Enbekshi QazaQ

Ғылым

Маңғыстау облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды 16.11.2024
11 қараша күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Маңғыстау облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып Құдайберген Алмағамбетов тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Мәлік Әбдіқадыров таныстырды.Құдайберген Алмағамбетов 1986 жылы туған. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде информатика мамандығын және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінде экономика және бизнес бакалавры мамандығын тәмамдаған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау орталығында қосымша курстардан өткен.Еңбек жолын 2003 жылы компьютер жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласында бастаған. Кейінірек университет зертханасында бағдарламашы ретінде қызмет атқарып, мектептерге арналған электронды оқулықтарды әзірлеу жобаларына қатысты. Алматы қаласындағы сервис орталықта системотехник қызметін атқарып, қала әкімдігінің пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсеткен.2009-2011 жылдары Маңғыстау облысы әкімдігінің «ИВЦ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында системотехник, жүйе инженері және техникалық бөлімнің бастығы қызметтерін атқарды. Осы кезеңде ол электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізу және қызметкерлерді оқыту сыныптарын ұйымдастыру бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асырды.2011-2016 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөлімінде бас маман, бас инспектор, кейіннен бөлім жетекшісі қызметтерін атқарды. Бұл қызметте ол мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру және «Электрондық үкімет» компоненттерін енгізу бойынша жобаларға жетекшілік етті.2016 жылдан бастап Маңғыстау облыстық ақпараттық технологиялар орталығының директоры болып қызмет атқарды. Бұл лауазымда ол орталықтың жұмысын жақсартып, өңірдегі цифрландыру деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жобаларды іске асырды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/880768
«Таза Қазақстан»: Теміртауда талай жылдан бергі қоқыс алаңдары жойылды 16.11.2024
Теміртау қаласында Аманжолов және Подгорная көшелеріндегі ірі рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жалғасуда. Шара "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде.Аманжолов көшесіндегі қоқыс үйіндісі тамыз айының соңында тазартыла бастады. "Ботақара 2030" ЖШС мердігерлік ұйымы қызметкерлерінің айтуынша, мұнда тұрмыстық және құрылыс қоқыстарының көп мөлшері жиналған. Қалдықтардың арасында шыны ыдыстар, сынған плиткалар, автокөлік бөлшектері, пластикалық терезелер, сынған есіктер, тұрмыстық қоқыс жәшіктері және т. б. заттар бар. Сондай-ақ аумақта терең шұңқырлар пайда болды. Жол салу кезінде қиыршық тас қазумен байланысты болған, кейін олар тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орындарға айналған.– Қоқыс көп. Шамасы, ұзақ уақыт бойы осында жиналған. Бұл негізінен тұрмыстық және құрылыс қалдықтары, – дейді "Ботақара 2030" ЖШС өкілі Рахат Омаров. – Біз қазірдің өзінде 65 мың тоннаға жуық қоқыс шығардық. Осыдан кейін баумақты қалпына келтіруді бастаймыз, оны тегістеп, ретке келтіреміз.Қазір 6 адам және 8 арнайы техника жұмыс істейді. Күн сайын қоқыс артқан техникалар 30–40 рейс жасайды. Жұмыс аптасына 6 күн жүреді.– Қоқыс алаңдарын жоюға арналған шығындар облыстық мәслихат депутаттарымен келісіліп, Қарағанды облысының экологиялық шаралар жоспарына енгізілді. Біз бұл кешенді жұмыстың арқасмында қаланың экологиялық жағдайына оң әсерін тигізетініне сенімдіміз, – деді Теміртау қаласы әкімі орынбасары Ринат Қыдырбеков. Қоқыс алаңдарын жою жұмыстары қараша айының соңына дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880717
Ақтауда ауыз су көлемін ұлғайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда 16.11.2024
Ақтау тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Каспий» зауытында су тұщытатын үш қондырығының біреуін қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.Бұл жұмыстарға жауапты мердігер мекеме - «Каспиан Конструкторс Траст» компаниясы.Мердігер мекеменің жұмысты кешеуілдетуіне байланысты, қондырғыны іске қосуда іркіліс болды. Мердігер компания басшылары қараша айының соңына дейін 10 000 текше метрлік қондырғыны іске қосуға уәде беріп отыр.Жалпы зауытты модернизациялау жұмыстары үш жылдан бері жүргізілуде. Жоба бойынша зауыттың өндірістің қуатын 40 000 м3-қа дейін арттыру көзделген.-Технологиялық тәртіпке сәйкес, қондырғыларды іске қосқаннан кейін, он күндей су дайындалады. Оның ішінде қосу-реттеу және залалсыздандыру жұмыстары бар. Бекітілген жоспарға сәйкес, қалаға 20 қараша күні бірінші 5000 м3 су беріледі. Ал қараша айының соңына дейін зауыт қондырғы арқылы 10 000 м3-қа жуық суды беруді жоспарланып отыр, - деді «Каспий» су тұщыту зауыты ЖШС директоры Серік Гусман.Сондай-ақ, Ақтауда Құйылыс кен орнынан «Каспий» су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 47 шақырым су құбыры салынуда. Мердігер мекеме – «Алъянс ЛТД» ЖШС. Құрылыс жұмыстарына 15 арнайы техника және 32 қызметкер жұмылдырылды. Аталған жоба қаладағы ауыз су жетіспеушілігі мәселесінің реттелуіне септігін тигізеді.-Құйылыс кен орнынан «Каспий» су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 47 шақырым, диаметрлері 900 мм құрайтын су құбыры салынуда. Жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін, жартылай учаскесінде құбырды сумен толтыруға қоятын боламыз, - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы Анвар Туляков.Сонымен қатар, Ақшұқыр ауылында орналасқан «Ақтау» су тұщыту зауыты да қала тұрғындарын қосымша сумен қамтамасыз етуде.«Ақтау» су тұщыту зауытының құрылысы жеке инвестор тарапынан 2020 жылы басталған болатын. Зауыт 2023 жылдың наурыз айында қолданысқа берілді.-Аталған зауыт тәулігіне 5 000 м3 ауыз су өндіреді. Зауыт өндірген ауыз суды ОСЖТ-4 арқылы қаланың жоғары шағын аудандарына береді, - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының сумен жабдықтау және су бұруды дамыту бөлімінің бас маманы Жүсіп Мұхамед.Жалпы Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылы осыған дейін ОСЖТ-4 арқылы «МАЭК» ЖШС және «Ақтау» су тұщыту зауыты арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. Биыл жаз айларында Сайын Шапағатов ауылында қуаттылығы тәулігіне 4 000 м3 ауыз су өндіретін қондырғы орнатылды. Бүгінде Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылы аталған қондырғы арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Бұл өз кезегінде босаған су көлемін Ақтау қаласына бұруға мүмкіндік берді.Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/880679
Саран қаласындағы стадионынның футбол алаңы қайта жаңартылды 16.11.2024
Саран қаласындағы «Сұнкар» стадионындағы футбол алаңына жаңа көгал төселді. Бұл ALAÑ футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасының жемісі. Қазақстан футбол федерациясы қаланың 70 жылдық мерейтойына осындай тосын сый жасауды жөн көріпті. Жаңа алаңда алғашқы жаттығу өткізілді. Жас футболшыларға арналған шеберлік сабағын жобаның амбассадоры, ұлттық құраманың экс-капитаны Самат Смақов өткізді.– Біз Саран қаласында футбол алаңын ауыстыру үшін ҚФФ-ға өтініш бердік. Барлық инстанциялар арқылы біздің өтінішіміз мақұлданып, армандаған итальяндық сапалы алаң салынды. Мұнда футболмен шамамен 300 бала айналысады. ҚФФ президентіне және қала әкімдігіне алғыс айтамыз. Олар стадионның күрделі жөндеуін де жүргізді. Біз мұнда тек қалалық, облыстық емес, республикалық деңгейдегі көптеген турнирлер өткізетін боламыз, – деді Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының төрағасы Николай Бублинский.Стадион 4 мың көрерменге арналған. Қайта жаңғырту жұмыстары тек 15 жыл бұрын жүргізілген.– Мен 2009 жылдан бері футболмен айналысып келемін. Ал Саран қаласынла менің жолым басталды. Қазақстан футбол федерациясына осындай шағын қалада тамаша алаң салғаны үшін алғыс айтамын. Бұны ұзақ уақыт көрмеген едік, бәрі өте жоғары сапада жасалынған. ALAÑ жобасы Қазақстанның барлық өңірлерінде жалғасын тапса, балалар жаттығып, халықаралық аренада өздерін сынап көрсе деп тілеймін, – дейді әйелдер ұлттық құрамасының ойыншысы Анастасия Низамутдинова.ҚФФ-ның ALAÑ футбол алаңдарын жаңарту жобасы УЕФА-ның қолдауымен 2023–2025 жылдарға арналған. Бұл Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – спорттық инфрақұрылымның сапасын жақсарту және футболды насихаттау.Қазірдің өзінде Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Петропавл, Өскемен, Аягөз, Ақсу, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Атбасар және Жетісу өңірдерінде 12 алаң жаңарланады. Жалпы, Қазақстан бойынша 20 футбол алаңы жаңартылмақ.qfl.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880429
Қарағанды аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталығы тегін консультация өткізеді 16.11.2024
Қарағанды аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталығы биылғы жылдың соңғы акциясы ретінде «Бақытты сағаттар» шарасын өткізуде. Қараша айы бойы, әр сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін қала тұрғындары тегін медициналық қызметке қолжеткізе алады. Акция аясында акушер-гинекологтың қабылдауы, кіші жамбас ағзаларына гинекологиялық УЗИ (көрсетілімдер бойынша), күндізгі стационар жағдайында сауықтыру шаралары және отбасын жоспарлау бойынша консультациялар ұсынылады.Тегін қызмет алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу қажет. Қабылдау кезек тәртібімен жүреді.Мекен-жайы: Щорс көшесі, 53 ("Майқұдық МҮ" аялдамасы).@ ragc_krg2017 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880434
«Ақтөбе» 2024 жылғы Футболдан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды 16.11.2024
«Ақтөбе» футболшылары түркістандық «Тұранды» жеңіп, Қазақстан премьер-лигасының 2024 жылғы маусымының қорытындысы бойынша топ-3 орынды сақтап қалды.Командалар соңғы 26-тур аясында кездесті. Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өткен матч 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Нигериялық жартылай қорғаушы Уче Агбо (35 минут) және доминикандық шабуылшы Дорни Ромеро (90+4) қанжығасын майлады.Жеңіс «Ақтөбеге» 43 ұпай әкеліп, маусым қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болып, қола медаль жеңіп алды. Үшінші жыл қатарынан команда ҚПЛ тұғырында аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» Қазақстан Кубогін жеңіп алды, соның арқасында 2025/26 маусымына еурокубоктерге жолдама алды. Кейінірек УЕФА-дағы ел рейтингісіне сәйкес, команданың іріктеу кезеңі қай лигада өтетіні белгілі болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/880590
Ақтөбелік ұландық жауынгер самбодан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды 16.11.2024
Астанада өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еламан Қойшыбаев елімізге күміс медаль сыйлады. Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлайды.Чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген спортшы қатысты. Додаға қатысушылар спорттық және жауынгерлік самбодан әртүрлі салмақ дәрежесінде 31 медаль жиынтығы үшін күресті. Жарыстың екінші күні тоғыз түрлі салмақ дәрежесінде күрескен жеңімпаздар анықталды. Еламан Қойшыбаев 88 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, сенімді түрде ақтық сынға өтіп, күміс медаль жеңіп алды.«Мен самбодан әлем чемпионатында дайындық пен табандылықтың жоғары деңгейін көрсеткен спортшыларымыз Еламан Қойшыбаев пен Болат Сапарды мақтан тұтамын. Мұндай жетістіктер оңай келмейді, оның артында қыруар еңбек, үздіксіз жаттығулар, үлкен күш-жігер мен мызғымас тәртіп жатыр. Еламан еліміздің намысын қорғап қана қоймай, өзін нағыз спорттық рухы бар мықты күрескер ретінде көрсетті. Алда әлі де көптеген жеңіске жететініне сенімдімін, олардың әрқайсысы ҚР ІІМ Ұлттық ұланның имиджін нығайтып, жас ұрпақты шабыттандырады», – деді ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Сатжан Әбішев.Еламан Қойшыбаев физикалық және моральдық сынақтарға негізделген жаттығулар рухты нығайтатынын және әскери қызметшілерді кез келген қиындыққа төзімді ететінін айтты.«Әрбір сайыс — нағыз сынақ. Кілемге шыққанда барыңды салып, назарың да, қайратың да толықтай жеңіске бағытталуы керек. Мені баптап, додаға дайындаған жаттықтырушыларыма және қолдап, қуат берген туыстарыма, сондай-ақ осындай дәрежедегі жарыста еліміздің атынан өкілдік етуге мүмкіндік берген Ішкі істер министріне және Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековке шын жүректен алғысымды білдіремін. Бұл – үлкен жауапкершілік. Спортшы ретінде де, тұлға ретінде де өсуге көмектесетін керемет тәжірибе. Биылғы жыл мен үшін сәтті өтті: Макаода Азия чемпионы атандым және әлем кубогында жүлделі орынға ие болдым», – дейді ұландық спортшы Еламан Қойшыбаев.Еламан 2023 жылы Ереванда өткен әлем чемпионатында күміс медаль иегері атанды. Еламан оқуды бітіргеннен кейін 2017 жылы Отан алдындағы борышын өтеу үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұлан қатарына шақырылған. Құқықтық тәртіп әскеріндегі қызметі кезінде түрлі жетістіктерге жетті. Отан алдындағы бір жылдық қызметін өтегеннен кейін келісімшарт бойынша Ұлттық ұланда қалып, Ақтөбеде орналасқан 6655 әскери бөлімге әскери жасақ бастығы лауазымына тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/880607
Қазақстанға Шаньдундағы «Қытай-ШЫҰ» сауда-экономикалық аймағында 600 шаршы метр алаң бөлінеді 16.11.2024
Қазақстанға Шаньдун провинциясының Циндао қаласында орналасқан «Қытай-ШЫҰ» өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастығының пилоттық аймағында өтеусіз негізде 250-ден 600 шаршы метрге дейінгі алаң берілетін болды. Аталған келісім Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Қытайға жұмыс сапарының нәтижелерінің бірі болды. Сондай-ақ, министр Шаққалиев бастаған делегация Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсянмен кездесті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Шаньдун арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайту болды.Шаньдун өңірін 100 млннан астам халық мекендейді. Шаньдун Қытайдағы экономикасы әлдеқайда дамыған аймаққа жатады. Экономиканың негізін автомобиль, электроника, нефтехимия, металлургия және ауылшаруашылығы салалары құрайды. Маңызды ауылшаруашылық өнімдеріне бидай, жүгері және көкөніс кіреді.Кездесу барысында сөз алған Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсян Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін айтты.«Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстаннан Шаньдунға экспорт көлемі 8 млрд юаньді құрады. Шаньдундық 45 компания Қазақстанға 2 млрд юань көлемінде инвестиция құйды. Министр мырза сіздің бұл сапарыңыз Қазақстан мен Шаньдун провинциясыарасындағы қарым -қатынасты одан әрі нығайтуға серпінбереді деп сенемін» - деді ол.ҚР Сауда және интеграция министр Арман Шаққалиев Шаньдун губернаторының ыстық ықыласына ризашылығын білдіре отырып, екі ел Президенттерінің алға қойған тапсырмасына тоқталды.«Қазақстан мен Қытай мәңгілікке стратегиялық әріптес болып табылады. Біздің қарым-қатынасымызда жаңа алтын отыз жылдықты аштық. Өткен жылдың қортындысы бойынша Қытай Қазақстанның нөмірі бірінші сауда әріптесі болды. Екі ел арасындағы тауар айналымы 41 млрд АҚШ долларын құрады. Екі елдің көшбасшылары тауарайналымын 80 млрд АҚШ долларына дейін жеткізумақсатын қойды. Біз үшін экономикасы қарқынды дамыпжатқан Шаньдун провинциясы үлкен қызығушылық тудырып отыр», - деді министр.Одан әрі қазақстандық делегация Шаньдун провинциясының «Shandong Hi-Speed Group», «Shandong Energy Group», «G-WEIKE», «Lingong Heavy Machinery», «Tsingtao» сияқты жетекші компанияларында болды. Аталған компаниялардың өндірістік қуаттарымен танысып, тау-кен және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.«Tsingtao Beer Group» компаниясымен ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар шиікзаттық емес экспортты ілгерлітеу мақсатында Семейдегі сыра зауытын қайта жандандыру мәселесі сөз болды. Осы зауыттан шыққан өнім Қазақстан нарығын ғана емес, Орталық Азия және ЕАЭО кіретін елдерді де қамтуға мүмкіндік береді.Шаньдун Қытайдағы көлік жүйесі дамыған өңір болып табылады. Провинция Бейжің, Шанхай және тағы басқа қалалармен жоғары жылдамдықтағы теміржолдарымен байланысады. Әлемдік нарықтарға экспорттық өнімдерді жіберіп отырған Циндао мен Яньтае порттары халықаралық саудада маңызды рөл ойнайды.Ал Цзинань қаласының мэрі Юй Хайтенмен кездесу барысында жоғары жылдамдықты темір жол бағыты және өнеркәсіптік кооперация, жасыл энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/880320
Қарағандылықтарды вальс кешіне шақырады 16.11.2024
21 қараша "Шалқыма концерт залында" Вальстың ғажап үні" атты концерт өтеді. Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің орындауында Қазақ музыкалық классикасының жауһарлары орындалады.Дирижерлар: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, оркестрдің көркемдік жетекшісі Әбдуғалисын Шоқанбаев, Мәдениет саласының үздігі оркестр дирижері Ерлан Бақтыгерей және халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілхайыр Сағымбаев.Солистер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов, ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башай, халықаралық байқаулардың лауреаты Рысты Рахымжан және республикалық байқаулардың лауреаты Дулат Аханов.Басталуы 18: 30.Анықтама телефоны: (8-7212) 41-13-14, 41-22-30.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880336
Маңғыстау облысының әкімі ҚР Президентінің кеңесшісімен кездесті 16.11.2024
9 қараша сенбі күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ҚР Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закариямен кездесті. Бас қосудыңнегізгі мақсаты — өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін ғылыми тұрғыда шешу және бірлескен жобаларды дамыту бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту.Нұрдәулет Қилыбай кездесу барысында Маңғыстау облысында ғылыми жобаларды қолдауға бағытталған жұмыстарға тоқталды. Өңірлік ғылыми кеңес 2023 жылдың маусым айында құрылып, оның құрамына 30-ға жуық маман — ірі кәсіпорын басшылары, жергілікті профессорлар, экологтар және IT саласының өкілдері енді. Кеңес алдағы уақытта халықаралық ғылыми қауымдастықпен бірлесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды көздейді.Жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ғылыми ынтымақтастыққа бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.- Ғылымға салынған инвестиция - болашаққа салынған инвестиция. Біздің мақсатымыз — өңірдегі өзекті мәселелерді ғылыми әдістермен шешіп, жаңа технологияларды енгізу арқылы Маңғыстаудың экономикалық және экологиялық әлеуетін арттыру. Біз өз тарапымыздан ғылыми ынтымақтастыққа бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайынбыз, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, Маңғыстау облысына сапары барысында Күнсұлу Закария «Gasyr» инновациялық физика-математикалық лицейінің жұмысымен танысып, лицей оқушылары мен ұжымымен кездесу өткізеді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/880292
Тамара Дүйсенова Қарағанды облысындағы білім және медицина саласының қызметкерлерімен кездесті 16.11.2024
ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Президент қойған міндеттер аясында білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту бойынша өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге кеңестер өткізілді.Вице-премьердің назарына «Шаңырақ» бөбекжайында ата-аналарға балаларын дамыту және тәрбиелеуге көмектесетін SabiDamu платформасы ұсынылды. Оның негізгі міндеттері – ерте даму скринингі және өзін-өзі диагностикалау.«Біз жаңа платформа құрып жатырмыз. Бұл жоба балалары қандай да бір себептермен балабақшаларға бармайтын ата-аналарға арналған. Оларға баланы үйде қалай дамыту керектігі айтылады. Ата-аналар кез-келген проблеманы анықтау үшін тест тапсырады. Оларды түзетуге логопедтер, дефектологтар, психологтар көмектеседі», — деді «Өрлеу» компаниясының басшысы Фарида Ақшолақова. Платформада қазақ және орыс тілдерінде баланы дамытуға арналған мультфильмдер, түрлі тапсырма бар. Мектепке дайындық процесі онлайн форматта автоматтандырылады. Жекеменшік және мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен өткен кеңесте ваучерлік қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба таныстырылды. Оның басты қағидасы – ақша баламен қоса еріп жүреді. Бұл инновациялық жүйе қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ балабақшалар арасындағы бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған. Пилоттық жобаға қатысушы – Тараз қаласындағы №9 балабақша меңгерушісі Жанар Оспанова жүйені енгізу тәжірибесі туралы баяндады.«Ваучерлік әдісті енгізу мектепке дейінгі ұйымның қаржылық жағдайына әсер еткен жоқ. Керісінше, балабақшаға тағы 100-ден астам бала келді. Бұл әдіс бойынша ата-аналар балабақшаны өздері таңдайды. Осылайша, мекемелер арасындағы бәсекелестік пен жағдайды жақсартуға деген ынта арта түседі», – деп атап өтті Жанар Оспанова.Кеңесте Тамара Дүйсенова білім беру жүйесіндегі сабақтастық мәселесін көтеріп, балалар мектепке өткенде стреске ұшырамай, оқу үдерісіне тез бейімделуі үшін мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптардың білім беру бағдарламаларын біріздендіру қажеттігін атап өтті. Маңызды рөл атқаратын дүние — баланың жеке даму картасы, оны ерте жастан бастап жүргізіп, кейін бастауыш мектепке тапсыру қажет.Мектеп директорларымен өткен жиында білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды. «Қазақстан халқына» қоры мен білім беруді тұрақты дамыту қоры бірлесіп жүзеге асырып жатқан тірек мектептер жобасы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Қарағанды облысында 10 мектеп қамтылып, тағы бір білім мекемесін қосу жоспарлануда. Жобаның мақсаты – ауыл балаларына қаладағыдай білім алуға мүмкіндік жасау.Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде «Бесаспап» бизнес-инкубаторы пилоттық жобасы таныстырылды. Студенттер өндірістік оқыту шеберлерімен бірге халыққа қызметтің төрт түрін: сантехника, ағаш ұстасы, жиһаз жасау және электр қызметтерін көрсетеді. Ілкімді бастама «Жас маман» жобасын коммерциаландыруға ықпал етеді. Колледжде инклюзивті білім беру мәселесіне де ерекше мән беріледі. Ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін қолөнер орталығы құрылып, олар мұнда шеберліктерін шыңдай алады. Вице-премьер бұл бағыттағы жұмысты оң бағалады. Колледж директорларының қатысуымен өткен кеңесте еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кадрларды даярлау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беруді түрлендіру қажеттігі талқыланды. Тамара Дүйсенова облыста дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесінің қалай жүзеге асырылып жатқанын да тексерді. Аталған жүйе дәрінің өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік береді, бұл контрафактілі өнімдер мен жеткізу тізбегіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.Вице-премьер Қарағанды фармацевтикалық кешенін аралап көрді. Бүгінгі күні мұнда 16 атаулы дәрілік зат өндіріледі. Кәсіпорын республикадағы пилоттық жобаға қатысқан. Дәрілердің таңбалануы мұнда екі жыл бойы тәжірибеден өтті. Заңды өндірушілер үшін бұл үлкен артықшылық, деп атап өтті «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС бас директоры Сергей Барон.Тамара Дүйсенова сондай-ақ ірі дәріхана қоймаларын аралап, емхана дәріханадағы жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрді.«Мемлекет басшысы білім беру мен медициналық көмек сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Қарағанды облысында аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жемісті. Біз тағы қай бағыттарда жұмыс істеу керектігін талқыладық. Денсаулық сақтау саласында телемедицинаны дамыту — маңызды бағыттардың бірі. Бұл тек Қарағанды облысында ғана емес, бүкіл ел бойынша дамитын болады», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880281
АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ НЕФРОЛОГТАР КОНГРЕСІНІҢ АЛАҢЫНДА БҮЙРЕК АУРУЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ҮЗДІК ПРАКТИКАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 16.11.2024
Астанада Түркі әлемі, Еуропа, АҚШ, Сауд Арабиясы, Түркия мемлекеттерінің жетекші сарапшыларының қатысуымен нефрологтардың, диализ дәрігерлерінің және трансплантологтардың Орталық Азия конгресі өтуде.Бүйрек ауруы-бүкіл әлем бойынша 750 миллионнан астам адамға әсер ететін жаһандық денсаулық сақтау мәселесі.«Бүйрек функциясы төмендеген пациенттер санының популяциядағы жылдам өсуі жоғары мамандандырылған емес, бірақ ауыр әлеуметтік-экономикалық салдары бар жалпы медициналық пәнаралық мәселе. Ғылыми бағдарлама заманауи зерттеулердің кең ауқымын, үздік клиникалық практикаларды, ауруларды басқарудағы халықаралық және тиімді тәсілдерді және бүйректің созылмалы ауруларының даму қарқынын ұсынады», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде.Нефрологтар қауымдастығы бүйректің созылмалы ауруын (БСА) ерте анықтау, халықтың бүйрек патологиялары туралы хабардарлығын арттыру шеңберінде МСАК дәрігерлерінің сақтығын арттыру мәселелеріне ерекше мән береді, сонымен қатар скринингтер жүргізудің, анықталған пациенттердің жай-күйін бақылаудың және аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында оларға кешенді терапия көрсетудің өзектілігі артты.Қазақстанда нефрологияны дамыту саласындағы әлемдік үрдісті ескере отырып, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен деңгейінің халықаралық стандарттарын өзектендіру және енгізу жүргізілуде. Асқынулардың алдын алу және динамикалық байқау үшін Қазақстанда бүйрек функциясының ерте бұзылуын анықтау бойынша бірқатар зерттеулерді қоса алғанда, ауруларды басқару бағдарламалары енгізілді.Бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттерге көрсетілетін медициналық көмекті жақсарту мақсатында Министрлік мынадай шараларды қабылдайды:- жоғары медициналық оқу орындарының клиникалық базаларында нефрология бойынша республикалық Нефрология орталығы мен өңірлік құзыреттілік орталықтары құрылады;- реципиент пен донордың паспортын ескере отырып, Күту парағын қалыптастыруды өзектендіру жүргізіледі;- кадрларды даярлау «Нефрология» мамандығы бойынша резидентураның жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес жүргізіледі;- гемодиализге, перитонеалді диализге және бүйрек трансплантаттауына жоғары шығынды қызметтер көрсету сапасының мониторингі.Конгресс алаңында бүйректің созылмалы ауруы проблемаларының аса маңызды пәнаралық және үйлестіруші аспектілері, ҚР денсаулық сақтау саласының диализ және бүйрек трансплантаттауына жұмсалатын әлеуметтік – экономикалық шығыстарының ауыртпалығын талдау, ғылыми-білім беру платформасын қалыптастыру және халықаралық деңгейдегі емдеу мен диагностиканың инновациялық технологияларын енгізу талқыланды.Форумның панелдік пікірталастарында Еуропалық Реналдық қауымдастықтың, Германия Федерациялық Республикасының, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Сауд Арабиясы, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның беделді ғалымдары мен тәжірибешілері баяндама жасады.Екі күндік Орталық Азия нефрология конгресі елордада жақын және алыс шетелдерден 400-ге жуық жетекші мамандарды жинады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/880264
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ МЕН ВЕНГРИЯ ЕЛШІСІ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ 16.11.2024
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Қазақстандағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесуі өтті.Кездесу барысында бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде ағымдағы ынтымақтастық мәселелері қаралды, атап айтқанда, бұл медицина және фармацевтика өнеркәсібін дамытуға, мамандарды оқыту мен даярлауға, тәжірибе алмасуға және өзара іс-қимылдың басқа да аспектілеріне қатысты.Кездесу қорытындысы бойынша заманауи технологиялар мен шешімдерді енгізу, медициналық кадрларды даярлау сияқты бағыттарда ынтымақтастықты жандандыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Венгрия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық келісімге қол қою мүмкіндігін талқылады.Сонымен қатар, тараптар МСАК елдерінің коалициясын ілгерілету мәселелерінде ортақ түсінік тауып, Венгрияның денсаулық сақтау өкілдерінің осы халықаралық платформа құрамына кіруін қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/880265
Облыс әкімінің қабылдауында кэмпинг салуды ұсынған тұрғынның жобасы қолдау тапты 16.11.2024
8 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданы тұрғындарымен кездескеннен кейін азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Сайөтес ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бақытжан Құлбаев республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойынан кэмпинг салғысы келетінін жеткізді.Заман талабына сай жолаушыларға қызмет көрсететін кэмпинг аумағында жобаға сәйкес, көліктерге техникалық қызмет көрсету орталығы, қонақүй, асхана мен модульді дәретхана бар.Бақытжан Құлбаев облыс әкімінен кэмпинг салу үшін қажетті жер телімін бөлуді сұрады. Нұрдәулет Қилыбай кәсіпкердің бастамасын қолдап, жыл соңына дейін заң талаптарына сай жер орнын беруді тапсырды.Сондай-ақ, облыс әкімінің қабылдауына 50-ге жуық тұрғын келіп, өз мәселелері мен ұсыныстарын жеткізді. Азаматтардың басым бөлігі жұмыссыздық, тұрғын үй мәселелері, карьерлер және спорт саласын дамытуға қатысты сұрақтармен жүгінді. Қабылдау барысында әрбір мәселе назарға алынып, тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/880219
Жамбыл облысында Шона Смаханұлының 100 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді 16.11.2024
Жамбыл облысында белгілі ақын, сатирик Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Шоқтығы биік Шона» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Айтулы мерейтойға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Шона Смаханұлының жақындары мен елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарымды қаламгерлер қатысты.Бұл күні Тараз қаласындағы №44 жалпы білім беретін мектепте орналасқан Шона Смаханұлының бюстіне гүл шоқтары қойылып, тағзым жасалды.Ғылыми-тәжірибелік конференцияны белгілі ақын Бауыржан Жақып жүргізіп отырды.Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев белгілі қаламгер, сатира саңлағы Шона Смаханұлының қазақ әдебиетіндегі алар орнына тоқталып, оның есімі мен мол мұрасы туған халқымен бірге мәңгі жасай беретінін ерекше атап өтті.– Шона Смаханұлы қазақ әдебиеті тарихындағы тұғыры биік тұлғаның бірі. Жамбыл жерінің ғана емес, тұтас еліміздің мақтанышы. Осы орайда ел арасында «Шоқ тілді Шона» атанған біртуар азаматтың мерейтойын туған топырағында атап өту – заңдылық.Қаламгер саналы ғұмырын қазақ сатирасын дамытуға арнады. Әзілмен шығарма жазса да, оның түбінде шындығы бар екенін ойлы оқырманға жеткізуге тырысты. Ол қай кезде де ақиқаттың ақ туын жоғары көтеріп, өзінен кейінгі ұрпағына үлгі-өнеге бола білді, – деген аймақ басшысы конференцияға қатысушыларға сәттілік тілеп, риясыз алғысын білдірді.ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев өз сөзінде сатира сардарының мерейтойына арналған конференцияның тағылымдық әрі танымдық маңызы зор екенін айтты.– Ұлттық әдебиет пен өнердің тойы - Шона Смаханұлының 100 жылдығы құтты болсын! Мемлекеттілік пен егемендікті нығайтуға, ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосып жүрген зиялы қауым өкілдерінің еңбегін Қасым-Жомарт Кемелұлы жоғары бағалайды. Президент тапсырмасына сәйкес есімі елге белгілі тұлғалардың мерейтойлары кең көлемде атап өтілуде. Бүгінгі шара сол маңызды бастамалардың жарасымды жалғасы іспетті, – деді Мәлік Отарбаев.Басқосуда зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар орамды ойларын ортаға салып, Шона Смаханұлы туралы естеліктерімен бөлісті.– Қабырғалы қаламгер сатиралық өлеңдерімен қатар, қазақ музыкасында өзіндік орны бар, халыққа кеңінен танымал, қайталанбас лирикалық әндердің сөзін жарыққа шығарды. «Анамның тілі» атты әуезді әнді білмейтін қазақ жоқ шығар. Бұл ән жүректі тербеп, көңілді кернеп, адам бойына ерекше әсер сыйлайды, – деп атап өтті Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов.– Шона Смаханұлының 100 жылдығы қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі түркі дүниесінің қуанышы. Ағамыздың азаматтық, қайраткерлік тұлғасы киелі ана тіліміздің жанашыры ретінде ұлт қайраткерлерінің ішінде ерекше биік көрінді. Ол қазақ кітаптарының насихатталып, кең таралуына бар күш-жігерін жұмсады. Алматыда қазақ мектептерін ашу жолындағы қайтпас-қайсар, табанды ерен еңбегін жанқиярлық ерлік деп бағалаймыз. Ұлт алдындағы перзенттік парызын адал орындап, Таласта туып, түркі әлемінің көгіне түлеп ұшқан сатира сұнқарының әдебиет пен қоғамдағы орны мәңгілік биік төрде, – деді ақын Ұлықбек Есдәулет.Жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы Астана, Алматы қалаларындағы мектеп пен көшенің біріне Шона Смаханұлының есімін беруді ұсынып, ұлыларды ұлықтау – ұрпақ ісі екенін алға тартты.Бұдан бөлек, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дәдебай, Қазақстан Жазушылар одағы Сатира кеңесінің төрағасы Ермахан Шайхыұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Абдезұлы, ғалым, сыншы Құлбек Ергөбек, жазушы, драматург Елен Әлімжан, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрдәулет Ақыш, ақын, сатирик Алпысбай Боранбаев сөз сөйледі.Ғылыми-тәжірибелік конференцияда Шона Смаханұлының 100 жылдық мерейтойына орай әзірленген «Ер Шона» атты жинақтың тұсауы кесілді.Тағылымды шарадан жиналған көпшілік келелі ой түйіп тарқасты.Қоғам қайраткерінің 100 жылдық мерейтойы «Ер Шона» атты әдеби-музыкалық кешпен түйінделді.Игі шара Ш.Смаханұлы туралы естеліктермен басталып, А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры әртістерінің орындауындағы Шонаның өлеңдеріне қойылған композициямен жалғасты.Кеш аясында ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалып, арнау өлеңдер оқылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/880195
Интернеттегі ата-ана бақылауы қызметтері туралы 16.11.2024
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялардың, ұялы байланыс пен теледидардың маңызы арта түсуде. Интернет тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас, ойын-сауық және білім берудің әмбебап ортасына айналып отыр. Интернет қолданушыларының саны да күн сайын артып келеді. Интернеттің үздіксіз өсуіне және ауқымының кеңеюіне байланысты ондағы заңсыз материалдардың да саны көбеюде. Сондықтан бүгінгідей цифрлық әлемде балаларды желідегі қауіптерден қорғау маңызды мәселеге айналды. Мемлекеттік органдар осындай қауіптерге қарсы тұру үшін тиісті шараларды қабылдауда. Дегенмен интернеттегі заңсыз әрекеттер мәселесін тек мемлекеттік құрылымдардың күшімен шешу мүмкін емес. Сондықтан БАҚ саласындағы заңнамалық талаптардың орындалуын қадағалайтын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ата-аналар үшін қолжетімді шешімдердің шолуын ұсынады.Ата-ана бақылауы сервистері заңсыз контентке қол жеткізуді шектеуге, онлайн-әрекеттерді қадағалауға және құрылғыларды пайдалану уақытын бақылауға көмектеседі.Ата-ана бақылауына арналған танымал қосымшалар:- Kaspersky Safe Kids: сайттарды бұғаттау, геолокация, белсенділік туралы есептер.- Dr.Web Security Space: антивирус және ата-ана бақылауы, контентті сүзу.- Qustodio (Испания): контентті сүзу, экран уақытын шектеу, әлеуметтік желілерді бақылау.- Net Nanny (АҚШ): контентті бұғаттау, экран уақытын шектеу және орналасқан жерді қадағалау.- Norton Family: сайттарды сүзу, пайдалану уақытын шектеу және іздеу сұрауларын қадағалау.- Kidslox: экран уақытын шектеу, қосымшаларды бұғаттау және орналасқан жерді қадағалау.- Parental Control Kroha (Украина): қосымшаларды бұғаттау, веб-бақылау, белсенділікке мониторинг жасау.- Google Family Link: Android жүйесінде белсенділікті бақылауға арналған тегін қосымша. Ата-ана мен баланың құрылғыларына орнатылады.- Kidlogger: белсенділікті қадағалауға мүмкіндік беретін пассивті бақылау.- Кірістірілген мүмкіндіктер: Android үшін Google Play арқылы, iOS үшін — геопозицияны қадағалау үшін «Экран уақыты» және «Орналасқан жерді анықтау».- TikTok Family Pairing: жасөспірімдердің TikTok-ты қолдануын бақылау, экран уақытын шектеу және контентті сүзгіден өткізу мүмкіндігі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/880095
Маңғыстау ауданының тұрғындарымен кездесуде Нұрдәулет Қилыбай Онды ауылын еліміздегі ең үлгілі ауылға айналдыруды ұсынды 16.11.2024
8 қараша күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданының халқымен кездесті. Шетпе ауылының мәдениет үйінде өткен жиында тұрғындар ауданының дамуы мен түйткілді мәселелері туралы айтты.Алдымен Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне шолу жасап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.Аудан әкімінің айтуынша, Маңғыстау ауданының орталығында тұтас бір шағын аудан бой көтеруде. Аталған шағын ауданда 800 жер орынға инфрақұрылым толық жүргізілді. Жаңа ауданға биыл “Жайлы мектеп” жобасы аясында 600 орындық мектеп пен дәрігерлік амбулатория ғимараты салынып жатыр. Одан бөлек мұнда 600 орындық мәдениет үйі, спорт кешені, полиция, прокуратура, сот, мұрағат, қорғаныс істері, оқушылар сарайы, әкімдік ғимаратарын салу жоспарланған. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданда жаңа білім беру нысандарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Биыл Бекі ауылында алғаш рет 100 орындық мектеп пайдалануға берілді.Мәдениет және спорт саласында да бірқатар оң өзгерістер орын алуда. Ауыл өнерпаздарын гастрольдік сапарларға тасымалдау үшін сыйымдылығы 13 адамдық жаңа автокөлік пайдалануға берілді. Сондай-ақ, ауданның 12 ауылында ашық спорт, балалар ойын және воркаут алаңдарын салу жұмыстары жүргізілуде.Маңғыстау ауданының негізгі экономикалық саласы — ауыл шаруашылығы. Қазіргі таңда ауданда 578 шаруа қожалығы мен 531 мал шаруашылығы тіркелген. Аудан облыс бойынша түйе басының 40%-ын қамтиды, бұл жылына шамамен 20 мың тонна түйе сүтін өндіруге мүмкіндік береді. «Ауыл аманаты» жобасы аясында түйе сүтін өндіруді ұлғайту мақсатында 10 жоба ұсынылған.Ауданда 3 инвестициялық жоба жүзеге асуда. «Карат» ЖШС-нің бастамасымен ауыз су шығару цехының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны 864 млн. теңге. Цех құрылысы аяқталғаннан кейін 35 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады. Ал 2025 жылы «Caspiy Milk» ЖШС және «Mangystau Milk» ЖШС түйе сүтінен ұнтақталған сүт өнімін өндіру орындарын іске қосуды жоспарлауда.Нұрдәулет Қилыбай ауданға қарасты Онды ауылын республика деңгейінде ең үлгілі ауылға айналдыруды ұсынды.-Халық жазушысы Әбіш аға Кекілбаев туған Онды ауылында соңғы жылдары бір де бір құқық бұзушылық тіркелмеген. Ауылда арақ-шарап сатылмайды. Мұнда бір мың түп жеміс ағашы егілген бақ бар. Сондықтан Ондыны солтүстіктегі Родина ауылы сияқты үлгілі ауыл қатарына қосуды көздеп отырмыз. Бүгінде ауылды көркейту үшін арнайы жоспар жасақталуда,-деді Нұрдәулет Қилыбай.Кездесу барысында жергілікті тұрғындар мектеп тапшылығы, ат шабар алаңының салынуы, қоғамдық көлік қажеттілігі, карьерлер мен Қосбұлақ ауылының мәселелері туралы сұрақтар қойды. Сондай-ақ, мал шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру мен спорт салаларын дамыту бойынша да ұсыныстар айтылды.5 сағатқа созылған кездесуде айтылған өтініштер мен қойылған сұрақтарға жауап берген облыс әкімі жауапты сала басшыларына түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешуді тапсырды.Кездесуден кейін Нұрдәулет Қилыбай жеке мәселелері бойынша тіркелген аудан азаматтарын қабылдады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/880134
Тамара Дүйсенова Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен танысты 16.11.2024
ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Президенттің тапсырмаларын іске асыру барысымен танысты, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Вице-премьердің жұмыс сапары Бұқар жырау ауданының Самарқанд ауылынан басталды. Мұнда қазір «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын. Бұрынғы ғимарат өртеніп, дәрігерлер қазір науқастарды бейімделген орында қабылдауда. Медициналық мекемеге Самарқандтың 1,3 мың тұрғыны және жақын маңдағы төрт ауыл тіркелген.«Бізге жаңа ғимарат салып беріп жатқандарына барлық тұрғын қуанышты. Мұнда процедуралық кабинет, зертхана жұмыс істейді. Физиотерапиялық ем мен иммунопрофилактика жүргізіледі. Бізде дәріхана қоймасы да болады. Яғни азаматтар өздеріне тиесілі тегін дәрі алу үшін енді қалаға немесе ауданға сабылмайды», — деді медбике Әсем Жаудина.Медициналық мекеме 1300 адамға қызмет көрсетеді: Самарқанд ауылы мен жақын маңдағы тағы 4 ауылдың тұрғындары енді осы мекемеге келе алады.Жалпы Қарағанды облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында 92 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 14 нысан 2023 жылы пайдалануға берілді. Ал осы жылдың соңына дейін тағы 27 нысан ашылады. Қалғандары келесі жылы бітуі тиіс. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл тұрғындарын қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.Сондай-ақ Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында оның тиімділігін жоғары бағалаған болатын. Бағдарлама ауыл тұрғындарының кірісін арттыруға және жұмыс орындарын ашуға бағытталған.Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына Петровка ауылында мал өсіретін кәсіпкер Темірлан Қанатов та қосылды. Жас кәсіпкер ауылда өз ісін дамытуды көздейді. Жеңілдетілген несие рәсімдеп, 11 сауын сиырды сатып алған. Сауылған сүтті жергілікті кәсіпорындардың біріне өңдеуге өткізіп отыр.«Ауыл тұрғындары үшін осындай бағдарлама болғаны тиімді. Бізде өз ісімізді ашуға мүмкіндік бар. Ең бастысы – өнімді өткізу жолының жүйесін қалыптастырды. Бізде бәрі жақсы, ешқандай проблема жоқ. Барлық сүтті өткізіп отырмыз. Ал түскен қаражатқа малға жем-шөп сатып алдым, электр қуаты үшін төледім, малды қыстатуға орын дайындадым. Болашақта кәсібімді дамытып, сүт өңдеу мен сүт өнімдерін өндіру цехын ашқым келеді», — дейді Темірлан Қанатов.Ботақара кентінің тұрғыны Андрей Степаненко Кәсіпкерлікті қолдаудың біріңғай кешенді бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алған. Көлік жөндеу орталығы үшін қажетті құрал жабдық сатып алыпты. Бұрын жұмыссыз болған және екінші топтағы мүгедектігі бар. Қазір ол тек өзін жұмыспен қамтып қана қоймай, екі ауылдасына табыс көзін тауып берді. Алдағы уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алып, бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.Премьер-министрдің орынбасары өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізді. Оған облыстың аудан және ауылдық округ әкімдері қатысты. Бағдарламаның республикалық мониторингінің нәтижесі баяндалып, басқа облыстарда жүзеге асырылған үздік жобалар үлгі ретінде таныстырылды.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жобаның ауыл тұрғындары арасында сұранысқа ие екеніне тоқталды. Былтыр 456 шағын несие берілген. Оның көпшілігі жеке қосалқы шаруашылық иелеріне арналған. 639 жұмыс орны ашылып, 62 ауылшаруашылық кооперативі құрылды. Кеңес барысында екі ірі кәсіпорын – Kazakhmys және Qarmet компанияларымен меморандумға қол қойылды. Олар қызметкерлерін тамақтандыру үшін жергілікті өнімді сатып алмақ.«Президенттің тапсырмасымен біз “Ауыл аманаты” жобасының аймақтарда қалай жүзеге асырылып жатқанына мониторинг жүргіздік. Қарағанды облысында берілген несиенің арқасында өз кәсіптерін ашқан жандармен кездестік. Өндірісті кеңейтуді жоспарлап отырған олар осындай мүмкіндік үшін ризашылық білдіруде. Негізгі міндеттердің бірі – өнімді сатуды ұйымдастыру. Осы мақсатта бүгін меморандумдарға қол қойылды. Бұл екі компанияда 63 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ал жұмысшыларды тамақтандыруға жұмсалатын шығын 10 млрд теңгеден асады. Меморандум нақты нәтиже беруі керек. Бұл ірі кәсіпорындарға өңірдің экономикасына үлес қосуға мол мүмкіндік. Ал ауыл тұрғындары өзінің стандарттарға сай келетін өнімдерін сата алады», — деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.Ол ауыл әкімдерінің міндеті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпаратты әр тұрғынға жеткізу екенін атап өтті. Вице-премьер сондай-ақ спортты дамыту мәселелері бойынша Қарағанды облысындағы спорт ұйымдары мен балалар-жасөспірімдер мектептерінің басшыларымен кеңес өткізді. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев жоспарланған өзгерістер туралы баяндады. Спорттық қауымдастық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерін қаржыландыруға арналған жан басына шаққандағы нормативті енгізу туралы өз ұсыныстарын білдірді. Келесі жылдан бастап бұл норма пилоттық жоба ретінде, оның ішінде Теміртау қаласында да сынақтан өткізіледі. Тамара Дүйсенова айтылған пікірлер мен ұсыныстарды арнайы құрылған жұмыс тобы мұқият қарайтынын атап өтті. primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879974
Қарағандылықтар үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді 16.11.2024
Қарағандылықтарды 9, 16, 23 және 30 қараша күндері қалалық ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкесіне шақырады.Сауданың басталуы сағат 09:00-де.Жәрмеңкелер үш орында өтеді: - Оңтүстік-Шығыста – фермерлік орталық Global City, 134-ші есептік квартал, ғимарат 921; - Майқұдықта – ТД «Умай», Карл Маркс көшесі, 9; - Пришахтинскте – Мәдениет үйі «Жастар», Металлистов көшесі, ғимарат 24/2.Сатып алушыларға ауылшаруашылық, ет-сүт өнімдері және жергілікті өндірушілердің тауарлары орташа нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879929
Ақтөбе облысы жаңа мектептердің құрылысы бойынша алдыңғы орында 16.11.2024
Ақтөбе өңіріндегі оқу орындарының тапшылығы мен апатты жағдайдағы мектеп мәселесін шешу және үшауысымды мектептер санын азайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Білім беру нысандарының қажеттілігінің ұлғаюы себепті облыста 2023-2025 жылдар аралығында 44 мектеп салу көзделген. Олардың бесеуі апатты жағдайдағы мектептің орнына, тоғызы - үшауысымды мектеп мәселесін шешуге, 21 мектеп - орын тапшылығын жою үшін салынуы тиіс болған.2023 жылы 5 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде ең ауқымдысы - «Алтын орда» шағын ауданында бой көтерген 2620 орынға арналған Bilimsmart мектебі. Қазіргі уақытта мектеп 5233 баланың білім алуына жағдай туғызып отыр.Сонымен қатар, №14 және №12 мектептерде орын тапшылығын жою мақсатында қосымша құрылыс салынды.Алға ауданы Маржанбұлақ елді мекенінде орта метептің ашылуы орын тапшылығы мәселесін шешті.Биыл жоспарға сәйкес, 12 мектеп пайдалануға берілуі тиіс, олардың алтауы бүгінде оқушыларға есігін ашып үлгерді, келесі алтауының құрылысы аяқталуға жақын, жыл соңына дейін халық игілігіне берілмек.Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Есет батыр-3 тұрғын алабында 2000 балаға арналған және Ақжар-2 тұрғын алабында 300 орындық мектеп бой көтеріп жатыр. Бұл мектептер оқу ғимараттарының тапшылығын жойып қана қоймай, оқушылардың жайлы ортада білім алуын қамтамасыз ететін болады.20-дан аса мектептің құрылысы 2025 жылға ауыстырылды. «Біздің басты мақсатымыз – облыстағы барлық баланың сапалы білім алуына барынша жағдай жасау. Жаңа мектептерді салу және ескісін жаңғырту бұл жай ғана сандар емес, балалардың оқу жағдайын жақсарту деген сөз. Бала санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салу мәселесі - күн тәртібінде. Салынып жатқан құрылыстар кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі. Ақтөбе қаласындағы халық көп шоғырланған ауданда жаңа стандарттарға сай ғимараттар салу қиындық туғызатындықтан, жергілікті атқарушы органдармен жапсарлас нысандар салу қолға алынуда. Апаттық жағдайдағы мектептергк келер болсақ, әр нысанның қызмет ету уақыты әртүрлі екенін есепке алу керек. Соған сай, әр жыл сайын жаңа құрылыстар салу мәселесі туындап отырады», - дейді Ақтөбе облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезов.Одан бөлек, ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен су тасқынынан зардап шеккен білім нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Айталық, Мұғалжар ауданы Көтібар ауылында және Ойыл ауданы Қаратал ауылында бөбекжай-балабақша қалпына келтірілуде. Ал Екпетал елдімекені тұрғындарының Ойылға көшірілуіне байланысты 320 орындық мектеп және 150 орындық балабақша құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Ырғыз ауданы Нұра ауылындағы Т.Жүргенов атындағы орта мектеп апатты деп танылып, оның инфрақұрылымын жеке инвестор есебінен толық жаңартылу көзделген. Және де Нұра ауылының тұрғындары көшірілген Сарыобада жеке инвестор есебінен 60 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды. Болашақта бұл ғимаратты мемлекет есебіне өткізу мүмкіндігі қарастырылуда.Бүгінгі күні Ақтөбе облысы - жаңа ғимараттар салу мен жаңғырту бойынша республика бойынша алғашқы орында. Бұл бастамалардың барлығы жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/879976