Enbekshi QazaQ

Спорт

Маңғыстау облысында ең «Көпэтносты отбасы» байқауы жарияланды 15.04.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы орай Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың ұсынысымен өңірлегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен татулықты нығайту мақсатында ең «Көпэтносты отбасы» байқауы жарияланды.Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы аясында ұйымдастырылатын «Көпэтносты отбасы» байқауыныңЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ереже1. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы аясында ұйымдастырылатын «Көпэтносты отбасы» байқауын (бұдан әрі — Байқау) Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып, өткізеді.2. Байқау мақсаты: Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен татулықты нығайту; Көпэтносты отбасылардың мәдениетіне, салт-дәстүріне, бірлігіне құрмет көрсету; Отбасы құндылығын дәріптеу.3. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу3.1. Байқауды Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып, жүзеге асырады.3.2. Ұйымдастыру алқасы байқаудың өткізілу шарттары мен Ережесін бекітеді.3.3. Байқауға қазылар алқасы төрелік етеді.3.4. Байқау жеңімпаздарын марапаттау үшін жүлде қорымен қамтамасыз етеді.4. Байқаудың өткізілу мерзімі4.1. Байқау облыс көлемінде онлайн түрде өтеді.5. Байқауға қатысушылар5.1. Маңғыстау облысының тұрғындары (көпэтносты отбасылар)5.2. Байқауға қатысу үшін, 2025 жылдың 18 сәуіріне дейін Көпэтносты отбасылар (отбасы құрамында 5 түрлі этностан кем болмауы, сонымен қатар туыстықты анықтайтын құжаттарды Ank.konkurs@mail.ru почтасына 18 сәуірге дейін жолдаулауы тиіс. Келіп түскен (фото, видео ұзақтығы 3 минут) материалдар әлеуметтік желілерде жарияланады.6. Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары6.1.Байқау бекітілген ережеге сәйкес өткізіледі.6.2. Байқау форматы: ОнлайнШарттары:6.3. Отбасының құрамымен, этностарымен және тарихымен таныстыру (видео немесе фотослайд-шоу)6.4. Мәдени мұра (әр отбасы өз этносының бір салт-дәстүрін, ұлттық тағамын, биін, немесе әнін таныстырады.) (Бейнеролик, фотоколлаж немесе сахналық қойылым ретінде)6.5 Шығармашылық жұмыс (балалар немесе бүкіл отбасы бірігіп шығарма, өлең, сурет немесе қолөнер бұйымын ұсынады).7. Жеңімпаздарды анықтау7.1.Байқау бойынша барлық жинақталған материалдар(фото, видео) әлеуметтік желілерге жарияланып, қазылар алқасының шешімімен және әлеуметтік желідегі дауыс беру арқылы жеңімпаз отбасылар анықталады.8. Тәртіптік ережелер8.1.Байқауға қатысушылар қажетті материалдарды бекітілген ережеге сәйкес ұсынуға міндетті.9. Марапаттау9.1. алқасының шешіміне сәйкес, жеңімпаз отбасылар арнайы шығармашылық пен өзіндік ерекшелік, мәдениетті терең таныстыру, бірлік пен достық идеяларын жеткізу критерийлерімен анықталады және «Ең көпэтносты отбасы», «Өнерлі отбасы», «Шебер отбасы», «Көрермен көзайымы» номинацияларымен марапатталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/975381?lang=kk
ШҚО әкімі Pro Hokei Ligasy финалына жанкүйер ретінде қатысты (фоторепортаж) 15.04.2025
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Спорт сарайында өткен Pro Hokei Ligasy ақтық ойынына «Торпедо» хоккей командасына қолдау білдіру үшін арнайы келді.«Торпедо» (Өскемен) мен «Арлан» (Көкшетау) командаларының арасындағы тартысты ойында 3:2 есебімен қонақтар басым түсті.Келесі матч тағы да Өскеменде өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/975122?lang=kk
14-20 сәуір күндері өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 15.04.2025
✅14–16 сәуір: Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатыБіріншілікке Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстан 550 спортшы қатысады.Өтетін орны: Орал қаласы.✅16–20 сәуір: Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан кубогінің І кезеңіЖарысқа еліміздің 10 өңірінен 95 параспортшы қатысады.Өтетін орны: Атырау қаласы.✅17–21 сәуір: Комбат джиу-джитсудан жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатыЕл чемпионатында 18 өңірдің 200 спортшысы бақ сынайды.Өтетін орны: Астана қаласы.✅17–21 сәуір: Пенчак-силаттан барлық жас санатындағы Қазақстан чемпионатыТурнирде 18 өңірден келген 200 спортшы сынға түседі.Өтетін орны: Алматы қаласы.✅17–24 сәуір: 2009-2010 жылы туған жастар арасында ҚР Туризм және спорт министрлігі кубогіЖарысқа 450-ден астам спортшы қатысады.Өтетін орны: Қарағанды қаласы.✅17 сәуір – 1 мамыр: Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатыҚазақстан құрамасынан 20 спортшы жұдырықтасады.Өтетін орны: Амман қаласы, Иордания.✅18–20 сәуір: Көркем гимнастикадан Әлем кубогіОтандық 8 спортшы өнер көрсетеді.Өтетін орны: Баку қаласы, Әзербайжан.✅18–20 сәуір: Karate1 Premier League халықаралық турниріЕл намысын 13 спортшы қорғайды.Өтетін орны: Каир қаласы, Мысыр.✅19–20 сәуір: Би спортынан Kazakhstan Open 2025 республикалық турниріЖарысқа еліміздің 8 өңірінен келген 1 мың спортшы қатысады.Өтетін орны: Алматы қаласы.✅20–27 сәуір: Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при кезеңіҚазақстан құрамасынан 5 параспортшы қатысады.Өтетін орны: Марракеш қаласы, Марокко.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975118?lang=kk
Түркістан облысында туризм және спорт инфрақұрылымының даму барысы таныстырылды 15.04.2025
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар маңызды туристік және спорттық нысандарын аралады.Сапар аясында министр Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, киелі орынға келушілерге арналған инфрақұрылыммен танысты. Сонымен қатар, тарихи туризмнің маңызды бөлігі саналатын Күлтөбе қалашығына аялдап, археологиялық нысанды сақтау және оны туристік айналымға енгізу бағытындағы жұмыстарды көрді.Министр «Керуен сарай» туристік кешеніне де барып, ондағы сервистік қызмет сапасын, мәдени-ойын-сауық инфрақұрылымының жұмысын және жалпы туристерге ұсынылатын жағдайларды саралады.Сапар барысында Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған есу арнасына (гребной канал) барды. Бұл – еліміздегі жалғыз олимпиадалық стандарттарға сай салынған есу арнасы. Мұнда болашақта әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар. Нысан су спорты түрлерін дамытуға және бұқаралық спортты қолдауға бағытталған маңызды жобалардың бірі саналады.Сапар барысында министр Халықаралық туризм және меймандостық университетінің аумағында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап, студенттерге жасалған спорттық жағдайлармен және оқу базасымен танысты.Министрлік тарапынан Түркістан өңіріндегі туризм мен спорт саласын дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, сапалы сервисті қамтамасыз ету және кәсіби кадрларды даярлау бағытында жүйелі жұмыс жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975117?lang=kk
Туризм және спорт министрі Маңғыстау облысының туристік нысандарын аралады 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Маңғыстау облысына жасаған сапары аясында өңірдің негізгі туристік және инфрақұрылымдық нысандарын аралады.Министр ең алдымен Каспий теңізі жағалауындағы курорттық аймақты дамыту және туристерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Жылы жағажай» зәкірлік туристік жобасының жүзеге асу барысымен, сондай-ақ Кендірліде салынып жатқан жаңа әуежайдың құрылысымен танысты. Бұл жобалар өңірдің көлік қолжетімділігін айтарлықтай арттырып, логистиканы жақсартуға және туристер ағынын көбейтуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар Ербол Мырзабосынов туристер арасында кеңінен танымал өңірдегі бірегей табиғи ескерткіш — Бозжыра шатқалына барды. Министр онда визит-орталық пен қонақ үй кешенін салу жоспарланып отырған орынды қарап шықты. Бұл нысандар экологиялық стандарттарды сақтай отырып, туризмді тұрақты дамыту аясында жүзеге асырылады.2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің туристік саласында қол жеткізілген оң нәтижелер аталған жобалардың өзекті әрі маңызды екенін көрсетті.Қазіргі таңда өңірдегі орналастыру орындарының саны 106-ға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5 нысанға көп. Жалпы туристік ағын 462 723 адамды құрады (+19%), оның ішінде резиденттер – 419 854 адам (+20%), резидент еместер – 42 869 адам (+6%). Ал төсек-орын саны 8 665-ке дейін ұлғайды (+6%), туристерге көрсетілген қызмет көлемі 18,6 млрд теңгеге жетті (+23%).Сондай-ақ туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14,2 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 52%-ға артты (2023 жылы — 5,7 млрд теңге).Министр Маңғыстау облысының Қазақстанда туризмді дамыту үшін басым өңірлердің қатарына кіретінін атап өтті. Туристік инфрақұрылымды қалыптастыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану бағытындағы кешенді жұмыс аймақтың туристік тартымдылығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975116?lang=kk
Туризм және спорт министрі Ақтаудағы спорт кешенін аралады 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барып, өңірдегі спорт инфрақұрылымының жай-күйімен танысты. Сапар аясында министр спорт нысанын аралап, спорт саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға куә болды.Министр 2023 жылы пайдалануға берілген BS ARENA заманауи спорт кешені барды. Жалпы ауданы 11 000 м² құрайтын кешен – қала тұрғындары мен спортшылар үшін үлкен мүмкіндік. Мұнда түрлі спорттық жарыстар, оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.Спорт кешенінің аумағында үлкен футбол және футзал алаңы, теннис корты, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне арналған әкімшілік ғимарат орналасқан. Ішкі бөлігінде волейбол, баскетбол, жүзу секциялары мен жаттығу залы жұмыс істейді. Спорт кешенінің негізгі бағыты – футбол, шағын футбол, баскетбол сынды спорт түрлерін дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда кешенде 600-ге жуық бала мен жасөспірім спортпен тұрақты түрде шұғылданады.Ербол Мырзабосынов өңірдегі спорт инфрақұрылымының даму қарқынына оң бағасын беріп, болашақта спорттық нысандар желісін кеңейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жастарды бұқаралық спортқа тарту – мемлекет үшін стратегиялық маңызды бағыт екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975114?lang=kk
ШҚО әкімі жұмыс сапары барысында Алтай ауданындағы су тасқынына дайындықты тексерді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапары барысында Алтай ауданына барып, су басу қаупі жоғары аймақтарды аралап, тасқындарға дайындықты тексерді.Соловьево ауылында облыс әкімі Березовка өзені арқылы жаңадан салынған көпір мен бөгетті қарап шықты. Бұл жерде өзен арнасын тереңдету, тазарту жұмыстары және ұзындығы 1000 метрлік бөгетті нығайту шаралары жүргізілген.Сондай-ақ, ол 1968 жылы салынған және ағын суды реттеуге арналған Екінші өзендегі гидротехникалық нысан мен су ағынын реттейтін құрылғылардың (шлюздердің) жай-күйін тексерді. Қазіргі уақытта бұл ГТС қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, барлық су өткізу құбырлары тазартылған.Сапар барысында облыс әкімі тасқын қаупі кезеңіне арналған техникалардың дайындығын да бақылап шықты. Алтай ауданында жедел әрекет ету жасағының 105 қызметкері мен 44 техника дайын тұр.– Дегенмен, босаңсуға әлі ерте. Себебі Алтай және Марқакөл аудандарында қар мөлшері өте көп түсті, сондықтан бұл аймақтар ерекше бақылауда. Алтай ауданында су басу қаупі бар аймаққа Богатырев су қабылдағышының бір бөлігі мен 13 елді мекен кіреді. Бұл елді мекендерді қорғау үшін 18 бөгет жасалған, алдын алу шаралары жүргізілді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.Сапар аясында облыс әкімі Алтай қаласындағы екінші өрт сөндіру бөлімшесінің құрылыс орнына да барды. Ол бұл нысанның төтенше жағдайларға жедел әрекет ету уақыты мен қызмет көрсету аумағын арттыру үшін қажеттігін атап өтті.Барлық гидробекеттерде күнделікті мониторинг жүргізілуде. Су тасқыны жағдайы өңірлік штабтың тұрақты бақылауына алынған.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/975068?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА VI ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ 15.04.2025
Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті. Биылғы ойындар Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатыр. Кешенді жарыс 24 ақпан мен 1 қазан аралығында спорттың 34 түрінен ұйымдастырылуда. Аталған додаға 2000-нан астам спортшы қатысады.Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткен ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, сондай-ақ спорт саласының құрметті мамандары қатысты.Ербол Мырзабосынов ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде мұндай жарыстар жас спортшылар үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.«Баршаңызды киелі Түркістан топырағында көргеніме қуаныштымын! Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарына қош келдіңіздер! Биылғы ойындар Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Ата-бабаларымыз сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсетіп, бізге бүгінгі бейбіт күнді сыйлады. Батырлардың ерлігі мен еңбегін ұмытпауымыз керек. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы спорт саласының дамуына ерекше назар аударып келеді. Соның нәтижесінде отандық спорттың деңгейі жылдан жылға артып келеді. Біздің спортшылар халықаралық жарыстарда жарқын жетістіктерге жетіп, ел абыройын асқақтатып жүр. Ал Жастар спорт ойындары сияқты кешенді іс-шаралар отандық спортты жаңа деңгейге көтеруге серпін береді. Сондай-ақ жас ұрпақты саламатты өмір салтын ұстануға баулиды. Биылғы бәсекеде бағы мен бабы қатар шапқан ең үздік спортшылар жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенемін»,  – деді Туризм және спорт министрі.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде спорт саласы қарқынды дамып жатқанын атап өтті.«Тарихи шаһарға қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы спорт саласын жан-жақты дамытуды тапсырған болатын. Осыған орай, бүгін  Түркістан қаласында  VІ Жастар ойындары басталды. Бұл – ел болашағы саналатын жастарымыздың шеберлігін шыңдап, жаңа чемпиондар тәрбиелейтін маңызды жарыс. Биылғы додаға еліміздің барлық өңірінен 2 мыңнан астам жас спортшы қатысуда.  Ал Түркістан облысынан спорттың 34 түрінен 300-ден астам спортшы қатысады. Мұндай ірі іс-шараның Түркістанда өтуі заңдылық. Себебі аймақта спорт инфрақұрылымы жақсы дамып жатыр. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2024 жылы 73 спорт нысанының құрылысы аяқталды. 2025 жылы заманауи үлгідегі 51 спорттық нысан пайдалануға беріледі. Оның ішінде атшабар мен ескек есу каналы бар. Сіздер спорт сайыстарында облыс қана емес, тұтас Қазақ елінің намысын қорғайсыздар. Бұл жарыс арқылы үлкен белестерге қадам жасайсыздар. Араларыңыздан Әлем, Олимпиада чемпиондары шыға берсін! Баршаңызға әділ бәсеке, сәттілік және жарқын жеңістер тілеймін!», – деді Нұралхан Көшеров.VI Жастар спорт ойындары еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Оның ішінде Түркістанда баскетболдан, байдаркада және каноэде есу спорт түрлері бойынша ұйымдастырылады.Биылғы Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары ҚР Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, ұлттық құрама команданы жасақтау және халықаралық жарыстарға, оның ішінде 2025 жылы Бахрейнде өтетін жастар арасындағы жазғы Азия ойындарына дайындық аясында өткізілуде.Сондай-ақ министр Түркістан облысына сапары барысында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің аумағында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап көрді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/974968?lang=kk
Министрлік Милан Олимпиадасына дайындық аясында үздік спортшылармен кездесу өткізді 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов еліміздің қысқы спорт түрлеріндегі үздік өкілдерінің бірі – шорт-трекші Денис Никиша мен мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровпен кездесті. Кездесуде 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиадаға дайындық мәселелері пысықталып, Қазақстан құрамасының әлеуетін күшейтуге бағытталған арнайы жұмыс жоспары талқыланды.Әңгіме барысында Ербол Мырзабосынов Милан Олимпиадасына 303 күн қалғанын, 2024/25 жылғы қысқы маусымда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінген кейбір спорт түрлерінің спортшылары қысқы Олимпиада лицензиясына үміткер ретінде іріктеліп алынғанын атап өтті.Денис Никиша мен Михаил Шайдоров – соңғы маусымда әлемдік аренада жоғары нәтиже көрсетіп жүрген спортшылар. Денис биыл шорт-тректен екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, Михаил мәнерлеп сырғанауда төрт құрлық чемпионатында – алтын, әлем чемпионатында күміс медаль олжалап, ел абыройын асқақтатты.Министрлік алдағы қысқы Олимпия ойындарына үміткер спортшылардың дайындығын жан-жақты қолдауға ниетті. Бұл қолдау – тек спорттық базалармен қамтамасыз ету немесе оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырумен шектелмейді. Әрбір спортшының жеке ерекшелігі, спорттық күнтізбесі мен қалпына келу процесі ескеріліп, жеке бағдарлама бойынша кешенді қолдау көрсетіледі. Оған медициналық, психологиялық, аналитикалық және әдістемелік сүйемелдеу де кіреді.Кездесу соңында министр екі спортшының маусымдағы жоғары нәтижесін ерекше атап өтіп, алда тұрған басты мақсат – Милан Олимпиадасында табысты өнер көрсету екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/974083?lang=kk
Былтыр туристік сала тұрақты өсім көрсетті – туризм министрлігінің өкілі 15.04.2025
ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжановтың айтуынша, өткен жылы ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 900 мыңға артқан.«Жалпы, елімізге әртүрлі мақсатта 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Бұл жерде жұмысқа немесе тұрақты тұруға келгендер есепке алынбаған. Оның ішінде 10,4 млн адам елімізде 1 күннен астам уақыт өткізді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Жалпы статистика жүйесін жетілдіру үшін келешекте ұялы байланыс операторларының деректерін, банк карталарының транзакциялары негізіндегі туристердің шығындары туралы ақпаратты пайдалану жоспарлануда. Бұл туризмді дамыту, сондай-ақ туристердің шығындарының көлеміне сәйкес мақсатты нарықтарды анықтап, ілгерілету бойынша тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/974077?lang=kk
Туризм министрлігі әр аймақта туристерді тартатын жылына кем дегенде бір ауқымды іс-шара өткізуді ұсынып отыр 15.04.2025
ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжановтың айтуынша, оқиғалық туризмді дамыту үшін Қазақстан.трэвел туристік порталында іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі әзірленді. Оған туристерді қызықтыратын әр түрлі форматтағы іс-шаралар кіреді.«2024 жылы осы күнтізбеге 137 іс-шара енгізіліп, оның 80%-ы Астана мен Алматыда өтті. Министрлік бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдармен бірге одан әрі жалғастырады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Оның айтуынша, іс-шаралар дәстүрге айналған әрі жұртшылық асыға күтетіндей болуы керек.«Осыған орай әр аймақта туристерді тартатын жылына кем дегенде бір ауқымды іс-шара өткізуді ұсынды. Бұл әр өңірдің туризмін ілгерілетуге оң әсер береді», - деді ТСМ өкілі. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/974072?lang=kk
Шығыс Қазақстан облыстық Әуесқой бокс федерациясының президенті тағайындалды 15.04.2025
ШҚО-да облыстық Әуесқой бокс федерациясының президентін сайлау рәсімі өттіСайлаушылардың басым дауысымен бұл қызметке Өскемен қаласының тумасы, «VK development group» ЖШС директоры Бахтыбаев Айдос Кабдуллович лайық деп танылды. Қазіргі уақытта «VK Development group» компаниясы құрылыс материалдарын өндіру, ішкі туризмді дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру сияқты салаларды белсенді дамытуда.Кәсіпкерлік қызметтегі жетістіктері үшін Айдос Бахтыбаев бірнеше рет ШҚО құрылысшылар қауымдастығы мен облыс әкімінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Ол «Құрмет» және «Құрмет құрылыс» төсбелгілерінің иегері. 2022 жылы «Сала мақтанышы» номинациясы бойынша Ұлттық бизнес-рейтингтің көшбасшысы атанды, 2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қайырымдылық саласындағы «Қайырымдылық үшін» сыйлығын алды.ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Айдос Бахтыбаевты құттықтап, жаңа салада жемісті қызмет, толағай табыстар тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/973672?lang=kk
Шығыс Қазақстанда салынып жатқан Гематология орталығына Денсаулық сақтау министрі келді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірдегі медициналық нысандарды аралап, болашақ мамандарды дайындайтын оқу орындарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар елімізде баламасы жоқ гематологиялық орталықтың құрылыс барысын бағалады.Өскемендегі медициналық колледжде министр оқу кабинеттерін, практикалық дайындыққа арналған құрал-жабдықтарды қарап шықты. Оқытушылар және студенттермен кездесуде Ақмарал Әлназарова медицина білімінде болатын алдағы өзгерістерге тоқталды. Кездесуде оқу бағдарламаларын жаңарту, тәжірибеге негізделген оқытуды күшейту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру, өңірдегі медициналық мекемелермен өзара іс-қимыл және білім беру процесін жетілдіру ұсыныстары талқыланды. Студенттер интернатурадан өту жағдайларын жақсарту мен жас мамандардың жалақысы туралы сұрақтар қойды.Өскемен қалалық №2 емханасында министр алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасымен танысып, жалпы практика дәрігерлерінің кабинеттерін аралады. Пациенттермен және медицина қызметкерлерімен тілдесіп, алғашқы медициналық буынның маңыздылығын атап өтті.Құрылыс жүріп жатқан Гематологиялық орталыққа барған Ақмарал Әлназарова жобаның бірегейлігі мен ауқымын ерекше атап өтті. Бұл нысан қан ауруларын анықтау мен емдеудің мүмкіндіктерін өңірде ғана емес, бүкіл ел бойынша кеңейтеді. Құрылыс алаңында Денсаулық сақтау министрі мен ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жобаның негізгі параметрлерін талқылады.– Министрлік өз міндеттемелерін толық орындады: қаржыландыру көлемі қажетті деңгейге жеткізілді, арнайы мемлекеттік қор есебінен қаражат бөлінді. Ендігі міндет – мердігер компанияның құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтауы, – деді министр.Жаңа жоғары технологиялы гематологиялық орталық бірнеше корпустан тұрып, түрлі бағытта қызмет көрсететін болады. Нысан іске қосылған соң өңірде ғана емес, республика бойынша медициналық көмектің сапасы едәуір артады.– Бұл орталық өңірдің медициналық инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналады. Енді тұрғындар арнайы, жоғары білікті көмекті алу үшін елордаға немесе ірі қалаларға баруға мәжбүр болмайды. Құрылыс барысы – менің жеке бақылауымда, – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/973345?lang=kk
Өңірлерде спорттың дамуын талдау бойынша жұмыс тобының екінші кезеңі басталды 15.04.2025
Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы еліміздің өңірлеріндегі спорт саласына жүргізілетін мониторингтің екінші кезеңін бастайды. Бұл топтың негізгі міндеті – былтыр өңірлерде анықталған мәселелердің шешілу барысын тексеру және министрлік тарапынан қолға алынған спорт реформаларын жергілікті жерлерде түсіндіру.Бірінші кезеңде жұмыс тобы аймақтарды аралап, жергілікті спорт инфрақұрылымының жай-күйін зерттеп, саладағы мәселелер мен олқылықтарды жинақтап, министрлікке ұсынған. Нәтижесінде, әр өңірге нақты ұсыныстар жолданып, жүйелі жұмыс жүргізуге бағыт берілді.Екінші кезеңде осы ұсыныстардың өңірлерде қалай іске асып жатқанына талдау жасалады. Сонымен қатар жұмыс тобы өңірлердегі спорт мектептерінің, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық даярлау орталықтарының және басқа да мекемелердің қызметімен танысып, қажет болған жағдайда әдістемелік және тәжірибелік көмек береді.Жұмыс тобы 10 адамнан құралған және екі бағытқа бөлінеді. Топ құрамында экономист, заңгер, құқықтық және әкімшілік-кадр, сарапшы, спорт менеджерлері және тағы басқа мамандар бар. Бірінші топ Қарағанды облысына, екіншісі Абай облысына жол тартады. Әр өңірде кемінде бір апта немесе он күннен астам уақыт жұмыс жүргізу жоспарланған. Жалпы алғанда, бірінші жартыжылдықтың соңына дейін 20 өңірді толық қамту көзделіп отыр.Мониторинг жұмыстары бекітілген кесте және келісілген жоспар бойынша жүзеге асады. Жұмыс барысын Туризм және спорт министрлігі тікелей бақылауда ұстайды.Бұл жұмыс орталық пен өңір арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, реформаларды тиімді жүзеге асыруға және жергілікті деңгейдегі спорт саласын нақты деректер негізінде дамытуға мүмкіндік береді.Айта кетейік, жұмыс тобы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау, спорт саласын жүйелі дамыту және мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыру мақсатында ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/973163?lang=kk
ШҚО-да инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық жобаларды белсенді іске асыру жалғасуда 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымының XX сессиясында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыс дамуының Жоспарын орындау және 2024 жылға арналған облыстық бюджет туралы егжей-тегжейлі есеп берді. Келтірілген мәліметтер экономиканың едәуір жетістіктерін, өмір сүру сапасының жақсаруын және бюджет кірістерінің өсуін көрсетеді.2024 жыл өңірдің экономикалық дамуындағы маңызды кезең болды. Шығыс Қазақстан облысына тартылған инвестициялар көлемі 116%-ға өсіп, 770 миллиард теңгені құрады. Өнеркәсіпте өсім 103%-ды, ауыл шаруашылығында – 109%-ды құрады. Өңірдің ауыл шаруашылығы өнімі 459 миллиард теңгеге жетті. Құрылыс саласында да оң динамика байқалады: көлемдер 114%-ға ұлғайып, 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.— Біздің өңіріміздің ерекшеліктері мыналар: экономикамыздың 40%-ы өнеркәсіп, сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіптің 70%-дан астамы «Казцинк» компаниясына тиесілі. Әлемдік конъюнктурадағы өзгерістер болған жағдайда тек бір кәсіпорын өңірдің экономикасына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Бұл қолайсыз жағдай, сондықтан біз экономикамызды әртараптандыру бойынша белсенді жұмыс істеудеміз, — деді облыс әкімі.Ірі инвестициялық жобалар арасында «ВОСТОКМАШЗАВОД» өндірістік қуаттарын қайта құру мен Самар ауданында алтын өндіру зауытын салуды атап өтуге болады. Алдағы жылдары шетелдік инвесторлардың қатысуымен бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл жаңа жұмыс орындарын құрып, инфрақұрылымды жақсартуға әкеледі.Ауыл шаруашылығы секторына ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы агроөнеркәсіп кешеніндегі 15 жобаны жүзеге асыруға 22 миллиард теңге инвестицияланды, оның ішінде заманауи сүт-тауарлы фермаларды салу бар. Суару және ауыл шаруашылығы техникасындағы жаңа технологияларды енгізу ауыл шаруашылығын тиімділігін арттыруға ықпал етуде.«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жобалар белсенді қолдау табуда. Биыл аграрлық бастамаларды жүзеге асыру үшін 4,5 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік жобаларды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 11 миллиард теңге бөлініп, бұл 8 ірі жобаны қаржыландыруға мүмкіндік береді.Әлеуметтік салада да елеулі өзгерістер орын алуда. 2024 жылы бірнеше ірі білім беру нысандары, оның ішінде жаңа мектептер мен балабақшалар салынып, пайдалануға берілді. 160 спутниктік Starlink терминалдары орнатылып, өңірдегі білім беру ұйымдарында интернет-оқытуға қолжетімділік жақсарды.Денсаулық сақтау саласы да дамуын жалғастыруда: өңірде жаңа ауруханалар мен медициналық мекемелер салынып, заманауи медициналық технологиялар енгізілуде. 2024 жылы Гематология орталығы мен бірнеше жаңа емханалардың құрылысын аяқтау жоспарлануда.Өңір дамуының маңызды бөлігі туризм болып табылады. Шығыс Қазақстан облысында тау шаңғысы курорттары мен туристік базаларды салу жобалары жүзеге асырылуда. Экологиялық және тарихи маршруттарға баса назар аудара отырып, тау шаңғысы туризмін дамыту Риддер мен Катонқарағай ауданында жоспарланған.Бұдан бөлек, көлік инфрақұрылымдық жобалар белсенді түрде дамып келеді: жаңа көпірлер, жолдар және әуежайлар салынып жатыр, бұл Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан мен Қытай арасындағы маңызды көлік торабына айналдырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/972693?lang=kk
ҚР Туризм және спорт министрі шетелдік инвестормен кездесті 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада Ұлттық спорт университетінің құрылысын жүргізіп жатқан швейцариялық Mabetex компаниясының басшылығымен маңызды кездесу өткізді. Тараптар жобаның қазіргі кезеңі, құрылыс жұмыстарының сапасы және университеттің болашақ инфрақұрылымын талқылады.Кездесуден кейін министр білім ордасының құрылыс барысымен және жобаның бірінші және екінші кезеңдерінің жоспарымен танысты. Ербол Мырзабосынов құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтаудың маңызын атап өтті. Жоспар бойынша университеттің алғашқы кезеңі мамыр айының соңына қарай пайдалануға берілмек.Қазіргі таңда бірінші кезең аясындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Мамыр айында көпфункционалды спорт кешені, стадион, жеңіл атлетика манежі, жүзу бассейні, колледж ғимараты және 500 орындық жатақхана қолданысқа беріледі. Бұл – оқу процесін бастауға қажетті негізгі инфрақұрылым.Жоба толық іске қосылған кезде университет спорт саласындағы мамандарды даярлаудың толыққанды жүйесін – колледжден бастап докторантураға дейінгі деңгейлерді қамтиды. Мұнда бір мезгілде 2000-нан астам студент пен 60-қа жуық магистрант және докторант білім алады.Ербол Мырзабосынов аталған жобаның жүзеге асуы еліміздегі спорттық білім беру жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізіп, халықаралық деңгейдегі кәсіби кадрларды даярлауға жол ашатынын айтты.«Университет инфрақұрылымы тек білім беру мекемесі ретінде ғана емес, көпсалалы спорттық және ғылыми орталық ретінде де қызмет етеді. Бұл өз кезегінде еліміздегі туризм мен спорт саласының дамуына серпін беріп, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Туризм және спорт министрі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972274?lang=kk
Премьер-министр Tax Free тетігін цифрландырып, автоматтандыруды тапсырды 15.04.2025
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Tax Free құралын пилоттық пайдаланудың жақсы нәтижелеріне назар аударды.Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда TaxFree жүйесі 2019 жылы Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында пилоттық режимде енгізілгенін баяндады. Аталған құралды пайдалану шеңберінде шетелдік туристерге 4,9 млрд теңгенің тауары сатылды. Орташа сатылым сомасы 837 мың теңгені құрады. Осылайша, Tax Free жүйесі туристердің сатып алу белсенділігін ынталандырудың тиімді құралы болды.Премьер-министр Туризм және спорт министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп, «Tax Free» тетігін енгізудің нақты алгоритмін әзірледі тапсырды.«Бұл құралды туристерге ыңғайлы болуы үшін, әсіресе әуежайларда қаражатты қайтару тетігін іске асыру үшін толығымен цифрландырып, автоматтандыру керек»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972269?lang=kk
125 теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту және туристік топтар үшін жедел паспорттық бақылау: Үкімет туристік саланы дамыту шараларын кешенді түрде жүзеге асыруда 15.04.2025
Үкімет отырысында Премьер-министр туристік дестинациялардың инфрақұрылымын дамыту және оларды қолжетімді ету жөніндегі кешенді жұмыстың маңыздылығын атап өтті.«Өткен жылы Ұлы Жібек жолының бойымен өтетін «Жібек жолы» туристік пойызы іске қосылды. 125 теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында әуежайлардың жаңа терминалдары салынды.Көші-қон рәсімдерін оңайлату шаралары қолға алынды. Мәселен, шекара бекеттерінде ұйымдасқан туристік топтарды кезексіз өткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл шара паспорттық бақылаудан өту уақытын 5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді»,— деді Олжас Бектенов.Премьер-министр өңір әкімдеріне туристік объектілерді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмысын жандандыруды тапсырды.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972266?lang=kk
Олжас Бектенов турларға тарих және мәдени ескерткіштерді интеграциялауды және олардың сақталуын қадағалап отыруды тапсырды 15.04.2025
Үкімет отырысында Премьер-министр тарихи ескерткіштерді, көркем табиғи пейзаждарды және еліміздің басқа да көрікті жерлерін турларға интеграциялау қажеттігін атап өтті. Бұл ретте экологиялық талаптардың бұзылмауын, табиғи және мәдени ескерткіштердің сақталуын нақты қадағалап отыру маңызды.Туристік қызметтер сервисінің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.«Туристік гидтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде тиісті шаралар қабылдау керек. Ол үшін әр өңірде біліктілікті арттыру, туристік қызметтер сервисінің сапасын жоғарылату бойынша курстарды тұрақты негізде өткізіп отыру қажет»,— деп атап өтті Премьер-министр.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972265?lang=kk
Олжас Бектенов курорттық аймақтар мен табиғи парктердің бас жоспарларын интеграциялау арқылы туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құруды тапсырды 15.04.2025
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құрудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда нарықтың барлық қатысушысын біріктіре отырып, туристерге сапалы әрі сенімді қызметтерге қол жеткізуге кепілдік беретін TravelStan қосымшасын құру жұмыстатрын жалғастыру қажет.Өткен жылы Your tourist pass жобасы басталды. Бұл құрал QR-кодты сканерлеу арқылы ұлттық туристік порталға, eQonaq көші-қон сервисіне, такси қызметіне және басқа да пайдалы ресурстарға бірыңғай қол жеткізуді қамтамасыз етеді.  Бұған қоса, әлемнің көптеген елдерінде кеңінен танымал Tax Free пилоттық жобасы да жақсы нәтиже көрсетіп отырғаны атап өтілді.Премьер-министр Туризм және спорт министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, үш ай мерзімде туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құру жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды.«Курорттық аймақтар мен табиғи парктердің бас жоспарларын цифрландыруға ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ ұлттық туристік порталға кіруге мүмкіндік беретін QR-кодтарды әуежайларда, вокзалдар мен шекара бекеттерінде, туристер көп жиналатын жерлерде орналастыру қажет»,— деп атап өтті Премьер-министр.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972262?lang=kk