Enbekshi QazaQ

Ғылым

ЕАЭО елдеріндегі цифрландыру – кедергісіз ішкі нарыққа апаратын жол 16.11.2024
Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) мүше мемлекеттер мен бизнестің ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарымен тиімді және жедел өзара әрекеттесуі мақсатында ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі (ИАЖ) құрылды.Бұл жүйе деректерді ашық, ыңғайлы және жедел алмасуды қамтамасыз етеді. ЕАЭО елдері осы жобаны толыққанды іске асыруға ұмтылуда.ИАЖ ЕАЭО аясында тауарлардың қозғалысына байланысты ветеринарлық, санитарлық, фитосанитарлық, көлік және кедендік бақылау салаларындағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, бұл әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді айтарлықтай төмендетеді.ЕАЭО ИАЖ-ды іске асыру экспорт жағдайды жеңілдетуге, өзара сауда көлемін арттыруға, бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға, тауарлардың қозғалысын бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жою және олардың туындамауына мүмкіндік береді.2015 жылы ЕАЭО аясында 21 ынтымақтастық бағыты бойынша ортақ процестер тізімі бекітілген болатын.Ортақ процестер – бұл бір мемлекеттің аумағында басталып, басқа мемлекеттің аумағында аяқталатын ақпараттық алмасу. Бұл процесс ЕАЭО ИАЖ арқылы қамтамасыз етіледі.Жалпы, ЕАЭО-да 77 ортақ процесті іске қосу жоспарланған. Бүгінгі күні мүше мемлекеттер үшін 39 ортақ процесс қолжетімді.Қазіргі уақытта 27 процесс дайындық кезеңінде, оның 14 процессі2024 жылдың соңына дейін, ал қалған 13 процесс 2025 жылы іске қосылады.Осылайша, 2025 жылдың басынан бастап мүше мемлекеттер55 % ортақ процестерге қосылу мүмкіндігіне ие болады.Ортақ процестерді толық іске асыру ЕАЭО аясында кедергісіз ортаға қол жеткізудің бір жолы болып табылады.ЕАЭО ақпараттық өзара әрекеттесу жұмысының аралық қорытындылары қараша айының 3-онкүндігінде ЕЭК Кеңесінің отырысында талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/884162
Қарағандылық спортшы Италияда үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде үшінші орын алды 16.11.2024
Қарағандылық Алан Құрманғалиев Линьянода (Италия) өткен WTA Youth contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде III орын алды.17 жас санатында ол француздық Томас Ларошты, испан спортшысы Фонта Даниелді, Франческа Карьеруді, Чех ренисшісі Мартина Ратажский мен Мартина Вайглды жеңді. Ал жартылай финалда франциялық Натан Пилардқа 2:3 есебімен жеңіліп қалды.Спортшыны Эльмира Алиева жаттықтырады.Естеріңізге сала кетейік, жақында қарағандылық Венгриядағы үстел теннисі турнирінің екі дүркін жүлдегері атанды. Яғни күміс пен қола медальды қатар қанжығалады.ҚР Үстел теннисі федерациясыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883976
ШЫМКЕНТТЕ САТЫП АЛУҒА ҰСЫНЫЛМАЙТЫН ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІНІҢ ТІЗІМІ 16.11.2024
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы сатып алу үшін ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жасады. Бұл тұрғын үй кешендері үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқтығына және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның болмауына байланысты ұсынылмайды. Абай ауданы:1. “РАМАДАН” ТК – “Асар-2” шағынауданы, 3195/1 учаске2. “BAQSARAI” ТК – “Асар-2” шағынауданы, 3203 учаске Әл-Фараби ауданы:3. Көпқабатты тұрғын үй (атауы жоқ) – “Күншығыс” шағынауданы, Жібек Жолы даңғылы, 63 Тұран ауданы:4. “AVENUE-32” ТК – Н.Төрекұлов көшесі, 4/35. Көпқабатты тұрғын үй (атауы жоқ) – “Отырар” шағынауданы, М.Дулати көшесі, 206А Сонымен қатар, “Шымкент Сити” шағынауданында орналасқан “DAMDES-OTAU” тұрғын үй кешені, 10 және 15А учаскелері бойынша пәтер иелерінен тұрғын үй сапасына қатысты шағымдар түсіп жатыр. Құжаттардың бар-жоғын тексеру үшін қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарласуға болады.Байланыс нөмірі: 8 747 430 16 03.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/884013
ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛИ ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ АКЦИИ В РАМКАХ ПРОГРАММЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» 16.11.2024
15 ноября 2024 года Шымкент объединился ради общей цели – сделать свой город чище и уютнее. В рамках республиканской программы «Таза Қазақстан» в каждом районе прошли масштабные экологические мероприятия. К слову, эти акции были не просто уборкой, а настоящим примером силы единства и любви к родной земле.Так, в микрорайонах «Самал-3» и «Нұршуақ» на улицах царила особая атмосфера. Семьи с детьми, активисты и ветераны вышли на уборку. Председатель совета ветеранов района Улыкпан Башенов отметил - каждое участие в таких акциях – это вклад в будущее:"Мы не просто убираем мусор, мы учим друг друга уважать свою землю".А в микрорайоне «Забадам» аль-Фарабийскийского района улицы преобразились благодаря усилиям горожан. Здесь не только очистили тротуары и газоны, но и высадили цветы на клумбах. «Когда вместе создаешь красоту, хочется сохранить ее надолго. Сегодня мы делаем это для себя и наших детей», - сказал Толебек Кенжехан, председатель городского совета ветеранов.Также вдоль канала Шымкент прошла масштабная уборка. Волонтеры очистили участок от улицы Алимбетова до Торекулова. Молодежный лидер Айгерим Нурлан призналась: «Когда видишь чистую территорию, понимаешь, насколько важен твой вклад. Это мотивирует не мусорить и ценить чистоту».В микрорайоне «Туран» участники с самого утра убирали улицы, высаживали деревья и украшали свои дворы. Заместитель председателя районного совета ветеранов Пердеш Есенбек выразил надежду: «Пусть такие дни станут доброй традицией, которая объединяет нас всех».Особое внимание уделили микрорайону «Қазығұрт». Жители убрали территорию вдоль трассы А-2 и улицы Акжар. Руководитель совета ветеранов Әділбек Сатыбалды подчеркнул - ответственность за чистоту – это не работа отдельных людей, а дело каждого.С начала реализации программы «Таза Қазақстан» только в Шымкенте в мероприятиях приняли участие более 15 тысяч человек, было задействовано 120 единиц техники, вывезено свыше 500 тонн мусора. В ближайших планах – проведение дополнительных акций, чтобы охватить еще больше территорий и привлечь к участию максимальное число горожан. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/883964
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫНЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ 16.11.2024
Жаһанды алаңдатып отырған экологиялық проблемалармен қоғам болып күреспейінше, нәтиже аз. Сондықтан, елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экономикалық іс-шаралардың мәні тереңде жатыр.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткендей, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы жүріп жатқаны белгілі. Бұл тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастамаға айналды. Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр.Бүгін Шымкент қаласының барлық аудан аумақтарында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтуде. Оның ішінде, Абай ауданына қарасты «Самал-3» шағынауданы, Тұран ауданына қарасты Қазығұрт шағынауданында, Қаратау ауданы, Тұран шағынауданының, Әл-Фараби ауданы «Забадам» шағынауданының орталық көшелерінде және Еңбекші ауданындағы 12 шағынауданында ұйымдастырылды.Іс-шараға аудан тұрғындары тұрғындары, белсенді жастар, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, ардагерлер қатысты.Су және жер ресурстарын, жасыл желектерді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануға ұқыпты қарауды насихаттау, экологиялық дүниетанымға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған тазалық іс-шараларына қатысушылар, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырады.Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары бір күнмен шектелмей, бүкіл қаламыз бойынша тұрақты түрде жалғасып келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/883965
Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды 16.11.2024
Ақтөбеде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Ол 15-18 қараша аралығында «Қоныс» спорт кешенінде өтеді. Жарысқа 17 облыстан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкенттен 500-ге жуық қатысушы келді. Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде медаль үшін бақ сынасады.Чемпионатқа аралас командалық жарыстар да кіреді, олардың жеңімпазы Қазақстан Кубогін иеленеді. Былтыр бұл кубокті Қызылорда облысының командасы жеңіп алды.Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады. Жаңартылған құрамда ел құрамасы желтоқсан айында өтетін Токиодағы Grand Slam сериясының соңғы турнирінде өнер көрсетеді.Айта кетейік, «Қоныс» спорт кешеніне кіру тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/883957
Менталды бұзылуы бар балаларды оңалту ісінде жетісулық орталықтың жұмысы нәтиже беруде 16.11.2024
Талдықорған қаласында аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы бір жарым жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында мұнда 174 бала ем алды. Соның бірқатары қатарға қосылып, мектеп табалдырығын аттап, өз тұрғыластарымен бірге білім ала бастады. Бүгінгі күні мұнда 124 бала оңалтудан өтуде, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Орталық 125 орынға арналған. Мұнда әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, педагогикалық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызмет түрлері ұсынылады. Орталыққа балалар ПМПК жолдамасымен және жеке оңалту жоспарына сәйкес келеді. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым бекітілген кестеге сәйкес балаларға ұзақтығы 4,5 сағат болатын екі ауысымда қызмет етеді. Осы жерден тиісті ем алған балалардың денсаулығы түзеле бастағанына ата-аналары да қуанышты.– Балам Аман Мадияр дүниеге ерекше бала болып келді. Дамуына бастапқыда өзім күш салғаныммен, аутизм орталығы ашылғаннан бері мамандарға жүгінуді жөн санадық. Бұл орталықтың емінің арқасында баламның мінез-құлқы тұрақтанып, өзі қатарлы балалармен араласып, тіл табыса алатын күйге жетті, екі-үш сөздің басын құрап сөйлей бастады. Әр баланың қоғамға қосылуы ата-ана үшін арман десек, сол күнге жетуімізге септігін тигізіп жатқан мұндағы әрбір тәрбиеші, мамандарға аналық алғысымды білдіремін, – дейді 4 баланың анасы Айнұр Кенжебекова.Орталықтағы психолог, логопед, дефектолог кабинеттері, жеке және топтық сабақтарға арналған АВА кабинеттері, музыка, арт-терапия, оқу-әдістемелік бөлмелеріндегі емдік шаралардың арқасында балаларда оң нәтиже байқалады. Медициналық бағытта психиатр, невропатолог, педиатр, галотерапия кабинеті (тұзды шахта), БАК терапия, массаж, емдік дене шынықтыру залы қарастырылған. Оған қоса қыш, тігін, ағаш шеберханалары, робототехника және LEGO кабинеті, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеттері де бар.– Орталық қызметінің мақсаты - аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға қызметтер кешенін ұсыну, сол арқылы олардың өмірінде туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеруге жағдай жасау, қоғам өміріне басқалармен тең қатысуына жол ашу. Бізде оңалтуға лайық қолайлы, мейірімді атмосфера қалыптасқан. Мұнда 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар да қабылданады. Жалпы қазіргі уақытта мұнда 109 қызметкер еңбек етеді, – дейді орталық директорының орынбасары Гүлназ Әуелбекова.Жалпы облыс бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 8 орталық жұмыс істейді. Аталған орталықтарда бүгінде 450 ерекше бала қызмет алуда. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотосуреттер авторы: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/883939
Қарағандылықтарды скрипка концертіне шақырады 16.11.2024
23 қарашада "Шалқыма" концерт залында Е. Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрдің концерті өтеді. Бұл скрипкашы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асқар Дүйсенбаевтың өнер кеші.Асқар Дүйсенбаев – профессор, халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, "Мәдениет саласының үздігі" медалімен марапатталған. ҚР Мемлекеттік ішекті квартетінің алғашқы скрипкашысы, Metro-philarmonic (Мәскеу-Швеция) Халықаралық Жастар оркестрінің концертмейстері болды. Иордания, Германия, Швейцария, Испания, Италия, Франция, Швеция, Жапония, АҚШ, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан қалаларын аралады.Кеш бағдарламасында жанды концерттік қойылымдарында классикалық музыка жауһарлары бар. Бұл Габриэль фор "Павана", 50 шығарма, Анри Вьетан скрипка концерті № 5 кіші оркестрмен, 37 шығарма, Эрнест Шоссон оркестрмен скрипкаға арналған өлең, 25 шығарма, Александр Глазунов № 5 Симфония №5 си бемоль мажор, 55 шығарма.Дирижерлік пультта артында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов.Басталуы 17: 00. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883668
Әскери қызмет туралы мәліметтер енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді 16.11.2024
Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады. Бұл «Цифрлық мәліметтер» сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды.Енді пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Жаңа функциялар деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы және жеңіл етеді.Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді:Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі, сондай-ақ шақыру мерзімі туралы толық деректер;Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат.Азамат өз мәліметтерін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады. Сонымен қатар, деректерді жұмыс берушінің тікелей сұрауы салуы бойынша да жіберуге болады — ол үшін жұмыс беруші ЖСН немесе телефон нөмірі арқылы сұрау салу жібереді. Содан кейін пайдаланушы хабарлама алады және сұрау салуды растайды немесе оны кері қайтарады. Деректерді eGov Mobile қосымшасына тікелей сілтеме арқылы мессенджерлер немесе пошта арқылы жіберуге болатынын атап өтеміз.Сервисті пайдалану үшін:- eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, «Мәліметтер» бөліміне өту;- «Тарих» бөлімінде мәліметтерге қол жетімділік беруге келген сұрау салуларды қарап шығу;мәліметтерді беруге рұқсат беру немесе сұрау салуды қабылдамау;қажет болған жағдайда, бұрын берілген мәліметтерді «Қайтарып алу» батырмасын басу арқылы қайтарып алу қажет.Бұдан басқа, пайдаланушылар мәліметтерге сұрау салулар тарихын тексеріп, қажет болған жағдайда бұрын берілген мәліметтерге қолжетімділікті басқаруға, оларды қайтарып алуға мүмкіндігі бар.«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883852
Қараша конференциясы: Қарағандыда бизнес өкілдері мен жоба әзірлеушілерге арналған кездесу өтеді 16.11.2024
"Террикон алқабы" it-хабы 29 қарашада өтетін кезекті конференцияға өтінімдерді қабылдауды бастады. Іс-шара айтишник пен digital-мамандарға бағытталған.Алты сарапшы әртүрлі саладағы білім және тәжірибесімен бөліседі. Спикерлердің әрқайсысы өз саласының маманы.Компанияның негізін қалаушы және коммерциялық директоры Hoster.KZ Виктория Бандельман "Компанияның түсінікті ұйымдық құрылымы – пайда мен өсудің негізі" атты дәріс оқиды.CEO Zima Blue, Sea ELDER Фарангиз Шукашева компанияларға стратегиялық шешімдер қабылдау үшін зерттеулер мен деректерді қалай тиімді пайдалану керектігін айтады.Тәуелсіз қаржы талдаушысы Андрей Чеботаревтің "Жеке Қаржы: қалай байып, жинаған қорды қалай жоғалтпау керек" тақырыбындағы дәрісі бюджеттеу, шығындарды басқару, тәуекелдерді басқару және салықтық жоспарлау тәрізді бағыттарды қамтиды.Aviata-дағы data engineer Ержан Кабыл "Data Science бойынша Kaggle-дегі міндеттерді шешу: Titanic кейсін талдау" тақырыбын таныстырады.Қазақстандағы Cloud mL СЭС Болат Қазкенов мансаптық жолды қалай құруға болатыны туралы құпиямен бөліседі.«Кotlin тілін қолдануға көшу және асинхронды кодтың артықшылықтары» тақырыбында неконференцияда NITEC компаниясының Staff Software Engineer-і Темірлан Аманбаев сөз сөйлейді. Формат: онлайн/офлайн. Басталуы: 18:30.Қатысушыларды сайтта тіркеу: terricon.kz."Террикон алқабы" it-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.Конференция Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архифтар басқармасының қолдауымен өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883759
Қарағанды облысының өзекті инвестициялық мәселелері талқыланды 16.11.2024
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарушы директоры Азамат Қожанов бірқатар ірі өңірлік кәсіпорындарға, соның ішінде «Сарыарқа» АЭА нысандарына барып, өзекті инвестициялық мәселелерді талқылады.Осылайша, «Линде Газ Казахстан» ЖШС инвестициялық жобасының алаңында делегация техникалық газдар шығаратын ауа бөлетін қондырғылардың өндірістік циклімен танысып, компанияның Қазақстандағы қызметін одан әрі кеңейту әлеуетін талқылады. 2009 жылы құрылған кәсіпорын оттегі мен азот сияқты өнеркәсіптік газдарды өндіруге маманданған. Бұрын іске асырылған жобалардың сомасы шамамен 200 млн АҚШ долларын құрайды.Бұдан әрі делегация «Qarmet» АҚ қазақстандық ірі болат және тау-кен өндіру компаниясының металлургиялық комбинатына барды, онда домна пешінің жұмысы, сондай-ақ ыстық мырыштау және алюминий цехының жұмыс істеуі көрсетілді. «Qarmet» АҚ негізгі қызметінен басқа, әлеуметтік салада бірқатар жобаларды іске асырды, атап айтқанда, Теміртау қаласында саябақ салынды, сондай-ақ трамвай инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Компанияның бас директоры Вадим Басинмен кездесу барысында тараптар компанияның өндіріс пен өндірістік қуаттылықты ұлғайту, логистикалық мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық қызметті кеңейту жөніндегі жоспарларын талқылады.Сапар барысында Ә. Қуантыров диірмендерге арналған футерлерді өндіруге маманданған «Polymet Solutions Corporation» ЖШС кәсіпорнының қызметімен танысты. Зауыт 2020 жылы іске қосылды және қазіргі уақытта оның өнімдері көрші нарықтарға белсенді түрде экспортталуда. Бұған дейін 2024 жылы кәсіпорын алаңында «OKUMA» жоғары дәлдіктегі фрезерлік өңдеу орталығы пайдалануға берілген болатын. Нысан басшылығымен кездесуде өндірісті дамыту жоспарлары, оның ішінде құю зауытын салу жобасы талқыланды.Министрдің орынбасары сондай-ақ 2021 жылы іске қосылған және Ресей мен Қырғызстанға өнімді экспорттайтын «Алтын Арна Geosynthetics» ЖШС геомембрана өндіру зауытының қызметімен, сондай-ақ «Qaragandy Power Silicon» ЖШС ферросиликоалюминий өндіру зауытының құрылыс алаңымен танысты.Сонымен қатар «Сарыарқа» АЭА аумағында облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысовпен және басқарушы компаниямен бірлесіп АЭА қажетті инфрақұрылыммен және электрмен жабдықтау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ рұқсат құжаттарын алу бөлігінде өндірістердің ағымдағы проблемалық мәселелері, инфрақұрылымдық мәселелер және өткізу нарығына байланысты мәселелер талқыланды. Инвестициялық штабқа одан әрі шығара отырып, бірқатар мәселелерді қарау туралы шешім қабылданды.Сапар қорытындысы бойынша делегация Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен өңірдегі өнеркәсіпті одан әрі дамыту және инвестициялар тарту үшін қажетті шараларды талқылау үшін кездесті.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883913
Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр 16.11.2024
800 мыңнан астам облыс тұрғыны қатысқан көктемде басталған экологиялық акция дәстүрлі түрде күзгі тазалық айлығымен жалғасын табуда.Акцияға облыс тұрғындары мен жастар да белсене атсалысып келеді. Тараз қаласындағы «Самал» шағынауданында №12 үйдің тұрғындары «Таза аула» ұранымен өз ауларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Экологиялық акцияға қатысушылар шашылып жатқан қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.«Мемлекет Басшысының батамасымен жүзеге асырылып жатқан акция облыста жүйелі түрде жалғасып келеді. Бүгінгі тазалық жұмыстарына қала тұрғындары да белсене араласуда. Осындай шаралар үздіксіз жүргізілетін болса, тараздықтар тазалық жұмыстарын әдетке айналдырады деп ойлаймын. Баршаны туған қаламыздың көркеюіне үлес қосуға шақырамын», - деді сенбілікке қатысушы эко-волонтер Айғаным Арқабек.Бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 133,2 мың аула мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 085 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшет отырғызылды.Бұл жұмыстарға 1 056 бірлік техника қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/883886
Аймақтағы күзгі шақыру: медициналық комиссия болашақ сарбаздардың денсаулығын тексеруде 16.11.2024
Өңірде күзгі шақыру жалғасып жатыр. Әскерге шақырылушылардың денсаулығын міндетті тексеру жүргізілуде. Қалалық және облыстық медициналық комиссиялардың білікті мамандары әскерде мерзімді қызметке жарамды жастардың денсаулық жағдайын мұқият қарайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қадағалауымен дәрігерлер тиісті жұмыстарын атқарып, мемлекеттік мекеме тарапынан шақыру науқанында қажетті диагностикаға арналған заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуде.Облыс әкімдігі әрбір әскерге шақырылушының денсаулық жағдайын нақты бағалау үшін әскери комиссариаттарға жаңа медициналық құрал-жабдықтар сатып алды. Жаңа құрылғылардың ішінде ультрадыбыстық аппарат, офтальмологиялық құрылғы, ЛОР комбайны және дерматоскоп бар. Бұл жабдықтар дәрігерлерге әскерде қызмет етуге кедергі келтіретін ауруларды анықтауға мүмкіндік береді.Егер тексеру барысында қосымша диагностика қажет болса, әскерге шақырылушылар аймақтың емханалары мен стационарларына жіберіледі.Әскерге шақырылушылар міндетті медициналық тексеруден өтеді, оған талдаулар мен зерттеулер кіреді. Міндетті процедуралардың қатарына жалпы қан мен зәр анализі, электрокардиография, эхокардиография, флюорографиялық зерттеу, іш қуысы мен бүйрек мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу жатады. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін немесе жеке қожалығында мал ұстайтын азаматтар үшін бруцеллезге қан анализі алынады.Медициналық мекемелерден алынған әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайы туралы ақпаратқа ерекше назар аударылады. Созылмалы аурулар туралы деректер, сондай-ақ профилактикалық медициналық тексерулердің нәтижелері қаралады.Бұдан өзге, әскери бөлімдерге қабылданатын облыстық құрама пункттерде есірткі заттарына тестілеу және АИТВ-инфекциясына зерттеу жүргізіледі, бұл болашақ әскери қызметшілер үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді.Медициналық тексеру – әскерге шақыруға дайындықтың маңызды кезеңі, оны жоғары деңгейде өткізу елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға және болашақ сарбаздардың денсаулығын сақтауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/883752
ШЫМКЕНТТЕГІ ПЕДИАТРЛАР ФОРУМЫ: БАЛАЛАР МЕДИЦИНАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МЕН ПРАКТИКАЛАР 16.11.2024
Шымкентте бұл күндері балалар денсаулық сақтау мамандарының республикалық форумы өтуде.Семинар-кеңеске қатысушылар еліміздің педиатриялық қызметі үшін ең өзекті міндеттер мен балаларға медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі мәселелерді талқылауда.Денсаулық сақтау саласындағы өсіп келе жатқан сын-қатерлер мен жылдам өзгерістер жағдайында педиатрия балаларға сауатты диагностика мен уақтылы емдеуді ғана емес, сонымен қатар аурулардың алдын алуды, ерте шақтан бастап салауатты әдеттерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін медицинаның маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.«Біз қолданыстағы профилактикалық көмекті жақсартуға, балалар өлімінің басқарылатын себептерін болдырмауға бағытталған жаңа табысты көмек түрлерін, цифрлық технологияларды әзірлеуге ниеттіміз. Емханаларда әмбебап прогрессивті патронаж моделін кеңінен іске асырудың, иммундаумен кеңінен қамтудың рөлі өте маңызды, балалар стационарларының инфрақұрылымын жақсартуды талап етеді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің кіріспе сөзінде.Семинарға қатысушылар патронаж қызметінің жұмысы, даму және ерте араласу орталықтарының МСАК деңгейінде ұйымдық құрылым құру бөлігінде педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартындағы өзгерістерді талқылады.Педиатрлардың біліктілігін арттыру, медициналық практикаға жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ педиатрлар, терапевтер және басқа да мамандардың арасындағы пәнаралық өзара іс-қимылды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кеңес тәжірибе мен білімнің нәтижелі алмасуына арналған платформа болады, сондай-ақ балалар медицинасында жаңа тәсілдер мен практикаларды енгізуге ықпал етеді.Форумның қорытындысы бойынша ел өңірлерінде ұлттық басымдықтарды іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірленетін болады.Бүгінде Қазақстанда 6,8 млн-нан астам бала тұрады, бұл әрбір үшінші азаматтың бала екенін білдіреді. Олардың үштен бірі немесе 2,4 миллион бала - 5 жасқа дейінгі балалар. Жыл сайын елімізде 400 мыңға жуық жаңа туған нәресте дүниеге келеді. 1,5 млн-ға жуық бала Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары болып табылады, бұл аталған форумды өткізу үшін өңірдің кездейсоқ таңдалмағанын көрсетеді.Кеңеске еліміздің барлық өңірлерінен денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары, ғылыми және республикалық орталықтардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы ДДҰ және ЮНИСЕФ өкілдері, практика дәрігерлері қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/883750
Бүгін Рудный қаласында ұлы қазақ жазушысы және драматург Бейімбет Майлинге арналған мурал салтанатты түрде ашылды! 16.11.2024
Ленина көшесі, 215 мекенжайындағы үйде енді Б.Майлиннің портреті бейнеленген мурал оның 130 жылдық мерейтойына орай жасалды. Бұл мурал жазушының шығармашылық мұрасына деген құрмет пен танудың символына айналды.Іс-шараға қаланың зиялы қауымы, мектеп оқушылары, қала тұрғындары және танымал жазушының тікелей ұрпақтары қатысты. Мерейтой аясында Б.Майлин атындағы мектеп-гимназияға экскурсия ұйымдастырылып, мектептің театр үйірмесі «Би-ағаның биігі» атты қойылым қойды, ал «Бейімбет оқулары» байқауының жеңімпаздары марапатталды.Осы өнер туындысын жасауға атсалысқан «QС holding» компаниясына және барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/883611
Әйтеке би ауданында 40-қа жуық отбасы желтоқсан айында үйлі болмақ 16.11.2024
Бұл отбасылар тұрғын үй кезегінде бірнеше жылдан бері тұр. Ауданда жалпы саны 316 азамат баспанаға мұқтаж. Олардың арасында көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік осал топтары, мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндап, тұрғын үй саласындағы өзгерістерге тоқталды. Аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылында екі қабатты сегіз пәтерлі жалға берілетін коммуналдық үйлер 2021 жылдан бері салынуда. 2023 жылдың қазан айында ауданға жұмыс сапары барысында өңір басшысы Асхат Шахаров құрылысы ұзаққа созылған нысанды тез арада әрі сапалы түрде халық игілігіне беруді тапсырып, қатаң бақылауына алған еді. Аталған тапсырмаға сәйкес, аудан әкімдігі жобаға қайта өзгеріс енгізді. Биылғы жылы мердігер мекеме «Baspana Build» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауды жоспарлауда. Желтоқсан айында 16 пәтер иесі анықталып, кілттері табысталмақ.«Аталмыш жобаның құны – 298 млн теңгеден асады. Құрылыс-монтаж жұмыстары қазір толығымен аяқталуы жақын. Үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр»,- деді Дәулетияр Тоғызбаев. Аудан әкімінің айтуынша, бұдан бөлек Қарабұтақ ауылында екі пәтерлі 11 үй салынып жатыр. Бұл үйлердің де құрылысы желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Жалпы құны 327 млн теңгені құрайтын жоба аяқталған соң, тағы 22 ауыл тұрғыны баспаналы болмақ. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/883565
Абай қаласының мүгедектігі бар жандары халықаралық ән байқауында топ жарды 16.11.2024
Бес жыл бұрын Қарағанды облысының Абай қаласында "Бірлік" шығармашылық тобы құрылды. Онда мүгедектігі бар жандар бірікті. Осы жылдар ішінде олар облыста ғана емес, елімізде таныла бастады. Енді халықаралық деңгейді бағындырды. Топтың төрт мүшесі Түркия фестивалінде өнер көрсетіп, бас жүлде мен I дәрежелі дипломдарға ие болды.Кемерде IX Халықаралық шығармашылық фестиваль-байқауы өтті. Әр түрлі елдерден келген 400-ге жуық әртіс шеберліктерін көрсетті. Қазақстан атынан Абай қаласының әншілері – Корлан Бажиева, Хамит Достахин, Мұрат Сұлтан, Айымгүл Қуанғанқызы қатысты. Түркияға сапарға Абай аудандық әкімдігі мен демеушілер қаржылай қолдау көрсетті.Байқау ережесі бойынша әр үміткер халықтық және заманауи екі ән ұсынған.Корлан Бажиева "Вокалдық ән" аталымында бас жүлде жеңіп алды. Ол "Хәләулім-ай" және "Әриайдай" халық әндерін орындады. Әділ қазылар алқасы оның өнеріне жоғары баға беріпті. Қалған жеке орындаушылар мен вокалдық дуэт I дәрежелі дипломдар алды. Абай қаласының өнерпаздары Кемер қалалық әкімдігіне қазақтың ұлы ақын-ағартушысының шығармалары жазылған кітаптарды сыйға тартты.Халықаралық байқауға қатысу – тамаша тәжірибе және үлкен сахнаға жол ашу мүмкіндігі, деп атап өтті ұжым мүшелері. "Бірлік" шығармашылық тобы Абай аудандық мәдениет үйінде орналасқан. "Өнер ұжымы 18 орындаушыдан құралған. Олардың барлығында мүгедектік бар. Диагноз әртүрлі: Бұл көзі көрмейтін зағип жандар,церебральды сал ауруына шалдыққандар және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар . Бұл ерекше жандардың рухы биік. Оларды қиындықтан алып шыққан ән әлемі. Сондықтан оларды шығармашылыққа деген сүйіспеншілік біріктіреді", – деді мәдениет үйінің мамандары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/882863
Қарағанды облысының қаржы саласы мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады 16.11.2024
15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бүгін Қарағанды облысының әкімі облыстың қаржыгерлері, экономистері мен банк қызметкерлеріне құрмет көрсетті.– Бүгінде қаржы жүйесінде адал әрі жауапкершілігімен құзыреттілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Олар бюджет пен салық заңнамасын жақсы біледі. Сіздерге абыройлы да, адал қызметтеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Бұл еліміздің жетістіктерін еске түсіріп таразылайтын мереке. Сондықтан осы атаулы күн жыл сайын Қазақстанның одан әрі өркендеуіне түрткі болсын! – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.Аймақ басшысы Қарағанды облысы блоктық бюджеттің пилоттық жобасына кіргенін атап өтті. Бұл бюрократиялық яғни қағазбастылық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жылдам шешім қабылдауды арқылы процесті айтарлықтай жеңілдетеді. Облыстың таңдалуы қаржылық тәртіптің жоғары деңгейі әрі білікті мамандардың бар болуымен байланысты екендігін баса айтты аймақ басшысы.Қаржы жүйесінің мамандары марапаттар мен Құрмет грамоталары табысталды. "Қаржы қызметінің үздігі" төсбелгісіне облыстың білім беру ұйымдарындағы өмір және материалдық-техникалық даму бөлімінің басшысы Бағлан Раимжанова ие болды.– 1995 жылдан бері білім саласында қызмет етіп келемін. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану және жоспарлау – менің сүйікті ісім. Біз білімнің үнемі дамып отыруын мақсат етіп отырмыз. Марапат алғаным үшін алғысым шексіз! Барлық әріптестерімді мерекемен құттықтаймын! Денсаулық, бақыт және қаржылық тұрақтылық тілеймін, – дейді Бағлан Раимжанова.ҚР Қаржы Министрлігінің Алғыс хатын қаржы басқармасының басшысы Людмила Башарина алды. Экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаеваға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің алғыс хаты табысталды. Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен қаржы саласының тағы 21 қызметкері марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883112
Бейнелеу өнері музейі мектеп оқушылары мен студенттерді ауыл шаруашылығы күніне арналған сабақтарға шақырады 16.11.2024
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі оқушылар мен студенттерді мұражай сабақтарында күтеді. 19–30 қараша аралығында ауыл шаруашылығы күніне арналған "Ауылым – алтын бесігім" сабағы өтеді. Мұражай қорынан аграрлық тақырыптағы көркем және графикалық туындылар ұсынылатын болады. Оқушылар Социалистік Еңбек ерінің портреттерін, пейзаждарын, соның ішінде шексіз дала бейнелерін көре алады.Картиналар мысалында музей қызметкерлері Қазақстандағы ауыл шаруашылығының тарихы және оның өңір өміріндегі рөлі туралы әңгімелейді. Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.Алдын ала міндетті түрде жазылу керек.Музейдің мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76. (8-7212) 475-475 телефон номері арқылы жазылуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883170
«Тәуелсіздік ұрпақтары»: Қарағанды облысы әкімінің грантына құжаттар қабылдау басталды 16.11.2024
Қарағанды облысында 15 қарашадан бастап жастар ғылыми, ІТ-, медиа- және бизнес-жобаларын қолдауға арналған "Тәуелсіздік ұрпақтары" аймақ басшысының грантын беру үшін байқауға өтінімдер қабылдау басталады. Байқауға 18–34 жас аралығындағы облыс тұрғындары қатыса алады.Бір гранттың сомасы 2 млн теңге.– Биыл біз алғаш рет жаңа бағыттарды қостық. Енді мұндай қолдау ақпараттық технологиялар, медиа, мәдениет және ғылым салаларында жүрген жастарға да көрсетілетін болады. Алайда «бизнес» бағыты сақталады, кәсіпкерлерге көмек көрсету шаралары жалғаса береді. Үміткерлер өңірдің дамуы үшін маңызды тетіктерді айқын түсінуі керек. Егер кәсіпкерлік туралы айтатын болсақ, бұл әлеуметтік жобалар болуы тиіс. Біздің облыс үшін сұранысқа ие өзекті идеялар қажет. Жалпы 25 грант шамасында қаржы бөлінетін болады. Іріктеу қатал болады, – деп хабарлады жастар саясаты басқармасының бас маманы Ұлан Омаров.Грант келесі бағыттар бойынша беріледі:- Ғылым-жаңа ғылыми жобаларды іске асыру үшін;- Мәдениет-Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, халықтық мәдени дәстүрі мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;- Ақпараттық технологиялар-жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, яғни стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;- Бизнес – жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін;- Медиа-жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.Байқауға қатысу үшін өтінім толтырып, Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709, 2-қабат, Community орталығы мекен-жайы бойынша фронт-кеңсеге немесе электрондық мекен-жайға жіберу қажет. apko2011@mail.ru 15–29 қараша аралығында (қоса алғанда).Толық ақпаратты call-орталықтан +7-701-377-42-11, +7-700-526-28-88 нөмірлер арқылы алуға болады.Call-орталық пен фронт-кеңсе дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:30-ға дейінгі аралықта жұмыс істейді.Грант жаңалықтары телеграмм-каналында да қолжетімді https://t.me/grantskaragandaregion2024.Байқау ережесі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883185