Спорт
Жасанды интеллект жобаларына арналған Industrial AI Accelerator акселерациялық бағдарламасы 28.11.2024
«Industrial AI Accelerator 2024–2025» — бұл жасанды интеллектті дамытудың ұлттық стратегиясы шеңберінде Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі салаларында жасанды интеллектті (ЖИ) қолданбалы енгізуді ынталандыру үшін әзірленген пилоттық акселерациялық бағдарлама.Бағдарламаны Қазақстан Республикасы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ЖИ комитетінің қолдауымен Индустрия 4.0 бас амбассадорлары ұйымдастырады.Акселератордың мақсаты — пилоттық жобаларды іске қосу және іске асыру, ЖИ шешімдерінің ұлттық каталогын құру және озық технологияларды пайдалана отырып салаларды трансформациялау.Бағдарлама шеңберінде 25 пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда:5 пилоттық жоба - 2024 жылдың соңына дейін20 пилоттық жоба - 2025 жылдың ақпанына дейін.Интенсивті практикалық бағдарлама Қазақстан экономикасының негізгі салаларында ЖИ шешімдерін енгізуге және масштабтауға бағытталған:МедицинаЭнергетика және мұнай-газ саласыӨндіруші өнеркәсіп және құрылысҚаржыҚатысушылар Тапсырыс беруші компаниялардың нақты міндеттеріне қол жеткізе алады, халықаралық сарапшылардың қолдауымен пилоттарды жинақтауға көмек және Қазақстанда және одан тыс жерлерде жобаларды масштабтау мүмкіндігіне ие болады.Қатысушылар үшін құндылық:Пилоттық жобаларды іске қосу.Халықаралық сарапшылар мен трекерлердің қолдауы.DEMO DAY-да шешімдерді корпоративтік және мемлекеттік тапсырыс берушілер алдында ұсыну мүмкіндігі.Жобаларды масштабтау мүмкіндігіКім қатыса алады?ҚР тіркелген компаниялар.Пилотты сәтті іске қосқан жағдайда Қазақстанда тіркелуге дайын шетелдік компаниялар.Қатысушыларға қойылатын талаптар:MVP кезеңінде шешімдер (белгілі бір мәселені шешетін жұмыс істейтін прототип).Бағдарлама аясында нақты кейстермен жұмыс істеуге дайын кем дегенде екі маманнан тұратын команда.Маңызды күндер:Өтінімдерді қабылдауды аяқтау: 7 желтоқсан.Қатысушыларды іріктеу: 10 желтоқсан.Акселерация кезеңі: 10 - 20 желтоқсан аралығы.Біз жасанды интеллект көмегімен Қазақстан экономикасын өзгертуге, бағдарламаға қосылуға дайын стартаптар мен компанияларды шақырамыз. Бұл инновациялық әзірлеушілер үшін өз шешімдерін көрсетудің, пилоттық жобаларды іске қосудың және елдегі ЖИ дамуына үлес қосудың бірегей мүмкіндігі.Қалай өтінім беруге болады:Толық ақпарат және тіркеу industrial-ai-acceleration.kz сайтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/892579
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау жоспарлануда 28.11.2024
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7,22-тармақтарына сәйкес, 2024 жылғы 26 қарашада «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/892389
Мұнайлы ауданында биыл екі мектеп пен 7 балабақша ашылды 28.11.2024
Мұнайлы ауданында жыл басынан бері бірқатар әлеуметтік нысандар салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді.Білім саласында үш ауысымды оқытуды жою үшін ауданда 5 мектептің құрылысы жүргізілді. Биыл оның екеуінің құрылысы аяқталып, оқушылар игілігіне берілді. Басқұдық және Қызылтөбе ауылдық округітерінен әрқайсысы 1200 орындық мектеп ашылып, Басқұдық ауылының №9 мектебіндегі және Қызылтөбе ауылының №6 мектебіндегі орын тапшылығы шешілді.«Жайлы мектеп» жобасы бойынша Батыр ауылында 1200 орындық 2 мектептің және Маңғыстау ауылында 900 орындық 1 мектептің құрылысы жүргізілуде. Мектептер 2025 жылы қолданысқа берілмек.Мектепке дейінгі білім сапасын арттыру мақсатында осы жылы 600 орындықты 7 балабақша іске қосылды. Ал, қолданыстағы 6 балабақша 162 орынға кеңейтілді.Сондай-ақ, ауданға қарасты Маңғыстау ауылынан 150 кереуеттік орталық аудандық аурухана ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аурухана құрылысы аяқталғаннан кейін медицина саласының 320 маманы тұрақты жұмыспен қамтылмақ.«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Дәулет ауылдық округінен кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылысы аяқталуда.Айта кетейік, қазіргі таңда ауданда 4 мәдениет үйі мен мемлекеттік 3 балалар және жасөспірімдер сапорт мектебі және 1 спорт кешені жұмыс істейді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/892044
Мұнайлы ауданының тұрғындарына қызмет көрсету сапасы артуда 28.11.2024
Мұнайлы ауданында инфрақұрылым мен әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда.Ауданда жалпы ұзындығы 695,6 шақырым тас жол бар. Оның ішінде, аудандық маңызы бар 95,3 шақырым жол 100% асфальт жабындысымен қамтамасыз етілген. Биыл ауылішілік жолдарды жақсарту аясында 70,6 шақырымды құрайтын 11 автокөлік жолының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, ұзындығы 50,8 шақырым болатын 6 автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары орындалуда.Жолаушылар тасымалын жақсарту және тұрғындардың қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету бағытында аудан орталығын облыс орталығымен байланыстыратын №107 автобус маршруты кеңейтілді. Тұрғындардың сұранысы бойынша Қызылтөбе, Баянды, Атамекен және Батыр ауылдарын аудан орталығымен байланыстыратын ауданішілік 4 жолсапар іске қосылды. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар жандардың еркін қозғалысы үшін инвотакси қызметі енгізілді.Коммуналдық қызметтерді жақсарту мақсатында 2 жүксалғыш тіркемесі бар трактор, 3 «Нива» жеңіл автокөлігі, ассенизатор және су сорғыш құрылғылармен қамтылды.Сондай-ақ, биыл халықты баспанамен қамту үшін 191 пәтер сатып алынып, жыл соңына дейін кезең-кезеңімен табыстау жоспарланып отыр.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/892046
Мұнайлы ауданында 2025-2028 жылдары ірі 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылады 28.11.2024
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданына барған жұмыс сапары барысында ауданда іске асатын инвестициялық жобалармен танысты.Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығына инвестиция тарту саласындағы негізі мақсат бойынша ауданның экономикалық белсенділігін арттыруға, оның ішінде бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастыруға ықпал ететін инвестициялық жобаларды көрсетті.Ауданда 2028 жылға дейін жалпы құны 30 млрд. теңгеден асатын 17 жаңа ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Оның нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ.Инвестициялық жобалар ауылшаруашылық, экология, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, логистика, металл ұнтағын өндіру, агроөнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, тұрмыстық химия өнімдерін шығару мен тұрғын-үй секілді салаларды қамтиды.Бүгінде ауданда АӨК саласы бойынша жүзеге асырылатын жобаның бірі Баянды ауылындағы «Ізден Өсерхан» мал шаруашылығы. Қазіргі таңда шаруа қожалықтардың инфрақұрылымы толық қамтылды. Мал ұстау қораларында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаға Солтүстік Қазақстан облысындағы бағдарлама негізінде 2,5% мөлшерлемесіндегі несие бөлу қарастырылуда.Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша «Global KZ Company» ЖШС қазіргі кезде пилоттық режимде пластикалық бөтелкелерді сұрыптау жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта айына 80 тонна өнімді сұрыптауды мақсат тұтуда.Сол секілді, «ВЕСТ Рециклинг Компания» ЖШС («West recycling company») 100% инновациялық автоматтандырылған жүйелерді (сигнализация, датчик т.б.) қондыру арқылы жылына 150 000 тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және көму жұмыстарымен айналысады.«Kaz-Ling» ЖШС «Tazalike» тауарлық маркасы арқылы айына 10 тонна сұйық сабын, универсалды тазартқыш өнімдері секілді тұрмыстық химия өнімдерін шығаруда. Алдағы жобаларға сәйкес, өнім көлемін жылына 250 тоннаға арттырмақ ниетте.Мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылық өнімдерін арттыру мақсатында Дәулет ауылындағы «Ақатай» шаруа қожалығы «Нұр Капитал» бағдарлама аясында 20 млн. теңге несие алып, қазіргі кезде 250-300 ірі қара мал басы және 300 бас қойды бордақылауда. Алдағы жоспары жылына 600-800 тонна көлемінде етпен ет өнімдерін дайындау.Басқұдық ауылындағы «BAKYT KUS» құс шаруашылығы Бөдене өсірумен айналысады. Бөдене еті мен жұмыртқасын сатып, кәсіптің нәсібін табуда. Шаруашылық алдағы уақытқа тек етті шикізат ретінде емес, олардан бұқтырылған құс етін шығарып, дайын өнім ретінде шығаруды көздейді. Қазіргі кезде 1 айда 1 тонна ет пен 5 мың дана бұқтырылған құс етін дайындайтын қуаттылығы бар цех ашуды көздеп отыр.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын аттыруға бағытталған жобаларды мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/892047
Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының тұрғындарымен кездесті 28.11.2024
Бүгін, 27 қараша күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының халқымен кездесіп, көкейде жүрген сұрақтарына жеке қабылдауда жауап берді. Өңір басшысына аудандағы түйіткілді мәселелерді жеткізуге 600-ге жуық тұрғын жиналды.Алдымен Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне шолу жасап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.Биыл Маңғыстау ауылында «Алтын Көпір» әртараптандырылған сауда орталығы ашылды. Құрылысы аяқталған бұл нысан қыркүйек айында салтанатты түрде іске қосылды. Сол сияқты, Басқұдық ауылдық округінде «Әбен» сауда орталығы пайдалануға берілді.Өндіріс саласында Қызылтөбе ауылдық округінде металл ұнтағын өндіретін зауыттың құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін іске қосылмақ. Кәсіпорынның жылдық қуаты 3500 тонна болып, 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда.Сонымен бірге, ауданда ауыл шаруашылығы саласында да белсенді жұмыстар атқарылуда. Жалпы аудан бойынша 374,5 гектар аумаққа егін егілсе, Қызылқұм жерінде 40 шаруашылық көкөніс және бақша дақылдарын өсіруде. Сондай-ақ, ауданда жалпы аумағы 12,7 гектарды құрайтын 23 жылыжай бар.2025-2028 жылдары Мұнайлы ауданында жеңіл өнеркәсіп, өңдеу өндірісі және мал шаруашылығы бағытында тағы 10 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.Сонымен қатар, халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында жыл басынан бері 23 мың азаматқа 935,4 млн теңге көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетілген.Ал мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсету үшін инватакси қызметі ұсынылуда. Қазіргі таңда бұл қызметті 3 автокөлік атқарады. 2024 жылы олардың саны артып, 1 жаңа автокөлік сатып алынды.Кездесу барысында жергілікті тұрғындар кәріз жүйесі, жер алу кезегі, жол құрылысы, аялдама салу, қоқыс шығару, ауыз су мәселелері сияқты көптеген өзекті сұрақтарды көтерді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларын дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды.Облыс әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдап, жауапты сала басшыларына туындаған мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды.Кездесуден кейін Нұрдәулет Қилыбай жеке мәселелері бойынша тіркелген аудан азаматтарын қабылдады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/892052
Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының жүзге жуық тұрғынын қабылдады 28.11.2024
27 қарашада Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының халқымен кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың бірі ерекше балаларды қоғамға бейімдеу және дамыту мақсатында арнайы орталық ашу үшін ғимарат бөлуді сұрады. Облыс әкімі бұл маңызды ұсынысты қолдап, аудан басшысына заң аясында бар мүмкіндікті қарастырып, тиісті қолдау көрсетуді тапсырды.Сондай-ақ, облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясының директоры Гүлзира Ақжігітова гимнастшыларға арналған арнайы жаттығу залының құрылысын салу мәселесін көтеріп, тиімді несие алу үшін көмек сұрады. Облыс басшысы бұл мәселені шешу үшін жауапты тұлғаларға несие алудың тиімді жолдарын қарастырып, көмектесуді тапсырды.Қабылдау барысында тұрғындар ауданның инфрақұрылымдық мәселелерін де көтерді. Маңғыстау ауылының тұрғындары көшелерге жарық орнатылғанымен, шамдардың жиі істен шығып жатқанын айтып, жарықтандыру жүйесін жақсартуды өтінді. Ал Баянды ауылының тұрғындары ауыз судың жетіспеушілігіне шағымданып, оның көлемін ұлғайту қажеттігін атап өтті.Сонымен қатар, Батыр ауылының тұрғындары ауылға Каспий банктің терминалын орнату туралы өтініш білдірді. Бұл мәселе бойынша банктың бас кеңсесіне хат жолданып, ұсыныс берілді.Жалпы қабылдауға келген 100-ден астам азамат тұрғын үй жағдайын жақсарту, жұмыссыздық пен қоғамдық көлік қажеттілігін шешу, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, балалар ойын алаңдарын салу, ауыл шаруашылығын қолдау және туризм мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша мәселелер көтерді.Нұрдәулет Қилыбай әрбір өтінішті тыңдап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/892055
Ресей Қазақстанға «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2025 жылға арналған ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын ұсынды 28.11.2024
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1999 жылғы 18 қарашадағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтан өткізу жоспарлары бойынша қорытынды (келісім) беру және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Ресей тарапы дипломатиялық арналар арқылы 2025 жылға арналған Ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын тапсырды.2025 жылы ұшырылымдар келесідей болады:* Ресей Федерациясының "Ресейдің ғарыштық қызметі"мемлекеттік бағдарламасы; * халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары;* коммерциялық жобалар.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұсынылған жоспарда әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыру, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтан өткізу жоқ екенін хабарлады.Ұсынылған жоспар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ғарыш саласындағы тығыз ынтымақтастықтың жалғасуын, сондай-ақ халықаралық ашықтық нормалары мен қағидаттарының сақталуын көрсетеді. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/892032
Қауіпсіз демалыс! 28.11.2024
2024 жылғы 27 қарашада, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен туризм саласының басшылары үшін терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жүргізілді.Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 29 шiлдедегi № 141 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, туризм және туристік индустрия салаларындағы қызметтерді жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- штаттық және қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/891963
Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті: Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған азаматтарға түсініктеме 28.11.2024
Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 2024 жылғы 15 қарашада таратқан баспасөз релизін кейбір БАҚ және әлеуметтік желі қолданушылары қате түсініп, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде (ББТ) тұрған азаматтар букмекерлік кеңселерге аударылған қаражаттарын қайтарып ала алады деген жалған ақпарат таратқан.🔴 Комитет бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарады және түсіндіреді:🔹 «Ойын бизнесі туралы» Заңның талаптары:Заңның 15-бабы, 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, ББТ-да тіркелген азаматтарға құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға толық тыйым салынған.🔹 Жауапкершілік және бақылау:Егер құмар ойындарға немесе бәс тігуге заңсыз қатысу анықталса, ойын бизнесін ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алайда, бұл әкімшілік шаралар аударылған ақшаны мәжбүрлеп қайтаруды қарастырмайды.🔹 ББТ-дағы азаматтарға үндеу:Комитет ББТ-да тұрған азаматтарды құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан аулақ болуға шақырады және олардың мұндай әрекеттерден өздерін қорғау қажеттігін ескертеді.🔹 Қаражатты қайтару мәселелері:Комитет букмекерлік кеңселердің шоттарына аударылған қаражаттарды қайтарумен айналыспайды және мұндай қызмет көрсетуге уәкілетті емес. Егер қаражатты қайтаруға қатысты даулар туындаса, азаматтарға:🔺 Сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне жүгіну.🔺 Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, сотқа шағымдану ұсынылады.🔹 Лицензияланған букмекерлерді таңдау:Азаматтарға тек лицензияланған букмекерлік кеңселердің ресми сайттарында тіркелуге кеңес беріледі. Лицензияланған кеңселердің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.https://www.gov.kz/memleket/entities/olr/documents/details/736429?lang=kk ‼️ Комитет барлық азаматтарды ақпаратқа мұқият болуға және заң бұзушылықтардың алдын алуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/891908
Мемлекеттер басшылары ғылыми және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа үлкен мән береді 28.11.2024
Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев келесі көктемде Астанада «Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достығы» аллеясын ашу жөнінде шешім қабылдағанын айтты. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары сейіл құратын көрікті орынға айналады. Сондай-ақ ол Астанада қыркүйек айында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді қатысқаны үшін Ресей тарапына ризашылығын білдірді. Қазақстан Президенті 2026 жылы елімізде спорттың дәстүрлі түрлері мен киберспортты ұштастыратын Үшінші «Болашақ ойындары» ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Бұл бірегей сайыстың әуелгі бастамашысы – Ресей.– Биыл тамыз айында өткен Астананың Мәскеудегі мәдениет күндері көпшіліктің зор ықыласына бөленгенін атап өткім келеді. Қазан қаласында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының ескерткіш бюсті ашылды. Бұл – айтулы оқиға. Бұдан бөлек, Мәскеудегі Үлкен театр сахнасында қазақ ұлттық классикасының жауһары – «Абай» операсы қойылды. Таяу жылдары әйгілі Третьяков галереясында және Эрмитажда Қазақстанның мәдени-тарихи жәдігерлерін паш ететін көрмелер ұйымдастырылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме қабылдадыСонымен қатар президенттердің қатысуымен екі ел делегацияларының мүшелері төмендегідей құжаттармен алмасты:1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2024-2028 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасы;2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2024-2028 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теміржол көлігін және инфрақұрылымын, автомобиль жолдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы автомобиль және теміржол өткізу пункттерін дамыту саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы келісім;4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы «Сырым» (Қазақстан Республикасы) және «Маштаково» (Ресей Федерациясы) өткізу пункттері арасындағы Таловая өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін және оған кірер жолдарды реконструкциялау, күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау тәртібі туралы келісім;5. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі арасындағы теңіз кемелері экипажы мүшелерінің дипломдарын өзара тану туралы келісім;6 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағын нөмірлеуді пайдалану туралы келісім;8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;9. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Челябинск мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің Қостанай филиалының қызметі туралы келісім; Сонымен қатар президенттердің қатысуымен екі ел делегацияларының мүшелері төмендегідей құжаттармен алмасты:10. 2010 жылдың 9 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданысын ұзарту және оған өзгеріс енгізу туралы хаттама;11. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;12. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ресей Федерациясының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;13. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ресей Федерациясының Әділет министрлігі арасындағы коммерциялық емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;14. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ресей Федерациясының Әділет министрлігі арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;15. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі арасындағы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы ынтымақтастық туралы меморандум;16. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Российские железные дороги» ААҚ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;17. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co. Ltd және «Славтранс-Сервис» АҚ арасындағы жобаны іске асыру туралы келісім;18. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «ФинИнвест» ЖШҚ арасындағы ниеттестік туралы меморандум;19. «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Фирма ОРГРЭС» ААҚ арасындағы екінші Екібастұз ГРЭС-інің №3 және №4 энергия блоктарында тиімді технологияларды пайдалана отырып, ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісім.https://t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/891853
Телекоммуникация саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойылды 28.11.2024
Қазақстан мен Ресей 7-ші әлемдік нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.Қол жеткізілген келісімге сәйкес, диапазондарды бөлу келесідей анықталды: - Қазақстан Республикасы +7 0, +7 6, +7 7 кодтарын пайдаланады. - Ресей Федерациясына +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 кодтары бекітілді. Бұл процесс тату көршілік және өзара құрмет қағидаттарына негізделген конструктивті диалогтың нәтижесі болды. Қазақстан мен Ресей бөлінген ресурстарды азаматтардың игілігі үшін тиімді және ашық пайдалану мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастырады. Айта кеткен жөн, 2021 жылы Қазақстанға жеке код алу мақсатында халықаралық телефон коды +997 резервке қойылды.Байланыс операторларымен жаңа кодқа көшу мәселесін талқылау барысында, жаңа кодқа көшу мүмкін екені, бірақ бірқатар қаржылық және технологиялық проблемалар туындайтыны анықталды.Сонымен қатар, отандық байланыс операторларының барлық абоненттері мемлекеттік және банктік қызметтерді, әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларды алу үшін өз деректерін жаңартуы қажет болады. Осыған байланысты көшу кезеңінде ақаулар мен жағымсыз тәжірибенің ықтималдығы жоғары.Осыған байланысты, азаматтардың ыңғайлылығы үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық электр байланысы одағымен қайта келіссөздер жүргізіп, +7 халықаралық кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/891746
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жасыл толқын» ғылыми экологиялық клубының отырысы ШҚО-да өтті 27.11.2024
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Экоәдет» жобасының экоактивисті, волонтері және экокәсіпкері Людмила Евженкова мен облыстық волонтерлік фронт-офистің жетекшісі Әділбеков Айдостың қатысуымен, «Жасыл толқын» ғылыми экологиялық клубының белсенділер жиыны болып өтті. Кездесу барысында қоршаған ортаға ұқыпты қарау, экологиялық сананы қалыптастыру және «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың маңызы талқыланды.Кездесуге қатысушылар күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді қалай енгізу керектігі жөнінде көптеген құнды кеңестер алды. Людмила Евженкова өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарды табиғатты қорғау үшін белсенді әрекет жасауға шақырды. Оның айтуынша, экологиялық саналы әдеттерді енгізу арқылы қоғамдағы экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосуға болады.Айдос Әділбеков, облыстық волонтерлік фронт-офис жетекшісі, өз сөзінде «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында ағартушылық қызметтерінің дамуы туралы айтты. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – жастарды экологиялық волонтерлік бастамаларға тарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Әділбеков атап өткендей, экологияны қорғауда жас ұрпақ маңызды рөл атқарады, сондықтан олар үшін лекциялар, семинарлар және тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылады.«Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында көптеген шаралар өткізілуде. Бағдарлама басталғаннан бері 541 мың адам сенбіліктерге қатысып, 6,5 мыңнан астам техника пайдаланылды. Сондай-ақ, 204 саябақ пен сквер, 323 тарихи-мәдени ескерткіш және 859 әлеуметтік нысан тазартылды. Тазалау жұмыстары аясында 7 мың су нысаны, 26 субұрқақ және 370 шақырым арық тазартылды, ал 82 мың аулалық аумақтан 29 мың тонна қоқыс шығарылды. Экологиялық акциялар аясында 105 мыңнан астам көшет отырғызылды.«Таза бейсенбі», «Таза аймақ» және «TazaLike» сияқты акциялар ұйымдастырылып, қалалар мен аудандарда апта сайын сенбіліктер өткізіледі. Сонымен қатар, биылғы 5 шілдеден бастап мессенджерлерде арнайы бот іске қосылып, тұрғындардан 290-нан астам өтінім қабылданды. Бұл өтінімдер әкімдіктер тарапынан толық орындалды.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық сананы қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/891316
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы қорытындыланды: ҚХР-дан келушілер саны шамамен 50% артты 27.11.2024
Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми жабылу салтанаты өтті. Ауқымды іс-шара туризм жылының қорытындысы ғана емес, сонымен қатар жаңа бастамалардың бастауына айналды.Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысына арналған халықаралық форум екі елдің туризм саласындағы 300-ден астам өкілінің басын қосты. Форум аясында пленарлық сессия, «Қазақстан мен Қытай арасындағы туризмді дамыту динамикасы» және «Ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары» атты екі панельдік сессия, екі мемлекеттің туроператорлары мен туристік бизнес өкілдерінің B2B кездесулері өтті.Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында ҚХР қалаларында 30-дан астам ірі іс-шара ұйымдастырылып, 200-ден астам келісімге қол қойылды. Іскерлік және мәдени миссиялар екі ел арасындағы туристік және мәдени алмасуды дамытуға, Қазақстанның тартымды туристік бағыт ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етті.«Биылғы жыл Қазақстан мен Қытайдың туризм саласындағы өзара іс-әрекетінің айтарлықтай кеңеюімен ерекшеленді. Біздің елдеріміз арасындағы туристік ағын елеулі өсімді көрсетті. Бұл бізді тату көрші екендігімізді, өзара түсіністік пен мәдени алмасуға деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді», - деді ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, отандастарымыздың Қытайға сапары – 31%, ал Қытайдан Қазақстанға келген меймандар қатары 50% өсті. 2024 жылдың 10 айында елімізге Қытайдан 550 мың адам келген. Былтыр бұл көрсеткіш 367 мың адамды құраған еді. Аталған көрсеткіш елдерімізге деген қызығушылықтың артқанын, Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында жүзеге асырылған жобалардың нәтиже бергенін көрсетеді.Биыл Бейжің, Сиань, Шанхай, Гонконг, Үрімші қалаларында Қазақстанның қалалары мен облыстарының туризм күндері өтіп, біздің ел 4 туристік көрмеде (COTTM, ITB China, ITE Hong Kong, Қытай медициналық туризм жәрмеңкесі) ұсынылды. Шаньдун және Хэбэй провинцияларында екі үлкен концерт өтті. Тяньцзинь қаласында «Алтын адам» және «Ұлы дала» көрмелерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің коллекцияларынан экспонаттар ұсынылды.Сондай-ақ биыл мәдени-ақпараттық іс-шаралармен қатар ауқымды жобалар да ұйымдастырылды. Мәселен, «Жібек жолы» автокеруеніне, Peking-Paris Motor Challenge раллиіне, Жібек жолы бойынша мототурға 500 жуық адам қатысты.Қытайдың ірі медиа корпорациялары еліміздің туристік әлеуетін белсенді түрде танытты. Қазақстанның ҚХР-дағы туризм жылының жалпы медиа нәтижесі 1,8 млрд қаралымға жетті. Әлеуметтік желілерде еліміз туралы жарияланымдардың қамтылу деңгейі 160 млн пайдаланушыны құрады.Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы саяхатшылар үшін жаңа көкжиектер ашып, туризм индустриясы өкілдеріне серіктестікті кеңейтуге жол ашты.Бүгінгі форум атқарылған жұмыстарды қорытындылаудың және ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды іс-шарасына айналды. 80-ге жуық қазақстандық және қытайлық туроператор іскерлік байланыстарды нығайту және әріптестік орнату үшін B2B келіссөздер жүргізді.Айта кетейік, былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары барысында 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы деп жарияланған болатын. Биыл наурызда Бейжіңде Қазақстан-Қытай туризм және инвестициялар форумы өтті. 2025 жыл Қазақстандағы Қытай туризмі жылы болып жарияланды. Бұған дейін бұл туралы қос елдің басшылары бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/891333
Қытайдағы Қазақстан туризм жылының жабылуында Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны таныстырылды 27.11.2024
Бүгін Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының жабылуына арналған форумға қатысушылар «Kazakh Tourism ҰК» АҚ мен отандық танымал әнші арасындағы бірлескен жобаның жұмысына алғаш куә болды. Туған ел туралы патриоттық композиция Қазақстанның бай табиғаты мен мәдениетін кең аудиторияға паш етеді.«Киелі мекенім» жаңа бейнебаяны Қазақстанның көрікті жерлеріне назар аударады. Көрермендер көрнекті туристік орындарға визуалды саяхат жасай алады. Оның ішінде Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан мұражай-қорығы, Бозжыра шатқалы, Торыш алқабы тәрізді бірегей орындар бар. Видеода Бурабай, Катонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатау ұлттық парктерінің кадрлары да ұсынылған.«Біз Димашқа елімізді шетелде дәріптеуге қосып жүрген баға жетпес үлесі үшін алғыс білдіреміз. Ол туризмнің алғашқы елшісі болып, әрбір қолайлы жағдайда шетелдік аудиторияны Қазақстанға келуге шақырады. Миллиондаған тыңдаушылар Димаштың шығармашылығы арқылы біздің елмен кеңінен танысады. Жаңа бейнебаян - Қазақстанның әдемі табиғаты мен бай мәдениетінің алуан түрлілігін көрсетуге деген ортақ ұмтылысымыздың нәтижесі. Біз әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері бірегей локациялардан шабыт алып, елімізді өздері үшін ашатынына сенімдіміз»,- деп атап өтті «Kazakh Tourism ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.Жаңа «Киелі мекенім» бейнебаяны Димаштың ресми арналары мен аккаунттарында қолжетімді болады.Айта кетейік, түсірілім Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстары туризм басқармаларының, сондай-ақ Visit Alatau және Open Turkistan туристік ақпараттық орталықтарының, «Capтас» орталығының, Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының, Karavansaray Turkistan кешенінің, Visit Aktay және Іntegra Construction KZ компанияларының қолдауымен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/891103
Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының жабылуына арналған халықаралық форум басталды 27.11.2024
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысына арналған халықаралық форум қос елдегі туристік индустрияның 300-ден астам өкілін тоғыстырады.Оның аясында пленарлық сессия, «Қазақстан мен Қытай арасындағы туризмді дамыту динамикасы» және «Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары» екі панельдік сессия, екі мемлекеттің туроператорлары мен туристік бизнес өкілдерінің B2B кездесулері өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/891051
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады 26.11.2024
Ербол Мырзабосынов:➤ отандық спорт саласын кешенді реформалау жөнінде бұған дейін берілген Президент тапсырмаларының орындалу барысын баяндады;➤ балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, төрешілер мен мамандар біліктілігін арттыру, легионер санын азайту, федерациялар жұмысын оңтайландыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді: – салаға вертикалды басқару жүйесін енгізу шаралары басталған. Осы мақсатта министрлік жанынан арнайы құрылған топ мүшелері өңірлердегі спорт саласының жағдайына жан-жақты талдау жүргізген; – қолданыстағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға негізгі басымдықтарды айқындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жұмыс тобы құрылған; – халықаралық федерациялармен ынтымақтастық аясын кеңейту, спорт инфрақұрылымдарын жетілдіру үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр;➤ еліміздің туристік әлеуетін арттыру шаралары туралы мәлімет берді: – шетелдік саяхатшыларға түрлі мүмкіндіктер ұсынатын Neo Nomad Visa жобасы іске қосылған; – Президент тапсырмасына сәйкес, Алматы тау кластерін, Маңғыстау және Бурабай курорты аймақтарында жағажай туризмін дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірленуде; – Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылып, лудоманияға қарсы күрес қолға алынған.Қасым-Жомарт Тоқаев министрге спорт және туризм салаларын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, алдағы уақытта өтетін халықаралық спорт додаларына дайындық деңгейін пысықтауды, сондай-ақ елімізде танымалдығы артып келе жатқан падел спортын ілгерілетуге назар аударуды тапсырды.t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/890736
Олжас Бектенов әкімдерге IT мамандарды қолдау үшін өңірлерде цифрлық инфрақұрылым құруды тапсырды 26.11.2024
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің цифрландыру саласын дамыту мәселелері қаралды.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Astana Hub жұмысының аясында IT-экспорт көлемін арттыру, цифрлық платформалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық стартаптарды іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ «Терриконовая долина» IТ-хабының басшысы Сабир Ниязов, Arlan BioTech компаниясының басшысы Болат Сұлтанкұлов, ITS Partner Ltd компаниясының басшысы Марат Тастеміров баяндама жасады.Қазақстан әлемде цифрландыру саласы дамыған ең озық 30 мемлекеттің қатарына кіреді және онлайн-қызметтер көрсету бойынша 8-орында. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында IT-қызмет экспорты $306 млн-ға дейін өсті. Жыл соңына дейін $600 млн-нан асады деп күтілуде. Жалпы 5 жыл ішінде отандық IT-қызметтердің экспорты 20 есеге ұлғайды. Елімізде роботтандыру және жасанды интеллект технологиялары орнықты дамуда, көптеген салаларда трансформация жалғасып жатыр.Заңнамалық база қалыптастырылып, үнемі жетілдіріліп отырады. Цифрлық трансформация тұжырымдамасы қабылданды, сондай-ақ венчурлік нарықты және стартап-экожүйені дамыту үшін қолайлы экономикалық жағдайлар жасалды. Astana Hub технопаркі көптеген стартаптар үшін шын мәнінде инновациялық кластерге әрі ең негізгі әріптеске айналды. Бұл алаңда 1,5 мыңнан астам компания табысты жұмыс істеуде. E-commerce, BigData, GameDev, Fintech, MedTech пен басқа да серпінді жобалардың экспорттық әлеуеті жоғары. Олардың белсенді дамуы 2026 жылға қарай ІТ-өнімдер мен қызметтер экспортын $1 млрд-қа дейін өсіруге ықпал етпек.Премьер-министр Үкімет алдағы уақытта да IT-технологиялар мен көрсетілетін қызметтер саласын белсенді қолдай беретінін атап өтті. Өңірлік акселерациялық бағдарламаларды және басқа елдердегі жаһандық әріптестік желіні дамыту саясатын одан әрі жалғастыру қажет.«Мемлекет басшысы 2029 жылы цифрлық технологиялардың экономикаға қосатын үлесін 1%-ға дейін, ал ІТ-қызметтердегі жергілікті үлесті кемінде 80%-ға жеткізу міндетін қойды. Оған қол жеткізуде IT-хабтар мен венчурлік қорлар басты драйверлерге айналуға тиіс. Соңғы алты жылда Қазақстанда венчурлік қаржыландыру көлемі 6 еседен астам өскен. Әрі қарай өсу үшін біз осы саладағы озық сарапшыларды тартуымыз керек. Бұл орайда білім беру бағдарламаларын дамытып, ірі бизнесті тарту және сауатты цифрлық инфрақұрылым құру жұмыстарына жете көңіл бөлу қажет. Цифрландыру, ІТ-саланы дамыту және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру экономиканың дамуына ықпал етуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Президент қойған жасанды интеллектіні дамыту міндеттерін іске асыру аясында салалық заңнаманы жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Келер жылы Астанада Жасанды интеллект орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде жас таланттарды тарту нүктесіне айналуға тиіс. Цифрлық даму министрлігіне осы мәселені ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.IT-саланың жоғары білікті мамандарын даярлау басым міндет болып табылады. Astana Hub-та үздік халықаралық тәжірибе ескеріліп, қажетті жағдайлар жасалған. Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктеріне Astana Hub-пен және өңірлік хабтармен өзара тығыз байланыса отырып, одан әрі даму және оқыту тұжырымдамасын жасау тапсырылды. Осы ретте оқу бітірген мамандардың санын көбейту мақсат емес, олардың даярлық сапасына баса назар аудару қажеттігі аталып өтті. Үздік әлемдік әдістемелерді назарда ұстап, цифрлық білім мен дағдыларды арттыру тәсілдерін үнемі жаңартып тұру маңызды. Сонымен қатар өңірлердегі цифрлық инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін бұл мәселелерге әкімдіктер тарапынан тиісті көңіл бөлінуі тиіс. Салалық министрлікке өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, Astana Hub-ты дамыту, өңірлік хабтарды қолдау және IT саласында экспортқа бағытталған бағыттарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ венчурлік қаржыландыруды қолдау жүйесіндегі тәсілдерді жаңарту тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/890665
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 25.11.2024
Шорт-трек: Италияның Бормио қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Alta Valtellina Trophy халықаралық жарысында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Турнир бүгін мәресіне жетеді.Мәнерлеп сырғанау: Қытайдың Чунцин қаласында аяқталған мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінде Михаил Шайдоров күміс жүлдегер атанды. Ол қос жаттығудан кейін 276.17 ұпай жинады. Шайдоров былтыр осы жарыстың қола жүлдегері атанған еді.Семсерлесу: Канаданың Ванкувер қаласындаөткен семсерлесуден Әлем кубогінде Қазақстанерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды.Пара дзюдо: Астанада өткен пара дзюдодан халықаралық Grand Prix турнирінде Қазақстан құрамасының спортшылары 14 медаль (6 алтын, 4 күміс, 4 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.Теннис: Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Португалияның Лозада қаласында өткен ITF W35 турнирінің жұптық сынында чемпион атанды. Жерлесіміз Беларусь өкілі Юлия Хатукамен бірге жұп құрап, финалда ресейлік Полина Яценко мен бельгиялық Ханне Вандевинкельден 6:3, 1:6, 10:4 есебімен басым түсті.Эстетикалық гимнастика: Эстонияның Тарту қаласындағы эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионатында спортшыларымыз 2 қола медаль жеңіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/889594
Өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау: ҚР Туризм және спорт министрлігі екі облыстың үміткеріне келісім берді 24.11.2024
Елордада ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссия отырысы өтті. Отырыста Қарағанды және Павлодар облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылығына ұсынылған екі үміткердің кандидатурасы қарастырылды.Атап айтқанда, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің, ал Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашевтың кандидатурасы ұсынылып, комиссия мүшелері келісімін берді.Жиын барысында комиссия мүшелері үміткерлердің саладағы тәжірибесі мен өңір спортын дамытуға қатысты жоспарына, сондай-ақ спорт ғылымының негіздері мен менеджментін меңгергендігі жөнінде сұрақтар қойды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуінде әрбір өңір қандай спорт түрін дамыту керектігіне қатысты шешімді дербес қабылдайтынын сынға алған болатын. Осыған орай, Президент спорт саласындағы барлық деңгейдегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде Үкіметке нақты тапсырма берді. Енді облыстық спорт басқармаларының басшылығына ұсынылған үміткерлер ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның келісімімен жүзеге асырылады», – деді Ербол Мырзабосынов.Айта кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады және Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды ғана тағайындауға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/889170