Ғылым
Қарағанды облысының ардагерлер кеңесінде жаңа басшы тағайындалды 23.11.2024
Қарағанды облысының Ардагерлер кеңесін Ғабит Тұяқов басқарды. Ұйымның сандық құрамы да жаңартылды. Өңірде облыстық ардагерлер кеңесінің IV пленумы өтті.Бүгінгі таңда ардагерлер кеңесі маңызды рөл атқарады: аға буынның ешқайсысы назардан тыс қалмауы керек, деп есептейді "Ардагерлер ұйымы" РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов.– Бүгінде ардагерлер ұйымы барлық өңірлерде белсенді жұмыс істейді. 2019 жылы Ардагерлер туралы заң қабылданды, ол толықтырылды және қазір жұмысты жақсарту үшін жаңа ұсыныстар жиналуда. Бұл заң ардагерлерге өз мәселелерін шешуге көмектеседі. Төрт жылдан бері бағдарламаны Медиация туралы заң негізінде жүзеге асырып келеміз. Мыңдаған істер сотсыз шешілді. Біз судьялардың жүктемесін айтарлықтай төмендетіп қана қоймай, адамдардың қарым-қатынасын жақсарттық, – дейді Бақтықожа Ізмұхамбетов.Пленумда екі негізгі мәселе қаралды – кеткендердің орнына жаңа мүшелерді қабылдау және облыстық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасын таңдау.Дауыс беру арқылы Қарағанды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Ғабит Тұяқов сайланды. Бұған дейін ол Қарағанды қаласының Ардагерлер кеңесін басқарған.Жаңа төрағаны тағайындаумен Қарағанды облысының әкімі Ермағабет Бөлекпаев құттықтады. Ол Ғабит Тұяқовтың тәжірибесі мен кәсібилігі әрқашан қоғамның игілігіне бағытталғанын атап өтті.– Ғабит Шорынұлы көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте жауапты қызметтер атқарды. Сіздің басшылығыңызбен ардагерлер кеңесі біздің қоғамның және жалпы елдің игілігі үшін маңызды жұмысын жалғастыратынына сенімдіміз. Осы мақсаттарға жету үшін біз сіздермен бірге жұмыс істейтін боламыз, – деді аймақ басшысы.Ғабит Тұяқов сенім үшін алғысын білдіріп, аға буынды қолдауға бағытталған ардагерлер кеңесінің қызметін жалғастыруға ұмтылатынын атап өтті.13 жыл аралығында облыстық ардагерлер кеңесінің жетекшісі Оралды Төреғожин болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/888717
Балалар кітапханасында Қарағанды туралы бейнесюжеттер байқауының қорытындысы шықты 23.11.2024
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында облыс орталығының 90 жылдығына орай "Қарағандының өшпес есімдері" бейнерепортаждар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қарағанды, Саран, Абай, Шахтинск, Приозерск, Теміртау, Бұқар Жырау, Қарқаралы және Осакаров аудандарынан 14–15 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер бақ сынасты."Байқау идеясы балалардың Қарағанды тарихын білу арқылы өлкетануға деген қызығушылығын оятуға және қаланың дамуына елеулі үлес қосқан адамдар туралы бейнерепортаж жасауға бағытталған", – дейді кітапханада.Қазылар алқасы байқауға ұсынылған 30 бейнерепортаждың ішінен үздіктерін таңдады.Бірінші орынды Ы. Алтынсарин атындағы Қарағанды мектеп-лицейінің оқушысы Жібек Қалдыбай иеленді. Екінші орын Бұқар Жырау ауданының С. Торайғыров атындағы мектеп оқушысы Сәкен Жұманға бұйырды. Үшінші орынды Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері Александра Кривая мен Қарағанды қаласының Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің студенті Анар Адамбай бөлісті.– Байқау өте ұнады, қиын болған жоқ. Мен адамдарға бірдеңе айтып, ақпарат тауып, бөліскенді ұнатамын. Болашақта журналист болуым мүмкін, – дейді жүлдегер Александра Кривая.Номинациялар бойынша жеңімпаз атанғандар:- "Креативті идея" – Павел Мерц (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы, Қарағанды);- "Үздік бейнесюжет" – Ернұр Сермаханов (Ғ. Мұстафин атындағы мектеп, Теміртау қ.);- "Үздік техникалық шешім" – Айзара Өмірбек (№85 орта мектеп, Қарағанды);- "Тақырыпты ашу шебері" – Іңкәр Өмірбек (Ж. Ақбаев атындағы мектеп, Қарағанды)."Көрермендер көзайымы сыйлығы" номинациясында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенті Бағым Жарқымбекованың бейнесюжеті көш бастады. Оның шығармашылық жұмысы YouTube-те, Абай атындағя балалар кітапханасының арнасында ең көп қаралған – 2381 рет.Жеңімпаздар жүлделер алды, байқаудың қалған қатысушыларына сертификаттар, ал жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/888764
Президенттік олимпиадада қарағандылықтар қола медальдар мен білім гранттарын жеңіп алды 23.11.2024
Астанада жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша XVII Президенттік олимпиада аяқталды. Қарағанды облысының қатысушылары үш қола медаль, екі білім гранты және бір Құрмет грамотасын жеңіп алды.Президенттік олимпиада елордада 20–22 қараша аралығында өтті. Оған Қазақстан мектептерінің 11-ші сыныптарының 190 оқушысы қатысты. Қарағанды облысының намысын сегіз оқушы қорғады.Бұл олимпиаданың ерекшелігі – әркім бірден төрт пән бойынша тапсырмаларды орындауы керек еді: математика, физика, химия және биология.Қазылар алқасының құрамына Қазақстан және басқа елдердің ғалымдары мен ғылым докторлары, сондай-ақ өткен жылдардағы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары кірді.Үшінші орынды Сарань бірінші лицейінен Алина Көпбаева, Қарағанды қаласының Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінен Артем Михайлов пен Қ. Сәтбаев атындағы Қарағанды гимназиясынан Алексей Ким иеленді. Олар ҚР Білім министрлігінің III дәрежелі дипломдарын алды.Артем Михайловпен Алексей Ким де білім беру гранттарын жеңіп алды.Қарағандылық "Дарын" ММЛИ он бірінші сынып оқушысы Варвара Давыдова Құрмет грамотасын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/888824
Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы саласының үздік жұмысшылары марапатталды 23.11.2024
Қарағанды облысында агро саланың үздік өкілдері Кеншілер мәдениет сарайына жиналды. Кәсіби мереке құрметіне арналған салтанатта өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Ел Президентінің атынан наградалар, сондай-ақ Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.Салтанатты рәсім басталар алдында аграрлық саланың жетістіктер көрмесі ұсынылды. Мұнда ауыл тұрғындары қолынан шыққан өнімдердің барлық спектрі көрсетілді. Фермерлер сортты картоп, көкөністер, дәнді дақылдар және т. б. әкелді.Биыл қиындықтарға қарамастан, аграршылар 1 миллион 300 мың тонна астық және шамамен 400 мың тонна картоп рекордтық өнім жинады. Табыс мал шаруашылығында да байқалады: мал басы мен ет өнімдерінің көлемі өсуде.– Сіздер еліміздің байлығын адал еңбегіңізбен арттырып, өңіріміздің экономикалық әлеуетін нығайтып жатырсыздар, – деді мереке сепебкерлеріне Ермағанбет Бөлекпаев. – Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз биыл ерекше салтанатты болды. Ауыл шаруашылығы саласының үздік өкілдері ел Президентінің атынан мемлекеттік наградаларға ие болды. Олардың арасында біздің жерлестеріміз де бар. "Ерен еңбегі үшін" медалін Осакаров ауданының фермерлік шаруашылығының сауыншысы Татьяна Богдановна Москвина алды. Республика күнін мерекелеу қарсаңында "Шахтерское" ЖШС директоры Георгий Георгиевич Прокопқа алтын жұлдыз табысталып, "Қазақстанның Еңбек ері" атағына ие болды. Бұл сіздердің еңбегіңізді, туған жерге сіңірген еңбектің жоғары бағасы.Татьяна Москвина фермада 40 жылға жуық жұмыс істейді. Оның күнделікті қарамағында 35 ірі қара бар, жылына шамамен 100 тонна сүт береді. Жастар тәлімгері тәжірибесін әріптестеріне үйретуде.Мемлекет ауылды дамыту үшін көп жұмыс атқарды, деп атап өтті облыс әкімі. "Ауыл аманаты" бағдарламасы жаңа көкжиектерді ашуға көмектеседі. Жыл соңына дейін ауыл тұрғындары 61 – шағын несие алады, 800-ден астам жаңа жұмыс орны мен 60 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады.Сондай-ақ, қарағандылық аграршыларды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы Марат Оразаев құттықтап, ведомстволық наградаларды табыс етті.Биыл ерекше көзге түскен егістіктер мен фермалардың еңбеккерлері де номинациялар бойынша марапатталды.Нұра ауданының "Отқанжар" ЖШС-нің тұрғыны Берік Тұрыбеков үздік малшы болып танылды."Үздік құс өсіруші" – Виктор Колчев, "Ақнар" құс фабрикасының директоры."Үздік агроном" – Сергей Бутузов, Бұқар жырау ауданының "Нұр СХ” ЖШС."Үздік комбайнер" – Мәулен Бекмағанбетов, Ақтоғай ауданының "Ерасыл" ШҚ."Нәтиже Сүт Фабрикасы", Қарағанды мелькомбинаты, "Дедов" ЖШС Үздік қайта өңдеу кәсіпорындары ретінде атап өтілді.Ветеринарлық фельдшер Светлана Кизима "Мамандыққа адалдығы үшін" номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Ол мамандыққа анасының ізімен келгенін айтты. Мектеп оқушысы фермада жұмыс істеуге ұмтылып отырған, жануарларға күтім жасауға көмектескен. Содан кейін Қарқаралы ауыл шаруашылығы техникумын үздік бітірген. Жарты ғасыр өмірін осы мамандыққа арнап, зейнеткерлікке шыққаннан кейін Абай аудандық ветеринариялық станциясында жұмысын жалғастыруда.Еңбек ері Георгий Прокоп бас награданы табыстай отырып, әріптестерін құттықтап, оларды әлеуметтік жауапкершілікке шақырды.– Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында ел Президенті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі нақты бағдарламаларды белгіледі. Мемлекет бізге көмектеседі, бірақ біз өзіміз де әлеуметтік жауапты болуымыз керек. Біз технологияны жетілдірдік, жұмысшыларымызды әлемдегі ең жақсы комбайндарға отырғыздық. Бірақ жайлы өмірсіз ауылдың болашағы жоқ, – деді ол.Жергілікті әртістер, қазақстандық эстрада әншісі Маржан Арапбаева, "Tengri" этно-тобы аграршыларға өз өнерін тарту етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/888974
Ақтөбе облысында лудоманияның алдын алу және тәуекел топтарын анықтау үшін халықтың әртүрлі топтары арасында скрининг жүргізіледі 22.11.2024
Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасымен құмар ойынның құрбаны болған адамдарға көмек көрсетуге маманданатын клиникалық психологтарды оқытуға қаражат бөлінеді.Аймақ басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен өңірлік штаб отырысында құмар ойындар мен қаржы пирамидаларының қызметіне қатысты мәселелер қаралды. Бұл проблемалар халық арасында, әсіресе жастар арасында өзекті бола түсуде. Қатысушылар лудоманияның алдын алу жолдарын және азаматтардың ақпараттандырылу деңгейін арттыру шараларын талқылады.«Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес лудоманияның алдын алу және осы тәуелділіктен зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысты шаралар қабылдануда. Көптеген адамдар, әсіресе жастар арасында құмар ойындарға тәуелді бола бастағанын ескере отырып, лудоманияның алдын алуға және емдеуге бағытталған кешенді шараларды әзірлеу қажет», - деп атап өтті облыс әкімі.Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Жадан Бисенбиннің мәліметінше, биыл 20 млрд теңгеге жуық шығынды құрайтын қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 57 қылмыстық іс тіркелген.IMAS жүйесінің көмегімен жаңалықтар порталдары, блогтар, сайттар мен аккаунттар бақыланып отыр, күдікті мазмұны бар барлық заңсыз контентке тоқтау салынды. Осы жылдың өзінде 403 финпирамидалық сілтемебұғатталды және 23 мың жазылушысы бар 6 аккаунт жойылды.Өз кезегінде Ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Байнешов халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтық және лудоманияның алдын алу үшін қандай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.«Ақтөбе қаласында жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған мемлекеттік жастар саясаты мектебі өз жұмысын бастады. Жоба аясында жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері лудомания, репродукциялық саулық тақырыптары бойынша үш күндік оқыту бағдарламасын өткізді. Алғашқы курсқа Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының жастарынан 32 маман қатысты. Бұл аталған жобаның еліміздің барлық өңірлері үшін ауқымы кең екенін, маңыздылығын көрсетеді»,-деп атап өтті Әлібек Байнешов.Облыстық психикалық денсаулық орталығы басшысының орынбасары Гүлмира Оразова атап өткендей, барлық құмар ойыннан зардап шеккен азаматтар медициналық көмекке жүгінбейді. Бүгінгі таңда осы диагнозы бар науқастарды емдеу Жаңақоныс тұрғын алабында орналасқан орталық базасында жүзеге асырылады. Соңғы үш жылда төрт адам емделген, олар өздерінің ауруын мойындаудан қорықпапты және қолдау сұрай келген. Олар емдеу курсынан өтіп, динамикалық бақылауға алынған. Орталықта арнайы кабинет жұмыс істейді, онда пациенттер кеңес ала алады. Барлық өтініштер құпия түрде қаралады.Облыс әкімі жиын соңында құмар ойындарға тәуелділіктің таралуына қарсы күрес аясында оның зияны туралы мемлекеттік қызметшілер мен жалпы халық арасында насихаттау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Жастарға профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударылуы тиіс. Түрлі алаңдарда, соның ішінде білім беру мекемелері мен мемлекеттік органдарда лудоманияның зияны және олардың адам өміріне, денсаулығы мен әл-ауқатына кері әсері туралы пікірталастар өткізу керек.Сондай-ақ, Асхат Шахаров ойынға тәуелділікке бейімділікті ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік беретін бағдарламаны әзірлеу туралы ұсыныс жасады. Зардап шеккендерге білікті көмек көрсету үшін клиникалық психологтарды оқытуға қаражат бөлінеді. Лудоманияның алдын алу және халықтың әртүрлі топтары арасында тәуекел топтарын анықтау мақсатында скрининг жүргізу жоспарланған. Оқушыларға, қаржы қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметшілерге ерекше көңіл бөлінеді. «Бұл құбылыстар, әсіресе жеңіл ақшаға оңай кенелудің құрбаны болған жастарға үлкен қауіп. Біз осындай схемаларды уақытылы анықтау және олардың таралуын болдырмасүшін күш біріктіруіміз керек», - деді аймақ басшысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/889072
ТАЛАС – ҰЛЫ ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДА 22.11.2024
Жамбыл облысының 85 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Келелі басқосуға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ шетелдік және елімізге танымал ғалымдар, профессорлар, тарихшылар және өңір жұртшылығы қатысты.Алдымен Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевқа сөз берілді. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемдемесін жеткізіп, жамбылдықтарды тарихи датамен құттықтады.– Талайғы тарихтың куәсі болған Жамбыл облысы ұлттық діңгегіміздің алтын қазығы саналады. Мұнда елдігіміздің тірегі болған құндылықтарымыз бен төл тарихымыз, мәдениет пен өркениетіміз қалыптасты.Жамбыл облысының жағдайы Президенттің жеке бақылауында. Өңірдің ауыл шаруашылығы саласында көш бастап тұрғанын жақсы білесіздер. Соңғы жылдары химия, тамақ өндірісі бойынша көрсеткіштер қуантарлық жағдайда. Құрылыс саласы қарқынды дамып, тұрғын үйлер бой көтеруде. Спорт саласындағы жетістіктер өзге өңірлерге қарағанда әлдеқайда көп. Білім мен ғылым саласындағы жетістіктер республикалық деңгеймен шектелмей, халықаралық және әлемдік деңгейге шығып отыр, – деп ел ағаларының қажырлы еңбегін атап өтті.Ербол Қарашөкеев конференция жұмысына сәттілік тілеп, құрметті қонақтарға ризашылығын жеткізді.– Жамбыл – тарихқа бай аймақ. Қасиетті өлкеде Түркі қағанаты мен ислам мәдениетінің негізі қаланып, Қазақ хандығының алтын қазығы қағылды.Тарихымызды айшықтаған Мұхаммед Хайдар Дулати, Манас жырының кейіпкері Манас батыр өмірінің көп бөлігі осы өңірде өткені тарих парағынан белгілі.Облыс орталығы Тараз қаласының да шежіресі тереңнен сыр шертеді. Тасын түртсең тарихы көрінетін шаһарға сонау заманнан бері құт-береке дарып, әлем елдері көз тігіп келеді.Тараз – мәдениет пен өркениеттің ордасы. Бір кездері Ұлы Жібек жолының торабындағы Тараз «саудагерлер қаласы» атанып, Батыс пен Шығыс мәдениетін байланыстырды.Бүгінде Жамбыл облысы алыс-жақын мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнатып, мәдени-гуманитарлық, сауда-саттық байланысын нығайту үстінде.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің кеңесінде «Достастық жәрмеңкесін» Таразда өткізуді ұсынуы бекер емес деп есептейміз.Бұл қасиетті Жамбыл өңірінің халықаралық аренада одан әрі танылуына ықпал ететіні сөзсіз, – деген облыс әкімі конференция арқылы тарих жаңа деректермен толығатынына сенім білдірді.Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқып берді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов көне өркениеттің өзегі Әулиеата өңірінен бастау алғанын, оған елеулі оқиғалар мен археологиялық қазба байлықтар арқылы көз жеткізуге болатынын айтты.Қырғыз Республикасының Жамбыл облысындағы құрметті консулына кандидат Жанұзақ Бейсеубаев пен Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Жасұлан Ханалиев айыр қалпақты ағайынның ыстық сәлемін жолдады.Мадияр Елеуов, Дария Қожамжарова, Берекет Кәрібаев, Досбол Байгунаков, Жәкен Таймағамбетов, Төрәлі Қыдыр сынды белді тарихшылар тереңде жатқан тың деректерді сөйлетті. Спикерлер бұл өлкеде сыры ашылмаған құнды тарихи орындардың өте көп екенін алға тартып, зерттеу жұмыстарын жүргізу, объектілерді музейлендіру бойынша ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.Жапония мемлекеті «Нара» ұлттық мәдени мұра мен ұлттық мәдени құндылықтарды зерттеу институтының PhD докторы Садакатцу Кунитакен жапон-қазақ археологиялық экспедициясының қорытындыларын баяндаса, Түркия елінен келген профессор Абдуллах Гүндоғдуды орта ғасырлардағы Талас пен Анадолы арасындағы өркениет қатынастары туралы ойларын ортаға салды.Конференция соңында ақын Маралтай Райымбекұлы көне Тараз туралы отты өлеңін оқып, көпшілікті маржан сөзбен сусындатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/889059
Алматыда Non-Food Asia Expo көрмесі ашылды 22.11.2024
Халықаралық деңгейдегі шараны еліміздің Сауда және интеграция министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған өнімдер негізінен сауда желілері мен маркет-плейстерге арналған. Оған 20 елден 200-ге жуық түрлі шетелдік компания қатысып, өздері шығарған өнімдерін ұсынды.NON-FOOD ASIA EXPO көрмесі осымен елімізде үшінші рет өтіп жатыр. Бұл шара осы уақыт ішінде сатылымның көлемі мен ауқымын кеңейтуге, тапсырыс берушілер базасын ұлғайтуға мүмкіндік жасады. Сондай-ақ, Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің ірі бөлшек сауда желілеріне, маркетплейстерге, шетелдік және отандық тауар өндірушілер арасында байланыс орнататын тиімді алаңға айналды.Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Айжан Бижанованың айтуынша, көрме ішкі және сыртқы сауда айналымының өсуіне оң ықпал етеді.«Жалпы біз өндірушілер мен бизнесмендер бір-бірімен қарым-қатынас орнатып, сол арқылы тауар айналымын, халықаралық сауда айналымын жақсартса екен дейміз. Іскерлік бастамаларын қолдаймыз. Яғни бұл көрме қосымша инвестиция тартатын диалог алаңына айналды десек те болады. Мұнда үйге керектің бәрі бар. Тұрмыстық химия өнімдері мен косметикадан бастап, балалар ойыншықтарына дейін қойылған. Атап айтқанда, тікелей өндірушілер мен нарықта кеңінен танымал компаниялардың 300-ден астам брендін көре аласыз» - деп атап өтті Айжан Бижанова.Елена Миляева, Mayer Expo Asia ЖШС бас директоры: - Біздің көрменің міндеті осында арнайы келген компаниялардың өнімдерінің нарыққа шығуына жағдай жасау. Олардың шикізат жеткізушілерді, жаңа дистрибьюторларды табуына көмектесу деп білем. Көрмеде шағын және орта бизнестің түйіткіл мәселелерін шешуге көмектесетін бағдарламалар да өтіп жатыр. Көрме кеңес беру орталығының жұмысына да баса мәне береді. Яғни мұндағы мамандар Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Азия елдеріне импорт және экспортқа қатысты сұрақтарға жауап береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/888947
«Jetisu Digital» IT-Hub технопаркінде жаңа жобалар ұсынылды 22.11.2024
Бүгін Талдықорғанда «Jetisu Digital» IT-Hub технопаркінде Жастарға қызмет көрсету орталығының қолдауымен ұйымдастырылған стартаптардың питч-сессиясы өтті. Бұл іс-шара 60-тан астам жас инноваторлардың басын қосып, жиында 25 команда инвесторлардың, менторлар мен ІТ қауымдастықтың алдында өз жобаларын ұсынды. Ұсынылған жобалардың ішінде білім беру, экология, денсаулық сақтау саласындағы идеялар, сондай-ақ жаңа бизнес-модельдер мен цифрлық платформалар бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.25 команданың әрқайсысы өзекті мәселелерді шешуге өзіндік көзқарасын таныта отырып, өздерінің стартаптарын таныстырды, нарықтағы мүмкіндіктері жайлы айтты.- Мұндай бастамалар өңірдің стартап-экожүйесін дамытуға ғана емес, жас кәсіпкерлердің сенімін қалыптастыруға да ықпал етеді. Әрбір стартапты тек идея емес, одан да жоғары деп санаймыз. Бұл технологиялар жаңа көкжиектерге жол ашып, жастарды кәсіпкерлікке шабыттандыратын, жаңаша ойлауды қалыптастыратын инновациялар арқылы әлемді өзгертуге әрекет жасайды, - дейді «Jetisu Digital» IT-Hub директоры Талғат Абылаев.IT-Hub «Jetisu Digital» Питч-сессиясы жастар үшін өз қабілеттерін көрсетуге, пікірлес адамдармен ой бөлісуге, кәсіпқой мамандармен байланыс орнатуға бірегей мүмкіндік туғызды.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/888990
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы саласының үздік қызметкерлері марапатталды 22.11.2024
Бүгін Қостанай облысында Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Бұл күні өңірдің және тұтастай алғанда еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға елеулі үлес қосатын үздік аграрийлер құрметке ие болды.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов құттықтау сөзінде аталған мерекенің өңір үшін, атап айтқанда Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы қызметкерлері еңбегінің маңыздылығын атап өтті.«Біз астықты өлкеде тұрамыз және облысымыздың жетістіктері жермен жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне тікелей байланысты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында біз рекордтық өнім жинадық, ал біздің облысымыз дамып, ауыл шаруашылығы саласына инновацияларды енгізуді жалғастыруда», — деді Ақсақалов.Іс-шарада өзінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары:«Парасат» ордені:• «ПКФ Қайрат» ЖШС директоры (Қамысты ауданы) ТөремұратӨтеповке• «Жас Қанат 2006» ЖШС бас директоры (Рудный қ.) Қайрат Маишевқа• «Құрмет» ордені:• «Тогас и К» ЖШС директоры (Қарабалық ауданы) Руслан Қабаевқа• «Асар 1» шаруа қожалығының басшысы (Арқалық қ.) Николай Поспеловқа•III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені «Жаңабек» ЖШС (Алтынсарин ауданы) агрономы Төлеген Сүлейменовке;• «Ерен еңбегі үшін» медалін ҚР АШМ АӨК ҚМИ «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қамысты аудандық филиалы басшысының міндетін атқарушы Елизавета Рязанцеваға табысталды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық наградалары:• «Еңбек ардагері» медалі: Қали Балгураевқа (Амангелді ауданы), Иван Шписке (Денисов ауданы), Абай Өмірбаевқа (Қамысты ауданы) және басқаларға;• «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі «Айдала» ЖШС директоры (Алтынсарин ауданы) Лариса Стороженкоға, «Сарыағаш» ЖШС бас агрономы (Денисов ауданы) Берік Сейітмұратовқа және басқаларға;• ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасы» агрономдарды, шаруашылықтардың басшылары мен механизаторларын қоса алғанда, бір топ саланың үздік қызметкерлеріне табысталды.Бұл марапаттар – Қостанай облысының ауыл шаруашылығында және қайта өңдеу кәсіпорындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адалдығының белгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/888937
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҮШІН ЖАҢА САНИТАРИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІК БЕРІЛДІ 22.11.2024
Жамбыл облысының медициналық ұйымдарына 4-санаттағы жедел жәрдемді қоса алғанда, 33 жаңа санитариялық автокөлік берілді.Бекітілген нормаларға сәйкес облыста медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету үшін санитариялық автомобилдерге қажеттілік 272 бірлікті құрайды.Облыстың аудандық медициналық ұйымдарында 235 санитариялық автокөлік бар, оның 112-сі толығымен тозған. Сондықтан әкімдік ескірген автомобилдерді жоспарлы кезең-кезеңімен ауыстыруды жүзеге асырады.Жыл басында жергілікті бюджеттен 40 санитариялық автокөлік берілді. Қазіргі уақытта жергілікті бюджеттен тағы 33 автокөлік сатып алуға қаржы көзделген. Оның ішінде 20 автокөлік медициналық мекемелерге салтанатты түрде берілді, қалған 13 көлік жыл соңына дейін жеткізіледі.Жаңа көліктер ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға және төртінші санаттағы шақыртулар үшін жедел жәрдем жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/888919
ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ЕКІНШІ ФОРУМЫНДА ЭКОЛОГИЯ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ ТӘСІЛДЕРІ БЕЛГІЛЕНДІ 22.11.2024
Астанада ДДҰ, БҰҰ, ЕО-дан жоғары деңгейдегі негізгі халықаралық әріптестердің, жетекші сарапшылардың, дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен «Қоршаған ортаны қорғау мәселелері және адам, жануарлар мен қоршаған ортаның өзара іс-әрекеті арқылы мүмкін болатын шешімдер» атты денсаулық сақтау бойынша әріптестердің екінші форумы өтті.Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисімен бірлесе отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі ұлттық басымдықтарды талқылау және экологиялық факторлардың адам денсаулығына теріс әсерін азайту бойынша бірлескен күш-жігерге шақыру үшін барлық мүдделі тараптардың екінші кездесуін ұйымдастырды.«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында экологияны жақсартуды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды біздің Үкімет үшін басым бағыт ретінде белгіледі. Біздің өңірдегі ең маңызды экологиялық дағдарыстардың бірі болып табылатын Арал теңізінің проблемасы өзекті болып қала береді. Осы жылдың көктемінде Қазақстан еліміздің көптеген өңірлеріне айтарлықтай залал келтірген елеулі су тасқынына тап болды. Біздің Форумды өткізу экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар қабылдаудың өзекті қажеттілігін көрсетеді», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрі форумға қатысушыларға арналған кіріспе сөзінде.Әріптестер форумының екінші отырысының мақсаты денсаулық сақтау саласының негізгі мәселелерін, жалпы ел бойынша да, жекелеген өңірлерде де экологиялық апаттардың туындауына неғұрлым осал экологиялық фон мен қоршаған ортаны нығайтуға бағытталған жақсарту саясаты мен стратегияларды талқылау болды, атап айтқанда дөңгелек үстелде Арал өңірі проблемасы көтерілді.«ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының атынан денсаулық үшін II әріптестер форумына шақырғаны үшін мен шын жүректен алғысымды білдіремін. Бүгін біз Қызылорда, Ұлытау және Атырау сияқты облыстарда қоршаған ортаның халықтың денсаулығына әсерін талқыладық. Бұл Форум донорлар мен әріптестерді ынтымақтастыққа және бірлескен шаралар қабылдауға шақырудың тамаша платформасы болды. Мен сондай-ақ Қазақстан Үкіметіне қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін зерттеуде маңызды рөл атқаратын «Бірыңғай денсаулық» тәсілін іске асырудағы елеулі ілгерілеуі үшін ризашылығымды білдіремін», - деп атап өтті ДДҰ-ның инфекциялық аурулар, қоршаған орта және денсаулық жөніндегі Еуропалық бюросының бөлім директоры Робб Баттлер.ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі, доктор Скендер Сыланың айтуынша, қоршаған орта және төтенше жағдайларға ден қою саласындағы күш-жігерді біріктіре отырып, біз денсаулық сақтау жүйесін айтарлықтай нығайта аламыз.«Қазақстан жаһандық және өңірлік экологиялық сын-қатерлерді талқылау үшін диалог алаңына айналуға дайын. Күш - жігерімізді біріктіре отырып, біз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қоса алатынымызға сенімдімін", - деп атап өтті А.Әлназарова.Өткізілетін кездесу нәтижесінде адам, жануарлар мен қоршаған ортаның өзара іс-қимылының қиылысында туындайтын проблемаларды шешу үшін форумға қатысушылар өткізетін іс-шаралар туралы есеп, сондай-ақ сектораралық және ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейту жөніндегі ұсынымдар дайындалатынын атап өтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/888998
«Талдықорған-Үшарал» газ құбырын салу жоспарлы түрде жалғасуда 22.11.2024
Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов және «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылыс барысымен танысты.«Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салу» инвестициялық жобасын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы іске асыруда. Жоба Үкіметтің 2024 жылғы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына кіреді.Жаңа газ құбырының құрылысы осы жылдың тамыз айында Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары кезінде басталған болатын.Бүгінгі таңда 100 шақырымнан астам құбыр дәнекерленген. Құрылысқа 90-нан аса арнайы техника мен 128 жұмысшы персонал жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстары ерекше бақылауда және қатаң түрде кестеге сәйкес жүргізілуде.Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов атап өткендей, бұл нысанның өңір үшін экономикалық маңызы зор. Осы маңыздылықты, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының орындалу жылдамдығын ескере отырып, құрылыс бір жылға жуық мерзімге ертерек аяқталады деп күтілуде.Осыған байланысты 2025 жылдың соңына қарай 124 мың тұрғыны бар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекені табиғи газға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Бұл іскерлік белсенділіктің артуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, шағын және орта бизнестің дамуына қосымша оң әсерін тигізбек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/888837
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БЕС ГОСПИТАЛЬДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛАДЫ 22.11.2024
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көшпелі есеп беру кездесуінде спорт және денсаулық сақтау салаларындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қала тұрғындарының 42%-ы бұқаралық спортпен айналысады. Биыл Шымкент спортшылары Қазақстан, Азия және әлем чемпионаттарына қатысып, жалпы 768 алтын, 642 күміс және 724 қола медаль жеңіп алды. - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз халықаралық деңгейдегі 35 мың орындық жаңа заманауи стадионның құрылысын бастадық. Қазіргі уақытта стадион аумағында жер жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен 1 000 адамға арналған «Еламан» спорт кешені пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалада 500 адамға арналған «SPORT LIFE» шағын футбол орталығының құрылысы аяқталады», – деді Ғабит Сыздықбеков. Сонымен қатар, әкім денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Қазіргі уақытта медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасының жаңарту деңгейі 86,5%-ды құрайды. Биыл 46 дәрігер Ресей мен Түркия клиникаларында біліктілігін арттырды, жыл соңына дейін тағы 29 дәрігер біліктілігін жетілдіреді. Бұдан бөлек, алғаш рет балалар ауруханасы мен перинаталдық орталықта госпитальдық фармация бөлімшелері ашылды. Жыл соңына дейін тағы бес осындай бөлімше, сондай-ақ балалар кардиохирургиялық орталығы ашылады. Жедел жәрдем қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында 23 арнайы көлік сатып алынды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/888803
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетті 22.11.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Құрманбек Бәкірұлын және Ауыл шаруашылығы саласының үздігі Керімхан Егізбаевты мерейтойымен құттықтады.«Бүгін ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, жетекші селекционер, Шиелі ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Құрманбек Бәкірұлының 80 жас, сала үздігі, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Керімхан Егізбайұлының 75 жас мерейтойына арналған жиында бас қостық. Құрманбек Бәкірұлы мен Керімхан Егізбайұлы – ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан өз ісінің білікті мамандары.Жуырда Астана қаласында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Президентіміз: «Қазір жаһандық азық-түлік нарығында бәсеке күшейіп келеді. Оған төтеп беру үшін ғылымды дамытуға баса мән беру керек. Соның ішінде тұқым шаруашылығын жандандыру – стратегиялық міндеттің бірі» деген болатын. Бұл ретте, өңірдегі тұқым шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан Құрманбек Бәкірұлы мен Керімхан Егізбайұлының еңбегін ерекше атап өтуіміз қажет»,– деді аймақ басшысы.Құрманбек Бәкірұлы 1944 жылы Шиелi ауданының Бала би ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында білім алып, 1967 жылдан бері Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында еңбек етуде. Ғалым Қазақстанда бірінші болып күріш мутагенезімен айналысты. Осы әдіспен күріштің 130 түрін шығарды. Ақ күріштің бірнеше сортының, оның ішінде «Маржан» және ерте пісетін «Ару» сортының негізгі авторы атанды. 160-тан астам ғылыми еңбек жазды.Қазіргі таңда Ресейдің ядролық зерттеулер институтымен бірлесіп күріштің тұзға, қуаңшылыққа төзімді формаларын алу бойынша жұмыс жасауда. Ол 1997 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік ғылыми стипендиясын иеленді.Керімхан Егізбайұлы 1949 жылы Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын 1977 жылы туған жерінде бастаған. 1994 жылдан бері «Агротехнология» ғылыми-өндірістік шаруашылығын құрып, ғылым мен өндірісті ұштастырып еңбек етіп келеді. Күріштің «Авангард» сортын, «Венгрия» жүгерісін, Польшадан шыққан гибридтерді, өзбектің ақ жүгерісін, жоңышқаның жетісулық жергілікті сорттарын аудандастырып, егу тәсілін меңгерді. Мұны дүние жүзінде бірінші болып ғылыми зерттеп, дәлелдеп, өндіріске енгізді. Қазіргі таңда бұл әдісті әлемдегі күріш егетін елдің барлығы пайдаланады.Мал шаруашылығында америкалық «Санта-Гертруда» асылтұқымды ірі қараны алғаш рет облысқа жерсіндіріп, оның басын 400-ге жеткізді. Күріштің «Айкерім» жаңа сортының авторы, күздік бидай, арпаның жаңа сорттарының қосымша авторы атанды.Актив отырысында Құрманбек Бәкірұлына және Керімхан Егізбайұлына Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды. Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Абзал Ералиев ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғалиолла Мейірман мерейтой иелерін құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/888608
Жетісуда соңғы бір аптада әлеуметтік осал топтағы 40 азамат тұрғын үйлі болды 22.11.2024
Бүгін Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы төрт ауылда 23 үй қолданысқа берілді. Сол сияқты жуырда Талдықорған қаласында 17 пәтер кілті кезектегі азаматтарға тапсырылды. Осы аталған жалпы саны 40 үйге халықтың әлеуметтік осал тобындағы отбасылары ие болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кербұлақ ауданының Алтынемел ауылында 5 үй, Шанханай, Шұбар, Қаспан ауылдарының әрқайсысында 6 үйден пайдалануға берілді. Аудан әкімі Қанат Есболатов ауылдарға арнайы барып, жеке тұрғын үй кілттерін жаңа иелеріне табыстады.Аудан әкімдігінің мәліметіне қарағанда, аудандағы тұрғын үй кезегінде 1603 адам тұр. Оларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта қарқынды жұмыстар жүріп жатыр.- Бүгінгі күні Кербұлақ ауданына қарасты ауылдарда 100 жеке тұрғын үй салынуда. Одан бөлек аудан орталығы Сарыөзек ауылында 60 пәтерлі екі көп қабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Тағы 60 пәтерлік бір үйді Республика күні қарсаңында қолданысқа бердік. Салынып жатқан тұрғын үйлердің барлығы кезекте тұрған азаматтарға, соның ішінде тұрмысы төмен, әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға, үйлері апатты деп танылғандарға берілетін болады, - дейді Кербұлақ аудандық құрылыс және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Бақыткелді Қабидолда.Ауылдардағы жаңа үйлер 3 бөлмеден тұрады, аумағы 77 шаршы метрден. Үй ішінде тұрмысқа қажетті қолайлы жағдайлар толық қарастырылған.Жаңа қоныс қуанышына кенелген азаматтардың ішінде Қаспан ауылының тұрғыны Гүлмира Жанатаева да бар.- Қаспан ауылында көрнекті, жаңа 6 үй салынды. Соның бірі бірінші топтағы мүгедектігі бар балама берілді. Үйдің ішін аралап көрдік, жайлы, кең екен, көңілімізден шықты. Осындай қуаныш баспанаға зәру азаматтарға жұғысты болсын, қуаныш көбейсін, - дейді қаспандық тұрғын.Ал жуырда Талдықорған қаласындағы «Шығыс» шағын ауданында да 17 отбасыға жаңа баспана берілді. Жаңа пәтерге ие болғандар қатарында жетім балалар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші отбасылар, көпбалалы аналар, толық емес отбасылар және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтар бар.Атап өтсек, жалпы өткен он айда Жетісу өңірінде 247,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/888733
СҚО-да жаңа кәсіпорын жылына 22 млрд.тг салық төлемек 22.11.2024
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов биыл қыркүйек айында іске қосылған сусындар шығаратын жаңа зауытта болды. Бұл жобаға 13 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылды. Автоматтандырылған заманауи еуропалық қондырғылар орнатылды. Процесті автоматтандырудың арқасында өнімділік өсе түсті. Компания өнімнің 70 пайызын экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.Өндірістің іске қосылуы мультипликативті әсер береді. Жұмысшылар саны 260-тан 385 адамға дейін өсті. Орташа жалақы - 267 мың теңге. Бұл кәсіпорын облыстағы ең ірі салық төлеуші. Өткен жылы кәсіпорын облыс бюджетіне 15,6 миллиард теңге салық төлесе, оның 13,5 млрд - акциздер. Жаңа желілердің іске қосылуы акциздердің түсімін 22 млрд теңгеге дейін көбейтпек. Жалпы, жаңа өндірістің іске қосылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық базасы мен бюджет түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/888757
Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтті 22.11.2024
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттады.“Ауыл шаруашылығы – азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз, қажырлы еңбегіңіздің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор нық дамып келеді. Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, жер-анамыз береке сыйласын! Біздің берекелі аймақтың ырысын арттыру жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын”,-деді облыс әкімінің орынбасары Қалияр Шадиярұлы.Облыс әкімінің орынбасары өзсөзінде соңғы жылдары облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығының егістік, мал, азық-түлік өндіру, өсімдік шаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштерге ие екенін ерекше атап өтті.Жиын барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Еңбек ардагері» медалі, "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі және "Құрмет" грамотасы табыс етілді.Сонымен қатар, "Үздік агрокеңесші", "Жыл агрономы", "Ветеринария саласындағы ең тәжірибелі маман" секілді номинациялар бойынша ауыл шаруашылығы саласында ерекшеленген мамандар марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/888692
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ 779 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ 22.11.2024
Биылғы жылдың 10 айында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Осы кезеңде қала экономикасының өсімі 12%-ды құрап, бюджет көлемі 779 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 123 млрд теңгеге көп. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көшпелі есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Мегаполис басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы жобалар туралы баяндады. «Президент Қазақстан халқына Жолдауында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 1,5 есе және еңбек өнімділігін арттыру міндетін қойды. Осы бағытта биыл 16 жобаның 12-сі іске асырылды. Олардың жалпы құны – 78,2 млрд теңге. 67,1 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда, «Coca-Cola İçecek (CCI)» зауыты іске қосылып, 100 тұрақты жұмыс орны құрылды, сондай-ақ «Wan Sheng Ceramic» керамикалық плиталар шығаратын кәсіпорын ашылып, 350 адам жұмыспен қамтылды», – деді Ғ. Сыздықбеков. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында жалпы аумағы 438 гектарды алатын екі жаңа индустриялық аймақ іске қосылды. Олардың қатарында: «Жұлдыз» индустриялық аймағы, мұнда құны шамамен 166 млрд теңге болатын 46 ірі заманауи кәсіпорын шоғырланады; «Бозарық» азық-түлік өнеркәсібі индустриялық аймағы, мұнда құны 44 млрд теңге болатын 25 жоба жүзеге асырылып, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Бұл жобалар Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, қала экономикасының дамуына жаңа серпін береді. Сонымен қатар, инвесторлар үшін тартымды жағдай жасап, халықты жұмыспен қамту деңгейін айтарлықтай жақсартады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/888659
ШЫМКЕНТКЕ 536 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ 22.11.2024
Жыл басынан бері Шымкентке 536 млрд теңге инвестиция тартылды. Өңір экономикасын көтеру және ынталандыру үшін инвесторларға қолайлы жағдай жасау маңызды. Биылдан бастап инвестицияларды тиімді тарту жұмыстарын арттыру мақсатында «Shymkent-Invest» фронт-офисі белсенді жұмыс істеп келеді. Бұл кеңсе инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Бүгінге дейін мұнда инвесторларға шамамен 2 мың қызмет түрі ұсынылды, олардың ішінде бизнес-жоспар әзірлеуден бастап, жобаны жүзеге асыруға қажетті рұқсат құжаттарын толық сүйемелдеу бар. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен көшпелі есеп беру кездесуінде айтты. Мегаполис басшысының айтуынша, көрсетілген қолдаудың арқасында тартылған инвестиция көлемі 536 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өскен. «Үкіметтің 2028 жылға дейінгі жоспарында қалаға 5,6 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Бүгінде 2,7 трлн теңгеге 220 инвестициялық жоба тобы құрылып, 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Ауқымды жобалардың бірі – еліміздегі ең ірі жылыжай кешені, оның жалпы аумағы 650 гектарды құрайды. Жобаны түрік инвесторы – «Alarko Holding» компаниясы 650 млн доллар инвестиция салып жүзеге асырады. Бұдан бөлек, Польшаның «Fabe Polska» компаниясымен 150 гектар аумақта жоғары технологиялық жылыжай салу туралы келісім жасалды, жобаның құны 200 млн долларды құрайды. Тағы бір ірі жоба – қуаттылығы 500 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу, оған 700 млн доллар инвестиция салынады. Бұл жоба аясында қала тұрғындары сапалы электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі», – деді Ғ. Сыздықбеков. Сонымен қатар, әкім биыл Шымкентте белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 136 мыңнан асқанын атап өтті. Биыл кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына 23,5 млрд теңге қарастырылған. Бұған қоса, қалада алғаш рет шағын және орта кәсіпкерлердің жаңа бастамаларын қолдау мақсатында «шағын өндірістік алаңдар» (индустриялық парк) жобасы іске қосылды. Мұнда кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылымы бар дайын өндірістік алаңдар ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/888666
ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,8% ТӨМЕНДЕДІ 22.11.2024
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен көшпелі есеп беру кездесуінде экономикалық көрсеткіштердің халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. Шымкент қаласы төмен жалақы деңгейімен белгілі өңірлер қатарына кіреді. Алайда, жалақыны арттыруға бағытталған жүйелі шаралар қабылданып жатыр. «Біз төмен жалақы алатын 15 мыңға жуық азаматтық қызметкердің жалақысын 50 мың теңгеге арттырдық. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелерде ең төменгі жалақы 140 мың теңгеден асты. Қазіргі уақытта қаланың орташа жалақы мөлшері 12,5%-ға өсіп, 304 мың теңгені құрады», – деді Ғ. Сыздықбеков. Мегаполис басшысы жұмыс орындарын құру және халықтың табысын тұрақтандыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қалада белсенді жұмыс істейтін азаматтар саны 468 мыңнан асты. Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында биыл 45 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланған, оның ішінде 32 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 30%-ға қысқарды, ал өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға дейін төмендеді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/888668