Enbekshi QazaQ

Ғылым

Облыс әкімі құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрғындарды қабылдады 09.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде жұртшылықпен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.Оқушылар үйі мен өнер мектебі ғимаратында өткен жеке қабылдауға 65 азамат келді. Олар газ, көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, спортпен шұғылданатын ойын алаңдарын салу, емхананың кәріз жүйесін жаңарту, жұмысқа орналасу, кәсібін кеңейту, тағы басқа мәселелерді көтерді.Аймақ басшысы мәселелерді сала мамандары мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді және жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырма берді. Көтерілген мәселелердің әрқайсысы жіті зерделеніп, жан-жақты талданады. Содан кейін заң аясында шешім қабылданбақ.Жеке қабылдауға келген кент тұрғыны Қаракеткен ауылы және Далдабай елді мекеніне табиғи газ жүргізу жайын қозғады. Облыс әкімі қазіргі таңда аталған елді мекендерді газдандырудың жоба-сметалық құжаттары жасалып, мердігер және техникалық қадағалаушы мекемелер анықталғанын жеткізді.«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2023 жылы несие алып, жылыжай ашқан кент тұрғыны кәсібін кеңейтуге көмек сұрады. Оған бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері жайында түсіндірілді.Тұрғындар құқық қорғау органдары басшыларының қабылдауына негізінен өздерін толғандырған мәселелердің заңдық тұрғыда қалай шешілетінін білуге келеді. Бүгінгі кездесуде олар барлық сауалдарына толыққанды жауап пен маман кеңесін алды.Дәстүрге айналған мұндай қабылдаулар алдағы уақытта өңірдің басқа да аудандарында ұйымдастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/929358
«Қаракеткен» ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді 09.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жалағаш ауданының«Қаракеткен» ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен салынған дәрігерлік амбулатория ашылды. Рәсімге облыстағы құқық қорғау органдарының басшылары, медицина саласының ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жиналған қауымды құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, құрылыс денсаулық сақтау салаларындағы жаңашылдықтарға тоқталды.«Мемлекет басшысының төрағалығыменөткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндадым. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы облыста атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымызда әлі жүзеге асыратын жобаларымыз көп. Осы бағытта жұмысымызды жалғастыратын боламыз.Аймақтың денсаулық сақтау саласының бюджеті 129 млрд. 448 млн. теңгеге жетті. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 28 медициналық нысан салынды. Жалағаш ауданының Есет батыр, Мырзабай ахун ауылдарындағы екі дәрігерлік амбулатория 2023 жылы ашылып, қазір ел игілігіне қызмет етуде.Бүгін ел игілігіне табысталатын жаңа ғимаратта бастапқы медициналық көмек көрсету сапасын жақсарта түсуге жол ашылсын! Дәрігерлеріміз елге адал қызмет етіп, халық алғысына бөлене берсін! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Жиында медицина саласының ардагері,Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Тұрғанбай Маханов батасын берді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында қажырлы еңбек еткен ардагерлер мен аурухананы салған құрылысшыларға марапаттар тапсырылды.Айта кетейік, өткен жылы Қызылордада жаңа «Қан орталығы» ашылып, бүгінде ел игілігіне қызмет етуде. Жаңақорған ауданы «Төменарық» ауылында, Арал ауданы «Сексеуіл» кентінде ауылдық ауруханалар қолданысқа берілді. Ана мен бала өмірін қорғау мақсатында көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды.Облыс орталығында емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүруде. Бұдан бөлек, ұлттық жоба аясында 4 көпбейінді аудандық орталық аурухана жанынан қосымша құрылыс салынады.Өткен жылы 8 медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 6 нысанның жылу жүйесі газға ауыстырылады. Медициналық құрал-жабдықтармен қамтылудеңгейі 87,1 пайызға жетті. Соңғы 2 жылда облыстың барлық елді мекеніндегі денсаулық сақтау мекемелеріне 245 жаңа санитарлық автокөлік табысталса, оның 11-і Жалағаш ауданына берілді. Осылайша, ауылдарды санитарлық автокөлікпен қамту мәселесі толық шешілді.Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға 4 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады. Бұл қаржыға Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды. Скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешен алынып, ауыл тұрғындарын тексеруден өткізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/929356
Тауарлық несиелеу бағдарламасы: Жамбыл облысындағы ауыл тұрғындарына 100 бас мал берілді 09.02.2025
Жамбыл облысында алғашқылардың бірі болып Шу ауданының тұрғындары мал өсіруге тауарлық несие алды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына жаңа құрал – «тауарлық несиені» енгізу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.Жаңа бағдарламаның мақсаты — ауылдық елді мекендерде мал басын көбейту. Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлебек Құлекеевтің айтуынша, несие шарты бойынша ауыл тұрғындары мал басын одан әрі өсіру үшін тауарлық несие алады. Аз қамтылған отбасылар мен жұмыссыз азаматтарды қолдауға басымдық беріледі.Тауарлық несиесі 5 жыл ішінде өтелуі керек, оның бірінші жылы – демалыс, одан кейін жыл сайын – төлдің 50 пайызы негізінде өтем төлеуге міндеттеледі.Бағдарламада ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандыру шарты және кепіл көзделген, бірақ бұл тармақтар міндетті емес, тек екі тараптың келісіміне сәйкес жүзеге асады.Жергілікті кәсіпкерлер тауарлық несие беруге дайын екендіктерін білдірді (кемінде 30 бас ұсақ мал, 15 бас ірі қара, 10 бас жылқы).Тауарлық несиелеу бағдарламасы аясындағы алғашқы келісім Шу ауданында жасалды.«Атай» шаруа қожалығының иесі Сәкен Атаев Абай ауылының тұрғыны Қалисұлтан Тілепбергеновке 50 бас (құны - 3 млн. теңге), ауыл азаматы Бақытжан Ботаевқа 3 млн. теңгеге 50 бас қой тұқымын берді.– Жаңа бағдарлама тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға жақсы мүмкіндік береді деп есептеймін. Ауылдастарымды қолдап, еліміздің дамуына үлес қосуға әзірмін. Алдағы уақытта асыл тұқымды малды да беру ойымда бар, — деді Сәкен Атаев.Қалисұлтан Тілепбергенов тауарлық несиелеу тетігін тиімді пайдаланып, ауылдық ағайынға қолдау көрсетпек.Жаңа бағдарлама аясында өңірдің барлық аудандарында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мойынқұм ауданында «Үркер» шаруа қожалығы 20 бас ірі қара мен 100 бас уақ мал беруге дайын. Қазір белсенді ауыл тұрғындарының тізімі жинақталуда.Тауарлық несиелендіру бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 80-ге жуық келісімге қол қою жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/929288
Заң және тәртіп: 5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтердің қозғалысына тыйым салынады 09.02.2025
  2025 жылдың 5 сәуірінде жол қауіпсіздігін цифрландыруға қатысты заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Атап айтсақ, мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріліп, оларды тіркеу және оны басқаратындарға жүргізуші куәлігін алу міндеттеледі. Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындарға мопедтерді тіркеу және жүргізуші куәлігін алу мәселелерін соңғы күндерге қалдырмай, қазірден бастап қамдануға кеңес береді. Мопедтерді тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға жүгіну қажет. Қажетті құжаттар:• Жеке куәлік (электронды түрде көрсетуге болады);• Техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;• Өтініш толтыру;• Мопедті тексеруден өткізу;• Тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу: мопедті тіркеу үшін 0,25 АЕК (983 тг.), тіркеу куәлігін беру үшін 1,25 АЕК (4 915 тг.), және мемлекеттік нөмір алу үшін 1,4 АЕК (5 505 тг.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/928901
Шалқарлық шаруа мал шаруашылығын түлетіп отыр 09.02.2025
  Шалқар ауданының Байқадам ауылының тұрғыны, «Дастан» шаруа қожалығының басшысы Нұрболат Нұрғалиев мал бағып, «Асылтұқымды мал өсіруші» атанып кеткен. Шаруа қожалығы 1998 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінде оның меншігінде 5 ауыл шаруашылығы техникасы, 3 жүк көлігі бар. 300 басқа жуық мал бағып отыр. Қожалық ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаулардың барлығын тиімді түрде пайдаланып келеді. Былтыр бұл ауыл шаруашылығы құрылымы Аграрлық несие корпорациясы арқылы «Агробизнес» мемлекеттік бағдарламасымен 28,0 млн теңге несие қаражатына 70 бас және өз қаражатына 22 бас асылтұқымды қазақтың ақбас сиырын, сондай-ақ, шаруа бірінші санатты бұқалар сатып алыпты. Мал азығын дайындау, техника паркін жаңарту жұмыстарына да шаруа қожалығы баса назар аударады. Мәселен, 2024 жылы мемлекеттік бағдарламаны сәтті пайдаланып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жеңілдетілген лизингпен жаңа тракторға қол жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтамақ емес. Нұрболат Нұрғалиевтің айтуынша, мал басын асылдандыру бағытында жүргізген селекциялық жұмыстар, асылтұқымды мал мен жаңа тракторды сатып алғаны үшін мемлекеттен берілетін субсидияға қолдары жетіпті. Айтып өтейік, Ақтөбе өңірінде асылтұқымды мал басын көбейту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Былтырғы жылы облыста 186 шаруашылық асылтұқымды ірі қара, 73 шаруашылық асылтұқымды қой өсірумен айналысады. Асылтұқымды жылқы мен түйе бағатын шаруа қожалықтары да бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/928926
Ақтөбе облысында «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы құрылды 09.02.2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай базасында «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды. Бұл аймақ 2049 жылдың соңына дейін жұмыс істейді. Ақтөбе облысында АЭА құрудың негізгі мақсаты – инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және импортқа тәуелділікті төмендету. Жобаны жүзеге асыру арқылы жаңа жұмыс орындары құрылып, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі артады, сондай-ақ экономикадағы байланысты салалардың дамуына ықпал етеді. «Ақтөбе» АЭА негізгі міндеттері өңірдің экономикалық өсімін ынталандыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, өнеркәсіптің жаңа өсу нүктелерін қалыптастыруға бағытталған.  Арнайы экономикалық аймақ жалпы 858 гектар аумақты қамтиды. Көлік-логистикалық бағыттағы 9 негізгі сала мен өнеркәсіптің 29 бағытын дамыту жоспарланған. Қазіргі заманғы өндірістер құруға, инновациялық технологияларды енгізуге және отандық әрі халықаралық жетекші компанияларды тартуға баса назар аударылады. АЭА қатысушылары ретінде экономиканың түрлі секторларында қызмет ететін жергілікті және шетелдік инвесторлар бола алады. Сондай-ақ, бірнеше компания бірлескен жобалар әзірлеуіне, ортақ ресурстарды пайдалануына мүмкіндік беретін кластерлер құру көзделген. Ал инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған: біріншіден, корпоративтік табыс салығынан босатылады, екіншіден, АЭА аумағында сатылатын тауарларға ҚҚС мөлшерлемесі – 0%, үшіншіден, жер және мүлік салықтарынан, сондай-ақ жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемнен босатылады. Төртіншіден, АЭА аумағында орналастыруға немесе пайдалануға арналған тауарлар үшін кедендік баж салығынан босату; бесінші - квотасыз және рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тарту; алтыншы АЭА аясында жобаларды іске асыру үшін қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету және жер телімін жалға беру (АЭА жұмыс істеген мерзімі, кейіннен басым құқықпен сатып алу мүмкіндігімен).  Қазіргі уақытта «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының (АЭА) сыртқы және ішкі инженерлік желілерінің құрылысы әлі басталған жоқ. Құрылыс жұмыстары республикалық бюджеттен 16 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінген соң, 2025-2026 жылдары жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/929182
Қарағанды ​​облысының 75 жастағы пауэрлифтшісі Норвегияда өтетін әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығуға дайындалуда. 09.02.2025
Дәрібай Оспанов – пауэрлифтингтен төрт дүркін әлем чемпионы. 75 жастағы спортшы жазда Норвегияда өтетін кезекті әлем чемпионатына дайындалуда.Ақсақал Шет ауданының Ағадыр кентінде тұрады. Пауэрлифтингпен ол 19 жыл бұрын 56 жасында айналыса бастаған.– Жас кезімде мен де спортпен – волейболмен айналыстым. Менде 1-ші разряд бар. Сонымен қатар теннис ойнағанмын, самбомен айналыстым, бірақ бұл жай ғана әуесқойлық еді. Ал кәсіби спортпен 56 жасымда ғана айналыса бастадым, – дейді ақсақал.Алдымен Дәрібай Оспанов өз үйінде жаттыққан. Кенттегі кішігірім спорт залы пауэрлифтингпен айналысуға келмейтін. Алайда, уақыт өте келе спортшы мәселені өз қолына алуды шешкен.– Біз жатып гір көтеру және басқа да жаттығуларға арналған құралдармен жабдықталған зал құруды шештік. Спорттық жабдықтар металл сынықтарынан жиналды. Осылай, ақырындап, бәрін істедік, – дейді пауэрлифтер. – Қазір де кейбір құрылғыларды өзіміз жасаймыз. Залымыз кішігірім, жабдықталуы да 100% емес, сондықтан кейбір нәрсені өзіміз жасауға тура келеді.2024 жылы әлем чемпионатындағы кезекті жеңісі үшін Дәрібай Оспанов Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлыққа HS Power жиынтығын алды, ол арнайы орындық пен 450 кг арналған штангадан тұрады.Қазір ауылдың спорт залында пауэрлифтер ұлымен бірге 9 және одан жоғары жастағы балаларды тегін жаттықтыруда. Олардың арасында төрт халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше спорт шебері, Қазақстан мен Азия чемпиондары бар.Бапкерлік қызметтен басқа, ақсақал қажырлы жаттығуларын да жалғастырады. Наурызда оны іріктеу чемпионаты күтіп тұр, онда жеңіске жетсе, Драммен қаласында (Норвегия) өтетін әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады.– Біз ол сайысқа баламызбен бірге қатысуды жоспарлап отырмыз. Ол пауэрлифтингтен бес дүркін әлем чемпионы. Әрине, мұның бәрі қымбат. Пауэрлифтингті олимпиадалық спорт түрлері сияқты қолдап отырса екен дейміз, – дейді Дәрібай Оспанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/926432
ШЫМКЕНТТЕ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ ЕКІ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ 09.02.2025
Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жаңа туған қызға екі күрделі ота жасалды. Салмағы 2100 грамм нәресте ауыр халде туылып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оған жүректің туа біткен ақауы, жүрек жеткіліксіздігінің ІІ сатысы, ойық жаралы некротикалық энтероколит және туа біткен ішек өтімсіздігі деген диагноз қойды.Операциялар балалар хирургы мен кардиохирургтың қатысуымен жасалды. Кесарь тілігі арқылы 34 аптада дүниеге келген қыз балада да құрсақішілік инфекция және жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы анықталды.Қазіргі уақытта бала неонаталдық хирургия бөлімі мамандарының қатаң бақылауында. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.Перинаталдық орталықта неонатальды ота 2024 жылдан бастап жасала бастады. Осы уақыт ішінде ішкі ағзаларында туа біткен ақауы бар 40-тан астам жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды.«2024 жылы Шымкентте 29 124 бала дүниеге келсе, оның 8 973-і біздің орталықта дүниеге келген. Биыл біз материалдық-техникалық базамызды нығайттық: пренатальды ультрадыбыстық скринингке арналған жоғары технологиялық құрылғы, сондай-ақ күндізгі стационар жағдайында скринингке арналған жабдық сатып алдық», - деді орталықтың бас дәрігері Гүлбану Сыздықова. Оның айтуынша, 2024 жылы акушер-гинекологтар, неонатологтар мен реаниматологтар шетелде білім алған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде нәресте өлімі 1,5 есеге, ерте неонаталдық өлім 2 есеге жуық азайды.Орталық жетістіктерінің қатарында халықаралық стандарттарға сай ауруханалық дәріхана бөлімі ашылды. стандарттар. Бұл жобаның негізгі мақсаты – дәрі-дәрмекті уақтылы және сапалы дайындау және тарату, оларды есепке алу және ұтымды пайдалану.Айта кетейік, 2024 жылы орталықтың консультативтік-диагностикалық тексеруінде қауіпті топтағы 8116 жүкті әйел тексерілді. бөлімі.< /p>Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/926366
Ана мен бала орталығындағы жаңашылдықтарды көрді 09.02.2025
Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов облыстық перинаталдық орталыққа барып, ана мен бала күтiмiндегі, медициналық қызмет көрсетудегі жетістіктерді, жаңадан алынған аппараттарды көрді.Орталықтың бас дәрігерi Олег Ким жұмыс тиімділігін арттыру бағытындағы бастамаларды атап өтті.Айта кету керек, өткен жылы орталықтың материалдық- техникалық базасын нығайтуда 283 млн.теңгеге 1 УДЗ аппараты, 2 өкпені жасанды желдету, 1 анестезиялық-тыныс алу аппараты, 3 операциялық шам, медициналық техникалар және "Voluson E10" эксперт класты медициналық- ультрадыбыстық зерттеу аппараты алынған. Сондай-ақ, мекемеге 49,0 млн.теңгенің 2 санитарлық автокөлігі берілді.Тағы бiр айта кетерлiгi, облыс әкімдігінің қолдауымен өткен жылы облыстық перинаталдық орталық мамандары Мәскеу және Стамбул қалаларында тағылымдамадан өтті.«Неонатальды хирургия» және «Госпитальды фармация» бөлімдері ашылып, «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылды.Орталықтағы жаңашылдықтармен танысқан Данияр Еренғалиұлы ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарға сәттiлiк тiледi. Жаңадан іске қосылған аппараттар мен қолға алынған бастамалар пациенттердің медициналық қызметке қолжетімділігін айтарлықтай жақсартатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/925208
Қазақстан құрамасына 15 қарағандылық джиу-джитсушы қосылды 09.02.2025
Алматыда джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатына 1600 спортшы жиналды. Қарағандылықтар 26 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 9 күміс және 11 қола. Біздің өңірдің он бес джитсері ұлттық құраманың құрамында халықаралық аренада ел атынан өкілдік ету құқығына ие болды.Турнирге Қарағанды облысынан 80 спортшы қатысты, олардың қатарында бірнеше мәрте жүлдегерлер мен түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары - жасөспірімдер арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы Асанәлі Абаев, сондай-ақ халықаралық және ұлттық ареналардағы жетістіктерімен танымал Жігер Алматай мен Асылмұрат Сағындық бар. Чемпионатта біздің облыстан келген халықаралық дәрежедегі төреші Елеукен Бек-Мұхаммед те төрелік етті.– Біз үшін басты міндет өзімізді танытып, Қазақстанның ұлттық құрамасына қатысуды қамтамасыз ету үшін тамаша нәтиже көрсету болды, – деп атап өтті Қарағанды облысының джиу-джитсу федерациясының президенті Аян Шермағамбетов. – Біздің спортшылар түрлі жас және салмақ санаттарында көптеген марапаттарға ие болып, жоғары дайындық деңгейі мен кәсібилігін көрсетіп қана қоймай, нағыз жауынгерлік рухын да көрсетті. Айталық, Асанәлі Абаев қарсыластарына ұпай жинауға ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Әрбір жекпе-жекте ол басым болды.Алда джитсерлерді түрлі сайыстар күтіп тұр. Ақпан айында спортшылар Азия чемпионатына, ал күзде Бахрейндегі жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына қатысады. Қарағандылықтар жақсы өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін Karaganda BJJ Open Championship-2025 үй турнирі де маңызды кезең болмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/925127
Ақтөбе облысында 2025 жылы 965 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарланған 09.02.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі тұрғын үй құрылысының қарқыны, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың құрылысы қаралды.Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев өңірде тұрғын үйді іске қосу қарқыны жағынан өсім бар екенін атап өтті. Мәселен, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыста 964 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған, бұл жоспарланған межеден 14 мың шаршы метрге артық. 2025 жылы 595,3 мың шаршы метр жеке тұрғын үй, 354,7 мың шаршы метр көппәтерлі үй салу жоспарлануда. Ақтөбе мен Алға қалаларында 142 мың шаршы метр немесе 1 857 пәтер салу жоспары бар. Жалпы, 965 мың шаршы метрді құрайды.Тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттерден 49 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 12 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. 22 ауыспалы білім беру нысандарының құрылысы жалғасады және IT Хабты қоса алғанда, 3 жаңа жоба іске асырылады. Сондай-ақ, Ақтөбеде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 300 орындық балабақша құрылысы басталады.«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 14 нысан халық игілігіне беріледі. Биыл Жаңақоныстағы ауруханаға жапсарлас құрылыс жұмыстарын аяқтау, Жемде дәрігерлік амбулатория және Қобда ауданы Өтек ауылында медпункт салу жоспарланып отыр.Сонымен қатар, Хромтауда мәдениет үйінің құрылысы аяқталмақ. Бұдан өзге, облыс орталығында 5000 орындық көпфункционалды спорт кешені мен стадионның жобасы әзірленуде. Шалқар, Хромтау, Кеңқияқта дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен Шұбарқұдық және басқа да бірқатар ауылдарда бассейндер тапсырылады.Облыс әкімі құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдерімен бірлесіп, 2025 жылға жоспарланған барлық нысанның уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, Асхат Шахаров кіреберіс жолдарды, тротуарларды салу және әлеуметтік нысандарды жарықтандыруды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.«Барлық құрылыс жобаларының белгіленген мерзімде және жоғары сапа деңгейінде орындалуын қамтамасыз ету үшін олардың іске асырылуын бақылауды күшейту қажет. Бұл тек мерзімдерді сақтауға ғана емес, бөлінген ресурстарды пайдаланудың тиімділігіне де қатысты, өйткені бұл жобалар өңір және жалпы ел тұрғындарының игілігіне бағытталған», - деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/925212
«Қызылжар» және «Ясный» дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді 01.02.2025
Екі спорт кешенінде де жаттығулар басталып кетті. Балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған, бірнеше спорт секциясы жұмыс істейді. Еске салайық, өткен аптада облыс әкімі Асхат Шахаров қаланы аралау кезінде нысандардың балаларды қабылдауға дайындығын тексеріп шықты. Ол спорттық инфрақұрылымды дамыту – жастарды салауатты өмір салтына баулудың маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өткен еді. «Қызылжар» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің аумағы - 1601,4 м². Мұнда волейбол, баскетбол, үстел теннисіне арналған ойын залдары, сондай-ақ күрес залы мен 100 орындық трибуна қарастырылған.Ал «Ясный» дене шынықтыру-сауықтыру кешені 1223 шаршы метр аумақты қамтиды және волейбол, баскетбол, мини-футбол сияқты спорт түрлерімен шұғылдануға болады.Президенттің бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға басымдық беру туралы тапсырмасына сәйкес, өңірде спорттық нысандарды салу жұмыстары жалғасуда. Ақпан айында Заречный-3, Кеңес Нокин ауылы және Ақжар елді мекендерінде тағы үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы тиіс. Құрылыс, қала құрылысы және архитектура басқармасының ақпаратына сүйенсек, биыл облыс орталығындағы бұрынғы «Динамо», Алтын Орда ықшам ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені тапсырылады. Сондай-ақ, Темір ауданының Темір қаласында спорт кешені және Шұбарқұдық ауылында бассейн ашылады. Кеңқияқтағы спорт кешенін реконструкциялау жұмыстары аяқталады. Шалқар ауданының Бозой және Шілікті ауылының, Хромтау қаласы мен Ырғыз ауданы Құрылыс ауылының спортшы балалары да осы жылы жаңа залда жаттығады деп жоспарланып отыр. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/929298
Спортшылар «Достық» бассейніндегі жаттығуларына кірісті 01.02.2025
800-ден астам жас спортшы қайтадан барлық қажетті жағдайлар жасалған бассейнде жаттығуын жалғастыра алады. Ғимарат 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Пайдалануға берілген сәттен бастап жөндеу көрмеген. Кешеннің жабылуына шатырынан судың ағуы, топырағының шөгуі, жертөлесіне судың жиналуы себеп болды. Мердігер компания «Альтаир-СК 7» ЖШС жеті ай ішінде бөлінген бюджет қаражаты 388,12 млн теңгеге ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстарын жүргізді, бассейнді қалпына келтірді. Енді спорт кешені жаттығулар мен жарыстар өткізуге дайын. Айтып өткен жөн, күрделі жөндеу жұмыстары кезінде спортшылардың жаттығулары тоқтатылған жоқ, олар басқа ғимаратта жаттықты. «Күрделі жөндеу жұмыстары жеті айға созылып, уақытылы аяқталды. Негізі проблема - шатыр мен жертөледе еді. Шатыр ауыстырылды, жертөлеге оқшаулау жұмыстары (изоляция) жасалды. 1600 шаршы метр кафель ауыстырылды, вентеляциялық жылу жүйелері жаңаланды. Ата-аналар мен балалар жаңаланған ғимаратты көріп, қуанып жатыр», - дейді бассейн директоры Ермек Жетімеков. Ақтөбе облысында Президенттің бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға басымдық беру туралы тапсырмасына сәйкес, спорттық нысандарды салу жұмыстары жалғасуда. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/929304
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕЙІРГЕРЛІК ПЕРСОНАЛДЫҢ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУРАЛЫ ХЕҰ КОНВЕНЦИЯСЫНА ҚОСЫЛУҒА БАСТАМАШЫЛЫҚ ЕТЕДІ 01.02.2025
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұмысшы мамандықтар жылы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) халықаралық талаптарына сәйкес мейіргерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша қосымша шараларға бастамашылық жасайды.Бұл бастамалар «Мейіргерлік персоналдың жұмыспен қамтылуы және еңбек жағдайлары мен өмірі туралы» ХЕҰ №149 Конвенциясын ратификациялауды ілгерілету шеңберінде қаралады.ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Ләззат Ақтаевамен және денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібаймен кездесу барысында құжатты ратификациялауға қатысты бірқатар мәселелерді және орта медициналық персоналдың еңбек жағдайларын жақсарту түрінде күтілетін нәтижелерді талқылады.Кездесуге қатысушылар Денсаулық сақтау министрлігінің басшысын ХЕҰ-ның Қазақстан тарапына ҚР-дағы стратификаттаудан кейінгі іс-қимылдарға сараптамалық қолдау көрсетуге, әртүрлі секторларда мейіргерлік күтімді және мейіргерлік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдардың барлық санаттары үшін «Мейіргерлік персонал» ұғымын біріздендіруге дайын екендігі туралы хабардар етті.ХЕҰ N149 конвенциясы ратификацияланғаннан кейін білім беру, әлеуметтік қорғау ұйымдарының және басқа да секторлардың мейіргерлік персоналына денсаулық сақтау секторындағыдай құқықтар мен міндеттемелер берілетін болады.Медициналық колледждер күтім жасау бойынша кіші мейіргерлерді, күтушілерді және басқа да пациенттерге күтім жасау мамандықтарын даярлауды қамтамасыз етеді. Медициналық ұйымдарда кіші мейіргерлер үшін жұмыс орындары құрылады, оларға мейіргерлердің күнделікті функцияларын жүктемені азайту үшін тапсыруға болады. Үйде емделушілерге күтім жасау бойынша медициналық қызметтердің қолжетімділігі жақсарады.ХЕҰ N149 Конвенциясы ратификацияланғаннан кейін халықаралық нормаларды одан әрі имплементациялау бойынша қосымша серпін берілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/929312
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: Ербол Қарашөкеев қордайлықтармен кездесті 01.02.2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қордай ауданына жұмыс сапарымен барды.Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өңір басшысы алдымен аудан тұрғындарымен кездесті.Жиынға бірқатар басқарма мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.Облыс әкімі алдымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді нақтылады.Қордай ауданында 2024 жылдың қорытындысына сәйкес барлық салада оң динамика қалыптысты: өнеркәсіп өндірісі (101,1%), бөлшек сауда тауар айналымы (104,0%), құрылыс жұмыстары (142,3%), пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі (102,4%), ауыл шаруашылығы (104,8%) саласында өсімге қол жеткізілді.Жиында Ербол Қарашөкеев жауаптыларға мемлекеттік қолдаудың қарапайым шаруаларға, тұрғындарға жетуі қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар аудан әкімдігіне кәсіпкерлік саласын дамыту, инвесторларға қолайлы жағдай жасау міндетін қойды.Жергілікті жерде ірі кәсіпорындардың құрылуы халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына, аймақтың экономикалық дамуына серпіліс берері сөзсіз.– Мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде үнемі айтып, тиісті тапсырмалар беріп келеді. Бұл бағытта Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «жекелеген» мәселелерді ғана шешпей, елдегі тұтас инвестициялық ахуалды жақсарту — басты мақсатымызға айналуы тиіс, — деді облыс әкімі.Қордай ауданында құрылыс жұмыстары қарқын алып, салада оң өсім байқалады. Дегенмен, 2022 жылдан бері Қордай ауылындағы 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы тұралап тұр.– Мәселе мердігер компанияның жұмысты жүйелі жүргізе алмауынан туындаған. Бұл – аудан әкімдігі тарапынан қатаң бақылаудың жоқтығын көрсетіп отыр. Қазір заң аясында тиісті шара қабылдануда. Қателік қайталанбауы тиіс, — деген аймақ басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады.Жиында аудан әкімі мен орынбасарлары атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.Облыс әкімі әлеуметтік салаға жеке тоқталып, аудан әкімінің осы бағытқа жауапты орынбасарына балаларды қосымша білім берумен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.Сұрақ-жауап бөлімінде аудан тұрғындары бірқатар мәселені көтеріп, ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, әлеуметтік салаға, оның ішінде білім беру, медицина және жайылымдық жерге қатысты мәселе қозғалды.Сондай-ақ аудан орталығындағы стадионды заманауи үлгіде жаңғыртудан өткізіп беруді сұрады.Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев халық көтерген сауалдар қараусыз қалмайтынын жеткізді. Айтылған ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелер бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленеді.Жиын соңында облыс әкімі егін, мал шаруалығында жаңа әрі озық технологияларды енгізу жұмыстарын жандандыруды, «Ауыл аманаты» жобасының бесінші бағытына басымдық беріп, кәсіп ашу шараларын аудан тұрғындарына кеңінен насихаттауды, жас мамандарға, жастарға әлеуметтік қолдау көрсетуді, азық-түлік қауіпсіздігін және жанар-жағар май, сұйытылған газ тапшылығын болдырмау мақсатында кәсіпкерлермен жүйелі жұмыс жүргізіп, бақылауға алуды тапсырды.Бұдан соң, облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдап, мәселелеріне құлақ асты.Айта кетейік, 2024 жылы Жамбыл облысының барлық деңгейдегі әкімдері халықпен 759 кездесу өткізді. Онда көтерілген 2 754 мәселенің 2 514 орындалып, 240 бақылауға алынған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/929251
Қордай ауданына жұмыс сапары: көлік әлеуеті, тұрғын үйдің қолжетімділігі, қоғамдық тәртіп 01.02.2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қордай ауданына жұмыс сапарымен барды.Өңір басшысы «Қордай» бақылау-өткізу бекетінің қызметін тексеріп, цифрлық сервистерді енгізу бойынша жұмыс нәтижелерімен танысты.Автоматтандырылған турникеттер кезекті жоюға және құжаттарды тексеру уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.Жаңғыртудан кейін бекеттің өткізу қабілеті тәулігіне 1 мыңнан 2,5 мың көлікке және 6 мыңнан 23 000 адамға дейін артты.Аймақ басшысы өткізу бекетінің инфрақұрылымын жақсарту, өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды.Ербол Қарашөкеев тұрғын үй саясатын іске асыру барысымен де танысты.Қордай ауылында әлеуметтік осал санаттағы мұқтаж азаматтар үшін барлығы 2,1 млрд. теңгеге 144 пәтер сатып алынды. Ербол Қарашөкеев баспаналарды аралап, тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.Облыс әкімі өткен жылы пайдалануға берілген аудандық полиция бөлімінің жаңа ғимаратында болды.Ғимарат азаматтарды қабылдауға қажетті барлық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған.Іс-сапар барысында өңір басшысы құқық бұзушылыққа қарсы күрес, қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/929252
Қазақстандық өнімнің 60-тан түрін Иранға экспорттау ұсынылды 01.02.2025
Алматы қаласында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Иранның өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрінің орынбасары, Сауданы дамыту ұйымының басшысы Мохаммад Али Дехган Дехнавимен кездесуі өтті. Кездесуде екі ел арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайту мәселесі талқыланды.«Біз Иранмен тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін арттыру мүмкіндігін көріп отырмыз. Иран нарығына жеткізу үшін 162 миллион доллар сомасына астық, күнбағыс майы, ет өнімдері және басқа да тауарларды қоса алғанда, 60-тан астам тауар позициясын ұсынуға дайынбыз», - деп атап өтті министр Арман Шаққалиев. Ол Қазақстан екі мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды белсенді түрде жүзеге асырып жатқанын айтты. Иран Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылады.Екі елдің сауда қатынастарын нығайту мақсатында алда өтетін сауда-экономикалық миссия, сондай-ақ 2025 жылдың ақпанында Тегеранда жоспарланған бизнес-форум маңызды рөл ойнамақ. Миссияның мақсаты - елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту, қазақстандық өндірушілер мен ирандық сатып алушылар арасында тікелей байланыстар орнату, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейту болып табылады. Оған қоса сауда-экономикалық әріптестікті дамытуға ықпал ете отырып, екі елдің бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 296 миллион АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға артық. Қазақстаннан Иранға экспорт көлемі 29,1%-ға өсіп, 100,6 миллион АҚШ долларын құрады.Қазақстаннан Иранға жеткізілетін негізгі тауарлар арпа, бидай, рапс дәні, күнбағыс майы, жүгері, сондай-ақ, қой, ешкі және сиыр еті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/929264
Жетісу облысында өткен жылы экономиканың өсімі 114,8% құрады 01.02.2025
2024 жылдың қорытындысында Жетісу облысында экономиканың өсімі 114,8% құрап, Мемлекет басшысының 6% деңгейінде тұрақты өсім қамтамасыз ету тапсырмасы орындалды. Бұл туралы бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жиында айтылғандай, облыста жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 9-10% деңгейінде күтілуде. Ауыл шаруашылығында өсім - 3,0%, өнеркәсіпте - 3,4%, тұрғын үй пайдалануға беру - 15,2%, құрылыс жұмыстары 1,5 есе, сауда көлемі 1,2 есеге артты. Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 313 млрд. теңгеден асты, оның ішінде тек жергілікті кірістер 118 млрд. теңгені құрады.Отырыста Б. Исабаев бірнеше өзекті мәселелерге назар аударды.- Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында 8 басты бағытты айқындап берді. Соның ішінде экономикалық өсім, әсіресе тартылған жеке инвестицияның көлемі халықтың өмір сүру сапасына тікелей ықпал етенінін атап өтті. Осы орайда аудан-қала әкімдері инвесторлармен нәтижелі жұмысты жолға қоюы керек. Тек орындаушы ғана емес, бастамашы болып, жауапкершілік алуға, нәтижелі жұмыс істеуге үйрену керек. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін жаңа инвестициялық жобаларды іске асырып, лайықты жалақысы бар жұмыс орындарын құру қажет, - деді Б.Исабаев.Сонымен қатар «сақалды құрылыстарға» қатысты, жосықсыз мердігерлермен келісімшартты бұзып, құрылыс нысандарын жыл соңына дейін аяқтау шараларын қабылдауды тапсырды. Бұл ретте бюджеттің мақсатты әрі уақытылы игерілуі аудан-қала әкімдерінің жеке дара жауапкершілігінде екенін қадап айтты. Сондай-ақ бірқатар облыстық басқарма басшыларының баяндамасын тыңдаған Бейбіт Исабаев салаларды дамытуға қатысты олардың алдына нақты міндеттер қойды. Мәселен, құрылыста типтік жобаларды қайта пайдалану тұрақты тәжірибесін енгізу керек. Бұл әдіс бюджет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сол сияқты білім сапасын көтеруді, колледждер түлектерін жұмысқа орналастыру ісін ілгерілетуді, өңірге жоғары білікті ІТ мамандарын тартуды тапсырды. Жиында айтылғандай, бүгінгі таңда облыста Өңірлік геоақпараттық жүйе жұмыс істейді. Бұл жүйе салалар бойынша, соның ішінде әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлардың алдын алу, жол, ауыл шаруашылығы салаларын алыстан мониторингілеуге мүмкіндік береді. - Өткен жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтадық. Қысқа мерзімді индикаторларды орындау жағынан республикада екінші орындамыз. Ең бастысы - халықтың өмір сүру сапасын көтеру. Президенттің қойып отырған талабы да осы. Соңғы екі жылда өңірді газдандыру деңгейін 29%-дан 56,5 %-ға жеткіздік. Жыл соңында бұл көрсеткіш 72 % жетуі тиіс. Ауыз сумен қамтуға, жол жөндеуге баса назар аударылады. Облыс орталығына ерекше көңіл бөлінеді, қала бюджеті 33% артады. Талдықорғанда Смарт сити стандарты бойынша қаланың өмір-тіршілігін басқару орталығын құру жоспарланып отыр. Біздің мақсатымыз - қаланы қауіпсіз, жайлы, әдемі әрі жасыл қалаға айналдыру. Жалпы осы жылы бірқатар жаңа өзгерістер орын алып отыр. Инклюзивті саясат тұжырымдамасы қабылданды. Қаржы, салық саясатында жаңа енгізілімдер бар. Алдымызға қойылған міндеттерді мәслихат депуттарымен, ардагерлер ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп атқаруымыз керек, - деді Б. Исабаев.Жиын соңында жыл қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды. Атап айтқанда, Панфилов ауданының әкімдігі «Үздік аудан» атанып, трактор сыйға тартылды. Үздік мекеме ретінде «Жетісу» телеарнасы танылып, арнаға жаңа студия жабдықтары берілді. Өз кезегінде құрылыс басқармасы үздік басқарма атанды. Бұдан бөлек, өз салалары бойынша тиімді басшылық жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рауан Дауталинов, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов, жер қатынастары басқармасының басшысы Ермек Әпеков, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков, Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы Қанат Сатанов «Адал қызметі мен еңбегі үшін» арнайы алғыс белгісі табысталады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/929236
ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДА БОЛДЫ 01.02.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы кезекті аралау барысында, Абай ауданы, «Ақжайық» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын тексерді. Құрылыс басқармасының басшысына барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін айтты. Бюджеттік тұрғын үй құрылысы белгіленген кестеден кешікпеуі тиіс.Әрі қарай Тұран ауданы, «Айқап-Түркістан» шағынауданындағы кәріз жүйесінің құрылыс барысын бақылады. Биыл екінші жартыжылдықта шағынаудан тұрғындары толықтай кәріз жүйесімен қамтылады. Қала тұрғындарының жайлылығы үшін және көлік қозғалысын қалпына келтіру мақсатында құрылыс аяқталғаннан кейін абаттандыру жұмысын жүргізіп, жолды асфальттауды тапсырды.Сонымен қатар, қала басшысы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №50 мектеп-гимназиясына қосымша оқу корпусын салу жұмысымен танысты. Жауапты тұлғаларға құрылысты ерекше бақылауға алып, жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды тапсырды.Бұдан бөлек, аралау барысында «Шымкентцемент» ЖШС-нің қызметімен танысты және «Shegen» сауда үйінің көпсалалы жиһаз цехының жұмысымен танысты. Кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған, жылына шамамен 130 мың дана жиһаз өнімін шығарады. Мұнда медициналық және білім беру мекемелеріне арналған технологиялық жиһаз, спорттық құрал-жабдықтар, ас үй жиһазы және зертханалық жабдықтар өндіріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/929092
АЛМАТЫНЫҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ХИРУРГТАРЫ ТӨМЕНГІ АЯҚТЫҢ АУЫР ИШЕМИЯСЫ БАР НАУҚАСТЫ ҚҰТҚАРДЫАЛМАТЫНЫҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ХИРУРГТАРЫ ТӨМЕНГІ АЯҚТЫҢ АУЫР ИШЕМИЯСЫ БАР НАУҚАСТЫ ҚҰТҚАРДЫ 01.02.2025
Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері төменгі аяқтың ишемиясы бар науқасты құтқардыОрталық қалалық клиникалық ауруханаға іштің аортасының және төменгі аяқтың барлық магистральды артерияларының ауыр окклюзиясы бар 73 жастағы науқас түсті. Амбулаториялық емге қарамастан, оның жағдайы нашарлады-ауыр ишемиямен байланысты аяқтың ауыруы пайда болды.«Біз аортобифеморальды протездеуді жасадық-іштің аортасының зақымдалған аймағын ауыстыру және төменгі аяқтың артерияларындағы қан ағымын қалпына келтіру операциясы. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, аяқтың артерияларындағы импульс айқын және ол босатуға дайындалып жатыр» - деді қан тамырлары хирургі Әлішер Әбжапаров.Аортобифеморальды протездеу-бұл төменгі аяқтың қанмен қамтамасыз етілуін қалпына келтіруге, гангренаның дамуын болдырмауға және пациенттің қозғалу мүмкіндігін сақтауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық тамырлы араласу. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде орындалды, ал оның құны шамамен 1 млн 300 мың теңгені құрайды. МӘМС жүйесінің арқасында пациент қажетті жоғары технологиялық медициналық көмекті тегін алды.Уақтылы хирургиялық араласу ауыр асқынулардың алдын алып, науқастың өмір сүру сапасын сақтап қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/928713