Enbekshi QazaQ

Бизнес

Ермағанбет Бөлекпаев Үлкен Бұқпа өзенінің тазартылуын тексерді 18.01.2025
Қарағандыда Үлкен Бұқпа өзенінің арнасын санациялау жобасын іске асыру жалғасуда. Тазарту жұмыстары аяқталғаннан кейін саябақ көлдері таза сумен толтырылады. Биыл Орталық саябақ аумағында жергілікті тазарту құрылыстары салынуы тиіс.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жобаны одан әрі іске асыру жөнінде кеңес өткізді.Үлкен Бұқпаны санациялау жөніндегі жоба ауыспалы. Ол биыл толығымен аяқталуы тиіс.Үлкен Бұқпаның жалпы ұзындығы – 17 шақырым. Тазарту өзеннің бойымен толық жүргізіледі: Костенко атындағы шахта учаскесінің шекарасындағы басынан бастап Соқыр өзеніне құятын жерге дейін. Балшықтан, қоқыстан және бұталардан тазартудан басқа, түбін тереңдету және кеңейту көзделген.Саябақ аймағында өзен учаскесі шамамен 2,5 шақырымды құрайды. Аймақ басшысына өткен жылы жер асты коллекторын тазартумен айналысқаны баяндалды. Ол қоқыс және лаймен қатты бітеліп қалған. Оның барлығын қолмен шығаруға тура келді. Сонымен қатар, бақылау люктері орнатылды.– Жоба бойынша жергілікті тазарту құрылғылары көктемгі су тасқынында 14 күн жұмыс істеуі тиіс. Осы уақыт ішінде саябақ көліне 168 текше метр таза су құйылады. Бұл көлдегі судың үштен бір бөлігі ғана. Қазір бірінші көлдегі су деңгейі төмендеп, екінші және үшінші көлге түспейді. Егер біз суды қысыммен беретін жергілікті тазарту құрылғыларын жасасақ, онда жазда суды одан әрі беруге болады. Көлдерге келетін таза су көлемі артады. Бұл олардың экологиясын жақсартады, – деп түсіндірді «Гидро құрылыс» ЖШС учаскесінің бастығы Нұралы Қалиев.Облыс әкімі мердігерлер өкілдерімен бірге өзен арнасы тазартылған көлдің Михайловка маңындағы бөлігіне барды.– Бүгін біз Үлкен Бұқпа өзенінің арнасын тазарту жұмыстарын тексердік. Екі жылдан бері осымен белсенді айналысып келеміз. Тұрғындар бұл мәселені көтерген еді. Жергілікті тазарту құрылыстарын орналастыруға арналған жерді қарадық. Бұл саябақ көлдеріне келетін суды тазарту үшін қажет. Саябақтағы көлдердің жағдайын талқыладық. Өткен жылы қоқыстан тазарту жұмыстары басталды, биыл жұмыс жалғасады. Қала әкімдігінде жоспар бар, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/920414
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары Алматыда ЖЭО-2 аумағында тіреуіштерге топырақтың статикалық сынақтарын жалғастыруда 18.01.2025
«Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты» АҚ мамандары Алматыда ЖЭО-2 аумағында топырақтың статикалық сынақтарын жалғастыруда.Аталған сынақтар мамандарға топырақтың физика-механикалық қасиеттерін, оның ішінде көтергіш қабілетін, деформацияларға төзімділігін, сондай-ақ топырақтың отырғыштығы немесе шайылуымен байланысты әлеуетті қауіптерді анықтауға бағытталған.Сонымен қатар, бұл сынақтар жобалық шешімнің дұрыстығын растау және ЖЭО-2 кешенінің ауқымды модернизациясы аясында тіреуіш негіздердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Модернизацияның мақсаты – станцияның экологиялық әсерін азайту және табиғи газбен жылытуға көшу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/919891
Қазақстанда тауар өндірушілерді реттелетін сатып алуларға жіберу жүйесі толықтай ашық болады 18.01.2025
2025 жылы Қазақстанда отандық тауар өндірушілердің Бірыңғай тізілімі (Тізілім) іске қосылады. Жаңа жүйе қолданыстағы СТ-KZ сертификаты мен Индустриялық сертификатты алмастырады. Бұл өзгеріс кәсіпкерлер үшін бюрократиялық кедергілер мен шығындарды азайтып, барлық рәсімдерді жеңілдетіп, заманауи деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.«Реформаның басты мақсаты – қазақстандық тауар өндірушілердің мәртебесін растау үдерістерін барынша ашық және әділ ету, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін жоғарылату», – делінген ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарламасында.Тізілімде республикада өндірілетін тауарлар, оларды өндірушілер, қызмет түрлері, жұмысшылар саны мен өндіріс көлемі туралы толық ақпарат қамтылатын болады. Жаңа жүйе қазақстандық тауар өндірушілердің барлық реттелетін сатып алуларға қатысуына жол ашатын тиімді құрал болмақ, сондай-ақ, бұл тетік мемлекеттік қолдаудың қаржылай және қаржылай емес шараларын ұсынуды жеңілдетіп, барынша қолжетімді етеді.Тізілім қолданыстағы платформаға қарағанда негізгі артықшылықтарға ие.Біріншіден, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде скорингтік жүйені қолдану адами факторды жою арқылы процесті әлдеқайда объективті және ашық етеді.Екіншіден, жеке сараптамадан мемлекеттік сараптамаға көшу негізсіз шешімдер қабылдау тәуекелдерін азайтып, жауапкершілікті нақты бөледі.Үшіншіден, Тізілім шеңберіндегі қызметтер өтеусіз негізде көрсетілетін болады, бұл өндірушілерге мемлекеттік қолдауға қол жеткізуді жеңілдетеді.Жаңа ережелер бойынша тауар өндірушілердің өтініштері оларды тапсырған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады деп жоспарлануда. Өтініш берушіге хабарлама жеке кабинет арқылы жіберіледі. Егер бейнемазмұн жеткіліксіз болса, бару арқылы тексеру шешімі қабылданады. Өтініштерді қараудың ең ұзақ мерзімі – 15 жұмыс күні.Тізілімнің іске қосылуы биылға жоспарланған, бірақ нақты мерзімдер заңның қабылдануына байланысты, қазіргі уақытта заң жобасы Мәжілісте қаралуда.Талқылау кезеңіне мүдделі мемлекеттік органдардың, бизнес және сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері қатысуда. Парламент Мәжілісінің жұмыс топтарының 10-нан астам отырысы, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтар мен кәсіпкерлердің өкілдері қатысқан 30-дан астам кездесу өткізілді.Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қағидалар жобасын жан-жақты талқылауға ашық. Келіп түскен ескертуелер мен ұсыныстар заңнама шеңберінде қаралатын болады.Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы «берік өнеркәсіптік негіз» қалыптастыруды және өңдеуші сектордың дамуын жандандыруды тапсырған болатын. Қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін әзірлеу – Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/920302
Қанат Шарлапаев қала құрылысы саласындағы «Think tank» форматында сарапшылар қауымдастығымен кездесу өткізді 18.01.2025
Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың «Think tank» форматында қала құрылысы саласындағы сарапшылар қауымдастығымен кездесуі өтті.«Алматыгенплан» ҒЗИ» ЖШС бас директоры Асхат Садуов, Almaty Management University Президенті Асылбек Қожахметов, AlmaU ректоры Гүлнара Куренкеева, «Болашақ қалалары» Ғылыми-білім беру орталығының академиялық директоры Сергей Мурунов баяндама жасады.С.Мурунов аумақтық-кеңістіктік жоспарлауды дамытудың және тиімді басқарудың негізгі құралы ретінде айтты. Сонымен қатар, ол орталықтың «Қазақстан үшін жеделдетілген технологиялық әртараптандыру және жаңа индустриялық саясат стратегиясын әзірлеу» ғылыми-зерттеу жобасын таныстырды.А. Садуов қалаларды жоспарлау теориясына тоқталды. Ол қала құрылысы тұжырымдамаларын әзірлеуде әлемдік тәжірибені пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.Г. Куренкееваның баяндамасы жаңа өнеркәсіптік саясат, аумақтар мен өңірлерді дамыту тұжырымдамасы тақырыбына арналды.Кездесу барысында аумақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін қала құрылысының үздік әлемдік тәжірибесін қолдану тәсілдері талқыланды. Сондай-ақ, қала құрылысының басымдықтары, аумақтық және өнеркәсіптік саясатпен үйлесімді аймақтық даму тұжырымдамасы да талқыланды.«Think tank» форматында сарапшылар қауымдастығымен кездесу Қазақстанның тұрақты дамуы мен инфрақұрылымын жаңғыртуға, сондай-ақ құрылыс саласының өзекті мәселелерін шешуге ықпал етудегі маңызды қадам болып табылады.Think tank – қала құрылысы саласын реформалау мақсатында сарапшылардан кері байланыс жинау әдісі. Жаңа біртұтас қала құрылысы саясатын қалыптастыру үшін осындай кездесулер сериясын өткізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/920432
Жетісу облысындағы Лепсі арқылы Балқаш көліне апаратын жаңа жолда көлік қозғалысы туристік маусым басталғанға дейін ашылады 18.01.2025
Жетісу өңіріне іс-сапары барысында көлік министрі Марат Қарабаев Мемлекет басшысының өңірдің туристік әлеуетін дамыту және жол инфрақұрылымын жақсарту тапсырмасы аясында орындалған «Лепсі – Балқаш» жолын қайта жаңарту жұмыстарының қорытындысымен танысты. Бұл жол Балқаш көлінің оңтүстік-шығыс жағалауына апарады және өңірдің жаңа туристік нысандары мен шалғайдағы елді мекендерге жетуге мүмкіндік береді.✅Лепсіден Балқашқа дейінгі жаңартылған жолдың ұзындығы 27 шақырымды құрайды. Қайта құру жұмыстары барысында жолдың ені 6-дан 7 метрге дейін ұлғайды, ал техникалық санаты V-ден III-ге ауысты. Жол былтырғы жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Жұмыстар жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен салынды.Сондай-ақ Марат Қарабаев «Алматы – Өскемен – Лепсы – Ақтоғай» жолын қайта жаңарту жұмыстары барысымен танысты. Жоба шеңберінде 110 шақырым жол жаңартылмақ. Өткен жол құрылысы маусымының қорытындысы бойынша жұмыстардың 87%-ы аяқталды: жолдың 55 шақырымына асфальтбетонның төменгі қабаты төселді, ал 20 шақырымында жабынның төменгі қабаты жайластырылды.Барлық жұмыстар 2025 жылдың үшінші тоқсанының соңына жоспарланған.2024 жылы «Қарағанды – Алматы» күре жолын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Бұл жолдың 300 шақырымы Балқаш көлінің батыс жағалауымен өтеді. Бұл жобаны іске асыру еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлері арасындағы көлік байланысын едәуір нығайтып қана қоймай, батыс жағынан бірегей Балқаш көліне жайлы, әрі қауіпсіз жетуге мүмкіндік береді.Айта кетейік, өткен жылы Жетісу облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асты. «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.Сөз етілген стратегиялық маңызға ие бағыт өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартып қана қоймай, ішкі туризмді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол бастайды. Тасжол танымал туристік орын – Алакөл көліне апарады.Сонымен қатар, көлік министрі Лепсі теміржол станциясына барды. Нысан алдағы уақытта теміржол желісін дамыту аясында жаңартылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/920418
ТҮРКІСТАНДА КЕЗЕКТІ РЕТ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ 18.01.2025
Бүгін «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның ұйымдастыруымен облыс орталығында азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорының жәрмеңкесі өтті. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама шаһарда жиі өткізіліп келеді.Жәрмеңкеде тұрмысқа қажетті 19 түрлі азық-түлік тауарлары нарықтағы құнымен салыстырғанда 30-40 пайызға төмен бағада ұсынылды.Атап айтқанда, тұрғындар ет, картоп, ұн, қант, май, күріш, макарон секілді күнделікті тұтынатын тауарларды арзан бағада сатып алып, жәрмеңкенің игілігін көрді.Сондай-ақ, баға тұрақтылығын сақтау және тиімді сауда-саттық жүргізу бағытындағы жәрмеңкелерді жыл бойы өткізу жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920341
ТҮРКІСТАН: ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ БЕЙІМДЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ 18.01.2025
Түркістан облысында пробация қызметі есебінде тұрған жаза өтеушілерді жұмыспен қамту тұрақты жүргізіліп келеді. 2024 жылдың қорытындысы, биылғы жоспарларды саралау облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Мәжіліске жауапты басқармалар мен құқық қорғау органдары өкілдері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес талдау нәтижелері, анықталған заңбұзушылықтар мен алдын алу шаралары, өзекті мәселелер мен оны шешу жолдары талқыланды.— 2024 жылы облыс прокуратурасы тарапынан пробация қызметінің есебінде тұрған жаза өтеушілерді жұмыспен қамту және заңдылығын тексеру мақсатында мониторинг жүргізді. Талдау мен ұсынымға сәйкес кемшіліктерді жою бойынша атқарылған жұмыстарды баяндадыңыздар. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Қадағалау болмаған. Бекітілген квота мақсатсыз пайдаланылған. Мұндай іс-әрекеттер кейбір аудандарда қайталанып, тіпті фактілер көбейген. Заңсыздықтарға жол берген тұлғаларға тәртіптік шара көрілді. Тек көрсеткіш үшін жұмыс істеуді тоқтатыңыздар. Биыл талапты күшейтеміз. Есепте тұрған азаматтардың әлеуметтік жағдайын қайта зерделеуді тапсырамын. Өйткені олардың арасында әлеуметтік қорғауды талап етпейтіндері де кездесіп жатыр. Сондай-ақ шағын несие мен грант алуға ниеттілердің санаттарын анықтап, тізім жасақталсын. Жүктелген міндетке тиісті құрылымдар, құқық қорғау органдары, аудан және қала әкімдіктері бірлесіп, толық жұмылдырылсын, - деді Бейсенбай Дәулетұлы.Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның мәлімдеуінше, 2024 жылы 4300-ден астам адам пробация қызметі есебіне тіркелген. Оның ішінде 1700-ге жуығы мерзімін өтеуіне байланысты есептен шығарылса, 579-ы басқа өңірлерге қоныс аударған. 2025 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2040 адам есепте тұр. 1549-ы жұмыспен қамтылған. Былтыр 90 жұмыс берушіден 131 квота орны нақтыланып, жоспар толық орындалған. Өңір көлемінде 44 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған 683 адам қатысқан. Басқарма басшысы «2025 жылы жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» ұсыным қайта қаралатынын айтты.Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919619
ТҮРКІСТАН: ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ 18.01.2025
Түркістан облысы дін істері басқармасының жанынан «Ынтымақ-Түркістан» клубы құрылған болатын. Бүгін, осы клуб аясында «Діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры» атты дөңгелек үстел өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, әр түрлі діни конфессиялардың өкілдері мен клуб мүшелері қатысты.–Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда сіздердің орындарыңыз ерекше. Елімізде орныққан дінаралық татулық пен келісім – қазақ халқының дәстүрлі рухани құндылықтарын ұлықтауы мен мемлекеттің дін саласындағы салиқалы саясатының жемісі. Тек мешіт соғамын деген кәсіпкерлер мен меценаттарға басқа да сауапты істердің бар екендігін жеткізгім келеді. Қоғамның, елдің игілігі үшін әлеуметтік нысандар салып, инфрақұрылымды ретке келтірген жөн. Сонымен қоса салт-дәстүрімізді ескере отырып, отбасылардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын және ысырапқа жол бермейтін ас беру мәдениетін қалыптастыру және насихаттау жұмыстарына баса назар аударылса дейміз. Өздеріңізбен бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін, – деді Ертай Кенжебекұлы.Мақсаты – түрлі сенім мен дін ұстанушылары арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту, өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту, қоғамның бірлігі мен татулығын нығайту.Жиын барысында діни конфессия басшылары мен жетекшілері ел тұтастығын сақтау мен өзара ынтымақтастықтың нығаюы жолында атқарар іс-шаралар мен қоғамда орын алып жатқан діни мәселелерді шешу жолдары талқыланды.Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысының аумағында 6 діни конфессияға енетін жалпы 773 діни бірлестіктер жұмыс істейді. Олардың қатарында исламдық емес бағыттағы 30 жергілікті діни бірлестіктер мен оның 5 филиалы бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919622
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 ЖЫЛДА 14 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 18.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырған болатын. Осы бағытта Түркістан облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған бағдарламалар үлкен қолдауға ие болып келеді. Мемлекет тарапынан ұсынылатын тұрғын үй сертификаттары да маңызды рөл атқарады. Осы ретте тұрғындарды үймен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыруға басымдық берілуде.– Тұрғын үймен қамту өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Жалпы, Түркістан облысы құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында 14 161 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде, коммуналдық тұрғын үймен 7 567 отбасы, ал «7-20-25» және «Отбасы банк» бағдарламалары арқылы 6 594 отбасы ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы жерде динамикаға қарайтын болсақ жылына шамамен коммуналдық тұрғын үй қорынан және түрлі ипотекалық бағдарламалар арқылы 2 200-ге жуық пәтер табысталуда. Өткен жылдың өзінде 1 174 коммуналдық тұрғын үймен және 977 ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады, – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.Одан бөлек, мемлекеттік қолдау арқылы азаматтар ипотекалық баспана алу мүмкіндігін жеңілдетіп, алғашқы жарнаны төлеу мәселесін де тиімді шешуге мүмкіндік алады. Тұрғын үй сертификаттары — бұл мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмек. Жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) осы сертификаттардың мөлшерін және оларды алу шарттарын анықтайды. Осылайша, әр өңірдің тұрғындары өз жергілікті бюджетіне сәйкес тұрғын үй сертификаттарын ала алады.Тұрғын үй кезегінің айқын болуы үшін тұрақты түрде түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы 3 818 азамат, ал 2024 жылы 4 599 азамат тұрғын үй кезегінен белгілі бір сәйкессіздіктердің анықталуымен шығарылған. Тұрғын үй кезегі толық электронды форматта жүргізіледі. Сондай-ақ азаматтар үй кезегін «кезекте.кз» порталы арқылы кез келген уақытта көре алады.Мониторинг жұмыстарының барысында көптеген кемшіліктер мен олқылықтар орын алған. Атап айтқанда, субсидия алып жатқан 5 мыңнан астам отбасыдан кемшіліктер анықталып, келісімшарттары қайта қалпына келтіру мүмкіндігінсіз тоқтатылды.Айта кетейік, тұрғын үй кезегі заңға сәйкес жүргізіледі. Азаматтар өз кезегінен тыс пәтер алмайды немесе өзге адамның орнына өтініш бере алмайды. Заң талаптарына сәйкес, әр азамат өз кезегін күтіп, әділ негізде пәтер алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл шаралар тұрғындардың сенімін арттырып, кезектің әділ түрде өтуін қамтамасыз етеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/919969
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ 18.01.2025
Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты түрде жалғасуда. Қабылдауға келген тұрғындардың мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп келеді.Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңір тұрғындарын жеке қабылдап, өтініш-талаптарын тыңдады. Жауапты сала басшыларымен бірге көтерілген әрбір мәселені зерделеп, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды. Онда көтерілген мәселелердің бірі сол мезетте шешімін тапса, бірінің шешілуіне уақыт қажет.Жеке қабылдауға Түркістан, Кентау, Арыс, Шымкент қалаларынан және Созақ, Сайрам, Келес, Сарыағаш аудандарының азаматтары келді. Олар сан түрлі мәселе көтерді. Қабылдау барысында жұмыс сұраған азаматтарға жұмыс ұсынылды, денсаулығына байланысты көмек сұрағандарға тиісті қолдау көрсетілетіні айтылды. Сонымен қатар жер телімін алу, жануарлардың құқығын қорғау, өтемақы алу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру жайы қозғалып, ауыл шаруашылығы саласына байланысты ұсыныстар айтылды.Тұрғындардың өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған аймақ басшысы кез келген көтерілген мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізіп, шешілуі өз бақылауында болатынын айтты.Айта кетейік, облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920074
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «GLOBAL TEXTILE GROUP» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ 18.01.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Global Textile Group» компаниялар тобының жетекшісі Музаффар Разаковпен кездесіп, мақта кластерін дамытуға бағытталған жобаның жүзеге асу барысын талқылады.Өзбекстанның мақта-тоқыма кластерімен айналысатын ірі компанияларының бірі «Global textile» Түркістан облысының Мақтаарал ауданында тоқыма фабрикасы мен логистикалық орталық ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Шетелдік компания 2000-нан астам тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын 5 ірі кәсіпорынды іске қосады. Жоба құны – 21 млрд.теңге.«Global textile Turkistan» жобасы аясында логистикалық орталық, мақта өңдеу зауыты, тоқыма фабрикасы, бояу, иіру цехтары мен тігін фабрикалары іске қосылады. Жылдық қуаттылығы 13,8 мың тоннаны құрайтын мақта өңдеу фабрикасы салынады. Дайын өніммен ішкі нарықты қамтып, Еуропа мемлекеттеріне экспорттау көзделген. Өндірісте Швейцария елінің технологиясы қолданылады.Фабрикаға қажетті инфроқұрылымдармен қамту үшін жол карта әзірленген. Облыс әкімі бірлескен жобалардың жоспарға сәйкес жүзеге асырылатынын, оның барысында әкімшілік тараптан жан-жақты қолдаудың жалғасатынын жеткізді.Компания 2024 жылы «Наманган-77» тұқымдық шитін алып келді. Шаруалар тарапынан 3,2 мың гектар егістік алқабына мақта егіліп, мол өнімге қол жеткізілді. Сонымен қатар мақта дақылын қабылдау үшін жылдық қуаттылығы 10 мың тонна мақта қабылдау бекетінің құрылысын аяқтады.Жергілікті шаруалармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарылуда. Өзбекстаннан арнайы агроном мамандары егу, жинау маусымында диқандармен тәжірибе алмасуда. Жоспарға сәйкес 2027 жылы тоқыма фабрикасы іске қосылады.«Global textile» компаниясы – мақтадан иірілген жіп, мата және киім тігуге дейінгі кластерді толығымен қамтитын өндіріс алыбы. Қазіргі уақытта компанияның Ташкент пен Ферғана облысындағы 15-ке жуық кәсіпорнында барлығы 5 мыңнан астам адам жұмыс істейді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920339
ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ 18.01.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен медицина саласындағы өзекті мәселелер талқыланған мәжіліс өтті. Өңір басшысы денсаулық сақтау саласына жауапты басшыларға халықтың денсаулығын жақсарту, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, сапалы қызмет көрсету жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырма берді.– Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруды тапсырамын. Халық қандай тегін медициналық көмек түрлері бар екенін, қай мезгілде денсаулығын тексертетінін білуі тиіс. Түсіндіру жұмыстарын күшейтіңіздер. Тұрғындарды келісімінсіз медициналық мекемелерге тіркеу мәселесі түбегейлі жойылуы қажет. Жұмысты жандандырыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалдының айтуынша, аталған салада өткен жылдың 10 айының қорытындысымен 27 индикатордың 20-сын толық орындаған Түркістан облысы республика бойынша бірінші орынға көтерілген. Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен облыс тұрғындарының 83 пайызы қамтылған. МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны – 1 708 558.Облыста денсаулық сақтау нысандарын салу бағытында 7 ірі жоба жоспарланған. Сарыағаш, Ордабасы аудандарында перинаталды орталықтар салынады. Түркістандағы 570 орындық көпсалалы аурухананы биыл аяқтау көзделіп отыр.Облыста тозығы жеткен 58 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны бар. Биыл аталған нысандарды зерделеп, маңыздылығына қарап, 25 нысанды дайын ғимаратты сатып алу арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. 2025 жылы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге және жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 8,8 млрд теңге қаржы қарастырылды.Облыстағы мемлекеттік медициналық ұйымдардың медициналық техникамен жарақтандырылуы бүгінгі таңға 85,22% құрады.Басқармаға қарасты медицина ұйымдарында жалпы – 24 564 (дәрігерлер – 5 447, орта медицина қызметкерлері – 19 117), медицина қызметкері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда. облыс көлемінде 282 бейінді дәрігерге тапшылық туындауда. 2024 жылы Түркістан облысына жалпы 331 жас түлек жұмысқа жолданған. Оның ішінде, 147-сі мемлекеттік медициналық ұйымдарға жолданып, 31 түлек жұмысқа қабылданды. 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 43 дәрігер шет елдерде біліктілік арттырған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920342
ТҮРКІСТАН: БЮДЖЕТ ЗАҢНАМАЛАРЫНА ЕНГІЗІЛІП ЖАТҚАН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ӨТТІ 18.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бюджеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігін және ашықтығы мен есептілігін дамыту мақсатында жаңа «Бюджет кодексін» әзірлеу бойынша тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда жаңа «Бюджет кодексінің» жобасы әзірленіп, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының қарауында.Осыған орай, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаевтың тапсырмасына сәйкес, Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұйымдастыруымен бюджет заңнамаларына енгізіліп жатқан өзегерістер бойынша құқықтық оқыту семинары өтті. Семинарға облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары мен жауапты қызметкерлері қатысты.Жиында Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек алдағы жоспарлау кезеңінде бюджет заңнамалары бойынша өзгерістерді жұмыс барысында қолданып, бюджет қаражаттарының дұрыс жұмсалуы мен мақсатты пайдалануын бақылауды күшейтуді тапсырды. Жұмысты аса жауапкершілікпен орындау керек екенін айтып, қызметтік жауапкершілік қатаң қаралатынын ескертті.Семинар барысында Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының қызметкерлері жаңа «Бюджет кодексінің» ерекшеліктері, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, бюджет кірістерін болжау, жергілікті бюджетті жоспарлау кезеңдері, бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары, бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау бойынша жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар қатысушыларға практикалық мысалдар келтіріліп, жаңа жүйенің артықшылықтары түсіндірілді. Стратегиялық және бюджетті жоспарлауды электронды форматқа ауыстыру бойынша ұсыныстар айтылды.Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бюджет саясатын жаңа деңгейге көтеруге, мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ететін маңызды жобаларды қаржыландыруға бағытталған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920344
Қарағандыда «Сарыарқа» АЭА-на дейін жолаушылар автобусы жүретін болады 18.01.2025
Қарағандыда «Сарыарқа» АЭА-на дейін жүретін қоғамдық көлік мәселесі шешілді. Бұл кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысқа баруына ыңғайлы болуы үшін қажет. Қосымша бағыт келесі аптадан бастап іске қосылады.«20 қаңтардан бастап «14 шағын аудан – Сарыарқа АЭА» бағыты бойынша қосымша маршрут қозғалысы басталады. «АЭА 71 бағыты» белгісі бар автобус тек жұмыс күндері ғана 16 рейс орындайды және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы мен Тау Кен Темір аялдамасында аялдайды», – делінген Қарағанды қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарламасында.Жолаушылардан жаңа бағытты «Қарағанды – Көкпекті» бағыты бойынша жүретін № 71 маршрутпен шатастырмауды өтінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919805
«Ауыл аманаты»: Бұқар жырау ауданында ауыл шаруашылығы кооперациясы дамуда 18.01.2025
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруда жаңа тәсілдер енгізілуде. Қайта өңдеу саласында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға баса назар аударылады. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға ықпал ететін болады.Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Ерлан Құсайын биылғы жоспарларымен бөлісті.Оның айтуынша, биыл тоғыз жоба жүзеге асырылады. Аудан әкімі жаңа ӘКК құру жоспарланған салаларды атады. Бұл сүт жинау және өңдеу, мал азығын өндіру, көкөніс сату, мал сою. Сондай-ақ, сәндік көгал шөптерін өсірумен айналысқысы келетіндер де бар.Ерлан Құсайын ауыл кәсіпкерлігін дамытуды қолдау туралы да айтып берді.– Қазіргі уақытта ауданда 3845 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған 8 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын алу мүмкіндіктері едәуір ұлғайды. Өткен жылы ұлттық жоба бойынша 20 жоба жеңілдікті несие және мемлекеттік кепілдік түрінде қолдау алды. Жас кәсіпкерлерге 13 грант берілді, – деді аудан әкімі. – Сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікке назар аударылады. Мысалы, мемлекеттік қолдаудың арқасында Үштөбе ауылындағы «Супер Ботақан» жеке меншік балабақшасында орын саны артты. Бүгінде оған 160 бала барады, ал штатта 21 қызметкер бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919505
Қарағандылық баскетболшылар республикалық жасөспірімдер чемпионатында үшінші орын алды 18.01.2025
2012 жылы туған ойыншылардан баскетболдан Қарағанды облысының құрамасы Қазақстан чемпионатында үшінші орынға ие болды. Бұл нәтиже бір жыл бұрын дәл осы команда турнир кестесінің соңғы қатарында болғанына байланысты одан да маңызды болып көрінеді.Щучинск қаласында 2012 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында баскетболдан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған Қазақстанның түрлі қалаларынан тоғыз команда қатысты. Барлық ойындардың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының құрамасы қола жүлдеге ие болды. Ал қарағандылық Жандос Әубәкіров чемпионаттың үздік ойыншысы атанды.Аймақ құрамасында барлығы 12 ойыншы бар. Оның алтауы Шахтинск қаласының тумалары, екеуі Абайдан және төртеуі қарағандылықтар.- Өткен жылы біз өте жақсы өсуді көрсете алдық. Бұл жаттықтырушылардың да, жастардың да еңбегі. Мен облыстың аға жаттықтырушысы ретінде аймақтың барлық жаттықтырушыларын біріктіріп, әр жас санатына өзінің аға жаттықтырушысы бекітілген жүйені құра алдым. Олар әр ойыншыға жеке көзқарасты анықтайды. Мұндай жүйе жұмысты нәтижелі етеді және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, – деп есептейді Қарағанды облысының баскетболдан аға жаттықтырушысы Дастан Аяпбек.Айта кету керек, өткен жылдың қараша айында 2009 жылы туған жасөспірімдер құрамасы ҚР Чемпионатында үшінші орынға ие болды, ал желтоқсанда 2010 жылы туған спортшылар осы деңгейдегі жарыстарда алтын алды. Бұған дейін қарағандылық жас баскетболшылар сегіз жыл бойы мұндай нәтижеге қол жеткізе алмады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919838
Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы жазылуға болады 18.01.2025
Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихандарға жазылу booking.gov4c.kz сайтынан «ХҚКО» мобильді қосымшасына көшті. Жаңалық ашықтықты, ресімдеудің қолайлылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін енгізілді.Енді емтиханға жазылу үшін Google Play немесе App Store арқылы «ХҚКО» қосымшасын жүктеп алу қажет. Содан кейін екі факторлы аутентификациядан: биометриялық сәйкестендіру және 1414 нөмірінен жіберілген SMS-код арқылы жеке басын растау қажет. Барлық деректер расталғаннан кейін қосымшадағы «Теория бойынша емтиханға жазылу» немесе «Практика бойынша емтиханға жазылу» қосымша бетіне көшу және жазбаны мобильді азаматтар базасында тіркелген белсенді телефон нөміріне жіберілетін SMS арқылы растау қажет.Сервисті пайдаланар алдында бәрібір мамандандырылған ХҚКО-ға жүгініп, емтиханға өтінім беріп, осы өтінімнің нөмірін алу керектігін есте сақтау маңызды.Қосымшаның тағы бір жағымды жағы – емтихан туралы ұмытпайды және пайдаланушыны тапсыру уақыты немесе кестедегі қандай да бір өзгерістер туралы алдын ала хабардар етеді.Сервис арқылы сондай-ақ барлық ХҚКО-на барып, электрондық кезек талонын алуға, өзекті ақпаратпен және қызметтермен танысуға, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығын таңдауға болады."Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919999
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыстың цифрландыру стратегиясымен танысты 17.01.2025
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыс аумағындағы цифрлық трансформация жобаларымен танысты. «Smart Aqmola» КММ-де өткен жиында өңір басшысына түрлі салалардағы цифрлық трансформацияны жүзеге асыруға бағытталған негізгі ақпараттық жүйелердің жұмысы туралы баяндалды.Ақмола облысының Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Мағжан Ержан облыстағы цифрлық технологияларды дамытуға арналған негізгі бастамалар туралы мәлімет ұсынып, цифрландырудың мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім беру сияқты түрлі салаларды қамтып жатқанын атап өтті. Бұл жұмыстар аясында геоақпараттық жүйелер, жасанды интеллект және автоматтандырылған платформалар іске еніп, олар ресурстарды тиімді басқаруға және процестердің ашықтығын арттыруға көмектесуде.«Қазіргі уақытта аграрлық жерлердің геоақпараттық картасы әзірленіп сынақтан өткізілуде. Бұл карта жер учаскелерінің жағдайын және олардың тиімді пайдаланылуын нақты уақытта талдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Жағдайлық орталықтың белсенді сынақтан өтуі жүргізілуде, ол жасанды интеллект технологияларының көмегімен тәуекелдерді болжайды және облысты тиімді басқару үшін өзекті шешімдер ұсынады», — деді басқарма басшысы.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов цифрлық технологияларды енгізу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мен халықтың өмір сапасын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.«Цифрландыру — бұл тек процестерді жаңғырту ғана емес, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға, шешімдер қабылдау процесін жеделдетуге және облыс ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық құрал», — деді ол.Кеңес қорытындысы бойынша цифрлық бастамаларды одан әрі дамыту жөнінде тапсырмалар берілді, сонымен қатар озық шешімдерді енгізудің маңыздылығы атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/920063
6 мыңнан астам ақмолалық отбасы жаңа баспана алды 17.01.2025
Халық үшін басты мәселелердің бірі – тұрғын үйдің қолжетімділігі. Әлеуметтік әл-ауқат тұрғын үй мәселесімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, экономикалық өсудің локомотивіне айналуы мүмкін.Өткен жылы Ақмола облысында тұрғын үй мәселелерін шешуде, жайлылық пен өмір сапасын арттыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. 6 мыңнан астам отбасының баспана мәселесі шешілді.Бюджет қаражаты есебінен 28 көппәтерлі тұрғын үй, 1,5 мыңнан астам пәтер салынды. Оның ішінде 4 үй тұрғын үй алуға жергілікті атқарушы органдар кезегіндегі халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған, 20 үй кредиттік тұрғын үй ретінде, ал тағы 4 көппәтерлі тұрғын үй 2024 жылдың көктемінде су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін салынған.Мемлекет халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде, сондай-ақ тұтынушылық нарықта жеке құрылыс салушылардан облыс халқының әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй сатып алу жолымен жаңа коммерциялық тұрғын үй объектілерін салудың тұрақтылығын қолдау үшін қосымша тәсілдерді енгізді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін облыстың 10 өңірінде 850 пәтер сатып алынды. Пәтерді сатып алудың негізгі драйверлері облыс орталығы мен Қосшы қаласы болды, олар тиісінше 318 пәтер мен 180 пәтер сатып алды, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына 92 пәтер сатып алған Бурабай ауданы болды.Жыл қорытындысы бойынша облыс халқының түрлі әлеуметтік топтарының 2,5 мыңға жуық отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді.Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.2025 жылы өңірде 24 көппәтерлі үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда, бұл тағы 932 отбасының өмір сүру деңгейін жақсартуды қамтамасыз етеді.Сондай – ақ ЖАО кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 251 пәтер сатып алу жоспарланған.Бюджет қаражатын қосымша бөлу арқылы тағы 1000 пәтер сатып алуға болады, бұл бағдарламаның ауқымын едәуір кеңейтеді. Тұрғын үй құрылысы азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешіп, әлеуметтік жағдайларын едәуір жақсартуға ықпал етеді.Қабылданған шаралар көптеген ақмолалықтар үшін өмір сүру сапасын тұрақты етуге көмектеседі.Әрбір жаңа үй -бұл бүкіл аймақ үшін жарқын болашаққа жасалған қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/920264
АНОНС Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі "Ашық НҚА" порталында 17.01.2025
ХабарландыруҚазақстан Республикасының Көлік министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 189 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"бұйрықтың жобасы орналастырылғанын хабарлайды.Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Толығырақ:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15404348 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/920363