Спорт
Цифрландыру министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және Спорттық бағдарламалау федерациясы мектеп оқушылары арасында алғашқы республикалық жасанды интеллект бойынша AI Olymp олимпиадасын өткізеді 25.01.2025
Цифрландыру министрлігінде маңызды кездесу өтті. Оған Цифрландыру министрі Жаслан Хасенұлы Мәдиев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бектаұлы Бейсембаев және Спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Батырбекұлы Мусин қатысты. Кездесуде жасанды интеллект саласындағы білім беруді дамыту бойынша шаралар талқыланды.Кездесудің негізгі оқиғасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. Бұл құжат еліміздегі жасанды интеллект бойынша білім берудің жаңа кезеңін бастауға негіз қалады. Осы келісімнің маңызды нәтижесі ретінде мектеп оқушылары арасында алғашқы республикалық жасанды интеллект бойынша AI Olymp олимпиадасын өткізуді шешті.Олимпиада жасанды интеллект және оған жақын салаларға (спортивтік бағдарламалау, математика, деректерді талдау) қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, қолдауға, сондай-ақ оқушыларды Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасына дайындауға бағытталған.«Бұл шараны біз болашақ қоғамды құруға деген ұмтылысымызды білдіретін "Generative Nation" бастамасы аясында ұйымдастырып отырмыз. Мемлекет ретінде біз жас таланттарымызды қолдауға және олардың идеяларын іске асыруға жағдай жасауға қуаныштымыз. Спорттық бағдарламалау – бұл тек интеллектуалдық жарыс емес, ол ойлау мен табандылық мектебі. Мұнда жас мамандар күрделі тапсырмаларды еңсере отырып, шынайы өмірдің қиындықтарына дайындалады. Алғашқы республикалық мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект бойынша AI Olymp олимпиадасы – талантты оқушылар үшін бағдарламалау, математика және деректерді талдау салаларында өзін-өзі көрсетуге тамаша мүмкіндік. Бұл Қазақстанның жасанды интеллект экожүйесін дамыту мен халықаралық жетістіктерге жол ашатын алғашқы қадам болады», – деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.«Қазақстан бүгінгі таңда білім беру үдерісіне озық технологияларды батыл енгізіп, уақытпен бірге ілесіп келеді. AI Olymp олимпиадасын өткізу – дарынды оқушыларымыздың әлеуетін ашуға және жаңа буын жоғары білікті мамандарды дайындауға стратегиялық қадам. Біздің жастар өздерін қолдауды сезінуі маңызды», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.Олимпиада көктемде екі кезеңде өтеді. Елдің түкпір-түкпірінен келген оқушылар бағдарламалау, математика және классикалық машиналық оқыту тапсырмаларын шешетін онлайн іріктеу кезеңіне қатыса алады. Ең үздік 30-40 қатысушы машиналық оқыту алгоритмдері, деректерді талдау және жасанды интеллект концепцияларымен байланысты практикалық тапсырмаларды шешетін финалдық кезеңге шақырылады.Ең жақсы нәтижелер көрсеткен қатысушылар 2025 жылдың 2-9 тамызында Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында өтетін Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында (IOAI) Қазақстан құрамасының құрамын анықтау үшін арнайы дайындықтан өту мүмкіндігіне ие болады.«Еліміздің спорттық бағдарламалау құрамасына қатысу – тек бедел ғана емес, сонымен қатар жеке және кәсіби өсудің бірегей мүмкіндігі. Спорттық бағдарламалау қазіргі IT нарығында сұранысқа ие дағдыларды дамытады: күрделі мәселелерді тез әрі тиімді шешу, алгоритмдік ойлау және қысым жағдайында жұмыс істеу қабілеті. Сонымен қатар, бұл IT экожүйесінің бір бөлігі болу, еліміздің болашағын қалыптастыру және әлемдегі үздік университеттер мен компаниялардың есігін ашу мүмкіндігі», – деп атап өтті Спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Мусин. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/924436

Digital Almaty 2025 әлемнің түкпір-түкпірінен 40 мыңнан астам қатысушы жинайды 25.01.2025
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында алдағы Digital Almaty 2025 туралы баспасөз конференциясы өтті. Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов атап өткендей, жылдың ең ірі цифрлық оқиғасы – Digital Almaty 2025 VII халықаралық форумының басталуына бір апта қалды.Digital Almaty 2025 өнеркәсіптегі серпінді өзгерістерге және ai жаһандық индустрияның болашағына әсеріне арналған. AI технологиялары өндірістік процестердің тиімділігі, қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізгі драйверіне айналуда. Екі күндік цифрлық іс-шараға 40 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде."Digital Almaty 2025 форумы – BigTech компанияларын халықаралық ЖИ орталығына тарту үшін тамаша алаң. Ол жыл сайын өткізіледі, бұл қазірдің өзінде жетінші Digital Almaty. Digital Almaty 2025 жеке инвестициялар қаражаты есебінен жүргізіліп жатқанын атап өту маңызды", - деді Ғиззат Байтұрсынов.Digital Almaty-ге жеке қатыса алмағандардың барлығына алғаш рет бірегей виртуалды көрме ұсынылады. Көрмеге сілтеме форумның ресми сайтында орналастырылады almatydigital.kz.VII Digital Almaty AI-ны өнеркәсіптік экожүйелерге, экономика мен қаржыға, ESG, медицина, білім беру және киберқауіпсіздікке интеграциялау тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынады. инновациялық технологиялар» Автономды кластерлік қорының Басқарушы директоры Дания Ахметова форум бағдарламасының мәліметтерімен бөлісті.Форум аясында ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің пленарлық отырысы өтеді. Биыл форумға Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Иран үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия басшылары жиналады. Кейін дәстүрлі Digital Awards 2025 сыйлығы беріледі."Форумда Astana Hub - AI Movement бастамасының қорытындысы шығарылады, сондай-ақ first Tech Challenge республикалық кезеңі өтеді, онда үздік 24 мектеп командасы Digital Ministry Cup үшін жарысады. Форумның басты оқиғаларының бірі Industry AI Battle болады — AI және цифрлық трансформация саласындағы стартаптар шайқасы. Қатысушылар форум серіктестерінің гранттарымен қатар $60 000 жүлде қоры үшін жарысады", - деді Дания Ахметова. Дәстүрлі стартаптар аллеясы 80 халықаралық инновациялық жобаны ұсынады, бұл мыңдаған қонақтарға, соның ішінде инвесторларға жаңа идеялар туралы білуге мүмкіндік береді. "Индустрия X" аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда іске асырылған табысты жобаларды ұсынады. АҚШ, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Ираннан келген отандық жер қойнауын пайдаланушылар мен технопарктер панельдік сессиялар аясында Жасанды интеллект өндірістік процестерде қалай қолданылатынын айтып береді.Биыл форумға Ричард Стирлинг (CEO Oxford Insights), Эндрю Ын (DeepLearning.AI негізін қалаушы), Ян Лекун (Тьюринг сыйлығының лауреаты), Каан Терзиоглу (VEON тобының бас атқарушы директоры), Тодзю Дюк (Bedrock AI және Diverse AI компанияларының негізін қалаушы және бас директоры), Ник Давыдов (венчурлық инвестор, DVC қорының негізін қалаушы және серіктесі), Йорам Вийнгаарде (Dealroom компаниясының негізін қалаушы және CEO), сондай-ақ IT және технологиялар саласындағы басқа да жетекші компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысады.Естеріңізге сала кетейік, Digital Almaty ұйымдастырушылары – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" Дербес кластерлік қоры.Форум 2025 жылдың 31 қаңтарынан 1 ақпанына дейін Атакент көрме кешенінің алаңында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/924448

Нұрдәулет Қилыбай ауыл мәртебесін көтеру мақсатында “Үздік ауыл әкімдігі” рейтингін өткізуді тапсырды 25.01.2025
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдегі ауыл әкімдіктерінің жұмыс сапасын арттырып, аймақ халқының өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында “Ең үздік ауылды” анықтап, “Үздік ауыл әкімдігі” рейтингін өткізуді тапсырды.-Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айқындалған ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін көтеру мақсатында облысымыздағы ауыл әкімдіктері арасында байқау жариялауды жөн санадық. Негізгі мақсат - ауыл мәртебесін көтеру, жағдайын ілгерілету, экономикасын дамыту, ауыл әкімдері мен қызметкерлерін жігерлендіру, дербестігін және жауапкершілігін арттыру, - деді аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай.“Үздік ауыл” жобасы ауылдың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жағдайы (газ, су, тоқ, интернет, қоқыс),қаржылық тұрақтылық, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығының өркендеуі, жұмыспен қамтылған халық саны, қоғамдық тәртіп, әлеуметтік сала көрсеткіштері, ауылдағы мектеп түлектерінің ҰБТ нәтижесі негізінде қорытындыланады.Үздіктерді мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерінен құрылған арнайы комиссия анықтайды. Байқау жылдың соңында қорытындыланып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталады.Өңірде алғаш рет бастау алатын жоба жыл сайын өткізілмек. Қазіргі таңда Маңғыстау облысында 46 елді мекен бар.Көрсеткіштері жоғары үздік ауыл әкімдері мен әкімдіктерге:- 1 орынға - коммуналдық шаруашылық техникасы беріледі және әкімшілік ұжымы (ауыл әкімінен бастап техникалық қызметкерлерге дейін) 6 лауазымдық жалақымен марапатталады, ауыл әкіміне қызметтік автокөлік беріледі;- 2 орынға - әкімдік ұжымы (ауыл әкімінен бастап техникалық қызметкерлерге дейін) 4 лауазымдық жалақымен марапатталады;- 3 орынға - әкімдік ұжымы (ауыл әкімінен бастап техникалық қызметкерлерге дейін) 2 лауазымдық жалақымен марапатталады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/924008

ШҚО әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды 25.01.2025
Ерлан Текешов ШҚО әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бүгін облыс активіне жаңа аппарат басшысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов таныстырды.Ерлан Хасенұлы Текешов - Шығыс Қазақстанның тумасы. Ол Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтын және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірген.Ол әр жылдары геолог, Сауда және қызмет көрсету департаментінің штаттан тыс инспекторы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Іс басқармасы» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметтерін атқарды.Сондай-ақ Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін, құрылыс бөлімін басқарды. Кейін Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының басшысы болды. Ерлан Текешов Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, Тарбағатай ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «ШығысЭнергоТрейд» ЖШС-нің бас директоры қызметтерінде жұмыс істеген.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/924018

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 25.01.2025
Цифрлық даму министрлігі Meta (Facebook, Instagram, WhatsApp) сервистеріне қолжетімділік бойынша қазіргі мәселелер ғаламдық сипатқа ие екенін хабарлайды.Бұндай ақаулар әлемнің көптеген елдерінде тіркелді.Қосымша ақпарат қолжетімді болған кезде хабарланатын болады.Айта кету керек, бұл ақаулар «ҰАТ» АҚ қызметімен байланысты техникалық ақауларға қатысы жоқ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/924028

Елімізде букмекерлік кеңселердің жарнамасы бар 1,6 мыңнан астам билборд алынып тасталды 24.01.2025
Елімізде букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға қатаң шектеулер енгізілді. Заңнама талаптарының орындалу барысы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету үшін ведомство облыстық және қалалық әкімдіктермен, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп сыртқы жарнама мен отандық БАҚ-қа тұрақты мониторинг жүргізетінін атап өтті. Осы жұмыстың нәтижесінде 1,6 мыңнан астам билборд алынып тасталды. 2024 жылы «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне заңсыз құмар ойындар мен бәс тігулерді жарнамалайтын 10 мыңнан астам сайт бұғатталуға енгізілді.«Азаматтар көшеде немесе БАҚ-та заңсыз букмекерлік жарнаманы байқаса, Министрлікке арыз жаза алады. Дәлелдер жеткілікті болған жағдайда, Министрлік тиісті әкімдіктер мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне сұрау жолдап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін қажетті материалдарды жинайды», — деп түсіндірді Мирас Төлебаев. Вице-премьер мүдделі мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктеріне заңнама талаптарының орындалуын жіті қадағалауды тапсырды.«Рұқсат етілмеген орындарда жарнама жасауға жол берілмеуі тиіс. Мыңдаған сайттар бұғатталғаны туралы есеп берілді. Алайда, ғаламторда букмекерлік кеңселердің жарнамасы әлі де бар. Бұл ретте салалық министрліктер мониторинг жұмысын күшейтуі қажет», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.Енгізілген шектеулерге сәйкес букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ашық кеңістіктерде, ғимараттардың қасбеттерінде, көлік құралдарында және сыртқы құрылымдарда жарнамалауға толық тыйым салынған. Бұл ереженің букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың орналасқан жерлеріне, спорт ғимараттарының ішіне және спортшылардың киімдеріне қатысы жоқ. Букмекерлік кеңселердің логотиптері мен сауда белгілерін басқа бизнес салаларының жарнамасында қолдануға болмайды.Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 455-бабына сәйкес, букмекерлік кеңселердің жарнамасын таратқандар үшін 236 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/923772

Астанада қысқы спорт түрлерін дамыту және ірі халықаралық жарыстарға дайындық талқыланды 24.01.2025
Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен қысқы спорт түрлерін дамыту және 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарына, 2026 жылғы XXV Қысқы Олимпиада ойындарына және XIV қысқы Паралимпиада ойындарына дайындық бойынша кеңес өтті.Кеңеске облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың дене шынықтыру және спорт басқармаларының, қысқы спорт түрлері федерациясының басшылары, сондай-ақ бас жаттықтырушылар қатысты. Қатысушылар арасында ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары Азамат Имашев пен Асқар Можанов, Ұлттық паралимпиада комитетінің бас хатшысы Олжас Ақпамбетов, шаңғы спорты түрлері қауымдастығының бас директоры Ильхам Хананов, ұлттық мәнерлеп сырғанаушылар Федерациясының Бас хатшысы Олжас Бесбаев, ұлттық мәнерлеп сырғанаушылар Федерациясының Бас хатшысы шаңғы жарысы бойынша жаттықтырушы Александр Батяйкин және биатлоннан бас жаттықтырушы мақсат Шаронов.Кеңес барысында ұлттық құрамаларды биылғы Харбиндегі Қысқы Азия ойындарына, сондай-ақ 2026 жылы Милан мен Кортина-Д ' Ампеццодағы XXV Қысқы Олимпиада ойындарына және XIV қысқы Паралимпиада ойындарына дайындау мәселелері қаралды. Спорттық инфрақұрылымды жаңғыртуға, жаттығу жүйесін жақсартуға және спортшылардың кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, елімізде қысқы спорт түрлерін одан әрі дамыту стратегиясын әзірлеуге ерекше назар аударылды."Біздің алдымызда аса маңызды халықаралық жарыстар күтіп тұр. Бір аптадан кейін Харбинде IX Қысқы Азия ойындары басталады, содан кейін біз 2026 жылғы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV қысқы Паралимпиада ойындарына белсенді дайындықты бастаймыз. Алдағы ойындарда ойдағыдай өнер көрсету үшін 137 оқу-жаттығу жиыны, сондай-ақ 86 халықаралық жарысқа қатысу өткізілді. Саппородағы Қысқы Азия ойындарында біздің команда үздік төрт елдің қатарында болды. Бүгінгі таңда біздің алдымызда маңызды міндет тұр-осы жетістіктерді шоғырландыру және тағы да жоғары нәтиже көрсету. Харбинде өтетін ойындардың басталуына 12 күн қалды. Жарысқа 138 қазақстандық спортшы қатысады, олар 6 спорт түрінен және 10 пәннен өнер көрсетіп, 51 марапаттар жиынтығына таласады. Қазақстан құрамасы алдағы ойындарда елімізді лайықты түрде таныстырады деп сенемін және бұл үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған", — деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/923775

Маңғыстау облысында үздік мектеп ұжымына 3 лауазымдық жалақы мен қызметтік автокөлік беріледі 24.01.2025
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірде білім сапасын арттыру мақсатында жыл сайын “Үздік мектеп ұжымы” рейтингін өткізуді тапсырды.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде білім сапасын арттыруға ерекше назар аударып келеді. Соның аясында облысымызда заман талабына сай Жайлы мектептер салынып жатыр. Енді сол мектептердегі білім деңгейін көтеру мақсатында жыл сайын рейтинг жасап, «Табысты мектеп» жобасын іске қосуды ұйғардық. Біз ұстаздар мен оқушылардың ынтасы мен жігерін арттыруды, шығармашылық қабілеттерін ашуды мақсат тұтып отырмыз, - деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Жобаның мақсаты - білім беру ұйымдарындағы үздік іс-тәжірибелерді насихаттау және мектептердің жетістіктерін анықтау, мектепаралық бәсекелестікті дамыту."Табысты мектеп" жобасы оқу жылының көрсеткіштері негізінде қорытындыланады.Көрсеткіштері жоғары үздік мектептерге:- 1 орынға - мектеп директорына қызметтік автокөлік беріледі және мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 3 лауазымдық жалақымен марапатталады;- 2 орынға - мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 2 лауазымдық жалақымен марапатталады;- 3 орынға - мектеп ұжымы (мектеп директорынан бастап кіші қызметкерлерге дейін) 1 лауазымдық жалақымен марапатталады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/923210

ҚР Туризм және спорт министрі Швеция Елшісімен екі жақты ынтымақтастықты талқылады 23.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ева Пуланомен кездесіп, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады.Кездесуде тараптар қысқы спорт түрлерін дамыту, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу және спортшылар арасында тәжірибе алмасу сияқты өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін пысықтады.«Спорт саласындағы екі елдің ынтымақтастығы жыл өткен сайын дамып келеді. Швеция қысқы спорт түрлері бойынша әлемдегі алпауыт елдердің бірі саналады. 2024 жылғы наурызда шаңғыдан Қазақстан құрама командасы Швецияның Фалун қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Спортшыларымыз мол тәжірибемен оралды. Алдағы уақытта да қысқы спорт түрлері бойынша тәжірибе алмасып, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын жиі өткізуді ұсынамыз», – деді Туризм және спорт министрі.Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов туризм саласындағы байланыстарды дамытудың маңызына тоқталып, аталған саланың экономиканың дамуына елеулі әсер ететінін айтты.Министр Қазақстан Швециямен туризм және спорт саласындағы жаңа бірлескен жобаларды дамыту бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті екенін және ұзақ мерзімді әрі өнімді серіктестікке үміт артатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/923266

Өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау: ҚР Туризм және спорт министрлігі Ақтөбе облысының кандидатын келісті 23.01.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі іріктеу комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыста Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы бекітуге ұсынған кандидатура қаралды.Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері "республикалық футбол федерациясы және футзал Сурдо" қоғамдық бірлестігінің президенті Махамбетов Мейрамбек Жанболатұлының кандидатурасын келісті. Отырыс барысында комиссия кандидаттың спорт саласындағы тәжірибесін, сондай-ақ оның өңірдің спорт саласын дамыту жөніндегі нақты жоспарларын зерделеді. Сонымен қатар, спорт ғылымы мен менеджмент негіздеріне қатысты сұрақтар қойылды.Айта кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған кезде ғана жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/923153

ШҚО тұрғыны көрсетілген қырағылық үшін 305 мың теңге алды 23.01.2025
«STOP есірткі!» жобасы азаматтық қоғамды есірткінің таралуына қарсы күреске белсенді түрде тартуға бағытталған және есірткі құқық бұзушылықтары туралы шынайы ақпарат берген азаматтарға ақшалай сыйақы төлеуді көздейді.Биылғы қаңтар айында облыс прокуратурасына есірткі таратылу фактісі туралы алғашқы белгі келіп түсті. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 60 гр астам синтетикалық есірткі тәркіленген азамат анықталды. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат α-пирролидиновалерофенон (α-PVP) психотроптық заты екені анықталды.Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.Берілген ақпарат үшін хабарлаған азаматқа 305 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленді.Еске саламыз, пилоттық жобаны жүзеге асыру 4 жақты Меморандум негізінде жүзеге асырылуда, бұл Меморандум прокуратура, Полиция департаменті, облыс әкімдігі және «Парыз» қоры арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасалған.Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарына үндеу! Егер сізге есірткі таратылу жағдайлары туралы мәлім болса, 8-771-659-53-22 телефонына немесе «102» арнасына хабарлауыңызды сұраймыз.Жүгінген азаматтарға құпиялылық пен қауіпсіздікке кепілдік беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/922627

«100 сұрақ – 100 жауап» анықтамалығы 23.01.2025
Әділет министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары жоспарының 16-тармағын іске асыру мақсатында «100 сұрақ – 100 жауап» атты анықтамалық әзірледі.Анықтамалықта адам құқықтарын және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға қатысты өзекті сұрақтарға жауаптар берілген және ол халық пен кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарында қолдануға арналған.Құжатқа сілтеме: «100 сұрақ – 100 жауап» анықтамалығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/922646

Кендірліде жаңа әуежайдың құрылысы басталды 22.01.2025
Президент тапсырмасына сәйкес ішкі туризмді және жолаушылар әуе тасымалын дамыту мақсатында 2025 жылы Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды.Көлік министрлігінің хабарлауынша, бұл жобалардың іске асырылуы өңірлердегі экономиканың дамуына жаңа импульс береді, сондай-ақ отандық және шетелдік туристер ағынын арттыруға және аталған жобалар жергілікті тұрғындарды қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.Сонымен қатар, 2024 жылы ірі хабтарды дамыту мақсатында әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясында үш жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілді. Мәселен Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жолаушылар терминалының өткізу қабілеті ұлғайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/922523

Маңғыстау облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды 22.01.2025
Бүгін, 22 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен облыстық білім басқармасының жаңа басшысы болып Амантай Кумбаев тағайындалды.Амантай Кумбаев 1979 жылы туған. Білімі жоғары. 2001 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі, 2020 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2000 жылы «Фемина» ЖШС-де шебер болып бастап, 2012 жылға дейін жеке секторларда жұмыс істеген. 2012-2015 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы №10 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болды.2015-2020 жылдар аралығында Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінде жетекші маманы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінде оқу сапасын сырттай бағалау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы қызметін атқарды.2020 жылы ҚР Білім және ғылым министірлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы болды.2021-2024 жылдар аралығында Қарақия ауданы мен Ақтау қаласы әкімінің аппаратында бас инспектор, Өмірзақ ауылы әкімінің орынбасары, Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы лауазымын атқарды.2024 жылы Ақтау қаласы бойынша білімі бөлімінің жалпы білім және мемлекеттік қызмет көрсету секторының сектор меңгерушісі, Ақтау қаласы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы болды.Осыған дейін Маңғыстау облысы әкімінің аппараты өңірлік саясат және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/922753

Харбин-2025 ең көп мемлекет пен спортшы қатысатын қысқы Азиада болмақ 22.01.2025
7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарына құрлықтағы 34 Ұлттық Олимпиада комитетінің сапында 1275 спортшы жиналады.Азия Олимпиада кеңесінің мәліметінше, бұл қысқы ойындар арасындағы рекорд. Сауд Арабиясы мен Камбоджа алғаш рет қысқы спорттан қатысады.Осыған дейінгі, Жапонияның Саппоро қаласындағы бәсекеде құрлықтағы 30 ел мен Тынық мұхиты аймағынан Аустралия мен Жаңа Зеландияны қосқанда 32 комитет тіркелген. Ал спортшылар саны 1147 болған. Араға 8 жыл салып, Харбинде олардың саны 128 атлетке көбейеді.Айта кетейік, аталған 1275 спортшының 755-і ер, 520-сы әйел. Олардың 847-сі мұз айдынындағы жарыстарда күш сынасады. Ал қалған 428-і биатлон, шаңғы жарысы сынды Ябули қаласында өтетін қар спортында кім мықтыны анықтайды.Тағы бір ақпарат, IX қысқы Азия ойындарында 32 жүлде жиынтығы Харбиндегі мұз айдынындағы сында, қалған 32 алтын медаль иегері Ябулиде белгілі болады.Еске сала кетейік, Азия Олимпиада кеңесінің құрамына барлығы 45 Ұлттық Олимпиада комитеті мүше. Ұйымның бас кеңсесі Кувейт астанасында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/922939

Таразда Туризм және спорт министрлігінің Кубогы үшін жас спортшылар арасындағы мықтылар анықталды 22.01.2025
Тараз қаласында спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледж оқу орындарының 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында ҚР Туризм және спорт министрлігінің Кубогы ұйымдастырылды.Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында дзюдо, таеквондо, грек-рим және еркін күрес спорт түрлері бойынша еліміздің мектеп-интернат-колледж оқу орындарының тәрбиеленушілері кім мықтыны анықтаған болатын.Жалпы ҚР Туризм және спорт министрлігінің ауыспалы Кубогының иегері атағын республикамыздың 18 құрамасы сарапқа салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/922940

Қазақстандық биатлоншы Кирилл Бауэр Туринде өткен 2025 жылғы Универсиадада қола медаль жеңіп алды 22.01.2025
Қазақстан атынан биатлонға қатысқан Кирилл Бауэр Италияның Турин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Универсиадада қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+.Спортшы 15 шақырымдық масс-стартта үшінші орынға ие болып, тек француз Натанаэль Пекен мен швед Карл Гренландтан қалып қойды. Бауэр жарысты 43:26.9 уақытпен аяқтап, төрт рет мүлт кетті. Жеңімпаздан артта қалуы 33.8 секундты құрады.Бұл қола медаль Қазақстанның 2025 жылғы Универсиададағы 12-ші жүлдесі болды. Ел қоржынында үш алтын, төрт күміс және бес қола медаль бар.Қазақстанның 2025 жылғы Универсиададағы медальдары:🔺Фристайл🥇Анастасия Городко – могул🥇Анастасия Городко – параллельді могул🥈Аяулым Әмренова – параллельді могул🥈Антон Бондарев – параллельді могул🔺Биатлон🥇Кирилл Бауэр – ерлер арасындағы 15 км масс-старт🥉Арина Крюкова – әйелдер арасындағы 7,5 км спринт🥉Никита Акимов – ерлер арасындағы 10 км спринтМәнерлеп сырғанау:🥉Софья Самоделкина – әйелдер арасындағы жеке сырғанау🔺Парашаңғы жарыстары🥈Денис Зинов – 10 км еркін стиль (тұрып сырғанау)🥈Денис Зинов – классикалық стильдегі спринт (тұрып сырғанау)🥉Роман Құрбанов – 10 км еркін стиль (көру қабілеті шектеулі)🥉Роман Құрбанов – классикалық стильдегі спринт (көру қабілеті шектеулі)Қысқы Универсиада-2025 13-23 қаңтар аралығында Турин қаласында өтуде. 11 спорт түрі бойынша 43 ұлттық студенттік спорт федерациясынан 1400-ден астам спортшы қатысуда.Қазіргі уақытта Қазақстан медальдар есебінде үздік ондыққа кіріп, спортшылардың жоғары деңгейдегі дайындығын дәлелдеуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/922943

ШҚО-да су тасқыны қаупінің картасы жаңартылды 21.01.2025
Бүгін аймақ басшысы Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен ауа райының қалыптан тыс жылынуы салдарынан қардың еруі басталған Зайсан ауданына барды. Су тасқынының алдын алу үшін қазір жолдарды тазалау, қарды күреу және жол жиектеріндегі құбырларды тазарту, су өткізетін құрылыстарды тексеру қажет.Облыс әкімі ШҚО ТЖД, ШҚО ПД және басқа да мүдделі басқармалар өкілдерінің, сондай-ақ Тарбағатай ауданы әкімі мен Зайсан ауданы әкімінің орынбасарының қатысуымен жедел кеңес өткізді. Мамандардың айтуынша, мұндай жылы ауа райы соңғы 50 жылда тіркелмеген.Өңір басшысы Марқакөл және Күршім аудандарында қазірдің өзінде көктемгі су тасқыны қаупін барынша азайтуға көмектесетін жер асты және еріген суларды тарату әдістері сәтті қолданылып жатқанын атап өтті.— Су тасқынын алдын алу жұмыстары маңызды, ол үшін облыстағы әрбір елдімекен үшін су тасқыны қаупі картасын, оның ішінде әрбір ауылды және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмін жаңарту қажет. Әр аудан, ауыл әкімдері төтенше жағдай орын алған жағдайда бекітілген алгоритм бойынша әрекет етуі керек. Бәріне дайын болуларыңыз қажет. Басқа аудандардың да тәжірибесін қолданыңыздар, - деді Ермек Көшербаев.Су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдар мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жұмылдырылған.— Зайсан үшін бұл қалыпты жағдай. Жер қатқан кезде, әсіресе Дайыр мен Қарабұлақ ауылдарының маңында жер асты сулары жиі шығады. Су жиналған кезде құбырға, одан әрі Кеңдірлі көліне құяды. Бұл – жыл сайын қайталанатын табиғи құбылыс, алаңдаудың қажеті жоқ, - дейді гидротехник Мирзан Иманжанов.Құтқару қызметі мен синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері өңірде ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Сондықтан бұл аумақта су басу қаупі байқалмайды. Мамандар ауа-райының ықтимал өзгерістеріне жедел назар аудару үшін аталған учаскенің және жалпы облыстағы жолдардың жағдайын бақылауды жалғастырады.Тәулік бойы мониторинг жүргізу, күнделікті дайындық, кешенді алдын алу шаралары Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезеңінің тұрақты өтуіне негіз болып табылады, - деді Ермек Көшербаев.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/921507

Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты түрлері федерациясының президентімен кездесті 21.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты федерациясының президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті. Тараптар су спорты түрлерін насихаттап, дамытудың өзекті мәселелерін, аталған спорт түрінің адам денсаулығына оң әсерін талқылады.Бұл саладағы басым бағыттардың бірі – халықты жүзуге үйрету. Кейінгі бірнеше жылда Азияда World Aquatics сарапшыларының қолдауымен жаттықтырушыларды заманауи жүзу және спортшыларды даярлаудың тиімді әдістерін үйретуге бағытталған бағдарлама сәтті жүзеге асырылып келеді.Ербол Мырзабосынов еліміздегі су спорты түрлеріне арналған инфрақұрылымның қазіргі жай-күйі туралы айтып, алдағы уақытта бұл бағытқа көп көңіл бөлінетінін жеткізді.«Қазіргі таңда елімізде су спортының дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Тәуелсіздік жылдарында спортшыларымыз құрлық және әлем біріншіліктерінде жетекші орындарға қол жеткізді. Ел тарихында Дмитрий Баландин алғаш рет жүзу спортынан Олимпиада чемпионы атанды. Былтыр су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Наргиза Болатова мен Эдуард Ким әртістік жүзуден тарихи жүлде – алтын медаль жеңіп алды. Осы жетістіктер жылдар бойғы үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі», – деді Ербол Мырзабосынов.World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусаллам Қазақстанда су спорты түрлерінің табысты дамуына сенім білдіріп, Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарында ұлттық құрамаға сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/922060

Нұрдәулет Қилыбай: "Таза Қазақстан" - бұл жақсы дәстүр, оны тоқтатуға болмайды 21.01.2025
20 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасының іске асырылу барысы қаралды.Өңір басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне өңірде басталған елді мекендерді тазарту және абаттандыру дәстүрін жалғастыруды тапсырды.- Барлық қалалар мен аудандар біздің ұлттық дәстүрімізге айналған аумақты тазалау бойынша іс-шараларды сапалы өткізу бойынша өз қызметін жандандырып, тиісті шаралар қабылдауы тиіс. Егер сізге арнайы техника қажет болса, ұсыныстар беріңіз. Қалай болғанда да, біз Маңғыстауда жоғары қарқынмен басталған тазалық дәстүрін тоқтатпауымыз керек. Қазір өңірдегі ауа райы да тазарту жұмыстары үшін қолайлы. Барлық мүмкіндіктер пайдаланылуы тиіс, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Өткен жылы басталған" Таза Қазақстан " іс-шарасы өңірде белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2024 жылы арнайы жоспар бекітіліп, аудандарда, қалалар мен ауылдарда тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Хайдар Төлеушовтың айтуынша, сенбіліктерге 2024 жылы 168 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1738 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 27 462 тонна қоқыс шығарылды, 69 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің 61-і жойылды. Сонымен бірге теңіз жағалауының түбін тазарту жұмыстары жүргізілді.- Ақтау қаласы Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза қала" жобасы аясында республикада 6-шы орынға ие болды. Қазіргі уақытта "Моноқала" жобасы басталды, оған облыстан Форт-Шевченко және Бейнеу ауданы Жаңаөзен қалалары енгізілді, - деп хабарлады Хайдар Төлеушов."Таза Қазақстан" тұжырымдамасын іске асырудың 2024-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары дайындалды.Айта кетейік, "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы 2025 жылы да жалғасады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/921513