Мәдениет
Күрделі жөндеу жұмыстарына қойылатын басты талап – сапа 16.11.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев денсаулық сақтау нысандарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді.Алдымен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына барды. Ауруханада бір ауысымда 400 адам жұмыс істейді. Ғимарат 1989 жылы салынып, пайдалануға берілген. Өткен жылы жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. «Абу-Сер» ЖШС қазір жұмыстың 45%-ын орындаған. Нысан 2025 жылға өтпелі.Әрі қарай Нұрлыбек Машбекұлы Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығындағы күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. Орталық ғимаратының қабырғалары күйдірілген қыштан салынған, 1973 жылы пайдалануға берілген. Жоба-сметалық құжаттамасы 2022 жылы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. «СМП-Қызылорда» ЖШС жұмысты 85% аяқтаған.Келесі нысан – облыстық онкология орталығы. Мекеме 2021 жылы салынған, 185 төсек-орынға арналған бұрынғы модульдік-инфекциялық аурухана ғимаратына орналасқан. Мұнда 350 қызметкер жұмыс істейді.Облыстық фтизиопульмонология орталығында да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бес қабатты, 235 төсек-орынға арналған ғимарат 1981 жылы салынған. «Асар» ЖШС алдағы жылға өтпелі жөндеу жұмыстарының 60%-ын аяқтаған.Нысандардағы жұмыс барысын көрген аймақ басшысы күрделі жөндеуге қойылатын ең басты талап – сапа екенін атап айтып, бірқатар тапсырма берді.«Жұмыс барысындағы кемшіліктерді түзетуге екі апта уақыт беріледі. Сол мерзім ішінде тапсырма орындалмаса, жауапты сала басшыларына, қабылдап алушыларға шара көріледі.Аталған ғимараттарды күрделі жөндеу ем алушыларға кәсіби, заманауи медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру үшін қолға алынды. Қаржысы шешілді, міндеттер айқындалды. Бүгін байқалған сапасыз жасалған тұстарды мердігерлер екі жұмыс қылып қайта түзейді. Егер жұмыс қорытындысы талап үдесінен шықпаса, заң аясында шара қолданылады.Онкология орталығындағы медициналық құрал-жабдықтар халыққа толыққанды қызмет көрсетуі тиіс. Олар сатып алынғандағы басты мақсатына сай пайдаланылуы керек, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/852624
Коммуналдық мекемелерге арнайы техникалар табысталды 16.11.2024
Еңбек күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы коммуналдық мекемелерге 52 жаңа арнайы техниканың кілтін табыстады. Іс-шараға Парламент депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев қатысты.Аймақ басшысы сала еңбеккерлерін құттықтап, игі тілегін жеткізді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ел мүддесі – бәрінен биік. Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Еңбек адамдары – еліміз бен мемлекетіміздің тірегі» деген болатын.2013 жылғы қарашада Президентіміздің Жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні болып бекітілді. Бұл – жасампаз ісімен, маңдай терімен ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген сіздерге деген құрметтің белгісі. Сыр өңірі қандай жетістікке жетсе де, қандай биіктен көрінсе де, өздеріңіз секілді еңбексүйгіш азаматтарымыздың еңбегінің жемісі деуге әбден болады.Коммуналдық сала еңбеккерлерінің халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру үшін бүгін облыстық бюджеттен 2 млрд. теңгеге сатып алынған 5 арнайы техниканы «Қызылорда су жүйесі», 23 көлікті «Жасыл Қызылорда», 24 көлікті «Қызылорда тазалығы» мекемелеріне табыстаудамыз. Тұрғындардың таза, қолайлы ортада өмір сүріп, сапалы қызмет алуын жақсарту өте маңызды. Жаңа техникалар жұртшылықтың игілігі үшін қызмет етеді», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Айта кетейік, күні кеше жылу-электр орталығына 9 жаңа заманауи арнайы техника кілті табысталды. Барлық автокөлік халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес жан-жақты тексеруден өткізілген, арнайы сұраныспен жергілікті жердің климаттық жағдайына бейімделіп дайындалған.Іс-шарада Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов жерлестерін құттықтады. Сондай-ақ, коммуналдық салада еңбек ететін азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Айта кетейік, соңғы жылдары өңірде барлық саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық берілуде. Қоғамдық көліктің мәселесін түбегейлі шешу үшін 300, мектеп оқушыларына 30 автобус, денсаулық сақтау саласына 70 жедел жәрдем көлігі, орманшыларға 95 арнайы техника, ветеринария саласының мамандарына 59, құқық қорғау органдарына 92 қызметтік автокөлік алынды.Коммуналдық салаға да жан-жақты қолдау көсетілуде. «Қызылорда тазалығы», КРЭК, «Қызылорда су жүйесі» мекемелеріне 42 арнайы техника табысталып, тұрғындар игілігі үшін қызмет етуде. Мұнан бөлек, «Үлгілі елді мекен» облыстық байқауының жеңімпаздарына күнделікті ел тұрмысына қажетті, заманауи үлгідегі 48 арнайы техника берілді.Биыл облыс тұрғындарының сұранысына сәйкес өңірдің барлық елді мекеніндегі денсаулық сақтау мекемелеріне 200 санитарлық автокөлік алынуда. Оның 126-сы қолданыста, қалған 74-і жақын күндері табысталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/853350
Қызылордада еңбек адамдарына ақшалай сертификаттар мен шипажайға жолдама табысталды 16.11.2024
Еңбек күні қарсаңында ұйымдастырылған «Адал азамат – Адал еңбек» атты салтанатты іс-шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ұзақ жылдар бойы адал жұмыс істеген мамандарға құрмет көрсетті. Мерекелік жиынға Парламент депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев және еңбек адамдары қатысты.Аймақ басшысы жерлестерін айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.«Бұл мереке – адал еңбегімен, маңдай терімен ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан сіздерге деген құрметтің көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайда, халыққа арнаған Жолдауларында кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы, еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуы тиіс екендігін әрдайым айтып келеді. Биылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Алдағы уақытта техникалық және кәсіптік білім берудің маңызы арта түсері сөзсіз. Өйткені, экономиканы өркендетуге білікті мамандар қажет. Аймақтың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың ұзақ мерзімді болжамын анықтау үшін мамандықтар атласы әзірленуде. Менің тапсырмам бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті осы мақсатта 20 қызметкерді арнайы оқудан өткізді. Ел Президентінің жұмысшы және орта буын мамандықтар бойынша білім алуға ниетті жастарды 100 пайыз тегін кәсіптік біліммен қамту тапсырмасына орай келесі жылы бюджет есебінен 5 308 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлінуде. Осылайша біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда білікті мамандарды қалыптастыра аламыз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Іс-шарада Қызылорда облысының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Қорғанбек Қайруллаев, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов облыс тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев сөз сөйлеп, жерлестерін қажырлы еңбек етуге, үздіксіз дамуға шақырды.Іс-шара соңында еселі еңбек етіп, ел алғысына бөленген азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Біліктілігімен, өз ісіне жоғары жауапкершілігімен сый-құрметке бөленген 10 азаматқа 400 мың теңгелік сертификат, тағы 10 азаматқа шипажайға жолдама берілді.Марапатталғандардың атынан «Қызылорда тазалығы» ЖШС жұмысшысы Жанар Тайшаева мен «Көлжан» ЖШС «Солтүстік-Батыс Қызылқия» кен орнын пайдалану шебері Жанболат Жармұхамбетов пікір білдірді. Жанар Шарапатқызының еңбек өтілі 40 жыл, оның 10 жылында «Қызылорда тазалығы» ЖШС-де жұмыс жасап келеді. Қызылорда қаласы әкімдігінің, кәсіпорын басшылығының Алғыс хаттармен марапатталған. Ал, Жанболат Жармұхамбетов «Көлжан» ЖШС-де 2010 жылдан бері қызмет атқарады. Олар бүгінгі сый-құрметке адал еңбектің арқасында жеткенін айтып, облыс басшылығына көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/853389
Молшылық маусымындағы Сыр диқандарының сыйы елорда тұрғындарына ұсынылуда 16.11.2024
Астана қаласында Қызылорда облысы тауарөндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.Елорда тұрғындарына Сыр өңірінің брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын-қарбызы, ұлттық сусындары жеткізілді.Онда 80-ге жуық Сыр диқандары мен тауарөндірушілерінің құны 270 млн. теңге болатын 600 тоннадан астам өнімдері ұсынылды.Атап айтқанда, 300 тоннадан астам күріш, 6 тонна ет өнімдері, 30 тоннадай балық өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 180 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері бар. Келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр елі өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды.Аймақтың аграрлық саласында бәсекеге қабілетті өнім өндіру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жолға қойылған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында аймақтың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді.Осы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығында 58,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім көрсеткіші 2,1%-ға артты.Жалпы биыл 190 мың гектарға жуық жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, негізгі дақыл күрiштің көлемі 85,6 мың гектарды құрады.Егісті әртараптандыру бағытында 2,6 мың гектарға, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы 4,4 мың гектарға дақылдар егілді.Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында диқандарға су қажетті деңгейде жеткізілді. Шаруашылықтар күтіп-баптау жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізді.Егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген.Қазір облыста егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Бүгінде егілген 85,6 мың гектар күріштің 50,3 мың гектары орылып, 42,7 мың гектары бастырылды. Әр гектардан орташа есеппен 52,1 центнерден өнім алынуда.Мал шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жолға қойылып, нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы 36,6%-ға, қой мен ешкі 22,3%-ға, жылқы 0,1%-ға, түйе 4,3%-ға, құс 7,7%-ға көбейді.Сондай-ақ, өңірдің экспорттық әлеуеті де артып келеді. Бүгінде Сыр елінің ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 16 мемлекетіне экспортталуда.Экспортталған өнімнің басым бөлігі - күріш. Ол Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Ирак мемлекеттеріне жөнелтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/855050
«Эко такси» таза экологиялық жоба 16.11.2024
Қызылорда тұрғындарына экологиялық таза «Эко такси» қызметі іске қосылды.- Экотаксилер электр қуатымен жұмыс істейді. Толық зарядтау шамамен500 шақырымға жетеді. Қазіргі таңда 52 экотакси азаматтарға өз қызметін көрсетуде. Жобаның басты мақсаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында санитарлық тазалық жұмыстарымен қатар, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жаңаша жобаларды жүзеге асыру болып табылады.- «Қазіргі таңда қала тұрғындарына 52 экотакси қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта олардың саны 100-ге жетеді. Біздің қаламызда осындай такси пайда болғанына өте қуаныштымыз. Өйткені, бұл экологиялық таза, үнемді және қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейтін жайлы көлік. Бұл қала экологиясына оң әсерін тигізері сөзсіз», – дейді Қызылорда автобус паркінің директоры Абдуқадыр Маштаев.Жергілікті әкімдік аумақтарды абаттандыру мен тазалау жұмыстарын үздіксіз жүргізетін коммуналдық шаруашылықтың материалдық-техникалық базасын жақсарту шараларын да қолға алған. Атап айтқанда коммунладық саланың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында «Қызылорда тазалығы», «Қызылорда су жүйесі», «Жасыл Қызылорда» мекемесіне 52 бірлік арнайы техника берілді. Сондай-ақ, біздің аймақтың тың жобасы «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпаздары деп танылған елді мекендерге 48 көлік берілді.Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.548-ге жуық арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/861240
Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысуда 16.11.2024
Мұратбаев көшесінің тұрғындары сенбілік үшін бірікті. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қызылорда қаласындағы Мұратбаев көшесі №15,17 көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары мен ПИК қызметкерлері бірлесіп, өз тұрғын аудандарында тазалық акциясын ұйымдастырды.Акцияға қоқыспен күресуге және аумақты абаттандыруға бірге шыққан 50-жуық тұрғын жиналды. Акцияға қатысушылар қолғаппен, қоқыс дорбаларымен және тазалау құралдарын пайдаланып, іс-шара барысында ауланы тазалап, әктеу және сырлау жұмыстарын да жүргізді.«Біз бұл акцияны экологияға қамқорлық өзімізден басталатынын көрсету үшін өткізуді шештік», - дейді белсенді тұрғындар және барша қала халқын акцияға атсалысуға шықырды.Дәл осындай акция қасбеттері қайта жаңартылған, Абай даңғылы 47 үйдің ауласында жалғасын тапты.Бұл көпқабатты тұрғынүйлердің ауласында өткен жылы «Қыран» ЖШС-мен абаттандыру мен ойын алаңын салу жұмыстары жүргізілген болатын.Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.548 арнайы техникалар қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/861244
Қызылорда қаласында парктер мен скверлер қайта жаңғыртудан өтеді 16.11.2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс орталығында саябақтарды, аллеялар мен скверлерді қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды. Қалада қолайлы климат пен тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз ортаны сақтау үшін жаңа демалыс аймақтарын, ойын-сауық саябақтарын салу жоспарлануда», - деді Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Сырлыбаев.Сондай-ақ, жазғы кезеңде қала тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Соңғы екі жылда қаламыз шынымен әдемі, заманауи көрініске ие болды. Жаяужүргіншілер жолы салынып, көшелер абаттандырылып, Сұлтан Бейбарыс, Н. Назарбаев даңғылдарында субұрқақтар орнатылды.Сонымен қатар, биыл жеке кәсіпкердің демеушілігімен Қызылорда қаласының орталық алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Тазалық акциялары Б.Шөкенов атындағы саябақ пен Президенттік саябақ сияқты қызылордалықтардың сүйікті демалыс орындарының жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.548 арнайы техникалар қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/861293
«Таза Қазақстан-Таза аймақ»акциясы жалғасуда 16.11.2024
Сырдария ауданында «Таза Қазақстан-Таза аймақ» жаппай сенбілігі өтуде. Тереңөзек кентінің тұрғындары, аудандық мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ «Жасыл ел» жастар қозғалысының мүшелері "Тағзым" алаңына, орталық саябаққа, Жастар аллеясына тазалық жұмыстарын жүргізді.- Қалыптасқан дәстүр бойынша біздің еріктілер мұнда тазалау жұмыстарын жиі жүргізеді. Біз көшелер мен арықтарды, жақын маңдағы жеке тұрғын үйлердің аумақтарын қоқыстан тазартамыз, - дейді «Жасыл ел» және «Еріктілер тобы» жастар қозғалыстарының жетекшісі Нұржан Сейтжанов.Сондай-ақ, Тереңөзек кентіндегі демалыс орындарында орнатылған шағын сәулет құрылыстарын, сондай-ақ көпірлер мен балалар ойын алаңдарын ақтау, сырлау жұмыстары жүргізіп, «Жастар аллеясын» абаттандырылды.Жергілікті кәсіпкерлер бұл күні жаңартылатын «Тағзым» алаңына жаңа төсеніш төсеп, түрлі-түсті сәулеттік формалар орнатты.Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.548 арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/861436
Атырауда мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті 16.11.2024
25 қазан - Республика күніне орай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Аймақ басшысы салтанатты жиында тұрғындарды мерекемен құттықтап, елдіктің нышаны болған егемендіктің қадір-қасиетіне тоқталды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Ел еркіндігін алған отыз жылдан астам уақыт ішінде ана тіліміз, төл тарихымыз, әлеуметтік-экономикалық және рухани құндылықтарымыз қайта тұғырына мінді. Келешек ұрпақты алдағы күндерге апаратын басты мұрасы, бабалар арманы - Тәуелсіздік. Азаттықты сақтап, халық сенімін нығайтудың басты факторы - бейбітшілік пен келісім. Кез келген ұлы идеялар бейбіт кезеңде жүзеге асады. Осы жылдар ішінде біз ел ретінде үлкен даму сатыларынан өттік. Экономикада, мәдениетте, спортта алуан биіктерді бағындырдық. Бүгінгідей мерекелер, ұлттық атаулы даталар патриоттық сезімдерді қалыптастырады, өткеніңмен қауыштырады. Ардақты жерлестер! Баршаңызға бейбітшілік пен береке-бірлік тілеймін!-деді С.Шәпкенов.Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/871891
Облыс әкімі Республика күні қарсаңында бірқатар мемлекеттік наградалар табыс eтті 16.11.2024
25 қазан - Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған аймақ басшысы Серік Шәпкенов қатысып, атыраулықтарды ұлттық мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Шынайы тәуелсіздік орнату – бұл күнделікті маңдай тер мен қажырлы еңбек, уақыт сынынан өткен дәйекті саясат. Тәуелсіз де қуатты мемлекетке ие бола отырып қана төрткүл дүние ортасында ұлттық болмыс-бітімімізді сақтап қала аламыз». Республика күнін айшықтап атап өту – біздің жалпыұлттық тұтастығымыздың, қалыптасқан мемлекеттілігіміздің айғағы, әрбір қазақстандық үшін жалпыхалықтық тарихи күн. Отанымыздың аспаны әрқашан ашық болсын, бірлік пен келісім, тарихи бірегейлікті құрметтеу мен рухани мұраны сақтау секілді басты құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғассын. Алдымыздағы табыстарға қол жеткізу жолында бәріміз ынтымақпен бірлесіп адал қызмет атқара берейік,-деді С.Шәпкенов.Серік Шәпкенов салтанатты шарада мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан бірқатар адамға мемлекеттің наградалар табыс етті.ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен:Оразғали Қаршегенов - «Атырау Жарық» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі.«Парасат» орденімен:Бисен Қуанов - еңбек ардагері;Нұрпейіс Мақашов - еңбек ардагері;Ерлан Мұқай - НКОК компаниясының басқарушы директорының орынбасары.«Құрмет» орденімен:Нұрқабыл Айтмұхамбетов - «Атырау облыстық балалар ауруханасы» КМК директоры;Сәдірғали Әділов - еңбек ардагері;Махш Гайсина - «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ «Музыка және өнер» кафедрасының доценті;Ғалия Досалиева - «BRANDO» ЖШС бір реттік шприц зауытының бас инженері;Балжан Досмұхамбетова - «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Атырау облыстық филиалының төрайымы;Айжан Қарабаева - «Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі» ҚКМК директоры;Галия Куталиева - «Құрманғазы аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Кудряшов дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі практика дәрігері;Нұрлыбек Хамитов - «ТөбеаралОйл» ЖШС директоры.ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіменСұлтан Айталиев - «Атырау жылу электр орталығы» АҚ жылу автоматикасы мен өлшемдер цехының автоматика және өлшеу аспаптарының жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі VI разрядты электр жөндеушісі;Нұрсәуле Құттыбаева - «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау цехының есепке алу жөніндегі аға операторы;Сонымен қатар бірнеше азамат «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалдарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/871962
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің Республика күнімен құттықтауы 16.11.2024
Құрметті жерлестер!Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Шынайы тәуелсіздік орнату – бұл күнделікті маңдай тер мен қажырлы еңбек, уақыт сынынан өткен дәйекті саясат. Тәуелсіз де қуатты мемлекетке ие бола отырып қана төрткүл дүние ортасында ұлттық болмыс-бітімімізді сақтап қала аламыз».Республика күнін айшықтап атап өту – біздің жалпыұлттық тұтастығымыздың, қалыптасқан мемлекеттілігіміздің айғағы, әрбір қазақстандық үшін жалпыхалықтық тарихи күн болып табылады.Бұл мереке атамекеніміздің азаттығы мен ел еркіндігі жолындағы сан ғасырлық күресте қызыл қаны мен қара терін қатар төккен қайран ата-бабаларымыздың асыл арман, ізгі мұратының жүзеге асқанын бейнелейді.Отанымыздың аспаны әрқашан ашық болсын, бірлік пен келісім, тарихи бірегейлікті құрметтеу мен рухани мұраны сақтау секілді басты құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғассын. Алдымыздағы табыстарға қол жеткізу жолында бәріміз ынтымақпен бірлесіп адал қызмет атқара берейік.Әр шаңыраққа шалқыған бақыт, баршаңызға құт-береке тілеймін. Қасиетті Тәуелсіздігіміз күннен күнге нығая түсіп, ұлы Отанымыз мәңгіге өркен жайсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/871963
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 28 қазанда Индер ауданына жұмыс сапарымен барады. 16.11.2024
Сағат 11:00 – Индер мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездеседі.Сағат 12:30 — азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау.Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Индер ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8 (71234) 2-03-85Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/872016
Серік Шәпкенов Индерде салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады 16.11.2024
Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Индер ауданына жұмыс сапарымен барып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандармен танысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Алдымен Бөдене ауылдық округінде биыл пайдалануға берілген Өнер мектебіне барды. Ашылғанына бір ай болған мекемедегі домбыра, қобыз, хореография, вокал, дәстүрлі ән, сурет үйірмелеріне барлығы 70 оқушы қатысады. Мектеп әкімшілігі облыс әкімінен балаларды тасымалдауға автобус алып беруді сұрады. Облыс әкімі жауапты басшыларға мәселені тез арада шешуді тапсырды.Индерде тұрғын үймен қамту мәселесі өзекті. Бүгінде Индербор кенті Көктем ықшамауданында 80 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді, аулалар абаттандырылуда. Жаңа баспана кезек реттілігімен қарашада пайдалануға беріледі.Индербор кентінде көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. 2021 жылы кенттегі 11 көпқатарлы тұрғын үй , 2022 жылы 7 көпқатарлы тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Былтыр кенттің орталық көшелеріндегі 4 көппәтерлі тұрғын үйге , биыл 3 көппәтерлі тұрғын үйге жәй жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал кенттегі Қаражанов көшесіндегі көпқабатты үй қайта жаңғыртылуда. Қазір үйдің қасбеті жөнделіп, шатыры жабылуда. Жоба бойынша желдету шахтасының кірпіші ауыстырылып, су ағар жүйесі орнатылады.Облыс әкімі жауапты басшыларға жұмыстарды жүйелеп, уақытылы аяқтауды тапсырды.Индербор кентінде соңғы 3 жылда 13 көп қабатты тұрғын үйдегі 112 отбасы жаңа баспанаға көшті. Алда 121 отбасы қоныс тойын тойламақ. Жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады.Серік Шәпкенов Қабдешов көшесінде апатты деп танылған үйлердің орнына салынатын әлеуметтік нысандардың жерін қарап шықты. Мұнда өнер мектебі мен саябақ салынады.Бұдан кейін Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжіне барып, оқу ордасының жай-күйімен танысты. Ғимарат 2017 жылы күрделі жөндеуден өткен. Биыл шеберхананы қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. Колледжде оқитын 231 студентке 39 педагог білім береді. Білім ордасында 100 орындық жатақхана, 1 шеберхана, 6 зертхана, 1 автодром, 200 орындық асхана, 1 спорт залы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/872471
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Индер ауданының тұрғындарымен кездесті 16.11.2024
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен алдағы даму жоспары талқыланды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Серік Шәпкенов жиында ауданда атқарылып жатқан істер туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тас жолының құрылысы көңіл көншітпейтінін айтты.- Ауданға келе жатқанда арнайы тоқтап, «Атырау-Индер» тас жолының жағдайын көріп келдім. Жүк көліктерінің кесірінен асфальт бұзылған. Бұл жолмен өзіміз қатынаймыз, сондықтан күтіп ұстау маңызды. Тас жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы бақылау камерасы бар полиция көліктерінің санын көбейтеміз. Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар тас жолдың ауданға қарасты 50 км бөлігіне (117-167 км) орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Мердігердің жосықсыздығынан құрылыс баяу жүруде. Тұрғындар бұл жұмыстарды көрмейтінін, жол шаршатқанын айтады. Инфрақұрылымды дамыту, жолдың сапасы - басты назардағы мәселе. Жауапты басшыларға тиісті тапсырма бердім. Қажет болса, мердігермен келісімшартты үзу үшін қажетті шараларды қабылдау керек,-деді С.Шәпкенов.Тұрғындар жиында ауыз сумен қамту, баспана беру, жол салу және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді. Өңір басшысы оларды өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.Аймақ басшысы сала мамандарымен бірге 20-ға жуық тұрғынды жеке қабылдап, олардың сұрағына жауап берді.Серік Шәпкеновтің Индер ауданы тұрғындарымен өткен кездесуі аудан әкімдігінің Facebook және Instagram желісіндегі ресии парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/872724
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 30 қазанда Махамбет ауданына жұмыс сапарымен барады. 16.11.2024
Сағат 11:00 – «Өнерпаз» мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездеседі.Сағат 12:30 — азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау.Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Махамбет ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8 (71236) 2-10-33Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/873038
Атырау облысының әкімі Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісімен кездесті 16.11.2024
Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов пен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич кездесті. Жиында Атырау өңіріне инвестиция тарту мәселесі сөз болды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Алешка Симкич Серік Шәпкеновке жылы қабылдауы үшін алғыс білдіре отырып, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.- Атырау облысына алғаш рет ресми сапармен келіп отырмын. Осы кездесуіміз белсенді байланыстарға тың серпін береді деп сенемін. ЕО-ның тауар айналымының 90%-н мұнай-газ секторы құрайды. Атырау облысымен сауда-экономикалық қарым-қатынасты арттыруда транспорт саласына назар аудару қажет деп санаймын. Бұл ретте теңіз портының мүмкіндігін білгім келеді, себебі осыған байланысты арнайы жобамыз бар,-деді А.Симкич.Серік Шәпкенов Атырау облысы мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық дамып жатқанын айтты. ЕО экономиканың ірі инвесторы екенін алға тартып, өзара қарым-қатынасты одан әрі дамытуда бірлесе жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.- Біздің көпқырлы ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін мүмкіндік мол. Атырау облысының географиялық жағдайы ЕО-мен өзара тиімді кооперацияны кеңейтуде сауда-экономикалық, мұнай-газ және көлік-логистика саласына қолайлы. Өңірдегі инвестициялық тұрақтылықтың айғағы - 259 еуропалық кәсіпкер ісін дөңгелетіп отыр. Сондықтан екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, ЕО инвестицияларын тартуға үмітіміз зор,-деді С.Шәпкенов.2024 жылдың сегіз айында Атырау облысының Еуро Одақпен сыртқы тауар айналымы – 15,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Экспорт – 15,4 млрд. АҚШ доллары, импорт – 300 млн. АҚШ доллары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/873294
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында “Атырау жылу электр орталығы" АҚ-нда баспасөз туры ұйымдастырылды 16.11.2024
Атырау облысы бойынша экология департаменті «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнатқан “Атырау жылу электр орталығы” АҚ-на баспасөз турын өткізді. Бұл жүйенi енгiзу – эмиссиялардың белгiлi бiр жылдық көлемi бар кәсiпорындар үшiн заңнамалық талап болып табылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.Ел бойынша МАЖ жүйесін орнатуға жататын 91 кәсіпорын анықталған . Оның бесеуі Атырау облысында орналасқан. Олар: "Теңізшевройл" ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, NCOC компаниясы, KPI ЖШС және «Атырау жылу электр орталығы» АҚ.- Автоматтандырылған мониторинг жүйесі арнайы датчик арқылы іске асады. Бұл құрылғыны құбыр ішіне орнатып, шығып жатқан барлық шығарындының көлемін біліп отырамыз. Сол арқылы арқылы апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік туды. Датчик азот диоксиді мен оксидін, күкірт диоксидін , көміртегі оксиді және газдың параметрлерін қамтиды. Жоба 2023 жылы іске қосылып, қалыпты жұмыс жасалып келеді, - деді «Атырау жылу электр орталығы» АҚ басшысы Мақсот Аленов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/873443
ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Алматы облысының халқымен онлайн форматта кездесті 16.11.2024
Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров Алматы облысының тұрғындарымен онлайн форматта кездесіп, оның барысында комитеттің қызметіндегі оң үрдістер, ішкі мемлекеттік аудит қызметіндегі озық тәсілдер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы тың мәліметтерді айтып берді.Атап айтқанда, Ержан Тілекұлы тәукелдерді басқару жүйесі негізіндегі «Электронды ішкі мемлекеттік аудит» компонентінің тиімділігіне кеңірек тоқталды.Айталық, комитет өкілдері биылғы тоғыз айда 170,2 млрд теңгені қамтитын 465 электронды аудит, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 758 іс-шараны өткізген. Осы жылы мемлекеттік ұйымдардың төлемдерін талдау нәтижелері бойынша 11 млрд теңгеге жететін нақты орындалмаған құрылыс жұмыстарының көптеген жағдайы, сондай-ақ 15 млрд теңгеге сатып алынған активтердің іс жүзінде болмауы және техникалық ерекшеліктерге сәйкес келмейтін тауарларды қабылдап алу фактілері анықталды.Ведомство басшысы Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметі еліміздің стратегиялық даму жоспарлары мен Мемлекет басшысының мемлекеттік аудит саласын, сондай-ақ қаржылық бақылауды жетілдіру аясындағы реформаларға бағытталғанын атап өтті.Сонымен бірге комитеттің басты мақсаты – қаржылық бұзушылықтардың алдын алу әрі аудит рәсімдерін цифрландыру арқылы тиісті тексерістерді қашықтан жүргізуге толықтай көшу екенін айта кеткен орынды.Бұдан басқа Е. Мыңжасаров пост-аудиттен алдын алу (превентивті) аудитіне көшу барысы, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңының қабылдануы туралы да айтып өтті. Бұл шаралар жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындауға бағытталған.Бұл ретте кездесуге Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов және «Атамекен» ҰКП өңірлік палатасының төрағасы Тимур Бекеев және өңірдегі бизнес, түрлі әлеуметтік салалардың өкілдері қатысып, онлайн форматта мемлекеттік сатып алудағы жаңашылдықтар жөнінде өзара пікір алысты.Қатысушылар көкейкесті сауалдарын қойып, оған комитет басшысы тұшымды жауаптар қайтарды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/867602
Қазақстан мен ЕЭК кеден қызметін цифрландыру, бақылау саласында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі 16.11.2024
ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Еуразиялық экономикалық комиссиясының Кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі (министрі) Р.В. Давыдовпен кездесіп, екіжақты әріптестікті дамытудың жолдарын талқылады.Аталған кездесуде тараптар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кеден саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, атап айтқанда өткізу бекеттерін жаңғырту, кеден рәсімдерін цифрландыру, навигациялық пломбаларды қолдану, тауарлардың кеден құнын анықтау, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының бақылау шараларын қабылдау сынды мәселелерді пысықтады.Бұл ретте министрліктің өкілдері ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп жүргізілген тестілеу нәтижесі бойынша қолға алынған «Кадағалау паспортының» функционалын таныстырды.Бұдан бөлек екі жақ кеден және салық қызметтерін әкімшілендіруді цифрландыру саласында тәжірибе алысуға дайын екендерін жеткізді.Кездесудің соңында тараптар ЕАЭО аясында өзара іс-қимылдың қазіргі әлеуетін арттырып, бірлескен басқосуды (консультациялар) тұрақты негізде өткізуге қарсы емес екендерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/869189
Қаржы министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті 16.11.2024
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиевтің қатысуымен ведомствода 25 қазан – Республика күніне орай салтанатты іс-шара өткізіліп, еліміздің дамуына атсалысқан бірқатар қызметкерге мемлекеттік марапаттар тапсырылды.Жиында сөз алған Мәди Төкешұлы бұл күннің мән-маңыздылығына айрықша тоқталды. Министр айтқандай, аталған мереке отандастарымыздың ауызбірлігін арттырып, елдігімізді ұлықтаудағы сипаты бөлек.Бұдан кейін ведомство басшысы мемлекеттік қаржы жүйесін өркендетуге табжылмай еңбек етіп, үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік марапат пен министрліктің атынан құттықтау хаттарын табыстады.Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласып, еліміздің дарынды өнерпаздары көпшіліктің алдында патриоттық әндерді шырқады.ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/871704