Ғылым
Қарағанды облысында ҚХА-ның жаңа міндеттері талқыланды 16.11.2024
Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына жастар тартылады. Сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеп, әлеуметтік жат қылықтармен күресу мәселелеріне көбірек назар аударылмақшы. 2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бірегей қоғамдық институттың жаңа міндеттері облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың ҚХА мүшелерімен, этно бірлестіктердің басшыларымен өткен кездесуде талқыланды.Биыл ақсақалдар кеңесінің жұмысы республикалық деңгейде атап өтілді. Оның төрағасы Бекзат Алтынбеков атқарылған істерге толығырақ тоқталып, тың бастамаларды ұсынды. Кеңеске өңірлерден өкілдертарту тиімді деп санайды. Бұл жастарға үлгі болатын азаматтар болуы керек.Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Айжан Қиясова отбасылық тәрбиенің рөлі туралы айтты.– Республикалық Аналар кеңесі "Өзіңнен баста" акциясын қолдады. Балаларға жас кезінен бастап заңға бағыну қажеттігін санасына салмақтау маңызды. Яғни, құқықтық тәртіп туралы дұрыс түсінігі болуы үшін аймақтық деңгейде біз бұл жұмысты жүргізуге ниеттіміз, – деп атап өтті Айжан Қиясова.Облыс ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Вилен Молотов-Лучанскийдің айтуынша, жастармен жұмыс жасау кезінде кері байланыспен тікелей диалог маңызды.– Біз отырыстардан тікелей қарым-қатынас жағына шықтық. Көптеген кездесулер мектеп оқушыларымен де өткізілді. Қоғамдық және саяси тақырыптар бойынша зерттеулер, экспедициялар, конференциялар да жалғасады, – дейді ол.Белгілі кәсіпкер Шамиль Осин «Жомарт жан» орталығының жетекшісі. Ол ассамблея мүшелерінің қайырымдылық қызметі туралы айтты. Олар су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үлкен көмек көрсеткен. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырудан да тыс қалмайды.Ермағанбет Бөлекпаев облыстағы 68 мектептің жаңғыртуға таңдалып алынғандығын хабарлады. Олар жайлы білім ошағы деңгейіне жететін болады. Күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Үш жыл ішінде толық жаңартылады деп күтілуде. Облыс әкімі кәсіпкерлерді осы іске қосылуға шақырды.2025 жылы облыста меценаттардың Республикалық форумы өткізіледі. Кездесуде білім беру, мәдениет, жастарға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру, мемлекеттік тілді дәріптеу бойынша басқа да көптеген ұсыныстар айтылды.Достық үйінде театр студиясын ашу ұсынылды. Этно бірлестіктердің ұжымдары халық шығармашылықтарын және сұлулығын әспеттей алады. Кейін күллі облыс бойынша гастрольге жібере алады.– Барлық ұсыныстармен жұмыс жасаййық. Алда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы. Бұл айтулы күн. Біз осы датаға белсенді дайындалуымыз керек. Ұйымдастырылатын іс – шаралардың практикалық маңызы болуы тиіс, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Сіздер қазір айтып өткеннің бәрі ҚХА-ның XXXIII сессиясында Мемлекет басшысының сөздерін растау болып табылады: "Ассамблея ұлттың құндылықтары мен ынтымақтастығының тиімді жолсерігі екенін тағы да дәлелдеді". Барлық жобаларға жастарды белсенді тарту қажет. Бұл ҚХА жұмысының басты құрамдас бөлігі болуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883205
Қарағандының оңтүстік-шығыс ауданында үш жаңа жылдамдық өлшегіш орнатылды 16.11.2024
Қарағанды қаласындағы жолдардағы қозғалысқа бейнебақылау күшейтілуде. Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында 15 қарашадан бастап үш жаңа жылдамдық өлшегіш жұмыс істей бастайды.Полиция департаменті жылдамдық өлшегіш орнатылған мекен-жайларды атады:- Құрылысшылар даңғылы 33/4, "Kids Park"балалар ойын залы;- Б. Әшімов көшесі, "Sapphire" ТК үйінің жанында, 137-ші есептік тоқсан 349 мекен-жайы бойынша;- Гапеев көшесі, "Аян" сауда үйіне қарама-қарсы.Полиция департаменті бұл жолдардағы жылдамдық 60 км/сағ аспайтынын еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883292
Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау туралы айтылады 16.11.2024
Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының мамандары 15 қарашада түрлі мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіреді.Кәсіпкерлер туристік операторлық қызметке лицензия алу үшін қандай құжаттар қажет екенін, өндірістік инфрақұрылымды дамытуда қандай мемлекеттік қолдауға сенуге болатынын, әлеуметтік кәсіпкерлік үшін қандай гранттар берілетінін біле алады. Басталуы сағат 15.00-де.Мекен-жайы: Тәттімбет көшесі, 709. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883304
Жамбыл облысында жыл соңына дейін 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі 16.11.2024
Жамбыл облысында ағымдағы жылы 16 мәдениет нысанының құрылысын жүргізуге 3 млрд. теңге көлемінде қаржы қарастырылды. 2024 жылы 8 мәдениет нысанын пайдалануға беру көзделіп отыр. Бүгінге дейін Байзақ, Жамбыл, Т. Рысқұлов, Талас аудандарында 4 мәдениет үйі мен бір музей ашылды. Жыл соңына дейін Жамбыл, Қордай аудандарында 2 мәдениет үйінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Бұдан бөлек, «Тектұрмас» этно-мәдени кешенінде салынып жатқан «Ежелгі бекініс» нысаны пайдалануға беріледі. Қалған 8 нысан қаржыландыру жоспарына сәйкес келер жылы ел игілігіне тапсырылады. Ағымдағы жылы Жамбыл ауданы Аса ауылындағы аудандық мәдениет үйін, Т. Рысқұлов ауданы Д. Қонаев ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу жоспарланып, бүгінде жұмыстар бітуге жақын. Сонымен бірге 14 мәдениет нысанын, А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрын ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Айта кетейік, Жамбыл облысында 199 мәдениет үйі мен клуб, 275 кітапхана, 2 драма театр, 1 филармония, 2 кинотеатр, 19 музей мен өзге де орталықтар халыққа қызмет көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/883324
Халал өнімдерін таңдаған тұтынушыларды қорғау халықаралық деңгейде талқыланды 16.11.2024
Ыстамбұлда Ислам мемлекеттерінің стандарттау және метрология институтының (SMIIC) XIX Бас Ассамблеясы өтті. Ислам ынтымақтастығы ұйымының (OIC) қолдауымен өткен бұл шарада 2010 жылдың тамызында құрылған SMIIC институты Халал талаптарына сай аккредиттеу, стандарттау және сертификаттау жүйесін құру мәселесі талқыланды. Институттың негізгі мақсаты – діни талаптарды заманауи технологиялармен үйлестіре отырып, таза және қауіпсіз Халал өнімдер мен қызметтерді қамтамасыз ететін стандарттарды әзірлеу.Бұл шараға Қазақстаннан Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО) өкілдері қатысты. Олар күн тәртібіндегі мәселелрді талқылау барысына қатысты. Онда ұсыныстарға дауыс беріп, SMIIC-тің 2024 жылғы жұмыс қорытындылары туралы есептерін бағалау, сондай-ақ 2025 жылға арналған даму жоспарларын қарау қарастырылды. ҰАО-ның қатысуы Қазақстандағы Халал сапа жүйесін халықаралық стандарттарға бағыттай отырып, бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге ықпал етеді.2020 жылдан бастап ҰАО елде аккредиттелген Халал сертификаттау жүйесін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 2023 жылы алғаш рет отандық өнімдер мен қызметтердің Халал сәйкестігін растау органына аккредитация берілді. Қазақстанның SMIIC қызметіне қатысуы Халал өнімдерін таңдаған тұтынушылардың мүддесін қорғауға және техникалық кедергілерді жою, техникалық реттеу саласындағы саясатты үйлестіру арқылы OIC елдері арасындағы сауданы дамытуға ықпал етеді.Бүгінгі таңда SMIIC құрамына 2 миллиардтан астам халқы бар 44 ел кіреді. Қазақстан 1995 жылдан бастап OIC-тың, ал 2018 жылдан бастап SMIIC-тің толыққанды мүшесі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/883219
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН КҮРЕС КҮНІ: ДӘРІГЕРЛЕР ПАЦИЕНТТЕРДІ АУРУДЫ БАСҚАРУҒА ҮЙРЕТЕДІ 16.11.2024
14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні БҰҰ-ның халықаралық күнтізбесінде ресми түрде бекітілген және инсулинді ашқан ғалым Фредерик Бантингтің құрметіне құрылған.Биылғы жылы бұл күн «Кедергілерді жеңу, олқылықтарды жою» тақырыбында атап өтіледі, бұл қант диабетімен ауыратын адамдарды емдеуге және қолдауға тең қол жеткізу қажеттілігін көрсетеді.Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректері бойынша әлемде қант диабетімен ауыратын 500 миллионнан астам адам бар.Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қазанына қант диабеті диагнозы қойылған 516 564-тен астам тұрғын тіркелген, оның 92,4%-ы немесе 486 853-і 2 типті ҚД-ның үлесіне тиесілі, 1-типті қант диабеті диагнозы 29 711 қазақстандықтан анықталды.Диабет - бұл жай ғана ауру емес, мүгедектікке және тіпті өлімге әкелуі мүмкін денсаулыққа елеулі қауіп, соқырлық, бүйрек жеткіліксіздігі, жүрек-қан тамырлары аурулары, аяқтың ампутациясы сияқты бірқатар ауыр асқынуларды тудыруы мүмкін.Бұрын бұл ауру ересектерге тән, болатын, қазір өмір салты факторларына байланысты балалар мен жасөспірімдердің арасында жиі кездеседі.Ұлттық скринингтік бағдарламаның шеңберінде Қазақстанда жыл сайын шамамен 1,6 млн адам қант диабетін ерте анықтауға тексеруден өтеді, бұл ретте 10%-да гипергликемия белгілері анықталады.Қазақстанда қант диабеті диагнозы қойылған барлық пациенттер тегін ем қабылдайды, консультациялық-диагностикалық қызметтер алады, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Олар сондай-ақ 46 атаудан тұратын дәрілік препараттардың кең спектрімен толық көлемде қамтамасыз етілген, оның ішінде бұл инсулиннің 20 атауы және медициналық бұйымдардың 14 түрі.Көрсетілімдер болған жағдайда пациенттер қажетті стационарлық көмек алады, онда өткен жылы қант диабетімен ауыратын 56933 пациент емделді.Профилактика - қант диабетінің ауыр зардаптарын болдырмаудың ең жақсы жолы. 2-типті қант диабеті мен оның асқынуларының алдын алу үшін қалыпты дене салмағын сақтау, күн сайын кем дегенде 30 минут физикалық белсенділікпен айналысу, дұрыс тамақтану, қант пен қаныққан майды тұтынуды азайту, темекі шегуден толығымен бас тарту ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/883171
БІЗДІ БІРЛІККЕ БАСТАЙТЫН БАЙСАЛДЫ БАСТАМАЛАР БІРІКТІРЕДІ 16.11.2024
Шымкентте қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеуді мақсат тұтқан республикалық лекторий Аймақтық инновациялық университет базасында жалғасуда.Лекторийде модераторлық жасаған қалалық ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова бірлікке бастайтын байсалды бастамалар қоғамды біріктіретінін айтты. Келер жылы құрылғанына 30 жыл толатын Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қарым-қатынастар саласында маңызды институтқа айналғанына тоқталды.– Еліміздегі барша этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыұлттық бірлікті бекемдеу, этносаралық қарым-қатынасты нығайту және этнос жастары арасында қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытында жүйелі жұмыс істеп келеді, – деді басқарма басшысы.Университет оқытушылары мен студенттер алдында этносаясаттың басым бағыттары түсіндірілген лекторийде профессор Тілектес Мейрамов, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, Астана қаласындағы «Ахыска» түрік этномәдени орталығының» төрағасы Аскер Пириев және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-дың департамент директоры, қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, Шымкент университетінің факультет деканы, география ғылымдарының кандидаты Алтынбай Сәулембаев сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікке негізделген саясат аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы маңызды міндеттер туралы лекция оқыды.Айта кетейік, 13-14 қараша күндері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған лекторийге республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысуда. Екі күнге жалғасқан лекторий бүгін өз мәресіне жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/883036
СҚО әкімі Эстония елшісімен кездесті 16.11.2024
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Эстонияның Қазақстандағы елшісі Яап Орамен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланып, елдеріміз арасындағы әріптестікті дамыту жөнінде пікірлермен алмасты. Облысты Эстонияның цифрландыру және инновация саласындағы тәжірибесі мен жетістіктері қызықтырады. Сонымен қатар, эстониялық теңіз портының халықаралық сауда мен елдеріміз арасындағы көлік логистикасын дамыту бағытындағы мүмкіндіктері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/882969
Аққайың ауданында үш медпункт ашылады 16.11.2024
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданында инфрақұрылым және ауылшаруашылық нысандарында болып, аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, мәселелер мен алдағы жоспарларды талқылады.Сапарды «Астраханское» ЖШС қолдауымен қайта жөндеуден өткен Астраханка ауылындағы мәдениет үйін аралаудан бастады. Бұл нысан ауыл тұрғындарының мәдени өмірінің орталығына айналды, шығармашылық ұжыммен жылу жүздесу болды.Өңір басшысы Ленинское ауылында жөндеуден өткен ауылішілік жолдардың жағдайын тексерді. Биыл 5 көшеге асфальт төселді. Сондай-ақ Тюменка, Көктерек, Токуши және Власовка ауылдарына кірме жолдар салынды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылатын қыс мезгілінде оларды күтіп ұстау мәселелері талқыланды.СҚО әкімі Қиялы ауылында «Гагарино» серіктестігінің сүт фермасының құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ «Северный бройлер» құс фабрикасының инкубаторында, «Иван Зенченко» ЖШС-нің жем-шөп ауласында, ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасындағы Петкус тазалау желісінде болып, диқандармен кездесуде егін жинау науқанын қорытындылады. "Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту ұлттық жобасы аясында Власовка ауылында жаңа медициналық пункт салынуда. Дәл осындай нысандар Тюменка, Ивановка ауылдарында да тұрғызылуда. Жыл соңына дейін медициналық мекемелер ашылады деп күтілуде. Бұл ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/882972
Келер жылы Алға ауданы 100 пайыз орталықтандырылған ауызсумен қамтамсыз етіледі 16.11.2024
Қазіргі таңда Алға ауданының екі ауылында ауызсу нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Қалған 28 елдімекенге ауызсу түгел жеткізілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Алға ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасаған әкім орынбасары Болатбек Кангужин мәлімдеді.Пресс-конференцияда ол инженерлік инфрақұрылым саласындағы жетістіктерге тоқталды. Оның айтуынша, Тікқайың және Көктоғай ауылдарындағы ауызсу нысандарының құрылысы басталған. Алайда, құрылысқа жауапты мердігердің салғырттығынан жұмыс аяқталмаған. «2022 жылғы рәсімделген келісімшартқа сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстары басталған еді. Алайда, бүгінгі күнге дейін мердігер тиісті жұмыстарды атқармауы салдарынан, нысан белгіленген мерзімде орындалған жоқ. Сондықтан сотқа мердігерді «жосықсыз» деп тану, айыппұл тағайындау және жұмыстарды толығымен аяқтауға міндеттеу бойынша екі мәрте талап арыз берілді. 2025 жылы жұмыстар толығымен аяқталады деп жоспарлануда», - деді спикер. Аудан әкімінің орынбасары, сондай-ақ, алғалықтардың 98%-ы көгілдір отынға қол жеткізгенін жеткізді. Жуырда Жерұйық ауылына газ тартылмақ. Қазір жобалық-сметалық құжат дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/883015
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясына арнап мурал салынды 16.11.2024
Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» акциясы тақырыбында мурал пайда болды. Аталған экологиялық бағдарламаның аясында облыста сенбілік шараларымен қатар осындай насихат жұмыстары да жүргізіліп келеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Талдықорған қаласындағы «Бірлік» шағын ауданында № 43 үйдің қабырғасында жуырда «Таза Қазақстан» акциясын бейнелейтін мурал салынды.- Талдықорған қаласында бүгінгі күні тұлғатану, туризм, экология т.б. тақырыптарда 14 мурал бар. Соның біреуі «Таза Қазақстан» акциясына арналып отыр. Бұл мурал қала әкімінің ұсынысына орай демеушілік көмек арқылы салынды. Қазір көпшілік жазба ақпаратты оқудан гөрі, көзбен қабылдауға бейім, сондықтан осы тақырыпты мурал арқылы насихаттағанды жөн деп таптық. Басты мақсат - тазалықты сақтау мәселесіне қала тұрғындарының назарын аударту, оған қоса «Таза Қазақстан» акциясының маңызын айшықтау, - дейді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов.Үш буын ұрпақтың ағаш егу сәті бейнеленген бұл суретті күнде көретін қала тұрғындары мұндай бастамаға разы.- «Таза Қазақстан» аясындағы сенбіліктерге үнемі қатысамыз. Себебі қала өзіміздікі, ертең бізден кейінгі жас ұрпақ осы жерде өсіп-өнеді, сондықтан қаланың тазалығы бәрімізге ортақ міндет. Кішкентай балаларға да өзіміз үлгі болуымыз керек. Осы муралды көргенде сол жауапкершілікті үнемі есіме аламын, - қала тұрғыны дейді Нұржан Әлібаев.Жалпы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 1 990 техника жұмылдырылып, 10 714 тонна қоқыс шығарылып, 2 445 км арық желісі тазаланды. Облыс аумағында акция кезінде 40,1 мың түп көшет отырғызылды. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Бүгінгі күннің өзінде жалпыұлттық тазалық шарасына облыс бойынша 226 мыңнан астам адам атсалысты. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттер авторы: Олжас ҚұрмашевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/882884
Кітапханада Үндістан мәдениет күндері өтеді 16.11.2024
Абай атындағы балалар кітапханасы 18–22 қараша аралығында Үндістан мәдениетімен танысқысы келетіндер үшін арнайы шара ұйымдастырмақшы. Әлемдік дәстүрді тануға бағытталған жаңа бағдарлама аясында бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған. Кіру тегін.«Қазір әлем мәдениетін тану маңызды. Бұл адамның дүниетанымын көзқарасын қалыптастырады. Біздің «Мәдениеттер тоғысы» жобамыз Италия, Жапония және Қытай дәстүрімен таныстырды. Алдымен қарағандылықтарға Үндістан атмосферасына еніп, танысу мүмкіндігін ұсынамыз», – дейді кітапхана өкілдері.Бағдарлама:* 18 қараша сағат 12:00-де – Үндістан мәдениет күндерінің ашылуы; Үнді ұлттық әні мен биі, танымдық викторина өтеді;* 19 қараша сағат 14:00-де – "Йога әлемі" йогадан шеберлік шыңдауға болады;* 20 қараша сағат 15:00-де – "Мехенди өнері" Хна көркем кескіндеме шеберлік сыныбы;* 21 қараша сағат 15:00-де – "Үнді тағамдары" аспаздық сабағы;* 22 қараша сағат 10:30-да – «Золотая антилопа» мультфильміннің көрсетілімі (Үнді ертегілері негізінде).Апта бойы кітапханада кітап көрмесі мен Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі ұсынған сурет көрмесі өтеді. Кітапхананың мекенжайы: Бухар-жырау даңғылы, 30Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/882861
БҮГІН АРДАГЕРЛЕР ГОСПИТАЛІ МЕН ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 16.11.2024
Бүгін Денсаулық сақтау министрі пациенттерді емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, клиникалық бөлімшелердің жұмысын бағалау шарттарымен танысу мақсатында Астанадағы Отан соғысы ардагерлерінің орталық госпиталіне барды.Сапар барысында ол медицина қызметкерлерімен кездесулер өткізіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың, ардагерлердің, қарттардың әл-ауқаты туралы сұрады.«Біз құрметті ардагерлерімізге лайықты медициналық көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және бұл біздің денсаулық сақтау жүйесі үшін әрқашан басымдыққа ие болады. Жоғары сапалы медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, азаматтардың осы санатын оңалту және әлеуметтік бейімдеу туралықамқорлық жасау маңызды», — деп атап өтті министр.Мұнда пациенттерді сәйкестендіру, дәрілік заттарды дербестендіру бойынша жұмыстар көрсетілді, сондай-ақ емдеуге жатқызу шеңберінде жүргізілетін оңалту және қалпына келтіру рәсімдерімен таныстырылды.Екінші келу нысаны №2 қалалық емхана болды, онда министр ҰҒДСДО басқарма төрағасы Гүлнар Құлқаевамен бірлесіп мейіргер қызметінің жұмысымен, диспансерлік науқастарға қызмет көрсетумен, пациенттерді қабылдау және жолдама беру процесімен танысты.Сапар барысында емхана жұмысында жақында енгізілген жаңалықтар талқыланды. Атап айтқанда, бұл пациенттерді емдеуге жатқызар алдында талдаулардың тізбесін қысқарту туралы болды, бұл арнайы мамандардың көп науқастарды қабылдауға уақытын босатуға мүмкіндік берді.Министр сондай-ақ пациенттермен әңгімелесті, көрсетілген медициналық қызметтердің қанағаттанушылығын сұрады, емхананың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын назарға алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/882835
Таразда мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген пилоттық жобалар жүзеге асуда 16.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оқу процесін цифрландыруға мүмкіндік беретін жүйелер енгізілген Тараз қаласындағы білім ошақтарын аралап, пилоттық жобаның іске асырылу барысымен танысты.Алдымен облыс әкімі «Ұлы дала» (15) шағынауданындағы №64 орта мектепке барды. Бұл білім беру нысанына «Отан Мектеп» ақпараттық-бағдарламалық кешені орнатылған.1200 балаға шақталған ғимарат өткен жылы бой көтерген. Бүгінде екі ауысымда 2 285 оқушы білім алуда. Мектепте 132 педагог қызмет етеді. Білім беру нысанында 56 оқу бөлмесі, 6 компьютер, 2 лингафон, 1 мұғалімдер кабинеті бар, сондай-ақ 1 мәжіліс залы, 2 спортзал, асхана, кітапхана, 4 шеберхана мен 3 зертхана қарастырылған.Бұдан соң облыс әкімі Арай алқабында орналасқан 600 орындық №63 орта мектептің жұмысымен танысты. Аталған білім ошағына «Алақан» жобасы пилоттық режимде іске қосылған.Айта кетейік, бұл пилоттық жобалар аясында ата-аналар баласының мектепке кіріп-шыққанын, асханаға қай уақытта барып, қанша қаражат жұмсағанын ұялы телефоны арқылы бақылай алады. Бұдан бөлек, білім ұясындағы барлық кітаптар жүйеге енгізіледі әрі оқулықтарды пайдалануға алған оқушыны анықтау оңайға соғады.Мектеп директоры Медет Жантелиевтің айтуынша, қазір 38 педагог 481 балаға білім беруде. Нысанда 26 оқу бөлмесі, 4 компьютер, 3 модификация кабинеті, 4 шеберхана, мәжіліс залы, спортзал мен асхана бар.Ербол Қарашөкеев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұрғанын атап өтіп, жауаптыларға пилоттық жобалардың тиімділігін жан-жақты зерделеуді тапсырды.Ұтымды жобаның тәжірибесі өңірдегі басқа да мектептерге таратылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/882820
Инвестициялық перспективалар: ақтөбелік делегация Алматыда бірнеше кездесу өткізді 16.11.2024
Өңір басшысының тапсырмасымен Алматы қаласына іссапармен барған облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов ынтымақтастықты және инвестициялық жобаларды дамыту перспективалары бағытында бірнеше кездесу өткізді.Екінші күні ақтөбелік делегация Кореяның сауда және инвестицияларды ілгерілету агенттігінің (KOTRA), кеңсесінде болды. Сондай-ақ, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдарының, соның ішінде «Almaty Business Development Company» АҚ қызметімен танысты.KOTRA басшылығымен кездесу барысында Ақтөбе қаласында құрылып жатқан арнайы экономикалық аймақты тиімді дамыту және басқару үшін жетекші корей компанияларын тарту, өзара тиімді ынтымақтастық орнату, сонымен бірге инвестициялар тарту және сыртқы сауданы кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.Ал «Инвестициялар үйінде» ақтөбелік делегацияға инвестициялық ахуалды жақсарту, бизнесті қолдау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге бағытталған бағдарламалар туралы ақпарат берілді.Сапар аясында нарықта қарқынды дамып келе жатқан жергілікті «ЭНКО» компаниясы да өз жұмыстарын таныстырып, Ақтөбе облысының аумағында қызметін кеңейту перспективаларын талқылады.Абзал Әбдікәрімов өңірлер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту аса маңызды екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/882766
Мүгедектігі бар спортшылар үшін жаңа заң жобасы әзірленді 16.11.2024
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Құжатта маңызды жаңашылдық ретінде «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымы енгізіледі. Бұл жаңа ереже бірінші топ мүгедектігі бар спортшыларға спорттық іс-шараларға қатысу кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Заң жобасы мүгедектігі бар спортшылардың қозғалыс еркіндігін және спорттық жарыстарға қатысу шарттарын ұлғайтуға бағытталған. Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл өзгеріс спорттағы инклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар азаматтардың спортқа қатысуына қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді.«Мүгедектігі бар спортшылар үшін арнайы көмек көрсету жүйесін енгізу – бұл еліміздегі спортты барынша инклюзивті ету жолындағы маңызды қадам. Біз барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған саясатты жалғастырамыз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Құжаттың қабылдануы спорт саласындағы инклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар спортшылардың жеңістеріне қолдау көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми сайты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/882744
ҚАРАТӨБЕ ТҰРҒЫН АЛАБЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ 16.11.2024
Шымкентте халықты табиғи газбен қамту жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Қаратөбе тұрғын алабы көгілдір отынға қосылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге газды іске қосу шарасына қатысты. Мегаполис басшысы азаматтармен кездесу кезінде әрбір елдімекеннің газдандырылуы экологиялық тұрақты орта құру және қолайлы жағдай жасау жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ, газды пайдалануда сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Бұған дейін халық тұрмыста сұйытылған газ, көмір және отын пайдаланып келді. Бұл халық үшін едәуір қиындық туғызған әрі адам өмірі үшін де қауіпті. Енді көгілдір отынға қол жеткізген тұрғындардың жылыту шығындары да азаяды. Айта кетейік, газдандыру жұмысы 2024 жылдың мамыр айында басталған. Қазіргі таңда 62 абонент газға қосылды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/882658
ШЫМКЕНТТЕ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСЫНА 189 АРНАЙЫ ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛАДЫ 16.11.2024
Шымкентте қысқы маусымға 189 арнайы техника дайындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34-ке артық. 2023 жылы қар тазалау жұмыстарына 155 техника тартылған болатын. Сонымен қатар, орталық көшелерді тазалауға мердігер ұйымдардың 2000-ға жуық қызметкерлері атсалысады. Қазіргі таңда мегаполисте жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 магистральдық көше бар. Бұл көшелердің санитарлық және механикалық тазалығын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бес мердігер ұйым қамтамасыз етеді. Алдағы қысқы маусымда Шымкенттің бес ауданында көшелерді қардан тазалау бірнеше ауысымда жүргізіледі. Мысалы, Абай ауданында тазалау жұмыстары сегіз бағыт бойынша ұйымдастырылады. Жалпы ұзындығы 357,2 шақырымды құрайтын 80 магистральдық көшені тазалау үшін 37 арнайы техника жұмылдырылады. Әл-Фараби ауданында тазалау жұмыстары бес бағытта жүзеге асырылып, жалпы ұзындығы 147,4 шақырым 109 магистральдық көшені тазалауға 39 арнайы техника тартылады. Сондай-ақ, Еңбекші ауданында қар тазалау бес бағыт бойынша жүргізіледі. Жалпы ұзындығы 221,6 шақырымдық 83 магистральдық көшені тазарту үшін 38 арнайы техника тартылмақ. Тұран ауданында жұмыс алты бағыт бойынша ұйымдастырылады. Жалпы ұзындығы 203,3 шақырымдық 111 магистральдық көшені тазалауға 36 арнайы техника тарту жоспарланған. Ал Қаратау ауданында ұзындығы 181,1 шақырымды құрайтын 83 көшені тазалау бес бағытта жүргізіліп, 39 арнайы техника жұмылдырылады. Сонымен қатар, қыс мезгілінде қарды шығару орындары аудан әкімдіктерімен келісіліп, арнайы бос жер телімдері белгіленеді. Жол мен тротуарлардың тайғақ болмауын қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтер инертті материалдардың қомақты қорын әзірледі. Атап айтқанда, шамамен 24 800 текше метр құм және 13 200 тонна тұз дайындалды. Биыл инертті материалдар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қосымша келісімшарт негізінде сатып алынды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/882707
Бірқатар маңғыстаулық азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды 16.11.2024
13 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен салтанатты түрде марапаттады.«Парасат» орденімен еңбек ардагеріБектұр Төлеуғалиев, «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Қосай Жұбаниязов, жеке кәсіпкер Гүлмира Қуаншалиева марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» төс белгісі «Бұрғылау» ЖШС еңбек және жалақы бөлімінің басшысы Тұрған Ахметоваға,«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директордың бірінші орынбасары Нұржан Әбдірахмановқа, «Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық – драмалық театры» МКҚК әртісі Майра Бақбердиеваға, еңбек ардагері Өрендік Нұрбердіхановқа табысталды.«Шапағат» медалімен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» ӨБ басшысының орынбасары Жолдасбек Есжанов марапатталды.Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай марапат иелерін құттықтап, азаматтарға ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.- Егемен еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Бұл марапат — сіздердің көп жылғы еңбектеріңіздің, елге деген адал қызметтеріңіздің нәтижесі. Сіздердің табыстарыңыз баршамызға үлгі. Марапаттарыңыз құтты болсын, әрі қарай да жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер! – деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, 25 қазан - Республика күніне орай өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 42 маңғыстаулық ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/882683
ЖАСТАРҒА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУ ТҮСІНДІРІЛДІ 16.11.2024
Республикалық лекторий Шымкент қаласындағы Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті «Қоғамдық келісім» РММ-нің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» тақырыбындағы лекторий жалғасуда.Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеуді көздеген лекторийде алғашқы сөзді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов мемлекеттік этносаясаттың басым бағыттары жөнінде айтып өтті.Лекторийді қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ-нің басшысы Нұркен Әлімқұловтың модераторлығымен өтті.Жиынға профессор, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, Астана қаласындағы «Ахыска» түрік этномәдени орталығының» төрағасы Аскер Пириев, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің департамент директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, Шымкент университетінің факультет деканы, география ғылымдарының кандидаты Алтынбай Сәулембаев сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің мән-маңызын жастарға кеңінен түсіндірді.Кездесуге Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің оқытушылары студенттер, «Ассамблея жастары» қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/882637