігітов министрліктің бір жылда атқарған жұмысы туралы айтып, отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуде су тасқынына дайындық және оны болжау, техникалық мамандарды даярлау, гидрогеология саласын дамыту, су қорғау аймақтарын анықтау және судың «көлеңкелі» нарығына қарсы күрес мәселелері көтерілді. Қоғамдық кеңес құрылған күнінен бері Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген 13 нормативтік құқықтық актіге сараптамалық баға берді. «Біздің алдымызда жаңа нормативтік-құқықтық база құру, инфрақұрылымды қалпына келтіру және жаңадан салу, трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту, жалпы алғанда Қазақстанның барлық су саласын трансформациялау міндеті тұр. Қоғамдық кеңес бұл жұмыста маңызды рөл атқаратынына сенімдімін. Баршаңызға ашықтық пен белсенділік, сауатты пікір мен сараптамалық ұсыныстар үшін алғыс айтамын», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/872564
Қазақстан мен Испания су инфрақұрылымын салу және маман даярлау бағытында ынтымақтастық орнатуға дайын 16.11.2024
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Испанияның 1000–нан астам құрылыс компанияларын біріктіретін Испан өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Тараптар су инфрақұрылымын салу және кадр даярлауда ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Шетелдік делегация министрге Испанияда және басқа мемлекеттерде жүзеге асырылған ірі жобалар туралы айтты. Өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, испандық құрылыс компаниялары Қазақстанның су шаруашылығы нысандарында жұмыс істеуге ниетті.Сонымен қатар, шетелдіктер сала мамандарының біліктілігін арттыру бойынша да қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.«Бүгінгі таңда испандық компаниялармен жерасты суларын барлау және зерттеу мәселесін пысықтап жатырмыз. Бізге испан инженерлерінің тәжірибесі, сонымен қатар бірлесіп маман даярлау мүмкіндігі қызық», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/872960
Еліміздің су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау туралы 16.11.2024
Қазақстанның оңтүстік облыстарының су қоймалары 55 %-ға толы. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 23%-ға артық. Бүгінгі таңда оңтүстіктегі су қоймалары келесі жылғы суару маусымына су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр. Ал, солтүстік, батыс және шығыс облыстардың қоймаларынан су жіберілуде. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету үшін жасалады. Бүгінгі таңда солтүстіктегі су қоймалары 79%-ға толы. Батыс облыстар бойынша су қоймаларының орташа су жинау көлемі 44%. Шығыстағы су қоймалары 89%-ға толы болса, Орталық Қазақстандағы су қоймаларында 85% су бар.«Бүгінгі таңда барлық су қоймалары бекітілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Алайда, жұмыс кестесі су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты түзетілетін болады. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында министрлік барлық облыстарға су басу қаупін азайту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыратын жерснарядтар секілді мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, өзен арналарын тазарту жөнінде ұсыныс жіберді», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/873836
«Экспорттық партияларды шоғырландыру» бағдарламасы аясында 4 келісімшарт жасалды 16.11.2024
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2024 жылдың қыркүйегінде фермерлерді қолдау үшін «Экспорттық партияларды шоғырландыру» бағдарламасын іске қосты.Бағдарламаның негізгі мақсаты-элеваторларды босату және шағын және орта Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің астықты экспортқа шығаруын ынталандыру.Бағдарламаның шарттары бойынша азық-түлік корпорациясы фермердің астығын сатып алмай, фермерлердің тауар партияларын шоғырландырады және тасымалдауды толық сүйемелдеуді қамтамасыз ете отырып, оны өтеусіз негізде экспортқа шығаруды ұйымдастырады. Валюталық кіріс фермерге тікелей түседі.Бүгінгі таңда Азық-түлік корпорациясының қатысуымен қазақстандық фермерлерден 14,5 млн АҚШ доллары сомасына ауыл шаруашылығы өнімін жеткізуге импорттаушылармен 4 экспорттық келісімшарт жасалды. Пилоттық келісімшарт жасасудың оң тәжірибесі масштабталады.Сондай-ақ Қырғызстан, Қытай, Иран және Түркиядан келген импорттаушылар тарапынан 2-сыныпты бидай, зығыр, күнбағыс және арпа сатып алу бойынша коммерциялық ұсыныстар келіп түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/872704
Астық, майлы және бұршақ тұқымдарын өндірушілер үшін сауда стратегиясы бойынша ұсынымдар 28.10.2024 16.11.2024
Дәнді дақылдар3-сыныпты бидай бағасына аздап төмендетілген түзету жүргізілді. Сауда баяу.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы орташа баға (элеватор)ӨзгерістерҰсынымЫқтимал ең жоғарыЫқтимал ең төменгіжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +105-1САТУ14590жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін80-7САТУ9570жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін69-9САТУ8560жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін61,4-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ8050жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін52-САТУ6535арпа 2 сыныпты50-САТУ6035Дурум (прот 14+)85-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ12070Дурум (прот 15+)104-ТОҚТАТУ15090 Арпа салыстырмалы түрде белсенді түрде сатылады. Трейдерлердің бірі Ақмола облысында ҚҚС – пен, ҚҚС-сыз 45 мың теңге/тоннадан арпа сатып алғаны туралы хабарлады.қызыл – бір апта ішінде төмендеу, жасыл-жоғарылау Майлы/Бұршақ ДақылдарыМайлы дақылдар тобында рапс бағасы сақталады, бірақ нарық қатысушылары 200-210 мың теңге/тоннаға дейін қымбаттайды деп болжайды. Зығырдың бағасы төмендей береді. Күнбағыс бағасы қалыптасуды жалғастыруда және Ресейде егіннің төмендеуіне байланысты лайықты болады деп күтілуде.элеватардан, ҚҚС-мен, тг/кгАғымдағы бағаӨзгерісҰсынымЫқтимал ең жоғарыЫқтимал ең төменгіЗығыр187-2САТУ200170Рапс195-САТУ250180Күнбағыс172+1ТОҚТАТУ190160Мақсары85+5ТОҚТАТУ11085Соя207-САТУ285200Қыша қара/ақ250-ТОҚТАТУ300200Бұршақ (сары)*95-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ17080Жасымық (қызыл)**182-САТУ220180Жасымық жасыл (үлкен көлемде) **348-ТОҚТАТУ450350* - премиум сапасы бар солтүстік аймақтар, * * - ҚҚС-сыз жаңа өнім курсивпен бөлінді Түсіндірме:Ағымдағы баға-келісімшарттар жасалатын элеваторда немесе вагонда Қазақстан ішіндегі ҚҚС-пен орташа өлшенген бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне, жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.Ұсыныстар: стоп-сауданы неғұрлым қолайлы бағаларға дейін тоқтата тұру ұсынылады; қажет болған жағдайда сату (техникалық, қаржылық); сату – тауарды сату ұсынылады, өйткені жақын арада қолайлы перспективалар күтілмейді.Мүмкін макс-бұл нақты брошюраның авторлары ағымдағы сауда маусымында бағаға жетуі мүмкін сияқты көрінетін бағаның жоғарғы шегі. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Мүмкін мин-бұл ағымдағы маусымда Мәдениет қол жеткізе алатын бағаның төменгі шегі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/872754
Өз бетінше алынған жер учаскесі СҚО-да мемлекет меншігіне қайтарылды 16.11.2024
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Петропавл қалалық департаменті мен әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің өтініші негізінде мемлекет меншігіндегі жерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.Тексеру және өлшеу нәтижелері бойынша 0,8 га аумақтағы мемлекеттік меншік жер учаскесін жергілікті ЖШС-нің заңсыз иемденгені және пайдаланғаны анықталды.Заң бұзушылық үшін заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Департамент Петропавл қаласының әкіміне мемлекеттік меншік жер учаскесін заңсыз иемденген жерді қайтару туралы шаралар қабылдау жөнінде хат жолдады.СҚО мамандандырылған аудан аралық экономикалық сотының шешімімен Петропавл қаласының әкімдігінің талап-арыздары қанағаттандырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/872788
Жамбыл облысының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілері Катар мемлекетіне ет және ет өнімдерін экспорттайды 16.11.2024
Жамбыл облысының Дохаға делегациясының сапары барысында мұндай келісімге қол жеткізілді. Сапар экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және халықаралық байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылды.Жұмыс бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Катардағы Елшілігінде «Меркен ет комбинаты» ЖШС мен «Al Dayat For Trading» компаниясы арасында 200 тонна ет пен ет өнімдерін экспорттау туралы келісімге қол қойылды.«Біз өңіріміздің жоғары сапалы өнімдері Катар нарығында үлкен сұранысқа ие болады деп сенімдіміз», - деді Жамбыл облыс әкімінің орынбасары Абулхайыр Тамабек.Сонымен қатар, жамбылдық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің «Сарыбас» ЖШС, «Сауле» кондитер фабрикасы, «Тараз халва» ЖШС, «KazirAgro» ЖШС, «БСК» ЖШС және «Акмол» ЖШС өнімдеріне компаниялар тарапынан үлкен қызығушылық танытылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/873169
Мемлекет басшысы Моңғолия Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді 16.11.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсух екі ел делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді.Қазақстан Президенті шағын құрамдағы кездесудің қорытындысына жоғары баға беріп, Моңғолиямен мемлекетаралық қарым-қатынасты одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындады.– Ынтымақтастықты жаңа стратегиялық деңгейге көтеру екі елдің мүддесіне сай келеді. Біз моңғол халқына үлкен құрметпен қараймыз және Моңғолияның жетістігіне әрдайым қуанамыз. Қазіргі уақытта Сіздің бастамаңызбен ауқымды саяси-экономикалық және әлеуметтік реформалар қолға алынды. «Vision-2050», «Азық-түлікпен қамтамасыз ету және оның қауіпсіздігі», «Салауатты моңғол ұлты» сияқты маңызды мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің арасында тығыз парламентаралық және үкіметаралық байланыстар қалыптасқанын еске салып, ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай мүмкіндік бар екеніне назар аударды– Сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау-кен индустриясы, өнеркәсіп, инвестиция, жаңа технологиялар, ғарышты игеру салаларында ықпалдастықты жандандыру қажет. Бүгін қол қойылатын құжаттар саяси және экономикалық алыс-берісті дамытуға тың серпін береді деп сенемін, – деді Президент.Моңғолия Президенті Қазақстанды өз елінің маңызды серіктесі, Шығыс пен Батыс арасындағы сенімді көпір деп атады. Оның айтуынша, Ұлан-Батыр Қазақстанның экономикалық дамудағы тәжірибесін мұқият зерделеуде және сауда, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және ғарыштық зерттеулер салаларындағы екіжақты жобаларды тиімді жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлетін болады. Атап айтқанда, Ухнаагийн Хурэлсух Қасым-Жомарт Тоқаевтың екіжақты тауар айналымын 500 миллион долларға дейін ұлғайту туралы ұсынысын қолдады.Келіссөздер соңында мемлекет басшылары стратегиялық әріптестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Одан кейін қол қойылған құжаттармен алмасу рәсімі өтті.Қазақстан Республикасы Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында екі ел делегацияларының өкілдері 11 құжатқа қол қойды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Азық-түлік министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум, Моңғолияның ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсібі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Ветеринариялық бас басқармасы арасындағы ветеринариялық қызмет пен карантин саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум және т.б. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/873254
Қазақстан және Моңғолия президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері алдында бірлескен мәлімдеме жасады 16.11.2024
Президент, ең алдымен, Ұлан-Батырға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Ухнаагийн Хурэлсухқа шынайы ризашылығын білдіріп, бұл сапардың мән-маңызы ерекше екенін жеткізді.– Моңғолия – аймақтағы маңызды көршіміз. Біз бір-бірімізге тілектеспіз. Біздің тарихымыз, рухани және мәдени құндылықтарымыз – ортақ. Бүгінгі кездесу қазақ тарихында айрықша орын алатын Жошы ұлысының 800 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның екі халық үшін символдық мәні зор. Соңғы жылдары қазақ-моңғол қатынастары қарқынды дамып келеді. Берік татулыққа негізделген ынтымақтастық стратегиялық серіктестікке ұласты. Біз Президент Хурэлсух мырзамен бірге арнайы декларацияға қол қойдық. Бұл құжат екі елдің достығын нығайта түседі. Түрлі саладағы тиімді байланыстарды дамытуға тың серпін береді, – деді Қасым Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету бойынша келісімдерге қол жеткізілгенін хабарлады.– Жалпы, келіссөздер өте табысты өтті деуге толық негіз бар. Атап айтқанда, экономикалық қарым-қатынасты жандандыруға келістік. Қазақстан мен Моңғолия Азиядағы ірі елдер санатында. Сондықтан өзара сауда айналымы ауқымды болуға тиіс. Былтыр сауда-саттық көлемі 150 миллион долларға жуықтады. Бұл көрсеткішті көп ұзамай 500 миллион долларға дейін жеткізу жоспарда бар. Ол үшін алыс-берістегі тауар түрін көбейту керек. Сондай-ақ экономикалық ықпалдастықты тежейтін кедергілерді жою қажет. Екі ел үкіметі нақты шараларды қабылдайды. Бүгін Сауда-экономикалық байланысты арттыру жөніндегі жол картасына қол қойдық, – деді Мемлекет басшысы.Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел делегациясы ауыл шаруашылығы, өндіріс, көлік-логистика және энергетика саласына қатысты нәтижелі келіссөз жүргізген.– Қазақстанда мал ауруларына қарсы вакцина шығаруға мүмкіндік бар. Осы орайда, алдағы уақытта Моңғолияда вакцина өндірісін ашуға келістік. Сонымен қатар жаңа технологияны, қазба байлықты бірлесіп игеруге тоқталдық, инвестиция мәселесін талқыладық. Мен Қазақстанның электронды үкімет, киберқауіпсіздік және ғарыш саласындағы жетістіктеріне тоқталдым. Өздеріңізге мәлім, елдерімізде табиғи ресурс мол. Темір, фосфат, боксит және басқа да сирек кездесетін минерал кеніштерін барлап, игеру үшін бірлесе жұмыс істейміз. Қазақстан кәсіпкерлері Моңғолияның тау-кен саласын зерттеуге дайын. Келіссөздер барысында көлік-логистика мәселелері туралы әңгімелестік. Халықаралық дәліздердің бәсекеге қабілетін арттыру – маңызды міндеттің бірі. Ол үшін екі ел арасындағы және басқа мемлекеттермен көлік қатынасын жетілдіру қажет. Сонда елдеріміздің аумағы арқылы тасымалданатын жүк көлемі ұлғая түседі. Транскаспий бағыты мен Солтүстік-Оңтүстік дәлізін тиімді пайдалану маңызды,- деді Президент.Бұл ретте Мемлекет басшысы кеше Ұлан-Батырда өткен Іскерлік кеңестің алғашқы отырысында кәсіпкерлер ауқымды коммерциялық келісімшарттарға және өзге де құжаттарға қол қойғанына назар аударды. Екі ел үкіметтеріне бірлескен кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау жөнінде тапсырма берілген.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев аймақаралық алыс-берістің әлеуетін ұтымды пайдаланған жөн деп санайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/873263
Ақмола облысында 7 тауарлы-сүт ферма салынып жатыр 16.11.2024
Облыста Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін қайталау жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 7 тауарлы-сүт фермасының желісін құру жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде екеуі пайдалануға берілді.Негізгі жобалардың бірі – Еңбек ауылдық округінде 816 ірі қара малға арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысы.Учаскеде инженерлік желілерді, электрмен жабдықтауды және кәрізді қосу жұмыстары жүргізілді, көң шығарудың заманауи жүйесі енгізілді, өндірістің экологиялық тазалығын жоғары деңгейде қамтамасыз ететін қалдықтарды жоюға арналған биокешен орнатылды.Биылғы жазда Даниядан 272 бас голштейндік сиырдың бірінші партиясы қабылданды; биылғы жылдың аяғында ірі қараның екінші партиясын әкелу жоспарлануда. Шаруа қожалығының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін неміс өндірушілерінен заманауи құрал-жабдықтар алынды.Жоба келесі жылы пайдалануға беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/874017