Enbekshi QazaQ

Ғылым

Саран қаласы тұрғындарының назарына! 24.12.2024
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Саран қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.Халықпен кездесу 2024 жылғы 18 желтоқсан күні сағат 15.00-де Саран қаласының мәдениет үйінде өтеді.Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-72137) 7-40-16 телефоны арқылы қалдыруға немесе sar_apparat@krg.gov.kz электрондық поштасы бойынша жіберуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/903509
Жыл қорытындысы: Күре жолдан бастап энергия көздерімен жабдықтауға дейін – Қазақстан инфрақұрылымы қалай жақсаруда 24.12.2024
Primeminister.kz редакциясы 2024 жыл қорытындысын жариялауды жалғастырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген инфрақұрылымды жаңғыртудың кешенді тәсілі – маңызды бағыттардың бірі.Әр міндетке басымдық беру2024 жылғы ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Ол көлік, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын жеделдету, сондай-ақ мемлекеттік және жеке инвестицияларды тиімді пайдалану қажеттігін баса айтты.Негізгі міндеттер қатарында логистика мен көлік коммуникацияларын жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, шалғай және ауылдық елді мекендердегі азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мәселесі айқындалды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапасын арттыруға, оларды жүзеге асыру мерзімдерін сақтауға және қаражаттың жұмсалуын мұқият бақылауға баса назар аударды.Осыған байланысты Үкімет 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылым жоспарын әзірлеп, бекітті. Құжаттың стратегиялық міндеті – басым жобаларды айқындау, нысаналы көрсеткіштер мен инфрақұрылымның негізгі бағыттарын белгілеу.Қазақстанның инфрақұрылымдық даму жоспары төрт негізгі бағытқа бөлінген 204 жобаны қамтиды:Энергетикалық инфрақұрылым (46 жоба) – жаңа нысандарды жаңғырту және салу, тұрғындарды газбен қамту деңгейін арттыру арқылы сенімді энергиямен қамтамасыз ету.Көлік инфрақұрылымы (59 жоба) – көлік дәліздерін дамыту, жолдарды реконструкциялау және теміржол желісін жаңғырту.Сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы (89 жоба) – сумен қамтамасыз ету, су бұру және сарқынды суларды тазарту нысандарын салу және жаңғырту.Цифрлық инфрақұрылым (10 жоба) – инфрақұрылымды бақылау және басқару үшін цифрлық шешімдерді енгізу.Энергетикалық инфрақұрылым: тұрақтылық және «жасыл» технологияларға көшу2024 жыл Қазақстанның энергетика саласын дамытудағы маңызды кезеңі болды. Биыл еліміздің жылу энергетикасына, жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) және электр энергетикасына айтарлықтай әсер еткен бірнеше маңызды келісім мен заңдарға қол қойылды.Энергетика министрлігінің «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2024 жылы республикалық бюджеттен 14 жобаны іске асыруға, 52,7 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 6 жоба жылумен қамтуға, 8 жоба электрмен жабдықтауға қатысты. Қазіргі уақытта осы жобалардың екеуі – «Ақжайық» ЕТЖК және Орал қаласының ГТС-54 аудандарындағы 110/10 кВ қосалқы стансалары пайдалануға берілді, бұл өңірді энергиямен қамту сенімділігін едәуір арттырды.Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуды ынталандыру үшін Қазақстан қайтарымды инвестициялардың жылдық лимитін 32 млрд теңгеден 428 млрд теңгеге дейін ұлғайтты. Бұл жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін негізгі жабдықтарды жаңғырту, реконструкциялау және кеңейту жөніндегі жобалар пулын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Инвестициялық келісімдер шеңберінде жалпы қуаты 2,48 ГВт болатын 19 келісім қолданыста, оның ішінде қайтарымды инвестициялар лимиті ұлғайғаннан кейін 13 келісім (жиынтық қуаты 1,4 ГВт) жасалды. Бұл еліміздің энергия жүйесінің қуатын едәуір арттыруға және оның тұрақтылығын жақсартуға мүмкіндік береді.2024 жылы Жүйелік оператор ірі энергетикалық нысандарда бірқатар күрделі жөндеу жұмысын жоспарлады. Жөндеу бағдарламасы аясында электр стансаларында 10 энергия блокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Бүгінгі таңда 9 энергия блокта, 53 қазандықта және 39 турбинада жұмыс аяқталды. 1 энергия блогында, 2 қазандықта және 6 турбинада жұмыс түрлі аяқталу сатысында.2024 жылғы 8 шілдеде Мемлекет басшысы жылумен жабдықтау саласында жинақталған кешенді проблемаларды шешуге бағытталған «Жылу энергетикасы туралы» жаңа салалық Заңға қол қойды. Заң жылу жүйесі мен жылу энергетикасы объектілері жұмысының тиімділігін арттыруға, халық үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және жылумен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етуге арналған. Заң шеңберінде инфрақұрылымды жаңғырту және салаға инвестициялар тарту жөніндегі шаралар да көзделген.Халықаралық әріптестермен ынтымақтастық Қазақстанның экологиялық орнықты энергетика жолындағы ұстанымын нығайтты. 7 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасында 1 ГВт жел электр стансасының жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Бұл жоба Жетісу облысында іске асырылады, инвестор халықаралық компания – Acwa Power.2024 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Qazaq Wind Power» ЖШС арасында Жамбыл облысында жел электр стансасының жобасын іске асыру туралы тағы бір маңызды келісімге қол қойылды. Жобаның негізгі инвесторы – Masdar компаниясы, ал ЖЭС қуаты 1 ГВт құрайды. Бұл келісім Қазақстанның ЖЭК дамыту және көміртегі шығарындыларын азайту жөніндегі стратегиялық бағдарламасының бір бөлігіне айналды. Сондай-ақ қараша айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірқатар жобаларды іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Келісім шеңберінде жалпы қуаты 1,8 ГВт жел және күн электр стансаларын салу жоспарлануда, бұл еліміздегі энергия көздерін әртараптандыру үшін маңызды қадам болмақ. ЖЭК объектілерін салу Қазақстанның энергетикалық теңгеріміндегі жасыл технологиялардың рөлін нығайтудағы негізгі кезең болады, бұл еліміздің орнықты дамуына және көміртегі ізін төмендетуге ықпал етеді.Сонымен қатар Қазақстан Катардың қатысуымен жобаларды белсенді дамытуда. 20 наурызда Қызылорда облысында қуаты 1,1 ГВт бу-газ қондырғысы мен Абай облысында қуаты шамамен 350 МВт су электр стансасының құрылысын қосқанда, бірлескен жобаларды іске асыру туралы Катар мемлекетімен үкіметаралық келісімге қол қойылды. 17 сәуірде Ресей Федерациясымен тағы бір Үкіметаралық келісімге қол қойылды, ол Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жиынтық қуаты шамамен 1 ГВт болатын үш жылу электр орталығын салу жөніндегі жобаларды іске асыруды көздейді. Бұл ЖЭО еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін жақсарта отырып, Қазақстанның түрлі өңірлерінде сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді.Көлік инфрақұрылымы: маңызды нысандарды дамыту2024 жыл Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жөндеу, реконструкциялау және салу жөніндегі ауқымды жобаларды іске асырудағы маңызды кезең болды. Мемлекеттік бағдарлама аясында биыл 12 мың шақырым автомобиль жолдарын жөндеу және салу жұмысы басталды, оның 7 мың шақырымы жыл соңына дейін аяқталады. Еліміздің негізгі өңірлері мен халықаралық көлік бағыттарын байланыстыратын төрт маңызды автожол дәлізін реконструкциялаудың аяқталуы жылдың басты жетістіктері ішінде ерекше көзге түседі.Еліміздің орталық және оңтүстік өңірлерін байланыстыратын маңызды буын саналатын Қарағанды – Алматы (879 км) автожолын ресонструкциялау аяқталды;Қазақстанның шығысы мен оңтүстігі арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ететін Талдықорған – Өскемен (768 км) тас жолын рекнострукциялау аяқталды;Батыс Қазақстанда көлік қатынасын жақсартуға ықпал ететін Ақтөбе – Қандыағаш (96 км) учаскесінде жұмыстар аяқталды;Қазақстанды Ресеймен байланыстыратын Атырау – Астрахан (212 км) автомобиль жолын реконструкциялаудың аяқталуы арқылы халықаралық көлік дәлізінің дамуына үлес қосылды.Жалпы, 2024 жылы жол құрылысының басқа салаларында да айтарлықтай прогреске қол жеткізілді. Жөндеу және реконструкциялау жұмыстары күрделі және орташа жөндеулерді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдардағы жұмыстарды қосқанда, 7,5 мың шақырымнан астам жолды қамтыды.Темір жол көлігі саласында магистралды теміржол желісін жөндеу жұмыстары жалғасуда, 2024 жылы 1401 шақырымға жөндеу жүргізілді (оның ішінде күрделі жөндеу – 570 км, компоненттік жөндеу – 187 км және алдын ала жоспарлы жөндеу – 644 км). Сонымен қатар биыл 143 жолаушылар вагоны, 185 локомотив және 1,5 мың жүк вагоны жаңартылды. 2024 жылдың 10 айында Қазақстанға жаңа 113 жолаушылар вагоны жеткізілді, ал жыл соңына дейін тағы 30 вагон жеткізіледі деп күтілуде. Бұл теміржолдардағы жайлылық пен қауіпсіздікті айтарлықтай жақсартуға, сондай-ақ жолаушылар тасымалының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. 2024 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 19,2 млн жолаушы және 390,5 млн тонна жүк тасымалданды. Жолаушылар тасымалы 2023 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға өсті. Бұл теміржол қызметтеріне деген сенімнің артқанын көрсетеді.2024 жылы туристік сегментті дамыту мақсатында «Алматы – Түркістан – Ташкент – Алматы» жаңа бағыты іске қосылды. Ол туристерді тартуға және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени алмасуды популяризациялауға ықпал етеді. Барлық экскурсияны кәсіби гидтер жүргізеді, ал жолаушылардың жайлылығы үшін заманауи автобустар қарастырылған. Бұл жоба ішкі және халықаралық туризмді дамытудағы, сондай-ақ елдер арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды ынталандырудағы маңызды қадам болды.Өткізу қабілетін арттыру және жүк тасымалы үшін жағдайды жақсарту мақсатында жалпы ұзындығы 1,3 мың шақырым болатын төрт ірі теміржол жобасының құрылысы жалғасуда.Олардың ішінде:● «Достық – Мойынты» (жұмыстар 75% аяқталды);● «Алматы айналма желісі»;● «Дарбаза – Мақтаарал»;● «Бақты – Аягөз».Аталған жобалар ішкі теміржол қатынасын дамытуға және еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған. Бұл тауар тасымалдау және логистикалық инфрақұрылымды жақсарту үшін стратегиялық маңызға ие.2024 жылы елімізде теңіз инфрақұрылымы айтарлықтай нығайды. Ақтау портында жылына 300 мың ЖФБ өткізу қабілеті бар контейнерлік хаб салынуда. Құрық портында жаңа астық терминалы мен «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы басталды. Бұл, өз кезегінде, транзиттік әлеуетті кеңейтіп, Қазақстан порттарының өткізу қабілетін жылына 30 млн тоннаға дейін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл жобалардың барлығы мультимодальды логистиканы айтарлықтай жақсартып, дәліздің барлық қатысушыларының үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге көмектеседі.Жылына 1 млн тонна қуаттылығы бар жаңа астық терминалының ашылуы Қазақстанда транзит пен логистиканы дамытудағы маңызды оқиға болды. Жоба аясында бір уақытта 28 мың тонна астық сақтауға мүмкіндік беретін 18 силос салынды. Терминалдың конвейерлерінің өнімділігі сағатына 300 тонна. Бұл терминал астық экспортын, оның ішінде Қазақстан – Иран бағыты және Кавказ аймағы елдеріне жеткізу көлемін арттыруды қамтамасыз етеді. Жоба логистикалық инфрақұрылымның маңызды элементіне айналып, Қазақстанның сыртқы саудасын кеңейтуге ықпал етеді деп күтілуде.2024 жылы Қазақстан әуе көлігін дамытуда маңызды қадамдар жасады. Алматы мен Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдары пайдалануға берілді. Алматыдағы терминалдың өткізу қабілеті 6 есе артты (жылына 2,5 млн-нан 14 млн жолаушыға дейін), ал Қызылордада 7 есе өсті (жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін).Бұдан бөлек, жыл соңына дейін Шымкент қаласы әуежайында жаңа терминалды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл өткізу қабілетін 7,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл инфрақұрылымдық жобалар жалпы сомасы 150 млрд теңгеден асатын жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылды.Биыл еліміздегі 8 әуежайда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Астана, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Ақтау және Павлодар әуежайларындағы ұшу-қону жолақтары жөнделді, сондай-ақ Балқаш қаласы әуежайында рулеж жолы мен перрон реконструкцияланды.Аталған жұмыстар ұшу рейстерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.Сонымен қатар жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасап, еліміздің туристік және іскерлік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.2024 жылы ірі инфрақұрылымдық бірқатар жоба аяқталды:● Шақпақ баба асуындағы туннельдің құрылысы. Бұл жыл бойы қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етіп, Қазақстанның оңтүстік аймақтары арасындағы көлік қатынасын айтарлықтай жақсартты. ● Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір Шығыс Қазақстан үшін стратегиялық маңызды нысанға айналып, өңірдегі елді мекендер арасындағы сенімді қатынасты қамтамасыз етті.● Шамалған стансасындағы жолайырығы теміржол мен автомобиль көлігінің қиылысын алып тастауға мүмкіндік беріп, қозғалыс қауіпсіздігін арттырды.ТХКБ өсуі және дамуыТранскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) тұрақты өсуді жалғастырып келеді. Өткізу қабілеті жылына 6 млн тоннаға, оның ішінде 100 мың ЖФБ контейнерлік тасымалдарға дейін ұлғаюда. 2024 жылдың 11 айында жүк тасымалының көлемі 63%-ға өсіп, 4,1 млн тоннаға жетті, ал контейнерлік тасымалдар 2,6 есеге артып, 50,5 мың ЖФБ құрады. Бұл көрсеткіштер бағыттың айтарлықтай өскенін дәлелдейді.2024 жылы Транскаспий көлік дәлізінің үйлестіру орталығы іске қосылды. Ол инфрақұрылымды дамытуға және бағыттың функционалын кеңейтуге бағытталған. Жаңа платформа ТХКБ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жұмыс істейтін болады. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы жеткізу мерзімін 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жобаға Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Қытай сияқты негізгі елдер мен компаниялар белсенді қатысуда. Бұл ТХКБ-ның жаһандық сауда үшін маңыздылығын айқындайды.Өткізу қабілетін арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде.Интеллектуалды көлік жүйелеріБүгінгі күні Қазақстанда 450 мыңнан астам жүк автокөлігі тіркелген, олар күнелікті ел аумағы бойынша жүк тасымалдайды. Бұл көлік құралдары, әсіресе олардың салмақтық және көлемдік сипаттамаларын ескере отырып, жол жамылғысының жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Көлік жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және автожолдарға артық жүктемені болдырмау үшін ауыр салмақты көліктердің салмағы мен өлшемдерін тиімді бақылау қажет.Аталған мәселелерді шешу мақсатында 2025 жылға дейін 220 автоматтандырылған өлшеу стансасын (АӨС) орнату жоспарлануда. Стансалар тәулік бойы жұмыс істейді және автокөлік құралдарының салмағы мен өлшемдерін үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл көлік ағынын тиімді бақылауға, шамадан тыс жүктемелердің алдын алуға және республикалық жолдардың қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта елде 45 АӨС орнатылған, олардың ішінде:● 25 станса «ҚазАвтоЖол» АҚ орнатылған;● 7 - Астанада;● 1 - Қостанай облысында;● 12 - Үлкен Алматы айналма автожолында (ҮАААЖ) орналасқан.Бұл стансалар ауыр автокөлік құралдарының қозғалысын бақылауға және салмақ-габариттік нормалардың бұзылуын нақты уақыт режимінде тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс тиімділігін едәуір арттырып, адами факторды азайтады.Қазақстанда бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін қозғалыс барысында автокөлік құралдарын автоматты түрде өлшеуге арналған «Сергек» қағидатын енгізу жоспарланып отыр.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске өзгерістер енгізілді. Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі процессинг орталығымен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл әкімшілік процестерді толық автоматтандыруға, оларды барынша ашық әрі жылдам жүргізуге мүмкіндік береді.primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/903534
2025 жылы Қарағанды облысында алғашқы жел электр станциясы іске қосылады 24.12.2024
Қарағанды облысы, Осакаров ауданында жел генераторлары бар діңгектерді көруге болады. Өңірдегі алғашқы жел электр станциясын "Гиберборей" компаниясы салып жатыр. Оның қуаты 150 МВт болады. Алдымен жыл бойы қатты жел соғатын орынды таңдау үшін уақыт қажет болды. Биыл жасыл энергетика объектісінің құрылысы басталды, оны 2025 жылы қолданысқа енгізу көзделіп отыр. Болашақта олардың қатары толуы мүмкін: жел электр станцияларының тағы екі жобасы әзірленуде.Жаңартылатын энергия көздерінің әлеуетін дамыту туралы Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов "Әкімдік қайда қарап отыр" youtube-арнасында айтып берді.Аймақта қазіргі таңда бес қондырғы таза энергия өндіріп жатыр. Жел электр станциялары жұмыс істеп тұрған күн электр станцияларына қосылады.– Осакаров ауданында қуаты 150 МВт жел электр станциясын салу жобасы жүзеге асырылуда. Нысан 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған. Пайдалануға берілгеннен кейін қондырғыға қызмет көрсету үшін 20 жаңа жұмыс орны құрылады. Теміртауда 500 МВт және Қарқаралы ауданында 200 МВт жел электр станциясын салу жоспарланған. Жобалар әзірлеу барысында, – деді Азамат Тайжанов. – Әрбір инвестор жобаны іске асырар алдында өлшемдерін жинақтайды. Яғни, бір-екі жыл зерттеуге кетеді. Осыдан кейін ғана жұмысқа кіріседі.Облыс әкімінің бірінші орынбасары жалпы энергетика мен ТКШ-ға қатысты сұрақтарға жауап берді.Инфрақұрылымның тозуын азайту үшін желілерді жаңғырту және жаңаларын салынуда. Биыл жылумен жабдықтауды жақсарту үшін 17 жоба, сумен жабдықтауды жақсарту үшін 40 жоба іске асырылды.– Келесі жылы да бұл қарқынды төмендетпейміз. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы әзірленді. Міндет – 2030 жылға дейін қолданыстағы активтердің тозуын 40%-ға дейін төмендету. Бұл бағытта үлкен жұмыс күтіп тұр, – деп атап өтті Азамат Тайжанов.Биыл Қарағандыда үшінші жылу шығарғыш пайдалануға берілді. Облыс әкімінің айтуынша, бұл алдағы 5–7 жылда қаланың оңтүстік-шығыс бөлігін, оның ішінде жаңа ғимараттарды тұрақты жылумен қамтамасыз етеді. 20 мыңға жуық жаңа пәтерді жылытуға жеткілікті қуат бар.Сонымен қатар, облыста тұрғын үй құрылысы өсуде. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 500 мың шаршы метр енгізіледі. Қосымша қуаттар үшін энергия көздерін жаңғырту бойынша бірқатар жобалар жоспарланған. Инвестициялық келісімдер шеңберінде 2028 жылға дейін компаниялар Қарағанды ЖЭО-3, Балқаш ЖЭО және Топар ГРЭС үш станциясында екі жаңа қазандық пен төрт турбина салу бойынша міндеттемелер алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/903601
Қарағандылықтардың халықаралық аренадағы спорттық жетістіктері: ауыр атлет алтын алды және ережесіз жекпе-жек шебері екінші мәрте чемпион атанды 24.12.2024
Қарағандылық Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды. 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол қоссайыс сомасында 400 келі (серпілісте 170 келі және итере көтеруде 230 келі) көтеріп, әсерлі нәтиже көрсетті.Халықаралық біріншілік Манамада (Бахрейн) өтті. 24 жастағы Артем Антропов үшін бұл жеңіс аса маңызды болды, өйткені спортшыны Париж Олимпиадасында өнер көрсету мүмкіндігінен айырған өте күмәнді допинг жанжалына байланысты 16 айлық дисквалификациядан кейін ол халықаралық сахнаға оралды.Қарқынды күресте Антропов 399 кг (174+225) нәтиже көрсеткен Катарц Фарес Эльбахты және 395 кг (183+212) нәтижесімен жарысты аяқтаған испандық Маркос Руисті асып өтті.Спортшыны Иван Снегуров жаттықтырады.Ал қарағандылық жас ММА жауынгері Егор Желтов екінші рет Азия чемпионы атанды. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Манамада (Бахрейн) өткен құрлық біріншілігіне қатысты. 2023 жылғы Азия чемпионы, 2022–2024 жылдардағы Қазақстан чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері Егор Желтов Тәжікстаннан келген жауынгерді жеңді. 16-17 жас аралығындағы топта Қазақстан командасы бірінші жалпы командалық орынға ие болды.Болашақ жауынгерді Дмитрий Ермолаев жаттықтырады.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаФото Olympic.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/903696
Қазақстан тарихы мен бірлігінің нышаны: Қарағандыда "Тәуелсіздік белгісі" таныстырылды 24.12.2024
Қарағандыдағы Н. В.Гоголь кітапханасында "Тәуелсіздік белгісі" таныстырылды. Оның авторы – Qazaq club республикалық клубының жетекшісі Нұржан Сұршаұлы."Тәуелсіздік белгісі" осыған дейін жасалған "Тәуелсіздік лентасы" негізінде әзірленді. Ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2020 жылы таныстырылған болатын.– Бұл белгіні жасаудағы басты мақсат Қазақстан тарихын жастар арасында насихаттау, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге деген құрметті қалыптастыру. Сондай-ақ қазақ мемлекеттілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарған негізгі тарихи оқиғалар мен қайраткерлер туралы жастарға айтып беру. Бұл белгі жас ұрпақты еліміздің бай мұрасымен таныстырып қана қоймай, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді, – деп есептейді Нұржан Сұршаұлы."Тәуелсіздік белгісі" алтын түсте жасалған және жеті көрнекті тарихи тұлға мен сегіз маңызды тарихи даталарды қамтиды. Белгінің орталық элементі – QAZAQSTAN деген жазуы бар Қазақстан Республикасының картасы. Бұл елдің аумақтық тұтастығы мен бірлігін білдіреді. Сондай-ақ, белгіде Түркі қағанатының Бөрілі байрағы, Алтын адам, Мөде қаған, Керей мен Жәнібек, Абылай мен Кенесары, Алаш қозғалысының белді өкілі Әлихан Бөкейхан және Тәуелсіздік жарияланған 1991 жыл бейнеленген."Тәуелсіздік белгісін" тарихшылар мен сарапшылар жоғары бағалады. Олардың ішінде Қазақстан Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков бар.Болашақта "Тәуелсіздік белгісі" негізінде монета шығару жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/903851
Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск қаласындағы жылыту маусымының барысын тексерді 24.12.2024
Шахтинск ЖЭО 60 жылдығын атап өтуге дайындалуда. Биыл энергия көзін жылыту маусымына дайындау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Негізгі және қосалқы жабдықтар күрделі жөндеуден өтті. Қалаға берілетін жылу сапасына жауап беретін қазандық қондырғыларына көп көңіл бөлінді.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск ЖЭО-да болып қайтты. Өңір басшысына жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатқаны баяндалды. Сондай-ақ, болашаққа арналған жұмыс жоспары талқыланды.– Бүгінгі таңда екі қазандық пен екі турбина, төрт негізгі қазандық жұмыс істеп тұр. Барлық жабдықтар штаттық режимде. Температура режимі сақталған. Ешқандай проблема жоқ, – деді "Шахтинстеплоэнерго" ЖШС техникалық директоры Абылай Сейдуәлі.Станцияда отынның нормативтік қоры жеткілікті. Осы маусымда жеткізуші компания ауысты: көмір "Молодежный" разрезінен жеткізіледі.Станцияның қажеттіліктері үшін жаңа техника сатып алынды: бульдозер, шағын тиегіштер, жылу желісіне шығуға арналған машина және т. б.Жылумен жабдықтау құбырлары да қысқа дайындалды. Осы жазда Шахтинск қаласында 4 шақырымнан астам желі ауыстырылды. Жылу оқшаулағыштар қалпына келтірілді. Қала әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жыл соңына дейін 4 шақырымға жуық құбыр оқшауланғанын айтты. Келесі жылы жылу оқшаулау жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда.Ермағанбет Бөлекпаев дайындық жұмыстары өз нәтижелерін көрсетіп отырғанын атап өтті. Ол келесі жылы тұрғындарды тұрақты сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін қарқынын төмендетпеуді тапсырды. Келесі жөндеу науқанына дайындықты уақытылы бастау керек, деп атап өтті облыс әкімі.Сондай-ақ, өңір басшысына Шахан кентінде жылу беру маусымының өткендігі туралы баяндалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/903970
Қарағандылық құтқарушыларға жаңа техника мен жабдықтар берілді 24.12.2024
Қарағанды облысының ТЖ департаментіне 15 жаңа арнайы техника берілді. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігі мен тиімділігін арттыру үшін авариялық-құтқару техникасын жаңартуды жалғастырады.Қарағандылық құтқарушылардың қарамағына өрт сөндіруге арналған бес автокөлік, кинологиялық қызметке арналған Toyota Hilux жол талғамайтын көлігі, экстремалды климаттық және табиғи жағдайларда жұмыс істеуге арналған екі "Трэкол Вега" қар-батпақта жүретін көлік,сондай-ақ тіркемесі бар Marlin құтқару қайығы берілді.Сондай-ақ, су астындағы іздеу операцияларына арналған құрал, 166 жауынгерлік киім жиынтығы және ауаны зарядтауға арналған компрессор."Бұл шаралар төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін едәуір арттырады, құтқару операцияларын жүргізуді жеделдетеді және кез келген жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", – деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/903972
Қарағандының басты шыршасы 21 желтоқсанда жағылады 24.12.2024
Қарағандының 20 метрлік бас шыршасындағы шамдар осы сенбі, 21 желтоқсан, сағат 17:00-де жағылады. Ол дәстүр бойынша Тәуелсіздік алаңында орнатылады.Сағат 17:30-да мұнда қала тұрғындары мен облыс орталығының қонақтары үшін шығармашылық ұжымдардың концерті мен мерекелік отшашу өтеді.Сол күні сағат 18:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында шырша жағылады, сонымен қатар мұз айдыны ашылады. Сағат 18:30-де барлық ниет білдірушілер басты саябақ сахнасына шақырылады, онда мерекелік концерт өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904028
Қарағандылық теннисші АҚШ-тағы беделді турнирде жеңіске жетті 24.12.2024
Қарағандылық Әмір Омарханов ITF Juniors J500 Orange Bowl сериясындағы беделді жасөспірімдер турнирінің жеңімпазы атанды. Бүгінгі таңда қарағандылық спортшы Қазақстанның 18 жасқа дейінгі алғашқы ракеткасы болып саналады.Омарханов жарыс финалында ресейлік Тимофей Дерипаскомен жұптасып, Анри Берно (Швейцария) және Денис Петак (Чехия) дуэтін 3:6, 6:1, 10:1 есебімен жеңді.Orange Bowl жыл сайын Плантейшенде (Флорида, АҚШ) өткізіледі. Турнир жасөспірімдер арасындағы бейресми әлем чемпионаты болып саналады. Матчтар ашық корттарда өтеді, жабын – көгалдандырылған жер.Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904041
Salauatty ómir saltyn tańda: Қарағандылық жастар салауатты өмір салтын ұстануға ынталы 24.12.2024
Қарағанды ​​жастар ресурстық орталығы мен «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Салауатты өмір салтын таныту» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруда. жоба. Оның мақсаты – жастарды нашақорлық, темекі және алкогольді тұтынудың зияны туралы ақпараттандыру ғана емес, оларды салауатты өмір салтын таңдауға ынталандыру.Осылайша Жастар ресурстық орталығы мен қоғамдық бірлестік белсенділері студенттермен кездесу ұйымдастырды. Мектеп оқушылары нашақорлықтың, темекі шегудің және алкоголизмнің алдын алу саласындағы жетекші мамандармен тілдесіп, кеңестер мен ұсыныстар алды.Гүлмира Отыншина, педагогика және психология магистрі, практикалық психолог, «Сенім» ұтымды психология орталығының жетекшісі және жетекшісі студенттердің назарын зиянды әдеттердің психоэмоционалдық аспектілеріне, сыртқы факторлардың әсері мен қоршаған ортаның қысымын жеңу жолдарына аударды. Облыстық наркологиялық диспансердің психикалық денсаулық орталығының маманы Елена Шихатова психоактивті заттарды қолданудың денсаулыққа тигізетін кері салдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.Кездесу интерактивті түрде өтті: мектеп оқушылары пікірталасқа қатысты, сұрақтар қойылды, пікірлерімен бөлісіп, мамандардан кері байланыс алды. Әрбір қатысушы өзіне пайдалы нәрсені таба алды.Сонымен қатар облыстық наркологиялық диспансердің психикалық денсаулық орталығының психологы Жәмина Урпатшаева мен Қарағанды ​​жоғары гуманитарлық колледжінің студенттерімен кездесу өтті.Салауатты. «ómir saltyn tańda» жобасы Қарағандыдағы оқу орындарының саны артып келеді. Ұйымдастырушылар салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған тренингтер, дәрістер, интерактивті кездесулер мен спорттық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904088
Сауда вице-министрі Қайрат Торебаев Ақтөбе облысының экспортқа бағытталған кәсіпорындарының басшыларымен кездесті 24.12.2024
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Ақтөбе халқымен кездесті. Өңірге сапарында вице-министр экспортқа бағытталған кәсіпорындардың басшыларымен, сондай-ақ қаржы институттары мен бизнес өкілдерімен, оның ішінде «Атамекен» жанындағы салалық кеңес мүшелерімен бірге кәсіпкерлікті дамыту және аймақтағы шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін талқылады.Қайрат Төребаев сауда саласының экономиканың маңызды бөлігі екенін көрсететін қазіргі статистикалық мәліметтерді атады. Оның айтуынша, сауда саласы жұмыспен қамту құрылымында бірінші орын алады (1,5 млн адам), ЖІӨ құрылымында екінші орында (18,2%) және бизнес субъектілерінің саны бойынша көш бастап тұр (782 мың).«Мемлекет ішкі сауданы дамытуға қатысты ынталандыру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі заманғы сауда инфрақұрылымын құру, базарларды жаңғырту және электронды сауданы дамыту өте маңызды», - деді Қайрат Төребаев.Кездесу барысында сауда және интеграция вице-министрі министрліктің басым бағыттарының бірі қазақстандық өнімдерді халықаралық нарықтарға экспорттауды дамыту екенін атап өтті. Бүгінгі таңда отандық өнім экспорты Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Вьетнам, Қытай және Иран сияқты бірқатар елдерді қамтиды.Вице-министр шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспорттаушыларын қолдау шаралары туралы айтып берді. Сауда және интеграция министрлігі экспортты дамыту мен ілгерілетуді жүзеге асыратын операторларды – KazTrade және KazakhExport компанияларын анықтаған. Қазақстандық экспорттаушылар сақтандыру және қаржылық қолдау шараларын Экспорттық-несиелік агенттік арқылы пайдалана алады. Ал QazTrade базасында экспорттаушыларға сервистік қолдау шоғырланған. Бұл қызметтердің қатарына көлік және маркетингтік шығындарды өтеу, шетелдегі көрмелер мен форумдарға қатысу кіреді. Сондай-ақ, бизнес өкілдеріне жаңа өткізу нарықтарына шығуға экспорттық акселерация бағдарламасы көмектеседі.– Мемлекеттің өз сыртқы экономикалық мүдделерін қорғау бойынша күш-жігерін атап өткен жөн. Бұл қаржы салымдарының орнын толтырады. Экспортты қаржылық емес қолдауға жұмсалған әрбір теңгеден 500 теңге экспорттық түсім түседі, – деді вице-министр Төребаев.Кездесу барысында кәсіпкерлер импортталатын сүт өнімдеріне бақылауды күшейту мәселесін көтерді. Бұл өнімдер Қазақстанға жақын шет елдерден әкелінеді. Сондай-ақ Қытай нарығына шығуға қатысты сұрақ қойылды. Кәсіпкерлерді қытайлық экспорттаушылар тізіліміне ену процедурасын жеделдету қызықтырды. Вице-министр бұл үдеріс өте ұзаққа созылып, бір жылға дейін уақыт алуы мүмкін екенін айтты. Ақтөбе рельс-арқалық зауытының Ауғанстанға өнім жеткізуіне қатысты сұрақтар да қозғалды. Бұл жерде ынтымақтастық элементтері мен келісімдерді сақтау мәселелері енді ғана реттелуде. Қайрат Төребаев бұл мәселені ауған әріптестері алдында көтеруге уәде берді.Кездесу соңында вице-министр азаматтарды жеке қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/904337
«Сапалы өнім» жобасы - қоғамдық бақылау арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау 24.12.2024
Мемлекет басшысының 2023 жылдың 1 қыркүйегінде жарияланған «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Сауда және интеграция министрлігі ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларды іске асыруға кірісті. Осы тапсырма шеңберінде қоғамдық бақылау құралын іске асыру арқылы тұтынушылардың құқықтарын сапасыз өнімдерден қорғауға бағытталған «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының м.а. Болат Танабергенов мәлімдеді.«Сапасыз өнімді анықтау тұтынушыларды қорғайды, жосықсыз өндірушілерді анықтайды және адал өндірушілерді қолдайды, сапалы өнімді өндіруге және сатуға ынталандырады деп санаймыз. Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша барлық өңірде қоғамдық ұйымдар 2 мыңнан астам өнім атауын іріктеді, оның ішінде 1423 түрі немесе 71%-ы бойынша бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтардың негізгі үлесі таңбалау жөніндегі талаптар бөлігінде анықталды - тауар, оның құрамы туралы және мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы», – деп атап өтті спикер.228 бұзушылық немесе жалпы көлемнің 16%-ы – санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуына қатысты, бұл құрамы бойынша сәйкессіздік, жарамдылық мерзімі өткен тауарды өткізу, тиісті құжаттардың болмауымен байланысты.Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің әкімшілік жауапкершілігінің тиісті шаралары қабылданды, сондай-ақ бұзушылықтар жойылғанға дейін өнімнің сәйкестік декларациялары жойылды және тоқтатылды.Болат Танабергенов құқықтық реформаларға да тоқталды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Мемлекет басшысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде міндет қойды. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында, сондай-ақ азаматтардың келіп түскен өтініштерін, қоғамдық институттардың пікірлері мен ұсыныстарын және әлеуметтанулық зерттеудің теріс көрсеткіштерін талдау мен мониторинг нәтижелерін назарға ала отырып, Министрлік тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімді және жан-жақты жүйесін құруға бағытталған заң жобаларын әзірледі. 4 қыркүйекте заң жобаларын Парламент Мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады.Біріншіден, тұтынушыға өз құқықтарын қорғау әдісі бойынша таңдау жасау ұсынылады. Дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу не сотқа тікелей талап қою немесе жосықсыз бизнес субъектісін жауапкершілікке тарту үшін мемлекеттік органға жүгіну.Екіншіден, заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттарының, оның ішінде осы салада Омбудсмен енгізу арқылы рөлін арттыру ұсынылады. Қосымша тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне ішкі нарықтың қоғамдық мониторингі шеңберінде тауарлардың үлгілерін іріктеу және қызметтерді (жұмыстарды) сатып алу құқығы берілетін болады.Үшіншіден, адам өмірінің барлық саласында тұтынушылардың құқықтарын кешенді қорғау үшін ТКШ, байланыс, туризм, мәдениет, сауда, көлік және басқа да қызмет көрсету салаларына тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың базалық қағидаттарын кеңейту ұсынылады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың салааралық үйлестіруін күшейтуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, салалық нормативтік актілерді әзірлеу сатысында олар министрлік тарапынан Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талдауға жататын болады.Төртіншіден, кәсіпкерлерге жүгінген кезде құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген тұтынушының пайдасына сот айыппұл түрінде салатын кәсіпкердің азаматтық құқықтық жауапкершілігін енгізу ұсынылады.Бесіншіден, электрондық саудағы бір бөлімді арналады. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ шағымдардың көбеюі ерекше алаңдаушылық тудырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда тауарлар мен қызметтер сауда желілерінің интернет – дүкендері, электрондық сауда алаңдары-маркетплейстер, онлайн хабарландыру сервистері арқылы сатылады. «Бұл ретте электрондық сауда нарығында отандық та, шетелдік те компаниялар жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша тұтынушылардан түскен 56 мың өтініштің шамамен 13 мыңы (23%) электрондық саудаға қатысты болды. Өткен жылы 9 мың өтініш түсті. Тұтынушылар негізінен тауар мен сатушы туралы ақпараттың жоқтығына шағымданады; ұсынылған тауардың сипаттамаға сәйкес келмеуі; интернет-сайттардың тауар мен ақшаны қайтарудан бас тартуы. Бар проблемалар бойынша электрондық пошта, Whatsapp чаттары, оның ішінде Wildberries, Каспи, OZON өкілдерімен өзара іс - қимылдың жедел арналары құрылды», – деді спикер.Қолданыстағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының шеңберінде офлайн сатушыға қойылатын талаптар онлайн сатушыларға да қолданылады. Дегенмен, олар әрдайым орындалмайды, әсіресе электрондық алаңдарда сауда жасайтын сатушылар заңды бұзатыны байқалады. Сондықтан заң жобасында электрондық сауда алаңдарының иелерін кәсіпкерлердің тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнама талаптарын сақтауы жөнінде шарттар жасасуға міндеттеу ұсынылады. Талаптарды орындамау жосықсыз сатушыға тиісті жауапкершілікті жүктеп қана қоймай, олардың электрондық платформада сауда жасау мүмкіндігінен айырылуына әкеп соқтырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/904349
Облыстық мәслихаттың XVІІI сессиясы өтті 24.12.2024
Облыстық мәслихаттың XVІІI сессиясы өтіп, күн тәртібінде облыстық бюджетті нақтылау бағытындағы 15 мәселе қаралды. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, алдағы жоспарларға, өткен аптадағы жұмыс сапарының қорытындыларына тоқталды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында бүгінде облысымыздың даму қарқыны жоғары.Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіш бойынша республикада бірінші орындамыз. Өткен 11 айдың қорытындысымен өнеркәсіп өндірісі 0,8, өңдеу өнеркәсібі 20,6, ауыл шаруашылығы 3, тұрғын үй 15,3, көлік 3,3, сауда 6,5, құрылыс жұмыстарының көлемі 57,5 пайызға артты. Негізгі капиталға 559 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 20,6 пайызды құрады.Айта кету қажет, біз аймаққа шетел инвестицияларын, озық технологияларды тарту жұмыстарын белсенді жүргізудеміз. Таяуда ғана өңірдің бизнес өкілдермен бірге Италия, Испания, Түркия елдеріне барып келдік. Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің қолдауымен аталған мемлекеттерде өзара тәжірибе алмасулар, маңызды кездесулер өткіздік. Өнеркәсіп қауымдастығының жұмысымен, биохимиялық ерітінділер, медициналық реагенттер, санфаянс пен санитарлық-техникалық бұйымдар, гидрооқшауланған бетон, ауыл, орман шаруашылығына қажет озық датчиктерді шығаратын, тері, жүн өңдейтін өндіріс орындарымен танысып, келіссөздер жүргіздік. Инвестиция тарту жұмыстарын одан әрі жалғастырамыз,» – деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, биыл 189 449 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, егін мерзімінде толық жиналды. Негізгі дақыл күріш 85 600 гектарға егіліп, әр гектардан 58 центнерден өнім алынды. Жарты миллион тонна күріш қамбаға құйылды.Халықтың әл-ауқатын көтеру, өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамту, сапалы инфрақұрылым жүргізу бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтуда 2022 жылдан бері 16 млрд 800 млн теңгенің 55 жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,6 пайызға жетті. Биыл 13 жаңа жобаға 5 млрд. 300 млн. теңге бөлінді. Алдағы жылы облыс аумағындағы барлық елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі.Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар толық жүзеге асқанда электр желілерінің тозу деңгейі 62 пайызға төмендейді.Президенттің тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватт жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы құрылысқа 127 млрд. теңгеден астам инвестиция салды. Жаңа жылу-электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған ең ауқымды, теңдесіз жобалардың бірі. Аймақ үшін айрықша маңызға ие нысан келер жылы ел игілігіне табысталады.Мемлекет басшысының тапсырмасымен оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда облысында құны 800 млрд.теңгені құрайтын, қуаттылығы 1100 МВт-тық бу-газ қондырғыларының құрылысы жоспарлануда. «Самұрық Энерго» компаниясы Катар инвесторымен келіссөз жүргізіп, техника-экономикалық негіздеме әзірленуде.Жаңа бу-газ қондырғылары Қызылорда қаласынан Ұлытау облысына шығаберіс аумаққа салынады. Бұл жұмыстарға әкімдік 280 гектар жер телімін бөлді. Станцияны 2029 жылы толығымен іске қосу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/899488
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы тағайындалды 24.12.2024
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтті.Жиында аймақ басшысы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының жаңа басшысы Артаев Бақтияр Ғарифоллаұлын таныстырды.«Бүгінгі мәжілісімізді бастамас бұрын кадрлық өзгерістерге тоқталуға рұқсат етіңіздер. Мемлекет басшысы отандық спорт саласын кешенді реформалау арқылы бұқаралық, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуды тапсырды.Ол үшін бізге өз ісін жетік білетін кәсіби мамандар, мықты басшылар, үздік менеджерлер керек. Осы орайда, Туризм және спорт министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы лауазымына Артаев Бақтияр Ғарифоллаұлы тағайындалды.Бақтияр Ғарифоллаұлы – барлығыңызға жақсы таныс, өз ісінің білікті маманы, мықты менеджер. Спорт саласының жандануына орасан зор үлес қосқан азамат. 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында ел қоржынына алтын салған чемпионымыз, Вэл Баркер Кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Қазақстан Республикасының 7 дүркін чемпионы.Бақтияр Ғарифоллаұлының осы кезге дейін алған білімі мен жинақтаған мол тәжірибесін ескеріп, Сыр өңіріндегі спорт және туризм саласын бұрынғыдан да қарқынды дамытады деп сенім білдіреміз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану», «Менеджмент», Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт», ҚазТұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Құқықтану», «Дене шынықтыру және спорт» магистрі.Еңбек жолын 2004 жылы «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері болып бастаған. 2009-2013 жылдары Жамбыл облысы Айшабибі ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.2013-2021 жылдары «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы» корпоротивтік қорынының президенті, «Тарлан батырлары» ЖШС директоры, «Астана Арланс» ЖШС бас менеджері. 2021-2022 жылдары «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастығының ұлттық командалар үйлестірушісі, вице-президенті, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы қызметтерін атқарған.Елімізде спорт саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталған.Бақтияр Ғарифоллаұлы бұған дейінде Жамбыл облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасын басқарып, спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосқан.Облыс әкімі жаңа басшыға өңірдегі бұқаралық спортпен айналысушылар үлесін арттыруды, командаларды даярлауды және олардың республикалық, халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етуді тапсырды. Білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарында сабақтан тыс, кешкі уақытта спорт секциялары жұмысын үйлестіруді және спорттық іс-шаралар өткізуді, «Damu bala» бағдарламасы аясында жан басына шаққанда қаржыландыру мәселесін жүйелендіруді, басқа да міндеттерді айқындап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/900291
Құрылыс саласын дамыту мәселесі талқыланды 24.12.2024
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен құрылыс саласын, трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте көтерілген мәселелерге орай жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктелді.–Биылғы 10 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 193 млрд. 900 млн. теңге болып, өңіріміз республикада бірінші орынға тұрақтады. Құрылысқа мемлекеттік бюджеттен 128 млрд. 500 млн. теңге бөлініп, 197 нысан салынуда.Ендігі міндет – басталған жұмыстарды аяқтап, нысандарды пайдалануға беру. Бекітілген эскиздік жобадан ауытқымауды, ішкі әрлеудің сапасын қатаң бақылауға алыңыздар. Тұрғын үйлердің де сапасына және инженерлік инфрақұрылыммен қамтылуына баса мән берілсін», – деді Н.Нәлібаев.Биыл «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 701,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған болатын. Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес 863,9 мың шаршы метр тұрғын үй салу межеленіп, жоспар артығымен орындалуда. Жыл басынан бері 772,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,9% құрады.Бүгінде 1 мектеп қолданысқа берілді, қалған 3-і жыл соңына дейін пайдалануға қабылданса, 6 мектепті алдағы жылы іске қосу жоспарлануда. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 15 нысанның құрылысын жүргізуге бюджеттен 5,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1 дәрігерлік амбулатория, 8 спорт кешені, 4 ауылдық клуб, 8 инженерлік желі салуға 1,5 млрд.теңге берілген. Ал тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд. теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2 500-ге жуық пәтер табысталмақ.Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында жеті қабатты 6 кредиттік үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін жеке құрылыс салушылардан 1954 дайын пәтер сатып алу жоспарланған. Бүгінде 1060 пәтер сатып алынды, оның 317-сі Қызылорда қаласында, қалған 538-і аудандарда.Алдағы жылы бес қабатты 10 тұрғын үй пайдалануға беріліп, жеті қабатты 10 тұрғын үй құрылысы басталмақ. Сонымен бірге, республикалық бюджет қаржысы есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 275 жаңа пәтер сатып алу қарастырылған.Мәжіліс қорытындысында аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, алдағы мерекелер қарсаңында баға тұрақтылығын, коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын, қауіпсіздік шараларын рейдтік тексеруді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/901368
Аймақтағы алғашқы "Руханият орталығы" Қармақшы ауданында ашылды 24.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшы ауданында алғашқы «Руханият орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.Мерекелік іс-шараға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Бақберген Досмамбетов, Бекмырза Еламанов, Биғали Қаюпов, «Қоғам» телеарнасының құрылтайшысы, ақын Шәкизада Әбдікәрімов, «Сыр елі әйелдер кеңесі» қоғамдық ұйымының төрайымы, білім саласының ардагері Райкүл Байназарова, жауапты сала басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жетістіктерге тоқталды.«Бүгін – ғасырлардың үнін жаңғыртып, халқымыздың қазынасын еселеген Сыр руханияты үшін айтулы күн. Ең алдымен, баршаңызды мыңжылдықтардың мұраты, Алаштың асқақ арманы болған Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет» деген болатын.Биыл өңірімізде «Руханият жылы» жарияланып, айшықты жыл аясында мәдени-көпшілік шаралармен қатар, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», көпфункционалды 1000 орындық «Өнер орталығы» салынып, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, Жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды.Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. Құрылысы қарқын алған облыстық тарихи-өлкетану музейі келесі жылы наурыз айында пайдалануға беріледі.Биылғы «Руханият жылы» аясында барлық 7 ауданда құны 11 млрд. 500 млн. теңге болатын, ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият» орталықтары салынуда. Мақсатымыз әртүрлі бағытта қызмет көрсететін мекемелерді бір орталыққа біріктіру арқылы бюджет қаражатын тиімді басқару, әкімшілік шығындарды азайту болды. Жыл соңына дейін тағы 5 ауданда «Руханият орталықтары» жұмысын бастайды. Қалған 2 орталық келесі жылдың наурыз айында ел игілігіне беріледі.Ең бастысы бұл орталықтарда ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүріміз кеңінен насихатталып, өскелең ұрпақтың өзі туып-өскен өңір тарихы, ұлттың бай қазынасы туралы танымы қалыптасады. Барша жерлестерді «Руханият орталығының» ашылуымен тағы да құттықтаймын! Жаңа нысан еліміздің рухани қазынасын толықтырып, жұртшылыққа қуаныш сыйласын. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, Тәуелсіз еліміздің абыройы әрқашан асқақ болсын!» – деді Н.Нәлібаев.Жиында аймақтың руханият саласындағы ауқымды жұмыстарға тоқталған Шәкизада Әбдікәрімов пен Бақберген Досмамбетов ақ батасын берді.Сонымен қатар, ауданның өсіп-өркендеуі жолында еңбек еткен ардагерлер мен орталықты салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Айта кетейік, облыс орталығынан балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында «Шығармашылық академиясы», халықаралық стандарттарға сай келетін 11 мың орындық «Орталық стадион» салынуда. Жаңа нысандар келесі жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі. Жабық бассейні бар көпсалалы денешынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді, жақын арада «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталады.«Самұрық қазына траст» қорымен бірге «Үстел теннисі орталығы», «ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен 350 орындық «Оқушылар сарайы» салынып, жұмысын бастап кетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/901380
Қармақшы ауданында 106 отбасы баспаналы болды 24.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылар үшін салынған 106 пәтерлік 53 жаңа тұрғын үйдің кілтін иелеріне табыстады.Рәсімге жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері мен аудан тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жаңа пәтерге қоныстанушыларды құттықтап, өңірдің құрылыс саласының жетістіктеріне тоқталды.«Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен өңірімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды, баспанамен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда.Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39 млрд. 100 млн. теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2500-ден астам пәтер беріледі. Ұлттық жоба аясында 1154 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1819 пәтер, апатты үйлер орнына 135 пәтер сатып алу жоспарланса, бүгінде 1114-і сатып алынды. Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешімін тапты.Аймақта тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 683 мың шаршы метр болса, биыл жыл соңына дейін 864 мың шаршы метрге ұлғаятын болады.Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында Қармақшы ауданында нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы аудан бюджеті 13 млрд. 353 млн. теңге болса, биыл 17 млрд. 825 млн. теңгеге жетіп, 25 пайызға өсім қалыптасты. Бұл қаржы аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда. Биыл 2 млрд 100 млн. теңгеден астам қаржыға автомобиль жолдары жөндеуден өтті.Жосалы кентіндегі теміржол үстінен өтетін аспалы көпірдің құрылысын бастауға мемлекеттік сатып алу жүргізілуде. Тұрғындарды газбен қамтуға ерекше мән беріп келеміз. Жосалы, Төретам кенттері мен Ақай ауылдық округі «көгілдір отынға» қосылды, аудан халқының 77,5 пайызы табиғи газ қолдануда. Аудан орталығындағы «Тәуелсіздік» ықшам ауданы газдандырылып, Дүр Оңғар ауылдық округінде жұмыс басталды.Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтуда өткен жылы Көмекбаев, Алдашбай ахун, Қармақшы елді мекендерінде 3 жоба жүзеге асса, биыл Байқоңыр қаласында 1 жоба қолға алынды.Жаңа қоныс құтты болсын! Баспаналарыңыз бақыт пен шаттыққа толып, балалардың қуанышы еселене берсін!» – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Іс-шарада құрылыс мекемесінің мамандарына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов батасын берді.Рәсімнен кейін аймақ басшысы тұрғындармен кездесті. Әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыт-бағдары, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысы туралы айтып, жиналған жұртшылықтың ұсыныс-пікірлеріне ден қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/901387
Премьер–министрдің кеңесшісі Сыр еліне жұмыс сапарымен келді 24.12.2024
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келіп, аймақтың жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда атқарылған жұмыстардың барысын көрді. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алдымен «Қорқыт ата әуежайының» жаңа терминалымен таныстырды.Терминалға «Болат Өтемұратов қоры» әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде 16 млрд 600 млн теңге инвестиция салды. Әуежайдың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына, автожол салуға, аумағын абаттандыруға, жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 4 млрд. 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Халықаралық талаптарға сай келетін жаңа нысанда ішкі және халықаралық рейстерге, транзиттік жолаушыларға арналған, CIP залдары, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, «Duty Free» аймағы, сауда нүктелері, медпункт, кафе, ғибадат ету, жүк сақтау, ана мен бала бөлмелері бар. Екі қабатты ғимаратта сағатына 250 жолаушыға 10 төлқұжат бақылау кабинасы арқылы қызмет көрсетіледі.Айта кетейік, «Қорқыт Ата әуежайы» соңғы 9 айда жолаушылар мен жүк тасымалында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Қаңтар-қыркүйек айларында әуежайда 264 506 жолаушыға қызмет көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артқан. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында рейстер саны 1420-ға жеткен. Бұл «Қорқыт Ата әуежайы» көрсеткіштерінің тұрақты өсімін және әуе тасымалының жоғары белсенділігін растайды.Ермек Маржықпаев аса маңызды инфрақұрылымдық жоба – жаңа терминалдың ел игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдірді.Жұмыс сапары аясында Премьер-министрінің кеңесшісі Қызылорда қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады деп жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/901392
Премьер-министр кеңесшісі Ермек Маржықпаев құрылыс нысандарын аралады 24.12.2024
Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алдымен сол жағалаудағы «Үстел теннисі орталығының» жұмысымен таныстырды.Орталықтың құрылысы «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірге жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта орталықта 16 үстел теннисі алаңы, 350 көрерменге арналған орындар, жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелер бар, 31 қызметкер жұмыс істейді.Әрі қарай Премьер-министр кеңесшісі жаңа стадионның құрылыс барысын,бас мердігер «ВД строй-инжиниринг», бас жобалаушы «Жоба», техникалық қадағалаушы «Строй-проф» серіктестіктері атқарған жұмыстарды көрді. Стадион алдағы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Ермек Маржықпаев шыны зауытының жұмысымен де танысты. Мұнда жылына 197,1 мың тонна шыны өндіріліп, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспортталады. Зауытта 373 маман еңбек етеді.Сонымен қатар, аймақ басшысы «Қызылорда Саз М» ЖШС қолға алған заманауи кірпіш зауытының құрылысымен таныстырды. Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жобаға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағынан 7 гектар жер телімі берілді. Құны 2,3 млрд теңге болатын зауытта жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады деген жоспар бар. Іргетасы жыл соңына дейін құйылып бітеді. Құрылыс алаңында 20 жұмысшы, 11 техника жұмыс жасауда. Зауытқа қажетті қондырғылар осы айда түгел жеткізіліп, алдағы жылдың ақпан айында монтаждалады. Бұл зауыттың басқалардан ерекшелігі – өндіріс толығымен автоматтандырылған.Премьер-министр кеңесшісі барған келесі нысан – жаңа жылу-электр орталығының құрылыс алаңы. Мемлекет басшысының еліміздегі жылу-электр орталықтарының жұмысын жандандыру тапсырмасымен қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде. Оған «Акса Энерджи» түрік компаниясы 127 млрд.теңге инвестиция салды. Орталық келер жылдың қыркүйек айында ел игілігіне табысталады. Пайдалануға берілгеннен кейін 773 қызметкер озық технологиялармен жабдықталған заманауи ғимаратта жұмыс істейтін болады.Мұнан бөлек, аймақ басшысы Қызылорда қаласындағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесін жаңғырту барысымен таныстырды. Ұзындығы 6,71 шақырым, ені 14 метр төрт жолақты жолды «УАД» ЖШС жаңғыртуда. Техникалық қадағалаушысы «ЗКА Проект», авторлық қадағалаушысы «КБ МұнайГаз Инжиниринг» серіктестіктері.Айта кетейік, биыл Қызылорда облысында республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 44 млрд. 703 млн теңгеге 300 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтті. Облыс орталығының негізгі көшелері – әуежайдан Бейбарыс сұлтан көшесіне дейінгі аралық, қалаға Шиеліден кіреберіс жол, Яссауи, Жаппасбай батыр магистральді көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы төрт жолақты болып кеңейтілді. Қызылорда қаласында Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол асты автожолы, Арал, Жаңақорған аудандарында теміржол үстінен аспалы көпір құрылыстары жүруде.Сонымен қатар жылдар бойы күн тәртібінен түспеген «Қызылорда-Жезқазған» автожолы Президенттің тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылуда. Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 140 шақырымы аяқталды. Қалған бөлігі 2026 жылы ел игілігіне беріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/901407
Үкімет басшысының орынбасары қызылордалық дәрігерлермен кездесті 24.12.2024
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық көпбейінді ауруханада медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиынға салалық министрліктің өкілдері, өңірдегі денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты.Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев мәжілісті жүргізіп, тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесіне тоқталды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына кіріскеннен кейін ең бірінші «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Елімізде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Биыл облыстың медицина саласына 146 млрд. 200 млн. теңге қаржы бөлініп, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен 11 айдың қорытындысымен негізгі көрсеткіштерде оң динамика қалыптасты. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен 27 медициналық нысан салу жоспарланып, өткен жылы 15 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет ел игілігіне табысталды. Қалған 11 нысанның құрылысы жақын күндері аяқталып, іске қосылады»,- деді Н.Нәлібаев.Мәжілісте Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау саласындағы ауқымды жобаларға тоқталып, қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, "Әлеуметтік- медициналық сақтандыру қорының" басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков сөз алып, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады.Айта кету керек, өңірімізде 4 млрд. 500 млн. теңгеге төрт көпбейінді аудандық орталық аурухана жанынан қосымша құрылыс салу жоспарланған. Шиелі ауданында 30 төсектік инфекциялық бөлімше, Шиелі көпбейінді ауруханасының қосымша құрылысы басталды. Қалған қосымша құрылыстар келесі жылы бой көтереді.Облыс орталығында 36 млрд. 400 млн. теңгеге емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүруде. Арал ауданы Сексеуіл кентінде 40 төсек-орынға, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториямен қоса 15 төсек-орынға арналған ауылдық аурухана құрылысы аяқталды. Жаңа нысандар жақын күндері ел игілігіне табысталады.Ана мен бала өмірін қорғау басты назарда. Жыл басында көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, перинаталдық бөлім ашылды. Жаңақорған ауданында «Қамқорлық» оңалту орталығы пайдалануға берілді. Жақын күндері осындай орталық Арал ауданында ашылатын болады.Соңғы 2 жылда денсаулық сақтау мекемелеріне 225 санитарлық автокөлік табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/902471