Enbekshi QazaQ

Бизнес

Қарағандылық мектеп оқушылары тіл білімі бойынша республикалық олимпиадада қола жүлдегер атанды 24.12.2024
Тіл білімі бойынша олимпиаданың үшінші, республикалық кезеңі аяқталды. Қарағандылық екі оқушы үшінші орын алды.8-11 сынып оқушылары тіл білімі бойынша республикалық олимпиадаға қатысты. Интеллектуалдық тартыстың соңғы кезеңінде оларға үш тілдік мәселені шешуге тура келді. Оның бірі моңғол тіліне, екіншісі неміс тіліне, үшіншісі толығымен математикаға қатысты болды.№1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының он бірінші сынып оқушысы Санжар Қалиақпар мен 10 сынып оқушысы Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты Абдулла Сағынтай үшінші орын алды.- Бұл олимпиадаға қатысу өте қызықты болды. Осы мәселелерді шешу, оларды ой елегінен өткізу, шешу – өзімді әлдебір детектив сияқты сезіндім», – дейді Санжар Қалиақпар. Жоғары сынып оқушысы өз өмірін лингвистикамен байланыстыруды жоспарламайтынын айтады: ол физика немесе бағдарламалауды оқығысы келеді. Дегенмен, ол өз күшін сынау үшін лингвистика пәнінен олимпиадаға өзі қатысуға шешім қабылдады.- Бірінші орын алмасам да, бұл олимпиададан үмітім ақталды. Бұл тәжірибе мен үшін өте құнды», – дейді Санжар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/907588
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 24.12.2024
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы сәуір айынан бастап республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Іс-шара еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Акция еліміздің барлық өңірін қамтып, тұрақты экологиялық болашақ негізін қалады.Осы жылдың наурыз-қараша айлары аралығында ұйымдастырылған акция 5,83 млн-нан астам адамның басын біріктірді, бұл – ел халқының едәуір бөлігін құрайды. Іс-шаралар аясында жаппай сенбіліктер өткізілді, олардың барысында 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жиналып, 1,6 млн-нан астам ағаш отырғызылды. Мемлекеттік құрылымдар деңгейінде де, еріктілер мен жеке ұйымдарды қоса алғанда, жұртшылық арасында да белсенді түрде жұмыс жүргізілді. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерімен және ауаның ластануымен күрес «Таза Қазақстан» акциясы аясында заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау бойынша рейдтер жүргізілді. Аумақтық экология департаменттерімен және жергілікті билік органдарымен бірлесіп көптеген қоқыс орны жойылды. «Таза ауа» рейдтері барысында 482 автокөлік тексеріліп, экологиялық стандарттарды бұзудың 105 фактісі анықталды. 96 жүргізушіге айыппұл мен ескерту түріндегі әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды. Бұл шаралар экологиялық нормаларды сақтаудың маңызды екенін көрсетеді, жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттырды. Экологияны цифрлық қолдау Жобаның ерекше жетістігі – азаматтарға экология саласындағы проблемалар туралы хабарлауға және оларды шешуге қатысуға мүмкіндік беретін @TazaQazBot цифрлық платформасының құрылуы болды.Осылайша, бір жыл ішінде чат-бот арқылы 7 929 өтінім келіп түсті. Олардың ішінде 7 061 өтінім орындалды, 168-і орындалу сатысында, 23-і өңделуде және 674 өтінім жойылды. Олардың арасында ең жиі келіп түскен өтінімдер: аумақтарды тазалау – 2 142 өтінім, тұрмыстық қоқысты шығару – 668 өтінім, көшелерді абаттандыру – 648 өтінім, жолдарды жөндеу бойынша – 595 өтінім. Өңірлер арасында Алматы көш бастап тұр – 2 014 өтінім. Одан кейінгі орында Астана тұр – 1 587 өтінім. Үшінші орында Қарағанды облысы – 757 өтінім. Чат-бот экологиялық мәселелерді жедел шешуге ықпал ете отырып, азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогтың тиімді құралына айналды. Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы Қол жеткізілген нәтижелерді нығайту және экологиялық сананы ұзақмерзімді перспективада қалыптастыру мақсатында «Халықтың экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді. Бұл құжат экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды. Тұжырымдаманың басымдықтарының бірі – жастарды экологиялық жобаларға тарту болды. Жыл бойы лекциялар, эко-сағаттар және экологиялық зертханаларға экскурсиялар ұйымдастырылды. Осылайша, биыл 90 мыңнан астам ерікті азамат абаттандыру және көгалдандыру акцияларына қатысты. Халықтың экологиялық сауатын арттыру мақсатында қалдықтарды қайта өңдеу, ластану деңгейіне мониторинг жүргізу тақырыптарын жария ету, абаттандыру және эковолонтерлікті дамыту жөнінде конкурстар өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Тұжырымдаманың негізгі бағыты – азаматтардың белсенді қатысуына жағдай жасау. Өз тиімділігін дәлелдеген @TazaQazBot секілді цифрлы платформаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Одан бөлек, экологиялық нормалардың сақталуына және экологиялық стандарттардың енгізілуіне бақылау күшейтілуде. Сонымен қатар келесі жылы тұрақты экологиялық басқару жүйесін құру үшін тұрақтандыру қорларының жұмысын күшейту көзделген. Аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша ауқымды республикалық акциялар өткізу жоспарланған. Бұған қоса, шығарындылар көлемін азайту және экологиялық стандарттарды бақылау үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтіледі. Цифрлы технологиялар мен медиа ресурстарды қоса алғанда, халыққа экологиялық білім беру бағдарламаларын дамыту көзделген. «Таза Қазақстан» бастамасы аумақтарды тазалаудан әлдеқайда ауқымды міндеттерді қамтиды. Бұл – азаматтардың, бизнестің, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіретін, экологиялық тұрғыдан саналы өмір салтын насихаттайтын қозғалыс.Кешенді шаралар мен инновациялық технологияларды енгізудің арқасында Қазақстан экологиялық саулыққа, орнықты дамуға және болашақ ұрпақ үшін қолайлы орта құруға маңызды қадамдар жасап отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/907202
Облыста цифрландыру мен байланыс инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр 24.12.2024
Бүгінгі таңда Ақмола облысында 605 елдімекен бар, оның 333 оптикалық-талшықты байланыс желілеріне қосылған. «Қолжетімді интернет» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін тағы 243 ауылдық елдімекенді қосу жоспарланған.Облыс орталығы Көкшетау қаласында 5G желісі белсенді түрде дамып келеді. Қазіргі уақытта 11 базалық станция орнатылған, ал 2027 жылға дейін олардың саны 56-ға жетеді.Ақкөл, Жақсы және Ерейментау аудандарының республикалық жолдарында үш антенна-мачталық құрылыс салынады, бұл жүргізушілер мен жолаушылар үшін байланыс сапасын жақсартады.Мемлекет басшысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту бойынша берген тапсырмалары аясында Абылай хан алаңына жақын орналасқан маңызды туристік нысандарды қоса алғанда, алты антенна-мачталық құрылыс орнатылды.Сонымен қатар Бурабай ауданында және Савинка ауылында байланыс инфрақұрылымын жақсарту үшін оптикалық-талшықты GPON желілері салынып жатыр. GPON технологиясы облыстың басқа да аудандарында, мысалы Жақсы, Ерейментау, Ақкөл, Атбасар аудандарында және Степногорск қаласында енгізілуде. 49 тұрғын үйді қосуға арналған жабдықтар орнатылды.Кокшетау қаласындағы Застанционный ауылында MagicPole қосарлы мақсаттағы тіректерін орнату бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл әдіс шетелде танымал болып, алғаш рет Қазақстанда қолданылмақ.Ауданның шалғай ауылдарындағы мектептерде жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 264 Starlink спутниктік терминал орнатылды.Қауіпсіздік саласындағы модернизация аясында 50 білім беру мекемесінде 1000 бейнебақылау камерасы жаңартылды.Президенттің Жолдауына сәйкес «SmartGeoHub» жобасы іске қосылды, ол тұрғындарға жол инфрақұрылымының жағдайын геоақпараттық портал арқылы бақылауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар полиция департаментімен әріптестік туралы меморандумға қол қойылып, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерінің 25 бірлігі орнатылды. 2025 жылға дейін олардың саны 98-ге дейін артады.Табиғи монополиялар субъектілерімен өзара әрекеттесу ыңғайлылығын арттыру үшін өңірлік геоақпараттық жүйе арқылы 48 цифрлық қызмет енгізілді. Мысалы, Кокшетау тұрғындары қазір «Көкшетау Су Арнасы» және «Көкшетау Жылу» қызметтерін қашықтан ала алады.Цифрландыру мен байланыс инфрақұрылымын жаңғырту өңір тұрғындарына, оның ішінде шалғай ауылдар мен туристік аймақтардағы тұрғындарға сапалы интернет қызметтері мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/907383
Облыстың көркемөнерпаз ұжымдарына «Халықтық» және «Үлгілі» атағы берілді 24.12.2024
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің биылғы жылғы 11 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдарына «Халықтық» және «Үлгілі» атақтары берілді. «Халықтық» және «Үлгілі» атақтары – шығармашылық ұжымдардың өз жұмысында жоғары кәсібилік пен шығармашылық белсенділікті көрсеткені үшін берілетін ерекше құрмет. Бұл атақ көркемөнерпаздардың еңбегін ынталандырып, олардың мәдениет саласындағы еңбегін бағалау мақсатында тағайындалады. Егіндікөл ауданындағы «Сазды әуен» ансамблі үшін бұл атақ маңызды жетістік болып табылады. Ансамбль 14 жыл бұрын құрылып, осы уақыт аралығында аудандық және облыстық деңгейде танылып, көрермендерінің жүрегін жаулап алды. Құрамында әртүрлі сала қызметкерлері бар. Ұжымның жұмысын Амангелді Райхан басқарады. Оның жетекшілігімен ансамбль көптеген мәдени шаралар мен мерекелік концерттерге қатысып, халыққа жақсы таныс болды. «Сазды әуен» ансамблі «Халықтық» атағы берілгеніне қуанышты екендерін жасырмады. Олар мәдениет басқармасы мен аудан әкімдігіне алғыстарын білдіріп, осы атақтың олар үшін үлкен мәртебе екенін айтты. «Бұл оқиға Егіндікөл ауданындағы мәдениет саласы үшін үлкен қуаныш болып табылады, себебі бұрын соңды ауданнан «Халықтық» атағын ешкім алмаған . Ұжымның бұл жетістігі аудан мәдениетінің дамуына тың серпін беріп, болашақта жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік ашады», -дейді ансамбль жетекшісі. Айта кету керек, салтанатты шарада 8 өнер ұжымы «Халықтық» және 8 ұжым «Үлгілі» куәлігіне ие болды. Бұл атақ - шығармашылық ұжымдардың көп жылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі және олардың мәдениет саласындағы жетістіктерінің айғағы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/907423
Қарағандының бас шыршасының шамдары жағылды 24.12.2024
Қарағандыда жаңа жылдық мерекелер басталды – Тәуелсіздік алаңында басты шырша жағылды.  Жүздеген балалар мен ересектер мерекенің басты нышанының маңына жиналды. Сахнадан қарағандылықтарды Аяз Ата, Ақшақар және 2025 жылдың символы – Жасыл жылан Жаңа жылмен құттықтады. Мереке шыршаны жағу рәсімімен  және түрлі-түсті отшашумен аяқталды. Қарағандылықтар бір-біріне жағымды және жақсы көңіл-күй сыйлады. – Біз жыл сайын бүкіл отбасымызбен шыршаны жағуға келеміз. Бұл әрқашан әдемі, балаларда тек жағымды эмоциялар қалады. Бағдарламалар қайталанбайды: әр түрлі қойылымдар, костюмдер, әртістер жоғары деңгейде өнер көрсетеді. Бізге ұнайды. Баршаңызға жаңа жылда сәттілік, бақыт, амандық және бар жақсылықты тілеймін, – дейді қарағандылық Жансая Қалиақпарова. – Ал біз мұнда бірінші рет келдік. Мен немерелеріме жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайын деп шештім. Атмосфера керемет! Ұйымдастырушыларға мың алғыс, балалар қуанып қалды! Баршаңызға зор денсаулық, жаңа бастамаларыңызға сәттілік және бейбіт аспан тілеймін, – деп толықтырды Айнұр Қанатова. Шырша жағылғаннан кейін сахнада жергілікті музыканттар өнер көрсетіп, көрермендерге мерекелік музыкалық нөмірлер ұсынды.  Қарағандылықтар ән айтып, би билеп қана қоймай, шырша мен шамдармен безендірілген фигуралардың фонында суретке түсті. Қарағандының орталық саябағында да мерекелік атмосфера қалыптасты. Жаңа фотоаймақтар қойылған, жарқыраған фигуралар орнатылды. Бүгін мұнда да шыршаның түрлі-түсті шамдары жанып, мұз айдыны ашылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/907093
Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесі пилоттық режимде 2025 жылдың 2 тоқсанында іске қосылады. 24.12.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесі арқылы экспорттық бақылау саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы бірлескен бұйрық жобасы әзірленді. Бүгінгі таңда бірлескен бұйрық Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге бағытталған. Пилоттық жобаны 2025 жылдың 2 тоқсанының басында «электрондық үкімет» операторының инфрақұрылымында іске қосу жоспарлануда.Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесін құру кезіндегі маңызды аспект әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жеңілдету арқылы бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға арналған. Пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау есебінен экспорттық бақылау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға өтінімдерді толтыруды жеңілдететін функционал сынақтан өткізілетін болады.Бұл пайдаланушылар үшін уақыт пен шығындарды азайтуға, сонымен қатар ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өтінімдерде форматтық-логикалық бақылауларды пайдалану есебінен бас тарту саны азаяды деп күтілуде. Бұдан басқа, Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесі функционалында алдын ала бас тарту нәтижелері бойынша тыңдаулар өткізу көзделеді.Осылайша, пилоттық жобаны іске асыру қызметті алушылар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/907084
ОБЛЫС ӘКІМІ КЕНШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ 24.12.2024
Ұлытау облысының Дастан Рыспеков кеніш астына түсіп, қызметкерлермен кездесті. Әрі қарай келіссөздер учаскелердің бригадирлерімен өтті. Сондай-ақ кездесуге облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов, Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Бүкіров, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Облыс әкімі өңірдің жылумен жабдықтау объектілері үшін өндірісті тоқтатудың ауыр зардаптары туралы түсіндіріп, мәселені келісу іс-шаралары арқылы шешу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, өңір басшысы Жезқазған және Сәтбаев қалалары тұрғындарының Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі жағдайға байланысты алаңдаушылығын жеткізді. Ұлытау облысының әкімі барлық кеншіні наразылық акцияларын тоқтатуға және жұмысқа кірісуге шақырды. Келіссөздер жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/906395
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН АВИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ 24.12.2024
Түркістан облысында көлік инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Соның ішінде шағын авиацияны дамыту мәселесі де назарға алынған. Бұл өңірге барыс-келісті жақсартып, туризмді дамытуда маңызды рөл атқарады. Осы бастама аясында шағын авиация талаптарына сай жаңа әуе бағыттарын ашу және аэродромдар салу жобалары қарастырылуда. Аталған мәселе облыс әкімдігінде талқыланды.Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы саланы дамытып, тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды. Сонымен бірге Түркістандағы халықаралық әуежайдың әлеуетін көтеруді тапсырды.– Түркістанның халықаралық әуежайының мүмкіндігі өте жоғары. Соны тиімді пайдалану керек. Бұл – бірінші кезекте көлік инфрақұрылымын дамытады. Екіншіден, туризм саласы өркендейді. Ізденіңіздер, шетел тәжірибелерін зерделеңіздер. Шағын авиацияны дамыту бойынша да нақты ұсыныстар күтемін. Жұмысты ширатыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.Мәжілісте Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев авиация саласын жүйелеу бағытындағы жұмыстар мен жоспарларды баяндады. Бүгінде бірнеше әуе компанияларының өкілдерімен, сондай-ақ шағын авиацияны дамытуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде. Ішкі рейстерді қалыптастыру және туризмді дамыту мақсатында Түркістан облысында ішкі рейстерін ашу көзделген. Сонымен бірге «Түркістан-Ташкент», «Түркістан-Самарқанд» бағыттарында халықаралық рейс ашу мәселесі де талқыланып жатыр. Қысқа қашықтықтарға жолаушылар тасымалдау үшін 19 орындық шағын ұшақтарын пайдалану жоспарлануда. Шағын авиацияның қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту мақсатында аймақта шағын аэродромдар салу қажет. Бұл жобалар әлі талқыланып, қаржыландыру көздері зерделеніп, тиісті келіссөздер жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906559
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ 24.12.2024
Түркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылды. Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қолға алған бұл бастама ерекше жандарға қуаныш сыйлап, тең қоғам құндылықтарын насихаттауды мақсат етті.Мерекелік кештің шымылдығын Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев жүрекжарды құттықтауымен ашты. Шараға арнайы қатысқан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев да өзінің жылы лебізін білдірді.Кеш барысында ерекше жандар өз өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Мерекелік концерттің соңында қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, шара мейірім мен қуанышқа толы сәттермен аяқталды.Бұл мерекелік шара ерекше жандарға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамның жылы қарым-қатынасы мен қамқорлығын тағы бір мәрте айшықтай түсті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906562
ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ АТЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 24.12.2024
Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға берілді. Заман талабына сай ғимараттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, бапкерлер мен спортшылар және спорт ардагерлері қатысты. Өңір басшысы көпшілікті ғимараттың ашылуымен құттықтады.– Алдымен баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құтықтаймын! Бүгін Түркістан төрінде қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа Жолдауында спорт саласын дамыту міндетін жүктеді. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет екенін айтты. Осы бағытта Түркістан облысында спорт инфрақұрылымын жақсартуға көңіл бөлінуде. Өңірде 3500-ден астам спорт нысаны бар. Биыл 11 айда облыста 10 ірі спорт кешені пайдалануға берілді. Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері шаһарда «Түркістан-Арена» стадионы, «Olympic Center» спорт кешені, «Теннис орталығы», «Мұз сарайы» ғимараттары пайдалануға беріліп, спортшыларымыз тыңғылықты жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда ескек есу каналы мен халықаралық талапқа сай атшабардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұның бәрі – спорт саласына жасалған қамқорлық әрі үлкен қолдау. Ал бүгін қазақ халқының даңқты перзенті, Түркістаннан шыққан Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені ел игілігіне берілуде. Түркістан өңірінде чемпионның атын ұлықтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін ашылғалы тұрған спорт кешенін де ел перзентіне лайықты құрмет деп білеміз. Біз спортты дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыра береміз, – деді Дархан Сатыбалды.Бекзаттың анасы Сырлыкүл Саттарханова игі іске мұрындық болған азаматтарға алғысын айтып, аймақта «чемпионның ізбасарлары көбейе берсін» деген тілегін жеткізді.«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов та көпшілікті құттықтап, жаңа ғимарат чемпиондарды даярлауға үлесін қосатынын атап өтті.Бұл нысанның құрылысына Түркістан облысы әкімдігі тарапынан 2,7 млрд теңге бағытталды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қорынан технологиялық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге, ішкі әрлеуге, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 500 млн теңге бөлінді. Ғимараттың ауданы – 7248 шаршы метр, жалпы жер ауданы – 1,8 гектар.Бұл спорт кешенінде бокс, қазақ күресі, грек-рим, еркін күрес, әйелдер күресі, таеквондо, каратэ, үстел теннисі және ойын спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік бар. 300-ден астам жанкүйер сыятын көрермен залы, жаттығу залдарымен қамтылған. Республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге болады.Айта кетейік, Түркістан облысында спорт қарқынды дамып келеді. Өңірде 29 олимпиадалық, 34 ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері дамып жатыр. Биыл Түркістан облысының спортшылары әлем чемпионаттарынан 106 медаль, Азия чемпионаттарынан 214 медаль жеңіп алды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 16 алтын, 10 күміс, 5 қола медаль олжалады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906581
ТҮРКІСТАНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 2 МЫҢ ОРЫНДЫҚ ТАҒЫ БІР МЕКТЕП АШЫЛДЫ 24.12.2024
Түркістанда «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды. 2 мың оқушыға арналған білім ұясы «Жаңа қала» ықшамауданында бой көтерді. Мұнда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты.– Еліміздің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінгі таңда елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қабылданып, заманауи, озық үлгідегі білім ошақтары салынуда. Бұл бастама апатты және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешіп, оқушы орындарының тапшылығын жояды. Сіздердің мектептеріңіз жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – даму мен оқу үшін тамаша жағдайлар жасалған орын. Жаңа білім ордасының ашылуы құтты болсын! – деді Дархан Сатыбалды.Аталған білім ордасы қаладағы 2 мектептегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Түркістан қаласының «Жаңа қала» аумағында салынған 4 қабатты білім ордасындағы физика, химия, биология және робототехника кабинеттері заманауи құралдармен жабдықталған. Білім алушылардың жан-жақты дамуы үшін мектепте спорт залдары, шеберлік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары ұйымдастырылған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды. Балалардың жас ерекшелігіне орай блоктардың әрқайсысы оқу сыныптарымен, санитарлық тораптармен, спорт залдарымен және жеке шкафтармен қамтылған.Айта кетейік, елімізде «Жайлы мектептердің» басым бөлігі Түркістан облысында салынуда. Қазір өңірде 29 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның үшеуі ашылып үлгерді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906868
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ 24.12.2024
Бүгін Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданында азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде ет, сүт, ауыл шаруашылығы өнімдері тиімді әрі арзан бағада ұсынылып, халық күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар 19-дан астам тауар түрі нарықтағы бағадан 40-50 пайызға төмен бағада саудаланды.Мәселен, нан бөлкесінің бағасы - 70 теңге болса, жұмыртқа данасы - 40 теңге, тұз - 45 теңге, ал пияз - 77 теңгеден сатылды. Картоп пен сәбіз - 100 теңге, І сұрыпты бидай құны – 190 теңге, күнбағыс майы - 520 теңгеден бағаланды. Тұрғындар қолжетімді өнімдер үшін ризашылығын білдірді.Баға тұрақтылығын сақтау бағытындағы жәрмеңкелер «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бастамасымен тұрақты түрде өткізіліп келеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906875
ҚР авиациялық қауіпсіздік және формальдылықты оңайлату жөніндегі ведомство аралық комиссиясының отырысы 24.12.2024
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде авиациялық қауіпсіздік және формальдылықты оңайлату жөніндегі ведомство аралық комиссиясының отырысы өтті, оған Қазақстан Республикасы КМ Азаматтық авиация комитеті, Авиациялық әкімшілігі, мемлекеттік және қадағалау органдарының өкілдері, сондай-ақ комиссия құрамына кірген авиация саласының өкілдері қатысты.Отырыста 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы шығарылып, азаматтық авиация саласындағы жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен авиациялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін бағалауға бағытталған ИКАО-ның алдағы аудиті талқыланды.Мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіру, авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомство аралық әуежай комиссиялары жұмысының тиімділігі мен формальдылықты жеңілдету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Соныменқатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық инспекторлардың перрондарды тексеру кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмысты жақсартуға және жүктелген міндеттерді орындауға бағытталған шешімдер қабылданды. Азаматтық авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келесі отырысын 2025 жылдың бірінші тоқсанында өткізу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/906297
Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында жаңа экспонаттар көрмесі өтуде 24.12.2024
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы барлық ниет білдірушілерді 2024 жылы алынған жәдігерлер көрмесіне шақырады. Олардың қатарында қазақ халқының тағдырына арналған бірегей картиналар және қаланың шетінде кездейсоқ табылған Қарағанды суретшісінің бұрын белгісіз туындылары бар.Биыл мұражай қоры 117 өнер нысандарымен толықтырылды. Оның 72-сі – кескіндеме және графикалық кенептер, мүсіндер, сәндік-қолданбалы өнер нысандары. Олар негізгі қорға кірді. Тағы 45 бірлік – плакаттар, буклеттер, газет қиындылары, фотосуреттер – мұражайдың ғылыми-көмекші қорына түсті.Бұл экспонаттардың барлығы мұражайға тегін берілді. Олардың кейбіреулері көрмелер мен түрлі іс-шаралардан кейін сыйға тартылды, олардың бір бөлігін мұражайға қарағандылық суретшілердің туыстары әкелді. Сондай-ақ, биыл қор шетелдік шеберлердің жұмыстарымен толықтырылды.– Мұражайымыздың жақсы досы Валентин Даниленко бізге пошта арқылы Балтық суретшілерінің графикалық және кескіндемелік суреттерін жіберді. Барлығы 19 автор, онымен бірге 20 автор болды. Ол бізге 47 жұмысты тапсырды. Бұл суретшілердің бәрі тірі, әртүрлі техникада жұмыс істейді, соның ішінде заманауи техникада. Мәселен, олардың бірі – Виталий Ермолаев – өз техникасын – жарық кескіндемесін ойлап тапқан суретші, – деді Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының бас сақтаушысы Дәмелі Данкеева.Сондай-ақ, көрмеге ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Мыңғыш Әбілқасовтың триптихі қойылды. 30-шы жылдардағы аштыққа арналған картиналарды туыстары мұражай қорына суретшінің мемориалдық көрмесін өткізгеннен кейін тапсырды.Өнер сүйер қауым Қарағанды суретшісі Владимир Беличенконың жұмыстарымен де танысады.– Өкінішке орай, ол ерте қайтыс болды, біз ол туралы өте аз білеміз. Ол кісі 1950 жылы дүниеге келген және Харьков өнер мектебін бітірген. Мұны бізге оның туыстары айтты. Оның өмірі туралы басқа мәліметтер жоқ. Суретгінің жұмысы Майқұдық қоқыс алаңынан табылды. Бақытымызға орай, №61 мектептің оқытушысы өтіп бара жатып, картинаны байқап, мектепке әкелген. Осы мектеп әкімшілігінің рұқсатымен жұмыстар мұражай қорына берілді, – дейді Дәмелі Данкеева. "Жаңа экспонаттар – 2024" көрмесі Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 2024 жылдың 22 желтоқсанына дейін жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/906764
Ақмола облысында 800 км жуық автожол салынды және жөнделді 24.12.2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды.Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков 2024 жылы республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды салу және жөндеу бойынша 130-дан астам жобаны іске асыруға шамамен 104 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Нәтижесінде елді мекендерде 800 км жуық жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдар мен көше-жол желісі салынды және жөнделді.«Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары» және «Астана қаласының шетіндегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту» бағдарламалары аясында 18,8 млрд теңге бөлінді. Осы қаражаттың арқасында 29 елді мекенде 100 км автожол жөнделді. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы облыстың тоғыз өңірінде 24 жобаны іске асыруға мүмкіндік берді. Осы мақсаттарға 4,1 млрд теңге бағытталды, бұл 50,4 км жолды жөндеуді қамтамасыз етті», - деді В.Кулаков.Сондай-ақ, спикер ағымдағы жылдың көктемгі су тасқыны нәтижесінде автожолдарды еріген қар су басуының 141 жағдайы тіркелгенін, жалпы ұзындығы 20 км-ден астам 40 учаске зақымданғанын, үш көпір: Жалтыр-Макинск, Кийма-Терісаққан және Көкшетаудағы Әшімов көшесіндегі көпір қирағанын атап өтті. Бүгінгі таңда жолдарды қалпына келтіру аяқталды, ал көпірлер бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.Облыс аумағында 108 тұрақты маршрут жұмыс істейді, оның 91-і әлеуметтік маңызды деп танылды және субсидиялауға жатады. Соңғы үш жылда жергілікті бюджеттен әлеуметтік тарифті субсидиялауға 5,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2024 жылы 2,3 млрд теңге.Жергілікті маңызы бар 12 262 км автомобиль жолдарын қыста күтіп ұстау үшін 11 мердігер ұйыммен шарттар жасалды. 132 бірлік қар тазалау техникасы бар, 150 тоннадан астам ЖЖМ және 5000 текше метр мұзға қарсы материал дайындалды.Бұдан әрі «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ директоры Нұржан Жұқабетов тыңдалды, ол Ақмола филиалының жүргізіп жатқан жұмысы және облыс өңірлерінде жоспарланған жобалар туралы айтып берді.Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімі Марат Ахметжанов құрылыс-монтаждау жұмыстары мен пайдаланылатын материалдардың сапасына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, бюджет қаражатын тиімді игеруге және мерзімдерді қатаң сақтауға баса назар аударылды.Жол инфрақұрылымы өңірді дамыту және Ақмола облысы тұрғындарының тіршілік сапасын арттыру үшін басым бағыт болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/906379
Қаражар тұрғындарының жаңа жыл қарсаңындағы қуанышы: ауыл толық электр энергиясымен қамтамасыз етілді 24.12.2024
Целиноград ауданына қарасты Қаражар ауылында электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың екінші кезеңі аяқталды, бұл жергілікті тұрғындар үшін маңызды оқиға болды. Бас жоспарға сәйкес әзірленген жоба ауылдың барлық тұрғын үй массивтерін қамтитын заманауи инфрақұрылым құруға мүмкіндік берді.Жұмыстар аясында РП-2 тарату пункті мен 10 трансформаторлық қосалқы станция қосылды. Барлық жабдық тексеріліп, пайдалануға берілді. Құжаттары реттелген үйлерді электр желісіне қосу басталды.Ауыл тұрғындары атқарылған жұмысқа ризашылықтарын білдіріп, жаңа жылды жарық пен жайлылықта қарсы алатындарына қуанып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/906473
Ақмола облысында үздік энергетиктер марапатталды 24.12.2024
Ақмола облысында Энергетика күні аталып өтіліп, саланың дамуына елеулі үлес қосқан және кәсіби шеберлігімен көзге түскен бір топ еңбек озаты марапатталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.Президенттің Жарлығымен «Көкшетау Энерго» ЖШС орталық диспетчерлік қызметінің жетекші инженері Наталья Ушакова, Қорғалжын аудандық желілерінің басшысы Уәлихан Бейсембеков және «Көкшетау Энерго» ЖШС Щучье ауданаралық электр желілері бөлімшесінің шебері Бақытжан Кәрімов «Құрмет» орденімен марапатталды.ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені Целиноград аудандық электр желілерінің Қоянды желілік – шебер учаскесінің шебері Ганбат Сағынғанға және «Көкшетау Жылу» жылу желілерінің бақылаушысы Талап Игенбаевқа табыс етілді.«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Көкшетау Жылу» қазандық цехының басшысы Анатолий Кульков марапатталды.Шарада «Көкшетау Энерго» ЖШС басшысы Досымхан Аралбаевтың еңбегі де аталып өтілді. Саладағы 44 жыл ішінде ол өңірді энергиямен жабдықтау жүйесін жаңғыртып, заманауи технологияларды енгізіп, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарта алды.Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов өңір әкімі мен тұрғындардың атынан барлық энергетиктерге шын жүректен алғысын білдірді.«Облыстың дамуына энергетиктердің қосып отырған үлесі өлшеусіз. Тұрғын үйлерді мен өндіріс орындарын жылумен және жарықпен қамтамасыз ету энергетиктерсіз мүмкін емес. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен жауапкершіліктерің алғыс айтуға тұрарлықтай», - деді Елдос Рамазанов.Айта кетейік, өткен жылы Облыстың энергетика саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Электрмен жабдықтау бойынша 16 жобаны іске асыруға 4,2 млрд теңге бөлінді, оның ішінде жеті жоба аяқталды. 26,7 км жаңа желі салынды, ал Бурабай кентінде туристік аймақтағы электр энергиясының тапшылығын жабатын трансформаторлық қосалқы станция қайта жаңартылды.Сондай-ақ, 2025-2027 жылдары Көкшетау, Қосшы және Аршалы аудандарында алты жаңа қосалқы станция салу жоспарлануда, бұл қажеттіліктердің өсуі жағдайында энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.2024 жылы жылу маусымына дайындыққа 39,9 млрд теңге бөлінді, бұл 22 км жылу желілерін жөндеуге және олардың тозуын 39% - ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. «Инвестиция орнына Тариф» бағдарламасы да айтарлықтай нәтиже беріп, жылу желілерін жаңғыртуға 7,4 млрд теңге жұмсалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/906629
Ермағанбет Бөлекпаев энергетиктерге мемлекеттік наградалар табыс етті 24.12.2024
Қарағанды облысының әкімдігінде тұрғындардың үйіне жарық пен жылу сыйлайтын жандарға құрмет көрсетілді. Энергетика саласының мамандарын кәсіби мерекесімен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Қобжанов құттықтады.– Еліміздің және облысымыздың энергетикалық инфрақұрылымын жаңарту уақыты келді, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Бұл салада да жетістіктеріміз бар. Қарағандыда үшінші жылу құбырының құрылысы аяқталды. Теміртаудағы жетінші ЖЭО-2 қазандығында іске қосу-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұның бәрі көп тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салуға мүмкіндік береді. Наурыз айында Топар МАЭС-на жаңа турбогенератор енгізіледі. Біз сондай-ақ "жасыл" энергияға көп көңіл бөлеміз. Осакаров ауданында жел генераторлары бар діңгектер салынуда. Теміртау, Бұқар Жырау және Шет аудандарының айналасында жел станцияларын салу жоспарлануда.Өңір басшысы энергетика саласының барлық қызметкерлеріне жергілікті инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтып, ардагерлерге құрмет білдірді.Энергетика саласының қызметкерлеріне Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалар табысталды.Аталмыш саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін "Құрмет" орденімен "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС Бас директоры Андрей Ляпунов, Еңбек ардагері Валерий Наумов және "Қарағанды Жарық" ЖШС техникалық директорының орынбасары Сергей Седлецкий марапатталды.– Мен бала кезімнен электр энергиясына қызығушылық таныттым. 90-жылдардың соңында еңбек жолымды Қарағанды электр желілерін тарату кәсіпорнында сынау және өлшеу бойынша электромонтер болып бастадым. "Қарағанды Жарық" компаниясында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Менің жалпы еңбек өтілім шамамен 30 жыл. Жұмыс ұнайды, бұл кез-келген адамның өмірі үшін маңызды. Әріптестерімді мерекемен құттықтаймын. Денсаулық, сәттілік тілеймін, бәрі жақсы болсын! – деді Сергей Седлецкий."Қарағанды Жарық" ЖШС Бас директоры Дидар Ахмадин мен "Qarmet" АҚ БД слесарь-жөндеушісі Сергей Чугунов ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды."Ерен еңбегі үшін" медалі "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС ЖЭО-3 қазандық дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь Төребай Құттыбаевқа табысталды.Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан еңбегі үшін тағы 29 адам Қарағанды облысының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Солардың бірі – еңбек ардагері Владимир Литвинов. Ол өзінің сүйікті жұмысына 54 жыл өмірін жұмсаған. Оның ізін балалары басып келеді – қызы мен ұлы да энергетик болды.– Тәжірибемнен энергетиктердің еңбегі баға жетпес екенін білемін, өйткені энергетика - экономиканың қозғаушы күші. Облыста электр энергетикасы саласын дамыту бойынша үлкен жоспарлар бар екені қуантады. Барлық қатысушыларды құттықтаймын және еңбек табыстары мен отбасылық амандық тілеймін! – дейді Владимир Литвинов.Қазақстанда энергетика күні желтоқсанның әр үшінші жексенбісінде атап өтіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/906455
Теміртаудағы тұрғын үйлерге газ тарту жалғасуда 24.12.2024
Теміртаудағы Ескі қалада 30 км газ тарату желісі салынды, 668 үй орталықтандырылған көгілдір отынға қосылды. Барлығы 3330 үйге газ жеткізілді.Газ тарту бағдарламасы металлургтер қаласында 2020 жылы басталып, сегіз кезеңге бөлінген. Бүгінгі таңда қаланың бір бөлігі табиғи газбен қамтамасыз етілген, ал Отрадное, АБВ квартал және Достық төбешігі аудандарында газ желілерінің құрылысы жалғасуда.Табиғи газбен оң жағалау қамтамасыз етілген. Мамандар 43,8 км газ тарату желілерін салды. Құрылыс 2023 жылдың сәуірінде басталып, уақытында аяқталды.– Теміртауда Әлеуметтік қаланың 1603 үйінде табиғи газ бар. Оң жағалаудағы 1059 үйге газ қосылды. Сондай-ақ Ескі қаладағы 668 үй көгілдір отынға қол жеткізді. Біз газ тарату желілерін кезең-кезеңімен саламыз және оларды QazaqGaz Aimaq-та пайдалануға береміз. Жеке секторды газдандыру жобасымен барлығы 6357 үй қамтылады. Бұл көптен күткен оқиға қаланың экологиясын жақсартады және тұрғындардың жылу шығындарын азайтады, – деп атап өтті Теміртау әкімі Ғалым Әшімов.Зейнеткер Михаил Ефанов өмір бойы оң жағалауда тұрады.– Біз үшін орталық газға қосылғанымыз – үлкен жеңілдік. Үйімізді көмірмен жылытудан шаршадық. Оны тасимыз, күл шығарамыз және көмір шаңымен дем алымыз. Әлеуметтік қала тұрғындары газға көшкен соң жақсы пікір айтып жатқанын біліп, біз де алдын ала дайындалып, үйді газбен жылытуға жабдықтадық, – деп бөлісті ол.Қаржылай көмекке мұқтаж Теміртау тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау бағдарламасы жұмыс істейді. 2,5 жыл ішінде 228 отбасы газдандыруға субсидия алды. Тұрғындар кеңес алу үшін Чайковский көшесі, 22 мекенжайы бойынша Теміртау қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіне алады.Табиғи газға қосылуды "QazaqGaz Aimaq" АҚ филиалы орындайды. Компания мамандары техникалық шарттарды ресімдейді және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Құжаттарды алу және қосылуға өтінім беру үшін компанияның Теміртаудағы кеңсесіне Менделеев көшесі, 11 мекенжайы бойынша жүгіну қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/906463
Минералды шикізатты кешенді өңдеу саласындағы ғылыми жетістіктер 24.12.2024
2024 жыл Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы үшін айтулы жыл болды. Орталық өзінің 30 жылдық мерейтойы аясында айтарлықтай ғылыми жетістіктерге жетіп, бірқатар өндірістік нысандарды іске қосты.Олардың қатарында вольфрам өнеркәсібінің жандануының бастауы болған вольфрам кенін байыту комбинаты бар. Одан кейін йод пен қорғасын концентратын алу үшін техногендік шикізат өңделетін аммоний перренаты өндіріс орны. Сондай-ақ, күріш қауызынан кремний-көміртекті композит өндірісі жаңа отандық материалдарды алудың кең перспективасын білдіреді. «Arx Mineral» ЖШС-дағы Беркарин кен орнының мыс рудаларын өңдеу бойынша «Беркарин» тау-кен металлургия кешенінің жобалық қуатына да қол жеткізілді. Кәсіпорын жылына 5 мың тонна катодты мыс өндіреді.Одан Бөлек, екі аппараттық-бағдарламалық кешен енгізілді – «Горняк» барлау артеліндегі» «Ақжал» кенішінің тәжірибелік учаскесінде персонал мен жабдықтарды орналастырудың автоматтандырылған жүйесі және «Восход-Ориэль» ЖШС жер бетіндегі «Восход» кенішінде жерасты жару жұмыстарын басқару жүйесі.Ұлттық орталық өнімділігі жылына 300 мың тонна алтыны бар тотыққан руданы құрайтын Прибрежное кен орнындағы үйінді шаймалау учаскесінің технологиялық регламентін әзірледі. «Эко-регионСК» концерні» ЖШС кен орнының пайдалы қазбалары мен қорлары бекітілді.Үш жұмыс жобасы әзірленген: 1) өнімділігі жылына 650 мың тоннаға дейін жететін Белоусовский байыту зауытын қайта құру; 2) Секисов алтын айыру фабрикасын қайта құру – өнімділігі жылына 1 млн тоннаға дейін; 3) Шығыс Қазақстан облысының Самара ауданында алтын өндіру зауытының құрылысы – өнімділігі жылына 350 мың тонна. Жобалардың оң қорытындылары бар.Бағдарламалық мақсатты қаржыландыру және ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру шеңберінде отандық және шетелдік кәсіпорындармен ынтымақтастықты нығайту ғылыми, ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық жұмыстарға ықпал етті.Осы келісімдердің қатарында «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК мен «Jiaxin International Resources Investment Limited & Жетісу Вольфрамы» ЖШС арасында сирек металдар саласында ғылыми-зерттеу зертханасын құру және облыста ғылыми жұмыстарды жүргізу мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум бар. Келесі – «Shen Zhen Funde Mining Co. Ltd», «Ever Trillion International Singapore Pte. Ltd», «China Nerin Engineering Co. Ltd» және «ҚР МШКҚӨҰО» РМК арасындағы Қазақстанда вольфрам өнімдерін өндіру бойынша төрт жақты бірлескен инвестициялық және ынтымақтастық туралы келісім берілген. Үшіншісі – «ҚР МШКҚӨҰО» РМК, «ICMD International Corparation of Metal and Alloy Development Holding GmbH» және «Baganuur өнеркәсіптік технологиялар паркі» арасындағы Моңғолияда ферросилиций алюминий өндіру зауытын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандум. «ҚР МШКҚӨҰО» РМК мен Ресейдің бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университеті арасындағы минералдық шикізатты кешенді өңдеу саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық үшін өзара түсіністік туралы меморандумды атап өткен жөн.Отандық және шетелдік кәсіпорындармен ынтымақтастық төрт келісімге қол қойылып, жалпы құны 4 миллиард теңгеден асатын 140-қа жуық келісім-шартқа қол қойылғанын, оның ішінде 3 миллиард теңгеден астамы 2024 жылы жасалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/906319