Ғылым
Хромтауда кәсіпкерлерге қолдау артып келеді 16.11.2024
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов ауданның шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шараларына тоқталды. Спикердің айтуынша, биыл кәсіпкерлерге қолдау көрсету деңгейі бойынша Хромтау алдыңғы қатарларда. Жыл басынан бері кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлтты жоба аясында 118 хромтаулық кәсіпкердің жобасы 5,2 млрд теңгеге қолдау тапты.«Хромтау ауданындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3200-ден асады. Былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім бар. Аудан кәсіпкерлеріне кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында тиісті қолдау көрсетілуде. Одан бөлек тек қана біздің ауданда жүзеге асырылып жатқан «Өркен» бағдарламасы бар. Аталмыш бағдарлама аясында биыл 95 несие игеріліп оған 2 млрд теңге бөлінді» - деді Нұрхан Тілеумұратов.Атап өтейік, Хромтаудағы шағын және орта бизнес жобаларын қолдауға бағытталған «Өркен» бағдарламасы былтырдан бері жүзеге асырылып келеді. Жалпы алғанда бұл бағдарламаға 2 млрд теңге қарастырылған: «Даму» қоры — 1 млрд теңге, ERG — 500 млн теңге және Ақтөбе облысының әкімдігі — 500 млн теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/881863
Петропавлда «Табиғатты қорғау-баға жетпес сыйлық» экологиялық әңгімесі өтті 16.11.2024
12 қарашада Петропавл қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы кітапхана қабырғасында «Экология мәселелері және оны шешу жолдары» тақырыбында «Табиғатты қорғау баға жетпес сыйлық» диалог-әңгімесі өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтті және колледж студенттерін, еріктілерді, СҚО экология департаменті мен Жастар ресурстық орталығының өкілдерін жинады.Диалог қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жастардың назарын аударуға, табиғатқа жауапкершілікті тәрбиелеуге және Қазақстанның тұрақты дамуын қолдауға бағытталған. Спикерлер ретінде СҚО экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Игорь Гох және М.Қозыбаев атындағы СҚУ экология кафедрасының оқытушысы Нұрхан Жаңаим сөз сөйледі. Олар қатысушылармен аймақтағы қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды сақтау үшін кез келген адам қабылдай алатын ықтимал шаралар туралы соңғы мәліметтермен бөлісті.«Әр адам экожүйенің жай-күйіне, әсіресе климаттың өзгеру дәуірінде және табиғи ресурстарға жүктеменің жоғарылауына жауап береді. Сондай - ақ, жастарды қоғамның табиғи ресурстарға деген көзқарасын өзгертуге және оларды пайдалануға ықпал ететін экологиялық бастамаларға тарту қажеттігін ескеремін», - деп атап өтті Игорь Гох.Нұрхан Жаңаим экологиялық білім берудің маңыздылығы туралы айтып, экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастыру қоршаған ортаны қорғауда шешуші рөл атқара алатынын атап өтті. Практикалық қадамдар ретінде ол жастарды әртүрлі экологиялық акцияларға, еріктілер жобаларына және қалалық және табиғи аумақтарды абаттандыруға бағытталған бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.«Таза Қазақстан» бағдарламасы еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуды ғана емес, сонымен қатар экологиялық проблемаларды шешуде практикалық қадамдарға дайын экологиялық саналы қоғамды қалыптастыруды мақсат етіп отыр. Бұл жұмыстың маңызды бөлігі білім беру аспектісі болып табылады-өткен әңгіме сияқты диалогтық кездесулер білім мен идеялармен алмасу, жауапкершілікті дамыту және жастардың экологиялық жобаларға белсенді қатысуы үшін платформаға айналады.Іс-шара жастардың Қазақстандағы экологиялық қозғалыстың маңызды бөлігіне айналуының жарқын үлгісі болды. Әңгімеге қатысқан студенттер табиғатты қорғауға бағытталған жаңа жобалар мен бастамаларға дайын екендіктерін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/881778
Биыл Байғанин ауданында 185 жоба «Ауыл аманаты» бойынша қаржыландырылды 16.11.2024
Байғанин ауданы – ауыл шаруашылығы дамыған аймақ. Бүгінде ауданда 414 шаруа қожалығы, 19 өндірістік кооператив және 5 ЖШС кәсібін жүргізіп отыр. Ауданда 50 мың бастан астам мүйізді ірі қара, 132 мың бас ұсақ мүйізді мал, 33 мың жылқы және 4100 бас түйе бар.«Жыл басынан бері «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 185 өтінім мақұлданып, 1 млрд 190 млн теңгеге қаржыландырылды. Аталған жобалардың ішінде 15-і – жылыжай, 15-і – құс шаруашылығы, 69 – шағын бизнес ашуға және 90 мал шаруашылығына бағытталған» - деп мәлімдеді Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.Бүгінде аудан шаруалары мал азығымен толықтай қамтамасыз етілген. Қажетті мал азығымен қамту мақсатында ауылдық округтерде қосалқы жер қорынан жер беру жұмыстары атқарылды. 8 ауылда мал азығы жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 69 үйге арзандатылған бағада 146,2 тонна мал азығы түсірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/881808
МӘМС жүйесіндегі студенттер: жиі қойылатын сұрақтарға жауап 16.11.2024
Қазақстанда МӘМС жүйесінде 585 мыңнан астам студент сақтандырылған. Олар үшін жарналарды мемлекет төлейді, яғни 15 жеңілдік санатына кіреді. Медициналық сақтандыру қоры студенттердің ең жиі қоятын сұрақтарына жауап берді.Студенттердің барлығы мемлекет есебінен сақтандырыла ала ма?МӘМС жүйесінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитындар жеңілдік санатына кіре алады. Олар үшін оқу кезеңінде мемлекет МӘМС жарналарын төлейді.Жұмыс беруші студент қызметкері үшін МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуі керек пе?Жоқ, жұмыс беруші студенттер үшін жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылады. Олар оқу орнын тәмәмдағанға дейін автоматты түрде сақтандырылады. Айта кету керек, студент жеке кәсіпкер немесе жалдамалы жұмысшы болса да, олардың жеңілдік санаты сақталады.Шетелде оқитын студент мемлекет есебінен сақтандырылуы мүмкін бе?Иә, ол үшін Egov порталындағы «шетелде оқитын студенттерді тіркеу» мемлекеттік қызметін пайдалану қажет. Содан кейін, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өтінімді қарап, тіркеген соң, студенттер МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылады.Күндізгі бөлімде оқитын студент медициналық қызметтерді шұғыл алу қажет, алайда оның мәртебесі сақтандырылмаған болып шықты. Мұндай жағдайда не істеу керек?Студент оқу барысында сақтандыру мәртебесі сақталуы үшін өзінің оқу орнына жүгініп, деректерін ЖООБЖ (Жоғары оқу орындарының бірыңғай жүйесі) жүйесінде бар-жоғын тексеру қажет. Студенттер туралы мәліметтер Қорға осы жүйе арқылы түседі. Бұл мәселемен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне де жүгінуге болады.Бұл сұрақ шешімін тапқанша, Қор уақытша бір айға сақтандырылған мәртебесін бере алады. Ол үшін Qoldau 24/7 қосымшасын жүктеп, оқу орнынан анықтаманы қосып, мәртебе беру туралы өтінім қалдыру қажет.Жұмыс беруші студент қызметкер үшін жарналар мен аударымдарды төлеп келді. Жарналарды қайтаруға бола ма?Иә, жұмыс беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазу қажет.Жұмыс берушіге қызметкері оқуын аяқтаса да, студент ретінде жеңілдік санаты бар деп МӘМС төлемдері қайтарылып жатыр. Бұл қатені қалай түзеуге болады?Медициналық сақтандыру қоры жеңілдік санаттары туралы деректерді тиісті мемлекеттік органдардан алады. Бұл жағдайда Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде деректерді түзету қажет. Қызметкер жеке тәртіппен аталған министрліктерге жеңілдікті санатты алып тастау туралы өтінішпен жүгіне алады.Қазақстанда оқитын шетелдік студенттер жеңілдік санатына үміткер бола ала ма?Қазақстанда оқитын шетелдіктер тұрақты тұруға рұқсаты болған жағдайда студент ретінде жеңілдік санатын ала алады, себебі шетел азаматтарының МӘМС жүйесіндегі құқығы мен міндеттері Қазақстан азаматтарымен бірдей.Қазақстан аумағында халықаралық шарт негізінде уақытша тұратын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері, егер заңдарда немесе халықаралық шарттарда көзделмесе, МӘМС жүйесінде Қазақстан азаматтарымен бірдей құқықтар мен міндеттерге ие. Бұл жағдайда халықаралық шарттарды басшылыққа алу қажет. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/881688
Қарағандыда жас офицерлер балы өтті 16.11.2024
Қарағанды облысында жас офицерлердің дәстүрлі балы өтті. Бір уақытта 78 жұп вальс пен полонез биледі.Ұйымдастырушылар облыстық жастар ресурстық орталығы. Мұнда сымбатты мырзалар мен жарасымды киімдегі талғампаз ханымдар дәуірі көрсетілді.Биыл балға құқық қорғау органдарының офицерлері, Кеңес Одағының Батыры Т. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық мектебінің курсанттары, Б. С. Бейсенов атындағы Қарағанды ҚР ІІМ академиясының студенттері, сондай-ақ «Жас сарбаз» кадеттері қатысты. Сайыс бірнеше аталым бойынша өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, ақшалай сертификаттар және сыйлықтармен марапатталды.Бас жүлдеге Осакаров ауданының аға прокуроры Әнуар Салкеев пен Қарағанды облысы Әлихан Бөкейхан ауданы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Айша Қуаныш ие болды. Аталған шараға қатысуға бірінші Айша ұсыныс білдірген. Әнуар жұбайын қолдаған. Себебі балалық шағында спорттық бал биіне жаны жақын болған екен.– Біз дайындыққа күш салдық: полонез бен вальсті билеуді үйрендік. Ұйымдастырушылар мен басшылық біздің дайындығымызға қолдау көрсетті. Бұл балда жүзден жүйрік шығу біз үшін нағыз тосын сый болды, – дейді Әнуар Сәлкеев.Вальс билеудегі шеберлікті сарапқа салу сайысынан бөлек, көрермендерге концерттік бағдарлама да ұсынылды. Залда симфониялық оркестрдің сүйемелдеуінен музыкалық шығармалар шырқалды. Ал «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблі би нөмірлерін орындады.Қарағанды ҚР ІІМ академиясының барабаншылар тобы мен құрметті қарауылы әсерлі қойылым ұсынды.Кештің қорытындысында қазақстандық әнші Алтынбек Тәшімбетов өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/881462
Қарағанды облысының мектептерінде буллингке қарсы білім беріледі? 16.11.2024
Балаларды қорлау мен кибербуллингтен қорғау мақсатында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында педагог-координаторлар жұмыс істей бастады. Аймақтағы тоғыз мектеп республикалық «KiVa буллингке қарсы бағдарламасы» пилоттық жобасына қатысуда. Мұнда балаларға эмоцияны дұрыс білдіруді үйретеді. «ДосбоLike» акциясына бес мектеп қатысқан. Бұл оқу орындарында әлеуметтік-эмоционалдық жағдайды жақсартуға бағытталған. Буллингтің алдын алу бойынша мектептерде жүргізілетін профилактикалық жұмыстар туралы Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова жастар кеңесінің отырысында айтып берді. – Өткен жылдан бастап облыста бірнеше жаңа жоба іске асырылуда. Мысалы, педагогикалық көңіл бөлуді қажет ететін оқушыларды ерте анықтау мақсатында, буллинг пен зорлық-зомбылық белгілерін ерте тану үшін әлеуметтік-психологиялық бақылау картасы әзірленді. Бұл құралды психологтар мен әлеуметтік педагогтар сабақ барысында пайдаланады. Сынып жетекшілерінің жоспарында «Психолог сағаты» енгізілген, – деп атап өтті Гүлбақыт Жүнісова.Биыл полиция департаментімен бірлесіп, бес мектепте «Жас Сақшы» пилоттық сыныптары ашылды. Бұл жобаға Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Саран қалалары мен Нұра ауданы қатысты.Облыстың 316 мектебінде психолого-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған HR+ жүйесі енгізілді. Ата-аналарға арналған педагогикалық қолдау көрсету орталықтары да ашылды.Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің проректорлары мен Қарағанды экономикалық университеті Қазтұтынуодағының өкілдері жоғары оқу орындарында буллингтің алдын алу шаралары туралы айтты. – Бұл мәселе тек мектептер үшін ғана емес, жоғары оқу орындары үшін де өзекті. Буллингті жою ғана емес, оның алдын алу шараларын қабылдау да маңызды, – деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. Кеңесте Приозерск қаласы мен Нұра ауданының әкімі Жастар ресурстық орталықтарының дамуы туралы баяндады. Бұл орталықтарда жастардың жұмысқа орналасуы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алуы мәселелері бойынша кеңес ала алады. Қарағанды облысының жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Нұржан Ілияш келесі жылға арналған жобаларды ұсынды. Бірқатар ұсыныстар талқыланды. Облыс басшысы жобаларды пысықтау кезінде жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/881209
Теміртауда су тасқынынан қорғау үшін бірқатар шаралар қабылданды 16.11.2024
Су тасқынынан қауіпсіз өту үшін алдын ала дайындық жұмыстары қажет. Теміртау қаласында және Ақтау кентінде былтырғы маусымнан алынған тәжірибеге сүйене отырып, инженерлік жұмыстардың жоспары әзірленді. Оған енген 13 шараның басым бөлігі орындалды. – Көктемгі су тасқынынан өткеннен кейін төтенше жағдайға қарсы қандай іс-шаралар әлі де қажет екендігіне талдау жасалды. Қауіпті учаскелерде жұмыс жазда және күзде жүргізілді. Су өткізу жүйесін жақсартуға баса назар аударылды. Бұл су басу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді, – дейді Теміртау қаласы ТЖБ бастығы Нұрмұхамед Интуев. Мысалы, Артас және Жаңаауыл станцияларына қосымша су өткізу құбырлары орнатылды.Огородная көшесінің бойында су бұру арнасы тазартылды, әрі су өткізу жүйесі қайта жаңартылды. Сонымен қатар, Әзірбаев, Северная көшелерінде жұмыстар жүргізілді. Ақтау кентінде су бұру каналы тазартылып, тереңдету жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы еріген қар суын ағызып жіберетін құбырды және қаладағы арық жүйесін қайта жаңғырту жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Қазір жобаның сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Ақтау ауылында арнаның түбінде су өткізу құбырларының орнына өткізгіш қабілеті жоғары дюбингтер орнатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/881210
Қарағандылық жастарды қайырымдылық балына қатысу үшін кастингке шақырады! 16.11.2024
Қарағандыда 20, 21 және 22 қарашада жастар мен еріктілерге қайырымдылық балына қатысуға кастинг өтеді. Оған 18 бен 35 жас аралығындағы жас буын өкілдері қатыса алады."Егер сіз бал атмосферасына енгіңіз келсе, ұмытылмас кештің куәсі болғыңыз келсе, жаңа таныстар мен шығармашылық ортаны сезініп, үлкен игі істің бір бөлігі болғыңыз келсе, онда бұл сізге арналған шара", — дейді ұйымдастырушылар.Кастинг сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Әлиханов көшесі 5, 2-қабат мекен-жайындағы Кәсіподақ үйінде өтеді.Қатысу үшін өтінімді электронды түрде толтыру қажет:https://docs.google.com/forms.Қосымша ақпарат: +7-747-631-53-19 телефоны немесе әлеуметтік желілерден алуға болады: @keleshek_krg, @assembly_jastary_saryarqa.Қайырымдылық бал – 2025 алдағы жұмысшы мамандықтар жылына арналған. Сонымен қатар, Қазақстанда бірінші кәсіподақтың құрылғанына 120 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуы қарсаңында өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/881258
Қарағандылық спортшы үстел теннисінен Венгрияда өткен турнирде екі мәрте жүлдегер атанды 16.11.2024
Қарағандылық Алан Құрманғалиев Сомбатхейде (Венгрия) өткен WTA Youth Contender турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.Спортшы 19 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы жарыста екінші деңгейдегі нәтиже көрсетті. Әзірге оның жеті жеңісі мен бір жеңілісі бар.Алан қарсыластары Стефан Димитровты (Болгария) 3:0, Маэль Ван Дессельді (Люксембург) 3:0, Тай По-Чунды (Тайбэй) 3:2, Драгожа Бужорды (Румыния) 3:0, Михаил Ловгуды (Словакия) 3:2, Исаак Альфредссонды (Швеция) 3:0, Ли Чон Мокты (Корея) 3:0 есебімен жеңіп шықты.Ақтық мәреде ол Балаж Лэйге (Венгрия) 0:3 есебімен жеңілді.Естеріңізге сала кетейік, осы турнирде Алан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола жүлдеге ие болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/881316
Сенат депутаттары СҚО-ның кәсіпорындарына барды 16.11.2024
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев бастаған бір топ депутаттар өңірімізге іссапармен келді. Депутаттар Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық және инвестициялық әлеуетімен таныспақ. Бүгін сенаторлар инновациялық жылыжай кешені мен қағаз өнімдерін шығаратын фабрикада болды. Сондай-ақ Сенат депутаттары зауыттар мен ЖЭО-2-де болып, жол жөндеу жұмыстарының нәтижесін қарайды. Жалпы облыста 755 миллиард теңгені құрайтын 46 инвестжоба жүзеге асуда. 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Жүк тиеу жабдықтары, ауыл шаруашылығы техникасы, нан өнімдері, керамикалық кірпіш және басқа да өнімдер өндірісі жолға қойылмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/881225
Туризм: Жамбыл облысында 7 инвестициялық жоба жүзеге асуда 16.11.2024
Биыл Жамбыл облысына 15,9 млрд.теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл 200 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Қазіргі таңда 3 жоба пайдалануға берілді. Атап айтқанда, «Koksai resort», «Алмалы» (Жамбыл ауданы) туристік аймақтары мен Тараз қаласындағы «Зербұлақ» аквапаркі туристердің барлық сұраныстарына сай қызмет көрсетуде.2023 жылдың қорытындысына сәйкес туризм саласына 25,6 млрд.теңге инвестиция салынған болатын.Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша облысқа 95 644 турист саяхаттап келді. Оның ішінде 1 455 шетелдік, еліміздің өзге өңірлерінен келген 94 209 турист бар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туристер саны 40,1 пайызға өскен.Бүгінде облыс аумағында 225 туристерді орналастыру, 525 тамақтану, 21 демалыс орны, 16 туристік ұйым, 9 балаларды сауықтыру лагері, 7 шипажай жұмыс істейді.Туристерге 1,3 млрд.теңгенің қызметі көрсетілді.Туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Жамбыл ауданы «Ақыртас» сарай кешініндегі ауыз су мәселесі жеке инвестордың қаражаты есебінен шешімін тапты. Тараз қаласындағы «Таскөл» демалыс орталығы электр желісімен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, 4 туристік нысанның инфрақұрылымын дамыту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Туристерге толық ақпарат беретін, яғни анықтамалық қызметтің барлық ресурстары қамтылған 4 туристік ақпараттық терминал халық көп шоғырланатын орындарға қойылған.Туризм саласын дамытудағы негізгі міндеттердің бірі - кәсіби мамандар даярлау. Өткен жылы гидтер мен экскурсоводтар курсы ұйымдастырылып, 30 маман халықаралық дәрежедегі сертификат алды.Ағымдағы жылы «Жанды сабақтар» жобасы, «Taraz City bus» экскурсиялық бағдарламасы, «Көктем көркі - қызғалдақ» іс-шарасы жүзеге асырылуда.2024 жыл – Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. Аталған бастама аясында Жамбыл облысының туристік әлеуеті мен мүмкіндіктері таныстырылған болатын. Айта кетейік, Тараз қаласы Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне 56-шы қала болып енгізіліп, Қазақстанның алғашқы қолөнершілер қаласы мәртебесіне ие болды. Осы мәртебені әрі қарай бекіту мақсатында жыл сайын «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылып тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/881175
АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ 16.11.2024
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Наурыз айындағы мерекелердің іс-шаралар жоспары, Жобалық офис платформасындағы көрсеткіштер мен жоспарлар, Ұлттық жобалар аясында жұмыс орындарын құру барысы талқыланды.Қала әкімінің орынбасары С. Құранбек мерекелік бағдарламаларды таныстырды. Наурыз айында қаламызда мәдени-бұқаралық, танымдық, ұлттық, спорттық, ақпараттық-имидждік бағытта 93 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Мегаполис басшысы халыққа айрықша мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін бұқаралық сипаттағы бағдарламаларды заманауи талаптарға сай қызықты етіп ұйымдастыруды тапсырды.Шымкент қаласы әкімдігінің жобалық офисінің басшысы Т. Леспекова көрсеткіштердің орындалуымен қатар биылғы жоспарлармен бөлісті. Былтыр 256 нысаналы көрсеткіш бекітілген болса, бүгінде оның 245-і орындалып, қалғаны орындалмаған. Ғ.Әбдімәжитұлы тапсырмалардың сапалы орындалуын қадағалауда, жұмысты тиімді ұйымдастыруда бірқатар тапсырма берді.Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж. Өтебаева жұмыс орындарын құру барысын, алдағы жоспарды баяндады. Былтырға бес тұжырымдама және қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде 113 жобада 3 140 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, нақты 2 623 орынға азаматтар жұмысқа орналасқан. Қала әкімі бұл ретте ұсынылған сандардың шынайылығын қадағалап, жұмыс орындарырының құрылуын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/944801
Қазақстан Шанхайдағы Қытай халықаралық импорт көрмесінде $120 млн-ға келісімшарт жасады 16.11.2024
Қазақстан үшін Шанхайдағы 7-ші Қытай халықаралық импорт көрмесі (CIIE) табысты болды. Ет және май өнімдерін, құрғақ түйе сүтін, шырындар мен мармеладтарды жеткізуге 120 млн АҚШ доллары сомасына келісімшартқа қол қойды. Ал өткен жылғы көрмеде жасалған келісімшарттардың сомасы 81 млн АҚШ долларын құраған еді.Ағымдағы жылдың 5-10 қараша аралығында өткен іс-шара Қазақстанның Қытаймен және басқа да елдермен сауда-экономикалық байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам болды. ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade ССДО» АҚ ұйымдастыруымен отандық бизнес Шанхай көрмесіне қатысуға мүмкіндік алды.Негізгі инновациялардың бірі TikTok платформасында қазақстандық өнімдерді онлайн-сатудың ашылуы болды. Қытайлық Jiangsu Soho Holding Group Co., Ltd компаниясымен әріптестікте бүкіл әлемнен келген көрермендерге Қазақстаннан жеткізілген тауарлар ассортиментімен танысуға және оларды нақты уақытта сатып алуға мүмкіндік беретін стриминг өткізілді. Онлайн-сату барысында екі күнде 450 мың юань сомасына өнім сатылды.Қазақстандық CEREBRA AI және Alaqan AI компаниялары 2024 жылы Орталық Азияда шағын және орта бизнеске арналған инновациялар мен кәсіпкерліктің «Maker in China» жаһандық байқауының өңірлік финалында бірінші және екінші орындарды иеленді.Көрме аясында бірқатар стратегиялық маңызды келісімдерге қол қойылды. Туристік бағыттарды дамытуға және Түркістан облысына туристер ағынын ұлғайтуға бағытталған Түркістан облысының Туризм басқармасы мен Бахрейн Корольдігінің Export Bahrain компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол жеткізілді. Сондай-ақ Қырғызстанның Nomad Art компаниясымен екі ел арасындағы мәдени және туристік алмасуға жәрдемдесетін келісім жасалды.Естеріңізге сала кетейік, Шанхай көрмесінде Қазақстан екі ұлттық стендпен таныстырылды: Коммерциялық және Ұлттық павильондар қойылды. Көлемі 132 шаршы метрді құрайтын Ұлттық павильонда қазақстандық экспортты ілгерілетуге ықпал ететін өнімдер мен қызметтер ұсынылды. Биыл коммерциялық павильонның ауданы 120-дан 260 шаршы метрге дейін ұлғайтылды; «Тамақ және ауыл шаруашылығы өнеркәсібі» секторына 50-ге жуық қазақстандық өндірушілер қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/881150
Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы қызметіне кірісті 16.11.2024
Бүгін, 11 қараша күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы Жамолиддинхужа Абдузукир оғлы Абдукаримовпен кездесті.Жиын барысында тарапқа Маңғыстау облысының сауда-экономикалық әлеуеті таныстырылып, өңірдің мүмкіндіктері мен болашағын, сонымен қатар екі ел арасындағы сауда саттық мәселелерін талқылады. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, экономикалық байланыстарды кеңейту және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар маңызды сұрақтар қаралды.Ербол Ізбергенов екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары екенін айтып, Маңғыстау облысы тарапынан барлық қолдау болатынын жеткізді- Бұл кездесу екі ел арасындағы өзара сенімді әрі серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға және экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге жаңа серпін беретініне сенімдіміз. Өзбекстанмен өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру арқылы аймақтың әлеуетін арттыруға жұмыстанамыз, - деді Ербол Ізбергенов.Айта кетейік, соңғы жылдары Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыс айтарлықтай нығайып, өзара тауар айналымы 2024 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 5,8 млн АҚШ долларын құраған. Экспорт көлемі 3,2 млн АҚШ долларын, ал импорт 2,6 млн АҚШ долларын құрады.Сондай-ақ, Маңғыстау облысында өзбек капиталының қатысуымен 140 кәсіпорын тіркелген. Бұл кәсіпорындар сауда, логистика, құрылыс және басқа да экономикалық салаларда белсенді қызмет етуде.Маңғыстау облысының әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/881077
Жетісуда аудан-қалалардың мәдениет күндері қорытындыланды 16.11.2024
Жетісу облысында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін аудан-қалалардың мәдениет күні биыл ерекше форматта ұйымдастырылды. Оның іріктеу кезеңі телевизиялық жоба түрінде өтіп, соңы гала концертпен түйінделді. Атап өтсек, байқау атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнерімізді, рухани құндылықтарымызды заман талабына сай жаңғыртып, насихаттау мақсатында өткізіліп келеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған өнер сайысы «Дәстүрлі ән», «эстрадалық ән», «күй», «би», «терме, жыр толғау», «ауылдың алты ауызы», «айтыс» сияқты бірнеше номинациялар бойынша өтті. Мұнда бақ сынасқан облыстың сегіз аудан, екі қаласының өнерпаздары алдымен іріктеу турларында өз өңірлерінде өнер көрсетті. Ал електен өткен мықтылар Талдықорғанда финалдық сайыста өзара жарысқа түсті.Осы күні табысты өнер көрсеткен термешілердің бірі – жаркенттік Нұржан Батбақбаев. Ол халық термесі «Дүние-айды» орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды:- Жыр-термелер қай кезде де көпшілікке жол нұсқайтын, ақыл беретін, ойландыратын сипатта болып келеді. Ол сонысымен де құнды. Менің мақсатым - ұлттық өнерді кәсіби деңгейде дәріптеп, көпшілікке паш ету. Оған осындай байқаулар мен концерттер көп мүмкіндік береді», - дейді ол.Байқауға әр номинацияның ерекшелігіне қарай, мәселен, «терме, жыр толғау» аталымында дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері, Ерболат Шалдыбеков, «айтыс» номинациясына айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов, «би» номинациясына биші Талант Қылышбаев т.б. кәсіби мамандар төрелік етті.Мәдениет күндері шарасының қорытындысы ретінде І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында мәдениет күндерінің гала концерті мен үздіктерді марапаттау салтанаты атқарылды.Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерді облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов марапаттады. Байқауда Панфилов ауданы Бас жүлдеге ие болса, бірінші орынға Талдықорған қаласы лайық деп танылды, екінші орын Ескелді ауданына, үшінді орын Кербұлақ ауданының өнерпаздарына берілді. Сондай-ақ Алакөл, Қаратал, Көску аудандары арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жүлдегерлердің бәріне арнайы дипломдар, ақшалай және бағалы сыйлықтар тапсырылды. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/880999
СҚО-да алғашқы "жайлы мектеп" ашылды 16.11.2024
Петропавлдағы "Орман" шағын ауданында 600 орындық жайлы мектеп есігін айқара ашты. Бұл Президенттің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде ашылған алғашқы заманауи мектеп. Жаңа мектепте «Орман», «Борки», «Солнечный», "Юбилейный" және жаңа "Бірлік" шағын ауданының балалары үшін ыңғайлы әрі жайлы білім мекені жасалған. Мұғалімдер қауымын, ата-аналар, ардагерлер мен оқушыларды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов маңызды білім ошағының ашылуымен құттықтап, мектептің жабдықталуын қарады.Жайлы мектепте физика, химия, информатика, биологияға арналған арнайы кабинеттер, STEM зертхана, робототехника мен интерактивті тақталар қойылған. Оған қоса, 2 спортзал, заманауи шеберханалар, акт залы, көпсалалы спорт алаңы мен би залы бар. Ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға да қолайлы жағдай жасалған, инклюзия және логопед кабинеті жұмыс істейді. "Заманауи технологиялар мен озық үлгідегі жабдықталу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сапалы білім алуына негіз болады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – өңірдің білім жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Біздің өңірде заманауи мектептердің саны көбейе түседі. "Береке" шағын ауданында 600 орындық тағы бір жайлы мектеп салынуда", - деп атап өтті өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/880973
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Қазақстанның ең үздік 100 студенті қатарына енді. 16.11.2024
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің физика-техникалық факультетінің 2-курс студенті Ибраһим Сайлаубек «Қазақстанның 100 үздік студенті» республикалық беделді байқауының лауреаты атанды. Бұл байқауға оқу үлгерімімен ғана емес, спорт, өнер және қоғамдық қызметте де жоғары жетістіктерге жеткен студент жастар қатысты.Ибраһим университетте жылу энергетикасы мамандығы бойынша білім алуда. Оның ғылыми салада жетістіктері бар. Оның ғылыми жобасы факультет деканының марапатына ие болды.– Университеттегі толайым табыстарым жеңіске жетуіме көмектесті. Спорт пен өнерде де жетістіктерім де бар. Менің арманым – ғалым болу. Бұл жеңіс өз-өзімді жетілдіру жолындағы маңызды қадам болады», – деп бөлісті 19 жастағы қарағандылық.«Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауы жастар арасында ұлттық құндылықтар мен жетістіктерді насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ еліміздегі студенттердің білім, тәрбие және тұлғалық дамуының жоғары стандарттарын сақтауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880738
Ақтөбеде майор Батыр Оразымбетовты соңғы сапарға шығарып салды 16.11.2024
Оқу-жаттығу ұшулары кезінде қаза тапқан ұшқышпен қоштасу рәсімі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында өтті.Оған Әуе қорғанысы күштерінің басшылығы, әскери оқу орнының ұжымы, қайғылы жағдайда қаза тапқан Батыр Қайратұлы Оразымбетовтың туыстары мен жақындары қатысты.Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор Б. Оразымбетов – осы оқу орнының түлегі.Қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдардан өтті. Биылғы жылдың көктеміндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. Офицер мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медалдарымен марапатталған.Майор Батыр Оразымбетовтың соңында жұбайы мен екі баласы қалды.Әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан ұшқыштың есімі оның туыстары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/880845
Өңір тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды 16.11.2024
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев 2024 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 512 дәрілік және медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілікті анықтағанын хабарлады. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру аясында ересектер мен балаларға 136 атау бойынша 417,7 млн.теңге және кепілдендірілген көлем шеңберінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажеттіліктеріне қосымша 1,38 млрд. теңге қаржы бөлінген.8 қарашадағы жағдайға сәйкес, Бірыңғай дистрибьютор облыстағы 41 медициналық ұйымға 8,11 млрд теңгеге 537 түрлі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жөнелтті.Сондай-ақ дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 548 млн теңге бөлінді. Дәрілер аурудың 29 түрі бойынша амбулаторлық емделуден өтіп жатқан 403 науқасқа арналған. Бүгінде 459 млн теңгесі игерілді.Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен 47 науқас, оның ішінде онкологиялық науқастарға қайырымдылық көмек көрсетіліп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде.Басқарма басшысын тыңдаған облыс әкімі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстауды, емдеу мекемелерін дәрі-дәрмекпен тұрақты түрде толықтыруды жолға қоюды және дәрі-дәрмек сатып алуға бөлінген қаржының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/880868
Денсаулық сақтау министрі Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді 16.11.2024
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, Айша бибі ауылында орналасқан фармацевтикалық өнім өндіретін «Super-Pharm» ЖШС қызметімен танысты.Ақмарал Әлназарова жұмыс сапары аясында фармацевтика саласының жағдайын бағалап, жергілікті өндірушілермен өзара тиімді ынтымақтастық орнату, медициналық бұйымдардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру жолдарын талқылады.Министр Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровпен бірге «Super-Pharm» ЖШС-ның басшылық құрамымен кездесіп, кәсіпорынның өндірістік қуаты мен өнім шығару үдерісін назарға алды.Кездесу барысында компанияның өндірістік қуатын кеңейту, фармацевтика саласына инновациялық технологияларды енгізу және медициналық бұйымдардың қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.«Super-Pharm» ЖШС — Қазақстандағы бірреттік медициналық бұйымдарды өндіретін жетекші компания. 2006 жылы құрылған кәсіпорын тоқыма емес материалдардан, пластиктен жасалған өнімдер мен шприцтер шығарады. Үш өндірістік желісі бар зауыт жылына 300 миллион дана өнім өндіре алады. Бүгінде 600-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Негізгі тапсырыс берушілері арасында «СК-Фармация» ЖШС және мемлекеттік, жеке медициналық мекемелер бар.Компания алдағы уақытта өндірістік қуаттарын арттыру және жаңа желілерді іске қосуды жоспарлауда.Сапар соңында кездесудің қорытындылары шығарылып, Жамбыл облысындағы фармацевтика саласын дамыту және одан әрі ынтымақтастық бағыттары белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/880783