Ғылым
Қарағандылықтар онлайн бос орындар жәрмеңкесінде жұмыс таба алады 16.11.2024
Жұмыс іздеп жүрген Қарағанды тұрғындары онлайн-жәрмеңкеде қолайлы бос орынды таңдай алады. Жәрмеңке 15 қарашада tanda.enbek.kz порталда өтеді.Сайтта 230-дан астам бос жұмыс орны бар. Жұмыс берушілер арасында "Қарағанды Су" ЖШС, Қарағанды облысы бойынша "Алматы қаласының Көлік холдингі", "Атлант-2000" тәрізді компаниялар бар. Қоғамдық тамақтану, құрылыс, ТКШ, білім беру, Көлік және логистика, сауда салаларында да жұмыс ұсынылады.Өтініш берушілер түйіндемені толтырып, жұмыс берушімен тікелей үйден байланысқа шыға алады. Онлайн чат арқылы жұмыс берушіге нақты уақыт режимінде сұрақтар қоюға болады. Сұхбатқа шақыру алу немесе бейне сұхбат алу мүмкіндігі де бар.Жәрмеңкені өткізу уақыты: 11:00-ден 17: 00-ге дейін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/882452
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ МЕН USAID ӨКІЛДЕРІ ЕЛДІҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ 16.11.2024
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың USAID денсаулық сақтауды басқару мәселелері жөніндегі кеңесшісі Жан-Жак Фреремен кездесуі барысында халықтың денсаулығын сақтауға және халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін жақсартуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды.Тараптар фармацевтика өнеркәсібін дамыту, дәрілік препараттардың сапасын арттыру және фармацевтикалық өнімдерді жеткізу тізбегін әртараптандыру аспектілерін қоса алғанда, одан әрі ынтымақтастық жоспарларын белгіледі.Кездесу қорытындысы бойынша еліміздің фармацевтика саласында заманауи тәсілдер мен практикаларды енгізу мақсатында тығыз өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/882622
Биыл су тасқынына дайындық барысында Жетісу облысында 5,6 шақырым өзен жағалаулары нығайтылды 16.11.2024
Жетісу облысында су тасқынына қарсы іс шаралар белсенді жүргізілуде. Осы орайда биылғы қыркүйек айында Панфилов ауданы Бұрақожыр өзенінің жағалауын нығайтылса, тағы бір учаске - Текелі қаласындағы Қора және Қаратал өзендерінің жағалауларын нықтау жұмыстары қазір қарқынды жүріп жатыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Текелі қаласы – таулы аймақ. Сондықтан, төтенше жағдайлар саласы мамандарының айтуынша, Текелінің су тасқынына қатысты қауіптілігі жоғары саналады. Қаланың ішімен үш өзен - Қора, Шажа, Текелі ағып өтіп, үшеуінің түйіскен жерінен ары қарай Қаратал өзені жалғасады. Сондықтан мұндағы су тасқынының алдын алу жұмыстары «Жетісу облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарына» енгізіліп, қазір жұмыстар белсенді жүргізілуде.Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Қуандық Байсақовтың айтуынша, аталған жұмыстарға облыстық бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, қазір құрылыс 4 учаскеде - жалпы ұзындығы 705 метр жерде атқарылуда. Қаладағы су тасқынының алдын алуда бұл жобаның маңызы зор. Қора және Қаратал өзенінің жағалауын нығайту 4 учаскеге бөлінген, соның 2-еуінде жұмыстар аяқталып, құрылыс ауқымының 62 %-ы атқарылды, яғни 440 метрдей жер жасалды. Биыл жобаны аяқтап бітіруіміз керек. Бұл жұмыстар төтенше жағдай қаупін болдырмауға ықпал етеді, - дейді Қ. Байсақов.Қора және Қаратал өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарында қазір 15 адам жұмыс істеуде.- Жаз бойы гобион конструкцияларын құрып, қажетті материалдар әкеліп дайындадық, енді сол конструкцияның ішіне тас салып, нығайту жұмыстарын атқарып жатырмыз. Шынжыр табан экскаватор, КамАЗ, манипулятор сияқты барлық қажетті техникаларды жұмылдырдық. Жұмыс кестеге сәйкес жүріп жатыр, - деді мердігер компанияның өкілі Ералы Құсманов. Жалпы Жетісу облысында 2025 жылдың су тасқынына дайындық барысында 5,2 км су бұру арналары орнатылып, тазартылды, 400 метр қорғаныс бөгеттері салынып, жөнделді, 4,6 шақырым өзен арналары мен каналдарға механикалық тазарту жасалды, 5,6 шақырым өзендердің арналары тереңдетіліп, түзетіліп, жағалаулар нығайтылды. Сол сияқты 241 шақырым арық желісі, 215 шақырым каналдар және автожолдарда 2826 су өткізу құбырлары тазартылды. Су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында аудандар мен қалалар әкімдіктері инертті материалдар, жанармай қоры мен қаптар дайындады, 913 бірлік жеке құрам күштері мен құралдары, 235 бірлік техника, 108 мотопомпалар әзірлікке келтірілді.Атап өтсек, келесі жылы облысты дамыту жоспарының аясында Панфилов ауданы Сүптай ауылында Тышқан өзенінің, Талдықорған қаласы Қаратал өзенінің жағалауларын нығайтылады. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттер авторы: Дмитрий Ерофеев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/882450
Маңғыстауда алғаш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті 16.11.2024
Бүгін, 13 қараша күні Маңғыстау облысында алғаш рет «AMANAT» партиясының бастамасымен ауыл әкімдерінің форумы өтті.Форумның мақсаты – елдегі саяси реформалардың, ауыл халқының сапалы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатындағы жобалардың орындалуын, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді ашық талқылау, оны шешу жолдарын қарастыру. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Жәнібек Шәйдікерім және барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері, облыстық басқарма басшылары, «AMANAT» партиясының қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары қатысты.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мұндай ауқымды шаралар барлық деңгейдегі әкімдердің өзара байланысын нығайтуға, тәжірибе алмасып, шалғай елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін айтты.- Президент әр Жолдауында елімізде әділдік пен демократия принциптерін нығайтуға бағытталған жүйелі шаралар қабылданып жатқанын айтып келеді. «AMANAT» партиясы осы бастамаларды іске асыруда белсенділік танытып, оларды Үкімет және әкімдіктермен бірлесе отырып жүзеге асыруда. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылы облысымызда 165 жоба қаржыландырылды. Бұл жобалардың іске асуына ауыл әкімдері өз үлестерін қосты деп есептеймін. Сондай-ақ, Президент 2022 жылғы сайлаудан кейінгі алғашқы Жарлығында ауылды дамыту мәселесін көтеріп, халықтың 40 пайызы ауылда тұратынын ескере отырып, Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылдық жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай ауыл әкімдеріне көптеген мүмкіндіктер қарастырылуда. Бүгінгі «AMANAT» партиясынан сайланған ауыл әкімдерінің форумы да әкімдік пен партия арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды шаралардың бірі деп есептеймін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Өз кезегінде «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев елді мекендегі кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық ахуалды арттыру мақсатында бастау алған «Ауыл аманаты» жобасының мазмұнына, сонымен қатар партияның алдағы жоспарына тоқталды.Форум әрі қарай Онды, Кендірлі ауылдары және Бейнеу ауданы әкімдерінің баяндамасымен жалғасты.Жалпы Маңғыстау облысында 47 ауыл әкімі бар болса, оның ішінде 43-і «AMANAT» партиясының атынан сайланған. Ауыл әкімдері Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда, ауыл халқының әлеуетін арттыруда белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұған 2021 жылы ауыл әкімдерінің сайлауы тың серпін сыйлағаны анық.Форумның екінші бөлігі секциялық жұмыс пен семинар-тренингпен жалғасты. ҚР Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері «Эмоционалды интеллект және көшбасшылық» тақырыбы бойынша тренинг жүргізді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/882401
Қарағанды қаласында "Экоқаһарман-2024" байқауы мәресіне жетті 16.11.2024
Қарағандыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған «Экоқаһарман-2024» байқауы мәреге жетті. Үздік атану үшін қаланың 33 мектебінің 1–7 сынып оқушылары бақ сынады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдерге қалдықтарды сұрыптау негіздерін үйрету. Макулатура мен пластикалық бөтелкелерді жинауға тарту экомәдениетке баулу.Байқау екі негізгі аталым бойынша өтті. Бұл "Макулатураны жинаңыз-ағашты сақтаңыз!" және "Пластикті қайта өңдеу – планетаға ауа қажет!" номинациялары. Жеңімпаз болып № 45 гимназияның оқушылары атанды.Біздің гимназия 2017 жылдан бері экологиялық акцияларға ұатысады. Біз макулатура, пластик, қақпақтар, батарейкаларды жыл бойы жинаймыз. Біздің бірінші қабатта контейнерлер орнатылған. Балалар қоқысты дұрыс сұрыптау жолын біледі. Бұл жолы ең белсенді оқушылар, яғни 356 адамнан құралған команда, 1 тонна 600 кг макулатура, 65 кг пластик жинаған. Instagram-да 300-ден астам жарияланым жасаған. Мұндай байқаулар тек сыныптың, school's оқушылары мен ұстаздарын ғана емес, сондай-ақ ата-аналарды да біріктіреді, – дейді № 45 гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ирина Деева. – Енді жеңімпаздар өздерінің төмен сыныптарда оқитын кішкентай балаларға қоқысты дұрыс сұрыптауды үйретуге дайын.«Экомотивация» номинациясында Б. Момышұлы атындағы мектептің оқушылары жеңіске жетті. «Экоамбассадор» атағын Абай атындағы гимназия иеленді. «Командалық рух» аталымында Шәкәрім атындағы гимназияның оқушылары үздік деп танылды. «Жас экологтар» номинациясында № 13 қосымша білім беру орталығының оқушылары жүзден жүйрік шықты.Мектеп командалары өз тәжірибелерімен әлеуметтік желілерде бөлісті. Instagram желісінде байқау барысы жайлы 500-ден астам пост жарияланды. Мұндай жазба басқа оқушыларды экологияға жауапкершілікпен қарауға бағыттайды. Ең белсенді мектеп ретінде № 45 гимназиясының оқушылары танылды.Байқаудың нәтижесі бойынша – 3573,52 келі макулатура мен 540,75 келі пластикалық бөтелке жиналды. Барлық қалдықтар қайта өңдеуге жіберілді. Ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қарағанды қаласы білім бөлімі мен «ВторСырьё Караганда» ЖШС. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/882332
Қарағандыда жұмысқа үміткер іздеу және іріктеу жобаларын әзірлеу бойынша хакатон қорытындысы шықты 16.11.2024
Қарағандыда "Террикон алқабы" стартап-экожүйесі ұйымдастырған бастаушы және тәжірибелі әзірлеушілерге арналған байқау өтті. 48 сағат ішінде қатысушылар инновациялық технологиялық шешімдерді жасау бойынша жұмыс жасады. Жүлде-ақшалай сыйлық.Байқау талабы бойынша хакантоншылар бос жұмыс орындарына үміткерлерді іздеу және іріктеу жүйесіне арналған жобаларды әзірлеуі керек.Байқауға 230 үміткерден 80 команда қатысты. Ақтық мәреге 40 команда өтті. Олардың әрқайсысы өз шешімдері мен ұсыныстарын қазылар алқасына ұсынды– Әр команда өздерінің прототиптерін таныстырды. Біз функционалдылықты, жасанды интеллектіні қолдануды, пайдаланушы интерфейсінің ыңғайлылығын, дизайнын бағаладық. Сондай-ақ, масштабталу және адаптивтілік маңызды болды. Әрбір критерий бойынша ұпайлар берілді. Инновациялар үшін қосымша жеке баға берілді. Мысалы, 8-ші команда жасанды интеллектпен жүргізілген сұхбатты қамтитын ерекше шешім ұсынды, – деп баяндады «Террикон алқабы» стартап-экожүйесінің басқарушы серіктесі Диана Салехова. Бірінші орынды №47-ші команда (Арман Сергазин мен Рахат Балтабеков) жеңіп алып, 500 мың теңге көлемінде басты жүлдені иеленді.– Мен геологпын, сондай-ақ бұдан басқа бірнеше мамандықтарым бар. Олардың ішінде fullstack-әзірлеуші, мобильді әзірлеуші, жүйелік әкімші, жоба менеджері тәрізді саланы меңгергенмін. Бұл хакатон мен үшін 12-ші байқау. Олардың жетеуінде мен жеңіске жеттім. Үздік шығуыма тәжірибем мен нейрондық желілерді пайдаланудағы ұтымды шешімім басты рөл атқарды деп ойлаймын. Мен үшін бұл тәжірбиемді шыңдау ғана емес, сонымен қатар ақша табу мүмкіндігі. Демек, менің мансабымда бір қадам алға жылжу бар деген сөз, – дейді Арман Серғазин.Екінші орын және 300 мың теңге жүлдені № 8 команда (Ерасыл Базарбаев, Әлімжан Жорабек, Айжас Сериков және Алинур Толбаев) жеңіп алды. Үшінші орын және 200 мың теңге № 74 командасына (Руслан Анасов пен Малик Абдулов) бұйырды.Жекелеген марапаттар «Көрермендер көзайымы» аталымында үздік шыққан жобаларға берілді. № 14 және № 28 командалары әрқайсысы 100 мың теңге жүлдені иеленді. Байқаудың серіктестері – Freedom Bank және Freedom Telecom. Ұйымдастырушылар мен серіктестер қатысушылардың дайындығын жоғары бағалап, үздік жобалардың бизнеске енгізілу мүмкіндігіне сенім білдірді. Осыған байланысты жобаларды пилоттық режимде іске қосу мүмкіндігі бар үздік 15 командаға арналған қосымша жоба жарнамаланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/882245
Қарағандылық дәрігерлер капсулалық эндоскопия әдісін үйренді 16.11.2024
Қарағандылық мамандар эндоскопиялық зерттеудің озық әдісі – капсулалық эндоскопияны игеруде. Тұңғыш рет ұйымдастырылған оқу Қарағандының көпсалалы облыстық балалар ауруханасында өтті. Дәрігерлер астаналық штаттан тыс балалар хирургы Ринат Байғыреев пен хирург, бейнекапсулалар өндіруші компанияның өкілі Виктор Исаковтан практикалық білім алды.Капсульды эндоскопия – асқазан-ішек жолдарын зерттеудің заманауи және қауіпсіз әдісі. Бұл әдіс 2001 жылы пайда болды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл инвазивтілігі төмен әрі ыңғайлы диагностикалық тәсіл, әсіресе балаларға өте ыңғайлы.«Егер кәдімгі гастроскопия немесе колоноскопия тек асқазан-ішек жолдарының белгілі бір бөліктерін қарауға мүмкіндік берсе (гастроскопия – өңеш, асқазан және он екі елі ішек, колоноскопия – тоқ ішек), капсульды эндоскопия бүкіл асқазан-ішек жолдарын зерттеуге көмектеседі. Науқасқа арнайы белдік тағылып, ол шамамен бір сантиметрден сәл үлкен капсуланы жұтады. Капсула жоғары рұқсаттама камерасымен (4K) және жарықдиодты шамдармен жабдықталған. Олар жарықты қамтамасыз етеді. Қозғалыс жылдамдығына байланысты капсула секундына 2-ден 18-ге дейін сурет түсіреді», – дейді дәрігерлер.Зерттеу процесі видеотіркеумен бірге жүреді. Капсула шамамен 80 мың сурет түсіреді. Олар біріккен видеқатарға айналады. Нәтижесінде науқастың ішкі жағдайы туралы тұтас «фильмі» яғни көрінісі шығады. Егер зерттеу барысында ауытқулар анықталса, олар хаттамаға тіркеледі. Әдетте, мұндай зерттеу шамамен 8 сағатқа созылады.kgp.odkb.krg Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/882376
МАҚСАТ – ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІН ДӘРІПТЕУ 16.11.2024
Бүгін Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті «Қоғамдық келісім» РММ-нің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» тақырыбында лекторий бастау алды.Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеуді көздеген лекторийдің ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов пен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысып, мемлекеттік этносаясаттың басым бағыттарына тоқталды.– Біздің алдымызда сан-қырлы міндеттер тұр. Қоғамдағы бірлікті бекемдеу, этносаралық татулықты нығайту, өзара сыйластық пен түсіністікті тұғырынан түсірмеу және азаматтардың ұлтына, дініне қарай ерекшеленуіне, оқшаулануына жол бермеу, – деді Сәрсен Абайұлы.Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлованың модераторлығымен өткен жиында профессор, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, Астана қаласындағы «Ахыска» түрік этномәдени орталығының» төрағасы Аскер Пириев, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің департамент директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, Шымкент университетінің факультет деканы, география ғылымдарының кандидаты Алтынбай Сәулембаев сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің мән-маңызын қатысушыларға түсіндірді.Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында екі күнге жалғасатын лекторийге республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, қалалық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, медиация кеңесі, журналистер мен блогерлер клубы, «Ассамблея жастары» сынды қоғамдық құрылымдар мен қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттер қатысуда.Айта кетейік, «Достық үйінде» бастау алған лекторий 13-14 қараша күндері Шымкенттегі Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті мен Академиялық инновациялық университеттің базасында жалғасын табады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/882317
Темір ауданында су тасқынының алдын алу мақсатында бөгеттер салынып жатыр 16.11.2024
Облыс әкімінің тапсырмасымен әкім орынбасары Ғалымжан Елеуов Темір ауданына жұмыс сапарымен барып, су тасқынына қарсы қабылданған шаралармен танысты.Қазіргі уақытта аудан орталығында мердігер компаниялар - «Story Master Elite Group» ЖШС Шұбарқұдық кентінің кіреберісінде және «Stro Proekt» ЖШС «Задепо»аймағын су тасқыны қаупінен қорғау мақсатында бөгеттер салып жатыр.Сонымен қатар, сел және су тасқыны қаупінен қорғауға бағытталған қорғаныс бөгеттері құрылысы Саркөл ауылдық округіне қарасты Шұбарши, Құмсай және Қопа елдімекендерінде де жасалуда.Шұбаршиде бас мердігер - «Story Master Elite Group» ЖШС, Құмсай елдімекенінде - «TAF Company» ЖШС, ал Қопа елдімекені бойынша бас мердігер - «Lider Invest» ЖШС жауапты.Бөгет құрылыстарын қарап шыққан Ғалымжан Елеуов аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандарбек Қойшыбаевқа ауа райын ескере отырып, құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, оның уақытылы аяқталуын бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/882341
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ 16.11.2024
Жезқазғанда «QH» нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар балаларға арналған мемлекеттік оңалту орталығының ашылуы өтті.Жаңа орталық 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған және жылына 600-ге дейін бала қабылдай алады. Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілді, кішкентай пациенттердің келуі үшін қолайлы жағдайлар жасалды.Көрсетілетін көмектің жоғары деңгейін қолдау мақсатында орталықта мультидициплинарлық топ құрылды, оның құрамына неврологтар, реабилитологтар, логопедтер, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) нұсқаушылары, дефектологтар, еңбек терапевттері, психологтар кіреді.«Қамқорлық» қорының орталықтары «Қазақстан халқына» ҚҚ жобасының бас әріптесі қаражатына сатып алынған сараптамалық сыныптағы заманауи медициналық оңалту жабдықтарымен жарақтандырылған.Балалар жеңілдетілген санат ретінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен қалпына келтіру емі толығымен тегін ала алатынын айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/882266
АЛМАТЫДА ЛАЗЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН БАЛАЛАРДАҒЫ КҮРДЕЛІ КӨЗ ПАТОЛОГИЯСЫН ЕМДЕЙ БАСТАЙДЫ 16.11.2024
Қазақстанда балалардағы күрделі көз ауруларын емдеу әдістері белсенді түрде жетілдірілуде. Алматының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының Көз микрохирургиясы бөлімшесінде Constellation Vision лазерлік хирургиялық жүйесінің көмегімен күрделі витреоретиналды патологиялар кезінде операциялар жүргізіле бастайды.Витреоретиналды хирургия жоғары технологияны қажет ететін торлы қабық пен шыны тәрізді дененің ауыр ауруларына арналған операцияларды қамтиды. Бұл бағыт бүкіл әлемде белсенді дамып келеді.«Алматының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының Көз микрохирургиясы бөлімшесінде біздің кішкентай пациенттеріміз шала туған нәрестелердің ретинопатиясын, отбасылық экссудативті витреоретинопатияны, Коатс ретинитін және көздің басқа да ауыр ауруларын емдеу бойынша операциядан өте алады», — деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиева.Бұрын мұндай патологиясы бар балалар квота бойынша шетелге жіберілетін. Енді олар Алматыда қажетті көмек ала алады. Соңғы жылдары Қазақстанда балаларда торлы қабық пен шыны тәрізді дене патологиясы жағдайларының өсуі байқалады.«Гаджеттердің кеңінен қолданылуын ескере отырып, визуалды патология мәселесі өзекті бола түсуде және лазерлік көруді түзету балалар офтальмологиясының маңызды міндеті болып табылады. Біздің орталықтың базасында лазерлік микрохирургияны енгізу емдеуге қолжетімділікті жақсартады және мамандарымыздың біліктілігін арттырады», - деп атап өтті Орталықтың директоры Әлібек Смағұлов.«Осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 57 қазақстандық бала витреоретиналдық операциялар үшін шетелге шығуға мәжбүр болды. Жаңа жабдықтың арқасында ата-аналар бұдан былай шетелдегі операцияларға қаражат іздемейді», - деп толықтырды AYALA қорының президенті Айдана Сүлейменова.Орталық «Шеврон» компаниясының қолдауымен AYALA қайырымдылық қорының арқасында Constellation Vision заманауи лазерлік хирургиялық жүйесін алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/882270
Карағандада оператта жанкүйерлеріне жаңа жыл алдында тосын сый дайындап жатыр 16.11.2024
Карағанды академиялық музыкалық комедия театры жаңа қойылым әзірлеп жатыр. Оперетта жанкүйерлері үшін 13 және 14 желтоқсанда «Ах, Оффенбах!» атты оперетта кешінің премьерасы өтеді. Жак Оффенбах – француз опереттасының негізін қалаушы және ең көрнекті өкілі. Сыншылардың пікірінше, музыка тарихындағы ең ұлы сатириктердің бірі. Классиктің тапқыр туындылары бүгінгі күнге дейін өз танымалдығын жоғалтқан жоқ.Оның ең танымал шығармалары – «Орфей тозақта», «Сұлу Елена», «Гофман ертегілері» және басқалар. Театр өкілдері Жак Оффенбахтың басқа сахналарда көп қойылмаған екі опереттасын таңдағанын атап өтті. Бірінші бөлімде көрермендерге «Тромб-аль-Казар» музыкалық комедиясы ұсынылады. Оффенбах бұл шығарманы 1856 жылы жазған. Сахналық қойылым сюжеті негізі – театр әртістерінің өмірінен алынған.Екінші бөлімде актерлер Оффенбахтың 1861 жылы жазған «Фортунио әні» атты шағын опереттасын орындайды. Қойылым желісі Людовик XIV билік құрған кезеңде, Францияның бір қаласындағы Фортунионың бағында өтеді. Қойылымды сахналау үшін Ресейден мамандар шақырылды. Режиссер – Николай Покотыло (Мәскеу). Музыкалық жетекші және дирижер-қоюшы – Андрей Алексеев (Санкт-Петербург).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/882051
Ақтөбелік делегация Алматыдағы өндіріс орындарын аралады 16.11.2024
Сапардың негізгі мақсаты - өндірісті оқшаулау және тәжірибе алмасу. 2024 жылдың 11-12 қарашасында Ақтөбе облысының делегациясы әкім орынбасары А.Әбдікәрімовтің басшылығымен Алматы қаласына барды. Делегация құрамына индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері мен өңірдің кәсіпкерлері енді.Ең алдымен делегация HYUNDAI автомобиль өндіретін зауытында болды, онда Ақтөбе облысында жүк техникасына арналған қондырмалар өндірісін оқшаулау перспективалары талқыланды. Бұл қадам өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға және жетекші өндірушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.Сонымен қатар, делегация «Алматы» индустриялық аймағының басқарушы компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде шағын және орта бизнесті қолдауда шешуші рөл атқаратын шағын өнеркәсіптік саябақтарды құру мен дамытудың оң тәжірибесі ұсынылды. Ақтөбе облысы өңірде өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған ұқсас үлгіні енгізуді жоспарлап отыр.2025 жылы Ақтөбе облысының әкімдігі шағын өнеркәсіптік аймақтарды құруды жоспарлап отыр, бұл өңірдегі бизнесті қолдау және экономикалық өсуді ынталандыру үшін маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/882016
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҮШ ГҮЛЗАР ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ 16.11.2024
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында 3 демалыс орны тұрғындар игілігіне берілді. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа нысандардың ашылу рәсіміне қатысып, тұрғындармен жүздесті.Қала әкімі алдымен Шымкент май зауыты (МЖК) аумағындағы жаңарған нысанды аралап көрді. Есіл және Камал көшелерінің арасындағы 0,5 га аумақтағы көне саябақ қайта жаңғырды. Жаңа нысанның ашылуы тұрғындарды ерекше қуанышқа бөледі. Ұлт саулығын жақсарту мақсатында саябаққа 200 шаршы метр заманауи баскетбол алаңшасы, балалар ойын және спорт (тренажер, воркаут) алаңшалары, 2 теннис үстелі, 1 шахмат үстелі орнатылды. Аталған аумақта 2000-нан астам тұрғын бар. Тұрғындар көне саябақтың қайта абаттанғанына ризашылықтарын білдіріп, қала әкіміне алғыстарын жеткізді. Ғабит Әбдімәжитұлы азаматтарға қайта жаңарған саябақты күтіп ұстау қажеттігін, демалыс аймақтары одан әрі де көбейе беретінін атап өтті. Сондай-ақ, қала әкімі А.Диваев көшесінде, С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. А.Диваев көшесінде орналасқан жалпы аумағы 0,31 га гүлзарда шынар, каштан ағаш көшеттері мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды. Аталған аумақ жалпы 20 көпқабатты тұрғын үй мен 3300 адамды қамтиды. Құрылыс жұмыстары барысында 1031 шаршы метр аумаққа мәрмәрдан жасалған аяқжол салынған. Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін 2 велотұрақ, ауызсу бұрқағы және фотоаймақ жасалды. Қоғамдық ортақ пайдалану орындарын қалыптастыру мақсатында қолға алынған С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы жаңа гүлзардың аумағы – 0,2 га. Серуендеу орнында ескі субұрқақ пен көпір күрделі жөндеуден өтіп, канал аумағы толық қоршалды. Сонымен қатар, гүлзарда көпжылдық гүлдер отырғызылған. Аталған аумақта халық тығыз орналасқан. Жалпы 15 көпқабатты тұрғын үй, 2700-ден аса тұрғын бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/881942
Ермағанбет Бөлекпаев: «Қарағанды облысы есірткісіз аймаққа айналуы керек» 16.11.2024
Қарағанды облысында жыл басынан бері 332 есірткі қылмысы анықталып, 445 кг есірткі тәркіленді. Екі жерасты фотолабораториясы жойылды. Есірткі бизнесімен айналысқандардың қызметі тоқтатылды: жылдық қаржы көлемі 2,5 млрд теңгеден асқан 16 күдікті ұсталды.Аймақ аралық штабтың отырысында есірткіге қарсы саясат қаншалықты деңгейде жүзеге асырылып жатқандығы айтылды. Кеңесте мемлекеттік органдардың өкілдері облысты есірткіден таза аймаққа айналдыру үшін тағы қандай шаралар қабылдау керектігі талқыланды.Полицейлер наркограффити-мен күрес жүргізуде.– Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск және Балқаш қалаларында еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен «СТОП-граффити» ұранымен ауқымды акциялар өткізілді. 2024 жылдың 16 қазанына дейін 410 рейд жүргізіліп, 11 902 наркограффити бояп тастады, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.Заманауи технологиялар дәуірінде қылмыскерлер есірткіні тарату үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді көбірек пайдаланады. Облыстық полиция департамент өкілдері есірткіні жарнамалайтын 177 сайт пен парақшаны бұғаттады.Отырыста есірткіден емдеу мен оның алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жақын арада облыстық психикалық денсаулық орталығында газды хроматограф жұмыс істей бастайды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова бұл құралдың көмегімен адамның ағзасында 100-ден астам есірткі түрін анықтауға болатынын айтады.Аймақ басшысы есірткіге қарсы профилактика жоғары оқу орындарында, колледждер мен мектептерде қолжетімді формада жүргізілуі керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екендігін ескертті.– Полиция қызметкерлері қала және аудан әкімдерімен бірге үнемі аулаларды аралап, есірткіні жарнамалайтын орындарды алдын ала анықтауы қажет. Денсаулық сақтау басқармасы мектеп оқушылары мен студенттер арасында үнемі скрининг ұйымдастыруы тиіс. Облыстық диспансер жанынан анонимді кеңес беретін консультациялық орталық ашу қажет. Аймақта есірткіге қарсы күрестің негізгі мақсаты – қоғамды есірткіге тәуелділікпен күресуге шақыратын қоғамдық қозғалыс құру керек. Қарағанды облысы есірткіден таза аймаққа айналуы тиіс, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/881731
Қарағанды облыстық ауруханасында өкпе ауруларын диагностикалауға арналған заманауи аппарат орнатылды 16.11.2024
Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының консультативтік – диагностикалық орталығында өкпе функцияларын жан-жақта зерттеп, тексеретін заманауи сараптамалық класс аппарат-бодиплетизмограф орнатылды. Бұл аппараттан міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін өтуге болады. Тек емдеуші дәрігердің жолдамасы болуы керек.Процедурадан адам жеңіл өтеді. Адам ағзасына кері әсері жоқ.– Аппарат компьютерлік томографиядан бұрын кеуде қуысының функционалдық бұзылуын анықтайды. Өкпенің функцияларын тереңірек зерттеуге арналған. Атап айтқанда, ол қанның оттегімен қанығуын тікелей анықтайды. Өкпедегі өзгерістер болса, газдардың диффузиясы, газ алмасуын көрсетеді.Тексеруден кез-келген облыс тұрғыны өте алады. Бірақ пульмонологтар нақты диагнозы бар науқастарды жіберіп жатыр. Олар өкпенің интерстициальды ауруы бар азаматтар. Ауыр обструктивті өкпе ауруына шалдыққандар. Бронхиалды астмамен, жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясымен сырқаттанғандар, – деді консультативті-диагностикалық емхананың меңгерушісі Ляззат Шоланова.Бодиплетизмограф өкпенің көлемін өлшеуге, тыныс алу жолдарының бітелуін анықтауға мүмкіндік береді. Тыныс алу жүйесі ауруларын диагностикалау мен бақылау үшін маңызды көрсеткіштерді бағалауға жол ашады.Мұндай аппарат Қазақстанның екі медициналық орталығы Қарағанды мен Астанада қалаларында ғана бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/881741
Қарағандыда ел бойынша ерлігімен көзге түскен полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары ұлықталды 16.11.2024
Қарағандыға түрлі жағдайда азаматтарды құтқарып қалған антына адал Ұлттық ұлан мен полиция қызметкерлері жиналды.Ішкі істер министрлігінің бастамасымен еліміздің әр өңірінде «Қазіргі заман қаһармандары» республикалық акциясы өтеді. Оның мақсаты – ел үшін туған ерлердің нағыз патриотизмін үлгі ету. Акция «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналады. Тараздық полиция қызметкері терроршыны ұстау кезінде қаза тапқан.Акцияға қатысушылар қайтыс болған полиция қызметкерлеріне арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды. Б. Бейсенова атындағы ҚР ІІМ академиясында өткен дөңгелек үстелге қтысты. Қазіргі заман қаһармандары – батылдық сабағында оқушылармен кездесті. Елімізде өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін жүзден астам "Жас сақшы" кадет сыныптары жұмыс істейді. Аталған кадет сыныптарына қаза болған қызметкерлердің есімі берілген.Акция Кеншілер мәдениет сарайында өткен салтанатты іс-шарамен аяқталды. Онда еңбегі еленген тәртіп сақшысына марапаттар табысталды.– Бүгін біз батылдық, ар-намыс және адалдықтарымен мемлекеттің күші мен әділдігіне деген сенімді нығайтатын азаматтарға құрмет көрсету үшін осында жиналдық. Сіздер батырсыздар, нағыз қорғаушысыздар. Көшелердегі қауіпсіздігі мен тұрғындардың тыныштығын сіздер орнатып жүрсіздер. Сіздер қазіргі заманғы полицияның қандай болуы тиіс екендігінің жарқын үлгісісіздер, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.Ішкі істер министрі 2024 жылды кадрлық әлеуетті арттыру жылы деп белгіледі. "Қазіргі заман қаһармандары" акциясы – осы ауқымды науқанның жалғасы.– Акцияның діттеген мақсаты полицейлердің батырлығын еске алып қана қоймай, қоғамға қызмет етудің шынайы құндылықтарын насихаттау, – деп атап өтті ҚР ІІМ ақпараттық саясат департаментінің бастығы Шыңғыс Алекешев. - Күн сайын 10 мыңнан астам полиция қызметкері қоғам қауіпсіздігі үшін сапқа тұрады. Олар қызмет бабында халықтың қауіпсіздігі жолында өз өмірлерін қауіп қатерге тігіп қана қоймай, кей кездері жандарын беруге де дайын екенін атап өткен жөн. Оларға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заң мен құқықтық тәртіпті сақтау жауапкершілігі жүктелген.Сахнаға 15 полиция қызметкері мен гвария өкілдері шықты. Олар ерлік көрсеткені үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған. Денис Шемет, өз өміріне қауіп төндіре отырып, жаттығу кезінде мерзімді қызметтегі сарбазды гранатаның жарылысынан жарақат алудан аман алып қалған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ол «Айбын» орденімен марапатталды. Патрульдік полиция инспекторы Бүркіт Алшынбаев өз өмірін қатерге тігіп, автобус пен балаларды тасымалдайтын жүк көлігінің соқтығысуының алдын алды.Учасковый инспектор полициясы Дамир Қорғанбаев өрттен адамдарды құтқарып қалған. Кездесуге сондай-ақ суға батып бара жатқан балаларға көмек көрсету үшін суға түсіп, құтқаруға талпынған азаматтар да қатысты. Салтанатты жиында қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары да болды. Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың кіші ұлы Әділжан Байтасов та келді. Оларға да естелік сыйлықтар табыс етілді.Тәуелсіздік жылдарында елімізде қызметтік борышын өтеу кезінде 819 тәртіп сақшысы қаза тапты.Кеш мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/881839
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЮНИСЕФ-ТІҢ ҚОЛДАУЫМЕН МЕКТЕПТЕ ТАМАҚТАНУДЫҢ ЖАҢА СТАНДАРТТАРЫН ҰСЫНДЫ 16.11.2024
Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Білім министрлігімен бірлесе отырып, ЮНИСЕФ, ұлттық сарапшылардың қолдауымен мектептердегі тамақтануды қалай жақсартуға болатынын талқылау үшін «Мектептегі тамақтану: проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Кездесуге қатысушылар білім беру мекемелерінде тамақтануды ұйымдастыруға негіз болатын мектептегі тамақтанудың жаңа стандартының жобасымен танысты. Ол азық-түлік сатып алудан бастап тамақ дайындауға және осы салада жұмыс істейтін қызметкерлерді оқытуға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.Оқушылардың диетасын энергия мен қоректік заттарды, сондай-ақ тұзды, қантты және қаныққан майларды тұтыну нормаларына сүйене отырып, тағамдардың пайдалылығы мен тағамдық құндылығын ескере отырып қайта қарау жоспарлануда.Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ тамағамтану академиясымен бірлесіп, ерекше диеталық қажеттіліктерді қоса алғанда, оқушылардың тамақтануын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі. Бұл қант диабеті, тағамдық аллергия, лактозаға төзбеушілік және басқа да ерекшеліктері бар балаларға қатысты.Сарапшылар сонымен қатар мектептерде тамақтануды өңірге қарамастан барлық балалар үшін қалай қолжетімді және тең ету керектігін талқылады.Қазіргі уақытта Қазақстанда тегін мектеп тамағымен 1,7 млн.оқушы қамтылған. Балалардың физикалық және психикалық дамуы үшін дұрыс тамақтану маңызды.Тамақтану стандартының жобасын талқылау үшін Білім министрлігінің базасында бейінді тамақтану мамандары мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/881920
МӘМС: Жамбыл облысы тұрғындарының 81 пайыздан астамы сақтандырылған 16.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен (бұдан әрі - МӘМС) қамтуды арттыру барысы қаралды.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ облыстық филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова мен денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев баяндама жасады.Жамбыл облысының 1 млн. 223 мыңнан аса халқы бар. Оның 81,6 пайызы (956 968 адам) МӘМС-пен қамтылған, ал 17,6 пайызы (216 373 адам) сақтандырылмаған. Тұрғындардың 4 пайызы (49 808 адам) емханаға тіркелмеген.2024 жылдың 29 қазанындағы жағдай бойынша сақтандырылмағандар саны 259 584-тен 216 373 адамға кеміді. Яғни, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бұл көрсеткіш 43 211 адамға немесе 16,6 пайызға төмендеп отыр.Басқосуда сақтандырылмаған азаматтардың үлесі жоғары аудандардың әкімдері есеп беріп, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.Бұдан бөлек, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Жанат Жұмаділова, полиция департаменті көші-қон қызметі басқарма бастығының орынбасары Жарас Сәтбергенов көтерілген мәселе бойынша хабарлама жасады.Ербол Қарашөкеев азаматтарды медициналық сақтандырумен қамту бойынша нәтижені әлі де арттыру қажеттігін баса айтып, заң аясында тиісті шаралар қабылдауды талап етті.«Бос сөз емес, нақты нәтиже керек», - деп жиынды түйіндеген облыс әкімі жауаптыларға жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша 2 апта ішінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/881876
Ақтөбе облысында мектеп оқушылары жұмысшы мамандығын қатар оқуда 16.11.2024
2023 жылдан бастап Ақтөбе облысындағы үш колледжде эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілді. Бұл бағдарлама аясында мектептердің 10-11 сынып оқушылары негізгі біліммен қатар, жұмысшы мамандықтарын игеруде. Жаңа оқу жылында бағдарламаға 128 студент қабылданды. Оның ішінде, Ақтөбе автожол колледжіне 58, Сервис колледжіне 40 және Ойыл кәсіптік колледжіне 30 студент оқуға түсті. Бүгінде 199 студент техник-механик, тігінші, ауыл шаруашылығын механикаландыру және аспазшы мамандықтары бойынша білім алып жатыр.Бағдарламаға Ақтөбе қаласындағы №1 және №39 орта мектептері, сондай-ақ Ойыл қазақ орта мектебі қатысуда. Оқушыларға мамандықтарды игеру арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие болу мүмкіндігі берілуде. Бұл бастама өңірдегі кадр тапшылығын азайтуға және жастарды еңбекке баулуға бағытталған.2025 жылдың қаңтарында алғашқы түлектерге дипломдар табысталады. Осылайша, мектеп түлектері еңбек нарығына дайын маман болып шығады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/881840