Бизнес
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН 23.01.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың 2025 жылдағы алғашқы жиыны өтті. Мәжілісте облыста жүзеге асырылып жатқан 15 жобаның жай-күйі қаралып, өзекті мәселелері талқыланды. Облыс әкімі жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту жұмыстарын күшейте түсуді тапсырды.– Инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу – басым бағыттар. Бүгін қаралған жобалар біз үшін өте маңызды. Сәттілік тілеймін. Өз тарапымнан облыста қолға алынған әрбір инвестициялық жобаның сәтті жүзеге асырылуына толық қолдау көрсетемін. Инфрақұрылым, құжаттандыру және өзге де мәселелерді заң шеңберінде шешеміз. Аймақта жаңа өндіріс орындарын көбейту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырамын, – деген Нұралхан Көшеров әрбір инвестормен пікір алмасып, өтініштерін, есептерін тыңдады.Инвестштаб отырысында инвесторлар мен кәсіпкерлердің өтініштері, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды. Олардың бірқатарына тоқталсақ, Сайрамда бу-газ қондырғысы, мал сою бекеті мен мал бордақылау алаңы, Созақта газ өндіру жобалары жүзеге асады. Ордабасы ауданында заманауи кірпіш зауыты мен алюминий бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы қарқынды. Сауран ауданында инженерлік жабдықтар, өнеркәсіптік су бекіту арматурасын шығаратын зауыттар салынады. Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжайдың құрылысы жалғасуда. Сарыағаш ауданында құс фермасы кеңейтілсе, өзге аудандарда да инвестициялық жобалар пысықталып жатыр.Айта кетейік, өткен жылы Түркістан облысында негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 1 334,9 млрд. теңгеге жетіп, 1,4 есе артығымен орындалды. Экономиканың дамуына тың серпін беретін 145 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды. Оның ішінде өндірісті және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеуді дамытуға басымдық берілуде. Алдағы уақытта аймақта жаңа зауыттар ашып, жұмыс орындарын көбейту жоспарланған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923062
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ 23.01.2025
Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қатаң бақылауда. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров көкөніс сақтау қоймаларын аралап көрді. Өңір басшысы жауапты басшыларға азық-түлік тауарлары бағаларының шекті межеден аспауын жіті бақылауды, өңір тұрғындарын арзандатылған азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін тұрақты түрде ұйымдастыруды жүктеді. Сондай-ақ жауапты басшыларға дүкендерді өздері аралап, бағалардың нақты жай-күйімен көзбе-көз танысуды тапсырды.Көкөніс сақтау қоймасында 460 тонна картоп, 150 тонна сәбіз, 100 тонна пияз, 25 тонна қырыққабат, 200 тонна бакалеялық өнімдер, 62 мың дана жұмыртқа сақтаулы. Қоймада картоптың көлемі жеткілікті. Бүгінде өңірде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қатаң бақылауда.Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры үйлестіреді. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында жалпы 3500 тонна картоп, 2500 тонна сәбіз, 1700 тонна қырыққабат және 2200 тонна пияз бар. Ішкі нарықта картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында базарлар, ірі сауда орындары мен әлеуметтік дүкен сөрелері және жәрмеңкелерде 100 теңгеден ұсынылып келеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923237
ТҮРКІСТАН: МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ 23.01.2025
Биыл елімізде «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, әрбір еңбек адамының қоғамдағы рөлін айрықша атап өтуге бағытталған. Осыған орай, бүгін «Ұлы дала елі» орталығының ұжымы қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген жандарға құрмет көрсетті. Қыс ауасында таңмен таласып жұмыста кіріскен тазалық қызметкерлеріне жылы шай мен тәттілер ұсынып, көңілдерін көтерді.– Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз – қаламыздың тазалығы үшін тер төгіп жүрген жандарға алғыс айтып, бір сәт болса да қуаныш сыйлау. Сондай-ақ қолдау көрсетіп, олардың еңбегін бағалау ретінде ұйымдастырдық. Өйткені олардың еңбегі қоғам үшін өте маңызды. Әрбіріміз құрметтеуге тиіспіз, – дейді мекеме басшысы Гүлжанат Дюсенбаева.Айта кетейік, еңбек адамдарын қолдауда айрықша маңызға ие мұндай игі іс-шаралар әрі қарай да жалғасады. Қарапайым жанашырлықтың өзі олардың еңбегін одан әрі бағалауға сеп болмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922676
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАРҒА БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ 23.01.2025
Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Қанат Ракишев мәлімдеді.«Түркістан облысында қыс мезгіліндегі түрлі апаттардың алдын алу бойынша көлік қозғалысын тоқтату үшін уақытша бекеттер қойылды. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жолдарға 5 бекет қойылып, 28 қызметкер мен 8 қызметтік автокөлік жұмылдырылды. Ал, облыстық маңызы бар жолдарға 2 бекет қойылып, 8 қызметкер мен 4 қызметтік автокөлік тартылды. 21 қаңтардан бері Түркістан облысы полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері республикалық манызы бар «Шымкент–Тараз» автожолында тәулік бойы қызмет атқаруда. Бұдан бөлек, қазіргі таңда облыстан Тараз қаласы бағытындағы жолдар да толық жабық. Оның ішінде, «Машат», «Шақпақ баба» асуы, Түлкібас және Сайрам аудандарында ішкі жолдарда полиция органдарының 28 қызметкері жолдарды жабу бойынша жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, Бәйдібек және Созақ аудандарындағы ішкі жолдар жабылған. Ауа-райының жақсаруына дейін тұрғындарды көлікпен алыс жолға шығудан бас тартуға шақырамыз»,- деді Қанат Жұмаханұлы.Брифингке қатысқан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұрлыбек Рахымбердиевтің сөзінше, автожолдарда апатты жағдайларды болдырмау мақсатында 40 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, жолдарды қардан тазарту үшін 192 бірлік техника жұмыс атқаруда.«Қазіргі таңда ауа-райының нашарлауына байланысты Созақ ауданындағы жолдарда қалып қойған 3 жүк автокөлігінен 2 адам, Төлеби ауданындағы жолдарда қалып қойған 2 жеңіл автокөліктен 7 адам құтқарылды. Бүгінде облыс аумағында қажет болған жағдайда қолданылатын 2 трассалық медициналық-құтқару пункті бар. Сонымен бірге, 11 стационарлық жылыту пункті дайындалып, 8 жылжымалы жылыту бекеті вахталық автобустардың негізінде жасақталды»,- деді Нұрлыбек Шерахметұлы.Сонымен қатар, брифингте облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Жасұлан Айнабек биыл өңірде 22 өрт оқиғасы орын алғандығын айтты. Олардың ішінде қайтыс болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Ал, 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үйлерде қазіргі кезге дейін 134 өрт тіркеліп, 3 адам жарақат алып, 1 адам қаза тапқан. 2025 жыл басталғалы улы газдан улану жағдайы тіркелмеген.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922934
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ БЕТ-ЖАҚ ХИРУРГИЯСЫ БОЙЫНША КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАУДЫ МЕҢГЕРДІ 23.01.2025
Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бет-жақ хирургиясы бойынша күрделі ота жасауда тәжірибе алмасты.Оталар ҚР ДСМ-нің бас штаттан тыс балалар жақ-бет хирургі Ся-Тун-Чин Руслан Владимирович және ауруханадағы хирург дәрігерлерінің қатысуымен өтті. Аурухана базасында жоғары хирургтің қатысуымен үш балаға бет-жақ хирургиясы бойынша туа біткен ақауларына ота жасалды.Дәрігерлердің сөзінше, күрделі операциялар сәтті өткен. Бет-жақ хирургия емі жасалған балалар отадан кейін медициналық ұйымда дәрігерлердің бақылауында болады.Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі бет-жақ сүйектері қабынған аурулар мен жарақаттары бар науқастарға көмек көрсетіп келеді. Жылына орталықта мұндай 560 ота жасалады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922935
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕП ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТКІЗІЛЕДІ 23.01.2025
Түркістан облысында білім, денсаулық сақтау нысандарын салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы пысықталып, алдағы міндеттер талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға өз міндеттерін сапалы атқаруды тапсырды.– Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздегі 1 300 мектепті жаңғыртудан өткізу туралы тапсырма берген болатын. Мектептерді жаңғырту жобасына облыстан 115 мектеп енгізілген. Тапсырмаға сәйкес 2025-2027 жылдары 115 мектептің ғимараттарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда. Биыл өңірдегі 41 мектепте ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Өздеріңізге белгілі, өткен жылы облыста бюджет есебінен 50 мектептің құрылысы басталып, 26-сы пайдалануға берілді. Қалған 24 мектептің құрылысын биыл бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіп, тамыз айына дейін аяқтап, тапсыру керек. Одан бөлек, биыл тағы бірнеше мектеп салынады деп күтілуде. Әрбір құрылыс нысанындағы жұмыстар бақылауда болсын. Қадағалаңыздар. Уақтылы әрі талапқа сай тапсырылуы тиіс, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.Түркістан облысы білім басқармасының орынбасары Жандос Нұрпейісовтың айтуынша, облыста жалпы 1082 орта білім беру мекемесінде 554 753 оқушы білім алуда. Өңірдегі мемлекеттік мектептің 791-і типтік, 124-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Бүгінде облыста бюджет есебінен 5800 орынды 24 мектеп құрылысына қажеттілік бар. Сондай-ақ 7200 орынды 17 мектептің құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасымен салу жоспарлануда. Жалпы, 2025-2027 жылдар аралығында 12000 орынды 41 мектептің құрылысы жүргізіледі деп күтілуде. Қазіргі таңда, реновацияған еніп, 2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 26 мектептің 3-еуіне «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен, 23-іне облыстық бюджет есебінен қаржы қаралған.Облыстағы 1279 мемлекеттік білім нысанының 43-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған болса, 1 236-сы автономды жылыту қазандықтары арқылы жылытылады. Былтыр облыстағы 107 білім беру мекемесінің жылу жүйесі табиғи газға қосылған. Бұл жұмыстар білім саласынан үнемделген қаржысы есебінен жүргізілді. Осы жылы тағы 100 мектепте осындай жұмыстар жүргізіліп, оларға да үнемделген қаржы жұмсалады деп күтіліп отыр.Кезекті баяндама жасаған облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Кенжебаев өткен жылы өңірде 55 медицина нысаны пайдалануға берілгенін айтып, қазіргі таңда тозығы жеткен 58 нысанның қажеттілігі анықталып отырғанын жеткізді. Биыл аталған нысандарды зерделеп, маңыздылығына қарап, 25 нысанның мәселесін дайын ғимаратты сатып алу арқылы шешу жоспарлануда. Бірінші кезектегі жаңа құрылысты аса қатты қажет ететін нысандар тізімі қалыптастырылып, іске асырылады. Сонымен қатар биыл 4 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922683
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕГЕРІ ОҚУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ 23.01.2025
Бүгінде білім сапасын арттыру мақсатында елімізде көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде қосымша білім беру саласын дамытуға бағытталған жобалар да бар. Осындай мүмкіндіктердің арқасында жас кәсіпкерлер өздерінің арман-мақсаттарын жүзеге асырып, қоғамға пайдалы бастамаларды қолға алуда.Солардың бірі – көпбалалы ана Сущенко Наталья. Ол мемлекет қолдауының арқасында қосымша білім беру орталығын ашып, жасөспірімдерге білім беру саласы бойынша қызмет көрсетуде.Ордабасы ауданы, Бадам ауылының тұрғыны 2024 жылы 1 млн 476 мың 800 теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, кәсіп бастаған. Қазіргі таңда орталықта 18 оқушы білім алуда. Онда оқушылардың таланты мен қабілетін дамытуға мүмкіндік беріледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922685
ТҮРКІСТАН: РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫ ҮНДІСТАН ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТІП ЖАТЫР 23.01.2025
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры жанынан құрылған «Тарлан» музыкалық-аспапты ансамблі мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Би-Сұлтан» би ансамблі Үндістан елінің бірнеше қаласында өнер көрсетіп жатыр. Үндістандық көрермен қазақ өнері мен мәдениетіне тәнті болып, құрмет көрсетуде. Бұл жайлы үнді баспасөз беттерінде жарыса жазылып, насихатталып жатыр.Айта кетейік, 18-28 қаңтар күндері аралығында Қазақстанның мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында арнайы гастрольдік сапар жоспарланған. Он күн бойы өнер көрсетуге Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры жанынан құрылған «Тарлан» музыкалық-аспапты ансамблі мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерінен құралған «Би-Сұлтан» би ансамблі жолға шыққан болатын.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922686
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» АРҚЫЛЫ 749 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ 23.01.2025
«Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылдардағы халықтың табысын арттыру. Бағдарлама пилоттық негізде 2023 жылдан жүзеге асып, өз тиімділігін дәлелдеп келеді.Биыл Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 62 ауылдық округте 749 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1185 тұрақты жұмыс орны ашылып, 100-ге жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықтан арылады деп күтілуде.Бұл мәселе аудан-қала әкімдерінің қатысуымен өткен видео-селекторлық мәжілісте кеңінен талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қаржыландырылатын бағыттарды белгілегенде өңірлердің ерекшеліктеріне назар аударуды ескертті.Жыл ішінде «Ауыл аманаты» жобасымен өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша – 195, мал шаруашылығын дамыту бойынша – 175, құс шаруашылығын дамыту бойынша – 108, балық шаруашылығын дамыту бойынша – 71, кооперативтерді құрал-жабдықтармен жабдықтау бойынша – 62, өз кәсібін ашу бойынша 138 жобаны іске асыру көзделуде.«Түркістан» ӘКК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Файзулла Байдуллаев аудан-қалаларда өндірістік парк ашудың маңыздылығына тоқталып, 2025 жылдың жоспарымен бөлісті.Мәжілісте Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша заңдылықты қамтамасыз етуде жиі туындайтын мәселелерді тарқатып, басқарма тарапынан қабылданатын шараларды жеделдету жайын қозғады. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан тарапынан ұсынылған жобаларға қатысты өз сұрақтарын қойып, жауапты мамандармен пікірлесті.Облыс әкімінің орынбасары өңірлерде қайта өңдейтін кәсіпорын ашуға басымдық беру қажеттігін атап өтті. Аудан-қала әкімдері бұл бағыттағы жұмысты ширату үшін жауапты басқармалармен пікір алмасып, жоспарды бірге нақтылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922696
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСІП, ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ 23.01.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір ардагерлерімен жүздесіп, маңызды мәселелер бойынша ашық сұхбаттасты. Аймақты дамыту бағытында зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлері мен кеңестерін тыңдады.Кездесуді Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов ашып, жүргізіп отырды.Ашық диалог алаңында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, «Түркістан облысының Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы, қоғам қайраткері, белгілі кәсіпкер Серікжан Сейітжанов, қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев, Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, әдебиет зерттеушісі, профессор Құлбек Ергөбек, республикалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжанов сөз алып, ел тұтастығын сақтау, өңір әлеуетін арттыру жайында ой қозғады. Өңірдің өзекті мәселелерін, ұрпақ тәрбиесі жөнінде келелі пікірлер айтты.Ел ағаларының ұсыныстарын тыңдаған аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.– Халқымызда «Батаменен ел көгерер» деген сөз бар. Мемлекет басшысы жауапты қызметке тағайындаған соң бірінші кезекте ел ағаларының ой-пікірлерін білуді жөн санадым. Туып-өскен Түркістан өңіріне қызмет ету – мен үшін үлкен жауапкершілік пен перзенттік парыз. Осы уақытқа дейін жинаған тәжірибемді, білімімді пайдаланып, Түркістан облысын дамытуға күш саламын. Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге сіздермен бірлесіп жұмыс істейміз деп сенемін. Президентіміз бен Үкіметтің тапсырмаларын жоғары деңгейде орындауымыз қажет. Ел бірлігін сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде сіздердің еңбектеріңіз мол. Біз Түркістанды дамытуда сіздердің тәжірибелеріңізге арқа сүйеп, қызмет етеміз. Жаңа бастамалар жемісін беріп, Түркістан облысы барлық жағынан дамыған аймаққа айнала берсін! – деді Нұралхан Көшеров.Жиын соңында Еңбек ардагері Сексенбай Тұрысбекұлы бата беріп, ел тізгінін қолға алған басшыға сәттілік тіледі.Келелі ойлар мен ұсыныстар айтылған жиын салтанатты шараға жалғасты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922702
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БАЛЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ 23.01.2025
Шұбар ауылының іргесіндегі «Арыс» өзенінің жағасында жұмыс істей бастаған «АҚ ОРДА Б» ЖК-нің өңірде балық өсіру шаруашылығы өркендеп келеді.Жалпы аумағы 4,5 гектар. Оның ішінде 1,3 га жерге тоған қазылып, 20 мың сазан шабағы жіберілген. Жоба құны – 20 млн теңге. Жылына 60 мың тонна сазан шабақтарын өсіріп отырған шұбарлық кәсіпкер Бақытжан Бекбосынов осы кәсіпке ден қойған. Келесі жылдан бастап өз өнімін нарыққа шығаратын ол жергілікті үш азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.Кәсіпкердің айтуынша, тәжірибелік тұрғыда және өзге де бағыттарда кәсіпкерлерге жергілікті әкімдік тарапынан тиісті деңгейде көмектер ұйымдастырылуда. Бүгінде кәсіпкер тағы 3,0 га жерге тоған қазуды жоспарлауда.Айта кетсек, қазіргі таңда Ордабасы ауданында балық өсіру саласы кең өріс алып келе жатыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922933
«Үйде отырғым келмейді – көмегім тигенін қалаймын»: Қарағанды облысында зейнеткерлерге жұмыс табуға көмектесуде 23.01.2025
Жыл басынан бері Қарағанды облысында «Алтын жас» бағдарламасы іске қосылды. Бұл – өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың бастамасы. Оның жеке қабылдауына егде жастағы адамдар жиі шағымданып, жұмыс таба алмай жатады. Бағдарлама сұранысқа ие. Бір айдан аз уақыт аралығында жүзге жуық адам жұмысқа орналастырылды.Бағдарлама облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Оның ерекшелігі – өз командасына зейнеткерді қабылдаған жұмыс берушілерге оның жалақысының жартысы субсидияланады, бірақ бір ең төменгі жалақыдан артық емес (2025 жылы – 85 мың теңге). Алайде бұл шектеудің өзінде де зейнетақының өсімі жаман емес, себебі жұмыс беруші де осынша қосады.Алғашқылардың бірі болып зейнеткер мұғалімдерді қабылдап алған жекеменшік білім беру орталықтары болды.Дәрия Нұрекина 44 жыл ауылдық мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Сегіз жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан. Шет ауданының Ақжал ауылынан балаларымен бірге қалаға көшіп келді.– Үйде отырғым келмейді, көмегім тигенін қалаймын. Инстаграмнан осындай бағдарлама туралы хабарламаны көріп, байқап көруге шешім қабылдадым. Мансап орталығына бардым. 8 қаңтардан бастап осында, даму орталығында жұмыс істеймін. Балалармен айналысамын, олардың мектепке дайындалуына көмектесемін. Бәрі ұнайды: сүйікті жұмысым, орталық үйдің жанында – жаяу келемін, – дейді Дәрия Нұрекина.Орталықтың әкімшісі Аида Өтеуованың айтуынша, күн сайын оларға 50-ге дейін бала келеді. Көптеген ата-аналар жасы егде, тәжірибесі бар педагогтарды қалайды, сондықтан жаңа пайдалы қызметкер тапқандарына қуанышты. «Алтын жас» бағдарламасы бойынша ақпан айынан бастап орталыққа тағы бір зейнеткер – университеттің бұрынғы оқытушысы жұмысқа келеді. Ол балаларға ағылшын тілін үйретеді.Ләззат Асылбекова 40 жылдан астам Қарқаралы ауданының Томар ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Өткен жылы зейнетке шығып, Қарағандыға көшкен. Қаңтар айында бағдарлама бойынша Оңтүстік-Шығыстағы жаңа көпқабатты үйлердің бірінде ашылған жаңа шағын орталыққа орналасты. Күн сайын жұмысқа Майқұдықтан келеді.– Бағдарламаны құрғандарға рахмет! Зейнеткерлер үшін бұл жақсы қолдау. Балаларды жақсы көремін. Денсаулығым жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Реті болса, үйде отырмаңыздар! Төрт қабырғаға қамалып отыра берсеңіздер, тез қартайып кетесіздер. Ал бұл жерде өзімді қажет сезінемін, баршаға пайдасы бар: біз өз тәжірибемізді жастарға береміз, ал олардан жаңа нәрсе үйренуге болады, – деп Ләззат Асылбекова құрдастарын бағдарламаға қатысуға шақырады.Зейнеткер қосымша табысын жинап, Қазақстанды аралағысы келеді.– Егде жастағы адамдарды ресми жұмысқа орналастыру үшін «Алтын жас» арнайы бағдарламасы әзірленді. Ол зейнеткерлікке шыққан, бірақ күш-қуаты мол және табысын арттырғысы келетін өңір тұрғындарына арналған. Қарағанды облысында 180 мыңнан астам зейнеткер тұрады, – дейді Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының басшысы Нұржан Сыздықов. – Бүгінгі таңда бағдарламаға қатысуға 146 жұмыс беруші ниет білдірді. Жұмысқа 96 адам жіберілді. Негізінен олар бастауыш сынып мұғалімдері, бухгалтерлер, менеджерлер, күзетшілер. Мамандықтар бойынша ешқандай шектеу жоқ, түрлі мамандықтар бойынша жұмыс таба аламыз.Биыл «Алтын жас» бағдарламасы бойынша 400 адамды жұмыспен қамту жоспарланған, ал келесі жылдары олардың саны артатын болады.Бағдарламаға қатысуға өтінімдер барлық қалалар мен аудандардың Мансап орталықтарында қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/922555
Құтқарушылар Қарағанды облысының тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады 23.01.2025
Қарағанды облысында дауылды ескерту жалғасуда. Өңірдің басым бөлігінде қатты жел соғып, боран сақталуда. Сонымен қатар, 22–24 қаңтарда облыс аумағында ауа температурасы -34 градусқа дейін төмендейді.Осындай ауа райында жылыту аспаптарын дұрыс пайдаланбау, электр желілерін артық жүктеу және осыған байланысты өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан өрт шығу қаупі артады, деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.– Үйлерін жылыту үшін біздің тұрғындар кейде өрт қауіпсіздігі ережелерін елемей, бір желіге бірнеше электр аспабын қосады, бұл қысқа тұйықталуларға және одан әрі өрттің туындауына алып келеді, – дейді Қарағанды облысы бойынша ТЖД бастығының орынбасары Думан Далешев. – Осыған байланысты тұрғын үйде қарастырылған жылыту көздерін ғана пайдалануға кеңес береміз.ТЖ департаментінің мәліметінше, жылыту маусымы басталғалы облыс аумағында тұрғын секторында 139 өрт тіркелді, онда тоғыз адам зардап шегіп, 11 адам қаза тапты. Сонымен қатар, алты адам улы газбен уланған.Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды сұрайды:- өшірілмеген темекі мен сіріңкелерді қалдырмау;- жарамды пештерді, газ және электр аспаптарын ғана пайдалануға;- мұржаларды күйеден уақтылы тазарту (үш айда бір рет);- пешті қыздырмау және жылыту пештерін қыздырмау;- балаларға пеш жағуды тапсырмау керек.Сонымен қатар, ТЖ департаменті тұрғындардан тұрмыстық газ құралдарын пайдалану ережелерінің сақталуына баса назар аударуды сұрады:- газ баллондарын жылыту аспаптарының жанына орналастырмауға, әсіресе оларды салқын жерден жылы үй-жайға кіргізген кезде;- жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдырмауға;- газдың шығуын анықтау үшін ашық отты пайдаланбауға;- балалардың газ аспаптарын пайдалануына қатаң тыйым салуды өтінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/921833
Қарағандылықтарды Петр Чайковскийдің 185 жылдығына арналған концертке шақырады 23.01.2025
26 қаңтарда Қарағандыдағы «Шалқыма» концерт залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Азамат Желтырғұзов өнер көрсетеді. Музыкалық кеш сағат 17:00 басталады.Ұлы композитор Петр Ильич Чайковскийдің шығармаларын қарағандылықтар үшін баритон Азамат Желтырғұзов орындайды. Ол Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның және К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солисі. Соңғысында Азамат Желтырғұзов Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Иоланта» операларындағы партияларды тұрақты түрде орындайды.Бұл кеште қарағандылықтар үшін танымал пианиношы Роза Шотқалиева фортепианода ойнайды. Ол да Азамат Желтырғұзов сияқты Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әртісі. Роза Шоткалиева – республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпазы әрі лауреаты.Концертке Е. Рахмадиев атындағы филармонияның солисті Фируза Рахметова мен Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерт бірлестігінің вокалисті Рысты Рахымжан қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/922125
Қарағандылықтар футзалдан республикалық турнирдің күміс жүлдегерлері атанды 23.01.2025
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Политех» командасы Екібастұзда өткен футзалдан республикалық турнирде екінші орынды иеленді. Жарысқа Қазақстанның түрлі қалаларынан 30 спорттық ұжым қатысты.«Политех» турнирді «А» тобында бастады, онда ол «Арлан» (Павлодар), «1994» (Екібастұз) және «Самғау» (Павлодар) командаларын жеңіп, 1/4 финалға шығуын қамтамасыз етті.Ширек финалда қарағандылықтар Павлодар облысының «Номадын» 5:2 есебімен жеңді. Жартылай финалда олар мықты қарсылас - павлодарлық «Әлім» командасымен кездесті. Бұл матч оңай болмады және бірінші таймда пенальтиден соққан жалғыз гол «Политех» пайдасы үшін шешуші болды.Ақтық сайыс команда үшін нағыз сынаққа айналды. Соңғы минутқа дейін созылған шиеленіскен ойында «Политех» «Әлім» командасынан 2:4 есебімен жеңіліп, екінші орынды иеленді.Финалда есе жіберіп алғанына қарамастан, команда тамаша ойын көрсетті.Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/922198
Қарағанды облысының барлық жауапты қызметтері су тасқыны кезеңінің басталуына дайындалуда 23.01.2025
Қарағанды облысында су тасқынына дайындық барысында 180-ге жуық іс-шара орындалды. 65 шақырым қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылды және бекітілді, 26 шақырым дренаж және су бұру жүйелері тазартылды, сондай-ақ 18 километрден астам өзен арналарына санация жүргізілді. Автожолдардың 75 учаскесінде су өткізу қабілеті ұлғайтылды. Жанар-жағармай және инертті материалдар, қаптар мен азық-түлік қоры құрылды.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша атқарылған жұмыстар туралы жауапты ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ қалалар мен аудандардың әкімдері баяндады.– 1 наурыздан бастап азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдары жоғары әзірлікке келтіріледі, – дейді ТЖ департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев. – Бұл ТЖМ бөлімшелерін, әскери қолбасшылық органдарын және полиция департаментінің жеке құрамынан 4125 адам және 1754 бірлік техника.Бүгінгі таңда жағдай тұрақты: өзендер қысқы режимде, қар деңгейі облыс аумағын 100% қамтиды. Судың толып кетуiн болдырмау үшiн Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан суды санитарлық ағызу жүргiзiледi.Қазгидрометтің мәліметінше, қардағы су қоры Нұра өзені бойынша нормадан асып түседі, бірақ Шерубай-Нұра мен Тоқырауын бойынша нормаға жақын қалып отыр. Топырақтың қату тереңдігі өткен жылғы көрсеткіштен аз, бұл су басу қаупін төмендетеді.– Туындауы мүмкін кез келген тәуекелдер егжей-тегжейлі пысықталуы тиіс. Біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек, – деп атап өтті өңір басшысы. – Бізде іс-шаралар жоспары бар және ол бойынша су тасқыны кезінде облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қызметтер нақты жұмыс істеуі тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/922209
«Бұйратау» ұлттық табиғи паркінің қорықшылары қыс мезгілінде жануарларды қоректендіруде 23.01.2025
Қарағанды облысы Осакаров ауданында орналасқан «Бұйратау» ұлттық табиғи паркінің «Белодымовский» филиалының қызметкерлері қысқы аяз кезінде маралдар мен бизондарды тамақсыз қалдырмайды. Жануарлар парктің 400 гектар аумағында жайылады.Қыста қарлы және аяз күндері жергілікті жануарларға адамдардың көмегінсіз аман қалу өте қиын болар еді: оларға өз бетінше азық табуға беті мұздап қалған қалың қар кедергі келтіреді. Сондықтан қорықшылар астық, шөп және қайың сыпырғыштары салынған оттықтар қояды.Ұлттық паркте олар үшін нағыз орман асханасы ашылды. Мәзір әтүрлі. Мысалы, маралдар дәнді жем жесе, басқа орман тұрғындары – түлкілер мен қояндар да назардан тыс қалмайды. Соңғылары қыста азығын өздері таба алады, бірақ қорықшылар толтырған оттықтан да қоректене алады.Осакаров ауданы әкімдігінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/922405
Қарағанды облысындағы картопқа қатысты жағдай 23.01.2025
Қарағанды облысында картоп бағасын тұрақтандыру және әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдануда. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ауыл шаруашылығы құрылымдарымен белгіленген бағамен сауда орындарына картоп жеткізуге кепілдік беретін меморандумдар жасасуды тапсырды. Сондай-ақ, көтеріңкі үстеме баға қоюдың жолын кесу үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына мониторинг жүргізуді жалғастыру керек.Облыстың ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қоймаларында 53 мың тонна картоп сақталуда, ал тұрақтандыру қоры мен сауда желілерін қоса алғанда, жалпы қор 61,6 мың тоннаны құрайды – бұл халықтың маусымаралық қажеттіліктерін жабу үшін жеткілікті.Қазіргі уақытта форвардтық келісімшарттар бойынша 3,2 мың тонна картоп, сондай-ақ басқа да көкөністердің қажетті мөлшері жеткізілді, бұл өңірдің маусымаралық қажеттілігін толығымен жабады. Айналым схемасы бойынша да жеткізу жалғасуда.Облыстың сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен Қарағанды әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, соның ішінде картопқа сауда үстемесінің 15%-дан асуына жол бермеу үшін сауда желілерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Бүгінгі таңда екі кәсіпкер картоптың сауда үстемесін асыра пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы бір сауда нүктесіне қатысты тексеру белгіленді.Экономикалық тергеу департаментіне сауда үстеме бағасын сақтамау фактілерін зерттеу тапсырылды. Барлық бұзушылықтар бойынша шаралар қабылданады.Облыста тұрғындардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте қажетті тауарлар қоры жеткілікті, ал бағаларды тұрақтандыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/922554
Балалар кітапханасында қарағандылықтардың мерейтойына арналған кітап витринасы безендірілді 23.01.2025
Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасында кітап витриналарының бірі облыстың белгілі мерейтой иелеріне арналды. Онда қала мен өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан адамдар туралы кітаптар ұсынылған.Биыл көрме мемлекет және қоғам қайраткері, Қарағанды облысының тумасы Нығмет Нұрмақовтың 130 жылдығына арналған; Химия және металлургия саласындағы ғалым, жазушы, ақын Евней Бөкетовтың 100 жылдығы; белгілі журналист, публицист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, жазушы және ақын Валерий Могильницкийдің 85 жылдығына; ақын, аудармашы және мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Ақсұңқарұлының 75 жылдығы.Көрме жыл соңына дейін жалғасады және жаңа басылымдардың түсуіне қарай жаңартылады.Жас қарағандылықтарды өңірдегі танымал адамдардың өмірімен және қызметімен танысуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/922571
Балалар суреттері қыс туралы әңгімелейді: Қарағанды бейнелеу өнері мұражайындағы жаңа көрме 23.01.2025
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында "қыс, ол тек АҚ болып көрінеді" көрмесі өтеді. 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар өз жұмыстарын ұсынады.Олардың барлығы әртүрлі жанрлар мен әдістерде жасалған. Олардың авторлары - Қарағанды "Натурим" даму және шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері.Экспозицияда кескіндеме, графика, композиция, мүсін және т. б. жанрында барлығы 400-ден астам жұмыс болады.Көрменің ашылуы-23 қаңтар сағат 15:00. Ол 2 ақпанға дейін созылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/922655