Enbekshi QazaQ

Экономика

Қазақстан Сыртқы істер министрі Германия Елшісін қабылдады 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 7 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшісі Моника Иверсенді қабылдады.Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-герман ынтымақтастығының жағдайы мен перспективаларын талқылады. Аса маңызды шикізат материалдары, көлік және энергетика сияқты негізгі секторлардағы табысты бірлескен жобалар мен жаңа мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.Сұхбаттастар Қазақстан мен Германия арасындағы барлық деңгейдегі табысты диалогты, сауда мен инвестициялардың жоғары көрсеткіштерін, сондай-ақ тарихи байланыстарға негізделген мәдени ынтымақтастықты қанағаттанушылықпен атап өтті.Елші М.Иверсен Германия Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастыққа маңызды мән беріп, бірлескен жобаларды іске асыруға бар күшін салатынын мәлімдеді.Көлік ынтымақтастығы мәселелері талқылаудың жеке тармағы болды, бұл еуропалық стандарттарға сәйкес келетін жолдар мен басқа да инфрақұрылымдық жобаларды салу кезінде неміс технологияларын пайдаланудың арқасында логистикалық процестердің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.Сұхбаттастар өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы қыркүйекте Берлинге және ГФР-дың Федералды канцлері Олаф Шольцтың 2024 жылғы қыркүйекте Астанаға жасаған сапарлары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу соңында тараптар Астана мен Берлин арасындағы серіктестік пен байланыстарды одан әрі жан-жақты тереңдетуге өзара қызығушылық танытты.2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артып, 3,774-тен 3,997 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды. Атап айтқанда, экспорт 56,8%-ға, 741 млн-нан 1,162 млрд долларға дейін өсті. 2005-2024 жылдар аралығында ГФР-дан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялар 7,6 млрд доллар құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/933772
Қазақстанның Ватикандағы Елшісі Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын тапсырды 09.02.2025
атикан, 2025 жылғы 7 ақпан – Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі Тимур Примбетов Аса Қасиетті Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты шара Рим Папасының «Domus Santa Marta» резиденциясында өтті.Ресми қабылдау барысында Рим-католик шіркеуінің басшысы қазақ дипломатын Қазақстан Республикасының Ватикан мемлекетіндегі Елшілігінің ашылуымен құттықтап, табысты және жемісті жұмыс атқаруды тіледі.Рим Папасы Франциск Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қаңтардағы Ватиканға ресми сапарының қорытындыларын жоғары бағалады және 2022 жылғы қыркүйектегі Қазақстанға алғашқы мемлекеттік (апостолдық) сапары аясында көрсетілген жылы және шынайы қабылдау үшін тағы да алғысын жеткізді.Рим-католик шіркеуінің басшысы әлемдік саясат, әсіресе көші-қон саясаты секілді ең өзекті мәселелерді шешуде тең құқылы диалогқа негізделу қажет екенін баса айтты.Т.Примбетов, өз тарапынан, Қазақстан Республикасы Президентінің ізгі тілектерін жеткізіп, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп отырған ауқымды өзгерістер туралы қысқаша ақпарат берді. Ватиканның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі мен оның Хатшылығының жұмысына қолдау көрсетіп, белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Рим Папасы Францискке Қазақстан Президентінің ағымдағы жылғы қыркүйекте Астанада өтетін VIII Съезіне арнаған жеке шақыруын табыс етті.Қабылдау соңында Рим Папасы Франциск Қазақстан халқына бейбітшілік, амандық және өркендеу тіледі. Еліміздің одан әрі үдемелі дамуы мен халықаралық аренадағы ұстанымын нығайту үшін әлеуеті зор екенін атап өтті.Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 17 қазанда орнатылды. Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстан Республикасына алғашқы апостолдық сапарын 2001 жылғы қыркүйекте жасады. 2022 жылғы қыркүйекте Рим Папасы Франциск Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ашылуына қатысу үшін Қазақстанға мемлекеттік (апостолдық) сапармен келді. 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Президенті Ватиканға ресми сапармен барды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/933984
Қазақстан СІМ-де Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 7 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ-Икті қабылдады.Сұхбаттасу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайына баға беріп, екі елдің үкіметтері, парламенттері мен бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету қарқынына қанағаттанушылық білдірді.Министр М.Нұртілеу Астананың Сеулмен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға берік ұстанымын растады және өнеркәсіп, энергетика, жер қойнауын пайдалану, көлік, денсаулық сақтау және т.б. салалардағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілеріне назар аударды.Сонымен қатар қазақ тарапы кореялық компанияларды бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды және осы бағытта барынша көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.Өз тарапынан корей дипломаты саяси диалогты жалғастырудың әрі биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығын жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мемлекетаралық ынтымақтастықты арттыруға өзара қызығушылық білдірді және екіжақты мен көпжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша байланыстарды қолдауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/934013
Астанада Қазақстан мен Румыния ынтымақтастығының перспективалары талқыланды 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 7 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Румынияның Қазақстандағы Елшісі Мадалина Лупумен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар қазақ-румын ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ екіжақты қатынастарды одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.Р.Василенко екі ел арасындағы экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, екіжақты сауданы кеңейту және түрлі салалардағы әріптестікті нығайту үшін үлкен әлеует бар екенін мәлімдеді.Қазақстанның Еуропадағы ең ірі шетелдік активі, Румыния экономикасында маңызды рөл атқаратын және жетекші инвестор мен ірі салық төлеушілердің бірі «ҚазМұнайГаз Интернешнл» компаниясының қызметіне ерекше назар аударды.Тараптар белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға және Қазақстан-Румыния қарым-қатынастарының барлық аспектілерін нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаласты. Сондай-ақ 2025 жылға арналған іс-шаралар кестесі талқыланды.Румыния – Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропа өңіріндегі жетекші сауда және инвестициялық серіктесі (Еуропа бойынша 5-ші, әлем бойынша 12-ші орын алады). 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда екіжақты сауда көлемі 2,9 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде ҚР-дан экспорт – 2,79 млрд долл., Румыниядан импорт – 138,4 млн долл. Соңғы онжылдықта Румыния Қазақстан экономикасына 1,57 млрд доллар көлемінде инвестиция құйды. Елімізде румын капиталы бар 37 компания тіркелген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/934061
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 27,5 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді 09.02.2025
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 60,5 мыңнан астам адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 27,5 мың адам пайдаланды. Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған. ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады. Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем. Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды. Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады. Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз. Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/930165
Мүгедектікті белгілеу бойынша 8,5 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды 09.02.2025
2024 жылдын басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 8,5 мыңнан астам өтінім қаралды. Бүгінгі күні сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды.Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.Сырттай куәландыруға көшу:- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/930169
А.Ертаев Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әріптестерін Қазақстандағы көші-қон процестері туралы хабардар етті. 09.02.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Қауіпсіз, реттелген және тұрақты көші-қон жөніндегі жаһандық шарттың (бұдан әрі – GCM) іске асырылуының екінші Азия-Тынық мұхиты өңірлік шолуына қатысты, оның барысында ол өзінің әріптестерін Азия және Економика саласындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық даму саласындағы жетістіктері туралы хабардар етті cific (бұдан әрі – ЭСКАТО) БҰҰ Көші-қон желісімен бірлесіп.Оның жұмысына ЭСКАТО-ға мүше 53 мемлекеттің өкілдері және 9 қауымдастырылған мүшелер қатысты.Талқылаудың негізгі мақсаты Азия-Тынық мұхиты аймағындағы GCM қағидаттарының барысы мен жүзеге асырылуын талдау болды. ЖКМ мигранттардың құқықтарын қорғауды және көші-қон процестерінің еріктілігін, қауіпсіздігін, реттілігін және заңдылығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ мигранттарды қолдау және интеграциялау шараларын қамтамасыз етуді, олардың дамуына ықпал етуді, көші-қон саласындағы саясатты қалыптастыру процестерін жетілдіруді және т.б. қарастырады елдегі көші-қон процестерін жақсарту үшін қабылданған.«Біз мигранттарға да, қабылдаушы қоғамға да пайда әкелетін неғұрлым инклюзивті және тұрақты көші-қон жүйесін құруға ұмтыламыз.Қазақстан Үкіметі көші-қон деректерін жинау мен талдаудың сенімді институционалдық тетіктерін жасады, деректердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін әртүрлі ақпараттық жүйелерді біріктірді. Ұлттық статистика бюросы Қазақстан азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қозғалысы туралы ақпаратты жинайды», - деп бөлісті ол.А. Ертаев Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін басқа мемлекеттік органдардың, қаржылық және қаржылық емес ұйымдардың дерекқорларымен интеграциялау халықтың көші-қоны саласындағы ақпаратты жинау тиімділігін арттыратынын атап өтті.«Бұл бүкіл шетелдік жұмыс күшін автоматтандыруды және цифрлық есепке алуды қамтамасыз етеді. Міндетті түрде ЖСН қалыптастыруды бір мезгілде енгізу шетелдіктер үшін еңбек келісім-шарттары мен уақытша тұруға ықтиярхаттарды дер кезінде тіркеуге мүмкіндік береді.Біртұтас платформа процестерді бір жүйеге келтіруге, шетелдіктер мен қазақстандықтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ шетелдік жұмыс күші мен қазақстандық жұмысшылар арасындағы жалақыдағы диспропорцияны жоюға мүмкіндік береді», - деді ол мигранттардың табысты интеграциясын қамтамасыз етуге көмектесетін көші-қон процестері туралы нақты деректер.Негізгі сессиядан кейін вице-министр сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және ЭСКАТО Атқарушы хатшысы Армида Салсиах Алисьяхбанамен кездесті. Диалог барысында тараптар Қазақстан мен ЭСКАТО арасындағы негізгі көші-қон мәселелерін шешу және мигранттардың өмір сүру сапасын жақсартудағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/930630
2025 жылдың басынан бері агрегаторлар арқылы мүгедектер такси қызметін 29 мыңнан астам рет пайдаланған. 09.02.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 29,4 мың рет көрсетілді.2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 207,2 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметін көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі жәнет. б. мәселелер бар.Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады.Биыл Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдар қатарынан фокус-топтың қатысуымен жобаны пилоттық режимде іске асыру жалғасуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/931044
Қазақстан мен Түрікменстан стратегиялық диалогты нығайтуды жалғастыруда 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 3 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында қазақ-түрікмен ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, транзит-көліктік, энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Тараптар достық, тату көршілік және өзара құрмет рухындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейілділігін ерекше атап өтті. Қазақстан мен Түрікменстанның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары 2024 жылғы қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ашхабадқа жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде іске асырылу барысын жан-жақты қарастырды. Парламентаралық және үкіметаралық байланыстарды нығайту бағытында одан әрі жәрдемдесу бойынша келісті. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Соңғы екі жылда Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда көлемі тұрақты түрде 500 млн доллардан асып келеді. Мемлекет басшылары белгілеген екіжақты тауар айналымын 1 млрд долларға дейін ұлғайту жөніндегі мақсатқа жету үшін келісілген шаралар қабылдауға уағдаласты. Энергетика және көлік салаларында айтарлықтай әлеуетке назар аударылды. Осы бағыттардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындық білдірілді. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың мазмұнды күн тәртібі ерекше аталып өтті. Мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес, өткен жылы Астанада Мақтымқұлы ескерткішінің, Ашхабадта Абай мен Құрманғазы ескерткіштерінің салтанатты ашылу рәсімдері өтті, сондай-ақ Қазақстан мен Түрікменстанның мәдениет күндері ұйымдастырылды. Кездесу барысында министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша «сағаттарды теңестірді», көпжақты құрылымдар шеңберінде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ екі мемлекет бастамаларын ілгерілету барысында өзара қолдау көрсетуге мүдделілігін растады. Осыған байланысты халықаралық ұйымдар шеңберінде бір-бірінің кандидатураларын қолдау жөніндегі тиісті вербалды ноталармен алмасу өтті. М.Нұртілеу түрікмен тарапын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен Түрікменстанның ұсынысы бойынша жарияланған Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылының басталуымен құттықтады. Сыртқы істер министрлері Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері және Халықаралық Аралды құтқару қоры шеңберінде өңірлік ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Орталық Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту бойынша бірлескен күш-жігердің маңыздылығын ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/930228
Қазақстан мен Бразилия екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздеуде 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 4 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Бразилия Федеративтік Республикасының Елшісі Марсело Фортуна Биатомен кездесті. Кездесу барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, көпжақты форматтар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты. А.Рахметуллин биылғы жылы халықаралық сахнадағы бразилиялық дипломатияның белсенді рөлін атап өтіп, Белемдегі БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP30) және Рио-де-Жанейродағы БРИКС саммиті сияқты алдағы іс-шаралардың сәтті өтуін тіледі. Қорытындылай келе, тараптар екіжақты және көпжақты деңгейлерде өзара тиімді диалогты тереңдетуді жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/931065
Қазақстан ЭЫҰ төрағалығының негізгі бағыттарын белгіледі 09.02.2025
Тегеран, 2025 жылғы 3 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) Жоғары деңгейдегі комитетінің 1-ші отырысы өтті.Отырысқа Әзербайжан, Иран, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, және Түрікменстан сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, Қырғызстанның ЭЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі, сондай-ақ Түркия Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық мәселелер бойынша бас директоры қатысты.Отырысты аша отырып, Қазақстан СІМ басшысының орынбасары Ұйымды жаңа экономикалық болмысқа бейімдеу және өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін енгізу қажеттігін атап өтті.Қазақ дипломаты Қазақстанның Ұйымдағы төрағалығының басымдықтарын белгілеп, көлік-логистикалық байланысты, сауданы, технологиялық өзара іс-қимылды және ЭЫҰ-ның институционалдық дамуын, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты дамудың маңыздылығын атап өтті.Отырысқа қатысушылар сондай-ақ ЭЫҰ-ны дамытудың негізгі мәселелерін, соның ішінде Ұйымның институцияналдық әлеуетін нығайтуды талқылады. Тараптар заманауи экономикалық сын-қатерлер мен трендтерді ескеретін «ECO Vision 2035» жаңа стратегиялық құжатын әзірлеудің маңыздылығын растады. ЭЫҰ жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған құрылымдық реформаларына ерекше назар аударылды.Кездесу аясында Ә.Бақаев пен ЭЫҰ Бас хатшысы Асад М.Ханның екіжақты кездесуі өтті.Қазақстан 2025 жылы ЭЫҰ төрағасы ретінде Ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға және экономикалық интеграцияны тереңдетуге бағытталған бастамаларды белсенді түрде ілгерілетуге ниетті.Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) 1985 жылы құрылған. ЭЫҰ-ның негізгі мақсаты – мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық, техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту. ЭЫҰ-ға Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркия мүше. Қазақстанның ЭЫҰ-ға ресми қосылуы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 1992 жылғы 28 қарашада Исламабадта (Пәкістан) өткен шұғыл отырысында жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/931117
Қостанай облысының дамуы: инвестициялар, инфрақұрылым және әлеуметтік сала 09.02.2025
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел дамуының негізгі бағыттары айқындалды. Осыған сәйкес, Қостанай облысында экономикалық өсімді қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Инвестициялар және өнеркәсіпӨткен жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасына салынған инвестиция көлемі 11,7%-ға артты. 2024 жылы мемлекеттік қолдау мен жаңа инвесторларды тарту есебінен бұл көрсеткіш одан әрі өседі. Өнеркәсіптік әлеуетті дамыту мақсатында ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыттың құрылысы басталады, нәтижесінде 1 000 жаңа жұмыс орны ашылады.Президенттің тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін магистральды газ құбырының құрылысы басталады. Бұл өңірдегі елді мекендерді газдандыруға мүмкіндік беріп, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске қосуға жағдай жасайды.Агроөнеркәсіптік кешенАӨК облыс экономикасының негізгі салаларының бірі болып қала береді. 2023 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 22,1%-ға ұлғайды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау екі есе артты, бұл минералды тыңайтқыштарды қолдануды кеңейтіп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Биылғы жылы өңірде 337 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланған, оның ішінде 150 мың тоннасы көктемгі егіс жұмыстарына дейін сатып алынуы тиіс.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аграрлық секторда өнімді терең өңдеуді дамыту басты басымдықтардың бірі болып отыр. Осы бағытта өңірде биыл бидайды терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталады. Сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту арқылы ішкі нарықты отандық өніммен толық қамтамасыз ету міндеті қойылды.Инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы2024 жылы өңірде 1 300 км автожол жөнделеді, оның ішінде республикалық маңызы бар тас жолдар, ауылдарға кіреберіс жолдар және көшелер қамтылады. Сарыкөлден Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі жол және Ұзынкөл-Троебратное учаскесі толық жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Бестөбе ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі жолды жөндеу жұмыстары басталады.Ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі де басты назарда. 2024 жылы 40 жобаны жүзеге асыруға 7,7 млрд теңге бөлінді, қосымша 23 жобаға 13 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді деп күтілуде. Соңғы екі жылда ауыл халқының үйлеріне су тарту деңгейі 61,5%-дан 68,9%-ға дейін өсті.Өткен жылы 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 5 мыңнан астам отбасының баспана алуына мүмкіндік берді. “Қостанай жастары” бағдарламасы аясында 3 жыл ішінде 250 жас отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, бұл жұмыс биыл да жалғасады.Энергетика және жаңартылатын энергия көздеріӨңірдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңартылатын энергия көздері саласында 5 жоба іске асырылады. 1 күн электр станциясы, 1 газ-поршеньді станция және 3 жел электр станциясының құрылысы басталады. Бұл жобалардың жалпы құны 580 млрд теңгені құрайды, ал өндірілетін қуаттылық 1 ГВт-тан асады. Осы жобалар жүзеге асқаннан кейін облыстың электр энергиясын өндіру көлемі 10 есе артып, ішкі қажеттілікті толық жабады.Әлеуметтік салаСоңғы екі жылда облыста 40 мыңнан астам адамға сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік берген 25 медициналық нысан пайдалануға берілді. Биыл Арқалық аудандық ауруханасының перзентханасы күрделі жөндеуден өтеді, сондай-ақ Арқалық және Жітіқара аудандық ауруханалары жаңғыртылады.Білім беру саласында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын іске асыру жалғасуда. 2023 жылы 4 мектеп пен 7 балабақша салынды, биыл тағы 7 мектеп пен 5 балабақша ашу жоспарланған. Сонымен қатар, “Жұмысшы кәсіптері жылы” аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту көзделген. Өңір экономикасының индустриялық және аграрлық әлеуетін ескере отырып, жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлау басым бағыттардың бірі болып отыр.ҚорытындыҚостанай облысында инвестициялық жобаларды іске асыру, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй құрылысын кеңейту және әлеуметтік саланы жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/931095
Алматы облысында бір аптада 995 жұмыс орны ашылды 09.02.2025
Облыста халықты жұмыспен қамту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Тек соңғы аптаның өзінде 995 жаңа жұмыс орны ашылып, оның 420-сы жұмысқа орналасқан. Ең көп бос жұмыс орындары білім беру саласында пайда болды – 112 адам мектептер мен балабақшаларға, соның ішінде Қарғалы ауылындағы No1 мектеп-лицейіне, Райымбек ауданының Жастар мектебіне және атындағы орта мектепке жұмысқа қабылданды. Бейсеуова А. Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасы мен үйде мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы сияқты емдеу мекемелеріне 45 маман жұмысқа орналасты. Көлік және қойма секторында 65 адам, өнеркәсіпте 24 адам, балық шаруашылығында 15 адам, құрылыста 10 адам жұмыс істейді. Негізгі жұмыс берушілер қатарында «Жетісу Вольфрамы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Төре жайлау», білім беру және медициналық ұйымдар бар. Құрылған жұмыс орындарының жалпы санының 567-сі субсидияланса, 428-і enbek.kz порталында жарияланған. «Жаңа жұмыс орындарын құру – біздің басты міндетіміз. Біз жұмыс берушілермен жұмыс іздеушілер үшін қолайлы бос жұмыс орындарын таңдай отырып, мақсатты негізде жұмыс жасаймыз. «Облыстың әрбір тұрғынына жұмысқа орналасып, отбасын асырауға мүмкіндігі болуы маңызды», - деп атап өтті Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Матанқызы. Жалпы, 2025 жылы облыста 61,2 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда, бұл халықты қосымша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/929485
Алматы облысында мемлекеттік меншік қайтарылуда 09.02.2025
Ұшқоныр су шаруашылығы колледжі. 2016 жылы бұл нысан сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Алайда, инвестор келісімшарт бойынша 66,6 млн теңге инвестиция салу міндеттемесін орындамаған. Осыған байланысты сот шешімімен мүлік қайтадан мемлекеттік меншікке қайтарылды.Есік көлі бөгеті және 141,6 га жер учаскесі. 2018 жылғы тендердің шартына сәйкес, инвестор 1,1 млрд теңге көлемінде инвестиция салуға тиіс болған. Алайда, бұл міндеттемелер орындалмаған. 2024 жылы сот шешімімен нысан мемлекетке қайтарылды.Ағымдағы жылы жалпы сомасы 23 млрд теңгеден астам инвестиция тарту туралы келісім жасалып, бұл нысанды кешенді қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған. Нәтижесінде, су тапшылығы мәселесі шешіліп, ауыл шаруашылығы, жергілікті тұрғындар мен туризм инфрақұрылымына оң әсер етеді деп күтілуде.Қаскелеңдегі Өнер мектебінің екі ғимараты. 2015 жылы мемлекет 134 млн теңгеге сатып алған бұл нысанға қатысты келісімшарт 2023 жылы сот шешімімен жарамсыз деп танылды. Апелляциялық шағымдану нәтижесінде ғимараттар коммуналдық меншікке қайтарылды.Алматы экономикалық колледжі. Алғашында оның дамуына 100 млн теңге инвестиция қарастырылғанымен, кейін бұл сома 10 млн теңгеге дейін қысқартылған. Келісімшарт шарттары мүлде орындалмағандықтан, колледж мемлекетке қайтарылды.7 су шаруашылығы нысаны. Келісімшарттық міндеттемелердің тиісінше орындалмауына байланысты 2024 жылы бұл нысандар жергілікті атқарушы органның бақылауына өтті.Мемлекеттік активтерді тиімді басқару және инвестиция тарту мақсатында коммуналдық мүлікке ауқымды түгендеу жүргізілді. Оның нәтижесінде 967 бос, апатты және иесіз ғимарат анықталды. Оның ішінде 427 жеке меншік нысан апатты жағдайда болып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні, сондай-ақ елді мекендердің сәулеттік келбетіне кері әсер ететіні белгілі болды.Жүргізілген талдау нәтижесінде 304 пайдаланылмайтын нысан бойынша жиынтық тізім жасалып, оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыратын Жол карталары бекітілді. 188 иесіз нысанды мемлекет меншігіне қайтару мақсатында оларды ресми түрде иесіз деп тану рәсімдері жүргізілуде.Қаржы басқармасының мәліметінше, бұл ғимараттардың бір бөлігі бұзылып, кейбірі аукционға қойылады, ал қалғандары қайта жаңғыртылады.Алматы облыстық қаржы басқармасының басшысы Бибігүл Ұзақова бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті. Ол бос тұрған ғимараттардың жаңартылып, халық үшін маңызды нысандарға айналуы мүмкін екенін айтты.Қазіргі уақытта 69 нысан инвестициялық жобаларды іске асыруға іріктеліп, 5 нысан бойынша әлеуетті серіктестерді іздеу жөнінде конкурстар басталды. Мемлекеттік мүлікті тиімді басқару жаңа инвестициялар тартуға, жергілікті бюджетке қосымша табыс көздерін құруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді деп сенеді билік өкілдері.Өткен жылы Алматы облысында жалпы ауданы 397 313 гектарды құрайтын 1 340 жер телімінің пайдаланылмай отырғаны анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/930209
Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы тағайындалды 09.02.2025
Алматы облысы әкімінің өкімімен Аскар Тасбулатович Тойчубеков 2025 жылғы 4 ақпаннан бастап Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Аскар Тасбулатович 1975 жылы туылған, білімі жоғары, 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облысы Ішкі істер басқармасының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Текелі қалысының мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инженері қызметінен бастаған.Әр жылдары Алматы облысында өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінде, сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаментінде әр түрлі лауазымдарды атқарған. 2020 жылғы 18 қарашадан 2024 жылғы 26 қараша аралығында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/930646
Қостанай облысында қысқы спорт түрлерін дамыту: жастар үшін жаңа мүмкіндіктер 09.02.2025
Мемлекет басшысы спорттың қолжетімділігін арттыруды басты міндет ретінде айқындады. Қостанай облысында әр бала өз әлеуетін толық жүзеге асыра алуы үшін қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.   Хоккейді дамыту   Балалар хоккейін дамыту – өңірдегі басты бағыттардың бірі. Қазіргі таңда «Рысь» хоккей академиясында 5 пен 12 жас аралығындағы 120 бала тегін жаттығуда. Олар үшін барлық жағдай жасалған: заманауи мұз айдыны, кәсіби жаттықтырушылар және сапалы спорттық жабдықтар. Биыл ауылдық жерлерде екі жабық хоккей кортының құрылысы аяқталып, шалғайдағы балалар үшін спортпен айналысу мүмкіндігі кеңейеді.   Қысқы спорт түрлеріне арналған инфрақұрылым   Хоккейден бөлек, өңірде 7 қысқы спорт түрі дамып келеді: •шаңғы жарысы, •шорт-трек, •коньки тебу спорты, •керлинг, •мәнерлеп сырғанау, •биатлон.   Бүгінде бұл спорт түрлерімен айналысу үшін қажетті инфрақұрылым бар: •3 мұз сарайы, •коньки тебу стадионы, •36 шаңғы базасы, •77 хоккей корты.   Кәсіби спортшыларды даярлау   7-14 ақпан аралығында Харбинде өтетін қысқы Азия ойындарында Қостанай облысының намысын 10 спортшы қорғайды: •3 шаңғышы, •4 конькиші, •1 шорт-трекші, •2 керлингші.   Спортшылардың дайындығына жоғары деңгейде көңіл бөлініп, 70,3 млн теңгеге заманауи жабдықтар сатып алынды.   Спорт – бұл тек жеңіс пен рекорд емес. Ол – мінез, тәртіп және биік мақсаттарға ұмтылу. Қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамыту – Қазақстанның болашақ чемпиондарын тәрбиелеуге жасалған маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/930103
Қазақстан мен Иран жоғары деңгейдегі кездесулерде ынтымақтастықты нығайтуда 09.02.2025
Тегеран, 2025 жылғы 2 ақпан – Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) Жоғары деңгейдегі комитетінің 1-ші отырысының аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының (ИИР) Сыртқы істер министрі Аббас Арагчимен, сондай-ақ ИИР Сыртқы істер министрінің құқықтық пен халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Казем Гарибабади және экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Саид Абдол Расул Мохаджермен екіжақты кездесулер өткізді.Иран Сыртқы істер министрімен кездесуде тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өңірлік қауіпсіздікке, экономикалық әріптестікке және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастыққа ерекше назар аударды. Сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі алдағы ресми екіжақты сапарлардың егжей-тегжейлері қарастырылды.Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Мохаджермен өткен кездесуде сауда-экономикалық серіктестік мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Иран 2023 жылғы желтоқсанда қол қойылған екіжақты тауар айналымын арттыру, көлік-логистикалық және инвестициялық мүмкіндіктерді дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыруға дайын екенін растады.Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары К. Гарибабадимен кездесуде тараптар БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ИЫҰ, ЭЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, әлемдік саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік шеңберіндегі серіктестікке қатысты пікір алмасты.Барлық екіжақты кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар белсенді саяси диалогты жалғастыруға және екіжақты әрі көпжақты өзара мүдделі барлық мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/929917
2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды 09.02.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн қазақстандық жалпы сомасы 958,3 млрд теңгеге бес әлеуметтік тәуекел бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер алды. Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – жүйе) қатысушыларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады, ол бюджет қаражаты есебінен төленеді. МӘСҚ-дан төлем медициналық-әлеуметтік сараптамада белгіленген дәрежесі 30% - дан 100% - ға дейінгі жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту кезеңінде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметін жалғастыруға байланысты емес. 2024 жылы еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша төлемді 102 мыңнан астам адам 46,6 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 60 407 теңгені құрады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша жүйеге қатысушының асырауында болған адамдарға тағайындалады. МӘСҚ-дан төлем асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысанында оқыған жағдайында –23 жасқа дейін жүзеге асырылады. Есепті кезеңде көрсетілген төлемді асыраушысынан айырылған 67,9 мың отбасы 33,8 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 26%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 64 772 теңгені құрады. МӘСҚ-дан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүйенің қатысушысына оның жұмыстан шығарылу себебіне қарамастан тағайындалады. Тағайындаудың басты шарты – жұмыссыз ретінде тіркелу. Жүйеге қатысу өтіліне байланысты төлем 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады. Оның мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және жүйеге қатысу өтіліне байланысты. Өткен жылы аталған төлем 88,2 млрд теңге сомасына жүзеге асырылды, оны 293,6 мың адам алды, бұл 2023 жылғы алушылар санынан 31%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 81 500 теңгені құрады. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалыс күніне дейінгі соңғы 12 айда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты. 2024 жылы аталған біржолғы төлемді 245,7 мың болашақ ана жалпы сомасы 385,6 млрд теңгеге алды, бұл 2023 жылы төленген сомадан 11%-ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 621 299 теңгені құрады. Бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем жүйеге қатысушыға бала туған күннен бастап тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады. 2024 жылы бұл төлем 276,8 мың адамға тағайындалды және ай сайынғы орташа төлем мөлшері 86 758 теңгені құрады. 2024 жылы барлық төлем алушылардың саны 672,6 мың адам болды, ал төлемдер 404,1 млрд теңгеге жасалды, бұның өзі 2023 жылғы сомадан 1,4 есе көп. Осылайша, жұмыс істемейтін адамдарға қарағанда, жұмыс істейтін азаматтарды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу арқылы әлеуметтік қорғау әлдеқайда жоғары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/929441
А. Ертаев Инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында жасалатын жұмыстар туралы хабарлады 09.02.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталды. Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасындағы 2025 – 2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру шеңберінде елімізде жүзеге асырылуда. МВД).Сөз басында Асқарбек Ертаев құжаттың тұжырымдамалық жаңалығы мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік үлгілерінен әлеуметтік және құқық қорғау үлгілеріне көшу үшін жағдай жасау болып табылатынын атап өтті.«Жаңа тәсілдер. инклюзивті саясатты іске асыру құқықтарын жүзеге асыруға, мүгедектердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және олардың қоғамға толыққанды әлеуметтік интеграциялануы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған тиімді шаралар кешенін қабылдауды көздейді.Тұжырымдама шеңберінде, ағымдағы жылдан бастап жылы 13 негізгі бағытты жүзеге асыру басталады: теңдік және кемсітпеу; құқықтық қамтамасыз ету; әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру; инклюзивті еңбек нарығы; денсаулық сақтау, оңалту және оңалту; инклюзивті білім беру; қоғамдық-саяси өмірге араласу; кедергісіз орта және қызметтердің қолжетімділігі; төтенше жағдайлар мен климаттық қауіптер кезіндегі қауіпсіздік; жеке және отбасылық өмір; мәдени өмір, демалыс және спорт; оқу-ағарту жұмыстары; мониторинг және есепке алу», - деді вице-министр.Ертаевтың айтуынша, Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында барлығы 52 іс-шара көзделген, олардың орындаушылары салалық министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Вице-министр Тұжырымдаманың әрбір бағыты бойынша жоспарланған жұмыстарға тоқталды.Осылайша, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жаңа әлеуметтік және адам құқықтары моделіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңдарына мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу.Заң жобасы әлеуметтік және адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының ережелеріне сәйкес теңдік және мүгедектерге қатысты кемсітушілікті жою.«Өздеріңізге белгілі, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында меншік нысанына қарамастан осындай қызметтерді ұсынатын барлық субъектілерді лицензиялау енгізілді.Биылдан бастап әлеуметтік нысандарды сертификаттауға жаңа тәсілдер енгізілді. халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлер. Жүйелеу және есепке алу үшін әлеуметтік қызметкерлердің арнайы тізілімі құрылды. «12 167 әлеуметтік қызметкердің 11 616-сы оқудан өтіп, 9 429-ы сертификат алды», - деді Асқарбек Ертаев.Ол сондай-ақ Мамандандырылған әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы кәсіби біліктілікті тану орталығы құрылғанын айтты. Әлеуметтік қорғау қызметтерін дамытудың ұлттық ғылыми орталығының базасында.Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілік деңгейлері үшін оқу модульдері әзірленді. Арнайы білімі жоқ әлеуметтік қызметкерлерді қысқа мерзімді оқыту үшін еліміздің әлеуметтік жұмыс кафедралары бар 14 жоғары оқу орнымен облыстық деңгейде меморандумдар жасалған. Сондай-ақ, біліктілік.enbek платформасында оқыту жүргізілуде.Сонымен қатар, оңалту шараларын бақылау мен тиімділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қорғау секторындағы оңалту орталықтарында цифрлық оңалту күнделігін кезең-кезеңімен енгізу қолға алынуда. >Оңалту орталықтары, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып салынуда.Бүгінгі таңда 9 оңалту орталығының 4-і (Семей, Тараз, Кентау, Орал қалаларында) пайдалануға берілді. Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарында, Ұлытау облысында және Шымкент қаласында құрылыс жалғасуда.Мүгедектерді, соның ішінде мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік ұйымдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жүйесін одан әрі жетілдіру жалғасады. «Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 111,4 мың адам немесе еңбекке қабілетті мүгедектердің 29,4 пайызы (381 мың) жұмыспен қамтылған. Бұл ретте, өңірлер бойынша мүгедектерді жұмыспен қамту деңгейі 20%-дан 55%-ға дейін ауытқиды. Осыған орай, кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және жұмыс берушілерді мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етуге ынталандыру мақсатында адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындамаған жұмыс берушілердің бюджетке өтемақы төлеу механизмін енгізу жоспарлануда. мүмкіндігі шектеулі», - деді Асқарбек Ертаев.Министерством труда и социальной защиты населения РК совместно с Министерством транспорта РК планируется пересмотреть подходы по оказанию услуг по перевозке лиц с инвалидностью автомобильным транспортом (инватакси).«Начнется выработка мер по расширению услуг реабилитационного спектра – это физиотерапевтические услуги, лечебная физкультура, массаж и так далее для детей, имеющих инвалидность, на базе сельских амбулаторий, за исключением медикаментозного лечения», – добавил вице-министр.Одним из ключевых направлений в Концепции является создание безбарьерной среды. Будет расширена доступность услуг и объектов инфраструктуры для населения с учетом потребностей ЛСИ. На сегодняшний день в Интерактивной карте доступности зарегистрированы 42 964 объекта. Полностью адаптированы 22 777 объектов, или 53%.МТСЗН совместно с местными исполнительными органами предусматривается реализация комплекса мер, направленных на популяризацию развития личной и семейной жизни лиц с инвалидностью. Будет разработан механизм оказания мер социальной и методической помощи ЛСИ, воспитывающим ребенка (детей) с инвалидностью.«В целях проведения мониторинга, анализа и оценки улучшения качества жизни лиц с инвалидностью предусмотрена проработка вопроса по созданию единой автоматизированной информационной системы с поэтапной интеграцией с информационными системами государственных органов», – резюмировал Аскарбек Ертаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/928727
Қазақстан Сыртқы істер министрі Польша дипломатиялық миссиясының басшысын қабылдады 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 31 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Польшаның Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Михал Лабенданы қабылдады. Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ ағымдағы жылғы биік және жоғары деңгейде жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады. М.Нұртілеу поляк дипломатын Еуропалық одақ Кеңесіндегі Польшаның төрағалығымен құттықтап, осы төрағалық кезеңінде ұсынылған бастамаларды жүзеге асыруда сәттілік тіледі. Сонымен қатар ол екі мемлекет арасындағы жан-жақты және көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге Қазақстанның бейілділігін растады. Өз кезегінде М.Лабенда өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын атап өтіп, мәдени байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықты барлық салаларда нығайтуға бағытталған белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді. Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша байланыстарды  жалғастыруға келісті. 2024 жылғы қаңтар-қараша кезеңінде Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы 1,04 млрд АҚШ долларын құрады, 2023 жылы 1,23 млрд долларға жетті. 2005 жылдан бастап Польшадан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар 447,8 млн долларды құрады. Қазақстанда поляк капиталымен шамамен 140 компания жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/929231