Enbekshi QazaQ

Спорт

Туристік саладағы ірі жобалар: Үкімет инвесторларға барынша қолдау көрсетуге дайын 15.04.2025
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр бүгінгі таңда елімізде инвестициялық бірқатар ірі жоба іске асырылып жатқанын атап өтті – Үкімет туындайтын мәселелерді шешуде барынша қолдау көрсетуге дайын.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы салада ірі инвестициялық жобалар қолға алынды. Алматы қаласы мен Алматы облысында тау кластерін дамыту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Шығыс Қазақстан – тау шаңғысы мен табиғи туризмді дамытуға қолайлы өңір. Щучинск-Бурабай курорттық аймағында жыл бойы жұмыс істейтін туристік объектілер құруға, сондай-ақ экологиялық және спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.Ақтау маңындағы “Жылы жағажай” аумағында бес жұлдызды қонақ үй мен тақырыптық ойын-сауық паркін салу жобалары іске асырылды. Осы өңірдегі Кендірлі курорттық аймағында әуежай салынып, туризмді дамытуға тың серпін берілетін болады.Үкімет инвесторларға барынша қолдау көрсетіп, туындайтын мәселелерді шешуге қашанда әзір»,—  деп атап өтті Олжас Бектенов.Сонымен қатар фермерлерге агротуризммен айналысуға құқық беру үшін тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Сондай-ақ оқиғалық және мәдени туризм белсенді дамып келеді. Олжас Бектенов Туризм және спорт министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, екі ай мерзімде барлық мәдени, оқиғалық, спорттық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін бекітуді тапсырды. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар осындай ауқымды іс шараларды туристерді тартуға бейімдеу үшін нақты тетіктерді әзірлеуі керек.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972259?lang=kk
Алматыға туристердің рекордтық саны – 2,3 млн адам келді 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру жөніндегі шаралар қаралды.Мемлекет басшысының Алматы қаласын дамыту және мегаполис экономикасын әртараптандыру мақсатында туристік әлеуетті тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындауға ерекше назар аударылды.Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, өткен жылы Алматының туристік саласы қарқынды өсім көрсетті. 2024 жылы туристердің жалпы саны 14,8%-ға өсіп, 2,3 млн туристті құрады.«Шетелдік туристер саны 27%-ға артып, 680 мыңнан астам адамға жетті. Ішкі туристер саны 10,4%-ға артып, 1,6 млн адамнан асты. Нәтижесінде көрсетілген туристік қызметтер көлемі 30%-ға өсіп, 96,3 млрд теңгені құрады. Алматыға Үндістан, Қытай, АҚШ, Түркия, Оңтүстік Кореядан туристер келеді»,— деді Ерболат Досаев.Оның айтуынша, туризмді дамыту инвестициялардың өсуін ынталандырды: саланың негізгі капиталына 110,9 млрд теңге салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға артық. Туризмнен түсетін салық түсімдері 92,1%-ға өсті.Туристік салада 83,5 мың адам жұмыспен қамтылған, орташа жалақы көлемі 480 мың теңгені құрайды. 2025 жылы шетелдік туристер саны 10%-ға артып, 750 мың адамға дейін өседі деп күтілуде.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972253?lang=kk
Олжас Бектенов: туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды.Премьер-министр туристік саланың айтарлықтай әлеуеті барын және туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет екенін атап өтті.«Қазақстан – тарихы терең, табиғаты әсем, мәдениет пен салт-дәстүрге бай мемлекет. Ұлан-ғайыр даламыздың әр қиырында туристерді қызықтыратын көрікті жерлер көп. Сондықтан туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет.Бұл ретте, Қазақстандағы туризмнің даму әлеуеті өте жоғары. Соңғы 5 жылда туристердің саны 7,5 есеге өсті. Былтыр елімізге 15 млн-нан астам адам саяхаттап келді»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972250?lang=kk
Бурабайда конгресс орталығы, жағажай және жаңа бағыттар салынады: инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылады 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде туристік саланы дамыту және цифрландыру жөніндегі шаралар қаралды.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабай курорттық аймағында ауқымды абаттандыру күтіліп отырғанын айтты.Оның айтуынша, туристік инфрақұрылымды дамыту аясында курорттық аймақта 8 қарау алаңы салынады,14 туристік бағыт, Щучье көліндегі қоғамдық жағажай абаттандырылады.«Щучинск қаласында дендрологиялық паркті реконструкциялау басталады. Көпсалалы конгресс орталығы маңызды туристік объектілердің біріне және Бурабай курортының визит карточкасына айналуы тиіс»,— деп атап өтті өңір әкімі.Ол бүгінде жер телімі анықталып, жобаны әзірлеу жұмыстары басталғанын, күзге дейін дайын болатынын айтты.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972225?lang=kk
Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту: 2029 жылға дейінгі кешенді жоспар бекітілді 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру жөніндегі шаралар қаралды. Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайда Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындауға көңіл бөлінді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аталған курорттық аймақты дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілгенін және іске асырылып жатқанын хабарлады. Жоспар өңірдің туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымын ауқымды дамытуға бағытталған.«Жоспарға тұжырымдамалық түрде жаңа орындарды: "Ақбура" курорты, Қатаркөл және Жөкей көлдерінің айналасындағы туризм аймақтарын дамыту бойынша іс-шаралар енгізілген. 34 инженерлік және көліктік жобаларды жүзеге асырудың басымдығы айқындалды. Нәтижесінде, 400 шақырым сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жүйелері, 116 шақырым электр желілері және 80 шақырым автомобиль жолдары реконструкциядан өтіп, салынатын болады»,— деді әкім.2025 жылы Бурабай курортын инфрақұрылымдық дамытуға 3,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде:➤ 0,7 млрд теңге – республикалық бюджеттен,➤ 2,8 млрд теңге – жергілікті бюджеттен.Щучинск-Бурабай курорттық аймағы еліміздегі үш туризм орталығының бірі болып белгіленді және өңірдің негізгі курорты болып қала береді.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972222?lang=kk
Туризм министрлігі NEO NOMAD Visa цифрландыру және Tax Free жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс істейді 15.04.2025
Шетелдік туристердің Neo Nomad Visa алу рәсімін жеңілдету мақсатында оны визалық көші-қон порталы арқылы электронды форматта ресімдеу мүмкіндігін енгізу ұсынылады. Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы ғана ресімдеуге болады. Бұл шетелдіктерге Қазақстанда бір жыл тұруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар тағы бір маңызды бағыт – шопинг туризмін дамыту. Tax Free жүйесі туристердің сатып алу белсенділігін ынталандырудың тиімді құралы болып саналады, бұл жүйе көптеген дамыған елдерде жұмыс істейді. Ал елімізде 2019 жылы пилоттық режимде Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында енгізілген. Аталған жүйе аясында шетелдік туристерге 4,9 млрд теңгеге тауарлар сатылды. Орташа сату чегі 837 мың теңгені құрады. Бұл әлемдегі үздік 10 елдің қатарындағы көрсеткіш.Осыған байланысты Туризм министрлігі Tax Free жүйесін пилоттық жүйеден тұрақты жұмыс режиміне ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ осы жүйені еліміздің барлық өңірлерінде енгізуді ұсынады.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972217?lang=kk
Үкімет шетелдік туристерді есепке алу және статистика жүйесін жетілдіреді 15.04.2025
Шетелдік туристерді есепке алу және статистика жүйесін жетілдіру үшін Туризм және спорт министрлігі Ұлттық статистика бюросына ұялы байланыс операторларының деректеріне қол жеткізуді ұсынады. Сонымен қатар экономикалық салымды талдау үшін банктік карта операциялары негізінде туристердің шығындары туралы ақпарат қажет.Қазіргі уақытта шетелдік келушілерді есепке алу ҚР ҰҚК Шекара қызметінің статистикасы бойынша, ал ішкі туризм туралы деректер – орналастыру объектілерінің есебі негізінде қалыптастырылады. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972216?lang=kk
Елімізде заманауи халықаралық стандарттарға сай қонақүйлерді жіктеу жүйесіне реформа жасау жоспарлануда 15.04.2025
Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында елімізде қонақүйлерді жіктеу жүйесін реформалау жоспарлануда. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, 2008 жылдан бері қолданылып келе жатқан критерийлер қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді, бұл оларды қонақүй бизнесіндегі әлемдік үрдістерге сәйкестендіру үшін өзектендіруді талап етеді.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/971783?lang=kk
Әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде туристік инфрақұрылым салу тапсырылады 15.04.2025
уризм және спорт министрлігінің басшылығы ұсынған негізгі бастамалардың бірі – облыс әкімдіктеріне елді мекендерден тыс жерлерде, оның ішінде ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылым салу бойынша өкілеттіктер беру. Қазіргі уақытта заңнамаға қажетті түзетулер Парламентте қаралуда.«Мұндай қадам негізгі туристік дестинациялардың инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етеді. Туристік дестинацияларда инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруға бағытталған жеке бюджеттік бағдарлама әзірленетін болады. Бұл ретте, өңірлерде туризмді дамытуға басымдық беру үшін жаңа құзыретпен қатар жеке туризм басқармаларын құру мәселесін қарастыру қажет. Қазір тек бес өңірде жеке басқарма бар, тағы екі өңірмен пысықталып жатыр»,— деп атап өтті туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/971777?lang=kk
Биыл ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуға тиіс 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов өңірде 2025 жылы денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын жоспарлар туралы айтты. Басты назар ауруханалардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, кредиторлық қарыздарды өтеуге және жаңа кадрларды тартуға аударылады.Кредиторлық қарыздар жойылады– Денсаулық сақтау жүйесінің басты мәселелерінің бірі – медицина ұйымдарының кредиторлық қарыздары. Бұл жағдай біздің өңірге де тән, – деді Дархан Сапанов.2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі медицина ұйымдарының жалпы қарызы 2,5 миллиард теңгені құрады, оның 1,3 миллиард теңгесі – мерзімі өтіп кеткен берешек.Қарыздарын толық өтей алған сегіз мекеме бар: Катонқарағай аудандық ауруханасы, Ана мен бала орталығы, Өскемен қаласының №4 ауруханасы, Күршім аудандық ауруханасы, Риддер қалалық ауруханасы, Психикалық денсаулық орталығы, Облыстық жедел жәрдем станциясы және Самар аудандық ауруханасы.Ал кредиторлық берешегі сақталған ұйымдарға Медицина орталығы, Алтай ауданаралық ауруханасы, Шемонаиха аудандық ауруханасы, Серебрянск қалалық ауруханасы және Үлкен Нарын аудандық ауруханасы жатады. Алайда бұл ұйымдарда жалақы мен салық бойынша қарыздар туындамаған.Жаңа қарыздар Өскемендегі Балаларға арналғанстоматологиялық емханада және ШҚО Фтизиопульмонология орталығында пайда болды.Дархан Сапанов медицина мекемелерінің басшыларына осы жылдың соңына дейін барлық қарыздарды жою туралы тапсырма берді. Өлім-жітім азайдыБылтыр ШҚО-да жалпы өлім көрсеткіші 2%-ға өсіп, туу2,6%-ға азайды. Дегенмен обырдан (ісік) қайтыс болу 4,2%-ға, ал туберкулезден өлім 18,2%-ға азайған.Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім 3,4%-ға артқан, ал жарақаттан қайтыс болу 1,4%-ға төмендеген.Ана мен нәресте өлімі де азайды. 2024 жылы өңірде бір әйел босану кезінде қайтыс болған. Бұл жағдай облыс орталығында тіркеліп, алдағы уақытта республикалық штабта қаралатын болады.Нәрестелер өлімінің негізгі себептері: перинаталдық кезеңдегі асқынулар, туа біткен ақаулар және тыныс алу органдары аурулары.– Аналар өлімі 65%-ға, нәресте өлімі 31,5%-ға азайғаны – медицина мекемелерінің жаңартылып, алдын алу шараларының күшеюінің нәтижесі. Осы жылы аудандық ауруханалардың деңгейін көтеріп, заманауи құрал-жабдықтар сатып алу көзделіп отыр, – деді Сапанов.Денсаулық сақтау басқармасы бұл көрсеткіштерді төмендету үшін жүйелі жұмыстар атқарып жатыр: мамандарды оқытуға жібереді, материалдық-техникалық базаны нығайтады, сирек аурулары бар балаларға арналған дәрілер мен арнайы тағамдар сатып алады.Бүгінде ШҚО-да 13 босандыру ұйымы жұмыс істейді: 9-ы – І деңгейлі, 2-еуі – ІІ деңгейлі, 2-еуі – ІІІ деңгейлі. Осыжылдың І тоқсанында Тарбағатай аудандық ауруханасын ІІ деңгейге ауыстыру жоспарланған.Қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 8,25%-ға өсті. Обыр аурулары 4,29%-ға төмендеді. Жарақаттар мен улану 7,63%-ға артты, ал туберкулезбен сырқаттанушылық 4,44%-ға азайды. Кадр мәселесі – басты назардаҚазіргі кезде өңірдің денсаулық сақтау жүйесінде 10 842 маман жұмыс істейді, оның ішінде 3 021-і – дәрігер, 7 821-і – орта буын медицина қызметкері.Облыста 152 маман тапшы, оның ішінде 75-і ауылдық жерлерге қажет.– Осы жылдың 13 ақпанында Денсаулық сақтау басқармасы 150-ден астам интерн мен резидентпен кездесу өткізді. «Семей» медицина университетінің 42 түлегімен алдын ала келісімдер жасалды, – деді әкім орынбасары.Сондай-ақ биыл облыс 70 маманды шетелге оқуға жібереді. Бұл мақсатқа 420 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Оқыту бағыттарын Денсаулық сақтау басқармасы мен облыстың бас мамандарынан құралған комиссия анықтайды.Материалдық-техникалық база нығайып келедіӨткен жылы өңірде 21 медицина ұйымының материалдық-техникалық базасын жаңартуға 3,3 миллиард теңге бөлінді. 7 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге 2,5 миллиард теңге қарастырылып, 6 нысанда жөндеу аяқталды. Қалған бір нысанда жұмыс жыл соңына дейін аяқталады.Осы жылдың соңына дейін 18 денсаулық сақтау ұйымы жаңа медициналық жабдықпен қамтамасыз етіледі. Бұл үшін 4,8 миллиард теңге бөлінді.Сондай-ақ 16 нысанды күрделі жөнделмек, оның құны – 3,8 миллиард теңге.«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде 36 медицина нысаны салынып жатыр. Оның 35-і пайдалануға берілді, қалған біреуі биыл аяқталады.Өңір үшін маңызды бірнеше ірі жоба жүзеге асуда. Солардың қатарында Өскемендегі гематология орталығы, Риддер қаласындағы200 орындық көпсалалы аурухана мен 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы, сондай-ақ Онкология және хирургия орталығы хирургиялық корпусының 1-3 қабаттарын жаңғырту, Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі ауысымына 150 адам қабылдайтын емхана құрылысы бар.Төсек-орын қорын тиімді қолданған жөн2024 жылғы талдау барысында өңірдегі кейбір ауруханаларда төсек-орындардыңжоғары жүктемемен, ал кейбірінде төмен жүктемемен қолданылып отырғаны анықталды.Күршім аудандық ауруханасы мен облыстық реабилитациялық орталықта төсек-орындаржоғары жүктемемен жұмыс істеп жатыр.Ал Защита теміржол ауруханасында (10 төсек-орнының 5-і бос), Ұлан аудандық ауруханасында (15 орынның 7-і бос) керісінше төмен жүктеме байқалды.– Медициналық мекеме басшылары уақытылы сараптама жасап, науқастар ағынын реттеп, төсек-орын қорын тиімді пайдалану үшін қайта бейіндеу жұмыстарын жүргізуге тиіс, – деп түйіндеді Дархан Сапанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/970525?lang=kk
Отандық спортшылар қысқы Олимпиада және Паралимпиадаға жеке жоспар бойынша дайындалады 15.04.2025
Туризм және спорт министрлігі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпия және Паралимпия ойындарына дайындықты бастады.2024/25 жылғы қысқы маусымда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінген кейбір спорт түрлерінің спортшылары қысқы Олимпиада лицензиясына үміткер спортшы ретінде іріктеліп алынды. Әр спортшы үшін жеке дайындық жоспары бекітілді. Бұл жоспар халықаралық тәжірибеге, ғылымға негізделген кешенді әдістерді қамтиды.Әр спортшы үшін жеке қадағалау жүргізіліп, инвентарь, медициналық қолдау (WADA талаптарына сай дәрі-дәрмек пен спорттық тамақтану), психологтың көмегі, нутрициолог пен дәрігер кеңесімен қамтамасыз ету қарастырылған. Сондай-ақ арнайы спорттық жабдықтар, бағдарламалар дайындау, қажет болса жеке жаттықтырушылардың іссапары қамтамасыз етіледі.Бұдан бөлек, Performance Hub платформасы арқылы әр спортшының физикалық және функционалдық жағдайы тестіленіп, дайындық циклдары ғылыми негізде жоспарланады. Бұл жаттығу жүйесінің тиімділігін арттырып, жарақаттардың алдын алуға мүмкіндік береді.Олимпиадаға дайындық барысын қолдау үшін федерациялар, өңірлік спорт басқармалары және министрлікке бағынысты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді. Олар спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына кедергісіз қатысуын, барлық құрал-жабдық пен медициналық қызметтердің уақтылы көрсетілуін және бәсекеге қатысу кестесінің нақты орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.Министрлік тарапынан қолға алынған кешенді жұмыс отандық спортшылардың қысқы Олимпиадада жоғары нәтижеге қол жеткізуіне бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/970504?lang=kk
Қырғызстандық шебер-қолөнершілер Маңғыстау тұрғындарына өз шығармашылығын таныстырып жатыр 15.04.2025
Шетелдік қонақтар үшін арнайы тігілген киіз үйлерде Түркия, Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген қолөнершілер өз жұмысын ұсынып жатыр. Бауырлас елдердің шеберлері Ақтау тұрғындары мен қонақтарына халық қолөнерін таныстырды.Гүлсан Атамқұлова – Қырғызстаннан келген кесте тігу шебері. Оның айтуынша, қазір елімізде ұлттық кесте өте танымал. Кесте әртүрлі күнделікті заттар мен киімдерге тігіледі. Заманауи сөмкелер, әмияндар, төсек-орындар мен шапандар ұлттық ою-өрнекпен кестеленген. Сонымен қатар, шебер киіз элементтері бар жібек матадан ерекше шәлі жасайды.«Мен бұл іспен бала кезімнен айналысып келемін. Жалпы, қырғыз әйелдерінің барлығы дерлік тігін мен кестелеуді біледі. Кесте өнері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Менің мамандығым – дизайнер. Соңғы бес жылда дәстүрлі элементтері бар киім тігіп жүрмін. Ұлттық киім туралы, яғни ою-өрнектердің мағынасы мен ерекше кесте туралы, оны не үшін және қалай қолданғаны жөнінде ғылыми мақала жазуды жоспарлап жүрмін. Өйткені, қырғыздардың кез келген ұлттық киімі, оның әрбір элементі әдемі ғана емес, сонымен қатар функционалды», - деп атап өтті Гүлсан Атамқұлова.Құрманбек Сартыматов – тері илеуші шебер. Ол былғарыдан сөмке, қамшы, белдік жасайды. Оның қолынан шыққан мерекелік жиынтық адамның көз жауын алады. Мұны жасау үшін шебер былғары, күміс, жез, табиғи тасты қолданған.«Мен 25 жылдан бері теріден ұйым жасап келемін. Менің ұлым - зергер, әйелім кесте тігеді. Өзім терімен жұмыс істегенді ұнатамын, өйткені оны металмен, сүйекпен, таспен біріктіруге болады. Менің бұйымдарыма қазақстандықтар жиі тапсырыс береді, бірақ мен мұнда ешқашан болған емеспін. Қазір біз Ақтауда - түркі әлемінің мәдени астанасындамыз. Жергілікті шеберлермен танысып, тәжірибе алмасамыз деп үміттенеміз», - дейді Құрманбек Сартыматов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/970390?lang=kk
Легионерлерді мемлекет есебінен қаржыландыруға тыйым салу 15.04.2025
Қазақстанда енді шетелден келген спортшыларға (легионерлерге) мемлекеттік бюджеттен қаржы берілмейді. Егер олар отандық командаларда ойнағысы келсе, шығындарын тек демеушілер немесе жеке инвесторлар өтейді.Бұл шешім – отандық спортшыларға жағдай жасау, өзіміздің кадрларды өсіру және спортқа жеке қаражат тарту үшін қабылданды. Яғни, енді басты назар – өзіміздің спортшыларда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/970370?lang=kk
Қазақстан мен Қатар спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытады 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) басшысы Геннадий Головкин Қатар ҰОК президенті, ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының вице-президенті Шейх Джоан Бин Хамад Бин Халифа Әл-Тани және Азия Олимпиада кеңесінің бас директоры Хусейн әл-Мусалламмен кездесті. Бұл туралы Ербол Мырзабосынов өзінің әлеуметтік желідегі Instagram парақшасында жазды.Келіссөз барысында Қазақстан мен Қатар арасындағы спорт және олимпиадалық қозғалыс саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ World Aquatics ұйымымен бірлесіп елімізде су спорт түрлерін дамыту және осы саладағы шетелдік тәжірибелі мамандарды тарту талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/970151?lang=kk
Ақтаулық тұрғындар Түркия өкілдерінің шеберлік сағатына қатыса алады 15.04.2025
Түркі әлемінінің мәдени жылы аясында түбі бір түркітілдес халықтар Ақтауда бас қосып, ортақ құндылықтарды насихаттап жатыр.Измир жетілу институтының директоры Шуле Айдынның айтуынша, түріктер мен қазақтардың ұлттық киімінде ұқсастық көп. Оның сөзінше, мұндай мәдени шара ортақ құндылықтарды насихаттау үшін өте маңызды. Ақтау қаласына алғаш рет табан тіреген шеберлер қазақ ұлтының мәдениетімен жақын танысқанына қуанышты.- Ақтаудың Түркі әлемінің астанасы болғанына өте қуаныштымыз. Біз мұнда қолөнер туындыларымызды, яғни кестелерімізді, түрік тоқымаларын осында әкелдік. Біздің ортақ мәдениетімізді қазақтармен байланыстыратын көптеген өнер туындысы бар. Мәселен, біздің той көйлектеріміз қазақтардың киім үлгісіне ұқсайды. Әсіресе, жібек матадан кестелеп тігілген көйлектер өте ұқсас. Бұл шараға Түркияның атынан қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Мен Ақтау қаласына алғаш рет келіп тұрмын. Қазақтардың мәдениетімен жақыннан танысып жатқанымызға өте қуаныштымыз, - дейді .«Шеберлер ауылындағы» Түркия үйінде кесте тігу және мәрмәрмен жұмыс істеу бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Оған кез келген қонақ қатысып, түріктердің ұлттық бұйымдарымен таныса алады.- Қазір мұнда келген қонақтарға шеберлік сабағын өткізетін 4 шебер бар. Олар түріктердің ұлттық бұйымдарын жасап көрсетеді. Бауырлас елдердің мәдени шарасы түркітілдес халықтардың туындыларын және ортақ құндылықтарымызды көруге мүмкіндік береді, - дейді Измир жетілу институтының директоры Шуле Айдын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/970047?lang=kk
Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшылығымен спортты дамыту мәселелерін талқылады 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының және Қатар Олимпиада комитетінің вице-президенті Шейх Джоан Бин Хамад Бин Халифа Әл-Тани, Азия және World Aquatics Олимпиада Кеңесінің бас директоры Хусейн әл-Мусаллам, Қатар Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Тани Абдулрахман Әл-Каууари қатысты.Халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту, олимпиадалық қозғалысты қолдау және кәсіби әрі бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды.Қазақстанның халықаралық спорт ұйымдарымен спортшыларды даярлау және бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту, су спорт түрлерін дамытудағы өзара іс-қимылды кеңейту бөлігінде ынтымақтастығының перспективалары қаралды. Спорттық кооперация бұқаралық спортты насихаттауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/969651?lang=kk
Туризм және спорт министрі Сергей Цырульниковты Мемлекет басшысы атынан құттықтады 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алып күш иесі, халық арасында саламатты өмір салтын насихаттауға белсенді үлес қосып жүрген Сергей Цырульниковты 40 жасқа толуымен құттықтады.Қара күш иесі Сергей Цырульников әлемнің және Қазақстанның бірнеше дүркін рекордшысы. Сондай-ақ ол «100 ауыл» әлеуметтік жобасы аясында ауыл жастарының тәрбиесімен айналысып, мастер-класстар, ашық жаттығулар және мотивациялық кездесулер өткізіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/968741?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2025 жылғы  7 сәуірде сағат 14-00 де Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2025 жылғы  7 сәуірде сағат 14-00 де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекен-жайында (мәжіліс залы, 108 каб.) Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды.Қаралатын мәселелер:1.Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау және ұсынымдар беру.2.Әртүрлі.          Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: (8-7232) 713-195 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/968573?lang=kk
2025 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз»республикалық конкурсы туралы 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, экология және табиғи ресурстар министрліктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес, 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстын өткізілуін ашық деп жариялады.          Конкурс ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін келесі номинациялар бойынша өткізіледі:1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.2.«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы».Халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.Бұл номинациялар бойынша құжаттарды мына мекенжайында қабылданады: «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ, Киевская к. 1, 205120 телефоны;3.«Үздік ұжымдық шарт».Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.4.«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» .Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.Бұл номинациялар бойынша құжаттарды мына мекенжайда қабылданады: ММ «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» К. Либкнехт к., 19, 25-65-83 телефоны.5.«Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: ММ «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» РММ «ШҚО бойынша экология департаменті», Потанин көшесі 12, 76-81-98 телефоны.Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді (таңдау бойынша бір тілде рұқсат етіледі):1) өтінім;2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады.Үміткердің есебінде: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат.3) сауалнама.Конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттары ұсыну мерзімі – 2025 жылғы1 тамыз. Толық  ақпаратты www.paryz.kz сайтынан табуға болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/968003?lang=kk
Саян Хамитжанов Туризм және спорт министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің кеңесшісі лауазымына Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжанов тағайындалды.Саян Жақсыгелдіұлы өз қызметі шеңберінде еліміздегі футбол және футбол инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді. Бурабайда өткен IV Құрылтайда Мемлекет басшысы дәл осы бағыттарға ерекше назар аударған еді.Саян Хамитжанов – футбол саласында тәжірибесі мол маман. Ол Қазақстан футбол федерациясында және «Астана» футбол клубында басшылық қызмет атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/966567?lang=kk