2025-2026 оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін іс-шараларға қойылатын талаптар

2025-2026 оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін іс-шараларға қойылатын талаптар

14.05.2026 16:09:39 205

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы оқу жылының аяқталуына байланысты тәрбиеленушілер мен білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықтарын қорғау және білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайту мақсатында төмендегі талаптарды хабарлайды.

  • Оқу жылының аяқталуына байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кештер, банкеттер, автокортеждер, таңды қарсы алу шаралары, алау жанында өткізілетін іс-шаралар, мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, асханаларда, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізілетін салтанатты іс-шаралар нысандарында бітіру іс-шараларын өткізуге тыйым салынады.
  • Мектепке дейінгі ұйымдарды бітіруге арналған, аттестаттарды, білім туралы дипломдарды табыстаудың салтанатты рәсімдерін тек мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қабырғаларында ғана өткізу керек, сондай-ақ білім алушылардан, тәрбиеленушілерден, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен ақшалай қаражат жинауға тыйым салынады.
  • Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық беруге, сондай-ақ қаражат жинауға тыйым салынады.
  • Мектептерде емтихан тапсыру кезінде ата-аналар тарапынан дастархан жаюға қатаң тыйым салынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1220059?lang=kk