Бизнес
Еліміздің барлық өңірлеріндегі жолшылар республикалық маңызы бар автожолдарда жүргізушілерге экопакеттер таратты. 16.11.2024
Шараның негізгі мақсаты - жүргізушілер мен жолаушыларды тазалықты сақтауға және жолға қоқыс тастамауға шақыру. Таратылған экопакеттер қоқысты жинауға арналған. Оларды жол бойындағы арнайы жабдықталған жерлерге тастауға болады.Жолшылардың "Таза Қазақстан" акциясына қатысуы автомобиль жолдары бойындағы экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/872341
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды 16.11.2024
Көпшілік назарынаҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында ««Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 301 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.Толығырақ:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15255683 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/872902
Көлік министрлігінде жалпыға бірдей құқықтық оқыту семинары өтті 16.11.2024
Көлік министрлігінде семинар өтті, оның барысында Заң департаментінің қызметкерлері әріптестеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі нормалар мен талаптардың қолданылуын түсіндірді.Семинарда келесі мәселелер талқыланды:Заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларының нормалары мен талаптарын сақтау;Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының нормалары мен талаптарын сақтау;Проблемалық мәселелер.Жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу сапасын арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу реттілігіне байланысты проблемалар талқыланды.Жалпы, семинарды өткізу нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу саласындағы практикалық білімді кеңейтуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/873003
Тікелей әуе рейстері, жол құрылысы және қалалық әуе ұтқырлығы тұжырымдамасы: Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы көлік министрлері кездесті 16.11.2024
Сеулде ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев пен Корея Республикасының Жер, инфрақұрылым және көлік министрі Санг Ву Пак арасында кездесу өтті.Тараптар көлік инфрақұрылымы саласындағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ көлік бағыттарын дамыту бойынша бірқатар жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға тікелей әуе рейстерін көбейту мәселесі көтерілді. Қазір екі ел арасында аптасына 14 жолаушы және 6 жүк рейсі бар. Рейстер Астана мен Алматыдан орындалады. Енді Шымкенттен Оңтүстік Кореяға тікелей әуе рейсін ашу жоспарлануда.Сонымен қатар, Корея тарапы елімізде автожол құрылысы жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Естеріңізге сала кетсек, қазір Оңтүстік Кореяның Dongsung Engineering және ISAN Corporation компаниялары "Алматы-Астана" тас жолының құрылыс сапасын қадағалауда.Көлік министрі Марат Қарабаев Оңтүстік Кореяның Жер, инфрақұрылым және көлік министрі бастаған делегациясын кез келген қолайлы уақытта Қазақстанға жұмыс сапарымен келуге шақырды. Бұл сапар аясында Urban air mobility (UAM), яғни қалалық әуе ұтқырлығы тұжырымдамасын енгізу бойынша тәжірибе алмасу көзделіп отыр.Қалалық әуе ұтқырлығы тұжырымдамасы дегеніміз қауіпсіз әрі тиімді әуе көлігі жүйесін және басқа да авиациялық технологияларды қолдана отыра адамдардың, тауарлар мен өнімдердің ірі қалалар мен облыстар арасында, тіпті қаланың ішінде де қозғалысын трансформациялау.Тұжырымдама алдымен жаңа Alatau City қаласында сынақтан өтеді деп күтілуде. Жоба Аlatau City-ді инновациялық хаб ретінде дамытуды қолдай отырып, қазақстандық және кореялық инвесторларды тартуға мүмкіндік бермек. Тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында Hyundai Motor Group сияқты оңтүстік кореялық жетекші компаниялармен ынтымақтастық орнату жоспарлануда.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея көлік ведомстволарының басшылары көлік-логистика және өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендерін білдірді. Бұл елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/873992
2024 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Қазақстандағы Эстонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Яап Орамен кездесу өткізді 16.11.2024
Кездесу барысында тараптар порт инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін және қазақстандық тауарларды Эстония порттары арқылы транзитпен экспорттау мүмкіндігін талқылады.Көлік маршруттарын дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл Қазақстан мен Эстония арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/874219
ГАЗДАНДЫРУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕГІ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА 16.11.2024
Жезқазғандағы 91-94 орамдардың, Батыс және 7-8 шағынаудандарының алғашқы абоненті көгілдір отынды пайдалануды бастады. Бұл - Ұлытау облысының орталығын газдандырудың екінші кезегі. Күрделі жұмыс жалпы үш кезектен тұрады. Біріншісі: Талап, Қабанбай, Бөгенбай батыр шағын ауданынЕкіншісі: Қостангелді, Бекболатсай, Батыс шағын аудандары мен 91-94 орамдарҮшіншісі: Жезқазған қаласының 66-84 және 4-6 орамдарын газбен қамтамасыз ету. Қазіргі күні өңірде жалпы саны 3654 үйге арналып газ желісі тартылса, соның 1000-ға жуығы көгілдір отынның қызығын көруде. 91-94 орам мен батыс ауданның өзінде 1711 үйге желі жеткізілген. Сол себепті тұрғындарды көгілдір отынға қосылуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/862098
ЖЕЗҚАЗҒАН ЖЭО ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫН ЖЕТІ ҚАЗАНДЫҚПЕН ӨТКЕРЕДІ 16.11.2024
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазғандағы жылыту маусымының басталу жұмыстарымен танысты. Белгілі болғандай, жылу электр орталығында қазір 4 қазандық жұмыс істеп тұр. Ал бесіншісі 15 қазанда қатарға қосылады. Алтыншы қазандық ауа райы температурасының төмендеуіне орай, қарашаның бірінде қолдануға беріледі. Жетінші қазандықты кестеге сәйкес, желтоқсанның соңында іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ өңір басшысына ауа райы температурасына сәйкес, қазіргі таңда қалаға жылудың 55-65 градуста беріліп жатқандығы айтылды. Оған қоса, №11 жылу магистраліндегі 2025 жылға дейін жоспарланған жөндеу жұмыстары ерте аяқталуына байланысты жуу процесінен өтуде. Сәйкесінше судың құрамында көп көлемде темір болуы ықтимал, 2-3 күнде аяқталған соң қалыпқа келеді. Айта кету керек, Жезқазған жылу электр орталығы көмір және мазут қорымен тиісті көлемде қамтылған.Сонымен қатар облыс әкімі Дастан Рыспеков реті бойынша сегізінші қазандықтың жаңғырту жұмыстарын бақылады. Жұмыстар 2026 жылға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/863397
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН СӘТБАЕВТА БОЛДЫ 16.11.2024
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Сәтбаев қаласын жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорынына қарасты ІІІ көтеру сорғы стансасында атқарылып жатқан күрделі жұмыстар қарқынымен танысты. Аталған орында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жаңа сорғылар мен резервуарлар орнатылуда. Жұмыстар 80%-ға аяқталып тұр. Қазіргі уақытта Сәтбаев қаласына ауыз су жаңа сорғы стансасы арқылы берілуде. Өңір басшысы сондай-ақ, ескі сорғы стансасындағы жаңғырту жұмыстарын қарады. Дастан Рыспеков жаңарту, жаңғырту жобасының негізгі мақсатын, Есқұла су қоймасынан келген ауыз сумен Сәтбаев қаласын ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, Кеңгір ауылы арқылы Жезқазғанға жөнелтуде маңыздылығын атап өтті. Келесі кезекте өңір басшысы Сәтбаев қаласындағы №1 жылу беру станциясының жұмысын бақылады. Орталық биылғы жылыту кезеңін талапқа сәйкес 4 қазандықпен өткереді. Қазіргі таңда оның екеуі күрделі, біреуі ағымдық жөндеуден өтіп, іске қосылды. Төртінші қазандық ауа райы температурасының төмендеуіне сәйкес, қарашаның соңында іске қосылуы тиіс. Ұлытау облысы әкімі Дастан Рыспеков атқарылып жатқан жұмыстарды бақылауы барысында бүгін түнгі 00:00-ге дейін қаладағы барлық үйді жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/863402
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ 16.11.2024
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ұлытау облысында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Бұл күні облыстың барлық қала, аудандарында тазалық акциялары өтті.Ауқымды акцияның басты мақсаты – аумақтарды тазалаумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне назар аударту. Күннің суытуына қарамастан тазалық шараларына қатысушылардың барлығы жоғары белсенділік көрсетті. Экологиялық іс-шараларға қатысушылар арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер, белсенділер және қарапайым тұрғындар бар. Акцияға барлығы 165 ұжымнан 1700-ден астам адам мен 51 арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 72 тоннадан астам қоқыс шығарылды.Облыс орталығының тұрғындары мен еңбек ұжымдары негізгі көшелер мен саябақ, скверлерді тазартты.Ал, Сәтбаев қаласының еңбек ұжымдары өндірістік мекемелердің аумағын тазалап, сырлау, әктеу жұмыстарын атқарды. ««Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты - халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аудару. Сонымен қатар, іс-шара жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталатын болады, өйткені мұндай жобалардың арқасында табиғатқа ұқыпты қараудың жақсы үлгісі болып табылатын эковолонтерлік қозғалысы дамуда», - дейді «BIRLIK» еріктілер клубының жетекшісі Төлеубай Дарын.Қаражал қаласының тұрғындары да өз аулаларын тазалап, рұқсат етілмеген орындарға төгілген қоқыстарды арнайы полигонға шығарды.Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының тұрғындары да экологиялық акцияларға қатысты. Осы аудандардың барлық елді мекендерінде кеуіп қалған ағаштар мен арамшөптерді жою жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ қалалардағы көпқабатты үйлердің тұрғындары да аулаларын жинап, ретке келтірді. Тазалық акциясына пәтер иелері кооперативтері жетекшілік жасады.Тазалық акциялары аясында облыстың қала мен аудандарындағы әкімдіктердің жауапты мамандары жергілікті аумақтардағы көшелерді аралап санитарлық тазалықты тексерді. Санитарлық тазалықты сақтамаған, абаттандыру ережесіне сәйкес келмейтін нысандардың иелерімен тілдесіп, кемшіліктерді қысқа мерзімде түзеу қажеттігін айтып, ескерту жасады. Ғимараттар алдын тазалау, аумақты абаттандыру сияқты жұмыстар жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, коммуналдық мекемелер басшыларына қала-аудан көшелерін, жаяу жүргінші жолдары мен аялдама аумақтарын тазарту және қоқыстан арылту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/865538
ХАТТАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ ҚАРАЛДЫ 16.11.2024
Облыс әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің 2024 жылғы 23 тамыздағы Ұлытау облысына сапары барысында берілген хаттамалық тапсырмасын орындауға қатысты кеңес өтті. Жиында тиісті салаларға жетекшілік ететін әкім орынбасарлары Үкімет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы бойынша баяндады. Атап айтқанда, кеңесте инфрақұрылымдық жобалар және оларды жүзеге асыру үшін қаражат бөлуге қатысты сұрақтар, инвестициялық бастамалар, оларды іске қосу бағыттары талқыланды. Сонымен қатар «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен жүзеге асып жатқан жобалардың қазіргі жағдайы бойынша баяндалды. Кеңес соңында облыс әкімі аталған мәселелер бойынша хаттамада көрсетілген іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуының маңыздылығын және олар бойынша әр орынбасардың жауапкершілігін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/866859
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 16.11.2024
2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Қазақстанда ЮНИСЕФ әзірлеген халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС) басталды. Зерттеу облысымыздың 5 өңірін қамтиды.2 қыркүйек пен 29 қараша аралығында интервьюерлер өңіріміздің қалалары мен ауылдарында сауалнама жүргізеді. Сауалнама тұрмыс пен денсаулықтың түрлі аспектілерін, оның ішінде санитарлық тазалықты, білім беруді және басқа да маңызды көрсеткіштерді қамтиды. Барлық сауалнамалар тиісті мемлекеттік органдармен бекітілген.Интервьюерлер арнайы киім киіп, барлық байланыс ақпараты бар бейдж тағады.Интервьюер барған үй шаруашылықтары осы сауалнамаға түсіністік білдіреді деген үміттеміз. Зерттеуге қатысу Қазақстан халқының тұрмыс жағдайы мен денсаулығын жақсартуға көмектесетін маңызды мәліметтерді жинауға көмектеседіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/868145
АСТАНАЛЫҚТАРҒА ҰЛЫТАУ ДӘМІ ҰСЫНЫЛДЫ 16.11.2024
Елордада жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық жәрмеңкеге 26-27 қазан күндері Ұлытау облысының өнімдері қойылды. Аталған іс-шараға өңіріміздің жергілікті 40-қа жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Атап айтар болсақ, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына жалпы көлемі 100 тоннаны құрайтын ет өнімдері мен (сиыр еті, қой еті, жылқы еті) сүт өнімдерін (сүт, қымыз, шұбат, қаймақ, сары май, ірімшік, құрт) ұсынылды.Екі күнге созылған жәрмеңкеде астаналықтар Ұлытау аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/873413
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 16.11.2024
Тимур Қалымжанұлы Бисимбаев 1980 жылы дүниеге келген.А.Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік университетін «Агроном» мамандығы бойынша аяқтаған.Ауыл шаруашылығы саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.Әр жылдары Қостанай облысы ауыл шаруашылығы басқармасында жетекші маманнан бастап, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.Ұлытау облысына тағайындалғанға дейін 2020 жылдан бері Қостанай облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/873502
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 16.11.2024
Нұрлан Ерболатұлы Абдукалимов 1986 жылы туған.Еңбек жолын Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында есепші болып бастаған.Әр жылдары Қазақстан Республикасының қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау министрліктерінде жауапты қызметтер атқарған.Қаржы министрлігінде өнеркәсіп жәнеотын-энергетика кешеніндегі бюджетті жоспарлау саласына жауап берген.Кейіннен «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясында экономика және бюджетті жоспарлау департаментін басқарған.Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.Осы тағайындауға дейін Ұлытау облысы Қаржы басқармасының басшысы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/873510
Ұлытау облысында ашылатын Техникалық университет мәселелері қаралды 16.11.2024
Жиынға өңір басшысы Дастан Рыспеков, ҚР Президентінің кеңесшісі Күнсұлу Закария, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов,«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев және жоба басшысы Мақсұтбек Айтмағанбет қатысты.Облыс әкімі өз кезегінде Канада университетімен бірлескен білім ордасын салу үшін әкімдік тарапынан Жезқазған қаласынан жалпы ауданы 20 га құрайтын жер телімі бөлінгенін, шекарасы белгіленіп, мүлікке кадастрлық төлқұжат алынғанын атап өтті.ҚР Президентінің кеңесшісі Күнсұлу Закария университеттің техникалық бағыттағы сапалы кадрлар дайындауда маңызы үлкен болатынын жеткізді. Ал жоба басшысы Мақсұтбек Айтмағанбет жобаның даму жоспарымен бөлісті.Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов университеттің Ұлытау облысымен ғана шектелмей, Орталық Азия мемлекеттерінен студенттер оқытуға бағытталатынын айтты. Сәйкесінше, білім ордасының барлық сала бойынша мүмкіндігі жоғарылауы тиіс.Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлытау облысының әкімдігі және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС арасында «Ұлытау техникалық университетінің 2024-2028 жылдарға арналған кампус құрылысы және жұмыс істеуі жөніндегі» Жол картасына қол қойылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/873675
Жыл соңына дейін 2 мыңнан астам ақмолалық тұрғын үймен қамтамасыз етіледі 16.11.2024
Республика күніне орай Көкшетауда тағы 20 отбасы жаңа пәтер иесі атанды. Жаңа үй әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан және қаланың келешегі зор аудандарының бірінде тұрғызылған. Жақсартылған деңгейдегі жөндеуі бар пәтерлер «Ақ бидай» тұрғын үй кешенінен әлеуметтік осал топтар үшін жаңа механизм бойынша сатып алынған.«Өткен жылдан бастап пәтерлерді сатып алудың жаңа механизмі енгізілді. Тұрғын үйді таңдау талаптары күшейтілді, белгілі бір жайлылық классы мен қажетті инфрақұрылымы бар баспаналарды ғана сатып алуға рұқсат етіледі. Барлық шаралар кешені шамамен 2 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ең бастысы - тұрғын үй кезегін қысқартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі шара – қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған Президент саясатының нақты іске асуы», - деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Айта кетейік, үйлерді кейін жекешелендірілеуге болады. Бұл механизм алғаш рет Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында іске қосылды.«Бүгін ұлым көптен күткен пәтерін алды. Пәтер жылы, жарық, жайлы, төбесі 3 метрге жуық. Жақын жерде мектеп, балабақша бар. Ыңғайлы тұрғын үймен қамтамасыз еткені үшін Президентімізге алғыс айтамын», - деп қуанышымен бөлісті көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері Назым Кенжеғалиева.Айта кетейік, өңірде барлық бағдарламалар бойынша 2000-нан астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 2024 жылы Көкшетауда 600 отбасы, ал облыстың басқа аудандарында шамамен 1500 отбасы тұрғын үймен қамтылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/871238
Бурабай ауданының тұрғындары жаңа пәтер кілттерін алды 16.11.2024
Республика күні қарсаңында Ақмола облысы Бурабай ауданының 50 отбасы жаңа пәтер иелері атанды. Бурабайлықтар көптен күткен жаңа әрі жайлы санаттағы пәтерлерді аудан әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алды. Жаңа тұрғын үйдегі пәтерлердің кілттерін облыс әкімі Марат Ахметжанов тапсырды.«Біздің Президентіміз ең алдымен еліміздің әрбір тұрғынының әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға ерекше назар аударады. Мұндағы маңызды бағыттардың бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі», - деп атап өтті аймақ басшысы.Айта кетейік, жаңа үйдегі баспаналар таңдау талаптары күшейтілген пәтер сатып алудың жаңа механизмі бойынша сатып алынды. Тұрғын үй кешені Бурабай кентінің жатын аудандарының бірінде орналасқан, жақын маңда тұрғындарға қажетті әлеуметтік нысандар бар.«Біз мемлекетімізге шексіз ризамыз. Міне, еліміздің басты мерекесі қарсаңында мен жаңа пәтердің кілтін аламын. Әрбір тұрғынға біздің Президентіміз сыйлаған осындай қуанышқа ие болуды тілеймін», - деп бөлісті үш бөлмелі жаңа пәтер иесі атанған Бурабай кентінің тұрғыны Бағила Қасенова.«Пәтеріміздің төбесі биік, бөлмелері жарық. Ішкі жұмыстар өте сапалы орындалған. Кіреберістен бастап пәтеріміз өте жылы және жайлы. Біз аса қуаныштымыз», - деді көпбалалы ана Әсел Бектемірова. Сондай-ақ, бүгін облыс орталығының 20 отбасы жаңа пәтерлердің кілттерін алды.Облыста осы жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 900-ге жуық пәтерді, оның ішінде облыс орталығында 600-ге жуық пәтерді тапсыру жоспарлануда. Барлық бағдарламалар бойынша өңірдің 2000-ға жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/871775
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Республика күнімен құттықтау 16.11.2024
Құрметті ақмолалықтар! Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүрекпен құттықтаймын!Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы 1990 жылы қабылданған декларация біздің еліміздің егемендігі мен тұрақтылығына, дамуына жасалған алғашқы қадам болды.Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Қазақстанның тарихи таңдауын айқындаған Егемендік декларациясы – елдігіміздің берік тұғыры. Онда мемлекетіміздің аумақтық тұтастығының мызғымастығы, халқымыздың жалпыұлттық бірегейлігін нығайтуға ұмтылысы және азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі нақты көрініс тапқан. Осы басты қағидаттар Конституциямызда, заңдарда және Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарын белгілейтін басқа да құжаттарда көрсетілген» деген болатын.Еліміз аз ғана уақыттың ішінде тұрақты экономикалық жүйесін құрып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, ел ішіндегі бірлікті нығайтуда. Ынтымақ пен тілеулестіктің арқасында халқымыз табысқа кенеліп отыр. Халықаралық кеңістікте де айта қаларлықтай жетістікке жетуде. Еліміздің жастары ірі интеграциялық идеялар мен бейбітшілік бағытында белсенді жұмыс істеп, өркениетке құлаш ұрудың көшбасшыларына айналуда.Біздің өңірдің тұрғындары да еліміздің басты мерекесін толайым табыспен қарсы алуда. Мемлекеттің нақты қолдауын пайдалана отырып, жігерлі жұмыс істеген диқандарымыз соңғы он жылда болмаған өнім өсіріп, астық молшылығын жасады. Ауылға арналған жайлы мектептер, медицина мекемелері тұрғызылуда. Ал, қалаларда жаңадан бой көтерген тұрғын үйлер тұтас шағын аудандарға айналды. Көктемгі су тасқыны тәрізді табиғат сынынан сүрінбей өтіп, барлық жапа шеккен адамдарға көмек көрсетілді. Бұл бағытта орасан зор жұмыс істелді.Құрметті жерлестер!Бүгінде облысымыз еліміздегі астықты өңірге айналып отыр. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жүк көліктері, алтын мен азық-түлік өндіріледі. Қол жеткізген табыс өңіріміздің әрбір тұрғынының еселі еңбегімен келіп отыр. Сол үшін сіздерге рахмет. Алдағы уақытта еңбексүйгіштік еселеніп, туған жерге деген перзенттік махаббаттың арқасында бұдан да биік көрсеткіштерге қол жеткізетінімізге сенемін.Жарқын әрі шаттыққа толы мереке әрбір ақмолалықтың отбасына ырыс пен бірлік әкелсін. Қазақстанда бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен гүлдену болсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/871861
Ақмола облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті 16.11.2024
Бүгін Көкшетаудағы Ту тұғыры алаңында Қазақстан Республикасы күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, сондай-ақ қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері, өңір жастары қатысты. Ту көтеру рәсімі Мемлекеттік гимннің сүйемелдеуімен іске асты.Жиналған жұртшылықты құттықтай отырып өңір басшысы аталмыш мерекенің Қазақстан халқының бірлігі, патриотизмі мен ұлттық санасының нышаны ретіндегі маңыздылығын атап өтті.Іс-шара аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ақмолалықтарға «Еңбек ардагері» медалі мен «Жомарт жан» төсбелгісі табысталды. Оған қоса, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, су тасқынымен күреске атсалысқан азаматтар құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Айта кетейік, Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі Ақмола облысының қалалары мен аудандарында да өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/871895
Астанадағы жәрмеңкеге Ақмола облысынан 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысуда 16.11.2024
Ақмола облысы Астананың айналасында азық-түлік белдеуін құрудың негізгі буыны болып табылады және республикадағы дәнді дақылдардың төрттен бір бөлігінен астамын өндіреді. Осындай ұранмен елордада өңір тауар өндірушілерінің қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Аграршылардың сөрелерінде аймақтың бетке ұстар кәсіпорындары ұсынған 40-тан астам азық-түлік түрі қойылды.Ақмолалық өндірушілер елордаға барлығы 300 тоннадан астам өнім алып келді. Жәрмеңкедегі өнім бағасы нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен.«Біздің өнімімізге 20 жылдан астам уақыт бойы сұраныс жоғары. Біз ет және ет өнімдерін өндірумен айналысамыз», – деп бөлісті Бурабай ауданының «Жас» ЖШС басшысы Зауре Ғалиақпарова.Жәрмеңке тиімділігін елордалық тұрғындардың ұсынылған өнімнің сапасы, кең ассортименті және қолжетімді бағалары туралы көптеген оң пікірлері дәлелдейді. Астана қаласының тұрғыны Күләш Қожахметова жәрмеңкеге жыл сайын келеді.«Бүгін отбасыма ұнаған ақмолалық өндірушілердің ет және сүт өнімдерін сатып ала алғаныма қуаныштымын. Бағалар мен ассортимент көңілімнен шықты», – деп бөлісті К.Қожахметова.Облыс әкімі Марат Ахметжанов жәрмеңкеге алғашқылардың бірі болып келіп, ұсынылған өнімдер ассортиментімен танысып, астаналықтардың тілектерін тыңдады.«Демалыс күнгі жәрмеңкелерді» өткізу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және халықты нарықтағыдан 10-15% төмен бағамен табиғи азық-түлікпен қамтамасыз етуге оң әсер етеді. Бұл фермерлер үшін де тиімді, өйткені делдалдар саны едәуір азаяды», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан.Ақмола облысы – тұрғындарға өнімдерді жеткізуде көмек көрсететін еріктілері бар жалғыз өңір. Жәрмеңкедегі еріктілер қызметі дәстүрге айналып келеді. Бұл жолы да елорда тұрғындарының сатып алған өнімдерін артып-тиеуге және тасымалдауға көмектескен 50-ден астам жас волонтер келді.Сондай-ақ, келушілердің назарына өңір әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Айта кетейік, Ақмола облысы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне тұрақты түрде елеулі үлес қосып, республика бойынша дәнді дақылдардың көп бөлігін қамтамасыз етеді. Биыл өңір 6,6 миллион тонна астық жинап, елдің астық орталығы мәртебесін тағы да дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/871990