Бизнес
Қарағандыға қарасты Оңтүстік-Шығыс және Майқұдықта бірқатар аймақтар жақсара түседі 10.01.2025
Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықты абаттандыру схемасы Урбанистика орталығымен бірлесіп әзірленді. Қала әкімі Мейрам Қожухов өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен облыс орталығын дамыту жөніндегі кеңесте алдағы жоспарлар жайлы айтты.– Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықты абаттандыру схемасы Урбанистика орталығымен бірлесіп әзірленді. Осыған байланысты жаяу жүргіншілер жолдары, ретке келтіруді қажет ететін бос орындарды абаттандыру – орындықтар, урналар, шағын архитектуралық нысандар орнату, тротуарлар салу, – деді Мейрам Кожухов.Сонымен қатар, аулалар мен гүлзарларды абаттандыру, сондай-ақ көгалдандыру жалғасады.Абаттандыру жоспарында өзінің тиімділігін көрсеткен "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасына баса назар аударылды. Биыл оны қаржыландыру үш есеге ұлғайтылды, жалпы қала бойынша тұрғындардың өздері ұсынған және таңдаған 65 жобаны іске асыру көзделген.Оңтүстік-Шығыста "Сары-Арқа" гүлзарын абаттандыру жалғасады. Кеншілер даңғылындағы гүлзарды ағымдағы жөндеу жоспарланған.Әлихан Бөкейхан ауданында Күзембаев және Сталелитейная көшесінің гүлзарлары ретке келтірілетін болады.Қала орталығы да назардан тыс қалмайды. Бұқар жырау даңғылындағы жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыруды, К. Станиславский атындағы театр алдындағы алаңды қайта жаңартуды аяқтау қажет.Мейрам Кожухов сонымен қатар субұрқақтағы жаңа музыкалық шамды ауыстыра отырып, каскадты алаңды қайта құру жоспарлары туралы айтты.Жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін "Ақылды бағдаршам" жүйесін енгізу жалғасады. Қала әкімі қажетті құрал-жабдықтар күтіліп, жүйе биыл толық көлемде іске қосылатынын айтты.– Біздің міндетіміз – облыс орталығына демалу және серуендеу үшін көбірек аймақтар қосу. Жол бойындағы, аулалардағы, орталық көшелердегі бос жерлерді де абаттандырыңыздар. Тұрғындардың үміттері зор және біз оларды ақтауға міндеттіміз. Біз бірге қаланы жайлы, заманауи және өмір сүруге ыңғайлы етуге тиіспіз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915392
Ермағанбет Бөлекпаев: "Қала тұрғындар үшін қолайлы болуы тиіс" 10.01.2025
Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды қаласының екі аудан әкіміне қар тазалау бойынша ескерту жасады. Ол қала таза әрі көгалданған болуы үшін "Таза Қазақстан" бастамасын іске асыру бойынша бірқатар ойымен бөлісті.– Өкінішке қарай проблема бар. Әлеуметтік желілерде қар шығару және тазалау бойынша шағымдар шығып жатыр. Мен мұны өзім де көріп отырмын, – деді Ермағанбет Бөлекпаев облыс орталығын дамыту жөніндегі кеңесте.Тәртіп барлық жерде болуы керек: орталықта да, шетте де, деп атап өтті ол. Бұл аудан әкімдерінің жауапкершілік аймағы, тәртіпті үнемі қадағалап отыру қажет екенін өңір басшысы тілге тиек етті.Ол қала басшылығына автомобиль жолдарын, сондай-ақ тротуарларды, гүлзарларды, саябақтарды сапалы тазалау және күтіп ұстау бойынша жұмысты үзбей ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ барлық меншік нысандарындағы ұйымдардың санитарлық нормаларды сақтауын қадағалау үшін полицияға жүгінді.Ермағанбет Бөлекпаев қоқыстарын жинамайтын құрылыс компанияларына назар аударды. Ол Пришахтинскідегі Оқушылар сарайын енгізгеннен кейін қоршаған аумақты ретке келтіріп қана қоймай, көгалдандыруға үлес қосқан мердігерді үлгі ретінде келтірді.Қала әкімі Мейрам Кожухов тұрғын үй салушылардың көгалдандыруға қатысуы туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оларға пәтер саны бойынша үйдің жанына ағаш отырғызып, содан кейін оларға күтім мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұсынылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915461
Жұмысшы мамандықтарының жылы: Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды 10.01.2025
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкіметпен жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітілді, сондай-ақ Министрлікпен кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды.Атап өту керек, еліміздің барлық өңірлерінде жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету, кадрлар даярлаудың сапасын арттыру, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту шаралары қамтылған Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған жоспарлар әзірленді.Бүгінде Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, онда 565 мың студент оқиды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудегі мемлекеттік тапсырыс көлемі 143 мың орынды құрады, ал студенттердің стипендиясы екі есеге өсті.Іс-шаралар жоспарында өңірлік ерекшеліктер ескеріле отырып жасалған Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, халықаралық деңгейдегі сертификатталған мамандарды дайындау, жұмысшы орындарын құру, жұмысшы мамандардың құқықтарын қорғау және мәртебесін көтеру қамтылған. Кәсіпорындармен бірлесіп еліміздің мектептерінде 1000 бейінді сынып ашылады.«Кәсіптік бағдар берудің реформасы оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін мектептердегі кәсіби бағдарлау қызметі күшейтіледі, осы арқылы оқушылар толығымен кәсіби диагностикамен қамтылады. Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізіледі», - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.Мемлекет колледжерді жан басына шаққандағы қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады. Қазіргі уақытта бір студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, келесі оқу жылынан бастап нақты көрсеткіштерге жеткен колледждер үшін ол орташа есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады.«Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық құралдармен жабдықтау және педагогтердің біліктілігін арттыру біз үшін басты басымдық», – деді оқу-ағарту министрі. Дуальды оқыту жүйесін дамыту және кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы негізінде мамандар даярлау үшін бизнес-құрылымдар мен инвесторларды белсенді түрде тарту жоспарлануда.Қазіргі уақытта колледждерге 518 кәсіпорын шефтік қамқорлық көрсетеді, олардың санын 4 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда, кәсіптік стандарттардың, МЖМБС және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Биыл колледждер мен жұмыс берушілер 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын дайындайды, сондай-ақ өндірістік базада 1,5 мың педагогтің тағылымдамадан өтуі жоспарлануда.Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау барысында Қазақстанның 10 колледжі интернационалдандырылады.Шетелдік колледждермен тәжірибе алмасу педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, сондай-ақ студенттердің академиялық ұтқырлық шеңберінде өз білімдерін жетілдіруіне мүмкіндік береді.Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін қолдау және дамыту үшін Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылады.«Орталық студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру және WorldSkills чемпионаттарын өткізу базасына айналады», – деп атап өтті Ғани Бейсембаев. Жұмысшы мамандықтар жылындағы маңызды шаралардың бірі - биылғы жылы Ақтау қаласында түркітілдес елдер арасында Turkiskills – 2025 алғашқы кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/914489
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ 10.01.2025
Облыс орталығында мәдениет үйі мен жаңа медициналық нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығында бой көтеріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыс барысын пысықтады. Мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма жүктеді.– Өңірдегі құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Сапа басты назарда болу керек. Әлеуметтік нысандардың құрылысын бекітілген кестеге сәйкес аяқтап, тапсырыңыздар. Жұмыс барысында кедергілер болмауы тиіс, – деді облыс әкімі.Түркістан қаласында Оңалту орталығы бой көтерді. Нысанның құрылысы 2023 жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Жаңа орталық қажетті жабдықтармен толық қамтылады. Мұнда балаларға арналған ойын алаңы да қарастырылған. Жаңа нысан жақында ел игілігіне берілмек.Бұдан бөлек, облыс орталығында Мәдениет үйі салынуда. Ғимараттың жалпы ауданы – 10 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған.Сонымен қатар облыс әкімі 570 төсек - орындық көпбейінді облыстық аурухана құрылысының барысымен танысты. Заманауи үлгіде салынып жатқан ғимаратта тұрғындардың ем алуына барлық жағдай жасалады. Өңір басшысы Түркістан облысында 2 млн-нан астам адам тұратынын, сондықтан жаңа әлеуметтік нысандарды іске қосу маңызды екенін атап өтті. Жұмыс қарқынын күшейтуді, құрылысқа сапалы материалдарды қолдануды тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/914984
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨНДІРІС ДАМИДЫ 10.01.2025
Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім байқалады. Өткен жылы облыс орталығының жалпы өңірлік өнім көлемі 421,7 млрд теңгені құраған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыстарды жандандыруды, жаңа жобаларды қолға алуды тапсырды.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен дайындалған «Түркістан қаласының Ерекше мәртебесі» туралы Заң жобасы жуырда Парламент Мәжілісінде мақұлданды. Бұл заң киелі Түркістан қаласының одан әрі дамуына оң ықпал етпек. Жұмысты күшейтіңіздер. Тиімді жобаларды қолға алған жөн, – деді Нұралхан Көшеров.Түркістан қаласында өндіріс орындарының саны артып келеді. Бүгінде қаладағы 180 гектар аумақта Арнайы экономикалық аймақ орналасқан. Одан бөлек, 190 гектар жерде Индустриалды аймақ іске қосылған. Бұл аймақта 10,5 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Алдағы уақытта 19 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында бетон бұйымдарын жасау, есіктер шығару, битум өндіру, жұмсақ жиһаздарды жасау, әк өндіру сияқты жобалар бар.Облыс орталығында халықты жұмыспен қамту шаралары да қарқынды жүзеге асырылып келеді. 2024 жылы 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жоспар 116,2 пайызға орындалған.Тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасады. Өткен жылы 961 пәтер пайдалануға берілсе, биыл 944 пәтерді ел игілігіне беру жоспарланып отыр.Түркістан қаласын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/914627
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.01.2025
Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев аудан аумағында әк өндіруге қызығушылық танытып отырған Қытай елінің «Fujian Yonghuan New Material Techology Co. Ltd» компаниясының өкілі Ван Жиангты арнайы қабылдап, келіссөздер жүргізді.Қытай елінен келген кәсіпкер аудан аумағында көп жылдан бері қызмет атқарып келген «ҮМІТ-СД» ЖШС-нің жұмысын жандандыру мақсатында кәсіпорынға инвестиция құйып, жаңа технологияларды енгізу арқылы жылына 150 мың тонна әк өндіруді көздеп отыр. Қазіргі таңда аудандық кәсіпорынның кен орнынан жер сынамасын алып, ондағы әк құрамын анықтау жұмыстарын жүргізуде.Асқар Сұлтанұлы шет елдік инвесторымен сұқбаттасу барысында аймақта туризм және ауыл шаруашылығының әлеуеті жоғары екеніне тоқталып, бұл бағытта қызығушылық танытқан жағдайда мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізді. Сонымен қоса, аудан әкімі жоспарлар іске асқан жағдайда жаңадан ашылатын жұмыс орындарының 95 пайызын аудан тұрғындарынан қабылдау керектігін атап өтті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/914821
ТҮРКІСТАН: ЖАС САПЕРЛЕР КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАДЫ 10.01.2025
Абай гарнизонының инженер-саперлері «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының далалық жаттығу полигонында жауынгерлік дайындық сабақтарын пысықтады. 54770 әскери бөлімі жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес жас сарбаздарға алғаш рет жарылысқа қатысты дайындықты іске асыртып көрді.Аталған шара алдымен тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен қауіпсіздік шараларын жеткізумен басталды. Инженерлер қалашығындағы оқу нүктелерінде жарылыс жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік ережелері, арнайы құралдарды қолдану мен тәсілдері жете түсіндірілді. Сондай-ақ оттық және электр тәсілдерімен жарылыс жұмыстарының барысы мен ерекшеліктері баяндалды.Сарбаздар осы уақытқа дейін алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырып, жару жұмыстарына қызығушылықпен және ыждағаттылықпен қатысты. Солардың бірі – мерзімді әскери қызметін өтеуші қатардағы жауынгер Жасұлан Нүсіпжан. Жас сарбаз жару жұмыстарына тікелей қатысып, өз көзімен көру басқаша әсер қалдыратынын айтты.– Отан алдындағы борышымды атқарып жатқаныма екі айдан астам уақыт болып қалыпты. Бүгін алғаш рет жару жұмыстарына қатыстық. Осыған дейін алған білімімізді іс жүзінде іске асырып көрдік. Барлығы ойдағыдай өтті. Білімімізді шыңдап, барлығын үйретіп жатқан офицерлер мен сержанттар құрамына алғысым шексіз. Алдағы уақытта да жауынгерлік даярлығымызды шыңдап, батылдығымызды баптаймыз, – дейді жас сарбаз Жасұлан Нүсіпжан.Жарылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталды. Айта кетуіміз керек, жас сарбаздардың жауынгерлік даярлығы еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/914822
КЕНТАУ ЖЫЛУ ЭНЕРГО ОРТАЛЫҒЫ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР 10.01.2025
Кентау қаласының №5 Жылу энерго орталығы қайта жаңғыртудан өтіп, қазіргі таңда қаланы толық жылумен қамтып отыр.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласындағы Жылу энерго орталығында болып, жұмысымен танысты. Жауапты тұлғаларға жылудан мәселе туындамау керек екенін ескертіп, жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кентау тұрғындарын және әлеуметтік нысандарды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Кентау қаласы ЖЭО-ның «№7,8,9,10,11,12 қазандықтарын күрделі жөндеу» жобасы әзірленіп, жылу көздерін жаңғыртуға Үкімет резервінен қаражат бөлінді. Жарты ғасырдан астам уақыт жөндеу көрмеген Жылу энерго орталығында қазандықтардың қайта құру жұмыстары қолға алынды.Нақтырақ айтқанда, 6 қазандықтың қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 5 қазандықта қайта құру жұмыстары аяқталды. Ал бір қазандық қайта құрудан соң жақын күндері іске қосылады. Бұдан бөлек, 2 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. №5 қазандық бюджет есебінен, №6 қазандық демеушілер есебінен жөнделді.Сонымен қатар облыс аумағындағы 300 шақырымға жуық жылу желілеріне толық техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жылу желілерінің тозуы 49 пайызды құрады. Кентау қаласындағы 6,6 шақырым магистральды жылу желілері қайта жаңартылды. Одан бөлек, 14,5 шақырым жылу желілерін реконструкциялау бойынша жоба әзірленіп, бюджеттік өтінім министрлікке ұсынылды.Айта кетейік, қаладағы 14 мыңға жуық абонент орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Оның ішінде 108 бюджеттік мекеме, 2 мыңнан астам жеке сектордағы тұрғын үй, 347 көпқабатты тұрғын үй және 441 коммерциялық нысан бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/915251
ТҮРКІСТАНҒА ҚАТЫНАЙТЫН ӘУЕ РЕЙСТЕРІНІҢ САНЫ АРТАДЫ 10.01.2025
Ішкі туризмді дамыту мақсатында Қостанай –Түркістан және Қарағанды – Түркістан бағыттары бойынша Түркістанға екі субсидияланатын әуе рейстері ашылады.QAZAQ AIR әуе компаниясы әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында 4 қаңтардан бастап Қостанай – Түркістан бағыты бойынша және 13 қаңтардан бастап Қарағанды – Түркістан бағыты бойынша Түркістанға екі субсидияланатын әуер ейстерін іске қосты. Сондай-ақ 13 қаңтардан бастап Астанадан Түркістанға әуе сапарларын бастау жоспарланған.Қостанай – ТүркістанРейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және сенбі күндері орындалады:IQ 361 Қостанай (15:00) – Түркістан (17:20)IQ 362 Түркістан (17:50) – Қостанай (20: 00).Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінің құны бір бағытта 31000 теңге.Қарағанды – ТүркістанРейстер аптасына 2 рет орындалады:Дүйсенбі күндері:IQ 441 Түркістан (09:50) – Қарағанды (11:40)IQ 442 Қарағанды (12:20) – Түркістан (14: 00)Сәрсенбі күні:IQ 441 Түркістан (12:10) – Қарағанды (14: 00)IQ 442 Қарағанды (14:40) – Түркістан (16:40).Субсидияланатын әуе рейстерінің құны бір бағытта 20 000 теңге.Астана – ТүркістанРейстер аптасына 2 рет орындалады:Дүйсенбі күндері:IQ 369 Астана (07:05) – Түркістан (09: 05)IQ 370 Түркістан (14:40) – Астана (16:55)Сәрсенбі күні:IQ 369 Астана (09:50) – Түркістан (11:40)IQ 370 Түркістан (17:20) – Астана (19:20).Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінде 14 жасқа дейінгі балаларға әуекомпания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/915441
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс саласында кадрлық әлеуетті дамыту 10.01.2025
39 мыңнан астам адам – бұл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін салалар бойынша кадрларға деген қажеттілік. Бұл деректерді министр Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты.Оның айтуынша, ең үлкен тапшылық құрылыс пен сумен жабдықтауда (17 мыңнан астам маман қажет), сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде (6,8 мың), металлургияда және тау-кен өндірісінде (4,6 мың) байқалады.Аталған мәселені шешу үшін Жаңа мамандықтар атласына 75 жаңа мамандық енгізілді. Мысалы, роботтандырылған тау-кен техникасының операторы, виртуалды прототиптеу жөніндегі маман және «Ақылды үй» жобалаушысы. Бизнес-процестерді автоматтандыру үдерісінде 40-тан астам мамандық түрлендірілді.Биыл индустрияландыру картасының 190 жобасы шеңберінде машина жасауда 8 жаңа мамандық пайда болады: 3D-басып шығару және дәнекерлеу жөніндегі инженер, роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы және басқалары бар. Олар Алматы мен Қостанайдағы негізгі өндірістік жобаларда жұмыс істейтін болады.336 кәсіпті қамтитын сегіз салада жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, 60 кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде.Өнеркәсіп саласында дуальды оқытуды пайдалана отырып, кадр даярлау 284 колледжде жүргізіледі, 700-ден астам кәсіпорын жұмылдырылған. Шарттар мен меморандумдар шеңберінде олар 30-дан астам білім беру бағдарламасын іске асыруда. Жыл сайын 13 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.Геолог мамандығын дәріптеу мақсатында «Жас геолог» қоғамдық қоры құрылды, «Еңбек сіңірген геолог» наградасы ведомстволықтан мемлекеттік мәртебеге қайта ауыстырылды. Құрылыс саласында да жұмыс жүргізілуде.2019 жылдан бастап Отбасы банкі жұмысшыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі корпоративтік бағдарламаны іске асыруда. Соңғы 2 жылда кәсіпорындардың 122 қызметкері пәтер кілтіне ие болды. Ауылдан кадрлардың кетуін азайту үшін өз қызметкерлеріне тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындары субсидияланады. Сонымен қатар 400-ден астам маман «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» және BI University біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Өткен жылы WorldSkills Kazakhstan чемпионатында 108 жеңімпаз еліміздің жетекші компанияларынан жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар алды.Ақпарат https://primeminister.kz/ сайтынан алынғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/914423
Астанада Талғат Бигелдинов атындағы № 1 мектеп-лицей жөнделеді 10.01.2025
«Мемсараптама» РМК Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицей ғимаратын күрделі жөндеу жобасы бойынша оң қорытынды берді.Мектеп Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Желтоқсан 9 көшесінде орналасқан.Жобаның паспортына сәйкес, жалпы ауданы 9325,5 м2 мектеп 2001 жылы салынған. Жұмыс жобасында үй-жайларды қайта жоспарлауды орындау, ғимараттардың сыртқы және ішкі әрлеуін, еден конструкцияларын, есік блоктарын ауыстыру көзделген. Сонымен қатар, шатырды ауыстыру, жаңа автоматты өрт дабылын беру, электрмен жабдықтау, электр жарығы, жылыту, су құбыры және кәріз жүйелерін ауыстыру, сондай-ақ желдету жүйесін қарастыру жоспарлануда.Сонымен қатар, жұмыс жобасы аясында интернет, телефондандыру және цифрлық бақылау және қол жеткізуді басқару жүйелерін орнату қарастырылған.Тапсырыс беруші Астана қаласы әкімдігінің «Талғат Бигелдинов атындағы № 1 мектеп-лицейі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Бас жобалаушы - "КостСтандарт"ЖШС болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/915313
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады 10.01.2025
Ірі теміржол вагондарын шығаратын компаниялар өндіріс көлемімен және берік келісім-шарттарымен локализацияны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Осындай пікірді бүгін елорданың индустриалды аймағында өткен теміржол құрылысын локализациялауды арттыруға арналған форумға қатысушылар білдірді. Сонымен қатар қатысушылар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды дамытудың алдағы жоспарларын көрсететін тиісті Жол картасын әзірлеуді ұсынды.Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев отандық темір жол машина жасау өндірісін оқшаулау деңгейін арттыру мәселелеріне арналған жиында сөз сөйледі. Кездесу Астана қаласының индустриялық аумағындағы «Электровоз құрастыру зауытында» өтті.«Сектор Қазақстандағы машина жасау саласының шамамен 13%-ын құрайды. Өндіріс көлемі жарты триллион теңгеден асады. Салада 8,4 мың адам жұмыс істейтін 59 кәсіпорын бар», – деді Министр.Қанат Шарлапаев 2024 жылы отандық зауыттар Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш болып табылатын 124 локомотив пен 2 155-ке жуық түрлі вагон шығарғанын атап өтті. Соңғы жылдары бизнес теміржол машинасын жаңғыртуға және дамытуға белсенді түрде инвестиция салуда. Ең үлкен қадамдардың бірі вагондар мен оның бөлшектерін шығаратын жаңа зауыттар құру және жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғырту болды.Жалпы, 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жылжымалы құрам өндірісінің көлемі 5,1 есеге, оның ішінде вагондар мен платформалар – 6,5 есеге, жол жөндеуге арналған құралдар – 4,9 есеге, локомотивтер – 12,4 пайызға, цилиндрлік роликті мойынтіректерді өндіру көлемі 49,7%-ға, доңғалақтар мен беріліс – 5,2 есе ұлғайды.Іс-шарада сондай-ақ ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы А.Панбаев, ҚР Көлік министрлігі Темір жол және су көлігі комитетінің төрағасы Ж.Тайжанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директоры Б.Орынбасаров, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқармасы орынбасары Е.Мақанов сөз сөйледі.Одан бөлек, шара барысында «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС (Alstom), «Локомотив құрылыс зауыты» АҚ (Wabtec), «Штадлер Қазақстан» ЖШС, «Қазақстан вагон өндіруші компаниясы» ЖШС және «ЗИКСТО» ЖШС кәсіпорындары қызметтерінің таныстырылымын өткізді. Сондай-ақ «Востокмашзавод» АҚ, Қостанай пружина зауыты және «Qarmet» АҚ өкілдері сөйледі.«14 жыл ішінде біз өндірістік және адамдық әлеуетімізді арттырып келеміз. Бүгінгі таңда бізде 1 200 білікті қызметкер жұмыс істейді, олардың барлық қызметі электровоздың өзінің жоғары сапалы бөлшектері мен тораптарын шығаруға ғана емес, сонымен қатар локомотивтер мен электровоздар талаптарға толық сәйкес келетіндей етіп локомотивтерге қызмет көрсетуге және техникалық қызмет көрсетуге бағытталған», – деді Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жером Бойе.Одан әрі «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ өндірістік жетекшісі Нұрлыбек Ахметов өз сөзінде қазіргі уақытта зауыттың өнім желісінде магистральдық жүк, жолаушылар және т.б. локомотивтер барын атап өтті. Бұдан кейін ол компанияда 800-ге жуық адам жұмыс істейтінін айтты. Сондай-ақ, «Штадлер Қазақстан» ЖШС директоры Владимир Русак компания арбалар, вагон дәнекерлеу, соның ішінде электрлік басқару жүйелерін шығаруды жоспарлап отырғанын баса айтты. Одан бөлек, кәсіпорын тек жергілікті құрамдас жеткізушілермен жұмыс істеу жоспарлануда.Өз кезегінде «Атырау жүк вагондарын жасау зауыты» ЖШС Texol компаниялар тобының негізін қалаушы Шота Абхазов «Ірі теміржол вагондарын шығаратын компаниялардың өндіріс көлемі мен нақты келісім-шарттары локализацияны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өткен.«Қазіргі уақытта біз тек үйінді жүктерді тасымалдауға арналған әмбебап жартылай вагондарды шығарамыз. Модельдер қазіргі уақытта сұранысқа ие. Теміржол көлігінің шамамен 60%-ы осы вагон түрінде жүзеге асырылады. Зауыттың қуаттылығы 3000 жартылай вагонға жетеді», – деді «SMP Group» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Талғат Лесов.«Railways Systems KZ» ЖШС коммерциялық директоры Павел Рудовский қазіргі таңда шығарылып жатқан өнімдермен қоса 2028 жылға қарай енгізілуге жоспарланып отырған қуаттылығы 1 000 000 т.г. құрайтын электрометаллургиялық зауыт құрылысының жобасы туралы айтты. Зауыт дөңгелек және төртбұрышты дайындамаларды, швеллерлерді, қоставрлы арқалық, вагон тірек профильдері және т.б. шығаратын болады.Одан кейін «Пружина» ғылыми-өндірістік компаниясы» ЖШС атқарушы директоры Сергей Усенко компанияның қаңтар айында сериялық өнім шығара бастағанын және локомотивтер мен вагон өндірушілерімен бірлесіп, қазақстандықтарға қажетті өнімді шығаруға дайын екенін атап өтті.Темір жол машина жасау саласын одан әрі дамыту және жаңғырту үшін Министрлік жаңа технологияларды инвестициялау және өндірісті оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл импортқа тәуелділікті азайтады. Жылжымалы құрамның жаңа түрлерін дамыту бойынша да шаралар қабылдануда. Жаңа үлгідегі локомотивтер мен вагондарды, соның ішінде электровоздар мен заманауи энергия тиімділігі мен қауіпсіздік талаптарына жауап беретін экологиялық таза көліктерді шығару жоспарлануда. Экспортты ұлғайту стратегиясы аясында Қазақстанда серіктестікті дамыту арқылы өзінің экспорттық әлеуетті нығайту қажет. Бұл экспорттық жеткізілімдерді кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар отандық кәсіпорындарды халықаралық жеткізу тізбегіне біріктіруге мүмкіндік береді.Қазақстандық вагон зауыттары қалқымалы вагондарға, борттық вагондарға және рефрижераторлық вагондарға, ал 2027 жылдан бастап жабық вагондар мен мұнай цистерналарына деген қажеттілікті өтеуге дайын екенін ескеру қажет. Вагон құрылысы саласын дамыту бойынша ұсыныстарды іске асыру арқылы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері артады, жүк вагондарының отандық паркін жаңарту үшін отандық машина жасау кластерін дамытуға жаңа серпін және жеке меншік иелері-операторлар үшін қолайлы жағдайлар пайда болады.Форум соңында қатысушылар әрбір ірі негізгі кәсіпорынның жоспарын ескере отырып, Темір жол машина жасауда оқшаулауды дамытудың жол картасын әзірлеуді ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/915471
Коянды ауылындағы жаңа жайлы мектеп – өңірдегі ең үлкен білім ордасы 09.01.2025
Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында 2000 орындық жаңа мектеп ашылды. Жаңа білім беру мекемесінің жұмысымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов танысып, оның инфрақұрылымы мен жабдықталуын бағалады. Қазіргі заманғы төрт қабатты ғимаратта 96 оқу кабинеті бар, олар интерактивті тақталармен, мультимедиялық құралдармен және жаратылыстану ғылымдарына арналған зертханалармен жабдықталған. Мектепте төрт спорт залы, акт залы, асхана және оқу залы бар кітапхана қарастырылған. Әр блокта оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделген коворкинг аймақтары, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы орта жасалған.Мектеп аумағында спорт алаңдары, жүгіру жолақтары, футбол алаңы және бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын алаңы салынған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары мен қолжетімділікті бақылау жүйесі орнатылған.Өңір басшысы мұндай білім беру нысандарының құрылысын балалардың білім сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын азайтуға және балалардың білім алуына тең жағдай жасауға бағытталған. Елорданың маңында орналасқан елді мекендерде осындай нысандардың салынуы астанадағы білім беру мекемелерінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді. Білім беру инфрақұрылымын жақсарту – адами капиталды және ел болашағын дамыту жолындағы маңызды қадам», - деп атап өтті М.Ахметжанов.«Ауылымызда жаңа мектеп ашылғанына өте қуаныштымын. Ұлым Райанды осында еш күмәнсіз ауыстырдым. Бұған дейін ол Астанада туыстарымыздың үйінде тұруға мәжбүр еді. Енді отбасымыз барлық мүшелері бірге тұрып жатырмыз, ал ұлым жақсы жағдайларда сапалы білім алуда», – деді Қоянды ауылының тұрғыны Ұлболсын Ибрагимова. Айта кетсек, Ақмола облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жалпы сыйымдылығы 12 200 орын болатын 9 жайлы мектеп салынды. Оның жетеуі Целиноград ауданында, ал екеуі Көкшетау қаласында орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/915343
Қазақстанда көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады 09.01.2025
Еліміздің көлік-логистикалық кешенінің қарқынды дамуын ескере отырып, орта мерзімді перспективада 25 жаңа мамандық қажет болады деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы іс-шаралар жоспары қаралды, деп хабарлады көлік министрі Марат Қарабаев. Атап айтқанда, ол жаңа жобаларды іске асыру кезінде жобаның цифрлық аналогын және 3D-модельдеуді пайдалануды көздейтін BIM технологиясы бойынша автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жобалау көзделгенін хабарлады. Бұл бағытта «ақылды жолдар» бойынша тиісті инженер-жобалаушылар, BIM технологиясында жұмыс тәжірибесі бар прорабтар, құрылыс роботтарының операторы және цифрлық жобалаушы қажет болады. Көлік-логистика саласындағы ірі тораптарды басқару үшін цифрлық логистикалық карталар конструкторы мен операторы керек. Азаматтық авиацияда сыртқы пилоттандырылатын авиациялық жүйелердің пилоттары сұранысқа ие болады. Осыған орай, алдағы уақытта уәкілетті орган мен білім беру мекемелерімен бірге осы мамандықтарды ашу мәселесі қарастырылады. Бүгінгі таңда 9,7 млн жұмыспен қамтылған халықтың 772 мыңы көлік секторында жұмыс істейді, оның басым бөлігі теміржол және автомобиль көлігі, логистика және қоймалау салаларына тиесілі. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/914395
Премьер-министр авиация, теміржол және кеме қатынасында қажетті мамандар даярлауды, сондай-ақ ауылдық жерлерге мамандар тарту жоспарын әзірлеуді тапсырды 09.01.2025
Үкімет отырысында Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын жүзеге асыру аясында көлік саласындағы, атап айтқанда, авиация, теміржол және кеме қатынасы сияқты жоғары технологиялық салалардағы кадр тапшылығы мәселелеріне назар аударылды. Көлік министрлігіне компаниялармен бірлесіп осы салалар үшін мамандар даярлаудың нақты жоспарын әзірлеу тапсырылды. Агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамыту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, ауылдағы мамандарға тартымды жағдай жасау мәселелерін белсенді түрде пысықтап, осы бағытта жаңа бағдарламаларды іске қосуы қажет. Энергетика министрлігі компаниялармен бірлесе жер қойнауын пайдаланушылармен, жұмыс берушілермен, салалық колледждермен өзара тығыз қарым-қатынас жасай отырып, жұмысшы кадрлар даярлау бойынша үлкен жұмыс жүргізу керек. Сонымен қатар кадр даярлау және қайта даярлау процесіне бизнес те белсенді атсалысуы қажет. Елімізде жұмыс беруші есебінен біліктілігін арттыруға баратын қызметкерлер үлесі тек 6%-ды құрайды. Сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 48%-ға жетеді. Осыған байланысты Премьер-министр бизнесті жұмысшы кадрлардың біліктілігін арттыруға, оларды әлеуметтік қолдауға және лайықты еңбек жағдайларын жасауға күш салуға шақырды. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/914406
Өзбекстан Республикасына халықаралық автотасымалдарды жүзеге асыратын қазақстандық тасымалдаушылардың назарына 09.01.2025
Әлеуметтік желіде Өзбекстанның аумағына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылар арнайы алым төлеуі керек екендігі туралы ақпарат шығуда. 2007 жылғы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiміне сәйкес тараптардың тасымалдаушылары алым төлеуден босатылған. Тасымалдаушылар тек ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін ғана төлем жасауға міндетті. Бұдан басқа ешқандай алым төлеудің қажеті жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/914959
Нұра ауданында жаңа сүт-тауар фермасы ашылады 07.01.2025
Фото primeminister.kzНұра ауданы Көбетей ауылында 1100 басқа арналған заманауи тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталды. Сиырлар көктемде жеткізіледі деп күтілуде, содан кейін кәсіпорын жұмысқа кіріседі.Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов YouTube-тегі «Әкімдік қайда қарап отыр» арнасына ауыл шаруашылығындағы жаңа мүмкіндіктер, мал шаруашылығының қанықтығы туралы айтты. облыс өз өнімімен.- Қарағанды облысы өнеркәсіптік. Дегенмен, агроөнеркәсіп кешенін дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады. Жалпы өңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 4%-ды құрайды. 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 14-і облыста өндіріледі, алтауы бойынша ішкі қажеттіліктер толық қамтамасыз етілген. Бұл ұн, картоп, сиыр еті, тауық жұмыртқасы және т.б. Сегізінде жеткізілім ішінара – 4-тен 65%-ға дейін. Біз бес түрін импорттаймыз: тұз, қарақұмық, күріш, күнбағыс майы, қант», - деді Бауыржан Асанов.Оның айтуынша, алға қойылған міндеттердің бірі - ішкі нарықты өз сүтімізбен қанықтыру. Шикізат тапшылығынан сүт зауыттары жартылай қуатта. Жаңа сүт фермаларының ашылуы мәселені шешуге септігін тигізеді.«Ауыл Аманаты» жобасы ауыл шаруашылығы кооперациясына мемлекеттік қолдау көрсетеді, деп атап өтті облыс әкімі. 30 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие алуға болады. Бір жыл ішінде облыста 60-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 163 гектарды құрады. Жайылымдық жер тапшылығы мәселесі шешілуде. Облыста суармалы егіншілік те кеңейіп келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/913056
Қарағанды облысында кокс өндіретін арнайы зауыт жобалық қуатына шықты 07.01.2025
Қарағанды облысында арнайы кокс шығаратын жаңа зауыт өткен жылды сәтті аяқтады. Кәсіпорын жобалық қуатына жетіп, 478 мың тонна өнім өндірді, бұл жоспарланғаннан жоғары.Бұл туралы «Шұбаркөл Көмір» АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметі хабарлады.«Зауытта өндірілетін арнайы кокс айтарлықтай төмендейді. редуценттер импортына тәуелділік және ERG өндіретін отандық феррохромдағы қазақстандық қамту үлесін арттыру», - делінген хабарламада. компаниясы.Кәсіпорынның сәтті іске қосылуы және оның жобалық қуатына жетуі Қазақстан экономикасын әртараптандыру және көміртегі ресурстарын өңдеу саласындағы мақсаттарға қол жеткізу жолындағы кезекті қадам болып табылатыны атап өтілді.Еске салайық. Қарағанды облысында арнайы кокс өндірісі 2023 жылы іске қосылды. Инвестициялар 60 млрд теңгені құрады. Қазіргі уақытта зауытта 180-нен астам адам жұмыс істейді.Компанияның мәліметінше, көмір химиясына негізделген инновацияларды енгізу жалғасады. Қазір мұнда арнайы кокс, белсендірілген көмір, көмір шайыры мен мұнай, сондай-ақ сұйық гуминді тыңайтқыштар шығарылады. Көмір шайыры мен көмір майын өндіру жоспарда бар. Өндіріс үшін шикізат Шұбаркөл кенішінің «D» маркалы көмірі болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/913655
2025 жылғы реформалар мен инновациялар: Денсаулық сақтау министрлігі 07.01.2025
«Бір күндік клиника» жобасы бүкіл елімізде кең ауқымда жүріп жатыр«Бір күндік клиника» жобасы пилоттық режимде жүзеге асырылған өңірлердің тәжірибесі бүкіл Қазақстанға таратылады. Оны іске асыру жүкті әйелдерді пренатальды диагностикалаудың инновациялық әдістерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және денсаулығында туа бітті кінәраты мен хромосомалық патологиясы бар бала туу қаупін дер кезінде анықтауға мүмкіндік берді. Бір күн ішінде «бір терезе» қағидаты бойынша пренатальды диагностика және тексеру нәтижелерін алу қызметтері мен әдістерінің жоғары сапасы жүзеге асырылды. Бүгінге дейін бұл мүмкіндікті 35 мыңнан астам әйел пайдаланған. Сонымен қатар Қазақстанда алғаш рет «Ұрық медицинасы» жобасы іске асырылды. Бұл – отандық денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңа бағыт. Ол аз инвазивті процедуралар арқылы ұрықтың ерте патологиялық жағдайларын емдеуге және түзетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 20 жатырішілік ота жасалды. Аталған жоба 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл республика бойынша жүзеге асырылады.Санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшедіЖаңа жылдан бастап жеке медициналық кітапшалар беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшіріледі. Аталған тетікті енгізу азаматтарға құжатты бірден бірнеше ұйымға ұсынуға мүмкіндік береді, бұл олардың уақыты мен қаражатын үнемдейді. Бүгінде 1,6 млн-ға жуық қазақстандықтың санитарлық кітапшасы бар.Өзгерістер басқа медициналық құжаттардың берілуіне де әсер етті. Сондай-ақ азаматтарға ыңғайлы болу үшін қағаз түрінен электронды форматқа көшіру жоспарланып отыр:- Еңбекке жарамсыздық парағы;- 075/у «Медициналық анықтама»;- 026/у «ДКК қорытындысы»;- 073/у «ТҚ басқаруға рұқсат беру туралы анықтама»;- 069/у «Санаторий-курорттық карта»;- 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты»- 076/у «Қаруға рұқсат алу»;- 038/у «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама». Қазіргі уақытта бұл мақсатқа жету үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар үшінші қолға азаматтардың келісімімен ғана «еDensaulyq» бөлімінде медициналық деректерге қол жеткізу мүмкіндігі бар «eGov mobile» қосымшасы арқылы беріледі.Сонымен қатар жаңа жылдан бастап балаға екпе салуға рұқсат беру немесе бас тарту да электронды түрде тіркеледі. Егер екпе салынған пациент вакцинадан кейінгі асқынуларға шағымданған жағдайда ғана әрекет алгоритмі өзгереді. Медицина тілінде мұны иммунизациядан кейінгі жағымсыз әсерлер деп атайды. Дәрігер дереу көмек көрсетуге, электронды хабарлама ресімдеп, оны мемлекеттік органдарға тапсыруға міндетті болады.primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/913690