Саясат
Президент Алматының қоғамдық көлік жүргізушісін «Шапағат» медалімен марапаттады 20.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-азаматтық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі үшін қалалық автобус жүргізушісінің бірі Қанат Ахметовті «Шапағат» медалімен марапаттады.Мемлекеттік награданы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыстады. Ол Қанат Ахметов 2025 жылы Президент жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған соң марапатқа ие болған еңбек мамандықтарының алғашқы өкілі болғанын атап өтті.«Мемлекеттік наградаға ие болу мен үшін үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Бұл қоғам игілігі үшін адал еңбек етуге, әріптестерім мен жақындарыма үлгі болуға ынталандырады. Қарапайым еңбек адамдарына Президенттің назар аударып, елдің дамуына қосқан үлесін мойындағаны қуантады», – деді Қанат Ахметов.Еске сала кетейік, бұған дейін №66 қалалық маршрут автобусының жүргізушісі Қанат Ахметов арбадағы мүгедек жолаушыға назар аударып, көмек көрсеткені үшін мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың атынан алғыс хат пен сыйлық алған болатын.Қанат Ахметов төрт бала тәрбиелеп отыр, «Алматыэлектротранс» компаниясында автобус жүргізушісі болып жұмыс істегеніне бір жылдай уақыт болды. Мүгедек жолаушының көлікке арнайы көтергіштің көмегімен мінуіне жәрдемдескені туралы оқиға әлеуметтік желіде көптеген жағымды пікірге ие болып, қала тұрғындарының алғысын алған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921299
«Таза Қазақстан»: елордада өткен акцияға қала тұрғындары қатысып, қолдау білдірді 20.01.2025
Астанада «Таза Қазақстан» науқанын қолдау мақсатында «Тұрсын-Астана 2» ТК үйінің тұрғындары сенбілік өткізіп, үйдің аумағын қар мен қоқыстан тазартты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Аталмыш тұрғын үй кешенінде 60-тан астам көрші жұмыс құралдарын алып, аулаға шықты. Үйдің кішкентай тұрғындары да шетте қалмады. Бүлдіршіндер ойыншық қалақшаларын көтеріп, жұртқа көмектесті.Ер азаматтарға ыстық шай, бауырсақтар мен тәттілер ұйымдастырған әйелдер қауымы да қолдау білдірді.Сарайшық ауданы әкімдігінің қызметкерлері атап өткендей, көптеген үйлерге үлгі бола алатын тату көршілік қарым-қатынастар осындай болса керек.«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке шықтық. Бұл үйіміздің береке мен бірлігін, ауызбіршілігін, жақсылығын танытады», - дейді тазалық акциясына қатысқан қала тұрғындарының бірі.Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр.Экоакция аясында қалада нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921054
Снюс үшін айыппұл: Астанада дүкен иесі заңсыз әрекеті үшін жазаланды 20.01.2025
Елорданың Сарайшық ауданында насыбай және басқа да шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында кезекті рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Рейдті аудан әкімдігі Сарайшық полиция бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды. Қатысушылар ауданда орналасқан 10 сауда нысанын тексерді.Тексерушілер тыйым салынған тауарларды заңсыз сату фактілерін анықтады.«Темекі өнімдерін, оның ішінде насыбай мен снюсті заңсыз сатумен күресуге бағытталған кезекті жедел алдын алу шарасы өткізілді. Тексеру барысында аудандағы дүкендердің бірінде тыйым салынған тауарлар сатылып жатқаны анықталды», - дейді Сарайшық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы Ғабдығасыр Шаттық.Рейд нәтижесінде дүкен иесі ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, оған 25 АЕК, яғни 98 300 теңге айыппұл салынды.Дүкен иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оларға шегілмейтін темекі өнімдерін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.Осындай алдын алу шаралары елорданың барлық ауданында тұрақты түрде жүргізіліп, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылып жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920866
JOLTAP жобасы астаналық әйелдің жұмысын өзгертіп, көбірек ақша табуына қалай әсер етті 20.01.2025
Елорда тұрғындарына жұмыс тауып, табыстарын арттыруға көмектесетін JOLTAP жобасы Астанада жалғасын табуда. Бағдарламаның түлегі Мөлдір Заманбекова жұмыс орнын ауыстырып, жақсы табысқа қалай қол жеткізгенін айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Мөлдір ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеген, ары қарай жеті жыл банк саласында еңбек еткен.Декреттік демалыстан оралғаннан кейін ол онлайн жұмысты таңдап, түбегейлі өзгеріс жасауды ұйғарады. Астана тұрғыны JOLTAP жобасы туралы Instagram желісіндегі жарнама арқылы білген.«Бұл менің мүмкіндігім екенін түсіндім. Бұрын SMM саласына қызығатынмын, бірақ жүйелі тәсіл мен оффлайн оқыту жетіспейтін. JOLTAP курстары маған қажетті білім мен жоба тәлімгерлерінен қолдау көрсетуге мүмкіндік берді», - деді түлек.Тренинг 11 күнге созылды. Негізгі назар тәжірибеге, нақты істерді талдауға және кураторлармен жеке жұмыс істеуге аударылды. Мөлдірдің айтуынша, курс кураторы үнемі байланыста болып, тапсырмаларды жауапкершілікпен тексеріп, күрделі тақырыптарды түсінуге көмектескен.«Әр сабақ мұқият ойластырылған және офлайн режимінде оқыту материалға тереңірек енуге мүмкіндік берді. Сол сияқты жақсырақ меңгеру мақсатында үйге тапсырма берілді. Бұл оқу процесі бірнеше күндік оқудан кейін өз жемісін берді. Курстарды аяқтағаннан кейін мен алған білімімді өз жұмыс барысында сенімді түрде қолдана бастадым», - деп атап өтті бойжеткен.Бағдарлама түлегі елорда тұрғындарына JOLTAP курстарын ұсынатынын айрықша атап өтті. Ол оқу барысында жаңа таныстар тауып, өзіне қосымша мүмкіндіктер ашқанын айтты.«Осы жобаның арқасында өз мамандығым бойынша көптеген адаммен таныстым, сонымен қатар командада жұмыс істеуді үйрендім. JOLTAP жобасы жастарға сұраныстарын тауып, өз саласының маманы болуға мүмкіндік береді. Жобаға қатысу маған керемет тәжірибе берді және қолыма алған салада үлкен перспективалар ашты», - деп атап өтті Мөлдір.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920867
Астанада студенттер жатақханасының маңында есірткі сататын орындардың жарнамалары өшірілді 20.01.2025
Елорданың Алматы ауданында «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы аясында есірткі граффитиімен күресуге бағытталған рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Аудан әкімдігінің қызметкерлері полиция өкілдерімен және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесе отырып, есірткіге қарсы күресу мақсатында акция өткізді. Олар есірткі сайттарын жарнамалайтын заңсыз белгілерді бояған.Жұмабаев көшесінің бойындағы студенттер жатақханалары орналасқан аумаққа ерекше назар аударылды. Бұл аудан жастарға маңыздылығын ескере отырып, профилактикалық іс-шаралардың басым бағыты ретінде таңдалды.«Біз астаналық жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеу акциясын жүргіздік. Студенттер көп тұратын жатақхана маңынан есірткі сайттарының атаулары жазылған граффити табылды. Біз барлық атауларды бояп шықтық», - дейді «Астана Жастары» еріктісі Индира Маремова.Мұндай рейдтер қоғамдық тәртіпті жақсартуға ғана емес, жастарды есірткінің зиянды әсерінен сақтайды, деп санайды ұйымдастырушылар.«Тыйым салынған ресурстарға арналған жарнамаларды анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілді. «Алматы облысында, дәлірек айтсақ, Жұмабаев көшесі, 16/1 мекенжайындағы үйдің аумағында есірткі заттары туралы ақпарат анықталып, олар дереу жойылды», - деді Алматы аудандық учаскелік полиция инспекторы Асқар Бағасов.Астананың барлық ауданында алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920870
Халықаралық Жәутіков олимпиадасы: елордалық оқушылар ел қоржынына 14 медаль салды 20.01.2025
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық XXl Жәутіков олимпиадасы да өз мәресіне жетті. Онда Астана қаласының оқушылары 14 медаль иеленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Әлемнің 15 елінен 700-ден астам оқушы қатысқан зияткерлік сайыста, қазақстандық оқушылар құрамасы ел қоржынына 116 медаль ( 21 алтын медаль, 33 күміс медаль, 62 қола медаль) салды. Соның ішінде Астана қаласының 8 алтын, 3 күміс, 3 қола иеленді.Алтын медаль:1. Бексұлтан Сайлаубай – Дарынды ер балаларға арналған «Білім – Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;2. Алдияр Сейітбай – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;3. Әмір Қиғаш – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;4. Марғұлан Шарел – «Спектрум» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;5. Әмір Пішенбаев -«Спектрум» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;6. Артур Ким – «Спектрум» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;7. Владислав Посин – Халықаралық «Спектрум» мектебінің 12-сынып оқушысы;8. Нұргүл Есенбергенова – «Нұр Орда» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.Күміс медаль:1. Сұлтанәлі Алиасқар – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;2. Темірлан Макишев – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;3. Даниэль Түлебаев «Нұр Орда» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.Қола медаль:1. Мұхамедәлі Жұмаділ – «Нұр Орда» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;2. Нұрмырза Байжанов – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;3. Бейбарыс Мырзаш – Дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921062
Травмпункт, операция бөлмелері: Астанада жаңа медициналық кешен салынып жатыр 20.01.2025
Астанада жаңадан қабылдау-диагностикалық кешеннің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Медициналық кешен осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.«Жаңа қабылдау-диагностикалық кешен (РДК) болашақта флагмандық орталық болып саналады, ол – соңғы халықаралық стандарттарға сай жобаланған және жабдықталған заманауи ғимарат. Бұл кешен екі ғимаратты – №2 клиникалық және акушерлік қалалық көпсалалы аурухананы біріктіреді, бұл барлық пациенттерді бір жалпы қабылдау бөлмесінде қабылдауға мүмкіндік береді», - деді елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.Әлия Рүстемованың айтуынша, жаңа медициналық мекемеде қаланың сол жағалауының тұрғындарына арналған травматологиялық пункт орналасады, өйткені, белгілі болғандай, қазір қалада оң жағалауда ересектерге арналған тек үш травматологиялық пункт жұмыс істейді.Жедел жәрдем бөлмесіндегі науқастардың ағымы triage жүйесімен реттелетін болады: науқастарды сұрыптау және шұғыл медициналық көмек көрсету (1-2 қабаттарда орналасады).«Алдын ала болжамды жүктеме күніне шамамен 900 сұранысты құрайды.Мұнда науқастарға шұғыл ота жасалатын операциялық бөлмелер де бар. Операция бөлмелері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталады. Сол сияқты КТ, МРТ және ангиограф болады», - деп қосты басқарма басшысы.Басқарманың мәліметтері бойынша, жаңа PACS жүйесі орнатылады, жасанды интеллект бойынша, ол рентгенологтар үшін қосымша құрал болады.14 төсектік қосымша жансақтау бөлімін ашу жоспарланып отры. Қабылдау бөлімі сары және қызыл ағындарға бөлінеді: 14 төсектік шок палатасы және 14 төсектік жалпы қабылдау бөлімі. Сондай-ақ, 70 төсектік екі бөлімше ашу жоспарланып отыр.Бүгінде №2 қалалық көпсалалы ауруханада инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың жүзеге асыру тәжірибесін үйренуге Қазақстан Республикасының барлық өңірінен адамдар келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921075
Copernicus олимпиадасы: АҚШ-та өткен сында елордалық оқушылар үздік шықты 20.01.2025
АҚШ-тың Хьюстон қаласында 5-10 қаңтар күндері жаратылыстану ғылымдары бойынша Copernicus халықаралық олимпиадасында астаналық оқушылар үздік нәтиже көрсетті. Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен халықаралық олимпиаданың абсолютті және бірінші орын иелерімен кездесті, хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Халықаралық олимпиада нәтижесі бойынша Астана қаласындағы Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алидан Сәулебек әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар арасында абсолютті жеңімпаз атанды.Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы Тимур Цой халықаралық олимпиаданың қорытынды кезеңі бойынша І орынды иеленді. Ал Quantum STEM мектебінің 4-сынып оқушысы 10 жасар Кәрім Дюсеков бірінші орынды иеленіп, «Жаратылыстану» номинациясында алтынға қол жеткізген ең жас қатысушы атанды.Кездесуде Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен жас жеңімпаздарды құттықтады.«Халықаралық ареналарда елдің атағын шығаратын тек қана спорт емес, білім мен ғылым да сондай маңызға ие. Қазақстандық оқушылардың халықаралық пәндік олимпиададағы жеңісі туралы естігенде бәріміз қуанып, мақтанамыз. Ал олардың елордалық оқушылар екенін білгенде, қуанышымыз еселене түседі. Үлкен еңбектің артында ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың да қолдауы жатыр. Күні кеше ғана Астанада халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Еліміздің қоржынына Астаналық оқушылар 14 медаль салды, оның 8-і – алтын. Жалпы, былтыр халықаралық және республикалық байқауларда елордалық оқушылар жүлделі орындарды иеленіп, 500-ге жуық медаль олжалады. Терең білім алу бағытында талмай ізденіп, ел тізгінін ұстар азамат болуларыңа тілектеспін!» - деді Есет Байкен.Айта кетейік, COPERNICUS халықаралық олимпиадасы – әртүрлі елдердің дарынды мектеп оқушыларының басын қосатын беделді жарыс. Мұнда қатысушылар математика, физика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдері мен аналитикалық дағдыларын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921201
Астанада 1400-ден астам арнайы техника мен 300-ден аса жол жұмысшы қар күреуге шықты 20.01.2025
Астанада қаланың коммуналдық қызметтері қар күреу бойынша тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.20 қаңтарда түнгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 1400-ден аса арнайы техника мен 300-ден астам коммуналдық қызметкер қар күреуге шықты.20 қаңтарда күндіз Астанадан 2868 үлкен ауыр жүк рейсімен 36 мың текше метрге жуық қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 278 607 рейспен 3,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.Қысқы маусым басталғалы бері полигондарға 3,5 миллион текше метрден астам қар шығарылып, 278 607 рейс жасалды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921295
Астанада ауа райы күрт суытады: ТЖД көктайғаққа байланысты үндеу жасады 20.01.2025
Астана қаласы ТЖД ауа райына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қалалық ТЖД «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйеніп, ескерту жасады.«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 20-21 қаңтар күндері түнде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын болуы ықтимал. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген ТЖД хабарламасында.Осыған орай, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына мамандардың ұсынымдарын тыңдауға, сақ болуға, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес береді.Көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет екенін ескертеді:- биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, сырғанамайтын аяқ киімді киіңіз;- Аяғыңыздың астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;- Егер мұзды «шұңқырды» айналып өту мүмкін болмаса, онда шаңғышы сияқты кішкене жылжымалы қадамдармен жүріңіз;- Жолдың жүріс бөлігінде өте мұқият болыңыз: асықпаңыз және көп жүгірмеңіз;- Көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;- Мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болуы керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызға салмаңыз – бұл құлау мүмкіндігін арттырады;- Қарт адамдарға резеңке ұшы бар таяқшаны немесе ұштары бар арнайы таяқшаны қолдану ұсынылады.Дауылды жел кезінде ең алдымен тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құралдарды дайындау қажет. Пәтердегі электр желісінің кернеуі көтерілген кезде барлық тұрмыстық электр аспаптарын дереу тоқтан ажыратыңыз, электр қуаты кенеттен қосылған кезде өрт болмауы үшін розеткалардан шығарып қойыңыз. Сондай-ақ, жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыстатып, үйдегі немесе пәтердегі барлық терезені берік етіп жабу ұсынылады. Егер сіз көшеде қатты жел кезінде қалып қалсаңыз, сенімді үй-жайға кіріп, жасырыну қадет.Боран кезіндегі іс-әрекеттер:Егер сіз ғимаратта болсаңыз:- Қажет болған жағдайларда ғана ғимараттан шығыңыз.- Шығуға қажеттілік пайда болса, қайда бара жатқаныңыз және қашан қайтып оралатыныңыз туралы отбасыңызға немесе көршілеріңізге хабарлаңыз.- Жалғыз шықпауға тырысыңыз.Егер сіз жолда болсаңыз:- Үлкен жолдар мен тасжолда ғана жүріңіз.- Машинадан шыққан кезде одан алыстамауға тырысыңыз.- Машинаның ақаулығы болса немесе жол көрінбесе: жолдың жиегіне тоқтаңыз;Үзіліссіз гуілдермен дабыл беріңіз, антеннаға ашық түсті матаны іліңіз, автокөлікте көмек күтіңіз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921204
«Іскерлік үзіліс» айдары.Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Сәкен Әтел 20.01.2025
Көктемде тасқын суын қоймаларға жинап қана қоймай, көлдер жүйесіне, табиғи жайылымдар мен шабындықтарға бағыттау өте маңызды. Сол себепті суды сауатты бөлу жұмысын алдын-ала атқару қажет.Толығырақ «Іскерлік үзіліс» айдарының кезекті санында Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Сәкен Әтел айтып береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/920645
Қазақстанның 9 облысында гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша ұйымдар құрылды 20.01.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында еліміздің 9 өңірінде коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат жиналысында жаңадан ашылған мекемелердің жұмысы қарастырылды.Атап айтқанда, арнайы мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарында жұмысын бастады. Осылайша, еліміздегі коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдардың жалпы саны 15-ке жетті.Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңадан ашылған мамандандырылған ұйымдардың функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін реттеу үшін нормативтi-құқықтық базаны жетілдіру жұмысын жүргізуде.«Әкімдіктер жаңадан ашылған арнайы мекемелерге білікті мамандарды тарту мәселесін қарастыруы қажет. Ол үшін мамандардың еңбекақысын көтеру, баспанамен қамту және де тағы да басқа қолдау іс-шараларын енгізген жөн. Бұдан бөлек, мекемелерді арнайы техника және құрал-жабдықмен қамтамасыз ету керек», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/920655
Картоптың қымбаттауына жол берілмейді 20.01.2025
Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қаладағы картоп сақтайтын қоймаларда болып, қор мөлшерін қадағалады.«Семей ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры «Агрофирма Приречное» ЖШС - мен картоп, қырыққабат, сәбіз, сарымсақ сияқты көкеністермен сауда нүктелерін тұрақты қамтамасыз ету үшін келісімшарт жасалған.Ережеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдері 2024 жылдың 1 қарашасы мен үстіміздегі жылдың мамырына дейін 10 супермаркет, тұрақтандыру қорының 9 сауда нүктесі мен 40-тан астам ұсақ дүкендерге келісі 115 теңгеден босатылуда.Күн сайын қаланың барлық сауда нүктелеріне 12-15 тоннаға дейін көкөніс жеткізіледі. Қоймада қажетті қор жеткілікті.Қазір қалада картоп бағасы 250-300 теңгенің арасында сатылуда. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға қоймадан көкөністің үздіксіз жеткізіліп, бағаның қымбаттауына жол бермеу керектігіне байланысты тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/920477
Абай облысында ауыл медицинасы дамуда 20.01.2025
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Абай облысының ауылдарында 62 стационарлық медициналық нысан пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта оларды медициналық ұйымдардың балансына беру процесі жүруде. Биыл тағы екі нысан аяқталады.«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржар ауылында 10 төсектік күндізгі стационармен 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салу жобасы іске асырылуда.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков ауылдағы бейінді мамандар тапшылығын шешу бағытында да жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Олардың қатарына тіс дәрігерлері, хирург, акушер-гинекологтар және т. б кіреді.«Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін 8,5 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы бөлу қарастырылған. Біз 2025 жылы аса тапшы мамандықтардың тізімін анықтау бойынша жұмысты жалғастырамыз. Кадрларды даярлауға да ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстың 80 дәрігері шетелде іс-тәжірибеден өтті. Олардың ішінде аудандардан келген 15 маман Ресей, Германия және Әзірбайжанның жетекші медициналық мекемелерінде тағылымдамада болды. Бұл бағдарлама біліктілікті арттыруға және ауыл медицинасы жұмысына заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған», - деп атап өтті басқарма басшысы.Облыста ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін 9 жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) жұмыс істейді. Олар 173 елді мекенді қамтыды. 2024 жылы 64 435 адамды қамту жоспарланса, іс жүзінде 56 233 тұрғын көмек алды.Ауыл медицинасын дамытудың негізгі бағыттарының бірі материалдық-техникалық базаны жаңарту. 2024 жылы 1,3 млрд теңгеден астам сомаға 200 медициналық техника сатып алынды. 2025 жылға 1,2 млрд теңге сомасына тағы 182 жабдық сатып алу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/920478
Баға бақылауда 20.01.2025
Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов «Северный» сауда-логистикалық орталығына барып, азық-түлік өнімдерінің бағасын тексерді. Бүгін орталыққа Көкпекті ауданының шаруалары кезекті мәрте өз өнімдерін әкеліп отыр.Жәрмеңкеде 4 бас cиыр еті, 6 бас қой еті, 2 бас жылқы еті, 100 келі балық, 100 келі бал, 200 келі сүт және 50 келі шұжық өнімдері нарықтық бағадан 10-15 %-ға төмен бағада саудаланды.Облыс әкімінің орынбасары жәрмеңкені аралай жүріп өнімдерін делдалсыз саудалаушы шаруалармен тілдесті. Тұтынушыларға табиғи әрі сапалы азық-түлік өткеру жайы айтылды.«Еңбегінің жемісін көргісі келетін шаруаларға мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсетілуде. Дәл осындай жәрмеңке арқылы еңбек адамы мен тұтынушы арасында делдалсыз сауда ұйымдастыруды көздейміз. Бұл бір жағынан қалалықтарға нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағада қалаған азық-түлігін сатып алуына қолайлы. Біз бағаны қадағалап, тұрақты болуына көңіл бөлеміз», - деді Қуаныш Сүлейменов.Облыс әкімінің орынбасары сауда орталығының зертханасының жұмысымен де танысты. 19 түрлі әлеуметтік азық-түлік бағасына мән беріп, орталық басшына бағаны тұрақты ұстап тұруға қатысты нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/920479
АШМ: Картоп қоры ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті 20.01.2025
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері елдегі картоп нарығындағы қалыптасқан ахуалға тұрақты түрде бақылау жүргізуде.Көрші елдердің, әсіресе Өзбекстан тарапынан сұраныстың артуына және экспорттық бағаның жоғары болуына байланысты биыл картоп экспорты 1,5 есеге, яғни 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін өсті. Картопқа деген аса жоғары сұраныс ішкі нарыққа әсер еткені атап өтілді. Мәселен, соңғы аптада экспортқа бағытталған өндірушілер арасында бағаның күрт өсуі (170 теңгеден 270 теңгеге дейін) тіркелді.Осыған байланысты, ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында картопты үшінші елдерге әкетуді 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылданды. Бұл шара ЕАЭО елдеріне қолданылмайды, алайда бұл бағыттағы экспортқа бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар қалыптасқан жағдайды ескере отырып, биылғы 16 қаңтарда экспортқа фитосанитариялық сертификаттар беру толығымен тоқтатылды.Қабылданған шаралар картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және нарыққа қатысушылар тарапынан алыпсатарлық әрекеттерге жол бермеуге бағытталған.Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органдары монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жағдайға күшейтілген қадағалау жүргізеді және сауда қызметі мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы бұзған жағдайда олар нарыққа қатысушыларға шұғыл ықпал ету шараларын қабылдайды.ҚР АШМ деректері бойынша, бүгінгі таңда қолда бар қорлар 2025 жылғы ерте егін жинау науқанына дейін ішкі қажеттілікті толық жабу үшін жеткілікті. 19 қаңтардағы жағдай бойынша қорлар сауда желілеріндегі қорларды есепке алмағанда 850 мың тоннадан асады (картоп өсірушілер қауымдастығы бойынша 600 мың тонна, тұрақтандыру қорларындағы 68 мың тонна, жеке қосалқы және шағын шаруашылықтардағы жертөлелерде 200 мың тоннадан астам). Анықтама үшін: 2024 жылы картоптың жалпы өнімі 2,9 млн тоннаны құрады (оның ішінде ерте өнім - 300 мың тонна). 2024 жылы импорт 56 мың тоннаны құрады.Нарыққа тарату үшін картоптың көлемі 2024 жылдың тамыз айынан бастап 2,6 млн тоннаны құрайды, халықтың жалпы қажеттілігі – 1,5 млн тонна (оның ішінде қалалық 954 мың тонна) ерте егін жинау науқанына дейін (қаңтар-сәуір). 2024 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін – 844 мың тонна, экспортталды – 620 мың тонна (2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін). 2025 жылға арналған болжамды тұтыну көлемі (қаңтар-сәуір) – 675 мың тонна.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/920462
Қазақстандық қызанақ өндірушілер өз өнімдерін Ресей Федерациясына экспорттай алады 19.01.2025
Ресей Федерациясы Қазақстаннан қызанақ әкелуге уақытша шектеулерді алып тастады. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінде хабарлады.Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызмет (Россельхознадзор) «ВНИИКР» ФМБМ-мен бірлесіп жүргізген материалдарды талдау, сондай-ақ ҚР АШМ АӨКтегі мемлекеттік инспекция өкілдерімен келіссөздер қорытындысы бойынша 16 қаңтардан бастап «Россельхознадзор» Ресейге Қазақстаннан 36 жылыжай кешенінің қызанақтарын әкелуге уақытша шектеулерді алып тастады.Өндіруші кәсіпорындар карантиндік объектілерден бос деп танылған жылыжай кешендерінің тізіміне енгізілген.Қазақстандық тарап өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қалған түрлері бойынша шектеулерді алып тастау туралы келіссөздерді жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/920039
Маңғыстау облысының «Отеу-Бақай» жерінде 1000 гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды 19.01.2025
ҚР АШМ Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті өтініш негізінде шаруа қожалығына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.Шаруа қожалығын жүргізу үшін бөлінген жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды. Меншік иесіне жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.Нұсқаманың бір жыл ішінде орындалмауына байланысты сот шешімімен меншік иесіне әкімшілік айыппұл салынды.Департамент жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді. Сот шешімімен Департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/920289
ҚР АШМ Әлемдік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумына қатысуда 19.01.2025
Қазақстан делегациясы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының басшылығымен Берлин қаласында өтіп жатқан Әлемдік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумына (GFFA), сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің ең ірі халықаралық көрмелерінің бірі – «Grüne Woche»-ге қатысуда.Делегация құрамына Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өкілдері кірді.Делегация мүшелері «Биоэкономика және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі» атты панельдік сессияға белсенді қатысты.«Grüne Woche» көрмесі агроөнеркәсіп секторын дамытудағы инновациялық тәсілдерді көрсету үшін негізгі алаңға айналды.Ермек Кенжеханұлы Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторының шетелдік инвестициялар мен ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерін таныстырды.Жаңа іскерлік байланыстар орнату мақсатында делегация Еуропалық комиссия өкілдерімен, неміс және халықаралық агрокомпаниялар басшылығымен, сондай-ақ Еуропа мен басқа өңірлердің негізгі серіктестерімен екіжақты кездесулер өткізді.Атап айтқанда, вице-министр Аграрлық-саяси диалогтың жетекшісі Й. Клауспен, ADT-project – consulting GMBH жобасының жетекшісі У. Ведигемен, сондай-ақ Бундестаг депутаты, Германия Федералды азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің парламенттік статс-хатшысы К. Мюллермен кездесті.Сонымен қатар, делегация John Deere, DF Deutsche Forfait AG, BVVG, Innari және Германияның басқа да ірі компанияларының өкілдерімен бірлескен кездесулер ұйымдастырды.18-19 қаңтарда делегация мүшелері Орталық Азия елдері үшін тұрақты егіншілік бойынша аймақтық орталық құру мәселелері қаралатын Берлин ауыл шаруашылығы министрлерінің конференциясына қатысады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/920402
Атырау облысында 6,4 млн дана жас балық құтқарылды 19.01.2025
Бақсай су арнасында кәмелетке толмаған балықты құтқару бойынша іс-шаралар жалғасуда.Жедел деректерге сәйкес 17 қаңтарда құтқарылған кәмелетке толмағандардың саны 6,4 млн дананы құрады.Құтқару операциясына 45 адам, 8 бірлік техника жұмылдырылды.Құтқарылған кәмелетке толмаған балықтар Жайық өзеніне тірі күйінде тасымалданады. Құтқарылған кәмелетке толмаған балықтардың түрлері-крестьян тұқы мен сазан, орташа салмағы 5-6 грамм.Жағдай ерекше бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/920404