Enbekshi QazaQ

Бизнес

Марат Ахметжанов Бұланды ауданының әкімдігіне жұмыс әдістерін қайта қарауды тапсырды 16.11.2024
Макинск қаласында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Бұланды ауданының тұрғындарымен есептік кездесуі өтті, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелері талқыланды.Өңір басшысы өз сөзінде іске асырылып жатқан жобаларға егжей-тегжейлі тоқталып, аудан дамуының негізгі үрдістері туралы айтып берді.«Ел Президенті өз Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті ашудың маңыздылығын атап өтті. Ауданның өнеркәсіп секторы жақсы өсімге ие, оның аумағында Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасы — Макинск құс фабрикасы орналасқан. Облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміндегі аудан үлесі 5,9% құрайды, бұл ауданның оң имиджін қалыптастырады. Алайда, осы кәсіпорынды есепке алмағанда, бұл көрсеткіш 1,8%-ға дейін төмендейді. Ауданның әлеуеті тиімді пайдаланылмай келеді. Жалғыз ірі өндіріске тәуелді болмай, өнеркәсіпті әртараптандыру қажет», - деп атап өтті Марат Ахметжанов.Аймақтың ыңғайлы логистикалық орналасуына байланысты астықты терең өңдеу бойынша тиімді өндірісті құру үшін қолайлы жағдайлар бар. Ұн мен макарон өнімдерін шығаруға инвестиция тарту мәселесін қарастыру маңызды. Сонымен қатар, Ақмола облысы бидай өсіру және ұн өндіру бойынша ел көшбасшыларының қатарына кіреді, бұл макарон, нан-тоқаш өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісінде жергілікті шикізатты пайдалану үшін кең мүмкіндіктер ашады.Ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін шешу үшін инвестицияларды тартуға ерекше назар аударылады. Осы жылы 10-ға жуық жоба – қонақ үй кешені, кафе, материалдық-техникалық қоймалар, сауда үйі, электр беру желілері және т. б. құрылысы туралы мәлімделді.Ауданда ауыл шаруашылығы саласы белсенді дамып келеді, өсімдік шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлінеді. Егін жинау қорытындысы бойынша аудандағы жалпы астық көлемі 390 мың тоннаны құрады. Астықтың орташа өнімділігі 20 ц/га. Өңір басшысы ауданда жеткілікті экономикалық әлеует бар екенін, аудан басшылығына ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығы саласын дамыту қажеттігін атап өтті.«Жеңілдетілген қаржыландыру ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына әсер етуі тиіс, бөлінген ақшаны Ауыл шаруашылығын дамытуға, еңбек өнімділігін арттыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бағыттау қажет. Бірте-бірте қайтарымсыз субсидиялардың орнына жеңілдікті кредиттеу жүйесі әзірленетін болады, мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өтті» - деп мәлімдеді өңір басшысы.Марат Ахметжанов ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға және табысын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың рөліне ерекше тоқталды. Бұл «Ауыл аманаты», «Кең дала», «Дипломмен ауылға» және т. б. бағдарламалар шеңберінде жеңілдетілген қаржыландыруды меңзейді.Сондай-ақ, кездесу барысында тұрғын үй және жол құрылысы, ТКШ, білім беру, Прохоровка-Колоколовка бөгетін күрделі жөндеу, Иванковка бөгетінің су төгетін арнасын кеңейту және нығайту бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мәселелер қозғалды.Марат Ахметжанов аудан әкіміне жұмыс тәсілдерін қайта қарауды және түпкілікті нәтижеге бағдарлана отырып, ЖАО-ның барлық құрылымдарының қызметін мұқият жоспарлауды, қажет болған жағдайда бизнес-құрылымдарды сүйемелдеуді және іске асырылып жатқан жобалар мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықты уақытылы хабардар етуді тапсырды.Тұрғындар залда сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, тұрғын үй беру, инфрақұрылымды дамыту бойынша және басқа сұрақтар қойылды.Кездесу соңында облыс әкімінің алғыс хаттарымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар тұрғындар марапатталды.Жеке қабылдауда аудан тұрғындары тұрғын үй, ауылдық елді мекендерде инфрақұрылым жүргізу және т. б. мәселелерді көтерді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/874948
Қарағанды облысында мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері кеңейіп келеді 16.11.2024
Жыл басынан бері Қарағанды облысында 1100 мүгедек адам жұмысқа тұрды. Есту және көру қабілеті бұзылған адамдарға мүмкіндіктер жасауға ерекше назар аударылуда. Мұндай санаттағы адамдар үшін 13 арнайы жұмыс орны құрылды.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен өткен кезекті кеңесте мүгедектігі бар өңір тұрғындарын жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс нәтижелері мен жоспарлары талқыланды.Өңірде мүгедектігі бар 55 мыңға жуық адам тұрады, олардың 30 мыңға жуығы еңбекке қабілетті жаста.Қалалар мен аудандардың әкімдіктері мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға дайын кәсіпорындардың тізбесін қайта қарап, кеңейтті, квотаны 113-тен 219 жұмыс орнына дейін ұлғайтты.– Бүгінгі таңда мүгедектігі бар 1435 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтамасыз етілді, оның ішінде 1107 адам жұмысқа орналастырылды. Бұған бос жұмыс орындары, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, "Күміс жас", "Жастар тәжірибесі", "Бірінші жұмыс орны" жобаларына қатысу кіреді, – деп атап өтті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.Сондай-ақ, аймақта "Террикон алқабы" базасында IT-мамандықтарды қоса алғанда, сұранысқа ие мамандықтар бойынша курстар ұсынылады. Жоба бойынша үш жылда 300 адамды оқыту жоспарлануда. Сонымен қатар, өз ісін дамытуға грант алу мүмкіндігімен кәсіпкерлікке оқыту жүргізіледі.Әкімнің мүгедек адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Нияз Сүндеталиев ақыл-есі кем адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін көтерді.Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселені қарастыруды тапсырып, мүгедектігі бар бірде-бір адам назардан тыс қалмауы тиіс екенін атап өтті.– Қалалар мен аудандардың әкімдері бұл жұмысқа белсенді қатысуға тиіс. Жұмыспен қамту мәселесімен нақты айналысу, мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық өмірге тарту маңызды. Олардың жұмысына жағдай жасау керек, өйткені олар шынымен жұмыс істегісі келеді. Біз оларға осындай мүмкіндік беруіміз керек, – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874800
Қарағандыда оқушылар арасында облыстық "Қасым оқулары" байқауының жеңімпаздары анықталды 16.11.2024
Қарағандыда алғаш рет "Қасым оқулары" облыстық байқауы өтті. Өңірдің барлық қалалары мен аудандарының оқушылары белгілі қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың өлеңдері мен әндерін орындауда, сондай-ақ өз шығармаларын оқуда бақ сынасты.Байқау 8–11 сынып оқушылары арасында өтті. Ұйымдастырушы "Сарыарқа дарыны" балаларға арналған қосымша білім берудің өңірлік ғылыми-практикалық орталығы болды.Финал "Кәусар" Оқушылар сарайында өтті. Оған қалалық және аудандық кезеңдердің 50 жеңімпазы қатысты.– Біз үшін ең бастысы – оқушылардың Қасым Аманжоловтың поэзиясына деген қызығушылығын арттыру. Олар оның поэтикалық сөзінің толық қуатын түсінуі маңызды, – дейді "Функционалдық сауаттылықты дамыту" зертханасының меңгерушісі Марғұлан Әлім. – Әрине, біз жас ақындарды қолдап, оларды көпшілік алдында көрсетуге мүмкіндік бергіміз келді. Мұндай іс-шараларға қатысу шығармашылық ойлау мен өзіне деген сенімділікті дамытуға көмектеседі, сонымен қатар әдебиет пен өнерге деген сүйіспеншілікті нығайтады. Біз жыл сайын "Қасым оқулары" байқауын өткізуді жоспарлап отырмыз.Үздік оқырмандар мен вокалистер үш номинация бойынша анықталды. Алғашқы орындардың барлығы Қарағанды мектептерінің оқушыларына берілді."Өзге емес, өзім айтам өз жайымды…" номинациясында Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Арман Мейрамбай үздік атанды."Берейін өмірімнен өлең жасап..." санатында арнайы қазылар алқасы № 61 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Изат Нұрғасырды марапаттады. Сол мектептің тағы бір оқушысы Алина Наурызбай "Өзіммен бірге өлмесін, өлеңім деп..." номанициясында үздік атанды.Номинациялардың әрқайсысында екінші және үшінші орын алғандар да анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874857
Қарағандылық өрт сөндірушілер шетелдіктерге арналған жаттығу өткізді 16.11.2024
Қарағандыда шетелдік студенттерге өрт болған жағдайда әрекет ету ережелері туралы айтылды. Оқу-жаттығу медициналық университеттің жатақханасында өтті. Олар теорияны да, практиканы да қамтыды."Оқу-жаттығудың мақсаты – өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпараттандыру, жатақханаларда өрт қаупін азайту", – деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.Мамандар дәріс оқып, түсінікті болу үшін өрт шыққан жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы бейнероликтер ұсынды.Практикалық сабақта эвакуациялау жоспары пысықталды. Сондай-ақ студенттерге өрт сөндіргішті қалай пайдалану керектігі көрсетілді.Оқу-жаттығуға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874868
Skills Enbek платформасындағы кейбір ақылы курстар әлеуметтік осал топтағы қазақстандықтарға тегін ұсынылады 16.11.2024
Skills Enbek платформасында «Әлеуметтік» қосымшасы құрылды, онда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қазақстандықтарға кейбір ақылы курстар бойынша тегін негізде оқуға мүмкіндік беріледі.Оқытуды бастау үшін азаматтарға «Әлеуметтік» қосымшасындағы курсты таңдау кезінде ЭЦҚ арқылы олардың мәртебесінің сәйкестігін растау қажет. Тексеруден сәтті өткеннен кейін курс пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді болады.Қазіргі уақытта жаңа бөлімде киіз басу және тігу сияқты қолданбалы мамандықтар, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік білім беру дағдылары бойынша сурдо аудармасы бар бірнеше курстар бар. Бұл курстарды USAID қолдауымен «Инклюзивті қолөнер» жобасы аясында «Qolqanat Foundation» қоғамдық қоры әзірледі.Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek платформасы маркетплейс қағидаты бойынша курстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық аналогы болып табылады. Іске қосылғаннан бері Skills Enbek-те әртүрлі бағыттар бойынша 600-ден астам курстар орналастырылды, олардың жартысы тегін қол жетімді. Платформа қазірдің өзінде 474 мыңнан астам тіркелген пайдаланушыларды тартты, олардың 390 мыңнан астамы оқуды сәтті аяқтады.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874664
Байқоңырға, Фукуокқа (Вьетнам), Сингапурға және басқа қалаларға халықаралық рейстерді ашу бойынша жаңа келісімдерге қол жеткізілді 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі жаңа халықаралық бағыттарды ашу және қолданыстағы бағыттар бойынша, оның ішінде шетелдік әуе компаниялар бойынша рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жалғастыруда.Мәселен, осы жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Т.Т. Ластаев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) өткен Әуе қатынасы туралы келіссөздер жөніндегі ИКАО (ICAN-2024) іс-шарасына қатысты.ICAN-2024 16-шы рет өткізілді және халықаралық рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейту бойынша Ұйымға мүше елдердің кездесулерін ұйымдастыру мақсатында өткізілетін ИКАО-ның маңызды іс-шараларының бірі болып табылады.Іс-шараға ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано мырза қатысты және ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша 70-тен астам елден 700-ден астам қатысушы болды, оның барысында 800-ге жуық екіжақты келіссөздер жүргізілді. Қатысушылар арасында қатысушы елдердің азаматтық авиация саласына жауапты 14 Министр мен министрлердің орынбасарлары болды.ICAN-2024 алаңында ИКАО кеңесінің президенті С. Шаккитано мырзаның қазақстандық делегациямен кездесуі өтті. Шаккитано мырза Қазақстан Республикасының елдегі әуе тасымалы нарығын ырықтандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарының барысын жоғары атап өтті және 2025 жылы Қазақстан Республикасына бару ниетін растады.Осы іс-шара аясында қазақстандық делегация Ресей Федерациясының, Сингапурдың, Малайзияның, Ұлыбританияның, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Вьетнамның, Грузияның, Марокконың, Эфиопияның және Руанданың авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізді, оның қорытындысы бойынша елдермен тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Қазақстандық делегация сондай-ақ Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары В.В. Потешкинмен кездесу өткізді, оның барысында ғарыш станциясына туризмді дамыту мақсатында Қазақстан мен Ресейден Байқоңыр қаласына әуе қатынасын орнату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, 4 елмен (Вьетнам, Марокко, Эфиопия, Руанда) рұқсат етілген жиіліктер саны 5 еседен астам ұлғайтылды (аптасына 14-тен 73 рейске дейін). Сондай-ақ, 5 елмен (Сингапур, Вьетнам, Марокко, Эфиопия, Грузия) "ашық аспан" режимі орнатылды, оның ішінде тасымалдаушыларға "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалану құқығы берілді. Сонымен қатар, келіссөздер барысында Ұлыбританияға рейстерді орындау құқықтары бекітілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/874734
Күзгі-қысқы маусым: жаңа халықаралық әуе маршруттар мен қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер ұлғаяды 16.11.2024
ҚР Көлік Министрлігі жаңа халықаралық маршруттарды ашу және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.Күзгі-қысқы кезеңнің басынан бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Таиландқа, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Сауд Арабиясы Корольдігіне жаңа халықаралық бағыттарды іске қосады, сондай-ақ қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын көбейтеді.Осылайша, әуекомпания ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап аптасына 3 рейс жиілігімен Астана – Пхукет (Таиланд) бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашты;Атырау – Дубай (БАӘ) бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен әуе қатынасын ашты;28 қазаннан бастап Алматы – Фукуок (Вьетнам) аптасына 2 рейс жиілігімен және желтоқсаннан бастап аптасына 5 рейске дейін ұлғайтумен іске қосылды;29 қазаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Медина (Сауд Арабиясы) бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосты;30 қазаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Астана – Әбу-Даби (БАӘ) әуе қатынасын іске қосты;12 желтоқсаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Әбу-Даби (БАӘ) бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосады;"Air Astana " әуекомпаниясы Дубайға Алматы қаласынан (аптасына 7 – ден 11-ге дейін) және Астана қаласынан (7-ден 9-ға дейін), Астана-Сеул бағыты бойынша (2-ден 3-ке дейін) рейстер санын көбейтуде.Жаңа авиамаршруттардың ашылуы, сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санының артуы жолаушыларға қысқы кезеңде, сондай-ақ жаңа жылдық каникул кезінде демалысты жоспарлау үшін көбірек мүмкіндіктер береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/874647
Теміртауда дзюдодан халықаралық турнир өтеді 16.11.2024
Теміртауда ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амантай Айдархановты еске алуға арналған "Магнитка жұлдыздары" атты дзюдодан XXIII халықаралық турнир басталды. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан спортшылары қатысады. 20-дан астам команда 2008–2009 жылдары туылған 700-ге жуық ұлдар мен қыздарды ұсынады.Турнир Qarmet спорт кешенінде төрт күн бойы өтеді. 29–31 қазан аралығында жеке біріншіліктер, ал 1 қарашада командалық жарыстар өтеді. Барлық ниет білдірушілер келіп, қатысушыларды қолдай алады.Жеңімпаздар медальдармен, кәдесыйлармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Турнир соңында оқу-жаттығу лагері жоспарланған, онда әрбір дзюдошы құнды халықаралық тәжірибе жинақтай алады."Магнитка жұлдыздары" турнирі дзюдошыларды ел чемпионатына дайындауда да маңызды рөл атқарады.Жарысты ұйымдастырушылар – Теміртау әкімдігі, Qarmet компаниясы, Қарағанды облысының дзюдо күрес федерациясы және Jenyc кәсіби клубы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873108
Теміртауда қайта жасақталған өрт сөндіру депосы ашылады 16.11.2024
Теміртауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылады. Оның қажеттілігі жайлы көптен бері айтылып келеді. Мәселе облыстық әкімдіктің қолдауымен шешілді.Бұрынғы өрт сөндіру бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеуге қаражат бөлінді. Жұмыстар аяқталуға жақын.Нысанға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барып, құтқарушылар үшін қандай жағдай жасалғанын көрді.Қайта жасақтау техникалық жарақтандыруды жақсартып қана қоймай, қызметкерлер үшін жайлылық жасауға мүмкіндік береді.Ғимарат үш қабатты. Бірінші және екінші қабаттарда әкімшілік және шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар, өрт сөндіру автотехникасының тұрағына арналған гараж орналасқан. Ал үшінші қабатта жеке құрам мен олардың отбасыларына арналған пәтерлер бар.Ескі қасбет өңсіз болған. Жаңартудан кейін ол жарқын және заманауи бола түсті. Қайта құру үшін желілі панельдер қолданылды.Ғимарат ішінде есіктер орнату және жиһаз қою қалады.Өрт сөндіруші-құтқарушыларды даярлауға арналған оқу мұнарасы бар.Қосымша өрт сөндіру депосын ашу құтқарушылардың жедел әрекет етуін арттырады. Республикалық трекке жақындығын ескере отырып, қызметкерлер қиын жағдайға тап болған адамдарға көмекке тез жете алады.– Шығуға арналған екі бірлік техника бар. Пайдалануға берілгеннен кейін өрт депосы алты шағын ауданға және Екатеринбург – Алматы тас жолына қызмет көрсетеді, онда жолдағы ЖКО мен ТЖ кезінде көмек көрсетіледі, – деді Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.Сондай-ақ, Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда Металлургтер даңғылында күрделі жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрді. Қаланың негізгі көлік артерияларының бірін қайта құру жарты ғасырда алғаш рет қолға алынды. Жоба екі жылдық. Жұмыстар кешені қарастырылған: жол төсемін ауыстыру, жаңа тротуарлар, гүлзар аймағын абаттандыру. Нөсерлі кәріз мәселесі шешіледі. Мүгедектерге арналған бейімделген алаңдарды қоса алғанда, веложолдар, ойын және спорт аймақтары жоспарлануда.Даңғылдың ұзындығы екі жағынан шамамен үш шақырым.Бүгінгі таңда Республика даңғылынан Абай көшесіне дейінгі тақ жақтағы жұмыстар аяқталды. Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін жол белгілерін орнату ғана қалып, бұл учаске ашылуға дайын болады.Екінші учаскені асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Бейбітшілік даңғылынан Амангелді көшесіне дейінгі жұп жақтағы және учаскедегі жұмыстар келесі жылдың көктемінде жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873318
Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы тағайындалды 16.11.2024
Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды.Қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары болған Мақсат Қайрешов атқаратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873682
Теміртауда жылу желілерін қайта жаңарту жалғасады 16.11.2024
Теміртауда сапалы жылумен қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып қала береді. Бұл бағытта 2022 жылдан бастап ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы жазда қалада магистральдық желілер ғана емес, сонымен қатар квартал ішіндегі желілер де жөнделді – жалпы көлемі екі есеге жуық ұлғайтылды. Келесі жылы тағы да бірқатар жобалар жоспарланған.Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртау және Ақтау кентінің тұрғындарымен кезекті кездесуде мәлімдеді.– Жалпы, алдыңғы кездесуден кейін белгілі бір жұмыс жүргізілді. Біздің басты міндетіміз – сапалы жылумен қамтамасыз ету. Біз бұл жұмысты келесі жылы жалғастырамыз. Сараптаманың оң қорытындысы бар жалпы ұзындығы 12,3 км болатын жылу желілерінің бес учаскесін қайта жаңартуға ЖСҚ дайын, – деді өңір басшысы.Ол тұрғындарды ашық әңгімеге шақырды. Баяндамаларсыз бірден сұрақ-жауап сессиясына көшті. Теміртау мәдениет сарайындағы кездесу екі сағатқа созылды. Тұрғындар жалпы қала бойынша және нақты аулалардағы проблемалар туралы айтып берді.Мысалы, Республика даңғылы 47 мекенжайындағы көпқабатты үйдің өкілі лифт қалпына келтірілгенше күте алмайтындығына шағымданды. Оның айтуынша, тұрғындар инвестиция салуға дайын, үйде қарт адамдар көп, олар жоғарғы қабаттарға жаяу көтерілуге қиналады. Ермағанбет Бөлекпаев мәселені шешуді жеделдетуді тапсырды.ТКШ проблемалары әлі де теміртаулықтарды толғандырады. Алтыншы шағын ауданда жаңа кәріз коллекторын салу қажет. Қала әкімі Ғалым Әшімов қажетті есептеулер жүргізілгенін хабарлады.Ақтау кентінің тұрғындарына орталық қазандық қажет. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленді және мемлекеттік сараптамада. Оң қорытындыдан кейін қаржыландыру мәселесі шешілетін болады.Теміртаулықтар ашық құдықтарға назар аударды. Қауіпсіздік – ең басты міндет, деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.– Мұндай өтініштерге бірден жауап беріңіздер! Мұнда "алтын сағат" ережесі болуы керек. Дереу жабыңыздар, содан кейін бұл құдықтың кімге тиесілі екенін анықтаңыздаи, – деді облыс әкімі.Сондай-ақ қоғамдық көліктің жұмысы бойынша сұрақтар қойылды. Ермағанбет Бөлекпаев мәселе белгілі екенін және келіссөздер нәтижесінде жаңа тасымалдаушы табылғанын хабарлады.Ойын алаңдарының жай-күйі, мектептердің жанындағы жарықтандыру, қоқыстарды бөлек жинау, қаңғыбас иттердің проблемасы – теміртаулықтар кездесуде осы мәселелерді де көтерді.Ермағанбет Бөлекпаев кездесуге қатысушыларға қала өміріне бей-жай қарамағаны үшін алғысын білдірді. Бірде-бір сұрақ назардан тыс қалмайды, деп сендірді ол.Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873735
Қарағандыда 1 қарашадан бастап тұрғын үй сертификатына құжат қабылдау басталады 16.11.2024
Қарағандыда 1 қараша "Наурыз" және "Отау" жаңа ипотекалық бағдарламалары бойынша тұрғын үй сертификаттарын алуға өтініш қабылдау басталады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі хабарлады.Әлеуметтік көмекті келесі санаттағы кезекте тұрғандар пайдалана алады:Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктері бойынша оларға теңестірілген ардагерлер, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағында соғыс әрекеттерінің ардагерлері;бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;мүгедек балалары бар немесе сондай бала тәрбиелеп отырған отбасылар;тізімді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;жасы бойынша зейнеткерлер;жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;қандастар;экологиялық зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару, әскери қызмет, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) отбасылары;толық емес отбасылар.Мемлекеттік қызметке өтініш "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі (еgov.kz).Қажетті құжаттар:1. Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық өтініш.2. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда, жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (мүгедек балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар). Соңғы 6 айдағы кірістер туралы анықтама.3. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлем сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы екінші деңгейдегі банк хатының электрондық көшірмесі.Толығырақ ақпарат алу үшін және сұрақтармен мына мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды, Чкалов көшесі, 7, каб. 301. Телефон: (8-7212) 95-56-01.Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873962
Қарағандыдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 500 тоннадан астам өнім ұсынылады 16.11.2024
Қарағандылықтарды 2 қараша күні кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады.Онда облыс аудандарының өндірушілері өнімдерін ұсынады. Саудаға 500 тоннадан астам ет, балық, сүт өнімдері мен көкөністер дайындалды. Сондай-ақ, жұмыртқа, бал, шұжықтар, қолөнер бұйымдарын және т. б. сатып алуға болады.Басталуы 09:00.Жәрмеңке Global city СОО аумағында 134-ші есептік тоқсан, 921-ғимарат мекенжайы бойынша өтеді.Жәрмеңкеге келесі автобустармен жетуге болады: 5, 19, 31, 40, 56, 63, 70, 146, 02, 29.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873969
Балқашта медициналық қызмет сапасы жақсарып келеді 16.11.2024
Балқашта жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы 30 жыл ішінде алғаш рет өз ғимаратына ие болды. Оны қайта құру кезінде инженерлік жүйелер жаңартылып, төбесі ауыстырылды. Сондай-ақ, өртке қарсы қауіпсіздік және бейнебақылау жүйелері орнатылған.– Бұрын Балқаштың жедел медициналық жәрдем бригадалары стационар жанындағы жеке бөлінген үй-жайларға орналастырылған болатын. Кейінде жедел жәрдем бригадаларының еңбек жағдайларын жақсарту қажеттілігі ерекше байқалды. Осыған байланысты ескі ғимаратты қайта құру туралы шешім қабылданды. Қосалқы станцияда алты жедел жәрдем бригадасы бар, олар бір жыл аралығында 30 мыңға дейін шақыруға шығып, медициналық қызмет көрсетеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін екі диспетчерлік бекет бар. Демалыс бөлмелері, көліктерге арналған жуу, тұрақ және жөндеу секілді үш бокс қарастырылған, – деді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының м. а. Ақылбек Сарбаев.Балқашқа жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл шешімдер Балқаш өңірінің 80 мың тұрғынына медициналық көмек көрсету сапасын жақсартатынын атап өтті.Сондай-ақ, балқаштықтар облыс орталығына бармай-ақ уақтылы медициналық көмек алуы үшін ауданаралық ауруханаға 25 жас маман тартылды: анестезиолог-реаниматолог, травматологтар, невропатологтар, акушер-гинекологтар, неонатологтар, педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері және т. б. Тағы 12 дәрігер резидентурада оқиды және келесі жылы Балқашқа жұмысқа келеді.Мамандар жұмыспен қамтамасыз етіліп, тұрғын үй мәселесі шешілді. Қалалық аурухана аумағында 30 пәтерлі үш қабатты ғимарат жөнделді. Олардың барлығы жиһаз және тұрмыстық техникамен жабдықталған.– Мен Приозерск қаласының тумасымын. Алматыда оқып, Балқашқа жұмысқа келдім. Маған екі бөлмелі пәтер берді. Толық жабдықталған, барлық жағдайлар бар. Барлығы ұнайды, – деп бөлісті жалпы тәжірибе дәрігері Жадыра Сетенова.30 жас маман жаңа қоныстанушы атанды.Облыс бойынша биыл барлығы 130 пәтер берілді.Ал қалалар мен аудандарға дәрігерлерді тарту үшін көтерме сомасы 1,5 млн теңгеден 8 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.Өзгерістер Балқаш көпсалалы ауруханасы емханасының базасында да орын алып, алғашқы үздік тәжірибелер орталығы ашылды. Медициналық мекеме заманауи диагностикалық жабдықтармен жабдықталған.Орталықта кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек алуға болады. Сондай-ақ, "Халық кеңесі" қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, онда тұрғындар өз өтініштерін қалдыра алады. Салауатты өмір салты кабинеті және барлық тілек білдірушілер үшін денсаулық мектебі ашылды.– Мұнда медициналық, әлеуметтік және психологиялық қызметтердің симбиозы – отбасылық медицина принципі қарастырылған. Отбасылық дәрігер, қамқоршы медбике, акушер, психолог және әлеуметтік қызметкерден тұратын көпсалалы топ белгілі бір отбасымен айналысады, ауруларға әкелетін себептерді анықтайды. Орталық "науқастың 5 минутта байқағаны" қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Тіркеуден бастап-ақ пациент 5 минут ішінде өзіне қажетті ақпаратты алуы керек. Кіре берісте екі инфотабло бар, сұрақтарға жауап беретін жүйелік әкімші бар. Биыл біздің мемлекетіміз Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының бес отбасылық дәрігерлерімен толықты, – дейді Балқаш көпсалалы ауруханасының директоры Серікбол Түсіпбеков.– Сіздер Мемлекет басшысының медицинаны қолдау, осы бағытты жаңғырту және халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету жөніндегі бастамасы туралы білесіздер. Біз осы тапсырма аясында медициналық нысандарды ашып, инновациялар енгізіп жатырмыз – мұның бәрі халыққа сапалы қызмет көрсету үшін. Біз өз тарапымыздан осындай бастамаларды қаржылай қолдаймыз. Біз үшін бірінші кезектегі міндет – осындай нысандарды мүмкіндігінше ашу. Ол үшін біз тұрғын үй саламыз, мамандарға осы медициналық мекемелерде жұмыс істеу үшін көтерме жәрдемақы береміз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Бұл Қарағанды облысындағы үздік тәжірибелердің бесінші орталығы. Оның басты мақсаты – медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, шағымдардың санын азайту және халықтың медициналық сауаттылығын жақсарту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873980
Қарағандылық самбошылар әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды 16.11.2024
Қарағандылық спортшылар самбодан шеберлер арасындағы әлем чемпионатында алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Болат Манабаев, Зейнолла Махметов және Дәурен Есімханов ерекше көзге түсті.Жарыс Душанбеде (Тәжікстан) өтті. Медальдар үшін 13 елден 400-ге жуық спортшы күресті. 35 жастан асқан самбошылар жеті жас санатында өнер көрсетті.Қарағандылықтардың қоржынында үш медаль бар. Болат Манабаев М6 (60-64 жас) жас санатында үздік атанды. Зейнолла Махметов (М5 – 55–59 жас) және Дәурен Есімханов (М2 – 40–44 жас) қола жүлдеге ие болды.– Менің салмағымда 11 қатысушы болды. Мен бірінші жекпе-жекте өзбек спортшысынан басым түсіп, екіншісінде ресейлік спортшыны жеңдім. Жартылай финалда моңғол самбошыларынан жеңіліп қалдым. Үшінші орын үшін күресте ол ресейлікті жеңдім. Енді келесі жолы бірінші орын алу үшін қателіктермен жұмыс істейтін боламын, – дейді Қарағанды облысының олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Дәурен Есімханов.Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орын алды: 11 алтын, 14 күміс, 19 қола.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874016
Балқашта жылу желілерінің тозу көрсеткіші төмендеп келеді 16.11.2024
Балқашта магистральдық жылу желілерін қалыпқа келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, магистраль ішіндегі және орамішілік жылу желілерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл 25 км жөнделді. Осылайша, қаладағы желілердің тозуы 75-тен 65%-ға дейін төмендеді.Жаңарту жұмыстары жылумен жабдықтау сапасын жақсартуға және жүйеде қысымды арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе қаланың шалғай аудандары үшін өте маңызды. Бұл бағытта не істелгені туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа Балқашқа жұмыс сапары барысында баяндалды. Қала әкімі Сапар Сатаев су құбыры және кәріз желілерін жөндеу туралы да айтып берді. Мысалы, қаланың 90-шы орамында 320 м су құбыры ауыстырылды. Ұзындығы 850 м болатын 8 Наурыз көшесіндегі құбырларды ауыстыру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ Токрау – Саяқ су құбыры бағытындағы жұмыстар жалғасуда: бүгінде 160 км апатты учаскелердің 72 шақырымы ауыстырылды. Келесі жылы осы су ағардың шамамен 20 км жаңарту жоспарлануда, бұл келесі жылы сумен жабдықтауда туындайтын проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.Ермағанбет Бөлекпаев қала жағалауына келіп, абаттандыру жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көрді. Жоба екі кезекке бөлінген: біріншісі 80%-ға аяқталды және жаяу жүргіншілер субұрқағын салуды, аумақты абаттандыруды және жарықтандыру орнатуды қамтиды.Екінші кезек тренажерлар және скейтпаркі бар спорт аймақтарын, балалар алаңдары мен демалыс аймақтарын жайластыруды көздейді. Жағалауда желкенді қайық тәрізді жеті субұрқақтан тұратын ерекше кешен болады.Сондай-ақ, жоба бойынша аумақты көгалдандыру, шағын сәулет нысандарын орнату және велосипед инфрақұрылымын құру қажет.Облыс басшысы мердігерлердің есептерін тыңдап, жобаға сәйкес барлық жұмыстарды орындауды және жоспарланған мерзімдерден қалыс қалмауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874092
Марат Қарабаев француздық CMA CGM көлік-логистикалық компаниясының өкілдерімен кездесті 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев әлемдегі ең ірі теңіз көлігі операторларының бірі француздық CMA CGM көлік-логистикалық компаниясының өкілдерімен кездесті.Кездесу барысында Қазақстанның Каспий теңізіндегі теңіз инфрақұрылымын дамытуға бағытталған негізгі жобалары және халықаралық көлік дәліздері бойынша жүк ағынын арттыру үшін контейнерлік кемелер мен паромдарды сатып алу мәселелері талқыланды.Сонымен қатар, француздық компания жергілікті кеме жасау және жөндеу мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған жобаны жүзеге асыру ниетін білдірді.Тараптар осы жобаларды одан әрі іске асыру мақсатында талқылауды жалғастыруға келісті, бұл Қазақстанның теңіз инфрақұрылымын және оның өңірдегі негізгі транзиттік торап ретіндегі ұстанымын айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік бередіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/871605
«SCAT» әуекомпаниясы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне тікелей рейстерді іске қосады 16.11.2024
Биылғы жылдың қазантайынан бастап «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы Астана – Сиануквиль және Алматы – Сиануквиль бағыттары бойынша Камбоджаға тікелей жолаушылар рейстерін іске қосады. 24 қазанда Астанадан алғашқы рейс орындалды, Алматыдан алғашқы ұшу 29 қазанда жоспарланған. Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер чартерлік негізде Boeing-757/737 Max ӘК типінде орындалатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/871875
«Vietjet Air» Фукуок – Астана бағыты бойынша рейстерді ашады 16.11.2024
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда. Мәселен, «Vietjet Air» вьетнамдық әуекомпаниясы 2024-2025 жж. күзгі-қысқы навигациясынан бастап А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Фукуок – Астана бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/871880
"Астана-Семей" бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды 16.11.2024
Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастыруда. Мәселен, "Астана - Семей" бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды."Арай Транс KZ" ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: екі плацкарт және бір купе.Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т. б. жабдықталған.Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/872077