Enbekshi QazaQ

Спорт

Нұрдәулет Қилыбай «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті 14.02.2025
7 ақпанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті. Басқосуда «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасын ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.Ауқымды мәдени жоба сәуір айында салтанатты түрде ашылып, қараша айының ортасына дейін жалғасады. Осы аралықта әр айға арнайы тақырыптық бағыттар белгіленіп, 30-ға жуық ірі мәдени іс-шара ұйымдастырылады.Ал 500-ден астам өнерпаздың қатысуымен өтетін ашылу салтанаты аясында арнайы этноқалашық бой көтеріп, онда түркі халықтарының мәдениеті мен дәстүрін таныстыратын жеті ауыл қызмет көрсетеді. Қонақтар Маңғыстау өңірінің бай тарихымен, ұлттық салт-дәстүрімен, қолөнерімен және тұрмысымен таныса алады.Кездесу барысында «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев Ақтаудың мәдени астаналар ішіндегі ерекшелігіне тоқталды.- Биылғы мәдени астана Қазақстанның теңіз жағасындағы бірегей қаласы – Ақтауға берілді. Ақтау – бұрынғы мәдени астаналардың арасында Каспий теңізінің жағасында орналасуымен, тарихи мұрасымен және заманауи келбетімен ерекше. Сондықтан Ақтауға өнерпаздар мен туристер тек бұл шара барысында ғана емес, одан кейін де жиі келетін болады деп ойлаймыз, – деді Сұлтан Раев.Өз кезегінде, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ауқымды шараның маңыздылығына тоқталып, оны жоғары деңгейде өткізу керектігін атап өтті.- Бұл – түркі халықтарының рухани байланысын арттыруға бағытталған маңызды жоба. Ақтау қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы атануы – біз үшін үлкен мәртебе ғана емес, зор жауапкершілік. Өңірімізге келетін меймандарға ұлттық мәдениетімізді, дәстүрімізді кеңінен таныстырып, түркі әлемінің ортақ құндылықтарын дәріптеу – біздің басты міндетіміз. Біз бұл мүмкіндікті пайдаланып, өңіріміздің мәдени әлеуетін жаһандық деңгейде көрсетуге тиіспіз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында түркітілдес мемлекеттер өнерпаздарының қатысуымен театр, кино, опера, би, дәстүрлі өнер және басқа да көптеген байқаулар мен фестивальдер, ақындар айтысы, түркі әлемі суретшілерінің симпозиумы, қолөнер шеберлерінің фестивалі, тарихи-ғылыми конференциялар, ақын-жазушылармен кездесулер, түркі әлемінің ұлы ғұламаларының өмірі мен еңбектеріне арналған жиындар өткізіліп, өзге де мағыналы, тағылымды шаралар ұйымдастырылатын болады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/934516
Үкіметте «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының жайы талқыланды 14.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттерді ескере отырып, Қордың 2024 жылғы жұмысының қорытындылары және оны одан әрі дамыту мәселелері қаралды.«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобаларды іске асыру туралы баяндады.Үздіксіз электрмен жабдықтау мақсатында Екібастұз ГРЭС-1 №1 энергия блогы тоқтап, қуаты 4000 МВт-қа дейін ұлғайтылды. Экологияны жақсарту жұмыстары аясында Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін газ инфрақұрылымын құру жобасы іске асырылды. Қарашығанақ кен орны жұмысының тиімділігін арттыру үшін бесінші кері айдау компрессоры енгізілді. Көлік-логистикалық бағытта Сиань қаласында жүк терминалы салынды, ол жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға және қазақстандық бағыттардың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар 250 шақырымнан астам газ құбыры мен 500 шақырым теміржол желісі тартылып, екінші «Достық – Мойынты» жолының 132 шақырымында пойыз қозғалысы іске қосылды. Сондай-ақ есепті кезеңде Қазақстан үшін бірегей жобалар: гидроаккумуляциялық станса мен Астана қаласындағы алғашқы цифрлық қосалқы стансаның құрылысы басталды.Жалпы тізімге қазіргі уақытта мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика, көлік-логистика және басқа да салалар бойынша құны 33,3 трлн теңгені құрайтын инвестициялық 46 жоба енгізілген.Биыл «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын пайдалануға берудің арқасында Жетісу өңіріндегі 66 елді мекенді газбен қамту жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Кендірліде қуаттылығы тәулігіне 50 мың м3 теңіз суын тұщыту зауытын іске қосу арқылы Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысындағы су тапшылығы мәселесін шешу жоспарлануда. Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) және «Достық – Мойынты» теміржол желісі учаскесінің өткізу қабілетін арттыру транзитті дамытуға елеулі серпін береді. Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ПМХЗ-да дизель отынын гидротазарту орнатылады және CASPI BITUM-да битум өндірісі кеңейтіледі. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млрд м3 дейін арттыруға мүмкіндік беретін екінші учаскесінің құрылыс барысына ерекше назар аударылып, бірлескен инвестициялау құралдары талқыланды.Жобалар бойынша жергілікті қамтудың болжамды үлесі секторға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, көлік-логистика секторындағы жобалар бойынша бұл көрсеткіш 85%-ды, энергетикалық жобалар – 60%-ды, басқа жобалар бойынша – 80%-ды құрайды.Сондай-ақ 2024 жылы отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша қосымша шаралар қарастырылған. Осының арқасында 1,1 трлн теңгеге ОТӨ-мен шарттар жасалып, өсім 2023 жылмен салыстырғанда 76%-ды құрады. 191 млрд теңгеге офтейк-келісімшарттар жасалды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10 есеге көп. Сонымен қатар Қордың сатып алу жүйесі алғаш рет ЕҚДБ, АДБ және ЭЫДҰ үздік стандарттарына сәйкес деп танылды.Премьер-министр еліміз үшін маңызды жобаларды іске асыруға жеке инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігіне тоқталды.«Мемлекет басшысы біздің жұмысымыздың басым бағыты ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды, көлік пен логистиканы дамыту, сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект болуы тиіс екенін атап өткен болатын. Үкімет еліміз үшін маңызды жобалардың іске асырылу жағдайын бақылауда ұстайды. Мемлекеттің экономикадағы үлесін біртіндеп азайта отырып, бірлескен инвесторларды белсенді тарту қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Сонымен қатар Премьер-министр үдерістерді оңтайландыру және кешіктіруге әрі негізсіз қымбаттауға жол бермеу үшін жобаларды іске асыру мерзімдерінің сақталуын қатаң бақылау қажеттілігіне аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/935147
Кёрлингтен әйелдер құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті 14.02.2025
Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қытайдың Тайпейінен басым түсті. Есеп: 14-0.Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.Айта кетейік, әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берген.Бүгін Астана уақытымен 16:00-де еліміздің әйелдер құрамасы мен жарыс қожайыны Қытай 7-сессияда кездеседі. Ал ертең Филиппин және Қатар құрамасы қарсылас болады.Қатар өткен матчта Қытай Қатардан, ал Жапония Филиппиннен басым түсті.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934342
Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама күміс медаль жеңіп алды 14.02.2025
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы IX қысқы Азия ойындарында 2-орын алды.Командамыздағы Дінмұхаммед Райымқұл, Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Ардана Маханова жалпы алғанда 235.39 балл жинады.Үздіксіз үштікті Жапония акробаттары түйіндеді.Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934352
Олжас Климин - Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері 14.02.2025
Санаулы сəттер бұрын IX қысқы Азия ойындарында ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде шаңғы жарысынан бәсеке аяқталды.Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин 21 минут, 20,3 секундта мәреге жетіп, үздік үштікті түйіндеді. Алтын мен күміс Жапония өкілдерінде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934357
ҚР Ұлттық құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы жарыс кестесі: 10 ақпан 14.02.2025
ҚР Ұлттық құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы жарыс кестесі: 10 ақпанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934307
Марқакөл ауданындағы Орта-Теректі су қоймасында су тасқыны кезеңінде мамандар кезекшілік етеді 14.02.2025
Бүгін өңір басшысы Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Марқакөл ауданына келді. Биыл қар қалың жауғандықтан, топан суға қарсы іс-шараларға ерекше көңіл бөлінуде. Осы ретте облыс әкімі Орта-Теректі су қоймасының жағдайымен танысты. Өткен жылы оның техникалық жай-күйіне сараптама жасалып, жөндеу жұмыстарының қажет екені айтылған еді.Тиісті жұмыстар ауа райының қолайлы кезеңінде басталды. Су ағызғыштың негізі бетондалып, су қоймасының түбіне тор төселді. Облыс әкімі жергілікті халықпен кездесіп, су қоймасының былтыр қалай жұмыс істегенін сұрады. Қазіргі уақытта тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ. Негізгі құрылымдар штатты режимде жұмыс істеуде. Су тасқыны басталған кезде мамандар кезекшілікке шығатын болады.Айта кету керек, биыл Орта-Теректі су қоймасының бөгетін жоспарлы түрде қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/933135
Марқакөл ауданында әлеуметтік маңызы бар шешімдерді қабылдауда тұрғындардың пікірі ескерілетін болады 14.02.2025
Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаев Марқакөл ауданына жұмыс сапары барысында 47 бала білім алып жатқан мектеп-интернат-колледжінде болды. Білім ордасының маңында тағы бір ғимарат бар. Аймақ басшысы оны балабақшаға айналдыруды ұсынды. Қазір ауылда бір ғана балабақша бар. Сондықтан бұл тиімді болар еді.– Дегенмен бұл шешімді қабылдамас бұрын халықпен ақылдасу керек. Егер тұрғындарға балабақша емес, басқа да бір ұйым немесе мекеме қажет болса, олар өз ұсыныстарын айта алады. Барлық әлеуметтік маңызы бар шешімдер халықтың пікірін ескере отырып, қабылдануы тиіс, - деді Ермек Көшербаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/933146
ШҚО-да отандық өндіріске заманауи технологиялар енгізілуде 14.02.2025
ШҚО әкімі Өскемендегі гидравликалық және пневматикалық құрал-жабдықтар шығаратын SP Jet компаниясының жұмысымен танысты.Аймақ басшысы технологиялық үдеріс пен өндірісті локализациялаудың жоғары деңгейін атап өтті. Мұнда заманауи технологиялар белсенді түрде енгізіліп, шығарылатын өнімдердің түрі көбеюде. Оған қоса экспорт көлемі де артып келеді.– Өнеркәсіп саласын дамыту – аймақ үшін маңызды бағыттардың бірі. SP Jet сынды кәсіпорындарды қолдау жаңа жұмыс орындарын ашуға, инженерлік идеяларды дамытуға, ішкі және сыртқы нарықта отандық өндірістің рөлін нығайтуға мүмкіндік береді, - деді Ермек Көшербаев.Кәсіпорын резеңке, пластмасса, металл бұйымдарын, бөлшектер мен тораптарды дайындайды. Сондай-ақ мамандандырылған құрал-жабдықтарды құрастырады.– 10 жылдан астам уақыт бойы біздің өнімдеріміз Шығыс Қазақстанның ғана емес, еліміздің басқа өңірлеріндегі өнеркәсіптік кәсіпорындарда қолданылуда. Бұрын мұндай тауарларды шетелден мол қаржыға сатып алатын. Ал біз оларды тиімді бағада ұсынамыз, - дейді кәсіпорын директоры Александр Строкатов.Осылайша, жергілікті билік бәсекеге қабілетті өнім шығарумен және инновациялық шешімдерді енгізумен айналысатын отандық компанияларға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Соның арқасында нарықта отандық өнімдердің саны артып, облыс халқы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/933157
Дүниежүзілік сайлау күнін өткізу туралы 14.02.2025
Дүниежүзілік сайлау күні аясында Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы мен Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің, Қазақстан-Американ еркін университетінің және Өскемен экономика және техника колледжі студенттерімен кездесулер өткізді. Кездесу барысында комиссия мүшелері сайлау заңнамасы саласындағы конституциялық реформалар мәселелері, облыстың сайлау комиссияларының жұмысы туралы баяндамалар жасап, сондай-ақ жастар арасында викториналар өткізілді, ең белсенді студенттерге естелік сыйлықтар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/933307
ШҚО-ның цифрлық трансформациясы: ақылды қалалар, инновациялар және креативті экономика 14.02.2025
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру бағытында қарқынды дамып, заманауи технологияларды түрлі салаларға енгізіп келеді. Өңірде “ақылды” қалаларды дамыту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, IT-стартаптарды қолдау және интернетке қолжетімділікті кеңейту бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Қалаларды цифрландыру – өңірдің негізгі басымдықтарының бірі. Қазіргі уақытта 26 цифрлық бастама іске асырылып, олардың үшеуі жасанды интеллект (AI) технологияларын қолданады. Осылайша, денсаулық сақтау саласында “PACS” атты интеллектуалды жүйе енгізілді. Ол онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі. Қазір бұл жүйе 20 медициналық мекемеде жұмыс істеп, жасанды интеллект арқылы 13 мыңнан астам медициналық суретті өңдеді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардағы бизнес-процестер автоматтандырылып, деректердің цифрлық тізілімдері жасалды, есептілік жүйелендірілді және маңызды құжаттар цифрландырылды. 2025 жылы осындай жұмыстар білім, мәдениет және энергетика басқармаларында да жүргізілетін болады. - Өңірдің қауіпсіздігіне тағы бір қадам – «O.P.E.R» интеллектуалды бейнабақылау жүйесі. Облыс бойынша 5000-нан астам бейнекамера жұмыс істеп тұр, олардың 300-і видеоаналитика мүмкіндігіне ие. Бұл технология құқық қорғау органдарына жылдам әрекет етуге және қоғамдық тәртіпті жақсартуға көмектеседі. Осы жобалардың арқасында Шығыс Қазақстан облысы «ақылды» өңірлер ұлттық рейтингінде 77 ұпай жинап, үздік үштікке енді,- деп атап өтті цифрландыру және ақпараттандыруды дамыту бөлімінің басшысы Арнұр Тұраров. Өңірде ақпараттық технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы облыста 96 IT-шара өткізілді, олардың ішінде хакатондар, мастер-кластар, бизнес-форумдар және тренингтер бар. Бұл іс-шараларға 3107 IT-маман қатысты, ал 95 үздік стартапқа қаржылай және әкімшілік қолдау көрсетілді. 2025 жылдың басында өткен Digital Almaty 2025 халықаралық форумында DOGS командасы “Best AI Startup Idea” номинациясын жеңіп алды. Олардың LIFT жобасы – блокчейн және жаңа технологияларды үйренуге арналған білім беру платформасы. Бұл жетістік Шығыс Қазақстан жастарының жоғары технологиялар саласында бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді. Өңірдегі цифрлық бастамаларды тиімді басқару үшін “Битрикс24” жүйесі енгізілді. Бұл жүйе жобалардың орындалуын онлайн бақылауға, міндеттерді автоматтандыруға және жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді.Бірінші кезеңде жүйеге Өскемендегі Гематология орталығы мен Риддер қаласындағы 600 орындық мектеп енгізілді. Гематология орталығының құрылысы 2020 жылдан бері жүріп жатыр, қазіргі уақытта 80%-ға дайын және 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Ал Риддердегі мектеп құрылысы басталып, қажетті келісімшарттар жасалды. Аймақта интернет инфрақұрылымын дамыту басты назарда. Қазіргі таңда 219 елді мекен (96,7% тұрғын) интернетпен қамтылған. Қалған 138 елді мекен 2027 жылға дейін желіге қосылуы тиіс, алайда жергілікті билік бұл жұмысты 2026 жылға дейін жеделдетуді жоспарлап отыр. Интернет сапасын жақсарту үшін:•160 мектеп Starlink спутниктік интернетімен жабдықталды.•республикалық жолдар бойында 25 антенна-мачталық құрылым салынуда;•Өскемен қаласындағы «ақ дақтарды» жою үшін талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылуда. Шығыс Қазақстан заманауи технологияларға, цифрлық қауіпсіздікке және халықтың жайлылығына басымдық беріп келеді. Жасанды интеллектті қолдану, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, IT-стартаптарды қолдау және жоғары жылдамдықты интернетті дамыту – өңірді технологиялық тұрғыдан дамыған аймаққа айналдыратын маңызды қадамдар.Шығыс Қазақстан цифрлық болашаққа нық сеніммен қадам басып, цифрлық технологиялар арқылы әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/934223
Су тасқынын бақылау: ШҚО-да қауіпсіздік шаралары күшейтілуде 14.02.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Алтай ауданындағы су тасқынына қарсы шаралардың барысымен танысты. Биыл өңірде қардың қалың жауғанына қарамастан, топырақтың қату деңгейі былтырғыдан әлдеқайда төмен. Бұл өз кезегінде су басу қаупін азайтады.Мамандар судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету үшін өңірдегі өзендерде 19 жарылыс жұмыстарының орнын анықтады.– Әрбір елді мекен мен су басу қаупі бар аумақ үшін іс-қимыл алгоритмін құрастыру қажет. Мұздың қай жерде пайда болатынын, адамдарды қайда эвакуациялау керектігін, қандай күштер мен құралдар қажет екенін, су басу қаупі төніп тұрған ауылдар, жолдар мен көпірлердің бар-жоғын алдын ала білу керек. Барлық деңгейдегі әкімдер осы сұрақтардың жауабын біліп, тұрғындармен жеке аулаларды қардан тазарту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Сондай-ақ оларға көмектескен жөн, - деді Ермек Көшербаев.Айта кету керек, 1 ақпаннан бастап облыста жасанды интеллектті қолданатын жедел штаб құрылды. Олар гидро және метеоқызмет деректері мен өткен жылдардағы ақпараттардың негізінде түрлі оқиғалар желісін болжайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/934255
Алтай ауданы – ТЖ бойынша жедел штабтың тұрақты бақылауындағы төрт аймақтың бірі 14.02.2025
Бүгін өңір басшысы Алтай ауданына жұмыс сапарымен барып, су басу қаупі бар аймақтарды аралады. Оның ішінде Тұрғысын мен Бұқтырма өзендері бар. Қазірдің өзінде мұнда күн сайын бақылау жүргізілуде. Биыл қыста қардың қалың жаууынан бұл аймақ төтенше жағдайлар қызметінің қадағалауында. Сондықтан Алтай, Катонқарағай, Күршім және Глубокое аудандары 1 ақпанда жұмысын бастаған ТЖ штабының тұрақты бақылауында.Алтай ауданының әкімдігіне су тасқыны қаупі бар кезеңге байланысты бірқатар тапсырма берілді. Атап айтқанда, барлық күштер мен құралдарды дайындап, өзендердің жай-күйі мен қардағы су деңгейін бақылау керек. Оған қоса халықпен жұмыс жүргізу қажет. Облыс әкімі өңірдегі қар көшкіні қаупі бар аймақтардың бірі саналатын Осинов асуын да аралап көрді.Сапар барысында Ермек Көшербаев Серебрянск қаласындағы девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында болды. Осы ретте мекеме басшылығымен, аудандық білім бөлімінің өкілдерімен сындарлы диалог өтті.Облыс әкімі асханадағы тамақтандыру нормаларын тексеріп, оны көбейтуді тапсырды. Ал аудан әкімдігі мен облыстық білім басқармасына бұл мәселені қатаң бақылауға алуды жүктеді. Өз кезегінде оқушылар аймақ басшысымен сұхбаттасып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Көбі білімін жалғастырып, колледжге түскісі келеді. Ермек Көшербаев кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында балаларды техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісімен таныстыруды тапсырды.Тәрбиеленушілер хоккей матчтарына қатысу мүмкіндігін сұрады. Сондай-ақ сапар барысында аймақ басшысы әскери бөлімге барып, жеке құраммен сұхбаттасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/934256
Шығыс Қазақстан облысының цифрлық трансформациясы: ақылды қалалар, инновациялар және креативті экономика 14.02.2025
Шығыс Қазақстан облысы өмірдің түрлі саласына заманауи технологияларды енгізіп, цифрландыру жолымен сенімді қадам басып келеді. Өңірде смарт қалаларды дамыту, мемлекеттік процестерді автоматтандыру, IT-стартаптарды қолдау және кең жолақты Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.Қаланы басқарудағы цифрлық шешімдерді дамыту негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. «Ақылды қалалар» жобасы қазірдің өзінде 26 бастаманы жүзеге асырды, оның үшеуі жасанды интеллект технологияларын пайдаланады. Осылайша, денсаулық сақтау саласында онкологиялық ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін интеллектуалды PACS жүйесі жұмыс істейді. Ол 20 медициналық мекемеге қосылған және қазірдің өзінде Жасанды интеллект арқылы 13 мыңнан астам суретті өңдеп үлгерді.Сонымен қатар мемлекеттік органдардың бизнес-процестері автоматтандырылды: цифрлық деректер тізілімдері құрылды, есеп беру жүйеленді, негізгі құжаттар цифрландырылды. 2025 жылы білім, мәдениет және энергетика салаларын қоса алғанда, алты басқармада осындай жұмыстар жүргізілетін болады.- Өңірлік қауіпсіздікке тағы бір қадам – O.P.E.R интеллектуалды бейнебақылау жүйесі. Өңірде 5 мыңнан астам камера орнатылған, оның 300-і бейнесараптаманы пайдаланады. Бұл оқыс оқиғаларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттырады. Осы және басқа да жобалардың арқасында Шығыс Қазақстан облысы тиісті рейтингте 77 ұпай жинап, Қазақстанның «ақылды» аймақтарының арасында үздік үштікке енді, - деп атап өтті цифрландыру және ақпараттандыруды дамыту басқармасының басшысы Арнұр Тұраров. Облыста IT секторы белсенді дамып, дарынды әзірлеушілердің өсуіне жағдай жасалуда. 2024 жылы облыста стартаптар үшін 96 іс-шара өткізілді: хакатондар, шеберлік сыныптары, іскерлік кездесулер мен тренингтер, оларға 3 107 IT маманы қатысты. Үздік 95 жоба қолдауға ие болды.2025 жылдың басында Digital Almaty 2025 халықаралық форумында Шығыс Қазақстан облысының DOGS командасы «Үздік AI стартап идеясы» номинациясында жеңімпаз атанды. Оның LIFT жобасы – технологияларды, соның ішінде блокчейнді жылдам енгізуге арналған білім беру платформасы. Шығысқазақстандық жастардың жетістігі аймақтық IT-бастамалардың жоғары деңгейін растайды.Аймақтық бастамаларды тиімді басқару үшін аймақта Bitrix24 жүйесі енгізілген. Ол цифрлық жобалардың орындалу барысын бақылауға, тапсырмаларды басқаруды автоматтандыруға және жауапты бөлімшелердің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.Бірінші кезеңде жүйеге негізгі нысандар қосылды: Өскемендегі Гематологиялық орталық және Риддер қаласындағы 600 орындық мектеп. 2020 жылдан бері құрылысы жүріп жатқан гематологиялық орталық 80 пайызға аяқталып, 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Риддерде барлық қажетті келісімдер жасалып, жаңа оқу орнының құрылысы басталып кетті.Тағы бір басымдық – интернетке қолжетімділік. Бүгінде облыс бойынша 219 елді мекен (халықтың 96,7 пайызы) желіге қосылған. Қалған 138 елді мекен 2027 жылдың соңына дейін интернетке қол жеткізеді, бірақ жергілікті билік бұл үдерісті жеделдетіп, 2026 жылға дейін аяқтауды көздеп отыр.Сонымен қатар, интернетпен қамтуды жақсарту үшін:•160 мектеп Starlink спутниктік интернетімен қамтамасыз етілген;•Ұлыстанда 25 антенналық тірек құрылымдары жойылуда; Меногорск талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы.Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру, озық технологияларға, азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығына сүйене отырып, керемет нәтижелер көрсетуде. Жасанды интеллект енгізу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, IT-стартаптарды қолдау және жоғары жылдамдықты интернетті дамыту – өңірді заманауи ғана емес, технологиялық жағынан да дамыған қадамдар. ШҚО цифрлық технологиялар әрбір тұрғынның өмір сүру сапасын жақсартатын болашаққа сеніммен қадам басып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/934257
Малика Ермек жартылай финалда 14.02.2025
Қазақстандық шорт-трекші Малика Ермек Харбиндегі Азия ойындарында 1000 метрде жартылай финалға өтті.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934275
Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов 1000 метрде жартылай финалда бақ сынайды 14.02.2025
Харбиндегі қысқы Азия ойындарында шорт-тректен ерлер арасында 1000 метрде жарысқан Әділ Ғалиахметов өз тобында бірінші келіп, жартылай финалға жолдама алды.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934276
Аяна Жолдас - Азия ойындарының қола жүлдегері 14.02.2025
IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан бақ сынаған қазақстандық Аяна Жолдас (76.54) қола жүлде еншіледі.Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934277
Шорт-трекшілеріміз 1000 метрде финалда сынға түседі 14.02.2025
2025 жылғы қысқы Азия ойындарында шорт-тректен әйелдер арасында 1000 метрде қатысқан Ұлттық құрама спортшысы Малика Ермек «А» финалына шықты.Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Алина Әжғалиева «B» финалында бақ сынайды.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934278