Ғылым
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды 24.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жеті қабатты 84 пәтерлік 6 жаңа тұрғын үйдің кілтін табыстады. Рәсімге Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, жауапты сала басшылары, еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жаңа пәтерге қоныстанушыларды құттықтап, өңірдің құрылыс саласының жетістіктеріне тоқталды.«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында «Елімізде бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажет. Негізгі қағидат – тұрғындар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру» деген болатын. Мемлекет басшысының қолдауымен ұлттық жобалар аясында соңғы 2 жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Жыл басынан бері 1500-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады. Биыл мемлекеттік бюджеттен бөлінген 34 млрд. 100 млн. теңгеге 2,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі. Осылайша тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті.Мемлекет басшысының қолдауымен аймағымыз бүгінде қарқынды құрылыс алаңына, өркенді өзгерістердің ордасына айналды. Өткен жылдан бері қаламызда жеті, тоғыз, он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде. Бүгін өздеріңізбен бірге тағы 500-ден астам отбасының қуанышын еселеп, баспана бақытына кенелгеніне куә боламыз! Шаңырақтарыңыз жылулық пен мейірімге, балалардың шат күлкісіне толсын!»– деді Н.Нәлібаев.Сыр өңірінде соңғы жылдары мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштерінде оң серпін сақталып, облыс республика бойынша алдыңғы қатарға тұрақтады. Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд. теңге болса, бүгінде екі есе артып, 750 млрд. теңгеге жетті. Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуда.Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 38 жоба қолға алынған. Бұл тозған электр желілерін 66 пайыздан 62 пайызға төмендетеді. Елді мекендерді газдандыру бойынша 30 млрд. 500 млн. теңгенің 20 жобасы іске асуда. Жыл соңына дейін өңірді газбен қамту көрсеткіші 78 пайызға жетеді. Тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға бағытталған 5 млрд. 300 млн. теңгенің 13 жобасы бар. Сондай-ақ, 43 млрд. 300 млн. теңгеге 300 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөндеуден өтуде. Осылайша облыс аумағындағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан аспақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/902846
Тамара Дүйсенова спорт мекемелерінің басшыларымен кездесті 24.12.2024
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында спорт мекемелерінің басшыларымен кездесті.Кездесуде өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев, спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстарына, алдағы жобалар мен қолға алынып жатқан бастамаларға тоқталды.< br>- Облыста ҚР Туризм және спорт министрлігімен үйлестірілген жұмыстар жүргізіліп, ауқымды іс-шаралар өткізілуде. – деді Н.Нәлібаев – Бар 1490 спорт нысаны. Халықты спорттық ғимараттармен қамтамасыз ету 44 пайызды құрап, 328 597 адам дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысады. Облыстағы 22 спорт мектебінде 640 жаттықтырушы-педагог жұмыс істейді, 22266 бала жаттығады. Биыл қызылордалық спортшылар әлем және Азия чемпионаттары мен кубоктарында 120 медаль, Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарында 808 медаль жеңіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/903084
Кітапханаларды жаңғырту: БҚО-да алғашқы «Jaña klub» қауымдастық орталықтары ашылды 24.12.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде 23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Бұл мереке оқырман мәдениетін дамытуға және жастарға кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.2024 жылдың 16 желтоқсанында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде, Батыс Қазақстан облысында жаңартылған кітапханалар - қауымдастық орталықтары салтанатты түрде ашылды. Жоба аясында Байтерек ауданының Переметное және Дариян ауылдарында алғашқы «Jaña klub» орталықтары таныстырылды.Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төраға орынбасары Ләззат Чинкисбаева, қордың басқарма мүшесі София Айсагалиева, «TANA» қоғамдық қорының негізін қалаушы Камила Лұқпанова, сондай-ақ жергілікті қоғам өкілдері мен балалар қатысты. Шарада ауылдық қауымдастықтар үшін осындай жобалардың маңыздылығы ерекше атап өтілді.«Қазақстан халқына» қоры, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және «TANA» қоры жүзеге асырып отырған қайырымдылық жобасы аясында облыстағы 356 кітапхананың ішінен 25-і жаңартылып, қауымдастық орталықтарына айналдырылатын болады. Бұл жобамен 130 мыңнан астам тұрғын қамтылады.Әр орталықтың кітап қоры 68 миллион теңгеден астам қаражатқа сатып алынған 800-ден аса жаңа кітаппен толықтырылады. Олардың ішінде қазақстандық және шетелдік авторлардың үздік туындылары бар.Облыс әкімдігі орталықтарды жөндеуден өткізіп, жалпы ауданы 680 шаршы метрді құрайтын ғимараттарды жаңартты. Переметное және Дариян ауылдарындағы екі орталықты абаттандыруға 43 345 000 теңге бөлінді.Қауымдастық орталықтары заманауи музыкалық аспаптармен, үстел ойындарымен, тігін және қолөнер жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Жергілікті тұрғындарға заманауи технологиялармен қатар, білім беру және мәдени іс-шараларға арналған алаңдар қолжетімді.Орталықтар жергілікті тұрғындардың сүйікті орнына айналуда. Жаңа клубтар ашылды: «Жамылған көк желегін жұмақ мекен» өлкетану клубы, «Абайтану», әйелдерге арналған «Сырғағлым» клубы және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған «Күншуақ» клубы.Батыс Қазақстан облысы елімізде алғаш рет ескі кітапханаларды заманауи қауымдастық орталықтарына айналдырды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев кітапханаларды жаңғырту жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін маңызды серпін болатынын атап өтті.«Мемлекет басшысы жастарды қолдауға және мәдениетті дамытуға ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта облысымызда бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Солардың бірі - кітапханаларды жаңғырту. Біздің өңірдегі кітапханаларды модернизациялау мен оларды қауымдастық орталықтарына айналдыруды «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырды. Сонымен қатар, «TANA» қоғамдық қоры оқырмандар үшін заманауи технологиялармен жабдықталған жайлы орта құрды. Мұнда жастарымыз жаңа білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа идеяларын жүзеге асыра алады», - деп атап өтті Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.2025 жылдың соңына дейін 9 мың шаршы метр кітапхана ғимараттары қайта жаңғыртылады, 100-ден астам кітапханашы қайта даярлаудан өтеді. «Қазақстан халқына» қоры кітапханаларды жабдықтауға және кітап қорын жаңартуға 797 миллион теңге бөледі. Переметное және Дариян ауылдарындағы кітапханаларды жабдықтауға бюджет 34 миллион теңгені құрады.«Жоба ауыл кітапханаларын заманауи қауымдастық орталықтарына айналдыруға, олардың дәстүрлі функцияларын сақтай отырып, мәдени бағдарламаларын байытуға және барлық жастағы тұрғындарға арналған тартымды орталықтар құруға бағытталған. Біз үшін бұл жобаға тұрғындардың өздері де «асар» дәстүрі бойынша қатысқаны өте маңызды», – деп атап өтті «Қазақстан халқына» қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Чинкисбаева.«TANA» қоры мәдениет, білім және тұрақты даму салаларында жұмыс істейді. Ұйым кітапханаларды қолдау, білім беру бастамалары мен мәдени мұраны сақтау бойынша жобаларды жүзеге асырады. Қордың басты мақсаты - жергілікті қауымдастықтардың өмір сүру сапасын жақсарту.«Ауыл кітапханаларын жаңғырту – бұл болашаққа жасалған қадам. Біз әр тұрғын, жасынан кәрісіне дейін, заманауи технологиялар мен білімге, мәдениетке қол жеткізу үшін заманауи кеңістіктер жасаймыз. Кітапханалар сұранысқа ие қоғамдық орындарға айналып, әр адам үшін білімнен бастап шығармашылық мүмкіндіктерге дейін құнды нәрсе ұсынады. Біз бұл жобаны Қазақстанның басқа аймақтарында жалғастыруды көздеп отырмыз және әрқашан табысты ынтымақтастыққа ашықпыз», - деді «TANA» қорының негізін қалаушы Камила Лұқпанова.Жақын арада кітапханашыларды жетекші оқу орындарымен серіктестік аясында оқыту жоспарлануда. Жаңартылған қауымдастық орталықтары ауылдық қауымдастықтарды тұрақты дамытуға бағытталған маңызды қадам. Бұл адамдардың өз туған жерлерінде қалып, мәдениетке, білімге және технологияларға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/903452
18 ырғыздық отбасы баспаналы болды 24.12.2024
Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында пәтер кілтін табыстау рәсімі Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өтті.Әрқайсысы 8 пәтерлі 2 қабатты үш бірдей тұрғын үйде халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар, мүгедектігі бар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтар қоныстанады.Бірнеше пәтер әлі де бос. Ол үйлерге Ырғызға көшіп барған дәрігерлер орналаспақ.Еске салайық, 2023 жылы облыс әкімі Асхат Шахаров Ырғыз ауданына жасаған сапарында аталған құрылыс нысанына барып, мердігерлерге жұмысты уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырған еді.Жаңа тұрғын үйлердің кілтін тапсыру рәсіміне ауыл тұрғындары, еңбек ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қатысты.Шарада аудан әкімінің орынбасары Серік Қонақбаев және еңбек ардагері, Ырғыз ауданының құрметті азаматы Қуанышбай Кенжебаев, қуаныш иелерінің атынан ауыл тұрғыны Мөлдір Тасекенова сөз сөйлеп, көпшілікті құттықтады.Бұдан соң, ардагерлер жаңа баспана иелеріне кілт табыстады. Ауылдың қадірменді ақсақалы Сейітқұл Махаев бата берді, әжелер шашу шашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/904142
Ел игілігін еселеу – ортақ міндет 24.12.2024
Жетісу облысының әкіміБейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған құттықтауы Құрметті жетісулықтар!Баршаңызды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!Ата-бабаларымыздың азаттықты аңсаған асыл арманы орындалған бұл күн бүгінде ерекше мән-маңызға ие болып отыр.Мемлекет басшысы айтқандай, бостандық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Ал олардың тағылымды ғұмыр жолы – жас ұрпақ үшін әрдайым өнеге.Бүгінде тарихтан сабақ ала отырып, мемлекетіміздің қол жеткізген табыстарын еселеу мен елдің лайықты болашағын жасаудағы ортақ жауапкершілік баршамызға бірдей жүктеліп отыр. Ол үшін тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, әділетті мемлекет, ашық қоғам құруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жаңғырулар мен өзгерістерді іске асыруға әрқайсымыз атсалысуымыз керек. Осы орайда Жетісу облысының тұрғындары ел игілігі жолындағы ортақ іске үлес қосуға бұдан былай да белсене қатысады деп сенемін.Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте жеміс, бейбіт те берекелі ғұмыр тілеймін!Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/903430
Жетісу облысында Тәуелсіздік күніне орай 10 әлеуметтік нысан қолданысқа беріліп, 76 отбасы баспаналы болды 24.12.2024
Жетісу облысында Тәуелсіздік күніне орай халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 76 отбасы жаңа баспаналарының кілтіне ие болды. Сол сияқты медициналық және ветеринариялық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, мәдениет үйі, ауылдық клуб және спорт кешені, жалпы алғанда 10 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Атап айтқанда, Көксу, Ескелді, Панфилов аудандарында кезекте тұрған азаматтарға үй беріліп, өңірдегі 76 отбасы жаңа қоныс қуанышына кенелді. Оның 50-і Панфилов қаласының Жаркент қаласында, 16-сы Көксу ауылының Бозтоған және Мұқыры ауылдарында, 10-ы Ескелді ауданының Бақтыбай ауылында тұрғын үйге қол жеткізді.- Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өз үйіміз болса деген бірнеше жылдан бергі арманымыз орындалды. Бүгін үлкен отбасымыз кең, жайлы, жаңа үй алды. Мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығының арқасында Тәуелсіздік күнін, алдағы Жаңа жылды енді өз үйімізде атап өтеміз, - деді Жаркент қаласының тұрғыны, көп балалы ана Шынар Азатбекова.Отбасымен бірге мерекелік қоныстой қуанышына жеткен Ескелді ауданының тұрғыны:- Тұрғын үйге кезекте тұрғанымызға біраз жыл болды. Шаңырағымызда төрт бала бар, міне, баспанамыздың кілтін алдық, үйдің ішін аралап көрдік, жақын жандарымыз құттықтап келіп жатыр. Еліміздің айтулы күні қарсаңында қоныс тойға жеткенімізге қуаныштымыз, – деді мұқырылық Сәулеш Жауынбаева.Сонымен қатар мереке қарсаңында Ескелді ауданында бірден 3 жаңа нысан іске қосылды. Аудан орталығы Қарабұлақ ауылында мәдениет үйі, Ақын Сара ауылында 120 орынды жаңа блокты-модульді ауылдық клуб пен әкімдік ғимараты пайдалануға берілді.Осы күні облыстың бірқатар ауылдарында жаңа медициналық мекемелер есігін ашты. Мәселен, Көксу ауданының 140 тұрғыны бар ПЧ-45 станциясында жаңа блок-модульдік медициналық пункт қолданысқа енгізілді.- Мұндай заманауи медициналық пункттің ауылымызда ашылғанына қуаныштымыз. Адам болған соң бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды. Сондай кезде ешқайда бармай-ақ енді осында қараламыз. Бұл жаңа нысан тұрғындардың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді деп сенеміз, - деді медицина саласының ардагері, ПЧ-45 станциясының тұрғыны Айша Сәрсенбаева.Сондай-ақ Панфилов ауданының Шежін, Керімағаш және Қызылжиде ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункт пен екі медпункт салынды. Оған қоса, Үшарал ауылында 50 орындық спорт кешені пайдалануға берілді. Онда күрес, бокс, бұқаралық спорт түрлері бойынша секциялар ашылды. Сонымен қатар ауданда алғаш рет инвестор есебінен салынған «Орбұлақ» халықаралық автовокзалы жұмысын бастады. Вокзал автопаркінде 31 автобус бар, 67 адам жұмыспен қамтылды. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотографтар: Жұмабай Мұсабеков, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/903460
Бейбіт Исабаев бірқатар сала мамандарына марапат тапсырды 24.12.2024
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев желтоқсанның үшінші жексенбісінде аталып өтілетін энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына және Тәуелсіздік күніне байланысты бірқатар ұстаздарға мемлекеттік марапаттар тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыс әкімдігінде энергетика мамандарымен өткен жиында Бейбіт Исабаев өңірдің жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылап отырғанын, онда барлық сала қызметкерлерінің үлесі бар екенін атап өтті.- Энергетика - елдің дамуы мен өркендеуінің негізі. Экономиканың қай саласын да, тіпті халықтың күнделікті тұрмысының өзін жылу мен электрсіз елестету мүмкін емес. Осы орайда сала мамандарына облыс тұрғындарының атынан ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да маңызды міндеттерді сіздермен бірге нәтижелі орындаймыз деп сенемін, - деген облыс басшысы сала үздіктеріне мемлекеттік марапаттар тапсырды.Атап айтқанда, еліміздің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Темірбетон» ЖШС технологиялық жабдықтардың слесарь-жөндеушісі Манарбек Мұртазин ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін иеленсе, «ТАТЭК» АҚ техникалық директоры Дәулет Илипбаевқа, «Талдықорғанжылусервис» КМК бас инженері Ақылбай Тәжиевке, «Текелі энергокешені» ЖШС қазандық турбиналық цехының бастығы Владимир Коржға «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді.Осы күні Бейбіт Исабаев облыста балаларға сапалы білім беру жолында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздармен кездесіп, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі қызметіне ризашылығын білдіріп, марапаттау рәсімін атқарды. Бұл ретте елдің әлеуметтік-мәдени және қоғамдық дамуына қосқан үлесі үшін Талдықорған қаласы Ынтымақ ауылындағы № 30 орта мектептің директоры Сәуле Усеноваға «Құрмет» ордені, Қаратал ауданындағы орта мектептің мұғалімдері Светлана Гончарова мен Нұрзия Рахметоваға «Шапағат» медалі, сол сияқты олардың әріптестері Бәтен Даниярова мен Алмагүл Малдыбековаға және Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының өкілі Валентина Спиридоноваға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты табысталды. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотограф: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/903910
Шетпелік 8 отбасыға пәтер кілті табысталып, өнерпаздар мен коммуналдық мекемеге жаңа көлік кілттері берілді 17.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Маңғыстау ауданы мәдениет үйінің өнерпаздарын тасымалдайтын шағын автобус пен коммуналдық мекемеге су таситын көліктің кілттері табысталды.Сонымен қатар, шетпелік 8 отбасыға Қосбұлақ-2 елді мекенінен су жаңа баспана берілді. Жаңа қоныстанушылар арасында ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, мүгедек бала тәрбиелеушілер, толық емес және көп балалы отбасылар бар.Пәтер кілтін табыстауға арналған салтанатты шараға Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов және аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Сегізбай Әнес қатысып, тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтады.-Мемлекет басшысының тапсырмасына сай үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Міне бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ауданымызда қуанышты жағдай орын алып, тұрғындар жаңа үйдің кілттерін алуда. Биыл Қосбұлақ-2, Жаңаорпадан 52 отбасыға, Сайөтестегі апатты үй тұрғындарынан 12 отбасыға тұрғын үй салынды. Алдағы уақытта Шетпе-1-дегі ғимарат тұрғын үйге лайықталып жөнделген соң тағы 26 отбасыға баспана беріледі, - деді аудан әкімі Ғалымжан Ниязов.Айта кетсек, 7 желтоқсан күні Сайөтес ауылындағы 12 отбасыға баспана берілген болатын. Жыл аяғына дейін тағы 46 пәтер беріледі. Осылайшы, биыл Маңғыстау ауданының 64 тұрғыны жаңа пәтерде жаңажылды қарсы алатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/903504
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы 17.12.2024
Құрметті отандастар!Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы.Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Халқымыз бұған еселі еңбек пен ырысты ынтымақтың арқасында қол жеткізді. Біз осы берекелі бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, қиындықтың бәрінен сүрінбей өтеміз. Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық мемлекет ретінде дами береді.Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін!Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/903505
Тұрғындардың өтініші жауапсыз қалмайды 17.12.2024
12 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Ақтау тұрғындарымен кездесуінде 9 шағын аудан №18 үйдің тұрғыны шатырдан пәтеріне су ағатынын айтып, оны жөндеп беруді сұраған болатын.Тұрғынның өтінішіне сәйкес, бүгін, 16 желтоқсан күні қала әкімі Әбілқайыр Байпақов аталған үйге барып, жағдаймен танысты. Осы тұрғын үйге қызмет көрсетуші мекеме өкілі шатырды жөндеу жұмыстарын 19 желтоқсан күні аяқтайтынын жеткізді.- Облыс әкімі Нұрдәулет Игілікұлы халықпен кездесуде, жеке қабылдауда айтылған тұрғындар сауалы мен өтініштерін жауапсыз қалдырмауды тапсырған болатын. Қазір әр өтініш бойынша мәселені зерделеп, мүмкіндігінше оң шешілуіне жұмыстанып жатырмыз. 19 желтоқсан күні осы үйге келіп жасалған жұмыстардың орындалысын қараймыз. Барлық мәселе өз бақылауымда болады., - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/903506
Ақтау әкімі халықпен кездесуде көтерілген мәселе ізімен 10-шы шағын ауданға барды 17.12.2024
Бүгін, 16 желтоқсан күні Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов 10-шағын аудандағы «Ботаникалық бақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесіп, көлік тұрағын салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.12 желтоқсан күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен өткен тұрғындармен кездесуде 10-шағын аудандағы «Ботаникалық бақ» ТҮК тұрғыны үй маңына кірме жол мен көлік тұрағын салып беруді сұраған болатын. Тұрғындар кірме жол және көлік тұрағын салу бойынша арнайы жобаны да жасақтаған. Қала әкімі аталған кешеннің тұрғындарымен кездесіп, көлік тұрағы мен кірме жолды ұйымдастыруды мамандармен бірлесіп қарастыру қажеттігін айтты.-Алдымен аталған жерге көлік тұрағы мен кірме жол ұйымдастыруды мамандармен бірлесіп зерделеуіміз қажет. Бәлкім тек кірме жолды немесе барлығын көлік тұрағы қылмай, бір аумағына абаттандыру жұмыстарын жүргізген жөн болар. Барлық мәселелерді арнайы жиналыста тұрғындармен және жауапты мамандармен бірге талқылау қажет, - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/903507
Алдағы жылдары ауыл шаруашылығы саласында 95 жобаны іске асыру жоспарланған – Ақтөбе облысының әкімі 17.12.2024
Асхат Шахаровтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 15,5 млрд теңге қаражат қарастырылды, 11 айда 333 млрд теңгеге өнім өндірілді. Сондай-ақ, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 2900-ден астам жоба мақұлданып, 15 млрд теңгеге 2 706 жоба бойынша несие берілді. Мал шаруашылығы саласында төрт түліктің өсімі орташа есеппен 110% құрады. Өсімдік шаруашылығына қатысты, биылғы жылы 403 мың гектар дәнді дақылды алқаптан 559 мың тонна өнім алынды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 130 мың тоннаға немесе 30%-ға өсті.«Ауыл шаруашылығы саласын бұдан әрі дамыту мақсатында, алдағы жылдарда инвестиция көлемі 51 млрд теңгені құрайтын 95 жобаны іске асыру жоспарланған», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/902958
Ақтөбе облысының әкімі: нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 78%-ға жетті 17.12.2024
Асхат Шахаровтың айтуынша, жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға биыл 64,5 млрд теңгеге 193 жобаны іске асыру көзделді. Жалпы, бүгінде өңірде 500 шақырымнан астам жол жабындысы төселді. Облыс орталығы Ақтөбе қаласында 200-ден астам немесе 47 шақырым көше нормативтік жағдайға келтірілді.«Халықаралық Самара-Шымкент автожолының «Ақтөбе-Хромтау» бағыты бойынша министрлікпен бірге үлкен жұмыс атқарылып жатыр Қазіргі таңда 2 учаскеге бөлдік. Бүгінде, 2-учаскеде құрылыс-монтаждау жұмысын бастадық. Жақын арада тендерлік конкурс өткеннен кейін бірінші учаске басталады. Жалпы 4 жолақты болады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Сонымен қатар, «Ақтөбе-Қандыағаш» жолы аяқталды, республикалық маңызы бар жолдар ауыспалы, бұл жұмыстар келесі жылы жалғасадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903041
Ақтөбе облысында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр 17.12.2024
Асхат Шахаровтың айтуынша, биыл 12,3 млрд теңге бөлініп, 827 отбасы пәтермен қамтамасыз етілді. «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламасы аясында 225 отбасы баспана алды. Оның ішінде, 118 отбасы әлеуметтік осал топтарға жатады.«Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны салдарынан 4 мыңға жуық үй зардап шекті. Техникалық тексеру қорытындылары бойынша 1 013 үй апатты деп танылды. Аталған мәселені шешу мақсатында ірі бизнес өкілдерінің қаражаты есебінен жалпы сомасы 25 млрд теңгеге 500 үй салынып, 513 дайын үй сатып алынды. Сондай-ақ 3 мың тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 9,8 млрд теңгеге өтемақы берілді», - деді спикер ОКҚ алаңында.Бұдан бөлек, мемлекет қолдауының арқасында бүгінгі күні 13 білім беру, 2 спорт және 1 денсаулық сақтау нысандарын жөндеуге және құрылысына, сондай-ақ, 47 шақырым автожолдарды, 23 көпірді және 22 гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіруге толық қаржы бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903092
Ақтөбе облысының әкімі 2025 жылға арналған негізгі жоспарларға тоқталды 17.12.2024
«Келер жылы өңірдің экономикалық өсімі кемінде 103% деңгейінде қалыптастыру үшін өнеркәсіп бойынша 2 трлн теңгенің өнімі өндіріледі. Сондай-ақ, облысқа 1 трлн теңгеге жуық инвестиция тартуға негіз бар», - деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.Оның айтуынша, нормативтік жағдайдағы автожолдардың үлесі 80%-ға жеткізіледі. Инженерлік инфрақұрылым бойынша келесі жылы 5 мыңнан астам халқы бар 11 ауылға ауыз су жүргізіп, таза ауыз сумен жабдықтау мәселесі толықтай шешілмек.«Сондай-ақ 9,8 мың халқы бар 24 ауылды газдандыру арқылы газбен қамту деңгейін 96,8%-ға дейін жеткіземіз. Бұдан басқа, 2025 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 975 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарда бар», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына сәйкес 11 нысан жүзеге асырылады. Сондай-ақ, 7 денсаулық сақтау нысанның құрылысы жүргізіледі. Білім нысандары бойынша 3 үш ауысымды, 2 апатты мектептер мәселесін шешу мақсатында 16,4 мың оқушыға арналған 27 жаңа мектеп салынады және бір 300 орындық балабақшаның құрылысы басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903100
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру депосы ашылды 17.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Есет батыр шағын ауданында №25 өрт сөндіру бөлімі салтанатты түрде ашылды.Шараға облыс әкімі Асхат Шахаров пен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Аринов қатысты.Облыс әкімі Асхат Шахаров жергілікті тұрғындарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Есет батыр шағын ауданы және жақын маңда орналасқан тұрғын алаптардың тұрғындары үшін өрт сөндіру бөлімін ашудың маңыздылығын атап өтті.«Тәуелсіздік күні - халқымыздың бостандығының, бірлігі мен өркендеуінің символы. Біздің әрқайсысымыз елдің дамуына өз үлесімізді қосып келеміз, бүгінгідей өрт сөндіру бекеттерін салу сияқты жобалар - мұның жарқын мысалы. Жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы өңір үшін маңызды оқиға. Ол аумақтың қауіпсіздік жүйесін жақсартуға және азаматтарымыздың қауіпсіздігін арттыруға елеулі үлес қосары анық», - деді ол.Асхат Шахаров облыстың ТЖД материалдық-техникалық базасын нығайтуға биыл 1,8 млрд теңге бөлінгенін алға тартты. Бұл қаражатқа 14 бірлік арнайы техника, 17 бірлік жүзу құралы, 1048 дана арнайы киім және 346 дана жабдық сатып алынды.Министр өз кезегінде жергілікті билікке осындай маңызды жобаны жүзеге асыруда қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, құтқарушыларға қиын, бірақ маңызды жұмыстарында табыс, ал өңір тұрғындарына бейбітшілік пен өсіп-өркендеу тіледі.Өрт сөндіру бөлімінің ашылуында облыс әкімі мен ТЖ Министрі құтқарушыларға Toyota Hilux, Skoda Kodiaq автокөліктері мен өрт сөндіру автоцистерналарын қоса алғанда, 16 бірлік техниканың кілтін тапсырды. Бұдан өзге, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін оларға 26 қызметтік пәтердің кілті табыс етілді, олардың 6-ы тікелей жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында орналасқан.Ресми бөлімнен кейін қонақтар жаңа депо ғимаратын аралап, қызметкерлерге жасалған жұмыс істеу жағдайларын жоғары бағалады.II типті өрт сөндіру бөлімі төрт автомобильге арналған. 1,5 га аумақты алып жатыр және қала шетіндегі тұрғын үй секторын қорғауға ыңғайлы орналасқан. Ғимаратта әкімшілік корпус, диспетчерлік бөлме, күзет бекеті, демалыс бөлмесі, асхана, санитарлық станциялар, акт залы, қойма үй-жайлары, газ түтінінен қорғайтын қызметтер бойынша арнайы оқу залы көзделген.Құрылыс жұмыстарына «Бабэк-Құрылыс» ЖШС жауапты болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903364
Ақтөбе облысында «2025-2027 жылдарға арналған ТЖД инфрақұрылымын дамытудың Жол картасына» қол қойылды 17.12.2024
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің Ақтөбе облысына сапары аясында маңызды құжат - «Ақтөбе облысы ТЖД инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы» бекітілді. Құжатқа облыс әкімі Асхат Шахаров пен ТЖ Министрі Шыңғыс Әрінов қол қойды.Жол картасы өрт сөндіру деполарын күрделі жөндеу, абаттандыру, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу, модульдік өрт сөндіру деполарын салу және материалдық-техникалық базаны нығайту сияқты 11 іс-шарадан тұрады.Асхат Шахаров атап өткендей, жол картасындағы іс-шараларды іске асыру азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және төтенше жағдайларға жедел ден қою мен Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін арттыруға мүмкіндік береді.Осы маңызды құжаттың орындалуы төтенше жағдайлар саласын дамытып қана қоймай, өңір тұрғындарының қауіпсіздігін арттыратын болады.Еске сала кетейік, Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбеде Есет батыр шағын ауданында жаңа мамандандырылған өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді. Өрт сөндіру бөлімінің ашылу салтанатында облыс әкімі мен ТЖ министрі құтқарушыларға 16 бірлік арнайы техниканың кілтін табыстады. Сонымен қатар, 26 өрт сөндіруші мен құтқарушыға қызметтік пәтерлердің кілті берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903725
«Гармошка автобустар» №46 бағытқа қатынайды 17.12.2024
Ақтөбеде автобус паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жақында желіге жаңа заманауи автобустар шығады. «Qala Trans» ЖШС Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы ұзындығы 18 метрлік 15 жаңа Golden Dragon автобусын сатып алды, олар жақын арада №46 маршрутта жүруін бастайды.Тәуелсіздік күні мерекесі аясында облыс әкімі Асхат Шахаров қала автопаркін толықтырған жаңа қоғамдық көлікті қарап шықты, тұрғындар үшін жолаушылар тасымалының сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.Жаңа автобустар 160 адамға арналған, 35 орындық, мүгедектігі бар адамдарға арналған пандустармен, ауаны баптау және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. «Жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту үшін біз бұған дейін электронды билеттеуді енгізіп, жолақысын төлеу жүйесін ашық етіп жасадық. Бұл жергілікті атқарушы органдарға Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы жеңілдетілген несиелеу бойынша жаңа автобустар сатып алуға мүмкіндік берді, ал мемлекет тасымалдаушыларды қолдау үшін субсидиялар бөледі. Алдымызда қоғамдық көлікті тартымды ету мақсаты тұр. Бізде халықтың 80%-ға жуығы автобустарды пайдаланады және олар үшін жол жүру жағдайларын жақсартуымыз керек. Қалада заманауи аялдамаларды жабдықтап, тротуарлар салу қажет. Қазірдің өзінде көп нәрсе жасалды, әлі де біраз жұмыс атқарылуы тиіс. Бұған облыстық бюджеттен қаражат бөлеміз. Біз әрқашан қала тұрғындарының пікіріне құлақ асамыз, оларға қоғамдық көліктердің барынша ыңғайлы және барлығына қолжетімді болуы үшін белсенді жұмыс істейміз», - деп атап өтті әкім.Асхат Шахаров жол қозғалысының барлық қатысушыларын қала жолдарында ереже сақтауға және жолаушыларды жаңа автобустарға ұқыпты қарауға шақырды.«Жаңа автобустар, олардың өлшемдеріне қарамастан, біздің көшелер үшін қолайлы. Бірнеше күн бойы көліктер сынақтан өткізіледі, содан кейін желіге шығады. Көлік жүргізушілеріне айтарым, жолдарда абай болыңыздар, ережелерді сақтап, жол қозғалысының барлық қатысушыларын құрметтеуге шақырамын», - деді әкім.Айта кету керек, қазіргі №46 маршрутта жұмыс істейтін автобустар №6 және №48 маршруттарға ауыстырылады.Жыл соңына дейін «Автопарк» ЖШС-де тағы 25 Yutong автобусы жеткізіледі деп күтілуде, бұл №42, №14 және №26 маршруттарда қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді. Биылғы жылдың қазан айында компания қазір №22 және №24 бағыттарға қызмет көрсететін 25 Yutong автобусын сатып алды.Сонымен қатар, «РТТ Групп» ЖШС №29 және №44 маршрут автопаркін жаңартты, ол 4 Isuzu автобусы мен 10 Yutong автобусымен толықты.Ақтөбеде автобус паркін жаңартуды жалғастыру міндеті тұрған бес компания жолаушылар тасымалымен айналысады. Жаңа қоғамдық көліктер жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ қалада көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.Облыс әкімі мұндай шаралар қалалық инфрақұрылымды жақсартуға ықпал ететінін және Ақтөбе тұрғындарына қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететінін алға тартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903735
Темір аудандық мәслихаты жаңа аудан әкімінің лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдады 17.12.2024
Бүгін, 17 желтоқсан күні, Темір аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті. Сессияға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен аудандық мәслихат төрағасы Болат Шаимов қатысты.Сессия барысында облыс әкімі Темір ауданының әкімі лауазымына Алмас Жақсылықұлы Жақсылықовтың кандидатурасын ұсынып, оның өмірбаянын таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары облыс әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, бірауыздан дауыс берді.Өңір басшысы мен депутаттар жаңа аудан әкіміне алдағы жұмысына сәттілік тіледі.Ақпарат Темір ауданы мәслихатының сайтында жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903753
Темір ауданының әкімі тағайындалды 17.12.2024
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Темір аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Алмас Жақсылықұлы Жақсылықов Темір ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Алмас Жақсылықов 1978 жылы дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі - жоғары. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Еңбек ресурстарын басқару», 2019 жылы Қайнар академиясын «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы «Көмірбанк» ААҚ Алматы қаласындағы филиалының қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып бастаған.2004 – 2009 жж. Ақтөбе облыстық көліктік инфрақұрлымды дамыту басқармасының, Темір аудандық құрылыс бөлімінің жетекші маманы; 2009 – 2013 жж. «Тазалық», «Шұбар-құдық», «Шұбарқұдық-жылу» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің және «CENTRUM KAZAKHSTAN» ЖШС директоры лауазымдарында қызмет етті. 2013 – 2018 жылдары Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Темір ауданы «Жастармен жұмыс бойынша ресурстық орталығының басшысы, Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы; 2018 – 2023 жылдары Хромтау қаласының әкімі, Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2023 жылдың қазан айынан бастап Ақтөбе қаласының «Астана» ауданының әкімі қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903771