Enbekshi QazaQ

Технология

Алматыда «Нұр Отан» партиясының мультимедиялық мұражайы ашылды 10.04.2025
Мұражайдан «Нұр Отан» партиясының құрылуы мен қалыптасу тарихын, партияның маңызды құжаттарын, сонымен қатар партия Төрағасына тиесілі профессор мантиясын, кітаптарды, партия билеттерін және басқа да заттарды көруге болады.Мұнда келушілер жобадағы партия тарихының, заманауи дизайн мен жаңа технологиялардың өзара үйлесім тапқан ерекше концепциясын бағалай алады. Интерактивті панелдер (multi-touch-screen) дәстүрлі мұражай сөрелерін алмастырған. LED-экраннан 10 гигабайтты ақпаратты цифрлы экспозиция түрінде көруге болады.Мұражайды ашудағы басты мақсат-тарихи әрі мәдени, қоғамдық-саяси ақпаратты жинақталған тарихи құжаттар негізінде зерттеу және насихаттау.«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен біз Тәуелсіздікті, еліміздің әлеуметтік- экономикалық даму жетістіктерін, Қазақстанның халыаралық аренадағы беделін байланыстырамыз. Біз дамыған мемлекеттер қатарына енуге ұмтылудамыз, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған жаңару мен реформалар бәсекеге қабілетті елдер қатарына енудің басты шарты. Біз партия көшбасшысы Н. Назарбаевқа тірек болуға және Қазақстанның игілі жолында бірге жұмыс істеуге тиіспіз!», - деп үн тастады жаңа партия мүшелеріне Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ол сонымен қатар Алматы қаласының тәуелсіздік жылдары қолжеткен жетістіктерінің бәрі Мемлекет басшысының есімімен тікелей байланысты екенін қадап тұрып айтты.Салтанатты шара барысында партия билеттерін «Тамаша» театрының көркемдік жетекшісі Асылбек Боранбай, радиожүргізуші Диана Снегина, №140 мектеп–гимназияның педагогы, жыл мұғалімі Гүлбану Әбжанова, репродуктивті медицина Институты бас дәрігерінің орынбасары Лазат Айтқожина, «ABM GROUP» ЖШС басқармасының төрағасы Азамат Молдақасымов, GoSport негізін қалаушы, «Khan Consulting» ЖШС-тің бас директоры Әнуар Манабаев және «Традиции народа Семиречья» қоғамдық бірлестігінің президенті Семен Шихотов алды.Бүгінгі күні жалпы республика бойынша 1 миллиондай партия мүшелері бар. Тек Алматы қалалық филиалының өзінде ғана 90 мың адамды біріктіріп отырған 750 бастауыш партия ұйымдары ойдағыдай жұмыс істеуде. Партияның қалалық филиалы заңдылықты жетілдіру туралы 30 ұсыныс енгізген болатын, оның жартысынан астамы Парламен Мәжілісінде мақұлданды. Партия филиалында күн сайын он мыңдай өтінімдер қаралып, жүйелі шешімдер қабылдануда. 10 ай ішінде мемлекеттік органдарға 100-ден астам ұсыныс жіберілген, олардың 80%-ы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13207?lang=kk
Алматы әкімі қалалықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады 10.04.2025
«Барлық кезеңдерде, әсіресе қиын сәттерде әр халықтың тығырықтан алып шығатын әрі түрлі ұлтты ұлы мақсат жолына біріктіретін, тарихи кедергілерді жоя білетін көшбасшысы болғаны ақиқат. Біздің еліміздің осындай кемеңгер жалпыұлттық Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасы заманауи қазақстандық мемлекеттің іргетасын қалады және нығайтты, дағдарыс жылдары елді түрлі сынақтан алып шықты, нарықтық экономиканы, демократиялық институттарды құрды. Елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтасыз етті», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.Алматы әкімі Мемлекет басшысының аса зор халықаралық беделі арқасында ең маңызды мәселе, бүгінгі және болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік шекараның бекітілгенін қадап тұрып айтты.«Жастар – Қазақстанның болашағы, олар біздің Тәуелсіздігімізді сақтауы және одан әрі дамытулары тиіс. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған бәсекеге қабілеттілік, ашықтық, празматизм, білім культі біздің басты қағидаларымыз болсын», - деді мегаполис әкімі.Өзінің құттықтау сөзінде Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының тұрақты қолдауы арқасында Алматының дамып, ірі жетістіктер биігінен көрінуін ерекше атап өтті. Қаланың басты көшелерінің біріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті есімінің берілуі қалалықтардың Елбасыға деген құрметін, алғысы мен ізгі ниеттерін білдіреді.Бүгін «Халық Арена» сахнасында шығармашыл ұжымдар өнер көрсетті, отандқө эстрада жұлдыздары Камшат Жолдыбаева, Ерке Есмахан, Айдана Меденова, Нұржана Керменбаев, Әли Оқапов, «Alau», «Aumi», «Assyl» және басқалары патриоттық әндерді орындады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13188?lang=kk
Алматыда Астана күні қарсаңында «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді 10.04.2025
«Астана – Ардағым» мерекелік сыйлығымен Алматы қаласында тұрған әрі туылған және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталады.Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлағандай, «Астана – Ардағым» сыйлығы 20 категория бойынша беріледі, олар - білім мен ғылым, сәулет пен құрылыс, денсаулық сақтау, спорт, өнер, кинематография, журналистика және әдебиет салалары.«Бүгінгі күні Алматы қаржы және экономикалық магнит ретінде еліміздің саяси орталығы – Астананы үйлесімді толықтыруда. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, күшті саяси орталық пен либералды қаланың келісімі мемлекеттің тұрақты дамуына ықпал етеді», - деп атап өтілді Алматы әкімдігінде, сонымен қатар Мемлекет басшысының «Астананың тағдыры – екі ғасырды артқа тастаған барша қазақстандықтардың тағдыры. Бұл заманауи мемлекетке айналған, жаһандық қоғамдастық таныған және құрметтеген, Ұлы жолдан өткен тәуелсіз Қазақстанның тағдыры» деген сөздері еске түсірілді.Номинанттарды іріктеу конкурстық комиссияның http://astana.ardaq.kz сайтында ашық дауыс берулері арқылы 9 желтоқсанда Астана уақытымен 00:00 сағатта аяқталады.Еске салсақ, келер жыл Қазақстан астанасы үшін мерейлі жыл. Алматыда Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар ауқымды мәдени шаралар-концерттер, фестивальдер, көрмелер өткізу жоспарланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13157?lang=kk
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жобалар бекітілді 10.04.2025
Алатау ауданындағы Рысқұлов даңғылының солтүстігіне, Б.Момышұлы көшесінің шығысына қарай салынатын 13 жеті қабатты үйдің жобасы бекітілді, мұнда аула кеңістігінде көлік тұрағы, коммерциялық бөлмелер, мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі болады. Су қорғау аймағы балалар және ойын алаңдары ретінде пайдаланылады. Құрылысты жүргізуші бала бақша мен мектеп салынатын жер учаскесін коммуналды меншікке өткізеді.Бостандық ауданындағы Сәтпаев көшесінің бойындағы бір қабатты өндірістік нысанды екі қабатты ғимарат етіп қайта жасау, оны халыққа қызмет көрсететін ғимаратқа айландыру жобасы да бекітілді. Оның 1-ші қабатына шоурум, тамақтану аймағы, қызмет көрсету бөлмелері бар автосалон, техникалық қызмет көрсету станциясы, шиномонтаж, көлік жуу, техникалық бөлмелер орналасады. 2-ші қабатында сауда алаңдары, кафетерий, әкімшілік бөлмелер болады. Абаттандырылатын аймаққа газондар,тротуарлар жасалып, ағаш пен бұтаұқтар отрығызылады, жарық көздері орнатылады.Айта кетерлігі, жобаларды бекіту барысында энерготиімділікке, сыртқы әрлеу жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалануға, фасадттарды түнгі жарықтандыруға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болуына, алаңды жасылдандыруға, көлік легінің жүктемесіне, аулаларды абаттандыруға және басқаларына айрықша назар аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11725?lang=kk
Алматы әкімі Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісімен кездесті 10.04.2025
Мегаполис әкімі Ұлыбританияның иноовациялық даму саласында мол тәжірибе жинақтағанын және Лондон мен мен Манчестердің үлгісі бойынша Алматыда «Smart city» жобасын жүзеге асырудың тиімді екенін атап өтті. Алматы мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымында оң динамика қалыптасқан, 2017 жылы бұрнағы жылмен салыстырғанда 54,7%-ға өсіп, 275 млн. АҚШ долларын құраған.Өз кезегінде Майкл Гиффорд өзара ынтымақтастықты нығайту барысында тараптар арасында үлкен мүмкіндіктердің бар екенін айтты.«Мен Қазақстан Президентіне Сенім грамотасын өткен айда тапсырған едім, өзімнің алғашқы жұмыс сапарым бойынша өңірдің жедел дамып келе жатқан мегаполисі ретінде Алматыны таңдадым. Қолға алынған бастамалардың барлығы қаланы жоғары деңгейге көтеретіндігіне сенімдімін және өз тарапымнан екі ел компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың дамуына, білім және мәдени бағдарламалардың қанат жаюына қажетті мүмкіндіктердің барлығын жұмсаймын», - деді Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі.Кездесу барысында шетелдік делегацияға инвесторларға «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін Орталықтың,Индустриалды аймақтың, АЭА «Инновациялық технологиялар паркінің» әлеуеті көрсетілді.Қазіргі кезде Алматыда британдық капиталдың қатысуымен сауда, қаржы, телекоммуникация, құрылыс және басқа салаларда 114 кәсіпорын жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11672?lang=kk
Алматы әкімі ҚІСО «Атакенттің» жерін қаланың коммуналдық меншігіне қайтаруды тапсырды 10.04.2025
«Кезінде «Атакент» айналасы жасыл желекке оранып, мұнда адамдар отбасымен серуендеуге келетін, бұрын каскадты субұрқақ бар еді, ал қазір оның бәрін асфальттап, көлік тұрағы мен базарға айналдырған. Басқарушы компания осы аумақтты дамыту жөнінде қалалықтарға үлкен уәде беріп еді, алайда, көріп отырғанымыздай соңғы жылдары ештеңе атқарылмаған», - деді Бауыржан Байбек.Алматы әкімі кешен айналасындағы асфальтты жерді азайтуды, жасылдандыруды, газондарға орналасқан түрлі конструкциялар мен құрылыстарды алып тастауды, ағаш отырғызуды, орындықтар мен урналар және басқаларын қоюды тапсырды. Бұлардан өзге, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орталық кіреберістегі көлік тұрағы алынады және ҚІСО «Атакент» аумағына көліктің кіруіне тыйым салынады.Жұмыс сапары аясында Бауыржан Байбек Тимирязев және Әуезов көшелерін абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11375?lang=kk
ҚР ҰЭМ «on-line» режимінде қоғамдық талқылауға шақырады 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ерікті өзін-өзі реттеу және брокерлер мен дилерлерді тауарлық биржаларда аккредиттеу жолымен тауарлық биржа саласындағы брокерлік және дилерлік қызметті лицензиялаудан алып тастауға реттеушілік әсерін талдау жүргізу мәселесі бойынша «on-line» режимінде қоғамдық талқылау жүргізеді.Қоғамдық талқылау 2018 жылғы 12 қазаннан 16 қазанды қоса алғанда «Ашық НҚА» порталында жүргізіледі.Қоғамдық талқылауда барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.Анықтама мына телефон бойынша: 8 (7172) 743312.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/11347?lang=kk
Алматыда жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары мамырда басталып, тамыз айында аяқталады 10.04.2025
Биылғы жылы жылу жүйелерін модернизациялау жұмыстары Бөгенбай батыр, (Мұқанов/Әйтиев), Жамбыл (Пушкин/Назарбаев), Қазыбек би (Уәлиханов/Абдуллиндер), Қарасай батыр (Наурызбай батыр/Чайковский), Төле би (Варламов/Өтеген батыр/Отар), Чайковский (Қарасай батыр/Төле би) және Шагабутдинов (Құрманғазы/Орталық стадион) көшелерінде жүреді.Алматы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев өзінің сөзінде қазіргі кезде әр участок бойынша нақтылы кесте жасалғанын, техника мен жұмысшыларының санының анықталғандығын айтты. Қайта жасалатын барлық объектілерде мердігерлік ұйым туралы ақпарат бар паспорт, тиісті жол беліглері болады және жүргіншілер үшін қоршаулар қойылады.Ол көптеген нысандарда реконструкциялауды шілде айының соңында аяқтаудың жоспарланғанын, ал кейбір күрделі және ұзын учаскелерде жұмыстың тамыз айында бітетінін айтты. Жұмыс барысында жақын орналасқан аймақ міндетті түрде абаттандырылады.Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы бұрын жөнделген учаскелердің жол жиектеріндегі топырақтың шөгуін зерттеуді бастады, олар кепілді міндеттеме ретінде мердігер арқылы қалпына келтіріледі.Айта кетерлігі, Алматыда 2018 жылы 157 көшені жөндеу жоспарланған.Алматы реконструкциясы аясында қаланың бірқатар маңызды даңғылдары жаңарады, соның ішінде Абай, Аблай хан, Назарбаев даңығлдары және басқалары бар. Бұрын жөнделген 455 аула алаңдарына қоса биыл қаланың барлық аудандарында тағы 585 аула жаңарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11101?lang=kk
Алматының коммуналдық саласында кадрлық өзгерістер болды 10.04.2025
Бүгінгі тағайындауға дейін Ермек Үсенбаев Алматы қаласының Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы болған еді. Ол түрлі жылдары Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, «Оңтүстік» және «Алматы» ӘКК-лар басқармасы төрағаларының орынбасары қызметтерін атқарды.«Алматы Су» біріккен кәсіпорны жаңа басшысының алдына технологиялық процесстерді автоматтандыру, шығынды оңтайландыру, қызмет көрсету сапасын арттыру сынды бірқатар міндеттер қойылды. Бұлардан өзге, өндірісті модернизациялауды, инженерлік желілерді және жүйелерде апатты азайту үшін қондырғыларды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет.Бұрындары «Алматы Су» кәсіпорнын басқарған Қуаныш Бейсенбинов «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды. Ол түрлі жылдары. Астананың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының бірінші орынбасары және басқа да қызметтерді атқарған.Жаңа басшы алдына кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыру, жылудың нормативті және нормативтен жоғары шығындарын азайту, өндірістік процесстер мен қызмет көрсетудіі цифрландыру міндеттері қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11100?lang=kk
Алматыда 3000 орынды Мұз аренасының сырғанау алаңы таныстырылды 10.04.2025
Бүгін Алматы Алматы әкімі Бауыржан Байбекке «Универсиада 2017» кезінде студенттердің спорттық жарыстары өтетін нысандардың бірі 3000 орынды Мұз аренасының сырғанау алаңы таныстырылды.Спорт нысанын салуға жоғары сыныпты мамандар тартылып, оны тұрғызуға, әрлеуге отандық өндіріс материалдарының 90% -ы пайдаланылды. Жалпы, 3000 орынды Мұз аренасын салумен 1,5 мың адам айналысты.«Қазіргі кезде негізгі мұздың төзімділігіне ерекше мән беру қажет, ол үшін кәсіби спортшыларды, мамандарды шақырып, мұздың сапасы жөнінде тиісті бағаны алған жөн. Универсиаданың барлық нысандары Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынды. Жалпы, балалар спортын, бұқаралық және кәсіби спортты дамыту қажет. Болашақта біздің спортшыларымыздың жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне ықпал ететін нысандар қала шетінде болуы тиіс», - деп атап өтті әкім.Бұл объект негізінен мәнерлеп сырғанау, шартрек, хоккей және басқа қысқы спорт түрлері бойынша пайдаланылады. Бүгінгі күні хоккей клубтары, әуесқой және балалар хоккейі, сырғанау сынды жаттығу сабақтарының жүйесі жасалған. Осылайша, қаланың мұндай спорт нысандарына қалың бұқараны кеңінен тартуға үлкен мән берілуде.«Біз нысанды тамыз айының соңында пайдалануға беруге үміттіміз. Ал қазан айынан бастап объект қала тұрғындары үшін қолжетімді болады. Барлық жобалар жоғары технологиялық талаптарға толық жауап береді. Негізгі критерйилердің бірі- өзіміз қосқан энергиялық тиімділік. Қазір жоғары рейтингілі шетелдік қондырғыларды орната салудың еш мәні жоқ. Маңыздысы- қымбат энергия шығынына жол бермей, Мұз аренасына көпшіліктің жиі келуін қамтамасыз ету», - деді Алматы қаласы спорт нысандары дирекциясының басшысы  Сергей Апенко.Атап өтерлік жайт, нысан іске қосылғанда мұнда 200-ге жуық жұмыс орны құрылады, олар жалға берілген кафе мен спорт залдарында қызмет ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10987?lang=kk
8 шілде. Алматы әкімдігі дағдарысқа қарсы қосымша шараларды қабылдауда 10.04.2025
Бүгін Алматыда Мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, онда қаланың 2016 жылғы бюджеті нақтыланды.«Алматы-2020» даму Бағдарламасының 7 тұжырымдарын жүзеге асыру және бұрыннан бар проблемалық мәселелерді шешу үшін қала бюджетінен 13 млрд. 122 млн. 414 мың теңге бөлу ұсынылды.Бюджетті нақтылау барысында қалада жұмыс орындарын көп ашуға ерекше көңіл бөлінді.«Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР-ның Үкіметі экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік инвестицияларды арттыру шараларын қабылдауда. Маңызды екі міндет бар, олар - бұрынғы жұмыс орындарын сақтау, жаңаларын ашу және халықтың табысқа жетуіне ықпал ету», - деп атап өтті әкім.Бюджетке өзгеріс енгізу барысында қалалықтардың әлеуметтік сұраныстарына да үлкен мән берілді.«Өздеріңіз білесіздер, үздіксіз жауған нөсер жаңбар қаланың арық жүйесіндегі олқылықтарды ашып берді, олардың 50%-ы қанағаттанғысыз жағдайда. «Алматы-2020» даму Бағдарламасының «Қолайлы қала» атты алғашқы тұжырымындағы «Таза қоршаған орта» бағыты бойынша алдағы уақытта ұзындығы 18,2 км. арық жүйесі қайта жасалады, оған жұсалатын қаржы көлемі 495 млн.теңгеден астам, сонымен қатар, 194 км арық жүйесін жүргізудің ЖСҚ жасалып, 72 км арық желісі жаңарады, оның қаржылық құны - 95,4 млн. теңге. Жалпы, бұл жұмыстардың барлығы қалағақослыған аудандарда жүзеге асады, соның арқасында нөсер жауын кезінде су басып қаупі жойылып, қала тұрығдарына жақсы жағдайлар жасалады», - деп атап өтті өзінің баяндамасында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мақсат Қиқымов.Әкім қалаға қосылған аудандардың арық жүйесін жаңарту басты назарда екендігін жеткізді.«Нөсерлі жауын бірқатар проблемаларды ашып берді. Бұрын бар арықтарды инвентаризациялау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, проблемалы учаскелер анықталды, алдағы уақытта олқылыктардың орнын толтыратын боламыз. Алатау және Наурызбай аудандарындағы арық желілерін жөндеу және қайта жасау үшін біз қажетті жобалық- сметалық құжаттарды дайындауға тиіспіз, өйткені бұларда арық желісіне қатысты инфрақұрылым болмаған. Демек, бұл мәселені біз жүйелі түрде шешуге тиіспіз», - деп атап өтті мегаполис басшысы Бауыржан Байбек.38 саябақ пен скверлерде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 303,4 млн.теңге бөлу жоспарланған. «Думан» ықшам ауданынан жаңа зират үшін бөлінген 92 га жерді тиісті ретке келтіру үшін 37,4 млн.теңге, ал Шығыс айналма жолына 3 045 ағаш отырғызу үшін 29,8 млн.теңге қарастырылған.Бұлардан өзге, орындықтар, балалар алаңдары үшін урналар мен қондырғылар қою, қаланың алты ауданындағы 290 аула ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2 030 млн.теңге бөлінеді. Көше жарығын жаңалау және қайта жасауға 1,2 млрд.теңге қарастырылған.«Әлеуметтік бағыттағы қала» тұжырымы негізінде әлеуметтік саланы дамытуға 3 млрд. 788 млн.теңге бөлінеді. Жекелеген азаматтар мен онконауқастарды қажетті дәрімен қамтамасыз ету үшін денсаулық саласына 1,6 млрд. теңге бөлінеді.Білім саласын дамыту, оқу сапасын арттыру, білікті кадрлармен қамтамасыз етуге жұмсалатын қаржы көлемі - 721,2 млн.теңге.Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне, Ардагерлер үйінің вентиляция жүйесін жөндеуге, "Инватакси" қызметіне ақы төлеуге 139,6 млн.теңге бөлінеді.Газ жеткізетіндер ақы көлемін өсіріп отыр, соның салдарынан қала бойынша жылу тарифі 8,3%-ға өсті. Сондықтан жергілікті бюджет есебінен тұрмысы төмен отбасыларға жеке адрестік көмек көрсетілді.2 мектептің, №9 емхананың, Психологиялық орталықтың сейсмикалық қуатын арттыратын қосалқы нысандар салуға 977,8 млн.теңге бөлінді. «ТҮКШ-тың сенімді инфрақұрылымына» қосымша 2,4 млрд. теңге, сапалы су жүйесін қамтамасыз етуге 1,3 млрд. теңге қарастырылған, осының арқасында Қарғалы өзенінің жағалауына қатысты 2 обьектінің және 6 учаскені қайта жасаудың ЖСҚ жасалады. Б. Шолақ атындағы Спорт сарайының электр желілерін жаңартуға, Түрксіб ауданындағы 43 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге 220,7 млн.теңге, «ИТК» АЭА-ның инфрақұрылым құрылыстарын аяқтауға 242,2 млн.теңге бөлінеді. Елді мекендерді газдандыруға 542,5млн.теңге қарастырылған. Қазіргі кезде тұрғындардың 95%-ы газбен қамтамасыз етілген. Бөлінген қаржы есебінен 39 км жерге газ желісі тартылып, 794 абонент газ қосылған.«Біз бүгін қаржы бөлуді қолдау отырмыз.Жаңадан салынған «Ерменсай» қосалқы станциясы бар, ол небәрі 17 %-ға қамтылған, бірқатар желіні соған аударатын боламыз. Бұл - қаланың энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды әрі үлкен жоба», - деп атап өтті Б.Байбек.«Қауіпсіз қала» тұжырымының «Қоғамдық қауіпсіздік» бағыты бойынша әрі ҚР Президентінің қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейту, террорлық қауіптің алдын алу және жедел іске кірісетін арнайы бөлімшенің 75 қызметкері тұратын жиналмалы-құрастырмалы казармалық типтегі нысан үшін 736,7 млн.теңге, ТЖ ескертулеріне және тұйық сулардың деңгейін төмендетуге қатысты 10 насос бірлігін алу үшін 63,8 млн.теңге қарастырылған.2017 жылғы Универсиаданы өткізу үшін қосымша 695,8 млн.теңге бөлінеді, оның ішінде 450 млн теңгеге 25 қаргенераторларын, қауіпсіздікті күшейту және портативті детекторлы жарылғыш заттарды алу үшін 222,5 млн.тенге, FISU-дің наивгациялық тақтайшаларын орнату үшін 55,2 млн.теңге қарастырылған.Осылайша, Алматы қаласының 2016 жылғы бюджеті 382 млрд. 304 млн. 308,2 мың теңгені құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10926?lang=kk
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы Бастауыш партия ұйымының сайланбалы партия жиналысы өткізілді 10.04.2025
Жиналыс барысында Бастауыш партия ұйымының Бюросын, төраға мен төрағаның орынбасарын, сонымен қатар «Бірлік» филиалының конференциясына делегаттарын сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша бірауыздан шешімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Жұмабеков Арман Дайырұлы Бастауыш партия ұйымының төрағасы болып сайланып төрағасының орынбасары Өразғұлов Ақылбек Сарбайұлы болып сайланды.Бастауыш партия ұйымының Бюро құрамына Жұмабеков Арман Дайырұлы, Оразғұлов Ақылбек Сарбайұлы, Айдапкелов Нұрболат Серғаліұлы, Майтиев Азамат Бақдәулетұлы, Әмрин Азамат Кеменгерұлы, Қазанбаев Ержан Қалдыбайұлы, Керімрай Данабек Алтынбекұлы, Жамбайбек Дәурен Каленұлы, Шәйкәмал Ақбота Өмірсерікқызы сайланған.Сонымен қатар, сайланбалы партия жиналысына «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының орынбасары Қожахметов Шынғыс Шопанұлы қатысты.Жиналыс қорытындысы бойынша бастауыш партия ұйымының төрағасы жұмысты, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Көшбасшысының қойылған міндеттерін жандандыру мен күшейту туралы тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10925?lang=kk
Алматы әкімдігі тротуарларды жаяу жүргіншілерге қайтаруда 10.04.2025
Мегаполис басшысы Қалдаяқов көшесінің шығысына қарай Гоголь мен Әйтеке би көшесі арасындағы тротуарды қалпына келтіруді тапсырды, мұнда нысанның меншік иелері жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретін көлік тұрағын жасап алған.Тиісті басқармаға қоғамдық аймақты көлік тұрағына айналдырған Абдуллин мен Гоголь көшелері бұрышындағы құрылысты салып жатқандарға қатысты шара қолдану тапсырылды. Жаяу жүргіншілерге басымдық бере отырып аталған аймақты көріктендіру жұмыстарын құрылыс компаниясы өзінің жеке қаржысы есебінен атқаратын болады.Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде Гоголь көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Орталық мәдениет және демалыс паркіне дейін абаттандыру жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жүргінші қозғалысын қиындататын заңсыз қрлысытардың барлығы алынады. Айта кетерлігі, бұрын Қалдаяқов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі учаске жөнделген еді.Биылғы жазда Алматыда 150-ден астам көше, 30 км тротуар мен 600 аула қайта жасалады. Жер асты өтпелі жолдардың барлығы күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салу жоспарланған. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге қаланың бірқатар негізгі даңғылдары жаңарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10922?lang=kk
5 шілде. Астана күніне орай Алматыда бірқатар нысандар ашылды 10.04.2025
Бала бақшасы мен әлемдік брендтегі қонақүйдің ашылуына Алматы әкімі Бауыржан Байбек қатысты.Мегаполистің Әуезов ауданында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салынған бала бақшаның көлемі 1,6 мың кв.м. Әкім бұл шараның әлеуметтік маңызын атап өтті. Ауданның халық тығыз орналасқан аумағындағы бұл бала бақша алғашында 180 балдырғанды қабылдайды, қабылдаулар кейін де жалғасады. Осы мекменің ашылуы арқасында 45 жаңа жұмыс орны ашылды, мұнда 25 ұстаз сәбилерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәріс береді.Атап өтерлік жайт, тәрбиеленушілердің тең жартысының ақысы арзанға түседі, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының арқасында бүлдіршіндер ақысының бір бөлігін мемлекет төлейді.Дәл осы күні қала басшысы Медеу ауданында орналасқан 4 жұлдызды әлемдік брендтегі «Shera Park Inn» қонақ үйінің ашылуына да қатысты, оның көлемі 15 мың кв.м, нөмір саны – 190. Алматы әкімі алдағы Унивесриада 2017-нің қарсаңында мұндай мейманаханалардың ашылуы өте тиімді екендігін айтты. Жаңа қонақүйдің арқасында 80 жұмыс орны ашылды.Атап өтерлік жайт, мұндай мейрамханалар қонақ үйлер бизнесінде бәсекелестікті қалыптастырып, қызмет көрсету сервисін жақсартады.Аталған бұл нысандарды салуда отандық кәсіпорындардың құрылыс материалдары пайдаланылды.Ақпараттық хабарлама: Қалада кіші және орта бизнестің үлес салмағы артып келеді. Алматы да КОБ-тің 185 000 -нан астам субъект ісі тіркелген. Бұларда 580 000 адам жұмыс істейді. Өткен жылы КОБ шығарған өнім көлемі 4,2 трлн. теңгеге жетіп, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,1% -ды құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10915?lang=kk
ДСҰ Бас директорының орынбасары Алан Вулф Халықаралық бизнес университетінде (UIB) дәріс оқыды 10.04.2025
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Бас директорының орынбасары Алан Вулф ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Алматы қаласына келу барысында Халықаралық бизнес университетінде (UIB) дәріс оқыды. Лекцияның негізгі тақырыбы ДСҰ-ның қарқынды дамып келе жатқан заманауи әлемде  алатын рөлі туралы болды. ДСҰ  бүгінгі таңда өзекті болып табылатын, сауданы шектейтін протекционистік шаралардың өсуі,  қаржы дағдарысы,  электронды сауда, қоршаған ортаны қорғау сияқты  мәселелерді талқылайтын маңызды алаңы болып табылады. ДСҰ-на мүше-елдер, қазіргі заманғы шындықтар  Ұйымнан иілімді де заманауи шешімдер  қабылдауды талап ететінін, түсінуде.  Осыған байланысты ДСҰ мүше-едердің көпшілігі жоғарыда аталған мәселелерге қатысты  институциональдық өзгерістерге, саяси еркіндіктерін білдіруде.Өз сөзінде Алан Вулф Қазақстанның ДСҰ жұмысына белсене  қатысып отырғанын ерекше атап өтті. Еліміздің ДСҰ-ның жас мүшесі болып табылатынына қарамастан,  Қазақстан ДСҰ жұмысына, атап айтқанда  техникалық ынтымақтастықты ұйымдастыру жұмысына  қомақты үлес қосуда.Биыл Қазақстан  ДСҰ-ның қызметтерді саудалау  ережелерін әрі қарай реформалау жөніндегі келіссөздер тобына жетекшілік жасауда. Қызметтер нарығының сауданың өсуі үшін әлеуеті орасан зор,  тиісініше  осы салада сауданы ырықтандыру ДСҰ-ға мүше барлық елдің  экономикалық өсуіне  серпін бере алады.Бас директордың орынбасары, ДСҰ атынан Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдеріне арналған ДСҰ-ның Аймақтық сауда саясатын жүзеге асырудағы жемісті серіктестігі үшін, UIB-ге алғысын білдірді. Аймақтық курстарға 70-тен астам мемлекеттік қызметші қатысты және осы саладағы білімін арттырды. Қорытындылай келе, ол  ДСҰ-ның 12-ші Министрлер Конференциясын өткізуші ел  ретінде сайлануына байланысты халықаралық сауда жүйесінде Қазақстанның ерекше  рөл атқаратынын атап өтті.  Министрлер конференциясы маңызды шешімдер қабылдайтын,  әлемнің барлық елдерінің  сауда саясатына әсер ететін  ДСҰ-ның жоғары басшы органы болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10911?lang=kk
23 маусым. Алматы әкімдігі мен Алматы қалалық соты өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды 10.04.2025
Бүгін Алматы әкімдігі мен Алматы қалалық соты дау - жанжал мен шиеленісті сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын енгізу және дамыту туралы меморандумды бекітті.Меморандумға Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай өз қолдарын қойды.Шара барысында Алматы әкімі ынтымақтастық жөніндегі меморандумның басты мақсаты қоғамдық өзара келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету екенін атап өтті.«Дауды соттан тыс реттеудің бір әдісі - медиация. Бұл тәсіл бізге ежелден таныс, өйткені сонау тарихи кезеңдерде өзара дау-жанжал мен шиеленісті билер мен ақсақалдар ақылдасып, шешіп отырған. Біздің азаматтарымыз арадағы шиеленісті ушықтырып, сотқа нмесе әкімдікке жүгінеді. Сондықтан, Мемлекет басшысы айтып өткендей, мемлекеттің үш тұғыры бар. Олар- билік, бизнес және азаматтық қоғам. Міне, бұлар өзара түсіністікпен жұмыс істеулері тиіс, сонда нәтиже де жоғары болады», - деді Б.Байбек.Жасалған келісім нгезінде қалалық әкімдік пен қалалық сот тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жандандырып, Алматының аудандық әкімдіктерінде медиация кабинеттерін ашатын болады. Бұл жұмысты одан әрі дамыту үшін үкіметтік емес сектор мен азаматтық қоғамдастық өкілдері кеңінен тартылады.Анықтама:Медиация – дау-жанажал мен кикілжің орын алған жағдайда екі жаққа да пайдалы шешім шығару. Егер елдің әлеуметтік- саяси құрылымы медиацияға негізделсе, онда азаматтық институттар жақсы дамыған деген пікір ежелден қалыптасқан. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10814?lang=kk
18 маусым. Алматыда блиц- шахматтан ҚР-ның Тұңғыш Президенті атындағы Евразия Кубогі басталды 10.04.2025
Бүгін Алматыда блиц- шахматтан ҚР-ның Тұңғыш Президенті атындағы Евразия кубогі үшін әлемнің 30 елінің үздік 100 гроссмейстер лері өзара сайысқа түседі. Сонымен, мегаполиске Германия, Болгария, Украина мен Франция, Индия, Люксембург, Испания және басқа да елдердің өкілдері келді.Алқалы жарыстың ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ФИДЕ-нің Халықаралық шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжинов, шахмат шылар мен қоғам өкілдері болды.Өзінің сөзінде Б.Байбек тұлға ретінде қалыптасуда шахматтың ролі зор екендігін айтты.«Шахмат – адамның мүмкіндіктерін ашатын маңызды ойын. Шахматпен айналысатын бала оқуда үздік, еңбекқор, жігерлі, ойлы, болашағы зор. Шын мәнісінде, шахмат тақтасы - көптеген мәселелерді ойланып шешудің таптырмас жолы. Шахматтан әлем чемпионының бірі формасы жағынан шахмат – ойын, мазмұны жағынан-өнер, күрделілігі жағынан –ғылым деген еді. Мен осынау қағиданы толық қолдаймын», - деді әкім.Халықаралық гроссмейстер Анатолий Карпов Алматыда, жалпы қазақ жерінде шахматтың кең қанат жайғандығын айтты.«Қазақстан Президентінің Кубогі үшін танымал шахматшылардың Алматыға келуінің өзі үлкен оқиға. Алматының шахматтық дәстүрі өте жоғары. Біз мұнда шахматты барлық бағыттар бойынша дамытудамыз, осы жақында білім орталығын аштық. Алматы расында да спорт орталығы, әлемге танымал «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» курортының өздері неге тұрады!. Алматыға келіп, жаңа рекордтарға жетіңіздер», - деді А.Карпов.Жарыс The Ritz-Carlton отелінде, маусымның 18—19 күндері өтеді. Қазақстанға Қытайдан әйелдер арасындағы әлем чемпионы Хоу Ифань алғаш рет келді. Алматыға Европа чемпионы Ян Непомнящий, блицтан үш дүркін әлем чемпионы Александр Грищук, әлем Кубогінің иегері Петр Свидлер, әлем чемпионы Пономарев Руслан (Украина), Касымджанов Рустам (Өзбекстан), Ван Хао (Қытай), Ле Куанг Льем ( Вьетнам), Борис Гельфанд (Израиль), Шахрияр Мамедьяров (Әзербайжан) ат басын тіреді.Жарысқа Австралия, Армения, Қазақстаннан құралған халықаралық арбиторлар бригадасы — Ашот Вардапетян, Флюра Хасанова, Джими Кенмур төрелік жасайды. Кубокты ұйымдастырушылар — Қазақстанның шахмат федерациясы мен академик Шахмардан Есеновтың ғылым мен білім қоры.Шахмат бәсекесіне ардагерлермен бірге еліміз бен Азия чемпиондары болып үлгерген Әсел Серікбай, Назерке Нұрғали, Әсел Лесбекова, Казбек Нөгербек, Рамазан Жалмаханов сынды жас шахматшылар да қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10804?lang=kk
17 маусым. «Кәмелеттік аттестатты Алматы мектептерінің 6810 түлегі алды 10.04.2025
Алматыда жыл сайынғы дәстүрлі «Жас түлек» фестивалі өтті.Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Алтын белгі мен» 254 түлекті марапаттады. Биыл орта білім жөніндегі кәмелеттік атестатты Алматы мектептерінің 6810 түлегі алды.Мегаполис басшысы жиналғандарды оқу жылының аяқталуымен және ҰБТ қорытындыларымен құттықтады. Алматы жалпы білім беруде бесінші рет қатарынан Қазақстандағы ең үздік қала атанды. ҰБТ бойынша қалада орташа балл 96,2, болса, республикада 81,2 балл деңгейінде.«Биыл «Алтын белгі» алуға үміткер 297 алмат ылық түлектің 254 -і немесе 85,5% өздерінің жоғары білімдерін дәлелдеді. Оның үстіне, біздің 6 түлегіміз ең жоғары 125 балла жинап, рекорд жасады. Жалпы, республика бойынша 19 түлек осындай жоғары баллға қол жеткізді, олардың үштен бірі- алматылық оқушылар. ҰБТ қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз бесінші жыл қатарынан республикада бірінші орында келеді. Төккен тердің өтеуі деген, міне, осы!», - деді Б.БайбекБиыл қала әкімінің сыйлығын 10 мектептің педагогикалық ұжымдары алады. Өткен жылы 1,5 мың жас мұғалім мен 500 үздік педагог марапатқа ие болған еді.Естеріңізге сала кетейік, «Алтын белгі» Алматыда 86%-ға дәлелденді, республикада - 51,6%. Әрбір екінші алматылық түлек 100 балл, әрбір оныншы 124 балл, ал 6 түлек абсолютті нәтиже – 125 балл жинады. 125 балл жинағандар - Маткалиева Динара Маратқызы -№ 12 арнайы гимназия, Мейрханова Аружан Ерланқызы, Оспанова Рамзия Рамазанқызы - №159 гимназия, Мазамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы - №169 мектеп- лицей, Мұхамедқали Еркежан Дүйсенқызы - № 175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясы, Түгелбай Фариза Абайқызы - № 178 лицей.«Жас түлек» фестивалі қазақстандық өнер жұлдыздарының концертіне ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10790?lang=kk
Алматыда азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша Жол картасы қабылданды 10.04.2025
Бүгінгі күні Алматыда 4 мыңдай ҮЕҰ бар немесе олар барлық қазақстандық қоғамдық ұйымдардың 20%-дан астамын құрайды. Аталған құжатты қабылдау азаматтық қоғам, дін салалары мен жастар арасында үздік практиктерді, мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың формаларын мен механизмдерін прайдалана отырып, ынтымақтастық мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.Жиын барысында Бауыржан Байбек Алматы әкімдігінің қаланың қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту жөнінде нақтылы ұсынысы бар екенін және оны әлеуметтік бастамаларды қолдау арқылы орындауға болатындығын атап өтті. Ол мұның диалог мәдениеті мен жауапкершілікті арттырудағы маңызы шарт екенін айтты.«Ашықтық, есептік және азаматтық қоғамды барынша кеңінен тарту - біздің жұмысымыздың басты қағидалары. Қазіргі кезде барлық әлеуметтік маңызы бар жобалар мен шешімдер қаланың Қоғамдық кеңесінен сараптамасынан өтуде. Мегаполисті дамытудың «Алматы-2020» стратегиялық бағдарламасы алғаш рет қала тұрғындары арасында кеңінен қоғамдық талқылаудан өткен соң ғана қабылданды», -деді мегаполис әкімі.Өз кезегінде Дархан Қалетаев Жол картасында бірқатар біріккен шаралар өткізу қарастырылғанын айтты. Мәселен, Алматыда Азаматтық орталықты ашу, ҮЕҰ өкілдерін үйрету үшін семинарлар өткізу және қала университеттерінің «U38» Альянсымен ынтымақтастық орнықтыру жоспарланған.Дін саласында қала имамдарының кәсіби біліктілігін артыру үшін курстар, республикалық семинарлар мен тренингтер өткізу, ақпараттық-түсіндіру материалдарын жасау жоспарланған. Жастар саясатын жүзеге асыру аясында ТМД мемлекеттері қатысушылары жастарының Форумын және еріктілердің республикалық слетін ұйымдастыру белгіленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10736?lang=kk
Алматы қаласы Наурызбай ауданының жаңа әкімі тағайындалды 10.04.2025
Соңғы бір жарым жылда Санжар Тоғай Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Әр жылдары Астана қаласының, Алматы және Павлодар облыстарының әділет органдарында, Парламент Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігің аппараттарында қызмет атқарды.Наурызбай ауданы жаңа әкімінің алдына бірқатар міндеттер қойылды, соның ішінде кәсіпкерліктің, мәдениет пен спорттың жаңа нысандарын, тұрғын үйлер, медицина және басқа да оқу орындарын салу қажет. Сумен қамтамасыз ету жүйесі құрылысын одан әрі жалғастыру, Абай даңғылын үңгілеу жобасын уақтылы және сапалы жүзеге асыру тапсырылды. Бизнестің Жол картасы-2020 жобасы аясында кәсіпкерлікті қолдау ісін барынша күшейткен жөн.Соңғы үш жылда Наурызбай ауданында бюджетке құйылатын салық түсімі 11 есе артты, жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 6 есе өсті, негізгі капитал инвестициясы 4 есе ұлғайды.Өткен жылы ауданның жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы ашылды, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірнеше мектеп пен емхана салынды. Қазіргі кезде 1200 орынды тағы бір мектептің, 320 орынды бала бақшаның, медициналық жедел жәрдем станциясы мен өрт сөндіру депосының құрылысы жүруде.Қарғалы өзенінің жағалауында аудан тұрғындары үшін жаңа демалыс орны пайда болды. Төрт саябақ пен скверлер ашылды, 43 аула жөнделіп, абаттандырылды, ауданның 190 км жолына асфальт төселді.Осының барлығы ауданның инвестициялық тартымдылығын арттырды, қызмет көрсету сапасы қала стандартына теңелді, ауданның 160 мыңнан астам тұрғыны жақсы әлеуметтік жағдайды сезінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10717?lang=kk