Enbekshi QazaQ

Саясат

Астанада қар тазалау жұмыстарына 2600-ден астам жолшы жұмылдырылған 09.02.2025
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.4 ақпанда күндізгі ауысымда елордадағы қарды тазалауға 2630 жол қызметкері мен 1783 бірлік арнайы техника шықты.37 ақпанға қараған түні қаладағы қардан шамамен 46 мың метрден астам қар шығарылды 81 ауыр жүк көлігі.Қыс басынан бері коммуналдық қызмет 383 545 ауыр жүк көлігімен қаладан 4 миллион 897 мың текше метрден астам қарды қоқыс алаңдарына шығарды.Біріншіден, көлік кептелісін болдырмау үшін ережеге сәйкес көлік қозғалысы өте көп аумақтар тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды аймақтар – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, қоғамдық көлік бағыттарын, аялдамалар мен тротуарларды тазалау да басты назарда.Қалада бірнеше жабдықталған қар шығару алаңдары бар. Олар көлік нөмірлерін оқу, бейнебақылау және жарықтандыру жүйесімен жабдықталған.Елорда тұрғындары мен қонақтарын жолда сақ болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауылды ескерту болған жағдайда ұзақ сапарға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/930618
«Сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған»: директор «Жайлы мектеп» жобасы туралы айтты 09.02.2025
Жайлы мектеп жобасы - бұл балалардың заманауи стандарттарға сәйкес келетін жағдайда өсуіне, білім алуына және табысқа жетуіне мүмкіндік беретін Қазақстанның болашағына инвестиция. Астанадағы №33 орта мектептің директоры Дана Оразалина «Жайлы мектеп» жобасы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Спикердің айтуынша, осы мақсатта Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үркер тұрғын алабында балаларға арналған заманауи мектеп салынды.«Біздің мектеп 2 мың оқушыға есептелген. Сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған: заманауи жабдықталған оқу кабинеттері, зертханалар, оқу залы бар кітапхана, телестудия, кең асхана, 4 спорт залы. Қазіргі таңда мектепте 60-тан астам мұғалім жұмыс істейді, 900-ден астам бала білім алуда», - дейді Дана Оразалина.Бір ауысымда жұмыс істейтін бұл мектептің ерекшелігі – үйірмелер мен шығармашылық секциялар түрінде қосымша білім беруді жүзеге асырудың жоғары мүмкіндігі. Сондай-ақ оқу үйірмесі, домбыра, шахмат, спорт секциялары, түрлі пәндерден қосымша сабақтар бар. Қазіргі таңда балаларды жан-жақты қолдау, түрлі қылмыстардың алдын алу мақсатында аталған іс-шараларды ұжым қызметкерлері тегін жүргізуде.«Бүгінгі таңда мектепте ата-аналарды қолдау орталығы ашылды. Қолдау орталығы «Даналық мектебі» деп аталады. Онда ата-аналарға түрлі психологиялық көмектер көрсетіледі. Қазіргі мектептердің басты мәселелерінің бірі – ата-аналар қауымымен қарым-қатынасының нашарлығы, мектепке деген сенімсіздік, мұғалімдердің қоғам тарапынан жаппай айыпталуы. Орталық бұл мәселелерді ата-аналармен бірлесіп шешуге тырысады. Сонымен қатар, әр сенбіде «режиссер сағаты» деп аталады. Онда қаладағы жұмысына байланысты уақыты аз ата-аналарға жеке кеңес беріледі», – дейді Дана Оразалина.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/930633
Биыл Астанада қанша мектеп қолданысқа беріледі 09.02.2025
Астанада халық санының көбеюіне байланысты әлеуметтік нысандарға деген сұраныс пен қажеттілік артып келеді. Бұл мәселені шешу мақсатында мемлекеттік бюджет пен жеке инвестиция есебінен мектеп, балабақша мен медициналық ұйымдар сияқты қала тұрғындары үшін аса маңызды нысандардың құрылысы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Мәселен өткен жылы елордада 24 мектеп ашылса, биыл тағы бірнеше білім ордасын пайдалануға беру жоспарланған. Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев алдағы уақытта қай ауданда және қанша жаңа нысанның ашылатыны жайлы толығырақ айтып берді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Былтыр елімізде пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті. Салынған мектептердің саны жағынан елорда алдыңғы қатарларда. Өткен жылы Астанада бір ауысымда 33 мыңдай оқушыға арналған 24 мектеп ашылды. Оның көбісі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Аталған жоба бойынша салынған мектептер жаңа оқу жылында 22 400 елордалық оқушыны қабылдады. Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиевтің айтуынша, «Жайлы мектептердің» жетеуі Есіл ауданында, төртеуі Нұра ауданында, үшеуі Алматы ауданында, ал қалған екеуі Сарыарқа ауданында орналасқан. Сонымен қатар бюджеттік инвестициялық жоба бойынша 1 550 орындық 3 мектеп, 3 240 орындық 5 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді. Бұл елордадағы үш ауысымды, оқушы саны шамадан артық және апатты мектептердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қасымхан Сенғазиев елордалық оқушылардың сапалы білім алуы үшін мектеп салу жұмыстары биыл да жалғасатынын жеткізді. 2025 жылы бір ауысымда 23 мың оқушы сабақ оқи алатын 15 мектеп ашылады. Оның ішінде төртеуі бюджеттік инвестициялық жоба бойынша салынып, 2 700 оқушыны қабылдайтын болады. Аталған 4 мектептің екеуі Нұра ауданында, қалғаны Алматы ауданында орналасады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салу биыл да жалғасады. «2025 жылы жалпы сыйымдылығы 22 912 орындық 15 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы саны 14 мың оқушыға арналған 7 білім ордасы ашылады. 4 мектеп Нұра ауданында, 2 мектеп Алматы ауданында, 1 мектеп Байқоңыр ауданында орналасады. Елордадағы жекеменшік мектептер саны да арта түседі. Жеке инвестордың қаржысы есебінен салынатын 4 мектеп жаңа оқу жылында шәкірт қабылдайды. Осылайша бұл мектептерде 6 мыңнан астам оқушы білім алатын болады. 5172 оқушыға арналған 3 мектеп Есіл ауданында, 1040 оқушыға арналған 1 мектеп Нұра ауданында орналасады», - деді Қасымхан Сенғазиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/930857
«Заң және тәртіп»: Астанада рейд барысында сауда орындары тексерілді 09.02.2025
Астанада Сарыарқа ауданының аумағында мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» жобасы аясында рейдтік іс-шара өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Басты мақсат – алкогольдің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ 21 жасқа толмаған азаматтарға темекі өнімдерін сату фактілерін болдырмау. Тексеру барысында бірқатар сауда орны қаралып, олардың ішінде екеуінде заң бұзушылықтар анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, атап айтқанда: - ҚР ӘҚБтК 423-1-бабы – 21 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальян қоспасын және темекіні қыздыру жүйелерін заңсыз сату. - ҚР ӘҚБтК 200-бабы – алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзу. «Рейд барысында алкоголь мен темекі өнімдерінің заңсыз сатылымы әлі де өзекті мәселе екенін көрсетті. Бұл өнімдердің кәмелетке толмағандарға сатылуы мен контрафакт өнімдерінің айналымы азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Мұндай заң бұзушылықтарды жою және қоғамда заңға бағыну мен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін рейдтік іс-шараларды жүйелі түрде жалғастырамыз», - деді Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бас маманы Дамир Хисматуллин. Аудан әкімдігі кәсіпкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға, ал қала тұрғындарын алкоголь мен темекінің заңсыз сатылу фактілері туралы хабарлауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/930884
«Түркістан облысындағы Көксарай контрреттегіші екі есе артық су жинай алады»,- Су ресурстары және ирригация министрлігі нысанның жобалық қуатын қалпына келтіреді 09.02.2025
Су ресурстары министрлігі тасқын суларды тиімдірек өткізу, ауылшаруашылық жерлерін суару және Солтүстік Аралдың су балансын сақтау үшін Түркістан облысындағы Көксарай контрреттегішін қайта қалпына келтіреді. Нәтижесінде, нысан 1,5 млрд текше метрдің орнына 3 млрд текше метр су жинай алады. Министр Нұржан Нұржігітов аймаққа жұмыс сапарымен барып, жергілікті халықпен кездесті. Сондай-ақ, өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарының жай-күйін тексерді.«Бүгінде Көксарай контрреттегішін реконструкциялау және нығайту үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Биыл Ислам даму банкінің қолдауымен құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Жобаны іске асыру контрреттегіште екі есе көп су жинауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 1,5 млрд текше метрдің орнына 3 млрд текше метр су жинайды. Сондай–ақ, нысанды жаңғырту төтенше жағдай қаупін азайтуға және Солтүстік Аралға су жіберуді жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Нұржан Нұржігітов Отырар ауданында су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, мақта өсіру жобасын іске асыруға ниетті қытайлық инвесторлармен кездесті. Министр шетелдік кәсіпкерлермен бірге мақта саласын дамыту жөніндегі жоспарды талқылады.Одан әрі министр Бәйдібек ауданына барып, «Бәйдібек-ата» су қоймасының құрылысын тексерді. Бүгінгі таңда нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 48% орындалды. Су қоймасы 68 млн текше метр су жинай алады. Жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.Мақтаарал ауданында министр ауыл шаруашылығы алқаптарынан жерасты суы ағызылатын «Мырзашөл» орталықтандырылған коллекторлық-дренаж каналының жұмысымен және жай-күйімен танысты. Өзбекстанмен шекара бойында орналасқан нысанда жағалау нығайту жұмыстары, сондай-ақ су келетін шағын каналдарды реконструкциялау жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/930907
Су ресурстары және су шаруашылығы министрі Нұржан Нұржігітовтың Түркістан облысына жұмыс сапары 09.02.2025
Су ресурстары және су шаруашылығы министрі Нұржан Нұржігітовтың Түркістан облысына жұмыс сапарыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/930918
Қолжетімді сот төрелігі: ҚР Әділет министрлігі мен IPrav цифрлық заң қызметтерін дамытуда 09.02.2025
ҚР Әділет министрлігі мен «IPrav» ЖШС компаниясы арасында заң қызметтеріне арналған ЖИ базасындағы мобильді қосымшаны әзірлеушілермен стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Серіктестіктің негізгі мақсаты – азаматтарға тез, тиімді және қауіпсіз түрде білікті құқықтық көмек алуға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдерді дамыту. Өзара серіктестік ЖИ технологияларын дамытуды, білім беру бастамаларын, халыққа қажетті өзекті құқықтық проблемаларды анықтау мақсатында зерттеулер жүргізуді қамтитын болады."Мемлекет басшысы әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам екенін атап өткен болатын. Сондықтан осы бағыттағы біздің бірлескен күш-жігеріміз халыққа арналған құқықтық қызметтердің қолжетімділігін арттырудың, кедергілерді азайтудың және құқықты қолдану процестерін жеделдетудің маңызды бөлігіне айналады" - деді Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков. Өзара ынтымақтастық жасанды интеллект шешімдерін заң саласына интеграциялауға негізделген. Бұл пайдаланушылар үшін де, кәсіпқойлар үшін де жаңа мүмкіндіктерді ашады. Меморандумға сәйкес, Әділет министрлігі әзірлеушілерге дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы сақтай отырып, қосымшаның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл халыққа «IPrav» мобильді қосымшасының функционалына жылдам әрі сапалы қол жеткізуді қамтамасыз етеді. «Біз үшін меморандумға қол қою – бұл IPrav дамуының жаңа кезеңі ғана емес, сонымен қатар үлкен мүмкіндік. Біз Әділет министрлігімен қол жетімді және заманауи құқықтық жүйені құру үшін күш-жігерді біріктіруде зор әлеуетті көріп отырмыз», - деді «IPrav» ЖШС директоры Жұлдыз Ержанова. Ынтымақтастық Қазақстан азаматтарына, әсіресе ауылдық және шалғай өңірлеріндегі азаматтарға құқықтық көмекке ыңғайлы және жедел қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Біз технологияны халық пен құқықтық жүйе арасындағы көпірге айналдыру міндетін қойып отырмыз. Цифрландыру құқықтық сауаттылықты арттыру және Қазақстанның әрбір тұрғыны өзінің тұрғылықты жеріне қарамастан көмек алып, өз құқықтарын қорғай алатын жағдай жасау үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатынын айтып өтті IPrav негізін қалаушы Қаныш Кенжетаев. Сондай-ақ, бірлескен инновациялық жобалар мен пилоттық бағдарламаларды іске асыру, министрліктің мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлері үшін оқыту сессияларын өткізу жоспарлануда, бұл олардың цифрлық құралдарды пайдаланудағы құзыреттерін арттыруға мүмкіндік береді. IPrav мобильді қосымшасы – заңгерлік қызметтерді іздеуге және онлайн алуға болатын жаңа құрал. Қазақстандық мамандар әзірлеген IT-стартаптың мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтарға білікті құқықтық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету.Қосымшаның ерекшелігі – машиналық оқыту принциптері бойынша жұмыс істейтін кіріктірілген ЖИ көмекшісі - Әйтеке чат-боты. Қазіргі уақытта виртуалды ЖИ көмекшісін «Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?», «Жол-көлік оқиғасы кезінде не істеу керек?», «Тұтынушылардың құқықтарын қалай қорғауға болады?». , «Ипотекалық несиені төлемеген жағдайда не болады?», «Түрлі әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл көлемі қандай болады?», «Мұраны қалай рәсімдеуге болады?» «Автокөлікті қалай тіркеуге болады?» деген сияқты сұрақтарға жауап беру үйретіліп жатыр. IPrav барлық жас санаттары үшін түсінікті, қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс ұсынады. Онда шұғыл әрекет ету үшін жақын жердегі адвокатпен байланысуға мүмкіндік беретін SOS функциясы қарастырылған. Бұл әсіресе шалғайдағы тұрғындар үшін өте ыңғайлы. Мамандардың рейтингтік жүйесі таңдаудың ашықтығын және қызмет сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Жақын арада пайдаланушылардан кері байланыс алу және оның функционалын жақсарту үшін мессенджерлер арқылы Әйтеке ботына ашық тестілеу өткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/930666
«ACTIVITY BOOM»: Алматының белсенді жастарына арналған жеңілдіктер 09.02.2025
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, жастарға тамақтану, демалыс орталықтарына жеңілдіктер ұсынатын «Activity BOOM» жобасы жұмысын жалғастыруда. Арнайы әзірленген дисконттық карта қала жастары үшін қоғамдық көлік, мейрамханалар, киім дүкендері, сұлулық салоны, сапалы тау шаңғы жабдықтарын жалға ұсынатын дүкендер желісіне жеңілдіктер ұсынады. Бұл картаны алу үшін тек комьюнити орталықтарының резиденті болу жеткілікті. Картаны Jas.Almaty платформасына тіркеп, жеңілдіктерді QR код арқылы оңай пайдалануға болады. Аталмыш картаны болып алған студенттер өз әсерлерімен бөлісті.«Мен «Activity BOOM» картасын Жетісу ауданындағы комьюнити орталықтан алдым. Біз достарымызбен тауға жиі шығамыз. Тауға шығатын керек жарақты жалға беретін дүкеннің бар болғаны біз үшіні керемет жаңалық болды. Достарым да осындай карта алғысы келеді!», - деді қаламыздың студенттерінің бірі Сұлтан Едігеев.Қазіргі таңда «Activity BOOM» 30-дан астам серіктеспен жұмыс істейді. Олардың арасында «FOOTLAB» футбол орталығы, «Tobe» тау шаңғы жабдықтарын жалға алу орталығы, Almaty OWL COFFEE, «Maestro» киім дүкені, Weekend lounge, «Aeka posh» сұлулық салоны, «Puff n Play» және «Z CLUB» ойын клубтары және т.б бар. Серіктестердің толық тізімі мен жеңілдік пайызын JasAlmaty.kz сайтының мобильді нұсқасынан көре аласыздар.Жастар саясаты басқармасының мәліметінше 2025 жылдың соңына дейін 50 000-нан астам жас алматылық аталмыш картаға ие болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/929615
«Медеу» мұз айдынын реконструкциялау барысында оның тарихи келбеті мен мәдени мұрасы сақталады 09.02.2025
Алматы спорт нысандарын басқару жөніндегі дирекциясының мәліметінше, 2023 жылы «Медеу» мұз айдыны мен оның инженерлік желілерінің техникалық жағдайын тексеру және бағалау жұмыстары жүргізілді. Бұл зерттеудің мақсаты – жаңғырту тұжырымдамасы мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Сараптама қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта мұз айдыны жаппай сырғанау үшін қауіпсіздік талаптарына сай келеді. Жаңғырту бойынша негізгі бағыттар: «Медеу» БТСК аумағын көркейту жұмыстары: мұз айдынының батыс сызығы бойымен серуендеу аллеясын құру, айдын айналасында жаяу жүргіншілерге арналған баспалдақтар орнату, оңтүстік беткейде, Есентай өзенінің оң жағалауы бойымен көркейту жұмыстарын жүргізу, іргелес аумақты жақсарту мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы үшін оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігінде екі жедел саты орнату көзделген.Инженерлік жүйелерді жаңғырту: тоңазытқыш жабдықтары мен мұз жабынын суыту жүйесін жаңарту, құбыр желілерін толық ауыстыра отырып, технологиялық тақтаны жаңарту, жылыту жүйесін газға ауыстыру, жылыту және көрермендерге арналған орындарды жылыту жүйесін жаңғырту, энергияны үнемдеуді арттыру және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін инфрақұрылымдық элементтерді жаңарту, инженерлік жүйелер, коммуникациялар мен электр жабдықтарын толықтай ауыстыру жоспарланып отыр.Сонымен қатар, «Медеу» қонақ үйін толық реконструкциялау жоспарға енген.Реконструкциялау барысында «Медеу» мұз айдынының тарихи келбеті мен мәдени мұрасын сақтау басты басымдық болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/929638
Алматының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері Дубай мен Абу-Дабиді бағындырды 09.02.2025
Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында құрылған «Алматы әжелері» жасы үлкен сәнгерлер модельдер Біріккен Араб Әмірліктеріне сапар шекті. Дубайдағы Тода инновациялық театрында режиссер әрі продюсер Ольга Сапожникова түсірген «Ұзақ ғұмыр» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді. Бұл фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі – «Алматы әжелері» тобының мүшелері. Фильмнің тұсаукесері аясында алматылық зейнеткер әжелер «Ақ кербез» сән топтамасын ұсынып, ұзақ өмір сүру, денсаулықты сақтау және кез келген жаста оптимистік көзқарасты ұстану құпиясын бөлісті. Сән көрсетілімі кештің жарқын сәтіне айналып, сұлулық, дәстүр мен заманауилықтың үйлесімін көрсетті. Іс-шараға Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің өкілдері, қалалық әкімдік, мәдениет және денсаулық сақтау саласының қайраткерлері, сондай-ақ белсенді ұзақ өмір сүру тақырыбына қызығушылық танытқан көптеген көрермен қатысты. Сонымен қатар, «Алматы әжелері» Абу-Дабидегі Лувр музейінде де өнер көрсетті. Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары көрермендерді өзінің нәзіктігімен, стилімен және өмірлік қуатымен тәнті етті. Фильмнің тұсаукесері мен мерекелік іс-шара Қазақстан мен БАӘ арасындағы мәдени байланыстарды нығайтып қана қоймай, халықаралық аудиторияға белсенді және денсаулыққа пайдалы өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Айта кетейік, Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары Алматының барлық ауданында жұмыс істейді. Қалада 15 орталық бар: атап айтқанда, үш бөлімшесі бар қалалық белсенді ұзақ өмір сүру орталық және үкіметтік емес ұйымдардың 11 филиалы. Соңғы екі жылда бұл орталықтарға келушілер саны 7 есе артты: 2022 жылы 833 адам болса, 2024 жылы 6 073 адамға жетті. Көрсетілетін қызметтер саны да 26 есеге өсіп, 12 мыңнан 313 мыңнан астамға ұлғайды. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары 40-тан астам тегін қызмет түрін ұсынады, оның ішінде білім беру бағдарламалары, тренингтер, дене шынықтыру, йога, би, сондай-ақ шығармашылық шеберханалар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/930461
Абай облысында «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру жалғасуда: 2025 жылы төрт мектеп пайдалануға беріледі 09.02.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы халыққа арнаған Жолдауында сапалы білім алу үшін заманауи жағдайлар жасауға бағытталған «Жайлы мектеп» бағдарламасы туралы бастама көтерді. Абай облысында 2025 жылдың соңына дейін 2700 оқушыға арналған төрт жаңа мектеп ашылады. Сонымен қатар, биыл тағы бір мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. «Жайлы мектеп» жобасы - тұрғылықты жеріне қарамастан еліміздің барлық балалары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа мектептерде тек техникалық жабдықтауға ғана емес, оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта құруға да баса назар аударылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелері бар кең кабинеттер қарастырылған. Жеделсатылар, пандустар және арнайы бағыттаушы белгілер орнатылған. Әр мектепте психолог, логопед және дефектологтар жұмыс істейді. Жаңа мектептердің басты ерекшеліктерінің бірі - жұмсақ жиһаздармен, кітаптармен, музыкалық аспаптармен және үстел ойындарымен жабдықталған оқушылар мен оқытушылар үшін демалыс орындарының болуы. Сонымен қатар, білім беру мекемелері балалардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. 2024 жылы Семейде 1200 орындық ІТ-мектеп-лицейі салынды. Бұл қаладағы оқушы орны тапшылығын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Мектеп заманауи білім беру стандарттарына сәйкес келеді және жаңа технологиялармен жабдықталған. Үш қабатты ғимаратта физика, химия, биология, информатика кабинеттері, мультимедиялық сыныптар, графика және модельдеу кабинеті, сондай-ақ зертханалар, телестудия, смарт-сыныптар, 3D-принтерлер мен робототехника кабинеттері қарастырылған. Мектепте 280 орындық акт залы және 420 орындық асхана бар. «Төрт білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтіп, робототехника, химия, биология, физика және STEM-бағыттары пәндері бойынша 56 заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталған. Педагогтардың біліктілігін арттыру да маңызды қадам болды. 5 300-ден астам мұғалім тегін біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бүгінгі таңда Абай облысында орта білім беру ұйымдарының 38% - аудандық және ауылдық мектептер құрайды. Олардың 86-сы жаңғыртылған», - деді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев. Жоба қазақстандық өндірушілерді қолдауға да ықпал етеді. Жаңа мектептерге арналған барлық жиһаздарды отандық кәсіпорындар жеткізеді, бұл ұлттық экономиканы нығайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашады. Еліміздің барлық өңірлерінде жаңа білім беру нысандарының құрылысының арқасында қосымша жұмыс орындары құрылуда. 2024 жылдан бастап жаңа салынған мектептерде (Семей қаласының ІТ-мектеп-лицейі) 184 педагог жұмыспен қамтамасыз етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/930480
Құрметті Марқакөл ауданының тұрғындары! 09.02.2025
2025 жылғы 5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Б. Көшербаев жеке мәселелер бойынша көшпелі қабылдау өткізетін болады.Қабылдау орны, уақыты: Марқакөл ауданы Төсқайың ауылдық округінің Шанағаты ауылы (мектеп ғимараты).Қабылдауға алдын ала жазылу 2025 жылғы 4 ақпанда сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.Тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекен-жайы, ЖСН, байланыс телефоны, мәселенің мәнін көрсету міндетті.Анықтама телефоны: 8 (7232) 71-31-49, +77051407031.Қабылдау күні қолыңызда жеке басын куәландыратын құжат болуы керек. Үшінші тұлғаның мүдделері ұсынылған жағдайда - өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/930287
Қонаев қаласында баррамунди және форель өсіру бойынша балық өнеркәсібі кешені тапсырылды 09.02.2025
Жылына 10 000 тоннаға дейін форель мен баррамунди өсіруге маманданатын заманауи балық өнеркәсібі кешені құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. «Оспанова Девелопмент» компаниясы жобасының жалпы құны 67,3 млрд теңгені құрайды.35 гектар жер учаскесінде кешеннің құрылысы 2021 жылы басталды. 2023 жылдың қазан айында 25000 дана форель мен баррамунди шабақтарын сынақ ретінде алғашқы суға жіберу сәтті өтті.2024 жылы құрылыстың бірінші кезеңі аяқталды. Кешенге технологиялық, әкімшілік-тұрмыстық және инженерлік-техникалық блоктар кіреді. Әкелінетін балықты орналастыруға арналған бассейндер, сүзгі қондырғылары, инкубациялық резервуарлар, тірі жем өсіру цехтары, соның ішінде артемия мен коловраттар бар.Қуаттылықтың кезең-кезеңімен ұлғаюымен кешен жылына 10 000 тоннаға дейін балық өндіре алады.Өнімді өткізудің негізгі нарықтары ҚР мен ТМД елдері болады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/930606
Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындау туралы 09.02.2025
   Жетісу   облысының   ауыл    шаруашы­лығы     басқармасы   (бұдан-әрі Басқарма), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 13 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі дала жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан- әрі Қағида) № 137 бұйрығына сәйкес, егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінімдерді 2025 жылдың 03 ақпан сағат 15-00 - ден бастап 07 ақпан сағат 15-00-ға дейін (5 жұмыс күнін ішінде) қабылдайды.         Өтінімдер басқарманың obl.jetisy@mail.ru электондық поштасында және Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26-үй, 2-қабат, 205-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады (пошта индексі: 040000). Жұмыс телефон нөмері:  8 (7282) 32-97-04.        Қағидаға сәйкес Дизель отынын ресурс ұстаушыдан өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті операторы мен өндірушісі мынадай құжаттарды ұсынады:        1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім);       2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;       3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;       4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;       5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);       6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;      7) мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;      8) мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):        мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:        мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспортының көшірмесі;       цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін таразының болуы;       «Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін бақылау есептеу аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;       9) көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;       10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;       11) мұнай базаларының орналасу схемасы.       12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулін қолдану туралы растау.        Өтінім қабылдау аяқталғаннан кейін егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға комиссия отырысы өтеді.           Комиссия отырысы өтетін орын: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26-үй, 2-қабат, 207-кабинет.  11 ақпан 2025 жыл сағат 15:00.    Барлық сұрақтар бойынша 8 (7282) 32-97-04 телефон нөмеріне хабарласуға болады. Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/930470
Азиада-2025: астаналық спортшылар ел намысын қорғайды 09.02.2025
2025 жылдың 7-14 ақпан күндері Қытайдың Харбин қаласы мен Ябули тау шаңғысы курортында IX Қысқы Азия ойындары өтеді. Бұл беделді спорттық жарысқа рекордты көлемде 34 ел қатысады деп күтіліп отыр. Жарыс барысында 11 дисциплинадан 64 жүлде жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Қазақстан құрамасынан 137 спортшы Харбиндегі қысқы Азиадаға қатысады. Жерлестеріміз 6 спорт түрінен 10 дисциплинада өнер көрсетіп, 51 медаль жиынтығын сарапқа салатын болады. Астана қаласынан 5 спорт түрінен 37 спортшы (конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей (ерлер мен әйелдер), керлинг) ел намысын қорғауға шықпақ. Олардың арасында Харбиндегі Ойындардың ашылу салтанатында еліміздің байрағын Астана қаласының хоккейден ҚР спорт шебері Әділ Бекетаев көтереді. Айта кетейік, Харбин қаласы екінші рет осы айтулы жарысты қабылдап отыр. Бұған дейін 1996 жылы жарыс қожайыны болған. Сол сәтте Қазақстан алғаш рет бәсекеге қатысқан еді. Конькимен жүгіру спорты1. Нұралы Ақжол;2. Дарья Важенина; 3. Артур Галиев;4. Елизавета Голубева;5. Алтай Жәрдембекұлы; 6. Бақдаулет Сағатов; 7. Кристина Силаева;Мәнерлеп сырғанау; 1. Диас Жиренбаев;2. Софья Самоделкина;Керлинг 1. Мерей Тастемір; 2. Әділ Жұмағожа.Шорт-трек 1. Әділ Ғалиахметов;2. Малика Ермек;3. Мадина Жанбосынова;4. Айбек Нәсен;5. Абзал Әжіғалиев. Шайбалы хоккей / әйелдер 1. Анастасия Оразбаева;2. Надежда Филимонова;3. Александра Щегай;4. Александра Воронова;5. Екатерина Куценко;6. Арина Щёколова;7. Юлия Буторина.Шайбалы хоккей / ерлер 1. Джелал-ад-дин Әмірбеков;2. Әділ Бекетаев;3. Дмитрий Бреус;4. Данил Бутенко; 5. Самат Данияр;6. Тамирлан Гайтамиров; 7. Вячеслав Колесников;8. Әлихан Өмірбеков;9. Руслан Оспанов;10. Кирилл Панюков;11. Максим Павленко; 12. Евгений Рымарев;13. Кирилл Савицкий;14. Андрей Шутов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/930510
Шардара су қоймасына қаңтарда 2,6 млрд текше метр су түсті: жоспарланған көлемнен 100 млн текше метрге артық. 09.02.2025
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасына 2,6 млрд текше метр су құйылды. Бұл болжамдағы көрсеткіштен 100 миллион текше метрге артық. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарының жұмысымен танысты.Мақтаарал ауданындағы Мырзакент ауылында Нұржан Нұржігітов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті. Министр баяндама жасап, облысты қажетті су көлемімен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.«Өткен жылы біз көршілес елдермен белсенді келіссөздер жүргіздік, соның арқасында Қазақстанның оңтүстігіндегі шаруаларды суармалы сумен толық қамтамасыз ете алдық. Қазір «Қазводхоздың» облыс диқандарымен жасасқан келісім-шарттары қаншалықты сақталғанын мұқият тексеріп жатырмыз. Келісім-шартсыз су беруде қандай да бір заң бұзушылықтар немесе жағдайлар болғанын анықтаймыз. Бұған дейін облысқа министрліктің Ішкі аудит департаментінің өкілдері келген болатын. Дүйсенбі күні мамандарымыздан құралған тағы бір жұмыс тобы тексеріс жұмыстарын бастайды», - деді Су шаруашылығы және су шаруашылығы министрі Нұржан Нұржігітов.Түркістан облысының тұрғындары суару және су бұру жүйелерін қайта жаңғырту, жеке гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, суару суларының бөлінуі, сумен жабдықтау және жаңа құрылыстар салу, жаңа құрылыстар салу, жаңа құрылыстар салуға қатысты сұрақтар қойды Түркістан облысының тұрғындары Халықпен кездесуден кейін Нұржан Нұржігітов Шардара су қоймасының жай-күйін және 2023 жылдың соңында қалпына келтіру жұмыстары аяқталған бөгеттің жұмысын тексерді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/930250
Еленовка ауылында заманауи сүт фермасы салынуда 09.02.2025
Еленовка ауылы, Булақ ауылдық округінің аумағында, «Agro Milk Project» ЖШС-нің сүт-тауар фермасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба 4 гектар жер учаскесінде жүзеге асырылуда. Құрылысты 2025 жылдың шілде–тамыз айларында аяқтау жоспарланған. Ферма голштин тұқымды сиырларды өсіруге маманданатын болады, бастапқы мал басы 400 басқа жетеді. 2025 жылдың қараша айынан бастап тәуліктік сүт өнімі 8 тоннаны құрайды деп күтілуде. Өндірілген сүт Зеренді ауданының Садовое ауылында орналасқан сүт зауытына жеткізіледі. Сонымен қатар, жоба жаңа жұмыс орындарын ашады: 30 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған, оның 20-сы – жергілікті тұрғындар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/930337
Өңіріміздегі ақбөкендер саны тұрақты 09.02.2025
Абай облысының территориясында тұрақты мекен ететін ақбөкендердің саны 1000-1500 бас. Ақбөкендер негізінен еліміздің орталық өңірлерін мекендейді.Дегенмен, күз айларында жайылым іздеп, Жаңасемей ауданының шекарасына дейін жетеді. Абай облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері жуырда рейдке шығып, ақбөкендердің жай-күйіне мониторинг жүргізді.«Ақбөкендер облысымызға күз-қыс айларында келіп, қаңтар-ақпанда көршілес Павлодар, Қарағанды облыстарына қоныс аударады. Өңірімізде тұрақты мекен ететін дала жануарларынан бөлек, шамамен 4-5 мың басқа дейін ақбөкендер қыстады. Рейд барысында Саржал, Жайма, Қосашат, Айнабұлақ учаскелері, Шаған өзенінің жайылмасы, сондай-ақ Дегелең, Қараша, Еңбек, Телман тауларының етегіндегі бағыттар зерттелді. Мониторинг жүргізу кезінде жануарлардың 150-250, ал кейбір жерлерде 500 -ден астам ақбөкендердің топтарға жиналуы байқалды. Жануарлардың жай-күйі қанағаттанарлық, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ», - дейді инспекцияның жануарлар дүниесi және аң шаруашылығы бөлімінің басшысы Альтаир Шайдуллин.Ескертетін жайт, ақбөкендер елімізде аулауға, атуға шектеу қойылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/929694
Жолдарды жөндеу жалғасады 09.02.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев 2025 жылы орташа жөндеу жоспарланған қалаішілік жолдарды аралады. Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өткен жылдың қыркүйек айында асфальттауды қажет ететін көшелердің тізімін жасаған.Тізімге облыс орталығының оң және сол жағалауларындағы аудандардан бөлек саяжайлар мен шеткері аймақтарының кейбір көшелері еніп отыр.Сондай-ақ, тізімді жасақтау барысында тұрғындардың өтініштері, асфальт төселетін көшелердің бойында әлеуметтік нысандардың болуы, инженерлік желілердің жағдайы мен қоғамдық көлік жиі қатынайтын көшелерге баса назар аударылғанын атап өткен жөн.«Облыс құрылғалы жолдарды жөндеуге мейлінше мән беріліп келеді. Облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жолдарды қалпына келтіру, жаңадан асфальттау жұмыстары атқарылды. Бір ғана Семей қаласында өткен жылы 40–қа жуық көшеге асфальт төселді. 19 мың шаршы метрден астам жол ағымдағы жөндеуден өтті. Тұрғындарға қолайлы болу үшін 24 көшеге тротуар салынды. 61 көшеге қиыршық тас пен құм-қиыршық тас қоспасын себу арқылы жолдарды бейіндеу жұмысы жүргізілді. Биыл жоспарда тұрған көшелерді анықтауда алдымен қалалықтардың өтініштерін ескердік. Енді алдағы жұмысты сапалы әрі уақытында орындау міндеті тұр», - деді облыс әкімі.Қазірдің өзінде алдын-ала жасалған тізім инженерлік желілерді жөндеу жұмысына байланысты жолдарды қазу мүмкіндігін болдырмау үшін коммуналдық қызметтер мен салалық ведомстволарға жіберілді. Осылайша алдағы жол жөндеу жұмыстары жобаны жан-жақты талдап, коммуналдық қызмет құрылымдарымен келісу негізінде іске асыру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/930150
Облыста қардан тазалау жұмыстары жүруде 09.02.2025
Абай облысының қалалары мен аудандарында республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды, ауылішілік көшелер мен аула аумақтарын қардан тазалау жұмыстары жалғасуда. Бұл облыс жолдарында қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге, қысқы кезеңде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін жағдайды жақсартуға көмектеседі.Семей қаласында қыс басталғалы 37 087 текше метр қар шығарылды. Күн сайын қардан тазалау жұмысына 70-тен астам техника мен 120 адам жұмылдырылады.Бесқарағай ауданында 10-ға жуық техника мен 20-дан астам жұмысшы жұмылдырылған. Елді мекендердің көшелері мен жалпы ұзындығы 240 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар жолдарда қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 1900 шаршы метр қар шығарылғанЖаңасемейдің Новобаженово, Приречный, Озерки, Шүлбі, Алғабас, Көкентау, Жиенәлі және Ертіс ауылдарында қар шығару жұмыстары қызу жүріп жатыр. 8 техника жұмыс атқаруда.Сондай-ақ Үржар ауданынан 3876 текше метр қар шығарылды. Екі жүк тиегіш пен төрт КамАЗ жұмыс істеп жатыр. Ақсуат ауданында қыс маусымы басталғалы 6 бірлік техника арқылы 2500 текше метр қар тазаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/930156