Enbekshi QazaQ

Спорт

Атырау облысының тұрғындарымен кездесу 22.11.2024
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Төлеушин Қаныш Аманбайұлы, 22 сағат 16.00-де өңірлік IT Hub ғимаратында, Атырау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 17:00-де министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Атырау қаласы, Маденов көшесі, 7а).Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-777 260 16 60 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/887136
2024 жылдың 27 қарашасында облыс әкімдігінің келесі отырысы өтеді 22.11.2024
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары!2024 жылғы 20 қарашада өткізуге жоспарланған әкімдік отырысы 27 қарашаға сағат 10-00-ге ауысты. Отырысқа Шығыс Қазақстан облысы әкімі төрағалық етеді.Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, 25 қарашаға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.Қаралатын мәселелер:1. Шығыс Қазақстан облысының ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Баяндамашылар:Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов, ветеринария басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері Ақпараттар: 1. Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру туралыБаяндамашылар:Ажар Елемесқызы Каджибекова, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері2. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы Баяндамашылар:Серік Жеңісұлы Жеңісов, ішкі саясат басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/886877
Neo Nomad Visa-ны қалай алуға болады? 22.11.2024
Neo Nomad Visa әлемнің әртүрлі елінен келген саяхатшыларға көптеген мүмкіндік береді. Бұл виза шетелдік туристерге Қазақстанда бір жылға дейін тұруға және өздерінің шетелдегі компанияларында қашықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жаңа В12-1 визасын алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгіну қажет.✅ Қазақстанда саяхаттап жүріп, жұмысын жалғастырғысы келетін шетелдіктер Neo Nomad Visa-ға өтініш бере алады. Ол үшін жақын маңда орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне бірнеше құжатты ұсыну қажет:☑️ Кейінгі 6 айдағы банк шотынан үзінді көшірме, ай сайынғы табысы 3 000 АҚШ долларынан жоғары екенін растайтын құжат☑️ Азаматтығы бар елдің уәкілетті органы берген салық декларациясы☑️ Азаматтығы немесе тұрақты мекенжайы бар елдің органы берген сотталмағаны туралы анықтама☑️ Визаның қолданылу мерзіміне дейін жарамды медициналық сақтандыру☑️ Қазақстандағы туристік компаниялардан шақыру (48 елдің азаматы үшін талап етілмейді)🔷 Neo Nomad Visa-ны рәсімдеу 5 жұмыс күнінен аспайды. Виза бір жылға дейінгі мерзімге беріледі және оны ұзарту қарастырылған. Негізгі өтініш берушінің отбасы мүшелері де виза ала алады.🔺 Neo Nomad Visa арқылы Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылмағанын атап өткен жөн. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 216-бабына сәйкес Neo Nomad Visa иесінің Қазақстанда салық төлеу бойынша міндеттемелері жоқ, өйткені оның табыс көзі елден тыс жерде орналасқан.📑 Neo Nomad Visa және шақыруды қажет етпейтін 48 елдің тізімі туралы толық ақпарат:https://kazakhstan.travel/ru/publications/172/neo-nomad-visa-instructions-for-obtaining-a-visa-for-digital-nomadsАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/886775
Қазақстан мен Сербия ғарыш және IT-салалардағы ынтымақтастық туралы келісті 22.11.2024
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға ресми сапары аясында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы бірқатар маңызды кездесулер өткізді.Цифрлық министрлік басшысы Сербияның ғылым, Технологиялық даму және инновациялар министрі Елена Беговичпен кездесті. Келіссөздер барысында ғарыштағы ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық және экономиканың түрлі салаларында ғарыштық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.Қазақстанның цифрлық даму министрлігі мен Сербияның ғылым министрлігі арасында ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат Жерді қашықтықтан зондтау, спутниктерді әзірлеу, сынау және ғарыштық технологияларды қолдану сияқты бағыттардағы ынтымақтастықты қарастырады.«Біз бұл бастамаларды іске асыру елдерімізге өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Ғарыштық технологиялар агробизнестегі, су және жер ресурстарын басқарудағы, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланудағы мониторингті қоса алғанда, экономиканы цифрландыру үшін маңызды құралға айналуда», - деп атап өтті министр Жаслан Мәдиев.Сондай-ақ, Қазақстанның цифрлық даму министрлігі мен Сербияның Ақпарат және телекоммуникация министрлігі арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат IT-саланы дамытуға және екі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесуге бағытталған. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/886783
Қарақия ауданында әлеуметтік нысандар бой көтеруде 22.11.2024
Қарақия ауданына қарасты Жетібай және Мұнайшы ауылдарында ангар типті екі бірдей спорт залдың құрылысы жүргізілуде.Әр спорт залдың жалпы көлемі 24х62 метрді құрайды. Қазіргі уақытта Жетібай ауылындағы құрылыс 70%, Мұнайшы ауылындағы құрылыс 90% орындалды.Нысандарды толықтай пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланып отыр.Бұл спорт залдар көпфункционалды, барлық спорт түріне бейімделген. Жоба аясында ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыратын бөлмелер, спортшыларға арналған жуыну бөлмесі, заманауи жабдықталған үлкен зал және жаттықтырушы бөлмесі қарастырылған. Кешен жыл бойы ауа райына тәуелсіз жұмыс істеуге лайықталып салынуда. Ангар типті дизайн қыста жылуды, ал жазда салқындықты тиімді сақтауға мүмкіндік береді. Залдың тәуліктік сыйымдылығы 80 балаға есептелсе, штаттық құрамда 10 қызметкер жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.Бұдан бөлек, Құрық ауылында «Жастар ресурстық орталығын» күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жоба аясында аудан жастарына заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген коворкинг алаңы, жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың кеңселері, қоғамдық-мәдени іс-шараларға арналған конференция залы, кино залы, жастар кафесі, медиа кеңістік, шығармашылық алаңы, бейресми білім беру аймағы және волонтерлар штабы қарастырылған.Ғимарат аумағында қосымша жастарға арналған 3x3 форматтағы баскетбол алаңы, воркаут алаңы және балалар ойын алаңшасы қолданысқа беріледі. Қазіргі таңда ішкі жұмыстар 70%-ға, ал сыртқы жұмыстар 60%-ға аяқталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/886628
Қазақстан Президентінің Сербияға ресми сапары: Тараптар алдағы уақытта екіжақты сауда-саттық көлемін ұлғайтуға және жеткізілетін тауар түрлерін кеңейтуге ниетті екенін растады 22.11.2024
➤ Президенттердің айтуынша, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, қорғаныс өнеркәсібі кешені, цифрландыру, телекоммуникация және аэроғарыш салаларындағы бірлескен ірі жобаларды ілгерілету үшін қажетті ресурс пен мүмкіндік бар.➤ Сондай-ақ көлік инфрақұрылымын әртараптандыру және өзара байланысты дамыту, атап айтқанда, Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейстерін ашу маңызды екені айтылды.➤ Мемлекеттер басшылары білім, ғылым, денсаулық сақтау, туризм, жасанды интеллектіні енгізу бағыттарындағы өзара іс-қимылды жолға қою мәселесін талқылады.➤ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич сапар аясында қол қойылған екіжақты құжаттар қазақ-серб ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге жан-жақты ықпал ететініне сенім білдірді.Келіссөздерден кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өттіҚазақстан Президентінің Сербияға ресми сапары аясында төмендегідей құжаттарға қол қойылды:1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы тұлғаларды реадмиссиялау туралы келісім;2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сербия Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Сербия Республикаcының Еңбек, жұмыспен қамту, ардагерлер ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;5. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Сербия Республикасының Туризм және жастар министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Сербия Республикасының Статистика басқармасы арасындағы өзара саудада статистикалық деректер алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;7. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сербия Республикасының Ғылым, технологиялық даму және инновациялар министрлігі арасындағы ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;8. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сербия Республикасының Ақпарат және телекоммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;9. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Сербия Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;10. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Сербия Республикасының Халықаралық саясат және экономика институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/886416
Нұрдәулет Қилыбай Жетібай және Мұнайшы ауылдарына жұмыс сапарымен барды 19.11.2024
Бүгін, 19 қараша күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданына жұмыс сапарымен барып, Жетібай және Мұнайшы ауылдарындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.Облыс әкімі алдымен Мұнайшы ауылында салынып жатқан «Сарқылмас Қуат» жел электр станциясын көрді. Қуаты 50 МВт болатын бұл станция 2025 жылдың ақпан айында іске қосылады деп жоспарланған. 45,5 гектар аумақты қамтитын жобада 6,25 МВт қуат беретін 8 жел генераторы орнатылған. Компанияның құрылыс жөніндегі директоры Еркінжан Алахуновтың айтуынша, жобаның жалпы құны – 13,474 миллиард теңге, оның 30% компанияның жеке қаражаты, 70% қарыз қаражат. Құрылыс кезінде 120 адам, ал пайдалану кезеңінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Осыдан кейін аймақ басшысы Мұнайшы ауылындағы Теміржолшы шағын ауданындағы тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінгі жағдайын көрді. 9 үйде барлығы 99 пәтер бар, оның 38-і бос тұр. Техникалық сараптама нәтижесінде үйлер апатты деп танылды. Облыс әкімі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тездетіп жаңа үйлер салу қажеттігін тапсырды.Әрі қарай Нұрдәулет Қилыбай Жетібай ауылында «Еділ суын тазарту станциясын қайта құрылымдау» жобасының іске асырылу барысын тексерді. 2025 жылы құрылысы басталатын жобада 2 шақырым су құбыры салынып, сағатына 260-300 текше метр су айдайтын жаңа модульдік станциялар орнатылады. Бұл қондырғылар Еділ суын тазартып, қажетті минералдар қосып, халыққа таза су ұсынуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, облыс әкімі Жетібай ауылдық ауруханасындағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. 2007 жылы пайдалануға берілген үш қабатты ғимараттың ішкі жөндеу жұмыстарының 75%, сыртқы жұмыстарының 30% аяқталған. Жөндеу барысында ауруханаға лифт орнатылып, заманауи талаптарға сай жағдай жасалмақ. Нысанды толықтай аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр.Сапар соңында аймақ басшысы Мұнайшы ауылындағы спорт кешенінің құрылысына барды. Кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен салынған бұл ангар типті спорт залы көпфункционалды нысан ретінде жобаланған. 24х62 метр аумақты қамтитын кешен барлық спорт түрлеріне бейімделген. Мұнда киім ауыстыратын бөлме, душ, заманауи жабдықталған жаттығу залы және жаттықтырушылар бөлмесі қарастырылған. Жобаның 80%-ы аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын қадағалау қажеттігін атап өтіп, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/886391
Нұрдәулет Қилыбай Мұнайшы, Жетібай ауылының ақсақалдарымен кездесті 19.11.2024
Бүгін, 19 қараша күні, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданына барған жұмыс сапары аясында Мұнайшы, Жетібай ауылдарының аға буын өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты.Жиын барысында аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай өңірдің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде ақсақалдардың рөлі ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, экономиканы дамытуға бағытталған жоспарларымен бөлісті.Ашық әңгіме барысында аға буын өкілдері облыс әкіміне ұрпақ тәрбиесі, бүгінгі замандағы ата аның рөлі, ғылым мен білім, спорт саласын дамыту, жастарды жұмыспен қамту, дәрігер жетіспеушілігі сынды ойларын ортаға салды.* Ауылымызда халыққа ең қажетті тоқ, газ, мектеп, емхана барлығы бар. Жағдайымыз жаман емес. Дегенмен, әр қоғамда жетістік пен кемшілік қатар жүреді. Ауылда дәрігер жетіспеушілігі, жаз мезгілінде егін суаратын су тапшылығы байқалады. Бұл мәселелерді қаперіңізге алып, алдағы уақытта шешімін табады деп ойлаймыз. Бүгін үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, ойларымен санасып, ақылдаса келгеніңізге дән ризамыз. Маңғыстауды дамытуға бар күш-жігеріңізді салатыныңызға мол сенім білдіреміз, - деді ауданның құрметті азаматы Мүсір Байесенов ақсақал.Кездесу соңында ауыл ақсақалдары облыс әкіміне табыс тілеп, алдағы ісіне сәттілік тіледі.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/886399
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының дайындығына жаңа әдістеме енгізіледі 19.11.2024
Даңқты италиялық дзюдошы, Олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эцио Гамба бастаған команда дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен ынтымақтастықты бастады. Бұл ынтымақтастық аясында халықаралық аренада өзінің тиімділігін дәлелдеген жаңа дайындық әдістемесі енгізіліп жатыр.Гамбаның жетекшілігімен Италия құрамасы 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алса, ал Ресей құрамасын жаттықтырған кезінде Лондон Олимпиадасында оның шәкірттері 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеген.Айта кету керек, екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Роберт Мшвидобадзе, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Батрадз Кайтмазов және жапониялық тәжірибелі маман Цунода Цуёси бастаған Гамбаның командасы ұлттық құраманың жаттығу үдерісіне жан-жақты қолдау көрсетуде. Олардың тәжірибесі мен инновациялық тәсілдері отандық дзюдоны жаңа жетістіктерге жеткізудің қуатты құралы болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/886382
Jibek Joly турына қандай көрікті жерлер кіреді? 19.11.2024
Jibek Joly туристік пойызы Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени және тарихи орындарына қызықты саяхатқа шақырады.Түркістан (Қазақстан):🔺 Арыстан-Баб кесенесі.🔺 Ежелгі Отырар қаласының археологиялық қазбалары.🔺 «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (ЮНЕСКО нысаны).🔺 «Керуен-сарай» туристік кешені.Ташкент (Өзбекстан):🔺 Хазрати-Имам кешені.🔺 Төле би кесенесі.🔺 Әмір Темір және Тәуелсіздік алаңы.🔺 «Навруз» этнографиялық паркі.Jasorat мемориалы және «Бақытты ана» ескерткіші.🔺 Magic City ойын-сауық саябағы.Jibek Joly туры – Орталық Азия мәдениетінің байлығын аша отырып, ежелгі өркениеттер мұрасы мен қазіргі заманды үйлесімді түрде біріктіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/886385
Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы тағайындалды 19.11.2024
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Ерсін Ибрашев Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жаңа басқарма басшысын ұжымға облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев таныстырды.Ерсін Ибрашев 1989 жылы туған. Білімі жоғары. 2013 жылы Қытай мұнай университетін мұнай-газ ісі мамандығы, 2019 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2014 жылы инженер-технолог болып бастаған. 2015-2016 жылдары жеке компанияларда басшылық лауазымын атқарды2017 жылы «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Талдау және жобаларды басқару департаментінің менеджері болды.2018 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын сараптау басқармасының бас сарапшысы болды.2019 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жобалауды басқару департаменті Жобалауды басқару жөнінде мемлекеттік органдарды үйлестіру басқармасының бас сарапшысы лауазымын атқарды.2020 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жобалауды басқару департаменті Жобалауды басқару жөнінде мемлекеттік органдарды үйлестіру басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.2021 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жобалық басқару саясаты департаменті Мемлекеттік органдарды жобалық басқару бойынша үйлестіру және қолдап отыру басқармасының басшысы болды.2023 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/886227
Ербол Мырзабосынов Jibek Joly телеарнасының JJ Studio бағдарламасында спорт саласындағы өзгерістер туралы сұхбат берді 19.11.2024
Ербол Мырзабосынов Jibek Joly телеарнасының JJ Studio бағдарламасында спорт саласындағы өзгерістер туралы сұхбат берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/886004
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Сербияда кездесулер өткізді 19.11.2024
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сербияға жасаған жұмыс сапары барысында ақпараттық технологиялар, цифрландыру және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізді.Маңызды кездесулердің бірі Сербияның ақпарат және телекоммуникациялар министрі Деян Ристичпен өтті. Тараптар GovTech саласындағы бірлескен жобаларды дамыту, жасанды интеллект, телекоммуникациялар және инновациялар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Astana Hub-пен бірлесе жұмыс істеу, Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) артықшылықтарын таныстыру және Сербияның IT қызметтер экспортындағы тәжірибесін зерттеу бойынша келісімге қол жеткізілді.Министр Крагуевац қаласындағы Мемлекеттік деректерді өңдеу орталығына (МДӨО) барды, ол тиімді цифрлық инфрақұрылымның жарқын үлгісі болып табылады. МДӨО Еуропалық Tier IV стандарты бойынша сертификатталған, бұл оның сенімділігі мен қауіпсіздігін көрсетеді. Орталық мемлекеттік басқару үшін ғана емес, Oracle, IBM және Huawei сияқты ірі IT-компаниялар үшін де қызметтер ұсынады, бұл Сербияның технологиялық беделін нығайтады.Сондай-ақ, Сербияның CERN ғаламдық есептеу желісіне интеграциялау тәжірибесі талқыланды. Сербия Еуропада жетінші және әлемде оныншы болып бұл желіге қосылды. МДӨО өңдеген деректер халықаралық ғылыми зерттеулер үшін қолданылады, бұл Қазақстан үшін де қызықты бағыт болуы мүмкін.Сербия тарапы Қазақстанның цифрлық жетістіктерін, атап айтқанда, жасанды интеллектті дамыту бойынша делегация ұсынған ауқымды жоспарларды жоғары бағалады.IT саласының өсуін (2024 жылы IT-қызметтер экспорты шамамен 4 миллиард еуроны құраған) көрсеткен Сербия Қазақстан үшін перспективалы серіктеске айналды. Цифрландыру, ғылым және инновациялар саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы байланыстарды нығайтып, екі жаққа да жаңа технологиялық даму мүмкіндіктерін ашады. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/885887
Облыс әкімінің қабылдауына келген Түпқараған ауданының тұрғындары туристік орындарды абаттандыруды сұрады 19.11.2024
18 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданы тұрғындарымен кездескеннен кейін азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға 100-ден астам азамат қатысып, өз өтініштерін білдірді.Азаматтардың басым бөлігі облыс әкіміне жұмыссыздық, тұрғын үйге қатысты мәселелермен келді. Сонымен бірге, іс-түссіз жоғалып кеткен балықшының отбасы іздеу жұмыстарын жалғастыруды сұрап, көмекке жүгінді.Сондай-ақ, тұрғындар ауданның туристік әлеуетін арттыруға бағытталған ұсыныстарды ортаға салды. Атап айтқанда, Тамшалы, Жығылған сияқты көрнекті туристік орындарды абаттандыру мен инфрақұрылымын жақсарту мәселелері көтерілді. Тұрғындар бұл аймақтардың табиғи сұлулығы мен ерекше келбеті туристерді тартуға үлкен мүмкіндіктер беретінін, бірақ абаттандыру жұмыстарының қажеттілігін атап өтті.Қабылдау кезінде ауданның медициналық қызметіне қатысты шағымдар да айтылды. Ерекше балалардың денсаулығына алаңдаған ата-аналар медициналық көмекке мұқтаждық мәселесін көтерді.Қабылдау нәтижесінде тұрғындармен талқыланған сұрақтардың барлығы бақылауға алынып, облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбай әрбір өтінішті мұқият тыңдап, мәселелерді шешу бойынша тиісті тапсырмалар берді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/885517
«Жайлы мектеп»: Шемонаихада жаңа білім ордасының құрылысы аяқталды 18.11.2024
Шемонаиха ауданында 300 орынға шақталған жаңа мектептің құрылысы аяқталды.Бүгін білім ордасының техникалық ашылуы өтіп, құрылыс жұмыстарының барысымен облыс әкімі Ермек Көшербаев арнайы келіп танысты.– Мектеп керемет, сөз жоқ. Бірақ оның тиісті білім деңгейі де болуы керек. Ол жағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар. Әрине, елімізде «Жайлы мектеп» жобасын бастаған Мемлекет басшысына зор алғыс айтамыз. Көріп отырғандарыңыздай, мұнда балаларға сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалыпты. Құрылыс жұмыстары абыроймен атқарылды, – деп атап өтті өңір басшысы.Жаңа мектеп Путейская көшесі, 16/1 мекенжайында орналасқан, оның жалпы ауданы – 5513,5 шаршы метр. Жобалау және салу жұмыстары «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығымен жүргізілген. Бас мердігер міндетін «Фирма Азия» ЖШС атқарған, ал техникалық және авторлық қадағалауды «Восток Инжиниринг» ЖШС және «БК «OST-проект» ЖШС жүзеге асырыпты.Мектеп директоры Назигүл Тотекинаның айтуынша, білім беру мекемесінде 1-11 сынып аралығындағы 335 оқушы, сондай-ақ мектепалды даярлық тобында 15 бала оқиды.– Біз барлық қажетті рәсімді жылдам аяқтаймыз деп үміттенеміз. Бұйырса, үшінші тоқсаннан бастап оқушыларымыз жаңа мектепте білім алатын болады, – дейді мектеп директоры.Облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева бұл мектеп 90 жыл бұрын салынған ескі ғимараттың орнында бой көтергенін айтты. Ыңғайлы мектеп заманауи кабинеттермен, қажетті техникамен жабдықталған және мүмкіндігі шектеулі жандарға толықтай бейімделген.Айта кетейік, қазір Шемонаиха қаласында төрт мектеп бар болса, оның бірі – осы білім ордасы. Алдағы уақытта №4 мектептің оқушылары мен педагогикалық құрамы жаңа ғимаратқа көшеді. Бұл, әсіресе, балаларын әбден ескірген мектепке беруге мәжбүр болған Теміржол ауданында тұратын ата-аналар үшін қуанышты жаңалық болғаны сөзсіз.Иә, Шемонаиха тұрғындары Шәкәрім атындағы №4 мектептің ашылуын асыға күтеді.– Мұндай мектептер ойластырылған мемлекеттік саясаттың нәтижесі деп түсіну керек. Аталмыш мектептерде балаларға жайлы жағдай жасалып қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына да жол ашылады, – деп түйіндеді Ермек Көшербаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/885355
Қазақстан беделді туристік марапатқа ие болды 18.11.2024
Халықаралық Uzakrota Travel Awards сыйлығы Kazakh Tourism компаниясымен қатар Сауд Арабиясы, БАӘ, Сербия, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Тайланд және Ирландия мемлекеттерінің өкілдеріне елдің халықаралық туристік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін табысталды.Туристік индустриядағы маңызды шаралардың бірі Uzakrota Travel Summit 2024 халықаралық саммиті Ыстамбұлда өтті. Оның барысында туризм саласындағы нәтижелерге сәйкес 40 аталым бойынша жыл сайынғы марапаттар табысталды.Жеңімпаздар сарапшылардың және кең аудиторияның пікірі негізінде анықталды. Қазақстан алғаш рет Uzakrota Travel Awards сыйлығымен марапатталды.Іс-шараға әлемнің 110 елінен 15 мың делегат қатысты. Kazakh Tourism саммитке қатысушыларға Қазақстанның туристік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.2025 жылы Қазақстан халықаралық EMITT туристік көрмесіне қатысады. Оның арқасында Түркиямен және басқа елдермен туристік байланыстарды нығайту жоспарланып отыр.Түркия - ТМД елдерін есепке алмағанда, Қазақстанға келетін туристер саны бойынша екінші орында. 30 күнге дейінгі визасыз режим және қос мемлекет арасындағы тұрақты тікелей рейстер келушілер қатарының артуына ықпал етеді. Биылғы бірінші жартыжылдықта елімізге келген түрік туристерінің саны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артты.Атап өткен жөн, биыл халықаралық Lonely Planet баспасы «Best in Travel» рейтингінде Қазақстанды 2025 жылы саяхаттауға болатын ең үздік елдердің бірі ретінде анықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/885222
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 18.11.2024
🔹Конькимен жүгіру: Жапонияның Хатинохе қаласында өткен конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.🔹Мәнерлеп сырғанау: Эстонияда өткен мәнерлеп сырғанаудан Challenger Series санатына кіретін Tallinn Trophy 2024 халықаралық турнирінде Ұлттық құрама спортшысы Софья Самоделкина қос бағдарлама қорытындысы бойынша 173,25 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды.🔹Каратэ: Ресей астанасы Мәскеудегі WKF каратэден Moscow Karate Universe-2024 халықаралық жарысында қазақстандық спортшылар 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.🔹Фристайл-могул: Аустрияның Хинтертукс тау шаңғы курортында ұйымдастырылған фристайл-могулдан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары ел қоржынына 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль салды.🔹Бадминтон: Дмитрий Панарин Замбиядағы Zambia International Challenge 2024 халықаралық турнирінің жекелей сынында үздік шықты. Ол 2022 жылы осы турнирдің жекелей сынында чемпион атанған.🔹Теннис: Билли Джин Кинг кубогі аясында Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада Корея теннисшілерімен шеберлік байқасып, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрамасы келесі жылы сәуірде өтетін турнирдің іріктеу кезеңіне жолдама алды.🔹Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Италияның Линьяно қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінің қола жүлдегері атанды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/885230
2024 жылдың 15 қарашасына дейін өзін құмар ойындардан шектегендер туралы жаңартылған мәлімет 18.11.2024
🔺eGov mobile арқылы – 168 250 адам;🔺жазбаша – 2 311 адам.🔺Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:🔺eGov mobile арқылы – 40 212 адам (жалпы санның 23,90%);🔺жазбаша – 836 адам (жалпы санның 36,17%).🔺eGov 2024 жылдың 18 наурызында басталған өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызметті енгізу жөніндегі министрліктің пилоттық жобасы оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысудың төмендеуіне ықпал етіп келеді.📌Пилоттық жобаны пайдалануға енгізгеннен кейін бір айда (18.04.2024 ж.) eGov mobile арқылы 35 342 өтініш берілсе, 15.11.2024 ж. берілген өтініштердің саны 168 250 құрады.Сонымен қатар азаматтардың дәстүрлі қағаз жүзінде өзін-өзі шектеуге өтініш беруден мобильді қосымша арқылы онлайн өтініш беруге біртіндеп көшуі байқалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/885238
Jibek joly туристік пойызы теміржол туризмінің жаңа көкжиегін ашты 18.11.2024
Jibek joly туристік пойызы «Алматы-Түркістан-Ташкент-Алматы» бағыты бойынша алғашқы сапарын сәтті бастады. Биыл алғаш рет іске қосылған тур 5 күнге жоспарланған. Осы уақыт аралығында жолаушылар жайлы сапардан бөлек, Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени-тарихи орталығы саналатын Түркістан мен Ташкент қалаларында болады.Туристік пойыздың құрамына бұрын басқа маршруттарда пайдаланылмаған, Қазақстанда өндірілген су жаңа бес заманауи вагон кіреді. Пойыз экипажының құрамында басшы, сегіз тәжірибелі жолсерік және электромеханик бар.Пойыздың сыртқы көрінісінде мемлекеттік Тудың суреті бейнеленсе, ішкі дизайны қазақы қонақжайлылықтың атмосферасын көрсетеді. Яғни, ұлттық ою-өрнектері бар алтын түстес төсек-орын вагонға ерекше сипат беріп, дәстүрлі стильде безендірілген вагон-ресторан ұлттық және еуропалық тағамдардың түрлі мәзірін ұсынады.«Біз алғаш рет Алматы-Түркістан-Ташкент-Алматы бағыты бойынша туристік пойызбен саяхатқа шықтық. Сапар аясында бір күн Түркістанда, екі күн Ташкентте боламыз. Бұл туристік пойыз теміржол туризмінің және жалпы еліміздің туристік әлеуетінің қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді», – деп атап өтті жолаушы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/885255
Түпқараған ауданында әлеуметтік нысандар бой көтеруде 18.11.2024
Биыл Форт-Шевченко қаласында 100 орындық жатақхана мен 260 орындық өнер мектебі салынуда. Жатақхана құрылысы 95%-ға аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл нысан аудандағы тапшы мамандарды қызметтік пәтерлермен қамтамасыз ету үшін қарастырылған. Жалпы аумағы 1,6 гектарды құрайтын өнер мектебінің құрылысы 85%-ға дайын. Жыл соңына дейін ашылуы жоспарланған мектепте балалар мен ересектерге арналған мәдени және өнер секциялары жұмыс істейтін болады.Сондай-ақ, үш ауысымды оқытуды жою және оқу орындарының тапшылығын азайту мақсатында Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық округінде 1200 орындық, 3 қабатты, заманауи талапқа сай жаңа мектеп құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоспар бойынша білім ордасы 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/885150