Ғылым
Қарағанды электронды сауда орталығына айналады 16.04.2025
Қарағанды облысы онлайн-сату бойынша ел арасында көшбасшылар үштігінде. Электрондық коммерцияны дамыту жалғасатын болады. Бұл үшін облыс әкімдігінде бірінші отандық Teez маркетплейсімен меморандумға қол қойылды. Қазірдің өзінде оның алаңында 40-қа жуық қазақстандық тауар өндірушілер тіркелген. Мақсаты – отандық өнімді өткізу үшін бірлесіп қолайлы жағдайлар жасау.– Қарағандыда маркетплейстің ашылуымен жергілікті тауар өндірушілер үшін үлкен мүмкіндіктер пайда болды. Біз бастапқыда отандық өнімді ілгерілету және қолдау туралы келістік. Бірге жұмыс істейтін боламыз. Ең алдымен, бұл өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу, – деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.Teez маркетплейсі бірегей үлгімен ерекшеленеді, онда барлық тауар Қарағандыдағы бір орталық хабта орналасқан, осы жерден өңделеді және бүкіл Қазақстан бойынша бір күнде жеткізіледі.Teez компаниясының негізін қалаушы Линар Хуснуллин «Қарағанды – Қазақстанның электрондық сауда орталығы» атты ауқымды жобаны таныстырды.– Қарағанды – осындай бизнес үшін тамаша орын. Жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастықты дамыту маңызды, – дейді кәсіпкер.Ол «Қазақстанда жасалған» маркасымен тауарларды сату және ілгерілету үшін көзделген арнайы шарттар туралы айтып берді. Бұл – ерекше іріктеулер, төмендетілген комиссия, жеңілдікпен жылжыту.Жоба қазақстандық кәсіпкерлерді электрондық коммерцияға оқыту және қоғамды құру бойынша ауқымды бағдарламаны қамтиды. Мультиплатформалық конференциялар ұйымдастырылады, біріншісін 23 сәуірде өткізу жоспарланған. Селлерлер мен өндірушілердің өзара іс-қимылы үшін коворкинг-клуб ашылады.– Бүгін қол қойылған меморандум осы электрондық алаңда біздің жергілікті тауар өндірушілеріміздің барынша көп қатысуы бағытындағы жұмысты айқындайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда жасалған 38 тауар маркетплейс алаңында сатылады. Бұл тек бастама. Тұрмыстық химиямен айналысатындар, ұлттық киімдерді ұсынатындар бар. Қазір қайта өңдеушілер бойынша жұмыс жүргізілуде, – деді кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/969907?lang=kk
Қарағандыда туристерге арналған ақпараттық орталық ашылды 16.04.2025
VISIT QARAGANDA туристік ақпараттық орталығы келушілерді қабылдауға дайын. Мұнда өңір қонақтары маршруттар, көрікті орындар, қонақ үйлер, демалыс орындары, туроператорлардың қызметтері туралы ақпарат ала алады. Мамандар өңірде нені тамашалауға және қайда баруға болатыны жайлы кеңес береді.– Біз Қарағандыға келген кез келген адам қайда баратынын және не көретінін білгенін қалаймыз, – дейді орталық директоры Бақтияр Бекмырзаев. – Сондай-ақ, Қарағанды өңіріне келген әрбір қонақ пайдалы ақпарат алуы үшін әуежай ауданында визит-орталық ашуды жоспарлап отырмыз.Орталық жол көрсеткіштер мен карта-схемаларды шығарумен, жаңа бағыттарды ашумен және туризмнің түрлі бағыттарын дамытумен айналысады: қызықты оқиғалар, балалар, экологиялық, гастрономиялық, этно- және өнеркәсіптік. Қазір жаяу, қалалық және облыстық экскурсияларды, тарихи және көрікті орындарға джип-турлар мен экспедициялар ұйымдастыруды қоса алғанда, жаңа бағыттар құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Орталықтың басты жобаларының бірі – әлемнің 170 тілін қолдайтын жасанды интеллект негізінде құрылған виртуалды консультант. Чат-бот Қарағанды облысына саяхат жасауға ыңғайлы көмекшілерге айналады. Ол арқылы маршрутты таңдап, көрікті орындар туралы білуге және қонақ үйлер, жанармай құю бекеттері мен демалыс орындары туралы өзекті ақпарат алуға болады.Бұдан басқа, жергілікті шындыққа бейімделген брондау жүйесі әзірленуде. Ол тек қалалық қонақ үйлерді ғана емес, қала сыртында қонуға болатын нұсқаларын да көрсетеді.Туризмді дамыта отырып, ақпараттық жұмысты ғана жүргізбей, сапалы инфрақұрылымды да қамтамасыз ету қажет.– Біріншіден, ауқымды ақпараттық науқан қажет. Тіпті туристер туралы айтпағанда, көптеген қарағандылықтар да облыстағы көрікті жерлерді білмейді. Ақпарат адамдарды өзі табуы тиіс. Екіншіден, жолдарды жақсарту қажет. Тіпті ауылдық аудандарда да оларды ретке келтіруге болады. Асфальт төсеудің қажеті жоқ, бірақ жолдармен жүруге болатындай ету керек. Және, әрине, ең үлкен қиындық – туристерді орналастыру. Жергілікті тұрғындарды қонақ үйлер салуға, гидтер дайындауға және көлік қызметтерін көрсетуге белсенді тарту қажет, – деп есептейді «Авалон» тарихи-географиялық қоғамының төрағасы Виталий Шуптар.Орталықтың жаңа жобаларының бірі Қарқаралыдағы балалар тілдік лагері болмақ. Балалар қазақ тілін үйреніп, халықтың салт-дәстүрлерімен табиғи ортада гаджеттерсіз таныса алады.Орталық қызметінің қосымша бағыттарының қатарында туристік шараны құру болады. Осындай ынтымақтастық жобаларының бірі – Nurami брендінің Vizit Karaganda желісі.– Біздің бренд қазақстандық суретшілерді танымал етумен айналысады. Біз олардың суреттерін өз өнімдерімізде қолданамыз, – дейді бренд өкілі Людмила Федосенко. – Қазір қарағандылық суретші Владимир Проценконың еңбектері салынған футболкалар желісін шығарудамыз. Онда Қарағандының көрнекті орындары: кеншілер мәдениет үйі, Каскад алаңы және Қарқаралы бейнеленген. Менің ойымша, бізге туристер келгенде, олар өзімен бірге біздің облысымызда жасаған саяхатын еске түсіретін нәрселерді алып кетеді.Жоспарларға тоқтай келе Бақтияр Бекмырзаев орталықтың басты мақсаты – өңірдің туристік әлеуетін дамыту екенін атап өтті.– Біз туристер мен кәсіпкерлерге қолайлы өзара іс-қимыл мен дамуға көмектесетін орталық болғымыз келеді, – деп атап өтті Бақтияр Бекмырзаев.«VISIT QARAGANDA» ТАО Қарағанды облысының Мемлекеттік және сервистік қызметтер орталығында: Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайы бойынша орналасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/969409?lang=kk
Ермағанбет Бөлекпаев азаматтарды қабылдады 16.04.2025
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Проблемаларын шешу үшін азаматтар облыстың түкпір-түкпірінен келеді. Бұл жолы сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаға қатысты болды.Кездесу облыстық басқармалар мен мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің қатысуымен өтті.Қабылдауға жазылғандардың бірі тұрғын үй туралы сұрақ қойды. Ол пәтер алу үшін кезекте тұр. Баспанаға кезекті көп күтпеу үшін ипотека алғысы келген екен, бірақ ай сайынғы төлемге жалақысы жетпеген. Облыс басшысы жоғары табысты жұмыс табуға көмектесуді ұсынды.– Сіз Саранға көшу мүмкіндігін қарастырмайсыз ба? Мен сізге бұл қаланы неге ұсынатынымды білесіз бе? Қазір Саран белсенді дамып келеді. Индустриялық аймақты құрудың арқасында онда жаңа жұмыс орындарын ашатын заманауи кәсіпорындар ашылды. Мысалы, тұрмыстық техника зауыты бар. Цехтары өте жарық және таза. Жұмыс беруші толық әлеуметтік пакет және жоғары жалақы төлеуге кепілдік береді.Тағы бір мәселе Пришахтинскідегі Шахтер кентіндегі көп қабатты үйлерді орталықтан жылытуға қосу болды. Жылу желілерін қалпына келтіру және үйлерді қосу бойынша ауқымды бағдарлама өткен жылы басталған болатын. Іске асыру Тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы арқылы жүргізіледі. 33 үй қосылды. Қабылдауға келген қарағандылықтың айтуынша, жылу жүйесіне қосылған барлық көршілер риза. Енді олардың үйі де кезекте тұр.– Біздің үйлер орталық жылыту жүйесінен ажыратылғанына 30 жылдан асты. Осы уақыт ішінде біз бастан не кешпедік! Көбісі, соның ішінде күйеуім екеуміз пәтерлерге пеш қойдық. Қазір мен жалғыз тұрамын, үшінші қабатқа көмір тасу маған өте қиын, – деді қарағандылық. – Сондықтан осы бағдарламаға бастама жасап, жылыту мәселесін шешуге көмектескеніңіз үшін рахмет айтқым келеді.Сұрақтардың басым бөлігіне сол жерде жауаптар берілді. Мұқият қарауды талап еткендер одан әрі шешілуі үшін бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/965574?lang=kk
Маңғыстау облысында ең «Көпэтносты отбасы» байқауы жарияланды 15.04.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы орай Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың ұсынысымен өңірлегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен татулықты нығайту мақсатында ең «Көпэтносты отбасы» байқауы жарияланды.Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы аясында ұйымдастырылатын «Көпэтносты отбасы» байқауыныңЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ереже1. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы аясында ұйымдастырылатын «Көпэтносты отбасы» байқауын (бұдан әрі — Байқау) Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып, өткізеді.2. Байқау мақсаты: Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен татулықты нығайту; Көпэтносты отбасылардың мәдениетіне, салт-дәстүріне, бірлігіне құрмет көрсету; Отбасы құндылығын дәріптеу.3. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу3.1. Байқауды Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып, жүзеге асырады.3.2. Ұйымдастыру алқасы байқаудың өткізілу шарттары мен Ережесін бекітеді.3.3. Байқауға қазылар алқасы төрелік етеді.3.4. Байқау жеңімпаздарын марапаттау үшін жүлде қорымен қамтамасыз етеді.4. Байқаудың өткізілу мерзімі4.1. Байқау облыс көлемінде онлайн түрде өтеді.5. Байқауға қатысушылар5.1. Маңғыстау облысының тұрғындары (көпэтносты отбасылар)5.2. Байқауға қатысу үшін, 2025 жылдың 18 сәуіріне дейін Көпэтносты отбасылар (отбасы құрамында 5 түрлі этностан кем болмауы, сонымен қатар туыстықты анықтайтын құжаттарды Ank.konkurs@mail.ru почтасына 18 сәуірге дейін жолдаулауы тиіс. Келіп түскен (фото, видео ұзақтығы 3 минут) материалдар әлеуметтік желілерде жарияланады.6. Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары6.1.Байқау бекітілген ережеге сәйкес өткізіледі.6.2. Байқау форматы: ОнлайнШарттары:6.3. Отбасының құрамымен, этностарымен және тарихымен таныстыру (видео немесе фотослайд-шоу)6.4. Мәдени мұра (әр отбасы өз этносының бір салт-дәстүрін, ұлттық тағамын, биін, немесе әнін таныстырады.) (Бейнеролик, фотоколлаж немесе сахналық қойылым ретінде)6.5 Шығармашылық жұмыс (балалар немесе бүкіл отбасы бірігіп шығарма, өлең, сурет немесе қолөнер бұйымын ұсынады).7. Жеңімпаздарды анықтау7.1.Байқау бойынша барлық жинақталған материалдар(фото, видео) әлеуметтік желілерге жарияланып, қазылар алқасының шешімімен және әлеуметтік желідегі дауыс беру арқылы жеңімпаз отбасылар анықталады.8. Тәртіптік ережелер8.1.Байқауға қатысушылар қажетті материалдарды бекітілген ережеге сәйкес ұсынуға міндетті.9. Марапаттау9.1. алқасының шешіміне сәйкес, жеңімпаз отбасылар арнайы шығармашылық пен өзіндік ерекшелік, мәдениетті терең таныстыру, бірлік пен достық идеяларын жеткізу критерийлерімен анықталады және «Ең көпэтносты отбасы», «Өнерлі отбасы», «Шебер отбасы», «Көрермен көзайымы» номинацияларымен марапатталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/975381?lang=kk
Өнеркәсіп және құрылыс министрі солтүстіктің зауыттарын аралады 15.04.2025
СҚО-ға жұмыс сапары барысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өңірдің өндірістік әлеуетімен танысып, перспективалық инвестициялық жобалардың іске асу барысымен танысып, облыс орталығындағы жетекші кәсіпорындарды аралады. Киров атындағы зауытта, ПЗТМ және «CT Assembly» кәсіпорындарында министр инновациялық технологиялармен танысты. Кейін «ЗИКСТО» зауытына барып, вагон өндіру үшін жаңа ғимараттың құрылысын бақылады. Қағаз өнімдері фабрикасында заманауи өндіріс процестері таныстырылып, осы сектордың одан әрі дамуы талқыланды. Инновациялық жылыжайды аралау барысында «Радуга» техноэкопаркін құру жобасы таныстырылды. Бұл жоба облыстың экологиялық инфрақұрылымының маңызды бөлігі болып, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған.Сонымен қатар, Ерсайын Нағаспаев «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының 3-ші субаймағында болып, мұнда жүзеге асып жатқан «KazCrane Engineering», «Qilu Agro», «Бейкертон» және «Eco Glade» сияқты инвестициялық жобалар және инфрақұрылымның салынуымен танысты. "Көтергіш қондырғыларды, ауыл шаруашылығы техникасы, нан-тоқаш өнімдерін шығару мен саңырауқұлақ фермасын іске қосу өңірдің экономикалық әлеуетін жақсартып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді", -деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/975256?lang=kk
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды 15.04.2025
Қызылорда қаласының сол жағалауында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қолдауымен бой көтеретін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланып, капсуласы салынды. Рәсімге «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, қала әкімі, жауапты сала басшылары, тұрғындар қатысты. Жалпы ауданы 3300 шаршы метрлік ғимарат құрылысына жауапты бас мердігер «РиА Сервис ЛТД», техникалық қадағалаушы «Құрылыс контроль» серіктестіктері нысанды қыркүйек айында пайдалануға беруді жоспарлаған.Мұнда тұрғындар дене шынықтырып, спорт резерві даярланады және жоғары білікті спортшылардың оқу-жаттығу процесі ұйымдастырылады. Кешеннің басты ерекшелігі – мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалатындығында. Жобаның мақсаты – тек дене шынықтыру мен сауықтыру ғана емес, тұрғындар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қолжетімді әрі инклюзивті орта қалыптастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/973611?lang=kk
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» экологиялық акциясы өтті 15.04.2025
Талдықорған қаласындағы Жеңіс саябағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында алғаш рет ашық аспан астында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» атты экологиялық акция өтті. Хакатонның басты мақсаты – жастардың назарын өңірдегі экологиялық мәселелерге аудару және оларды шешуге жұмылдыру. Сонымен қатар, 20 жасқа өз идеяларын ұсынуға және нақты экологиялық жобалар әзірлеуге мүмкіндік берілді. Акция аясында экология тақырыбында панельдік пікірталас алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар 4 топқа бөлініп, өз жобаларын ұсынды.Қазақстан студенттерінің Альянсы Жетісу облыстық филиалының белсендісі Кариманова Ұлпан: «Бүгінгі «Eco Hackathon» шарасы барысында қатысушылар экологияны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, көгалдандыру және экосаулықты сақтау бойынша түрлі идеялар мен шешімдер ұсынды. Үздік жобалар алдағы уақытта өңірде жүзеге асыру үшін қарастырылатын болады. Eco Hackathon – бұл жай кездесу ғана болып қалмай, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыратын, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын және Жетісудың жасыл болашағына үлес қосатын маңызды бастама».Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері барлық жоспарланған іс-шаралар белсенді түрде өткізілуде. Сенбіліктер мен экологиялық акцияларға жалпы саны 17 мыңнан астам адам қатысты. 295 техника бірлігі жұмылдырылып, 1 209 тонна қоқыс шығарылды. 132 парк пен сквер тазартылып, 17 мыңнан астам қылқан жапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметі бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/972656?lang=kk
Денсаулық сақтау Министрінің Бұйрығымен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Бақылау кеңесінің құрамы жаңарды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі. Біртанов Елжан Амантайұлы Толғырақ>> С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры..Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы Толғырақ>> Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті.Шарман Алмаз Толғырақ>> "Resmi" компаниялар тобы» ЖШС-ның президенті.Мәжібаев Қайрат Қуанышбайұлы Толғырақ>> "Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы" АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасыӘбілқасымов Ерасыл Толғырақ>> "Capital partners" ЖШС-ның Бас директоры. Сарыбеков Владимир Евгеньевич Толғырақ>>ҚР-дағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті Локшин Вячеслав Нотанович Толғырақ>> Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының Ахметов Уәлихан Исаұлы Толғырақ>> Бизнес кеңесші.Джангильдин Алиби Чингисович Толғырақ>> Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының директорлар Кеңесі төрағасы Омаров Қадыр Тоқтамысұлы Толғырақ>> Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталінің директор орынбасары Тәжиев Есентай Бөдесұлы Толғырақ>>Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/21618?lang=kk
Шығармашылық көрме ашылды 15.04.2025
Қызылорда қаласындағы көркемсурет галереясында Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында шығармашылық кеш өтті.Аталған кешті М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің 85 жылдық мерекесіне тарту ретінде осы білім ордасының «Бейнелеу өнері және сызу», «Технология» және «Дизайн» мамандықтарының оқытушылары мен студенттері ұйымдастырды. Кеш «Өрнекпен өрілген өнер» деген тақырыппен ұйымдастырылды.Көрмеге «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының оқытушылары мен студенттерінің қолынан шыққан 80-нен астам кескіндемелік және сәндік – қолданбалы өнер шығармалары қойылды.Оқытушылар мен студенттердің шығармашылығын қолдау, өнерлерін насихаттау және көрме қонақтарына еліміздің мәдениетіне, өнеріне қызығушылықтарын қалыптастыру арқылы эстетикалық тұрғыда рухани әсер сыйлау мақсатында өткізілді.Айта кетейік, көрме 30 маусымға дейін жұмыс жасайды. Жұмыс уақыты: сағат 9.00-дан 19.00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/20894?lang=kk
Алматы облысындағы балабақша тәрбиешісінде туберкулез ауруының анықталғандығы жағдайын Денсаулық сақтау министрлігі бақылауға алды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары Алматы облысының Іле ауданындағы Жаңа-Қуат ауылында мектепке дейінгі балалар мекемесінде әйелден туберкулез ауруының анықталуы жағдайының тіркелуіне байланысты тексеруді бастады.Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша және балабақшада ауру ошағына эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Жұмыс орны бойынша 368 азаматтың қарым-қатынаста болғаны анықталды, оның ішінде 38-і балабақша қызметкері және 330-ы балалар. Балабақшаның барлық қызметкерлері флюорографиялық тексеруден өтті, ауру анықталған жоқ. Бүгінгі күннен бастап мамандар балаларға Манту сынамасын жасау арқылы (зерттеу нәтижелері 72 сағаттан кейін) тексеруге кірісті. Ағымдағы жылғы 28 сәуірдегі сағат 14:00-гі жағдай бойынша Манту сынамасы 103 балаға жасалды. Ауру ошағында қорытынды дезинфекциялау ұйымдастырылды.Тұрғылықты жері бойынша тексеруден өтетін қарым-қатынаста болған 7 адам, оның ішінде 3-і бала.Сондай-ақ, барлық мүдделі қызметтер мен ведомстволарға тиісті шаралар қабылдау үшін хабар берілді.Ауру ошағында жұмыстар жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/20855?lang=kk
Қырғызстандық шебер-қолөнершілер Маңғыстау тұрғындарына өз шығармашылығын таныстырып жатыр 15.04.2025
Шетелдік қонақтар үшін арнайы тігілген киіз үйлерде Түркия, Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген қолөнершілер өз жұмысын ұсынып жатыр. Бауырлас елдердің шеберлері Ақтау тұрғындары мен қонақтарына халық қолөнерін таныстырды.Гүлсан Атамқұлова – Қырғызстаннан келген кесте тігу шебері. Оның айтуынша, қазір елімізде ұлттық кесте өте танымал. Кесте әртүрлі күнделікті заттар мен киімдерге тігіледі. Заманауи сөмкелер, әмияндар, төсек-орындар мен шапандар ұлттық ою-өрнекпен кестеленген. Сонымен қатар, шебер киіз элементтері бар жібек матадан ерекше шәлі жасайды.«Мен бұл іспен бала кезімнен айналысып келемін. Жалпы, қырғыз әйелдерінің барлығы дерлік тігін мен кестелеуді біледі. Кесте өнері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Менің мамандығым – дизайнер. Соңғы бес жылда дәстүрлі элементтері бар киім тігіп жүрмін. Ұлттық киім туралы, яғни ою-өрнектердің мағынасы мен ерекше кесте туралы, оны не үшін және қалай қолданғаны жөнінде ғылыми мақала жазуды жоспарлап жүрмін. Өйткені, қырғыздардың кез келген ұлттық киімі, оның әрбір элементі әдемі ғана емес, сонымен қатар функционалды», - деп атап өтті Гүлсан Атамқұлова.Құрманбек Сартыматов – тері илеуші шебер. Ол былғарыдан сөмке, қамшы, белдік жасайды. Оның қолынан шыққан мерекелік жиынтық адамның көз жауын алады. Мұны жасау үшін шебер былғары, күміс, жез, табиғи тасты қолданған.«Мен 25 жылдан бері теріден ұйым жасап келемін. Менің ұлым - зергер, әйелім кесте тігеді. Өзім терімен жұмыс істегенді ұнатамын, өйткені оны металмен, сүйекпен, таспен біріктіруге болады. Менің бұйымдарыма қазақстандықтар жиі тапсырыс береді, бірақ мен мұнда ешқашан болған емеспін. Қазір біз Ақтауда - түркі әлемінің мәдени астанасындамыз. Жергілікті шеберлермен танысып, тәжірибе алмасамыз деп үміттенеміз», - дейді Құрманбек Сартыматов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/970390?lang=kk
Ақтаулық тұрғындар Түркия өкілдерінің шеберлік сағатына қатыса алады 15.04.2025
Түркі әлемінінің мәдени жылы аясында түбі бір түркітілдес халықтар Ақтауда бас қосып, ортақ құндылықтарды насихаттап жатыр.Измир жетілу институтының директоры Шуле Айдынның айтуынша, түріктер мен қазақтардың ұлттық киімінде ұқсастық көп. Оның сөзінше, мұндай мәдени шара ортақ құндылықтарды насихаттау үшін өте маңызды. Ақтау қаласына алғаш рет табан тіреген шеберлер қазақ ұлтының мәдениетімен жақын танысқанына қуанышты.- Ақтаудың Түркі әлемінің астанасы болғанына өте қуаныштымыз. Біз мұнда қолөнер туындыларымызды, яғни кестелерімізді, түрік тоқымаларын осында әкелдік. Біздің ортақ мәдениетімізді қазақтармен байланыстыратын көптеген өнер туындысы бар. Мәселен, біздің той көйлектеріміз қазақтардың киім үлгісіне ұқсайды. Әсіресе, жібек матадан кестелеп тігілген көйлектер өте ұқсас. Бұл шараға Түркияның атынан қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Мен Ақтау қаласына алғаш рет келіп тұрмын. Қазақтардың мәдениетімен жақыннан танысып жатқанымызға өте қуаныштымыз, - дейді .«Шеберлер ауылындағы» Түркия үйінде кесте тігу және мәрмәрмен жұмыс істеу бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Оған кез келген қонақ қатысып, түріктердің ұлттық бұйымдарымен таныса алады.- Қазір мұнда келген қонақтарға шеберлік сабағын өткізетін 4 шебер бар. Олар түріктердің ұлттық бұйымдарын жасап көрсетеді. Бауырлас елдердің мәдени шарасы түркітілдес халықтардың туындыларын және ортақ құндылықтарымызды көруге мүмкіндік береді, - дейді Измир жетілу институтының директоры Шуле Айдын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/970047?lang=kk
Белгілі жазушы Төлен Әбдіктің шығармашылық кеші өтті 15.04.2025
Қостанай қаласындағы І.Омаров атындағы қазақ драма театрында белгілі жазушы Төлен Әбдіктің 75 жылдығына арналған әдеби-шығармашылық кеші өтті.Кездесуге танымал ақын-жазушылар, билік өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты. Шараны облыстық «Qostanai'» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов жүргізіп отырды.Алдымен, облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев өңір басшысының құттықтау хатын оқып берді. «Қаламыңыздан туған көркем шығармалар қазақ прозасын жаңа деңгейге көтерді. Сіздің әңгімелеріңіздің негізінде бірнеше фильм түсірілді, театр сахналарында спектакльдер қойылды. Көрермендердің ыстық ықыласына ие болу жазушының шын бақыты болса керек. Сіз адамгершілік қасиеттерді бәрінен биік қоясыз. Ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен жамандықтың аражігін ажыратып, оқырманға ой саласыз. Мерейтойыңызды туған жер төсінде қарсы алдыңыз. Бұл біз үшін ерекше мәртебе саналады», - делінген Архимед Мұхамбетовтің құттықтау хатында.Белгілі жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұхамедқали сахнаға көтеріліп, Төлен Әбдікұлының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы айтты.Басқосу қорытындысында Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов жерлес жазушыға ат мінгізіп, шапан жапты. Сондай-ақ, Төлен Әбдікұлына «Жанкелдин ауданының құрметті азаматы» белгісін тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/19155?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА «АГРОМАШХОЛДИНГ» АҚ ЭКСКЛЮЗИВТІ ӨНДІРІСТІК АЛАҢҒА АЙНАЛДЫ 15.04.2025
Қазақстандық аграрийлерге белорустық ауыл шаруашылығы техникасының кең желісі қолжетімді болады. Қазіргі уақытта Минск қаласында мемлекет елбасшыларының қатысуымен, Белоруссия-Қазақстан бизнес-форумы өтуде. Одан әрі стратегиялық дамуға, Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің көлемдерін арттыруға қатысты, «АгромашХолдинг» АҚ мен «Гомсельмаш» ААҚ арасындағы келісімге қол қою, Форумның түйінді сәттерінің бірі болып табылады. Келісім шеңберінде «АгромашХолдинг» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында «Гомсельмаш» ААҚ және оның аффилирленген құрылымдары техникасының модельдер қатарын өндіруде және жүзеге асыруда эксклюзивті құқыққа ие болады. Келісімнің эксклюзивтігі компаниялар 10 жылдық ынтымақтастықтан кейін өзара қарым-қатынастықтың сапалы жаңа форматына көшеді. Бұдан басқа, «АгромашХолдинг» АҚ Қазақстандағы белорус техникасының бірден-бір өкілі бола отырып, серіктестер өзара қарым-қатынастарының стратегиясы қаржылық жағынан және өнім ретінде түгел ауысады.Бұл жағдайда келісімге қол қою Қазақстанда өндірілетін техника паркін молынан кеңейтуге, рынокқа жаңа өнімдер енгізу мен аграрийлерді уақытында қосалқы бөлшектермен және сапалы сервиспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Маусымдар қарсаңында тұрақты түрде аграрийлердің қолдарында барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасы болу үшін, компания өндірісті жаңғыртуды, қазақстандық қамту үлесін 70 пайызға дейін арттыруды және сервистік-сату жүйесін кеңейтуді жоспарлайды. «АгромашХолдинг» АҚ – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіру және сату бойынша жетекші компания болып табылады. Қазіргі кезде компаниядағы қызметкерлер саны 500 адамнан артық. Гомсельмашпен ынтымақтастықта бола отырып, компания қазақстандық аграрийлерді сапалы және қолжетімді техникамен қамтамасыз етеді. Зауыттардың өзара қарым-қатынастарының тарихы 2007 жылдан басталады, яғни Агромашхолдинг өндірістік алаңында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының комбайндар паркінде елеулі үлес алатын, Essil астық жинайтын комбайндарын сериялық шығару ұйымдастырылған. Сатылған техниканың 50% бірлесіп шығарылған Essil комбайндарына келеді, ал осы жобаны іске асыру басынан бері 200 млн $ сомаға 3 000 бірліктен артық техника сатылды.Кеден Одағы мемлекеттерінің басшылары қабылданған шешімдер негізінде, ынтымақтастықты және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға көзделген жағдайларды жасайды. Кеден Одағы аясында екі компания арасындағы қарым-қатынастардың дамуы Халықаралық өнеркәсіптік кооперациясының айқын үлгісі болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/19059?lang=kk
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: APPLE ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ СЕРВИСТЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АШТЫ 15.04.2025
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Apple компаниясының өкілдерімен сәтті келіссөздер жүргізді, соның нәтижесінде Қазақстанда денсаулық мониторингі үшін маңызды цифрлық сервистер қолжетімді болды.Бұған дейін бұл қызметтер Қазақстанда қолжетімсіз болды, бірақ АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания және Аустралия сияқты елдерде табысты жұмыс істеуде. Енді қазақстандық пайдаланушылар өз денсаулығын бақылау үшін осы озық технологияларды пайдалана алады.Apple Watch-та ЭКГ жазуApple Watch Series 6 және одан кейінгі моделдердің иелері енді электрокардиограмма (ЭКГ) жазу функциясын қолдана алады. ЭКГ-ны жеңілдету небәрі 30 секундты алады және жүрекшелер фибрилляциясының белгілерін — ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін жүрек ритмінің бұзылуын анықтауға көмектеседі. Деректер «Денсаулық» қосымшасында сақталады және одан әрі талдау үшін дәрігерге берілуі мүмкін.Ұйықтау кезіндегі апноэ туралы хабарламаApple Watch Series 9 және одан кейінгі нұсқаларына арналған жаңартумен ұйықтау кезіндегі апноэ эпизодтарын түсіретін мүмкіндік пайда болды. Бұл жағдай ұйықтау кезінде тыныс алудың уақытша тоқтауымен бірге жүреді, бұл созылмалы шаршауға және денсаулықтың басқа мәселелеріне әкелуі мүмкін. Енді пайдаланушылар түнде тыныс алудың бұзылуы туралы хабарлама алады.AirPods Pro-дағы жаңа функцияларAirPods Pro 2 және одан кейінгі моделдерді пайдаланушылар енді «Естуді тексеру» функциясын пайдалана алады. Бұл функция әртүрлі жиіліктегі және қарқындылықтағы дыбыстарды есту қабілетін бағалауға мүмкіндік береді, бұл мүмкін болатын есту проблемаларын ерте кезеңдерде анықтауға көмектеседі. Тест шамамен бес минутты алады және тыныш жағдайда өткізіледі. Нәтижелер iPhone немесе iPad құрылғысындағы «Денсаулық» қосымшасында сақталады, бұл динамиканы бақылауға және қажет болған жағдайда мамандарға хабарласуға мүмкіндік береді.Қосымша «Есту аппараты» функциясы қолжетімді болды, ол жеңіл және орташа есту қабілетінен айырылған адамдарға арналған. Ол AirPods арқылы ойналатын дыбысты пайдаланушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес бейімдейді, сөйлеу мен қоршаған дыбыстарды қабылдауды жақсартады. Функцияны дұрыстау есту скринингі нәтижелерінің немесе маманның жүктелген аудиограммасының негізінде жүзеге асырылады.Гаджеттердің бұл функциялары кез-келген ауруды диагностикалауға, емдеуге немесе алдын алуға негіз бола алмайтындығын ескеру маңызды. Олар денсаулық жағдайын бақылаудың көмекші құралы ретінде қызмет етеді және білікті медициналық мамандардың консультацияларын алмастырмайды.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін заманауи технологиялардың қолжетімділігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/968293?lang=kk
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы 15.04.2025
Қадірлі отандастар!Ораза айт мейрамы құтты болсын!Татулық пен бауырмалдық, жақсылық пен игілік салтанат құратын осы қастерлі мерекенің барша мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша.Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытады. Сол арқылы адамгершілік құндылықтар қоғамымызда терең орныға түседі.Ораза айт мерекесінің тағылымы ата салтымызбен терең сабақтасып жатыр. Біздің дініміз де, дәстүріміз де азаматтарды бірлік пен ынтымаққа үндейді, өзара сыйлас болуға шақырады. Осы қасиеттеріміз барда халқымыздың Әділетті, Қауіпсіз, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құру туралы арман-мұраты орындалатынына кәміл сенімдімін.Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!Айт қабыл болсын, ағайын!t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/965883?lang=kk
СҚО-да донаттар шығаратын зауыт салынуда 15.04.2025
СҚО әкімдігінің отырысында «Бейкертон» компаниясының бас директоры Марина Баяндина Петропавлда донаттар өндіру зауытын салу барысы туралы баяндады.Зауыттың құрылысы «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жалғасуда, қазір темірбетонды негіздер орнату жұмыстары аяқталуға жақын, сондай-ақ металл құрылымдарын орнату басталды. Жобаға 37 миллиард теңге инвестиция салынады, 380 жаңа жұмыс орны ашылады.«Бұл зауытта толық автоматтандырылған екі желі іске қосылмақ. Толық қуатына шыққанда жылына 15 мың тонна өнім өндіретін болады. Мемлекеттік органдар тарапынан жобаға толық қолдау көрсетілуде», – деді Марина Баяндина.Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов осы жобаның перспективалы екенін атап өтіп, мемлекет «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының субаймақтарына инженерлік инфрақұрылымды жеткізетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/964060?lang=kk
СҚО жарты триллион теңге инвестиция тартты 15.04.2025
СҚО әкімдігінің отырысында инвестициялар тарту мәселесі қаралды. Өткен жылы өңір экономикасына 556 миллиард теңге инвестиция тартылды, оның 420 миллиард теңгесі жеке инвесторлардың қаражаты.Биыл инвестиция тартуда басты назар өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жобаларды іске асыруға аударылады. 87 миллиард теңге көлемінде 11 жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда, бұл 1,1 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Олардың арасында кондитерлік өнімдер өндіретін зауыт, көтеру-тасымалдау жабдықтары мен көпір крандарын шығаратын зауыт, сондай-ақ ағаш өңдеу кәсіпорнын салу бар.Ауыл шаруашылығында 72 миллиард теңге көлемінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл – сүт фермалары, суару жобалары, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және басқа да маңызды бағыттар.Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов өңірдің инвестициялық әлеуетін толыққанды ашу үшін қажетті шараларды қабылдауды, негізгі салаларға бағытталған инвесторларды тарту бойынша кешенді стратегиялық жоспар әзірлеуді және қолдау шаралары бар перспективалы инвестициялық жобалар тізімін құруды тапсырды. Өңір басшысы аудан әкімдерін инвесторларды тарту бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізу керектігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/964057?lang=kk
«Еңбек Жолы» республикалық конкурсына қатысыңыз! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлтық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы және жергілікті атқарушы органдар «Еңбек жолы» конкурсынын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еңбек Жолы» конкурсын 2025 жылы өткізу туралы хабарлайды.«Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.Конкурсты өткізу мақсаттары:1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;5) «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:1) Үздік еңбек әулеті.Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.Еңбек әулеті– бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.3) Өндірістің үздік жас маманы.Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:Конкурсқа қатысушылар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;2) жеке куәліктің көшірмесін;3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі жәнет.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).Осыған сәйкес, республикалық «Еңбек Жолы» конкурсына белсенді ат салысуларыңызды сұраймыз.Нақты ақпарат пен кеңесті Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101 мекен-жайында орналасқан Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 305 каб., тел.: 56-81-26, басқарманың веб-сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/950448?lang=ru«Еңбек Жолы» республикалық конкурсына қатысыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/963467?lang=kk
Шекара бойындағы ынтымақтастық – әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың жаңа мүмкіндіктері 15.04.2025
Қостанайда осы тақырыппен әйелдер форумы өтті. Шараны Қостанай облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен ұйымдастырды. Форумның күн тәртібіне Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтарының қазіргі байланыстарын нығайту және жаңа түрлерін қалыптастыру, шекаралас аумақтарда туризмді дамыту, шекаралас ауылдық аумақтардағы кәсіпкер-әйелдер арасындағы іскерлік байланысты кеңейту және басқа да өзекті мәселелер кірді. Жиынға Ресей Федерациясының Қорған, Орынбор, Челябі облыстарын, сондай-ақ еліміздің Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын танытатын мемлекеттік органдарының, квазимемлекеттік секторларының және екі елдің шекаралас аумақтарындағы іскерлік ортаның 250 өкілі қатысты.Форум жұмысына облыс әкімі А.Б.Мұхамбетов, Ұлттық комиссияның мүшелері, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Мәдениет және спорт министрліктерінің басшылары қатысты.Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенко форумды аша отырып, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «шекаралас өңірлерде сыртқы саяси, экономикалық, мәдени және басқа да көптеген мәселелерді қоса алғанда, өмірлік маңызды мәселелер тоғысады, көршілер арасындағы және мемлекеттер арасындағы өзара қарым қатынастар нығайып, берік бола түседі» деген сөзін атап өтті.Қазір елімізде, ЕАЭҚ жұмысының шеңберінде Ресеймен шекаралас облыстардың қазақстандық кәсіпкерлерінің жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмысы белсенді түрде жүргізілуде. Көршілес елдер кәсіпкерлерінің экономикалық ынтымақтастығы олардың ұлттық экономикаларының дамуына қосымша серпін беруге және азаматтар өмірінің деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады. Бұл үдерісте 500 мың шағын және орта бизнес нысандарын басқарып отырған кәсіпкер-әйелдердің рөлі аз емес. Өз сөзінде облыс басшысы Архимед Мұхамбетов 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай өңірі мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда айналымы 1 млрд АҚШ доллардан асқанын атап өтті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. «Облыс экономикасының дамуына шағын және орта бизнестегі кәсіпкер әйелдердің де қосар үлесі орасан. Өңірде 49 619 бизнес субъектісі тіркелген болса, соның 23 449-ын, яғни 47,3 пайызын нәзік жандылар басқарып отыр» - деді А.Мұхамбетов.Форум шеңберінде түрлі тақырыптарда сессиялар өткізілді. Қатысушылар бірлескен жобаларды іске асырудың жаңа мүмкіндіктері мен болашағын талқыға салды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/13133?lang=kk