Enbekshi QazaQ

Экономика

Қазақстан мен ЕҚЫҰ диалог пен сенімді нығайтуды дамытуға мүдделілігін растады 05.10.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасының диалог және сенімді нығайту жөніндегі арнайы өкілі Серж Руминмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Швейцарияның 2026 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басымдықтары, сондай-ақ ағымдағы жылдың желтоқсан айында Лугано қаласында (Швейцария) өтетін Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты.Сонымен қатар, Арнайы өкілдің қызметіне, соның ішінде диалог пен сенімді нығайту мәселелеріне, өзекті халықаралық күн тәртібіне, сондай-ақ дінаралық және конфессияаралық іс-қимылға ерекше назар аударылды.Министрдің орынбасары Қазақстанның дінаралық және конвессияаралық диалогты ілгерілетудегі озық тәжірибесін атап өтті. Осы орайда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің әртүрлі конфессия өкілдері арасындағы ашық диалог, өзара түсіністік және сенімді нығайтудың бірегей халықаралық платформасы ретіндегі рөлі аталып өтті.Сонымен қатар Қазақстанның Орталық Азиядағы ынтымақтастықтағы белсенді рөліне ерекше назар аударылды.Тараптар диалогқа жәрдемдесу, өзара сенімді нығайту және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге бірлескен тәсілдерді іздеу мақсатында байланыстарды одан әрі дамытуға және тәжірибе алмасуға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1304847?lang=ru
Туризм саласынан Алматы облысының бюджетіне 4 млрд теңгеге жуық табыс түсті 05.10.2026
Туризм саласы Алматы облысының бюджетіне қомақты кіріс әкеліп отыр. Биылғы сегіз айда саяхатшылардың есебінен қазынаға 3,9 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,3 пайызға көп. Былтыр алғашқы жарты жылдықта бюджетке 2,8 млрд теңге түскен.Салық түсімінің өсуіне туристер санының артуы мен оларға көрсетілетін қызмет түрлерінің көбеюі әсер етіп отыр. Мәселен, биыл қаңтар-маусым айларында облыстағы қонақ үйлер мен демалыс орындары 263 776 туристі қабылдаған. Осы кезеңде қонақтарға көрсетілген қызмет көлемі 8,34 млрд теңгеге жетті. Былтыр бұл көрсеткіш 6,39 млрд теңге болған. Яғни бір жылда қызмет көлемі 30,5 пайызға артқан.Туристер көбейген сайын оларды қабылдайтын нысандардың саны да артып келеді. Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлының айтуынша, былтыр облыста туристерді қабылдайтын 285 нысан болса, биыл олардың саны 308-ге жеткен.«Әрбір турист өңір экономикасына өз үлесін қосады. Ол қонақ үйде тоқтайды, тамақтанады, көлік пайдаланады, экскурсияға барады, жергілікті жерден тауар сатып алады. Яғни турист келген сайын жергілікті кәсіпкерлердің де табысы артады. Бұл өз кезегінде бюджетке түсетін салықты көбейтеді. Биыл алғашқы сегіз айда туризмнен бюджетке 3,9 млрд теңге түсті. Туризм өңір қазынасына табыс әкеліп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік беретін маңызды сала. Сондықтан туристер санын арттырумен қатар, олардың өңірде көбірек уақыт өткізіп, сапалы қызмет алуына жағдай жасауға мән береміз», – деді Қуанышбек Мирамбекұлы.Алматы облысының көрікті жерлерін көруге шетелдік туристер де көптеп келе бастады. «eQonaq» жүйесінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірге 113 659 шетелдік саяхатшы келген. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы облысы республикада үшінші орында.Туристер ең көп келген жерлер «Іле-Алатау», «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктері болды. Жалпы, аталған үш ұлттық паркке биылғы сегіз айда 1,92 миллион турист келген. Оның ішінде «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне – 1 324 393, Көлсай көлдеріне – 399 063, «Шарын» шатқалына – 202 117 адам барған. Сондай-ақ, биыл Қонаев қаласындағы Қапшағай жағалауына 2 миллион демалушы келді. Бүгінде облыста туризм саласында 48 туроператор мен 24 гид жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1304659?lang=ru
ҚР СІМ-де РФ УСӨ-мен кездесу өтті 04.10.2026
ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Александр Комаровпен кездесті.Кездесуде соғыс қимылдары аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы талқыланды.Тараптар қазақстандық азаматтарды елге қайтару бойынша бірлескен іс-қимылдарды әзірлеу туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1304217?lang=ru
Алматы облысындағы мәдениет пен ақпарат саласының қызметкерлеріне  Мемлекет басшысының атынан марапаттар табысталды 03.10.2026
Алматы облысында мәдениет және ақпарат саласының қызметкерлері құрметке бөленді. Ұлттық мұраны дәріптеп, шынайы ақпарат жаршысы болып жүрген майталмандар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Құрмет» грамотасына және «Алғыс хатына» ие болды. Марапатты Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов табыстады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Салтанатты рәсімде Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізіп, жиынға қатысушыларға жылы лебізін білдірді. «Алматы облысы – еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Бүгінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамытуға ерекше басымдық беріп отыр. Әсіресе ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу – басты назарда. Жыл басынан бері Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы, аты әлемге әйгілі кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығы және өзге де көрнекті тұлғаларымыздың мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. Осындай игі шараларға өнерпаздарымыз бен ақпарат саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Алдағы уақытта да еліміздің ынтымағы мен бірлігінің дамуына елеулі еңбек сіңіресіздер деп сенемін», – деді Мәлік Отарбаев. Жиында Шыңғыс Сайранұлы мәдениет және ақпарат саласының қоғамдағы маңызына тоқталды.«Мәдениет – халықтың рухани болмысын айқындайтын маңызды сала. Ұлттық құндылықтарды сақтау, өнер мен шығармашылықты қолдау, мәдени мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізу – ортақ міндет. Ақпарат саласының да қоғамдағы орны ерекше. Жұртшылықты елдегі маңызды жаңалықтардан дер кезінде хабардар ету, атқарылып жатқан жұмыстарды ашық әрі нақты жеткізу кәсіби жауапкершілікті талап етеді. Шығармашылық ізденістеріңіз жаңа жобаларға, тың бастамаларға және жақсы нәтижелерге жол ашсын», – деді облыс әкімі. Марапатқа ие болғандардың бірі журналист, ақын, жазушы – Қуат Қайранбаев. «Журналистика саласында еңбек етіп келе жатқаныма 45 жылдай уақыт болды. Еңбегіміздің ескеріліп жатқанына қуаныштымын. Бүгінгі марапаттың жөні бөлек. Жүрегіміздің соғысы жиілеп, толқып тұрмыз. Осындай сый-құрметке бөлеген Мемлекет басшысына алғысым шексіз. Еліміздің рухани тұрғыда түлеуіне бар ынта-жігерін салып жүрген бүгінгі марапат иелерін шын жүректен құттықтаймын», – деді Қуат Қайранбаев. Осылайша, қаламның ұшымен, өнердің күшімен өңірдің өркендеуіне қажыр-қайратын арнаған жандардың мерейі тасып, еселі еңбегі лайықты бағасын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1304137?lang=ru
Қазақстан мен Израиль ынтымақтастығы нығаюда 03.10.2026
Астана, 2026 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Йоав Быстрицкиймен кездесіп, екіжақты, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.Басым бағыттардың бірі ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жолдарына назар аударылды. Бұл ретте биыл өтуі жоспарланған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия отырысының күн тәртібі қарастырылды.Кездесуді қорытындылай келе, тараптар ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, және инновациялар секілді бірқатар маңызды салаларда серіктестікті күшейту бойынша жұмысты жандандыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1304097?lang=ru
Қазақстан мен Қатар екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады 03.10.2026
Астана, 2026 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстан Республикасындағы Катар Мемлекетінің Елшісі Абдалла Хусейн Джабермен кездесті.Тараптар Қазақстан-Катар қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогтың оң динамикасы мен екі елдің өңірлік әрі халықаралық алаңдардағы тиімді ықпалдастығы аталып өтті.Қазақстан-Катар стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық іс-қимылды дамытуға басты назар аударылды. Бұл ретте, азық-түлік қауіпсіздігі, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары қарастырылды.Кездесу соңында екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралардың жоспары бойынша пікір алмасылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1304064?lang=ru
Дания СІМ басшысымен серіктестіктің жаңа кезеңіне көшу талқыланды 03.10.2026
Астана қаласы, 2026 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға ресми сапармен келген Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лекке Расмуссенмен келіссөздер өткізді.Тараптар өзара тиімді қазақ-дат ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі тереңдету перспективаларын талқылап, өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өзара тауар айналымының және тікелей шетелдік инвестициялар ағынының қарқынды өсу үрдісі атап өтілді (2025 жылы өзара сауда көлемі 163 млн АҚШ долларына жетті, ал 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына салынған дат тікелей инвестицияларының жиынтық көлемі 394 млн АҚШ долларынан асты).Бұл ретте бірлескен аса маңызды инвестициялық жобалардың бірі – Алматы облысының Іле ауданында «Carlsberg Group» компаниясының «PepsiCo» алкогольсіз сусындарын өндіретін зауыт салуы. Кәсіпорынның ашылу рәсімі ү.ж. 1 қазанда Дания Сыртқы істер министрі Л.Расмуссеннің қатысуымен өтті. Аталған зауыт «Carlsberg Group»-тың әлемдегі ең ірі өндірістік нысандарының біріне айналады (жобаға салынған инвестиция көлемі – 344 млн АҚШ доллары, өндірістік қуаты – жылына 1 млрд литр өнім, 230 жаңа жұмыс орны құрылады).Келіссөздер барысында екі елдің Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға өзара қатысуына және оның Еуропа мен Азия арасындағы көлік байланысын нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда тараптар Орта дәліз арқылы сауда ағындарын ұлғайту мақсатында даттың «Maersk» компаниясымен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.«Дания – Солтүстік Еуропадағы біз үшін маңызды серіктес ел. Біз екіжақты қатынастарды дамытуға үлкен мән береміз және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нақты әрі маңызды жобалармен толықтыруға ұмтыламыз», – деді Қазақстанның Сыртқы істер министрі.Өз кезегінде Л.Расмуссен Орталық Азияның Данияның сыртқы саяси және экономикалық күн тәртібіндегі маңызы артып келе жатқанын атап өтіп, Ларс Туесеннің Данияның Қазақстандағы Елшісі және Дания СІМ-нің Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі болып тағайындалғанын тілге тиек ете отырып, Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге Данияның мүдделі екенін растады.Министрлер сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ Орталық Азия мен Солтүстік Еуропа елдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары бойынша пікір алмасты.Сол күні Қонаев қаласында Л.Расмуссен құрамында дат бизнесінің беделді өкілдері бар делегацияны бастап, екі елдің іскер топтарының қатысуымен өткен Қазақ-дат бизнес-форумына қатысты. Форум барысында іскерлік байланыстарды кеңейту, дат инвестицияларын тарту және Қазақстан экономикасының басым салаларында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне баса назар аударылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің министрлері Қазақстан мен Данияның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара түсіністік туралы, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссияны құру туралы меморандумдарға қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1303554?lang=ru
2026 жылғы 1 қазанда мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты республикалық дебат турнирі өтті 03.10.2026
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы және Қостанай облысы әкімінің аппараты ұйымдастырды.Турнир 2025–2027 жылдарға арналған мемлекеттік қызметшілердің «Адал азамат» идеалдарына сәйкес кәсіби және тұлғалық қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында өткізілді.Іс-шараға Қостанай облысының жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарынан 16 команда қатысты.Заманауи мемлекеттік қызметші – ақпаратты талдай алатын, өз ұстанымын дәлелді түрде білдіретін және тиімді шешімдер таба алатын спикер.Турнир қорытындысы бойынша үш жүлделі орын сарапқа салынып, сондай-ақ турнирдің үздік спикері арнайы марапатпен атап өтілді.Турнирдің жеңімпазы – Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының бірлескен командасы. Команда құрамында Искакова Диана және Қайыпбаев Дарын өнер көрсетті.Құрметті екінші орынды Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қостанай облысы бойынша департаментінің командасы иеленді. Команда құрамында Мағажанова Римма және Сәрсенбаева Гүлсимхан болды.Үшінші орынға Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері Айтмағамбет Азамат пен Қалдыбаева Гүлнара ие болды.Турнир қорытындысы бойынша Искакова Диана «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды.Турнирде төрешілік қызметті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Ахмет Ұрпақтары» дебат клубының мүшелері жүзеге асырды. Төрешілер алқасына клуб президенті Сабина Атипелева төрағалық етті.Әр команда тек білімдерін ғана емес, сонымен қатар командалық жұмыс істеу қабілетін, қарсыластарының уәждеріне жедел жауап беру және өз ұстанымын қорғау шеберлігін көрсетті.Қорытынды нәтижеге қарамастан, әрбір қатысушы көпшілік алдында сөз сөйлеу, пікірталас жүргізу және сындарлы диалог құру бойынша қажетті дағдылар мен тәжірибе жинақтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1303529?lang=ru
Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды 02.10.2026
Алматы облысы әкімінің өкімімен Арман Еркінұлы Айшуақов Алматы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Арман Еркінұлы 1991 жылы туған. Білімі жоғары, 2013 жылы Халықаралық Білім Беру Корпорациясының «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын» «Сәулет» мамандығы бойынша аяқтап, 2014 жылы аталған білім ордасында «Сәулет» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 2023 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.Әр жылдары «ПСК Архат 2» ЖШС-ның сәулетшісі, Алматы қаласы «Алматыгипрогор» жобалау институтының сәулетшісі,  Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы, Жетісу және Алмалы аудандарында “қалалық жоспарлау және аумақтарды үйлестіру” қызметінің басшысы лауазымдарын атқарған.2025 жылдың қыркүйек айынан бері Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет еткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1303052?lang=ru
Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті 02.10.2026
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті. Жиынға екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттарының өкілдері мен кәсіпкерлер, инвесторлар, компания басшыларынан құралған 100-ден астам адам қатысты. Онда инвестициялық жобаларды нақты іске асыру  жолдары талқыланды, – деп хабарлайды Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметі. Шара барысында Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов, Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен және ҚР Сыртқы істер вице-министрі құттықтау сөз сөйлеп, форумның екі ел арасындағы байланысты жандандырудағы маңызына тоқталды. Шыңғыс Сайранұлы өз сөзінде аймақта бизнес үшін барлық қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді. Облыс әкімінің айтуынша, соңғы сегіз айда облысқа 747 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ке көп. Сондай-ақ жалпы құны 7,1 трлн теңге болатын 293 инвестициялық жоба іске асу сатысында.«Өңірде жаңа өндіріс ошақтарын орналастыру үшін аумағы 9 мың гектар жерде жалпы инвестициялық портфелі шамамен 1 трлн теңгені құрайтын 22 индустриялық аймақ құрылуда. Агроөнеркәсіп саласы да қарқынды даму үстінде. Бүгінгі күні жалпы құны 1,3 трлн теңгеден асатын 44 инвестициялық жоба бар. Біз әсіресе ет пен сүтті, астық пен майлы дақылдарды, жеміс-жидек пен көкөністі терең өңдеуге басымдық беріп отырмыз. Сонымен қатар еліміздің өзге өңірлерінде баламасы жоқ, аумағы 98 мың гектар болатын «Alatau» арнайы экономикалық аймағы дамып келеді. Өнеркәсіп, логистика, заманауи технологиялар және іскерлік инфрақұрылым қатар дамитын Алатау қаласын жаңа экономикалық орталық ретінде қарастырамыз», – деді Шыңғыс Сайранұлы. Сондай-ақ Дания Корольдігі мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестиция, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, энергетика және заманауи технологиялар саласында бірлескен жобаларды дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты.Мәртебелі мейман Ларс Лёкке Расмуссен Дания Корольдігі үшін Орта Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту маңызды міндеттердің бірі екеніне тоқталды.  «Біздің басты мақсатымыз – инвестициялық жобаларды іске асырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, мамандардың кәсібилігін шыңдап, қос тарапқа да тиімді бизнесті дамыту. Табысты экономикалық ынтымақтастық технология мен капиталға ғана емес, өзара сенімге де байланысты. Сондықтан Қазақстан мен Дания арасында бұдан да берік байланыс орнағанын қалаймыз», – деді Ларс Лёкке Расмуссен.ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ардақ Зебешев Қазақстан мен дат компанияларының логистика, су шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика және энергетика саласындағы мол тәжірибесі мен қызығушылығын нақты әрі ұзақ мерзімді жобаларға ұластыруға мүдделі екенін айтты.  Форум нәтижесінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Данияның ең ірі кәсіпкерлік ұйымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  Айта кетейік, қос мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылы 19,7 млн АҚШ долларына жетіп, 43,9%-ға артты. Бүгінде екіжақты байланыс жаңа бастамаларымен толығып келеді. Мәселен, бүгін Алматы облысының Боралдай ауылында «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын шығаратын жаңа зауыты іске қосылды. Жобаға 344 млн доллар инвестиция салынды. Кәсіпорын жылына 1 млрд литр сусын өндіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1302916?lang=ru
Қазақстан мен Дания жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті 02.10.2026
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ардақ Зебешев Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссеннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан–Дания бизнес-форумына қатысты.Форум жұмысына екі елдің мемлекеттік органдарының, даму институттарының және іскер топтарының 70-тен астам өкілі қатысты.«Қазақстан Даниямен экономикалық ынтымақтастықтың практикалық сипатқа ие болуына мүдделі. Біз сауда көлемін ұлғайту ғана емес, бірлескен жобаларды іске қосу, өндірістерді жергіліктендіру және озық технологияларды енгізу үшін де мүмкіндіктер көріп отырмыз. Бұл ретте логистика, су шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика және энергетика салаларына басымдық беріледі. Аталған бағыттарда дат компаниялары озық тәжірибеге ие. Біздің міндетіміз – бизнестің қызығушылығын Қазақстанда жүзеге асырылатын нақты әрі ұзақ мерзімді жобаларға айналдыруға қажетті жағдай жасау», – деді А.Зебешев.Форум аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Дания өнеркәсібі конфедерациясы (DI) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум дат іскерлік қауымдастығымен тікелей жұмыс істеу, перспективалы жобалармен алмасу және Қазақстанда қызметін дамытуға мүдделі компанияларға қолдау көрсету үшін қосымша тетік қалыптастырады.Қазіргі таңда дат бизнесі Қазақстанда бірқатар салаларда қызметте. Компаниялар өнеркәсіп пен логистикадан бастап фармацевтика, су технологиялары, энергетика және агроөнеркәсіптік кешенге дейінгі жаңа бағыттарды қамтиды.Өндірісті жергіліктендіру мен өндірістік кооперацияға ерекше назар аударылды. Қазақстан үшін дат бизнесімен ынтымақтастық тек капитал тарту тұрғысынан ғана емес, отандық өндірісті дамытуға, заманауи технологиялар мен басқару шешімдерін енгізуге, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындар мен халықаралық компаниялар арасында жаңа байланыстар қалыптастыруға мүмкіндік беретіндіктен маңызды.Табысты ынтымақтастықтың нақты мысалы ретінде сол күні Алматы облысының Боралдай кентінде Carlsberg Group пен PepsiCo компанияларының алкогольсіз сусындар өндіретін зауытының ашылуын атап өтуге болады. Жобаға салынған инвестиция көлемі 344 млн АҚШ долларын құрады. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына шамамен 1 млрд литр өнімді құрайды. Жоба аясында 230-дан астам жұмыс орны құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1302899?lang=ru
Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды 02.10.2026
Алматы облысының Боралдай ауылында  «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын шығаратын жаңа кәсіпорыны ашылды. Жобаға 344 млн доллар инвестиция салынды. Зауытта жылына 1 млрд литрге дейін сусын өндіріледі. Мұнда 230-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейтін болады. Дайын өнім Қазақстан нарығынан бөлек ТМД елдеріне экспортталады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов, Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен, ҚР Сыртқы істер вице-министрі мен компания өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Өңір басшысы өз сөзінде жаңа кешеннің ашылуы аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыратын елеулі қадам екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкіметтің міндеті – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатынжақсарту», – деп алдымызға нақты міндеттер қойған болатын. Экономиканың өркендеуі ең алдымен елдің әр өңіріндегі жүзеге асып жатқан нақты жобалардан көрінеді. Сондықтан өндірісті дамыту мен инвестиция тарту біздің өңіріміз үшін де маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Осы жолдағы ірі жобалардың бірі – «Carlsberg Kazakhstan» компаниясыныңжаңа өндіріс орнын іске қосуы. Бұл өңір экономикасын әртараптандыруға, инвестициялық белсенділікті арттыруға және бәсекеге қабілетті өнім көлемін көбейтуге мүмкіндік береді», – деді Шыңғыс Сайранұлы. Игі шараға арнайы келген Ларс Лёкке Расмуссен кәсіпорынның іске қосылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда үлкен маңызға ие екенін жеткізді. «Қазақстан мен Дания географиялық тұрғыдан бір-бірінен алыс орналасқан мемлекеттер болғанымен, бұл бірлесіп жұмыс істеуге кедергі емес. Бүгін ашылған жаңа кәсіпорын – соның айқын дәлелі әрі болашаққа салынған ортақ инвестиция. Сондай-ақ зауыт сауда-саттықты арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жаңа технологияларды өндірісте пайдалануға мүмкіндік береді», – деді мәртебелі мейман.Шара барысында қонақтар жаңа өндіріс желісін іске қосу түймесін бірлесе басып, кешеннің жұмысын бастап берді. Одан кейін зауытты аралап, оның өндірістік қуатымен танысты. Жобаның бірінші кезеңінде түрлі дәмдегі сусындар әзірлеп, оның қаптамасын дайындау үшін бес өндірістік желі жұмыс істейді. Кейін өнімді қоймаларда сақтау, тасымалдау сияқты логистикалық мүмкіндіктерді де дамыту көзделіп отыр. Кәсіпорында қажетті шикізат жергілікті өндірушілерден алынады. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, жергілікті тауарға сұранысты арттырады. Зауытта су, жарық, жылу көздерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін озық технологиялар қолданылған.Айта кетейік, кәсіпорынның ашылуынан бөлек бүгін Қонаев қаласында екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында  «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтіп жатыр. Алқалы жиында инвестициялық жобаларды іске асыру жолдары талқылануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1302710?lang=ru
Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте соңғы он жылдағы ең үздік нәтиже көрсетті 02.10.2026
Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінде (Global Innovation Index, GII) елеулі ілгерілеу көрсетіп, бірден 8 сатыға көтерілді және әлемнің 139 экономикасы арасында 81-орыннан 73-орынға шықты. Бұл – Қазақстанның соңғы 10 жылдағы ең үздік нәтижесі.Өңірлік көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында 1-орынға, ал Орталық және Оңтүстік Азияның 11 экономикасы арасында 2-орынға ие болды. Табыс деңгейі орташадан жоғары 35 елдің ішінде Қазақстан 17-орынға орналасты. Ең елеулі ілгерілеу инновациялық нәтижелер бойынша тіркелді. Инновациялық нәтижелер субиндексі (Innovation Outputs) бойынша Қазақстан бірден 11 сатыға көтеріліп, 84-орыннан 73-орынға шықты, ал инновациялық ресурстар субиндексі (Innovation Inputs) бойынша 75-орыннан 73-орынға жақсарды.GII 2026 нәтижелері Женевадағы ДЗМҰ штаб-пәтерінде мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдеріне арналған Индекстің алдын ала таныстырылымы аясында ұсынылды.Қазақстанның рейтингтегі позициясының жақсаруына ұлттық және халықаралық деңгейлерде жүргізілген жүйелі жұмыс негіз болды. 2026 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілдігі GII мәселелері бойынша ДЗМҰ-мен тікелей өзара іс-қимыл орнатып, нақты индикаторларға, оларды есептеу әдістемесіне және деректердің сапасына басымдық берді.Атқарылған жұмыс Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы өзара іс-қимылды рейтингті жыл сайынғы мониторингтеуден нақты көрсеткіштер, дереккөздер және мемлекеттік саясаттың қажетті шаралары бойынша мазмұнды жұмыс форматына көшіруге мүмкіндік берді.Қол жеткізілген ілгерілеуге қарамастан, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар, университеттер мен бизнестің өзара іс-қимылы, венчурлік қаржыландыру, инновациялық кластерлерді дамыту, бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық жарияланымдар бағыттарында одан әрі өсу әлеуеті сақталып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1302614?lang=ru
Қазақстан мен Ауғанстан екіжақты, өңірлік және көпжақты өзара іс-қимылды дамытуды талқылады 01.10.2026
Қабыл қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовтың Ауғанстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхаммед Найммен және Ауғанстан Әйел кәсіпкерлер және өнеркәсіп палатасының (AWCCI) өкілдерімен кездесулері өтті.М. Найммен өткен кездесу барысында тараптар қазақстандық делегацияның Гератқа сапарының қорытындылары бойынша пікір алмастырып, жылы қабылдау мен өткен келіссөздердің сындарлы сипатын атап өтті. Е. Тұқымов Гератқа сапары ү.ж  20-21 маусымында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Ауғанстанға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болғанын атап өтті.Қазақстандық тарап транзиттік дәліздерді салу, сондай-ақ Оңтүстік Азия елдерімен сауда жасау бойынша Орталық Азия мемлекеттерімен серіктестікте Ауғанстанмен өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.Ауғанстандық тарап БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі М. Тілеубердінің сөз сөлеуінде  халықаралық алаңның орталық рөлін сақтай отырып, Ауғанстанмен кезең-кезеңімен халықаралық өзара іс-қимылды қолдағаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының қызметіне қатысуға мүдделілігін атап өтті. Екі ел арасындағы тікелей авиациялық қатынастардың перспективалары да бөлек талқыланды.Сапар аясында Ауғанстан Әйел кәсіпкерлер және өнеркәсіп палатасының өкілдерімен де кездесу өтті. Қатысушылар екі елдің әйел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ білім беру, кәсіби даму, медицина және әлеуметтік жобалар салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады.Палата өкілдері қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз байланыс орнатуға мүдделі екендіктерін білдірді. Е. Тұқымов тікелей іскерлік байланыстарды дамыту және бірлескен бастамаларды пысықтау үшін Палата өкілдерін Қазақстанға шақырды.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар тікелей диалогты жалғастыруға және өңірлік және көпжақты ынтымақтастық форматтарын тарта отырып, бірлескен бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыруға мүдделі екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1302227?lang=ru
Алматы облысында тұқым жинау науқаны басталды 01.10.2026
Алматы облысында шренк шыршасы, жиде және өзге де ағаш түрлерінен тұқым алынуда. Қазірдің өзінде мамандар бір жарым тоннаға жуық дәнек жинады. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазан айының ортасынан бастап қара сексеуіл тұқымын жинау басталады. Биыл оның көлемін 10 тоннаға жеткізу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңірде жалпы аумағы 130 гектарға жуық 2 тұрақты және 10 уақытша тәлімбақ жұмыс істейді. Ол жерден жиналған тұқым орман қорын молайтуға бағытталады.  Мәселен, Балқаш ауданындағы «Күрті орман шаруашылығы» мекемесінің қызметкерлері мектеп оқушыларымен бірлесіп, бір күнде 200 келі жиде тұқымын жинады. Ол үшін 50-ге жуық адам жұмыла жұмыс істеді.«Күрті орман шаруашылығы» КММ директоры Ғабит Ақшабақовтың айтуынша,  Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, 2 миллиард түп ағаш отырғызу жоспары біртіндеп орындалып келеді. 2028-2035 жылдар аралығында 80 гектар жерге 266 664 түп жиде көшетін отырғызу көзделіп отыр. Қазіргі таңда жиналып жатқан жиде тұқымы осы жоспарға сәйкес көшет дайындау мақсатында уақытша орман тұқымбағына себіледі. Табиғат аясында өткен шара оқушылардың таным-түсінігін тереңдетіп, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйретеді. Игі іске белсене қатысқан Д.Қонаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Баукен Ерғали табиғатты қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін айтты.«Желтораңғы ауылының жастары да, қарттары да  мұндай шаралардан қалыс қалған емес. Мен – осы ауылдың тумасымын. Мұндай  игі істерге қатысуды азаматтық парызым деп білемін. Себебі «Таза Қазақстанды» қалыптастыру – әрбір адамның жауапкершілігіндегі іс», – деді жас табиғат жанашыры.Тұқым жинау, оны күтіп-баптау – табиғат байлығын көбейтіп, орман қорын сақтаудың негізі. Сондықтан Алматы облысында бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1301724?lang=ru
ЭТИКА 01.10.2026
Қостанай облысы әкімінің аппараты мен облыстық мәслихат аппаратында құқықтық оқудың кезекті дәрісі өткізілді. Спикері - Қ. Сюндиков, Костанай облысының әдеп жөніндегі уәкілі. Оқу мақсаты - қызметшілердің құзыреттерін арттыру, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың новеллаларымен танысу, этикалық теріс қылықтар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу. Басты назарда мемлекеттік қызметте құндылықтарды, "Адал азамат", "Таза Қазақстан" және "Заң және тәртіп" қағидаттарын енгізу. Жаңа заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметте цифрлық әдептілік және мінсіз бедел сияқты ұғымдар енгізіледі. Спикер Мемлекет басшысының қоғамдық әдеп тақырыбына және Қазақстан Республикасы қызметінің іргелі қағидаттарына арналған сөздері туралы хабардар етті. Жаңа Конституция ел азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін бекітті. Сондай-ақ, Қ.Сюндиков тыңдаушылардың назарын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Д.Жазықбайдың "Результат важнее процесса" атты "Казахстанская правда" газетіндегі соңғы мақаласының мазмұнына аударды. Елімізде "Ең алдымен адамдар" қағидатына негізделген мемлекеттік қызметтің сервистік моделі дамуын жалғастыруда.Спикер халықпен, мемлекеттік қызмет алушылармен қарым-қатынас кезінде әдеп стандарттарын сақтаудың және жанжалдардың алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1301711?lang=ru
Қазақстан мен Аустрия парламентаралық диалогты нығайтуда 30.09.2026
Астана, 2026 жылғы 29 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Маркус Хофер бастаған «Аустрия – Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан» парламенттік тобының делегациясымен кездесті.Тараптар Қазақстан мен Аустрия арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, парламентаралық диалогты ілгерілетуге ерекше назар аударды. Екі ел депутаттары арасында тікелей байланыстар орнатудың және келешекте «Қазақстан – Аустрия» достық тобының Венаға жауап сапарын ұйымдастырудың маңыздылығы аталып өтті.Сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылға, оның ішінде биыл 19-20 қарашада Венада өтетін Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің алдағы отырыстарына дайындық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.Сұхбаттастар сирек кездесетін металдар, энергетикалық қауіпсіздік, көлік инфрақұрылымы және логистика салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды. Аустриялық компаниялардың бірлескен өндірістер мен Орта дәліз аясындағы жобаларға қатысу әлеуетіне назар аударылды.Сондай-ақ тараптар ауыл шаруашылығы, дуальды оқыту және туризм салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту жөнінде пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1301273?lang=ru
Венада адам саудасына қарсы күрес саласындағы Қазақстанның тәжірибесі таныстырылды 30.09.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен Еуропа Кеңесі бірлесіп ұйымдастырған адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ұлттық үйлестірушілер мен баяндамашылардың әрі баламалы тетіктердің 10-шы жыл сайынғы кездесуіне қатысты.Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Ұлттық адам құқықтары орталығының өкілдері де қатысты.ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкілі және үйлестірушісі Кэри Джонстон қылмыстық желілердің тез бейімделуі және олардың заманауи технологияларды белсенді пайдалануы жағдайында үйлестірілген халықаралық іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Еуропа Кеңесі Конвенциясының атқарушы хатшысы Петя Несторова көпжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде жергілікті және өңірлік билік органдарымен және пенитенциарлық қызметтерімен ынтымақтастықтың маңызды рөлін атап өтті.Ұйымдасқан қылмыспен күресудің кең ауқымды стратегияларына адам саудасына қарсы шараларды біріктіру жөніндегі сессия барысында Олег Цой Қазақстанның тәжірибесін ұсынды. Ол адамдарды тарту мен қанауда цифрлық технологиялар рөлінің артып келе жатқанын атап өтіп, жедел ақпарат алмасу, бірлескен тергеулер жүргізу және шекарааралық ынтымақтастықты нығайту қажеттілігіне назар аударды.Сонымен қоса, Қазақстан делегациясы Кэри Джонстонның төрағалығымен әрі Орталық Азияның бес мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен өткен адам саудасына қарсы күрес жөніндегі өңірлік дөңгелек үстелге қатысты.Талқылау барысында Станислав Василенко адам саудасының құрбаны болған және шетелдік алаяқтық орталықтарында қылмыстық әрекетке мәжбүр болған азаматтарды қайтарудағы Қазақстанның тәжірибесін ұсынды. Ол ақпарат алмасу, құрбандарды ерте анықтау және жолдау, мамандарды бірлесіп оқыту және шекарааралық істер бойынша іс-қимылдарды үйлестіру үшін C5+ЕҚЫҰ форматында өңірлік жұмыс тобын құруды ұсынды.Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ұлттық баяндамашы ретіндегі жаңа мандатымен таныстырды, жәбірленушілерді ерте анықтау мен қорғаудың, сондай-ақ өңірдегі ұлттық баяндамашылар арасында тәжірибе алмасудың маңыздылығы да аталып өтті.Қазақстан адам саудасының алдын алу, жәбірленушілерді қорғау және трансұлттық қылмыстық желілерге қарсы тұру үшін ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және басқа да серіктестермен белсенді өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1301193?lang=ru
Гератта Қазақстан мен Ауғанстанның сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа форматы талқыланды 29.09.2026
Герат қаласында Ауғанстан бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілі Еркін Тұқымов бастаған ресми және іскерлік делегациялардың қатысуымен бірқатар іс-шара өтті.Сапар аясында Е. Тұқымов Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясының губернаторы Нур Ахмад Исламжармен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және өңіраралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, өңірлердің әлеуеті және іскер топтар арасындағы тікелей өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктері туралы ақпарат алмасты.Қазақстанның мен Ауғанстанның батыс өңірлері арасында сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік және логистика салаларында тікелей байланыстар орнатуға бағытталған «West2West» форматын дамытуға ерекше назар аударылды.Сауда-экономикалық іс-шараларға Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өкілдері қатысты.Сапар аясында «Қазақстан – Ауғанстан: өңіраралық ынтымақтастық» атты бизнес-форум өтті. Форумда өзара сауданы кеңейтудің, кәсіпкерлер арасында тікелей байланыстар орнатудың, өнеркәсіптік кооперация мен көлік-логистикалық байланыстарды дамытудың практикалық мәселелері талқыланды. Ауғанстан тарапы өнеркәсіп тауарларының, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің көрмесін ұсынды.Салтанатты түрде қазақстандық «Integra Construction KZ» ЖШС компаниясы құрылысына қатысқан «Хаф – Герат» теміржолының 3-учаскесі ашылды.Гераттағы іс-шаралар «West2West» форматын дамытудың практикалық кезеңі және Қазақстан-Ауғанстан ынтымақтастығын кеңейту жөніндегі жұмыстың жалғасы болды. Тараптар тікелей диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың талқыланған бағыттарын практикалық тұрғыдан пысықтауға өзара мүдделілігін растады.2026 жылғы қаңтар-шілде айларында тауар айналымы 581,1 млн АҚШ долларын құрап, 2,4 есеге өсті. Қазақстан Республикасының экспорты 572,9 млн долларды құрады, оның ішінде ұн – 215,6 млн, бидай – 122 млн, өсімдік майы – 51,1 млн доллар. Ауғанстаннан импорт 8,2 млн доллар болды. Бұл ауған өнімдерін (кептірілген жемістер, шафран, жүзім, кілемдер және т.б.) жеткізуді ұлғайту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1300753?lang=ru
Алматы облысында халықаралық дрифт додасы өтті 28.09.2026
Алматы облысындағы Sokol International Circuit автодромында Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылған FIA Central Asia Drifting Cup 2026 дрифт жарысы өтті. Халықаралық додаға Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан және Ресейден келген 20 автошабандоз  қатысты. Бұл жарысты Қазақстанның Автомотоспорт федерациясы мен Қырғызстанның Автомотоспорт және жол қауіпсіздігі федерациясы бірлесіп ұйымдастырды.Үш күнге созылған додада пилоттар барын салды. Жарыс ережесі бойынша автошабандоздар жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келіп,  бұрылыстарды дәл бағындыруы тиіс. Алдымен іріктеу кезеңінен өткен кіл мықтылар, кейін жұптық бәсекеде бақсынасты.Ал, жарыс алаңындағы жанкүйерлер шабандоздардың шеберлігін тамашалап, дөңгелектен шыққан көк түтін мен құлақ тұндырар көлік үнінен керемет әсер алды.  Тіпті жиналған жұрт дрифт көліктерін жақыннан көріп, пилоттармен тілдесіп, қолтаңба алды. Ал автодром аспанында Қазақстан, Қырғызстан және FIA туын ұстаған парашютшілер өнер көрсетті.Халықаралық шараның ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысып, автошабандоздарға сәттілік тіледі.  Сондай-ақ FIA-ның алғашқы аймақтық дрифт Кубогының Қазақстанда өтуі еліміз үшін ғана емес, Орталық Азиядағы автоспорттың дамуы үшін де маңызды екенін атап өтті. “Автоспорттан халықаралық деңгейдегі жарысты Алматы облысында ұйымдастыру –  біз үшін үлкен жауапкершілік әрі жаңа тәжірибе. Өңірде спорттық инфрақұрылымды дамытуға, халықаралық жарыстар өткізуге және бұқаралық спортты қолдауға ерекше мән беріледі. Бүгінгі дода – тек спорттық бәсеке ғана емес. Бұл – Орталық Азия елдерінің спортшыларын тоғыстырып, тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті шыңдауға және өңірдегі автоспорт мәдениетін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды дода”,-деді Ғани Майлыбаев.Ал FIA Дрифт комиссиясының төрағасы, жапониялық Коичи Мурата жарысты ұйымдастыруға атсалысқан Қазақстан мен Қырғызстанның автомотоспорт федерацияларына, Sokol International Circuit командасына және мамандарға алғыс білдірді.Жарыстың ең тартысты сәті финалда болды. Дрифт кезінде қазақстандық пилот Олег Хридочкин мінген көліктің рөлінің гидравликалық күшейткіші (ГУР) істен шықты. Ереже бойынша төрешілер ақауды қалпына келтіруге бес минут қана уақыт берді. Бірақ механиктер оны жөндеп үлгерген жоқ. Соған қарамастан Хридочкин жарыс жолына шығып, халықаралық доданың бас жүлдесін жеңіп алды.Көлігімнің рөлі істен шыққан соң, жеңіске жетемін деген ой болған жоқ. Бас жүлде қарсыласым Михаилға бұйыратынына сенімді болдым, оны тіпті жеңісімен құттықтап қойдым. Бірақ төрешілер екі жарыстың қорытындысын ескере отырып, бірінші орынды маған берді. Шынымды айтсам, қара күштің арқасында ұттым», – деді Олег Хридочкин.Осылайша FIA Central Asia Drifting Cup 2026 жарысының бас жүлдесін Nissan 200SX көлігін тізгіндеген Олег Хридочкин иеленді. Екінші орынды Nissan 350Z көлігімен Михаил Пак, үшінші орынды Nissan 200SX көлігімен Александр Бочкарев алды.Үш жүлдегер де – Қазақстан пилоттары. Жеңімпазға – 6,5 млн теңге, екінші орын иегеріне – 4,5 млн теңге, үшінші орын алған пилотқа – 3,5 млн теңге ақшалай сыйақы табысталды.Бұл жарыс Орталық Азия елдерінің пилоттарына FIA Кубогы аясында бақ сынауға мүмкіндік берді. Ал, жарыс ұйымдастырушылары, төрешілер мен техникалық мамандар халықаралық деңгейдегі доданы жоғары деңгейде өткізіп, мол тәжірибе жинады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1299946?lang=ru