Enbekshi QazaQ

Спорт

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу 03.12.2024
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Коняшкин Ростислав Анатольевич 6 желтоқсанда сағат 14.30-да Qyzyljar Creative Center ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 15:30-да министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Петропавл қаласы, Ж.Жабаев көшесі, 195).Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-7152502197 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/895265
Қазақстанда туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып келеді: 2024 жылғы 10 айдың қорытындысы 03.12.2024
2024 жылдың алғашқы 10 айында туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 668,1 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,6%-ға көп.2023 жылы бұл көрсеткіш 787 млрд теңге болса, 2022 жылы 513 млрд теңгеге жеткен еді. Бұл деректер инвесторлардың еліміздің туристік әлеуетіне қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.«Туризм саласына салынған инвестицияның артуы бизнестің бұл бағытты дамытуға деген тұрақты қызығушылығын байқатады. Негізгі туристік өңірлерде заманауи инфрақұрылым құру арқылы Қазақстанның халықаралық туристік картадағы орнын нығайта аламыз», – деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/895140
Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросы ашылады 03.12.2024
Облыс әкімі Ермек Көшербаев өңірдің қоғам мүшелерімен бірге Қоғамдық кеңес жанынан тұрақты түрде жұмыс істейтін «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросын» құру туралы ұсынысты қолдады.Жаңа ұйымның мақсаты – ауа сапасына қатысты қордаланған мәселелердің шешімін іздеп, өскемендіктердің тұрмыс жағдайын жақсарту. Атап айтқанда, қаланың әр ауданында атмосфераға мониторинг жасайтын құрылғыларды орнату, оны калибрлеу, кәсіпорындардағы сүзгіні жақсарту, қолданыстағы шаралардың тиімділігін бағалау, жаңа ұсыныстар әзірлеу, тұрғындарға ауа ластануының қауіп-қатері мен оны азайтудың жолдарын түсіндіру үшін білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру, экологиялық стандарттардың орындалуын бақылау.Аймақ басшысы «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының» жол картасын жасақтаудан бастап, қаланың экологиялық жобаларын жүзеге асыруды жеделдету жұмыстарымен айналысатынын алға тартты.- Қоғамның, жергілікті атқарушы органдардың және табиғатты пайдаланушылардың өзара қарым-қатынасының тиімді тетіктері қажет екенін бұдан бұрын да айтқан едім. Экобелсенділер мемлекеттік органдар мен кәсіпорындармен диалог орнату арқылы мәселені шешу жолдарын қарастыратын болады. Ең бастысы, қоғамдық бақылау күшейтіледі. Қаланың әрбір тұрғыны осы ұйымның заңды өкілі деп айтуға негіз бар. Әрине бәрі бірден өзгеріп кетпейтіні анық. Бірақ бірлесе отырып, кезең-кезеңімен қалаған нәтижеге қол жеткізетін боламыз, - деді Ермек Көшербаев.Осы ретте қоғам белсенділері де бастаманы қолдап, өздерінің пікірін білдірді.- Атмосфераның ластану деңгейін анықтайтын датчиктердің санын көбейтіп, оларды қала бойынша біркелкі орнату керек. Тұрғындар да қандай көмір жағатынымызды білуі қажет. Бұл бағыттағы жұмысты жер үйлер орналасқан аудандарда қарастырған жөн. Оң өзгерістер үшін бюро жұмысында әр қадам маңызды, - деді сала маманы Виталий Чернецкий.Облыс әкімі жаңа кеңесті ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі, «ECOJER» Ассоциациясы ШҚО бойынша филиалының жетекшісі Елена Березинская-Әбіловаға басқаруды ұсынды.- Соңғы 10 жылдың ішінде алғаш рет қоршаған ортаның жағдайын талқылап, экологиялық қорғау бюросын құру жөнінде шешім қабылдау үшін экологтар мен тәуелсіз сарапшылар шақырылды. Экологиялық мәселелерді шешуде қоғаммен белсенді қарым-қатынас орнату қажет. Атқарылып жатқан жұмыстар жұртшылыққа ашық түрде көрсетілуі керек, - дейді Елена Березинская-Әбілова.Экологиялық қорғау бюросының құрамына экологиялық, әлеуметтік және денсаулық сақтау мәселелерін шешуге көмектесетін түрлі сала мамандарын қосу жоспарланып отырғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, аталған бюро азаматтар, кәсіп пен билік арасындағы өзара әрекеттесу алаңына айналады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/894835
Ұлыбританиялық энергетик Neo Nomad визасының алғашқы иегері атанды 02.12.2024
Энергетика және қаржы саласында тәжірибесі бар Ұлыбритания азаматы Сертач Йенер Neo Nomad визасын алғашқылардың бірі болып алды. Ол Қазақстанның мәдениеті, табиғаты және тағамдарымен жақынырақ танысуды жоспарлап отыр.Сертач Йенердің қызы Чикаго университетінде «Қазақ тілі және Орталық Азия зерттеулері» мамандығы бойынша білім алған. Сондықтан ол қазақ тілін бұрыннан жақсы біледі.Neo Nomad Visa визасы алғаш рет Қазақстанның БАӘ елшілігінде берілді. Визаны алған Сертач Йенер жуырда Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Ол бұрыннан Қазақстанның табиғаты, дәстүрі, музыкасы және асханасымен танысуды армандаған.«Қазақстан – керемет ел! Neo Nomad визасы бізге Қазақстанда бір жылға дейін болуға мүмкіндік береді. Бұл виза менің шетелдегі жұмысымды қашықтан жалғастырып, Қазақстанды тереңірек танып-білуге жол ашады», – деді ол.Сертач Йенер – энергетика саласының маманы. Қазіргі таңда ол АҚШ-та таза энергия жобасын әзірлеумен айналысады.Айта кетейік, Neo Nomad виза бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Туризм және спорт, Сыртқы істер, Цифрлық даму, Ішкі істер министрліктерінің және Kazakh Tourism ұлттық компаниясының қатысуымен енгізілді.Бұл виза шетелдік туристерге мобильді болуға, өздерінің шетелдегі компанияларында қашықтан жұмыс істеуге және Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндік береді. Жаңа В12-1 визасын алу үшін шетелдегі Қазақстан елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгіну қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/894730
Малайзияда Х Азия – Тынық мұхиты ойындары басталды 02.12.2024
Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Х Азия – Тынық мұхиты ойындарының ашылу салтанаты өтті. Спорттық жарысқа әлемнің 24 елінен 1300-ге жуық есту қабілеті зақымдалған спортшылар қатысып жатыр. Олар спорттың 10 түрінен, атап айтқанда, жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, үстел теннисі, бадминтон, шахмат, боулинг және футболдан өзара мықтыны анықтайды.Қазақстан құрамасы сапынан бұл жарыста 80 спортшы өнер көрсетеді. Жерлестеріміз 8 спорт түрінен сынға түсуде: жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, бадминтон, шахмат және үстел теннисі.«Қазақстан құрамасы Азия – Тынық мұхиты ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Спортшыларымыз Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ыстықкөл және Бішкекте оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жарысқа тыңғылықты дайындықпен келді. Енді олардан жоғары нәтиже күтеміз. Спортшыларымыздың табысты өнер көрсетіп, ел намысын лайықты қорғайтынына сенімдімін», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы спорт басқармасының басшысы Қайратбек Сейтбеков.Алғашқы күннің жеңімпаздарыҚазақстандық спортшылар жарыстың алғашқы күнінде-ақ жеңіс тұғырынан көрінді. Шахматтың блиц түрінен:• Әйелдер арасында Балжан Жұмағазиева 8 ұпай жинап, Азия – Тынық мұхиты ойындарының чемпионы атанды.• Ерлер арасында Самажан Кеттебеков 8,5 ұпай жинап, күміс медаль алды.Азия – Тынық мұхиты ойындары 8 желтоқсанға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/894731
ҚР ӨҚМ-да Demo Day: жетекшілік ететін салаларды цифрландыру жобаларын көрсету 02.12.2024
2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Demo Day іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара экономиканың түрлі салаларында цифрлық трансформациян нығайту мен елдегі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болды.Demo Day мақсаты - мемлекеттік қызметтерді жақсарту, процестерді оңтайландыру және олардың халық үшін тиімділігін арттыру мақсатында озық цифрлық жобаларды таныстыру және талқылау.Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова алғы сөз сөйлеп, Министрліктің цифрландыру және жасанды интеллект енгізу бойынша жобаларымен таныстырды. Вице-министр Ұлттық өнеркәсіптік ақпараттық жүйе (ҰМЖ), Министрліктің байланыс орталығының виртуалды көмекшісі, Мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны, «Кәсіби стандарт» құжатын құру, Заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді салыстыру және Экспорттық бақылау сияқты жобаларды таныстырды.Сондай-ақ, Жәннат Дүбірова Геологиялық есептерді өңдеу және жасанды интеллект көмегімен геологиялық білім базасын құру, Жасанды интеллект көмегімен экспорттық бақылау процестерін жаңғырту, BIM қолданбасының пилоттық жобасы, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша бірыңғай платформа және т.б. жобалар бойынша жұмыс туралы айтты.Келесі кезекте ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының және оның құралдарының көрсетілімі өтті. Олардың ішінде қалпына келтіру дэшборды, бейнебақылау және жобаларды бақылаудың ұлттық платформасы бар.Одан кейін «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» ААЖ көрсетілімі өткізілді. Баяндамашылар жобаның әдістемелік және техникалық бөліктерімен таныстырды. МҚҚК жүйесі аумақтың дамуын есепке алу және бақылау құралы болып табылады. ААЖ арқылы қалалық ережелерге сәйкес APP шығаруға, техникалық шарттарды алуға, алдын ала жобаны келісуге және пайдалануға қабылдау актілерін жазуға болады. Бұл қалалық кадастрдың бірыңғай деректер базасын құруға мүмкіндік береді.Бұдан кейін Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталының көрсетілімі өтті. Оны жақсарту үшін функциялар кеңейтілді, мемлекеттік қызметтерге реинжиниринг жасалды, Техникалық шарттар қалыптастырылды, нормативтік құқықтық актілерге түзетулер, жүйеге өзгерістер енгізілді, деректерді көшіру және тестілеу жүргізілді.Сондай-ақ «Қаз Реестр» АЖ көрсетілімі өтті. Бұл үлестік қатысу туралы келісімдерді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті ұсынатын тұрғын үй құрылысына ортақ қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі. Жобаның мақсаты – жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту, үлескерлердің қаражатын тарту үшін жергілікті атқарушы органдардан берілген барлық рұқсаттарды есепке алуды орталықтандыру, сондай-ақ бизнес-процестерді оңтайландыру.Нәтижесінде қатысушыларға сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, қатысушылар өздерін қызықтырған ақпаратты алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/894728
Маңғыстауда IT саласын дамытуға арналған технопарк пен жастар саябағы пайдалануға берілді 02.12.2024
Бүгін, 2 желтоқсан күні Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде «Yessenov Technopark» кешенінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, ірі кәсіпорын басшылары, депутаттар мен қоғам өкілдері қатысты.Жаңадан ашылған сан салалы технопарк кәсіпкерлерге, университет пен колледж студенттеріне және мектеп оқушыларына арналған. Мұнда олар өз идеяларын жүзеге асырып, стартап жобаларымен жұмыс істей алады. Сонымен қатар, токарь, дәнекерлеуші сияқты жұмысшы мамандықтарды меңгеру мүмкіндігі бар.2000 шаршы метр аумақта орналасқан екі қабатты ғимарат заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бірінші қабатта робототехника, цифрлық өндіріс, металл және ағаш өңдеу шеберханалары жұмыс істейді. Екінші қабатта жасанды интеллект, ойын әзірлеу, блокчейн, криптовалюта, мобильді қосымшалар жасау және киберқауіпсіздік бойынша білім беріледі.Технопарктың ашылуынан кейін Маңғыстау облысы әкімі жанындағы ғылыми кеңес өтті. Жиында білім беру, логистика, суды тұщыландыру, Каспий теңізінің экологиясы, теңіз саласы, сутегі энергетикасы және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.Отырыста ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізу қажеттігін және ғылыми қоғамдастық пен бизнес арасындағы байланысты нығайтуды тапсырғанын атап өтіп, Маңғыстау облысы бұл міндеттерді жүзеге асыру арқылы жаңа технологияларды дамыту орталығына айналуға әлеуеті зор екенін жеткізді.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында ашылған технопарк жастардың инновациялық идеяларын дамытуға және өңірдің тұрақты дамуына үлес қосады.- Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру және оларды өндіріске енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтуде. Бүгінгі ашылған технопарк өңір жастары мен кәсіпкерлері үшін ғылым мен экономиканы байланыстыратын алаң болмақ. Маңғыстау облысының тұрақты дамуы үшін өзгерістерге тез бейімделіп, тың мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Мемлекет ғалымдарға үлкен үміт артып отыр. Сондықтан ғылыми зерттеулерді облыс экономикасының өзекті мәселелерін шешуге бағыттауымыз қажет. Біз әрдайым аймақ экономикасының дамуына септігін тигізетін барлық бастамаларды қолдауға дайынбыз, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында «Yessenov Forum: Тұрақтылық Мағыналар» форумы өтуде. Форум аясында ғылыми хакатон ұйымдастырылып, облыс үшін маңызды үш нысан пайдалануға берілді. Оның бірі - Yessenov Technopark болса, екінші нысан – «Жастар саябағы». Бұл саябақ жастардың таза ауада демалуына және музыкалық іс-шаралар мен ойын-сауық бағдарламаларын өткізуге арналған. Мұнда амфитеатр, субұрқақ және 50 орындық кафе жұмыс істейді. Саябақ аумағына 3000 ағаш отырғызылған. Саябақ барлық қала тұрғындары үшін ашық.Yessenov университетінің аумағында пайдалануға берілген үшінші нысан – 1500 орындық футбол стадионы. Бұл спорттық нысан 7000 шаршы метр аумақты қамтиды. Мұнда футбол және жеңіл атлетика бойынша облыстық деңгейдегі жарыстарды өткізуге болады. Стадионның ашылу салтанатында Yessenov University мен Atyrau University командалары арасында жолдастық футбол ойыны өтеді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/894337
Қыста қайда баруға болады: 2024-2025 маусымда Қазақстанда демалуға арналған ТОП-5 орын 02.12.2024
Щучье-Бурабай курорттық аймағыЩучье-Бурабай курорттық аймағы Қазақстандағы қысқы демалыстың негізгі бағыттарының бірі саналады. Өңір тұмса табиғатымен, таза ауасымен және жоғары деңгейдегі жайлылығымен туристерді бірден баурап алады. 2024 жылғы қаңтар-маусым аралығында өңірде туристік ағынның айтарлықтай артқаны байқалды. Орналастыру орындарының саны 203-ке жетіп, қызмет көрсетілген қонақтар саны 143 629 адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 949 адамға көп. Инфрақұрылымның дамуы мен қызмет көрсету сапасының жақсаруы аймақтың тартымдылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.Алматы тау кластеріАлматы тау кластері таулы және қысқы спортты ұнататындарға белсенді демалыстың алуан түрін ұсынады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында курорт 1,2 миллионнан астам қонақты қабылдап, орналастыру орындарының саны 518-ге жеткен. Алматы тау кластері инфрақұрылым мен қызмет көрсету деңгейін ұдайы жетілдіріп, отандық және шетелдік туристер үшін одан да тартымды етеді.Катонқарағай курорттық аймағыКатонқарағай курорттық аймағының табиғаты — тыныш әрі оңаша демалысты сүйетіндер үшін таптырмас орындардың бірі. 2024 жылдың алғашқы алты айында курорттық аймақ өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп қонақ қабылдап, ұсынылған қызметтердің көлемі 17,7 миллион теңгеге өскен.Шарын шатқалыШарын шатқалы — қыс мезгілінде ерекше атмосфераға бөленіп, табиғат сұлулығын бағалайтын туристерге шабыт сыйлайтын мекен. Кеңейтілген инфрақұрылым мен жаңа демалыс орындары аймақтың туристік тартымдылығын арттыруда маңызды рөл атқаруда. Шарын шатқалы келушілерге таңғажайып табиғат көріністерімен демалуға ыңғайлы мүмкіндіктер ұсынады.Көкшетау және оның айналасындағы көлдерКөкшетау және айналасындағы көлдер шаңғы әрі сноуборд тебу сияқты тыныш демалыс пен белсенді көңіл көтеруді біріктіретін тамаша орындарды ұсынады. Қазіргі таңда аймақтың туристік инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Бұл өз кезегінде өңірді отбасы мүшелері үшін қысқы демалыс орны ретінде тартымды етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/894370
2-8 желтоқсан аралығындағы спорттық іс-шаралар кестесі 02.12.2024
🔹 3-9 желтоқсан – Пара жүзуден әлемдік кезеңЖарысқа әлемнің 15 елінен 150 спортшы қатысады. Ел намысын 5 отандасымыз қорғайды.Өтетін орны: Мысыр, Каир қаласы.🔹 3-10 желтоқсан– Гандболдан Азия чемпионатыСары құрлық додасында Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді.Өтетін орны: Үндістан, Нью-Дели қаласы.🔹 4-10 желтоқсан – Спорттық гимнастикадан халықаралық турнирЕл құрамасынан 8 спортшы өнер көрсетеді.Өтетін орны: Сербия, Нови-Сад қаласы.🔹 5-7 желтоқсан – Семсерлесуден халықаралық «Гран-При» турниріТурнирге Қазақстан құрамасының 8 спортшысы қатысады.Өтетін орны: Франция, Орлеан қаласы.🔹 5-8 желтоқсан – Дзюдодан Grand Slam турниріҚазақстан құрамасынан 6 палуан жүлдеге таласады.Өтетін орны: Жапония, Токио қаласы.🔹5-8 желтоқсан – Құсбегіліктен республикалық турнирЖарысқа еліміздің барлық өңірінен 70 спортшы қатысады.Өтетін орны: Алматы қаласы.🔹 6-15 желтоқсан – Ауыр атлетикадан әлем чемпионатыӘлемдік додада 5 спортшымыз сынға түседі.Өтетін орны: Бахрейн, Манама қаласы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/893760
Маңғыстау облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті 29.11.2024
Бүгін, 28 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен 8 сайланған облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті. Сессия барысында облыстың 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу, ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту, су ресурстарын пайдалану төлемақы ставкаларын анықтау, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен облыс әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.Жиында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Светлана Нарешова 2024 жылға арналған облыс бюджетінің нақтыланған параметрлерін баяндады.- Жыл ішінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмаларын, Даму және Кешенді жоспарлар аясындағы іс-шараларды, сондай-ақ маңызды әлеуметтік міндеттерді қаржыландыруға бағытталды. Ал қысқартылған қаражат ауыз су беру қызметтері, әлеуметтік маңызы бар жол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау, әлеуметтік ұйымдарды күтіп ұстау және жаңа мектепке дейінгі ұйымдарға байланысты шығындарды қамтамасыз етуге жұмсалады, – деді Светлана Нарешова.Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай депутаттарға ел игілігі үшін қабылданған шешімдері мен қолдаулары үшін ризашылығын білдірді.- Ел қалаулыларының маңызды мәселелерде қолдау білдіріп, қабылдаған шешімдері өңірдің тұрақты дамуына ықпал етеді. Әрбір қабылданған шешім халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс. Сіздердің қолдауларыңыздың маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Бірлескен күш-жігерімізбен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жалғастыратынымызға сенім білдіремін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/893139
Нұрдәулет Қилыбай NCOC компаниясының басшылығымен кездесті 29.11.2024
Бүгін, 29 қараша күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Солтүстік-Каспий жобасының операторы - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясының басқарушы директоры Джанкарло Руюмен кездесті.Кездесу барысында тараптар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру және жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мәселелері талқылады.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстарын білдіріп, компаниямен бірлескен бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.- Біздің басты міндетіміз – жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыру. Президенттің тапсырмасына сәйкес, өңірде туризм саласын дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жаңа міндеттер қойылды. Бүгінде өңіріміздің әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына бірқатар компаниялар мен жеке сектор тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Осыған орай, Маңғыстау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға арналған қаржыландыру лимитін ұлғайтып, 2025 жылға дейінгі 5 жылдық жоспарды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Біз өзара тиімді және нәтижелі ынтымақтастыққа әрқашан дайынбыз және әкімдік тарапынан барлық бастамаларды қолдаймыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, NCOC компаниясы өңірдегі әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Соңғы үш жылда компанияның қолдауымен бес нысан пайдалануға берілді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/893141
Ақтауда «Аммиак-карбамид кешені» жобасының іске асырылу барысы талқыланды 29.11.2024
29 қарашада облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай «ҚазАзот» АҚ өкілдерімен кездесті. Басқосуда «Аммиак-карбамид кешені» жобасының іске асырылу барысы мен алдағы жоспарлары талқыланды.Аталған жоба іске асқанда жылына 660 мың тонна аммиак, 577,5 мың тонна карбамид , 395 мың тонна азот қышқылы және 500 мың тонна көлемінде аммиак селитрасы өндіріледі деп жоспарлануда.Жобаны жүзеге асыру үшін жалпы ауданы 242,15 гектар жер телімі бөлінген. Құрылыс-монтаж жұмыстары кезеңінде 1500 адам жұмыспен қамтылады. Нысанды 2029 жылы толық пайдалануға беру көзделген.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір экономикасының ілгерілеуіне серпін беретін тың жобанының жүзеге асырылуына қажетті барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар аймақ басшысы бұл жобаның өңір экономикасын дамытуға ғана емес, елдің химия өнеркәсібін ілгерілетуге қосатын зор үлесін атап өтті.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/893511
2 желтоқсанда Demo Day өтеді 29.11.2024
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік органдардың цифрлық вице-министрлерінің қатысуымен Demo Day ұйымдастырадыКүні: 2024 жылғы 2 желтоқсанУақыты: 15:00Өтетін жері: Мәңгілік ел даңғылы, 55/8, Блок С 4.6, Astana Hub, Event hallDemo Day шеңберіндегі кезекті таныстырылымды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өткізеді.Шарада Ахуалдық орталық, сондай-ақ министрлік тарапынан әзірленген МҚҚК ААЖ, Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталы және «Қаз Реестр» АЖ жобаларының көрсетілімі болады. БАҚ аккредитациясы үшін байланыс телефоны:+7 778 552 8116 – Еңлік БердірахмановаАккредитация 29 қараша сағат 16:00-ге дейін қабылданады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/893053
Цифрлық даму министрлігі Қостанай облысының әкімдігінде кибергигиена бойынша оқыту өткізді 29.11.2024
ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитеті мен Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру басқармасы және "Astel" АҚ бірлесіп киберқауіпсіздік және кибергигиена мәселелеріне арналған семинар өткізді.Киберқауіпсіздік бойынша біліктілікті арттыруға арналған бұл оқыту мемлекеттік органдар қызметкерлері үшін 2023-2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту және киберқауіпсіздік тұжырымдамасы аясында өткізілді.Семинар барысында қатысушылар сыртқы және ішкі тәуекелдерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті қатерлерді талқылады. Сарапшылар деректерді қорғау жүйесіндегі негізгі элемент ретінде кибергигиена принциптерін сақтаудың маңыздылығына назар аудара отырып, ақпаратты қорғаудың практикалық нұсқаулары мен стратегияларымен бөлісті. Іс-шараға облыстық басқармаларды, қалалар мен аудандардың әкімдіктерін, АКИАМО-ларды қоса алғанда, мемлекеттік мекемелердің 70-ке жуық өкілі жиналды. «Кибергигиена – бұл ережелер жиынтығы ғана емес, бұл әр ұйымға енгізілуі керек тұтас мәдениет. Тәуекелдерді түсіну және олардың алдын алу әдістерін білу қауіпсіз цифрлық ортаны құрудың негізі болып табылады», - деп атап өтті ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің өкілі.Сонымен қатар, қатысушылар кибергигиена мен қызметкерлердің хабардарлығын арттырудың маңыздылығын талқылады. Семинар киберқауіптер туралы хабардар болу деңгейін арттыруға және мемлекеттік мекемелерде ақпаратты қорғауды жақсартуға мүмкіндік беретін қатысушылар арасында тәжірибе мен үздік тәжірибелермен алмасу үшін маңызды платформаға айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/893285
Сурдоспорт: Қазақстанның инклюзия мен спорт саласындағы жетістіктері 29.11.2024
Қазақстанда сурдлимпиадалық спорт тәуелсіздік жылдарында қарқынды дамып, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың әлеуетін ашуға бағытталған маңызды салаға айналды. Мемлекет бұл бағытта үлкен қолдау көрсетіп, инклюзивті қоғам құруға ықпал етуде. Сурдоспорттың дамуы спортшылардың жетістіктері, мемлекеттік қолдау және қоғамның инклюзивтілікке ұмтылуымен тығыз байланысты.ТарихыСурдоспорт Қазақстанда 1992 жылы «Спорттық одақтың» құрылуымен бастау алды. Бұл ұйымның басты мақсаты – есту қабілеті зақымданған азаматтардың спорттық әлеуетін ашып, олардың құқықтарын қорғау болатын. Осы бастаманың арқасында елде сурдоспорттың іргетасы қаланып, алғашқы қадамдар жасалды.1996 жылы Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты ойындарында отандық спортшылар алғаш рет өнер көрсетіп, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстанның әлемдік аренаға жол ашқан алғашқы жеңісі еді.1997 жылы тәуелсіз ел ретінде еліміздің ұлттық құрамасы Данияның Копенгаген қаласында өткен 18-ші Сурдлимпиада ойындарына қатысты. Сол жарыста жеңіл атлетика мен күрестен жеңіп алған алғашқы медальдарымыз сурдоспорттың жаңа дәуірін бастады.2011 жылы Қазақстанда «Ұлттық сурдлимпиялық федерациия» құрылып, 2014 жылы «Дефлимпикс Қазақстан» қауымдастығы халықаралық деңгейде мойындалды.2014 жылы елімізде есту қабілеті зақымдалған спортшылар арасында тұңғыш Спартакиада ойындары өтті. Спорттың 5 түрінен басталған бұл шара 2022 жылғы 3-ші Спартакиадада қатысушылар саны 1000 адамға дейін жетіп, жарыстар 11 спорт түрін қамтыды.Қазақстандық сурдоспортшылардың ең ірі жетістігі – 2022 жылы Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында тіркелді. Бұл жарыста ұлттық құрама 4 алтын, 7 күміс және 18 қола медаль жеңіп, ел тарихындағы рекордтық нәтижеге қол жеткізді.2024 жыл Қазақстан үшін ерекше маңызды оқиғалармен есте қалады. Елімізде алғаш рет сурдлимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттары өтті: Астанада 10 мемлекеттін қатысуымен сурдо футзалдан, ал Түркістанда 21 мемлекеттен келген 200-ге жуық спортшының қатысуымен сурдо дзюдодан әлем біріншіліктері ұйымдастырылып, еліміздің спорттық деңгейін биікке көтерді. Сурдоспорттың бүгінгі ахуалы2023 жылғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда мүгедектігі бар 700 000-наң астам адам өмір сүреді, олардың ішінде 56 822 адам спортпен шұғылданады. Есту қабілеті зақымдалған спортшылар саны 6 180 адамды құрайды.Кәсіби деңгейде мыңға жуық спортшы сурдоспорттың 15 түрімен шұғылданады:АрмрестлингТаеквондоЕркін күресГрек-рим күресіЖеңіл атлетикаФутзалШаңғы жарысыЖүзуҮстел теннисіДзюдоШахматДойбыКёрлингФутболБадминтонБұл спорт түрлері бойынша елімізде жыл сайын чемпионаттар мен кубоктар өткізіледі. Осындай жарыстардың қорытындысында ең үздік спортшылар ұлттық құрама сапына еніп, Қазақстан намысын халықаралық деңгейде қорғайды. Қазіргі таңда ұлттық құрамаға 731 спортшы кіреді.Жарыстар мен алдағы жоспарларСурдоспортшылардың басты асқары – Сурдлимпиада ойындары. Қазақстан алғаш рет 1997 жылы бұл ауқымды жарысқа тәуелсіз мемлекет ретінде қатысып, бүгінгі күнге дейін 5 жазғы және 3 қысқы Сурдлимпиада ойындарында 8 алтын, 8 күміс және 26 қола медаль жеңіп алды.Сонымен қатар, Қазақстан спортшылары Азия-Тынық мұхиты ойындарында да жоғары нәтижелерге жетуде. 1996 жылдан бері бұл жарыста ел құрамасы 27 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 9 күміс және 16 қола медаль. Биылғы жылдың 1-8 желтоқсанында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтетін 10-шы Азия-Тынық мұхиты ойындарында ұлттық құрама сапындағы 80 спортшы 8 спорт түрінен ел намысын қорғауға дайын. Бұл жарыстар 2025 жылы Токиода өтетін Сурдлимпиадаға дайындықтың маңызды кезеңі болмақ. Сурдоспорттың Қазақстан үшін маңызыСурдоспорт – бұл тек медальдар мен жеңістер ғана емес, қоғамдағы теңдік пен инклюзияны іске асырудың нақты мысалы. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформалар ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолдау көрсету аясын кеңейтіп, олардың қоғамдағы орнын айқындайтын тиімді экожүйе қалыптастыруды көздейді.Экожүйе тек физикалық қолдаумен шектелмейді, ол азаматтардың әлеуметтік бейімделуі мен өмір сапасын арттыруға бағытталған жан-жақты шараларды қамтиды. Осы салада Туризм және спорт министрлігі маңызды рөл атқарып, дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың спорт арқылы өмірден өз орнын табуына және қоғамға толыққанды араласуына жағдай жасауда.Осының арқасында Қазақстанның сурдоспортшылары халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, қоғамда жаңа құндылықтарды орнықтыруда. Олардың табыстары – еңбек пен ерік-жігердің жарқын дәлелі, әрі жас ұрпаққа үлгі. Бұл жетістіктер еліміздегі спорттық мәдениетті нығайтып, жас буынның спортқа деген ынтасын арттырып келеді.Биылғы Азия-Тынық мұхиты ойындары мен алдағы Сурдлимпиада Қазақстанның жаңа биіктерді бағындыруына жол ашпақ. Бұл жарыстар тек спорттық қана емес, елдің әлеуметтік саясатының нәтижесін көрсететін маңызды алаң.Сурдоспортшыларымыздың жеңістері Қазақстанның инклюзия қағидаттарын іске асырудағы нақты қадамдарын айқындайды. Бұл жетістіктер еліміздің халықаралық беделін нығайтып, инклюзия мен теңдікті қолдайтын прогрессивті мемлекет ретінде танылуына ықпал етуде. Алдағы уақытта сурдоспорт еліміздегі барлық азаматтардың әлеуетін ашып, қоғамның барлық саласына оң әсерін тигізетініне сенім зор.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/892690
Бүгін бокстан Азия чемпионаты басталады 29.11.2024
Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы кезекті Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. 11 желтоқсанға дейін жалғасатын сары құрлық бәсекесінде ерлер – 13, ал әйелдер 12 салмақ дәрежесінде сынға түседі.Әуелгі жоспар бойынша биылғы Азия біріншілігі осыдан екі жыл бұрын аталған доданы қабылдаған Иордания астанасы – Амманда өткізілуі тиіс еді. Алайда өңірдегі қауіпсіздік мәселесі ескеріліп, чемпионат Иорданиядан Таиландқа ауыстырылды. Осылайша, Таиланд Корольдігі 1963 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бокстан Азия чемпионатын өз тарихында 9-мәрте қабылдап отыр.Биылғы Азия чемпионатының ерекшелігі, сары құрлық додасына алғаш рет Украина боксшылары да қатыспақ. Бұл Азия чемпионатында тіркелген алғашқы жайт болса да, Еуропа чемпионатында өзге құрлықтан, яғни, Израиль, Мысыр сияқты елдердің де боксшылары қатысқан кездер болған.Қазақстан ерлер құрамасынан Азия чемпионатына қатысатын 13 боксшының екеуі, яғни, Санжар Тәшкенбай (48 кг, 2022 жыл) мен Айбек Оралбай (92 кг, 2022 жыл) бұған дейін Азия біріншілігінде топ жарған. Сондай-ақ Таиландта төрт әлем чемпионы жұдырықтасады. Олар: Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг) және Бекзат Нұрдәулетов (86 кг). Ал Оразбек Асылқұлов (57 кг), Бейбарыс Жексен (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг) және Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) Азия чемпионатына алғаш рет қатысады.Қазақстан ерлер құрамасының тізімі:48 келі: Санжар Тәшкенбай51 келі: Сәкен Бибосынов54 келі: Махмұд Сабырхан57 келі: Оразбек Асылқұлов60 келі: Бейбарыс Жексен63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы67 келі: Дулат Бекбауов71 келі: Абылайхан Жүсіпов75 келі: Диас Молжігітов80 келі: Ерасыл Жақпеков86 келі: Бекзат Нұрдәулетов92 келі: Сағындық Тоғамбай+92 келі: Айбек ОралбайҚазақстан әйелдер құрамасының тізімі:48 келі: Әйгерім Сәттібаева50 келі: Алуа Балқыбекова52 келі: Жазира Орақбаева54 келі: Сымбат Әлиасқар57 келі: Ұлжан Сәрсенбек60 келі: Виктория Графеева63 келі: Аида Әбікеева66 келі: Милана Сафронова70 келі: Наталья Богданова75 келі: Диана Мағауияева81 келі: Гүлсая Ержан+81 келі: Елдана ТалиповаАйта кетейік, сары құрлық чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/893615
Жасанды интеллект жобаларына арналған Industrial AI Accelerator акселерациялық бағдарламасы 28.11.2024
«Industrial AI Accelerator 2024–2025» — бұл жасанды интеллектті дамытудың ұлттық стратегиясы шеңберінде Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі салаларында жасанды интеллектті (ЖИ) қолданбалы енгізуді ынталандыру үшін әзірленген пилоттық акселерациялық бағдарлама.Бағдарламаны Қазақстан Республикасы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ЖИ комитетінің қолдауымен Индустрия 4.0 бас амбассадорлары ұйымдастырады.Акселератордың мақсаты — пилоттық жобаларды іске қосу және іске асыру, ЖИ шешімдерінің ұлттық каталогын құру және озық технологияларды пайдалана отырып салаларды трансформациялау.Бағдарлама шеңберінде 25 пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда:5 пилоттық жоба - 2024 жылдың соңына дейін20 пилоттық жоба - 2025 жылдың ақпанына дейін.Интенсивті практикалық бағдарлама Қазақстан экономикасының негізгі салаларында ЖИ шешімдерін енгізуге және масштабтауға бағытталған:МедицинаЭнергетика және мұнай-газ саласыӨндіруші өнеркәсіп және құрылысҚаржыҚатысушылар Тапсырыс беруші компаниялардың нақты міндеттеріне қол жеткізе алады, халықаралық сарапшылардың қолдауымен пилоттарды жинақтауға көмек және Қазақстанда және одан тыс жерлерде жобаларды масштабтау мүмкіндігіне ие болады.Қатысушылар үшін құндылық:Пилоттық жобаларды іске қосу.Халықаралық сарапшылар мен трекерлердің қолдауы.DEMO DAY-да шешімдерді корпоративтік және мемлекеттік тапсырыс берушілер алдында ұсыну мүмкіндігі.Жобаларды масштабтау мүмкіндігіКім қатыса алады?ҚР тіркелген компаниялар.Пилотты сәтті іске қосқан жағдайда Қазақстанда тіркелуге дайын шетелдік компаниялар.Қатысушыларға қойылатын талаптар:MVP кезеңінде шешімдер (белгілі бір мәселені шешетін жұмыс істейтін прототип).Бағдарлама аясында нақты кейстермен жұмыс істеуге дайын кем дегенде екі маманнан тұратын команда.Маңызды күндер:Өтінімдерді қабылдауды аяқтау: 7 желтоқсан.Қатысушыларды іріктеу: 10 желтоқсан.Акселерация кезеңі: 10 - 20 желтоқсан аралығы.Біз жасанды интеллект көмегімен Қазақстан экономикасын өзгертуге, бағдарламаға қосылуға дайын стартаптар мен компанияларды шақырамыз. Бұл инновациялық әзірлеушілер үшін өз шешімдерін көрсетудің, пилоттық жобаларды іске қосудың және елдегі ЖИ дамуына үлес қосудың бірегей мүмкіндігі.Қалай өтінім беруге болады:Толық ақпарат және тіркеу industrial-ai-acceleration.kz сайтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/892579
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау жоспарлануда 28.11.2024
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7,22-тармақтарына сәйкес, 2024 жылғы 26 қарашада «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/892389
Мұнайлы ауданында биыл екі мектеп пен 7 балабақша ашылды 28.11.2024
Мұнайлы ауданында жыл басынан бері бірқатар әлеуметтік нысандар салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді.Білім саласында үш ауысымды оқытуды жою үшін ауданда 5 мектептің құрылысы жүргізілді. Биыл оның екеуінің құрылысы аяқталып, оқушылар игілігіне берілді. Басқұдық және Қызылтөбе ауылдық округітерінен әрқайсысы 1200 орындық мектеп ашылып, Басқұдық ауылының №9 мектебіндегі және Қызылтөбе ауылының №6 мектебіндегі орын тапшылығы шешілді.«Жайлы мектеп» жобасы бойынша Батыр ауылында 1200 орындық 2 мектептің және Маңғыстау ауылында 900 орындық 1 мектептің құрылысы жүргізілуде. Мектептер 2025 жылы қолданысқа берілмек.Мектепке дейінгі білім сапасын арттыру мақсатында осы жылы 600 орындықты 7 балабақша іске қосылды. Ал, қолданыстағы 6 балабақша 162 орынға кеңейтілді.Сондай-ақ, ауданға қарасты Маңғыстау ауылынан 150 кереуеттік орталық аудандық аурухана ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аурухана құрылысы аяқталғаннан кейін медицина саласының 320 маманы тұрақты жұмыспен қамтылмақ.«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Дәулет ауылдық округінен кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылысы аяқталуда.Айта кетейік, қазіргі таңда ауданда 4 мәдениет үйі мен мемлекеттік 3 балалар және жасөспірімдер сапорт мектебі және 1 спорт кешені жұмыс істейді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/892044
Мұнайлы ауданының тұрғындарына қызмет көрсету сапасы артуда 28.11.2024
Мұнайлы ауданында инфрақұрылым мен әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда.Ауданда жалпы ұзындығы 695,6 шақырым тас жол бар. Оның ішінде, аудандық маңызы бар 95,3 шақырым жол 100% асфальт жабындысымен қамтамасыз етілген. Биыл ауылішілік жолдарды жақсарту аясында 70,6 шақырымды құрайтын 11 автокөлік жолының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, ұзындығы 50,8 шақырым болатын 6 автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары орындалуда.Жолаушылар тасымалын жақсарту және тұрғындардың қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету бағытында аудан орталығын облыс орталығымен байланыстыратын №107 автобус маршруты кеңейтілді. Тұрғындардың сұранысы бойынша Қызылтөбе, Баянды, Атамекен және Батыр ауылдарын аудан орталығымен байланыстыратын ауданішілік 4 жолсапар іске қосылды. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар жандардың еркін қозғалысы үшін инвотакси қызметі енгізілді.Коммуналдық қызметтерді жақсарту мақсатында 2 жүксалғыш тіркемесі бар трактор, 3 «Нива» жеңіл автокөлігі, ассенизатор және су сорғыш құрылғылармен қамтылды.Сондай-ақ, биыл халықты баспанамен қамту үшін 191 пәтер сатып алынып, жыл соңына дейін кезең-кезеңімен табыстау жоспарланып отыр.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/892046