Enbekshi QazaQ

Ғылым

Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданының тұрғындарымен кездесті 18.11.2024
Бүгін, 18 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданының тұрғындарымен кездесті. Өңір басшысына аудандағы қордаланған мәселелерді жеткізуге 400-ге жуық тұрғын жиналды. Аудан халқымен кездесу бес сағатқа созылды.Жиында алдымен, Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров 2024 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар туралы баяндама жасады.Аудан әкімінің айтуынша, биыл қаңтар айында Сайын Шапағатов ауылында демеушілік қолдаумен «Сүйінғара» спорт кешені ашылды. Қазіргі таңда бұл кешенде 150 бала спортпен шұғылданып жатыр. Сонымен қатар, Қызылөзен ауылында футзал алаңының құрылысына конкурс өткізіліп, мердігер анықталды. Ал, Түпқараған аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында Қызылөзен ауылында балық шаруашылығын ұйымдастыру үшін «RED PEARL» ЖШС-не 56 гектар жер телімі берілді. Бұл ферма бекіре балығын өсіру және уылдырық өндірумен айналысады деп күтілуде. Ферма құрылысы 2025 жылдың басында басталы деп күтілуде. Жоба іске қосылғаннан кейін 30 тұрақты жұмыс орны ашылады.Көлік қатынасын жақсарту үшін биыл 5 ақпаннан бастап «Ақтау-Форт-Шевченко-Ақтау» бағытындағы жолаушылар тасымалы маршруты іске қосылды. Жолаушыларға 50 орындық «Yutong» маркалы екі автобус қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, шілде-тамыз айларында ұйымдастырылған конкурс нәтижесінде «Caspian Trans Corporation» ЖШС Форт-Шевченко-Баутино-Аташ бағытындағы тасымалды жүзеге асыру құқығына ие болды. Аталған бағыттағы қызмет 1 қазаннан бастап іске қосылды. Сондай-ақ Ақтау-Таушық бағытындағы жолаушылар тасымалы да жүзеге асырылуда.Кездесу барысында тұрғындар спорт, білім, денсаулық саласы, ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланатын су, жұмыссыздық, ауылішілік жол салу, жарықтандыру, тұрғын үй, ауыз сумен қамту, азық-түлік бағасы, карьерлер мен балық шаруашылығына қатысты түйіткілді мәселелер көтерді.Нұрдәулет Қилыбай тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап беріп, аудан әкімі мен тиісті басқарма басшыларына барлық мәселелер мен ұсыныстарды заң аясында шешуді тапсырды. Кездесу соңында облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/885179
Бұқар жырау ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 15 медициналық нысан салынады 18.11.2024
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша Бұқар жырау ауданында жеті ФАП, төрт дәрігерлік амбулатория және төрт медициналық пункт ашылады. Құрылыс жұмыстары басталды. Биыл Самарқанд ауылында дәрігерлік амбулатория мен Тасауыл ауылында медициналық пункт іске қосылады.2025 жылы Ақбел, Байқадам, Белағаш, Құрылыс, Сарыарқа, Сарытөбе, Тұзды ауылдарында жаңа ФАПтар пайда болады. Гагаринское, Тоғызқұдық және Центральное ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар пайда болады. Ақөре, Красная Нива, Ынтымық ауылдарында медициналық пункттер жұмыс істей бастайды.Медициналық мекемелерде физиотерапия кабинеті мен дәріхана болады және медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі. Олар шалғай ауылдардың тұрғындары үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың ақпан айында Новоузенка ауылында дәрігерлік амбулатория мен Ақтөбе, Қарақұдық ауылдарындағы фельдшерлік пункттер пайдалануға берілген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885014
Маңғыстаулық шопан Дәлубай Төлеев "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды 18.11.2024
Президент Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында маңғыстаулық шопан Дәлубай Төлеевті "Еңбек Даңқы" орденімен марапаттады.Бұл мерекеде елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегімен отандық ауыл шаруашылық инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі зор бір топ сала өкілдеріне наградалар табысталып, еңбек адамдарының еңбегі еленіп, құрметке бөленді.Ауыл шаруашылығын дамытып, орден таққан ауыл адамдарының қатарында Бейнеу ауданының шопаны Дәлубай Төлеев те бар. Бейнеу ауданының Тұрыш ауылында "Дәлубай" шаруа қожалығын басқарып отырған Дәлубайға ауыл шаруашылығы саласының III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/885128
СҚО-да курсанттарға арналған жаңа казарма ашылды 18.11.2024
Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының жаңа казармасы ашылды. Оның ашылуына СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков пен ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сакентай Шекарбеков қатысты. Бұл маңызды шара әскерилеріміздің қызметі мен өміріне қолайлы жағдай жасауға деген жоғары деңгейдегі қамқорлықтың белгісі болып табылады. Заманауи казарма ғимараты жеке құрамның жайлы орналасуына бар жағдай жасалған. Кең жатын бөлмелер, жаттығу залдары мен демалыс бөлмелері ең жоғары стандарттарға сай жасақталған. "Мұның бәрі ұлан сарбаздарының жауынгерлік дайындығын және рухын нығайтуға бағытталған. Жаңа казарманың ашылуы – ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күш құрылымдарының инфрақұрылымын дамытудағы тағы бір маңызды қадам", - деп атап өтті өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/885041
ҚАЗАҚСТАНДА АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ 18.11.2024
Жыл сайын елімізде АИТВ-ның байланысқа дейінгі профилактикасын жақтаушылардың саны артып келеді, ол өткен жылы бес мыңнан биылғы жылы 11 мың адамға дейін болды. БДП немесе PrEP - АИТВ-сыз адамдар оны үнемі қолданған жағдайда АИТВ-ның берілуін болдырмаудың тиімді әдісі.«БДП тенофовир/эмтрицитабин препаратын күнделікті қабылдаудан тұрады. Әлемдік зерттеулер PrEP препараттары АИТВ жұқтыру қаупін 99% төмендететінін көрсетеді. Препараттарды АИТВ-ның профилактикасы жөніндегі өңірлік орталықтардан, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардан тегін және құпия түрде алуға болады.Мигранттар дәріханаларда АИТВ инфекциясының профилактикасы орталықтары немесе жеке медициналық орталықтар дәрігерлерінің рецепті бойынша сатып ала алады», – деп атап өтті ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО) директорының міндетін атқарушы Ұлықбек Медеубеков.Өздеріңіз білетіндей, елде АИТВ негізінен халықтың негізгі топтарында таралады. Сондықтан БДП ең алдымен қауіп топтары үшін, соның ішінде есірткі қолданушылар, еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар, секс жұмысшылар, транс адамдар, дискордантты жұптар (АИТВ-мен серіктестердің бірі) үшін маңызды.БДП 2023 жылдан бастап дәрі-дәрмектерді медицина қызметкерлері арқылы ұсынатын бірқатар достық ҮЕҰ арқылы қолжетімді, олардың екеуі медициналық лицензия алды. ҮЕҰ қатарындағы дәрігерлер мен тең навигаторлардың бірлескен қызметі чат-боттар, сайттар, әлеуметтік желілер және аутрич жұмысы арқылы белсенді түрде жүргізілуде.Өткен жылдан бастап елде БДП қабылдағысы келетіндерді тіркеу жеңілдетілді: тек АИТВ-ға теріс тест нәтижесі және АИТВ симптомдарының скринингі қажет. Бұл PrEP қабылдау туралы шешім қабылдамағандардың мотивациясын арттыру үшін маңызды.20 қарашадан 1 желтоқсанға дейін (Дүниежүзілік ЖИТС – ке қарсы күрес күні) елде ЮНЭЙДС «дұрыс жолды таңдаңыз - адам құқықтары жолы» ұранымен науқан өтеді. Әр адамның құқықтарын сақтау АИТВ-ға тиімді жауап берудің негізі болып табылады. Бұл Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні - әркімнің құқығын қорғау арқылы әркімнің денсаулығын сақтауға шақыру күні.Қазақстанда АИТВ-инфекциясының профилактикасы, диагностикалау және емдеу жөніндегі ұлттық заңнама үнемі жетілдіріліп отырады. Антиретровирустық терапия мемлекет есебінен беріледі. АИТВ-ға тестті тіркелген жері бойынша емханада немесе АИТВ-ның профилактикасы жөніндегі өңірлік орталықта құпия, тегін және қалауы бойынша жасырын түрде тапсыруға болады.Науқан өткізілетін күндері 1 желтоқсанға қарай еліміздің барлық өңірлерінде АИТВ-ның профилактикасы, АИТВ-ға шалдыққан адамдарға стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы білімді насихаттау бойынша акциялар, дөңгелек үстелдер, флешмобтар және басқа да іс-шаралар өтеді. АИТВ-ның профилактикасы жөніндегі өңірлік орталықтарда халық үшін Ашық есік күндері өтеді. Әрбір ниет білдіруші мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тексеруден өте алады.26 қарашада Алматыда «АИТВ-ның профилактикасы және емдеу бойынша инновациялық шаралар: саясат, зерттеулер, практика» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Белгілі әлемдік және отандық сарапшылардың қатысуымен өтетін бұл оқиға санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды нығайту және АИТВ-ның, қосалқы аурулардың, сондай-ақ дерматовенерологиялық аурулар профилактикасының заманауи тәсілдерін жетілдіру жөніндегі маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/885012
Қарағанды облысының ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету көлемі артып келеді 18.11.2024
Қарағанды облысының ауылдарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жалғасуда. Бүгінгі таңда ауылдықтардың 93,6% орталық сумен жабдықталған. Келесі жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді деп жоспарланып отыр.– Биыл 38 жоба жүзеге асты. Жыл қорытындысына сай, "құрылыс" бағыты бойынша 14 нысанды және 26 кешенді блок-модульді пайдалануға береміз. Бұл 95,8%-ға жетеді. Барлық ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жобаны аяқтау келесі жылға жоспарланған, – деп хабарлады облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Арман Саттыбаев.Халықтың 100% ауыз сумен қамтамасыз етілуі келесі жылдың соңына дейін ерекше бақылауда болады, деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.– Алда азаматтардың, әсіресе ауылдық жерлерде өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін су құбыры желілерін салу және қайта құру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Мақсаты айқын, міндеттері анықталған, қаржыландыру мәселесі шешілуде. Бұл бюджетті қалыптастыру кезінде ескерілуі тиіс басым міндет. Жұмысты дұрыс ұйымдастыру және жауапкершілігімізді есте сақтауымыз маңызды, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/884916
Қарағанды облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау барысы 18.11.2024
Қарағанды облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Осы бағытта жұмыс істейтін кәсіпкерлер 1,5 млрд теңгеге дейін жеңілдікті несиелер, айналым қаражатын толықтыруға 500 млн теңге және өтеусіз гранттар ала алады. Биыл 10 әлеуметтік кәсіпкерге 50 млн теңгеге мемлекеттік гранттар берілді.Әлеуметтік кәсіпкерлер әртүрлі салаларда жұмыс істейді – психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қызметтер, білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс және сауда.– Әлеуметтік кәсіпкерлікте 136 адам жұмыспен қамтылған. Өнім мен көрсетілген қызметтердің орташа жылдық көлемі шамамен миллиард теңгені құрайды, – деп хабарлады облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте кәсіпкерлік басқармасы басшысының м. а. Абзал Рахымбаев.Жеңілдетілген несиелер мен гранттардан басқа, кәсіпкерлік басқармасы әлеуметтік кәсіпкерлерге кеңес, әдістемелік ұсыныстар береді және іскери серіктестерді іздеуге көмектеседі.Әлеуметтік кәсіпкерлерге барынша жан-жақты қолдау көрсетілуі тиіс, деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.– Мемлекеттік органдар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін қабылданған қолданыстағы заңнамалар мен құқықтық актілердің толық және тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет. Кәсіпкерлік басқармасы қажет болған жағдайда кейбір нормаларды жетілдіру үшін орталық мемлекеттік органға ұсыныстар жіберуге тиіс. Қалалар мен аудандардың әкімдері ресми веб-ресурстарға ақпаратты, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды тіркеу, қаржылық қолдау алу, серіктестер іздеу және жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін әлеуметтік бизнесті жүргізу бойынша қадамдық нұсқаулықты дайындауға және орналастыруға міндетті, – деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/884929
Қарағандылық жанкүйерлерді бокстан халықаралық турнирді тамашалауға шақырады 18.11.2024
Қарағандыда 18–22 қараша аралығында ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған XII ашық республикалық турнир өтеді. Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан 200-ден астам боксшы, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузия өкілдері қатысады. Жанкүйерлер үшін кіру тегін.Жарыс 2009–2010 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында өтеді.Турнирдің ашылуы 18 қараша күні сағат 15:00-де Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығында өтеді (Республика даңғылы, 11/3).Негізгі ақпарат Instagram әлеуметтік желісінде: krg_boxing_federation.Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Sport Qory спортты қолдау қоры, бас серіктес "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/884978
Виталий Волынец «Құрмет» орденін алды 18.11.2024
Әйтекебилік диқан, «Комсомол» ЖШС директоры Виталий Волынец еліміздің өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы секторының дамуына ықпал етіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді араласып, заманауи озық технологияларды ауыл шаруашылығына енгізгені үшін ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері атанды.Виталий Волынец өмірінің 40 жылға жуық уақытын ауыл шаруашылығына арнап келеді. Оған Орденді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында салтанатты түрде табыстады.Виталий Волынец Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында туып-өскен. Еңбек жолын 1981 жылы «Яйсан» совхозының тракторшы болып бастады. Қара теңіз әскери-теңіз флотында борышын өтеп келген соң, Жайсаң СПТУ №-13 механигі, сол уақытта осы оқу орнында Комсомол ұйымының хатшысы ретінде жұмыс істеді. 1998 жылы «Комсомол» өндірістік кооперативінің ауылдық жалпы жиналысында, бірауыздан «Комсомол» ЖШС төрағасы болып сайланып, бүгінге дейін басқарып келеді.«Комсомол» ЖШС – Әйтеке би ауданындағы ірі ауылшаруашылық тауарын өндірушілерінің бірі. Кәсіпорын егін салып, шөп шауып, жайылымдық жерінде мал өсіріп келеді. Машина-трактор паркі толық жабдықталған. 2024 жылы 11251,43 га жерге бидай егіп, әр гектардан 10 ц өнімділік алды. Шаруашылық тұрақты түрде 92 адамды, маусымдық жұмыс кезінде 200 адамды жұмыспен қамтып отыр.Туған өлкені өркендетуге үлес қосып жүрген меценат жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетуді, аудан көлемінде өтетін мәдени және спорттық шараларға үнемі ат салысып, демеушілік етуді міндетіне алған. Мәселен, үш жыл бұрын оның қаржыландыруымен ашылған «Жас арыстан» күрес мектебінде қазіргі уақытта 76 бала тегін спортпен шұғылдануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884918
Қаратоғай ауылында жаңа спорт кешені ашылды 18.11.2024
Бұл жоба 2021 жылы бастау алған.Қаратоғай ауылында көптен күткен спорт кешені есігін ашты. Президенттің бұқаралық және балалар спортын дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, жаңа нысан ауыл жастарына дене шынықтырумен және спортпен айналысуға үлкен мүмкіндік береді. 3 жыл бұрын «Ер-Қанат сервис» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, металл конструкциялардың толық монтаждау жұмыстары жүргізілді. Алайда, 2022 жылы құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жоба уақытша тоқтатылды. Мердігер жобалық-сметалық құжаттаманы қайта түзету қажеттігін алға тартты. Облыс әкімінің бақылауында болған құрылысқа биылғы жылы Мәртөк ауданының бюджетінен 219 миллион теңге бөлініп, тоқтап қалған жұмыстар қайта жанданды. Бүгінгі таңда спорт кешені толық дайын. Қазірдің өзінде спорт кешенінде 42 бала қазақ күресімен тұрақты түрде айналысуда. Алдағы уақытта кешенде волейбол, футбол, еркін күрес, тоғызқұмалақ және үстел теннисі секілді спорттық үйірмелер ашу жоспарлануда. Нысанның ашылуымен бірге 10 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Спорт кешенінің ашылу салтанатына аудан әкімі Медет Ысқақов қатысып, жиналған ауыл тұрғындарын құттықтады. Ол өз сөзінде бұл кешен ауыл жастарының спорттық белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға маңызды үлес қосатынын алға тартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884938
Қарағандылықтар тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатының жүлдегерлері атанды 18.11.2024
Қарағандылық Асылхан Қожанәсіп Түркияда тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатында алтын алды, ал Аңсаған Қожанәсіп пен Жақсылық Рахымжан қола жүлдегер атанды. Зияткерлік ойынға 14 елден – Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Өзбекстан, Румыния, Түркия, Испания, Франция, Чехия, Украина, Грузия, Венгрия және АҚШ-тан 100-ге жуық спортшы қатысты.Жарыс тоғызқұмалақтың классика, рапид және блиц сияқты түрлері бойынша өтті.Асылхан Қожанәсіп классикада бірінші болды,Аңсаған Қожанәсіп блицте үшінші орын алды. Жақсылық Рахымжан мангала түрік зияткерлік ойынында қола жүлдеге ие болды.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/884690
Ақтөбелік «жасылелдік» сарбаздар Астананы аралап қайтты 18.11.2024
Еске салайық, өткен аптада «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы және студенттер отряды 20 жылдықты атап өтіп, биылғы маусымды қорытындылады.Сол салтанатты жабылу шарасында үздік деп танылған 100 сарбаз облыс əкімінің қолдауымен əсем қала Астанаға бару мүмкіндігіне ие болған-ды.Елордада экскурсияның үш күнін керемет көңіл-күйде өткізген жастар Ақтөбе қаласына оралды.Ұмытылмас күндер, қызықты сәттер, мүмкіндіктер сыйлаған жандарға олардың айтар алғысы шексіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884880
Зенченко и К 18.11.2024
Еліміздің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі, отандық ауыл шаруашылық инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мен "Отан" ордені «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Геннадьевич Зенченкоға берілді. Жоғары атақты ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/884652
Солтүстікқазақстандықтар Геннадий Зенченкоға құрмет көрсетті 18.11.2024
Ауыл шаруашылығы саласындағы ерекше жетістіктері үшін «Қазақстанның еңбек ері» атағы «Зенченко и К» КС бас директоры Геннадий Зенченкоға берілді. Жоғары атақты Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбекерлерінің бірінші форумында табыс етті. Бүгін облыс жұртшылығы Геннадий Геннадьевичке құрмет көрсетіп, мемлекеттік награда алуымен құттықтады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бұл атақ - солтүстікқазақстандық диқанның еңбегіне берілген жоғары баға деп атап өтті. "Геннадий Геннадьевич Зенченко – ауыл шаруашылығы саласында даңқты еңбек әулетін жалғастырып келе жатқан елімізге танымал тұлға. Оның агроөнеркәсіптік саладағы басшылығы, еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға деген адалдығы мен елеулі үлесі зор алғысқа лайық. Құрметті атақ – Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі мен өркендеуіне үлес қосып жатқан еңбек адамына құрмет пен алғыстың көрінісі", - деп жазды өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/884659
Ерекше балаларға арналған балабақша: Президенттің тапсырмасы бойынша қайтарылған активтерден тағы шамамен 8 млрд теңге әлеуметтік нысандарға бағытталды 18.11.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру жалғасуда.Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды. Үкімет Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етеді. Мекеме мектеп жасына дейінгі балаларға жайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажетті заттармен жабдықталады. Бүгінгі таңда облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2523-тен астам бала бар, олардың 1320-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Қазір облыс бойынша 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді. Жобаны іске асыру қажетті инфрақұрылымды құруға және ерекше қажеттіліктері бар балаларды дамыту мен тәрбиелеуді қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұған дейін Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облысының Темірлан ауылында музыка мектебін, Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешенін, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығын салу жөніндегі жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылданған болатын.Жұмыс жалғасуда.https://t.me/KZgovernment Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884678
Қарағандыда Гүлзар Ғабдрахманмен бірге джаз және эстрада шығармашылық кеші өтеді 18.11.2024
Қарағанды циркінде 28 қарашада Қазақстандық эстрада-джаз әншісі Гүлзар Ғабдрахманның концерті өтеді. Осы кеште ол әлемдік және қазақстандық эстраданың үздік хиттерін ерекше джаз аранжировкаларында орындайды.Гүлзар Ғабдрахман Қарағандыда өнер жолын бастады. Мұнда ол Қасым Аманжолов атындағы музыкалық мектепті фортепиано сыныбы бойынша бітірген. Астанаға кетіп, Қазақ ұлттық өнер университетіне "эстрада вокалисті" мамандығына түсті. Бүгін ол Мәскеуде, Лондонда, Нью-Йоркте танымал халықаралық вокалдық байқаулардың жеңімпазы.Музыкалық шығармалар ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченконың жетекшілігімен Қарағанды Джаз оркестрінің сүйемелдеуімен орындалады.Басталуы 18: 30.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/884592
Әйтеке би ауданында халық ұзақ жыл күткен мектеп пайдалануға берілді 17.11.2024
2020 жылдан бері оқушылар түрлі ғимараттарда оқуға мәжбүр болған еді. Көпшілік көптен күткен білім ордасының есігі айқара ашылды.Мемлекет басшысының еліміздегі үшауысымды және апатты мектептер санын азайту туралы тапсырмасы Ақтөбе өңірінде сәтті жүзеге асуда. Әйтеке би ауданының орталығы Темірбек Жүргенов ауылындағы жаңа мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.Білім ордасының ашылу салтанатына Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Сұлтан Жайық, аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев және ауыл тұрғындары қатысты.Шараның салтанатты рәсімінде Комсомол орта мектебінде 28 жыл директор болған В.Ф Галуцкий және мектептің ардагер ұстазы 92 жастағы Р.Маханов құттықтау сөз сөйледі. Мектеп ұжымына және оқушыларға ақ баталарын берді.Ескі, апатты деп танылған Комсомол жалпы орта мектебіндегі 420 бала енді жаңа оқу ордасында білім алуды жалғастырады.270 орындық Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі екі ауысымда 540 оқушыға білім беруге қауқарлы. Мектепте 78 орындық асхана, ер балалар мен қыздарға арналған технология кабинеті, кең спорт және акт залдары, сыртқы спорт және ойын алаңдары бар.Айтып өтейік, былтыр қазан айында облыс әкімі Асхат Шахаров мектеп құрылысын сапалы әрі биылғы оқу жылында халық игілігіне тапсыруды Құрылыс басқармасына міндеттеген еді. Мектеп құрылысы өңір басшысының қадағалауында болды.Құрылыс жұмыстарын «GOLDEN CITY DS» ЖШС компаниясы 2022 жылдың 20 шілдесінде бастаған-ды.Салынған мектептің жалпы аумағы 5991,6 шаршы метрді, көлемі 4895 шаршы метрді құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884566
Асхат Шахаров Ақтөбеде өтіп жатқан Дзюдо чемпионатының ашылуына қатысты 16.11.2024
Ақтөбеде Дзюдодан Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.Оған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Шараға қазақстандық дзюдошы, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов те шақырылған. Іс-шара қонақтары чемпионат қатысушыларын оның ашылуымен құттықтап, жарыстарға сәттілік тіледі.Асхат Шахаров құттықтау сөзіндедзюдодан чемпионаттың дәл Ақтөбеде өтіп жатқанының маңыздылығын атап өтіп, Туризм және спорт министріне көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғысын білдірді.«Мемлекет басшысы Қазақстанда спортты дамытуға көп көңіл бөлуде. Бүкіл ел бойынша жаңа спорт кешендері салынып, жаттығу базалары мен спорт мектептері жаңғыртылып жатыр. Бұл кәсіби спортшыларға халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар спортты жастар мен жалпы халық арасында танымал етуге ықпал етеді.Бұл чемпионат – қазақстандықтардың ерекше назарында. Біздің дзюдошылар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевтың Париж Олимпиадасындағы жарқын жеңістері спортшылардың жаңа буынын жеңістерге жетелейді.Бұл чемпионаттың Саламат Утарбаев, Рустам Ибраев, Гүлнар Көшербаева, Есет Қуанов және басқа да талантты спортшыларды тәрбиелеп отырған, дзюдода бай тарихы бар Ақтөбе жерінде өтіп жатқанықуантады. Дүбірлі дода облыс жастары арасында дзюдоны насихаттауға, спортпен шұғылдануына және чемпиондардың жаңа буынын тәрбиелеуге жол ашатынына, оларға күш-жігер беретініне сенімдімін», - деді Асхат Шахаров чемпионаттың ашылуында.Облыс әкімі шараны ұйымдастыруға үлес қосқандарға алғысын білдіріп, жарысқа қатысушыларға жеңіс, өз командаларына қолдау көрсетуге келген көрермендерге жарқын эмоциялар тіледі.Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жарыс қатысушылардыңтатамиде жарқын жеңістерге жетуіне тілектестігін білдірді.«Мемлекет қолдауының арқасында чемпиондардың жаңа буынын тәрбиелеу үшін барлық жағдай жасалуда, бұл Қазақстанның әлемдік спорттағы позициясын нығайтады. Бүгінде көптеген қазақстандық дзюдошылардың есімдері әлемдік спорт тарихына енді. Олар – төзімділіктің, шеберліктің және табандылықтың үлгісі. Спортшылардың жас буыны өздерінің даңқты дәстүрлерін жалғастырып, әсерлі жаңа жетістіктер көрсететініне сенімдімін. Бұл чемпионат еліміздегі дзюдо спортыныңдамуындағы маңызды кезең болмақ және жаңа жұлдыздардың жануына, жеңістерге жетелеуге серпін береді», - деді Ербол Мырзабосынов.Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев өз кезегінде елімізде спортшыларды даярлау жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына баса назар аударып, турнир әрбір қатысуға жарқын жекпе-жексыйлайтынына және дзюдоны одан әрі дамытуға түрткі болатынына сенім білдірді.Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке жоғары спорттық жетістіктерді айшықтайтын алтын «нашивканы»салтанатты түрде табыстады.Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов екі дүркін әлем чемпионы Әбиба Әбужақынованы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» куәлігімен марапаттады.Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде төрт күн бойы 15-18 қараша аралығында «Қоныс» спорт кешенінде еліміздің түкпір-түкпіріненжиналған дзюдошылар бақ сынайды. Чемпионатқа 17 облыстан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 510 спортшы қатысып жатыр. Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде медаль алу үшін өзара мықтыны анықтайды.Чемпионат жеңімпаздары еліміздің ұлттық құрамасына енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884532
Жамбыл облысында Республика күніне орай салтанатты жиын өтті 16.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 25 қазан – Республика күні Ұлттық мерекесіне арналған салтанатты жиынға қатысты.Алдымен әскери оркестр Мемлекеттік Әнұранды жиналған көпшілікпен әуелете шырқады.Бұдан соң облыс әкімі жамбылдықтарды айтулы мерекемен құттықтады.Ербол Қарашөкеев өз сөзінде қадірі мен қасиеті бөлек, ұғымы ұлы мерекенің тарихы, саяси және тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айта келе, ел ертеңі үшін тер төкккен аға буын өкілдеріне алғыс білдірді. Жұртшылықты Президент тапсырмалары аясында өңірде жүзеге асып жатқан жарқын жобалар мен толымды тірліктер туралы хабардар етті.Мерекеге орай және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматты марапаттап, құрмет көрсетті.Президент Жарлығына сәйкес бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырылды. Атап айтқанда, ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» сынды құрметті атақтары берілді.Ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін түрлі этнос өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік марапаттарына ие болды.Бұдан бөлек, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, өңір басшысының Құрмет грамотасы салтанатты түрде тапсырылды.Мерекелік кеш соңы өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/871777
Ақтөбеде қаржыгерлер марапатталды 16.11.2024
Бүгін, 15 қараша - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Атаулы күнге орай, өңірдің қаржыгерлері марапатталды.Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов мереке иелерін құттықтап, қаржы саласында атқарған қызметтері үшін алғыс білдірді.«1993 жылы 15 қарашада егемен еліміздің тәуелсіздігінің айырықша белгісі саналатын ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енгізілді. Ұлттық валюта күнінің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келуі бекер емес. Қаржыгерлер ұлттық валютамызбен тікелей жұмыс істеп, оның айналымын ұдайы қадағалап отырады. Осындай айтулы мереке күні Сіздерге қаржылық тұрақтылық, өсу, кәсіби жетістік тілейміз. Алдағы жұмыстарыңыз еліміздің экономикасын дамыту мен нығайтуға және қаржылық әлеуетін көтеруге бағыттала берсін», - деді облыс әкімінің орынбасары.Абзал Әбдікәрімов бүгінгі мерекеде еңбекте жетістікке жеткен облыстағы банк саласының мамандарына облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884223