Спорт
Олжас Бектенов америкалық EPAM Systems компаниясының басшысы Аркадий Добкинмен бірлескен IT шешімдердің дамуын талқылады 22.11.2024
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов америкалық ірі технологиялық компаниялардың бірі EPAM Systems директорлар кеңесінің төрағасы, бас директоры әрі президенті Аркадий Добкинмен цифрландыру, IT-білім беру және Қазақстанның технологиялық экожүйесін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Әңгімелесу барысында әлемдік технологиялар нарығын дамытудың заманауи трендтері және жаңа бірлескен бизнес-шешімдерді, зерттеу бастамаларды, оның ішінде Ұлттық жасанды интеллект орталығында жасанды интеллект зертханасын ашу шеңберінде әзірлеу перспективасы қарастырылды. EPAM Systems – бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және консалтинг саласындағы әлемдік көшбасшы. Бүгінгі таңда EPAM компаниясы Қазақстанның 17-ден астам қаласында таныстырылған және 1000-ға жуық қызметкері бар, 2024 жылы Astana Hub-қа қатысу шеңберінде $40 млн астам сомаға қызметтер экспортталды. Тараптар IT-білім беруді дамыту бағытында 5000-нан астам маманды оқытқан EPAM Kazakhstan оқу орталығының маңызын атап өтті. Tech Orda бағдарламасы арқылы компания 700-ден астам студентке Java, Python және Data Engineering сияқты негізгі бағыттар бойынша IT дағдыларын үйретті. Биыл оқу үшін тағы 300 студент таңдалды. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық міндет қойды. Қазақстан жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні жедел дамыту аумағына айналуға тиіс. Біз осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. 5 жыл ішінде IT-қызметтер экспортының көлемі $30 млн-нан $600 млн-ға дейін өсті. Дегенмен, бұл жеткіліксіз, бізде үлкен әлеует бар. Қазақстандық мамандар дарынды әрі бәсекеге қабілетті. Әлемдік алпауыттармен ынтымақтастық бізге тиімділікті арттыруға және озық қарқынмен дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Өз кезегінде Аркадий Добкин Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтіп, цифрландыру және экономиканың нақты секторларына жаңа технологияларды енгізу саласындағы одан әрі ынтымақтастық үшін бірқатар ұсыныстарды айтты. Кездесу қорытындысы бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне қажетті көмекті қамтамасыз ете отырып, жобаларды сүйемелдеуді күшейту тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/888577
Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда 22.11.2024
Әзірбайжанның Баку қаласында СОР29 конференциясы аясында туризмдегі климаттық шараларды кеңейтуге арналған кездесу өтті. Жиын барысында Қазақстан тұрақты туризм саласындағы жетістіктері мен болашақ жоспарларын таныстырды.Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы Зураб Пололикашвили, Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік туризм агенттігінің төрағасы Фуад Нағиев, сондай-ақ 20-дан астам елдің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.«Қазақстанда ұлттық парктер мен қорықтар құрамында қорғалатын бірегей табиғи экожүйелер бар. Біздің міндетіміз – қоршаған ортаға зиян келтірместен экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Біз туризм саласында көмірқышқыл көлемін азайтуға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік беретін «Жасыл стандарттарды» енгізуді жалғастырамыз», – деді Ержан Еркінбаев.Кездесу барысында туризм саласындағы климаттық әрекеттерді күшейтуге бағытталған Баку декларациясының негізгі бағыттары талқыланды. Қазақстан туризмнің климатқа әсерін азайтуға және тұрақты тәжірибелерді халықаралық аренада ілгерілетуге бағытталған барлық бастаны қолдайтынын білдірді.Сонымен қатар Ержан Еркінбаев Қазақстанның экологиялық туризм саласындағы жетістіктерін, соның ішінде Саты ауылының Best Tourism Villages конкурсында үздік шыққанын және ITB Berlin халықаралық көрмесінде «Гүлденген қауымдастықтар» атылымындағы жетістігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/888482
Облыс әкімінің жеке қабылдауына келген Қарақия тұрғындары мұнай компанияларына жұмысқа орналастыруды сұрады 22.11.2024
20 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданында тұрғындармен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Жеке қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі мұнай компанияларына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді сұрады. Оларға аудан аумағындағы шекара қызметі, өрт сөндіру бөлімі, полиция және басқа да мекемелерден бос жұмыс орындарын ұсынды. Алайда ұсынылған жұмыс орындарын қабылдамағандар болды, тек 3-4 азамат қана келісімін берді.Мұнайшы ауылынан бір топ азамат келіп, әкімнің қабылдауында өз өтініштерін жеткізді. Олар ауылға спорт зал салуды, Мұнайшы мен Жетібай елді мекендері арасындағы жолдың жарығын жақсартуды сұрады.Сонымен қатар, егін шаруашылығымен айналысуға ниетті тұрғындар су жеткізу мәселесіне жәрдемдесуді және мемлекеттік қолдау алу жолдары бойынша көмек көрсетуді өтінді.Айта кетейік, қабылдау барысында 150-ден астам азамат облыс әкіміне түрлі мәселелер бойынша жүгінді. Тұрғындар тұрғын үймен қамту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, сондай-ақ қоқыс мәселесін шешу туралы өз өтініштерін айтты.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/887503
Ақтауда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды 22.11.2024
Бүгін, 21 қараша күні Ақтауда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығудың саптық көрсетіліміне облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдары мен күштерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға әзірлігімен танысты.21-22 қараша аралығында өтетін оқу-жаттығуға азаматтық қорғау қызметтерінің жеке құрамынан 1002 адам, 337 бірлік техника мен арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, 2925 тонна тұз бен 4604 текшеметр құм қоры дайындалды.Оқу-жаттығу аясында қысқы кезеңде орын алуы ықтимал төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету үшін жанар-жағармай, азық-түлік, дәрі-дәрмек, электр және дизель генераторлары, жылу зеңбіректері, құм-қиыршық, тұз қоспалары дайындыққа келтірілді.Облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау мақсатында 152 бірлік техника мен 398 адам жұмылдырылды.Саптық көрсетілім барысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай азаматтық қорғау қызметтері мен техникалардың кез келген төтенше жағдайға дайын болуының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты органдардың бірлескен жұмысы қажеттігін айтты.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/887658
ШҚО әкімі: Қуатты ел құру жолында ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбегі зор 22.11.2024
Ауыл еңбеккерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Ермек Көшербаев ел ырысын еселеп, еліміздің және өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген азаматтарды мерейлі мерекелерімен құттықтап, марапаттады.Бүгінде өңірдің ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды. Облыс әкімі салтанатты мерекелік шарада осындай жетістіктерге жетуге атсалысып, тер төгіп, табанды жұмыс жасап жатқан еңбек майталмандарына алғыс айтты.Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында еліміз ірі аргоөнеркәсіпті елге айналды. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да атап айтып, алда атқарылар нақты істерді бағыттап берді. Біздің облыстың ауыл шаруашылығында саланы әртараптандыру шаралары жүргізіліп, жер-жерде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірістері ашылып, күтілген нәтижені беріп жатыр. Аймақтағы танымал өндіріс орындары аудан кәсіпкерлерімен бірлесе өздерінің брендтік өнімдерін шығаруға күш салып, ауылдың жағдайын, әлеуетін арттыруға өз үлестерін қоса алуы керек, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.Марапатталғандар арасында жетістіктері бүкіл салаға үлгі болған табысты кәсіпкерлер де бар. «Еңбек Ардагері» медалімен марапатталған шаруа қожалығының басшысы Жеңісбек Қарыбаев «Байыс» қошқарын өсірудегі жетістіктеріне тоқталды.Ауыл шаруашылығында 30 жылдан астам жұмыс істеп келемін. «Байыс» тұқымы экспортқа сұранысқа ие, Біріккен Араб Әмірліктерімен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отырмыз. Әсіресе, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде мемлекет бізге айтарлықтай қолдау көрсетуде. «Еңбегіміздің марапатқа ие болғанына өте қуаныштымын», - деді Жеңісбек Қарыбаев.Мерекелік шарада «Ерен еңбегі үшін» медалімен Күршім ауданындағы «Ерасыл» ШҚ иесі Қатанов Достық, Алтай ауданындағы «Средигорное-2» ЖШС сауыншысы Сейлханова Гүлмира, «Шығыс-Сүт» корпорациясы» ЖШС бас технологы Сембаева Шынар, Кузнецов Федор «Ми-2» ұшағының командирі, «Құрмет» орденімен Зайсан ауданындағы «Сәтбай» ШҚ иесі Адиков Қайрат, «Парасат» орденімен «Aitas KZ» АҚ сыртқы байланыстар және GR жөніндегі вице-президенті Тоқсеитова Рабиға марапатталды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков бірқатар азаматтарды «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады. Мерекеге жиналған ауыл еңбеккерлеріне облыс өнерпаздары ән-жырын арнады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/887160
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мәселесі бойынша семинар-кеңес 22.11.2024
2024 жылдың 20 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің және Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен облыстық әкімдіктің мәжіліс залында облыстың жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізді. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Амирханов Айдын Кумашкенұлы, ШҚО Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Сарбасова Гүлфара Сейітқамзақызы және ҚР ӘМ заңнама және құқықтық ақпарат институты Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының өкілдері аталған іс-шараға қатысты. ШҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары А.К. Амирханов өз сөзінде семинарға қатысушылардың назарын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығымен бекітілген ҚР НҚА мемлекеттік тізілімін, ҚР НҚА эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістерге аударды, сондай-ақ мемлекеттік органдар НҚА-ны эталондық бақылау банкіне жіберген кезде туындайтын негізгі мәселелерді түсіндірді. Семинар барысында Әділет департаментінің өкілдері қабылданатын актілердің сапасы мәселесін талқыланды. Өз кезегінде семинарға қатысушылар өз сұрақтары мен тілектерін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/887478
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау жоспарлануда. 22.11.2024
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7,22-тармақтарына сәйкес, 2024 жылғы 26 қарашада «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/887851
ШҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысы 22.11.2024
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер көрмесіне барды. Ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі мен табысын арттыруға бағытталған бұл бастама ауыл шаруашылығы бизнесінің әртүрлі бағыттарын дамытуға мүмкіндік ашады.Көрмеде азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары қойылды. 2,5%-дық үстемемен қарыз алған азаматтар бағдарламаның өте тиімді екенін айтуда. Көрме «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында ұйымдастырылды. Нысан құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, көлемі 18 мың тоннаға дейін көкөніс сақтай алатын қойма жұмыс істеуде. Жақын арада мұнда сауда және жәрмеңке алаңы іске қосылады.Вице-премьер орталықтың жұмысын оң бағалады, ал облыс әкімдігі жергілікті өндірушілерді кешенді қолдаудың маңызын атап өтті.Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін өндірілетін өнімді өткізудің жаңа мүмкіндігі пайда болды: өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі «Казцинк» жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден азық-түлік сатып алу көлемін ұлғайтатын болады. Осы мақсатта облыс әкімдігі мен кәсіпорын арасында меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, «Казцинк» бұл мақсатқа еліміздегі барлық филиалдары үшін 800 млн теңге бөледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/888212
Шығыстағы қыс қамы пысықталды 22.11.2024
Шығыс Қазақстан облысында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Өңірдің авариялық-құтқару қызметтерінің қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындығын облыс әкімі Ермек Көшербаев пен ТЖ департаментінің бастығы Рашид Блялов тексерді.Аймақ басшысы техника мен азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығымен танысты. Ол облыстың құтқару қызметтерінің қарамағында арнайы көліктер жеткілікті болуын назарға алып, қызметкерлермен қыста кездесетін проблемалық жайттарды талқылады.- Қысқы дауыл мен қар қалың кезде халықтың қауіпсіздігі – бірінші кезектегі міндет. Қазір барлыққұрылымдардың: ТЖ департаментінің, полицияның, Ұлттық ұланның, барлық аудандармен қалалар әкімдіктерінің, жол қызметтерініңдайындығын тексеру жүргізілуде. Қыста түрлітөтенше жағдайлар туындауы мүмкін. Қазандықтардың жұмысындағы проблемалар, электр энергиясындағы іркілістер, жолдардағы авариялар. Әсіресе, біз жолдардағы апаттық-құтқару жұмыстарына дайын болуымыз керек, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.«Қыс-2024» РКШОЖ оқу-жаттығуының аңызы бойынша ШҚО-да боран толқып кетті, жолдардың бірінде қысқы қар құрсауында адамдар бар жолаушылар автобусы қалды. Құтқарушылар пайда болған қар құрсауынан көмекке тек қана «Шерп» өтімділігі жоғары жол жүретін көліктермен өтіп, зардап шеккендер болған азаматтарды эвакуациялады. Оларды жақын маңдағы медициналық мекемеге жедел жеткізу үшін «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы тартылды. Бортта Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті.- Еліміздің шығысындағы суық қыстың ерекшеліктерін ескере отырып, төтенше жағдайлар оқу-жаттығуларда шынайы жағдайға барынша жақындатты. Өткен қыс мезгілінің өзінде тас жолдан 90 адам құтқарылып, эвакуацияланды, 18 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, 70 дауылды ескерту жарияланды. Осы қыс мезгілінде ШҚО ТЖД-нің қарулануында 114 бірлік өтімділігі жоғары техника бар, олар қар басқан аудандарға таратылатын болады, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша облыс басшылығы құтқару бөлімшелері мен азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындығына баға беріп, төтенше қызметтердің қызметін одан әрі жетілдірудің басым бағыттарын айқындады.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/888431
Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесті 22.11.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Будапешт қаласындағы Халықаралық дзюдо федерациясының штаб-пәтеріне барды.IJF басшысымен әңгімелесу барысында осы танымал спорт түрін елімізде дамыту перспективасы талқыланды. Мариус Визер Қазақстан дзюдоны қолдауға арналған дәйекті шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар спортшыларымыздың халықаралық жарыстардағы нәтижелеріне және Қазақстан дзюдо федерациясының жұмысына жоғары баға берді.Мемлекет басшысы тараптардың мәдени-гуманитарлық байланысты нақты іс-шаралар арқылы күшейту жөнінде уағдаласқанын жеткізді.– Биыл Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Мажар құрама командасы белсене қатысты. Қолдауларыңызға рақмет айтамын. Мұндай іс-шаралар өркениетіміздің, тарихымыздың тамыры ортақ екенін көрсетеді. Бауырлас халықтарды жақындата түседі. Мажар үкіметінің қолдауымен соңғы 10 жылда Қазақстан студенттеріне оқу гранттары бөлініп жатыр. Соның нәтижесінде бірнеше мың жастарымыз Мажарстанның жоғары оқу орындарында білім алды, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, екі елдің көпжақты ынтымақтастығы Біріккен Ұлттар Ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты құрылымдар аясында табысты дамып келе жатқанына назар аударды. Әсіресе, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның Түркі мемлекеттері ұйымының жұмысына белсене атсалысып, түркі интеграциясының өрісін кеңейтуге елеулі үлес қосып жүргенін ерекше бағалайтынын жеткізді.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/887282
Ақ Азиада-2025: Хоккей 22.11.2024
Сіздердің назарларыңызға Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқы Азия ойындарына қатысушылар туралы бағдарламалар циклын ұсынамыз.«Ақ Азиада» шығарылымының алғашқы түсірілімінде қысқы Азия ойындарының 4 дүркін чемпионы және 2 мәрте күміс жүлдегері - хоккейден ерлер ұлттық құрамасы жайлы айтатын боламыз.Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 23 хоккейшіміз Харбин төрінде жүлдеге талас жүргізеді.Команданың негізгі ойыншылары елордалық «Барыс» клубынан жасақталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/887847
Тамара Дүйсенова Риддер қаласының негізгі әлеуметтік нысандарына барды 22.11.2024
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Риддер қаласының негізгі әлеуметтік нысандарына барды. Денсаулық сақтауды жаңғырту және спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне басты назар аударылды. Вице-премьер Риддер қаласының тұрғындары үшін көптен күткен жоба – көпсалалы аурухана кешенінің құрылыс барысымен танысты. Құрылысты қаржыландыру толығымен қамтамасыз етілді: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражаттан 28,2 млрд теңге бөлінді. Бұл шешім жергілікті тұрғындарды ерекше қуантуда.Сапар аясында Премьер-министрдің орынбасары тағы бір маңызды нысан – еліміздегі қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервтің жалғыз республикалық мамандандырылған мектеп-интернатына барды. Бұл 250 оқушыға арналған бірегей оқу орны. Мұнда спортшыларды даярлаумен 179 білікті маман айналысады. Мектеп-интернаттың жұмысымен танысқан Тамара Дүйсенова спорт ұйымдарының өңірлік басшыларымен кеңес өткізді.Жұмыс сапары барысында вице-премьер «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер көрмесіне барды. Ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі мен табысын арттыруға бағытталған бұл бастама ауыл шаруашылығы бизнесінің әртүрлі бағыттарын дамытуға мүмкіндік ашады.Көрмеде азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары қойылды. 2,5%-дық үстемемен қарыз алған азаматтар бағдарламаның өте тиімді екенін айтуда. Көрме «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында ұйымдастырылды. Нысан құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, көлемі 18 мың тоннаға дейін көкөніс сақтай алатын қойма жұмыс істеуде. Жақын арада мұнда сауда және жәрмеңке алаңы іске қосылады.Толығырақ primeminister.kz сайтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/888071
АҚШ нарығындағы қазақстандық стартап: Call2action.ai жобасына 40 транспорттық компания қызығушылық танытып жатыр 22.11.2024
Astana Hub халықаралық технопаркінің резиденті — қазақстандық Call2action.ai стартабы АҚШ нарығында қарқынды дамып жатыр. АҚШ-тың 40-тан астам транспорттық компаниясы инновациялық өнімге қызығушылық танытып, оның екеуі коммерциялық негіздегі клиентке айналса, үшеуі пилот аясында ынтымақтастық орнатты.Call2action.ai — генеративті жасанды интеллект (GenAI) негізіндегі тасымал мен логистика салаларында жұмысқа алу процесін автоматтандыру үшін әзірленген әлемдегі алғашқы шешім. Стартап пайдалануға дайын SaaS-шешім ұсынып, жұмысқа алу процесін ыңғайлы ғана емес, экономикалық тұрғыдан тиімді етеді.Жобаның бастапқы гипотезасы өз тиімділігін дәлелдеп, командаға қарқынды түрде алға жылжып, трекшнді арттыруға ықпал етті. Нәтижесінде, стартап инвестициялық кезеңді ашып, венчурлық қорлар және бизнес-періштелермен келіссөздер жүргізуде. Олардың кейбірі жергілікті эдвайзер рөлінде болысып, инвестор атануды жоспарлап отыр.«АҚШ нарығы Қазақстан нарығынан біршама ерекшеленеді, бірақ біз тасымал мен логистика саласындағы жұмысқа алу процесін трансформациялау үшін зор әлеует көрдік. Silicon Valley Residency Program бағдарламасына қатысуымыздың арқасында Astana Hub пен Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Кремний алқабында акселерациядан өтіп, бірнеше ай ішінде айтулы нәтижелерге қол жеткіздік: 40-тан астам транспорттық компания қызығушылық танытты, олардың екеуімен келісімшарттар жасалды, үш компания пилоттық жобаларды іске қосты. Бізде pre-seed кезеңі үшін әлеуетті инвесторлар бар, сондай-ақ Persol Group пен Mitsui Group сияқты ірі жапондық корпорациялардың назарын аудардық. Мұндай сұранысты ескере отырып, өніміміз бірнеше жыл ішінде миллиард долларлық құнға жетеді деп үміттенеміз», — деді Ерсұлтан Джусакинов, Call2action.ai бас директоры және негізін тең қалаушы.Call2action.ai командасы АҚШ-тағы инновациялық орталықтармен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда, оның ішінде негізін Орталық Азиядан шыққандар қалаған Silkroad Innovation Hub бар. Стартап TechCrunch Disrupt пен CESV 2024 сияқты ең ірі халықаралық көрмелерде өз әлеуетін көрсетіп, жаһандық нарықта болашағы зор ойыншы ретінде танылды. Сондай-ақ Call2action.ai Mitsui Group-тің 2025 жылы басталатын акселерациялық бағдарламасына іріктелді.Еске салсақ, бұған дейін Орталық Азияның 22 перспективті стартабы, оның ішінде Call2action.ai де бар, AlchemistX & Silicon Valley Residency Program аясында Кремний алқабында акселерациялық бағдарламалардан өту мүмкіндігіне ие болды. Бұл бағдарламалар Astana Hub және Silkroad Innovation Hub-тың, ҚР Цифрлық даму министрлігінің, Дүниежүзілік банк пен FPIP жобасының қолдауымен жүзеге асырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/887430
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев Jibek Joly телеарнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасына сұхбат берді 22.11.2024
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев Jibek Joly телеарнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасына сұхбат беріп, еліміздегі ойын бизнесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.https://t.me/QazAqparat_kz/44793 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/887219
Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданының тұрғындарымен кездесті 22.11.2024
Бүгін, 20 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында аудан тұрғындарымен кездесіп, жергілікті халықтың ұсыныс-пікірін тыңдады.Алдымен аудан әкімі Сымбат Төретаев 2024 жылғы алғашқы 10 айы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы турасында есеп беріп, алдағы уақытта қолға алынатын ауқымды жұмыстарға тоқталды.Ауданда балық шаруашылығын дамыту жұмыстары қарқынды жүзеге асуда.Ауланған шабақтарды өңдеу зауытын салу үшін резервтегі балық аулау учаскесін «AktauBalykCompany» ЖШС-не беру жұмыстары жүргізілуде. Компания 260 тоннаға дейін жүк көтеретін екі кемені Құрық портына жеткізіп, жобаны іске асыруға дайындық жасауда.Сонымен қатар, Құмды мүйісі жағалауынан 10 миль қашықтықта тор шаруашылығы арқылы Каспий албыртын өсіру жоспарланып отыр. Пилоттық жоба аясында жылына 500 тонна, ал толық іске асқанда 5000 тоннаға дейін өнім өндіру көзделген. Жобаның жүзеге асу мерзімі 2025-2028 жылдар аралығына жоспарланған. Бұдан бөлек, Құрық ауылындағы теңіз жағалауында қайықтарға арналған тұрақтар салу үшін арнайы жер телімдері бөлінген.Логистиканы дамыту саласында да бірқатар ілгерілеу бар. Халықаралық жүк тасымалының сапасын арттыру мақсатында Саржа терминалы іске қосылып, бүгінге дейін 56 мың тонна түрлі түсті металл, 5 мың тонна бидай және 2 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілген. Бүгінде Құрық портында теңіз акваториясын тереңдету жұмыстары жүргізілуде.2023-2025 жылдар аралығында ауданда 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Солардың бірі – немістің Svevind компаниясы жасыл сутегін өндірмек. Бұл жоба аясында облысқа 50 млрд еуро инвестиция құйылып, құрылыс кезінде 3500 жұмыс орны, ал жобаны пайдалану барысында 1800 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жоба 2030 жылы толық іске асырылады.Сондай-ақ, Құрық ауылында тәулігіне 5000 текшеметр ауыз су өндіретін су тұщыту зауытының құрылысы басталған. Жоба құны 800 млн теңгені құрады. Ал, Ералы елді мекенінде жер асты құдығы қазылып, коммуналдық меншіктегі су тұшыту қондырғысына қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді.Бүгінде Құрық ауылына қарасты Ералы елді мекеніндегі көппәтерлі тоғыз тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекемелер алты үйдің шатырын ауыстырып, бес үйдің қасбетін толығымен жаңартты.Облыс әкімінің бастамасымен аудан диқандары аймақта көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлерге делдалсыз өсірген өнімдерін өткізуде.Үш сағатқа созылған жиында аудан халқының басым бөлігі жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, жол, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, денсаулық саласын дамыту мен балабақша салу сынды маңызды мәселелерді көтерді.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жауапты тұлғаларға тұрғындарды толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелерді тұрақты бақылауға алып, оларды оңтайлы шешуді тапсырды.Кездесуден кейін Нұрдәулет Игілікұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/887047
Бекет Ата жолының бойына визит-орталық салынады 22.11.2024
Келер жылы Маңғыстау өңіріндегі «Жыланды» мүйісі туристік орын ретінде абаттандырылып, Бекет Ата жолының бойынан саяхаттаушылар үшін визит-орталығы салынады. Бұл туралы Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың аудан халқымен кездесу жиынында мәлімдеді.Қарақия ауданының бас жоспарына сәйкес, теңіз жағалауынан «Жыланды» мүйісіне дейін туризмді дамыту үшін арнайы жер бөлінді. Бүгінгі күні «Жыланды» мүйісін туристік орын ретінде дамыту мақсатында жоба жасақталып жатыр.Сонымен қатар, Бекет Ата жолының бойынан «Визит Ақтау» ЖШС визит-орталығын салмақшы. Жоба құны 200 млн теңге. Онда өңірдің туристік әлеуеті жайлы толық ақпарат жинақталады. Мамандар туристерге қандай саяхат түрін таңдау керегі жайлы бағыт береді. Саяхаттаушылардың ас-суын ішіп, тынығуына мүмкіндік жасалады. Орталық құрылысы келесі жылы басталады. Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарына сай. Қарақия ауданында туризм саласын дамыту мақсатында тағы да бірқатар жоба ұсынылып отыр.Атап айтқанда, «Қызылқұм» жері мен Сенек ауылынан демалыс орындарын ашу көзделуде. Құрық Порты бағытындағы жол бойында қызмет көрсету орталықтары мен “Сенек Сафари» жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.Сонымен қатар әйгілі Бозжыра шатқалына барар жолдың құрылысын салу да жоспарда бар.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/887074
Атырау облысының тұрғындарымен кездесу 22.11.2024
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Төлеушин Қаныш Аманбайұлы, 22 сағат 16.00-де өңірлік IT Hub ғимаратында, Атырау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 17:00-де министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Атырау қаласы, Маденов көшесі, 7а).Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-777 260 16 60 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/887136
2024 жылдың 27 қарашасында облыс әкімдігінің келесі отырысы өтеді 22.11.2024
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары!2024 жылғы 20 қарашада өткізуге жоспарланған әкімдік отырысы 27 қарашаға сағат 10-00-ге ауысты. Отырысқа Шығыс Қазақстан облысы әкімі төрағалық етеді.Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, 25 қарашаға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.Қаралатын мәселелер:1. Шығыс Қазақстан облысының ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Баяндамашылар:Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов, ветеринария басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері Ақпараттар: 1. Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру туралыБаяндамашылар:Ажар Елемесқызы Каджибекова, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері2. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы Баяндамашылар:Серік Жеңісұлы Жеңісов, ішкі саясат басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/886877
Neo Nomad Visa-ны қалай алуға болады? 22.11.2024
Neo Nomad Visa әлемнің әртүрлі елінен келген саяхатшыларға көптеген мүмкіндік береді. Бұл виза шетелдік туристерге Қазақстанда бір жылға дейін тұруға және өздерінің шетелдегі компанияларында қашықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жаңа В12-1 визасын алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгіну қажет.✅ Қазақстанда саяхаттап жүріп, жұмысын жалғастырғысы келетін шетелдіктер Neo Nomad Visa-ға өтініш бере алады. Ол үшін жақын маңда орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне бірнеше құжатты ұсыну қажет:☑️ Кейінгі 6 айдағы банк шотынан үзінді көшірме, ай сайынғы табысы 3 000 АҚШ долларынан жоғары екенін растайтын құжат☑️ Азаматтығы бар елдің уәкілетті органы берген салық декларациясы☑️ Азаматтығы немесе тұрақты мекенжайы бар елдің органы берген сотталмағаны туралы анықтама☑️ Визаның қолданылу мерзіміне дейін жарамды медициналық сақтандыру☑️ Қазақстандағы туристік компаниялардан шақыру (48 елдің азаматы үшін талап етілмейді)🔷 Neo Nomad Visa-ны рәсімдеу 5 жұмыс күнінен аспайды. Виза бір жылға дейінгі мерзімге беріледі және оны ұзарту қарастырылған. Негізгі өтініш берушінің отбасы мүшелері де виза ала алады.🔺 Neo Nomad Visa арқылы Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылмағанын атап өткен жөн. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 216-бабына сәйкес Neo Nomad Visa иесінің Қазақстанда салық төлеу бойынша міндеттемелері жоқ, өйткені оның табыс көзі елден тыс жерде орналасқан.📑 Neo Nomad Visa және шақыруды қажет етпейтін 48 елдің тізімі туралы толық ақпарат:https://kazakhstan.travel/ru/publications/172/neo-nomad-visa-instructions-for-obtaining-a-visa-for-digital-nomadsАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/886775
Қазақстан мен Сербия ғарыш және IT-салалардағы ынтымақтастық туралы келісті 22.11.2024
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға ресми сапары аясында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы бірқатар маңызды кездесулер өткізді.Цифрлық министрлік басшысы Сербияның ғылым, Технологиялық даму және инновациялар министрі Елена Беговичпен кездесті. Келіссөздер барысында ғарыштағы ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық және экономиканың түрлі салаларында ғарыштық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.Қазақстанның цифрлық даму министрлігі мен Сербияның ғылым министрлігі арасында ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат Жерді қашықтықтан зондтау, спутниктерді әзірлеу, сынау және ғарыштық технологияларды қолдану сияқты бағыттардағы ынтымақтастықты қарастырады.«Біз бұл бастамаларды іске асыру елдерімізге өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Ғарыштық технологиялар агробизнестегі, су және жер ресурстарын басқарудағы, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланудағы мониторингті қоса алғанда, экономиканы цифрландыру үшін маңызды құралға айналуда», - деп атап өтті министр Жаслан Мәдиев.Сондай-ақ, Қазақстанның цифрлық даму министрлігі мен Сербияның Ақпарат және телекоммуникация министрлігі арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат IT-саланы дамытуға және екі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесуге бағытталған. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/886783