Enbekshi QazaQ

Бизнес

Ұлытау облысының тұрғындарының назарына! 20.01.2025
Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу енді тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы мүмкінЕнді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілетін теориялық және тәжірибелік емтиханға тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы ғана жазылуға болады. Бұл жаңашылдық азаматтарға ыңғайы болу үшін және сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «ХҚКО» қосымшасының барлық қолданушысы екі факторлы аутентификациядан өтеді: алдымен – биометриялық идентификация, сосын 1414 нөмірінен келіп түскен SMS-коды арқылы өзінің жеке басын растайды. Одан кейін жүргізуші куәлігіне үміткер «Теориялық емтиханға жазылу» немесе «Тәжірибелік емтиханға жазылу» батырмасын таңдайды. Бұдан соң қызмет алушыға 1414 нөмірінен хабарлама келіп түседі. Айта кету керек, SMS хабарлама Мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөміріне жіберіледі. Қосымша арқылы емтиханға жазылу үшін алдын ала мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтінім нөмірін алу қажет екенін ескертеміз.Бұл сервис емтихан уақыты мен емтихан тапсыру кестесіндегі өзгерістер туралы пайдаланушыларға хабарлап отырады. Бұл ақпаратты ыңғайлы түрде және дер кезінде алу мүмкіндігін едәуір арттырады.Еске салайық, емтиханға жазылу бұрын booking.gov4c.kz сайтында жүзеге асырылатын, алайда «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы қызметті кеңейтілген ауқымда алу үшін сайттағы брондау функциясы өшіріледі. Десек те, сайт пайдаланушыларға емтихан тапсыру сәтінің трансляциясын онлайн режимде көрсету үшін өз жұмысын жалғастыра береді.Аталған қосымша ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электронды кезек үшін талон алуға, қызықтырған халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан мекенжайын табу және өзекті сұрақтармен танысуға мүмкіндік береді.Айта кету керек, «ХҚКО» қосымшасын Google Play және App Store арқылы жазып алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/920779
Аппарат жиыны 20.01.2025
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Кеңесте 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу және «Таза Қазақстан» экологиялық бастаманы орындау туралы мәселелер қаралды.Алғашқы сұрақ бойынша экономика басқармасының басшысы Нұрлан Абдукалимов баяндама жасады. Сондай-ақ облыс әкімі 2024 жылдың қорытындысы бойынша белгіленген көрсеткіштердің төмендеуіне жол берген, жылдық жоспар орындамаған әкімдер мен басқарма басшыларының есебін тыңдады.Сонымен қатар өңір басшысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының кәсіпорындар мен өңір әкімдіктерімен тығыз жұмыс жүргізбейтіндігін алға тартып, сала жұмысын үйлестіру, өңірге инвестиция тарту деңгейін сынға алды.Облыс әкімі мемлекеттік сатып алу ісінде конкурстық жұмыстар мерзімінің ұзаққа созылуы - жобалардың уақытына тікелей кері әсер ететінін айтып, биыл аталған істің қатаң қадағалауында болатынын жеткізді. Бұл ретте бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жылдық жоспарға сәйкес конкурсты уақытылы ұйымдастыруды, жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттырып, оқу семинарлар ұйымдастыруды тапсырды.Аппарат отырысында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков 2024 жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындысына сәйкес жіберілген кемшіліктерге байланысты кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына, Сәтбаев қаласы, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының әкімдеріне, сонымен қатар Жезқазған қаласының әкіміне заңсыз төгілген қоқыстарды жою жұмыстарының тиісті деңгейде атқарылмауы себепті сөгіс жариялады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/921136
Жарқайың ауданында сумен жабдықтау желілері мен тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары аяқталуда 20.01.2025
Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Ердос Рамазанов жұмыс сапарымен Жарқайың ауданына барды. Сапар барысында ол инфрақұрылымды жақсартуға және аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар негізгі жобалардың жүзеге асырылуымен танысты.Сапар аясында Елдос Рамазанов "Молодежный" шағын ауданындағы қайта жаңартылатын тұрғын үйге барды. Ғимаратты қайта құру жұмыстары 2022 жылы басталды. Бүгінгі таңда сыртқы жөндеу жұмыстары және үй-жайларды ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды. Линолеум төсеу, әрлеу және сантехникалық жабдықты орнату жұмыстары жүргізілуде. Үйді жөндеуді аяқтау және пайдалануға беру 2025 жылдың наурызына жоспарланған.Тағы бір маңызды нысан сумен жабдықтау жүйесін қайта құру болды. Қазіргі уақытта заманауи су тазарту станциясы орнатылды, механикалық сығымдау жүргізілді, сумен жабдықтау трассасын сығымдау жалғасуда. Жоба 2025 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде.Елдос Рамазанов Державинск қаласында, сондай-ақ Пригородное және Гастелло ауылдарында көктемгі су тасқынына дайындық бойынша іс-шаралармен танысты. Сапар аясында су тасқыны қаупі бар аумақтарды қарап, дайындық жұмыстарының барысын тексерді.Державинск пен Гастелло ауылында үйінді жер біліктерін нығайту жұмыстары жүргізілді. Пригородное ауылында ұзындығы 500 метр жер білігін нығайту жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар ұзындығы 1300 метр болатын қосымша айналма канал құрылды.Кешенді жоспарға сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі Пригородное және Гастелло ауылдарының маңында Есіл өзенінде су бекеттерін орнатты. Су тасқыны салдарын жоюға дайындықты арттыру үшін жергілікті бюджет есебінен су айдау үшін пайдаланылатын жеңдері бар 5 мотопомпалар сатып алынды.Сапар қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары жауапты құрылымдарға инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қарқынын жеделдетуді және олардың белгіленген мерзімде сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/920494
Зерендіде жаңа спорт мектебінің құрылысы бастау алды 20.01.2025
Бүгінгі күн Ақмола облысының спорт қауымдастығы үшін маңызды оқиғамен есте қалды – Зеренді ауылында жаңа спорт мектебінің құрылысы басталды. Нысанды салу жұмыстары жыл соңында аяқталады деп жоспарлануда.Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің құрылысы – Президент тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан елдегі алғашқы жобалардың бірі. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі Ақмола облысы Зеренді ауылында құны 2,1 млрд теңге болатын спорт кешенін салу бойынша әлеуметтік жобаны іске асыру үшін Арнайы мемлекеттік қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Жаңа балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі Қазақстан Республикасының «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңы аясында салынады.Іс-шараға Ақмола облысының әкімі, өңірдің спорт қауымдастығы, мәслихат депутаттары мен аудан белсенділері қатысты.Жиылған қауым алдында сөз сөйлеген Марат Ахметжанов бұл оқиғаның дені сау әрі белсенді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.«Бұл жоба Мемлекет басшысы алдымызға қойған бұқаралық және балалар спортын дамыту міндеті аясында жүзеге асырылуда. Аталмыш спорт мектебі ауыл мен аудан тұрғындары үшін сүйікті орынға айналып, спорттық және мәдени іс-шаралар, үлкен жеңістер мен рекордтар ордасы болады деп сенемін», – деді облыс басшысы.Жобаға сәйкес аумағы 6 мың шаршы метрден асатын жаңа ғимарат екі блоктан тұрады, онда күрес және бокс залдары, екі жаттығу залы және басқа да бөлмелер болады. Спорт кешенінің құрылысын жергілікті «УК Строй» ЖШС жүзеге асыруда.«Инфрақұрылым мен спорт нысандарының дамып жатқаны спортсүйер жастарды жеңіске ынталандырады. Қазіргі таңда аудандағы спорт мектебінде 806 оқушы жаттығып жүр, ал жаңа мектептің арқасында біздің тәрбиеленушілеріміздің саны 1500 адамға дейін артады», – деп атап өтті спорт мектебінің директоры Қайырбек Тлеубаев.Салтанатты шара 100-ден астам қатысушыны қамтыған шаңғы жарысына ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/921163
Қытайға, Вьетнамға және Египетке жаңа рейстер ашылады 20.01.2025
ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршрут бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет жиілікпен Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет жиілікпен Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет жиілікпен Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады.Көктемгі-жазғы маусымынан бастап "Air Cairo" әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Хургада бағытында рейстер ашуды жоспарлап отыр, сондай-ақ аптасына 1 рейс жиілігімен Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарлануда.Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/920854
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ 20.01.2025
Бір ғасырдан астам тарихы бар облыстық тарихи-өлкетану музейін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев аралап көрді.Облыс әкімінің орынбасарына музейдегі этнографиялық жәдігерлер көрсетіліп, экспозиция залдары таныстырылды.Ертай Кенжебекұлы өңірдің тарихи-мәдени әлеуетін көтеріп, жас ұрпақты тәрбиелеуде мұражайлар мен кітапханалардың, ондағы жәдігерлер және кітап қорын көбейту ісі үлкен маңызға ие екендігін атап өтті. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажеттігін баса айтып, музейге жастарды көптеп тарту керектігін жеткізді.Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі – өлкеміздің мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани – идеологиялық тәрбие беретін мекеме.Облыстық тарихи-өлкетану музейі 1920 жылы құрылған. Биыл музейге 105 жыл толып отыр. Музей 2 қабаттан және Табиғат және археология, Этнография, Қазақстан тарихы және жаңа заман залы, Тәуелсіз Қазақстан атты 4 экспозициялық залдан тұрады.Мәдени ошақтың қоры да құнды, тарихи жәдігерлерге өте бай. Қазіргі таңда жалпы жәдігерлер саны – 83 154. Оның ішінде қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының қылышы және де тағы басқа құнды, тарихи коллекциялық жәдігерлері бар.Бүгінгі таңда облыс аудандарында музейдің 7 филиалы халыққа қызмет көрсетуде. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қаласында С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музейі, Ескі Иқан ауылындағы Міртемір әдеби-мемориалдық музейі, Қарнақ ауылындағы Шәммет Ишан музейі, Түлкібас, Сарыағаш, Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейлері және де Сайрам ауданындағы Ардақты ана музейі бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920628
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАРТОП ЭКСПОРТЫНА ҚОЙЫЛҒАН ШЕКТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ШЕКАРА БЕКЕТТЕРІНДЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ 20.01.2025
Ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында, 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында картопты үшінші елдерге әкетуді 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылданды.Осыған орай, Түркістан облысының барлық кеден бекеттеріндегі карантин инспекторларына және аудандық инспекция қызметкерлеріне картоп экспортына енгізілген шектеулер ескертіліп, бақылау күшейтілді. Сонымен қатар картоп экспортына енгізілген шектеулер жөнінде Мемлекеттік кірістер департаментінің шекара қызметіне және «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның жергілікті бөлімшелеріне хабарланды.Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірде штаб құрылып, шекара аймақтары бақылауға алынды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сарыағаш теміржол станциясында ведоствоаралық мәжіліс өткізіп, штаб міндеттерін белгіледі. «Қазығұрт» кеден бекетінде шекарашылармен кездесіп, қадамдық жоспармен таныстырды.Жалпы өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Тұрақтандыру қорында 4 309 тонна картоп өнімімен форвартық келісімшарт жасалған.19 қаңтардағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорының қоймасында 110 тонна, шаруа қожалықтарының қоймасында 3 541 тонна картоп сақтаулы. Бұл қор 3 айға қажеттілікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ҚР Сауда және интеграция министрлігіне Пәкістан Республикасынан тасымалдауға ерте пісетін картоп өніміне ақпан айынан бастап ар айға 500 тоннадан ( 4 айға 2000 тн) өтінім берілген.Биылғы болжам бойынша өңірімізде ерте пісетін картоп (мамыр, маусым, шілде) 6 844,4 га орналастырылып, одан 186,3 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Бұл өз кезегінде мамыр айынан бастап өңір тұрғындары мен басқа облыс халқын ерте пісетін картоппен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921070
ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ 20.01.2025
Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Ауқымды шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, әкімдік қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.«Түркі елдерінің рухани астанасына айналған Түркістанымыздың гүлденуі қала тұрғындарының біріге еңбек етуіне де тікелей байланысты», деген қала басшысы тазалыққа атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.Тазалық жұмыстарына қатысушылар саябақтар мен алаңдарды, арық-атыздар мен көшелерді қоқыстардан тазартты. Сенбілік белсенділері әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстау қажеттігін жеткізді.Шараға 500-ге жуық түркістандық қатысып, 30-ға жуық техника жұмылдырылды. Қоқыстар арнайы полигондарға жеткізілді.Айта кетейік, облыс аумағында сенбілік жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Биыл бағдарлама аясында 7300-ге жуық тазалық іс-шарасын өткізу жоспарланған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921084
ТҮРКІСТАН: АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА 20.01.2025
Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қатаң бақылауда. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры үйлестіреді.Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында жалпы 3500 тонна картоп, 2500 тонна сәбіз, 1700 тонна қырыққабат және 2200 тонна пияз бар. Ал көкөніс сақтау қоймасында 460 тонна картоп, 150 тонна сәбіз, 100 тонна пияз, 25 тонна қырыққабат, 200 тонна бакалеялық өнімдер, 62 мың дана жұмыртқа сақтаулы. Қоймада картоптың көлемі жеткілікті. Алаңдауға негіз жоқ.Ішкі нарықта картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында базарлар, ірі сауда орындары мен әлеуметтік дүкен сөрелері және жәрмеңкелерде 100 теңгеден ұсынылып келеді.Өңір тұрғындары төменде белгіленген мекенжайларда картопты 100 теңгеден сатып ала алады.36 ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН ТІЗІМІ:Түркістан қаласы бойынша:Отырар м/а, №1/1 (2 дүкен)Отырар м/а, №25Отырар м/а, №13а9-көше, №40/411-көше, №27/211-көше, №25/111-көше, №23/1160-квартал, №151160-квартал, №64160-квартал, №44Әл-Фараби көшесі, №184аАқ Орда көшесі, №46аМұсабекова көшесі, №25аАтатүрік көшесі, №192/1Сырдария м/а, №17/1Алтынбекова көшесі, №2/2С.Ерубаев көшесі, №223Б/4Т.Рысқұлов көшесі, №11Жібек жолы даңғылы, №23аМаңғытай мешітіЕсімхан даңғылы, №17/6Н.Оңдасынов көшесі, №45а1 м/а, №1Б1 м/а, №162 м/а, №13Кентау қаласы бойынша:Ш.Уалиханов көшесі, №178Төле би көшесі, №45Т.Рысқұлов көшесі, №111С.Сейфуллин көшесі, №93аАбай көшесі, №3аӘл-Фараби көшесі, №47Б.Момышұлы көшесі, №79Арыс қаласы бойынша:Ақиық көшесі, №1Майлықожа көшесі, №11Қазыбек би көшесі, №39Базарлар:Қуаныш (Түркістан қаласы)Алтын бұлақ (Түркістан қаласы)Ірі сауда орындары:Дастархан (Түркістан қаласы)Бәйтерек (Түркістан қаласы)Береке (Түркістан қаласы)Сондай-ақ ірі сауда орындарындағы 64 әлеуметтік бұрышта бекітілген төмен бағада сатылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921086
ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ 20.01.2025
Түркістанда Түркістан музыкалық драма театрының жас әртісі Мұзафар Ғалымжанұлының алғашқы спектаклі көрерменге жол тартты. «Жалдамалы пәтер» қойылымының премьерасына жиналған көрермен нәзік сезімге негізделген шығармашылық әлеммен танысты.Қойылымның көтерер тақырыбы да өзекті. Тіршіліктің қамытын киіп, күнделікті күйбеңмен жүрген қаншама жан бәз біреудің босағасында пәтер жалдап күн кешуде. Жалдамалы пәтер жанға сая бола ма? Ал егер ол үйден күтпеген жерден тағдырыңды жолықтырсаң ше? Жұмбақ жағдайда танысқан қыз бен жігіттің арасын өнерге деген құштарлық жақындата ала ма? Махаббат хикаясының әрі қарай қалай өрбитінін театрдан тамашалауға болады.Басты рөлдерде Қадыржан Төреханов, Аяжан Жұмабек, Досымжан Арқабеков, Аида Серикова, Темірлан Еркінғалиев, Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Ұлан Әділбек, Мейіржан Тұрсынов, Ақбала Ыбырайқызы, Болатбек Оспан, Мерей Құдайберген сынды театрдың әртістері ойнайды.Қойылымның композиторы – Ербол Нариманұлы, көркемдік жетекшісі – Мадина Мұратпекова. Авторы әрі режиссері – Мұзафар Ғалымжанұлы.Музыкалық драма мен комедия жанрларын ұштастырған қойылым 19 қаңтар күні де саханаланады. Билеттер тикетон сайтында және театр кассасында сатылады. Байланыс нөмірі: +7 707 145 17 17Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920620
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ 20.01.2025
Ордабасы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және күресу мақсатында арнайы оқу-жаттығу өтті. Іс-шара төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету, тиісті қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бағытында ұйымдастырылды.Жаттығу барысында техникалардың, су сору құрылғылардың (мотопомпа) және жеке құрамның дайындығы, шартты су басу салдарын жою жұмыстары ұйымдастырылып, іс жүзінде көрсетілді.Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғаныс қызметтері мен арнайы техника жұмылдырылып, әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алу пысықталды. Қатысушылар қауіпті жағдайларда адамдарды құтқару, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және эвакуация жұмыстарын үйлестіру бойынша тәжірибе жинақтады.Аудан басшысы Азат Оралбаев төтенше жағдайларға дайындықты күшейту және алдын алу шараларын жетілдіру қажеттігін атап өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді. Мұндай оқу-жаттығулардың тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызы ерекше екенін айтты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921066
ТҮРКІСТАНДА ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ТӘРБИЕШІЛЕРІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ 20.01.2025
1993 жылғы 19 қаңтардан бастап ел Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан армиясының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі командирлердің орынбасарлары институты құрылды.Түркістан облысы қорғаныс істері департаментінің басшылығымен «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылуының 32 жылдығы қарсаңында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараға облыстың жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы, Қарулы күштердің, әскери қақтығыстардың ардагерлері және интернационалист-жауынгерлер, қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері, қаланың «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ әкімдік өкілдері шақырылды. Олар құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі тәрбиешілерге алғыс хаттар, құрмет грамоталарын табыс етті.Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Қүлдербаев атап өткендей, бүгінгі таңда тәрбие және идеологиялық жұмыстардың көптеген бағыттары бар. Олар: ақпараттық-тәрбие, мәдени-демалыс және әскери-патриоттық жұмыстарды қамтиды. Тек осы жұмыстар арқылы әскери және құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ әскери ұжымдарда жоғары моральдық-психологиялық ахуалды сақтау жүзеге асырылады.Салтанатты шара соңында Түркістан қаласының мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921068
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НЕГІЗГІ ИНДИКАТОРЛАР ОРЫНДАЛДЫ 20.01.2025
Түркістан облысында 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды. Алдын ала есеп бойынша ЖӨӨ көлемі 4,9 трлн теңгені, ал қысқа мерзімді экономикалық өсім 111%-ды құрады (РК 106,2%). Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 6%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес, 12 айдың қорытындысымен көлік және қоймалау және ауыл шаруашылығынан басқа көрсеткіштерге толық қол жеткізілді.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде экономикалық өсімді молайту жолдары қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.– Аудан, қала әкімдері және басқарма басшыларына 2025 жылға белгіленген көрсеткіштердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Негізгі индикаторлардың орындалуы тоқсан сайын аппараттық мәжілісте талқыланады. Рейтингте соңғы 3 орында тұрған аудан әкімдерінің тәртіптік жауапкершілігін қарау бойынша ұсыныс енгізілсін. Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өндіріс орындарын ашу бағытында жұмысты жандандырыңыздар. Нақты іске көшу керек, – деген Нұралхан Көшеров көрсеткіші төмен аудан, қала әкімдеріне, жауапты басқарма басшыларына сын-ескертпе айтып, тиісті міндеттер жүктеді.Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, Өнеркәсіп өнім көлемі 1,2 трлн теңгені құрап, өсім 110,1% деңгейінде қалыптасқан. Өңдеу өнеркәсібі өнімі нақты 585,4 млрд теңгені құрап, 13,1%-ға артқан. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 1 трлн, 83 млрд теңгені құрап, өсім 106,9% деңгейінде қалыптасқан. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада көш басында тұр. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеге жетіп, 1,4 есе артығымен орындалды. Құрылыс жұмыстары көлемі 536,2 млрд теңгені құрап, 1,3 есеге артты. Межеге толығымен қол жеткізілген.Облыс әкімінің тапсырмасымен 2025 жылға аудан, қалалардың экономикалық даму өсімін қамтамасыз ету бойынша жоспар әзірленуде. Сонымен қатар берілген тапсырмаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары бойынша рейтингтік бағалау тұрақты жүргізіліп келеді.Апталық мәжілісте өңірде Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы аппарат басшысының орынбасары Әділ Бектұрғановтың баяндамасы тыңдалды. Облыс әкімі тарапынан жауапты басшыларға тиісті міндеттер жүктелді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921081
ТҮРКІСТАН: ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 19.01.2025
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық жөнінде жиын өтті. Оған ұйымдастыру жұмыстарына жауапты сала басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиын барысында «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты өңірлік іс-шаралар жоспары пысықталып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Бейсенбай Дәулетұлы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы биыл кең көлемде аталып өтілетінін жеткізіп, жауапты тұлғаларға ұсыныс хат енгізу жөнінде тапсырма берді. Кеңес Одағының батырларын насихаттайтын, идеологиялық жаңғырту бағытындағы жаңа жобаларды ұсынуды міндеттеді. Қаржыландыру бойынша алдын ала қамдану керек екенін де ескертті. Биыл Ұлы Отан соғысының батырларына құрмет көрсету, олардың ерлігін ұрпақ алдында мәңгілік ету, ел тағдыры, мемлекеттегі тыныштық пен тұрақтылық үшін мақтаныш пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында облыс аумағында 93 іс-шара жоспарланған. Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша Ұлы Отан соғысының 9 ардагері бар. Ардагерлерге мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетіліп келеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920346
Қаскелеңнен Алматыға апарар жол сегіз жолақты болады 19.01.2025
Қаскелеңнен Алматыға апаратын жол 8 жолаққа дейін кеңейтіліп, бес арнайы көлік эстакадасы салынады. Бұл туралы Алматыға жұмыс сапары аясында барған көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Жұмыс Мемлекет басшысының Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізіледі.Құрылыс екі кезеңде жүргізілмек. Бірінші кезең аясында ҮАААЖ-нан (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) Қаскелең өткеліне дейінгі учаске қамтылса, екінші кезеңде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылына бұрылысқа дейінгі учаске қамтылмақ. Жобалау жұмыстары басталды.Аталған шара көлік қатынасын жақсартуға және жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сөз етілген учаскедегі өткізу қабілеті тәулігіне 60 мыңнан 90 мың көліккк дейін ұлғаяды. Жолдың кеңеюі кептелістің төмендеуіне әкеледі деп күтілуде. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар 12 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/920457
Қосшы қаласында 100-ге тарта отбасы қоныс тойын тойлады 18.01.2025
Еліміздің ең жас қалаларының бірі Қосшыда бүгін 93 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Көптен күткен пәтер кілттерін алғандардың қатарында көпбалалы аналар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, жетім балалар, балаларын тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-аналар мен толық емес отбасылар бар.Жаңа пәтерлер Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында сатып алынды. Үйлер Қосшы қаласының келешегі зор аудандарында орналасқан және әлеуметтік нысандар мен қажетті инфрақұрылымға жақын жерде салынған.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындарды құттықтай отырып, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік органдар қызметінің маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға ерекше назар аударады. Облыста жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алып келеді. Соңғы жылдары өңірдің тұрғын үй құрылысына 200 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, шамамен 2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде 12 мыңға жуық ақмолалық отбасының тұрғын үй мәселесі шешілді. Биыл біз барлық санаттағы азаматтарға шамамен 2 мың пәтерді табыстауды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті М. Ахметжанов.«Бүгін біз үйіміздің кілтін алдық. Отбасымыз бұл мүмкіндік үшін ел Президентіне алғысын білдіреді. Үйімізде жөндеу жұмыстары жасалғаны қуантады. Пәтеріміз жарық әрі жайлы – кір де тұра бер», – деді бес баланың анасы Күлшат Токпетова.Айта кетейік, өткен жылдан бастап тұрғын үй мәселесін шешудің тәсілдері өзгертіліп, азаматтарды баспанамен қамтамасыз етудің қосымша шаралары енгізілді. Республикалық бюджеттен әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін 850 пәтер сатып алуға қосымша қаражат бөлінді. Атап айтқанда, Қосшы қаласында 180 жаңа пәтердің кілттері табысталды.Соның нәтижесінде жыл ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде тұрған 2,5 мыңға жуық отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды. Бұл көрсеткішке 1,5 мың пәтердің құрылысы мен облыстың 10 өңірінде 850 пәтерді сатып алу арқылы қол жеткізілді. Жалпы, облыста 661 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл 6,3 мың ақмолалық жаңа әрі жайлы пәтерлерге қоныстанды деген сөз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/920422
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЖҰМЫСЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ 18.01.2025
✔️Спорт, мәдениет, дін істері және жастар саясаты салаларының жай-күйімен танысу үшін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Төлеби ауданына іссапармен арнайы барды. Онда қоғам, мәдениет, дін саласының өкілдерімен кездесіп, осы саладағы түйіткілдер бойынша ұсыныстарына құлақ асып, туындаған сұрақтарына жауап берді.✔️Бірінші кезекте облыс әкімінің орынбасары тиісті басқармалардың мамандарымен бірге Төлеби ауданының музейіне табан тіреді. Ондағы жәдігерлермен танысты. Музейде тарихи-медени құндылықтарды есепке алу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, экскурсия, экспозиция және көрме ұйымдастыру бойынша жұмыс атқарылуда. Жалпы 3 518 экспонат бар.✔️Нысанды аралау барысында музей қызметкерлері мұражайдағы түйіткілді мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.📌Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және спорт бағыты бойынша Леңгір қаласында шахмат, көркем гимнастика және ұлттық билер үйірмесі ашылып, балаларды баулуда. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыспен ашылған ЖК «Садыкова» үйірмесінің жұмысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев балалардың шахмат, гимнастика үйірмесіне қатысып жүргені құптарлық жайт екенін айтып, баланың ойлау жүйесін жан-жақты дамытып, математикалық ойлау қабілетін дамытып, зеректігін арттыратынын жеткізді.📌Облыс әкімінің орынбасары сондай-ақ, дін өкілдерімен кездесуде аудан аумағындағы рухани жұмыстар жөнінде пікір алмасып, ел тұтастығын сақтау мен өзара ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920442
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛЕТІН ШЕТЕЛДІК САЯХАТШЫЛАР САНЫ АРТТЫ 18.01.2025
Түркістан облысында туризм саласына басымдық беріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын аймаққа келетін туристер саны да артып келеді. Өткен жылдың 9 айында орналастыру орындарында 235 мыңнан аса адамға қызмет көрсетілген. Бір күндік келушілер саны 900 мыңға жуықтаса, туризм бойынша 5,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров туризм саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.– Туризм саласын дамыту бойынша нақты жоспар әзірлеңіздер. Осы салаға қатысты индикаторлар толық орындалуы керек. Жұмысты жүйелеңіздер. Спорт, мәдениет басқармаларымен бірлесіп, жұртшылықты қызықтыратын іс-шаралар тізбегін әзірлеңіздер. Туристік инфрақұрылымды жақсарту, жол бойындағы сервистік қызмет сапасын көтеру, оқиғалы іс-шаралар бойынша нақты жұмыс істеңіздер. Түркістан облысына келген саяхатшы өзіне не ұсынылатынын, қайда баруға болатынын білуі тиіс. Ол үшін арнайы турпакеттер әзірленіп, ақпараттық жұмыстар жандануы қажет, – деген Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Оның айтуынша, «e-qonaq» жүйесі арқылы есеп жүргізіліп, өткен жылы өңірге 21 мыңнан астам шетелдік турист келген. Шетелдік қонақтардың басым бөлігі көршілес елдерден келсе, АҚШ, Германия, Франция елдерінен де саяхатшылар бар. 2025 жылы 27 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, мыңнан аса жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Жалпы 26,3 млрд теңге инвестиция тартылады деп жоспарланған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920439
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЗЕРДЕЛЕНДІ 18.01.2025
✔️Түркістан облысындағы аудандар мен ауылдардағы мәдениет, білім, спорт нысындары зерделеніп, жөндеу бойынша жұмыс атқарылады. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, құрылыс жұмыстарын қажет ететін бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, мәселені шешу жолдарын саралады.✔️Алдымен Зағамбар елді мекеніндегі Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектептің жай-күйімен танысты.✔️Мектеп 2000 жылдың басында тұрғындардың асарлатып, күш біріктіруімен бой көтерген. 2018 жылы қосымша ғимарат соғылған. Білім ошағында физика, химия, биология, мультимедия, робототехника STEAM кабинеттері, асхана, спорт залы бар. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін ғимарат бейнебақылау камераларымен қамтылған.📌Облыс әкімінің орынбасары мектепті аралау барысында білім ошағының жай-күйіне баса мән беріп, ұстаздармен тілдесті. Мектепте ақпараттық көрнекіліктерді жаңартып, оқушылардың араласып білім алуы қажеттігін айтып, ұстаздарға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, өз қызметтерін адал атқаруды тапсырды. Жауаптыларға оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуы керек екенін айтты.📌Қазіргі таңда білім ошағының оқу корпусына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажеттігі жөнінде облыстық білім басқармасына ұсыныс берілген. Қаржы бөлініп, құрылыс жүргізілсе, мектептің жиhаздары мен компьютерлерін жаңарту жоспарлануда.📌Облыс әкімінің орынбасары мұнан соң Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің жұмысшы мамандықтарының оқу базасына барып, студент жастармен кездесті. Кездесу барысында студенттерге заман талабына сай өз ісінің кәсіби маманы болуы үшін білім алып, үнемі ізденісте жүріп, уақыт ағымына бейім болу қажеттігін айтты. Пікір алмасты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920440
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» АЯСЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА 18.01.2025
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылды аймақтардың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы тапсырмасына сәйкес, облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі құрылыс нысандарын тұрақты қадағалауды тапсырған болатын. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Көксәйек елді мекеніндегі «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс барысын бақылады.✔️Аталған нысанның құрылысы үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінде мердігер мекеме «Корпорация Алем-құрылыс» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанды жіті қадағалаған облыс әкімінің орынбасары атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкілдеріне сын-ескертпелер айтты. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапалы салынуын, жұрт игілігіне уақытылы тапсыруды міндеттеді. 2023 жылы құрылысы басталған спорт кешенінің қуаттылығы 250 көрерменге арналған. Нысанда кіші баскетбол, волейбол, күрес, тренажер залдары орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы 4267,99 шаршы метр. Аталған спорт кешенінің құрылысы биыл аяқталады деп күтілуде.✔️Біркөлік елді мекеніндегі «Бәйшешек» спорттық суықтыру кешеніне барған облыс әкімінің орынбасары спортшылар тынығатын орын, жаттығу залын аралап көріп, асхананың жағдайына назар аударды. Аталған ғимаратта анықталған кемшіліктерге тоқтала келе, облыстық спорт басқармасының мамандарына оларды ретке келтіруді тапсырып, саланы дамытуға байланысты ұсыныстар беруді ескертті.📌Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары спортты дамыту мақсатында жаңаша бағытта жұмыс істеу керектігін жеткізді.📌Аудандар мен шалғай елді мекендерден жас таланттарды іздеп, спортқа баулуды тапсырды. 1972 жылы негізі қаланған спорттық кешен бір мезгілде 250 баланы қабылдауға қауқарлы. Мұнда күрес, бокс, ауыр атлетика, футбол, волейбол сияқты түрлі спорт түрлерімен айналысуға арналған жабдықталған залдар бар. Дегенмен, ғимараттың жағдайы бүгінде күрделі жөндеуді қажет етеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920441