Бизнес
Степногорск қаласының Тау-кен техникалық колледжі 30 жылдан астам уақыт бойы жұмысшы кадрларды даярлап келеді 10.01.2025
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Степногорск қаласындағы Тау-кен техникалық колледжіне барды. Аймақ басшысы колледждің зертханаларының жабдықталуымен танысып, оқытушылармен, өндірістік оқу шеберлерімен және студенттермен әңгімелесті.Зертханалардың өндірістік жағдайға жақын жабдықтары «Жас маман» бағдарламасы аясында және әлеуметтік серіктестердің қаржысы есебінен сатып алынған. Мәселен, 2022 жылы «АК Алтыналмас» АҚ студенттерді даярлау үшін зертханалық жабдықтар ұсынған.«Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл нормативтік-құқықтық базаға өзгерістер енгізіп, жұмысшы мамандықтары бойынша мамандарға берілетін жеңілдіктерді кеңейтеді. Колледж түлектеріне жоғары білім алғысы келсе, атаулы гранттар береміз», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.Колледж директоры Елена Тарасованың айтуынша, оқу орнында 10 мамандық бойынша шамамен 500 студент білім алуда. Олардың 40%-ы мақсатты келісімшарттар негізінде кейінгі жұмысқа орналасумен оқиды, ал 146 студент дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алуда.«Біздің мақсатымыз – еңбек еткісі келетін және өз еңбегінің пайдасын түсінетін маман даярлау. Колледж түлектерінің үштен бірі жоғары білім алады, ал 80%-дан астамы еш қиындықсыз жұмыс табады. Бұл оқу орнындағы дайындық деңгейінің жоғары екенін және жұмысшы мамандықтарының сұранысқа ие екенін көрсетеді», – деп атап өтті Елена Тарасова. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/916292
Егістіктерді шегірткеге қарсы өңдеуге арналған техниканың саны 2 есеге артты 10.01.2025
Сонымен қатар жерүсті бүріккіш техникасы мен ҰҰА-ны (дрондар) сатып алу және пайдалану қолжетімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы өндірушілері мен химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді ұсынушыларға сатып алынған техника құнының 25%-ы өтеледі. Бұл үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық субсидиялау ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілді.Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте шегірткеге қарсы күреске дайындық және көктемгі дала жұмыстарына әзірлік барысы туралы мәліметтер талқыланды.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, 2024 жылы химиялық өңдеу үшін 247 бірлік техника пайдаланылған болса, 2025 жылы бұл сан 443-ке дейін ұлғаймақ. Оның ішінде 46 агродрон бар, оларды Ауыл шаруашылығы министрлігі «Фитосанитария» РМК-ның аймақтық бөлімшелеріне сатып алған. Сондай-ақ 7 зерттеу ҰҰА алынған. «Түркістан облысында өткен жылдың көктемінде агродрондар арқылы алқаптарды бүрку және пестицидтерді сатып алу, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қоса қамтитын орталықтандырылған қызметті пилоттық түрде сынақтан өткізу жобасының нәтижелері бойынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі фитосанитариялық шараларды барлық өңірлерде «Бір жеткізуші – барлық жұмыстар» қағидаты бойынша ұйымдастыруды енгізді. Бұл бизнеске аталған қызметтерді сатып алуға қатысуды тартымды етіп, нәтижеге жауапкершілікті арттырады. Бұдан бөлек, біз фермерлер мен химиялық өңдеу қызметтерін жеткізушілерге агродрондар, жерүсті вентиляторлы және штангалы бүріккіштердің құнының 25%-ын өтеу арқылы қолайлы жағдай жасадық», — деді Ермек Кенжеханұлы.Сондай-ақ отырыста аймақтардың көктемгі дала жұмыстарына дайындығы қаралды. 2024 жылғы 29 қарашада басталған ерте қаржыландыру аясында бөлінген 100 млрд теңгенің 70 млрд теңгесі 671 ауыл шаруашылығы өндірушісіне бағытталды. Бұл қаржыны ең белсенді пайдаланғандар – дәнді дақылдар егетін аймақтар: Ақмола (15,4 млрд теңге), Қостанай (14,9 млрд теңге) және Солтүстік Қазақстан облыстары (14,5 млрд теңге). Ал оңтүстік аймақтарда – Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарында, көктемгі егіс жұмыстары ертерек басталатын аймақтарда, өтінімдер сомасы небары 10 млрд теңгені құрайды. Аймақтардың алдын ала мәліметі бойынша, республикада көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы қазіргі таңда шамамен 56%-ды құрайды. 2024 жылғы өнімге арналған тұқымға деген қажеттілік 2,3 млн тонна болса, оның 99%-ы дайындалған.Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин егістік алаңдарының құрылымын қайта қарауды, атап айтқанда, бидай егу алқаптарын қысқартып, майлы дақылдар мен басқа да жоғары тиімділігі бар дақылдарды көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ 2024 жылғы өнімде ең жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық селекцияның элиталық тұқымдарын егу алаңдарын барынша ұлғайту қажеттігін айтты.Келесі сәрсенбіде Серік Жұманғарин көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысымен танысу және экономиканың нақты секторының дамуын талқылау үшін оңтүстік өңірлердің біріне баруды жоспарлап отыр. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылғы 30 желтоқсанда Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Қарағанды облысында болып, ведомствоның жұмысы өңірлердегі жұмыспен кіріктірілетінін мәлімдеген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/915714
Өңірлік саясат жобалық кеңсесінің бірінші отырысы вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өтті 10.01.2025
Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен жобалық кеңсе құрылды. Оның құрамына барлық орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, Парламент депутаттары және сарапшылар кірді.Бірінші отырыс барысында жобалық кеңсе мүшелері өңірлердің әлеуетін ашуға ерекше назар аудара отырып, өңірлік дамудың жаңа тәсілдерін іске асыру жөніндегі шараларды талқылады.«Өңірлердің әлеуетін толық пайдалану қажет, бұл ретте ең үлкен инфрақұрылымдық проблемалары бар өңірлерді қаржыландыруға бағытталуы тиіс. Өңірлерге жобаларды қаржыландыруда, оның ішінде түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге бағытталғандығын ескере отырып, барынша дербестік беру қажет. Сондай-ақ салық түсімдерін асыра орындағаны үшін өңірлерді көтермелеу қажет», — деді Қанат Бозымбаев.Сонымен қатар отырысқа қатысушылар өңірлердің дамуындағы диспропорцияларды болдырмау, жаңа стратегиялық құжаттарды әзірлеу, сондай-ақ жергілікті жерлерде шешім қабылдауда аудан және ауыл әкімдерінің дербестігінің жеткіліксіздігі мәселелері бойынша шараларды талқылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін Amanat партиясының депутаттары мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп «Әкімдер мектебі» жобасын іске қосуды ұсынды.«Жобалар іске асырылатын ауылдарды тиімді іске асыру және сапалы іріктеу үшін облыс әкімдіктері жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі кіші топпен бірлесіп, қажетті инфрақұрылым салу және өнімді өткізуге көмек көрсету жөніндегі нақты жоспарларды әзірлей отырып, әрбір ауылдың мамандануын айқындай отырып, скрининг жүргізуі қажет», — деп тапсырды Қанат Бозымбаев.Вице-премьер жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша тапсырмалар берді.«Мемлекеттік органдар арасында салааралық үйлестіру әлсіз. Бұл тәжірибені жою керек. Өңірлік және салалық саясатты келісілген іске асыруды жүргізу қажет. Бюджеттік бағдарламалар мен инвестициялық жоспарларды орындау синхронды түрде жүзеге асырылуы тиіс», — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.Мемлекеттік органдарға бір ай мерзімде өңірлік саясатты жетілдірудің әзірленген шараларын іске асырудың барлық ұсынылған шаралары бойынша ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге тексеру жүргізу тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/915720
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ 10.01.2025
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу шараларын жалғастыруды тапсырған болатын. Осы бағытта Түлкібас ауданында тиісті жұмыстар жүруде.Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев «Састөбе инновациялық кешені» және «Стандарт пауер» ЖШС өкілдерін қабылдап, жоспарлары мен жобаларымен танысты.Жылына 1 млн тонна цемент, 400 мың тонна әк және басқа да құрылыс пен өнеркәсіп саласына аса қажетті материалдарды өндеуді жоспарлап отырған кәсіпорындар 2026 жылы іске қосылады деп көзделіп отыр. Жалпы құны 299 млрд теңгені құрайтын жобалар толығымен іске асқан жағдайда 1200 адамға жаңа жұмыс орны ашылады.Басқосуда кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаулары жайында сөз қозғалып, құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды.Аудан әкімі кәсіпорындар іске қосылған жағдайда жұмысшының басым бөлігі аудан тұрғындары болуы қажеттігін ескертті. Сонымен бірге Қытай еліне жаңа технологияларды меңгеру мақсатында қысқа мерзімді оқу курстарына баратын 30 маманды сол маңдағы ауыл тұрғындарынан жіберу керектігін атап өтті. Сонымен қатар құрылыс науқаны уақытында мердігер компанияларды ауданға тіркетіп, жергілікті бюджетке салық түсіру, құрылыс кезінде ауыл азаматтарын барынша жұмысқа тарту, Кершетас ауылында балалар ойын және спорт алаңшасын салу және Састөбе кентін жедел-жәрдем автокөлігімен қамту бойынша демеушілік көмек беру мәселесі келісілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/916002
ТҮРКІСТАН: ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 10.01.2025
Марокко шегірткесінің күбіршелеріне күздік зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Түркістан облысында 2025 жылы химиялық өңдеуден 529 мың гектар аумақты өткізу межеленді.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жауапты басқарма басшыларымен жиын өткізіп, жұмыс жоспарын пысықтады. Қазіргі таңда залалданған аумақтар 65 топқа бөлінген. Бұл 9 аудандағы 57 ауыл округті қамтиды.Мәжіліс барысында бөлінген аймақтарға мамандарды бекіту, анықтаушылар тізбесін нақтылап, әдістемелік дайындықтан өткізу, сонымен қатар химиялық өңдеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.– Мемлекеттік тапсырыс аясында атқарылатын жұмыстан бөлек, салалық инспекциялар, болжам орталығы және жергілікті атқарушы органдар күшейтілген жұмыс режиміне дайын болуы керек. Ерте қамданғанның еңбегі далаға кетпейді. Қаңтар айының соңына дейін құжаттардың барлығы заң аясында реттеліп, ақпан айында анықтаушыларды дайындықтан өткізуді бастау қажет. Аудан-қала әкімдіктерімен келісе отырып, анықтаушылар тізімін бекіту ісі толық орындалмаған. Жұмысты уақытылы орындамаған тұлғалардың жауапкершілігі қатаң сұралатынын тағы да ескертемін, – деді Нұрбол Тұрашбеков.Зиянкестермен күрес шараларын 15 күнде аяқтау үшін қосымша 843 маман, 117 автокөлік жұмылдыру көзделуде. Сондай-ақ, химиялық препараттардың тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс барысында басшылыққа алу үшін ғалымдармен пікір алмасу келісілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/916008
«Таза Қазақстан»: Қарағанды орман алқаптарында құс ұялары орнатылуда 10.01.2025
Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Қысқы уақытта орманшылар мен аңшылық шаруашылығының мамандары жабайы жануарларды ғана емес, құстарды да қоректендірумен айналысады. Бағдарлама аясында суық ауа райы басталғаннан бері құстарға арналған шамамен 200 ұя мен жемсалғыш орнатылды. Олар тек орман алқаптарында ғана емес, қалалық аумақтарда да орнатылуда. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының орманшылары жемсалғыштар мен ұяларды қолда бар материалдардан жасайды. Қыс бойы құстарға арналған жемсалғыштарда азықтың жеткілікті болуын қадағалайды.Бүгін Кирзовод зауыты ауданының ағашты алқабында 10-нан астам құс ұясы орнатылды.– Қыста құстар біздің көмегімізге өте мұқтаж, өйткені аязды күндері мен қар қалың болғанда, оларға өздігінен азық табу қиынға соғады. Сондықтан мен облыс тұрғындарын бей-жай қалмауға, мүмкіндігінше жемсалғыштар мен құс ұяларын жасап, оларды қала аумағында орналастыруға шақырамын. Алайда, құстарды азықтандыру кезінде белгілі бір ережелерді сақтау қажет. Құстарды тұзды, қуырылған, бұрышталған тағамдармен, сондай-ақ тоқаштармен, жаңа піскен ақ нанмен, қара нанмен немесе бадаммен қоректендіруге болмайды, – дейді Қарағанды облыстық орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығының аңшысы Александр Москаленко.2024 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысында экологиялық «Таза Қазақстан» акциясының аясында жеті ірі және ауқымды іс-шара ұйымдастырылып, сәтті өткізілді. Оған семинарлар, тренингтер, ақпараттық акциялар, форумдар және мәдени-бағдарламалық іс-шаралар кірді. Бұл іс-шаралар экологиялық сауаттылықты арттыруға, экологиялық мәдениетті дамытуға және азаматтарды қоршаған ортаны жақсарту бойынша белсенді іс-әрекеттерге тартуға бағытталған кең ауқымды мәселелерді қамтыды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915804
Бұрын алған колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын eGov.kz порталында цифрландыруға болады 10.01.2025
eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді. Енді азаматтар тек қате деректерді түзетіп қана қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет тек бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді.«Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді жаңарту (түзету)» мемлекеттік қызметі кеңейтілді. Бұрын бұл қызмет тек қате мәліметтерді түзетуге мүмкіндік берсе, енді білім туралы құжаттарды цифрландыруға өтініш беру мүмкіндігі қосылды.Қызметті пайдалану үшін:- kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» - «Білім» бөлімін таңдау керек;- «Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу қажет;- «Білім туралы құжаттар туралы ақпаратты цифрландыру» қызметін таңдап, білім туралы құжаттың түрін көрсетіп, құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу керек;- қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.Құжаттарды цифрландыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 1980 жылдан 2023 жылға дейін берілген орта білім, техникалық және кәсіби білім беру құжаттары цифрландыруға жатады. Қызметті көрсету уақыты – 5 жұмыс күнін құрайды.Қызмет көрсетуден бас тарту ұсынылған құжаттар немесе деректер қате болған жағдайда мүмкін.«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915737
Енді Қарағандыдан Түркістанға ұшуға болады 10.01.2025
Қазақстанда Түркістанға әуе рейстерінің саны артты. Оның ішінде 13 қаңтардан бастап туристік қалаға Қарағандыдан ұшу мүмкіндігі туды. Субсидияланатын әуе рейсін Qazaq Air отандық лоукостері іске қосты.Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады.Мақсат – әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамытуды ынталандыру.Қарағанды – Түркістан бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет орындалатын болады:дүйсенбі күндері:IQ 441 Түркістан (09:50) - Қарағанды (11:40);IQ 442 Қарағанды (12:20) – Түркістан (14: 00);сәрсенбі сайын:IQ 441 Түркістан (12:10) – Қарағанды (14: 00);IQ 442 Қарағанды (14:40) – Түркістан (16:40).Субсидияланатын авиарейстердің құны бір бағытта 20 мың теңгені құрайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915821
Қарағандылық суретшілер мен дизайнерлерді плакаттар мен постерлер көрмесіне қатысуға шақырады 10.01.2025
Қарағандыда "Наскальный кит" тәуелсіз театры "Есептік нүкте" плакаттар мен постерлер көрмесін ұйымдастырады. Суретшілер мен дизайнерлерге арналған Open call жарияланды. Өтінімдер 20 қаңтарға дейін қабылданады.Қатысу тегін."Жылдың басында біз сіздерге қарапайым, бірақ маңызды сұрақ қойғымыз келеді: қазір өзіңізді қалай сезінесіз? Бұл өзіңізді тыңдау және ішіңіздегі нәрсені білдіру сәті. Біз сіздерді өз күйлеріңізбен, сезімдеріңізбен, тіпті армандарыңызбен және жеке оқиғаларыңызбен бөлісуге шақырамыз. Сіз көптен бері айтқыңыз келген, бірақ ешқашан айтпаған нәрселерді ортаға салуды ұсынамыз. Сіз 2024 жылдың соңында қандай қорытынды жасадыңыз? 2025 жылға қандай қадам жасадыңыз? Қазір сіз үшін шын мәнінде не маңызды екенін айтып берулеріңізді сұраймыз", – деп көрменің бастамашылары әлеуетті қатысушыларға жүгінді.Техника әртүрлі болуы мүмкін: типография, жазу, сурет, коллаж және т. б.Постер, баспа және плакат форматтары: A3 / A2 / A1.10-ға дейін жұмыс ұсынуға болады.Өтінімдер поштаға қабылданады: nonmuseumstp@gmail.com.Міндетті түрде: жұмыстың атауы, сипаттамасы, техникасы, сондай-ақ автордың аты, тегі (немесе бүркеншік аты) көрсетілуі керек, өзі туралы қысқаша ақпарат берілуі тиіс.Барлық қосымша ақпарат: +7-775-942-64-92, +7-701-799-46-50.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915895
"Алтын тұғыр" олимпиадасының Республикалық кезеңінде Қарағанды облысының намысын тоғыз педагог қорғайды 10.01.2025
Қарағандыда мұғалімдерге арналған "Алтын тұғыр" олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Бірінші орын алған тоғыз педагог байқаудың республикалық кезеңінде өңірді таныстыруы тиіс.Облыстық кезеңге барлығы 167 педагог қатысты. Олимпиада "Қысқы мектеп" жобасының бір бөлігі болып табылады, оның аясында мұғалімдер үшін сегіз шеберлік сабағы мен математикалық квиз ұйымдастырылды.Байқаудың өзі үш блоктан тұрды. Біріншісі тест: есепті шешіп, ұсынылған жауаптың дұрыс нұсқасын таңдау керек болды. Екіншісінде жауап нұсқалары жоқ есепті шешу қажет болды. Үшінші, ең қиын блокта есепті шешу және оның шешімінің дұрыстығын дәлелдеу қажет болды.Барлық үш блоктың қорытындысы бойынша тоғыз педагог бірінші орынға ие болып, конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға дайындалуда.– Әрине, біраз толқу бар, – дейді олимпиада жеңімпаздарының бірі - № 19 Теміртау жалпы білім беретін мектебінің қызметкері Татьяна Шостак. – Егер аудандық кезең өте жеңіл, ал облыстық кезең әлдеқайда қиын болғанын ескеретін болсақ, онда республикалық олимпиада өте қиын болады. Бірақ мен дайындықты жалғастырамын. Өткен олимпиадаға дайындық кезінде мен әр жексенбіде онлайн курстардан өтіп, үйде олимпиададағыдай есептерді шештім.Бірінші орындарды иеленгендер: №24 ЖББМ мұғалімі Елена Синицына, Т. Әубәкіров атындағы Теміртау гимназиясынан Жанна Соболева, №18 ЖББМ Дана Омарова, Осакаров ауданы А. Байтұрсынов атындағы ЖББМ Ольга Травнева, "Альтер" ЖББМ Елена Фахрттинова, Қарағанды қаласы №33 ЖББМ Екатерина Немирович, Светлана Белянина – арнайы мектеп- №5 интернат, Айман Талипова – Қарағанды облысының №1 арнайы мектеп-интернаты.Екінші дәрежелі дипломдарды 27 оқытушы алды. Үшінші орынды 29 мұғалім иеленді. 22 педагог Құрмет грамоталарымен марапатталды.Ең көп жүлделі орындар қарағандылық оқытушылар қоржынында – 20. Екінші орында теміртаулықтар - 12 жүлдегер. Саран қаласынан келген мұғалімдер үшінші болды – олардың есебінде 6 жүлделі орын бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915916
Балқашта балалар жасаған ең үздік қар мүсіндері таңдалды 10.01.2025
Өткен және келе жатқан жылдың бейнелері - ұлу мен жылан, ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлері, көңілді қар адамдары, қолтырауын мен аю. Балқашта 14 мектептің оқушылары ең әдемі қар мүсінін жасаудан өзара сайысты. Балалар мүсіндері Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңды безендірді.Қатысушыларға шамамен бір сағат уақыт берілді. Осы уақыт ішінде олар қар мүсінін жасап, оны бояп, безендіруі тиіс болатын.Балалар күректермен қаруланып, өздерімен бірге ашық түсті бояулар алып келді және жақсы көңіл-күймен жұмысқа кірісті. Кішкене күш пен қиялды біріктіріп, ұлпа қарды мүсінге айналдырды.Оқушылардың жұмысын қазылар алқасы бағалады. Олар қатысушы командалардың ең мықты жақтарын атап өтті. Судьялардың шешімімен Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері, № 24 мектеп-интернат, Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицей және Ы. Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары соққан мүсіндер үздік деп танылды.Екінші орында – Әл-Фараби атындағы, Ә. Бөкейхан атындағы, № 9, 5 мектептер және С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия оқушыларынан құралған командалар.Үшінші орында – Б. Момышұлы атындағы, № 3, 4, 1, мектептердің, М. Русаков атындағы мектеп-интернат. Байқау мектеп демалысы кезінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915952
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті 10.01.2025
2025 жылдың 10 қаңтарында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Dena (Deutsche Energie-Agentur) Германия агенттігінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында энергетика саясаты, қала құрылысы және энергия тиімділігі саласындағы негізгі мәселелер талқыланды.Кездесу барысында энергетика мәселелері бойынша пікір алмасу өтіп, қатысушылар осы саладағы перспективалар мен өзекті мәселелерді қарастырды. Ерекше назар энергия тиімділігі саласында жоспарлау мен талдауды жақсартуға арналған интерактивті картаны әзірлеу мен енгізуге аударылды. Сонымен қатар, Германияның заңнамалық тәжірибесі қарастырылып, энергия үнемдеу және тұрақты құрылыс үшін тиімді нормативтік актілерді әзірлеу мәселесі талқыланды. Германиялық сарапшылар декарбонизация мақсаттарын жүзеге асыру стратегиясына қатысты ұсыныстарын білдіріп, Энергетикалық концепцияның мақсаттарына жету үшін бірнеше тәсілдердің бірігуінің маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, тұрақты заңнамалық негіздерді құруға бағытталған сенімді әкімшілік нормаларды әзірлеудің қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінді.Сондай-ақ, 2024 жылғы ғимараттардағы энергия тиімділігі туралы заңға (GEG 2024) назар аударылды, ол жаңа және қолданыстағы ғимараттардың энергетикалық сапасын, соның ішінде олардың жаңғыртылуын реттейді.Бұдан бөлек, энергетикалық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған Felicity II жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктері және жобалық офис құру мәселелері қаралды.Тараптар энергия тиімділігі, тұрақты құрылыс және энергетика саласындағы халықаралық жобалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/916185
Астанадан Қызылордаға күнделікті рейс іске қосылады 10.01.2025
Астанадан Қызылордаға күнделікті рейс іске қосыладыQAZAR AIR әуекомпаниясы 13 қантардан бастап Астанадан Қызылордаға күнделікті тұрақты рейстердікелесі кесте бойынша орындайтын болады:Күнделікті:IQ 425 Астана (17:50) – Қызылорда (19:40)IQ 426 Қызылорда (20:10) – Астана (22:10)Күнделікті тұрақты рейстердің ашылуы Қызылорда облысының сауда-экономикалық, туристік әлеуетін дамытуға, сонымен қатар көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/916255
Қазақстан қоршаған ортаға СО2 шығарындыларын азайту жөніндегі Ұлттық жоспарды қабылдап, Орталық Азиядағы ИКАО бастамасын қолдаған бірінші мемлекет болды 10.01.2025
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын іске асыру, сондай-ақ авиацияның жаһандық климатқа әсерін азайту жөніндегі Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) бастамасын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының авиациялық билік органдары авиация секторындағы көмірқышқыл газының (СО2) шығарыдыларын азайтудың ұлттық жоспарын қабылдады.Ұлттық жоспар климаттың өзгеруімен және тұрақты дамумен байланысты өсіп келе жатқан міндеттерді ескере отырып, авиацияның қоршаған тортаға әсерін айтарлықтай төмендетуге бағытталған.Жоспар шеңберінде энерготиімді технологияларды қолдана отырып, әуежайлардың инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі шараларды қоса алғанда, бірқатар бастамаларды енгізу, сала субъектілерін орнықты авиациялық отынға (SAF) көшіру жөніндегі келісілген шараларды әзірлеу, ИКАО-ның көміртегі шығарындыларын өтеу жөніндегі бағдаламасын қолдау жөніндегі заңнамалық түзетулер көзделген. Жоспардың қабылдануы Қазақстанның климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық келісімдерді сақтау жөніндегі міндеттемесінің бір бөлігі болып табылады.Ұлттық жоспар барлық мүдделі тараптардың, сондай-ақ азаматтық авиация саласы субъектілерінің белсенді қатсуымен жүзеге асырылатын болады.Іс-шараларды түзету және олардың тиімділігін арттыру үшін оны іске асыру нәтижелеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/915744
Нұра ауданында жыл бойы жұмыс істейтін балалар лагері ашылады 10.01.2025
Нұра ауданында биыл жыл бойы жұмыс істейтін балалар лагерін салу жоспарлануда. Оған жер телімі бөлінген.Лагерьде бір уақытта әр түрлі жастағы 300 бала демалады. Олар үшін жылытылатын корпустар мен барлық қажетті инфрақұрылым салынады.– Лагерьді жеке инвестициялар есебінен салу жоспарланған. Бұл астаналық кәсіпкерлер. Олар ауданымызға келіп, біз олармен жобаның егжей-тегжейін талқыладық, құрылыс басталатын орынды анықтадық. Лагерь өзеннен алыс жерде орналасады, өйткені бізде су тасқыны қаупі бар. Мұны ескеру керек. Лагерьде барлық қажетті спорттық және ойын-сауық нысандары болады, – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Салтанат Мұқанова.Лагерьде балалар қол жетімді бағамен жолдамалар арқылы демала алады деп болжануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915672
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі 10.01.2025
Авиациялық жобаларҚазақстанда авиация саласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынады. Қазіргі таңда бұл нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Автомобиль жолдары2030 жылға дейін елімізде көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады. Жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым, оның 3,7 мың шақырымы – І санаттағы жолдар.2025 жылы келесі ауқымды жобалар жүзеге асырылады:Қызылорда – Жезқазған (208 км)Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км)Қарағанды – Жезқазған (572 км)Сарыағаш қаласы айналма жолы (102 км)Қызылорда қаласы айналма жолы (20 км)Қызылорда – Сексеуіл (470 км)Атырау – Доссор (86 км)Рудный қаласы айналма жолы (16,9 км)Жаңаөзен – Кендірлі (156 км)Петропавл қаласы айналма жолы (8 км)Түркістан қаласы айналма жолы (29,6 км)Астана – Қостанай – РФ-мен шекара (830 км)Шымкент қаласы айналма жолы (48 км)Атырау – Орал (орташа жөндеу, 516 км)Атырау – Шапай (136 км)Алматы – Талғар – Бәйдібек би (68 км)Алматы – Үшқоңыр (48 км)Бейнеу – Сексеуіл (736 км)Жайық өзені арқылы өтетін көпір (6,5 км)Бұл жобаларды іске асыруға жалпы көлемі 9 трлн-нан астам теңге инвестиция көзделген. Қазір инвесторлар тарту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.Темір жол және су көлігіТемір жол көлігі саласында да бірқатар ауқымды модернизация жоспарланған. 2025 жылы 225 жаңа вагон сатып алынады.«Достық – Мойынты» жобасы бойынша темір жол құрылысы аяқталады, бұл өткізу қабілетін 5 есеге арттырып, тәулігіне 12–60 пойыз жұбының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар «Алматы айналма жолы» жобасы жүзеге асырылады.Сондай-ақ «Достық – Бескөл» және «Мойынты – Балқаш» учаскелерінде қозғалыс ашу жоспарланған. Бұл шешім көрсетілген учаскелердегі пойыз қозғалысын жақсартуға және жүк тасымалы мәселелерін шешуге көмектеседі.Теңіз көлігі және Ақтау портыТеңіз көлігін дамыту мақсатында Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталды, бұл порттың өткізу қабілетін жылына 240 мың ЖФЭ-ге дейін арттырады. Бұл Қазақстанның халықаралық логистикадағы орнын нығайтып, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтетін Транскаспий бағытындағы контейнерлер тасымалы көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ Қытайдан Еуропаға жеткізілетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағыттауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар портта тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл оның терминалдық қуаты мен контейнерлерді тасымалдаудың тиімділігін арттырады.primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/914929
Қарағанды колледждері мен кәсіпорындары жұмысшы мамандықтарын қолдау және дамыту жөніндегі шараларды қолдайды 10.01.2025
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды. Қарағанды облысында, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кадрлар даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі шараларды қамтитын жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жоспары әзірленді.— Қарағанды облысының колледждері 2024 жылдың соңында дайындықты белсенді түрде бастап кетті. Жұмысшы мамандықтары жылы жоғары білікті жұмысшы кадрларды даярлаумен айналысатын колледж ұжымдарын жандандырып қана қоймай, біздің бүкіл қоғамды жалпы білім беретін мектеп түлектерін жұмысшы мамандықтарын белсенді таңдауға итермелейтініне сенімдімін, — деп атап өтті Қарағанды технологиялар және сервис колледжінің директоры Меруерт Мамирова.Өңірдің колледждерімен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты облыс кәсіпорындары дамытады, тәжірибе мен тағылымдама үшін база ұсынады. Сондай-ақ дуальды оқыту жүріп жатыр: ірі компаниялар кейіннен жұмысқа орналаса отырып, қажетті мамандарды даярлауға қатысады.— Біз бұл бастаманы қолдаймыз. Біздің зауыт Саран қаласында әрі білікті қызметкерлер тапшы аймақта орналасқанын ескере отырып, біз алғашқы қадамды қуана қабылдаймыз. Студенттер бізде тағылымдамадан, практикадан өтуі үшін колледждермен және университеттермен жұмыс істейміз. Қазіргі қызметкерлер тәжірибе жинау үшін біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, — деді Саран қаласындағы «Silk Road Electronics» ЖШС тұрмыстық техника зауыты директорының кеңесшісі Шахадад Әшірбек.— Мамандықтар атласы жасалды. Олардың ішінде ІТ мамандықтары басым, бірақ біз металлургия, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс саласы үшін мамандар даярлау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту үшін біз ерте кәсіптік бағдар береміз. Сондықтан бізде Қарағанды облысының оқушылары арасында чемпионаттар өткізілуде, сондай-ақ балабақшалар арасында Baby Skills жобасы бар, — деді Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің директоры Әсел Сапарова.— Бізге білікті кадрлар, жоғары білікті операторлар өте қажет. Сондықтан біз Үкіметтің 2025 жылы және одан кейінгі жылдары да жұмысшы мамандықтарын даярлауға көбірек көңіл бөлуіне мүдделіміз. Себебі қазір сатып алынатын жабдық автоматтандырылған. Нақты білікті кадрлар қажет, — деп атап өтті Саран қаласындағы «Tengri Tyres» ЖШС шина зауытының директоры Александр Уставщиков.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915295
Қарағандыда ескірген кәріз мәселесі шешімін табатын болады 10.01.2025
Қарағандыда кәріз желілері тозған. 50 жыл бұрын салынған коммуникациялар жаңартуды қажет етеді. Төрт коллекторды қайта құру және жаңа кәріз-сорғы стансасын салу үшін жобалар дайын. Биыл олар іске асырыла бастайды.Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен облыс орталығын дамыту жөніндегі кеңесте өзекті мәселе талқыланды.– Бізде су тарату жүйесіне қатысты проблемалар бар. Нысандардың салынғанына 50 жылдан астам уақыт өтті. Бұл мәселемен тыңғылықты айналысатын кез келді, – деп атап өтті облыс әкімі. – Сондай-ақ, биыл қала тұрғындарын жүз пайыз орталықтандырылған су беру жүйесімен қамтамасыз ету міндеті тұр.Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов бюджет қаражаты есебінен № 19 кәріз коллекторларын және Совхозная көшесін қайта жаңарту жоспарланып отырғанын хабарлады. Тағы екі жобаны – бас коллектор мен КСС-13-тен келетін қысымды коллекторды жаңартуды "Қарағанды Су" ЖШС қаржыландырады. Сонымен қатар, бюджет қаражатына "Панель-Орталық" ықшам ауданында КСС салу жоспарлануда.Қала әкімі сумен жабдықтау жобалары туралы да айтты. №22 су таратқышты қайта жаңарту жалғасады. Жаңа және ескі Тихоновкада су құбыры желілерін, сондай-ақ қаланың 16 жергілікті су құбыры желілерін салу жоспарланған.Тұрақты жылумен жабдықтау мәселесі де өзекті. Облыс орталығында белсенді түрде құрылыс жүргізілуде, жаңа нысандарды жылу энергиясымен қамтамасыз ету қажет. Өткен жылы үшінші жылу шығарғыштың құрылысы аяқталды, сондай-ақ жылумен жабдықтау бойынша бес ауқымды жоба іске асырылды.Жиналыста бұл жұмыс жалғасатыны хабарланды. "Жалғаушы" жылу магистральдарын және ЖЭО-3-тен ОТТБ-1-ге дейінгі 1-ші кезекті қайта жаңарту жоспарлануда. Жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге қаржыландыру ұлғайтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915319
Қарағандыда тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты басталды 10.01.2025
Қарағандыда тоғызқұмалақтан ерлер, әйелдер және ардагерлер арасында облыстық чемпионат басталды. Жарысқа 160 спортшы қатысты.Қатысушылар арасында екі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, он спорт шебері және отыз спорт шеберіне үміткер бар. Қазір бұл ұлттық спорт түрі өте танымал, деп атап өтті Қарағанды облысының тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы Сәуле Қаратай.– Шамамен болжам бойынша, қазіргі уақытта 15 мыңға жуық оқушы тоғызқұмалақ ойынымен айналысады. Ойын мектептерде, аула клубтарында танымал. Сондай-ақ тоғызқұмалақтан түрлі деңгейдегі көптеген жарыстар өтуде. Мысалы, ақпан айында Ақтөбеде тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында классикадан Қазақстан чемпионаты өтеді. Ал сәуір айында Қарағандыда блиц пен рапидтен чемпионат өтеді. Ташкентте Азия чемпионаты, ал Пардубицте (Чехия) әлем чемпионаты өтеді. Сондай-ақ, биыл Қытайда оқушылар арасында чемпионат өтеді, – деді Сәуле Қаратай.Қарағанды облысының чемпионатына 14 жастан 75 жасқа дейінгі спортшылар қатысады. Олардың кейбіреулері әр түрлі жас санаттарында жеңіске жету үшін барлық отьасымен қатысады. Мысалы, 70 жастағы Юлия Фалик жарысқа немересімен келген.– Тоғызқұмалақпен 1980 жылдан бастап ойнаймын. Сол кезде мен тоғызқұмалақтан чемпион Балтабай Қасқырбаев директор болған пионер лагерінде аға тәрбиеші болып жұмыс істедім. Сөйтіп кейін ол тәрбиешілерді, тәлімгерлерді жинап, тоғызқұмалақ ойнауға үйретті. Жалпы, мамандығым бойынша мен еңбек және сызу мұғалімімін, бірақ қазір балалармен тоғызқұмалақтан жаттықтырушы ретінде жұмыс істеймін. Менің үйірмемде 12 бала айналысады, алты студент бар, олар қазір жаттығып жатқан жоқ, бірақ жарысқа келеді. Мен немерелерімді де жаттықтырамын. Үлкен немерем ересек, үйленген. Бірақ кенжем қазір осында, жарысуда, – дейді спортшы.Облыстық жарыстың қорытындысы 14 қаңтарда жарияланады.Айта кетейік, бұл чемпионат – "Қайрат" ұлттық спорт түрлері бойынша мектептің спорт кешенінде жөндеуден кейін өтетін алғашқы ірі іс-шара. Ғимарат өткен жылы ретке келтірілді: сыртынан оқшауланған және қапталған, спорт залы, душ кабиналары жөнделген және жылу жүйесі жаңартылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915338
Қарағандыдағы балалар темір жолының бойында алма бағы пайда болады 10.01.2025
Қарағандыда көпшіліктің жақсы көретін саябақ аттракционы – балалар теміржолы жаңартылмақ. Бұл жоспар туралы қала әкімі Мейрам Қожухов өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен облыс орталығын дамыту жөніндегі кеңесте айтып берді.– Сіздің тапсырмаңыз бойынша маршрутты кеңейте отырып және хайуанаттар бағы ауданында қосымша аялдама пунктін ұйымдастыра отырып, балалар темір жолын жаңғыртуға, кондиционерлермен және оқшаулаумен жабдықталған вагондарды жаңартуға бюджеттен шығыстар көзделген. Сондай-ақ, теміржол бойында бес мыңға жуық алма ағашы отырғызылады, – деді Мейрам Кожухов.Оның айтуынша, арнайы тапсырыс бойынша жаңа вагондар шығаратын кәсіпорын табылды.Ермағанбет Бөлекпаев маршрутты хайуанаттар бағына дейін ұзарту қажеттігі туралы көптен айтылғанын еске салды.Сондай-ақ, Орталық мәдениет және демалыс саябағының дамуына жалпы тоқталды. Облыс әкімі ескірген аттракциондар мен олардың қауіпсіздігі мәселесін көтерді. Ол саябақ аумағында жұмыс істейтін бизнестің жоғары бағасына да назар аударды. Мұны кәсіпкерлермен бірлесіп шешу керек, деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915356